Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері.
2.1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру ерекшеліктері.
2.2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін пайдалану түрлері.
2.3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.

Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген «Жалпы білім беретін мектептіңң бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, «Бастауыш білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі, шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. Кәзіргі психология, педагогтка ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы: Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес ал сонымен қатар білім берумен оқыту теориясында пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар педагогтка ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты. Чех педагогы Я.А.Каменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогкалық ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Кәзіргі кезеңде пәнаралық байланыс програмасын педагогикалық психологиялық жағынан зертеумен қатар, философиялық тұғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
1. А. Бейсенбаева «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыруң Алматы – 1995 ж.
2. «Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартың
3. Ж. Б. Баянбаев «Педагогикаң Астана 1998 ж.
4. Ж. Аймауытов, А. А. Бейсенбаева Шығармалары, Алматы «Жазушың 1989 ж.
5. Б. Р. Айманбетова, А. А. Бейсенбаева «Әдіснамалық негізгі тұрғысынанң «Қазақстан мектебің 1993 ж. №9 20-24 бет.
6. А. А. Бейсенбаева «Педагогика курсының лекциялары мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланысң алматы Абай атындағы КазПУ 1991 ж.
7. А. Д. Балтаев «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің педагогикалық психологиялық негізің Алматы 1994 ж. 30 бет.
8. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.
9. Д. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж. 110 бет.
10. Д. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогика коллледждер мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.
11. Қазақстан Республикасының заңы , Білім беру туралы «Алматы ақшамың 1992 ж 24 ақпан.
12. А. Көбесов, Әл Фараби Алматы «Қазақстанң 1971 ж.
13. О. Мұсабеков «Пәнаралық байланысты жұүзеге асыруң Қазақстан мектебі, 1989 ж. №13 49 – 50 бет.
14. Б. А. Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласуң Алматы 1987 ж.
15. «Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартың
16. Б. Р. Айманбетова, А. А. Бейсенбаева «Әдіснамалық негізі тұрғысынанң Қазақстан мектебі 1993 жыл №9.
17. А, А. Бейенбаева «Педагогика курсының лекциялары, мектептегі оқу тәрбие процесіндегі пәнаралық байланысң Алматы Абай атындағы КазПУ 1991 жыл.
18. «Сабақ беру тиімділігін арттыру жолдарың Құрастырған Б. Сманов Алматы Мектеп 1989 ж.
19. Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздерің Педагогикалық колледждері мен училищелерге арналған дидактикалық оқу құралы Алматы 1993 ж.
20. В. А. Сухомлинский «Мектептің жас директорымен сырласуң Алматы 1989 ж.
21. Т. Сабыров «Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдарың Алматы Мектеп 1978 ж.

Тақырыбы. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік
негіздері
Мазмұны.
Кіріспе.
І Тарау. Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
теориялық негіздері.
1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске
асырудың педагогикалық мәселелері.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары.
ІІ Тарау. Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік
негіздері.
1. Бастауыш сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты қалыптастыру
ерекшеліктері.
2. 2 сыныпта пәнаралық байланыс негізінде жаңа технология элементтерін
пайдалану түрлері.
3. Сабақ жоспарларының үлгілері.
Қорытынды.
Әдебиеттер тізімі.
Қосымша.
Кіріспе.
Бүгінгі таңдағы қолданысқа ие болып жүрген Жалпы білім беретін
мектептіңң бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы, Бастауыш
білім берудің мемлекеттік стандартындаң үзіксіз білім беру жүйесіндегі
басқа буындармен тек сабақтас болумен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын
қалыптастырудың құнды негізі екендігі анықталған. Осы бағытта пәнаралық
байланыс бастауыш сатыда жекелеген пәндер ең алдымен оқушыда мәдинеттің
базистік қырларын қалыптастыруда, оның жеке бас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет
еткендіктен білім мазмұнының инегративті, біртұтастығын қамтамассыз етудің
маңызы зор. Тұлға дарындылығының табиғаты, қабілеті, дамуының қайнар көзі,
шығырмашылық мұмкіншіліктерінің психологиялық құрлымы болып табылады. Мұның
барлығы арнайы ізденісті қажет етеді. Кәзіргі психология, педагогтка
ғылымдарында осы мәселеге қатысты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Мысалы:
Я.А.Понамарев, Н.С.Лейтес ал сонымен қатар білім берумен оқыту теориясында
пәнаралық байланыс жөнінде өзіндік пікірлерін ұсынған педагог ғалымдар
педагогтка ғылымының даму тарихына өз үлестерін қосты. Чех педагогы
Я.А.Каменский, Д.Локк, Л.Н.Толстой, И.Г.Пестолцци және қазақ ғалымдары
Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. оқытудағы
пәндерді бір-біріне интеграциялау мәселесі бойынша өз еңбектерінде атап
өткен. Бастауыш мектепте пәнаралық байланыс бірқатар педагогкалық
ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Кәзіргі кезеңде пәнаралық
байланыс програмасын педагогикалық психологиялық жағынан зертеумен қатар,
философиялық тұғыдан да көптеген ғалымдар зор көңіл бөлуде. Философиялық
деңгейден қарастырған В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг,
В.Н.Максимова, В.Н.Малахов т.б. болды. Пәнаралық байланыстың философиялық
негізіне дүниеде барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара
байланыстылығы туралы тұжымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі
байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту,
жаңа рухани күш беру, білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Негізінен, оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен, олар бір-
бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті
дара байланыстылықты танып білу. Ең бастысы кәзіргі кезде өздігінен білім
алудың, өзекті мақсаты-диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге асыру.
Бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілмейді. Сондықтан әрбір мұғалім жеке
деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды түсіндіріп қана қоймай,
шектелмей пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеуді жолға қою
қажет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мақсат-саналы,
білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол
келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдини-ғылыми
өрісі озық адамзат етіп тәрбелеу біздің де қоғамның алдындағы борышымыз.
Сондықтан бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың
тиімділігі жолға қойылуда. Тақырыптың өзектілігі, қажеттілігі жұмыстың
зерттеу мақсаты мен міндеттерін айқындыйды.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық
байланыстың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері: бастауыш сыныптарды оқыту барысында пәнаралық байланыс
арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік, педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерді талдау, мазмұнын, мәнін ашу.
- Оқушының өмірге, көзқарасының қалыптасуының негізі-оның дүниетанымы жайлы
түсінік беру және өзіндік шығармашылық іс-әрекетін дамытуды жүзеге асыру
жолдарын анықтау.
Зерттеу обьектісі: 2 сыныпты оқыту барысында пәнаралық байланысты
қалыптастыру.
Зерттеу пәні: 2 сынып Ана тілі, Дүниетану, Қазақ тілі,
Математика, Бейнелеу өнері.
Зерттеу әдістері: Теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиттермен, жаңашыл
педагогтардың тәжірбиелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді
жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдістерін қолдану, өзіндік жұмыстарының
түрлерін ұсынып нәтижесін көрсету. т.б.
Диплом жұмыс: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бастауыш сыныптарды оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың теориялық
негіздері.
1.1. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында пәнаралық байланысты іске
асырудың педагогикалық мәселелері.
Білім беру қазіргі ғылымның, мәдениеттің, ғылыми-техникалық
прогрестің даму деңгейіне сай болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны
ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару процесіне
тікелей ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі таңда мектептегі оқыту процесінде
пәнаралық байланыс ерекше көкейтесті орын алып отыр және жалпы
педагогикалық маңызға ие болуда.
Пәнаралық байланыстың классикалық педагогикадағы қалыптасқан идеясының
өзіндік даму тарихы бар.
ХҮІ – ғасырдан бастап батыстың ұлы педагогтері Я. А. Коменский (1592 -
1670), Л. Локк (1632 - 1704), Ф. И. Гербат (1776 - 1841), Ж. Ж. Руссо (1712
– 1778), И. Г. Песталоцци (1746 – 1827) өздері өмір сүрген замандардан бері
педагогика ғылымының күрделі мәселесі ретінде пәнаралық байланысқа баса
назар аударған.
Прогресшіл педагогтар білім беру ісіндегі схолостикаға қарсы күресе
отырып, шәкірттерге табиғат құрылыстарының өзара байланысы жөнінде
қарастыратын қалыптастырудың маңызы екендігін атап айтты. Мысалы: Я. А.
Коменский Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде
оқытылуы керекң деп жазды.
Сондай-ақ бертін келе ХІХ-ғасырдың 60-шы жылдарында қоғамдық –
педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл педагогтер А. И.
Герцен (1812 – 1870), Л. Н. Толстой (1828 – 1870), К. Г. Ушинский (1814 –
1820), Н. Г. Чернышевский (1828 – 1889) т.б. ғылыми еңбектерімен үлес
қосты. Мәселен, педагог-классик К. Д. Ушинский өзінің ғылыми еңбектерінде
Балалар әлемің, ана тілің, Педагогикалық антропологияң, Адам тәрбиенің
жемісің т.б. пәнаралық байланыстың дидактикалық тұрғыдан маңызды екендігін
дәлелдеп берді.
Ол мәселенің психологиялық негіздерін ашып, әртүрлі байланыстардың
жеті түрін айқындайды; қарама-қарсылығы, ұқсастығы, уақыт және оны реті
жағынан еске салу, пайымдаушылық байланыс, жүрек сезімі бойынша байланыс,
өркендеу немесе ұғыну байланысы.
К. Д. Ушинский қандай да ғылым болмасын беретін білімдер мен идеялар
әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жақын мүмкіндігіне қарай кең
құлашты көзқарас дарытуы керек деп есептеді.
Ол сонымен қатар бізді қоршаған нақтылы өмір жөнінде айқын, толық және
біртұтас ұғымдар беріп қалыптастыруға көмектесетін пәнаралық байланыстың,
көзқарастық үлкен ролін атап көрсетті.
Халқымыздың ардақты ұлдары өз елін прогресс жолымен алға қарай
бастаған Шоқан (1835 - 1865), Абай (1845 - 1904), Ыбырай (1841 - 1889) сол
дәуірде қазақ даласына мәдениеттің, білімнің қажеттігін дәріптеген.
Қазақтың ұлы ағартушысы, әрі ойлы педагогі артына өшпес, өлшеусіз мұра
қалдырған халқымыздың адал перзенті Ы. Алтынсарин Қазақ хрестоматиясың
және Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылықң - деген екі
оқулығын жазды. Бұл еңбектерінде білім мазмұнын дидактикалық қағидаларға
сай негіздеді. Оқулықтарда балалардың ойлауын сөз қорын, өзіндік таным
қабілетін дамытуға ықпал жасайтын табиғат құбылыстары айнала қоршаған
тіршілік-тұрмыс көріністері туралы әңгімелер, суреттемелер, аңыз-ертегілер,
еңбек әрекеттері тағы басқа материалдар алынған.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық, психологиялық,
дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті
сала.
Педагогикалық сөздікте – жалпы ғылымдар жүйесінің негізінде
дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты
байланыстар пәнаралық байланысң - деп аталған.
Сонымен бірге шығыстың ұлы ойшылдары Әл – Фараби (870 – 968), Ибн
Синаның (930 - 1037) және Жүсіп Баласағұнидың (1021) т.б. мұраларында, ал
бертін келе қазақтың ағартушылары мен педагогтерінің еңбектерінде пәнаралық
байланыс идеяларына мән бергенін көреміз.
Қазақ халқының ортамызға қайта оралған ірі зиялылар Ж. Аймауытов (1889
- 1931), А. Байтұрсынов (1873 - 1937), М. Дулатов (1885 - 1935), М.
Жұмабаев (1893 - 1938), Ш. Құдайбердиев (1858 - 1931) т.б. бұл мәселені
қарастырған. Мысалы: М. Жұмабаев өзінің Педагогикаң оқулығында психология,
физиология, әдебиет, тарих, тәнтану ғылымдарының өзара байланысы негізінде,
адамның тұлғалық дамуында тәрбие мәселелерін жан-жақты айқындаған.
Педагогика бөлімдері (жалпы педагогика, дене тәрбиесі, жан көріністері т.б.
) педагогика, психология ғылымының негізгі мәселелері адам тәрбиесінің
заңдылықтарымен өзара байланыста берілген. Бұл оқулығында М. Жұмабаев ұғым
және оның жасалуында заттар мен құбылыстардың, сондай-ақ адамдардың қасиет-
салалары мен білім-тұлғалық ерекшеліктері жеке дараланып, бір-бірімен
салыстырылып және барлығына ортақ белгілері сипатталады. Бір-біріне ұқсас
бірнеше заттарды бір-бірімен салыстырамыз. Біз бір затты бір затпен
салыстырғанда, олардың әрқайсысының өздеріне ғана арналған дербес сындарын
алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ сындарды екеуін де табамыз,
ортақ сындарды жалпылаймыз. Яғни екі заттың яки көп заттың ортасынан оймен
жасалған бір зат шығады. Міне, осы көп заттардың ортақ сындарын алып жия
білу, екінші түрлі айтқанда, зат туралы ой-ұғым деп аталады.
Ұғым туралы айтылатын материалдар білім мазмұны арқылы көрсетіледі.
Себебі ғылыми дидактикада оқушылардың дүниетанымын, ұғымдар жүйесін
қалыптастыруда білім мазмұны шешуші фактор болып табылады.
Ал білім берудің мазмұны өте күрделі және көп жақты ұғым. Білім
берудің мазмұны қоғамның экономикалық және ғылыми-техникалық даму
қажеттіліктеріне байланысты қарастырылады.
Білім берудің мазмұны деп оқушылардың ақыл-ойын, дене күш-қуатын жан-
жақты дамыту, дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және олардың
қоғамдық өмірге, еңбекке дайындауға қажетті негіз болатын білімдер мен
іскерліктердің және дағдылардың көлемі мен бағытын айтамыз.
Білім берудің мазмұны ең алдымен қоғамның, мектептің алдына қоятын
мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Сонымен бірге оқудың мазмұнын
анықтауда дидактиканың талаптары да ескеріледі, себебі соның негізінде ғана
қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға болатындығын дұрыс шешуге
болады.
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге
қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер
жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады.
Адам баласы қоғамның дамуына әртүрлі сатысында білім беру мазмұны
талқыланып келді. Білім мазмұны теориясы педагогика тарихында бірнеше
бағытта қарастырылған. Мәселен: философиядағы рационалистер білімдердің
көзі мен көрсеткіштері объективті шындық және қоғамдық тәрбие емес, оның
көзі ақыл ғана деген. Сөйтіп олар білімді өмірден, ойлауды сезім
қабылдауынан бөледі. Бұл формальдық білімді жақтаушылардың айтуынша жалпы
білім берудегі негізгі міндет – оқушының білім танымдық қабілеттерін ғана
дамытуға бағытталған ғылымдарды үйрету немесе оқу деген ақылдың
гимназиясың - жаттықтырылуы тұрғысынан түсіндіріледі.
Формальдық білім теориясын жақтаушылар осылай рационализм бағытында
бола отыра, оқу жұмысының мазмұнына ең алдымен, сол білушілік
қабілеттіктерді (латын, грек) ерте дүние әдебиетін, тарих, математиканы
енгізген, осылар классикалық білімнің негізін құрайтынын дәлелдейді.
Классикалық білім қайта өркендеу дәуірінде ерте дүние мәдениетінде
әуестенушілік күшею кезінде қалыптасқан. Бұл білім орта ғасыр мектебінің
тар деңгейіндегі діни-схолостикалық оқу мен күрестің өрістеу дәуірінде
дамыған. Сондықтан сол бастапқы кезде бұл оқудың сөзсіз прогресшіл мәні
болды. Ал енді кейіннен бұл классикалық оқу бірбеткей формальдық-
грамматикалық бағытта болды. Соның салдарынан шамадан тыс тілдерді оқу
басқа оқу пәндерге зиянын тигізе бастады, әсіресе табиғат жөнінен білім
кеми түсті.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында классикалық білім Ресейдегі орыс
редакциясының білім берудегі демократияшыл бағыттарымен күресу құралына
айналды. Ресейдегі классикалық білімнің мақсаты самодержавияның жастарды
реалды шындықтан алшақтату, оларды прогресшіл материалистік көзқарастардың
ықпалынан болды.
Білім берудегі классицизм осы кездің өзінде Батыс Европаның кейбір
елдерінде Латын Америкасында, Испания, Партугалия т.б. елдердің
мектептерінде сақталған. К. Д. Ушинский Шындықтың деректерінен нәр
бермейінше, жалпы түрде ғана оқыуды дамыту деген ретсіз, болмайтын іс,
себебі адамның ойлауы деректерді жиыстырып, соларды өңдеу арқылы ғана
дамидың - деген.
Қазіргі кезде жалпы білім беретін мектептердің барлық типтерінде білім
беру гуманитарландыру бағытына негізделген. Атап айтқанда, тарихи
оқиғаларды, жекелеген адамдардың қызметін мемлекеттегі басқару нысандарын
түсіне білу және оларды нақтылы бағалай білуі: демократиялық және
экономикалық кеңістікте өмір сүру нормаларын үйрене, әлемдік және отандық
мәдениеттің ортақ мәселелерін бағалай білу, ұлттық сана-сезімге ие болу,
адамзаттың өркениетті дамуының негізгі кезеңдерін білу. Осы мақсатта
әдебиетке, тілдерге, тарихқа, қоғамтануға, өнерге, дене мәдениетіне ерекше
көңіл бөле отырып, орта білім беретін мектептерге арналған мемлекеттік
базалық оқу жоспарының түрлі нұсқаулықты көздейтін бөлігіне гуманитарлық
пәндердің кең жиынтылығы енгізіледі.
Сонымен қатар табиғаттағы құбылыстарды ғылыми түрде түсінуге, оны
өзгертудің жолдарын үйренуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына
байланысты жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу
жоспары жасалуда. Бұл білім беру жүйесінің жаңартуға бағытталған талпыныс.
Базалық оқу жоспары бұрынғыларымен салыстырғанда құрылымы жағынан
жетілдірген. Мұнда тек пәндер жиынтығы, сағат саны, оқу сатысы жөніне ғана
мәліметтер беріліп қоймайды, сонымен қатар оқу мазмұнының (инварианттық)
тұрақты және (варианттық) вариантивтік жылжымалы бөлігі туралы мәліметтер
берілген. Жоспардың тұрақты бөлігінде барлық оқушылар оқуға міндетті, ал
жылжымалы бөлігінде әр мектептің қалауы бойынша даярланып алынатын
мектептікң құрамы кіреді. Оқу жоспарының жылжымалың бөлігінің ішкі
құрылымы оқу сатысында балалардың жас ерекшеліктеріне, физиологиялық
мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі болады. бастауыш мектепте бұл қосымша
сабақтар мөлшері әрбір сыныпта 2 – 3 сағат болуы мүмкін. Негізгі мектептің
екінші сатысында оқу сатысының оқу мазмұнының жылжымалың бөлігіндегі
қосымша сабақтар, факультативтік курстар оқу жүктемесінің 10 – 15%-тей
мөлшерін қамтиды. Ал орта мектептің 3 – сатысында, яғни бағдарлы мектептің
оқу мазмұнының жылжымалы бөлігінде барлық оқу жүктеменің үштен бір бөлігі
беріледі.
Сонымен жалпыға білім беретін мектептердің оқу жоспарлары жан-жақты
тәрбиенің барлық саласын қамтиды, оларға жалпы білім және ақыл-ой
тәрбиесінің беретін пәндерімен бірге еңбек, білім дене шынықтыру және
эстетикалық тәрбиеге қажетті пәндер (музыка, ән-күй, сурет) енгізіледі.
Оқушылардың интелектілік қабілеттерін дамыту көзделеді.
Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі – біртұтас
педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық мәндеті – оқыту үрдісінде
білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы
тарихи дамуда дәлелденіп,, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді
оқыту әдістемесінің басты мәслесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық
байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының
негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. сол себепті оқыту
үрдісіндегі пәнаралық және пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік
маңызы бар.
Жалпы білім беретін мектеп пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен
іскерліктерді игеруі – оқу үрдісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру
үшін алғы шарт.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары
анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген.оқу үрдісі
нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің
қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің
ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады.
Профессор Т. Сабыров оларды бірнеше топқа бөледі.
1. Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
2. Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс
істей білу, т.б.);
3. Спорттық икемділік пен дағды;
4. Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-
бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде
оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
А. Бейсенбаева Пәнаралық іскерлікң ұғымын былай тұжырымдайды:
Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік,
ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу
қабілетін анықтайдың. Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында
орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды.
Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне
сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Бастауыш мектепте бейнелеу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс,
негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. ол пәндерге музыка, еңбекке
баулу, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ, алдыға қойылған
мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география,
тарих, ботаника, т.б. пәндердің қарапайым элементтері де қолданылып,
байланысқа түсе береді.
Бейнелеу өнері пәні, негізінен, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге
бағытталады. Мектептерде бейнелеу өнері мен музыка пәндерін, өнер саласының
элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық
бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабақтарын
музыка пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өткізілетін
тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды
молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін бейнелеу
өнері пәнінің халықтық-сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу
желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу
нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер, әсіресе
бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне
зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. тек
ескеретін жайт: күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей,
сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика
ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде
пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
- пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
- өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
- байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының
ерекшелігі;
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері
материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен
заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын
меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара
жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және
іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.
Бастауыш мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнін оқытуда ана тілінің
алатын орны ерекше. Себебі, оқушыларда өнер туралы білімдерді, сұлулықты
танып-білу ептіліктері мен адғдыларын қалыптастыру нақты тіл, сөз арқылы
әңгімелеу, түсіндіру әдістері көмегімен, әрі көрнекілік пен тәжірибелік
әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесінде іске асырылады. Сондықтан бастауыш
мектеп мұғалімдері бейнелеу өнері сабақтарында мейлінше әдеби тілде әрі
әсем сөйлеуі қажет.
Қазақ пеадгогы Жұмабаев Мағжан өзінің Пеадгогикаң деген еңбегінде
балаларда сұлулық сезімдерді қалыптастыру жөнінде былай жазады: Баланың
маңайында сөйленетін сөздер әдепті, сұлу болуға тиісті. Баланы сұлу
искусствомен терең таныстыру керек. бала неше түрлі сұлу үндерді естісін,
неше түрлі сұлу түрлерді, түстерді көрсін, сұлу сөздер, сұлу өлеңдер
жаттасын. Түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін.
Ән салып, музыка құралдарында ойнап үйренсін. Міне, осыларды істесе,
баланың сұлулық сезімдері өркендейдің.
Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер,
заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері сабақтарында өте көптеп
кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары. Математика
ғылымы – барлық ғылымдардың патшасың деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере
және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда
ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына
тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен
күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру
математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні
(силуэті) сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш,
ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.
Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы дүниетану пәнімен тікелей
байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып
табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол
заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық
міндет.
Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері,
музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды
әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам
сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық,
эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық
дамуының негізі болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдау белсенділігі мен деңгейі өте
жоғары болып табылады. сондықтан олардың зейіні мен ықыласын әрдайым дамыта
жүргізу шартты ретіндегі жаңа материалдардың біршама көп болуы және
олардың міндетті түрде қызықты болуы - әрбір өтілетін сабақтың негізгі
тірегі.
Еңбекке баулу пәнінің элементтері бейнелеу өнерінде, әсіресе ондағы
тәжірибелік оқу іс-әрекетінде анық көрінеді. Сәнді бұйымдар жасау, қолөнер
бұйымдарымен танысып, олардың жасалу жолдарынан мағлұматтар алу,
аппликация, мүсіндеу сияқты бейнелеу өнері сабақтарындағы эпизодтарында
оқушылардың еңбектік ептіліктерінің көркемөнер және көркем-суреттік
икемділіктерімен ұштасуы жүргізіледі.
Бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген
көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны
қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік
сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркемөнерлік талғамды тәрбиелеп,
өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың,
пропорцияның, түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу) дамытады.
Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер,
жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттар, көрмелер, көптеген
иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын
пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға, игеріп, меңгертуге көмектеседі.
Ендеше бастауыш сынып оқшыларына пәнаралық байланыс материалдарын
кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша
тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.
1.2. Бастауыш сыныптарда оқушыларды оқыту барысында пәнаралық байланысты
жүзеге асыру жолдары.
Қазіргі кезде пәнаралық байлансты педагогика ғылымының басты мәселесі
болып отырған жағдайда оны жан-жақты қарастыру барысында біздер көрнекі
философ, психолог, педагог еңбектерінде талқылау жасадық. Мұнда философБ.
М. Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруға әр түрлі пәндердің өзара
әсерінің мәнін көз жеткізе баяндаған. М. Б. Кедров өзінің еңбектерінде
ғылымда пәнаралық байланыс мәселесіне жаңа әдістемелік тұрғыдан қарауды
талап етеді. пәнаралық байланыс проблемасы бүгінгі күнге дейін бір ғылымға
бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана бір-бірімен өзара байланысты
болып шектеліп тәрбиеде қолданып келгенін көрсетіп, ол қазіргі кезде бір
пәнді бірнеше ғылым өзара әрекеттесіп жан-жақты қарастыра бастағанын
дәлелдейді. Сонымен ғылымның зерттеуінде бір ғылым тек өзінең тиісті
пәнмен ғана емес, қайта көптеген басқа пәндермен бірлікте болуы қажеттігі
айқындалған.
Біз ғалымдар пәнаралық байланыс негізінде білім-тәрбие беру
проблемасын зерттегенде осы тірек бола алатын жаңа әдіснамалықты басшылыққа
алдық.
Пәнаралық байланыстың педагогикалық жағы бір аса маңызды міндеті
ғалымдардың бір-біріне бөлшектенбей ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуын,
басқаша айтқанда интеграциялану тенденциясын жоғары дәрежеге көтеру.
Соңғы кезде пәнаралық байланыс ұғымы ғылыми-педагогикалық
әдебиеттерде жаңа мәнімен енгізіле бастады және оны білімдердің,
танымдардың, сенімдердің адамның психологиялық ойлауының жиынтығы деп
түсінуіміз керек. пәнаралық байланыс ұғымы табиғат-қоғам – адам ойың
жүйесінде білім негізін пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың
интеграциялануын реттеуші қызметін жүзеге асырады.
Біз анықтағандай пәнаралық байланыс білім және тәрбие міндеттерін
шешуде ерекше роль атқарады. Мектептегі білімдер жүйесі өздерінің мазмұны
жағынан комплексті. Олардың мәні және меңгерілуі пәнаралық деңгейде жүзеге
асуы тиіс. Мәселеге тек осылай келгенде ғана шәкірттерге ақиқат дүние
біртұтас жүйе екен деген түсінік қалыптасады. Бұл жүйеде барлық
элементтерді біріне-бірі ықпал жасайтындығын, процестер өздерінен өздері
туындап жататындығын мұғалім білуі керек.
Пәнаралық байланысты оқу-тәрбие процесінде мынадай жағдайлардан көруге
болады: пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде қолдануға,
ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуде мүмкіндік
береді. Қазіргі кезед оқушыларға білім беру және олардың танымдық қызметін
өркендетуге жағдай жасайды.
Көптеген педагогтар мен психологтар пікірлеріне қарағанда, оқушылардың
түрлі пәндердегі білімдер мен біліктерді, бейімділіктердің жеке элементтері
арасындағы байланыстарды байқап және қабылдануы олардың білімдерін жүйеге
түсіреді, ақыл-ойына серпіліс тудырады, таным қызметіне шығармашылық сипат
береді.
Белгілі психолог Ю. А. Самарин өзінің Ақыл-ой психологиясының
очергтерің деген еңбегінде былай деп жазды: Диалектикалық тұрғыдан ойлай
білу дегеніміз - әр құбылыс басқалармен байланысы көп, түрлі фактілердің
өзара ықпалы, қайшылықтары мен дамуы барынша күрделі екендігін көре білу
деген сөз. Дүниені тануға келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл
ойының жоғары деңгейі.
Ол бұған қоса диалектикалық тұрғыдан ойлау, құбылысты оның барлық
байланыстарымен жанама түрлерін көре білу деген сөз. Дүниені тануға
келгенде диалектикалық әдіс – адам баласы ақыл-ойының жоғары деңгейі. Ол
қасиет бірте-бірте барған сайын күрделене беретін білімдер жиынтығын
меңгеру барысында қалыптасады деп дәлелдейді.
Ю. А. Самариннің позициясы бойынша пәнаралық байланысқа диалекталық
заңдылық деп қарау керек. Пәнаралық байланыс әр шәкірттің санасын
өркендетуге қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ойлайтын адам табиғаттағы жеке
құбылыстардың өзара байланысын түсінетіндей бейімділік дарытуымен қатар
олардың неғұрлым кең жүйедегі басқа құбылыстарымен өзара байланысын байқауы
керек.
Кейбір ғалым –зерттеушілер пәнаралық байланысты дидактикалық шарттар,
оқыту мазмұнының арнайы құрылымы десе, келесі бір ғалымдар оны дидактикалық
қағидалар деп есептейді. Біздер бұл анықтамалардың қай-қайсысы болса да,
толық әрі дәл емес деген көзқарастамыз.
Пәнаралық байланысты дидактикалық қағида деп қараудың қажеттілігі жоқ,
себебі оның педагогикалық мақсаттылығы оқытудың жүйелілік қағидасынан
туындайды, ол білімнің тұтастай жүйесінің оның оның негізгі бөліктерінің,
атап айтқанда табиғат, қоғам және адам туралы нақтылы айқын түсініктердің
өзара байланысын білдіреді.
Дегенмен түрлі зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, Г. И.
Беленьский, П. Г. Кулагин, Н. Ф. Лошкараева, т.б. пәнаралық байланыстың
мәніне көзқарастары бірдей емес. Мәселен Г. И. Беленьский пәнаралық
байланыс жалпы пәндердің мазмұнын құрылымдық бөліктерінің мақсат бірлігін
көрсетеді десе Н. А. Сарокин пәнаралық байланыстар идеясын дидактикалық
қағидаларды жүзеге асырудың қажетті шарты деп есептейді.
В. Н. Максимова ұсынған классификация бойынша мынадай топтар бар
екендігін көрсетеміз: мазмұн-хабарлық, операциялық-қажеттік, ұйымдық-
әдістемелік. Бірінші топтың байланыстар ағарту жұмысы міндеттерін тәуірірек
шешуге, екіншісіндегілері – оқушылардың практикалық жұмысын ұйымдастыруға,
үшінші топтағылары – ұйымдастыру жағынан айқындықты, тиімділікті қамтамасыз
етуге бағыт-бағдар ұстауға көмектеседі.
П. Г. Кулагин пәнаралық байланысқа мұғаліммен оқушылар жасайтын жүйесі
деген анықтама береді де бағдарламалардың материалдарын неғұрлым тиянақты
меңгеріп алу мақсатында, білімдердің, игерілу процесінде ұқсас пәндердің
мазмұны пайдаланылады да қамтылады дейді.
Г. Ф. Федорецтің зерттеу еңбектерінде біз сөз етіп отырған проблема
мынадай түсінік береді.
- пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және
процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын қарым-
қатынасты бейнелейтін педагогикалық катергория. Ал олар оқу-тәрбие
процесінің мазмұнын, формалары мен тәсілдерінен көрінеді және тәрбиелеу
қызметін атқарады.
Н. А. Лошкараева Пәнаралық байланысң деп аталатын ұғымға берілетін
мәні жағынан түрлі-түрлі анықтамалар негізгі екі нәрсеге саюға болады:
пәнаралық байланыс дегеніміз оқу-тәрбие процесінде объективті шындық өмірді
баяндауын диалектикалық формасы мен педагогикалық талап принципі.
Зерттеушілердің пәнаралық байланыс жөніндегі оның жаңа қызметінің
қырларын көрсететін анықтамаларға басқа тұрғыдан келушіліктер байқалады.
Мысалы В. И. Янсен пәнаралық байланысты білім берудің құрамды бір бөлігі
деп қарайды да, бұл бөлік оқу қызметінде түрліше көрінеді дейді. И. Ф.
Боисенко пәнаралық, ғылымаралық ұғымдардың дидактикалық баламасы деп
түсіндіреді.
Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен
білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен
интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Осыған орай пәнаралық байланыстың философиялық, психологилық, жалпы
ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс.
Пәнаралық байланыстың философиялық негізінде дүниедегі барлық заттың,
құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған
дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болады.
Объективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны
танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.
Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен толар бір-
бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті
өзара байланыстылықты танып білу.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға негіз болатын өткен жылдардағы
мектептегі қоғамтану пәні еді. Онда оқушылар табиғаттың, қоғамның, адам
ойының даму заңдылығын диалектикалық және тарихи материализм негізінде
қабылдап теориялық танымдық біліммен қаруланатын еді.
Соңғы жылдардағы блоктық жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық
байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның
интелектуалдық потенциалын дамытады және дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге
асыруға көмектеседі.
Ең бастысы қазіргі кезде өздігінен білім алудың, оқытудың өзекті
мақсаты етіп бірінші орынға диалектикалық ойлауды кеңінен дамытуды жүзеге
асыруды қою керек. бұл міндет бір пәннің шеңберінде шешілуі мүмкін емес.
Сондықтан әрбір мұғалім жеке деректерді нақтылы жағдайларды, оқиғаларды
түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. ол материалдың өзара байланысын
бір-біріне тигізетін ықпалын, ортақ негізгі тенденцияларын, әлеуметтік-
экономикалық, рухани ортақ белгілерін, топтастыру, бір-бірімен
сабақтастыру, ортақ заңдылықтарын ашуды көздеуі тиіс.
Жоғарыдағы айтылған ойларды мектеп тәжірибесінде айқындау үшін әрбір
мұғалім өзінің пәнін оқыту барысында қандай дүниетанымдық міндеттерді
шешуді, жеке тарауларды, мәселереді өтуде, қайсысы ең басты идея, шешуші
проблема болатынын бөліп алдын-ала ойластыруы керек. сол идеяға оқушылардың
назарын аудара білу, олардың материалды меңгеруін, ұйымдастыру және басқара
білу қажет. Оқушылардың ол меңгерген білімдері сайып келгенде әрбір
шәкірттің жеке тұлғалық көзқарасына, сеніміне өмірлік құндылық бағдарына,
мінез-құлықтың қағидасына айналу керек.
Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі. Пәнаралық байланысты
анықтау психологиялық физиологиялық заңдылықтарға негізделген. Жүйелік адам
миының арнайы қызметі.
И. П. Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оны
үздіксіз дамуда, өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден
қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп жүйеге келетінін
түсіндіріледі.
Сондықтан ойлау нерв процестерінің күрделі динамикалық жүйесі
болғандықтан, ол мидың анализ синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр
пәннің өз ішіндегі және пәнаралық бірлестіктеріндегі бөлімдер жүйесі сәйкес
келеді.
Қорыта айтқанда пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық
негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орнаасуы адамның үнемі алға
ұмтылушылығына жағдай туғызады да оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола
алатындығын дәлелдейді.
Пәнаралық байланыстың негізі. Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық
байланыстың дидактикалық негізінде оқу пәндері алынған. Ғылымдардың
гуманитарлық, табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы,
олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығында, пәндік қатынастардың
бірлігіне негізделген. Олар қоғам, табиғат, еңбек салалары бойынша
біріктіріледі де, әр пән өз ішінде білім іскерліктерге арналған материалды
және оқушылардың жалпы таным объектілерінің бір жүйеге келтірілуі.
Сонымен пәнаралық байланыстың маңызына мыналар жатады:
1. Оқу пәндер арасындағы өзара байланыстың болуы – ғылымдар негізін
меңгерудің және білім жүйесінің дамуының қажетті шарты.
2. Диалектикалық көзқарастың қалыптасуы білім мазмұнының барлық құрамды
бөліктерінің байланысын талап етеді.
3. Пәнаралық байланыс жан-жақты тәрбие беру жүйесінің барлық салаларын
комплексті жүзеге асыруға ықпал жасайды.
4. Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінде тиімді
ұйымдастырылуына көмектеседі.
5. Педагогикалық ұжымның барлық іс-әрекетінің бір-бірімен келісімді және
демократиялық негізге жүріп отыруына әсер етеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары. Әр нақтылы міндетті оқу-
тәрбие процесі арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс оқытудың
мазмұны, әдістері, оқытудың ұйымдастыру түрлерімен ғана шектелмейді. Ол
оқушы мен мұғалімнің оқу-таным іс-әрекетінің бір бөлігі болып саналады.
Оқу материалының мазмұнымен, ана тілі, дүниетану, еңбек пәндерін
бейнелеу өнерімен байланыстыра оқытудың ғылыми-әдістемелік жолдарын мектеп
тәжірибесі негізінде ашып көрсетуге болады.
Біз оқушыларға ана тілінен білім беру дегенді кең түсінеміз. Өйткені
тіл – оқушыларды дүние тануға баулитын қоғамдық құрал. Тілсіз қоғам жоқ,
тілсіз ғылым жоқ. Адамдар өзінің қоғамын қашан да тіл арқылы дамытып
отырады.
Тіл шындықтың, ғылымның және ол жөніндегі ақыл-ойдың танылуы немесе
олардың адамдар ұғымынан орын алып, жүйеге келуі. Олай болса, өмір
шындығынсыз мидың қызметі болуы мүмкін емес, сол сияқты мидың қызметінсіз
тіл немесе тілдегі ой мен ұғым болуы мүмкін емес. Ондай жүйеге келген
ғылымдар мектебімізде ең алдымен сол өзінің ана тілінде оқытылады.
Мектеп тәрбиесінде ана тілі пәнінің мұғалімдері пәнаралық байланыс
негізінде сабақ өткізу барысында Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздерң
мысалы Қысң-деген өлеңінде, жидемң-деген сөз балаларға түсініксіз болады.
мұғалім балаларға бұл сөздің мағынасын ашып түсіндіру барысында еңбек
пәнімен байланысы арқылы жүргізеді. Сондай-ақ А. С. Пушкиннің Қысқы кешң-
өлеңінде жазушы өзінің тіл байлығымен балаларды сол өлеңді оқи отырып көз
алдына елестеген суретті қағаз бетіне түсіруі арқылы ана тілінен бейнелеу
өнерін байланыстыра жүргізу арқылы оқушылардың зейінін, байқағыштығын,
ойлау қабілеттерін арттыруға болады.
Оқушыларға барлық пәннен білім беретін мұғалімдеріміз өздерінің
мамандығын, оның ғылыми жүйесімен бағытына ана тілі арқылы үйретеді.
Сонымен қатар біздің мектептеріміздегі тәжірибелі мұғалімдеріміз қазақ
тілін оқыту жұмыстарын табиғат құбылыстарымен ұдайы байланыстырып жүргізіп
отырады.
Табиғат құбылыстарымен тілді оқыту жұмыстарын практика жүзінде
ұштастыра жүргізіп отырудың алуан түрлі тәсіл амалдары бар. Оқытушылардың
ең алдымен сол тәсіл-амалдары және оны практикада қолдана білудің жолдарын
меңгереді. Мысалы, оқытушы белгілі бір тілдік тақырыпты өткенде,
оқушылардың табиған құбылыстарына байланысты сөз байлықтарын толықтырып
дүниетануын күшейту мақсатында табиғат байлықтарын суреттеп көркем жазылған
шығармалар мен өлеңдерден үзінділер алады.
Табиғат құбылыстарын суреттейтін ана тілінен алынған текстерді алдымен
оқушылардың ұққанын әңгімелетіп айтқызады немесе өздеріне мазмұндатып
жаздырады.
Сонымен ғалымдардың дәлелдеуінше: тіл қоғамды біліп, дамытудың құралы,
ендеше тіл адамның ақыл-ойының көрінісі, әдет-ғұрпының байлығы, өнер-білім
қазынасын меңгертудің құралы.
Жоғарыда келтірілген мысалдар арқылы оны
- мұғалімдердің пәнаралық байланысты практикалық қызметінде пайдалануы;
- сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс
бағыттылығын күшейте түсу. Бұл міндетті шешу озық тәжірибелерді
жинақтауды, жұмыстың неғұрлым тиімді түрлерін практикада пайдалануды
қажет етеді.
- мұғалімдердің оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім мен тәрбие
беру дайындығын және қандай жағдайда екендігін білу.
Сонымен пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көпмағыналы
педагогикалық табиғаты бар проблема. Қазіргі педагогика ғылымының жан-жақты
қарастырылатын, зерттейтін мәселесінің бірі. Демек, пәнаралық байланыс
білім беру мәселесінің бірі ретінде мазмұнды әдістер жүйесін және
ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін сапалылық жағынан қайта бұруға жетелейді.
Нәтижесінде оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі
объективті түрде кеңейеді.
Бұдан біз пәнаралық байланыс идеясы білім мазмұнын айқындаудың
негізінде алынуы керек деп есептейміз.
Білім мазмұнын анықтауға ғылымдардың саралануы (дифференциялану) және
кіріктірілу (интеграциялануы) қағидалары негізге алынады.
Ғылымдардың ішкі табиғи байланыстарын ашу табиғат, қоғам, адам ойының
даму заңдылықтарының методологиялық негізін білу қазіргі мектептің білім
мазмұнын бағытын жасауға тірек болады.
Әрбір ғылым негізінде жеке пәндер адам ақыл-ой дамуының оның танымдық
жемісі болғандықтан жалпы адамзаттық құндылықтар білім мазмұнына алынуы
керек.
Қазіргі ғылым мазмұнындағы негізгі бағыт жалпы білімнің гуманитралық
бірлікте болуы көздерінеді. Білім мазмұнының жаңа құрылымы Республиканың
мәдени, рухани потенциалының жаңа сапалық деңгейіне көтерілуінің бірден-бір
тілін оқытуда бірнеше ғылымдар саласымен байланыстырудың педагогикалық-
әдістемелік мол мүмкіндіктері бар екенін тәжірибесінде көріп аламыз.
Мектеп тәжірибесінде біртіндеп қолданылып келе жатқан пәнаралық
байланыс негізінде ұйымдастырылып, кейбір сабақтарға, кластан тыс
жұмыстарға тоқталу керек.
Пәнаралық іскерлік. Оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлік
дағдыларын, екінші жақын пәндерді меңгеруді пайдалана білу қабілеттерінен
көрінеді. Мәселен қазақ тілі пәніне меңгерілген кітапты пайдалану
іскерлігі, ана тілі, дүниетану, математика т.б. пәндерді оқып-үйренуге
қолданылады. Сол сияқты оқушының бір пәннен үйренген еңбек іскерліктері,
екінші пәнді терең жан-жақты меңгеруге ықпал жасайды.
Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – ол оқыту
процесінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы
байланысты құру болып табылады.
Қазіргі мектептердің жалпы білім беру мазмұны, оның ішінде оқу
жоспарлары пәнаралық байланыс негізінде жетілдіріліп келеді. Осыған орай,
ғалым зерттеушілердің шығармашылық еңбек етуші мұғалімдердің ізденістері
интеграцияланған, жүйеленген қорытындыланған жаңа курстардың оқу-тәрбие
процесінде қажет екендігін дәлелдеп отыр.
Білім және тәрбие берудің аса маңызды құрылымының бірі пәнаралық
байланыс екендігі біздің зерттеу жұмысымызда дәлелденеді.
Міндеттері мыналар:
- оқушылардың оқыту процесіндегі пәнаралық байланысты түсінуін, саналы
қабылдауын, танымдық беленділігін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру.
- оқу пәндерінің оқушыларға біліммен тәрбие беру және пәнаралық
байланыс орнату мүмкіндіктерін айқындау мақсатында білім беретін орта
мектептің оқу жоспарымен бағдарламаларында тыңғылықты таңдау жасау
басты шарты болып табылады. осыған байланысты білім мазмұнына қазіргі
заман ғылымының серпінді бағыты жалпы білім беретін мектептердің
жаңаруына, жеке тұлғаның шығармашылық ойлауымен еңбек ету дағдысының
қалыптасу процесінде көрініс табады.
Республикада мемлекеттік құбылыс түбегейлі түрде өзгеріп, жаңа түрдегі
қоғамдық қарым-қатынастар біртіндеп орын алып экономикалық-әлеуметтік
проблемалар туындап отырған жағдайда, білімнің беделін көтеруде жаңа
көзқарас қалыптастыру қажет.
Бұл міндет саласында іргелі ғылымдарды тереңдетуді, оқытудың мазмұнын
дифференциялау, интеграциялау, шығармашылық ойлармен еңбектің мәдениетін
жаңа сапалық деңгейге көтерумен шешіледі.
Дүниежүзілік тәжірибеде көрсеткендей ғылыми дүниетанымды берік
меңгеру, әлемдік құбылысты, деректерді қабылдау білім мазмұнын
бөлшектенбеген жағдайда тұтас, жүйелі қалыптасуы нәтижесінде жүзеге
асырылады.
Пәнаралық байланыс қазіргі дидактиканың басты қоғамдағы екені бізге
мәлім. Мектеп және мұғалім үшін бұл ең көкейтесті проблема болып отыр.
Себебі пәнаралық байланыс білімдердің синтезі үшін қажет. Жеке тұлғаны жан-
жақты дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын айқындау, әсіресе өнер
мен мәдениеттің басты міндеті деп түсінеміз. Сондықтан өзімнің күнделікті
сабағымда пәнаралық байланысты оқыту процесінің өзегі деп есептеймін.
Қорыта келгенде классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық
байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп қазіргі педагогика ғылымының басты
мәселесіне айналып отыр.
Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттерінің бірі –қол жеткен
қоғамдық, рухани және материалдық құндылықтарды, өндіпрістік тәжірибені
игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білім беру
жүесіне жүктелетіні белгілі.
Тұлға – бұл субъект ретіндегі нақты адам. Адам санасының белсенділігі
оның танымына, әсерленуінде жүреді.
Адамның негізгі қасиеттерінің тобын кез келген педагогтің білуі шарт.
Олар: бағыттылығы (сенімі, дүниетанымы, идеалы, қызығуы), тәжірибесі
(адамның даярлығы, оның білімі, дағдысы, ептілігі мен әдеті), психикалық
үрдістері (қабылдау, ойлау, түйсік, зейін, ес, ерік, сезім, эмоция,
сенсомоторика), темпераменті (адамның жоғары жүйке қызметінің типологиялық
негіздері, жеке тұлғаның жас және жыныстық қасиеттері мен патологиялық
өзгерісі). Аталған негізгі қасиеттерді біле отырып, әр түрлі жастағы оқушы
үшін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу және соған сәйкес іс-әрекеттерді
ұйымдастыру кез келген педагогтің білімі мен біліктілігіне, тұлғалық
қасиеттеріне байдланысты.
Оқушының адам қасиеттеріне сәйкес бағыттылығы мен тәжірибесін
негізінен мектеп қабырғасында дұрыс қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Адамның бағыттылығы мен тәжірибесіне негіз болатын құрушының бірі – оның
білімі. Білімнің өзін мазмұндық және іс-әрекеттік тұрғыдан қарастыру
көптеген зерттеулерде орын алған. Мазмұндық тұрғыдан оның өмір сүру формасы
– оқу-әдістемелік әдебиеттерде тіркелуі.
Осыған сәйкес М. Скаткин жалпы білім беретін пәндерге қатысты өзара
байланысты білімнің түрлерін: негізгі ұғымдар мен терминдер; әр түрлі
нысандар мен болмыс құбылыстары арасындағы байланыстарды және қатынастарды
ашатын күнделікті болмыстық және ғылыми фактілер; берілген пәндік саланың
құбылыстарын түсіндіру және болжау нысандары мен әдістерінің жиынтығын
анықтау жөніндегі ғылыми білімдер жүйесін қамтитын теориялар; ғылыми және
әлеуметтік идеялар; іс-әрекет тәсілдері, таным әдістері және білімді алу
тарихы, ғылым тарихы жөніндегі білімдер; қоғамдағы белгіленген өмірлік әр
түрлі құбылыстарға қатысты нормалар жөніндегі білімдер деп қарастырады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық
өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми
көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен
байланыстырудағы құралдардың бірі - пәнаралық байланыстар. Пәнаралық
байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген
мәселенің бірі ретінде де қарастырылады. Зерттеулірдің нәтижесіне сәйкес
пәнаралық байланыстар оқытудың қағидасы және білім берудегі міндетті
элемент ретінде де айқындалады (В. Краевский, И. Лернер, А. Бейсенбаева,
И. Зверев, В. Максимова және т.б.).
И. Зверев пәнаралық байланыстарды толықтыру көлемде жүзеге асыру
тәсілдерінің сипатынсыз олардың білім беру, дамыту және тірбиелеу
функциясының өзара байланыстарын ашпайынша бұл мәселені елестету мүмкін
еместігін айтады. Пәнаралық байланыстардың жалпы біім беретін функциялары
оқушыларда материя қозғалысының әр түрлі формаларының өзара байланысын
көрсететін әлем жөніндегі жалпы білімдер жүйесін қалыптастыруды
қарастырады. Пәнаралық байланыстардың тәрбиелеу функциясы оқушыларда
диалектикалық-материалистік дүниетанымды, өнегелік-эстетикалық идеяларды,
жеке тұлғаның эмоционалдық-еріктік қасиеттерін қалыптастыруды көрсетеді.
Пәнаралық байланыстардың дамытушылық функциясы салалас пәндерді зерделеу
кезінде жалпы жаратылыстану-ғылыми және политехникалық ұғымдарды дамытуда,
талдап қорытындыланған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жүзеге
асырылады.
Сондай-ақ пәнаралық байланыстар жастарды тәрбиелеу ісінде жасөспірім
тұлғаны қалыптастыру функциясында едәуір мәнге ие. Еңбекке баулу мен ғылыми
негіздерінің пәнаралық байланысты мектеп оқушысының белсенді өмірлік
көзқарас үстанымында, объективтік ақиқакт құбылыстары мен фактілерінің
ғылыми түсінуінде пайда болатын түсінуде пайда болатын дүниетанымды
қалыптастыруға едәуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық
әрекетінің жүзеге асуына мүмкіндік береді. Технология пәні мен ғылым
негіздері пәндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. бұл
функция еңбек үрдістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру –
экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.
В. Скакун өз жұмысында пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу
материалдары мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастыратын жалпы оқу
іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды
тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады.
Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі
әлеуметтік-педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
В. Скакуннің пәнаралық байланыстарының түрі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz