Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Литосфераға антропогенді әсердің ықпалы
Жоспар
I Кіріспе
Литосфераның құрылысы, құрамы және қасиеті
II Негізгі бөлім
1. Топырақтың ластануы
2. Топырақтың бүлінуі (деградациялануы)
3. Жерді құнарландыру шаралары
III Қорытынды
Кіріспе
Литосфера - Жердің қатты бөлігінің сыртқы қабығы, ол біртіндеп заттектердің беріктілігі азаятын сфераларға өтеді және оның құрамына жер қыртысы мен Жердің беткі мантиясы кіреді. Литосфераның қалыңдығы 5-200 км, оның ішінде жер қыртысы - құрлықта 50-70 км-ге дейін (жазықтықтарда 35-45 км-ге, тау сілемдері астында 70 км-ге дейін), мұхиттың астында төменгі шегі 5-10 км шамасында. Литосфера қоршаған табиғи ортаның ең маңызды бөлігі, ол көлеммен, беттің пішінімен, топырақ жамылғысымен, өсімдіктермен, кен қазбаларымен, сонымен қатар халық шаруашылығы әр түрлі салаларының кеңістікте орналасуымен сипатталады. Табиғи күштер мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде уақытқа байланысты литосферанаңы жағдайы өзгеріп отырады. Табиғи күштер (жылу, ылғалдылық, жел, радиация және т. б. ) және олардың салдарынан орын алатын геологиялық құбылыстар (жанартаудың атқылауы, жердің сілкінуі, судың тасуы және т. б. ) жеке аймақтарда литосфераның сипаттамасын едәуір өзгертеді.
Жер қабатының үстіңгі қабатын топырақ дейді. Топырақ - ол аналық жыныстардың, ауа райының, өсімдіктер мен жануарлардың, жергілікті жер бедерінің күрделі өзара әрекеттестігі нәтижесінде қалыптасқан жаратылыстық - тарихи дене.
Топырақтың ең маңызды қасиеттерінің бірі оның құнарлығы, яғни өсімдіктерді органикалық және минералды қоректі заттектермен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ құнарлығы оның физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты келеді.
Топырақ үш фазадан: қатты, сұйық және газ тәрізді заттектерден тұратын орта. Ол ауа райының, өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің, бастапқы жыныстардың күрделі өзара әрекеті нәтижесінде түзіледі, дамиды және дербес табиғи түзілу болып табылады.
Топырақтағы заттектердің миграциясы мен трансформациясына байланысты топырақ құрылымы бірнеше қабаттарға, немесе горизонттарға дараланады. Қабаттардың арақатысы мен байлығы топырақ түріне байланысты. Ең жоғарғы органикалық заттектердің шіруінен пайда болған өнімінен тұратын қабат ең негізгі құнарлығы жоғары горизонт болып саналады. Оны гумусты немесе қарашірінді деп атайды, құрылымы қиыршықты-түйірлі болады. Гумус немесе қарашірік жиынтығы деп крахмал, целлюлоза, белок қосылыстарын ыдырататын микроорганизмдер әсерінен пайда болған өсімдіктекті мен жануартекті қалдықтарды айтады. Топырақ құнарлылығы негізінде осы өсімдіктекті және жануартекті қалдықтардың биохимиялық ыдырауынан түзілген қарақоңыр түсті гумусқа байланысты. Қарашірінді негізінде гуминнен, гуминқышқылынан, фульвоқышқылынан, сонымен қатар белоктардан, көмірсуларынан, майлардан, шайырлардан, лигиннен және т. б. тұрады. Гумус жинақталған үстіңгі құнарлы қабаттың қалыңдығы көбіне 20 см-ден аспайды. Климаттық, гидрологиялық, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттеріне байланысты кейбір жағдайларда 80-100 см тереңдікте де кездеседі.
Топырақтың маңызды қасиеттеріне топырақ ерітінділеріндегі тұздар мөлшерінің, қышқылдықтың өзгеруі жатады. Себебі оларға микроорганизмдердің белсенділігі мен өсімдіктердің азотты сіңіруі, топырақтық коллоидтердің алмасу негіздерінің жалпы жиынтығы, олармен байланысты топырақтың алмасу мен сіңіру қабілеттілігі тәуелді.
Жер жыртуды, тырмалауды, дарадақыл егуді және тағы басқаларды қамтитын топырақты ауыл шаруашылығы тұрғысында пайдалану заттектердің айналымының тепе-теңдігін бұзады, топырақтың құнарсыздануына себебін тигізеді.
1. Біздің еліміздің ең басты байлығы - жер. Өйткені жер - адамзатты асырап сақтайтын ең негізгі табиғи ресурстың бірі. Осыған орай әр өндіріс салалары табиғат байлығының сақталуына, табиғатты қорғау мен жақсартуға тұрақты түрде көңіл бөліп, оларға қатысты нақтылы ережелерді білулері және міндетті түрде орындаулары қажет.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрлігінің соңғы мәліметтеріне қарағанда, өндіріс салаларының бүлдірген жер көлемі 200 мың гектардай келеді, бұл көлемге әскери-өндірістік кешендердің зақымдаған 20 млн гектар үстіндегі жерлер, санитарлық сақтау зоналары алып жатқан жер көлемдері, құнарлығы өте төмендеп бүлінген 60 млн гектарға асатын жайылымдардың жалпы көлемі кіргізілмеген. Осыған Қазақстанда дағдарысқа ұшыраған аймақтарды қоссақ, құнарлығы күрт төмендеген, ластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетіп отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жалпы жерлердің жағдайын да қанағаттанарлық деп айту қиын.
Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпал-әсерін тигізіп келеді. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүние жүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де антропогендік . Антропогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км 2 -ден асып отыр, бұл бүкіл құрлықтың 7 пайызын құрайды.
Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық болады.
Физикалық ластану - радиоактивті заттектермен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәулеленетін сұйық және қатты қалдықтар қалады.
Биологиялық ластану - ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайда итеретін микроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойында сақталса, ластағыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аумаққа таралады.
Химиялық ластану - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы.
Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөпжойғыштар мен минералды тыңайтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешені, атмосфералық жауын-шашын, апатты жағдайда тасталатын шығарындылар, әскери-өндірістік кешендері жатады.
Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдермен және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен басқа ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе асып отырған жерлер белгілі.
Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде, қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентирия, аскаридоз және т. б. ) қоздырғыштарын сақтайтын ортаға жатады.
2. Адамның барлық өндірістік қызметіне бірінші кезекте ең қажетті табиғи ресурс болып жер саналады. Жер қойнауынан халық шаруашылығының барлық салаларына қажетті материалдар өндіріледі, ол болмаса өндіріс дами алмайды. Өнеркәсіптер жедел қарқынмен дамыған сайын соғұрлым бүлінген жер көлемі арта түседі. Сондықтан жерді пайдаланушылар оны тиімді пайдаланумен қатар, сан қырлы қорғау жұмыстарына да назар аударуы қажет.
Жер ресурстарын ең негізгі тұтынатын саланың бірі ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында құрлықтың 30 пайызынан астамы игерілген, осыған осы салада пайдаланылатын ормандарды қосатын болсақ, бұл көрсеткіш 60-65 пайызға жетеді. Ауыл шаруашылығының қарамағындағы жер ресурстарының жарамсыз түрге айналуына себеп болатын жағдайлар:
- топырақ эрозиясы немесе дефляциясы - су мен желдің және тағы басқа табиғи құбылыстардың әсерінен жер қыртысының түгелдей не жарым-жартылай бүлінуі, топырақтың құнарлығының төмендеуі;
- агротехниканы дұрыс қолданбағандықтан, негізінде ауыспалы егіс болмауынан және қоректі заттектердің топыраққа жеткілікті түрде қайта айналып келмеуіне байланысты гумус мөлшері төмендеп, топырақ құнарлығының біртіндеп азаюы;
- құрғатымсыз жерді суландыру және бақылаусыз суды қолдану, топырақтың су астында қалуы мен екінші реттік тұздануы;
- топырақтың техникада қолдануда бүлінуі (тығыздануы, егістік жер қабаты құрамының бұзылуы, оның төсеніш қабатындағы жыныстармен араласуы) ;
- топырақтың химиялық және радиациялық ластануы.
Жердің құнарсыздануы негізінен адамның шаруашылық әрекеті әсерінен топырақтың түзілу жағдайының өзгеріп, оның негізгі қасиеттерінің: қарашірінді құрамындағы гумус мөлшерінің азаюына, құрылымының бұзылуына, улы заттектермен ластануына, екінші реттік сортаңдануына, қышқылды жаңбырдың жаууына, малдың жайылымда шамадан тыс жайылуына, пайдалы қазбалардың ашық әдіспен өндірілуіне, өндіріс қалдықтарының сақталуының реттелмеуі мен бақылаусыз жатуларына, тағы басқа өзгерістерге байланысты. Осы қарастырылған процестерге аймақтардың ерекшелігіне қарай өздеріне тән өзгешелігі де болады.
Осы жағдайлардың ішінде жер шарының барлық түкпірінде ең бір өзекті проблема туғызып отырған негізгі фактордың бірі топырақ эрозиясы. Эрозиялық құбылыстардың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы мен геологиялық құрылысы әсерін тигізеді. Топырақ екі эрозия түріне ұшырайды, яғни су мен желдің әсерінен.
Су ағысынан орын алған эрозия бірнеше түрге бөлінеді: беттік - топырақтың барлық бетінен құнарлық қабат пен төсеніш жыныстардың ағып кетуі, жырақтық - белгілі жолмен топырақ пен төсеніш жыныстың шайылуы, айғыздық - көктемде қардың тез еруіне немесе нөсер жаңбырдың жаууына байланысты өсімдік аз өсетін немесе айдалатын егістерге арналған таудың баурайындағы топырақтың құнарлы қабатының жоғарыдан төмен қарай сумен ағып кетуі. Су тасқын апаты мен шөгінділер әсерінен де, әсіресе таулы жерлерде топырақтың құнарлы қабаты шайылып қана қоймай, су ағысымен келген тастармен, өсімдік қалдықтарымен, ағаш сынықтарымен тағы басқа да заттармен ластанады. Бұл жағдай эрозияның ең қауіпті түріне жатады.
Жел эрозиясына ең көп ұшырап жатқан сексеуіл орманы бар жерлер - Каспий мен Арал теңізінің маңайы, Үстірт, Сырдарияның төменгі жағы, Қызыл құм, Бетпақ дала, Балқаштың оңтүстігі, Іленің бойы, Зайсан ойпаты, Қара Ертістің Зайсан көліне құятын бөлігі. Бұл жағдай соңғы жылдары отын ретінде пайдалану үшін ретсіз сексеуіл ормандарын жоюға байланысты. Осының салдарынан көптеген жерлерде құм массивтері пайда болды. Топырағы құнарсызданып егістікке жарамайтын болған жердің көпшілігі Каспий маңында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында орналасқан.
Эрозия процестеріне тойтарыс беру үшін мына шараларды жүзеге асыру керек: жыралар мен сайлар, өзендер жағалауына, егістік жерлердің айналасына, тамыры тереңге кететін табиғат қорғау ағаштары мен бұталарын отырғызу; топырақты қорғайтын көпжылдық шөптерді егу; жыраларды бекітетін, ашық далада қарды ұстайтын, көктемде судың ағасын бәсеңдететін гидротехникалық құрылыстар салу; ауыл шаруашылығында дақылдарды кезектестіріп егу; құмды, тасты жерлерде, тау бөктерлерінде мал жаюды реттеу; тағы басқа да топырақ құрылымын жақсартатын агротехникалық шараларды қолдану.
3. Жерді қайта құнарландыру (рекультивация) деп бүлінген жерлердің өнімділігін және қоршаған ортаның жағдайын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстардың жиынтығын айтады. Жерді қайта құнарландырудың мақсаты: жер мен оның қойнауын ұтымды пайдалану, табиғат ресурстарын сақтау, өндіріс дамыған аудандарда қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету. Рекультивация объектілеріне мыналар: жер асты мен жер үсті тау-кен жұмыстарын жүргізгенде пайда болған ойпаңдар, қазба жыныстары мен өндіріс қалдықтарының үйінділері, өнім қоймалары, қазандықтар мен жылу-электр орталықтарынан шыққан шлак пен күл үйінділері, уақытша өндірістік және тұрғын үй құрылыстары алып жатқан аудандар, жол, құбырлар, электр желілерін және тағы басқа жұмыстарды жүргізгенде бұзылған жер беті жатады.
Қазіргі шақта істегі стандарт бойынша жер рекультивациясы екі сатыдан: техникалық және биологиялықтан тұрады. Бұларға әр түрлі тау-кен, техникалық, ауыл шаруашылық, су шаруашылық, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық сипаты бар шаралар жатады. Осындай жұмыстардың алуан түрлілігі оларды әр түрлі жолмен топтастыру қажеттігін талап етеді.
Биологиялық қайта құнарландыру - құнарландыру кезеңі, техникалық құнарландырудан соң жүзеге асырылатын, жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтар мен микроорганизмдердің тіршілігін қайта жандандыруға және жердің шаруашылықтық өнімділігін қалпына келтіруге бағытталған агротехникалық және фитомелиоративтік шаралар кешені.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz