Ұжым- тәрбие құралы



І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ТАРАУ. 8
1.1 Ұжым. тәрбие құралы 8
1.2 Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері. 17
1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы. 25

ІІ ТАРАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
2.1 Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығы. 50
2.2. Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролі 67
2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары. 76
2.4.Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір жолдары мен әдістері 90

ҚОРЫТЫНДЫ 96

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 98
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты: "Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге және ұғынуға тиіспіз".
Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға , білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тэрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
4. Макаренко А.С. Үстаздық дастан .- А., 1985.
5. Макаренко А.С. Ата-аналар кітабы. -А., 1985.
6. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
7. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
8. Сманов I,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
9. Сухомлинский В. «Коллективтің кұдіретті күші» Алматы, 1979 ж.
Ю.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
П.«Сынып жетекшісі» Алматы, 2003 ж.
12.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал, Шымкент, 2004 ж.
13.«Сынып жетекшісі», Алматы, 2003
Н.Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы», 1999 ж.
15. Бержанов Қ., С. Мусин «Педагогика тарихы», Алматы, 1984 ж.
16.«Мектеп» журналы, Шымкент, 2005 ж.
17.«Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.
18. Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№
19.«Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.
2О.«Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.
21.Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.
22. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.
23.Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы заңы" 1999ж. 24.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы
1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
І.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ТАРАУ. 8
1.1 Ұжым- тәрбие құралы 8
1.2 Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері. 17
1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы. 25

ІІ
ТАРАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.1 Ұжымның даму кезеңдері мен олардың сабақтастығы. 50
2.2. Ұжымға педагогикалық тұрғыдан жетекшілк етудегі мұғалімнің ролі
67
2.3. Ұжымды қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапалары. 76
2.4.Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір жолдары мен әдістері 90

ҚОРЫТЫНДЫ 96

Пайдаланған әдебиеттер: 98

Кіріспе

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында болашақ, келесі
ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, қашық болашаққа өтетін құндылықтар туралы айтты:
"Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде
көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті. Біз ненің іргесін
тұрғызғымыз келетінін, таңдап алған мақсатымызға алып келетін өз
дамуымыздың траекториясы, даңғылы қандай болуға тиіс екенін анық білуге
және ұғынуға тиіспіз".

Білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуальдық, мәдени
дамуыныі жоғары деңгейін және кәсіби біліктігін қамтамасыз етуге
бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру жүйесінің
басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен
практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту
үшін қажетті жағдайлар жасау. Мемлекет білім беру жүйесін басым дамытуға ,
білім беру мекемелерін дүнмежүзілік деңгейге бағдарланған нормативтер
бойынша қаржыландыру және материальдық техникалық жағынан жабдықтау жолымен
білімділік мәртебесін арттыруға кепілдік береді.
1999 жылы 7 маусымда ҚР “Білім туралы” заңы қабылданды. Заң білім беру
саласындағы мемлекеттік саясаттың төмендегідей негізгі қағидаларын орнатты.

1. Қазақстан Республикасының азаматтары – білім алуға тең құқылы.
2. Әрбір азамат үшін интелектуальдық дамуы мен психо-физиологиялық және
жеке бастарының қажеттілігіне сәйкес, білімнің барлық саласының қол
жетерлік болуы.
3. Білімнің зайырлылығы.
4. Жеке тұлғаның білімінің және дарынының дамуына жағдай жасау.
5. Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі, білім алу жүйесінің үздіксіздігі.
6. Білім беру ұйымдарының меншік түріне, оқыту мен тәрбиелеу түріне,
бағыттарына байланысты әртүрлі болуы.
7. Білім беру ұйымдарының өкілеттігі және оны басқарудың демократиялық
бағытта болуы.
8. Білім беру ізгілікті, әрі дамыту бағытын ұстану керек.
9. Білімнің ғылыммен, өндіріспен байланысы.
10. Оқушыларды кәсіптік бағытқа бейімдеу.
11. Білім беру саласының ақпараттандырылуы.
ҚР Білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1. Меншік нысандарына үлгілерімен түрлеріне қарамастан білім беру
ұйымдарының;
2. Білім берудің түрлі деңгейлеріне арналған сабақтас білім беру
бағдарламалары мен білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті
стандарттарының;
3. Білім беру бағдарламаларының іске асырылуы мен білім беру жүйесінің
дамытылуын қамтамасыз ететін білім беруді басқару органдарымен
осыларға қарасты ұйымдардың жиынтығы болып табылады.
Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру жүйесінің басым міндеттері мыналар болып табылады:
- Білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
- Жеке адамның шығармашылық , рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру;
- Азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны- Қазақстан Республикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, озық дәстүрлерін
қастерлеуге, Конститутцияға қайшы қоғамға қарсы келген кез- келген
көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
- Республиканың қоғамдық саяси- экономикалық және мәдени өміріне қатысу
қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру;
- Әлемдік және Отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы
мен Республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен
дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді орыс, шет ел тілдерін меңгеру;
- Білім беру ұйымдарының еркіндігі, дербестігін кеңейту, білім беру ісін
басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру;
- Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру,
халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу ;
- Еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар
даярлау және біліктілігін арттыру;
- Жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты
қайта оқыту және қайта даярлау;
- Алуан түрлі және көп қызметті білім беру ұйымдарының тиімді дамыуына
жәрдемдесу.
Білім беру жүйесі дегеніміз- білім беру қызметін көрсететін білім беру
мекемелерінің желісі, ол мыналарды қамтиды:
- үйелмендік тәрбие;
- мектеп жасына дейінгі тәрбие;
- жалпы орта білім беру;
- мектептен тыс тәрбие беру, мектепте оқыту;
- кәсіптік-техникалық білім беру;
- орта-арнаулы білім беру;
- жоғары білім беру;
- жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, докторантура және т.б)
беру;
- кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
- қосымша білім беру;
Үйелмен қалыптасып келе жатқан жеке адмның үйлесімді дамуы, оның қоғамға
сай болуы, ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналардан нәр алу үшін жауапты
болады. Балалардың үйелменді тәрбиеленуі олардың білім беру мекемелерінде
тәрбиеленуімен етене ұштасып жатады. Үйелменде тәрбие мен білім беруге
Республика заңдарына сәйкес ата-аналар жауапты болады. Білім беру органдары
мен мекемелері бұхаралық хабарлама құралдарының көмегімен дербес, сондай-ақ
ғылым және мәдениет мекемелерімен, қоғамдық бірлестіктерімен біріге отырып
балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде үйелменге көмек көрсетеді. Еңбек
ұжымдары үйелменді нығайтуға, балалар тәрбиесін жақсартуға көмектесетін
жағдайлар жасауға қатысады, ата-аналар мен оларды алмастыратын адамдарға
көмектеседі.
12. бап. Мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналардың қалауы бойынша мектеп
жасына дейінгі балалар мекемелерінде тәрбиеленеді. Жетім балалар, ата-
аналарының қорғанынсыз қалған балалар арнаулы мекемелерде тәрбиеленеді .
Мемлекет бюджеттен жалпы үлгідегі мектеп жасына дейінгі мекемелерде бір
баланы ұстауға жұмсалатын шығын мөлшерінде ата-аналарға өтем төлемдерін
бере отырып, мектеп жасына дейінгі балаларды үйелменде тәрбиелеуге
көмектеседі. Білім беру және денсаулық сақтау мекемелері методикалық,
диогностикалық және консультациялық көмек көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі мекемелерді ұйымдастыру мен олардың қызмет ету
тәртібі мектеп жасына дейінгі тәрбие беру мен оқыту туралы ҚР Заңымен
белгіленеді.
Жалпы орта білім үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі буын болып
табылады және ондай білім алу жалпы білім беру мектебінде мынандай үш
сатыда жүзеге асырылады: бастауын саты, негізгі саты және жоғарғы саты.
Аталған сатыларының әрқайсысы дербес жұмыс істей алады. Екінші және үшінші
сатыдағы жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдері үшін нормативтік
оқыту уақыты- аптасына 14 сағат, 1 сатыдағы жалпы білім беретін орта
мектептің мұғалімдері үшін 16 сағат болады. Жалпы білім беретін
мектептердің қызметі, жалпы орта білім беру туралы ҚР Заңымен реттеледі.
Диплом жұмысының мақсаты - Балалар ұжымын қалыптастыруға қажетті
мұғалімнің кәсіби маңызды сапаларын ( қасиеттері) анықтау.

Зерттеу жұмысының обьектісі - мектеп оқушыларының ұжымын қалыптастыруға
қажетті мұғалімдердің кәсіби сапаларының жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні - оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері,
мұғалімнің кәсіби сапалық қасиеттері.
Міндеттері:
1. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық, педагогикалық
негіздерін оқып-үйрену.
2. Оқушылар ұжымын қалыптастыруға қажетті мұғалімнің кәсіби сапаларын
анықтау.
3. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың кейбір әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы - зерттеу барысында жасалған
теориялық талдаулар мен эксперимент жүзінде анықталған жұмыс нәтижелерін
нақты педагогикалық іс-тәжірибеде қолдануға болады.
Зерттеу жумысының базасы — Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шаян
көп салалы лицей
орта мектебі
Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қорытынды
және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

І ТАРАУ.

1.1 Ұжым- тәрбие құралы

Класс ұжымы - бастауыш ұжымның бір түрі. Мектептегі бастауыш ұжымның
негізгі түрі - класс, оқушылар ұйымы, оқушылардың өндірістік бригадалары,
әртүрлі спорт және көркемөнерпаздар ұйымы.
Бастауыш ұжымның ерекшелігі - ондағы барлық мүшелердің жеке байланысы,
олардың арасындағы күнделікті істер және жолдастық өзара қарым-қатынас.
8 Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу-тәрбие процесін
шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалімнің, тәрбиешінің, мектеп директорының,
кластан тыс және мектептен тыс жұмысты ұйымдасты-рушылардың мектеп
коллективінің тәрбиесі жөніндегі негізгі принциптерді практикалық қызметте
басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы керек.
Көп жылғы практика мектеп коллективінің тәрбиесі негізіне мыналар
жататындығына көз жеткізеді:
Коммунистік идеялық. Сан қырлы қарым-қатынастарда, еңбекте, ой-пікірде
мектеп коллективі коммунистік мұраттарды бейнелеуге, совет халқымен бірге
тыныстауға тиіс. Коммунистік идеялық бірлік болғанда ғана, іс-әрекет, ой-
пікір, сана-сөзім орынды үйлескенде ғана коллективтің қозғаушы күшіне
айналады. Осы бірлік — коллективтің және әрбір адамның табанды идеялық
сенімдерін қалыптастырудың түп негізі және ең маңызды ұйтқысы.
Мектеп коллективгніц идеялың және ұйымдық негіздерінің бірлігі. Бұл мектеп
коллективі жұмысының мазмұны мен формаларын айқындаудағы комсомол және
пионер ұйымдарының бірлескен қызметі, партия ұйымының, коммунистердің
басшылық ролі. Мектеп коллективін тәрбиелеу, шын мәнінде, мынадан тұрады:
мектепте идеялық жағынан табанды, рухани бай, өмір тәжірибесі арқылы
көреген болған адамдар — аға ұрпақтың өкілдері, сенімі жағынан коммунистер-
жас ұрпаңты өмір сүруге үйретеді. Өмір сүруге үйрету - бұл өте күрделі
және өте нәзік ғылым. Оның әліппелік ақиқаты: әрбір тәрбиеленуші күні ертең
ғана емес, сонымен бірге бір жылдан кейін, бес жылдан кейін не істейтін
болады; адам мен адамның араласуының негізінде не жатқанын, адамның
коллективте қандай рухани байлық алатынын және коллективке қандай рухани
байлың әкелетінін білу.
Коммунист-педагогтың басшылық ролі. Коллектив, өз ішінде аға жолдастардың
бағыттаушы, басшылық етуші — коммунистік ізгі мұраттармен рухтанған кө-
регендігі болғандықтан ғана тәрбиелеуші күш ретінде өмір сүреді. Егер
коллектив мектеп басшысы — директордың моральдық байлығымен,
интеллектуалдық көп қырлы қасиетімен, тұрмыстың көрегендігімен, комму-
нистік сеніммен рухтанған жағдайда ғана, міне осындай жағдайда ғана ол
тәрбиелеуші күшке айналады. Директор мектепте бір-екі-ақ жыл істеген жерде
коллективті тәрбиелеуші күш ретінде әңгіме етуге де болмайды. Педагогика
мәдениетінің, бүкіл оқу және тәрбие жұмысының дәрежесі төмен болған жерде
де коллективтің болуы мүмкін емес. Коллективке басшылық ету үшін және оның
жұмысына дұрыс бағыт беру үшін мектеп басшысы және барлық тәрбиешілер әрбір
баланың психикалық, рухани, интеллектуалдык, ерекшелік-терін жақсы білуге
міндетті.
Оқушылар мен педагогтардың арасындағы, оқушылардың өз арасыпдағы,
педагогтардың өз арасындағы қарым-қатынастардың байлығы. Тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің араласып жатқан мүдделерінің сан алуандығы, бірлігі,
рухани қажеттіліктердің ортақ қанағаттандырылуы, рухани байлықтарды өзара
байыту және үнемі алмасу — мектеп коллективінің міндетті белгілері міне
осылар. Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте
ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін оқу ауыр
азапқа айналады. Оқу — сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлегі
болған жерде — оқу бала үшін жақсы да тартымды болады. Коллектив ішінде
идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар
болған жағдайда, коллектив бай, толық мәнді рухани өмір сүреді. Қайталап
айтамын: қарым-қатынастар. Мектеп өзінің қызғылықты, мазмұнды өмірімен
оқушыларды магнитше тартуға тиісті. Тек осындай жағдайда оқу магнитше тарта
алады.
Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің рухани өмірінің айқын білінген азаматтың
өрісі. Мұғалім мен оқушылар тек класта ғана кездесіп қоймауы тиіс: оқушы —
партада (ол білім алады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, баға алады),
педагог — мұғалім стол басында (ол білім береді, оқушыға сұрақ қояды, баға
қояды). Егер қарым-қатынастардың өрісі осы ғана болатын болса, онда мектеп
коллективі тәрбиелеуші күш бола алмайды. Мұғалім мен оқушы екі азамат
ретінде де бір-біріне әсер етуі тиіс, міне сонда ғана олар тәрбиеші және
тәрбиеленуші бола алады. Мектеп өмірі мынадай болуға тиіс, онда адам үшін
адамның жауапкершілік, адамның қоғам алдындағы жауапкершілік жүйесі әрдайым
болуға тиіс. Адам - коллектив - қоғам - өзара қарым-қатынастардың жүйесі
міне осы, осының арқасында коллектив қоғамның белсенді қайраткерін,
азаматтың, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел мүддесімен, ел
тілегімен өмір сүретін азаматты тәрбиелейтін күшке айналады. Дұрыс
ұйымдастырылған азаматтық қарым-қатынастар жақсы коллективке тән белгі, бұл
бар жерде жеке адам, өзін қоғаммен бетпе-бет тұрғандай сөзінеді, қоғамдық
мүдделердің, проблемалардың нақты, айқын көрінісін көреді, сөйтіп сол
мүдделерді жүзеге асыру үшін күрес жолын саналы түрде таңдап алады. Нақ
осындай күрес қоғамдық қызметтің өзі болып табылады, бұл қызмет тәрбиеші
мен тәрбиеленушінің арасындағы жоғарғы, ерекше өзара қарым-қатынастарды —
идеялың бірыңғай ой-пікір қатынасын, одақтастар мен туысқандардың ортақ
күрестегі қатынасын тудырады.
Өзіндік ынта, творчество, инициатива коллектив мүшелері арасындағы әр түрлі
қарым-қатынаетар көрінісінің ерекше қырлары іспетті. Былайша түсіндірейік:
өзіндік ынта — стихия емес. Мақсатқа бағытталған, идеялық педагогикалық,
ата-аналар басшылығы болмайынша, коллективте нағыз өзіндік ынта болуы
мүмкін емес. Өзіндік ынтаның мәні басқа адамға ықпал ету үшін өзіне
идеялық, рухани, моральдың интеллектуалдық байлық жинақтауда. Коллективтің
әрбір мүшесі тәрбие процесіне белсенді қатысқанда ғана нағыз өзіндік ынта,
творчество, инициатива мүмкін болады.
Рухани байлықтарды, әсіресе идеялық және интеллектуалдық байлықтарды үнемі
көбейте беру керек. Бұл, біздің пікірімізше, жалпы оқу мен тәрбие ұштасқан
тәрбие жұмысы саласының ең нәзік проблемаларының бірі.
Ойдың, сенімнің байлығы, затында, оқу көзінде алған білім мөлшеріне
байланысты болады. Ал егер бұл байлық оқушының сабақ пен оқулықтан алған
білімімен ғана шектелсе, оның рухани дүниесі мол болмайды. Ол ең алдымен
коллектив пен жеке адамның қоғамдық белсенді қызметіне араласқанда ғана
идеялық жағынан байиды. Идеялық өресі білім өресінен олқы түспеуге тиіс,
қайта, керісінше, әрдайым одан асып түсуі тиіс.
Басқаша айтқанда, интеллектуалдық байлықтарды үздіксіз молайта беру мектеп
коллективін баулудың маңызды шарты болып табылады. Түлектердің ой-арма-ны,
оларды толғантатын мүдделер, білімге деген құштарлықтың бекіп, жетілуі,
коллектив өмірінде интеллектуалдық байланысқа негізделген қарым-қаты-
настардың алатын орны — мектеп өмірінің рухы, коллективтің тәрбиелік күші
міне осыған байланысты. Өйткені, мектеп өмірінің бүкіл мәні — бұл өздігінен
ойлау, ойлану қабілетін баулу. Үнемі терең интеллектуалдық, рухани өмір
сүру, сенім күшіне берік болу, өзін-өзі білімді құрметтеу рухында баулу —
міне осының бәрі адамнан үлкен күш-жігерді талап етеді. Бұл күш-жігердің
қайнар көзі коллективтің интеллектуалдық өмірі екендігіне, оқушылар мен
оқушылардың арасындағы, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қарым-
қатынастарда, сабақтардың, оқулықтардың шеңберінен шығатын қарым-
қатынастарда ақыл-ой байлығын үздіксіз молайта беру екендігіне тәжірибе көз
жеткізеді.
Асқақ, ізгі мүдделердің, қажеттіліктің, тілек-ниеттің үйлесімі.
Коллективтің тәрбиелік күші көп ретте мектеп оқушыларының қандай мүдделері
мен талап-талғамының қалыптасуына және осылар мектеп оқушыларының тілек-
ниеттерімен, әсіресе жас өспірімдер мен жоғары кластағы жеткіншектердің
тілек-ниеттерімен қалай үйлесетініне байланысты. Кластарда, үйірмелерде,
пионер отрядтары мен комсомол ұйымдарында оқушылардың ынтасы мен қажетін
баулуға бағытталған, жеке адамның жан-жақты жетілуіне қажетті қажырлы жұмыс
жүргізу керек, тілектің қанағаттандырылуы бұл адамды да, қоғамды да бақытты
етеді.
Жалпы мектеп коллективі — бұл ондаған бастауыш коллективтер, олар мейлінше
әр түрлі қарым-қатынастар арқылы, рухани өмірдің, тұтынудың, мүдденің
мейлінше бай сарындары арқылы құрылады.
Тәжірибе жалпы мектеп коллективінің рухани байлығы едәуір дәрежеде кластар
коллективтерінің арасындағы өзара байланыстың қаншалыңты әр түрлі және сан
қырлы екендігіне байланысты болатындығын көрсетеді. Жоғары кластарда
тәрбиеленушілер мен төменгі класс оқушылары коллективтерінің арасындағы
өзара қарым-қатынастар адамның адамға деген азаматтық жауапкершілігінің
бастапқы мектебі болып табылады.
Мектеп практикасында азаматтың жауапкершілікті дамытушы және орнықтырушы
мынадай әр түрлі өзара қарым-қатынастар болады:
Интеллектуалдъщ өзара қарым-қатынастар. Сегізінші-тоғызыншы (кейде тіпті
алтыншы және жетінші) кластардың оқушылары пәндік үйірмелерді басқарады,
бұларда екінші-бесінші кластардың оқушылары оқиды. Балаларды бәрінен гөрі
әдеби-творчестволық, жас өлке танушылар, көркем сөз үйірмелері, ертек
үйренуі үйірмесі қызықтырады. Жекелеген жоғары класс оқушыларына, жас
математиктер, жас тарихшылар, жас натуралистер үйірмелерін басқаруды
тапсыруға болады.
Интеллектуалдың өзара қарым-қатынастар — жоғары және төменгі класс
оқушылары арасындағы нағыз берік, нағыз ұзақ мерзімдік қарым-қатынастар.
Осындай қарым-қатынаетардың арңасында коллективтің рухани өмірі байытылады,
ақыл-ой мүдделері достың, жолдастаң мүдделерімен ұштастырылады. Біздің
пікірімізше, оқудың, ғылымның коллективтік өзара қарым-қатынастардың,
мүдделердің, байланыстардың негізіне айналуы — тәрбие жұмысының ең қиын
салаларының бірі болып табылады. Танып білуге аңыл-ой жұмсамайынша, ақылмен
ынталанбайынша, талпынбайынша коллективтік бай өзара қарым-қатынастар болуы
мүмкін емес. Біз тәрбие шеберлігі мынада — әрбір жоғары класс оқушысын,
әрбір жас өспірімді өз білімін кіші жолдастарына беруге, сөйтіп өздерінің
интеллектуалдың баюына үйретуде деп білеміз. Тек осының арқасында ғана
білімге нағыз құштарлық, танып білуге қажеттілік қалыптасады.
Әдебиеттің, тарихтың, географияның және басқа пәндердің таңдаулы
білімпаздары - жоғары класс оқушылары — бесінші-жетінші класс оқушыларының
алдында баяндамалар жасап, әңгіме-кеңестер өткізеді.; Мұның өзі де жалпы
мектеп коллективінің рухани өмірін байытудың аса маңызды тәсілдерінің бірі
екендігін тәжірибе көрсетіп отыр. Көп оқып, көп білетін жас өспірімнің
өзінің жасы кіші жолдастарының алдында сөйлеуге құштарлығы пайда болады.
Осы құштарлықты баулу — педагогтың күрделі міндеттерінің бірі. Біздің
мектепте жоғары кластарда оқыған жылдар ішінде өздерінің жасы кіші
жолдастарының алдында әлденеше реттен баяндамалар жасап, лекциялар оқыған
оныншы класс оқушылары бар. Бұл өте бағалы істің тәрбиелік маңызы мынада:
осындай бірліктің негізінде оқушылар коллективінде интеллектуалдық мүдделер
бірлігі орнығады, аса берік достың қатынастар қалыптасады. Жаңа үйірмелер
пайда болады, ең басты рухани байлықты — кітапты құрметтеу сөзімі
тәрбиеленеді.
Жоғары класс оқушылары төменгі және орта буындағы кластарда саяси
информациялар жасайды. Біздің елімізде және шетелде не болып жатқанын
әңгімелей келе, комсомолецтер тек фактілерді ғана айтып қоймайды, олар жасы
кіші жолдастарға өздерінің көзқарастарын да жеткізуге тырысады.
Идеялық-тәрбие қатынастары. Бұл қатынастар интеллектуалдың қатынастармен
тығыз байланысты, бірақ бұл арада қоғамдық белсенділік жөніндегі, азаматтың
қасиетті орнықтыруға бағытталған азаматтың қызмет жөніндегі қамқорлық
бірінші кезекке қойылады. Біз әрбір түлектің өзінің идеялық, азаматтың қаси-
еттерін жасы кіші жолдастарға беруіне, оның қоғамдық өмірге қатысуы,
сонымен бірге басқа адамдардың рухани байлығына қамқорлығы болуына күш
саламыз.
Пионерлер октябрят топтарына, комсомолецтер пионер отрядтарына басшылық
етеді. Саяси, қоғамдық идея балалардың, жас өспірімдердің, жастардың күн-
делікті, нақты қызметінің өзегі болуы тиіс. Біздің көз-қарасымыз бойынша
октябрят, пионер және комсомол жұмысына педагогикалық басшылық, етудегі
шеберлік негізі — осы болып табылады. Идеялық сенім ең алдымен адам бір
нәрсе үшін күрескен кезде, бір нәрсені жақтаған кезде орнығады. Бір
пікірлес адамдардың коммунистік идея жолындағы күресі коллективтік өзара
қарым-қатынастардың жоғары формасы болып табылады. Мектеп коллективін
басқарудағы педагогикалық шеберлік мынадай қызметті таба білуден көрінеді:
бұл қызметте күнделікті, қарапайым, ә дегенде ешқандай тартымдылығы жоқ
жұмысқа қатысушылардың саяси бір пікірлес адамдарға айналатындай болуы
керек, өзінің еңбегі мен мінез-құлқын бағалаудағы жоғары өлшем — қоғамның,
халықтың мүдделері екендігін көз алдына елестететіндей болуы керек.
Қарапайым жұмысты Отанға қызмет етудің жоғары мәнімен жандандыру —
коммунизмнің жас құрылыс-шыларының идеялық өзара қарым-қатынастарын
орнықтыру деген сөз.
Кәдімгі ауыл шаруашылығы жұмысын — астық өсіруді мысалға алайық.
Білгір тәрбиеші балаларға жекелеген еңбек операцияларын орындау жөнінде жай
ғана тапсырма беріп қоймайды, қайта олардың қызметіне қоғамдық зор мән
береді, оқушылар өздерінің колхоздың көптеген гектар жеріне себетін арнайы
тұқым өсіріп жатқанын біледі, колхозда егіншілікті өркендету жөніндегі
жауапкершілік сөзімі оларды жігерлендіреді. Ал азаматтық жауапкершілік
сөзімі — бұл идеялық-тәрбие қатынастарының айқын көрінісі деген сөз.
Республикамыздың жекелеген селолық мектептерінде ғылыми білімдердің
комсомол-пионер лекторийлары бар. Жас өспірімдер мен жастар ғылым мен
техниканың жетістіктері туралы лекциялар даярлайды, сол лекцияларын
колхозшылар мен жұмысшылардың алдында оқиды. Бұл жұмыстың мақсаты қартаң
адамдарға ғылыми-атеистік тәрбие беру болып табылады.
Оқу-еңбек қатынастары. Бастауыш коллективтер үлкен роль атқарады,
оларда ересек тәрбиеленушілер өздерінің кіші жолдастарына еңбек
іскерліктері мен дағдыларын үйретеді. Біздің мектепте жас өспірімдер, жас
жігіттер мен қыздар — кіші және орта буындағы мектеп оқушыларының (үшінші
жетінші класс оқушыларының) техникалың және ауыл шаруашылығы үйірмелеріне
басшылық етеді. Бізде жас конструкторлар, слесарьлар, токарьлар,
радиотехниктер, электротехниктер, тракторшылар, өсімдік өсірушілер,
бағбандар, омарташылар үйірмелері бар. Жас бағбандар үйірмесінде үшінші-
бесінші класс оқушылары ойдағыдай жұмыс істеп жүр. Жас еңбеккерлер
үйірмесін басқару жоғары класс оқушылары үшін өзін көрсетудің, өзін
орнықтырудың, өзін тәрбиелеудің мейлінше айқын формасы болып табылады.
Өзінің бойындағы бар бүкіл тәуір қасиетті өзінің жолдастарына беруге тырыса
келе, үйірме жетекшісі тәрбиешіге, адамды жасаушыға айналады.
Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады. Тек
ұжымда ғана тұлға өзінің жан-жақты даму мүмкіншілігіне ие, сонымен бірге
тек ұжымда ғана жекелей еркіндік болуы мүмкін. Мектеп тәрбиесі жүйесінің
өзгешілігі – тұлға дамытудағы ұжымның атқаратын қызметінің жетекші болып
саналуында. Ұжым тәрбиелік талпыныстар орталығына айналады, оны
қалыптастыру- мектептің негізгі міндеті ретінде қабылданады. Мектеп
тәрбиесіндегі жетекші идеяны дамытқан зерттеуші педагогтар Н.К.Крупская,
А.С. Макаренко, В.А Сухомлинский және т.б
Латынның “коллективус” деген сөзі “жиын”, “ұжым” “топ” дегенді білдіреді.
“Ұжым” түсінігінің екі мәні қолданылады:
1. Ұжым- кез-келген адамдар тобы;
2. Ұжым-жоғары ұйымдасқан топ.
Мектеп ұжымы негізгі әлеуметтік орта болып табылады, осы ортада адамның
тұтыну қажеттілігі тәрбиеленіп, талап тілегі ашылып, жеке басының
қабілеттілігі қалыптасады. Мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-
қатынастары мен бірге ұжым мүшелерінің жалпы қызметі арқасында жеке адамның
жан-жақты жетілуі балалар мен жастардың өндірістік еңбекке қоғам өміріне
Отан қоғацға белсенді қатысуының тиісті әзірлігі қамтамасыз етіледі.
А.С. Макаренко ұжымға былай деп сипаттама берді:
“Біздің пікірімізше, ұжым бірігудің социалистік принципіне негізделген
контактылы жиынтық.
Жеке адам жөнінде ұжым бүтіндей ұжымның суверендігін білдіреді. Жеке
адамның өз еркімен ұжымға кіруі правосын білдіре отырып , ұжым бұл адамнан
ол ұжымда тұрғанда оған сөзсіз бағынуды талап етеді, мұның өзі ұжым
суверендігінен келіп шығады. Ұжым адамдарды қоғам үшін анық пайдалы қызмет
міндеттері негізінде біріктірген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкін ”.
Балалар ұжымы туралы айта келіп, А.С.Макаренко тәрбиенің жүйесі жүйе
болғандықтан бздің тәрбиелеуші ұйымымызда ұжым түрінде болады деп ескертті.
“Біз тәрбиелейтін адамдар ұжымы- деп атап көрсетті Антон Семенович,- тек
жастардың ғана жиналысы емес, бұл ең алдымен Кеңес Үкіметіндегі басқа да
барлық ұжымның бүкіл ерекшеліктеріне , құқықтары мен міндеттеріне ие
болатын қоғамның ұясы болып табылады”.
Мектеп ұжымы- бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Ол өзінің құрамына сондай-
ақ педагогикалық персональды да қамтиды. Оқушы және педагог ұжымы- өзінше
өмір сүретін жеке бірлестіктер, олардың әрқайсысының қалыптасуы мен
дамуының өз заңдылықтары бар. Олардың арасына қандай да бір айқын шек қоюға
болмайды, олар бір-бірінен белгілі бір дуалмен бөлінбеген, олар өзінің
бірегейлігімен мектеп ұжымы болып табылады.
Біз мектеп ұжымын ұжымшыл өзара қатынастардың жоғарғы , неғұрлым күрделі
формасы ретінде қараймыз. Мектеп ұжымы- бұл азаматтық мектеп, белсенді
қатысушының сапа қасиеті осында қалыптасады, бейнелеп айтқанда, бұл
балапанның қанаттанып, өздігінен ұшуға аттанатын ұясы.

1.2 Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері.

Оқуушылар ұжымы немесе қарапайым балар мен жасөспірімдердің өз еріктерімен
және алдында белгілі мақсат қойып, білім дағдыларын игеруге ұжымды түрде
арнайы топқа біріккен жасөспірімдердің шығармашылық әрекеттерінің үрдісі
деуімізге болады. Оқушылар ұжымы деген атау- ұжым, оқушы, бала, оқушы
балалар ұйымы, мектеп, тәрбие атауларымен тығыз байланыса отырып,
педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылады.
Бірінші кезеңде- мұғалім сынып өмірін ұйымдастыру үшін жұмысты талап қоюдан
бастайды. Талап қою арқылы балаларды мінез-құлық нормасына үйретіп
әлеуметтік тәжірибеге тартады.
Екінші кезеңде ұжым өзін-өзі басқаруға көшеді. Бұл кезеңде тұлғаға талап
қою ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезең- бұдан былай белсенді топтың және ұжым іс-әрекетінің дамуымен
сипатталады. Онда қоғамдық өмірдегі деректерді құбылыстарды бағалауда
қоғамдық, ұжымдық пікір пайдаланылады- атты тұжырымдар арқылы
А.С.Макаренконың оқушылар ұжымын ұжымында тәлім-тәрбие ұйымдастыру
барысындағы педагогикалық мәселелер жөніндегі құнды идеяларын байқаймыз.
Ұжымдық топтасуды балалар мен оқушылар қарым-қатынастарымен шығармашылық
әрекеттерінің жиынтығы десек ұйымдық құрылымды-ұжым жетістіктерімен
мәртебесін анағұрлым жоғарғы деңгейге бағытталған әлеуметтік құбылыс
демекпіз. Белгілі ұжымның озық дәстүрлерін немесе шығармашылық
жетістіктерімен бастамаларын жинақтау, тарату, насихаттау үшін және ол
жетістіктердің қоғам қажеттілігіне айналуы үшін бір емес, бірнеше ұжымдық
топтарды біріктірген ұйымдық бірлестіктің әрекеті мен талабы анағұрлым
тиімдірек болады деп санаймыз. Оның тиімділігінің тағы бір ерекшелігі- ұжым
мен ұйымның педагогикалдық тұтастығында олардың тұтастығы оқушылар
арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге , мектеп пен қоғамға пайдасы тиетін
ауқымды тәлім-тәрбиелік іс-шараларды өзара ынтымақтаса отырып жүргізуге
оқушылар ұжымында өзін-өзі басқару жұмыстарын оңтайлы үйлестіруде және
мектептегі педагогикалық қауымдастық пен бірлесе отырып мазмұнды , мақсатты
жұмыстар жүргізуге зор мүмкіндік тудыратыны сөзсіз. Әр ұжымда қалыптасқан
дәстүрлердің уақыт өткен сайын солайып, кейін ол дәстүрлердің бірнеше ұжым
топтарының қажеттілігіне айналуы-мақсаты мен ой арманы бір ұжымдардың бір
ұйымдарға бірігуіне себепші болады. Демек, ұжым әрекеттерінің айрықша
белсенділік танытуы-олардыңұйымдық құрылымының қалыптасуына негіз болмақ.
Бүгінгі таңда мектептегі оқушылар ұжымы бірнеше ұйымдарға бөлініп, өз
беттерімен стихиялы түрде әрекет етуде. Ол ұйымдарға “Атамкен”, “Жұлдыз”,
“Болашақ” және басқа ұйымдар жатады. Сынып жетекшісінің оқушылармен
атқаратын тәрбие жұмысының негізгі формасы-сынып жиналысы. Онда оқушылар
демократия, ашық қарым қатынас, ынтымақтастық, дербестік және жауапкершілік
принциптерін меңгереді. Сынып жиналысы – ол оқушылар ұжымында өзін-өзі
басқарудың жоғары органы болып есептеледі. Оның негізгі міндеті-ұым өмірін
ұйымдастыру барысындаоған қатысты негізгі мәселелерді талқылау. Соған орай
, оның негізгі қызметі ұйымдастырушылық және ынталандырушылық. Оның
жұмысының нәтижелі болуы- ұжымды оң өзгерістерге бағыттайтын нақтылы шешім
қабылдау. Сынып жиналысы ұжым мүшелеріне тапсырма береді, белсенділерді
тағайындайды, мектеп оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару ұйымына өкілдік
сайлайды, сыныптағы оқу, мәдени, спорт, тазалық т.б секторларының жұмыс
жоспарын талқылар, оның барысы жайында есептерін тыңдайды. Сонымен бірге
сынып өміріне қатысты ұйымдық шараларды белгілеп және оның орындалу
нәтижесін талқылап отырады (сынып немесе мектеп көлемінде кезекшілікті
атқару, сынып немесе мектеп ауласын тарзарту жұмыстарында т.б) Сынып
жиналысы- бір мәселе жөнінде (тақырыптық) болмаса бірнеше мәселені талқылау
жайында (сыныптың оқу-тәрбие жоспарын бекіту, сайлау ұйымдастыру, есеп беру
жұмыстарын немесе жаңа мағлұматтарды талқылау, атқарылған жұмыстардың
нәтижесін талқылау т.с.с) өткізуі мүмкін.
Ұжым- әрбір мұғалім үшін ойдың, шығармашылық ізденістің қайнар көзіне
айналуы тиіс. Ең алдымен тәрбие күшіне терең сенім қажет. Сенім әрбір
мұғалімнің ұжданынына айналуы тиіс. Тәрбие күшіне сену дегеніміз - өз
жұмысына сену өз шәкіртінің ой мен сөзімнің әміршісіне айнала аламын, ең
“қиын” оқушыны да адам ете аламын,- дегенге сену. Тәрбиеге нағыз сенім бар
жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші
болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола
білген ұстаз ғана өз еңбегінің нәтижесін көреді. Адам – ұжым- қоғам өзара
қарым-қатынас жүйесі, міне, осы осының арқасындаұжым қоғамының белсенді
қайраткерін, азаматтық, қоғамдық проблемаларға өте сергек қарайтын, ел
мүддесімен, ел тілегімен өмір сүретін жауапкершілігі мол, саналы азаматты
тәрбиелейтін күшке саналады.
Ұжымдық өмірдің эмоциялық байлығы дегенде жеке адамның еңбек жетістігін тек
өзі ған емес, өзгелерде сөзінетінін, адамдардың бірін-бірі бағалай білетін,
құрметтей білуін, жан дүниесімен сөзінуін түсінуге болады. Ұжымдық өз
мүшесін толықтай бағалай білуі, тұлғалық қасиеттерін саралап, көрсете
білетін орта білуі тиіс. Педагогикалық шеберліктің қырының бірі ұжым ішінде
адам өзіне-өзі талап қоя біліп, қоғам алдындағы жауапкершілігін жете
түсінуі керек, ұжымның абройын ардақтай білуі керек. Тәрбиеге нағыз сенім
бар жерде ғана, нағыз талапшылдық еңбек тәртібі бар. Әрбір педагог тәрбиеші
болумен қатар өз пәнінің жақсы маманы болуы тиіс, шәкіртінің идеалы бола
білген ұстаз ған өз еңбегінің нәтижесін көреді.
Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей педагогикалық ұжымның оқу-тәжірибе
үрдісіндегі нәтижелі еңбегінің көрінуі, оны ұстаздардың сөзінуі де ұжым
жетекшісіне, басшысына, ұйытқысына байланысты. Әрбір ұстаз еңбегін
теориялық және методикалық тұрғыдан ұйымдастыра білсе, ұстаздар бірлігі мен
ұйымшылдығын қамтамасыз ете алса, тәртіп пен биік талап межесін қоюды
заңдылықтар негізінде жүргізсе басшы мектеп жұмысының рухани нәтижелі
болуын қамтамасыз ете алады. Мектеп тәжірибе мен білім ошағына айналғысы
келсе оның өмірінің өзегі болуға тиіс ең басты нәрсені-оқушылар ұжымындағы
ой өмірін, ұдайы интелектік байлық алмасу ісін тек білімге құштарлық
билеген педагогикалық ұжым ғана қамтамасыз ете алады.
53 Аамның бойында адамдық қасиеттері тек мына себептен ғана қалыптасады, өз
өмірінде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол — қоғамдық зат. Адам-ның
қоғамдың мәні оның басқа адамдармен қатынас-тарында, байланыстарын-да,
өзара қарым-қатынастарында көрінеді. Дүниені және өзін әлемнің шағын бір
бөлігі ретінде тани келе, адамдармен әр түрлі қатынастарда, оның
материалдық және рухани тұтыну қажеттерін өтейтін қатынастарда бола келе,
бала қоғамға кіреді, оның мүшесі болады. Жеке адамның қоғамға осылайша
араласу процесін, демек, жеке адамның қалыптасу процесін ғалымдар
социализация деп атайды. Өкінішке қарай, социализацияның педагогикалық
аспектісі тиісінше жете егжей-тегжейлі зерттелмей келуі былай тұрсын, тіпті
қаралмай да келеді.
Ал былай алғанда нақ социализация процесі коллективтің тәрбиелеуші күшін
қалыптастыруда аса маңызды алғышарттардың бірі болып табылады, кол-
лективтің осынау тәрбие күші туралы педагогикалық әдебиетте көбінесе ол
бейне бір дайын күйінде берілетіндей түсінікті оқуға тура келеді.
Коллективтің әлде-қандай фантастикалық күшіне осылай аңғалдықпен сенушілік
мұғалім-дерді көбінесе торығуға әкеліп соқтырады. Бір жағынан, коллективтің
жеке адамға ықпал ету қабілетінің қалыптасуы, өкінші жағынан, жеке адамның
басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуы әрбір
индивидуумның, кейін юоллек-тив мүшесі болған индивидуумның қоғамға қалай
кіруіне байланысты болады. Тәжірибе адамның қоғамға теріс, жарымжан кейіпте
(өкінішке қарай, кейде осылай да болады) кіруі мынаған әкеліп соқтыратынын
дәлелдейді: ол басқа адамдардың тәрбие ықпалына оңай бейімделе қоймайтын
болады, ал кейде басқа балалар үшін қалыпты, тиімді ықпал ету тәсілдеріне
бейімделу қабілетін мүлдем жоғалтады.
Кішкентай нәрестенің өмірінде оның өзі үшін төтенше жақалық ашатын
мынадай кезең де болады: сірә, өзіңнің айқайлаған даусыңмен, жылауыңмен,
аяқ-қолыңды тырбаңдатуыңмен тілегің мен тұтыну қажетіңді өтейтін адамдарға
— анаңа, күтушіңе, әкеңе, әжеңе ыңпал етуге болады екен. Анаң мен әкеңді ең
шұғыл жұмысын қоя тұрғызып, өзіңе жүгіріп келтіруге болады екен. Өзінің
әрбір тілегі бірден-ақ қанағаттандырылатынына, өзінің тілегін қанағаттан-
дыратын адамның қимылын тездету үшін күшті белгі және реттеуші — айқай
екендігіне таңырқап көзі жеткен бала тұңғыш өзімшілдік тілегінің
қанағаттанға-нын сезе бастайды: не тілесем, соның бәрі істелетін болады деп
біледі. Нақ осыдан кейін-ақ қалыпсыз, орынсыз социализация басталады: адам
өзін тиісті жағынан емес, теріс жағынан танып біле бастайды. Коллективтің
болашақ мүшесінің моральдық саулығы, оның тәрбиелі адам болу қабілеті
едәуір дәрежеде нәрестенің жылап-сықтауына ананың қалай қарайтындығына,
баланың алғашқы тілектерінің қалай қанағаттандырылуына және осы тілектердің
негізінде тұтыну қажеттерінің қалай туатындығына байланысты болады. Міне
сондықтан да, тәрбие ісі баланың тұңғыш тыныс алуынан басталатындығын А. С.
Макаренко сан рет атап айтты, ал егер ана ұлын тәрбиелеу ісін алтыншы айға
жеткенде ғана ойлай бастаса, онда ана жарты жыл кеш қалғаны.
Бала тәрбиелеудің қалыпты процесі үшін оның тілегіне қалай қараудың зор
маңызы бар. Баланың — болашақ коллектившіл-азаматтың басқа адамдарға қарым-
қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар - әуелі анасына, әкесіне, ал одан
кейін бөгде адамдарға, алыс адамдарға— отандастарына, еңбектес және
қарулас жолдастарына, кездеген мақсатқа, мұратқа жету жолындағы күрестегі
бір пікірлес, одақтас адамдарға деген қарым-қатынастар. Теріс, жөнсіз
тәрбие қауіпті жағдайға әкеліп соқтырады, мен мұны тілектің бұрмалануы деп
атаған болар едім. Мұның қауіптілігі мынада: бала өзінің саналы өмірінің ал-
ғашқы қадамынан бастап тілек пен тұтынудың айырмашылығын білмейді. Өзінің
кез келген тілегін қанағаттандыру дағдысы басқа адамдардың интеллектуалдық
эмоциялық дүниесіне деген сөзімталдықты әлсіретеді. Егер осы дағды тамыр
жайса, егер бала осы дағдысымен мектепке келсе, онда ол басқа адамдарға
өзінің қалған тілектерін қанағаттаңдыратын негіз ретінде ғана қарайды.
Ойлаған тілегіне қайшы келген нәрсенің бәрін ол жақтырмайды, ұнатпайды.
Мұндай баланың өзін айналадағы дүниенің бір кішкентай бөлігі ретінде танып
білуі барлық нәрсені бір ғана өлшеммен: өзінің тілегімен өлшеуден
басталады. Ал қоғам өміріне дұрыс араласу, дұрыс социализация мына жағдайда
ғана: адам өзінің мен дегенін басқа адамдардың мүдделерімен үйлестіруге
саналы түрде ұмтылған кезде, өзінің талап-тілектерімен қоғам игілігі
мүддбсі үшін қимыл жасауды біліп қана қоймай, соған тырысқан кезде ғана
мүмкін болады. Бейнелеп айтқанда, социализация баланың мынаны сезгенінен
(ал кейін түсінгенінен) басталады: Менің айқайым, менің жылауым анамды
тілегімді төзірек қанағаттандыруға мәжбүр етеді, бірақ осымен бірге ол
анамның жүрегін ауыртады, абыржытады. Балаға жақсы нәрсе анаға зиян болып
тиеді. Жақсылықтың жақсылығы сонда ғана, одан адам жыламағанда ғана
жақсылық болатынын кішкентай балаға сездіру (ал одан кейін түсіндіру де)
керек,— коллективизм тәрбиесінің логикасы мен диалектикасы осында.
Тәрбиешінің нағыз шеберлігі мынада: бала басқа адамның көз жасын көріп, оны
шын жүрегімен қабылдап, тұңғыш рет қайғы, абыржу, әбігерлену сөзімін
басынан кешіргенде ғана көрінеді. Егер, сіздің балаңыз, басқа адамның қайғы-
сын ақылоймен, жүрегімен ұғынып, тұңғыш рет нағыз қайғыны бастан кешіріп
жыласа, сіз осыны көрсеңіз - онда сіз ол баланы социализация соқпағына
дұрыс алып келдім деп біліңіз.
Біз кішкентай баланың социализациясы туралы соншама неге тәптіштеп айтып
отырмыз? Өйткені бұл коллективтің ойдағыдай тәрбие беруінің төтенше ма-
ңызды алғышарты. Бірінші класс оқушылары тобында бес-алты өзімшіл бала
болса, онда мүғалім өз жұмысының алғашқы қадамынан бастап-ақ игере
алмайтындай қиындықтарға кездесуі мүмкін. Тіпті оның коллектив құра алмауы
да мүмкін, өйткені әрбір өзім-шіл - бұл коллектившілдік өзара қарым-
қатынастардың ірге тасына түскен жарықшақ; егер жарықшақ көп болса —
тәрбиеші коллективизм үйін қаншама тұрғызғанымен, ол құлай береді. Топтағы
балалар неғұрлым жас болса, коллективтің жеке адамдарға тәрбиелік ықпалы
соғұрлым нәзік, мейірімдірек болуы керек. Бірінші класта коллективті
және мұғалімнің жеке басын баланың қалай түсінуінің ерекше зор маңызы
бар. Асырып айтқандық емес, кейде бірінші оқушысына, оның сөзімтал жүрегі
адамға сеніммен ашылып тұрған сәтте, мұғалімнің айтқан бір ауыз сөзі,
баланың бүкіл өмір бойғы тағдырын шешеді.
Ал дұрыс социализацияның сол бір өте нәзік, әрі өте сөзімтал тетігі қандай?
Коллективте жарықшақ болмауы үшін коллективтің ірге тасын қалай қалау
керек? Ал егер қазірдің өзінде жарықшақ болса — оны қалай бітеу керек?
Асылы, коллективтің тірегі не? Тәрбиеші ұзақ уақыт бойы олардың санасына
сенімді, табанды көзқарасты, идеяны қондыру әлі де қиын; олардың рухаии
өмірі әлі де болса ең алдымен түсініктерге, бейнелерге, сөзімдерге, сүйініш-
күйініштерге негізделетін балалармен жұмыс істейді ғой.
Дұрыс социализация эмоциялық өмірдің байлығына, идеялың толық
құндылылығына негізделетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Баланы ең алдымен
түйсінуге, бірге күйінуге үйрету керек. Сөзім, сүйініш-күйініш - бұл бейне
баланың тәніндегі титтей бір магнит тәрізді, ол магнит оны басңа адамдарға
жақындатады, баланы сөзді, ақыл-кеңесті, идеяны, қабылдағыш, сөзімтал
етеді. Жетілген сөзім, эмоциялық жоғары мәдениет - бұлар, бейнелеп
айтқанда, моральдық жағынан тәрбиеліктің абсолюттік музыкалық дыбысы.
Эмоциялық тәрбие алмаған, нәзік ықпалдарға саңырау бала - ол потенциалды
өзімшіл.
Біздің тәрбие жұмысымыздың жүйесінде өте маңызды форма этикалық әңгіме
формасы бар. Философиялық-этикалық мазмұны айқын сипатталған мыңнан астам
шағын әңгімелер мен ертегілер Этика жөніндегі хрестоматия—осындай
әңгімелердің материалы болып табылады. Бұл Хрестоматияның кіріспе тарауы
әңгімелерден тұрады, ол әңгімелердің мақсаты - социализация дәрежесін,
коллектив өміріне қатысуға даярлық дәрежесін, балалардың эмоциялық
тәрбиелілік дәрежесін оқып үйрену. Кіріспе тараудағы әңгімелер негізінен
мектепке дейінгі балалар мен бірінші кластағы балаларға өткізіледі. Этика
жөніндегі хрестоматияның кіріспе тарауына енгізілген әңгімелер мен
ертегілердің өзіне тән ерекшеліктері тұспалдай айтылған, жасырын ой-
пікірлер болып табылады, оны белгілі бір эмоциялың тәрбиелілік дәрежесіне
жеткен бала ғана түсіне алады. Эмоциялың дамып-жетілуі әлі төмен дәрежедегі
балаға бұл ой-пікір ұғынықсыз болады. Бірақ, мұндай балалар үшін де өте-
мөте қажет этикалық әңгімелер бар: ол кеңестер эмоциялық сергектікті оятып,
тәрбиелейді, дүниені ақыл-оймен ғана танып қоймай, жүрекпен де тануға
үйретеді. Хресто-матияның кіріспе тарауындағы этикалық әңгімелер — бұлар
коллектившілдік сөзімдерді оятудағы тұңғыш сабақтар.

1.3 А.С. Макаренконың ұжым туралы тағылымы.

Көрнекті кеңес педагогы А.С. Макаренко көп жылғы тәжірибесін қорытындысын
қорытындап, коллектив (ұжым) тәрбие жұмысының ең басты формасы деп санады.
Ол: "Тәрбие бірлігі мол, күшті, әсерлі мықты коллектив құру арқылы
ұйымдастырылуыға тиіс",- деп атап көрсетті.
А.С.Макаренконың пікірінше, оқушының әр қимылы, оның әр сәттілігі немесе
сәтсіздігі ортақ істің айналасында бүкіл коллективтің сәттілігі немесе
сәтсіздігі деп бағалануы тиіс. Топтасқан оқушылар коллективіне, сондай-ақ
онда жағымды дәстүрлер мен қызықты перспективалардың, өмір мен қызметтің
сергек, жарқын жүзді сарынының болуы, кемшіліктерді батыл сынай және сынды
дұрыс қабылдай білу тән.
А.С.Макаренко: "Коллектив дегенміз - бұл әлеуметтік жанды тұлға. Себебі
оның ұйымдары, ол ұйымдардағы уәкілдіктері, жауапкершілігі, ұйымдардың
арақатынасы, өзара тәуелділігі бар, егер ондайлардың ешқайсысы болмаса,
онда ол коллективте бола алмайды, жай ғана тобыр немесе жиынтық болады," -
деді.
А.С. Макаренко тағылымы ұжымы сатылы қалыптастастырудың егжей-тегжейлі
технологиясынан тұрады. Ол ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді:
қозғалыс - ркымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы. Әйгілі
педагог ұжымның даму принциптерін анықтады (ашықтық, жауапкерлі тәуелділік,
перспективалық, бірлікті әрекет).
Ұжым болу үшін, топ сапалы тіктелу жолынан өтуі қажет. Осы жолда
А.С. Макаренко бірнеше сатыларды белгілейді.
Бірінші саты - ұжымның құрылуы (алғашқы бірігу сатысы). Бұл кезеңде ұжым
педагог тәрбие жұмысының мақсаты ретінде көрінеді, мұның өзі ұйымдасқан,
белгіленген топты (сынып, үйірме т.б.) ұжымға айналдыруға талпыну, яғни
оқушылардың ұжымға қатынасы бірлескен іс-әрекет мазмұнымен, мақсат-
міндеттерімен, құндылықтарымен анықталады. Ұжымның ұйымдастарушысы -
педагог, барлық талаптар осы педагогтан басталады. Ұжым белсенділері
анықталып, тәрбиеленушілер жалпы мақсатқа, іс-әрекетке және ұжымдық
бірлікке келгенде бірінші кезең аяқталады.
Екінші сатыда белсенділердің ықпалы арта түседі. Енді белсенділер тек
педагогтардың талаптарын қолдап қана қоймай, ұжым мүшелеріне ұжымға не
пайдалы, не зиянды екенін байқатып, өз түсініктері бойынша басқара
бастайды. Егер белсенділер ұжым қажеттілігін дұрыс түсінсе, онда олар
педагогтың сенімді көмекшілеріне айналады. Бұл кезеңде белсенділер жұмысына
педагог көп көңіл бөлу керек.
Екінші кезең ұжым құрылымының тұрақтауымен сипатталады. Бұл сатыда ұжым
бүтінделген жүйе ретінде көрінеді, онда өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
реттеу механизмдері іске қосыла бастайды. Ұжым өз мүшелерінен белгілі - бір
қылықтар нормаларын талап ете бастайды, ал талаптар біртіндеп кеңейе
береді.
Бұл сатыдағы педагогтың басты мақсаты - осы ұжымның алға қойған міндеттерін
шешу мүмкіндіктерін мейлінше көп пайдалану.
Тәжірибе жүзінде әр ұжым - дара оқушының жеке дамуын мақсатты бағыттайтын
тәрбие субъектісі ретінде танылуы тиіс.
Ұжымның бұл сатыда дамуы кейбір қарама-қайшылықтарды жеқумен байланысты,
атап айтқанды:
- ұжым мен жеке оқушылар арасындағы;
- жалпы және жеке перспективалар арасындағы;
- әр қилы ерекшеліктері бар оқушылар топтары арасындағы т.б. Сондықтан
ұжым дамуында секірістер, тоқыраулар, өзгерістер мен ауысулар
болмауы мүмкін емес.
Үшінші және одан кейінгі сатылар ұжымның кемелденуі. Алдыңғы даму
сатыларында қол жеткізген қасиеттер киелі тұлғалық ерекшеліктерді
топтастырады: жолдастарына қарағанда өзін жоғары талап қоюы,
көзқарастарының, әдеттерінің, әрекет-қылықтарының тұрақтануы. Егер ұжым осы
сатыға жетсе, онда толыққанды, адамгершілікті тұлға қалыптастыру үстінде
деген сөз. Жалпы тәжірибе, болған оқиғаны бірдей бағалай білуі -үшінші
сатыдағы ұжымның ең негізгі белгісі.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады.
Дәстүрлер тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, ниет
арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары. Дәстүр жүріп-тұру
нормаларының бекуіне көмектесіп, ұжымдық мәселелерді бірлікті шешу
қабілеттерін дамытады, өмірді қызықты етеді.
Ұжымда мақсатты таңай білу маңызды рөл атқарады. Тәрбиеленушілер мұрат
еткен мақсат перспектива деп аталады. Адам өмірінің негізгі стимулы
-ертеңгі қуаныш. Тәрбиеленушіге түсінікті перспективалы мақсат
-қиыншылықтар мен кедергілерді жеңіуге көмектесетін үлкен күш.
Тәрбие жұмысы тәжірибесіне перспективаның үш түрі кездеседі, олар: жақын,
орташа, және алыс перспективалар.
Жақын перспектива - ертеңгі серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке
қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.
Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды
талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Мұндай перспективада тұлға мен ортаның қажеттері міндетті түрде үйлеседі.
Перспективалық жолдар жүйесі ұжымға етене енуі керек. Оны уақыттың кез-
келген сәтін ұжымның айқын да қызықты мақсаты болатындай, сонымен өмір
сүретіндей әрі сол мақсатты орындауға талпынатындай етіп құру қажет.
Перспективаны таңдағанда жұмыстың нәтижелі бітуін ескеру әбден қажет.
Кейде педагогтың оқушыға әсері кейбір себептерге байланысты кем нәтижелі
болып қалады. Оған жанындағы оқушылар арқылы әсер ету өте жақсы жеміс
береді. Бұдан қатар әрекет (параллельное действие) принципі іске қосылады.
Оның негізінде оқушыға тікелей емес, ұжым арқылы әсер ету талабы жатыр.
А.С. Макаренко ұжымаралық қатынасқа көп көңіл бөлді. Қалыптасқан ұжымның
ерекше белгілері ретінде ол мыналар ескерді: 1) үнемі сергектік, іс-
әрекетке дайындық; 2) өзіндік қадірін сөзіну; 3) мүшелерінің достық
бірлігі; 4) әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар ұжымы туралы түсінік
Оқушылар ұжымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Бірінші кезеңде оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ
Оқушылар ұжымы балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы
Мұғалім және балалар ұжымы
Ұжымның даму кезеңдері олардың бір-бірімен сабақтастығы
Ұжымдық тәрбиенің обьектісі мен субьектісі
Оқушылар ұжымы — тәрбиенің шешуші факторы
Ұжымның даму кезеңдері
Пәндер