Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы



КІРІСПЕ .3.5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6.19
1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20.22
1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23.25
ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы
2.1. Қазіргі таңдағы Германия жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.35
2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым.қатынастарының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36.48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49.50
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51.52
Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап, төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды. 1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды. Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «қырғи-қабақ соғыс» жүргізгенде Германия Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі. Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі палаталық парламентке берілген. Оның
І. Н.Назарбаев. Қазақстан президенттінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана. Наурыз, 2005ж
2. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.
З. А.А. Ахтамзян. Федеративная республика Германия в конце ХХв. // Новая и Новейшая история. 1999. №4.
4. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.
5. М.Диманис. Партийно- полптическая система Германии в 90-х гг. М.,1998.
6. Б.Е. Зарицкий. Людвиг Эрхард: секреты «экономического чуда». М.;1997.
7. К.Зонхаймер. Федеративная Республика Германия сегодня. М., 1996.
8. Л.Г. Истягин. Политический портрет Г. Колья. М., 1995.
9. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: Германский путь. М., 1993.
10. Л.П. Леволкина. Федеративная Республика Германия. 1949- 1969. Владимир, 1990.
11.С. Краузе-Бургер. Гельмут Шмидт: каким он видится вблизи. М., 1981.
12.И.Н. Кузьмин. Крушение ГДР: История. Последствия. М., 1996.
ІЗ. Объединенная Германия в Европе и мире. М., 1994.
14. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999.
15. А.М. Филитов. Германский вопрос: от раскола к объединению. М., 1993.
16. А.А. Фурман. О чем мечтают канцлеры. Киев, 1990.
17. А.А. Ахтамзян. «Объединение Германии, или Аншлюс ГДР к ФРГ» М, 1994.
18.Последний год ГДР. М, 1993. Игорь Максимичев. Крушение. Реквием по ГДР Ханс Модров. Взлет и падение.
19.Актуальный проблемы новейшей истории. М.,1991
20.Казахстанская правда 1989. 21 март
21. А.П. Бутенко. Социализм как мировая система. М., 1984.
22. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.
23.сонда -148б.
24.сонда -27б.
25.Г.К. Көкебаева Халықаралық қатынастар тарихы. А.,1997
26.сонда -124б. .
27. А.А. Кредер. Новейшая история ХХ века. М.,2000.
28. Х.А. Шреплер Международные организации. М.,1995.
29. Германская история в новое и новейшее время. / Под ред. С.Д. Сказкина: В Т. 2 М., 1970.Т.1.
30. Л.Г. Истягин. Политический портрет Г. Колья. М., 1995.
31. Деборин А.М. Очерки социально – политической мысли в Германии: конец XVII - начало XX века М., 1967.
32. Сонда
33. Саясат №7 2004.
34. Егемен Қазақстан 25 қыркүйек 2004
35. С.Н. Власов. ФРГ на пороге 90-х гг: Общество и проблемы. Киев, 1989.
36. Б.С. Орлов. Политический портрет Герхарда Шредера. М., 1999
37. Х. Ламперт. Социальная рыночная экономика: германский путь. М., 1993
38. История всемирной литературы М.,1990 Т.7
39. Жас алаш. 2002. 15 мамыр.
40. Егемен Қазақстан. 2004. 5 желтоқсан
41. Сонда
42. Новая и Новейшая история. 2001. №4.
43. К.К. Токаев Под стягом независимости. Алматы, 1997.
44.сонда
45.сонда
46.Саясат 1997 №5
47.Бастауыш мектеп 1999ж ақпан.
48. сонда
49.Егемен Қазақстан 1994ж. 27 сәуір
50. Егемен Қазақстан 2003ж. қаңтар.

Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ .3-5
БІРІНШІ ТАРАУ. ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
І.І.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германия 6-19
2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы .20-22
3. Экономикалық өрлеу және оның
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23-25

ЕКІНШІ ТАРАУ. Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы

2.1. Қазіргі таңдағы Германия
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-35

2.2. Германия және Қазақстан Республикаларының қарым-қатынастарының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36-48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 49-50

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51-
52

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде
одақтастар армиясы фашистік Германияны оккупациялады. Германия
территориясын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, КСРО мемлекеттері оккупациялап,
төрт зонаға бөлді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция оккупациялаған зона батыстық
зона деп аталынды. КСРО оккупациялаған зона шығыстық зона деп аталынды.
1949 жылы батыстық зонада Германия Федеративтік Республикасы құрылды. Бұған
жауап ретінде шығыстық зонада Германия Демократиялық Республикасы құрылды.
Бір неміс ұлты бір-біріне қарама-қарсы қоғамдық өмір кешті. Германия
Федеративтік Республикасы АҚШ бастаған капитализмнің алдыңғы қатарлы
державалары Кеңес өкіметі және социалистік елдерге қарсы екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін қырғи-қабақ соғыс жүргізгенде Германия
Федеративтік Республикасы осы саясатты жүргізудің негізгі объектісіне
айналды. 1989-1990 жылдарда КСРО мемлекетінің өз ішінде және социалистік
лагерь елдерінде басталған демократиялық реформалар Германия
Республикаларының дамуына да ықпал етпей қалмады. Осының салдарынан қос
Германия мемлекеті бірынғай мемлекетке айналды. 1 шілде 1990 жылы
айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынып жалпы германдық марка
енгізілді. Біріккен Берлин, шығыс германдық жерлер 3 қазақ 1990 жылы ФРГ
құрамына кірді. Содан бері Германия мемлекеттік құрылымы жағынан
парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі.
Канцлерге (премьер- министрге) көптеген өкілдіктер берілген. Билік екі
палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы - Бундесрат,
төменгісі - бундестаг. Федеральдық үкімет федеральдық канцлерден,
федеральдық министрлерден тұрады. Орталық банк мемлекеттің кредиттік-ақша
саясатына бақылау жасайды. Федеральды канцлер халықаралық қатынастарға,
қорғанысқа, финансқа және коммуникацияға басшылық жасайды. 1999 жылы
үкіметте 15 федеральдық министрлер болды. ФРГ-ның астанасы - Берлин. Солай
бола тұрса да Бонн қаласында кейбір мемлекеттік мекемелер қызмет етеді.
Елдің басшысы 5 жылға сайланатын федеральдық президент. Оны федеральды
жиналыс сайлайды. Президенттің бір міндетті канцлердің кандидатурасын
бундестагтың бекітуіне береді. Сондай-ақ президент қарулы күштер құрамынның
жоғарғы офицерлерін тағайындайды. Дегенмен оларға қорғаныс министрі
басшылық етеді. Германия Федеративтік Республикасы Батыс Европаны алдыңғы
қатарлы мемлекеті ретінде жан-жақты дамып келеді.
ФРГ 1991 жылы 31 желтоқсанда біздің республикамыздың тәуелсіздігін
мойындап, 1992 жылы ақпанда диломатиялық қатынастар орнады. Біздің
елдеріміз арасында қатынастардың түбірі терңде жатса да, Қазақстан өз
тәуелсіздігін алған соң ол жан-жақты дами бастады. Екі ел бір-біріне
мүдделі. Германия Қазақстанның Батыс Европадағы стратегиялық партнері, ал
Қазақстан Республикасы ФРГ-ның Орталық Азиядағы стартегиялық патрнері оның
үстіне Қазақстанда 300 мыңнан астам немістер тұрады. Сондықтанда
мемлекеттер арасындағы қатынастар барлық салада-саяси, экономикалық және
мәдени салала да дамиды.
Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан президенті Германияда-1992 жылы,
1997 жылы және 2001-2007 жылдары болды. Біздің елімізде 1995 жылы
Германияның Федеральдық президенті Роман Херцог, 1997 жылы-Федеральдық
канцлер Хельмут Коль, 2003 жылдың соңында оның орнына келген Герхард Шредер
келді.2006ж Маркель Ангел
Қазақстан мен ФРГ екі жақтық байланыстарды кеңейтті. Олар халықаралық
ұйымдарда, атап айтқанда БҰҰ мен ОБСЕ аясында байланысы дамып келеді.
Біздің елімізде қазіргі кезде жүзге жуық неміс және біріккен фирмалар жұмыс
істейді. Соның ішінде Казгермұнай ТОО Кнауф маркетинг Алматы,
Люфтганз атты авиа компаниялары бар. Жыл сайын екі ел арасында товар
айналымы өсіп келеді. Германия импорттының арасында Қазақстан Ресейден
кейінгі екінші орында, экспорт бойынша-төртінші.
Қазіргі кезде Алматыда неміс драма театры жұмыс істейді, Дойче
Альгемайне газеті шығарылады.
Диплом жұмысы алдына мынандай мақсаттар қояды:
І.Екінші кейінгі соғыстан оккупацияланған Германияда одақтастар жүргізген
саяатты ашып көрсету;
2. Капиталистік державалардың Евпропада өздеріне қатар тұра
алатын
мемлекет ретінде Шығыс демократиялық республикасына қарсы Германия
Федеративтік Республикасының құрылуын және даму бағытын көрсету;
3. Тағдыр тәлкігімен бөлінген неміс халқының Шығыс Европада басталған
деморкатиялық реформалардың ықпалынан екі Германияның бір Германияға
айналу жолын ашып көрсету;
4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін дүниежүзінің дамыған
елдері қатарында Германияның оны мойындап, саяси, экономикалық, мәдени
салаларда қатынастарының дамуын талдап түсіндіру;
5. Германияның Қазақстанда тұратын этникалық неміс халқына бауырмалдық
ниетін ашып көрсету.
Тарихнамасы: XX ғасырда халқы бірінші және екінші дүниежүзілік соғысты
тұтандырушы мемлекет ретінде айыпталды. Басқа мемлекеттердің оған қарсы
жүргізілген саясатының нәтижесінде Германия екіге бөлініп, бір-біріне қарсы
саясат жүргізді. XX ғасырдағы ең өзекті мәселе неміс халқы үшін бірігу
мәселесі еді. Ол 1991 жылы жүзеге ас гы. Екі Германияның бірігуі қалай
жүргізілді және қалай жүзеге асты. Осы мәселе А.А.Ахтамзяның Объединие
Герании, или Аншлюс ГДР к ФРГ деген кітабында жан-жақты баяндалады. Оның
еңбегі XX ғасырдағы Германияның екі бөлігінде даму бағыттарының қосылуға
әкеліп соққандығы баса көрсетіледі.
Екінші бір Шығыс ГДР-ге қарағанда ФРГ-ның экономикасының дәуірлеріне
әкеп соққан құрылымдық құрлыстың даму жолын таңдай білген жөніндегі 1993
жылы Москвадан шыққан Последний год ГДР деген еңбегінде сипатталады.
Мүнан кейін екі Германияның экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдени
дамуының басқа капиталистік елдерге қара анда даму ерекшелігін көрсететін
еңбек Ханс Модровтың Взлет и подение деген еңбегінде көрсетіледі.
Сонымен бірге диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы мен
Германия Республикасы арасында байланыстардың саяси, экономикалық, мәдени
салалары бойынша көрсететін мәліметтер интернет жүйесі бойынша алынды. Бұл
материалдарда екі ел арасында байланыстардың даму жолдары нақты мәліметтер
арқылы беріледі.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттерден тұрады.
БІРІНШІ ТАРАУ: ГЕРМАНИЯНЫҢ БІРІГУІ
1.1. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ГЕРМАНИЯ

Германияның территориясы кең аймақтан құралатың үш ірі рельефке
бөлінеді. Солтүстігінде Солтүстік-Германия ойпаты, орталығында - таулы
аймақ, оңтүстігінде- Альпі. Германияның аймағына Альпінің солтүстік
жоталары кіреді. Батысында қүмдардан құралған жоталары жатады. Мюнхеннің
оңтүстігіне қарай Баварияның жағында солтүстік Альпінің известикалық саласы
жатыр. Осы жерде 2962 метр биіктікке жететін Цугшипитция тауы орналасқан.
Альпінің солтүстігіне қарай қүмды және топырақты аймақтарға бөлінген.
Осы жерде тау жанында жазықтық қалыптасқан.
Солтүстік Германия ойпаты батысында 150 км созылып жатыр. Ол шығысына
қарай кеңейе түседі. Осылайша ол елдің солтүстік бөлігін түгел қамтып
жатыр. Ваварияның тау жағындағы жазықтарында қүмдар және топырақтар
орналасқан.
Германия Европаның батыс обльитары сияқты орташа теңіздік климатпен
ерекшеленеді. Германия орманға бай оңда қабан, түлкі сияқты хайуанаттар
өседі.
Ел 1990 жылы біріккенге дейін халқының өсуін орталық Европадағы
алдыңғы қатарлы елдердің біріне саналды. 1990 жылы Батыс Германияда Шығыс
Европада қоныс аударған адамдарды қосқанда 63,6 млн адам тұрды, ал Шығыс
Германияда ГДР -16,1 млн адам тұрған.Германия бірікеннен кейін
Германияның халқының саны 80,0 млн халыққа жеткен.1998жылы ФРГ халқының
саны82,1млн адам.
Батыс Германияға кірген территорияда 1939 жылы 43 млн-дай адам тұрса,
1946 жылы46 млн адам тұрған. Екінші дүьиежүзілік соғыстан кейін Шығыс
Европадан ағылған неміс босқындарына байланысты ФРГ-ның халқының саны тез
өсті.Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң Эльба мен Залдың шығысына
қарай орналасқан неміс жерінен немістер жер аударылды. Орта ғасырлардан
бастап немістер Шығыс Европаның барлық жеріне шашырап орналасқан. ХҮШ-
ғасырда Екатерина-П-ның түсында мыңдаған немістер ресейлік Поволжьенің оң
жағына орналысты. Екінші дүниежүзілік соғыс
жылдарында немістер осы жерден Қазақстан, Қырғызстан және Сібірге жер
аударылды.
1996 жылы Батыс Германияда дүние жүзі бойынша бала туудан ең төменгі
көрсеткіштіркелген-10%, ал 1960 жылы ФРГ-да-18%. Ал ГДР-да бала туу бір
шама жоғары болды. 1990-1996 жылдары огдің халқы 0,5%-ке үлғайды. Оның
басты себебі басқа елдерден жүмысшылардың шақырылуы еді. Германияның
шақырмуымен көптеп келген халық тұріктер болып табылады. 1980 жылдан
бастап Шығыс Европадан немістер ағылып келіп қоныстанды. Сонымен қатар
Германияға Румыния мен бүрыңғы Югославиядан цыгандар келіп Германияға
орналысты. Сонымен қатар СНГ елдерінен еврейлердің біразы Германияда
тұрақтанды.
Гастарбайттерлер, саясиэмигранттар, босқындар елдің халқының саның
үлғайтты. Елдің халқы басқа жолдармен де көбейді: Қоныс аударғандар ішінде
жас адамдар көп болды. Түпкілікті тұрғындарға қарағанда оларда туу, өсу
көбірек болатын. ФРГ-да бала өлімі жыл сайын төмендеді. 1950 жылы туған
балалардың бір жасқа дейінгісінің мың баланың ішінде 48% өлсе, 1996 жылы 6%
ғана өлген. Германияда жас үзақтығы ерлер арасында 73,8 жас әйелдер 80
жасқа дейін өмір сүреді. Германияда ерлерге қарағанда әйелдер басым. Ол
жағдай елдің қалыпты жағдайы болып есептеледі [1].
1997 жылы Германияда халықтың орналасуы тығыздығы бір шаршы келометрге
230адамнан келген. Германия Нидерландия, Бельгия, Ұлыбританиядан кейінгі
орында. Халықтың орналасуы біркелкі емес.Өзімен қатар жатқан Франция сияқты
қала халқы басым емес. Германияда халық оңтүстік-шығысқа, Штутгарт пен
Мюнхенге қарай тығыз орналасқан. Бұл жерде халық тек Германияда ғана емес,
Батыс Европада тығыз орналасқан болып есептеленеді. Мұнан кейін халықтың
орналасуы Рейн-Рур аймағында бұл жерде Ганновер, Брауншвайг, Магдебург
қалалары орналасып, Галла- Лейпциг-Хемниц индустриальды ауданы орналасады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін солтүстік және шығыс аудандардан Рейн
маңайында қалпына келтірілген және жаңадан салынған қалаларға қалық көптеп
келіп қоныстанды. 1953 жылы ФРГ халқының 57% солтүстік жерлерде өмір сүрді.
1970 жылдардың басына қарай олардың саны 48% қысқарды. 1960жылдары рейн
жаңындағы қалаларда халықтың өсуі тоқтатылды. Енді Батыс Германияның
оңтүстігіндегі қалаларда халық көптеп қоныстана бастады. Германияда орталық
қала тұрғындары басқа қалаларға көптеп қоныстана бастады.
1945 жылдан кейін Батыс Германиялық қалалардың орталық бөліктерінде
сауда және іскер кварталдар ретінде дамыды. Осы кварталдардың көп көшелері
жаяу жүрушілдерге арналған. Орталық кварталдардың қала сыртында орналасқг
а. ГДР қалаларының сауда және орталық бөлігінде тұрғын үй кварталдар
сақталған. ГДР-дің мемлекеттік саясаты субурбанизацияға тежеу қойды.
Қаланың сыртында тұрғын құрлысы жүрді. 50-100 мың адамға арналған
микроаудандар соғылды.
Мүндай кооперативтік шаруашылықтар салынғаннан кейін ауылдық аудандардан
халық қалаға көше бастады. Қала өсті. Жаңа индустриалды сипатқа ие болды.
ГДР-ден батысқа эмигратциялардың екі кезіңі бар. Эмигратцияның бірінші
толқыны кезіңде 1949-1961 жылдары 2,6 млн адам көшкен. Мүнан кейін, Берлинг
қаласы соғылғанан кейін қоныс аудару тоқталған. Екінші толқын кезі 1989жылы
басталады. 1989 жылы 330 іуың адам көшкен. Бұл кезең совет блогының
күйреуіне, 9 қараша 1989 жыльі Берлин қабырғасының қүлауына сәйкес келеді.
Бұл кезеңде ГДР-ден негізінен жас адамдар кеткен.
Берлинде 3,5 млн адам тұрады. Берлин маңайында тұратын халықты
қосқанда 5млн-нан астам. Берлин елдің ең ірі қаласы болып есептеленеді.
Оның басқа қалалардан басқа оқшау дамуы жалпыгермандық астана рольмен
сипатталады.
Рур урбандық аймағы тас көмір базасы ретінде қалыптасқан. Оның
адамдарының саны Берлиннің қалалық агломерациясын басып озады. Бұл жерде
Эссен, Дортмунд, Бохум қалалары орналасқан. Ал Германияның Кельн қаласында
1970 жылы 1 млн адам тұрған.
Оңтүстік Германияның халықтың орналасуы төрт ірі қалалық агломерацияны
күрайды. Онда, әрқайсысында 1 млн-нан 2,5 млн-ға дейін адам тұрады.
Франкфурт Германияның финанстық астанасы елдің қалалық агломерациясы
тұрғындардың саны бойынша үшінші орталығы. Рейн мен Неккар өзеңдерінің
қосылған жерінде орналасқан. Майн ойпатына орналасқан химия өнеркәсібінің
орталығы Людвигсхафен және бүрыңғы универстит қалалары Гейдельберг,Штутгарт
та сонда орналасқан.Оңтүстік шығысына қарай Германияның халқы жағынан
үшінші қаласы Мюнхен қаласы орналасады. Ол әрі Баварияның астанасы болып
есептеледі.
Берлиннен кейінгі үлкен қаланың бірі Гамбург қаласы. Бремен Германияның
портты қаласы. Төменгі Саксония жерлерінің астанасы Ганновер қаласы.
Германия тарихында өшпейтін із қалдырған Нюрнберг қаласы.Онда орта ғасырлық
ескерткіштер мен Саарланд конурбациясы сақталған [2].
Елдің солтүстік бөлігіне тән нәрсе халықтың құрамында Норд
атропологиялық типтің басым болуы.Олардың бойы үзын шашы ашық болып
келеді.Ал оңтүстік Германияда орта бойлы қара шашты адамдар басым. 4-9
ғасырларда Герман тайпалары экспанциясының барысында славян халықтарын
германдықтарды халықтардың араласуы және ассимиляция жүрді.Соған қарамастан
1950 жылға дейін Германияда неміс тегінен шыққан біраз халықтар тұрды.
Германияда 60 мың сорбтар тұрады. Дат тілінде сөйлейтін 60 мың адам тұрады
[3].
Германияда әдеби тіл неміс тілі. Білім оеруде іс жүргізуде неміс тілі
қолданылады. Сонымен қатар неміс тілшің аймақтық диалектілері де
қолданылады. Елдің солтүстігінде голланд тілінде сөйлейді. Елдің оңтүстік-
батысы бавар, оңтүстігі саксон тілінде сөйлейді. Аз уақыт мерзімге жүмысқа
келген гастарбайтер және олардың семьясымен келуімен Германияда
иммигранттардың саны өстті. Германияда 1997 жылы шетелдіктер 7,4 млн адам
болды. Олардың ең көбі тұріктер 2,1 млн адам, оннан кейін оңтүстік
славяндар 0,7 млн, итальяндықтар-0,6 млн, гркетер-0,4 млн және поляктар-0,3
млн адам. Иммигранттар өте төменгі жалақы төленетін, ауыр жүмыстарды
орындайды. Сонымен қатар олар сапасыз, нашар үйлерде тұрады.Тұріктер елдің
батысында тұрады. Олар елдің багысындағы қалалардың ең кедей аудандар
құрайды. 1970-1980 жылдары Сомали, Шри-Ланка, Иран сияқты елдерде саяси
таяныш іздеген адамдар көп келді. Бұл ФРГ халқының этникалық құрамын
шүбарландырып жіберді.
Екінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы бойынша Германия фашизмі
жеңілді. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңында 1945 жылы майда Германияны
төрт одақтас держава оккупациялады. Германияны оккупацияланған АҚШ,
Ұлыбритания, Франция және КСРО. Егер бірінші дүние жүзілік соғыстың
барысында соғыс қимылдардан Германия шын мәнінде зардап шеккен жоқ, ал
екінші дүние жүзілік ел дәл сипаттап айтқанда үгінді болып жатты. Шығыс
Пруссиядан жәче Одер мен Нейсе жерінен 9 млн неміс жер аударылды. Бұл
онсызда қиын т\рғын үй проблемасын одан сайын қиындатып жіберді. Одақтастар
репара щя есебінен өнеркәсіп құрал-саймандарын әкете бастады. Өмір сүру
гдеңгейі 13-ке қүлдырады. Ақша қүнсызданды. Азық-түлікке берілетін
калориялық жағынан физиологиялық минимумнан төмен жатты. Оның үстінен
Германия тәуелсіз мемлекет болып өмір сүруден қалды. Оның территориясының
біраз бөлігі жеңген мемлекетке кетті. Соғыстан кейінгі кезеңде Германияға
ауыр тиген жағдай қырғи қабақ соғыстың әсері еді. Ұлы державалардың
қарама-қарсы тұруы Германия территориясы арқылы өтті. Оның үстіне қырғи
қабақ соғыс оккупацияланған Германия ролін қайта қарауды қажет етті. Батыс
мемлекеттер үшін Германияның жеңілген жаудан гөрі одақтас болмаса да
таяныш. артатын сүйінішке айналғаны жақсы болған еді. Батыс державалар оның
экономикасын барынша әлсірету мақсатынан бас тартты.
Оккупацияланған Германияда басты билікті Бақылау кеңесі атқарды. Оның
құрамы төрт зона әскерінің бас қолбасшыларынан тұрды. Елдің территориясы
және оның астанасы Берлин бөліске түсті. КСРО одақтастардың басқару
органдарынан 1948 жылы шықты. Қалған үш батыстық оккупациялық зонада 1949
жылы Германия Фидеративтік Республикасы құрылды. Астанасы- Бонн оның қаласы
болды. Көп үзамай кеңестік зонада Германия Демократиялық Республикасы
құрылды. Астанасы-Шығыс Берлин.
Соғыстан кейін Германияны өзінің жақтасы ету үшін американдықтар
Маршалл жоспарына оны тартты. Ол Германияның экономикалық жалпы жағдайын
жақсартатын еді. Батыс держава іар КСРО-мен бірге Германияны жақсарту
шараларын жүргізу мүмкін еместігін түсінді. Осындай түсінікпен батыс
державалар өз зоналарында ақшареформасын жүргізді. Қүнсызданған
рейхсмарканың орына неміс маркасы енгізілді. Батыс зонада тұратын әр бір
тұрғын 60 ескі рейхсмарка орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Ақша 100-ге
6,5-тен ауысты. Инфляция тоқтатылды. Егерде бүрын товарлар жетпесе, енді
ақша жетпеуге айналды. Экономикалық өмірді қалпына келтіру жағдайы жасалды.
1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті, ал 1949
жылы ол соғысқа дейінгі деңгейіне жетті [4]. КСРО ақша реформасына жауап
ретінде батыс Берлинге блокада орнатты. Батыс державалар батыс зонад;
Герман мемлекетін тез құруға тырысты. 1946 жылы қалпына келтірілген
парламенттік кеңес федеративтік республиканың конституциясын жасады.
Оккупациялық өкіметтер оны бекіткен соң ол күшіне 23 май 1949 жылы күшіне
енді. Конституция азаматтық және саяси бостандықтарды бекітті, Батыс
Германияны демократиялық федеративтік мемлекет деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-
ның құрамына 11 неміс жері кірді. ФРГ конституциясы екі жағдай енгізді. Ол
бойынша ФРГ-ғы конституциядағы құрылым Шығыс Германияға да тарайтын болды.
Негізгі заңның 23-статьясы конституцияның әрекеті Германияның басқа
территорияларына тарайды, ол жерлер ФРГ-ға өз еркімен қосылатын болса деп
көрсетілген. Негізгі заңның 146-статьясы жаңа конституция енгізілген соң
бұрынғы ескі негізгі заңның әрекеті тоқтатылады деп көрсетілген. Шығыс
Герман жерлерінде ФРГ-ның жалпы заң,ары әрекет ететін болса, мына
жағдайлар ескерілетін болды: 1. Біріккен Германияда ФРГ-ның орны сақталуы
2. Шығыс Германияның заңдарыны республика халқы алдында толық жойылуы
есепке алынады. 3 октябрь 1990 жылы Германия біріккеннен кейін ФРГ-ның
мемлекеттік құрылымы Германияның бүкіл территориясына жайылды. Оккупациялық
державалар мерзімі бітпесе де Германияға байланысты бақылау функцияларынан
бас тартты. Кеңес әскерінің бүрынғы ГДР-де болу мерзімі 1994 жылы
аяқталатын еді. Шығыс және Батыс Германия 1 июль 1990 жылы біріңғай
мемлекетке айналды. Айналымнан шығыс германдық марка алынып тасталынды. ГДР-
да ФРГ-ның ұлттық валютасы-батыс германдық марка енгізілді [5]. 1949 жылы
қабылданған ФРГ-ның н^гізгі заңы екі Герман мемлекеті біріккенге дейін
өтпелі кезеңде негізгі заң болып есептелінді. Әлі күнге дейін елде осы заң
әрекет етеді. Конституцияның алғашқы 19 статьясында азаматтардың негізгі
қүқықтары туралы жазылған. Азаматтарға өз қүқықтарын жүзеге асыруға кең
мүмкіндік берілген. Сонымен бірге негізгі заң демократиялық құрылымды
бүзатын әрекеттерге тиым салады. Негізгі 4 принцип ретінде демократия,
заңның үстемдігі, әлеуметтік принциптері әйгіленген. Германияның біріккені
жөніндегі келісімге 1990 жылы 31 августа қол қойылған. 3 октябрь 1990 жылы
Шығыс Германия ФРГ құрамына енген.
Мемлекеттік өкімет органдары. Мемлекеттік құрылымының формасы жағынан
Германия-Парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі
шектеулі, одан гөрі билік өкілдері канцлерге (премер-министр) берілген.
Елге заң шығару билігі екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы
палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық
үкімет немесе министрлер кобинеті федералдық концлерден және министрлерден
тұрады.Оның қызметіне халықтар арасындағы қатынастар, қорғаныс финанс және
коммуникация саласындағы саясатты жүргізу жатады. Орталық банк кредиттік-
ақша саясатына бақылау жасайды. Дегенмен 1-январь 1999 жылдан бастап ол
Европалық орталық банкке бағынады. Үкіметке 1999 жылы 15 фидералдық
министрлер болған.ФРГ-ның астанасы-Берлин.Солай бола тұрса да Бонн да
кейбір мемлекеттік басқару жүйелері қалған.
Мемлекетті басқаратын фидеральды президент бундес президент болып
есептеленеді.Ол бес жылға бір рет, оңнан кейінгі екі бесжылдыққа да сайлана
алады. Оны фидеральдық жиналыс сайлайды. Жиналыстың құрамы жер парламенті
ландтагтардан өкілдерінен құралады. Олар саяси партиялар өкілдерінен
тұрады. Президенттің өкілдерінің ішінде бундестагқа бикітуге жіберілген
канцлер кандидатурасы маңызды болып табылады. Канцлер парламенттің төменгі
палатасын тарата алады.Ондай жағдайда парламенттің төменгі палатасы сенім
вотумына қажетті дауыс жинай алмаған жағдайда. Президенттің міндетіне
қарулы күштердің офицерлер құрамын жоғарғысын тағайындай алады. Солай бола
тұрса да қарулы күштерге қорғаныс министрі басшылық ете алады. Президенттің
та ъі бір міндеті айып кесілген қылмыскерлерді кешіре алады [6].
Атқару өкіметінің басшысы фидеральдық канцлер бундесканцлер. Канцлер
болып жалпыұлттық сайлау кезінде көп дауыс жинаған саяси партияның лидері
бола алады. Канцлер министрлер камбинеті мүшелерінің кандидатуралар
үсынады. Елдің президентті оны үсынған кандидатураларын бекітеді. Сонымен
бірге президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
анықтайды. Сонымен қатар көптеген парламенттік систимада өкіметке сенім
білдірмесе отставка жасаланады. Бұл жағдайда заң шығару өкіметі канцлердің
канцлер кандидатурасын үсынады. Оны парламентарийлердің көпшілігі қолдауы
қажет. Негізгі заңдарға осындай шектеу сенім білдірудің басты кілті деп
аталынады.Бұл саяси тұрақтылықты үстап тұруға мүмкіндік жасайды. Германияда
бұл жағдай 1982 жылы жүзеге асқан. Сол жылы сенім білдіру арқылы канцлер
қызметінен кеткен [7].
Бундестаг-Герман парламентінің басты палатасы бундестагтың көпшілігі
қолдаған үкімет билік басында қала алады. Депутаттар екі турда төрт жылға
сайлана алады. Көпшілік жағдайда министрлер кабинет мүшесі бундестаг
депутаты бола алады.Германия біріккенге дейін бундестагта 520 депудат
болған. 1990 жылы желтоқсанда өткен сайлау кезінде ФРГ-ның құрамына жаңа
жерлер енді.Осыған байланысты депудаттық мандаттың саны 662-ге дейін өстті.
Ал 1994 жылғы сайлауда оның саны 672-ге жетті. 1998 жылғы сайлауда
депутаттық мандаттың саны 669-ға дейін азайды.
Кез-келген депутат бундесратқа немесе федеральдық үкіметке заң жобасын
еңгізе алады. Заң жобасы өту үшін дауыс берушілердің басым көпшілігінің
даусын жинау қажет. Күрделі заң жобасымен жүргізілетін негізгі жүмыс
пленарлық мәжілістерде жүргізілме іді. Ол бундестагтың комитеттері мен
комиссияларында талқыланады. Комитеттер мен комиссияларда орындар партиялар
фракциясының санына қарай анықталады.
Егерде бундестаг арқылы өткен заң 16 герман жерлерінің мүддесіне
байланысты болса, әсіресе финанс және әкімшілік мәселелерін қарастырғанда
үлкен дискуссия, пікір-таластар туғызады. Ондай жағдайда заң жобаларының
басым көпшілігі жоғарғы палата парленттер арқылы өтеді. Федеральдық жердің
қай жағынан келсе де делегаттар жер үкіметінің инструкциясына сай
бундесратта дауыс береді. Палата мәжілісі айына бір рет өткізіледі.
ФРГ бундесраттының құрамында ГДР-мен біріккенге дбйін он
батысгермандық жерден 45 делегат болатын. Сонымен бірге дауыс беруге
қатыспайтын Батыс Берлиннен бақылаушылир болды. Ел біріктірілгеннен кейін
1990 жылдың желтоқсанында бундесратта орын саны 68-ге дейін өсті. 7 млн-нан
астам халқы бар федеральдық жерлер бундесратқа әрқайсысы 6 делегаттан
жіберді, 6 млн-нан 7 млн-ға дейін халқы бар федеральдық жерлер-5
делегаттан, 2-4 млн халқы бар жерлер-4 делегаттан, 2 млн-ға жетер-жетпес
халқы бар жерлерден 2-3 делегаттан жіберілді [8].
Бундестаг пен бундесрат арасында заң жобасы бойынша келіспеушілік
туған жағдайда екі палатаның біріккен комитеттерінде немесе біріккен
комиссияларында шешіледі. Жерлердің сайлаулары жалпыұлттық сайлаулар
уақытымен сәйкес келмейтің болғандықтан, бундестаг пен бундесрат саяси
партияларының күш ара салмағы әртүілі болады. Мысалы, христиан-
демократиялық партия екі палатада көпшілік болып көп жылдар бойы басым
орынды иемденді. 1991 жылдан бастап бундесратта социал-демократтарға
қарағанда азшылық болды.
Сайлау системасы: Германияның 18-ге толған әрбір азаматы сайлауға және
мемлекеттік билік органдарына өз кандидатурасын үсынуға қүқылы. ФРГ-нің
сайлау системасы пропорциональдық өкілдіктер формасында. Әрбір сайлаушы екі
дауысқа ие: бір дауыс территориялық сайлау округына, бір дауыс партиялық
тізім бойынша. Осылайша дауыс беруші өзінің дауысын екі партия арасында
бөле алады. Депутаттардың бір жартысы территориялық сайлау округі бойынша
қарапайым жолмен көп дауыс жинау арқылы сайлайды. Депутаттардың екінші
жартысы жергілікті партия тізімі бойынша сайлаудың қорытындысына сәйкес
саяси партиялармен қалыптасады. Бундестагтың жалпы құрамы ұлттық масштабта
партиялар арасындағы күш ара салмағын білдіреді. Бундестагтың мүндай жолмен
қалыптасу механизмі ірі партиялардың лидерлеріне олар территориялық сайлау
оғругі бойынша жеңілген жағдайда депутаттық мандатты қамтамасыз етеді.
Бундестагта бүкіл ел бойынша сайлаушыларды ең кем дегенде 5%-тің алмаған
саяси партиялардың ешқайсысы да бундестаг сайлауына қатыса алмайды.
Сайлаушылардың 5%-ті деген 3 депутатық мандатқа тең [9]. Алайда 1990 жылы
сайлау кезіңде бүрын болмаған жағдай жасалынды. Шығыс жерлерден депутаттар
үшін көп мүмкіндіктер берді. Олар Біріккен Германияның жалпы сайлаушылары
20%-ті болған оларға 5%-тік ереже қолданылмады. Осы жағдайды пайдаланып
Шығыс Германияның екі партиясы парламентте орын ала алды. Келесі жылы
бүрыңғы ереже қалпына келтірілді. Елдегі саяси партиялар мемлекет тарапынан
финанстық көмек ала алды. Партиялар өзіне субсидия алу үшін сайлаушылардың
кем дегенде 0,5%-тің дауыс бергенде жинау қажет. Сайлаушылардың сайлауға
қатысуы мынандай жағдайда болды: 1983 жылы-89,1%.
1987 жылы ФРГ-да 77,8%. Біріккен Германияда 1990жылы 79%. 1994 жылы
82,3%.
Жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару. 11 бүрынғы жерлердін
конститутциясы 1946 және 1957 жылдар арасында әр кезеңде жүзеге асты. 5
жаңа жердің конститутциясы қосылғаннан кейін 1990 жылдың шілдесінен бастап
жүзеге асты. Батыс Берлиннің конститутциясының әрекеті Шығыс Берлинде 1991
жылдан бастап әрекет етуде. Ол Бавариядан басқа жерде әрекет етеді.
Баварияда жалпы халық сайлайтын бір палаталық парламент ландтагтар.
Баварияда мүнан басқа сенаг бар. Ол халықтың он тобының мүддесін көрсететін
сайланатын орган. үкіметтің жергілікті жердегі басшылары Гамбургте-бірінші
Бургомистр, Бременеде-бургомистр, Берлинде-басқарушы бургомистр, ал қалған
13 жерде премьер-министрлер басқарады. Олардың көпшілігі ландтагқа тәуелді
[10].
Федеральдық жерлер мәдениет және білім беру саласындағы саясат
мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге олар қоршаған ортаны экологиялық
ортаны сақтау және тәртіп сақтаумен де айналасады. Жылжымайтын мүлікке және
өндіріске салынатын салықтар бүрынғы табыс салықтар сияқты жергілікті
өкіметтің әртұрлі операцияларына жүмсалады. Алайда қоғамдармен
муниципалитеттердің көпшілігі федеральдық үкіметтен қосымша рубсидия алады.
Саяси партиялар.
Ел біріккенге дейін ФРГ-да үш ірі саяси партиялар өмір сүрді. Ол
партиялар біріккен Германияда да сақталып қалды. Бұлар: Германияның социал-
демократиялық партиясы СДПГ; Христиан-демократиялық одағы ХДС;
Баварияда ғана әрекет ететін бундестагтағы блок. Христиан-әлеуметтік одақ
ХСС; Ерікті-демократиялық партия СвДП. 1980 жылдары саяси сахнаға
өзіңдік орны бар төртінші партия-жасылдар шықты. Германияның социалистік
біріңғай партиясы және ол бақылайтын кішігірім төрт үсақ партиялар елдің
әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін анықтады. 1989 жылдың соңында
СЕПГ билігі қүлаған соң реформаторлардың жаңа форум қозғалысын өздеріне
қосып әртұрлі коммунистік емес таптар құруға тырысты. 1990 жылы желтоқсанда
өтетін жалпыгермандық сайлау жүргізу кезеңіне қарай жаңа партиялардың
бірдей-біреуі өмір сүре алмады. Партияға адалдығын сақтап қалған СЕПГ
мүшелері бүрынғы коммунистік көңіл күйден ауытқып өздерін басқаша атады.
Демократиялық социализм партиясына ПДС бірікті. ФРГ-нің бүрыңғы
партиялары өз қызметтерін шығыс жерлердегі финанс және үйымдастыру
құрылымына таратты.
Германияның социал-демократиялық партиясы. Карл Маркс пен Фердинанд
Лассаля жақтастары қозғалысын қосу нәтижесінде 1875 жылы негізі қаланған.
СДПГ Веймар республикасы кезіңде Германйяда ірі партиялардың бірі болған.
Бұл партияны і ацистер талқандаған. 1952 жылы өзінің лидері Курт Шумахер
өлген соң СДПГ өзінің бүрынғы маркстік көзқарасынан аулақтады. 1959 жылы
өзінің идеологиялық платформасы ретінде ғылыми теория Бад-Годесберг
программасын қабылдады. Ол жалпы айтқанда экономиканың капиталистік тұрімен
араласып жатқан конципсиясы; солай ете отырып партия пайданы кедей топ
пайдасына қарай бөлуді талап етті және әлеуметтік салада мемлекетгік қолдау
саясатын белсенді жүргізді. Батыс Германия НАТО-ға кірген соң СДПГ оның
рөлінің альянста нығаюы үшін күресті. Солай ете отырып жаппай қарулануға
шыңайы бақылау орнатуға шақырды. Партияның көптеген белсенділері
қарусыздану үшін қозғалыстың алғы шебінде. СДПГ-нің басты таяныштары елдің
өнеркәсіпті қалалары мен солтүстік порттары және жаңа жерлер. 1980-шы
жылдары партияның ықпалы едәуір әлсіреді. Ол елдің экономикасындз алға
жылжушылықтың салдары, елдің құрылымында өңдейтін өнеркәсіп рьлінің
азаюынан туған жағдайлар. Батыс Европада СвДП-мен коалицияда 1969-1982
жылдар арасында Вилли Брандт және Гельмут Шмидт өкіметті басқарды. 1990
жылғы сайлау кезінде екі Герман мемлекетінің қосылуы асығыс болуына
байланысты шығындар мен айырылғандығы туралы партия ұрандар көтеріп шықты.
Оның лидерлері экономикалық және әлеуметтік одақ Келісімге қарсы шықты. ФРГ
Бундестагына сайлауда СДПГ 38,2% дауыс жинады. Ал, 1983 жылы жинағаны 37%
құраған болатын. Ал, 1987 жылы дауыстың 33,5 %-ті, 1990 жылы 36,4%, 1994
жылы 40,9% дауыс жинаған болатын. 1990 жылы ескі жерлердің кейбір
ландтагтарында көп орынды жеңіп алды. Хтжстиан демократтарына жасалған
олардың кейбір болжамдары анықталды: ^алық көбейді, немісмаркасының құны
түсті. ХДС үсынған елді қайта құру программасына көңілі толмаған Шығыс
Германдық сайлаушылар СДПГ-ға көп дауыс берді. Сөйтіп олар жасылдар
партиясымен коалиция болып, басқарушы партияға айналды. СДПГ 1998 жылғы
сайлауда Бундестагтағы 669 орынның 298-ін алды. Елдің басына концлер болып
Герхард Шредер келді.
Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік Одақ партиялары II-
дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған партиялар еді. ХДС Баварияда өкімет
органына кандидаттарын үсынбайды. Өйткені онда парламентті блоқга және
ұлттық масштабта одақтасы ХСС әрекет етеді. Екі партияда бизнес өкілдерінің
мүддесін қорғайды. Сонымен қатар олар агр рлық сектор мен ақ жағалылардың
(басқарушылар, техникалық жүмысшылар және қызметкерлердің басқа
категориялары негізінен жоғарғы және орта звено) бұл партиялар елдің
оңтүстік аудандарында үлкен қолдауға ие. Екі патия блогы Германияның
рыноктық экономикасына бағытталған. Сонымен қатар олар Европалық
экономикалық және әскери құрылымда интеграцияның тереңдеуін қалайды. 1949-
1969 жылдары ХДС басқарушы партия болып, елдің басында болды. Ол кезде
елдің тізгінін көрнекті саяси қайраткерлер Конрад Оденаур және Людвиг
Эрхард басқарған болатын. Ол 1982 жылы өкімет билігіне Св.ДП коалициясымен
бірге Гельмуд Кольдің басқаруында қайта келді [11]. Концлер Гельмуд Коль
Батыс пен Шығыс Германияны біріктіру жоспарының дем берушісі болып
табылады. 1990 жылы ол өзінің сайлау алдындағы кампаниясын халыққа мынандай
уәде берумен бастады. Ол халыққа ФРГ-ға жаңа жерлер кірген соң шығындарды
жабатын жолдарды іздеп, салықтарды көтермеуге уәде берді. Мүндай
орындалмайтын уәде беру оған табыс әкелген жоқ. Ол ФРГ-ның батыс
аудандарында көп дауыс жоғалтты, бірақ ХДС шығыста барлық жерлерде жеңіске
жетті. 1998 жылы сайлаушылар сайлауда Шредерге дауыс беруді дүрыс деп
тапты. ХДС пен ХСС-ға дауыс бергендердің 1990жылы 41,5 % болса, 1998 жылы
35,1% болған. ХСС лидері 1988 жылы өлгенге дейін Франс Иозеф Штраус болды.
ФРГ мен ГДР арасында сауданың өсуін ХСС партиясы қолдады. ХСС-ті 1990
жылдардан бастап, Бавария премьер-министрі Эдмунд Штойбер басқард .і. 1998
жылы ХДС пен ХСС блогы бундестагта 245 орын алды. Коль түсында ХСС
басқарған Вайгель сайлауда жеңіліс тауып, партия лидерлігінен кетті. Оны
Штойбер алмастырды. Ал, ХДС-ті басқарған Коль орнына Вольфганг Шойбле
келеді.
Ерікті демократилық партия (Св.ДП). 1948 жылы Св.ДП әр тұрлі
әлеуметтік-либералдық ағымдағы топтарды өз төңірегіне топтастырады. Ұзақ
жылдар көлемінде ол ФРГ саяси өмірінде ықпалды роль атқарған партиялардың
сапында үшінші орынды иеленді. Партия бағдарламасын халықтың орта табы-үсақ
кәсіпкерлер қолдаған. Батысгермандық партиялардың арасында Св.ДП білім
жүйесіне қайта құруларды жүзеге асыруды қолдаған бірден бір партия болды.
1949-1956, 1961-1966, 1982-1998 жылдары және 1969-1982 жылдарының арасында
ол басқарушы партиялар ХДСХСС-мен коалицияға кіреді. Св.ДП-ның лидері
европалық интеграция мен Германияның бірігуін жақтаушылардың бірі Ханс
Дитрих Геншер. Ол 1990 жылдары шығысгерман жерлеріндегі ерікті
демократтарға қолдау көрсеткен. Ол партия басшылығынан кеткеннен кейін оның
орнын Вольфганг Герхардт. 1983 жылы ФРГ-дағы өткен сайлауда оларды халықтың
7%-ті, 1987жылы-9,1%-ті, ал жалпы геман сайлауында1990 жылы-11,0%-ті, 1994
жылы-6,2%-ті, 1998 жылы 6,2%-ті қолдаған.
Демократиялық социализм партиясы (ПДС). ПДС-Германияны (ГДР) басқарған
Коммунистік СЕПГ партиясының мүрагері. Ол өзін 1990 жылы ақпанда ПДС деп
атын ауыстырған. Шртия қатарын 18 айдың ішінде мүшелерінің 85%-ті тастап
шыққан. Демократиялық партиясының лидерлері сталинизммен толық бөлек
екендігін мәлімдеді. Бүрынғы Шығыс Германияда 1990 жылғы сайлауда сайлауға
қатысқандардың 11,1%-ті ғана қолдады. Ал, батыс жерлерде сайлаушылардың
0,3%-ті ғана қолдаған. Одақ-90 Жасылдар партиясы. Ол партия 1979 жылы
федералдық деңгейде экологиялықтардың бірнеше аймақтық топтарының бірігуі
арқылы құрылған. Өзінің бағдарламасына даурықпа ұрандарды қосып,
капиталистік концерндер мен монополияларды ірілендіруді талап етіп,
Жасылдар партиясы 1983 жылы бірінші рет жалпы ұлттық сайлауда 5,6% дауыс
жинап, бундестагта орын алды. Онан кейін ымыраға келмейтін
оппазиционерлердің негізінде ірі партиялардың өз талаптарына экологиялық
талаптарды қосуына байланысты Жасылдардың беделі түсе бастады. Жасылдар
партиясы бундестагта жаңа жерлер арқасында орын алды. Батыс және • Шығыс
жасылдар Одақ-90-Жасылдар деген атпен бірікті. Олар 1994 жылы-7,3%
дауыс жинады, ал, 1998 жылы-47 орынға і.е болды. Жасылдар СДПГ мен үкімет
бағдарламасын келісіп, және Шредер кобинетінде 3 министр портфеліне ие
болды. Бүрынғы партияның парламенттік партиясының лидері Иошка Фишер ФРГ-
ның сыртқы істер министрі болып тағайындалды [12].
Елде Республикандықтар ұлттық-демократиялық партия сияқты ультралық
оңшыл топтар болды. Ультра оңшылдарды қолдау 1980 жылдары өсті. Олардың
беделінің өсуі Шығыс Германия қалаларында экономикалық қүлдырауға
байланысты өскен еді. Сонымен қатар Германияда көптеген майда үсақ
партиялар, әртұрлі қозғалыстар бар. Соның ішінде ірілері әйелдердің
қозғалысы, экологиялық үйымдар, пенсионерлердің бірлестігі және ультра сол
партиялар. 1990 және 1994 жылғы сайлауд і үсақ партиялар мен қозғалыстар
сайлаушылардың дауысының 4% жеңіп алды. Бундестагта олар орын ала алмады.
Сот-құқтық жүйе. ФРГ-да ең жоғарғы сот инстанциясы-Федеральдық
Конституциялық Сот болып табылады. Оның жартысын Бундестаг, екінші жартысын
Бундесрат сайлайды. Федеральдық соттың өкілеттілігінің мерзімі-12 жыл. Сот
ФРГ-ның негізгі заңын талдайды. Федералдық және жер заңдарының
конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық сот жерлердің
арасындағы даулармен алауыздықтар туған жағдайда жеке шешімдер шығарады.
Сонымен бірге Конституциялық сот партия антидемократияға қарсы мақсат
үстағандығы дәлелденсе, саяс л партияны тарата алады. Төменгі дәрежедегі
сот өндірісін тәуелсіз судиялар жүргізеді. Оларды қызметке тағайындаған соң
олардың келісімінсіз соттан шақырып алынбайды. Германияда азаматтық және
қылмыстық істер бойынша қарапайым соттар жүргізеді, сонымен бірге еңбек
дауларын шешетін, әкімшілік, финанстық және әлеуметтік мәселелер бойынша
соттар бар. Қылмысты істер бойынша процесстерді халық жасақшылары емес
судиялар жүргізеді. Судиялар шешімдер қабылдағанда Конституциялық ссгсыз
қабылдайды. 1949 жылы ФРГ құрылған кезге дейін нацистік Германияда ресми
қызмет атқарған мемлекеттік қызметкерлер мен ченеуніктер сотсыз жүмыстан
шығарылған. Алайда соттық-қүқықтық органдардың персеналы Үшінші рейх
кезінен бастап еш өзгеріссіз қалды.
Ұлттық Халық Армиясы 1956 жылы құрылған. 1989 жылы жаяу әскер саны 130
мың адамға жеткен, тағы да 400 мың адам ішкі әскерде қызмет етеді. 80 мың
адам-шекара әскерлері мен бөлімдерінде, олар Қауіпсіздік органдарына
бағынады. Ұлттық Халық Армиясы Германия біріктірілген күні таратылды.
Оккупациялық державалар батыс Германияда қарулы күштерді құруға және оларды
жаңа қару жарақтармен жабдықтауға рұқсат етті. Ел 1955 жылы қарапайым
қарумен өзінің егемендігін қалпэіна келтірді. Келесі жылы әскери
міндеткерлік енгізілді. Жас ер азаматтарға әскери қызметтің мерзімі 10
айлық болып анықталды. Алайда әскерге шақырушылардың этникалық және діни
сенімдеріне қарай альтернативтік қызметте болды. 1997 жылы ФРГ армиясында
(Бундесверде) 240 мың жаяу әскері бар. Сонымен қатар әскери-теңіз флотта 28
мың және әскери-әуе күштерінде 77 мың адам бар. Европа елдерінің ең қуатты
армиясы НАТО-да резервистердегілердің саны 750 мың адам. Бундесверде 24 мың
суасты қайықтары, 5 мың танк және 600 әскери самолеттер бар. Елдің негізгі
заңы ФРГ қарулы күштерінің елден тыс жерде болуына тыйім салады. 1955 жылы
Германия Федеративтік Республикасы НАТО-ға мүше болды. Батыс Германия
Европалық көмір және болат бірлестігінің ЕОУС негізгі салушы
мемлекеттердің біріне айналды. ФРГ 1957 жылы Европалық экономикалық
қауымдастықтың мүшесі болды. 1973 жылы ФРГ мен ГДР бір мезгілде Біріккен
Ұлттар Ұйымына қабылданды.

1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы

Егерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия территориясы соғыс
қимылдарынан ешқандай зиян шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел
үгінді болып қалғандай көрінді. ('неркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі
деңгейінінің үштен біріне ғана жетті. Шығыс Пруссиядан Одерден Нейсеге
дейін жатқан жерлерге қоныс аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй
проблемасын шиеленістіріп жіберді. Одақтастар репарация төлемі үшін
өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкете бастады. Елде өмір сүру деңгейі 31 –ге
дейін қүлады, ақша қүнсызданды. Азық-түлік пайкалары физиологиялық
минимумынан калориясы төмен еді. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет
болудан қалды. Ол оккупацияланды. Оның территориясының біраз бөлігі тартып
алынды. Көзімен көргендердің айтуынша ашаршылық пен қорқыныштың
арасындағы, үміті өлген мемлекет [13].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзінің алып мемлекеттері АҚШ
пен КСРО арасында туындаған қырғи қабақ соғыс соғыстан кейінгі Германия
тағдырына тікелей ықпал етті. Басты державалардың Германия территориясы
бойынша қарама-қайшылығы білінді. Бұл Германияның бөлінбей қоймайтындығын
көрсетті. Сонымен бірге қырғи қабақ соғыс батыс державалардың
оккупацияланған Германияның роліне басқаша қараудың жөн екенін байқатты.
Жеңілген жаудан гөрі Германия не одақтасқа, не Батыстағы үміт артатын
сүйнішке айналғаны дүрыс болып есептелінді. Оның экономикалық потенциалын
барынша әлсіретуге ынтызарлық жойылды. Германиядан өнеркәсіптің 5%-тік
қуаттылығы ғана әкетілді. Америкада Маршалл жоспары талқыланған кезде амер
ікандықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Бас мемлекеттер үшін
Германияда экономикалық ситуацияны сауықтыру қажеттілікке айналды. КСРО-ның
қатысуымен мүндай саясатты жүргізу мүмкін емес еді. Олар тек ақша
реформасын ғана жүргізе алды. Қүнсызданған рехсмаркадан немістер қүтылуға
асықты. Рехсмарка неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонадағы әрбір тұрғын
60 ескі рехсмарканың орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Егер бүрын
товарлар жетіспесе енді ақша жетіспейді. Инфлияция тоқтатылды, қара рынок
жойылды. Экономикалық өмірде қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалды
[14].
1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті. Ал
1949 жылдың соңына қарай ол соғысқа,дейінгі қалпына келтірілді. Батыс
Германияда ақша реформасының жүргізілуіне қарсы КСРО Батыс Берлинге блокада
жасады. Батыс елдері батыс зоналарда герман емлекетін тез құруға асықты.
1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтірілген жер парламенттерінің
Парламенттік кеңесі шақырылды. Ол Федеративтік Республиканың конституциясын
жасады. Оны оккупациялық өкіметтер бекіткен соң 1949 жылы 23 мамырда :үшіне
енді. Конституция неміс азаматтарының негізгі азаматтық және саяси
бостандықтарын бекітті және Батыс Германияны Федеративтік Республика деп
жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамында 11 неміс жері батен-вюлтенберг
жерлері кірді. СААР жері 10 бөліктен тұрды. Оның әрқайсысының өз
конституциясы бар, сонымен қатар олардың заң шығаратын, оны орындайтын және
сот органдары бар. Басқару формасы жағынан ФРГ парламенттік республика.
Веймар республикасының конституциясымен салыстырғанда ФРГ-дағы президент
өкіметі шектеуліол неді жалпы сайлауда сайланбайды. Оның қарамағында заңдар
үкімет басшысында нақтылануы қажет. Бундестаг федералдық канцлерді
бекітеді.
1949 жылы тамызда Бундестагқа міғашқы сайлау болды. Жеңіске үмтылған
үміткерлердің ішінде христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ
блоктары болды. Және Германияның социал-демократиялық партиясы да жеңістен
үміткер болатын. Олар Бундестагта бірдей мөлшерде орын жинады. Алайда ХДР-
ХСС және коалициясына ерікті демократиялық партия (СвДП) кірді. Ол осы
партиялардың үкімет құру ие болу қүқына жол ашты. ФРГ-нің канцлері болып 75
жастағы тәжірибелі саясаткер христан-демократ Конрад Аданауэр сайсанды.
Веймар республикасының жылдарында ол орталық партиясының мүшесі және Кельн
қаласының бургом-мистр ол Черчилл сияқты саясатта үзақ айналысқан. Конрад
Аданауэр 1963 жылға дейін канцлер болып қала берді. Оның мемлекет нің ішкі
және сыртқы саясатында жүргізген еңбігінде баға жетпейді. Веймар
республикасының күйрегенін көзімен көрген нағыз демократ Конрад Аданауэр
ФРГ-да демократиялық институттардың нығаюына өз тигізді. Ол европалық
идеяны жақтаушы, Германияның Европаның басқа істерінен аулақ болмауына
қолдан келгеннің бәрін істеді. Ол европалық интеграцияны барынша жақтады.
Сондықтан ол 1952 жылы Германияны біріктіру жөніндегі жоспарын қабылдамады.
Германия бірігу үшін КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде түбірлі өзгерістер
болуы қажет. Сондай жағдайда ғана ФРГ мен ГДР біріге алады. Оның сөзі
шықтан болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді [15]. Қырғи қабақ соғыстарында
ФРГ үкіметінің АҚШ-қа бағытталуы оны позициясын нығайтты. 1951 жылы оның
территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. 1955 жылы ФРГ НАТО-
ның мүшесі болды. 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі.
Франция Германиямен татуласты. ФРГ өзінің маңызды мемлекетке айналғанын
түсініп Шығыс Германия туралы мәселені көтерді. Германия Шығыста
социалистік елдерді мойындамады. Өзі де және одақтастары да Германия
демократиялық республикасымен демократиялық қатынастар орнатпады.

1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері

ФРГ-нің халықаралық позициясының нығаюы көбіне оның экономикалық
өрлеуімен тікелей байланысты. 1950-1964 жылдары ұлттық өнім 3-ке дейін
өсті. Ол соғысқа Германиядан артық өнім шығара бастады. Европа герман
кереметі туралы айта бастады. Оның себептері аздаған соғыс шығындары,
отарларды басқару аппаратына ұстауға шығынның болмауы шығыста тұра алмаған
қоныс аударушылардың жаңа жерде сіңісіп кетуі осы жылдары Германияның
экспорты өсті. Экспорттан түскен табыстар қарыздармен есептесуге мүмкіндік
берді. ФРГ-да жасалған өнімнің көпшілігі дүниежүзілік рынокқа шықты. ФРГ
нацизм құрбандарына жәрдем ақы беруге және алтын валюттік резервтер жасауға
мүмкіндік алды. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс герман
демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оның нығаюын қамтамасыз
етті. Сонымен қатар ФРГ-ны Батыс елдерінің экономикалық қуаты жағынан зор
елдерінің біріне айналуы сыртқы саясат саласында оның алдына жаңа міндеттер
қойды. Өзіне жақын орналасқан Шығыс Европа елдерінің оны майындамауы ФРГ-
нің дипломатиясын икемді етті. Әсіресе бұл дамып келе жатқан елдермен КСРО-
ның қарым-қатынасында көрінді. 60-жылдардың соңында Шығыс елдерінде түбірлі
өзгерістердің болмай қоймайтындығы айқын болды. Ол елдердегі басқарушы
режимдер тұрақтанды, КСРО оларға қатаң бақылау қойды. Өмірде болып жатқан
шындық оқиғаларды елемеу ФРГ-ның беделін одан әрі түсіру қаупін туғызды.
СДПГ сыртқы саясат бағытын өзгерту туралы болған пікір-таластың дем
берушісі болды. Пікір-талас саяси күштердің қайта топтасуымен аяқталды.
СвДП СДПГ-ны қолдады. Осы екеуінің бірін-бірі қолдауымен жаңа коалиция
құрылды. Осы екі партия 1969 жылы үкіметті қалыптастырды. Елдің канцлері
болып социал-демократ Вилли Брандт та айындалды. Елдің сыртқы істер
министрі болып-еркін- демократ Вальтер Шеель қызмет атқарды.16.
Брандт Вилли 1913-1992 шын аты Герберт Карл Фрам Германия мен дүние
жүзілік социал-демократияның көрнекті қайраткері. СДПГ-ға мүше болған
Гитлер өкімет басына келген соң фашизмге қарсы қызмет жүргізеді. Швецияда
эмиграцияда болады. Соғыстан кейін Батыс Берлинге қайтып оралады. 1957-1966
жылдары Батыс Берлиннің бургомистрі. 1964 жылы СДПГ-ың төрағасы болып
сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы істер министрі және вице-канцлер. 1969-
1974 жылдары батысгермандық үкіметті басқарады.
1976 жылдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Дүниежүзілік экономикалық байланыстағы Қазақстанның орны
Орталық азия мемлекеттері мен европалық одақтың өзара қатынас перспективалары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Еуроодақ пен Қазақстанның экономикалық ынтымақтастығы
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы экономикалық байланыс мәселелері
Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жан-жақты сипаты және келешегі
Түрлі мемлекеттердің сыртқы саясатына талдау
Сыртқы сауданы талдау
Тәуелсіз қазақстанның халықаралық жүйеде алатын орны
Пәндер