Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың теориялық негіздері
Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның, сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу", "қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек, мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Мазмұны
Кіріспе
І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларында көркемдік-эстетикалық тәрбиені
қалыптастырудың теориялық негіздері.
1. Бастауыш мектепте оқушыларға білім берудегі эстетикалық тәрбие беру
мәселелері.
2. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы
эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың ерекшеліктері.
ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері арқылы көркемдік-
эстетикалық тәрбие берудің әдістемелік негіздері.
2.1. Бейнелеу өнері пәні – балаларға көркемдік эстетикалық тәрбие беру
көздерінің бірі.
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық
тәрбие берудің жолдары.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-
қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы
шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін
өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен,
мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков,
А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров,
Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко,
суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған
көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық
жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен
өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе
эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған
адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде
бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы
үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің
түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет.
Эстетикалық тәрбие заманамен тығыз байланысты, көбіне сонымен
анықталады. Болмысты эстетикалық жағынан игеру өмірмен етене болуды,
қоршаған дүниені, қоғамды, табиғатты, заттық ортаны жасампаздықпен
өзгертуге талпынтады.
Сондықтан тақырыптың өзгешелігі, қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсаты
мен міндеттерін айқындайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық
тәрбие беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық сезімін, қиялын дамыту арқылы
оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді
талдау, мазмұнын, мәнін ашу;
- Оқушының өмірге, қоғамға көзқарасының қалыптасуының негізі – оның
дүниетанымы жайлы түсінік беру және эстетикалық талғамын дамытуда
жүзеге асыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі: 2-сыныпта бейнелеу өнері пәнін оқыту барысында
эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Зерттеу пәні: 2-сынып бейнелеу өнері.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен, жаңашыл
педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді
жинақтау, сұрыптау, талдау, өзіндік жұмыстың түрлерін ұсынып, нәтижесін
көрсету.
Диплом жұмысы: кіріспеден, екі бөлім, қортынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен, қосымшадан тұрады.

Эстетикалық тәрбие өмірге деген көзқарас белсенділігінің тууына әсерін
тигізетіні қабылдаудың, қиялдаудың, естің қалыптасуына және ынтаның,
сезімнің, бейімділік пен қабілеттің дамуына бағытталған.
Эстетикалық тәрбие – күрделі процесс. Сондықтан біз кейде "балаларды
эмоциялы қабылдауға үйрету", "рахаттана білу", "сүю және ұмтылу",
"қабілеттілік көрсету" деген сияқты тұжырымды сөздерді жадымызда ұстаймыз
да оның қалай көрініс беретінін нақтылап отырамыз.
Эстетикалық тәрбие жалпы педагогикалық процестен оқшауланып
алынбайды. Бала өмірінің көп жақтарына бойлай енумен бірге ол балалардың
адамгершілік, ақыл-ой дене дамуымен тығыз байланысты және олардың іс-
әрекетін ұйымдастырудың негізгі формаларында, ойын сабақ, тұрмыс, еңбек,
мерекелер және көңіл көтерулер үстінде жүзеге асырылады. Эстетикалық
қылықтардың табиғи үйлесімділігі еңбекке қоғамдық өмірге деген қарым-
қатынаста әсіресе көрнекі байқалады.
Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары
әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және
адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға
мәнерлеп оқуға және айтуға үйретеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік
танымын қалыптастыруға қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Эстетикалық тәрбиеде халық ауыз әдебиетінің маңызы өте зор. Оның
мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып жас ұрпақ санасын,
әсемдік сезімін талғамын қажеттігін білдіреді.
Эстетикалық тәрбиенің күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың
жинақтаған педагогикалық білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуіміз керек.
Жеке оқушының сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы
эстетикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда: бет, киім,
жан, ой - бәрі сұлу болу керек.
Сонымен бастауыш мектеп оқушылыраның эстетикалық танымын, сезімін,
мәдениетін, білімін көтерудің басты сүйеніші мұғалімдер мен ата-аналар.
Олар өздері үлгі болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын, формаларын
және әдістерін жетілдірудің жолдарын іздестіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің жеке жақтары арасындағы байланыстар зерттелінді
және теориялық негізде негізделеді. Өнер және өмірдегі әсемділікті түсінуді
үйрену үшін қарапайым эстетикалық әсерлердің, көру мен есту түйсіктерін
жинақтаудың ұзақ жолынан өту қажет. Эмоциялық және танымдық процестердің
белгілі бір шамада даму қажет.
Ұсынылып отырған осы процестің өзіндік ерекшелігін – эстетикалық
тәрбиенің тәрбиелеудің басқа жақтарымен тығыз бірлікте екендігін, баланың
жеке адам ретіндегі адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуының динамикасын
ашып көрсетеді.

өзгертуге талпынады.
Эмоция, қиял сезінуге жанасты шешілмеген проблемалар әлі де көп
болғанымен эстетикалық әсерлену түрінде қоршаған дүние өзіндік реакцияның
материалдық негізі болуы сөзсіз. Әр баланың қабілеттерінің дамуына әсерін
тигізетін өзінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері бар. Орыс
педагогтары өз жұмысында академик И.П.Павловтың нерв жүйесінің икемділігі
туралы іліміне сүйене отырып, табиғи қасиеттердің бағытталған қалыптасу
мүмкіндігін қолдайды.
Дүниежүзілік педагогикада осы проблема жөнінде пікір таластары жүріп
жатыр. Көптеген шетел психологтары мен педагогтары мақсатты бағытталған
жетекшілік стандарттық дамуға қайшы келеді деп есептеді.
Баланың жеке тәжірибесі өз заңы бойынша мұғалімнің ықпалына тәуелді
емес бағытта қалыптасатын сияқты. Әрине тікелей әсер ету барлық балаларды
біркелкі дамытады деп ойлау аңғалдық болар еді.
Адамның жеке басының даралығы әр балаға өз қабілеттелегін неғұрлым
толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін көркем творчествода көрінеді. Алайда
егер барлық балалар үшін жақсы жағдай жасаса онда, олардың әрқайсысы әлі
келерлік эстетикалық іс-әрекет тәжірибесін ойдағыдай өзгертеді. Сондақ-ақ
жалпы педагогика, технология, физиология қайраткерлері де С.Шацкий,
П.Блонский, Е.Аркин, К.Корнилов, В.Гориневский өздерінің сөйлеген
сөздерінде жаңа жүйенің бағалы тәжірибесін және творчестволық ізденулерунің
бетін ашты.
Бұрынғы педагогикалық теориялардың негізсіздігі дәлелденді. Бірақ
тәрбиенің нақты формаларында, әсіресе көркем тәрбиеде олардың әсерлерінің
зардабынан туған кедергіден өту оңай болған жоқ. Жекелеп айтқанда, баланың
эстетикалық әсерленуі басқарылатын және қалыптасатын құбылыс дейтін оймен
келісу қиын болды.
Ғылыми зерттеулер мен озат тәжірибені қорыту негізінде мектептегі балаларға
эстетикалық тәрбие беру жүйесі қалыптасып бітті, тәрбиенің барлық процесін
баланың дүниеге келген алғашқы айларынан жеті жастан кейінгі психикалық
және дене дамуының бірлігін көрсетуге, бала әрекетін ойын кезінде және
сабақта, тұрмыста, еңбекте, әр түрлі қабілеттері байқала бастады.
Педагогика эстетикалық тәрбиені өмірдегі және өнердегі әсемдікті
қабылдау, сезіну, түйсіну қабілеттерін дамыту ретінде әсемдің заңы бойынша
қоршаған дүниені жасандыруға өзі қатысуға ұмтылуын тәрбиелеу іс-әрекетке
араласу және творчестволық қабілеттерді дамыту ретінде анықтап береді.
Баланы қарым-қатынастағы жақсылық пен зұлымдықты ажырата білуге,
формалар, сызықтар, үндер, бояулар әдемілігін қабылдауға үйрету дегеніміз –
оның жанын жақсартып, тазартып, мазмұндандыра түсу деген сөз.
Психологтар мен педагогикалық бірлесіп атқаратын зерттеулері соңғы
жылдары балалардың ақыл-ой және эстетикалық іс-әрекетінің, адамгершілік
ерік қасиеттерінің деңгейі неғұрлым жоғарыланғанын көрсетті. Бұл сәби
кезден – ақ байқала бастайды.
Эстетикалық тәрбие жөніндегі баяндамалардың қызметі жалпы методикалық
ізденістермен шектелмеген, мамандар жасады. Көбісі өнер табиғатынтамаша
білетін және балалармен жұмыс жүргізу тәжірибесі бар адамдар еді: Г.Гошаль,
В.Шацкая, М.Гумер, Н.Преображенский, Н.Даламонова және басқалар.
Бала бармақтайынан-ақ айналадғы әсемдікке әсерлене қызығады. Талғау
мен таңдауына дұрыс бағыт-бағдар бері алсақ онда оның талғамы да жоғары
болып қалыптасады. Сезіну, түйсіну, қабылдау, дағдылану сияқты
психологиялық процестер арқылы оның дарыны дамып жетіледі.
Әсіресе, баланың табиғатқа қызыға құштарлануын қуаттап, эстетикалық
бағдар бере білсек бала игілікті еңбек арқылы қалаған мақсатына жете алады.
"Өнерді түсінбейтін инженер-жаман инженер, қиялдауды білмейтін
конструктор, конструктор емес, музыканы сезбейтін және поэзияның
көркемдігін түсінбейтін ғалым дүниеден бос қалған адам. Сен кім болсаң да
сенің өмірің рухани бай болуға тиіс, сен тамашаны көруге және оған сүйсіне
білуге тиіссің".
Әдемілікті сезіне жасай білуге – адам өмірін маңызды, бай және жарқын
етеді. Жақсы кітаптарды, музыканы, сурет, көркемөнер, шығармаларын оқып
шығуға, естуге, көруге қол жетті, апталар, айлар, жылдар бойы қуаныштарына
бөлейді.
Табиғаттың тамашаларына, тұрмыста адамдар арасындағы қарым-қатынасқа
тырысу – зор пейілді, жақсы талғамды адамға тән творчестволық еңбектің
әдемілігін түсіну. Асқан сұлулық тек қана ләззаттындырып, қуантып, әбден
шаттындырып қоймайды. Ол адамның адамгершілік қасиетін арттырады және оны
жоғарғы сезім мен ойларға және зор іске батылдыққа шабыттандырады. Тамаша
әріптер мен бояулар дүниесі, поэзияның әсерлігі табиғаттың сұлудығы адам
мінезі мен ісәнәң әдемілігі кімнің талабы, білімге деген құмарлығы, ақылы
мен өткір сезімі бар, кім көп оқиды, байқайды, ойлайды, шыдамды – осы
балалардың алдында жайнап тұрады.
Алғашқы балалық кезден бастап әдемілікті сезіне, түсіне және бағалай
білуі дамиды. "Әрбір адамның болашағы көп жағдайда балалық кезедгі есте
қалғандарымен анықталады. Бұл біздің ең біркелкі және жандандыратын сусын
бар табақ. Балалық шақтың елестері, сондай-ақ оқу жылдарындағы елестер –
санылы өмірдің фундаменті, ол осы таза және жарқын күндер жөніндегі есте
қалғандар - ұмытылмайтын барлық нәрселер сақталатын қойма сияқты", - дейді.
Өзінің "Слово о молодым" деген кітабында асқан орыс мүсіншісі С.Т.Коненков.
Өзінің балалық шағы жөнінде әңгімелей отырып: "Мен ешуақытта көркемөнер
жолана түспес едім, егер бала кезде музыканы сүймесем", деп атап айтады.
Баланың алғашқы кездестіретін адамы – оның анасы. Оның мейірімділігі мен
жылы шырайлылығы, аналық жарқын сезімі, сыртқы ұқыптылығы мен жинақтылығы,
оның бесік жыры адам сұлулығының ұмтылмайтын әсері қалдырады.
Әрбір оқушының өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес
ерекшеліктерін дамытады, жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Тәрбие
баланың дамуына ғана ықпал жасап қана қоймай, ол үшін даму дәрежесіне
сүйенеді. Тәрбиенің міндеті "ең таяу даму зонасы" жасап, оның келешекте
"көкейтесті даму зонасына" айналуын қамтамасыз ету. Балалардың жеке
ерекшеліктерін типтік сипатын мінез-құлқына сәйкес жете білуі психологиялық
негізде ұйымдастырып іс жүзінде іске асыру мүмкін емес.
Қазіргі педагогикалық және психологиялық зерттеулерде, эстетикалық
білім беру мен оны дамытудың әдіснамалық принципі оқу-танымдық әрекетті
басымдықта игере отырып, тек соның негізінде ғана ғылыми білімдер жүйесін
меңгеруі деп дәлелденеді. Оқушылардың эстетикалық талғамдарын
қалыптастыруда таныту, білгізу, оқыту, өмірдің өзі сияқты толассыз,
тоқтаусыз құбылыс және солай болуға тиіс те. Өйткені мәселеге шыдап,
бүгінгі интеллектуалды оқушының көзімен қарасақ, олардың ұлттық көркемдік
түсінігін тәрбиелеумен өсірудің бірден-бір құралы.
Оқушының рухани тілектеріне жауап табады, нәр алады, эстетикалық
талабы мен талғамын есейтеді, өмір мен өнердің үйлесу, үндесу үлгісін
тауып, тағылым сабақ алады.
"Баланы жан-жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан-жақты білу керек"
деген белгілі педагог К.Д.Ушинский көрегендігі педагогикалық іс-әрекеттің
психологиялық, эстетикалық талғамын тығыз қарым - қатынасты екендігі
дәлелді.
Жеке оқушыға жан-жақты тәрбие берудегі маңызды салының бірі
эстетикалық тәрбие, мектептің эксперимент жұмысының негізгі міндеті,
эстетикалық тәрбие оқушының рухани бейнесін қалыптастырады.
1.2. Кіші мектеп жасындағы балаларда бейнелеу өнерін оқыту арқылы

Қазақстан Республикасында балаларға тәрбие беруге көп назар аударуда.
Соның ішінде эстетикалық тәрбие оқушылардың көркемдік талғамдарын, алуан
түрлі творчествалық қабілеттерін жетілдіруге себепкер болады. Балалар
эстетикалық тәрбие процесніде табиғат пен өнердегі әсемдікті ғана емес,
адамдардың әркет қылықтарындағы, өзара қарым-қатынастардағы әсемдікті ұғына
білуге үйренеді. Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен рол атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады.
Эстетикалық көзқарасты дамыту, тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін
мәселе. Сонымен қатар эстетикалық көзқарас адамның шындыққа қатынасын
бейнелейді. Эстетикалық тәрбиенің барысында оқушының икемділік, іскерлігі
артады. Өмірге талпынысы, көзқарасы өзгереді. Сонымен бірге балаға
эстетикалық тәрбиенің берері мол. Оқушы қоғамды, үйде, мектепте өзін-өзі
ұстауға эстетикаға үйнренеді. Оқушы бойында жаңа бір үрдіс пайда болады.
Бала өзін жаңаша сезінеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді.
Бастауыш мектептің қойған басты мақсаты балаларға эстетикалық тәрбие
беру. Болашақ ұрпақтың саналы болып өсуіне әрбір педагог үлес қосқаны
абзал. Мектептегі оқушыларды эстетикаға тәрбиелеу әсемдік сана мен
талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастыру басты мақсатта
іске асырылады. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие
беру барысында іскерлікпен, икемділікті қалыптастыру жолында көптеген
шаралар қолданып, оқушыларды эстетикалық талғамға тәрбиелеу мұғалімнің
басты мақсаты. Қандай да бір адам жұмысқа кіріспес бұрын бір міндетті
көздейді. Болашақ педагогтың міндеті жас өскелең саналы, іскерлі,
эстетикалық талғамы бар ұрпақ тәрбиелеу. Бастауыш сыныпта эстетикалық
білімнің негізі – оқу пәндері.
Бастауыш сынып оқушылары әр түрлі пәндерді оқытудың нәтижесінде
табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай
білуді, практика жүзінде мұғалім түсіндіруге міндетті. Сонымен қатар
болашақ педагог жастарға эстетикалық тәрбие беру барысында сабақты қызықты
өтікізуге міндетті. Оқушы қоғамда, үйде, мектепте өзін-өзі қалай ұстауға,
саналы эстетикалық талғамға толы ұрпақтың өсуіне мұғалім әсер етуге
міндетті.
Педагогика ғылымында оқушыны тәрбиелеуде көптеген әдіс-тәсілдер
қолдануға болады. Бұл әдістердің арқасында сабақ қызықты болып өтеді.
Мұғалім сабақты жүргізе отырып балаларға эстетикалық тәрбие береді.
Эстетикалық тәрбие тек мектепте ғана емес үйде, қандай да бір қоғамда яғни
тірі жан бар жерде эстетика керек. Өйткені эстетикасыз адам болашығы жоқ.
Эстетикалық көзқарасы, талғамы, сана-сезімі жоқ адам болашағын елестету
мүмкін емес. Ал оған мұғалімдер яғни педагогтардың тікелей әсері бар. Бала
психикасы мектепке жаңа келісімен ояна бастайды. Ал оған тек қана, ең алғаш
болып мұғалім эстетикалық талғамға, тән сұлулығына, сезіміне әсер етеді.
Бұдан кіші мектеп жасындағы бала психикасының эстетикалық талғамы қалыптаса
бастайды. Әрбір педагогикалық әдісті практикада жүзеге асыру үшін ең алғаш
бағыт-бағдар беретін біз болашақ мұғалімдер.
Эстетикалық тәрбиенің арқасында саналы, болашақ Қазақстан
Республикасының эстетикалық талғамға толы азаматының ең басты қадамы осы
кіші мектеп жасында қалыптасады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбір
қоғамның өмірі ілгері дамуы мүмкін емес, сондықтан "тәрбиені жалпы және
мәңгілік категория", - деп дәлелдеген. Тәрбие қоғамның пайда болуымен бірге
пайда болды, онсыз қоғам жоқ, ол өмір сүруін тоқтатады, ілгері дамымайды.
Қазіргі педагогика ғылымында эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті, жексұрындықты, сәулеттілікті және
ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі
мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы
көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу – тәрбие барысының
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнер де емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Балаларға қазіргі таңда эстетикалық тәрбие беру көзқарасы мектепте
тәрбие жұмысымен тығыз байланысты. Адам өмірінде эстетикалық көзқарас
әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік
кезеңінен бастап, әсемдікке ұмтылу тән нәрсен. Ол әрдайым бойларында
әсемдік құндылықтары бар қатар - құрбыларына, ересектерге еліктіреді.
Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның
ұйымдастырылуы толасып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн.
Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемдігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге,
әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы сана өте күшті
әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік
сана мен талғамда, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыларды жан-жақты және үйлесімді
дамытудың жалпы жүйесіндегі ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-
әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының
әсемдікке көзқарысының дамуы, білім алуы, қалыптасу құралына айналдырады.
Кең өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнын сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем, сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекеттерінде еңбек мақсаттары және процесі, оның
нәтижесі, сұлулығы еекше көрсетіледі. Құқықтың іс-әрекетінде қоғамдық
мұраттардағы , дамуындағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар
аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем,
музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады.
Дене тәрбиесі мәдениеті мен және гигиена негіздері арқылы бала адам
денесінің тән жән жан сұлулығын таниды.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйле сімді дамытудың
жалпы жүйесіндегі жанама қыземті де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге
оның іс-әркетінің белсенді жэәне тиімі деп берушісіә де болады. Оқушы
өнегелгінің әсемдігі , оның жан-дүниесінің байлағы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек
әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін
жеңілдетеді.
Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқық
әрекеттерін орнатуға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр
түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалы мен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар
арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға
жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салаларымен тығыз байланысы қаралады.
Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттеген құбылыстар әсемдігін ашпай
жүзеге асыру мүмкін емес. Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей
отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал
тыңдаушы болуға үйрету керек.
Балалар әдебиетті оқуға, кинофильмдерді , теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық
шығамлардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп
ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдентеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Соныдықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық
бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе
алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасы және бейімділігін дамыту. Осған орай, мектепте
оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізі құралдары әдебиет және өнер. Ола зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдарды қуанышқа
бөлейді, жігірлендіреді. Олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді.
Өнер және әдебиет адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар
арқылы (әдебиетте проза, кескіндемеде – жанр, баталия, пейзеж, мүсінде –
бюс, музыкада симфония, оратория, ән енгізіледі).
Белгігі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Перовтың, И.С.Репиннің,
В.В.Верещогиннің, И.И.Шишкиннің, И.Н.Левитонның және қазақ суретшілері
Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың шығармашылығымен байланысты
бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов – еңбектеріндегі адам баласының бақытты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.
Сонымен бейнелеу өнері және әдебиет шындықты игерудің және танудың
құралы. Өнер мен әдебиет шындықты және рухани өсуінің басты шарттарының
бірі болып табылады.
Басатауыш мектеп оқу тәрбие процесінде оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру барысында іскерлік пен икемділікті қалыптастыру өзделеді.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарасты қалыптастыралы. Табиғат
адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады.
Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы
шығармашалық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бағыты
үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсалуы керек. Мысалы, қала мен селоны,
тұрған жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс
орындарын әшекелейлеу – бұл зор эстетикалық қамқорлық.
Бейнелеу өнері сабағында оқушылдың эстетикалық түсініктері, олардың
еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен
байланысты екенін көрсетеді. Мәселені, өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана
оның әрі мінез-құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйін жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбекпен қнағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала
үшін көпжағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегінде талғампаздық қатынасын дамыту, оның оқудың
қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркедік ләззат және құқықтық әсер алуды
қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет. Бақылау
және балалар мен әңгіме олардың әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін
көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да
қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып
олардың нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Оқушыларға бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан
қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл
отырғызу, металл сынықтарымен, қағаз қалдықтарын жинау, кітап түптеу, сынып
бөлмесін тазарту, безендіру т.б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау,
жарыста озып шығу, әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек
және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.
Көп жағдайда оқушылар тәртіпінің дұрыстығына сыртқы, кейде үстірт
беліглер арқылы баға беріледі. Тәртіп шеңберіндегі олардың мұраттары
мұғалімнің, жақын адамдардың тәртібі мен іс-әрекеті, қоғамдық өмір және
өнер ықпалымен қалыптасады. Бұл тұрғыда әдебиеттің, олардың оқушылар есінде
ұзақ сақталатын кейіпкерлерінің бейнелері үлкен орын алады.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық санысының және шындыққа
қатынасының ерекшеліктерін білу оқушылар өмірін эстетикалық көзқарас
тұрғысында дұрыс ұйымдасытуға көмектеседі.
Оқушылардың бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбиесі оқу және
сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.
Эстетикалық білімінің негізі – оқу пәндері. Бастауыш сыеып оқушылары
әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және
адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға,
мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл мәдениетті сөйлеуге, көркемдік
танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың тілін дамыта отырып, мұғалім
суретке қарап әңгіме құрауды, әсер алған уақиғаларды айтып беруді, қиялына
жаңа белгілерді жасауға үйретеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып,
олардың рухани күші дамиды.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын
қалыптастырып, бала тәртәбіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар
үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік
сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді, және
топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту
үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық
шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді.
Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болуы
керек немесе музыка сабақтарына тікіелей қатынасып, ол пәнді жүргізушмен
тығыз байланысты, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам
өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізуі керек.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқрасын
тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет
өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.
Бейнелеу өнері шығармалары әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар мұратына,
күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.
Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзік сезіну, алған әсерін бейнелеу
өнері құралдарымен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру,
жеке балаларда кескін, мүсін, сызықтық суреттерде әсемдікті жасау қабілеті,
олардың өзіндік іс-әрекеті бейнелеу өнерін тану барысында қалыптаса
бастайды.
Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнерін, өнер
сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.
Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде, ұжымда, жұртшылық арасында
байқалады. Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасына
ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін
басты мәселелердің бірі болып саналады.
Үйелменде ата-аналармен, мектепте оқушылар және мұғалімдермен, басқа
адамдармен қатынас жасау эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас
балалардың күнделікті өмірінде іс-әрекетінде қалыптасады, эстетикалық
сезіміне үнемі әсер етеді. А.С.Макаренконың айтуы бойынша адамдармен жылы
шырайлы қарым-қатынас, көршілерге қайырымды, сенімді дос және өнегелі болу
– осының бәрі моральдық эстетиканың басты салалары.
Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жамъсауға тырысады. Әр түрлі үй
дүниемүліктерінің өз орында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады.
Жұмыс істейтін және демалатын бөлемелерді өте қолайдлы етіп
жабдықтайды. Үйелменде балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нәрселерін
ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалықты сақтауға үйретеді.
Оқушылардың үй жағдайын өзгертуге байланысты жұмыстарға қатыстарып отыруы
керек.
Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы, оның эстетикалық
мәдениетіне байланысты. Киім эстетикасы сән (мода) қазіргі өмір талабына
сәйкес болуды қажет етеді. Ескірген сән бойынша киіну адамды сұрықсыз
етеді, оның сүйкімділігін жояды. Сәнді дұрыс пайдалану – бұл әдемілікті
сезу, өмірге, адамның бейнесіне сергітуші жаңалықтар енгізу.
Артық сәндену, түрлі формаларға, түстергееліктеу адамға абырой
әпермейді. Киім-кешек эстетикасында сұлулықтың өлшемін есепке алу керек.
Манера, жест дене қимылы – бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгсі
және дене қимылы жөніндегі ұғымды білдіреді.
Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы
эстетикалық сұлулықтың белгісі А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда:
келбет, киім, жан дүниесі, ойы бәрі сұлу болу керек.
Сонымен оқушы жастардың эстетикалық танымын, сезімін, мәдениетін,
білімін көтеруге ең басты сүйеніш мұғалімдер мен ата-аналар.
Атақты француз жазушысы, ағартушы философ және педагог Жан-Жак Руссо
дене қимылын бір қалыптылықта ұстауға, мейірімді дауыспен сөйдеуге, өзін
ұстай білуге, мейірімділік пен қайырымдылыққа жетелейді – деді.
Олар өздері үшін болып эстетикалық тәрбие жұмысының мазмұнын,
формаларын және әдістерін жетілдірудің жолдарын ізедстіріп іске асырады.
Эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық
тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен тығыз
байланысты екені мәлім.
Басқа халықтар сияқты қазақ халқының да өзіндік әлеуметтік –
экономикалық тарихы және географиялық тұрмыс-тіршілік жағдайлары, көшпелі
тұрмыс-салт, саяси және территориялық бытыраңқылығы, басқа халықтармен кең
сауда байланыстарының болмауы қазақтардың материалдық, рухани мәдениетіне,
тұрмысы мен діни көзқарасына өз әсерін тигізіп, өзіне тән тіршілік
салтын,халықтың қолданбалы өнерді, ән-күйлерді, аңыз-ертегілерді, мақал-
мәтелдерді, жыр-дастандары, әдет-ғұрыптарды, ұлттық салт-сана мен тәрбиенің
халықтық дәстүрлерін өмірге әкелді.
Өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихының ішінде қазақ халқы тәрбиенің
өзіне тән эмпиризмдік (сезімдік қабылдау) тәрбиесін, тәжірибесін өскелең
ұрпаққа эстетикалық тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
жинақтады. Оларға бұқараның жасампаз,творчествалық тәжірибесі, азды-көпті
орнықты қағидалар, қоғамдық мінез-құлық нормалары мен принциптері
топтастырылған.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, тарихи, географиялық
жағдайларының, халықтың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшеліктеріне
сәйкес өскелең ұрпақты үйретуге және тәрбиелеуге, атап айтқанда,
эстетикалық тәрбие беруге деген өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Тарихи, этнографиялық материалдар мен халықтың ауызекі творчествасын
зерттеу, осы проблема жөніндегі педагогикалық зерттеулермен танысу және
қазақ жанұясындағы тәрбиенің халықтық дәстүрлерін талдау, балаларды
еңбекке, ән-күйге, өлең-жырға, халықтың қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға
ерте бстан баулитытын аңғартады.
Халық педагогикасында жанұя ішіндегі қатынастардың өзіндік ерекшелігі
ретінде, біріншіден, балаларға деген мейірімділік; екіншіден, белгілі бір
дәрежеде өктемдік орын алады. Ата-аналарды, үлкендерді, туыстық
байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер
үлкендердің беделін қамтамасыз етті. Сондықтан тәрбиедегі қаталдық пен
талап етушілік халық педагогикасының негізін қалады.
Қазақтың халақ педагогикасында эстетикалық тәрбие үлкендердің, ата-
аналардың жеке басының жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге "ұят, намыс, ар", -
ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу,
мадақтау, жазалау, мақұлдау әдістері мен жүзеге асырылып отырды.
Балаларды ерте бастан еңбекке, мысалы алуан түрлі өнер бұйымдарын
жасауға тарту, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ой-өрісіне
шеберлігі мен дағдысына талапты күшейту қазақ халқы педагогикасының өскелең
ұрпаққа еңбек тәрбиесін беру жөніндегі негізгі міндетіне айналды.
Балаларды еңбекке тәрбиелей отырып, ата-аналар оларды тек өзі үшін
ғана емес, жалпы игілік үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек
процесінің әсемдігін, эстетикалық қуаныш-ләззатын сезініп, түсіне білуге
үйретті. Сонымен бірге, еңбекке бұлай араластыру көркемдік және эстетикалық
талғамдарды, көзқарастарды, нанымдарды ерте сіңіруге, халықтың мәдени және
адамгершілік мұрасына қамқор көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдеседі.
Қазақ халықының педагогикасында және балалар мен жастаға эстетикалық
тәрбие берудің күнделікті практикасында педагогикалық ықпал етудің толып
жатқан тәсілдері бейнелеу өнері сабағында қолданылады.
Эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен роль атқарады. Әсемдікті көре,
түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады. Қазіргі кезде
эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу күн санап өсіруді талап ететін мәселе.
Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуі дамыған әсемдік сана мен
талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырады. Сонымен қатар
эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы бейнелеу өнері сабағы.
Пеадагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен
тығыз байланысты.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Оқушылардың
эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске
асырылады. Эстетикалық білімнің негізі – оқу пәндері . Бастауыш сынып
оқушылары оқудың нәтижесінде табиғаттың еңбек сұлулығын оқу арқылы бағалай
білуді түсінеді. Эстетика - әдемілік, сұлулық негізі.

Эстетикалық тәрбие әдісінің негізіне оқушы мен педагогтың көркем
құндылықты қабылдауға, өнімді іс-әрекетке деген творчествалық қабілеттерді,
әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту
жөніндегі бірлескен іс-әрекеті жатады.
Өмір құыбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі таңдамалы.
Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіру жатады. Оқушы әрқашанда табиғаттағы,
заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың мейірбан сезіміне үн
қосады. Мұның өзінде оқушының бастан кешірген қуанышының, талпынысының,
толғануының маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие әдістері тіпті алуан түрлі. Олар көп жағдайға:
көркем информацияның көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс-
әрекет түрлеріне, баланың жас мөлшеріне бағынышты. Педагогтың даярлық
деңгейі, шеберлігі мен қабылетінің атқаратын ролі аз емес.
Эстетикалық информацияны оқушы көптеген каналдар бойынша (әлеуметтіе
орта, заттық дүние, табиғи құбылыстар, көркем шығармалар) алады. Сондықтан
да картинаның, ертегінің, фортепианолық пьесаның музыкалық-бейнелік құрылу
сюжетін тұтастай қабылдау өте маңызды.
Бұдан әрі педагог балаға дыбыстарды беріле тыңдауға, заттың бояуы мен
формасын зер сала қарауға көмектесу үшін оның назарын детальдарды
қабылдауға, мақсатты бақылауға аударады. Мәселен, телевизиялық хабарды
көруде ересек адам балаға жеке кейіпкерлерге, олардың мінез-құлықтарына,
әдеттеріне ерекше назар аударуды ұсынады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар эстетикалық информацияны қалай
алатындығына қарай (өнер туындысымен музыкалық пьесаны, әнді, ертегіні
тыңдай, картиналарды көре отырып тікелей немесе әңгімелеп, түсіндіріп,
сұрақтар қойып отырған тәрбиеші арқылы танысады) эстетикалық тәрбие
әдістері мен тәсілдерін көрнекі және ауызша деп бөлуге болады. Оларға
белгілі бір талаптар қойылады.
Әдеби және музыкалық шығарманы орындау көркем мәнді, эмоциялы болуы
тиіс, әйтпесе өнермен кезігу әсерсіз болады. Сөйлесу әдісінде де оқушылар
картинаның , өлеңнің, әнннің мазмұнын немесе тапсыпманың мәнін ғана
түсінбей, кейіпкерлердің көңіл күйлеріне сәйкес жайды өз бастарынан кешіру
үшін де жарқын образдылыққа жетулері қажет.
Әдістер іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына байланысты өзгеріп
отырады. Көркем сабақтарда педагог дәл нұсқаулар береді, балаларға орындау
тәсілдерін өздері табуын ұсынады т.б. Мәселен, өлең мен әндерді жаттап
үйрену оларды үлкендердің алдын ала орындауын, шығарманың мазмұны мен күйін
білдіретін көркемдік қасиеттері туралы әңгімелесуді, көрнекі құралдарды
пайдалануды, балалардың тексті бірнеше рет қайталауын т.б. талап етеді.
Көркем жапсыру сабақтарында балалардың өздері жеке бөлшектерден зат
құрастыруға немесе тұтас материалдан (балшықтан, пластилиннен) жеке
детальдар жапсыруға мүмкіндік беретін тәсілдерге үйретіледі. Демек, үйрету
жеткілікті түрде тікелей өтеді. Баланың дербес іс-әрекет етуінде
үлкендердің жетекшілігі жанама ықпалмен шектеледі, ол тек іс-әрекетке
итермелеп, еске түсіреді немесе қателерді түзетеді.
Эстетикалық тәрбие әдістерінің мәні балалардың жас мөлшеріне де
тәуелді. Кіші мектеп жасындағы балаларды әсемдік әлеміне тарта отырып,
мұғалім оның назарын жапырақтардың күзде қандай болатындығына, бөлмеде
реттілік, тазалық болудың қандай тамаша екендігіне аударады.
Балалардың алдына басты міндет – ересек адамның жетекшілігімен
қоршаған дүниені активті "жасампаздықпен", бірақ олардың шама-шарқы
жететіндей етіп өзгерту міндеті қойылады.
Бейнелеу өнері пәні бойынша оқу материалдарын жүйелі, бірізді және
толық меңгеру мұғалімнің дұрыс іріктелген, ғылыми негізделген сабақ
материалына байланысты.
Бейнелеу өнері пәні бойынша мұғалімдердің тәжірибелері көрсетіп
отырғандай, әрбір сабақтың мазмұнына көңіл бөліп қана қоймай, сонымен қатар
оқу жылына толық сабақ жоспары жасалғаны жөн.
Бастауыш сыныптардағы тақырыптық сурет салу алдын ала байқау
жүргізілгеннен кейін, көз алдына елестету арқылы сурет салудан тұрады.
Тақырыптық сурет салу үрдісінде балалардың құрылым, көлем, затты
кеңістікте дұрыс орналастыру, сәуле түсіру, түстерді таба алу дағдыларымен
бекітіледі. Ең маңыздысы, оқушылардың сурет салуда алғашқы біліктілігі
қалыптасады. Мұғалім балалардың тақырып бойынша сурет салуда, тақырыпты
дұрыс таңдағанына көңіл қойып, олардың сурет арқылы өздерінің ойларының
құрылымдық, эмоциялық, көркемдік жағынан дұрыс немесе бұрыс шешілгендігіне
назар аудару қажет.
Баланы тақырыптық сурет салуда шығармашылық ой-өрісін, оның қиялдауын
асыра бағалаудан да сақ болу қажет.
Ойлау үрдісінде сурет салушы заттар мен құбылыстардың жалпы заңдылық
байланыстарын байқайды, ой абстрактілі үрдіс болғандықтан, тікелей сезім
мен қабылдауға аталған байланыстар көрінбейді. Ойлаған затты көз алдына
елестету сурет салуға дейінгі үрдіс.
Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау, т.б. үрдістер
қатар жүріп жатады. Сонымен, бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық
сезгіштігін дамытып қалыптастырады. Аталған қабілеттерді көз алдына
елестете білу мен біріктіру көркем ойлаудың негізін құрайды.
В.В.Алексеева "Баланың бойында суретші қасиетінің жоғалуына тек қана
өкіну керек. Егер адамда дер кезінде ойлау дамытылмаған, қалыптастырылмаған
болса, онда дабыл қағу керек, Өйткені ол бала маңызды жалпы адамдық
негізден құр қалады", - дейді.
Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Оның
осындай болуына тек болмыс туралы әсерлер ғана емес, сонымен бірге
эмоциялық ойлау әсер етеді. Эмоциялық бастауды дамытпай, адамға нағыз қажет
талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді,
шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.
Бұдан басқа "Көркемөнерсіз өскен баланың мүмкіншілігі шектеледі, ал
мүмкіншілік шектелуі қиялдау үрдісінің тоқтауына әкеледі, "- дейді
Б.Т.Лихачев. Оның тұжырымдауынша, көз алдына елестету сөйлем дамуына
тәуелді, яғни баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасының негізі болып
саналады.
Қоршаған ортаға денен байқағыштықты, зеректілікті қалыптастыру
көркемөнерлік материалдарды жылдам қабылдауға үйретеді. Бала сурет салуда
бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің
бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынатыны мәлім.
Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын адамдар арасындағы
қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен не
болмаса сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мұғалім өз сабақтарын құрғанда,
оқушыларды қоршаған ортаның әсемдігінің, пішіні мен түсінің
қарапайымдылығын, заттардың әдемілігін бағалау қабілеттерін арттыруға
бағыштайтын тәсілдерді қолданғаны жөн.
Туған жердің әсемдігін көру, түстердің ғажап әлемін ашу, суретші
құралдарымен (графикалық, кескіндемелік) беру, әрбір қимылды мұғалімнің
тыңдатқан музыкалық үзінділерінен есту – бейнелеу өнерінен сабақ берудің
негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Тек қана қоршаған табиғатты
қабылдау үрдісінде емес, сонымен қатар шығармашылық жұмыстарды талқылағанда
да қатарласып жүріп жатуы керек.
Сондай-ақ, мұғалім әуездік-қолданбалы өнермен таныстырса әдемілік,
әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін
қолдануы қажет.
Эстетикалық танымпаздық саласындағы балалардың алғашқы қадамы олардың
суретке түсіретін бұйымдарды эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын
елестете сурет салумен, графиканы эмоциялық түсінгіштігімен тығыз
байланысты.
Оқушылардың көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттері әдеби әуездік
шығармаларымен көркемделеді. Ол республика өмірінен көріністерді тақырыптық
құрылым арқылы көрсеткен кезде анық көрінеді.
Олар туған жерінің халық өнері, тарихи ескерткіштері, сәулет өнері
туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz