Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 «К.Елдос ЛТД» қоғамының негізгі техника.экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2 АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІ
2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2.4 Кассадағы ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

3 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ...46
3.2 Кассалық операцияларды тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
3.3 Банк операцияларының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.
1 ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
2 ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
3 ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.
4 Бухгалтерлік есеп стандарттары
5 Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
6 Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
7 Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
8 Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
9 Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
10 Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
11 Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
12 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
13 Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашынова К.Т. «Финансовый учет на предприятий», г.Алматы, 1999г.
14 Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».
15 Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».
16 Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.
17 Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003
18 Кеулімжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық. Алматы Экономика 2006
19 Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.
20 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан., 2002г.
21 Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999г.
22 Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.
23 Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет» – г.Алматы: НАК «Центраудит», 1997г.
24 Савин А.А., Сотникова Л.В.; Под ред. проф. В.И. Подольского – Н: Аудит, ЮНИТИ, 1997г.
25 Сатубалдин С.С. «Азиатский кризис: причины и уроки» – г. Алматы 2000г.
26 Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение. Изд. «LEM» 2001, 46с.
27 Система бухгалтерского учета в РК, 2002г. Тулешова Г.К., монография
28 Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятий. «Экономика». 1998. – 294с.
29 Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ в системе управления» – г. Алматы, 1998г.
30 Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.) Алматы, 2003. Аудиторская фирма «Ержанова и К».
31 Тайгашынова К.Т. «Логистикалық шығындар есебі» Алматы, Экономика. 2006

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 8
1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін ұйымдастыру
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 11
1.3 К-Елдос ЛТД қоғамының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштеріне
сипаттама
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..17
2 АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІ
2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 20
2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .29
2.3 Есеп айырысу шотындағы ақша
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .32
2.4 Кассадағы ақшаның
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...40

3 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... 46
3.2 Кассалық операцияларды
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.3 Банк операцияларының аудиті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..67

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастар жағдайында
ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз
етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның
қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді
пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк
мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге
мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы –
материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын
тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп
болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары
болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері
әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын
сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін талдауға үлкен
көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді
жұмсалуына баса назар аударған жөн.
Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді
қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын
қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен
талдаудың мақсатына тәуелді болады.
Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір – бірімен сәйкес
келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша
қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді
басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі
ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.
Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп
жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару
стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға
саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының
айналым ұзақтығына ықпал ете алады.
Ақшаның басы артық бөлігінің жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық
қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай - ақ ақшаның шектен тыс көп
болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның
құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан
қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.
Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі.Ақша қаражаттар есебі бойынша зерттеу
жұмыстары негізінен ақша қаражаттар есебінің қалай ұйымдастырылатыны, ХҚЕС
бойынша ерекшеліктері, оны дамыту жолдары және Ақша қаражаттар туралы
есептілікті ХҚЕС сай құруға арналған. Бұл зерттеу тақырыбы тақырыбы
бойынша К.Т.Тайгашынова, Қ.К.Кеулімжаев, В.Л.Назарова, Ә.Ә.Әбдіманапов,
С.Б.Баймуханова, В.К.Радостовец, А.Д.Даулетбеков, Э.О.Нұрсейітов,
С.Т.Міржақыпова Л.В.Горбатова, В.П.Палий және тағы басқа ТМД елдері мен
отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.
Ақша қаражаттардың жалпы аудиті мен талдауы жөнінде ТМД елдер мен
еліміздің көрнекті ғалымдары М.С.Ержанов З.Н.Әжібаева, Н.Ә.Байболтаева,
Ж.Ғ.Жұмағалиева, Д.О.Абленов, А.Д. Шеремет, К.Ш. Дүйсенбаев
Ф.С.Сейдахметова және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен
зерттелінген.
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың мақсаты
зерттелініп жатқан ұйымның ақша қаражаттар есебінің 2007ж 28 ақпандағы
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңына сәйкес
жүргізілетінін қадағалау және ХҚЕС көшуге байланысты ақша қаражаттар
есебінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер
қойылды:
• Ақша ұғымы және оның нарықтық жағдайдағы мәні ;
• Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру ерекшеліктері;
• Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру;
• Халықаралық стандарттарға көшудегі ақша қаражаттар есебінің
ерекшеліктері;
• Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі;
• Есеп айырысу шотындағы ақша есебі;
• Кассадағы ақшаның есебі;
• Ақша қаражатының аудиты.
Зерттеудің пәні мен объектілері. Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі
мен аудитін және оның ХЕҚС бойынша өзгешеліктерін зерттеу және жетілдіру
болып табылады. Зерттеу объектілері ретінде К – Елдос ЛТД ЖШС мәліметтері
алынды.
Зерттеу жұмыстың жаңалығы. Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты
ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері және халықаралық стандарт бойынша
есебі мен аудитын жетілдіру мәселелері жөніндегі ұсыныстар болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы
ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ақша қаражаттар
есебі мен аудитін жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және
ішкі аудитты және ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда, ұйым басшыларын
нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі
бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

1 Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1 Ақшаның қажеттілігі және оның пайда болуы

Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономикның әрекет етуі механизмін
түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті
ақшаның нарық тілі деп аталуы да тегін емес. Ақша – тауар өндірісінің
тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті
негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өдірісі тауар айналысының дамуынан
туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты
болып табылады. Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге
айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін
туындатады, яғни айырбас Маркстың Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу – сатуда делдал ретінде
әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу
керек және осы сомаға басқа тауарды (Т) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ
балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта
сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігіне байлагысты айырбас жүзеге аспай қалуы
мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама – қайшы болады. Тауар мен ақша бір –
бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен, ақшаның өзі тауар, яғни тауар
өндірісі мен айналысының өнімі.
Демек, ақша – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы
процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына
қажет, ол еңбектің әртүрлі жіктелуі кезіндегі әртүрлі өнімдерді дайындауға
қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында
маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса, ал
ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді.
Сондықтан тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен
ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында
Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуіміз тиіс.
Сызба 1 – Тауарар мен қызметтер ағымы

тауарлар
тауар
ұлттық өнім шығыны жиынтық шығын

ресурстардың Ұлттық
төлемі табыс

ресурстар – ақша
ресурстар

Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй
шаруашылықтары және ұйымдар айырбастайды, бұл ғым айырбас кезінде жүзеге
асырылған ақшалай төлемдердің қарама – қарсы ағымымен теңестіріледі. Осы
экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер және ұйымдар өндіретін тауарлар мен
қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген ұйымдар
нарығындағы ұйымдар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды сатып алады.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол
шығыдалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша
еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан еңбек
ақша шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені
материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындаға еңбегінің саны
мен сапасына сәйкес жүзеге асады.
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мәнін, қызметі мен рөлін анықтау
ұмтылыстарының көп ғасырлық тарихы бар, атап айтқанда бұл сұрақтар
Аристотель, А.Смит, Д.Рикардо, К.Маркс және тағы басқа еңбектерінде
қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А.Маршал,
П.Самуэльсон, Дж.Тобин, Дж.Хикс, Ф.Мишкин, М.Фридмэн және тағы басқа сияқты
қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшаның пайда болуы, жаратылысы және мәні туралы ортақ пікір жоқ. Бірақ
та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге
болады: рационалистік және эволюциялық.
Бірінішісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаны
туындауын мемлекеттік немесе адамзаттың жалпы келісімді бекітудің нәтижесі
ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен
байланыстырмайды.
Ал екінші көзқарас ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық
құнының эволюциялық даму нәтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың
еркіне тәуелсіз түрде пайда болады. Айырбастық құн – бұл адамдардың
салыстырмалы өрнектеуі немесе сатып алушылық құны.
Құн тауарларды бір – біріне айырбастау кезінде ғана анықалуы мүмкін
екендігі баршаға аян және ол мұнда айырбас құны формасында әрекет етеді.
Тауар – бұл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаған
зат сату немесе айырбастау кезінде тауарға айналады. Ал бұл ақшаның
туындауы үшін объективті алғышарттарды қалыптастырады. Тауардың тұтыну құны
және құны болады. Тауарлардың пайдалылығына байланысты құнының әртүрлі
формалары бар, олар тауарлардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауарлардың
құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.

1.2 Ақшаның нарықтық жағдайдағы мәні және оның есебін
ұйымдастыру ерекшеліктері

Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу,
өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында төлем
құралы ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда
жүргізіледі:
• Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
• Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен –
күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі
дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша
есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі
орнының ерекше екенін айта отырып, ақша ұғымының экономикалық мәніне
тоқтала кеткеніміз жөн.
Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының
дамуына көп еңбек сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым
формасынан көз шағылыстыратын - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын
зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай – ақ К. Маркс
ақшаның қажеттілігі жөнінде егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің я
ең жоғарғы дәрежесінде болармыз, я қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына
(алғашқы қауымға) лақтырылып тасталармыз деп өз ойын қорытындылаған.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір
сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын
экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне
өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада
ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау
құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік
жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің
көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы
өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқы дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы
өндірістің өнімі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды.Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық
еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек
шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезуге бола ма?
Өнімнің құны болуы үшін белгілі – бір қоғамды жағдай болуы қажет – ол тауар
өндірісі, яки өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы
шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың
белгілі бір тауарды басқа тауарға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны
арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса
химиялық талдау жасап байқауға болмайды.Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық
қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізгі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориасының негізін қалаушылар XYII ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти XYII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д.Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына байланысты үлесті
XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын,
яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан – жақты талдады.
Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағайсыз бірлік түрінде көрінеді.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір – біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар
– ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді.Оның құны белгісіз, ол
тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін – бірі алмастырады және біріне – бірі теңгеріледі.
Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық
басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың
қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанасының
бекуімен байланысты баға болады. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Оның
құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін Сонымен, ақша ерекше тауар,
ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін
атқарады.
Ақшаның жалпы бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
• ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығы;
• онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
• тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі
болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама – қарсы қайшылық та
тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттандыра алмаған. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол
тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі
бірлік, әрі қарама – қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок
қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта
адамдардың, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың
арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс
құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүние жүзілік ақшалар. Ақшаның ең
бірінші және басты қызметі – құн өлшеуші. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін
атқарады. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Мұндай
қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды,
барлық жағдайда құн өлшеуші қызметін алатын ғана атқарады.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан кейін ақшаның жаппай өтем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдық мәнін
К. Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
көрінеді.
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлардың қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізілді.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өмірдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның еңбектегі үлесін жалақы ретінде
алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі, тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық
қатынастар шеңбердің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рол
атқарады. Бұл жерде қолма – қол ақшаның болулы міндетті емес. Оның қызметін
кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек
қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да
кеңінен дамуда.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а ) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә ) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б ) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в ) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г ) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д ) құқықтық – сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық №4 Ақшаның қозғалысы туралы есеп
беру стандарты бойынша ақша – бұл ұйымның кассадағы және банктегі есеп
айырысу шоттарындағы нақты ақшасы болып табылады. Ақшаның ағыны ұйымға
келіп түскен және шыққан ақшаның қозғалысын сипаттайды.
Ұйымдар Қазақстан Республикасы банкісімен бекітілген ережелер мен
нормативтік құжаттарды негізге ала отырып ақшаны сақтау, жұмсау және есепке
алуды жүзеге асырады. Осы құжаттарға сәйкес ұйым артық ақшаны банк
мекемелерінде сақтауы тиіс. өзге ұйымдардың алдындағы міндеттемелері
бойынша есеп айырысу банктер арқылы қолма – қол ақшасыз ҚР Ұлттық
банкісінің заңдылықтарына сәйкес қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың
басқадай түрлері негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысулар жоспарлы және тұрақты болуы тиіс. Оның негізіне келесі
принциптер жатқызылады:
• ұйымдар өздерінің ақшасын банкте сақтауға міндетті;
• олардың арасындағы есеп айырысулар қолма – қол ақшасыз жүзеге
асырылады;
• қолма – қол ақшасыз есеп айырысулардың негізі болып табылатын барлық
құжаттар банк арқылы төлем жүргізу үшін қолданылады.
Есеп айырысудың мақсаты – нарықтық қатынастарды нығайтуға, жалпы ішкі
өнімнің қозғалысына ықпал ету.
Ұйымның банк мекемесі арқылы жүргізген есеп айырысуларын тауарлы және
бейтауарлы деп ажыратуға болады.
Тауарлы есеп айырысулар өткізілген өнім, көрсетілген қызмет пен
орындалған жұмыстар, сондай – ақ сатып алынған тауарлы – материалды
құндылықтар үшін төлемдерді сипаттайды.
Бейтауарлы есеп айырысулар бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен
міндетті зейнетақы қорына төлемдерді айқындайды.
Ұйымдағы ақшаның бухгалтерлік есебнің негізгі міндеттеріне жатқызылады:
• Ақшаның қозғалысы бойынша жүргізілген барлық операцияларды толық
және мезгілінде құжаттау;
• Ақшаның шектеуге сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын
қадағалау;
• Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету;
• Кассалық және есеп айырысу төлем тәртібінің сақталуын бақылау;
• Ақшаны түгендеуді өз уақытында жүргізу;
• Төлемдерді қолма – қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банк арқылы
жүргізу.

1.3 К – Елдос ЛТД серіктестігінің негізгі техника – экономикалық
көрсеткіштеріне сипаттама

К – Елдос ЛТД ЖШС 2004 жылы 14 шілде айында құрылған. Серіктестіктің
негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.
Бұл мақсаттарға жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
• Ауылшаруашылық, мал шаруашылық өнімдерін және халық тұтыну тауарларын
өңдеу және сату
• Құрылыс материалдарын , канцеляриялық тауарларды сатып алу және сату
• Қамтамасыз ету, өткізу, сауда – саттық және коммерциялық қызметі
• Қоғамдық тамақтану пунктері, автожуу, дәріхана, базар,сауда үйлері,
ресторан, фирмалық дүкендер жүйесін ашу
• Сауда – делдалдық, көтерме – даналап саудалау
• Тұрғын – үй, офистер және өндірістік жайлар салу
• Авто жолдарын салу
• Жобалық, сметалық, транспорттық, заңгерлік, тұрмыстық және басқа да
қызметтер
• Автокөлік және экспедициялық қызмет көрсету, жолаушы тасымалдау жүзеге
асыру
• Автокөлік бағыттарын ашу
• Жолаушыларды тасымалдау
• Автотұрақтар, техникалық қызмет станциясын ашу
• Халық пен ұйымдарға тұрмыстық, транспорттық қызмет көрстету
• Жөндеу – құрылыс монтаждық және электормонтаждық жұмыстары, күрделі
құрылыс
• Делдалдық қызмет
• Сыртқы экономикалық қызмет, экспорт–импорт операциялар
Кесте 1 – К – Елдос ЛТД ЖШС қаржы – шаруашылық қызметінің технико –
экономикалық көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер Жылдар, мың тенге Ауытқу
(+,-)
2006 2007 +,- %
1 Негізгі құралдардың орташа жылдық 73594,8 30723,3 -42871,5 139,5
құны, мың теңге
2 Ағымдағы активтердің орташа жылдық54949,4 67432,7 +12483,3 122,7
құны, мың теңге
3 Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге 2582,7 3000,5 +417,8 13,8
6 Орташа тізімдік жұмысшылар саны, 68 79 +11 13,9
адам
7 Өнімдерді (жұмыс, қызмет) 14896,6 76465,4 +61568,8 80,5
өткізуден түскен табыс, мың теңге
8 Өткізілген өнімдердің (жұмыс, 7928,6 66705,2 +58776,6 88,1
қызмет) өзіндік құны, мың теңге
9 Қаржылық нәтиже, мың теңге 6968 97602 27922 140,1
табыс(+), залал(-)
10 Қор қайтарымдылығы, теңге 0,2 2,4 +2,2 91,6
11 Қор сыйымдылығы, теңге 4,9 0,4 -4,5 112,5
12 Өткізу рентабельділігі, % 0,5 1,7 -1,2 70,5
Таза пайда (зиян) -37548,5 -52809,8 -15261,3 28,8

Сонымен жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2006
жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теғгені құраған, ал 2007 жылы
76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған
өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың
өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша
қаражаттары елеулі төмендеген. 2006 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2007 жылы
206484,1 теңгені құқраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2
пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды,
материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және
қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша
2006 жылы 73594,8 мың теңгеге, ал 2007 жылы 30723,3 мың теңге, яғни 42871,5
мың теңгеге төмендеп отыр, бұл крсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың
істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі
төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да, зиянмен аяқтап отыр.

2 Ақша қаражаттар есебі
2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері

ХҚЕС бойынша арнайы ақша қаражаттар есебінде есепті реттеу сұрақтары
қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде
ХҚЕС-тың 7 “Ақша қаражаттар қозғалысы туралы” есеп беру стандартын
басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына
кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары
кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында
баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді.
Ақшалай шоттар жедел төленетін міндеттемелерді қолдану кезіндегі
есептемелерді құрайды. Баланстың “Ақща қаражаттар” шоттарындағы қалдықта
ақша қаражаттар шоттарына енгізілген барлық есептемелер көрініс табады.
ХҚЕС 1 “Қаржылық есептілікті ұсыну” ережесін ескере отырып, банктің
ағымдағы, салым және арнайы шоттарындағы ақша қаражаттарының компенсациялық
қалдықтарына белгілі бір шектеу болған жағдайда оларды ағымдағы немесе ұзақ
мерзімді активтер ретінде қарастырады. ХҚЕС өту кезінде мұндай ақша
қаражаттар қайта жіктелінуі тиіс.
Ал қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында ақша қаражаттарының
осы аспектісі ескерілмеген және ақша қаражаттар есебінде көрсетілмеген.
ХҚЕС өту барысында осындай шектеулері бар ақша қаражаттары қайта жіктелуі
міндетті.
Ақшадан өзге де ақша қаражаттар құрамында ақша қаражаттар эквиваленттері
де (нақты ақша қаражаттар сомасын оңай тартатын және құнының өзгеру
тәуекелділігіне алып келетін қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдар)
ескеріледі.
Ақша қаражаттар эквиваленттері инвестициялау және өзге де мақсаттар үшін
ғана емес, олар қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді өтеу үшін де
қолданылады.
Өтеу мерзімі қысқа инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленттері
ретінде танылады.
Ақша қаражаттардың эквиваленті түрінде қарастырылатын қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияларды мойындау талаптары бойынша ҚБЕС мен ХҚЕС арасында
елеулі айырмашылық бар және олар келесідей: ҚБЕС сәйкес кейбір қаржылық
инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленті ретінде қарастырылады, ал ХҚЕС
бойынша қарастырылмайды. ХҚЕС сәйкес есептіліктерде ақша қаражаттар
эквиваленттерін қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ретінде мойындалуы тиіс.
Ақша қаражаттар құрамына пошта маркалары, іс – сапар шығындарына
берілген аванстар, сыртқы қатысушылар мен жұмысшыларына төлемдер
енгізілмейді.
Кәсіпорындарда күнделікті шығындар үшін шағын касса құрылады. Бұл касса
ағымдағы транспорттық, пошталық және кеңсе шығындарын өтеу үшін өте қажет.
Шағын касса шоттарындағы қалдық жалпы ақша қаражаттар қалдықтарының бір
бөлігі болып табылады және шағын кассаны жалпы касса есебінен толтыру
немесе құру кезінде өзгеріске ұшырайды.
Ақша қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі кіріс және шығыс
шоттарында көрініс табады.
ХҚЕС өту кезінде басшылық “Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын
алғашқы пайдалану” ережесін қадағалаған жөн. Бұл стандарттардың мақсаты
ХҚЕС-те қолданылатын кәсіпорынның қаржылық есептілігін құрастыру
сәйкестігіне жету болып табылады. Берілген 10 стандартқа сәйкес барлық
активтер мен міндеттемелер есептілікте көрініс табуы міндетті. Осы
міндеттемелер мен активтердің есептілікте көрініс табуы ХҚЕС-тің басты
талаптары болып табылады.
ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есептілігіне мысал.
Талдау және шоттарды ауыстыру үшін ақпараттар.
ЖШС “ЛТД К-Елдос” 2005 жылы 1 қаңтардан бастап ХҚЕС өтті. ХҚЕС – ның
талаптары бойынша есетілікті құру шін 2005 жылы 1 қаңтарға құрылған
қаржылық есептілікті талдау қажет.
Берілген есеп саясатты және оның бухгалтерлік есепте қолданылатынын
талдау.

Талдау барысында ұйымның кассалық операциялары 23.07. 1993 жылы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен “Кассалық операцияларды жүргізу
тәртібі” бойынша жүргізілетіні анықталды.
Кассалық операцияларды толық материадық жауапкершілігі бар кассир жүзеге
асырады.
Кассалық операциялар есебі 1С : кәсіпорын бағдарламасы арқылы электронды
түрде жүргізіледі.
Касса ревизиясы ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы
заңына сәйкес бірінші басшының бұйрығымен тағайындалған комиссия
мүшелерімен әр ай сайын жүргізіледі. Барлық тексерулер актта рәсімделеді,
тексеру нәтижелері бойынша ЖШС президенті шешім қабылдайды.
Кассада өзге тұлғалардың ақша қаражаттарын және құжаттарын сақтау тиым
салынады. Ал табылған уақытта оларды артықшылық ретінде кірістейді.
Бос ақша қаражаттарын сақтау және қолма – қолсыз есеп айырысуды жүзеге
асыру үшін ұйым банкте өз қызметіне және қаржыландыру көздеріне байланысты
есеп айырысу, ағымдағы және өзге де шоттарды ашады.
Бірінші қол қою құқығы ЖШС президентіне, ал екінші қол қою құқығы бас
бухгалтерге берілген.
Есеп айырысу шотына сомаларды есептеу бойынша немесе оны банкке жіберу
бойынша операциялар шот иелерінің жазбаша түрдегі бұйрықтары немесе олардың
келісімі негізінде жүзеге асырылады.
Әр күні немесе өзге де мезгілде банк белгіленген келісім шарт бойынша
есеп айырысу шоттарынан ұйымға құжаттар беріп отырады. Банк құжаттары
тексеріледі және сомалар арасында корреспонденттік шоттар қойылады.
Талдау барысында ЖШС ақша қаражаттар есебі Кассалық операцияларды
жүргізу ережелеріне және қызмет етуші банктің келісімшартына сәйкес
жүргізіледі. Жыл соңында бухгалтерлер бақылау мақсатында қызмет етуші
банкке есеп айырысу шотына кассадан ақша қаражаттарын тапсырды. Касса
бойынша сальдо нольге тең.
Талдау нәтижелерін кесте арқылы өрнектеуге болады.

Кесте 2 – ХҚЕС талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп элементтерін салыстыру

Есеп элементтері Айналым БЕҚС бойынша ХҚЕС Ескертпе
сальдо шоттар сәйкестігі лер
тізімдемесі жоспарының
бойынша бөлімі
шоттар
Жолдағы ақшалар 411 Ақша Сәйкес
қаражаттар
Карт–шоттағы ақшалар 423 Ақша Сәйкес
қаражаттар
Ел ішіндегі шетел 431 Ақша Сәйкес
валютасындағы ағымдағы қаражаттар
шоттағы ақшалар
Ұлттық валютада 441 Ақша Сәйкес
ағымдағы шоттардағы қаражаттар
ақшалар
Ұлттық валюта түріндегі451 Ақша Сәйкес
кассадағы қолда бар қаражаттар
ақшалар

Кесте 3 – ХҚЕС негізінде есеп саясатындағы қажетті өзгертулерді талдау,
сипаттамасын және қайта қарастырудың қажетті көлемін анықтау

Есеп элементтері Есеп саясатындағы Өзгеріс сипаттамасы
өзгерістер
Жолдағы ақшалар Жоқ Жоқ
Карт–шоттағы ақшалар Жоқ Жоқ
Ел ішіндегі шетел Жоқ Жоқ
валютасындағы ағымдағы шоттағы
ақшалар
Ұлттық валютада ағымдағы Жоқ Жоқ
шоттардағы ақшалар
Ұлттық валюта түріндегі Жоқ Жоқ
кассадағы қолда бар ақшалар

Кесте 4 – Корректировкаға қажетті ақпараттарды жинақтау және талдау

Есеп элементтеріБЕҚС ХҚЕС бойынша шоттар Баланс Коррек ХҚЕС
бойын сома тировка бойын
ша сы сомасы ша сома
шоттар
Жолдағы ақшалар 411 1030 Жолдағы ақша 150000 – 150000
теңгемен қаражаты
Карт–шоттағы 423 1070 Арнайы шоттағы 250000 – 250000
ақшалар ақша қаражаты
Ел ішіндегі 431 1050 Ағымдағы банк 680000 – 680000
шетел шоттағы валютамен
валютасындағы ақша қаражаты
ағымдағы шоттағы
ақшалар
Ұлттық валютада441 1040 Ағымдағы банк 870000 – 870000
ағымдағы шоттағы теңгемен ақша
шоттардағы қаражаты
ақшалар
Ұлттық валюта 451 1010 Кассадағы 0,00 – 0,00
түріндегі теңгемен ақша
кассадағы қолда қаражаты
бар ақшалар

Талдаудан соң ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған жаңа шоттары бойынша
трансформационды өткізбелер жасау қажет.
Дт 1030 Жолдағы ақша теңгемен қаражаты
150000
Кт 411Жолдағы ақшалар
150000
Дт 1070 Арнайы шоттағы ақша қаражаты
250 000
Кт 423 Карт–шоттағы ақшалар
250000
Дт 1050 Ағымдағы банк шоттағы валютамен ақша қаражаты
680000
Кт431 Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар 680000

Дт 1040 Ағымдағы банк шоттағы теңгемен ақша қаражаты
870000
Кт 441 Ұлттық валютада ағымдағы шоттардағы ақшалар
870000
Халықаралық стандарттар бойынша ақша қаражаттарының есеп саясатын құру
Ақша қаражаттар есебі активті шоттарда, яғни ХҚЕС бойынша Ақша қаражатар
1000 бөлімінде жүргізіледі. Кассалық операциялар ҚР ҰБ 23.07.1993 ж.
бекіткен Кассалық операцияларды жүргізу ережелері бойынша жүргізіледі.
Ақша қозғалысы туралы есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес
қаржылық есептіліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Көп
жағдайларда ұйымға ақшаның қайдан келіп түскені және қайда жұмсалғаны
туралы мәліметтер қызықтырады. Ақша – кез - келген бизнестің негізі.
Сондықтан ақша ағынының негізін және қайда жұмсалғанын білу өте маңызды.
Сонымен қатар ақша қозғалысы турлы есептіліктің негізгі бағыты ретінде
есептілік кезеңінде жүзеге асырылған ұйымның ақшалай түсімі және төлемдері
туралы ақпараттарды қарастыруға болады.
ХҚЕС 7 Ақша қозғалысы туралы есептілік стандартына сәйкес есептілікте
ақша қаражаттарының түсімі және төленуі, сонымен қатар ақша эквиваленттері
туралы мәліметтер қарастырылуы тиіс.
Ақша қаражаттар құрамына іс-сапар шығындарына аванстар, жұмысшылар мен
қызметкерлердің дебиторлық қарыздары және ақшалай аванстар кірмейді.
Ақша қаражаттары кәсіпорынның қызмет түрлеріне байланысты топталады.
Кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметтері үш топқа бөлінеді:
Операциондық қызмет – ұйымға таза табыс алып келетін қызмет түрі.
Операциондық қызметтен ақша ағыны ұйымда операциондық мүмкіншіліктерін
ұлғайтуда, банктен алынған несиелерді өтеуде, дивидендтерді төлеуде және
инвестициялауды жүзеге асыруда негіз бола алады. Операциондық қызметтен
ақша қаражаттар құрамына келесілер жатады:
• тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден және атқарылған жұмыстан түскен
ақша түсімі;
• сатып алушылардан немесе тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
• операциондық жалдан, комиссиондық сыйақылардан ақша түсімі;
• тауар, қызмет және атқарылған жұмыстар үшін мердігелерге төлем;
• ұйым жұмысшылары мен қызметкерлеріне төлем;
• салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер және т.б.
Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар мен
материалдық емес активтер) мен басқа да инвестицияларды алумен немесе
шығарумен байланысты қызмет түрі. Инвестициялық қызмет түрінен пайда
балатын ақша қаражаттар ағыны:
• негізі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ
мерзімді активтер түрін сатудан түскен түсім;
• басқа да ұйымдарға берілген несилер және ақшалай аванстық төлемдер;
• фьючерстік және форвардтық келісім шарттар, опциондар мен своптар.
Қаржылық қызмет – ұйымның өзіндік капиатл мен қарыз қаражаттар құрамына
немесе көлеміне әсер ететін қызмет түрі. Қаржылық қызмет түрінен пайда
болатын ақша қаражаттар ағыны:
• акциялар мен басқа да бағалы қағаздар түрін эмиссиялаудан түскен
түсім;
• акция иелеріне төлем;
• қысқа және ұзақ мерзімді қарыздармен, облигация және вексельмен
байланысты ақша түсімдері;
• қарыз сомаларын өтеу;
• қаржылық жал бойынша қарызды өтеу үшін жалгердің төлемі.
Ақша қозғалысы туралы есептілік тура және жанама әдіспен құрылады.
Тура әдіс – ұйымның операционды қызметіне байланысты ақша түсімдерінің
және төлемдерінің негізгі түрлерін көрсету. Халықаралық стандарттарға
сәйкес тура әдіс ақша қозғалысы туралы есептілікті құру кезіндегі ең
негізгі әдіс болып саналады. Себебі бұл әдіс ұйымның операциондық қызметтен
түскен түсімінің ақша қажаттар шоттарына әсері және ұйымның негізгі
қызметтерінен түскен түсімдері немесе төлемдері туралы ақпараттарды
қамтиды.
Кесте 5 – Ақша қозғалысы туралы есептілік (тура әдіс)

Көрсеткіштердің атауы Сомасы
Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
Тауарларды сату
Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:
Тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері
Берілген аванстар
Жалақы бойынша төлемдер
Корпорациялық табыс салығы
Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
Негізгі құралдарды сату
Материалдық емес активтерді сату
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату
Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде
Негізгі құралдарды сатып алу
Материалдық емес активтерді сатып алу
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы
Қаржы қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
Акциялардың және басқа бағалы қағаздардың эмиссиясы
Қарыздарды алу
Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:
Дивидендтерді төлеу
Өзгелер
Қаржы қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы
Жиыны: ақша қаражаттарының көбеюі(+) азаюы(-)
Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың
эквиваленттері
Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың
эквиваленттері

Жанама әдіс – инвестициялық және қаржылық қызмет нәтижесі болып табылатын
табыстар мен шығыстар және ақшалай емес операциялар көрініс табатын әдіс.
Ақшалай емес баптар ретінде негізгі және материалдық емес активтердің
амортизациясын қарастыруға болады.
Бұл әдіс бухгалтерлік баланста және табыстар мен шығыстар туралы
есептілікте көрсетілген ақпараттарға негізделген.
Кесте 6 – Ақша қозғалысы туралы есептілік (жанама әдіс)

Көрсеткіштердің атауы Сомасы
Салық салынуға дейінгі пайда (зиян)
Салық салынуға дейінгі пайданың (зиянның) корректировкасы, оның
ішінде:
Ғимараттар мен жабдықтардың амортизациясы
Бағалы қағаздарды сатудан түсім
Негізгі құралдарды сатудан түсім
Айналым капиталының өсімі, оның ішінде:
Дебиторлық қарыздардың өсуі (кемуі)
Тауарлы материалдық қорлардың өсуі (кемуі)
Алдағы кезең шығындарының өсуі (кемуі)
Кредиторлық қарыздардың өсуі (кемуі)
Есептелген міндеттемелер
Төленген корпорациялық табыс салығы
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
Негізгі құралдарды сату
Материалдық емес активтерді сату
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату
Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде
Негізгі құралдарды сатып алу
Материалдық емес активтерді сатып алу
Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу
Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы
Қаржы қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы
Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:
Акциялардың және басқа бағалы қағаздардың эмиссиясы
Қарыздарды алу
Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:
Дивидендтерді төлеу
Өзгелер
Қаржы қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы
Жиыны: ақша қаражаттарының көбеюі(+) азаюы(-)
Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың
эквиваленттері
Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың
эквиваленттері

Кейбір жағдайларда ұйым ақша қаражаттар қозғалысында қарастырылмаған
шаруашылық операцияларды (мысалы, бартерлік келісімдер) жүзеге асырады.
Халықаралық стандарттарында ақша қозғалысы туралы есептілігінде ұйымның
негізгі қызметіне байланысты ақшалай емес операцияларды көрсету немесе алып
тастау талаптары қойылмаған. Инвестициялық және қаржылық қызметтерден
пайда болған ақшлай емес операцияларды ақша қозғалысы туралы есептілігінде
көрсетілмейді, бірақ осы операциялар туралы ақпараттар қаржылық есептілікте
көрсетілуі тиіс.

2.2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі

Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен
арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар,
чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және
басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Ұйым 1070 (421) Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар шотында
жабдықтаушылар мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша
қаражаттарын есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы
жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп
айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып
келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін
банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет
көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан
бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу
жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды
жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін
немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем
төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға арналады. Ал
аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім
шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:
1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен
тәсілі.
3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін
банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты
сипаттары.
4. Тауарларды, материалдарды тиеп жөнелткеннен немесе жұмыстарды,
қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу
мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға
аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.
5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.
Аккредитивтердің өтелінген және өтелінбеген деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚША ҚАРАЖАТТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы
Ақша қаражаттарының есебінің мәні
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Қазпошта АҚ ұйымдастырушылық - экономикалық сипаттамасы
Қоғамдық тамақтану
Коммерциялық банктегі ақша қаражаттары
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
Басқадай ақша қаражаттар есебі
Пәндер