Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі


Ф. 4. 7-007-03. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП
М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Филология пәндері бойынша ледагогика және бастауыш оқыту әдістемесі » кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Бастауыш мектепте қазақ тілінен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі»
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Құдайбергенова М. Б.
Орындаған: ЗПО - 04 - 4кс тобының
студенті Тенелова Г.
Мазмұны
Кіріспе
І Тарау БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР
2. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудағы педегогикалық көзқарастар
- Бастауыш сыныпта қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың негізгі сипаты
ІІ Тарау БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1. Сыныптан тыс жұмыстың қазақ тілі пәні бойынша негізгі әдістері мен түрлері
2. 2. Қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды іс-тәжірибие барысында ұйымдастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Кіріспе
Қоғамды қайта құру жағдайында Қазақстан республикасының білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру .
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - негіздің негізгі түп қазығы.
Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартының алғашқы нұсқасы және соған сәйкес оқу бағдарламалары дайындалып, іс жүзіне асып жатуын қазіргі кезеңдегі мектепті дағдарыстан шығаратын тактикалық шешімдердің бірі деп түсінген жөн.
Мектеп өз түлектерін тек ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкес терең де тиянақты біліммен қаруландырылған жағдайда ғана өзінің әлеуметтік қызметін орындап шығатындығы баршаға аян. Бастауыш білімнің мемлекеттік стандартты және оны мектеп тәжірибесіне ендіруде шешуші орынды мұғалімдер қауымы алатыны анық.
Басталып отырған осы үлкен іс дұрыс бағыт алып, тиянақты қалыптасу үшін, оның ғылыми негізі салыну керек. Қазіргі қолданып жүрген бағдарламалар, оқулықтар, көмекші құралдар болмаса, бастауыш қазақ тілін оқытудың ғылыми әдістемесі жоқ. Көпшілік авторлар бағдарлама, оқулықтар жазуда жалпы қазақ тіл методикасына сүйінген, не орыс, шет тілдерін оқыту методикасын басшылыққа алған . Ал, бастауыш мектептерінде жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың бағдарламасы әлі жасалмаған, мүлдем негізі салынбаған деуге болады. Мұндай жағдайлар бағдарламалар мен оқулықтардың сапасына әсер етпеуі мүмкін емес.
Мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан, қазақ тілін, халықтық педагогиканы үйрету қажеттілігі барған сайын арта түсетіндігі анық. Сондықтан бастауыш мектепте кластан тыс жұмыстарда халық
педагогикасын пайдалануға үйрету мәселелері, оның әдістемесін ғылыми негізде құру проблемалары, оны зерттеу қазіргі заман талабына қажет болып отыр.
Қазіргі таңда қоғамның даму бағыты оқу тәрбие жұмысының алдында жас ұрпақтың ақыл - ойын, тілін, салт- санасын жетілдіру, жалпы білім деңгейін дамыту өзекті мәселенің бірі болып отыр.
Бастауыш кластарда қазақ тілін оқытумен қатар, кластан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы жас үрпақ үшін қолайлы жұмыстың маңыздысы деп білеміз.
Бірақ бастауыш мектепте, жоғары оқу орындарында қазақ тілін үйретуде аудиториядан, кластан тыс жұмыстың маңызы қандай, қандай кластан тыс жұмыстар жүргізу керек, оны жүргізу әдістемесі қалай болу керек деген мәселе күні бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыдан алғанда назардан тыс қалып келді. Сондықтан біз зерттеу жұмысымызды бастауыш мектептерінде кластан тыс жүргізілетін жұмыстарға, олардың тіл үйрету мен тіл дамытуда атқаратын қызметіне арнадық. Бұл айтылғандар біздің зертеуміздің проблемалық актуалдылығын көрсете алады.
Зерттеудің мақсаты: Бұл мәселені зерттеуде бастауыш мектептерінде қазақ тілін оқыту және қазақ тіліне байланысты кластан тыс жұмыстардың оқушы тілінің ауызша дамуына тигізетін әсерін анықтау, оны тиімді түрде өткізе білу жолдарын көрсету көзделеді.
- Бастауыш мектепте қазақ тілінен жүргізілетін кластан тысжұмыстардың түрлерін зерттеу ;
- Мектепте қазақ тілінен жүргізілетін кластан тыс ерекше тоқталып, ұйымдастыру әдістерін кеңінен беру ;
- Мектепте қазақ тілінен жүргізілетін кластан тыс жұмыстар жайлыәдебиеттерді және озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу.
Зерттеудің нысынасы:
Зерттеудің пәні: Бастауыш мектеп оқушыларымен сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеті: Қазақ тілін бастауыш мектепте халықтық педагогиканы үйретуде кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың түрлері мен мазмұнын анықтау;
- кластан тыс жұмыстардың қазақ тілін үйретуде, тілді дамытудаатқаратын қызметін анықтау ;
- кластан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесін белгілеу ;
- кластан тыс жұмыстардың тілді үйренуге дәлелдеу;
- тілді үйрету үшін қызықты ойындардың түрлерін таңдау, онығылыми түрғыда дәлелдеу;
- кластан тыс жұмыстардың тиімділігін тәжірибе арқылы дәлелдеу;
Зерттеудің әдісі: Ә леуметтік - педагогикалық (ғылыми-әдістемелік, ғылыми теориялық еңбектерді талдау) ;
- тәжірибелік бақылау жүргізу, анкеталар тарату, пікір алмасулар, әнгімелесу;
- статистикалық, тест әдістері, салыстырулар, тәжірибелік жұмыснәтижелеріне талдау, қорытындылар жасау.
Теориялық қолданымы: Бастауыш мектептерінде сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру және жалпы оқушылардың сөйлеу әрекетін жүзеге асыру.
Практикалық қолданымы: Зерттеу еңбектегі нақты ұсыныстар мен тәжірибе нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі ақтаңдақтармен толықтырылды, арнайы курс, семинар, лекцияларда, қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруде, бағдарламалар мен оқулықтар жасауда пайдалануға болады.
Қазіргі кезеңдегі бастауыш білім беретін қазақ мектептеріндегі білім берудегі бастауыш білім беретін қазақ мектептеріндегі қазақ тілінен білім берудегі ең өзекті проблемалардың бірі - оқушылардың оқуға әрі қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, оқырмандық қызығушылығын
арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, оған ықпал ету. Бұл еңбек осы мәселені шешуге бағытталғандықтан, қазақ тілі пәні мұғалімі өз жұмыс тәжірибесіне эдістемелік қүрал ретінде пайдалана алады.
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАР.
1. 1. Сыныптан тыс жұмыстардың оқушы тілін ауызша дамытудагы
педагогикалық көзқарастар
Cыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларынын кітапқа деген ынтасын үнемі арттырумен бірге, олардын. қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш класты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының бел-гілі шығармаларымен таныс болулары қажет екенін де үнемі ескертіп отырады.
Қластан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардьщ ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі- түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі.
Екінші кластан бастгп мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кігаптарды бере бастайды. Олар-ға кітапты дүрыс үстап, күте білудің ережелерін үйре-теді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктемеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ереже-лерді анық етіп жазып, класқа іліп қояды.
Кластан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқу-лықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқи-ғаға өзінің қалай қарайтынып айтып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет.
Кластағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тіл-мен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғатта-ну т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен та-нысады. Осындай, класта алған ұғым кластан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.
Кластан тыс оқу сабақтарында мүғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығылары келетінін де есепке алуы қажет.
Бастауыш мектептердегі кластан тыс оқудың мазмұ-ны мен үйымдастыру жолы жөнінде жаңа программа-ның жобасында былай делінген: «Кластан тыс оқудың мақсаты: баланың кластан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қа-жетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу ; өз бетімен жүмыс істеу дағды-сын нығайта түсу; оқуға, білуге ынтасын, қүштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану қүмарлығын арттыру.
Кластан тыс жүргізілетін оқуды үйымдастырудың ең негізгі принципі - оның класта жүргізілетін оқумен ты-ғыз байланыста болуы. Оқушының кластан тыс оқитын кітаптары класта өтілетін сабақтардың жалғасы түрінде үсынылады. Оны мүғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сүрап, класта оқы-ғандарына байланыстырып отырады . . . ».
Сөйтіп, класта оқу сабағы жақсы үйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мү-ғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қы-зықтыра алса, кластан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, класта М. Әлімбаевтың «Ұқып-ты бала» және «Үқыпсыз бала» өлеңдері оқылды делік,
оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы» бөліміндегі Т. Бигел-диновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кей-ін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі рет алған, ұшқыш Т. Бигелдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мүғалім С. Бақбер-геновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне бо лады.
Класта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу кластан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушы-лармен балаларды толығырақ таныстыра түсу мақса-тында оның класта оқылғаннан басқа шығармаларымен кластан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтын-саринның «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтірік-тің залалы» т. б. әңгімелері кластан тыс оқуға беріледі. Қейбір жекелеген шығармаларды кластан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шы-ғармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет.
Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты ынталы жә-не бейім екендіктерін білу үшін мүғалім олардың әрқай-сысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, - бүкіл деректермен жеке танысады. Кейде кітапханадағы кар-точкасын қарап көруге де болады. Осындай ыждағатты тексерудің нәтижесінде, балалардың қайсысы қандай тақырыпты жақсы көретіндері байқалады. Кейбір бала ертегілерді, кейбіреулері ерлік жайлы шығармаларды, ал бірсыпырасы қиял-ғажайып ертегілерін т. б. үнатады. Осыдан кейін мүғалім балаларды бір жақтылықтан сақтандыру мақсатымен, оларды басқа тақырыптарға қызықтыру жолдарын іздестіреді.
Балаларға кластан тыс оқуға арналған тартымды кітаптарды іріктеп немесе жаңадан шығып жатқан шы-ғармалардың ішінен іріктеп үсынады, әдемі суреттермен безендірілген кітап жаймаларын, түрлі әдеби ойындар үйымдастырады т. б.
Кластан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын үсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұға-лім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқи-ғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кі-тапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суреттердікөрсету арқылы да қызықтыруға болады. Ал енді бір жағдайларда шығарманың, кітаптың атын, авторын ға-на айтып, оның осылайша неге аталғанын білуді тапсы-руға болады.
Бастауыш класс оқушыларын оқуға қызықтыру үшін V-VI класс оқушыларының да көмегі зор. Өздерінің кішкене бауырларына бұрын оқыған кітаптары, әңгіме, ертегілері жөнінде, өздеріне ұнайтын жазушылар жө-нінде әңгімелеп айтып берсе, олар сол кітапты өздері де тауып оқиды.
Оқу жылы аяғында балаларға жазғы демалыс кезін-де оқитын кітаптарының тізімі беріледі де, оқу жылының басында сол көрсетілген кітаптардың қайсысын оқыған-оқымағандарын тексереді. Олардың оқыған кітаптары туралы жазғандарын, әсерлерін, пікірлерін, кейбір үзін-ділерді, кейіпкерлердің аттарын, суреттерін т. б. қарай-ды, оқытады.
Міне, осындай жұмыстардан кейін қосымша оқуға тиісті қітаптардың тізімі беріледі. Мектептерде ана тілі сабақтарының өтілу жайы мен кластан тыс оқудың маз-мұнына сай, бастауыш класс оқушыларымен мынадай жұхмыстар орындауға болады:
1) Көркем шығармаларды (бір шығарманы немесе тақырыбына қарай топталған бірнеше шығарманы), ер-тегілерді, мақалаларды талдау.
2) Күнделікті баспасөздегі («Балдырған», «Ақ жел-кен», «Зерде» журналдары мен «Ұлан» газеті) мақала-ларды оқу.
3) Кітаппен жүмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Көркем шығармаларды талдау үшін сюжетті әңгімелер қолайлы.
Оқушылардың өз беттерімен оқитын шығармалары-на сүрау берудің қажеті жоқ, олар өз беттерінше қоры-тынды шығарғандары жөн, яғни әркімнің өз оқығанда-ры жөнінде өз кезқарастары болғаны дұрыс. Кейде оқы-ғандары жөнінде жолдастарынан сүрау, пікір алысу т. с. с. тыйым салынбайды.
Кластан тыс оқу сабақтарында кернекі қүралдар қолданудың да пайдасы мол. Мұнда да шығармада кез-десетін қиын сөздер түсіндіріліп отырғаны жен.
Кластан тыс оқуда бір жазушының шығармасын тал-дауда сол жазушының емірі мен қызметінен толығырақ мағлүмат беруге болады. Мүндай сабақ шамамен былай үйымдастырылады:
а) мұғалім немесе балалардың бірі жазушы жөнінде қысқаша әңгімелеп береді;
ә) жазушының балаларға таныс кітабы я шығарма-сынан үзінді оқылады, кейде бір шығармасынан әдеби монтаж, ойын ұйымдастыруға да болады.
Бірінші сабақта сол жазушының өмірбаяны туралы айтылып, оның балалар оқыған шығармасы жайлы қыс-қаша әңгімеленеді де, басқа бір шығармасы тағы оқуға тапсырылады.
Екінші сабақта оқуға берілген шығарма талқылана-ды, ал үшіншгсабақта қорытындыланады.
Жоғарыда бастауыш кластарда балалар ертегі оқу-ға өте қүмар келеді дедік. II-III кластарда көбіне жа-нуарлар туралы ертегілерді жақсы көреді. Мүндай са-бақтарға көрнекі қүралдарды балалардың өздеріне жа-сатуға болады. Бірқатар ертегілер жөнінде шыққан су-реттер де бар («Түлкі мен бөдене» т. б. ), ал көптеген ер-тегілер бойынша диафильмдер жасалды.
II-III кластарда оқу үшін үсынылатын материал-дарды мұғалім өзі іріктейді, ал IV класта балалар езде-рі іріктеп алады.
Оқушыларды газетпен таныстыру сабағын мына си-яқты жүйемен жүргізуге болады:
а) балаларды өздерінің «Үлан» газетіне қызы-ғатындай етіп, газеттегі басылған мақалалардан үзінді келтіре отырып (балалардың мектептегі, үйдегі іс-әре-кеттері мен еңбектері, пионерлердің өз мектебіне, сов-хозына, қаласына, ата-анасына қандай көмек көрсеткен-дері т. б. ), әңгіме үйымдастыру (балалар газетті оқи ма, ондағы мақалаларды түсіне ме, қандай мақалалар үнай-ды т. б. ) .
ә} газетті кімдер шығаратынын, қай жерде, қай күн-дері шығатынын, қай кезден бастап шыға бастағанын айту.
б) «Үлан» атты газетінің кезекті номерінің қүры-лысымен (макетімен) және мазмүнымен таныстыру. Мүндай сабақтарда қажет жерлері болса, географиялық карта, кітап жаймасы т. б. болғаны жөн.
«Балдырған» журналымен таныстыру сабағында журналдың кітаптан айырмашылығы (ай сайын шығып тұратыны, тақырыптарының алуан түрлілігі) айтылады.
Балаларды ез беттерімен кітап оқуға үйреткен кезде мұғалім оларға кітаптың маңызы, оқу мәдениеті, оқу ережелері т. б. жөнінде үнемі ескертіп отыруы қажет. Кластан тыс оқуды есепке алып, тексеріп отыру жө-нінде жоғарыда да айтқанбыз. Оған қосымша, оқыған кітаптары жөнінде оқушыларға күнделік жаздырып үйретудің де орасан зор тәрбиелік мәні бар екенін еске сала кетудің артықтығы болмаса керек. Бұл - балалар-ды ойларын жинақы, өз сөздерімен жаза білуге дағды-ландырады, жазу қабілетін жетілдіреді. Күнделікке кі-таптың аты, авторы, шыққан жылы, оқығаны қандай мақала екені және ол жөніндегі өзінің пікірі жазылуға тиіс.
II-III кластарда балалар оқыған кітаптарының ав-торы мен атын, шыққан жылын жазып, өздеріне үнаған кейбір оқиғаларға сурет салып қояды, ал IV класта осы-ларға қосымша, өз пікірін жазып отыруы керек.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Кластан тыс оқудың маңызы мен мақсаты жөнінде айтыңдар.
2. Кластан тыс оқуды үйымдастыру жөнінде не білесіңдер?
3. Кластағы оқу мен кластан тыс оқуды салыстырыңдар, олардың ұқсастық жақтары мен айырмашылықтарын айтыңдар.
4. Кластан тыс оқуды үйымдастыру барысында қандай методикалық ұсыныстарды ескерер едіңдер?
5. Жоғарыдағы айтылғандарға сүйене отырып, А. Асқарбаеваның кластан тыс оқуға арналған кітабын және балаларға арналған көркем шығармаларды пайдаланып, «Туған халқымыздың ерлігі» тақырыбына кластан тыс оқу сабағының конспектісін жазыңдар.
ОҚУ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІКТЕРІНЕН ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСЫ
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақта-ры оқушылардың өздіктерінен орындайтын жүмыстары-мен үштастырылып отырады. Балаларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінен екі түрлі мақсат көз-деледі: 1) кітаппен жүмыс жасауға дағдыландыру, 2) тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету, өз ең-бектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге жағ-дай жасау.
Өздігінен орындалатын жүмыстың негізгі мазмүны оқушылардың ой белсенділігін арттыру.
Мүғалім оқу кітабындағы материалды толық оқып шығып, оның қандай бөлігіке басшылық керек, ал қан-дай бөлігін балалардың өздіктерінен орындауларына беруге болатынын анықтайды. Өздіктерінен орындайтын тапсырманың түрлерін, оның сабақтағы орнын белгілей-ді, мақсатын түсіндіреді, орындау барысын тексереді.
Тапсырманы ауызша да беруге болады, бірақ егер жүмыс бірнеше этаптан түратын болса, онда ол жұмыо тың орындалу тәртібін көрсетіп, тақтаға жазады.
Балалардың өздігінен орындайтын жүмыстарынық түрлері:
1. Кітаптың мазмұнымен (кітаптың ең соңында бе-рілген материалдардың тізімі) таныстыру: оқу кітабын-да қандай бөлімдер бар? Үй жануарлары туралы не оқы-ғандарыңды кітаптың мазмүнынан белгілеңдер.
2. Шығарманы балалардың іштерінен оқуы. Әдетте мүнда сұрақтар ойлап табады, белгілі бір оқиғаны су-реттейтін үзіндіні табады, мәнерлеп оқуға дайындалады т. б.
3. Жоспар жасау жүмысы: текстерді бөлікке бөлу г қандай суреттер салуға болатынын ойластыру, тексті мүғалімнің қойған аттары бойынша бөлу т. б.
4. Тапсырманы өңдеу. Мақаланың жоспарын жазу, жаңа сөздерді жазу, шығарманың қорытындысын жазу т. б. с. с.
5. Оқушылардың үйден орындайтын жұмыстарына көңіл аудару. Үйге текстің мазмүнын қайта оқып шығу-ды бермей, творчестволық тапсырма беру керек. Мыса-лы « . . . туралы айтылған жерлерді табыңдар, текске қандай сүрақтар қоюға болатынын ойластырыңдар» т. б.
Оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмыстары-на көңіл бөлу - олардың белсенділігін көтереді.
Сұраулар мен тапсырмалар
1. Оқушыларға өздіктерінен жүмыс орындату қандай мақсат көз-дейді?
2. Балалардың өздігінен орындайтын жүмысынын, түрлері қандай?
3. «Ана тілі» кітаптарының біріндегі бір тақырып бойынша оқушы-ларға ездігінен орындауға қандай жүмыстар беруге болатынын анықта.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz