Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Анықтамалар . . . 3-4

Қысқартылған сөздер . . . 5

Нормативтік сілтемелер . . . 6

Кіріспе . . . 7-9

1 АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 10-14

1. 1 Ақшаның қажеттілігі және оның мәні . . . 10-14

1. 2 Нарықтық жағдайдағы ақшаның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері 14-17

1. 3 «К-Елдос ЛТД» қоғамының негізгі технико - экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама . . . 17-21

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА КӨШУДЕГІ АҚША ҚАРАЖАТТАР ЕСЕБІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 22-35

2. 1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері . . . 22-35

2. 2 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі . . . 36-46

2. 3 Кассадағы ақшаның есебі . . . 46-57

2. 4 Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі . . . 57-64

3 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ АУДИТІ МЕН ТАЛДАУЫ . . . 65-69

3. 1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы . . . 65-69

3. 2 Кассалық операцияларды тексеру . . . 69-74

3. 3 Банк операцияларының аудиті . . . 74-77

3. 4 Басқа да қызметтердің ақша қаражаттар қозғалысын талдау . . . 77-83

Қорытынды . . . 83-88

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 89-92

Қосымшалар

Анықтамалар

Актив - кәсіпорынның немесе ұйымның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері.

Аккредитив - сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өндірушілерді және нарықты ортақ экономикалық организмге біріктіруші айналыс құралы.

Ақша ағындары - бұл ақша қаражаттарының және эквиваленттерінің келуі немесе жұмсалуы.

Ақша қаражаттары - ұйымның есеп айырысу шотындағы, валюталық және арнайы банктік шоттарындағы ақша қалдығы және ақша эквиваленттері.

Ақша қаражаттарының эквиваленттері - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелген активтер. Олар қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар.

Баға - құнның ақшалай көрінісі.

Бағам (курс) - екі елдің ақша бірліктерінің екі елдің ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.

Бағамдық (курстық) айырма - екі елдің салдарынан болатын айырма сомасы.

Депозиттік сертификат - салымшының немесе оның мұрагерінің белгіленген мерзімінің соңында депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақшалай салым туралы эмитент банкінің берген жазбаша куәлігі.

Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) мен басқа да инвестицияларды алумен немесе шығарумен байланысты қызмет түрі.

Қаржылық қызмет - ұйымның өзіндік капитал мен қарыз қаражаттар құрамына немесе көлеміне әсер ететін қызмет түрі.

Қызмет - жеке адамдардың немесе қоғамның белгілі - бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін істелген іс - әрекеттер нәтижесі.

Овердрафт - кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық.

Операциондық қызмет - ұйымға таза табыс алып келетін қызмет түрі. Операциондық қызметтен ақша ағыны ұйымда операциондық мүмкіншіліктерін ұлғайтуда, банктен алынған несиелерді өтеуде, дивидендтерді төлеуде және инвестициялауды жүзеге асыруда негіз бола алады.

Өнім - сатуға арналған тауар мен қызмет.

Пассив - қорлану көздері.

Тауар - материалдық және заттық түрдегі еңбек нәтижесі.

Шетелдік валюта - кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету (пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан (теңгеден) басқа ақша бірліктері.

Қысқартылған сөздер

БЕҚС - бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттары

Дт - дебет

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

Кт - кредит

КСБУ - казахстанкский стандарт бухгалтерского учета

ҚР - Қазақстан Республикасы

ҚМ - қаржы министрлігі

МСФО - международные стандарты финансовой отчетности

РК - Республика Казахстан

ҰБ - ұлттық банк

ХҚЕС - халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары

IAS - халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары

IFRS - халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары

Нормативтік сілтемелер

Осы диссертацияда келесі заң актілері қолданылады:

  1. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
  2. ҚР 20. 11. 1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15. 01. 01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
  3. Типовой план счетов бухгалтерского учета. Разработанный в целях реализации Закона Р. К. от 28. 02. 2007 г. №234 - III «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» Б. Б. № 30 июль 2007 г. с. 40.
  4. Закон Р. К. от 28. 02. 2007 г. №234 - III «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности»: Модуль «Право в Казахстане» 01. 11. 2007г.
  5. ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29. 10. 2002 жылғы № 542 бұйрығы.
  6. Приказ министра финансов Республики Казахстан от 21. 06. 2007 г. № 217 «Об утверждений национального стандарта финансовой отчетности № 2 с. 1-150.
  7. Приказ Министерства Финансов Р. К. № 128 от. 19 марта 2004 г. 1 «Об урверждений типовых форм первичных документов»
  8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы №106 қаулысы;
  9. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері ұшін бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2003 жылғы 1 қыркүйектегі № 324 қаулысы;
  10. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса, сейф операцияларын және банкноталардың, монеталардың және құндылықтардың инкассациясы бойынша операцияларды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 2001жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысы.

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.

Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы - оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.

Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы - материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.

Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы - материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Сондықтан жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді - ағымдағы активтерін талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.

Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті - экономикалық шешімдерді қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен талдаудың мақсатына тәуелді болады.

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан еңбек ақша шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындарға еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.

Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады.

Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір - бірімен сәйкес келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.

Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының айналым ұзақтығына ықпал ете алады.

Ақшаның басы артық бөлігінің жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай - ақ ақшаның шектен тыс көп болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.

Тақырыптың ғылыми зерттеу дәрежесі. Ақша қаражаттар есебі бойынша зерттеу жұмыстары негізінен ақша қаражаттар есебінің қалай ұйымдастырылатыны, халықаралық стандарттар бойынша ерекшеліктері, оны дамыту жолдары және «Ақша қаражаттар туралы есептілікті» халықаралық стандарттарға сай құруға арналған. Бұл зерттеу тақырыбы бойынша С. Т. Міржақыпова, Қ. К. Кеулімжаев, К. Т. Тайгашинова, М. С. Жапбарханова, Ә. Ә. Әбдіманапов, С. Б. Баймуханова, В. К. Радостовец, Э. О. Нұрсейітов, Л. В. Горбатова, В. П. Палий және тағы басқа ТМД елдері мен отандық ғалымдар елеулі үлес қосып еңбек сіңірді.

Ақша қаражаттардың жалпы аудиті мен талдауы жөнінде ТМД елдер мен еліміздің көрнекті ғалымдары М. С. Ержанов, З. Н. Әжібаева, Н. Ә. Байболтаева, Ж. Ғ. Жұмағалиева, Д. О. Абленов, А. Д. Шеремет, К. Ш. Дүйсенбаев, Ф. С. Сейдахметова және тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде кеңінен зерттелінген.

Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыстың мақсаты зерттелініп жатқан ұйымның ақша қаражаттар есебінің 2007ж 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес жүргізілетінін қадағалау және ХҚЕС көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктерін қарастыру болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

  • Ақша ұғымы және оның нарықтық жағдайдағы мәні ;
  • Ақша қаражаттар есебін ұйымдастыру ерекшеліктері;
  • Ұйымның негізгі технико - экономиклық көрсеткіштеріне сипаттама ;
  • Халықаралық стандарттарға көшудегі ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері;
  • Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі;
  • Есеп айырысу шотындағы ақша есебі;
  • Кассадағы ақшаның есебі;
  • Ақша қаражатының аудиты мен талдауы.

Зерттеудің пәні ақша қаражаттар есебі мен аудитін және оның ХЕҚС бойынша өзгешеліктерін зерттеу және жетілдіру болып табылады.

Зерттеу объектілері ретінде «К - Елдос ЛТД» ЖШС мәліметтері, яғни қаржылық есептіліктері (Форма №1 Баланс, форма №2 («Табыстар мен шығыстар туралы» есептілік, форма №3 «Ақша қаражаттар қозғалысы туралы» есептілік) алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасының заңды, нормативтік және құқықтық актілері, отандық және шетел ғалымдарының қаржылық есеп, аудит және талдау бойынша ғылыми жұмыстары, халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары, бухгалтерлік есеп мәліметтері алынды

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері және халықаралық стандарт бойынша есебін, аудитын және талдауын жетілдіру мәселелері жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстар болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы ұсыныстар мен қорытындылар халықаралық стандарттарға сай ақша қаражаттар есебі мен аудитін жетілдіруге арналған. Зерттеу нәтижелерін сыртқы және ішкі аудитты және ақша қаражаттар есебін ұйымдастыруда, ұйым басшыларын нақты ақпараттармен қамтамасыз етуде пайдалануға болады.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі 92 бетті, 16 кестені, 2 сызбаны қамтыған.

1 АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Ақшаның қажеттілігі және оның мәні

Біздің пікіріміз бойынша, нарықтық экономиканың әрекет етуі механизмін түсіну үшін ақшаның рөлін айқын түсінуден артық ешнәрсе жоқ. Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы да тегін емес. Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өдірісі тауар айналысының дамуынан туындайды. Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады.

Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса, онда ол тауарға айналады. Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады, яғни айырбас К. Маркстың Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу - сатуда делдал ретінде әрекет етеді. Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т) сатып алу қажет. [45, 7-13]

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан еңбек ақша шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындарға еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады. Құнды көруге, сезуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі - бір қоғамды жағдай болуы қажет - ол тауар өндірісі, яки өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса химиялық талдау жасап байқауға болмайды. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.

Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама - қайшы болады. Тауар мен ақша бір - бірінен ажырамас категориялар. Дегенмен, ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі. [46, 12-17]

Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.

Ақша жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әртүрлі жіктелуі кезіндегі әртүрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.

Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса, ал ақша айналыста тұрақты, мәңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар әлемінен ерекшеленетін айрықша тауар болып қала береді.

Қазіргі кездегі нарықта ақшаның қажеттілігін жақсырақ көрсету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сызбасын көрсетуіміз тиіс.

1 - Сызба - Тауарлар мен қызметтер ағымы

тауарлар тауар

ұлттық өнім шығыны жиынтық шығын

ресурстардың Ұлттық

төлемі табыс

ресурстар - ақша ресурстар

Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары және ұйымдар айырбастайды, бұл ұғым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама - қарсы ағымымен теңестіріледі. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер және ұйымдар өндіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген ұйымдар нарығындағы ұйымдар өз өндірістері үшін қажетті ресурстарды сатып алады.

Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байланысқан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, сонымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажеттілігін туындатады. Сондықтан еңбек ақша шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу қоғам мүшелерінің шығындарға еңбегінің саны мен сапасына сәйкес жүзеге асады.

Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу, өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында «төлем құралы» ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда жүргізіледі:

  • Банк жүйесі арқылы қолма - қол ақшасыз аудару жолымен;
  • Қолма - қол ақшамен төлеу түрінде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Басқадай ақша қаражаттар есебі
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Алынуға тиісті борыштар шоты
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кассадағы нақты ақша есебі бойынша операцияларды аудиттеудің теориялық негіздері
АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на экономикалық сипаттама
Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
Ақша қаражаттары есебі мен аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz