Айтыс өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Жұмыс тақырыбының өзектілігі ертеде жазу өнері болмағандықтан қазақ халқының әдебиетінің негізгі бір саласы ретінде айтыс өнері туды. Айтыс - қазақтың халық ауыз әдебиетінің әлеуметтік жүгі мол, кең өрісті үлкен бір саласы. Ол суырып салып айтатын тапқырлық, өткірлік мазмұныменде дараланады. Осындай әлеуметтік мәні зор бір алуан айтыстарды сол екздегі ел өмірінің көркем шежіресі деугеде болар еді.

«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер бәсекесі ұғымында қолданып келген. Бізде екі адамның бетпе - бет келіп өнер жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй тартысу менде, қолма - қол шығарып айтылатын өлеңмен болуыда мүмкін. Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан - ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын - сауық, үлкен жиын, ас - тойларда өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би, абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір қақы жоқ. Екі жақта «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап қайтарады» деген ұлағатты птинципті ұстанады.

Айтыс - көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде аз, енді бірінде мейлінше ол дамыған. Бұл кездегі жазу - сызудың жоқтығынан, ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық, өмір салты мен әдет - ғұрып, салт - санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз, қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жаныр оларда дәл біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.

«Айтыс жанрының XVIII ғасырда даму қалыптасу ерекшелгі деген тақырыпта таңдау себебім күні бүгінге дейінтөл әдибетіміздің төрінен орын алып келе жатқан ұлы өнерге деген басты қызығушылығым себеп болды. Бұл тақырыпқа қалам тартып өз көзқарасын айтып өтпеген жазушы немесе ақын кемде - кемшығар. Өз жұмысымды жазу барысымда Х. Сүйіншәлиев, С. Мұқанов, М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Жармұқанмедов, М. Ғабдуллин, А. Байтұрсынов, М. Мағауин, Р. Бердібаев, Қ. Жұмалиев, Ғ. Мүсірепов, сынды т. б. көптеген ғалымдардың еңбектері мен танысып шықтым.

Жұмыстың мақсаты айтыс жанрының XVIII ғасырдағы дамуы қалыптасуы кейінгі дәуірдегі айтыстың кемелдене түсуіндегі алатын орны оның түрлеріне тоқталу. Жұмыстың басты міндеті айтыстың ешқашанда ұлт тарихынан өшпейтін өміршең өмір екендігін таныту. Бұл тақырыпты зерттей келе айтыс өнерінің сонау ерте заманнан бері етек алып келе жатқанына көзім жетті. Көне ислам дәуірі әдебиетінің кезінде -ақ ақындық өнер біртіндеп дамып қалыптаса бастаған. Сөзімді дәлелді болуы үшін сол кездегі өмір сүрген Әбу Насыр Әл -Фараби, Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Сүлеймен Бақырғани сияқты аты әлемге мәшһүр ойшылдардың шығармаларымен қалыптасып өзіндік даму жолына түсті. Әл - Фараби өзінің өлең кітабында поэзияның бірқатар теориялық мәселелеріне өлеңнің композициялық құрлысына, шумағына, өлшеміне, ұйқасына т. б. шолу жасай келіп өлеңнің барлық компоненттері ақын айтайын деп отырған ой жүйесіне лайық орынды болу керек деген түйін жасайды. Жақсы өлеңде қашанда басы артық оғаш тұрған шумақ, тармақ болмайтынын ескертеді.

«Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты еңбегінде Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарастырады, әрі әрбір топқа өзінше сипаттама береді.

Бірінші топқа Фараби табиғи дарыны мол тамаша теңеулер табуға мейлінше бейім, бірақ өлең өнерінің сын-сипаты мен, яғни теориясымен онша таныс емес ақындарды жатқызады. Ал, енді екінші топтағылары, өлең өнерімен толық таныс ақындар, олар өлең жазу қағидасына да, бейнелеу құралдарын қолдануға да шебер болып келеді. Үшінші топтағылар -жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер деуге болады. Бұлардың әлі өзіндік жазу мәнері толық қалыптасқан емес.

Сонымен, Фараби біз әңгіме етіп отырған ежелгі дәуірдегі араб, парсы және грек поэзиясының тарихы тақырыбы, композициялық құрылымы, өлшемі, шумағы, ырғағы, тармағы, буыны, бунағы, ұйқасы, түр -тұлғасы т. б. мәселелерін әдебиетші ғалым жан -жақты зерттейді.

Түркі тектес халықтарды айтыстың ертеде өзге жанрлардан басым сала болып келгенін дәлелдейтін жазба ескерткіштердің бірі -М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат -түрік» атты еңбегі. Осында берілген «Жаз бен Қыстың айтысы» өзінің сыртқы түр-құрылысы мен мазмұны жағынан мысал айтыстың бағзы бір үлгілерін еске түсіреді. Тіпті, өзін дәріптей аспанға көтеріп, қарсыласын тұқырта сынап, аяусыз мінеп шенеуі жағынан бұл нұсқа өзіміздегі ақындар айтысына да, көбірек ұқсас. Табиғаттың от пен судай бір-біріне қарама-қарсы кезеңдерін әдейі беттестіріп, екеуін қолма-қол айтыстыру арқылы ол табиғат пен адам өмірін астастыра, шендестіре бейнелеуді мақсат етіпті. Айталық, айтысты алғаш бастаған Қыс өзін бірден көкке көтере дәріптеп:

Ауруды емдедім,

Қуаттанар ерлерім.

Тұлпарларды жемдедім,

Күш беремін тәнге де . . .

Ауру -сырқау тынады,

Дұшпандарда бұғады, -

деп, келесі бір сәтте қарсыласа Жазға үлкен мін таға сөйлеп:

Сен келіп ең әлденіп,

Бәрі бірдей әлденіп,

Шыға келер секіріп,

Жылан уы жетіліп.

Бүйі жүрер тайраңдап,

Шыбын - шіркей жайраңдап . . .

Жауда қыста тынады,

Жазда ғана құлағы

Ербеңдей кеп тұрады, -

деп айыттайды. Жаз бұған қарсы Қыстың адамға, табиғатқа қатаң, ызғарлы суығын, қыстағы бүрсең қаққан жұрттың көңілсіз сұрқын, көлденең тартып, өзінің жер - көкке қажетті шапағатты, жарқын нұрын мақтан тұта сөйлейді:

Айдың нұры төгілді,

Жұлдыздар да өрілді.

Ақша бұлттар көрінді

Шапқылады бұлақтар.

Қарашы кеп сайларды,

Жасыл көлге айналды.

Жер жасарып жайланды,

Лебі есті өмірдің

Халық бас қосқан.

Әр тұстағы үлкен жиын, ас пен той қай кезде де ақындар айтысынсыз өтепейтін болған. Ат бәйгесі, балуандар күресі, жаяу жарыс, күй тартысу бәсекесі, туды - бітті серігі, қызығы болып келеді. Әсіресе, тұрақты театры жоқ елде айтыс өнерінің ерекше ел ықыласына бөленіп келуі де осыдан. М. Әуезовтың айтыста халықтық театр өнерінің мол белгілері бар деп көрсетуінде де үлкен мән бар. Алайда кейбір зерттеушілер осыған қарап, айтысты тікелей драмалық жанрға келіп әңгімелеуді жөн көреді. Шын мәнісінде мұндағы сөз айтыстың бұқарашыл, көптік сипатымен оның кейбір жанрлық ұқсас белгілері жөнінде ғана болып отыр. Сондықтан айтыстың осындай синкреттік ерекшеліктерімен халықтық мазмұнын бір - бірінен бөле жарып, байланыссыз алып қарауға болмайды дер едік. ( Айтыс, 8 - 9 б. б. )

Арбтардың жалаңаяқ, жалаңбас балаларына дейін өзін қойылған сауалға көркем өнерге өлеңмен жауап бере алатыны жайында Арабстанның шөлін кешіп, аптабына күйіп, көшпенділердің шатырында түнеген Европа саяхатшыларының қайсысы болмасын таңырқай баяндайды, біздің қазақтардың да ақындығы осы дәрежеде дейді Шоқан. Бұл - жалғыз Шоқанның ғана аузынан шыққан сөз емес. Қазақтардың ақындығы, сөз өнеріне ерекше құрметпен қарайтындығы, қазақтың халық әдебиеті үлгілерінің құндылығы жайында орыс әдебиетшілерімен этнографтары тіпті, өткен ғасырдың өзінде ақ ғылыми маңызын күні бүгінге дейін жоймаған көптеген салиқалы пікірлер айтты.

«Рухани жағынан алғанда қазақтар бойына үлкен қабілет дарыған халықтардың қатарына жатады. Олардың әдебиеті байлығымен де мазмұндылығымен де ерекше көзге түседі», - деп жазады. Д. Клеменц «Қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі, сондықтан олардың поэзиясы дамудың жоғарғы сатысына жеткен», - дейді Радлов. Радлов атап көрсеткендей, қазақ поэзиясының дамуының қайнар көзі - халықтың нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп білетіндігінде. «Өлең, жыр - қазақтардың жан серігі. Жай қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады», - дейді П. И. Пашино. Айтыс - синкреттік жанр. Ол ауыз әдебиетіндегі батырлық жырларымен тығыз байланысты. Бұл екеуінің көне көздерінің бір негізден, атап айтсақ, ертеден тұрмыс-салт өлеңдерінен бастау алатынын М. Әуезов атап көрсеткен. Алайда, бұл жанр дәуір талабына орай бірде бәсең тартып, бірде кең өріс алып дамып отырған. Айталық, айтыс жанрының ХIV - XVIII ғасырларда біршама толастағаны байқалады. Бұл кезде туған айтыстар ұмтылды ма, әлде заман талабына сай өзге түрлерге жол берілді ме, осы арасы әзірге беймәлім. Біздің ойымызша, мұны халқымыздың сол кездегі өмір салты мен тұрмыс - тіршілік, тарихи болмысынан іздеу керек сияқты. Тарихи деректерге қарасақ, XIV - XVIII ғасырлар халқымыздың өмірінде жеке ел болып бірігу, сыртқы жауларға қарсы сан алуан азаттық күрестері кезеңдерін құрайды. Сондықтан бұл тұста бұл ерлік күрес жырлары бел алып, айтыс кең қанат жаяа алмаған сияқты. Дегенмен айтыс сол тұстың өзінде де кең тынысты лиро - эпикалық жанрдың түрмен мазмұны жағынан көркейіп жетіле түсуіне өз әсер - ықпалын тигізді. Бұл орайда батырлық жырларымыздағы әр қилы «Жар-жар» мен айтыс - қағыс үлгілерін, тіпті, сондағы сан алуан сөз тартысы мен пікірі - таластарын сипаттайтын диалогтарды да тілге тиек ете аламыз. Айтыстың, әсіресе, ерекше дамыған ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысы бұған сол тұстағы әлеуметтік өмірдің дамуы басты себеп болды.

Қазақ айтыстарының жиналуы жарық көруі ХІХ 2-ші жартысынан басталады. Бұл игі іске акдемик Б. Радлов бастаған бір топ орыс зерттеушілері мен

Ы. Алтынсарин, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. А. Сейдалин, С. А. Жантөрин, Ж. Шайхысламов тәрізді жинаушылар, ал Совет өкіметі жылдары Ә. Диваев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров секілді ақын, жазушылар елеулі еңбек етті. Кейінгі жылдары айтыстың ІІІ томдық жинағының жарық көруі де (Алматы, 1965- 1966ж. ж) мәдени өмірімізде елеулі оқиға болды.

Айтыстың тұрмыстағы орны мен табиғи ерекшеліктерін алғаш рет ашып әңгімелеу Шоқан Уәлиханов үлесіне тисе, ал, кейінгі жылдары туралы М. Әуезов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Р. Бердібаев, М. Дүйсенов, Н. Төреқұлов зерттеулер жазғанын атап айтқан жөн.

Жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыстың құрылымы І - тараудан ІІ - ші тараудан, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде бұған дейін зерттелу деректері жөнінде жалпылама түсінік берілген. І-ші тарауда айтыс жанрының ежелгі үлгілеріне тоқтау. ІІ-ші тарауда айтыс жанырының түрлеріне ерекшеліктеріне назар аударылды. ІІІ -ші тарауда хандық дәуірдің XVIII ғасырындағы айтыс үлгілері олардың өзіндік сипаты әдебиет дамуындағы орны қарастырылды. Қорытынды бөлімде жоғарыда айтылғандардың барлығы ой елегінен өткізіліп, сұрыпталып, белгілі бір түйіндеме жасалынды.

Жұмысты жазу барысында зерттеу әдістерінің жүйелеу, талдау түрі қолданылды. Негізгі басшылыққа алынған әдебиеттер: М. Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет, Мағауин М. Қобыз сарыны, Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің тарихы, VIII - XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті, Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті, Жармұхаммедов Айтыс, Айтыстың даму жолдары, Ысмайылов Е. Жамбыл және халық ақындары т. б. еңбектер қарастырылды.

Қыз бен жігіт айтысы

Бұл айтыс халықтың әдет - ғұрып салтына байланысты ойын - сауықтар кезінде айтылған және ол ойын - сауыққа жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. Олардың осы айтыстағы өлеңдерін кейінен өлең айтуға икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнері жоқ жастар жаттап алып ойын - сауық кезінде айтып жүретін болған. Бұл айтысты көбнесе қыздар мен жігіттер бастап, солар айтатындықтан халық оны «Қыз бен жігіт» айтысы деп атаған.

Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастын амандасуы мен басталып әзіл -оспақ, әдемі қалжың ретінде айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен әңгімелер қозғалмайды, ойын - сауыққа лайықты жеңіл - желпі күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ертеде шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті, жаттамалы болғандықтан, оны ойын - сауық үстінде өлең айтуға икемі бар жігіт пен қаздың қайсысы да орындай берген. Бұл айтыстың мысалы төмендегідей:

Жігіт:

Көгілдірік, ендеше, көгілдірік,

Көк дөненге жарасар өмілдірік.

Осындай бірме - бірге кез келгенде,

Айта гөр өлеңінді төгілдіріп.

Қыз:

Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ,

Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап.

Құдай айдап осындай кез келгенде,

өлеңінді айта гөр, тәуір сайлап, -

деп, айтысқа түскен қыз бен жігіт бір - бірін өлеңге шақырады.

Бұлардың айтысы осылай басталып, үдей беоеді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, қалжыңға айналдырады. Бұл ретте айтысушылар бір - бірінің бойындағы мін - кемшіліктерді де өлеңмен күлкі ететін болады. Мәселен:

Қызға барған ел білсің атағыңды,

Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды.

Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек,

Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды . . .

Сақалыңды айнаға көрші қарап,

Ту құйрықтан маңызды төрт - бес қадақ.

Аулындағы бақалға күзеп сатсаң.

Алты сабан береді, жеті тарақ, -

деп, жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ жігіт оған дау айтып - «Сөздің көркі - мақал, адамның көркі - сақал», - дегенді дәлелдейді. Және өз тарапынан қыздың да мінін айтып, әзіл етеді.

Айтысқа түскен қыз бен жігі кейде көңіл сырын, бір бірін ұнататындығын да білдіріп отырады. «Бұдан былай таныс болып, көрісін жүрелік» - дегендерді де өлеңге қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: «Кешке таман қозы қараған кісі болып, келіп - кетін жүр», - дейді. Оған жігіт:

Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем,

Итін қосар қу әкең сорым қайнап, -

дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз:

. . . Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем,

Дәл өзіндей, дариға, болсам жігіт, -

деп жауап қайырады да, жігіттің намысына тие сөйлейді.

«Қыз бен жігіт айтысы» ойын - сауыққа жиналғандарды көңілдендіріп күлдіру, қызыққа батыру тілегінен туғандықтан, айтысқа қатысушылар, бір - бірін жеңу, жүлде алу мақсатын көздемейтін секілді. Ойын - сауық дүкенін қыздыра беру үшін, олар өлеңді жанынан шығарумен қатар, ел арасында айтылып жүрген халық өлеңдерінің сөздерін де пайдалатындығы байқалады. Мұны «Айтыс» атты жинаққа енген «Қыз бен жігіт айтысы» бөлімінен көреміз. Онда «Қаратаудың басынан көш келеді», «Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз», немесе «Әуеде ай болмаса, адасады» сияқты халық өлеңдері де қыз бен жігіт айтысына айналғандығын аңғарамыз.

Ақындар айтысы.

Айтыс өлеңдерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері - ақындар айтысы.

Қазақтың айтыс өлеңдерін зерттеген әдебиеші - ғалымдардың айтуына қарағанда, шын мәніндегі үлкен айтыс, яғни ақындар айтысы, мөлшермен алғанда он тоғызыншы ғасырда туған. Бұлай деудің бірнеше себебі бар секілді. Ең алдымен, он тоғызыншы ғасырға дейінгі айтыс ақындары жайында өмірбаяндық деректер де, олардың айтыс өлеңдері де сақталмаған. Тіпті XVIII ғасырда өмір сүрген кейбір ақындардың (Бұқар жырау, Көтеш, Жанкісі, Шал ақын т. б. ) аттарын естігеніміз болмаса, айтыс өлеңдерін толық білмейміз. Олардың қай түрде, қандай көлемде айтысқандарын дәлелдеп айтуда қиын. Ал он тоғызыншы ғасырда ақындар айтысына қатысқан адамдардың аты -жөні белгілі, кейбір айтыс өлеңдері де сақталған. Оған Қазақтың Ғылым академиясында XIX ғасырда ақындар айтысына араласқан бір жүз елуден аса адам жайында өмірбаяндық материялдардың болуы және олардың айтыс өлеңдері жиналуы дәлел.

Демек, айтыстың күрделі, көлемді түрі, яғни шын мәніндегі ақындар айтысы XIX ғасырдың бас кезінде туып, біртін келе, молайып дамыған, халық әдебиетіндегі басты жанрдың біріне айналған. Бұған көптеген ақындар қатысын, өздерінің ақындық өнері қызметімен зор үлес қосқан.

Әрине, ақындар айтысына екі ауыз сөздің басын ұйқастырып өлең шығарушылардың барлығы бірдей қатысқан емес. Ақындар айтысына ақындық беті ашылған, біраз даярлықтар жасап келен, ысылған адамдар ғана араласқан. Бұл жөнінде Сәбит Мұқанов « Айтыс және ақын» дейтін еңбегінде (1941, ж. ), Жамбыл ( 1946 ж. ), Мұқтар Әуезов «айтыс өлеңдері» және «Жамбылдың айтыстағы өнері» туралы жазған зерттеуінде (1948 ж. ), Есмағанбет Исмайылов «ақындар» атты Монографиясында (1956 ж. ) ғылым үшін мәні бар бірнеше фактілер келтіреді. Олар шын мәніндегі үлкен айтысқа түсушілердің қайсысы болса да аса көп даярлық жасағаның айтады. Мәселен, жас кезінде ақын болуды мақсат еткен Жамбыл ауыл - үй арасында, кіші - гірім ойын сауықтарында жанынан өлең шығарып жүреді, біріқ онысымен үлкен «ақын» танылмайды. Сондықтан ол өзінің ақындық өнерін сынату және ақыл - кеңес алу, ақындық өнерге үйрену мақсатымен сол кездегі атақты ақын Сүйінбайға келеді. Жамбылдың ақындық талантын таныған Сүйінбай жас ақынға көп ақыл береді, жақсы ақын болу үшін не істеу керектігін айтады. Көп уақыт Жамбыл аға ақынның қасында болып, одан сөз өнерін үйренеді, үлгі алады және Сүйінбайдыы тәрбиешім, ұстазым деп түсінеді. Кейіннен Жамбылдың ақындық қанаты қатқан шақта ғана, Сүйінбай оны айтысқа түсіп, ақын атағын алуына рұқсат етеді. Жамбылдың:

Менің пірім - Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай,

Сырлы сұлу сөздері

Маған тартқан сыйындай.

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай, -

деуі тегін емес.

Көтеш ақын

Көтеш - қазіргі Павлодар облысының территориясында туып - өскен. Сүйегі арғыннан, арғын ішіндегі Сүйіндіктен тарайтын Сексен аулынан.

Болашақ ақын бала кезінен - ақ атағы шығып, апуызға іліне бастайды. Оның алғаш көзге түсуі - Абылай хан алдында.

Көтеш өлеңдерін жиыстырған Мәшһүр- Жүсіптің айтуынша, бірде Абылай құныкер болып, қарашыларымен арасында үлкен дау шығады. Сонда ешкімге белгісіз бала жігіт Көтеш сөзге көлденеңнең араласып, өз руы атынан ханнан өлген кісісі үшін құн төлеуді, ал тұтқында отырған адамын босатуды талап етеді:

«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,

Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің!?

Хан басың қарашыңмен даулы болып,

Үстіне ақ орданың қол келтірдің!

Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?

Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,

Болады ертең жесір қатын - балаң!»

Арғыннан тараған бес Мейрамнан ру намысын жоқтап, үш мыңдай адам атқа қонған екен, Абылай ұрысуға шыдамайды екен, өлген кісінің құнын, оған қоса көп айып төлейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
XIX ғасырдағы айтыс өнері
Ән — халық мұрасы
Айтыс – сөз барымтасы
Ақындар айтысындағы әзіл-әжуа
Айтыс түрлерінің зерттелу тарихы
Жиенбай жырау шығармашылығы
Шәкен Отызбаев - халық әдебиетінің өкілі
Қыз бен жігіт айтыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz