Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оқытудың әдістемесі


Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу ... ... ... ... ... .11
III Сөз тіркестерінің байланысу формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
IV Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қорытынды 49
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: « Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір- бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше . Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты.
1. Қазақ тілі оқулығы 4-сынып Алматы, 2003ж.
2. Асқарбаева А. Кластан тыс оқыту методикасы. Бастауыш
сынып мұғалімдеріне арналған - Алматы, 1992ж.
3. Айтазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. -Алматы 2000ж.
4. Әлметова Ә.С. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту. -
Алматы, 2001 ж.
5. Әуелбаев Ш. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту
әдістемесі. -Алматы 1997 ж.
6. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.
-Алматы 1965 ж.
7. Әміров Р. 3 класс. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау.
-Алматы, 1969 ж.
8. Әміров Р. Асылов ¥. 4 класс, Қазақ тілі оқулығына әдістемелік
нүсқау. Алматы, «Рауан» 1997.
9. Балақаев М.О. Қазақтілінің мәдениеті, -Алматыв 1991.

10. Бектүров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі Алматы 2001 ж.
11. Бегалиев Г. «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
мәселелері» - Алматы, 1980ж.
12. Оқушылардың жазу дағдысын қалыптастыру -Алматы 1998ж.
13. Біз қалай жазамыз?. - Алматы, Жалын 2001 ж.
14. Бектаев Қ. Молдабек Қ. Бастауыш класс оқулықтары тексінің
сөздігі. Шымкент, 1989ж.
15. Ғаббасов С. Ізгіліктің әліппесі. - Алматы, 1993ж.
16. Кенжеахметов С. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-
ғүрыптары. -Алматы, Ана тілі 1999 ж.
17. Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы Қазақстан -2030.
18. Қазақ энциклопедиясы. Қазақ-Алматы, 1998ж.
19. Молдабеков Қ., Сандыбай Қ., Балқыбекова Ы. Бастауыш
мектепте тіл дамыту. -Шымкент, 1999ж.

20. Қазақ тілі оқулығы 3,4 сынып. Алматы «Ата-мұра» 2003 ж.
21. Қазыбаев С. Қазақ тілінің жаттығулар жинағы. (1-2-3
сыныптарға арналған). Алматы 1991.
22. Қазыбаев С. Қазақ тілі методикасы - Алматы 1990ж.
23. Құлмағанбетова Б. Мемлекеттік тілді меңгертудегі тіл
дамыту. -Бастауыш мектеп, 1996ж. №11.
24. Исаев С.М. Қазақтілі - Алматы, 1996ж.
25. Ишмұханбетов Ә. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық
ойындар. -Алматы, 1964ж.
26. Самуратов Г.Б. Халық педагогикасы негізінде тәрбие беру -
өмір талабы. Әдістемелік құрал. - Арқалық, 1992ж.
Салқынбай А. Қазақ тілі. Сөзжасам. -Алматы 2003ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Көлемі: 119 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 1300 теңге




ПІКІР
Еліміз егемендік алғалы бері ұлттық салт-дәстүрімізге, сана-есімізге,
ұлттық мектептерімізге лайық оқулық түзу мәселесі-қазіргі таңның аса
күрделі де өзекті мәселесінің бірі. Осыған байланысты бірден айта кететін
нәрсе - студенттің батылдығы, ізденімпаздығы, ғылым құмарлығы. Бұл бізді
қуантты.
Қазіргі таңда оқулық түзудің бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Студент соларға
шолу жасай келіп, оқулық лингвостатистикалық тәсілін қалады. Бұнысы -
құптарлық. Себебі оқулыққа қанша аз, қанша мәтін, сол мәтіннің көлемі
қандай болу керек. бұнда қандай сөздер қамтылуы керек деген мәселені шешіп
алмай тұрып, оқулық түзуге кірісу алғырттық болар еді. Осы тұрғыдан алғанда
дипломанттың жұмысы оқулық түзу мәселесіне кіріспе десек те болады.
Дипломды жазу барысында студент алдына қойған мақсатын толық орындаған,
оларға жатық та көркем ғылыми тілімен жеткізе білген.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалып, жүмыс соларға сәйкес
жазылған. Дипломдық жұмыс " өте жақсы" деген бағаға лайық деп білеміз.

ПІКІР
Дипломант тақырыпқа орай көптеген ғылыми - теориялық, ғылыми
-әдістемелік әдебиеттерді қарастырды. Облыс, қала мектептерінде болып
бастауыш сынып мұғалімдерінен пікірлесті.
Жұмыстың басты ерекшелігі - оқулық түзу мәселесін лингвостатистикалық
тұрғыдан зерттеуі және тың әдіс, қатысымдық әдістен пайдаланды.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Әрбір бөлімдегі тақырыпшалар алдына қойған
мақсат пен міндетке сай жазылып тиісті пікірлермен толықтырылды.
Диплом жұмысы оған қойылатын талапқа сай орындалды және бітті.
Жұмысты қорғауға жіберуге болады.

ПІКІР
Дипломант тақырып бойынша көп ізденді. Көптеген ғылыми-теориялық,
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден, тақырыпқа байланысты жекелеген
мақалалардан, облыс және қала мектептері бастауыш сынып мұғалімдерінің
тәжірибелерінен кеңінен пайдаланды.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер ретінен тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, теориялық, практикалық маңыздылығы мен
қолданылымы, ғылыми болжамы т.б. сөз болса, I тарауда бастауыш мектеп
оқушыларын мәтін құрастыруға дағдыландырудың әдіс-тәсілдері қарастырылса,
II тарауда бастауыш мектепте тікелей мәтінмен жұмыс істеудің әдістемесі сөз
етілді.
Диплом жұмысына қойылатын талаптар толық орындалды.
Жұмыс қорғауға жіберілді.

ПІКІР
Қазақ тілі білімінде соңғы жылдары мәтін, оның теориясы мен әдістемесі,
мәтін кұрастыру мәселесі айрықша колға алынып зерттелуде. Бұл салада
ф.ғ.к., профессор А. Жұбановтан басқа ғалым жоқ. Сондықтан студенттің
мұндай таңда қиын салаға баруы – қуанарлық жәйт.
Мәтін құрастыру мәселесі - бастауыш мектепте сөйлеу мен жазуды дұрыс
ұйымдастырудың негізі. Себебі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан
дұрыс түзілген әрі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылған
мәтін - сауаттылыққа бастайтын алғашқы саты. Біздің ойымызша, дипломант осы
мәселені дұрыс түсінген және жұмысында шама-шарқынша, диплом жұмысына
қойылатын талап деңгейінде, шеше білген.
Диплом жұмысын жазуда дипломанттың көп ізденгендігі көрініп тұр. Ғылыми-
теориялык және ғылыми-әдістемелік әдебиеттер орынды пайдаланылған,
сілтемелер дұрыс жасалған. Өзіндік пікірлері бар.
Студент диплом жұмысына қойылатын талапты толық орындаған және соған
орай жұмысты сәтті жазып шыққан.
Дипломанттың еңбегі атап өтуге тұрарлық. Ал оның авторына өте жақсы
деген баға қоюға болады деп ойлаймыз.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
университеті

Педагогикальщ мәдениет және өнер институты

Бастауыш мектепте филология пәндерін оңытудың теориясы мен
әдістемесі кафедрасы

ДИПЛОМ Ж¥МЫСЫ

Тақырыбы :Бастауыш мектепте сөз тіркестерін
оқытудың әдістемесі.

Мазмұны

Кіріспе 3

I Сөз тіркесі синтаксисі туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына
шолу ... ... ... ... ... .11

III. Сөз тіркестерінің байланысу
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .21

IV. Бастауыш мектепте сөз тіркесін оқыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды 49

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас
құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс
біріншіден тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тілсіз ұлт құрымақ
(Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты.
Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір
сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса,
тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-
тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір
халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық
атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін
бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің
жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі
рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір
қасиеттері жайында былай дейді: Қазақ тілінде қазақтың сары сайран
даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада
көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның рухани
өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін
бастауыш мектепте бір- бірімен тығыз байланыста, тіл білімнің қайнар көзін
сөйлесім құралы ретінде оқытудың маңызы ерекше . Осындай оқыту процесі
арқылы балалар өз сөздерін еркін құрастырып, өз ойын анық, дәл жеткізеді.
Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз
оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман
бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз
берілген. Мұндай құбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр
уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты,
сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп
жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс
тани біліп, сөз тіркесінің өзіне ұқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның
басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін
практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмұнына, тиімділігіне байланысты.
Аталған тілдік құбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың
ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі
сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар
грамматиканын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны
сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы
алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен
ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы
тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми
зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы
жұмыстардың бірі.
Диплом жұмысының мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларына сөз
тіркесі туралы ұғым беру, олардың сөйлеу тілін дамыту арқылы тілдік
қабілеттерін жетілдіру. Диплом жұмысының міндеттері:
1. Бастауыш мектеп оқушыларына тілдік ұғымдарды түсіндірудің
оңтайлы жолдарын анықтау;
2. Шәкірттердің сөз тіркесін дұрыс қолдану дағдыларын
қалыптастыру;
3. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын
айқындау.
Диплом жұмысының нысаны болып Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
процесі алынды
Диплом жұмысының әдістері. Жұмыста баяндау, талдау, салыстыру,
сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Диплом жұмысы үш
кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалық, лингвистикалық
және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом
жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. 5-сынып қазақ тілі сабағында
оқушылардың сөз тіркесін оқыту тәсілдерін қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш мектеп қазақ тілі сабағында оқушылардың
сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін қолданудың тиімді жолдары қарастырылды.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдерінің тиімді түрлері анықталып,
жүйеге келтірілді. Оқыту процесінде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту
тәсілдерін қолдануды үйымдастыру және тиімді пайдалану жолдары айқындалды.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Бастауыш мектеп қазақ тілі
сабағында оқушылардың сөйлеу тілін дамыту тәсілдері арқылы оқытуға
байланысты алынған ғылыми қағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл білімі мен
қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық ұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен
алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал
етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту
әдістемесін зерттеушілерге көмекші құрал бола алады. Диплом жұмысы
кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік

Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және
күрделі синтаксистік тұтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов Завершающей
частью грамматики деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік
катёгориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.*
Кейде осы күнге дёйінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен
бірге, керісінше, күрделі синтаксистік тұтастық, құрмалас сөйлем, жай
сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға
алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі.
Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі
жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-
дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз
тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс
тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл
зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты
зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу яғни
оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр.
Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды
күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, Түркология
еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс
категория ма, сөз тіркесінің номинативті не коммунакативті мәні, сөз
тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрлысы, сөз
тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты
талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? Деген
мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек
Түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ.
Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярқева, Д.Ю.Корбин,
К.Н.Абервух, Түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек
сөйлемде яғни сөйлемнің құрылыс материялы ретінде қолданылады деп
дәлелдейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз
лексиканың, семансиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені
белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз
тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана
емес, тіпті тұрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты
өмір сүреді. Сондықтан да сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде
қолданысы жағынан үқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз
сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол
топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз
тіркесінің сөйлемде құрылыс материалы өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде
қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты сөз тіркестері арқылы
жүзеге асатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тек сөйлемде
жұмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн.
Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де,
екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі құрылымдық
ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз
мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем құрауға материал
болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді
құрайтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық
бІрлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі
сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық
байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ құрай келіп, сөз тіркесінің
де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бұдан шығатын қортынды - сөйлем үнемі тек
сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
2. Сөз тіркесі - синтаксистік единиқа. Сөз тіркесі сөйлем жасаудың
негізгі материалы болуының өзі синтаксистің бір саласы ретінде
жұмсалатынының белгісі. Орыс тіл білімінде сол сияқты Түркологиялық
білімнің алғашқы қалыптасу кезінде де сөз тіркесі айтылып келеді. Бірақ сөз
тіркесі бірде жай сөйлемнің синтаксисінде, кезде керісінше жай сөйлемнің
сөз тіркесінің бір нүхқасы ретінде қарастырылады. В.В.Виноградов
еңбектерінен бастап сөз тіркесі синтаксисі синтаксистің негізгі бір жеке
объектісі ретінде қарала бастады да, сол кезден осы күнге дейінгі орыс тілі
жайлы еңбектердің барлығында синтаксистің басты объектісі ретінде сөз
тіркесі және сөйлем деп берілу негізгі бағыт болып отыр. Осы сияқты бағыт
Түркологиялық әдебиеттерде де орын алғаны белгілі. Е.И.Убрятова сөз
тіркестерінің сөйлем мүшелерінің ыңғайында қарастырды, осы пікірді
С.Аманжолов та қолдағанды. Ал қазіргі кезде сөз тіркесі қазақ тілінде де
синтаксистік единиқа ретінде арнайы қарастырылып келді. Солай бола береді.
Дегенмен, сөз тіркесінің синтаксистік единиқа екені туралы соңғы кезде
талас пікірлер де орын ала бастады.
А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, әсіресе, соңғы ғалым
Словосочетание является ли единиқей языка? деген арнайы мақала жазып,
онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы
мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар
жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единиқа
екеніне баса назар аударды.
Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол
дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі грамматикада
орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы
болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы
көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес.
Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту,
соны дамыту үшін жұмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз
алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік
тілдік единиқа екенін дәлелдесе керек.
3. Номинативті мән. Сөз тіркесінің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы
де бірнеше көзқарастарды байқауға болады. Жалпы сөз тіркесімен сөйлемнің
әрқайсысының өз қызметі бар. Сол қызметті сөз тіркесінде номинативті сөйлем
коммунативті екені туралы пікір алғаш рет В.В.Виноградовтың еңбектерінде
кездессе, соңғы еңбектерде олардың ерекшеліктері түрлі бағытта айтылып жүр.
В.В.Виноградов, А.С.Смирниқкий, В.В.Бабайқева, А.Н.Баскаков сөз
тіркестерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде
номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады. Ю.В.Фоменко
сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз
тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге
тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау
тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудәң ойға қона
қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, құбылыстың,
сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған
синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру
үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық
мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала,
баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің
әрқайсысының өзіндік номинативті мәні бар екені мәлім. Енді сол номинативті
мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады
деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде
ондай мән сөз тіркестеріне формалық жағынан ұқсас келетін күрделі сөзді
терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана
болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік
жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтікқызметте жү-мсалады. Әрине
сол КТ пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне үқсас та бола
береді. Мына мысалдарға назар аударайық.
үлкен

кіші
тау

биік

қарлы аласа
тау ^^
қарсыз

Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай
сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын
сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақ өзені бар да,
сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ
құрайтын болса, енді Кіші Ардақ ән аты арқылы белгілі бір атау ретінде де
жұмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы
сөздер арқылы ғана емес, Біз тау қиялап жүріп келеміз немесе Өзіміздің
туган жерде еңбек ңарңынын арттырудамыз деген сөйлемдердегі асты сызылған
зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі Тау қиялап, Туған
жер атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кәдімгі
еркін тіркес ретінде жұмсалса, екіншісі әннің аты ретінде жұмсалған. Сол
сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде Қазақстан әйелдері, Қазақстан
мұғалімі, Үгітші блокты сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Тұнық
су, Адамзатқа хат сияқты кітап аттары сол сияқты басқа да атаулар сол
арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие
де, егер тұнық судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса,
әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін
тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жұмсала береді. Сонда
күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жұмсалғанымен, олар сол
тобымен бір заттың атын білдіруі, олардың еркін тіркестен негізгі
айырмашылығы болып табылады. Сонымен кез келген екі немесе одан да көп
сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жұмсалмай, атауыш
қызметінде де жұмсалады. Ондай қызметте жұмсалатын сөз тіркестеріне газет,
журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.

Д.В.Фоменко номинативті мән туралы айта келіп: номинативті мән
анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей
келіп, ал (редкая критика профорга за бездеятельность) күрделі және құрама
сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындында жай сөз
тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз
тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз
тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген
пікіріне біз қосыла алмаймыз. Негізінде сөз тіркесін дара , күрделі, тіпті
аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар
аудару - негізгі принцип.
Сонымен сөз тіркестерінен номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік
ерекшіліктерін айқындау орынды.
4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және
салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса
байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Сонғы
кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздер тобын
да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.
Егер, сабақтаса байланысқан сөз топтары құрамындағы сөздердің біріне-
бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр
түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер
тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі
жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі
оқыды әрі жазды сияқты екі сыңары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты
жатқызады. Сөз тіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркесін
басқаша түсінеді. Неге сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады
дейміз?
1. Сөз де ондай тіркесу нәтижесінде жаға грамматикалық мағыналар пайда
болады. (анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық). Сол мағыналар тек
сабақтаса байланысқан сөздерде ғана пайда болады.Ондағы сөздер бір-біріне
бағынады. Ал, салаласа байланысқан сөздерде ондай қасиет болмайды.
Сондықтанда ондай топ сөздер тіркесі емес. Дегенмен кейде ол топқа
жатпайтын қызыл ала, көк жасыл, жеті жүз жиырма бір, алты жүз, мың бес жүз,
оқып отыр, оқып еді тәрізді сөздер тобынан не салаластық, не сабақтастық
әлемент таба алмаймыз. Әсіресе мұндағы сын есім, сан есімдермен
салыстырғанда күрделі етістіктерде бір сыңары толық мағыналы да, екінші
сыңары көмекші қызметте жұмсалады. Соңғы кезде сабақтаса байланысқан топпен
бірге салаласа байланысқан сөздер тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы
көріне бастады. Осы сияқты топтарды қай топқа болсын жатқызу күрделі
проблема. Ондай сөздер тобы негізінде күрделі сөздер тобын құрайтындықтан,
өзара сөз тіркесі бола алмайды.
Тексабақтаса байланысқан сөз тіркестері арқылы сөз тіркестерінің
заңдылықтары жан-жақты айқындалады.

II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу

Сөз тіркесінің жалпы мәселелермен бірге оның жеке тілге, яғни қазіргі
қазақ тіліне тікелей қатысты мәселелерін жан-жақты зерттеу қажет. Бұл -
оның байланысу формасы мен байланысу тәсілі, түрлері, кейбір сөз таптарының
тіркесу қабілеті т.б. мәселелерді жеке-жеке қарауды талап етеді. Біз
төменде сол мәселелердің әрқайсысына арнай тоқталамыз.
Тілдің басқа салалары сияқты, оның синтаксистік құрылысы да даму
барысында өзгеріске түсіп отырады. Синтаксистік құрылыстағы өзгерістер
қоғам өміріндегі сондай құбылыстармен тығыз байланысты болып келетіні тіл
білімінде әр кез айтылып жүрген жайт. Ал, синтаксистік құрылымының үлкен
бір саласы - сөз тіркестері құрамындағы болуға мүмкін өзгерістер жайлы
Н.Ю.Шведова: Изменения в системе словосочетаний происходят значительно
быстрее, чем в системе предложения деп атап атйтады.. Осы пікірді қазақ
тілі материалы бойынша Т.Қордабаев, С.Исаев, т.б. көптеген авторлар
қолдайды.
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық
ерекшеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен
құрылымдық түрлерінен көрінеді. Сөз тіркесінің байланысу формалары мен
тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз
тобы құрамында кейін пайда болған құбылыстармен тығыз байланысты. Екінші
сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз
табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Синтаксистегі өзгешіліктердің морфологиялық өзгерістерімен тығыз
байланыстылығы туралы айта келіп Б.Серебренников пен Н.Гаджиева туыс
тілдерде тарихи морфологиялық тарихи синтаксис болмайды деп, біріншіден,
басқа тілдермен салыстыру дәрежесін, екіншіден, бір фактіні бір тілдің
бұрынғы күйі мен қазіргі күйі тұрғысынан салыстыруды ұсынады.
Қазақ тілі ыңғайында мына тәрізді тарихи өзгерістерді айтуға болар
еді. Кейбір қосымшалар бір байланысу формасындағы сөз екінші байланысу
формасына ауыстырып жібереді. Мысалы, -шы қосымшасы Жүреді қашанғы өлмей
адам (Топ жарған) деген мысалдағы қашан сөзі барыс жалғауында өлмей
сөзімен өзара меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құраған. Дегенмен, оған
-ша қосымшасының жалғауы енді оны қабыса байланысқан сөз тіркесіне
айналдырған.
-Ғы,-гі жұрнағының кейде арнайы байланысу формасындағы сөздерді
өзгертетіндігі туралы А.М.Шербак дұрыс айтады.
а) Жатыс - жолдағы, ертеңгі т.б.
б) әр түрлі формадан кейін
Сол сияқты автор -сыз,-сіз жұрнақтары бір сөз тобындағы сөзді
екінші сөз табына, яғни су зат есімі сусыз болып енді сын есімді қабыса
байланысқан сөз тіркестерін жасайтындығын көреміз. Кейбір шылаулы тіркес
туралы проф. К.Мусаев Қазан революқиясына дейін үшін шылаулы ілік жалғаулы
есімдікті керек ететіндігі міндетті болғандығын айта келіп, қазіргі кезде
мен үшін яғни ілік жалғауынсыз да айтылуын сөз етеді. Мұның өзі кейде
шылаулы тіркестер қазіргі кезде көбіне атау мен іліктен басқа септіктерге
тән делінетін қағидаға аз уақыттың ішінде өзіндік өзгерістің болғандығын
дәлелдейді.
А.М.Шербак орта ғасырлық Түркі тілдерінде ілік септіктің табыс
септігімен алмасып жұмсалатын көрсетеді. Мұның өзі біздің еліміздегі матасу
ретінде жұмсалатын ондай тіркестерді ол тілдерде меңгеру арқылы
берілетіндігін де айқындайды.
Проф. М.Томанов ерсілі-қарсылы, азды-көпті т.б. —ды қосымшасы ескі
дәуірде септік жалғауы ретінде қолданылған дейді. Бұрын меңгеріле
байланысқан сөздердегі қосымша жалғаулық қызметінен ажырып, қазіргі кезде
өлі формаға айналуынан, енді олар, тек қабыса байланысу ертінде
қалыптасқандығын көруге болады. Осы іспеттес өзгерісті септік жалғауы
ретінде жұмсаған -тағ, -тег, -тек қосымшасының —дай, -дей түбіріне айысу
арқылы қалыптасқан сөз тіркестерін де көруге болады.
Аффикс —сіз, -сіз не присоединяется к прилагательным и числительным.
Изредка рассматриваемый аффикс приобретает дополнительный әлемент -ін,
-ін являющийся омертвевшим аффиксом орудиного падежа. А: сенсізің, без
тебя; ТН: күлсізін, без рабов. А.Шербак қабыса байланысатын -сіз, -сіз
жұрнақты сөздердің септік жалғауын қабылдап, бір уақыттарды меңгеріле
байланыста болғандығын мезгейді, бірақ қазіргі тілімізде ондай құбылыс
(жіктеу есімдіктері -сіз жүрнағын қабылдап, содан соң септелуі кездеспейді.
Бұдан бірде қабыса, бірде меңгеріле байланысатын формалардың тарылу
процесін көруге болар еді.
Көптеген зерттеушілер үстеулерді жасалуына қарай есімді және етістікті
деп екіге бөліп қарайды да, сонын ішінде үстеулердің сөйлем құрамында
жұмсалу барысында септік жалғауларының көнеленуі қалыптасқандығын
көрсетеді:
барыс септікті - бірге
жатыс септікті - қайда, анда
шығыс септікті - қайдан
құралдық септікті - кундузун. Бұл фактіден морфологиялық және
фонетикалық өзгерістер нәтижесінде бұрын меңгеріле байланысқан сөздерден
енді басқа байланысу формасына ауысу процесін көруге болар
еді.
Т.Қордабаев жарыссөз, мейраммен құттықтау, жалынды сәлем
т.б. жаңа сөз тіркестері туралы айта келіп, жарыс және сөз екеуі де

бұрыннан бар екендігін, сондықтанда сөз жарыстыру, сөз таластыру
тәрізді сөз құрағанмен, жарыс сөз түрінде айтылмағандығын көрсетеді. Ал
қазіргі тілімізде жарыс және сөз өзара қатынасы жағынан да, мағыналық
жағынан да басқа-басқа зат есімдер болса да, енді анықтауыш қатынастағы
есімді сөз тіркестерінің қалыпты формасына түскен. Якут тілінде септігінің
жалпы болмауы, түптеп келгенде, матасу, байланысу формасының жоқтығы,
өзбек, татар тілдерде көмектес септектің мәні оны белән шылауы арқылы
берілуі (трамвай белән килдим) синтетикалық тәсілдің орнына аналитикалық
тәсілдің орнығып қалғандылығын көрсетеді.
Бұл айтылғандардан мынаны аңғаруға болады.
1. а) Септік жалғауындағы өзгерістер түптеп келгенде, меңгеру,
матасу тәрізді байланыс формаларындағы өзгерістерге алып келеді.
б) Сөз тіркесі құрамындағы өзгерістер бір байланыс формасының
тәсілдері ішінде болады.
в) Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер кейде жұрнақтармен
байланысты болып келеді. Солап арқылы бір байланыс формасы екінші
тілге ауысып отырады.
2. Жұрнақтардың да не көнеленуі немесе жаңа мән алуы да сөз
тіркесі құрамының дамуына әсер етеді.
Сөз тіркестерінің негізі - сөз таптары. Сөз таптарының бір-бІрімен сөз
тіркесінің құрауының басты тірегі тіркесімділік.
Сөздердің тіркесімділігі тілдің сөз байлығымен, оның дамуы дәрежесімен
тығыз байланысты. Тіл құрамындағы сөздердің мағыналық, грамматикалық
жағынан дамуы, жазба әдеби тіл құрамындағы дифференқия - барлығы да оның
синтаксистік құрылысына әсер етпей қоймайды. Сөздердің жеке грамматикалық
топтары құрамындағы болған семантикалық және грамматикалық өзгерістер,
айналып келгенде, сөз тіркестерінің жеке құрылымдық жаңа түрлерінің
қалыптасуына алып келеді. Осы тұрғыдан қарастырсақ , тіліміздегі қазіргі
есімді, етістікті және ортақ бағыңқы сөз тіркестері іштей бірнеше топқа
жіктелуінің өзі синтаксистік құрылыстың басынан өткен өзгерістердің жеке
сөздер тобының тіркесімділік қабілетінің, олардың өз ішіндегі семантикалық
дифференқияның нәтижесі болып табылады. Тіпті сөз тіркесінің басыңқы
сынарында үстеулердің жұмсалуы, соның нәтижесінде үстеулі сөз тіркесі деп
аталатын топтың қалыптасуы кейінгі кездің әсіресе тіл құрамында жеке сөздер
тобының тіркесімділік қабілетінің артуының нәтижесі А.Г.Гуломов,
М.А.Асқаровалар сөз тіркестерінің басыңқы сыңарына қарай есімді, етістікті
және үстеулі (жуде тез, оғыздан тез, уклон тез) деп тіпті сөз тіркестерінің
басыңқы сынары ретінде үстеуді де негізге алады. Осы тәрізді пікірді қазақ
тілі материалының негізінде К.Ахановта қолдайды. Осы сияқты басыңқы
сыңардағы өзгешіліктер олардың бағыныңқы сыңарлары құрамындағы
ерекшеліктерге негіз болғанына сөз жоқ . Егер бүгінгі тіл фактілерін Х-ХУІ,
XIX ғ. Нұсқалары фактілерімен салыстыра зерттесе, мұндай өзгерістердің мол
болғандығын байқауға болар еді. Әрине, әзір біздің қолымызда ондай
зерттеулер нәтижесі жоқ. Сөз тікестері құрамындағы болған өзгерістердің
кейбіреуін бүгінгі тіліміздің фактілерін салыстыру жолымен де айқындауға
болар еді. Осы тұррғыдан қазақ тілі оқулықтарында беріліп жүрген ережелері
мен тілдің бүгінгі фактілеріне көз жүгіртсек, мынадай жай көзге түседі.
Қазіргі тіліміздегі сөздердің грамматикалық топтары соларға жататын
сөздердің саны, аумақ-көлемін мен олардың тіркесу қабілетін , соның аясын
ескермейді, немесе қамти алмайтындығы байқалады. Мысалы: А.Ысқақов Сын
есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-
түсін) және басқа сол сияқты сыр - сипаттарын білдіретін лексика
грамматикалық сөз табын айтамыз -деген тұжырым айтады. Осындай дереже
басқа да ғылыми әрі практикалық еңбектерде де орын алған. Солайына солай.
Бірақ бұл сияқты ереже бойынша сын есімдер тек зат есімдермен тіресіп
келіп, анықтауыш қана болуы тиіс. Бірақ сол еңбектің өзінде сын есімдер зат
есімдермен тіркесіп анықтауыш, етістіктермен тіркесіп келіп пысықтауыш
қызметін атқара алатындықтары айтылады.
Дұрысы сын есімдер жайлы ереже мен оның синтаксистік қызметі жайлы
айтылған тұжырымы арасындағы қайшылық олардың тіркесімділік қабілетінің
артуфактісін ескермеуден туса керек. Өйткені сөздердің грамматикалық
кластары жайлы көзқарас қазіргі жазба әдеби тілдің енді ғана бой көрсете
бастаған кезінде қалыптасқан. Алайда әдеби тілдің кейінгі даму барысында әр
түрлі объективті себептермен жеке сөзь топтарының тіркесімділік қабілеті
молайғаны белгілі. Солардың бірі - сын есімдер. Бұл жерде мынандай заңдылық
бар: бір сөз табының қызметінің артуы, біріншіден, ең алдымен олардың
дамуына мағыналық жағынан негізделсе, соның салдары есебінде тіркесетін
сөздерінің аясы молаяды. Сын емісдердің заттану процесі де олардың тіркесу
қабілетінің кеңеюіне алып келеді, ал соңғы құбылыс олар негіз болған сөз
тіркестерінің мағыналық топтарының көбеюіне себеп болды. Міне, сын есім
аясындағы бір ғана өзгешелік тек сөз тіркесі құрамына емес сөйлем мүшесі,
олардың орын тәртібі сияқты синтаксистің басқа да салаларына өзгеріс алып
келді. Мұндай құбылыс тек сын есімдерден ғана емес, басқада сөз
таптарыннан, атап айтқанда, сын есім, үстеу, көмекші сөздерден, тіпті зат
есім, етістіктерден де анық байқалады.
Б.И.Борковский тарихи синтаксис туралы айта келіп ...тарихи
синтаксистің бірі - синатксистік жүйенің бұрынғы, күні өткен құбылыстарға
не жататынын, жаңа, прогресшіл құбылысқа не жататынын анықтау - деп
ажазады. Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің бұрынғы сынары мен қазіргі
сыңарының арасындағы кейбір айырмашылқтар, жеке формалардың ескіріп, жаңа
формалардың пайда болып дамуы енгізінде қалыптасқан. Сөз тіркесі
құрамындағы өзгерістер сөз тіркестерінің байланысу формасы, тәсілі, құрлысы
және олардың құрылымдық Тұрлерінің құрамдарынан да байқалады. Онда әрбір
жаңалықтарыдың өзі екі жағдайда, біріншіден, бір сөз табының екінші бір сөз
табымен тіркесі тұрғысынан, екіншіден, бір сөз табының тіркес құрау аясы
кеңейіп, басқа сөз таптарымен тіркес құрау дәрежесінің молаюы арқылы
көрінеді.
Бұл арада бір сөз тіркесіндегі ондай заңдылықтарды сол екі бағытта
яғни, ішкі және екі сыртқы өзгеріс деп бөле отырып беруді жөн көрдік.
Әрбір сөзді жан-жақты тану да оның лексикалық, морфологиялық және
синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, оның синтаксистік
қызметі, оның ішінде де тіркесу қабілеті, оын басқа сөздерден (немесе оның
сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға тиіс. Дұрысында
әрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем мүшесі ретінде функқиялық
белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілетін оның
синтаксистік белгілерінің басты түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз
қалай болса солай тіркесе бермейтіні белгелі. Сөздердің сондай негізгі,
басты белгілері болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады.
Сын есім, сан есім мен етістіктің есімше түрі зат есіммен тіркесіп
қана қоймайды, олардың тіркесу аясы кеңейгені тарихи фактілер көрсетеді.
Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сын есім,
сан есімдер енді етістікпен де тіркесе алатын дәрежеге ие болуы. Соның
нәтижесінде, сөз тіркестері құрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен
тіркесі өз алдына сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі
құрамында жаңа пікірлердің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, пысықтауыш
деп аталатын сөйлем мүшесінің құрылымында жаңа түрдің қалыптасуына алып
келеді.
Сын есімдердің етістікпен тіркесінің қалыптасуы туралы Түркология және
қазақ тіл білімінде әр түрлі пікірлер айтылып келе жатыр. XIX ғасырда-ақ
А.Казем-Бек Сын есімдердің саны олардан кейін қандай да бір етістік
қолданғанда немесе қолданған сияқты болғанда үстеуге айналады - деп
жазғаны мәлім. Осы көзқарас біздің заманымызда Н.И.Ашмарин. А.Н.Боровков,
Ф.Г.Исхаков еңбектерінде де қолдау тапты.Бұл жерде сөздің синтаксистік
қызметі, екінші сөзбен тіркес құрау қабілетінің үлғаюы, оның морфологиялық
мәні деп қаралғандығы айқын.
Н.К.Дмитриев Яхшы бала яхшы уный деген мысалды талдай келіп,
көптеген зерттеушілердің бірінші яхшы -ны сын есім (өйткені еліктеулердің
салдары), екіншіден яхшы -ны үстеу (өйткені заттың алдында тұрғандығынан)
дей келіп, ал башқұрттың яхшысы мен яхшы бір-бірінен айырмасы жоқ,
сондықтан, оны ешбір ойланбай-ақ сын есімге жатқызуға болды - деп дұрыс
көрсетті. Сол сияқты қазақ тілі негізінде проф. М.Балақаев Негізгі және
туынды сын есімдер етістікке қатысты болып пысықтауыш қызметінде
жұмсалғанда, олар бұрынғы лексикалық мағынасын өзгертіп үстеуге айналмайды
- деп, мұндай құбылыс енді олардың тіркесу аясының кеңеюінің нәтижесі деп
тұжырымдайды.
Осы пікірді Н.А.Баскаков, И.А.Батманов, А.Искақов, Г.Ф.Зейналов,
С.Кеңесбаев сол сияқты казақ тілінде сын есімді арнай зерттеген Ғ.Мұсабаев,
Ж.Шәкенов т.б. ғалымдардың да қолдайтынын көруге болады. Тілдік фактілер
мынаны дәлелдейді.
Етістікті сөз тіркестері құрамында жиі жұмсалатындар - сапалық сын
есімдер. Сондықтан, олар сөйлем құрамында анықтауышпен қатар пысыктауыш
қызметінде жиі кездеседі. Сондықтан ад сапалық сын есімдер затты да
анықтайды, екіншіден, етістікті де әр түрлі жағынан пысықтайды.
Қатыстық сын есімдер сан жағынан қаншалық мол болғанмен, зат
есімдермен тіркесуде аясы кең де, ал етістікпен тіркесуде аясы тар.
Сын есімдер етістікпен тіркескен кезде, жалпылама қолданыла бермейді.
Әсіресе қосарлы (қызыл-ала) және күрделі сын есімдер (кейбір жағдайда
болмаса) етістіктермен тіркесе бермейді. Ал таза, сапалық сын есімдердің де
етістікпен тіркесі бірыңғай емес, олардың барлығы бірдей етістікпен
тіркесуге қабілетті емес.
Әсіресе, түсті білдіретін ақ, қара, көк, сары т.б. сын есімдер еш
уақытта етістікпен тіркеспейді. Логика тұрғысынан да қимыл түске
ажырамайды. Қимылдың істелу мөлшері немесе оның түрлі сапасы мен амалы
болуы мүмкін. Сондықтан еш уақытта қазақ қара жүрді, қара айқайлады
т.б. деп айтпайды. Дегенмен түсті білдіретін сын есімдер еш уақытта
етістікпен тіркеспейдідейтін қағида шықпауы тиіс. Кей жағдайда олар қимылды
білдіретін сөздермен тіркесе береді. Ондай жағдайда оларпысықтауыш
қызметінде емес кім? Не? Сұрауының біріне жауап беріп, сөйлем бастауышы
қызметін атқарады, яғни заттанып, зат есім мәнін алады. Сын есімдердің
басқа семантикалық топтарының етістікпен тіркесі де бірдей емес.
Сын есімдер сияқты сан есімдердің де тіркес құрау аясын тарихи
тұрғыдан қараудың артықтығы жоқ.
Сапа және сан туралы ұғым - адам баласының синтездікойының дамуының
нәтижесі. Санау тек тілдік жағынан қаралмайды. Олар негізінде математиканың
да, философияның да объектісі болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін
А.А.Реформатскийдің мына пікірін келтірейік: Сан және санаудың қиындығы
тек таза математикалық қисында емес, бүған сан абстракт ойлаудың жемісі
бола тұрып, қоғамда сан сөз немесе таңба (ішінара қифр) болып кездеседі.
Санақ және сан жайындағы ұғым адамдардың практикалық қызметінің
негізінде пайда болады. Сан есімдер түп негізі жағынан көбіне заттарға
қатысты, солай болатындықтан олар - зат есімдермен тіркесетін сөздер. Бірақ
олар барлық зат есімдермен емес, санауға болатын заттармен тіркеседі де,
абстракты зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді.Сондықтан проф.
М.Балақаев сан есімдердің зат есімдермен тіркесін екіге бөліп, сан есімдер
нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі деп жазады. Мұның өз сан
есімдердің есімдермен тіркесу қабілетінің түрліше екенін көрсетеді.
Бірақ, сан есімдер конкретті зат атауларының өзімен де жаппай тіркесе
бермейді. Конкретті зат есімдер жалқы есім және жалпы есім болып екіге
бөлінетіні белгілі. Сонда сан есімдер жалпы есімдермен тіркеседі де, жалқы
есіммен тіркеспейді: Мысалы: он алма, екі жұма, бес батыр айта береміз де,
он бес Алматы, жеті Жұмаш, Жиырма Әлішер деп айтуға болмайды. Өйткені жалқы
есімдер даралықты, жекелікті білдіретін заттардың өзіне тән аты. Ал сан
есімдер жалпы есімдермен еркін тіркесі береді. Мысалы: Бкінші тамды ашса,
үш садақ тұр (Батырлар жыры). Мұнда үш сан есімі сауыт, қылыш, ер,
найза, мылтық, садақ жалпы есемдермен тіркесіп келген.
Сонымен, сан есімдер тек зат есемдермен тіркесуге қабілетті. Бұл
қасиет сын есімге де тән екендігі белгелі. Бірақ сын есімдер затты сындық
жағынан анықтаса, сан есімдер тек сандық жағынан анықтайды. Сандардың осы
қасиетіне байланысты көптеген ғалымдар сан есім тек затты сандық жағынан
анықтауғы тиіс деп, оларды бір жақты көрсетеді. Дегенмен, мұндай көзқарас
тіліміздің бүгінгі сипатындағы сан есімдердің қолданылу ерекшелігін түгел
қамти алмайды.
Проф. М.Балақаев сөздердің өзара тіркесу заңдылығының қалыптасуына
тарихи Тұрғыдан қарау керек екендігін көрсете келіп, Современная система
словосочетания представляет собою результат длительного развития языка. Она
создается в проқессе исторического развития языка в связи с историей
употребления слов. Чем больше вступают в контакт с другими словами, тем
ярче выражается их соқиальная функқия - деп жазғаны белгелі. Сол сияқты
В.В.Виноградов тың редакқиясымен шыққан Грамматика русского языка деген
еңбекте ... общие грамматические законы и отдельные грамматические правила
выводятся из самой языковой практики - деп көрсетеледі. Осы пікірдің
дұрыстығын санды білдіретін сөздердің басқа сөздермен тіркесу қабілетінің
артуын да байқауға болады.сандық құбылыс затпен тығыз байланысты. Бірақ тіл
дамуының нәтижесінде оның байланысы тек зат есемдермен шектеліп қалмай, сан
есімдер етістіктермен де тіркесетін болды. Соның нәтижесінде сан есім
пысықтауыштфқ катынаста жұмсалып, қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан
пысықтайтын болды.
Тілдік фактілерге қарағанда, сан сан есімдер заттық анықтауыштың
қасиетін өз бойына үнемі сақтай отырып, зат қимылының мөлшерін білдіруі
бірден пайда болған емес сияқты. Мұның өз ерекшелігі бар. Зат есімдермен
ғана тіркесуге қабілетті сан есімдер енді етістікпен де
тіркесуге қалай бейімделді? Көне ескерткіштер тіліндегі сан санау біздің
казіргі тілімізбен салыстырғанда көп ерекше болған. Сан есімдердің
етістікпен тіркесі орхон-енисей жазуларында да, Махмуд Қашғаридің Дидуани
лүғат Түрік сөздіктердінде де екі түрлі беріледі.
Ол мүралар тілінде сан есімдер етістікпен қосарлы сөздер арқылы
тіркескен. Сонымен қатар, етістіктермен тікелейде тіркесе кездеседі. Бұдан
мынадай қортынды шығаруға болатын сияқты: сан есім таза күйінде тек зат
есімді анықтайды, дегенемен, сиректе болса, етістіктермен тіркеседі. Ал,
сан есімдер түрлі қосарлы сөздермен келіп көбіне етістіктермен тіркес
құраған. Сонымен қарат сан есімнің мұндай түрлерінің зат есімдермен де
тіркесі кездесіп отырады. Бұл фактілер сан есімдердің етістіктермен тіркесі
ең алдымен қосарлы сөздер арқылы болғандығын дәлелдейді. Ондай даму
барысынан қосарлы сөздердің тіркес құрамынаннан шығып қалу салдарынан, сан
есімдер етістіктермен тікелей тіркесу қалыптасқан. Ал ондай дәнекер,
біздіңше, мыналар: рет, есе, жуық, каралы, шамалы, дүркін, мәртебе т.б. Бұл
қосарлы сөздер сан есімдер мен етістіктерді байланыстырудың дәнекері
болған. Бірақ, тіл дамуының нәтижесінде сан есімдер мен етістіктің тіркесі
жалпы айтылуға ыңғайлы бола бастауына байланыстытілдік әкономдык
нәтижесінде, кейде түсіп қалып қолданылған. Сөйтіп, кейін келе-келе сан
есімдердің етістікпен тіркесі дәнекер сөздерсіз яғни, тікелей тіркесу де
пайда болады. Ал, қазіргі тілде дәнекер сөздер арқылы келуі сирек. Жалпы
сан есімдердің дамуы тек Түркологияда ғана емес, сол сияқты орыс т.б.
тілдерде де өзіндік жолмен жүрген. Қазақ тілінде сан есімдердің бірнеше
түрлері барлығы мәлім. Бірақ сол түрлердің қалыптасуы бірдей емес, әр қилы,
солардың алғашқы бірқараты септік, реттік сан есімдер болған. И.А.Батманов
енисей немесе ортағасырлық Түркі ескерткіштеріңде олардың бөлшектік
түрлерінің кездеспейтіндігін дәлелдейді. Проф. К.Мұсаев қазіргі қазақ
тілінде бөлшектік сан есімнің өте молаю процесін тіл дамуының жаңа түрінің
жемісі деп карайды. Қазақ тілінде бөлшектік сан есімдер мол. Олар матаса,
меңгеріле байланысатын сөз тіркестерін құрайды. Сан есімдердің тіркес
құраудағы ерекшеліктері олардың түрлі косарлы сөздер мен нумеративті сөздер
арқылы тіркесінен де айқын байқалады.
Сан есім кейде басқа сөздерге да қатысты жұмсалатын рет, мәртебе т.б.
қосарлы сөздер арқылы қабыса байланысқан сөз тіркестерін құраса, қазіргі
тілде ондай аналитикалық тіркесу биылғы астық жоспары екі есеге жуық
артығымен орындалды тәрізді, қосарлы сөздердің септелуі негізіндесан
есімдерше шылаулы түрлері де қалыптасты. Бұлардың бәрі тіл дамуының
нәтижесінде пайда болды. Жалпы нумеративті сөздердің өзі байырғы яғни,
Түркі тілдеріне тән ортақ тілдерімен бірғе, кейінгі дәуірлерде қалыптасқан
интернақионалдық (километр, метр, килограмм, грамм, сағат, минут,
секунд, градус т.б) топтарға жіктеледі. Соңғы топтың қалыптасуы сан
есімдердің тіркесімділік касиетіне де өзгеріс енгізді, жаңа форма пайда
болды. Сонымен сан есмідер құрамындағы өзгерістер олардың етістіктермен
тіркес құрамына ықпал жасады. Н.З.Гаджиева мұндай модельдің жалпы Түркі
тілдеріне ортақ екендігін айтады. Қазіргі қазақ тілінде интернатқионалдық
нумеративті сөздер - -лы, -лі,-лық,-лік жұрнақтарымен бірге —дай, -дей (екі
километрдей, бес метрдей) жұрнағы да қабылдап, кабысса байланысса,
нумеративті сөздер сан есімшемен қосарланып анықтауыштык қатынаста
жұмсалуымен бірге, енді олар анықтауышымен қосарланып септеліп, басыңғықы
сөздермен меңгеріле байланысатын болып ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте сөз тіркестерін оңытудың әдістемесі
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Сөз тіркестерін топтастыру
Бастауыш сыныпта дүниетанымды оқытудың әдістемесі
Бастауыш сыныпта информатиканы оқытудың әдістемесі
Сөз тіркестерін өңдеу
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың қазіргі жағдайы
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Ежелгі Египет мәдениетін мектепте оқытудың әдістемесі
Орта мектепте интеграл тақырыбын тереңдетіп оқытудың әдістемесі
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь