Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі



БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТАНЫҢ РОЛІ

Өсу және даму
Клетканың құрылымы және оның функциональдық маңызы
Ұрықтану және организмнің құрсақ ішінде дамуы
Адам өмірін кезеңдерге бөлу
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ДАМУЫ

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясының және гигиенасының анықтамасы

Физиология — функциялар туралы, яғни мүшелердің системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете танып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы — еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физнологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал патологиялық физиология ауру адамды дені сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмніц бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар меи жасөспірімдер организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санау және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы — жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасыныц негізгі міндеті өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайдар мен ауруларды болдырмауға бағытталган гигиеналық шараларлы алдын ала жасау. Бұл мектептегі профилактикалық дәрігерлік іс.
Мектеп гигиенасына қатысты жасалатын мәсслелердің кеңеюіне байланысты 1958 жылы мектеп гигиенистерінің Халықаралық II съезі (Высокие Татры, ЧССР) оны балалар мен жасөспірімдер гигиенасы деп атады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т. б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жәндіктерді пайдалана отырып, лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: элек-трофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т. б. әдістер қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Оған басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дол (физика, химия, метеорология т. б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілетін организмнің формалары меи функцняларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шындықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым) көп ортақтастығы бар, өйткені олар

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ
ГИГИЕНАСЫ ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫ

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі
кезеңдері

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ТҰҚЫМ
ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТАНЫҢ РОЛІ

Өсу және даму
Клетканың құрылымы және оның функциональдық маңызы
Ұрықтану және организмнің құрсақ ішінде дамуы
Адам өмірін кезеңдерге бөлу

БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ЖАС
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ГИГИЕНАСЫ
ҒЫЛЫМЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ
ДАМУЫ

Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясының және
гигиенасының анықтамасы

Физиология — функциялар туралы, яғни мүшелердің системалардың және
тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты
қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете
танып білу болып табылады.
Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды
тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер,
жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы — еңбек, дене
жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері
физнологиясына және басқаларға бөлінеді.
Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық
физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі
тіршілік әрекеттері процестерін, ал патологиялық физиология ауру адамды
дені сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.
Жас ерекшеліктері физиологиясы организмніц бүкіл өмірі бойындағы
физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді.
Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас
балалар меи жасөспірімдер организміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және
сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер
физиологиясын өздігінше ғылым деп санау және оқуға ыңғайлы болу үшін
балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ
болар еді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы — жас ұрпақтың денсаулығын қорғау
және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп
келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасыныц негізгі міндеті өсіп отыратын
организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз
ететін жағдайдар мен ауруларды болдырмауға бағытталган гигиеналық
шараларлы алдын ала жасау. Бұл мектептегі профилактикалық дәрігерлік іс.
Мектеп гигиенасына қатысты жасалатын мәсслелердің кеңеюіне байланысты
1958 жылы мектеп гигиенистерінің Халықаралық II съезі (Высокие Татры, ЧССР)
оны балалар мен жасөспірімдер гигиенасы деп атады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді
табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т. б. кезінде), сол сияқты
лабораториялық жәндіктерді пайдалана отырып, лабораториялық жағдайларда
зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде
және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік
береді.
Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: элек-
трофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т. б. әдістер
қолданылады.
Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық-
педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды
емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Оған басқа, балалар мен
жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дол (физика, химия,
метеорология т. б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен
заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау
ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің
тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста
қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілетін организмнің
формалары меи функцняларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның
психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы
шындықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастырады.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және
эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен
таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол
ауруларды жою туралы ғылым) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің
биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы сол сияқты зиянды әсер ететін
факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту,
денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті.
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының
негізгі кезеңдері
Адам гигиенасы мен физпологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне
медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм
дәуірінде — Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы
Абу-Али Ибн-Сина. Оның Дәрігерлік ғылымның ережелері деген кітабы
көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған.
Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы
Владимир Мономахтың балаларға ақылы (XIғ.), Епифаний Славинецкийдің
Балалар әдеттерінің азаматтығы (XVII ғ.) Феофан Прокоповичтің Жастықтың
адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші (XIII ғ.) сияқты
ескерткіштермен тамырлас.
М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер
И.И.Бецкой, Н.И.Новиков Россиядағы халықтың соның ішінде балалардың
денсаулығын жақсартуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың
тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды, жоюмен,
оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұн-таздайлығын арттырумен
байланыстырды.
Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі
проблемаларын эксперименттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулы құралдар басып
шығару тек Петербург дәрігерлік-хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы
ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П.
Доброславич (1842—1889) басқарды.
А.П.Доброславин гигиенаның басты мақсаты қоғамдық іс-әрекеттердің әр
түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе-теңдік заңдарын
зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуының ең
қолайлы жағдайларын зерттеу деп есептеді.
1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны
Ф.Ф.Эрисман (1842—1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым
ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығы
қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін
дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің
құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау
керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің балаларға арналған әр түрлі
мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы
аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырды.
1877 жылы Ф.Ф.Эрисманның Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы
деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың Капиталының тікелей әсерімен жазылды.
Мектеп гигиенасы жөнінде бірінші гылыми орталық — мектептік-гигиеналық
комиссия — Россияда 1875 жылы Әскери-оқу мекемелерінің педагогикалық
музейінде пайда болды (С.Е.Советов). Комиссияның жұмысына А. П.
Доброславин, Ф. Ф. Эрпсман, П.Ф.Лесгафт және басқа ғалымдар белсене
қатысты.
1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері
Қоғамының басшысы Д. Д. Бекарюков (1861 — 1934) Мектеп гигненасының
негізгі бастамалары атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне
және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол
балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ
берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық
талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды
белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты
еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы
Д.Д.Бекарюковке Еңбек Ері құрметті атағы берілді.
Бала организмнің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін Россияда
бірінші рет Петербург дәрігерлік-хирургиялық академиясындағы балалар
аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Н.П.Гундобин (1860—1906)
зерттей бастады. Оның тәжірибесі Балалар жасының ерекшеліктері (1906),
кітабында қорытылды, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде
Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі
оқу режиміие және басқа мәселелерге ғалым үлкен мән берді.
Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда
И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы
зор. Олардың рефлекстер, жоғары дәрежелі нерв қызметі және адамдардағы
екінші сигнал беру жүйесінің дамуы туралы ілімі ми қыртысындағы анализдеу
мен синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық
процестер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берді.
Жоғары дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін
Н.И.Красногорский, В.М.Бехтерев, А.Г. Иванов-Смоленский, Н. И. Касаткин, Н.
М. Шелованов, П.К.Анохин, А.Н.Кабанов, А.А.Волохов, И.А.Аршавский,
А.А.Маркосян және басқалары да зерттеді. Балалар мен жасөспірімдердің
екінші сигнал беру жүйесіне алғашқы зерттеулер жүргізген А.Г.Иванов-
Смоленский және М. М. Кольцова екендігін атап өткен жен. Орталық нерв
жүйесіндегі басымдылық процестері туралы А. А. Ухтомскийдіц зсрттеулері
ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды,
онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін
емес. Коммупистік партия мен Совет үкіметі жаңа мемлекетті
құрудың алғашқы күнінен бастап балалардың денсаулығын қорғау мен
денесінің дамуына ерекше көңіл аударды. Мысалы, 1917 жылдың декабрінде
Халық ағарту комиссариатының жанынан ашылып, 1918 жылдың 20 январынан
бастап мектептік-тазалык, бөлімі жұмыс істей бастады, оны В.М. Бони-
Бруеевич (Величкина) басқарды. Бөлім мектеп гигиенасының
талантарын іске асырды, мектептердегі және басқа балалар мекемелеріндегі
тазалық жағдайы мен оны жақсылап жабдықтау жөніндегі жауапкершіліктерді
мойнына алды. 1920 жылы денсаулық сақтау халық комиссары И.А.Семашконың
(1874—1949) талабы бойынша мектептік-тазалық бөлімі денсаулық сақтау халық
комиссариатының қарамағына берілді.
1919ж. январьда В. И. Ленин Балаларды қорғау советін құру жөніндегі
декретке қол қойды.
Балаларға дәрігерлік қызмет ету жүйесінің дамуының негізіне үш принцип
қойылды: 1) барлық жастағы балаларды жоғары дәрежеде емдеу және алдын ала
сақтандыру көмегімен қамту; 2) мектептердегі балаларға дәрігерлік қызмет
ету жұмысын ауруханада және ауруханадан тысқары берілетін көмекпен және 3)
тәрбие-оқу шараларын денсаулықты жақсарта-тын шаралармен тығыз
байланыстыру. 1929 жылдан бастап мектеп дәрігерлерінің жұмысы мектептердегі
балалардың оқу мен тәрбиесі үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды.
СССР-де мектеп гигиенасының негізін салушы және Москва мен Ленинград
медицина институттарында мектеп гигиенасының кафедрасын құрған А. В.
Мольков (1870—1947) болды, ол медицина институттарындағы мектеп
гигиенасының теориясы мен оқыту методикасы бойынша көптеген еңбектің
авторы, терең білімді оқытушы еді.
Педагог кадрлар даярлау жүйесінде оқу сабағы ретінде мектеп гигиенасы
30-жылдардан бастап енгізілді. Болашақ педагогтарға арналған бірінші оқулық
Мектеп гигиенасының (1934) авторы С. Е. Советовтың (1896—1967) бұл
жұмыстағы еңбегі аса зор.
СССР-де қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы және
физиологиясы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын СССР денсаулық
министрлігінің Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы институты, СССР
Педагогика ғылымдары академиясының Жас ерекшеліктері физиологиясы
институты, медицина және педагогика институттарындағы балалар мен
жасөспірімдер гигиенасы кафедралары, бірқатар ғылыми-зерттеу
институттарындағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімдері т.б.
үйлестіріп жүргізіп отырады.
Мектеп гигиенасы бойынша алғашқы басылымдар белорус материалдарына
жазылып, жекелеген мақалалар түрінде тек XX ғасырдың басында жарыққа шықты.
1972 жылы Белорус ғылыми-зерттеу санитарлық-гигиеналық институты
(БелМИСГИ) ашылды, 1959 ж. оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы
құрылып, 1963 ж. бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі
болып қайта құрылды,
Республикада мектептік-гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде
зерттеу Ұлы Отан соғысынан кейін басталды, 1964 ж. М. Т. Матюшоноктың
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және
гигиенасы кітабы жарыққа шықты, 1970 ж. ол Педагогика училищелері үшіп
оқулық шығарды, 1975 Ж. педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа
авторлар Г.Г.Турик және А. А. Крюкова мен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның
қайта басылуы болып табылады.
Республикада балалар мен жасөспірімдер физиологиясын зерттеу Белорус
мемлекеттік университетінің медицина және биология факультеттерінде адамның
физиологиясын зерттеумен параллель бағытта дамытылады, ол факультеттерде әp
кезде Л. П. Розанов, И. А. Ветохин, Н.П.Гращенков, И.А.Булыгин
сияқты және басқа да көрнекті ғылым қайраткерлері жұмыс істеді.
Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы және
гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер
берді. Балалар ауруларынан алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп,
балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми-
теориялық деңгейін көтереді.
Белоруссияиың физиологтары мен гигиенистері республикалық одақтық және
халықаралық съездердің конгрестер мен симпозиумдардың жұмыстарына қатысады,
бұл өскелең ұрнақтың денсаулығын қорғау жөніндегі олардың зерттеп
дайындаған проблемалары маңызды, актуалды екендігін көрсетеді.

БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨСУІ МЕН
ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОРТАНЫҢ РОЛІ

Өсу және даму

Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас
ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым
нақтылы, айқын айтылған. Өсу — бұл анатомиялық және морфологиялық
көрсеткіштердің яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі
жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала
организміндегі сандық „өзгерістерді сипаттайды. Даму — тканьдердің,
мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни
белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын,
саналық өзгерістердің көрсеткіші.
Бала организміндегі өсу мен жетілу процестері бір-бірінен белгілі
тәуелділікте болады, қарқынды өсетін және кызметі өзгеретін тканьдармен
байланысты, оргализм неғұрлым жас болса, соғұрлым қарқынды түрде өтеді.
Қалыпты жағдайларда екі процесс те үздіксіз жүреді, бірақ әр уақытта бірдей
бола бермейді: өсу мен жетілудің күшею кезеңдері баяулау кезеңдерімен
алмасады және керісінше. Бұлар тұтас бір процестің екі фазасының
гетерохрониялығы (әр уақыттылығы) деп аталады. Сандық өзгерістердің
біртіндеп жиналуы белгілі бір мезгілде секіріске әкеледі — организм сапалық
жаңа күйге көшеді. Мұнда дененің бір бөлшектері екіншілеріне үйлесуі
(сәйкес келуі), бұлшық ет күші мен қимыл белсенділігі — ақыл-ой әре-кетінде
байқалады, Өсіп жетілу үйлесімділігіне осылайша қол жетеді.
Баланың үйлесімді өсіп жетілуі және гетерохрониялық құбылыстар
биологиялық және қоғамдық ортаның көптеген факторларына тәуелді. Мұнда өсу
және жетілу биологиялық факторларының негізгі организмінің өзінде болады да
сандық есептеуге болатыны айқын көрінетін өзгергіштерінен байқалады, ал
қоғамдық факторлар қоғамдық құрылыс, тұрмысты ұйымдастыру, оқыту және
тәрбиелеу принциптеріне шоғырланады. Олар сапалық сипаттамалар, яғни өсіп
жетілуге баға беру кезінде ескеріледі.
Бастауыш мектеп жаеындағы балаларға тән нәрсе дене мүшелерінің форматы
әлі түзіліп аяқталмағандығы (1-сурет).

1 – сурет. Жасқа байланысты дене пропорцияларының өзгеруі.

Балалардың өсуі мен жетілуіндегі айтылған секірмелілік гигиенада
ұзару және жұмырлану кезеңдері ретінде белгілі. Балалар мен қыздардың
ұзаруы әсіресе жыныстық пісіп-жетілу кезеңінде айқын байқалады. Есею
жылдарында өсу тоқталады (әйелдерде 23 жасқа дейін, ал еркектерде 25-ке
дейін) және ұзару жұмырланумен ауысады. Жас адамдар сымбатты, жинақы,
бұлшық еттері шығыңқы, қимылдары үйлесімді бола бастайды.

Клетканың құрылымы және оның функциональдық маңызы
Клетка — жануарлар және өсімдіктер организмдерінің дамуы мен
құрлысының негізінде жатқан тіршілік системасы. Ол цитоплазма мен ядродан
тұрады.
Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларын (бактериялар мен қарапайым
клеткаларды қоса) электрондық микроскоптың көмегімен зерттеу клетка қабығы,
цитоплазма, ядро және клетка оргоноидтары өзара байланысты және оның
тіршілік әрекеттерінің бәріне қажетті процестерді іске асыратын тұтас
комплекс екенін көрсетті.
Қабық цитоплазма мен клетка органоидтарын қоршаған ортадан бөлек ұстап
тұрады. Қабықтың арқасында клетка дербес физиологиялық бірлік ретінде
қызмет атқарады. Электрондық микроскоптың мәліметтері бойынша клетка
цитоплазмасының қабығы үш қабатты мембранадан тұрады. Мембранада өте ұсақ
тесіктер — қуыстар болады. Олар арқылы клетка қоршаған ортамен және басқа
клеткалармен зат алмасуды іске асырады. Аздап бүлінген кезде мембрана
өзінің біртұтастығын тез қалпына келтіреді. Оның едәуір бүлінуі бүкіл
клетканың өлуіне әкеледі.
Цитоплазма — клетканың жартылай сұйық ортасы, зольден гельге қайта
айнала алатын коллоидтық система болып табылады. Цитоплазманың буферлік
қабілеттілігінің арқасында клетка өзгерген орта активтілігін (рн) тез
қалпына келтіре алады.
Цитоплазмада органоидтар — клетканың құрылымдық түзілістері бар. Олар
ядро мен органидтардың өзара байланысын қамтамасыз ете отырып, клетканың
қалыпты қызметіне жағдай жасайды.
Ядро — тірі клетканың өзара әсер етуші тұтас комплексінің тұрақты
компоненті. Көпшілік клеткаларда бір ядро болады, бірақ олар екі, үш және
одан да көп болады. Ядроның формасы (домалақ, сопақша, созылған таяқша
тәрізді т. б.) клетканың функциональдық күйін көрсетеді. Мысалы, жиырыл-ғыш
бұлшық ет талшығында (клетка) ядро штопор тәріздес, ал тиыштық жағдайда —
таяқша тәріздес.
Үнемі болғанмен, әдетте клетканың өзі ядромен бірге өледі. Мысалы,
эритроцитте ядро жойылады, содан соң ол, қан ағысымен жылжи отырып денеге
оттегін жеткізіп, 120 күнге дейін тіршілік ете алады, бірақ бөлінуге,
бастапқы қалпына келуге кабілетсіз т. б. Ал цитоплазмадан бөлініп алынған
ядро кешікпей өледі. Ядро сырты екі қабат ядролық мембранамен жабылған, ол
кариоплазманы цитоплазмадан айрып тұрады. Кейбір учаскелерде ядро
мембраналар қосылған секілді болып қуыстар түзеді. Мембрана-жартылай
өткізгіш: ядро ішіне бір заттарды өткізеді, екіншілерін ұстап қалады және
барлық қажетті заттарды ядродан шығарады. Клетканың бөлінуі кезінде ядро
мембранасы жойылады, ал жас клетка пайда болысымен ол бастапкы қалпына
келеді. Ядроның ішкі кеңістігі ядро шырынымен — кариоплазмамен, ядрошық
және хроматинмен толған.
Қариоплазма — ядроны толтырушы жартылай консистенциялы зат.
Электрондық микроскоптың көмегімен онан рибосомаларды табуға болады.
Интерфазалық ядроны арнайы бояған кезде одан тор тәріздес гранула
құрылымы хроматинді жақсы көруге болады, Онда көпшілік бөлігі гистоннан
тұратын, белокпен байланысқан дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) болады.
ДНК клетка ядросының ең маңызды бөлігі. Онда ата-анасынан балаларына
берілетін тұқым қуалау информациясы сақталады. Адам қолының дамуындағы
тұқым қуалайтын ауытқулардың 14 ұрпақтан кейін (шамамен 280-300 жылдан
кейін) байқалатындығын ағылшын ғалымдары көрсетті.
2-сурет.Митохондриялардың схемалық суреті (110 000) ішкі мембранадан
шығатын қырлар (кристалар) жақсы көрінеді.Сыртқы мембранада кристалар
болмайды.

Ядрошық — домалақ формалы, конистенциясы бойынша тығыз түзіліс. Ядро
көлемдері әр түрлі екі, бес (жетіге дейін) ядрошықтардан тұра алады. Оның
барлығы тек бөлінуі басталмаған ядролардан ғана көрінеді. Бөлінген кезде
жоғалады, ал жас клеткаларда жаңадан пайда болады. Оларда РНК мен белоктар
болады. Ядрошықтарда соңынан цитоплазмаға өтетін рибосомалар түзіледі.
Рибосомалар — РНК мен белоктан тұратын сфера формалы денешік. Олар
әрбір өсімдік және жануарлар клеткасында болады әрі өте маңызды
биологиялық қызметке - белокты синтездеуге - қатысады. Дәлірек айтқанда,
рибосомаларда матрицалық (ннформациялық) РНҚ-ден информацияны дәл
есептеу және цитоплазмада болатын амин қышқылдарынан белгілі бір ретпен
пептидті байланыстар түзілу процссі жүреді. Демек, рибосомалар — бұл
оқитын машиналар, оларды амин қышқылдарының полипептидтік тізбекке қосылу
процесі жүреді.
Митохондриялар — әр түрлі клеткалардың цитоплазмасынан жарық
микроскопымен жақсы ажыратылатын, сан алуан формалы денешіктер, Сонымен,
электронды микроскоп деңгейінде митохондрияларды зерттеу :(2 сурет) олардың
ққрылысының күрделі екенін анықтады, ал биохимиялық анализдер организмде
бірқатар тыныс алу, заттар сиптездеу т. б. функциялар атқаратын
белоктардың, липидтердің, ферменттердің рибонуклеин қышқылдарының (РМҚ)
онда болатындығын тапты.
Кез келген организм клеткаларының митохондрияларында энергия қоры мол
аденозинтрифосфор қышқылы (АТФ) синтезделеді, ал энергия қорының босауы
арнаулы ферменттердің әсерінен АТФ-тын ыдырауына байланысты. Осыған
байланысты митохондрияларды күш берушілер немесе клеткалардың
энергетикалық станциялары деп атайды.
Өсіп жетілетін организмнің клеткалары митохондриялардың энергиясын
дененің температурасын сақтауға, клетканың кеңістікте қозғалуына, жұмыстар
орындауға т.б. пайдаланады. Б.Афцелиустың мәліметтері бойынша жылқы
аяқтарындағы бұлшық етте болатын митохондриялардың жалпы салмағы 0,5—1 кг-
дай болады (митрохондриялардың осынша саны оның жұмысы үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық жетілу кезеңіінде
Балалар мен жас жасөспірімдер өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Ғылыми-таным кезеңдері мен деңгейлері – схема Акселерация және жеке тұлғаның әлеуметтік жетілу мәселесі
Өсу даму антропометриясы жайлы
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары. Жас кезеңдері
Геннің әрекеті
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу туралы ақпарат
Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы
Қазіргі таңдағы оқыту процесінің мәні
Пәндер