Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық қорын анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Тарау . Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық қорын
анықтау
9

  1. Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық жүйесін зерттеуде статистикалық әдістерді қолдану 18
  2. Оқулық мәтіндерінің жиілік құрылымының ерекшеліктері 30

2. Тарау Бастауыш сынып оқушыларының тілдік корын дамыту .

  1. Оқулық мәтіндеріндегі лексикалык жүйені реттеудің кейбір мәселелері 48
  2. Бастауыш сынып оқулықтарының лексикалық минимумы 63

3. Қорытынды 65

Пайдаланылған эдебиеттер тізімі 6

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары тілдік құбылыстарды сандық және сапалық жақтан анықтауда зерттеліп отырған материалдың бслгілі бір ықтимал статистикалық зандылықтарын ашуға мүмкіндік беретін лингвостатистикалық әдіс-тәсілдер қолданылуда (Қ. Бектаев, А. Жұбанов, Ә. Ахабаев, Қ. Молдабек т. б. ) . Бұл тәсілдерді әсіресе бастауыш сынып оқулықтары (БСО) тілінің лексикасы мен морфологиясына қолданып (Қ. Молдабек), ондағы сандық және сапалық ерекшеліктерді айқындау, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, сөздердің қолданылымындағы кейбір тіл заңдылықтарын түсіндіру жалпы тіл білімінде ерекше маңызға ие болып отыр.

1950 жылдардағы оқулық мәтіндерін

зерт теу нысанасы ретінде алу себебіміз - белгілі бір мақсатқа орай Қ. Молдабек 70 жылдардағы БСО мәтіндерін, Қ. Мамаев 90 жылдарды, ал М. Ермекбаев 2000 жылдардағы БСО мәтіндері бойынша зерттеу жүргізіп келеді. Зерттеу бағытындағы орынды дәстүр жалғастығын құптай отырып, осы оқулықтардың құрастырылуы белгілі бір жүйегс түсіп, балалардың жас срекшеліктеріне қарай білім мазмұны сұрыптала бастаған 50 жылдарға соқпай өту мүмкін емес. Сондықтан да оқулықтар тілі жайында сөз қөзғағанда, алдымен осы оқулықтардың құрастырылу, зерттелу тарихына қатысты материалдардан бастағанды жөн санаймыз.

Лингвостатистикалық әдістер тілдік фактілерді жадағай түрде санамалаудан гөрі оларды топтастырып, белгілі бір өлшемдер негізінде ықтималды немесе дедуктивтік болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда XX ғасырдың соңында түрлі жастағы балалар тілін статистикалық әдіс-тәсілдермен зертгеудің алғашқы қадамдары жасалды (Н. А. Рыбников, Э. Штейнфельдт, А. Люблинская, М. Р. Львов т. б. ) . Баланың ана тілді меңгеруінде оның мектеп-жасындағы кезеңі ерекше маңызды. Себебі, бұл кезде тілді үйренудің балалық кезеңі біртіндеп оны мектепте оқытып-үйретудің жүйелі формасына көшеді. Осы жүйелі білім берудің бірден-бір көзі ретіндегі оқулықтарды лингвостатистикалық әдіспен зерттеушілердің бірі Қ. Молдабек 70 ж. БСО мәтіндері мен балалар әдебиеті (БӘ) мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды қарастырса, Қ. Мамаев 90 ж. БСО мәтіндері деп сөз формалары мен сөз қолданыстарды қолданылу жиілігі негізінде кейбір тілдік заңдылықтарды ашуға тырысты. Соңғы жылдары "Атамұра" баспасынан шықкан БСО мәтіндерін зерттеген М. Ермекбаев оқулықтардағы сирек қолданылган сөздерді анықтап, олардың оқушылардың тіл байлығын арттырудағы маңызын ескеріп, оны дамыту жолдарын қарастырды. Біздің зерттеу нысанымыз ретіндеғі 50 жылдардағы БСО мәтіндерін статистикалық әдіспен зерттеуіміздің жоғарыда аталған еңбектерден ерскшелігі - осы зерттеулер негізінде әрбір 20 жыл аралығындагы БСО мәтіндеріндегі сөздік қорды анықтап, олардың өсу динамикасын ашу. Бұл да тақы рыптың өзсктілігін сипаттайды.

Білім берудің компыотерлік құралдары кеңінен іске қосылып отырған біздің дәуірімізде "адамзаттың жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен ашқан ғылыми жаңалықтарын жеткіншек ұрпаққа сатылап жеткізудің қолайлы құралы" [1, 8] оқулықтардың лингвистикалық, стильдік сипаттарын анықтауда жәнс мәтіндерді формалық жүйеге келтіруде лингвостатистикалық әдіс-тәсілдердің айрықша маңызы бар. Өйткені оқулық жасайтын басты құрал оның мәтіні десек, осы мәтіндердің балалардың жас срекшеліктеріне қарай лексикалық жагынан мақсатқа сай бөлінуі мен грамматикалық жағынан толыктығын арнайы зерттеу - бүгінгі таңдағы оқулық сапасын айқындайтын өзекті мәселенің бірі.

50 жылдардағы БСО мәтіндерін зерттеу нысаны ретінде алу мақсаты тарихи себептерге де қатысты. Ұлггық оқулықтарымыздың іргесін қалаған Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов пен М. Дулатовтардың жазған оқулықтарынан бергі ксзеңдс қалыптасып кслс жатқан үрдісті 1918 жылғы "Шағын ұлттардың мектептері туралы" қаулы бұзып жіберді. Таптық көзқарасты басшылыққа алған ұлтсыздық бағытындағы бір үлгідегі мектептерде орталықтан жіберген оқулықтар мен оқу бағдарламалары басшылыққа алынды. Әсіресе "халық жауларын" талқандау секілді әйгілі нәубет жылдары ұлтымыздың зиялылары жаппай қудалауға ұшырап, оқулық жазу ісі іркіліске ұшырады[1, 22] . Сондықтан

да БСО мәтіндерін зерттеу жайынджаңағы мәселеде алдымен осы оқулықтардың заман талабына сай, оқушылардың жас срекшелігіне байланысты белгілі бір ғылым негіздерін игерту мазмұнында құрастырылуының бастамасы осы 50 жылдар болды деп * есептейміз. Сөз болып отырған кезеңдегі оқулықтардың лексикасы мен морфологиясында бслгші бір дәуірлік сипатқа тән тілдік срекшеліктер мен сөздік қолданыстардың болуы заңды. Зерттеу мақсаты осы талаптардан туындап отыр. Бұл айтылғандарға қоса оқулық мәтіндерің мазмұнын формалық жүйеге кслтіру секілді теориялық мәселелер де зерттеуіміздің басты мақсатының бірінен саналады. Сонымен бірғе 50 жылдардағы оқулықтар тілін статистикалық әдістермен зерттеп, ондағы сөз қолданыстарды 1970-1980 жылдардағы БСО мәтіндерінің лексикасымен салыстыру нәтижесінде олардағы айырмашылықтарды ашу және оқушылардың әрбір кезеңге тән сөздік қорының өсу динамикасын анықтау да - зер ттеу мақсатымыздың не гізгі бағыттарының бірі.

Балаларға арналған 50 жылдардағы оқулықтар мәтіндерін квантитативтік әдіспен зерттеу жәнс оны 1970-2000 жылдар

аралығындағы оқулықтармен салыстыру нәтижесіндс тұңғыш рст оқулық мәтіндерінің лсксика-грамматикалық құрылымы анықталып, бала тілінің сөздік қоры мен құрамының нсгіздеріне талдау жасалынды.

Зерттеу тақырыбы бойынша тілдік материалдарға талдау жасау және эксперимент жүргізу барысында мынадай ғылыми нәтижелер алынды:

лингвостатистикалық әдіспен зерттеліп, олардың лексикалық қоры анықталды;

- оқулық мәтіндерінің алфавитті-жиілік сөздіктерін алу нәтижесінде
жиі және сирек қолданыстағы сөздердің лингвостатистикалық
сипаттамасы берілді;

- БСО мәтіндерін квантитативтік әдіспен зерттеу нәтижесіндс
оқулық мәтіндерінің лексика-грамматикалық құрылымы анықталды;

  • 50 жылдардағы оқулықтардың лексикасын 1970-2000 салыстыру арқылы әрбір 20 жыл сөздік қорының өсу динамикасы анықталды;
  • оқулықтар мәтіндеріндегі сирек кездесетін сөздерді негізге алаотырып, оқушының тіл байлығын арттыруда мағыналық құндылыгыжоғары, жаңа мәнге ие сөздердің болашақта оқулықтар құрастырудакеңінен қамтылу мүмкіндігі статистикалық нәтижелср арқылынегізделіп, нақтыланды;
  • лингвостатистикалық зерттеу нәтижесінде оқулықтардағы сөздікқордың мәтін көлемінс тәуелді екендігі анықталды;

оқулық мәтіндеріндеғі лексика-грамматикалық топтардың қолданысы бойынша олардың корреляциялық байланысы эксперименттік және салыстырмалы әдістер арқылы дәлелденді.

  • тандама көлемінің өсуіне қарай, сирек қолданылатын сөздер саныазая түскеніне 1950-2000 ж. ж. БСО мәтіндерін салыстыра зерттеунегізінде кез жеткізуге болады;
  • типологиялық сипаттағы айырмашылықтар тіддің да байланысты: тілдс неғұрлым аналитикалық құрылымэлементтері көбейген сайын, соғұрлым сөздердің орташа қайталануыда өсе түсетіні түрлі құрылымдағы тілдерді салыстыру ;
  • оқулықтарды лингвостатистикалық тұрғыда зерттеу мәтіндердіңсөзбен қамтылуындағы айырмашылық тілдің типтік белгілеріне қарайемес, мазмұндау стилі мен тақырыптық ерекшеліктеріне көрсетеді;
  • сөз таптарының қолданылымы бойынша салыстырылған мәтіндерарасындағы өзара байланысгарды анықтауға болады. Мәтіндердіңкейбір сапалары осы шамаларға байланысты;

әрбір кезең оқулықтарының лексикалық материалы мен

грамматикалық құрылымын салыстыра зерттеу нәтижесінде оқулықтардағы лексикалық қордың өсу динамикасы анықталады; оқулық мәтіндеріндегі сөз қолданыстарды анықтау әрбір сынып
бойынша меңгерілуге тиісті материал колемінің жаңа қолданыстармсн
толығып отыруын реттестіруге мүмкіндік береді.

Мәтінге типологиялық, стилистикалық және статистикалық зерттеулер жүргізуге қажетті материал болып табылатын БСО мәтіндерінің лексикалық және морфологиялық құрылымы анықгалып, жиілік сөздіктсрі алынды. Бұл қолданбалы тіл білімі саласына, лингвостатистикалық әдіспен зерттеушілерге, компьютермен тіл үйренушілерге өзіндік үлес қосары анық.

Зер ттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен алынған сөздіктерді мектепте оқушылардың сөздік қорын молайту және ана тілімізді меңгерту мәселелерінде пайдалануға болады.

Соңғы 50 жыл аралығындағы оқулық мәтіндерінің лексикалық қоры анықталып, олардағы сөздердің қолданымы көрсетілді. Бұл тұрғыда зерттеу жұмысы тіл тарихына да қажетті материал бола алады.

З ерттсу жұмысының ұсын ған теориялық негіздемелері мсн алынған нәтижелерін:

  • БСО мәтіндерін құрастырудың теориялық-әдіснамалық негізінанықтауда;
  • мәтіндердің лексикалық байлығы мен ондағы сөз қолданыстарнегізіндс тіл табиғаты жөніндсгі теориялық мәселелерді қарастыруда;

- мәтін мазмұнын формалық жүйеге келтіру бағытындағы
зерттеулерде;

- бала тіліндегі қолданымы ескерілгсн оқулықтардың жиі және
сирек қолданыстағы сөздермен қамтылуын реттестіру мәселелерінде
пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының нсгізгі тұжырымдары мен нәтижелері республикалық ғылыми басылымдарда 20 мақала түрінде жарыкқ көріп, 4-уі халықаралық конференция материалдарында баяндалды. Атап айтқанда "Орта Азия - тіл мен мәдениеттің достық ошағы', "Түркі тілдерінің компыотерлік қоры" халықаралык конференциялар (Шымкент, 1995 ж. ) ; Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған "Руханият мәселелері және діннің қазіргі қоғамдағы орны' агты ғылыми-практикалық конференция (Шымкент, 2001 ж. ) ; ф. ғ. д., профессор М. Оразовтың 60 жылдығына арналған 'Түркітаным жоне қоғамдық пәндер" атгы халықаралық ғылыми-теориялық конференция (Шымкент, 2002 ж. ) . Диссертация тақырыбы бойынша 1 жиілік сөздік, 2 оқу-әдістемелік құрал жарияланды. Зерттеу материалы ретінде 50 жылдардағы БСО мәтіндері алынды. Алынған нәтижелср 1970-2000 жылдардағы БСО мәтіндсрін БӘ мәтіндеріне жүргізілгсн лингвостатистикалық зерттсу қорытындыларымен салыстырылып, әрбір 20 жыл аралығындагы лексика-грамматикалық ерекшеліктер айқындалды.

Зерттеу нысанасы 50 жылдардағы БСО мәтіндсрінің лексикасы мен морфологиясының лингвостатистикалық ерекшеліктері болып табылады.

Зерттеу барысында лингвостатистикалық жәнс мәтінгс лексика-грамматикалық талдау жасау, дәстүрлі салыстырмалы-сипаттама, эксперименттік әдістер қолданылды.

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУЛЫҚТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ

ҚОРЫН АНЫҚТАУ

Тілді, оның дамуы мен жеке адамның қалыптасуындағы ролін зерттеу - адамның бүкіл таным қызметінің қалыптасуын қарастыруда ерекше маңызға ие болып отырган ғылымның басты мәселесінс айналды [2, 35] . Ал танымдық қызмет баланың өзін көрмеген ортамен қарым-қатынас жасауы, яғни ұрпақтан-ұрпаққа бұрынғылардың тәлімі мен тәрбиесі, іс-тәжірибесінің берілуі процесінде қалыптасады. Балғын шақтан есейіп, сресектер қатарына өту барысында баланың психикалық дамуының негізгі бір формасы - өзара сөйлссу, пікірлесу арқылы өзгелердің іс-тәжірибесін бойына сіңіру болып табылады [2, 36] . Жеке адамнын қалыптасып, дамуындағы балалар тілінің ролін, олардың сөйлесу қызметін зерттеу ғылымның басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Заттар мен құбылыстарды және олардың арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды атау және түсіндіру барысында ересектер баланың өз бетінше қалыптасатын таным-түсінігінен гөрі күрделі әрі терең танымдық байланыстарды қалыптастырады.

Ырықсыз ес, ерікті әрекет пен қызығушылық секілді барлық жоғары психикалық процестер таным әрекетінің формалары ретінде өзара бірлікте іске асады да, содан кейін ғана бала тілі арқылы таным қызметінің психологиялық формасына көшеді. Алғашқы кездегі жоғары психологиялық қызмет екі адам арасындағы өзара бөліскен әрекетке келіңкірейді, яғни, бір адам екіншісінің іс-әрекетін арнайы тітіркендіргіштер арқылы, әсіресе сөйлеу арқылы реттеп отырады.

Өз зерттеулеріі: ғылыми тұрғыда негіздей отырын, бала тілін зерттеуге алғаш ден қойған психологтар болды. 40 жылдары О. Моурер фонологиялық даму тсориясының негізін қалаушылардың бірі болды.

Р. Якобсонның болжамы бойынша, балада алғашқы фонологиялық дағдылардың қалыптасуы алғашқы он-он екі айлык кезеңде басталады. Яғни, бұл бастапқы фонетика баланың өзін қоршаған ортаға, үл-кендерге тән тілдің бастапқы бастапқы негізі болып табылады [3, 3) 2] .

Кейбір теорстиктер (Р. Якобсон 1969; Б. Московиц 1971) баланың тілін туа бітті механизмнің, яғни сөйлеу қабілетінің дамуына немесе оның жан-жақты дамуының бір бөлшегі рстінде қарастырса, енді біреулері (Д. Ольмстел 1971; Д. Стэмп 1969) бала тілінің дамуын оның. өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына байланысты қалыптасатындығын дәлелдеуге тырысады. Б. Московицтің пікірінше, бала бірте-бірте айқындала түсетін дыбыстық бірліктсрді айтуды үйрене бастайды, яғни СГ, ГС немесе СГС формасындағы буындардан ол өз бетінше дыбыстық құрылымдар түзугс (сөздср құрастыруға) бейімделсді [3, 312] .

Әдетте балаларға өзіндік сөйлеу әрексті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың (Д. Элиасберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. Өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге кажет сөздер ойлап табады. Ол сөздер тск өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады [4, 284] .

Бұл теорияның тиянақсыздығы кезінде кеңестік психологтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде (Ф. И. Фрадкина, Т. Е. Конникова, Г. Л. Рөзенгарт-Пупко) дәлелденген болатын. Бұлардың зерттеуінде баланың жаңа сөздерді үйрену, тілінің дамуындағы бірден-бір қажетті нәрсе - үлкендерге еліктеу, олардың айтқанын қайталауға үмтылу екендігі айтылған.

Үлкендермен қарым-қатынас жасау баланың тілін тез дамытады. Оның түсінетін және айта білстін сөздік қорының дамуы үлкендермен және өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына байланысты. Ол үлкендерден көмек сұрауы, өз ойын жеткізгісі келуі т. б. мүмкін. Немесе үлкендердің сүрағына жауап берумсн қатар, өзі де сұрақ қоя бастайды. Ол алғашқы мынау не? мынау қалай аталады? секілді сұрақтары арқылы үлкендсрдің өзіне назар аударуына жағдай туғызады. Әрбір сұрағына тиісті жауап алу арқылы бала әрбір заттың, нәрсенің өзіне тән атауы бар екендігін пайымдайды. 1 жыл 8 ай жастан кейін баланың сөздік қоры жедел дамиды. Егер 1, 5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25-тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішіндс сөздік қордың басым бөлігін зат есімдср (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12% ) құрайды [4, 284-285] . Н. А. Рыбников, Н. А. Менчинская, А. М. Гвоздев секілді зерттеушілердің айтуы бойынша, 1 жыл 6 айдан 2 жыл 6 айға дейінгі жас кезеңінде баланың сөздік қорындағы зат есімдер саны 4 есе. етістіктер 8 есе, сын есімдер 5-6 есе өссді. Сонымен бірге жоғарыда аталған ғалымдар әрбір жас кезеңіндегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне дс баса назар аударады [4, 285] . Ал баланың алғашқы граммматикалық формаларды, яғни сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын меңгеруге бейімделуі жалпы Динамикалық стереотиптің калыптасу заңдылығы негізінде жүзеге асады. Әртүрлі заттар мен құбылыстар арасындағы түрлішс қатынастарды білдіретін грамматикалық құрылымдар баланың бойында әңгімені тындау және қайталау барысында қалыптасады" әрі жетіліп отырады. Сонымен қатар тілдің грамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл-ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой-өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым-қатынас жасауы оның тілінің дамуына ыкпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түссді [4, 286] .

Соңғы жылдардағы көптеген зерттеулерге сүйенсек (Д. Мак Нсйл 1970; Р. Меньюк 1969; М. Брейн 1971 т. б. ), бала тілінің грамматикалық жағының дамуындағы олардың пікірлері бір бағытқа келіп саяды: бала тілінің грамматикалық жагы үнемі өзгерісте болып отыратын динамикалық үрдіс. Бала тілінің грамматикалық жағынан дамып, жетіліп отыруы ересектердің тіліне қатысты болғанымен, оған тәуелді емес. Ядешконың айтуы бойынша, баланың сөздік қоры жинақгалумен бірге, оларда белгілі бір қателіктер жүйесі де пайда болады. Сөздермен сркін қарым-қатынас жасау барысында бала өз бетімен сөйлем құрастыра бастайды. Олар сөйлемдегі бастауышты немесе баяндауышты тастап кетеді, жіктеу есімдіктерін 3 жақпен алмастырады. Әсіресе, олар сөйлсмдегі тұрлаусыз мүшелерді жиі тастап кетеді[5, 61-62] . Сөйлеу қызметі өзара байланысты екі формада көрінеді:

1) пікірлесінің сөзін түсініп тындау, 2) өз сөзі. Бұл ретте өз сөзіне қарағанда пікірлесінің сөзін түсінуі жедел түрдс дамиды. Дауыстап сөйлеу негізіндс проблемалық жағдайлар тугызуға байланысты іштей сөйлеу қалыптасады [4, 300] . А. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. А. Рубинштейннің зерттеулері көрсеткендей, баланың психикалық дамуында оның алдыңғы ұрпаққа жинақталған қоғамдық тәжірибе негіздерін игеруі үлксн роль атқарады. Бұл процесс қоршаған ортамен әңгімелесу және олармен бірге әрекет жасау нәтижесінде іске асады. Баланың қоршаған ортамен байланысы оның үлкендермен карым-қатынас жасауына қатысты болады. Сондықтан да "іс-әрекеттің субъектісі жеке бала ғана смсс, үлкендермен бірге әрекет жасаушы, яғни олармен қарым-қатынастағы бала болып табылады" [6, 9] .

Анық дәлелденген нәрсе - өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ бала үйренуге қабілетті болып келеді. Бұған қоса, адам сресек кездегіге қарағанда жас ксзінде тез қабылдайды.

Таным қызметінің қалыптасу процесін зерттеу барысында психологияға қатысты ойлау мен сөйлеудің қатысы, балалар ойлауының негізі - арнайы оқытудың бала ақыл-ойының даму бағытын анықтайтын жалпылаушы процесі қарастырылуы тиіс.

А. С. Выготскийдің пікірінше, баланың білім мазмұнының қалыптасу процесі оның мінез-құлқы және ақыл-ойы дамуының бағытына байланысты анықталатын таным әрекеті арқылы іске асады. Баланың қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасы әсерінде қалыптасқан таным-түсінігі танымдық байланыстар жүйесін құрайды [7, 28] . Демек, бала алғашқыда өзгс адамдардың іс-әрекетін үйлестіруші, реттеуші қызмстін атқара отырып, бірте-бірте өзінің де іс-әрекетін басқаруды үйренеді. Олай болса, срікті іс-әрекеттің негізі тіл арқылы адамдардың өзара сөйлесуінде жатыр. Ал сөйлесу өз іс-әрекеттерін басқара білу механизмінің негізін құрайды.

Баланың сөйлей білуге деген алғашқы талпынысы - оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сейлеген сөздерінен бірнсше мәртс қайталанатын белгілерді ептеп түсінс бастайды. Сөйтіп ол бер, мә, кел т. б. сөздсрге түсінетін сияқты көрінеді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек [2; 6-13], скі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мсктеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3, 5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жсткізе алады [2; 6-13] .

Зерттеулер көрсеткендей [2, 35-38; 6, 9-12; 7, 28; 8, 20; 9, 9], түске, үлкендікке, заттың жай-күйіне байланысты ерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.

Жалпылама "сөзге" қарағаңда, балаға сол зат, белгі, құбылысты көрсету, оларды ажырата отырып көрссту арнайы үйретусіз-ақ тез қабылданады. Сөз жалпылама ұ ғым болғандықтан, бала тсз арада өзі қабылдаган сөздсрді белгілі бір топтарға бөле отырып меңгере бастайды (мысалы: биік, үшбұрыш, ащы т. б. ) . Баланың өз бстіншс меңгеруі алғашқыда әрине, қателесусіз жүрмейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс арасындағы байланысты білдіретін сөздер (кеңістік, сан т. б. ) сөзімдік қабылдауга негізделеді де, балаға көрінбейтін болғандықтан, ол нәрселер мсн байланыстарды үлкендер түсіндірсді. яғни елестетеді [2; 6-8] . Бұларды түсінуте талпыну жәме тілдс қолдану баланың ойлау қабілетін дамытады. Сол секілді үлкендердің сөзімдік, эмоциялық күйін білдіретін сөздер де балаға түсінікті бола бастайды да, балада да эстетика, адамгершілік туралы алғашқы түсінік қалыптасады.

Балада алғашқы кездс өз шамасын байқап көру қасиеті үлкендермсн, заттармен байланысқа түсу, яғни сөз арқылы жүзеге асады. Алғашқыда ол зат пен құбылыстың аттары арқылы, ал кейінірек жіктеу есімдіктері арқылы, содан соң өзін басқа балалармен салыстыру арқылы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата бастайды [9-10] . Сөздік қорын дамыту арқылы бала ертегі, өлен тындауға, ән салуға, мәнерлі дс мәнді сөйлесуге бейімделе бастайды.

Демек, баланың алғашқы даму сатысында оның физиологиялық және физикалық дамуы мен ойлау бслсенділігі үлкендердің жүйелі тәрбиелік жұмыстарына байланысты болады. Өмірдегі құбылыстарды көру, есту арқылы бұл жаста бала психикасында үлксн өзгсрістер байқалады. Ол өзін қоршаған әлемді тек байқаушы ғана емсс, онда өзі әрекеггенуші де. Ол өмірде әзі көрғен құбылыстарды, үлкендердің сөздері мен іс-орекеттерін ойын арқылы ойнап, сол ойындарда қолдана бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысынан тузу әдіс-тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту және сөз мәдениетін қалыптастырудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік қорын дамыту
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабағында сөздік қорларын дамыту
Бастауыш мектепте ана тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастыру арқылы оларды шешендік өнерге баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін ашып көрсету
Басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін оқыту
Бастауыш мектепте сөздік қорды молайтуға септігі бар есім сөздерді іріктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz