Экология ғылымы және оның міндеттері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізігі бөлім
1. Экология ғылымы және оның міндеттері
2. Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
3. Ғылыми техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
4. Қазақстанның экологиялық проблемалары
5. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
6. Қоршаған ортаның экологиясын бақылау
6. 1. Өндіріс экологиясы
6. 2. Агроэкология
6. 3. Қала экологиясы
7. Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдары
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе:
Мен бұл рефератымның тақырыбын «Экологиялық проблемалардың экономикалық аспектілері» деп алдым. Яғни, мен қазіргі кезде дүниежүзілік бүкіл адамзатты толғандырып отырған ғаламдық проблема экологиялық мәселелер деп айтар едім. Біз бүкіл дүниежүзінің проблемасын қозғамағанның өзінде, өз еліміз Қазақстанның да экологиялық жағдайы адам қызығарлықтай мәз емес. Сондықтан мен бұл жұмысымда Қазақстанның экологиялық проблемаларын, апат аймақтарын, сонымен қатар оны экологиялық жүйеде шешу жолдарын басты назарға ала отырып жаздым.
Қазақстанның экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту, оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, ауыл шаруашылығын индустрияландыру мен химияландыру, химия өнекәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде. Қазақстанның экологиялық апат аймақтарына келетін болсақ, республикамыздың аумағында кездесетін мол табиғат ресурстары тиімді және тиімсіз жолдармен игеріліп келеді. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу, оларды тасымалдау барысында, ашық кен өндірісінде кен қазғанда табиғат орасан зор зардап шегеді. Оның үстіне еліміздегі полигондар орналасқан аумақтарды экологиялық тұрғыдан апатты аймақтарға жатқызуға болады. Олардың қатарына Семей полигоны, Арал теңізінің жағдайы, Каспий теңізі суының көтерілуі мен теңіз суының ластануы, Батыс Қазақстандағы Азғыр, Капустин Яр ядролық сынақтар алаңдары, Байқоңыр жатады.
Қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық проблемаларды шешу жолдарына келетін болсақ, жер шарындағы экологиялық жағдай күннен-күнге шиеленісе түсуде. Бұрын-соңды болмаған саяси-әлеуметтік, экономикалық даму үрдістерінен қоғам өзіне ыңғайлы бағыттарын таңдап, тығырықтан шығу жолын іздестіруде. Тіпті қалыптасқан мәселелерді шешудің негізгі ғылыми бағыттары мен оны жетілдіру жолдары айқындалып та үлгерді.
Олардың негізгілері:
-экологиялық білімді жетілдіру;
-экологиялық сараптама;
-экологиялық мониторинг;
-экологиялық маркетинг;
-экологиялық бизнес;
-экологиялық нарық;
-экологиялық менеджмент.
Экология ғылымы және оның міндеттері
Қазіргі кездегі кез келген аймақтарда таралған тірі ағзалар ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық дәуірлерде бірте-бірте қалыптасқан және олар өздері тіршілік ететін орта жағдайларына бейімделген. Тірі ағзалар өзара және айналадағы табиғи орта жағдайларымен үнемі қарым-қатынаста, әрі өзара тығыз байланыста болады. Оны ғылым тілінде экологиялық немесе тепе-теңдік құбылысы деп атайды.
Экология тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Бұл анықтама қазір ғылыми-техникалық прогреспен және адамның іс-әрекетімен байланыстырыла айтылып, оның аясы кеңейе түсуде. «Экология» деген терминді ғылымға 1866 жылы неміс биологі Э. Геккель(1834-1919) енгізді. Ал дербес ғылым ретінде экология ХХғасырдың басында қалыптасты. «Экология» гректің oicos -“мекен, үй”, logos -“ілім, ғылым” деген сөзінен шыққан. Шынында да экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге, экология табиғатта болып жатырған барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерән қарастырады.
Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Осының бәрі барлық халықтың салт-дәстүрінде қалыптасқан жағдайлар. Бертін келе жер шарында адам саны өсіп, ғылымы мен білімі дами бастады. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат байлықтарын (орман, су, топырақ, қазба байлықтар, т. б. ) барынша игеруге тырысты. Елді мекендер өркендеп, қалаға айналды. Ғылым мен білім дамып, ғылыми-техникалық прогрес қарқындап өсе бастады. Жер шарында жаңа дамыған мемлекеттер пайда болып, олардың арасында табиғат байлықтарын бөлісу, азық-түлік жетіспеушлігі, жер үшін күрес, т. б. Әлеуметтік-экономикалық проблемелар туды. Табиғат ресурстары жоспарсыз пайдаланылды. Осының бәрі 2000 жылдың ішінде Жердің “бет-бейнесін”-табиғатын мүлдем өзгертіп жіберді. Осы жағдайларды болдырмау адамдардың үлесіне тиді. Ендігі жерде қоршаған ортаның өзгертуін зерттейтін, биосферадағы барлық тіршіліктің тұрақтылығын сақтайтын ғылым жүйесі қажет болды. Осыдан келіп, экология ғылымының мақсаты мен міндеттері және нені зерттейтіні айқындала бастады.
Ендігі экология ғылымының қазіргі кезеңдегі зерттеу бағытына тоқталайық. Олар:
-тірі организмдер тіршілігіндегі тұрақтылықтың сан және сапа жағынан өзгерту себептері;
-табиғи бірлестіктер, популяциялар және экожүйелер;
-тіршілік ортасындағы өзгерістер және оған әсер етуші факторлар;
-антропогендік факторлардың зардабы және оны тұрақтандыру шаралары;
-жергілікті және аймақтық экологиялық проблемалар;
-дүниежүзілік экологиялық проблемалардың туу себептері;
-қоршаған ортаның ластану факторлары және оны болдырмау;
-адам-қоғам-табиғат арасындаға үйлесімділікті тұрақтандыру;
-қоршаған орта мен адам денсаулығы, т. б. мәселелер ---
Экология ғылымының мақсаты барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяциялармен қарым қатынысын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеуде экологиялық міндеттердің бірі.
Әрбір бірлестік үнемі өзгеріп отыратын және өзін өзі реттейтін жүйе болғандықтан, ондағы тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу бағыттары да үнемі өзгеріп отырады. Мұны анықтау да экология міндеттеріне кіреді. Тірі ағзалардың өздері тіршілік ететін орта жағдайларына геологиялық дәуірлерде бірте-бірте бейімделгендігін эволюциялық тұрғыдан анықтау да-экологиялық міндеттерге тиісті мәселе.
Қазіргі таңда шаруашылықтың кез-келген салаларын дамыту үшін экологиялық білімнің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе ауыл шаруашылығын дамытуда, өнеркәсіпті өркендетуге және табиғат байлықтарын пайдалану мен табиғатты көркейту шараларының бәрінде де экология ғылымының көрсетер көмегі орасан зор. Сондықтан да экология шаруашылықтың барлық салаларын дамытуда әрі ғылыми, әрі іс жүзінде негіз болып саналады.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы
Экология биология ғылымының бір саласы ретінде ғасырдың орта шенінде айқындалғанымен, жеке ғылым ретінде сол ғасырдың соңында ғана қалыптаса бастады. Әйтсе де, алғашқы экологиялық зерттеудің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофраст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық бейімделушіліктерді, олардың табиғи ортаға тәуелділігін экологиялық тұрғыдан қарастырған.
Экология ғылымының қалыптасуы негізгі 3 кезеңнен тұрады.
І кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің алғашқы кезеңі. Бұл кезең ХVIIғасырдың басынан XVIIIғасырдың соңына дейінгі уақытты қамтиды. Мәселен, К. Линней (1707-1778), Ж. Ламарк (1744-1829), А. Гумбольдт (1769-1859), А. Н. Бекетов (1825-1902), Ш. Уалиханов (1835-1865), В. В. Докучаев (1846-1903), т. б. табиғат зерттеуші биологтер, систематиктер, географтар экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты.
ІІ кезең. Экологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус сияқты шетелдік және Ресей табиғат зерттеушілерінің есімдерімен байланысты. Бұл кезең ХІХғасырдың басы мен ХХғасырдың 70-80жылдарын қамтиды. Атап айтқанда, Мәскеу университетінің ғалымдары Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, Б. М. Житков, Л. С. Берг жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізсе, Қазан университетінде Н. Ф. Леваковский өсімдіктер экологиясын зерттеумен айналысты.
ІІІ кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл ғаламдық ғылым мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай экология ғылымының қолданбалы бағыты дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде. Олардың қатарына А. Гиляровтың «Популяциялық экология» (1990ж. ), М. Захарченконың «Экологияның қазіргі проблемалары» (1995ж. ), Н. Реймерстн «Экология» (1994ж. ), т. б. еңбектерін жатқызуға болады.
Экология ғылымының қалыптасуына Қазақстандық ғалымдардың қосқан үлесі де мол. Шын мәнінде, бүкіл тіршілік-тынысы табиғатпен етене байланысты болған, табиғат аясында көшіп-қонып өмір сүрген қазақ халқы табиғатты тиімді пайдалана да, қорғай да білген. Оны біз аты аңызға айналған Асан Қайғы мен Қорқыттың өсиеттері мен табиғатқа деген сүйіспеншілікке толы сөздерінен көреміз. Ата-бабаларымыздың жер-су аттарын қадірлеуге, орман-тоғай, өзен-көлдерін қастерлеуге аң мен құстарын қорғауға бағытталған жырларынан, мақал-мәтелдерінен және нақыл сөздерінен туған жерге деген сезімдері күшті болғанын білеміз. Қазақ халқының төрт-түлік малды өсірудегі жайылымды (қыстау мен жайлау) экологиялық жағынан сауатты пайдалануы-осының айғағы.
Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінде табиғатқа деген көзқарастың ғылыми-теориялық негіздері жатқандығын байқау қиын емес. Олардың экономикалық тұрғыда жазылған ғылыми тұжырымы бар еңбектері де жоқ емес.
Қазақ жеріндегі экологиялық бағыттағы зерттеулер ХХғасырдың орта тұсында Қазақ КСР Ғылым Академиясының ашылуымен байланысты түбегейлі ғылыми жолға қойылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының география, зоология, ботаника, геология, т. б. ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары экология ғылымының осы тәжірибелерін меңгере отырып, Қазақстан табиғаты туралы іргелі зерттеулер жүргізді. Олар: Қ. Сәтпаев, А. Машанов, Д. Қонаев, А. Голузо, И. Байтулин, т. б.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында 1970жылдан бастап “Экология және табиғатты қорғау” курстары оқытылса, ал 1991жылдан бастап эколог мамандарын арнайы дайындау үшін факультеттер ашыла бастады. Қазақстанда тұңғыш Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінде “Үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы” жазылып, 1991жылы география-экология факультеті ашылды. 1991жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру бағытында жаратылыстану пәндерінде экологиялық тәрбиені қалыптастыру іске асты. Сонымен бірге оқу құралдары, сөздіктер, журналдар мен газеттер жарық көре бастады. Мәселен, Г. Сағымбаевтың «Экология негіздері», «Экология және экономика», сваА. Биғалиев пен Е. Жамалбековтың «Қазақстан топырағының экологиясы» және т. б. ғалымдардың еңбектері жарық көрді.
Ғылыми-техникалық прогрестің қоршаған ортаға әсері
Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы адам мен қоғамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын күрделендіріп жіберді.
Пайдалы қазба қорларының тиімсіз пайдалануы, жер бетіндегі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің көп түрлілігінің азаюы және табиғи ортаның шектен тыс ластануы күрделі экологиялық проблемаларды тудыруда. Кейбір өндіріс орындарынан бөлінген зиянды қалдықтардың шектен тыс көбеюі қоршаған орта жағдайының нашарлауына, адам денсаулығының бұзылуына апарып соғуда. Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерді суландыру, орманды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен ақаба суларды тазартудан өткізу, топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.
Табиғаттағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді. Ал ондағы өзін-өзі реттеу мен қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері де бірден байқалмайды, оны адамдар көбінесе ұзақ жылдар өткесін ғана байқайды да, түзету жұмыстары күткендей нәтиже бере қоймайды.
Өткен кезеңдердің нәтижесін бақылап, болашақта апатқа айналмауын ескере отыру керек.
Табиғаттың заңдылығына селқос қараудың зардапты мысалдары қазіргі кезде баршаға белгілі.
ХХғасырдың ортасында Қарабұғазкөл Каспий теңізімен бөгет арқылы жалғасқан болатын. Ол теңіз деңгейінің бірқалыптылығын сақтау үшін істелген еді. Көптеген ғалымдар бұғаз суын бөлу теңіз деңгейінің уақытша төмендеуін тоқтатады деп есептеді.
Кейін Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі бұғазбен байланысты еместігі, оның жердің эволюциялық даму заңына бағынышты екендігі анықталды. Мұндай құбылыс 1929, 1933, 1941жылдары байқалған. Сөйтіп, бұғазды теңізден бөлуге байланысты ағат шешім үлкен экологиялық-экономикалық зиян келтірді. Егістердің және мал шаруашылығының өнімділігі азайып, халық арасында өлім-жітім мен ауру көбейіп кетті.
Кезекті геологиялық ырғақтың қайталануына байланысты 1978жылдан бастап Каспий теңізі деңгейі көтеріліп, жағаларды су баса бастады. Енді бөгетті тосқауылды алып тастап, теңіз суын қайтадан бұғазға жіберу туралы шешім қабылданды.
Табиғат дамуының заңдылықтарын білмеу, кейде оларды есепке алмау бос шығынға, адамдардың өмір сүру жағдайының және ортаның нашарлауына алып келеді. Мұндай жағдай Арал теңізінің тағдырына да тән. Мақта мен басқа егістіктер көлемінің артуына байланысты, Арал теңізіне құятын өзендердің суын пайдалану мақсатымен, көптеген су қоймалары мен суару каналдары салынды. Мұндай су жүйелері өзендер суының азаюына, түптеп келгенде, оның көлемінің шұғыл тартылуына алып келді.
Қазір теңі деңгейінің күрт төмендеуі өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің жұтаңдануын, т. б. экологиялық проблемаларды тудырып отыр.
Еліміздегі Арал апаты ғаламдық сипат алып, оның зиянды әсерін қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде байқалуда. Сондықтан АҚШ, Жапония, т. б. мемлекеттер Аралды құтқаруға байланысты шараларға қатысуға келісімдерін беріп отыр.
Қазіргі кезде Арал теңізін құтқарудың жаңа жоспарлары жасалып, ғалымдардың ұсыныстары талқылануда (мысалы, Кіші Арал туралы) . Мүмкін Аралды құтқаратын күн де алыс емес шығар.
Келтірілген мысалдар адамзаттың табиғатқа жауапсыз қарауға болмайтындығын дәлелдейтін, қоршаған ортамен қарым-қатынас кезінде өз іс-әрекеттерінің салдарына көңіл бөліп, әрдайым дұрыс жолды таңдау қажеттілігін көрсетеді.
Дүние жүзінде адамның іс-әрекетінен болатын экологиялық зардаптар мен дағдарыстар көп-ақ.
ХХғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасының жаңа бір саласы-алып өндіріс орындары көптеп бой көтере бастады.
Зауыттар мен фабрикалардың еселеп өсуі барған сайын шикізат түрлерінің мол пайдаланылуына, энергия шығынының өсуіне, қазба байлықтардың қарқынды игерілуіне алып келді.
Ғылыми-техникалық прогрестің табиғатқа тигізетін кері әсері дауыл, су тасқыны, жанартаулар, жер сілкіністері сияқты апатты құбылыстардың зардаптарымен теңбе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға жетті. Мұның өзі табиғи ортаның қалыптасқан заңдылығын бұзып, биосферадағы энергия мен табиғи зат алмасуға теріс әсер етті.
Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті экологиялық жағдайлардың тууына
алып келді. Атап айтқанда, біріншіден, Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
өнеркәсібі дамымаған мемлекеттер соғыстан кейін индустриялды даму
жолына түсті. Осы мақсатта адамдар табиғи ресурстарды игеріп, жаңадан
зауыт, фабрикалар және жолдар сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін кері әсер ауқымын кеңейтіп, жаңа кен орындрының ашылуына және игерілуіне үлес қосты. Бұл қоршаған ортаның ластануын күшейтті.
Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп, 1700жылы 620 млн адам болса, 1850жылы оның саны 1200 млн-ға жетті, яғни екі есеге артты. 1950жылы жер шарындағы халық саны 2500млн-ға жетсе 1986жылғы санақ бойынша халық саны 5 млрд өсті. БҰҰ-ның есебі бойынша, 2050жылға қарай дүние жүзі халқы 11, 9 млрд болады деген болжам бар.
Халық санының жылдам өсуі табиғат байлықтарына деген сұранысты тудырды. Қазірдің өзінде табиғат ресурстары өзін өзі қайта қалпына келтіре алмайтындай пайдаланылды. Бұл табиғаттын тозып бүлүнуіне соқтырады.
Үшіншіден қалалар мен тұрғындарының саны тез өсуде. Егер 1900 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1950 жылы олардың саны 700 млн-ға, 1980 жылы 1800 млнға, ал 2000 жылы шамамен 3300 млнға жетті. Соңғы 100 жылдың ішінде халықтың жалпы санының қалаларға тиесілі бөлігі 20%-дан 51, 5 %-ға жетті.
Осынша адамның шағын аумақта тіршілік етіп, қоршаған ортаға кері әсерді ұлғайтуы қала мен оған жақын жерлердің қатты ластануына себепші болады. Әрине, адамзат қоғамының дамуы табиғат қорлары есебінен болуы әбден мүмкін. Алайда бұл процестер ғылыми тұрғыда реттеліп, зиянсыз болуы керек.
Адамзат әр уақытта бағынышты болып, оның ресурстарын өз қажеттілігіне жұмсап келген. Сонымен бірге адамдар да үнемі табиғатқа «қожайындық ету» арманы болған.
Адамзат табиғатқа, табиғи ортаға деген көзқарасы болашақ ұрпақ мүддесі үшін тиімділікті, саналылықты керек ететін көзқараспен қатар жүруі қажет.
Табиғат ресурстарына баю мен пайда табу көзі ретінде қарамау керек. Аз уақыттық табысқа бола оларды ретсіз жұмсауға, қоршаған ортаны адамдармен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.
ғылыми-техникалық прогрес адамдарды табиғи ортаға әсер етудің ауқымды мүмкіндіктерімен және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге бұл ортаны сақтаумен қалпына келтірудің тәсілдері мен жолдарын көрсетіп береді.
Ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оның ластануына жол бермеудің мынадай мүмкіндіктерін ұсынады:
- ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін қалдықсыз технологияны енгізу;
- ортаның ластануын барынша азайту;
- су шығынын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін өндірістік суды тазартып, қайта пайдалану;
- жылу мен энергияны табиғи көздерден өндіру;
- жаңа технологияны пайдалану.
Адам баласы мұндай әдіс-тәсілдерді қолдаған жағдайда жер шарының тыныштығы мен байлығын сақтауға мүмкіндік аламыз.
Ендігі жерде өндіріс көлемін ұлғайтуда қалдықты аз бөлетін және қалдықсыз технологияға көшу, кен орнын кешенді түрде өндіру, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алу, энергиямен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы экологиялық таза түрге ауыстыру қажет.
Мамандар арасында да экономистер мен экологтерді қоса алғанда, экологиялық проблемаларға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижесін бағалау кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған, ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде-құлық жоқ. Табиғаттың үйлесімді құрылған дүние екендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын адамзат баласы түсінген болса, табиғатпен ең жақсы қарым-қатынас орнату тәсілін табуға болатын еді.
Қазақстанның экологиялық проблемалары
Адамның өміріне, тіршілігіне қоршаған орта әр уақытта да әсер етіп отырады. Қоршаған ортаны қорғау, жақсарту оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалану қазіргі кезде ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу жыл сайын қиындай түсуде. Себебі, қалалардың, өнеркәсіптің өсуі, электр қуатының қарқынды өндірілуі, ауыл шаруашылығының индустрияландыру мен химияландыру, химия өнеркәсібінің дамуы қоршаған ортаға өз әсерлерін тигізуде.
Адамның қоршаған ортаға әсері табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуына себепші болды. Әр түрлі улы қосылыстар, химиялық ластаушылар азық-түлікті, ішетін суды атмосфералық ауаны ластады. Мысалы, жер шарында жылына 20млрд т көмір, 2, 5млрд т мұнай жағылып, 800млн т дан астам түрлі металдар қорытылады екен. Соның нәтижесінде ауаға 23млрд т көмірқышқыл газы, 17млн т бензиннің буы мен түрлі газ тәрізді зиянды заттар бөлінеді. Қоршаған ортаға 50млн т мұнай мен мұнай өнімдері түсіп, су көздеріне 600млрд м 3 өте ластанған сулар құйылады. Қоршаған ортаға 500млн т түрлі синтетикалық қосылыстар шығарылады.
Ауыл шаруашылығында жыл сайын 4км топырақ өңделіп, 320млн т әр түрлі тыңайтқыштар, 5млн ға жуық улы химикаттар қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz