Білім беру мазмұнына қойылатын талаптар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1. Білім беру жүйесінің жай.күйін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2.1. Мұғалімнің ақпараттық.коммуникациялық құзырлығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Білім берудегі ақпараттық технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
2.3. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін, елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің қалыптасуына маңызды рол атқарады.
Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер тигізіп отыр.
Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады.
1. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.
3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. --А., 2004.
4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
5. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.
6. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 -2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. Астана , 2004.
7. Матрос Д.Ш., Полев Д.М., Мельникова Н.Н.. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М.;2001; 30-33 бб.
8. Лебедева М.В., Шилова О.Н.. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать. Информатика и образование; 2004; № 3; 96-100 бб.
9. Каймин В.А.. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. Информатика и образование; 1990; №6; 26-31 бб.
10. Зимин А.Л., Хеннер Е.К.. Повышение квалификаций работников образования в области информационно-коммуникационных технологии. Информатика и образование; 2004; №12; 1-4 бб.
11. Хеннер Е.К., Шестаков А.П.. Информационно-коммуникационная компетентность учителя: структура, требования и система измерения. Информатика и образование; 2004; №12; 5-6 бб.
12. 12-жылдық білім. Журнал. № 8 2006-2007, 18-33 бб.
13. Педагогика. Оқулық. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті. Алматы 2003 ж.
14. Өстеміров К., Шәметов Н. Кәсіптік педагогика Алматы 2006.
15. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Алматы. 2006.
16. Құтпанбаев Ә. Кәсіпке оқытатын орта мектептер мен кәсіптік білім беретін бастауыш мектептің бағдарламасы. (Жоба) Мектептегі технология
№ 7 – 8. 13 -25 бет.
17. Климов Е.А. Психолого – педагогические проблемы профессиональной ориентации и професиональной консультации. М. Знание 1983.
18. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Алматы, 1999.
19. Мүсілімов Ә., Сиымова А. Кәсіптік бағдар беруде мектептен тыс жұмыстардың түрлері. Қазақстан Жоғары мектебі. № 3 2002. 89-91 бет.
20. Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруду ұйымдастыруды ұйымдастыру құрылымы. Алматы, 2005.
21. Лебедев Н.А. Білім берудегі менеджмент. Алматы, 1998.
22. Баймолдаев Т.М. Менеджмент – басқару тәсілі. Алматы, 2001.
23. Вазина К.Я., Петров Ю.Н. Педагогический менеджмент. Москва., 1991.
24. Мектеп басшыларына арналған көмекші құрал. Алматы. 2003.
25. Ақылбекова А. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмыстарының мазмұны мен негізгі бағыттары. Алматы, 2006.
26. Симонов В.П. Педагогический менеджмент. Учебное пособие. Москва, 1999.
27. Хмель Н.Д. Особенности управления педагогическим процессом в общеобразовательной школе. Алматы 1998.
28.Әбенбаев С. Педагогика. Астана. 2003 ж.
29. Подласый И.П.. Педагогика. 1 том. Москва 2000 г.
30. Харламов И.Ф.. Педагогика. Москва 2000 г.
31.Қазақстан мектебі. Журнал. Алматы № 9 2006 ж 11 бет; № 10 2006 ж. 21 бет; № 11 2006 ж. 33 бет.
32. Білім. Журнал. Алматы № 3 2006 ж. 70 бет; № 5 2006 ж. 57 бет.
33. Бастауыш сынып мұғалімі. Журнал. Алматы. № 9 2005 ж 41 бет; № 10 2006 ж 27 бет.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 2

1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19
1.3. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

2 ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ПЕДАГОГ МАМАНДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
2.1. Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы
мен ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

2.2. Білім берудегі ақпараттық
технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
2.3. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...77

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...79

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының көкейтестілігі:
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті дамыған 50 елдің қатарына кіру үшін ең
алдымен білім беру жүйесінің реформалау қажет. Қоғамның даму деңгейін,
елдің экономикалық қуаты, ұлттық қауіпсіздік білім беру жүйесінің
қалыптасуына маңызды рол атқарады.
Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде
лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы,
құрылымы мен мазмұны білім беру саласында жаңарту қажет. Қазіргі таңда
білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр. Оқитындарды қоғам
өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып
даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың
біріздендірілген жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың
штатт санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер
тигізіп отыр.
Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан
кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру
жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан:
бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ
университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім
беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез
өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған
орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын
даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру
мазмұнын реформалауда.
Көптеген педагогика ғылымдары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулердің
нәтижесіне сүйенсек тәжірибелік жағында көптеген кемшіліктері бар екендігін
көруге болады. Сондықтан біз зерттеп отырған мәселе бойынша Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесін педагогикалық қызметті дамыту үшін
мұғалімнің ақпараттық коммуникациялық,мәдени және жаңа технологияларды
қалыптастыратын механизімдерді іске асыру қажет
Диплом жұмысының мақсаты: осыған орай біз өз дипломдық жұмысымызда
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму тенденциясын жан –
жақты талдауды, оның тәжірибеде алатын орнын мақсат етіп қойдық.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесінің жай-күйін аңықтау;
- қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің педагогикалық қызметін
зерттеу;
- мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығы мен ақпараттық
мәдениетін арттыру;
- білім берудегі ақпараттық технологияларды іске асыру.
Диплом жұмысының объектісі: Қазақстан Республикасының білім беру
жүйесінің динамикасы болып табылады.
Зерттеу пәні: Қазақстан Республикасының білім беру стандарттары, білім
беру технологиялары, типтік бағдарламалар және оқу жұмыс жоспарлары.
Дипломды зерттеудің әдіснамалық негіздері:
Білім беру жүйесін зерттеген орыс ғалымдарының еңбектері:
М.В Лебедева, О.Н.Шилова, Д.Ш.Матрос, Д.М. Полев, Н.Н.Мельникова,
А.Л.Зимин, Е.К.Хеннер, В.А.Каймин, А.П.Шестаков т.б.
Қазақстан Республикасының білім жүйесінің реформалауға үлесін тигізген
ғалымдардың еңбектері Қ.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Н.Д.Хмель, Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, Қ.Бержанов т.б.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының білім беру технологиясы
Зерттеудің ғылыми педагогикалық әдістері: салыстырмалы, ғылыми-
теориялық, аналитикалық, статистикалық, тәжірибелік педагогикалық әдістерді
кеңінен қолдану.
Диплом жұмысы: кіріспеден; екі бөлімнен; қорытындыдан; пайдаланған
әдебиеттерден; қосымшадан тұрады.
1 ТАРАУ. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1. Білім беру жүйесінің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы
мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз
әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол
жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен
ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам
ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі
өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына
барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіктеріне сай болуды талап
ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп тұратын әлем және ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі
пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып
табылмайды. Оқитындар қазақстандық білім беру жүйесі бағыт алған
білімнің, дағды-біліктің жиынтығын (білім үстемдігі) меңгеріп қана
қоймауға тиіс. Оқитындардың өзін барынша көрсете білу және қоғам өміріне
пайдалы түрде қатысу үшін (құзыреттілік) ақпаратты өз бетінше табу, талдау,
құрылымдау және тиімді пайдалану дағдысын бойына сіңіру әлдеқайда маңызды
да күрделі. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру
кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық
базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру
мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне
құзыретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қатыстыра отырып даярлауға
бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген
жүйесінің болмауы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының
жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді\2\.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке
дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бұл тек
қаржыландыру деңгейінде ғана емес (Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы елдерінің білім берудің жалпы бюджетінен 9,5 %, 1999 ж.), сонымен
қатар балалардың толық күнге немесе қысқа уақытқа келуіне негізделген
мектепке дейінгі тәрбиенің әр түрлі модельдерін жасаудан да айқын көрінеді:
міндетті аналар мектептері, сәбилерге арналған мектептер, 3-тен 5 жасқа
дейінгі балаларға арналған мектептер, ойын топтары, балаларды қарау және
күту топтары.
Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны
12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға
(18,7 %) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұраныстарының өсуі
мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті
айғақтайды (1-кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға
105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика
бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін кезекте
тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектепалды бағдарламаларымен қамтылуға
тиіс.
1-кесте
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек
етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта
педагогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғары педагогикалық білімі
және 2,1%-ының орта білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің
40 %-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2 %-ының санаты
жоқ.
Мектепке дейінгі тәрбиенің нормативтік құқықтық және оқу-әдістемелік
базасы құрылуда. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі 82 атаудан тұратын
19 оқу-әдістемелік кешен әзірленді, сынақтан өткізілді және 20032004 оқу
жылында алғаш рет енгізілді. \5\
1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы
енгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасымен қамтуға әсер
етті (1-сурет).

Сурет-1
Балаларды мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту
көрсеткіштері (%)
Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беруде де бірқатар проблемалар бар.
Қазіргі таңда мектепалды дайындықтағы тек 40%-ға жуық бала ғана жергілікті
бюджет есебінен оқулықтармен қамтамасыз етілген. Жұмыс істеп тұрған
балабақшалардағы жиһаздар, спорттық мүкәммал, кітапхана қоры, ойыншықтар,
оқытудың көрнекі құралдары моральдық тұрғыдан ескірген және табиғи тозған.
Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің 58%-ы ғана мектепке дейінгі
тәрбие мамандарымен жасақталған.
МКҚК (мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар) мәртебесіне ие
мектепке дейінгі ұйымдарды қалдық қағидаты бойынша қаржыландыру балалардың
балабақшада болу ақысының өсуіне әкеліп соқты және мектепке дейінгі
ұйымдарға аса мұқтаж халықтың табысы аз және әлеуметтік жағынан шетін
жіктеріне ауыр тиді \6\.
Тұтас алғанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бір жастан алты жасқа
дейінгі балалардың балабақшалармен қамтылуының төмендігін көрсетеді
(19,1%). Мектепалды дайындықтағы міндетті бағдарламаны бес жастағы
балалардың 40%-ы және алты жастағы 60% бала ғана алады.
Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың
шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғары
сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау
жүйесін енгізуді көздейді.
Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының
көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген
өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар
контингентінің азаюымен сипатталады (2-кесте).

2-кесте
Жалпы білім беретін мектептер саны
Оқу жылы Мектептер саны Оқитындар контингенті
20002001 8109 3043,3
20012002 8171 3019,5
20022003 8164 3095,6
20032004 8260 3026,2

Республикада 4272 жалпы білім беретін шағын жинақталған мектеп (бұдан
әрі- ШЖМ) жұмыс істейді (жалпы мектептер санының 52%-ы). Оларда 429,1 мың
бала (жалпы оқитындар контигентінің 14,1%-ы) оқиды. ШЖМ-нің бір оқушысын
оқытуға жұмсалған шығын қалыпты мектепке қарағанда (өңірлерге байланысты)
30 – 100 %-ға жоғары. Мектептердің тұрғын жерден алыс орналасуына
байланысты 37 мың баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда 3687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2069 (26,1%) қазақ
және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді.
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың контингенті ұлғайып
келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1%-ы мемлекеттік тілде оқыған
болса, ал бүгінгі таңда 54,8%-ы оқиды. Өзбек, ұйғыр, неміс, тәжік, украин
және басқа да ана тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді.
Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 270 мыңнан
астам педагог жұмыс істейді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары
білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі бар. 36,5 мың педагог
жоғары санатты, 67 мыңы бірінші санатты. Шағын жинақталған мектептерде 64
мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді \8\.
Жалпы білім беретін мектептердің оқу процесіне оқушы-жетім балалар,
тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларындағы балалар тегін қамтамасыз
етілетін 1-8 сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары енгізілген. Кәсіптік
мектептерде (лицейлерде), колледждерде арнайы пәндер бойынша отандық
оқулықтар енгізілуде.
“Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультациялардың саны 27 бірлікке артты, бұл
арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.
Республикада 614 интернат мекемелері жұмыс істейді, оларда мемлекет
есебінен 75 мыңға жуық жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балалар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар,
девиантты мінез-құлықты балалар тұрады; 18 балалар интернат-үйлері жұмыс
істейді, оның ішінде біреуі дене бітімінде кемшілігі бар балаларға
арналған, онда толық мемлекеттік қамқорлыққа алынған 2,8 мың бала
тәрбиеленуде.
5 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және 17 жасөспірімдер үйлері ашылды,
онда өмір сүру жағдайы отбасына жақын. Тәрбие берудің патронаттық нысаны
даму үстінде.
2000 жылдан бастап мектептен тыс ұйымдардың саны 25 бірлікке, оқушыларды
қамту 1,6 %-ға артты (3-кесте).

3-кесте
Мектептен тыс ұйымдардың саны
Оқу жылы Мектептен тыс ұйымдардыңКонтингент
саны
20002001 568 219126
20012002 598 251684
20022003 617 266547
20032004 629 291545

Сонымен қатар жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да
анықталуда. Оқулықтар шығару тәжірибесінің, авторлар мектептерінің,
толыққанды сараптаманы қамтамасыз етудің қаржылық тетігін және
институционалдық қолдаудың жоқтығынан оқулықтардың сапасы педагогтер
қауымын қанағаттандырмай отыр \5\.
Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиһаздары мен
жабдықтарының, спорт мүкәммалының (әсіресе, ауылдық мектептерде) жоқтығы
мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттары талаптарын толық көлемде
орындауға мүмкіндік бермей отыр және балалар мен жасөспірімдер денсаулығына
кері әсерін тигізеді. Республиканың әрбір үшінші мектебінде пән
кабинеттері: химия, физика, биология, математика және т.б.,
мамандандырылған зертханалар мен спорт залдары жоқ.
256 мектеп авариялық жағдайда тұр. 2 мыңнан астам мектеп күрделі
жөндеуге мұқтаж. Еліміз бойынша оқушы орнына тапшылық 500 мыңға жуық
орынды құрайды.
Пәндік көзқарасқа негізделген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарттары оқушылардың өмір жолын таңдауына, мүдделері мен
перспективаларын нақты белгілеуіне оң негіз бола алмайды. Жоғары
сынып оқушыларының 30%-ы ғана өздерінің қабілеттеріне сәйкес келетін
кәсіптік қызметті саналы түрде таңдайды. Болашақ мектеп
түлектерінің 70 %-ының өзін-өзі бағалау деңгейі өте төмен және өз бетінше
өмір сүруге дайын емес. Жоғары сатыда бейінді оқытудың жетіспеушілігінен
еңбек нарығында мектеп бітірушілерге деген сұраныс жоқ.
Кешенді тестілеудің нәтижелері талапкерлердің білім деңгейлерінің жоғары
еместігін көрсетеді. Қанағаттанарлық емес баға алғандар үлесі 5 жыл бойы
өзгеріссіз қалып отыр және олар 28-30%-ды құрайды. 2004 жылғы ұлттық
бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындылары мектеп бітірушілердің 24,2%-ы
жинауға болатын 120 балдың 40 балдық өту деңгейін жинай алмағанын,
оқушылардың тек 0,7%-ы 101-120 балл жинап, үздік бағаларын дәлелдегенін
көрсетеді.
120 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі балалардың үштен бір бөлігі ғана
түзеу ұйымдарында арнайы білім берумен қамтылған. Арнайы білім берудің
нормативтік құқықтық және бағдарламалық-әдістемелік базасы, түзеу
мекемелері үшін педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесі
жетілдіруді және жаңартуды қажет етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
орталықтандырылған есепке алу жүйесі жоқ. Инклюзивтік білім беру нашар
дамуда \9\.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім
беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процесіне қатысу үшін
жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің
сапасын (біліктілікті беру мен қуаттау ұлттық орталықтары) реттеудің
институционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса
ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды.
Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі
722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341,3 мың адам 307
кәсіптік мектеп (лицейлер) пен 415 колледжден тұрады.
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың
контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10,3 мың адамға ұлғайды.

4-кесте
Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарындағы оқитындардың
контингенті
Оқу жылы КМ (КЛ) саны Оқитындардың Мембюджет қаражаты
контингенті есебінен оқитындардың
саны
20002001 306 88,3 75,4
20012002 312 88,1 72,1
20022003 312 89,6 82,3
20032004 307 98,7 91,3

2000 жылмен салыстырғанда колледждер саны жекеше оқу орындарын
ашу есебінен 101 бірлікке өсті. Колледждерде оқитындардың контингенті
86,5 мың адамға артты (5-кесте).
5-кесте
Колледждерде оқитындардың контингенті
Оқу жылы Колледждер саны Оқитындардың Мембюджет қаражаты
контингенті есебінен оқитындардың
саны
20002001 314 156,1 43,8
20012002 349 189,8 45,7
20022003 382 207,9 54,8
20032004 415 242,6 63,3

Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында 28,1 мың
педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 2231 адамның жоғары білімі бар,
5647 адамның кәсіптік орта, қалғандарының техникалық орта білімі
бар. 7580 адам жоғары санатқа, 6989 адам бірінші санатқа ие.
Колледждерде 5 ғылым докторы және 96 ғылым кандидаты жұмыс
істейді \10\.
Сонымен қатар, тез өзгеріп отырған экономикалық жағдайда білім беру
қызметтерінің реттелмеген нарығының дамуы, жұмыс беруші мен бастауыш
және орта кәсіптік білім беру жүйесі арасында әлеуметтік серіктестіктің
болмауы білім беру деңгейі және экономика секторлары бойынша кадрлар
даярлаудағы тепе-теңдіктің болмауына әкеп соқты. Тұрғындардың 10 мыңына
шаққанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың саны
жоғары білім беру саласына қарағанда едәуір төмен және ол колледждерде -
162 оқушыны, кәсіптік мектептерде - 66 оқушыны, ал жоғары оқу орындарында
439 студентті құрайды. Қызмет көрсету саласы және өндірістік емес сектор
үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, ал техникалық, құрылыс және ауыл
шаруашылығы мамандарына деген сұраныс қанағаттанарлықсыз күйде қалып отыр.

Сурет-2
Кәсіптік мектептерде оқушылардың контингенті

Сурет-3
Колледж оқушыларының контингенті

Жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер және қызмет
көрсету еңбегі мамандарын даярлау тапсырысын түзуге нашар тартылған.
Кәсіптік білім беруді және кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың
жекеше секторының қаражаттарын тарту тетігі жоқ. Кәсіптік мектептердің 122
ғимараты (45%) күрделі жөндеуді, 115 ғимарат (42,1%) ағымдағы жөндеуді
талап етеді, кәсіптік циклдегі 153 кабинет, жалпы білім беру цикліндегі
146 кабинет, 108 оқу зертханасы, 78 оқу шеберханасы, 33 асхана, 72
медициналық пункт жетіспейді.
Өндірістік оқытуды ұйымдастыруға, оқу материалдарын, құралдар мен
жабдықтарды сатып алуға, кадрларды қайта даярлауға және олардың
біліктілігін арттыруға қаржы қаражаты бөлінбей отыр.
Бөлінген қаржы қаражаты, негізінен, жалақы мен әлеуметтік салық төлеуге
(54%), тамақтануға, киім-кешекке және стипендияға (23%), коммуналдық
қызметтер көрсетуге (10%), үй-жайларды күтіп-ұстауға және қызметтер
көрсетуге (3%) жұмсалады.
Кәсіптік мектептер мен колледждердегі кадр тапшылығы арнайы пәндердің
934 оқытушысын және өндірістік оқыту шеберін құрайды. Кәсіптік мектептер
мен колледждердегі кадр құрамының қартаю, неғұрлым білікті оқытушылардың
шағын және орта бизнеске кету үрдісі сақталып отыр. Жас мамандардың
еңбекақының және педагогтің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуінен кәсіптік
мектептер мен колледждердегі жұмыс істеуге деген ынтасы жоқ.
Облыстық деңгейде кәсіптік білім беру және кадрларды даярлайтын оқу
орындарының басқару мен оқу-әдістемелік қамтамасыз ету құрылымы осы оқу
орындарының басқару және қаржыландыру функциялары жергілікті өкілді
орындарға және атқарушы билік органдарына берілген сәттен бастап
(1996 жыл) нығайтылмаған \12\.
Кәсіптік білім беру мен техникалық және қызметтер көрсету еңбегі
кадрларын даярлаудың құрылымы мен білім беру бағдарламалары біліктілік
деңгейлері бойынша Техникалық және кәсіптік білім беру туралы ұсынымдарына
(ЮНЕСКО, 2001 жыл), Білім беруді халықаралық стандартты жіктеу
бағдарламасының өлшемдеріне (БХСЖ, 1997 жыл) сәйкес келмейді, бұл кәсіптік
білім беру жүйесінің ұтқырлығын, икемділігін азайтады және әлемдік білім
кеңістігінде танылу ықтималдығын төмендетеді.
Жоғары білім беру. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда
кредиттік білім беру жүйесіне негізделген, кадрлар даярлаудың үш
сатылы моделінің кең тарағанын көрсетеді: бакалавриат-магистратура- Ph.D
докторантурасы. Бұл модель АҚШ университеттерінде және Еуропаның
көптеген елдерінде қолданылады. Ол неғұрлым икемді де тиімді болып
табылады, академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп
тұрған шағында түлектерге деген сұранысты қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде 180 жоғары оқу
орны және ЖОО-ның 86 филиалы бар. 9 жетекші университеттің ерекше мәртебесі
бар. Педагог кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін
жетілдіру мақсатында 2004 жылы 5 мемлекеттік педагогикалық
ЖОО-ы ашылды \13\.
Жоғары оқу орындарының саны, студенттер контингенті және мемлекеттік
білім беру тапсырысы өсіп отыр (6-кесте).

6-кесте
Жоғары оқу орындарында оқитын контингент саны
Оқу жылы Жоғары оқу Оқитындардың Мемлекеттік тапсырыс (оқуын
орындары саны контингенті жалғастырушылардан басқасы)
20002001 181 440715 21970
20012002 182 514738 25265
20022003 173 590982 25465
20032004 180 656561 26465

Жоғары оқу орындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы
құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 10000
тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан
2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан.
2000 жылы қабылданған “Білім” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
барысында жоғары білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу
процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың
біріздендірілген білім беру бағдарламаларымен қоса жоғары білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғары білімге даярлық
мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен
қамтамасыз етілді \21\.
Кәсіптік жоғары білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету және
неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында кешенді тестілеу немесе
ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізу және конкурстық негізде мемлекеттік
білім беру гранттары мен кредиттерін беру арқылы студенттер контингентін
қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді.
Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр
моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай
академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер
жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19
мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды, оның ішінде 16,4 мыңы Ресей
жоғары оқу орындарында оқиды. 800 адам Қазақстан Республикасы Президентінің
“Болашақ” халықаралық стипендиясының иегері болды. Республиканың жоғары
оқу орындарында 8690 шетел азаматы оқиды \3\.
Сонымен қатар жекелеген жоғары оқу орындарының және олардың көптеген
филиалдарының зияткерлік, кадрлық, материалдық-техникалық әлеуетінің
жетіспеуінен талапкерлердің және студенттердің даярлық деңгейіне қоятын
талаптарының төмендеуі мамандарды даярлау сапасының төмендеуіне әкеп
соқтырады. Бұл жоғары оқу орындарын кадрмен қамтамасыз етуге және олардың
материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды күшейту бағытындағы
нормативтік құқықтық базаны жетілдіру қажеттігін туындатады.
Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы
экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған.
Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік
деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық,
технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі
оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу
орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50
%-ы жаңартуды талап етеді \12\.
Қазақстандық және шетелдік білім беру бағдарламаларын, білім туралы
құжаттарды өзара есепке алу және өзара тану тетіктерін әзірлеу процесі баяу
жүруде, ол студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын тежейді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Бюджеттік негіздегі аспирантура 48
мемлекеттік жоғары оқу орнында, 5 мемлекеттік емес жоғары оқу орнында және
66 ғылыми ұйымда, докторантура 15 мемлекеттік жоғары оқу орнында және 23
ғылыми ұйымда жұмыс істейді.
Соңғы жылдары аспирантураны ғылыми дәреже алып бітірушілер 18%-дай
ғана, бұл ғылыми кадрларды даярлаудың қазіргі жүйесінің тиімділігінің
төмендігін көрсетеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары ғылыми және ғылыми-
педагог кадрларды даярлаудың сапасын басқаруға мүмкіндік бермейді. Ғылыми
жетекшілердің (консультанттардың), білім және ғылым ұйымдарының аспиранттар
мен докторанттарды оқыту нәтижелері үшін жауапкершілігі төмендеген.
Бірқатар бағыттар, оның ішінде медицина мамандықтары (трансплантология
және жасанды органдар, нейрохирургия, гематология, емдік дене шынықтыру,
спорттық медицина және т.б.) бойынша ғылыми кадрларға деген тапшылық бар,
бұл республикада тиісті ғылыми мектептердің болмауына байланысты. Ғылыми-
зерттеу институттарында және жоғары оқу орындарында кадрлардың “қартаюы”
орын алуда. Егер 10 жыл бұрын ғылым докторларының орташа жасы 56 жасты
құраса, ал қазіргі уақытта 62 жасты құрайды, ғылым кандидаттарының жасы
тиісінше – 44 және 47 жас \5\.
Ғылыми ұйымдардың жоғары оқу орындарының білім беру процесіне қатысуы
болмашы. Білім берудің мазмұны мен ғылымның қазіргі жағдайының арасындағы
алшақтық маман даярлаудан жаңа ғылыми идеяларды шығармашылықпен қабылдай
алатын, жаңа технологияларды алға апарушы және қазіргі заманғы
технологиялық процестерді басқара алатын зерттеуші маман даярлауға
толыққанды көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Педагогика ғылымдары бойынша жүргізілген көптеген зерттеулердің
практикалық мәні төмен. Соңғы жылдары педагогика ғылымдары бойынша 140-қа
жуық докторлық және 600 кандидаттық диссертация қорғалғанына қарамастан,
ондаған жылдар бойы білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың әдістері
мен нысандары өзгеріссіз қалып отыр, дайын білімнің көзі ретіндегі
педагогтің міндеті туралы ескірген түсінік сақталған.
Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167
мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын
34 жоғары оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізеді.
Педагогтерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы: 2001
жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.
Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп
келеді: 2001 жылы - 42784 мұғалім, 2003 жылы – 48157. Алайда бұл әрбір
мұғалімнің біліктілік арттыру курстарынан кемінде бес жылда бір рет өтуін
міндеттейтін Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске
асыру үшін жеткіліксіз, оған сәйкес жыл сайын 54000 мұғалім біліктілігін
арттырудан өтуге тиіс.
Бейіндік сыныпта оқытуды, 2 сыныптан бастап шетел тілдерін,
информатиканы оқытуды көздеу, кәсіптік мектептердің желісін кеңейту 28 мың
педагогикалық ставканы қосымша енгізуді талап етеді \9\.
Жоғары оқу орындарының түлектерін ауылдық жерлерде жұмыс істеуге тарту
және орнықтыру тетігін әзірлеу қажет.
Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін
арттыруда жан-жақты пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың біліктілігін
арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу жөнінде шет елдермен тәжірибе
алмасу нашар дамыған. Білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерінің
жаңа білім-білікті игеруін материалдық және моральдық тұрғыдан көтермелеу
тетіктері тиімді түрде жеткілікті пайдаланылмайды, практикалық қызметке
бағдарланған оқытудың белсенді тренингтік технологияларының енгізілуі
нашар.

1.3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің
педагогикалық қызметі. Білім беруді ақпараттандыру

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына
сәйкес жалпы білім беретін мектептерді 100 пайызға компьютерлендіру
аяқталды. Орталық коммуникациялық торап құрылып, оған Білім және ғылым
министрлігінің орталық аппаратының торабы және облыстық білім
департаменттерінің телекоммуникациялық тораптары қосылған. Жалпы орта білім
беретін ұйымдарға арналған электрондық оқулық басылымдары мектеп
пәндерінің 25%-ын қамтиды. Қашықтан оқытудың спутниктік арнасына
республиканың алты облысының 717 мектебі қосылған (8,7 %).
Сонымен қатар, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды (бұдан
әрі - АКТ) дамыту және оларды білім беру саласында қолдану қажеттіктен
әлдеқайда артта қалуда.
Қазақстанда бір компьютерге жалпы білім беретін мектептердегі
54 оқушыдан келеді, бұл ЮНЕСКО-ның деректері бойынша ТМД елдерінің
арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі (Ресейде - 59). Сонымен қатар
2002 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері бойынша бұл
көрсеткіш 13-ке теңелді, Латвияда, Венгрияда және Чех Республикасында бұл
тиісінше 5, 9 және 15-ті құрады. 2004 жылдың басында Ұлыбританияның орта
мектептерінде 1 компьютерге 5 оқушыдан келген, АҚШ-та – 4.
Қазіргі таңда Интернет желісіне қосылуға Қазақстан мектептерінің
44%-ы ғана қол жеткізген. Финляндияда 1999 жылы 90%-дан астам мектеп, 2000
жылы Эстония мектептерінің 100%-ы, Австралия, Канада, Исландия
мектептерінің 80 %-ы, Венгрияда 58%, Экономикалық ынтымақтастық және даму
ұйымы елдері бойынша мектептердің орташа есеппен 52%-ы Интернет желісіне
шығу мүмкіндігіне қол жеткізген \25\.
Кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде бір компьютерге тиісінше
31 және 25 оқушыдан келеді. Интернет желісіне кәсіптік мектептердің
(лицейлердің) 39%-ы және колледждердің 51%-ы қосылған.
Сурет-4
Интернет жүйесіне қол жеткізген мектептер саны % облыстар бөлінісінде

Жоғары білім беру деңгейінде ақпараттық жүйемен келісілген интерфейсі
жоқ оқу процесін басқаратын жеке оқшау жүйе жұмыс істейді.
Жекелеген жоғары оқу орындары ғана қашықтан оқытудың технологиясын
енгізген, кейбірінде аталған технология эксперименттік режимде іске
асырылуда \11\.
Білім беруді қаржыландыру. Еліміздегі экономикалық жағдайдың тұрақтылығы
білім беруге арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын едәуір арттыруға
мүмкіндік берді (7-кесте).

7-кесте
Білім беруді қаржыландыру (млн. теңге)
2000 2001 2002 2003 2004
Мектепке дейінгі тәрбие мен 2975 3322 3880 4553 5742
оқыту
Жалпы орта білім беру 60007 67224 81744 98906 124979
Кәсіптік бастауыш білім беру 2693 3018 3910 5299 6540
Кәсіптік орта білім беру 2662 2528 2989 3495 5001
Жоғары және жоғары оқу 8120 9344 11783 12763 15506
орнынан кейінгі білім беру
Басқа да бағдарламалар 4959 17640 14671 24505 33547
Жиынтығы 81416 103076 118977 149521 191315
ІЖӨ-ге % 3,1 3,1 3,2 3,4 3,8

Білім беруге арналған мемлекеттің шығыстары абсолютті артып қана
қоймай, оның өсуінің едәуір қарқынына қарамастан ІЖӨ-ге пайыздық қатынасы
да өсті.
Білім беру сапасын бағалау. Оқу жетістіктерін тәуелсіз сыртқы бағалау
жүйесі: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ), мемлекеттік аралық
бақылау (бұдан әрі - МАБ) енгізілуде.
Дегенмен білім берудің барлық деңгейлерінің сапасын бақылаудың және
бағалаудың қолданыстағы тетігі білім берудің қазіргі нақты жай-күйін
толыққанды көрсете алмайды және басқару үшін кері байланыстың объективті
құралы бола алмайды.
Білім беру ұйымдары қызметінің сапасын бағалау көрсеткіштері мен
өлшемдері жетілмеген, объективті мониторинг жоқ. Білім беру сапасын басқару
компоненттері бытыраңқы жұмыс істейді. Оқитындардың жетістіктерін сыртқы
бағалаудың мазмұны, мақсаты мен міндеттері қазіргі заманғы білім сапасына
деген талаптарға сай емес. Оқитындардың білім деңгейін салыстырмалы
зерттеулер жөніндегі халықаралық бағдарламаларға Қазақстан қатыспайды. \4\
Білім және ғылым министрлігінің қолданыстағы статистика жүйесі қазіргі
заман талабына мағыналық та, технологиялық аспектілері жағынан да сәйкес
келмейді. Мазмұнды әрі оралымды емес, халықаралық стандарттарға сай
келетін, кешенділігі мен толықтығы жағынан қажетті бірізді статистикалық
ақпараттық ағын әзірленбеген. Білім беру көрсеткіштерінің жүйесі әр түрлі
негіздемелерден жиналған деректер жиынымен алмастырылады, олар
пысықталғаннан кейін әкімшілік есептілік терминдерінде түсіндіріледі.
Білім беру жүйесінде қалыптасқан ахуалдың негізгі себептері:
білім беру сапасын бағалауда объективтілікті қамтамасыз етпейтін
рәсімдердің басымдығы;
білім беру жүйесінің жаңадан еніп жатқан жайларға ден қоймауы, білім
беру құрылымының мазмұны мен қалыптасуының ескірген қағидаттарына
бейілділігі;
педагог кадрларды даярлау деңгейінің төмендігі, таңдаулы кадрлардың
тұрақтамауы, ұстаз еңбегінің материалдық жағынан нашар ынталандырылуы;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтудың
жеткіліксіз қаржыландырылуы;
оқу-зертханалық, дене шынықтыру, ойын жабдықтарының, оқу және
әдістемелік әдебиеттердің қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуі;
білім беру қызметтерінің нарығында сұраныс пен ұсыныстың ғылыми
негізделген ұзақ мерзімді болжамының болмауы;
сабақтас мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және
білім берудің барлық деңгейлері мен сатыларына арналған бағдарламаларды,
олардың мониторингінің тетігін жасау және іске асыру кезінде әдіснамалық
қағидаттардың үйлесімсіздігі;
кәсіптік оқытуды және мамандар даярлауды ұйымдастыру процесіне жұмыс
берушілер мен әлеуметтік серіктестерді тарту тетіктерінің болмауы;
білім беру саласындағы құралдардың, әдістердің және бағалау қызметі
технологияларының жеткіліксіз әзірленуі;
педагог, ғылыми-педагог кадрлардың және өндірістік оқыту шеберлерін
қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінің нашар дамуы;
білім беруді басқару жүйесін қамтитын бірыңғай ақпараттық білім беру
инфрақұрылымының болмауы \22\.
Жаңа жүзжылдықтың басында елдегі экономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-
ақ “Білім” бағдарламасын іске асыру жөнінде қабылданған шаралар, тұтас
алғанда, білім беру жүйесіне оң әсерін тигізді. Алайда мұның өзі білім
беру жүйесінің нарықтық экономиканың және ашық азаматтық қоғамның
қажеттіктеріне сәйкессіздігін жою үшін жеткіліксіз.
Келеңсіз құбылыстарды болдырмау, түбегейлі ұйымдық, құрылымдық
өзгерістер, білім берудің мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту мен
тәрбиелеу сапасын жетілдіру, республиканы дамытудың қазіргі заманғы
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлары мен дамуы жоғары елдердің
озық тәжірибесіне сәйкес мамандарды даярлау жөнінде шаралар қолдануды
қажет етеді.

2. Білім бағдарламасын іске асыру кезеңдері

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің бағдарламасы кезең-
кезеңімен іске асырылатын болады.
Бірінші кезең (2005-2007 жылдар). Өңірлік деңгейде білім беруді
басқарудың бірізділік жүйесі құрылатын болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан қорғалмаған әрі тұрмысы
төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база
және ғылыми-әдістемелік негіздер әзірленетін болады.
Кәсіпорындарға жеңілдікпен салық салу, ауылдық мектептерде көп
функциялы білім беру ұйымы ретінде “мектеп – балабақша” кешендерін құру
мақсатында оларды қайта құрылымдау жөнінде нормативтік құқықтық актілер
әзірленетін, сондай-ақ “Мектепке дейiнгi балалық шақ” республикалық ғылыми-
практикалық орталығы құрылатын болады.
Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында мектепке дейінгі
шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар желісі кеңейеді
\15\.
Арнаулы бiлiм беру жүйесiнде:
мүмкiндiктері шектеулi балаларды қамту кеңейтіледі;
арнаулы түзеу бiлiм беру ұйымдарының желiсi сақталады және
кеңейтіледі;
мүмкiндiктері шектеулi балаларды есепке алудың бiрыңғай нысаны
жасалатын болады;
мүмкiндiктерi шектеулi балалардың кәсiпке дейінгі және кәсiптiк
даярлыққа қол жеткізуі кеңейеді.
Қосымша бiлiм беру жүйесiнде:
кәмелеттік жасқа толмағандардың сабақтан бос уақытта іспен
шұғылдануы артады;
оқушылардың қызығушылықтарына қарай бірлестіктерге қатысуы артады;
жат мінез-құлықты балалардың саны азаяды.
Орта білім беруде:
12 жылдық оқытуға көшудің нормативтік құқықтық және ұйымдастырушылық
жағдайлары жасалады;
“Оқулық” ғылыми-әдістемелік орталығы құрылады;
сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады;
оқытуды ұйымдастыру қағидаттары мен оқушының білім-білікті және дағдыны
енжар “алушы” рөлі білім беру процесінің белсенді субъектісіне өзгереді;
мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің
негізінде оларға қол жеткізу жолдарын талқылау процесіне күллі жұртшылықты
тарту жүйесі құрылады;
аудандық білім бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына
келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі;
оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын
технологиялары енгізілетін болады.
Жыл сайын 54 мың педагог, оның ішінде 31 мыңы мемлекеттік бюджет
қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады.
Ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауыл
мектептерін салу жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, республикалық
бюджет қаражаты есебінен қалалық жерлерде қосымша 2005 жылы 7
мектеп, 2006 жылы 8 мектеп және 2007 жылы 11 мектеп салу жүзеге асырылатын
болады \23\.
Көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналып 2005-2007 жылдары екі
мектеп-интернат салынады, бұл 500 мұқтаж баланы оқытумен қамтуға мүмкіндік
береді.
2005 жылы - 780, 2006 жылы - 880, 2007 жылы - 970 білім беру объектісін
жөндеу көзделеді.
2010 жылға дейін 6238 білім беру ұйымы лингафон және мультимедиа
кабинеттерімен қамтамасыз етілетін болады, бұл оқушылардың тіл дайындығын
жақсартуға ықпал ететін болады.
Түзеу білім беру ұйымдары мүгедек балаларды оқыту үшін арнайы техникалық
және компенсаторлық құралдармен қамтамасыз етіледі.
Мектептен тыс ұйымдардың желісін ұлғайту балаларды қосымша
бағдарламалармен қамтуды 20-25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай
шара кәмелетке толмағандардың сабақтан тыс бос уақытында іспен шұғылдану
проблемасын шешуге және жат мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің
санын азайтуға көмектеседі \6\.
Кәсіптік білім беруде:
кәсіби кадрларды даярлауды ұйымдастыруға экономиканың нақты секторын
тартудың нормативтік құқықтық негізі жасалады;
еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік
білім берудің қол жетімділігі мен беделі өседі (техникалық және кәсіптік
білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыратын мектеп бітірушілердің үлесі
кемінде 30%-ды құрайды);
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі
шағын және орта бизнес субъектілерімен байланысы нығаяды, әлеуметтік
серіктестік субъектілерінің ынтымақтастығының тиімділігі артады;
жұмыс берушiлер мен МЖБС-ның қазiргi талаптарына сәйкес келетiн жаңа
оқу, оқу-әдiстемелiк әдебиет, оқыту құралдары жасалады;
кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі
кәсіптік білім беру бағдарламаларын жоғары білім бағдарламаларымен
үйлестіру қамтамасыз етіледі;
бiлiм беру процесiнде АКТ-ны қолдану кеңейеді;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында компьютерлер
саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатынасына дейін жеткізіледі;
жас мамандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, оларды қайта даярлау
(мақсатты келісімшартпен даярлауды дамытуды қоса алғанда), кәсіптік жолын
өзі таңдауына, оның ішінде жеке ісін ашуға дайындықты қалыптастыру жүйесі
жасалады;
техникалық және кәсіптік білім беретін мемлекеттік оқу орындарының
материалдық-техникалық базасы нығайтылады;
жұмысшы кадрлар мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарының
кәсіптік даярлығын бағалауды, оларға біліктілікті беру және қуаттаудың
тәуелсіз жүйесі құрылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде Қазақстанның
Болон процесiне қосылуына жағдай жасалатын болады.
Жоғары оқу орындарының кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз
етілуіне қойылатын біліктілік талаптарын көтеру нәтижесінде азаматтық
жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі
\14\.
Жыл сайын жоғары оқу орындары үшін саны 100-ге жететін оқулықтар мен оқу-
әдістемелік құралдар және оқу-әдістемелік кешендер әзірленетін болады (әрі
оның 30 %-ға жуығы мемлекеттік тілде), 300–ден астам шетелдік оқу
әдебиеттері, оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының
пәндері және Ph.D докторлық бағдарламалары бойынша сатып алынады. Оқу
әдебиеті неғұрлым басыңқы, ең алдымен техникалық, технологиялық, аграрлық,
ветеринарлық және педагогикалық мамандықтарға бөлінетін болады.
Аспирантураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең-
кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесіне
(бакалавриат – магистратура - докторантура) толығымен көшу жүзеге
асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға жыл сайын мемлекеттік
тапсырыспен қабылдау 2500-ден астам адамды құрайтын болады, Ph.D
докторантурасына – 100 адам. Аккредиттелген докторлық бағдарламалары бар
жетекші шетелдiк жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынаста Ph.D
докторларын даярлау жөніндегі 5 жоғары оқу орнының базасында орталықтар
құрылатын болады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру
бағдарламалары бойынша оқыту үшін жыл сайын Қазақстанның 3 мың азаматы
жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.
Мыналар:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
жаңартылады, пәндік білімнің іргелілігі, кең бейінділігі, оларды меңгеру
мен қолданудың шығармашылық деңгейі қамтамасыз етіледі;
студенттердің белсенді өзіндік жұмысы, оқыту бағытын жеке таңдауы,
оқитындардың, оқытушылардың академиялық ұтқырлығы үшін жағдай қамтамасыз
етіледі;
сапа менеджменті жүйесі енгізіледі, жоғары оқу орындарының кәсіптік
білім беру бағдарламаларын аккредиттеу үшін жағдай жасалады;
жұмыс берушілердің және басқа да әлеуметтік серіктестердің жоғары білім
беру проблемаларын шешуге, оның ішінде қазіргі заманғы біліктілік
талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуге, мамандар
даярлауға тапсырысты түзуге, студенттердің өндірістік практикасы мен
тағылымдамасын ұйымдастыруға қатысуы қамтамасыз етіледі;
неғұрлым дайындалған жастарды іріктеу мақсатында студенттер контингентін
қалыптастыру тетігі жетілдіріледі;
білім беру гранттарының санын ұлғайту және студенттерді оқытуды
кредиттеудің жаңа моделін жасау арқылы жоғары білімге қол жеткізу деңгейі
арттырылады;
сабақтастықты күшейту, үздіксіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ білім
беру және ғылыми компоненттерін, магистратураның және Ph.D докторан-
тураның білім беру бағдарламаларын оңтайлы ұштастыру арқылы жоғары білікті
ғылыми-педагог кадрларды даярлаудың тиімділігі артады, сапасы жақсарады,
мерзімі қысқаратын болады, олар жастардың ғылымға келуіне жағдай жасайды;
жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарға қойылатын лицензиялау,
аттестаттау, аккредиттеу талаптарына, оның ішінде Ph.D дәрежесiне ие
кадрлардың болуы мiндеттi саналатын бөлiгіне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiледi \23\.
Ғылыми ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа қызметшiлері
лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, қызметкерлері лауазымдарының
біліктілік сипаттамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiледi;
ғылым кандидаттары мен докторларының дәстүрлi дипломдарының және Ph.D
дипломдарының қатар танылуына кепілдік беретін тетiк жасалады;
таңдаулы (элита) жоғары оқу орындарын дамыту үшін жағдай жасалады.
Жетекші университеттердің базасында жоғары оқу орнының оқытушыларын
қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталықтары жұмыс жасайтын болады.
Осы орталықтарда біліктілікті арттыру бағдарламаларымен 10,3 мыңнан астам
педагог қамтылады.
Бағдарламаның орындалуы нәтижесiнде бiлiм берудiң бiрыңғай ақпараттық
ортасының негiздерi қаланатын болады, ол:
бiлiм берудi дамытуды ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз
етудiң бiрыңғай жүйесiнің негiздерiн қалыптастыруға;
бiрыңғай көлік ортасы негiзiнде бiлiм беру объектiлері мен процестерiн
тиiмдi басқару үшiн салалық ақпараттық жүйе құруға;
ауыл мектептерiн қоса алғанда, бiлiм беру ұйымдарында аталған
мекемелердің жалпы бiлiм беру ресурстарына қол жеткізуін ұйымдастыру,
жоғары бiлiктi педагог кадрларды ұтымды пайдалану, әрбiр бiлiм беру ұйымы
үшiн жаңа АКТ саласында мамандарды даярлау арқылы бiлiм беру ұйымдарында
оқыту сапасын арттыруға;
2005 жылдың соңына дейін республика мектептерiнің 75%-ын Интернетке
қосуға;
2007 жылы мектептердегi компьютерлер санын 35 оқушыға 1 компьютер
арақатынасына дейін жеткізуге;
қазiргi заманғы электрондық оқулық басылымдарын әзiрлеуге және оқу
процесiне енгізуге, жалпы бiлiм беретiн мектептiң негiзгi пәндерi бойынша
электрондық оқулық басылымдарының таралымын ұйымдастыруға және оларды
дәстүрлi оқыту құралдарымен кіріктіруді жүзеге асыруға;
республиканың жоғары оқу орындары мен өңірлерінде бiлiм берудiң
ақпараттық ресурстар орталықтарын құруға;
барлық деңгейдегi бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушыларын әдiстемелiк
қолдау жүйесiн құруға, жаңа АКТ саласында педагог, әкiмшiлiк және инженер-
техник кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жүргізуге;
қашықтан оқыту технологиялары мен АКТ-ны қоса алғанда, ашық бiлiм беру
саласында стандарттау жөнінде нормативтiк құжаттар базасын құруға мүмкiндiк
бередi \14\.
Бiлiм беру статистикасын жетiлдiру статистикалық деректерге, білім беру
сапасы туралы ақпаратқа негізделген Қазақстан Республикасында бiлiм беру
мониторингiнiң жаңа жүйесiн құруға ықпал етеді.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесi бiлiм сапасын кешендi
емтихандар арқылы бағалауға, бiлiм беру сапасы мониторингiнiң ұлттық
жүйесiн әзiрлеуге мүмкіндік береді. Бiлiм беру сапасын сыртқы және iшкі
бағалаудың объективті құралдары жасалып, бiлiм беру ұйымдарын кезең-
кезеңімен дәрежелеу енгiзiлетiн болады. Білім беру сапасын бағалаудың
ұлттық жүйесі білім беру жүйесінің тиімділігі туралы нақтылы ақпарат
алуға, білім беруді дамыту стратегиясын жоспарлауға, жергілікті атқарушы
органдардың, білімді басқару жергілікті органдарының оқыту нәтижелері
үшін жауапкершілігін арттыруға, білім беру процесіне қатысушыларды
үздіксіз оқытуға негізделуін қамтамасыз етуге, жағымсыз нәтижелерді
болдырмау жөнінде шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Әрбiр оқу
жылының нәтижелері бойынша бiлiм берудiң жай-күйі туралы ұлттық баяндама
жарияланатын болады.
Бiлiм беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығы, Ұлттық аккредиттеу
орталығы, Сертификаттау, сапа менеджментi және консалтинг орталығы,
Республикалық бiлiктiлiктi беру және қуаттау орталығы өз қызметтерiн
бастайды.
Екiншi кезең (2008-2010 жылдар). Бағдарламаны толық ауқымда iске асыру,
жинақталған тәжiрибенi, еңбек нарығы мен елдегі әлеуметтiк-экономикалық
жағдайлардың дамуын ескере отырып, оны түзету басталады.
Балаларға үш жастан бастап мiндеттi бiлiм беруге бiртiндеп көшу есебiнен
мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу бағдарламалары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтайтын теориялар
Шет тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар
Реферат құрылымы
Электрондық оқулықтың оқыту элементтеріне қойылатын талаптар
Шетел тілі сабағын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру және жүргізу
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
«Педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі ретінде» пәнінен лекция тезистері
Сапа менеджменті жүйесін құжаттау
Пәндер