Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ...7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ... .7
1.2 Ұйымның ұйымдық . өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру ... ... .19
2 Ақша қаражаттарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3 Кассадағы ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
3 Ақша қаражатының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және бағдарламасы ... ... ... ... ... .40
3.2 Кассалық операцияларды тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.3 Банк операцияларының аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.4 Ақша қозғалысын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66

Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы – материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

1 ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы
2 ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)
3 ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.
4 Бухгалтерлік есеп стандарттары
5 Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.
6 Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.
7 Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.
8 Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001
9 Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.
10 Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.
11 Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.
12 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002
13 Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».
14 Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».
15 Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.
16 Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003
17 Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.
18 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан., 2002г.
19 Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999г.
20 Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.
21 Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет» – г.Алматы: НАК «Центраудит», 1997г.
22 Савин А.А., Сотникова Л.В.; Под ред. проф. В.И. Подольского – Н: Аудит, ЮНИТИ, 1997г.
23 Сатубалдин С.С. «Азиатский кризис: причины и уроки» – г. Алматы 2000г.
24 Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерская отчетность, ее виды и назначение. Изд. «LEM» 2001, 46с.
25 Система бухгалтерского учета в РК, 2002г. Тулешова Г.К., монография
26 юсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятий. «Экономика». 1998. – 294с.
27 Дюсембаев К.Ш. «Аудит и анализ в системе управления» – г. Алматы, 1998г.
28 Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов (с 1 января 2003 г.) Алматы, 2003. Аудиторская фирма «Ержанова и К».
2000-2004 жылғы кезеңдік басылымдар:
1. Налогоплательщик
2. Бизнес-класс
3. Бухгалтерский учет и аудит
4. Бухгалтер бюллетені

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1. Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ... ...7
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері ... .7
1.2 Ұйымның ұйымдық - өндірістік қызметіне сипаттама және негізгі
көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..12
1.3 Ұйымда бухгалтерлік есепті және есеп саясатын ұйымдастыру
... ... .19
2 Ақша қаражаттарының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.24
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 24
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 26
2.3 Кассадағы ақшаның

..33
3 Ақша қаражатының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .40
3.1 Ақша аудитінің мақсаты, міндеттері және
бағдарламасы ... ... ... ... ... .40
3.2 Кассалық операцияларды
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3.3 Банк операцияларының
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
3.4 Ақша қозғалысын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .57
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
Кіріспе
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдардың қаржылық жағдайы, төлем
қабілеттілігі тікелей ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Ұйымның ақшасы мен олардың қалыптасу көздерінің орналасуы – оның
қаржылық жағдайын сипаттайды, сондықтан қолданыстағы ресурстарды тиімді
пайдаланудың әсерін жоққа шығаруға болмайды. Ол жеткізушілер, банк
мекемелері және бюджет алдындағы міндеттемелерді дер кезінде өтеуге
мүмкіндік береді.
Ақшаның жетіспеушілігі, есептесулердің тоқтап қалуы, тауарлы –
материалдық қорлардың кем болуы ұйымның қызмет процесіне кері ықпалын
тигізеді.
Ұйымда өткізілуі қиын тауарлы – материалдық қорлардың шамадан тыс көп
болуы, дебиторлық қарыздардың, әсіресе, оның күдікті бөлігінің жоғары
болуы, ақшаның айналымдылығын бәсеңдетіп, ұйымның қаржы жағдайына кері
әсерін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық
тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерді – ағымдағы активтерін
талдауға үлкен көңіл бөлген дұрыс, әсіресе, ақшаның нысаналы мақсаттарға
тиімді жұмсалуына баса назар аударған жөн.
Осылайша, ақшаны есепке алудың басты міндеті – экономикалық шешімдерді
қабылдауға қажетті ақша жөніндегі мәліметтердің нақты, әрі шынайы болуын
қадағалау: осы кезде қажетті нәтиженің дәл деңгейі нақты жағдайлар мен
талдаудың мақсатына тәуелді болады.
Ақшаның түсуі мен ағымдық жұмсалуы уақыт бойынша бір – бірімен сәйкес
келмейді, нәтижесінде ұйымның төлем қабілеттілігін ұстап тұру үшін қосымша
қаржыландыру көлеміне қажеттілік пайда болады. Сондықтан ақшаны тиімді
басқару капиталға деген қажеттілікті қанағаттандыру әдістерінің бірі
ретінде қарастырылуы кездейсоқтық емес.
Дегенмен де, атап өту керек, қаражаттың айналымда болу кезеңі көп
жағдайда ұйым қызметінің ішкі ахуалымен, бірінші кезекте активтерді басқару
стратегиясының тиімділігімен анықталады. Шынында да, қолданылатын баға
саясатына, активтердің құрылымына тәуелді түрде ұйым өз қаражаттарының
айналым ұзақтығына ықпал ете алады.
Ақшаның басы артық бөлігінің жеткіліксіздігі ұйымның қаржылық
қиындықтарға душар болғанын көрсетеді. Сондай - ақ ақшаның шектен тыс көп
болуы да серіктестің тиімсіз қызметін байқатады, бұл біріншіден, ақшаның
құнсыздануына, екіншіден қаражатты пайдалы іске қоспай, қосымша табыстан
қарап отырып айырылу дегенді білдіріеді.
Осы аталған мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігін
сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіндегі ақша есебінің ұйымдастырылуын зерттеу, оның қозғалысын
талдау және есепке алынуын жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін келесі міндеттерді орындау қажет:
• Ақша ұғымын танып білу және мәнін ашу;
• Іс жүзінде ақша есебінің ұйымдастырылуын, сондай – ақ
бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуін қарастыру;
• Ұйымда ақшаның сақталу тәртібін зерртеу;
• Ақшаны аудиторлық тексеру әдістемесін зерттеу.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Қамқоршы ЖШС-нің 2003-2004
жылдардағы есеп мәліметтері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп саласындағы нормативтік – құқықтық ақпараттары, арнайы
әдебиеттер пайдаланылды.
1.Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1 Ақша ұғымы, мәні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері
Нарықтық экономикада ұйымдар арасында еңбек құралдарын сатып алу,
өнімдерді сату, жалдамалы жұмыс күшінің еңбек ақысын төлеу барысында төлем
құралы ретінде ақша қаражаттары пайдаланылады. Есептесу екі нысанда
жүргізіледі:
• Банк жүйесі арқылы қолма – қол ақшасыз аудару жолымен;
• Қолма – қол ақшамен төлеу түрінде.
Ақшаны басқару қаржылық нарықтық күрделілігіне байланысты күннен –
күнге үлкен маңызға айнала бастады. Бәсекеге қабілеттілік ұйымның одан әрі
дамуы үшін қажетті ақшаны жеткілікті деңгейде табуды талап етеді. Ақша
есебін дұрыс ашып көрсету және ұйымның өтімділігін бағалау үшін өте қажет.
Ақша қаражаттары есебінің, тараптар арасында есеп айырысу кезіндегі
орнының ерекше екенін айта отырып, ақша ұғымының экономикалық мәніне
тоқтала кеткеніміз жөн.
Алғашқы болып ақшаның тауарлы жаратылысын дәлелдеп, ақша теориясының
дамуына көп еңбек сіңірген К. Маркс. Ол айырбастың жай, ең қарапайым
формасынан көз шағылыстыратын - ақшалы формасына дейін ұзақ даму жолдарын
зерттей келіп, ақшаның жұмбақ сырын жоққа шығарды. Сондай – ақ К. Маркс
ақшаның қажеттілігі жөнінде егер ақша жойылса, біз қоғамдық өркендеудің я
ең жоғарғы дәрежесінде болармыз, я қоғамдық өсудің ең төменгі сатысына
(алғашқы қауымға) лақтырылып тасталармыз деп өз ойын қорытындылаған.
Ақша – тарихи дамыған экономикалық категория. Ол қоғам дамуының әрбір
сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын
экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әртүрлі үлгісіне
өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған – жоспарлы экономикада
ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау
құралы ретінде қосалқы қызмет атқарды.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әртүрлі меншік
жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің
көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды.
Ақша нарықтық экономикада ақша – несиелік реттеуде айналыстағы ақша
массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы
өнімді ынталандыру бағытында қолданылады.
Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы
құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқы дейін беймәлім болды. Бұл
сұрақтарға қоғам өмірін зерттей келіп, оқымыстылар ақшаның тауар
айналымында атқаратын маңызын жан – жақты ашып, жауап берді. Ақша – тауарлы
өндірістің өнімі.
Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды.Себебі адам
еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер
мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық
еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек
шығындары өздігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезуге бола ма?
Өнімнің құны болуы үшін белгілі – бір қоғамды жағдай болуы қажет – ол тауар
өндірісі, яки өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы
шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың
белгілі бір тауарды басқа тауарға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны
арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса
химиялық талдау жасап байқауға болмайды.Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық
қасиеті.
Құн - тарихи категория. Құнның негізгі – адам еңбегі. Құн – еңбектің
нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген идея адамзат тарихында көптен бар. Ал
оның еңбек теориасының негізін қалаушылар XYII ғасырдағы ағылшын экономисі
У.Петти XYII ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, XIX ғасырдағы ағылшын
бизнесмені Д.Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына байланысты үлесті
XIX ғ. К. Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын,
яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті және құнның сыртқы
көрінісін жасайтын абстрактылы еңбекті ашып, оны жан – жақты талдады.
Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен,
ол ажырағайсыз бірлік түрінде көрінеді.
Адамзат қоғамының даму сатыларында айырбас қатынастары да дамып, одан
әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір – біріне
айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар
– ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны, тауарлардан
бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол -
ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді.Оның құны белгісіз, ол
тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас
процесінде бірін – бірі алмастырады және біріне – бірі теңгеріледі.
Ақша дегеніміз тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық
басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың
қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанасының
бекуімен байланысты баға болады. Баға - құнның ақшалай көрінісі. Оның
құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін Сонымен, ақша ерекше тауар,
ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент рөлін
атқарады.
Ақшаның жалпы бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:
• ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығы;
• онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
• тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі
болып табылатындығын көрсетеді.
Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама – қарсы қайшылық та
тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды
шығарса, ол сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну
құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де
қанағаттандыра алмаған. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол
тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі
бірлік, әрі қарама – қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок
қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта
адамдардың, қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың
арасындағы өндірістік қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс
құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүние жүзілік ақшалар. Ақшаның ең
бірінші және басты қызметі – құн өлшеуші. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін
атқарады. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Мұндай
қызметті өзіндік құны бар тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды,
барлық жағдайда құн өлшеуші қызметін алатын ғана атқарады.
Ақша кез келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар ролін атқарады.
Осыдан кейін ақшаның жаппай өтем күші пайда болды. Ақшаның қоғамдық мәнін
К. Маркс индивид өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің
қалтасына салып жүреді деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын
көрінеді.
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлардың қоғамдық
еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауарлар
айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі
айқындалып, сандық есебі жүргізілді.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өмірдегі үлесін де ақша
арқылы анықтауға болады. Себебі адамның еңбектегі үлесін жалақы ретінде
алғанда ақша төлем құралы қызметін атқарады.
Үшіншіден, айырбас процесінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі
қайшылықтары да шешіледі, тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл
тауарлар тұтыну құндары түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да,
ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарсы құнның тұлғасы ретінде ақша қарсы
тұрады.
Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық
қатынастар шеңбердің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рол
атқарады. Бұл жерде қолма – қол ақшаның болулы міндетті емес. Оның қызметін
кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек
қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да
кеңінен дамуда.
Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар айналысын қамтумен шектеліп
қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет
көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:
а ) тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
ә ) еңбекақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы төлеу;
б ) мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
в ) банктік, мемлекеттік, тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу;
г ) сақтандыру міндеттемелерін төлеу;
д ) құқықтық – сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық №4 Ақшаның қозғалысы туралы есеп
беру стандарты бойынша ақша – бұл ұйымның кассадағы және банктегі есеп
айырысу шоттарындағы нақты ақшасы болып табылады. Ақшаның ағыны ұйымға
келіп түскен және шыққан ақшаның қозғалысын сипаттайды.
Ұйымдар Қазақстан Республикасы банкісімен бекітілген ережелер мен
нормативтік құжаттарды негізге ала отырып ақшаны сақтау, жұмсау және есепке
алуды жүзеге асырады. Осы құжаттарға сәйкес ұйым артық ақшаны банк
мекемелерінде сақтауы тиіс. өзге ұйымдардың алдындағы міндеттемелері
бойынша есеп айырысу банктер арқылы қолма – қол ақшасыз ҚР Ұлттық
банкісінің заңдылықтарына сәйкес қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың
басқадай түрлері негізінде жүргізіледі.
Есеп айырысулар жоспарлы және тұрақты болуы тиіс. Оның негізіне келесі
принциптер жатқызылады:
• ұйымдар өздерінің ақшасын банкте сақтауға міндетті;
• олардың арасындағы есеп айырысулар қолма – қол ақшасыз жүзеге
асырылады;
• қолма – қол ақшасыз есеп айырысулардың негізі болып табылатын барлық
құжаттар банк арқылы төлем жүргізу үшін қолданылады.
Есеп айырысудың мақсаты – нарықтық қатынастарды нығайтуға, жалпы ішкі
өнімнің қозғалысына ықпал ету.
Ұйымның банк мекемесі арқылы жүргізген есеп айырысуларын тауарлы және
бейтауарлы деп ажыратуға болады.
Тауарлы есеп айырысулар өткізілген өнім, көрсетілген қызмет пен
орындалған жұмыстар, сондай – ақ сатып алынған тауарлы – материалды
құндылықтар үшін төлемдерді сипаттайды.
Бейтауарлы есеп айырысулар бюджетке төленетін міндетті төлемдер мен
міндетті зейнетақы қорына төлемдерді айқындайды.
Ұйымдағы ақшаның бухгалтерлік есебнің негізгі міндеттеріне жатқызылады:
• Ақшаның қозғалысы бойынша жүргізілген барлық операцияларды толық
және мезгілінде құжаттау;
• Ақшаның шектеуге сәйкес нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын
қадағалау;
• Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету;
• Кассалық және есеп айырысу төлем тәртібінің сақталуын бақылау;
• Ақшаны түгендеуді өз уақытында жүргізу;
• Төлемдерді қолма – қол ақшасыз есеп айырысу жолымен банк арқылы
жүргізу.

көрсеткіштерін талдау
Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласының
орталығында орналасқан.
Ол алғаш рет 1992 жылдың 19 қарашасында ҚР азаматы Хожбанов Әріптің
жеке меншігіндегі қаражаттары негізінде өз қызметін бастады.
Ұйымның екінші рет 1 қазан 1996 жылы Облыстық Әділет басқармасында
№1099 куәлікпен мемлікеттік тіркеуден қайта өтті.
Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің қызметін
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына және Ұйымның жарғысына сүйене
отырып атқарады. Ұйымның жеке балансы, банкте есеп айырысу шоты, өзінің
толық атауы жазылған мөрі бар.
Қазіргі уақыттағы серіктестіктің атқаратын қызметтерін төмендегіше
көрсетуге болады:
• нан және нан өнімдерін өндіру
• қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, сауна қызметтерін көрсету
• автокөліктерге май құю бекетінің қызметі
• коммерциялық мақсатта тауарларды сатып алу – сату
Ұйым жоғарыда аталған қызметтерден бөлек өз жарғысында көрсетілген өзге
де қызмет түрлерімен де айналысуға құқылы:
• ауылшаруашылығы өнімін өндіру
• көлік қызметтерін көрсету
• заңда қарастырылған өзге де қызметтерді жүзеге асыру
Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш тіркеуден өткен
кезден бастап нан пісіру цехын іске қосты, цех бір қабатты ЗФТЛ – 2 пешімен
жабдықталған ғимаратта орналасқан. Бұл цехта стандартқа сай келетін жоғары
сортты арнайы формадағы нан, сондай – ақ тоқаш, печенье, торт және макарон
өнімдері өндіріледі.
Ұйымның негізгі шикізат көзі болып саналатын жоғары сортты ұнды
Қазақстан Республикасы ұн зауыттарынан сатып алады.
Қамқоршы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыста нан өнімдерін
өндіретін ұйымдар арасында өткізілетін тендерге қатысып, қаладағы аурухана,
бала – бақша, мектептерді н.ан өнімдерімен қамтамасыз етумен қатар,
ұйымдарға келісім шартқа сәйкес нан жеткізіп отырады.
Ұйымның ресурстық әлеуетпен толық қамтамасыз етілуі өнім өндіру және
қызмет көрсету процесіне көмегін тигізетіні сөзсіз.
Сондықтан, ең алдымен, ұйымның ресурстық әлеуетін талдауға тоқтала
кеткен жөн.
Қамқоршы ЖШС өткен жылдары 27 жұмысшы болып бірқалыпты тұрған. Бірақ
1998 жылдың соңына қарай Салтанат ресторанының ашылуы қосымша жұмыс күшін
қажет етті. Осылайша, жұмысшылар саны 34 адамды ғана құрап отыр. Еңбек
ресурстарының осы мөлшері ұйымның толыққанды жұмыс атқаруына жеткілікті.
Материалдық ресурс ұйымның өндірістік қызметі барысында ерекше орын
алады. Материалдық айналым құралдары мен негізгі құрал жабдықтар
серіктестің материалдық ресурстарын құрайды.
Ұйым бойынша негізгі құралдардың басым бөлігін пассивті құралдар,
ғимараттар мен құрылыстыр алады. Бұл оның қызметтік ерекшелігімен
түсіндіріледі. Ұйымның негізгі қорларының орташа жылдық құны 2003 жылы 2002
жылмен салыстырғанда 1403.0 мың теңгеге жоғарылады, ал 2004 жылы өткен
жылға қарағанда 81.9 мың теңгеге азайған. Бұған есепті жылы автокөліктерге
май құю бекетінің есептен шығарылуы әсер етті.
Серіктестікте жоғары білікті инженерлік – техникалық қызметкерлер,
кәсіпқой мамандар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай сапалы
бұйымдар шығаруға мүмкіндік береді.
Қамқоршы ЖШС-нің өндірістік қызметінің нәтижесі оның бөлімшелерінің
қызметімен анықталады. Ұйымның жұмысының тиімділігі жұмыс процесінің дұрыс
ұйымдастырылуына, технологиялық құрал – жабдықтардың пайдаланылу деңгейіне
байланысты. Серіктестіктің қарамағында нан және нан өнімдерін өндіру цехы,
Салтанат кешені, жөндеу шеберханасы, өндіріске техникалық қызмет көрсету
бөлімі мен өнімнің сапасын тексеру бөлімі, материалдық – жабдықтау қызметі,
есеп қисап және кадрлар бөлімі жұмыс істейді (Сызба–1 қараңыз).
Сызба-1. Серіктестіктің ұйымдық - өндірістік құрылымы.
Қамқоршы ЖШС - де негізгі бөлім - нан және нан өнімдерін өндіру
цехы. Онда әртүрлі пішіндегі нан, тоқаш, печенье және макарон өнімдері
өндіріліп, қала халқын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отырады. Цехта орта
есеппен жылына 3381 мың теңгенің өнімі өндіріледі. Серіктестікте бұдан
басқа Салтанат кешені ресторан, қонақ үй және сауна қызметтерін ұсынып,
жоғары сапалы тұрмыстық қызмет көрсетеді.
Жөндеу шеберханасында шаруашылыққа қажетті қызметтерді көрсету, атап
айтқанда темірді кесу, дәнекерлеу, құралдарды жөндеу жұмыстары орындалады.
Серіктестіктің жабдықтау - өткізу бөлімі мүліктердің сақталуына, өндіріс
барысында материалдық қорлардың жеткілікті мөлшерде болуына, дайын
бұйымдардың қордаланып қалмай, жылдам өткізілуіне және олардың сапасының
дұрыс анықталып отыруына жауап береді.
Есеп - қисап бөлімі серіктестікке бөлінген мүліктердің және олардың
құралу көздерінің есебін жүргізеді, жұмыс күшін жинау, кадрларды дайындау
және қайта даярлау бойынша жұмыстар атқарылады.
ҚамқоршыЖШС қызметін басқаруды тікелей серіктестік төрағасы жүзеге
асырады. Төраға серіктестік жарғысымен заңдылықтар талаптарына сәйкес
мүлкіне иелік жасайды, жұмысшылардың құрылымын, еңбек ақы жүйесін бекітеді,
серіктестіктің қаржылық жағдайына, оның мүлкінің сақталуына жауап береді.
Нан және нан өнімдерін өндіру цехының меңгерушісі өндіріс жұмысшыларына
(қамыр илеушілер, наубайшылар) жетекшілік етіп, өндіріс процесінің ырғақты
жүруіне жауап береді. Ол сондай – ақ дайын өнімнің сапасын тексеру, барлық
технологиялық процестің дұрыс жүруін қадағалау жұмыстарын атқарады.
Салтанат кешенінің меңгерушісі осы кешен жұмысын ақсатпай алып
жүруге, құрал – жабдықтарының жағдайына, осы сала бойынша еңбек және
қаржылық тәртіпке жауап береді.
Материалдық жабдықтау бөлімінің бастығы жанар – жағар майдың үздіксіз
болып тұруын қадағалау, уақытылы жеткізіп отыру жұмыстарын, өрт
қауіпсіздігін сақтау, күнделікті отынның қозғалысын есепке алып отыру
жұмыстарын жүзеге асырады.
Шаруашылық бөлімінің бастығы жөндеу және энергетикалық қамтамасыз ету,
құралдардың үздіксіз жұмыс істеуіне, нан пісіретін пештердің берілістік
құрылғылардың, т.б мезгілінде және сапалы жөнделуіне, күзет бөлімінің
ауланы тазарту жұмыстарына жауап береді.
Кез келген ұйым үшін бүкіл шаруашылық операцияларын анықтауға, талдауға
және жалпылама сипаттауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жиынтығы – негізгі
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізу аса маңызды. Ұйымның өндірістік
қызметінің жалпы сипаттамасын алу үшін негізгі технико – экономикалық
жағдайын бейнелейтін көрсеткіштер жүйесіне кешенді баға беру қажет, олардың
қатарына - өткізілген өнім және орындалған жұмыс көлемі, өткізілген өнімнің
(жұмыстың) өзіндік құны, өндірістік әлеуетті қамтамасыз етілу деңгейі,
пайдаланылу тиімділігі, еңбек ақы қоры, орташа айлық жалақы, табыс көлемі,
табыстылық деңгейі, тағы басқа көрсеткіштерді жатқызуға болады. (Кесте 1)
Кесте 1-дің мәліметтеріне сүйенсек, негізгі қорлардың орташа жылддық
құны 2003 жылға қарағанда 1360.3 мың теңгеге көтерілгенімен, 2005 жылы 2004
жылмен салыстырғанда 81.9 мың теңгеге азайды. Ұйым нан және нан өнімдерін
өндіру сонымен қатар тауарларды сатып алып үстеме бағаны қосып қайта
сатумен айналысады. Алғаш қызмет ете бастаған жылдары қаланы түгелге жуық
дерлік нан өнімдерімен қамтамасыз отыратын. Бірақ тапсырыс берушілердің
қарыздарын дер мерзімінде өтемеуіне байланыстыөнімді тек мекемелермен
тікелей келісім шарт негізінде өткізе бастады. Осының нәтижесінде өткізу
көлемі де, сәйкесмінше табыс мөлшері де азайып кетті. Тағы бір жайт,
Салтанат ресторанының тиімсіз қызметі де табыс мөлшеріне айтарлықтай әсер
етіп отыр, соның салдарынан, 2003 жылға қарағанда 2004 жылғы өнімді
өткізуден түскен табыс 9613. 8 мың теңгеге, ал 2005 жылы 2004 жылға
қарағанда 2409.5мың теңгеге кеміп отыр. Осыған сәйкес өткізілген өнімнің
өзіндік құны да сәйкесінше 10555 және 2867.9 мың теңгеге азайды.
Ұйымның дебиторлық қарыздары 2005 жылы өткен 2004 жылмен салыстырғанда
біршама жоғарылаған. Бұған тапсырыс берушілермен өтемеген қарыздарының 69.9
мың теңгеге көбеюі ықпал еткен. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін
көрсеткіш – ағымдағы міндеттемелер, басқаша айтқанда, кредиторлық қарыздар.
Бұл көрсеткіш екі жылға қарағанда да 2652.7 мың теңгеге және 1133.8 мың
теңгеге жоғары. Бұған жеткізушілер қарызының 1046.0 мың теңгеге, салық
қарыздарының 88.2 мың теңгеге, басқалай кредиторлық қарыздардың 20.9 мың
теңгеге көтерілуі ықпалын тигізіп отыр.
Кесте 1.
Қамқоршы ЖШС қаржы – шаруашылық қызметінің технико – экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Жылдар Ауытқу
(+,-)
2004 2005 +,- %
1 Негізгі құралдардың орташа жылдық 5244.6 5162.7 -81.9 -2.6
құны, мың теңге
2 Ағымдағы активтердің орташа жылдық 4588.5 4528 -60.5 -1.32
құны, мың теңге
3 Оның ішінде: 1840 1909.9 +69.9 +3.8
Дебиторлық қарыздар
4 Кредиторлық қарыздардың орташа жылдық6118.4 7252.2 +1133.8 18.5
құны, мың теңге
5 Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге 4200.5 4682.6 +482.1 +11.5
6 Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам30 35 +5 +16.7
7 Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден 9568.7 7159.2 -2409.5 -25.2
түскен табыс, мың теңге
8 Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет)9491.0 6623.1 -2867.9 -30.2
өзіндік құны, мың теңге
9 Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+), +54.4 +375.2 +320.8 6есе
залал(-)
10 Қор қайтарымдылығы, теңге 1.8 1.4 -3.1 -22.3
11 Қор сыйымдылығы, теңге 0.6 0.7 +0.4 +16.7
12 Өткізу рентабельділігі, % 0.57 5.7 +5.13 +10
Сонымен ұйымның қаржы – шаруашылық қызметінің қорытындылаушы көрсеткіші
- соңғы қаржылық нәтиже ұйымның 2003 жылды 2134.5 мың теңгеге залалмен,
2004 жылды 54.4 мың теңгеге, ал зерттеу жүргізіліп отырған 2005 жылды 375.2
мың теңге таза табыспен қорытындылағанын байқатады.
Қор қайтарымы өткізілген өнім көлемінің мөлшеріне қарай, 2003 жылы 4.9
теңгені құраған. Соңғы жылдары өткізу көлемінің азаюына сәйкес оның шамасы
2003 жылы 1.8 теңгені, 2004 жылы 1.4 теңгені көрсетіп отыр. Қорыта
келгенде, рентабельділік деңгейі 2005 жылы 5.7 пайызды құрап, ұйымның қаржы
– шаруашылық қызметінің тиімділігін байқатып отыр.

Есеп саясаты – бұл ұйымның есептік нұсқасын, нұсқалар рұқсат еткен есеп
объектілерін бағалаудың, сондай – ақ белгіленген нормалардың талаптарына
және ұйым қызметінің ерекшеліктеріне орай бухгалтерлік есепті жүргізу мен
ұйымдастырудың техникасының нысандарын таңдау.
Ұйымның есеп саясаты жалпылама қабылданған, белгілі бір қағидалар
жиынына негізделеді. Ол бас бухгалтермен жасалынып, ұйым басшысымен
бекітіледі.
Есеп саясатының басты міндеттері:
• Ұйымның қаржы – шаруашылық қызметін объективті көрсету;
• Ұйым қызметін тиімді басқару мақсатында ұйым қызметі туралы толық
және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
Есеп саясатын қалыптастыру кезеңдері: бухгалтерлік есептің объектілерін
анықтау; бухгалтерлік есепті жүргізу тәсілдерін таңдауға әсер ететін
факторларды табу, талдау және бағалау; есеп саясатын құрудың бастапқы
ережесін таңдау және негіздеу; нақты ұйым үшін бухгалтерлік есепті жүргізу
тәсілдерін таңдау; таңдап алынған есеп саясатын рәсімдеу.
Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынадай
принциптерін сақтау керек:
1. Есептеу – ұйымның табыстары мен шығыстары олардың келіп түсуіне
немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте
көрсетіледі.
2. Үздіксіздік – яғни объектілер үздіксіз әрекет ететін, болашақта да
жұмыс жасайтын болып саналады. Оның таратылуға немесе қызмет көлемін
едәуір қысқартуға ешқандай ниеті де, мұқтаждығы да жоқ деп
болжамданады.
3. Түсініктілік – қаржы есептемелеріндегі барлық ақпараттар
пайдаланушыларға түсінікті болуға тиіс.
4. маңыздылық. Пайдаланушылар негізделген басқару шешімдерін қабылдауды
және ұйымның шаруашылық қызметін бағалауы үшін қаржылық ақпарат
маңызды болуы керек.
5. Мәнділік. Ақпарат мәнді болуға тиіс. Егер біз қаржылық есептемеде
қандай да бір мәліметті жіберіп алсақ, не дұрыс ұсынбасақ, онда бұл
ақпаратты пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер етуі мүмкін.
6. Растық. Ақпаратта қателік немесе жалғандық жоқ болса, ол рас болып
табылады және оған пайдаланушылар сене алады.
7. Бейтараптық. Қаржылық ақпарат тәуелсіз болуға тиіс.
8. Сақтық, яғни активтер мен кірістер артық бағаланбас үшін шешім
қабылдағын кезде қауіпсіздік жағдайын сақтау, абайлау.
Бұл принциптер ұйымның есеп саясатын әзірлеуге және қабылдауға
негіздемені қамтамасыз етеді. Бұларды сақтамау ұйымның мүліктік және қаржы
жағдайы туралы көріністі бұрмалайды. Бухгалтерлік есептің стандарттары есеп
саясатын қалыптастыруға база болып саналады.
Ұйымда есеп саясатын ұйымдастыру қамтиды:
• Шоттардың жұмыс жоспары
• Құжат айналымы тәртібі және есеп ақпаратын өңдеу технологиясы
• Түгендеуді жүргізу тәртібі
• Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
Қамқоршы серіктестігінде бухгалтерлік есеп журнал - ордерді формада
жүргізіледі.Серіктестікте негізгі құралдар есебі 2007 жылы 28 ақпандағы
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы №234 заңына сәйкес
бекітілген №6 Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес
жүргізіледі. Барлық негізгі құралдар типтік формадағы бланкілерде
жүргізіледі. Негізгі құралдар кірістелген сәтінде стандартқа сәйкес
бастапқы құнымен бағаланады. Нысаналы бағыты мен орындайтын қызметіне
байланысты, сондай-ақ шоттардың типтік жоспарына сәйкес серіктестіктің
негізгі құралдары жіктеледі.
Негізгі құралдардың бастапқы құнының өзгеруі тек екі жағдайда ғана
болады :
• Қайта бағалау
• Қосымша күрделі салымдарды жүзеге асыру немесе обьектінің белгілі
бір деңгейде жойылуы.
Негізгі құралдарды есептен шығару серіктестік төрағасымен бекітілген
Негізгі құралдарды есептен шығару тәртібі туралы нұсқауға сәйкес
жүргізіледі .
Негізгі құралдарды түгендеу Қамқоршы серіктестігі төрағасының
өкімімен жылына бір рет өткізіледі.
Ұйымда негізгі құралдардың амортизациясы бірқалыпты (түзу сызықт)
әдіспен жүргізіледі. Салықтық есеп үшін серіктестік активтердің (негізгі
құралдар және матераиалдық емес актив) амортизациясын есептейді.
Серіктестікте құралдарды күрделі жөндеуге арналған жөндеу қоры
құрылмаған.Күрделі жөндеу бойынша нақты шығыстар олар пайла болған сәтте
шығындардың сәйкесінше шоттарына апарылады.
Күрделі салымдар, қайта конструкциялау мен модернизациялау
серіктестікте негізгі құралдардың есептелген амортизациясына, таза табыс
немесе ұзақ мерзімді несиелер есебінен жүзеге асырылады.
Материалдық емес активтер бастапқы құны бойынша бағаланады:
• Сатып алу бағасы;
• Бағдарламалық өнімді орнату және реттеу бойынша шығындар.
Материалдық емес активтер бойынша тозу ай сайын бекітілген нормаға сай
есептеледі. Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет мерзімі олардың
түрлеріне байланысты (лицензия, патент, пайдалану құқығы), арадағы мәміледе
қарастырылған жағдайлармен анықталады.
Тауарлы- материалдық қорлар есебі № 7 Тауарлы- материалдық қорлар
есебі бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Олардың есебі
қоймал карточкаларында және типтік құжаттарда жүргізіледі.Тауарлы-
материалдық қорлардың өзіндік құны оларды сатып алу, транспорттық
–дайындау шығындарынан құралады. ТМҚ орташа құн әдісімен бағаланады. ФИФО
және арнайы ұқсастыру әдістері қолданылмайды. Сатып алынған тез тозатын
заттар, инструменттер, төсек жабдықтары, арнайы киімдер, қорғану заттары
эксплуатацияға берілгенге дейін 206 Басқадай материал шотының 04
Қоймадағы көп ретті пайдаланылатын заттар аралық шотында есепке алынады.
Ал пайдалану мерзімі бір жылдан жоғары заттар негізгі құралдар ретінде
12501 Инструменттер, өндірістік және шаруашылақ инвентарлары шотында
есепке алынады.
Серіктестікте өндіріс шығындарын есепке алу үшін 90 Негізгі өндіріс
92 Көмекші өндіріс, 93 Үстеме шығындар шоттары ашылған.
Серіктестікте қызметтерді өткізу барысында есептеу әдісі қолданылады.
ТМҚ өткізу кезінде тапсырыс берушіге шот-фактура ұсынып, оның құнына
қоймалық сақтау шығыны 8.5 пайыз, ҚҚС-15 пайыз көлемінде қосылады.
Бухгалтерлік есептің №12 стандартына және оның әдістемелік нұсқауларына
сәйкес құрылыс қызметі бойынша есептің басты міндеті әрбір есеп кезеңі
бойынша табыстар мен шығындарды дұрыс анықтау.
Қамқоршы серіктестігінің банктерде есеп айырысу шоттары бар. Ақшаның
есебін жүргізген кезде қолданыстағы заңдылықтар мен нормативтік актілерді
жетекшілікке алады. Серіктестікте кассадағы ақшаны жоспардан тыс тексеру
айына бір рет жүргізіледі .Оны құрамында бас бухгалтер, бухгалтер, ішкі
аудит бөлімінің өкілі бар комиссия өткізеді.
Бухгалтерлік есептің барлық бөлімдері бойынша жүргізілетін алғашқы
құжаттар, регисторлар 5 жыл, жұмысшылар мен қызметкерлердің жеке шоттары 75
жыл сақталынады.
Есепті кезең болып 1 қаңтар 31 жеттоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл
табылады.
2 Ақша қаражаттарының есебі
2.1 Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша есебі
Ұйымдар өздерінің ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемелерінен
арнаулы шот ашуларына болады. Бұл шотта ашылған аккредитивтердегі ақшалар,
чек кітапшаларындағы ақшалар, банктердегі арнаулы шоттардағы ақшалар және
басқадай құжаттардағы (вексельден басқа) ақшалар есептеледі.
Ұйым 421 Аккредитивтердегі ақшалай қаржылар шотында жабдықтаушылар
мен басқа да ұйымдардың аттарына ашылған аккредитивтегі ақша қаражаттарын
есептейді. Негізінен есеп айырысудың бұл түрі басқа қаладағы
жабдықтаушылармен қолма – қол ақшасыз есеп айырысу үшін қолданылады. Есеп
айырысудың бұл түрі басқа қолма – қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып
келеді. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы өзіне қызмет көрсететін
банк мекемесі арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет
көрсететін банктен аккредитив ашады. Есеп айырысудың бұл түрі 1931 жылдан
бері қолданылып келеді. Аккредитивтегі аұшалар бойынша есеп айырысу
жабдықтаушыларға төлемнің дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы ұйымды
жабдықтайтын ұйымға қызмет көрсететін банкке тауарларының жіберілгендігін
немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем
төлеу жайлы тапсырмасы.
Аккредитив тек қана бір жабдықтаушымен есеа айырысуға арналады. Ал
аккредитивтің мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келісім
шартқа сәйкес бекітіледі. Бұл шартта мыналар көрсетілуі тиіс:
1. Төлеушінің тапсырмасы бойынша аккредитивті ашқан банктің аталуы.
2. Аккредитивтің түрі және оның орындалуы мен пайдаланылуының әдісі мен
тәсілі.
3. Аккредитив бойынша қаржы алу үшін жабдықтаушының өзіне қызмет ететін
банкке тапсыруға тиісті құжаттардың толық тізімі және нақты
сипаттары.
4. Тауарларды, материалдарды тиеп жөнелткеннен немесе жұмыстарды,
қызметтерді орындағаннан кейін құжаттардың банк мекемесіне тапсырылу
мерзімі мен олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға
аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы жайлы хабарлау.
5. Басқада керекті құжаттар мен шарттар.
Аккредитивтердің өтелінген және өтелінбеген деп аталатын түрлері
ашылуы мүмкін. Аккредитив соынмен қатар кері шақырылатын және кері
шақырылмайтын болып екі түрге бөлінеді.
Тапсырыс берушінің өзінің шотындағы ақша қаражаты есебінен немесе оған
қызмет көрсететін банкінің берген несиесінің есебінен жабдықтаушы ұйымға
қызмет көрсететін банкке келісім шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы
өтелінген аккредитив болып саналады.
Ал сатып алушы ұйым мен жабдықтаушыға қызмет көрсететін банк арасындағы
аккредитивте көрсетілген қаржы сомаларын аударуға тек қана келісім шарт
жасалынып, яғни ақша әзірге аударылмаған болса, онда бұл өтелінбеген
аккредитив қатарына жатқызылады.
Аккредитивтен қаржы алу үшін жабдықтаущы ұйым тауарларды жөнелтіп
жібергеннен кейін аккредитивтің шартында қаралған құжаттарды банкке табыс
етеді. Бұл құжаттар аккредитивте қаралған шарттардың барлығын
қанағаттандыратын болуы шарт. Егер шарттың біреуі орындалмаған жағдайда
аккредитивтен қаржы төленбейді.
Аккредитив жабылған уақытта пайдаланылмаған сома сатып алушының
банкісіндегі тиісті шотына аударылады. Ашылған аккредитив сомасы 421 шотқа,
егер есеп айырысу шотынан аударылса, 441 шоттың; банктердің несиелері
есебінен аударылса, 601 шоттың кредитіне жазылады. Ал жабдықтаушыға
аккредитивтен аударылған сома 671 жеткізушілермен есеп айырысу шотының
дебетіне 421 шоттың кредитіне жазылады.
422 Чек кітапшаларындағы ақшалай қаражаттар шотында чек
кітапшаларындағы ақшалармен есеп айырысу операцияларының есебі жүргізіледі.
Чек кітапшаларындағы ақша жабдықтаушылардан алынған тауарлы – материалдық
құндылықтардың құнын төлеуге немесе көрсеткен қызметтер ұшін есеп айырысуға
арналған. Ұйым чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш береді, осы өтінішпен
қатар чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем
талабы тапсырмасын ұсынуы тиіс. Чек кітапшасын алғанда депоненттелген
сомаға мынадай жазу беріледі: Дебет 422 Чек кітапшасындағы ақша шоты,
Кредит 441,431,432, 601,602.
Банк чек кітапшасының тиісті жеріне чек кітапшасы берілген ұйымның
немесе жеке адамға берілсе, оның аты – жөнін жазады. Чек кітапшасындаға
ондағы жұмсалмаған соманың мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір
немесе бірнеше жабдықтаушы мен есеп айырысуға болады.
Ұйымдарда нақты ақшалар мен қатар пошта маркалары, демалыс және емдеу,
сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар үкіметтің
жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын
қадағалауды талап ететін басқа да қаржылар сақталынады. Олар 423
Банктердегі арнаулы шоттағы ақшалар шотында есепке алынады. Соынмен қатар
бұл шотта ұйымға бюджеттен бөлінген белгілі бір мақсатқа жұмсалуы тиіс
қаржылар, ұйымның демалыс – ағарту, демалыс лагерлеріне бөлген қаржылары
есептеледі.
2.2 Есеп айырысу шотындағы ақша есебі.
Банк мекемелері ұйымдардың ақшаларын олардың шоттарында сақтап, түскен
сомаларды есеп шоттарға қабылдайды, олардың ақшаларын шоттардан аудару және
беру, сондай – ақ банктің тәртібі мен келісім шартында қарастырылған басқа
да операцияларды жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындайды.
Ұйымның есп шотындағы ақшасы шот иесінің тапсырмасы бойынша ғана
аударылады. Есеп шоттағы ақшаны ұйымның рұқсатынсыз аудару қолданыстағы
заңдылықтарда қарастырылған жағдайларға сәйкес соттың, мемлекеттік салық
комитетінің қызметінің шешімдерімен ғана жүргізіледі.
Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем
тапсырмасын пайдаланады.
Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп
айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.
Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін
бірден төленеді.
Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын
тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.
Есеп айырысу нысаны төлеушімен алушынаң арасындағы өзара келісім шарт
арқылы анықталады. Ал аванстық төлемдермен есеп айырысу мәміледе
қарастырылған мерзімде және мөлшерде ақша қаражаттарын кезеңдік аудару
жолымен жүзеге асырылады.
Жекелеген азаматтардың тиісті ақшаларын төлеуді (зейнетақы, алимент,
жолсапар шығындары, қаламақы) ұйым байланыс мекемелері арқылы орындай
алады.
Салық төлеушілерлің төлем тапсырмасы негізінде бюджетке төлемдерді
аудару банкке ұсынылған күні алдыңғы кезекте жасалынуы тиіс. Аталған
тапсырманы кешіктіріп орындауға банктің құқығы жоқ. Сондай – ақ есеп
айырысу тәртібін бұзған ұйымдар мен банктерге Қазақстан Республикасында
қолма – қол ақшасыз есеп айырысуларды жүргізу тәртібін бұзғаны үшін айып
пұл салу туралы нұсқауда қарастырылған шаралар қолданылады.
Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылармен тапсырыс берушілерден
кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, ұйымның есеп айырысу шотына
енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Ұйымның есеп айырысу шотынан төлемдерді беру кезегін ұйымның жетекшісі
белгілейді.
Ұйымның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша
қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы
жөніндегі есеп берулерде ұсынады.
Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар
мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен
қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды
төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.
Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сиапттайды.
Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар,
ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта
акцияларды шығару жатқызылады.
Ақшаның қозғалысы туралы есеп беруді жасаудың екі әдісі – тікелей жіне
жанама ажыратылады. Ұйымда осы есеп беруді тікелей әдіспен дайындайды.
Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес
ақшасын банк мекемесіндегі есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк
мекемелері есеп айырысу шотында сақтауы тиіс. Банк мекемелері арқылы
кәсіпорындар арасындағы есеп айырысу қолма-қол ақщасыз есеп айырысу
операцияларын жүргізу кезінде банктер кәсіпорындар арасында төлемдік және
келісім- шарттық тәртіптердің сақталуын бақылайды. Банктердегі есеп айырысу
шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:
• Бекітілген нысандағы өтініш;
• Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;
• Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және
нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;
• Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама
қағазы;
• Ұйым жарғысының көшірмесі.
Бірінші қолды қою құқығы ұйым жетекшісіне, ал екіншісі бас бухгалтерге
беріледі.
Есеп айырысу шотына нөмір беріліп. Ұйымға хабарландырылады және
операциялар рәсімделетін барлық құжаттарға сол нөмір қойылады.
Банк пен шот иесі арасындағы қатынас ҚР Ұлттық банкісінің және
нормативті актісімен реттеледі.
Банктегі есеп айырысу шотын ашу кезінде жоғарыдағы құжаттарды негізгі
ала отырып, банк пен шот иесі келісім шартқа отырады. Келісім шарт бойынша
банк шот иесінің пайдасына түсеиін ақшаны қабылдауға, оның ақшаны аудару
(беру) туралы тапсырмасын орындауға міндетті.
Қамқоршы ЖШС өзінің бос ақша құжаттарын сақтау, есеп айырысу және
кредиттік операциялардың барлық түрлерін қамтамасыз ету үшін
ТуранӘлемБанкінің филиалында №002467219 есеп айырысу шотын ашқан.
Банк есеп айырысу шотынан ұйымның нақты ақшасыз тәртіпте жүргізілетін
міндеттемелерін, шығындары және тапсырмаларын төлейді. Сонымен қатар еңбек
ақы төлеуге және ағымдағы қажеттіліктер үшін қаражаттар береді. Ұйымның
есеп айырысу шоты бойынша операциялар қолданыстағы заңдылықтармен реттеледі
және шоттағы бос ақша қаражаттарының қалдығы шегінде одан ақша аудару
немесе есеп айырысу шотынан ақшаны алу ұйым төрағасының жазбаша бұйрығының
негізінде (ақша чектері, қолма – қол ақшалық салымдарға хабарлама, төлем
тапсырмасы) жүргізіледі. Шот иесінің келісімімен (акцепт) жеткізушілермен
және мердігерлердің төлемдік талап – тапсырмасы бойынша ақша қаражаттарын
аудару жүзеге асады. Ал шот иесінің келісімінсіз банк оның есеп шотынан
бюджетке, міндетті зейнетақы қорына төлемдер бойынша айыппұлдар мен қалдық
сомаларды сот, арбитраж, салық және қаржылық органдарының өкімімен есептен
шығаруға құқылы.
Қамқоршы ЖШС шотынан барлық төлемдер, бюджетпен еңбек ақы бойынша
төлемдерді қоса, банкке келіп түскен есеп құжаттарының күнтізбелік кезегі
(төлем жасау мерзімінің жетуі) бойынша тәртіппен жүзеге асырылады.
Есеп айырысу бойынша операциялар банкпен дер мерзімде дұрыс толтырылған
төлем құжаттарының – төлем тапсырмасы, чек, шотқа қолма қол ақша салуға
хабарландырулар негізінде жүргізіледі. Есеп айырысу құжаттарының мазмұнына
қойылатын талаптарды ҚР Ұлттық банкі анықтайды.
Ұйымда егер есеп айырысу бойынша қателіктер туындағын болса, шоттан
ақшаны шығарудың дұрыстығына қойылатын талаптар бойынша шағымдар қызмет
көрсететін банкке жіберіледі.
Қамқоршы ЖШС – де белгіленген сомада қолма – қол ақшамен жалақыға, іс
сапар, шаруашылық операциялары және басқадай шығындарды беру жөніндегі
бұйрығы болып табылатын ақшалай чек толтырылады. Чекте ұйымның атауы, есеп
айырысу шотының нөмірі, сомасы, алушының төлқұжаттық мәліметтері, төраға
мен бас бухгалтердің қолдары, ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс. Алынған ақшаның
жұмсалатын мақсаты чектің сыртқы жағында көрсетіліп, бір данада сиямен
жазылады. Онда түзетулер жасауға тиым салынады. Чектер берілген күнін
есептемегенде он күнге дейінгі мерзімге жазылады.
Ұйым қолма – қол ақшамен банктегі шотына салынатын өткізуден түскен
түсім, депонирленген жалақы және басқа да сомаларды өзінің шотына қабылдау
үшін шотқа қолма – қол ақша салуға хабарламаны толтырады. Онда есеп айырысу
шотының нөмірі, жарнаның сомасы мен мерзімі қойылады. Хабарлама сиямен бір
дана етіп жазылады. Ақшаны тапсырғаннан кейін кассирге банк қабылдаған
ақшаны растайтын түбіртек беріледі, ол кассалық шығыс ордеріне қоса
тіркеледі.
Ұйымның төлем тапсырмасы негізінде банк төлеушінің есеп айырысу шотынан
ақша қаражаттарын алып, яғни есептен шығарып, алушының есеп айырысу шотына
аударады. Бұл төлеушінің банкке бұйрығымен жүзеге асады. Төлем тапсырмасын
ұйым тауарлы – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен
көо\рсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар кезіндегі сондай – ақ тауарлар
мен қызметтерге алдын ала төлем жасау, аванспен төлеу кезінде
пайдаланылады. Төлем тапсырмасы ұйымның есеп шотында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz