Нарықтың әлеуметтік – экономикалық мазмұны


Жоспар:
Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік - экономикалық мазмұны . . . 4
1. 1. Нарықтың мәні мен негізгі қызметтері . . . 4
1. 2. Нарық тауарлы - ақша қатынасы түрі ретінде . . . 8
1. 3. Нарықтың инфрақұрылымының рөлі . . . 15
2. Қазақстандағы нарықтың даму тарихы . . . 16
2. 1. Нарықтық механизмдегі сұраным мен ұсыным . . . 16
2. 2. Бәсеке - нарықтық механизмнің басты элементі . . . 19
2. 3. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі . . . 21
3. Қазақстан Республикасындағы экономиканың негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары . . . 25
Қорытынды . . . 28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Нарық - тауар өндірісі мен айналым заңдары бойынша ұйымдастырылатын, айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.
Әкімшілдік - әміршілдік жүйенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизмін түсіну оңай емес. Әлі күнге дейін халықтың санасында нарық экономикасындағы еркіншілдік, оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздық пен еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда батыс елдердің тәжірибесі нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне экономиканың тиімділігі мен бір қалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің және мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарықтық қатынастарға өту ынталық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымына бағыттауға жағдай жасау. Нарық біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан нарықтың маңызы мен орны туралы көзқарастар бірнеше. Ол көзқарастарға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістік емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Нарықсыз іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес. Нарықтың маңызды қызметтерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне тапшылықтың пайда болуына адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретінде ролінің жоғалуына әкеп соқтырады. Қазіргі замандағы нарық теориясы еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындарды либерализм, ал оның қазіргі заманғы жақтастарын неолиберализм деп атайды, бұл бірінші бағыты болып келеді. Ал екінші бағытының өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы рет жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Дж. М. Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1929-1933 жылдары болған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс түрткі болды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарықтық экономиканың қызмет ету механизмі мен нарықтық қатынастар жайлы оқып білу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жоспар, кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Нарықтың әлеуметтік - экономикалық мазмұны.
1. 1. Нарықтың мәні мен негізгі қызметтері.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістігінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, гендік инженериямен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады. Бірақ, нарық механизмі кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды. Ал бұл меншіктің алуан түрлі формалары мен әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін, бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазарады, оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды. Бұдан біз нарықтың қоғамға қажетті шаруашылық бірліктерін іріктеуден демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Сонымен қатар нарықтық механизм идеалды емес, оның елеулі қайшылықтары да бар. Оның жағымсыз жақтарына әлеуметтік жіктелу, әлсіздерге, әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік, жұмыссыздықтың болуы жатады. Экономиканы бірыңғай сұранымға ғана бағдарлап, нарық орны толмайтын табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етпейді. Сондықтан мемлекет қоғам атынан адамдардың дұрыс экологиялық жағдайда өмір сүру құқығын реттеп отыратын шараларды жүзеге асыру қажет.
Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету, білім алу, табыс табу сияқты әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік бермейді. Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді. Мемлекет бағаны реттеу, салық жүйесінің негізінде табысты қайта бөлу, бюджет шығындарының есебінен жұмысшыларды қайта мамандандыру, оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады. Бұндай шараларды жүзеге асырмайынша қоғамда тұрақты саяси-әлеуметтік ахуалда ұстап тұру мүмкін емес.
Нарықтық механизм ғылым мен техника жетістіктерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді. Бірақ көп қаржы мен уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды, өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды. Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз, ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Енді нарық дегеніміз не? Ең алдымен осыны анықтап алайық. Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оны қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшіл-әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы (Чалбаев К. К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар. М,, 1990 ж. 204 б. ) .
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық-«Вопросы экономики», 1990 ж №1, 143 б. ) .
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы (Журавлева Г. Социализмнің экономикалық жүйесіндегі нарық-«Экономические науки», 1990 ж №7, 32 б. ) .
Нарық - тауарды алып-сатуына байланысты орын алатын экономикалық жиынтық (Саяси экономика, Алматы, 1991 ж, 169 б. ) .
Нарық - тауарды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады. (Қазіргі заманғы нарық: табиғаты мен дамуы / Э. П. Дунаев, И. Е. Рудакова редакциясымен, М., МГУ, 1992 ж, 81 б. ) .
Келтірілген көзқарастардың әрқайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ проблеманың бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе ол - нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алу шектелмейді. Бұл жерде, басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек, себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайды, тауар-ақшаның қалай нақты нысандарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады.
Нарық қызметін тек айрбаспен ғана шектеу - оны бәсеке, ең аз шығынға ұмтылу, өзара тиімді байланыстарды жасау сияқты маңызды қасиеттерінен айырады. Сонымен бірге, нарықты жай ғана тауар айырбасы ғана емес, тауар өндірушілер мен тұтынушылардың қарым-қатынастарына тән қайырымдылығы эквиваленттік, бәсекелестік болатын айырбастың экономикалы өткізілуі ретінде қарау керек. Осы тұрғыдан алғанда, нарықты әр түрлі тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасында болатын экономикалық байланыстар мен қатынастар жүйесі деп сипаттауға болады.
Берілген анықтама әңгіме, біріншіден, тек өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы жеке байланыс пен қатынас қана емес, сонымен қатар өндірушілердің, өндірушілер мен сатып алушы-тұтынушылардың өздері арасындағы байланыстар мен қатынастар туралы болып отыр. Екіншіден, бұл қатынастар мен байланыстар қайтарымдылықты, тепе-теңдікті, объективті түрде алдын-ала анықтайды, яғни шаруашылық серіктестерінің қатынас субъектісі ретіндегі тең құқылығын бейнелейді. Бұдан серіктестердің шаруашылық қызметтердің варианттарын және оңтайлы өткізу бағасын таңдаудағы, табыстарды иемденудегі дербестігі мен тәуелсіздігі туындайды. Үшіншіден, алғашқы екі жағдайдың шүбәсіз салдары бәсеке-өндіріс процесінде де, тұтыну процесінде де болатын шаруашылық байланыстардың өзгеруіне себебін тигізуі мүмкін. Себебі, нарық бәсекесіз өмір сүре алмайды. Ал бұл, сан алуан меншік формалары нәтижесінде, өндіріс экономикалық жағынан әлсіз, өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық бірліктерінен тазарады, ал басқа жағынан, тиімділігі жоғары және болашағы зор шаруашылық субъектілеріне жол ашады.
Жалпылама тұрғыдан алғанда нарықтың мәні оның атқаратын қызметтері арқылы ашылады. Ең алдымен нарық экономикалық тұрғыдан бөлектенген материалдық игіліктерді және қызметтерді өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын буын түрінде көрінеді. Нарықсыз, іс жүзінде қоғамдық өндірістің екі нақты қатысушыларының арасындағы қандай да болмасын технологиялық байланыстың қаншалықты өзара тиімді болатынын анықтау мүмкін емес.
Нарықтың маңызды қасиеттерінің бірі - оның ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі. Нарықтың реттеуші ролінің тікелей әкімшілікпен алмастырылуы экономикалық жүйенің тоқырауына өндіріс құрылымдарының үйлеспеуіне тапшылықтың пайда болуына адамдардың экономикалық өсудің қозғаушы күші ретінде ролінің жоғалуына әкеп соқтырады.
Нарықтың басқа бір атқаратын қызметі - ақпараттық. Нарық тауар бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің проценттік нарықтың т. б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті өндіріс шығындары туралы объективті ақпарат беріп отырады.
Сонымен қатар нарық механизмі мынандай қызметтер атқарады - бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады және керісінше оларды даму болашағы барына тиімді жағдай жасайды. Біздің нарық терең монополияландырылған, сондықтан нарықты ортаны қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін біздің алдымызда бәсекелестер әлемін құру міндеті тұр. Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы, бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады. Осылармен қатар, маңыздылығы жағынан басқалардан кем түспейтін нарықтың атқаратын қызметіне мыналар жатады: тауардың қоғамдық мағыналылығын мойындау; өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру; еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету. Нарықтық күрделі экономикалық категория ретінде өз бетінше емес, әр түрлі факторларға байланысты белгілі бір нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік тәжірибе нарықтық механизмнің мынадай жағдайлар мен шарттар орындалғанда ғана тиімді қалыптасқанын және өмір сүруін дәлелдеп береді:
- шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
- меншік қатынастарының алуан түрлі нысандары;
- өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
- тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы;
- нарық инфрақұрылымының жасауы;
- контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқығы.
Біріншіден, экономикалық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі, олардың келісім-шартқа отыруға және өздерінің тапқан табыстарына иелік етуге толық құқылығы. Екіншіден, меншіктік қатынастардың сан алуан түрлі нысандарының болуы (нарық өзінің жақсы қасиеттерін мемлекеттік меншіктің үлесі 30-40%-дан асқанда жоғалта бастайды), олардың өндірістегі тең құқылығы. Меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану туралы өндіріс және айналыс қатынастарының алуан түрлі агенттерінің пайда болуына, олардың еркіндігіне, бәсеке күресіне, былайша айтқанда тиімді қызмет жасайтын нарықтың құрылуына жеткізеді. Дегенмен, бұл процесс әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесін қайта құруда кездесіп отырған қайшылықтар мен қарсылықтардың нәтижесінде өте баяу жүзеге асуда. Бірсыпыра ғалымдар, саясаткерлер, журналшы-публицистер осы жағдайдан шығудың жолын меншікті жаппай мемлекет иелігінен алу және өндірісті жекеше өндірумен байланыстырды.
Нарық жағдайында бәсеке күресінің бірнеше түрлері бар: таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополиялық бәсеке, таза монополия. Нарықтық қатынастар дамыған елдерде жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке деп бөлінеді.
Қолданылып жүрген заңдылықтарға сәйкес нарықты көлеңкелі және ресми нарық деп атайды. Нарықтың даму сәйкестігіне байланысты теңдестірілген және теңдестірілмеген нарық деп бөлу көзделген. Сұраным мен ұсынымның арасында толық сәйкестік орныққан нарықты теңдестірілген нарық деп атайды. Теңдестірілмеген нарықта сұраным мен ұсыным арасында толық сәйкестік болмайды, ол сәйкестіктің бір немесе бірнеше шарттарының орындалмауына байланысты.
Тауар ерекшеліктеріне қарай нарықсалалық және сала ішіндегі нарық болып бөлінуі мүмкін, өткізу объектісі халық шаруашылығының бір дербес саласының өнім болып табылатын нарықты салалық нарық дейді. Қоғамдық өндірістің бір саласының өз ішіндегі өнім өткізу нарығын сала ішіндегі нарық деп атайды.
Нарықты көлемді тауар топтары (азық-түлік және өндіріс тауарлары), бөлек тауарлар (көкөніс, мата, аяқ-киім, теле-аппараттар, автомобильдер т. б. ) нарығы деп те бөледі. Тауар топтары нарығына нан-бөлке, макарон өнімдері т. б. нарығы жатады. Киім нарығында тігін заттары, тоқыма тауарлары болып көрінеді. Дегенмен, қандай жағдайда да болмасын ішкі нарық, оның барлық тармақтарының қызмет жасауы мен дамуы өзара байланысты және бір-біріне тәуелді. Сонымен бірге ішкі нарық тұйық та емес, ол сыртқы нарықпен тығыз байланысты болады.
1. 2. Нарық тауарлы - ақша қатынасы түрі ретінде
Өндіріс құрал-жабдықтар нарығы.
Өндіріс құрал-жабдықтар нарығы - бұл өнеркәсіп өнімдерін тиімді түрде сатып алуды, қажетті шаруашылық байланыстарын орнықтыру процесін ұйымдастырып қамтамасыз ететін айырбас саласы. Сатып алу-сату объектісіне негізгі және айналым қорлары, жер жатады. Бұл нарықта сатып алу-сату операциялары өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және тұтынатын кәсіпорындар арасында жүргізіледі.
Осы уақытқа дейін өндіріс құрал-жабдықтарының қозғалысы мемлекеттік материалдық-техникалық жабдықтау нысанында, яғни өндірушілер мен тұтынушыларды бір-біріне алдын-ала байластыру негізінде, ресурстарды орталықтан бекітілген жоспар бойынша бөлу орын алып келді. Бұндай нысан ресурстарды ұтымды түрде бөлу мақсатына жауап бермек түгіл, керісінше, белгілі бір шамада оған қарсы болды. Осындай бөлуде нарықтың маңызды белгілерінің бірі - өндірушілер мен тұтынушылардың арасында объективті түрде қалыптасатын шаруашылық байланыстардың жүйесі болмады.
Өндіріс құрал-жабдықтары нарығы көтерме сауда түрінде болуы мүмкін. Жалпы алғанда көтерме сауда көп каналды болып табылады, оған кәсіпорындар арасындағы тікелей коммерциялық байланыстар және еркін сайланған делдал арқылы болатын байланыс кіреді. Ресурстарды тікелей қор түрінде бөлуден көтерме саудаға көшу, өндіріс құрал-жабдықтары нарығына қаржы механизмі арқылы жүзеге асатын байланыстарды енгізуді қажет етеді. Себебі қаржы ресурстарының болуы және оларды бөлу құрылымы - тауарлы-материалдық игіліктердің қозғалысын белгілейді. Бұндай жағдайда көтерме сауда табыстың өсуіне, қаржы ресурстарының айналыс жылдамдығын барынша көбейтуге ынталандырады.
Өндіріс құрал-жабдықтар нарығының маңызды компоненттерінің бірі тауар биржасы. Ол экономикалық «ойынға», баланың еркін қалыптасуына және олардың ауытқуына экономикалық «ойын» түрінде негізделген шарт жасасу орны болып табылады. Тауар биржасының негізгі атқаратын нақты (номинальды) құнымен және дауыс санымен шығара алады. Акция иелері ационерлік қоғамның пайщиктері, ал облигация иелері - оның несие берушілері (кредиторлары) болады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлердің арасында дивиденд деген табыс түрінде бөлінеді. Акция иелерінің акционерлік қоғамнан өздері салған капиталдарын қайтаруды талап етуге құқысы болмайды. Қоғам жойылған жағдайда олар акцияларды номиналды бағамен салған қаржыларын қайтарып ала алады.
Акционерлік қоғамдардың екі түрі болады: «жабық» - олардың акциялары оның құрылтайшыларына ғана тиісті болады және еркін нарықта сатылмайды; «ашық» - олардың акциялары еркін сатылады және сатып алынады.
Валюта нарығы.
Валюта нарықтық экономиканың ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Валюта (құн, баға) - бұл тауарлардың құнының мөлшерін өлшеу үшін пайдаланылатын ақша бірлігі. «Валюта» деген түсінік үш мағынада қолданылады:
а) бір мемлекеттің ақша бірлігі және оның алтын, күміс, қағаз ақша түріндегі типі;
б) шет мемлекеттердің ақша белгісі, сонымен бірге шетелдердің ақша бірлігінде көрінетін және халықаралық есеп айырысуда қолданылатын несиелік және төлем құралы; в) халықаралық (аймақтық) ақша-есеп айырысу бірлігі мен төлем құралы (ЭКЮ, СДР) . Бұл шетел валюталарының банкноттар, қазыналық билеттер және монеталар, теңге түріндегі ақша белгілері: сатып алу-сату операциялары бойынша болатын қаржы экономикалық қатынастар жүйесі. Банктер, компаниялар және олардың клиенттері валюталық операцияның қалыптасушылары болып табылады. Көптеген валюталық операциялар делдалдық (брокерлік) фирмалар арқылы жүргізіледі. Валюталық нарықта сыртқы сауда, туризм, қызметтер, жеке адамдардың ақша аударуы, капиталдардың, жұмыс күшінің миграциясы т. б. бойынша кең ауқымды операциялар жүзеге асырылады. Валюталық нарықта валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын трансұлттық компаниялар маңызды рөл атқарады.
Әрбір ұлттық валютаның басқа елдің ақша бірлігіндегі бағасы болады. Бұны валюталық немесе айырбас курсы деп атайды. Басқаша айтқанда, валюталық курс - бұл шетел валютасының бірлігіне айырбастала алатын ұлттық валюта бірлігінің белгілі бір саны. Айырбасталу курсының мынадай түрлері бар:
1. Номиналды айырбас курсы, әдетте, белгіленген, сонымен бірге қалқымалы негізде әрекет ете алатын ұлттық валюта бірлігімен шетел валютасының ара қатысы түрінде көрінеді.
2. Нақты айырбас курсы - бұл екі елдің баға деңгейінің ара қатысын есепке алатын айырбас курсы. Ол номиналды айырбас курсын, салыстырылып отырған елдердің баға индекстерінің қатынасына бөлуден шығатын бөлінді түрінде есептеп шығарылады.
3. Өзгермелі айырбас курсы - ішкі нарықты теңгеру мақсатында айырбас курсын өзгерту жолымен жүзеге асырылатын мемлекетаралық есеп жүйесі. 70-жылдардың ортасынан бастап индустриалды мемлекеттердің көбі өз валюталарын құбылтудың белгілі бір нысандарына көшті.
4. Тіркелген айырбас курсы - бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасын орнықтыру және өзгермейтін жағдайда қалыптасатын жүйе болып табылады.
Валюталардың курсы оларға сұраным мен ұсынымның ара қатысымен анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерімен валюталық курстардың құбылуы күшті валюталарға да, сонымен қатар әлсіз валюталарға да тән болады.
Шетел валюталарына сұраным мөлшері мына факторларға тәуелді болады:
а) елдің импортта тауарлар мен қызметтерге қажеттіліктерінен;
б) туристердің шығынынан;
в) елдің міндетті түрде орындайтын әр түрлі төлемдерінен және т. б.
Валютаның ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен, мемлекет алатын займдармен және т. б. анықталады. Жалпы сұраным мен ұсынымға байланысты валюта курсының қалыптасуы, өздігінен валюталық ара қатысқа әсер ететін нақты процестер туралы ештеңе айта алмайды. Валюта курсына тікелей және жанама түрде елдің ішкі және сыртқы экономикалық қатынастарының барлық жиынтығы әсер етеді.
Валюта курсының динамикасына әсер ететін факторлардың ішінен мыналарды айтуға болады:
- ұлттық табыс және өндіріс шығындарының деңгейі;
- ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
- валютаның сұраным мен ұсынымына әсер ететін төлем балансының жағдайы;
- елдегі процент нарығының деңгейі;
- дүниежүзілік нарықта валютаға сенім және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz