Демеулік шылаулардың қолданылуы (Д.Исабеков «Қарғын» романы негізінде)
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Демеулік шылаулардың зерттелуі.
1.1. Демеулік шылаулардың зерттелуі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Демеулік шылаулардың зерттеу принциптері. ... ... ... ... ... 7
1.3. Демеуліктердің морфологиялық сипаты. ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.4. Демеулік шылаулардың қызметтері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ІІ тарау. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы демеуліктердің семантикалық сипаты. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы сұраулық
мәнді демеуліктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
2.2. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы күшейткіш
демеуліктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
2.3. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы нақтылық
демеуліктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.4. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы шектік
демеуліктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.5. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болжалдық
демеуліктер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 47
2.6. Д.Исабековтің «Қарғын» романындағы болымсыздық
демеулігі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 48
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та, сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі – көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші есімдер, шылаулар.
Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.
Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне, морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.
Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.
Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-жақты зерттеу қажет.

1. Қарымшақова А. Семантика – грамматические функции частиц в киргизском языке. Диссер на сойскание уч. ст. к.ф.н. Бишкек, 1992., 4-стр.
2. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. А, «Санат», 1994, 43-бет.
3. Амиралиев К. Семантико-грамматические функции частиц тюркских языков. (на материале каракалпакского, узбекского, казахского языков) АДК., А., 1980, 32-35 стр.
4. Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Морфология. М., 1988, 504 стр.
5. Қазіргі қазақ тілі. А., 1954 ж.
6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. А., 1991.
7. Оразов М. Көмекші сөздер. 1-кітап. Т.
8. Нигматов Х.Г. Функционная морфология тюркоязыычных помятников ХІ-ХІІ вв. Т. 1988.
9. Әміров Р. Жалғаулықтардың шығу тарихы. Қазақ тілі мен әдебиеті. №7., 1959.
10. Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. А., 1991.
11. Аханов К. Тіл білімінің негіздері, А., 1993.
12. Потебня А.А. Из записоп по русской грамматике, Т. І, 2. Изд. «Знание», М., 1958. ст.35.
13. Шақаман Ы.Б. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың мағыналық құрамы. АДК., А., 1997.
14. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. І. Т., «Ғылым», А., 1975.
15. Исабеков Д. Таңдамалы, ІІ., 28-бет., Алматы, 1991.
16. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 6 т., «Ғылым», А., 1880.
17. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. А., 1972.
18. Шақаманова Ы.Д. Да/де шылауы жайында // ҚРҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. А., 1996 ж.
19. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 2 т., «Ғылым», А., 1980.
20. Қазақ грамматикасы. А., 2002 .

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Қазақ тілі кафедрасы
Тақырыбы: Демеулік шылаулардың қолданылуы
(Д.Исабеков Қарғын романы негізінде)
Орындаған: 31014 тобының
студенті Мұстафаева Б.
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к.,
доцент Байымбетова Ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.
№8А хаттама. 15.04.2008 ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. Д.Байғұтова
Шымкент – 2008 ж.
Мазмұны
Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Демеулік шылаулардың зерттелуі.
1.1. Демеулік шылаулардың зерттелуі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2. Демеулік шылаулардың зерттеу принциптері. ... ... ... ... ...
7
1.3. Демеуліктердің морфологиялық сипаты.
... ... ... ... ... ... ... . 7
1.4. Демеулік шылаулардың қызметтері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
ІІ тарау. Д.Исабековтің Қарғын романындағы демеуліктердің семантикалық
сипаты.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
18
2.1. Д.Исабековтің Қарғын романындағы сұраулық
мәнді демеуліктер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
2.2. Д.Исабековтің Қарғын романындағы күшейткіш
демеуліктер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .. 27
2.3. Д.Исабековтің Қарғын романындағы нақтылық

... .. 36
2.4. Д.Исабековтің Қарғын романындағы шектік

... .. 43
2.5. Д.Исабековтің Қарғын романындағы болжалдық

... . 47
2.6. Д.Исабековтің Қарғын романындағы болымсыздық
демеулігі.

... ... ... 48
Қорытынды.

... ... ... ... . 50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
Кіріспе
Тіл тарихында көмекші сөздердің бар екендігі көне грек, үнді тіл
білімінен бастау алып келеді. Қай тілдің сөздік құрамын алып қарасақ та,
сөздердің белгілі бір қызмет атқаратындығы белгілі. Сондай сөздердің бірі –
көмекші сөздер. Қазақ тіліндегі көмекші сөздерді мағынасына, тіркестік сөз
табына, қызметіне қарай үш топқа бөлінеді. Олар көмекші етістіктер, көмекші
есімдер, шылаулар.
Шылауларды мағынасына, тұлғасына, қызметіне қарай үшке бөлгеніміз
мәлім. Септеулік шылаулар, демеулік шылаулар, жалғаулық шылаулар.
Біз жұмысымызда демеулік шылауларға, олардың зерттелуіне,
морфологиялық, семантикалық сипатына, қызметіне тоқталмақпыз.
Зерттеудің өзектілігі: тіл білімінде соңғы кездері функциональды
грамматика мәселесі көтеріліп жүр. Осыған байлнысты демеулік шыларлардың
тілдік жеріндегі, қазіргі тіл біліміндегі негізгі мағыналары мен
қолданыстағы мәндерін анықтау қажеттігі туып отыр.
Себебі демеулік шылаулардың қазіргі тіл біліміндегі қызметі әлі күнге
өз шешімін тапқан жоқ. Демеулік шылаулардың негізгі мағыналары мен
қолданыстағы мәндерін нақтылап жүйелеу зәрулікке әкеліп отыр.
Сондықтан қазіргі қазақ тіл білімінің даму дәрежесіне сай оларды жан-
жақты зерттеу қажет.
Зерттеу жұмысының нысаны. Демеуліктер – көмекші сөздердің бірі болып
табылатын шылаулардың түрі. Зерттеу жұмысымызға шылаулардың осы түрі
негізгі тірек етіп алынды.
Зерттеу жұмысына нысаны етіп Д.Исабековтың Қарғын романы алынды.
Зерттеудің мақсаты – қазіргі тіл білімінің даму дәрежесіне лайықты
демеуліктерді арнайы зерттеу арқылы оның теориялық сипаттамасын беру, оның
басқа шылаулардан өзіндік ерекшеліктерін, қолданыстағы ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу материалдары – жұмысқа Д.Исабековтің Қарғын романынан
жиналған 300-ден аса мысал, ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер
пайдаланылды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстары негізінен синхрондық әдіс
қолданылды. Демеулік шылауларды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі,
морфемдік, талдау әдісі, салыстыру әдісі, салыстыру әдісі, кейде диахрондық
әдіс те қолданылды.
Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері. Жұмыста демеулік шылауларға
қатысты бұрын айтылған ғылыми пікірлер негізге алынып, тіл біліміндегі
ғылыми-теориялық жаңалықтар, тілдік нұсқалардың өзара байланысы, туралы
ғылымдардың ой-тұжырымдары еңбектің әдіс танымдық негізі болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста демеулік шылаулардың нақтылы
құрамы анықталып, олардың тілдегі қызметі, мағынасы, қолданылу ерекшелігі,
толық мағыналы сөздерге тіркесу ерекшелігі, көмекші сөздердің ішінен
грамматикалануы жағынан қосымшаға жақындығы, демеулік шылаулардың сөз
таптарына тіркесі мен қолданылу орны нақтыланды.
Зерттелудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысы көмекші сөздер,
шылаулар теориясын ғана толықтырып қоймайды, морфологияның теориясына да
өзіндік үлесін қосады.
Сондай-ақ қазақ тіл білімінің, түркі тіл білімінің көмекші сөздерге
қатысты мәселелеріне қозғау салады. Осы мәселелер жұмыстың теориялық
маңызын арттыра түседі.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу материалдарын грамматиканың
морфология саласындағы ғылыми еңбектер мен оқу құралдарын, оқу құралдарын
жазуда, лекцияларға пайдалануға болады. Арнайы курстар мен арнайы
семинарлар өткізуге көмекші құрал бола алады.
Мектеп мұғалімдері мен университеттердің филология факультеті
студенттеріне пайдалануға тиімді.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, әр тарау
бірнеше тақырыпшалардан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.
І тарау. Демеулік шылаулардың зерттелуі
1.1 Демеулік шылаулардың зерттелуі
Түркологтардың тілде бұрыннан қалыптасып, демеулік қызметіне ежелден
еніп кеткен демеуліктерді табиғи деп көрсету жағынан және сол демеуліктерді
аффикстік элемент деп қараумен байланысты пікірлері тоғысады. Мәселен,
А.Кононов, А.Щербак және Ф.Зейналов демеуліктер мәселесінде бір көзқараста
бола отырып, демеуліктердің көп мәнділік қызметін баса көрсетеді және
оларды лексика-грамматикалық топтарға бөлу қиындау деп түсінік жасайды.
Түркі тілдері ішінде толық талдауға түсіп, жан-жақты зерттелген якут тілі
демеуліктері екені анықталды.
Осы орайда зерттеуші Н.Петров бұл тілдің демеуліктеріне арнайы
монографиялық еңбек жазып, олардың жинақталған сипатын берді. Қырғыз тілін
зерттеуші А.Қарымшақованың ғылыми зерттеуінде ДШ-лардың сипаты, тарихы сөз
етіліп, семантика-грамматикалық қызметі баяндалды. Ғалым түркологтардың
демеуліктерді аффикстік элмент деп көрсетуін қостап: Түркі тілдеріндегі
сөздердің көмекші сөзге, одан қосымшаға айналуы заңды - дейді. Бұл ғалымда
да демеуліктерге табиғи деп қарау бар, ғалым осы қатарға үнемі демеулік
қызметінде болатын сөздерді қосады. Бұған қоса функциональді демеуліктер
деп контекске орай демеуліктің де, толық мағыналы сөздің де ролін
атқаратындарды атайды.
Қазақ тіл білімінде демеуліктер Шылаулар деп аталатын сөз табының
құрамында қарастырылады. Алдымен қазақ тіліндегі демеуліктерге орыс
миссионерлерінің еңбектерінен азды-көпті мәлісеттер берілді. Ал алғаш қазақ
тілінде демеуліктер А.Байтұрсынов еңбегінен бастау алып, демеу деген
терминмен аталды. Бұған дейін бұл термин қолданылған емес. Кейін Қ.Жұбанов
үстеуіштер десе, С.Аманжолов еңбегінен бастап демеуліктер деген атау өз
атын иемденді. С.Аманжолов: Демеулік дегеніміз жеке сөзді ғана демейтін
шылаулар, ... өздерінің алдындағы сөздің мағынасын демейді - деп, оның басты
белгісін айту арқылы демеулік деген атаудың мәнін ашады. Ғалым қазіргі
танылып жүрген демеуліктерді мәнсіз шылаулар деп те атайды. Бұлай атау
олардың түпкі мәнінен айырылуына байланысты айтылса керек. М.Балақаев жалпы
шылаулардың тарихын сөз етумен бірге ДШ-ларды түрлі мағыналық топқа бөледі.
ДШ-ларды септеуліктермен қатар зерттеген Ф.Кенжебаева олардың
қалыптасуын көрсетіп, мағыналық жағынан өз жүйелеуін береді. Онда
демеуліктердің негізгі мағыналары мен контекске байланысты қолданыстағы
мәндері араласып берілген. Сонымен қатар ғалым өзі көрсеткен сегіз
мағыналық жүйелеудің шартты екендігін ескеретді. Қ.Әмірәлиев зерттеуінде
қарақалпақ, өзбек, қазақ тіліндегі ДШ-лардың қызметі, грамматикалық
белгісі, ұқсастық-ерекшеліктері салыстырылады. Ғалым өзбек, қарақалпақ,
тілдерінде демеуліктер жеке сөз табы ретінде берілетіндігін айта келе:
Демеуліктер түркі тілдерінде сөзді, сөйлемді мағынасы жағынан толықтыру
үшін, мағыналық реңктер үстеу үшін, грамматикалық көрсеткіштердің
функциясын атқару үшін қолданылады, - деп анықтайды. ДШ-ларды белгілі бір
тәртіппен жүйелеудің жоқтығы осы еңбекте де баян етіледі. Аталған екі ғалым
еңбектерінен басқа тақырыбымызға қатысты кейбір мәселелерді Ғ.Иманлиева
зерттейінен кездестірдік. Ғалым демеуліктердің сөйлемді тиянақтаудағы
қызметіне көңіл бөліп: Демеуліктер тек сөйлемді тиянақтауға қатысты -
дейді. Ал сұраулық демеуліктердің ерекшеліктері туралы Ш.Джусакинова да
арнайы тоқталады. Аталған ғалымдардың зерттеулеріне М.Балақаев, А.Ысқақов,
Р.Әміров сияқты ірі зерттеушілердің еңбектері, әсіресе, ДШ-лар жайындағы
көзқарастары ғылыми негіз болғанын байқаймыз.
1.2 Демеулік шылауларды зерттеу принциптері
Қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктер жазылып жатқан оқулықтар көлемінде
де, жеке монографиялық зерттеу объектісі ретінде де зерттеліп жүр. Дегенмен
демеулік шылаулардың табиғатын аша түсу әлі де көптеген зерттеу жұмыстарын
қажет ететіндігі даусыз. Біздіңше қазіргі қазақ тіліндегі демеулік
шылауларды қарастыруда үш принципке сүйенуді жөн:
1) Семантикалық;
2) Морфологиялық;
3) Синтаксистік-функционалдық
Бұл принциптерге сүйенуіміздің негізгі себебі демеулік шылауларды бір
ғана мағынасы жағынан немесе бір ғана формасы жағынан қарастыру жеткіліксіз
болары анық. Ең алдымен, демеулік шылауларды түсіндіруде оның семантикалық
сипатын негізге алғанымыз дұрыс. Өйткені бүгінге дейін түркі тілдеріндегі,
соның ішінде қазақ тіліндегі демеуліктердің топтастырылуы көбінесе олардың
осы семантикалық сипатына сүйенеді. Бірақ түркі тілдеріндегі демеуліктердің
семантикасы көп қырлы екендігі және осы көп қырлылық демеуліктердің өзінің
санының молаюы сияқты өсіп келе жатқаны белгілі [4, 504]. Бір ғана якут
тілінің өзінде басқа түркі тілдерінде қайталанбайтын 160 демеулік
тіркелген. Әлі де демеуліктердің барлығы түгел айқындала қоймаған [4, 504].
Біз тек қазіргі қазақ тіліндегі демеуліктерге ғана тоқталамыз.
1.3 Демеуліктердің морфологиялық сипаты
"Морфология" дегенде сөздердің сыртқы формалары, құрылысы, құрамы еске
алынатыны белгілі. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулар - сыртқы формасы
жағынан да ерекшеленетін тілдік категория. Түркологиялық еңбектерде
"демеуліктердің бір қатары аффикстер сияқты толық мағыналы сөздерге
тірксскенде дауысты дыбыстардың үндесу заңының, ассимиляцияның әсеріне
ұшырап, фонетикалық дербестігінен айырылатыны" айтылып жүр [4, 504].
Демеуліктер түрленбейтін, өзгермейтін көмекші сөздер болып табылады.
Мұның өзі — олардың морфологиялық белгісі. Мысалы: - Түу, Ғұмар, кісінің
әңкі-тәңкісін шығардың-ау *Жұлдыз*. Мұнда — ау демеулігі жіктелген
етістікке қарамай-ақ, өзінің тұлғасын сақтаған. Дегенмен бірлі-жарым
демеуліктер жіктелу жүйесіне түсе алады. Мәселен ма ме демеулігі,
негізінен, баяндауыш болатын сөздермен жиі келеді, яғни жіктік жалғаулы
сөздерге тіркеседі: Сен дс тиімсіз істі жоспарлайсың ба? (Ш. Мұртазаев).
Маме жіктік жалғауынан бұрын келгенде, мымі болып өзгереді, сонан соң
жіктік жалғауын қабылдайды. Бұл құбылыс барлық жағдайда бола бермейді. Егер
маме жалпы осы шақта айтылған сөздермен, осы шақ, келер шақ
етістіктерімен, "бар", "жоқ" сөздерімен келгенде және бұлар II жаққа
қаратылып айтылғанда, аффикстік элементке айналады: Ой, Әділмісің?
(Ш.Мұртазаев). Туған, өскен ұяңнан безіп кетпекпісің? (Н. Ғабдуллин). Басқа
демеуліктердің де өздеріне тән морфологиялық ерекшеліктері бар екендігі
даусыз.
"Демеуліктердің қолданылуының тым жиілігі олардың грамматикалық
формаларға айналуына жағдай жасайды" (Бұл да сонда, 5046.). Соған орай
кейбір демеуліктердің бірнеше фонетикалық варианты болады. Мысалы:
Шопандықты менсінбеу еңбекті менсінбеу емес пе? (С. Алдабергенов).
Соны ұғындырып бере алатындарың бар ма?
Енді өстіп Жамалды сүймеген кісісіне береміз бе? (М.Дулатов) деген
сөйлемдердегі демеуліктерді салыстырайық. Алғашқы сөйлемдегі демеуліктің
қатаң дауыссыздан басталуы оның жалғанған сөзінің қатаң дауыссызға
аяқталуымен байланысты (емес пе). Бұдан ассимиляцияның қатаң дауыссыздан
кейін қатаң дауыссыз келуі керек деген заңдылығын байқаймыз. Екінші
мысалымызда (бар ма) үнді дауыссыздан кейін үнді дауыссыз, үшінші
мысалымызда (береміз бе) ұяң дауыссыздан кейін ұяң дауыссыздан басталатын
демеулік тіркесіп тұр. Бұл демеуліктердің құрамындағы дауыссыздарға
байланысты заңдылық. Ал олардың құрамындағы дауыстылар да қазақ тіліндегі
сингормонизм заңдылығынан алшақ кете алмайды. Салыстырыңыз:... бір күніме
керегі болар деді ме?..
... халқыңа арнаған басқа ойың, мұратың, жәрдемің бар ма?.. (М.Әуезов).
Мұнда сұрау демеулігінің бірде жіңішке вариантта, бірде жуан вариантта
қолданылуы үндестік заңдылығына бағынудың көрсеткіші. Бұл айтылғандарды
талдап қарағанда, демеулік шылаулардың құрылымына қарай: демеулік - сөздер,
демеулік аффикстер деп топтастыру әбден орынды екенін көреміз. Қазіргі
қазақ тіліндс тек постпозициялық демеуліктер ғана қолданылады.
Препозициялық демеуліктер жоқ. "Тек" сөзін демеулік деп қараймыз ба, әлде
басқа модаль сөздердің қатарына жатқызамыз ба деген сұрақтың басы
ашылмаған. Ы.Шақаманова оны демеулік шылау деп санайды.
Қолымыздағы материалдар қазақ тіліндегі демеуліктердің құрылымы
жағынан, формасы жағынан тым аз зерттелгендігін көрсетеді. 1954 жылы шыққан
академиялық жинақта да демеулік шылаулардың морфологиялық сипаты толық
айқындалмаған. Бұл еңбекте демеуліктерді сыртқы формасына байланысты бір
ғана сөйлем берілген: "... демеуліктер жұрнақтарға жақын, бірақ жұрнақтар
сияқты белгілі бір сөз табының грамматикалық тұлғасы ретінде, сөзден сөз
тудырушы, сөз мағынасын түрлендіруші морфема емес — олар сөз таптарын
талғамай, олардың бәріне болмағанмен, көпшілігіне бірдей қатысты бола
береді". [5, 355] А.Ысқақовтың оқулығында да демеуліктердің морфологиялық
сипаты сөз болмаған. Әрине бұл еңбектердің авторлары демеуліктерді жеке
бөліп алып, арнайы зерттеу объектісі етіп қарастыруды мақсат етпеген. Ал
казіргі қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, түркология мен жалпы тіл білімінің
материалдарына сүйене отырып, белгілі бір дәрежеде бұл мәселені де шешуге
мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда, қазақ тіл білімінде еңбек етіп жүрген
ғалымдардың көпшілігі демеуліктердің қосымша аффикстерге ең жақын категория
екендігін мойындайтынын айта кеткен жөн. Осыған орай қазақ тіліндегі
демеуліктерді құрылымына қарай, ең алдымен, демеулік -аффикстер және
демеулік — сөздер деген екі топқа бөлуге болады. Бұлай топтастырудың
негізгі себебі, біздіңше, кейбір демеуліктер өздерінің жеке ерекшеліктеріне
қарай аффикстерге жақын болса, екінші бір тобының сөздерге тән белгілері
басым болады. Мысалы, ма, ме сұрау демеулігі, қай жағынан алғанда да,
қосымшаларға ұқсас болып келеді. Біріншіден, оның бойында сұраулы сөйлем
категориясына негіз болатын "сұрау" грамматикалық мағынасы бар: \ ...
Ителгінің сабан тыққан пгулыбы аз ба?\ (Ж. Арыстанов). Бұл сөйлемді
синтаксистік тұрғыдан талдағанда, айтылу мақсаты мен интонациясына қарай
сұраулы сөйлем дейміз. Ал бұл сөйлемдегі сұрау мағынасы қай формада
берілген дегенде, әрине, ма формасы арқылы деп жауап береріміз даусыз. Олай
болса, ма демеулігі сөзден гөрі аффикске жақын грамматикалық форма деген
қорытынды шығарамыз. Екіншіден, "... жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз
болады" [36,8] деген пікірді кейбір демеуліктерге байланысты да айтуға да
болады.
Салыстырыңыз: балалар, қыздар, есіктер;
...болды ма, ...келді ме, ... білдің бе, емес пе, т.б;
Үшіншіден, демеуліктер де қосымша морфемалар сияқты жеке тұрғанда өзіне
тән арнаулы дербес мағынасы болмайтындықтан, олар түбірдің (атауыш сөздің)
қатысынсыз жеке дара қолданылмайды. Төртіншіден, аффикстер "түбір морфемаға
жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетіні" [5, 283] сияқты демеуліктер де
өзі жалғанған сөзді немесе сөйлемді мағынасы жағынан нақтылап толықтырып
отырады. Мысалы: "көлшік" сөзінің құрамындағы —шік аффиксі "көл" сөзіне
кішірейту мәнін үстеп тұр. Ал "Сен соны ойладың ба?" дегенде "ба" демеулігі
сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұр. Осындай ерекшеліктерді жинақтай келе,
қазіргі қазақ тіліндегі ма\ме және соған ұқсас бірнеше демеулікті демеулік-
аффикстер деген бір топқа біріктіруге болады. Қазақ тіліндегі демеуліктерді
осы демеулік-аффикстердің қатарына жатқызамыз. Дегенмен қолымыздағы
материалдар қазақ тіліндегі "түгіл", "тұрсын", "тұрмақ", "екеш", "тек"
сөздерінің де демеуліктердің қатарына жатқызылып жүргендігін көрсетіп отыр.
(Бұл тізімге "ең" сөзін де қосуға болады - А.Н.). Бұл сөздерді демеулік деп
мойындағанмен, олардың дербес ерекшеліктері жағынан аффикстерге жақын
дегенмен келіскіміз келмейді. Өйткені бұлар жоғарыда аталған сипаттарға ие
емес. Сондықтан демеуліктердің бұл тобын демеулік — сөздер деп атауды
жақтаймыз. Мұндай демеулік сөздердің саны бірте - бірте көбейе түсуі
мүмкін. Өйткені сездердің ішкі табиғи даму заңдылығы соны талап етеді. Ал
демеулік аффикстер біраз уақыт өтісімен, толығымен аффикстер қатарына көшіп
кетуі әбден ықтимал. Кейбір демеуліктердің алдынан қойылатын дефис бізге
соны аңғартады. Бұл мәселе бойынша М.Оразов: "Кейбір шылау сөздердің,
әсіресе демеуліктердің жетекші сөздермен бірге айтылып, жазылуда сызықша
арқылы жазылатындығын да мойындағанымыз жөн. Демеулік шылаулардың бұл
қасиетін оның сөз белгісінен ажырай бастағандығынан, қосымшаларға жақындай
бастағандығынан деп түсінген дұрыс". [7, 26] Сонымен жоғарыда айтылғандарды
қорытындылағанда, қазақ тіліндегі демеуліктерді сыртқы формалары жағынан
қосымша аффикстерге жақын болып келетінін еске алуымыз керек. Тек
аффикстерден негізгі айырмашылығы демеуліктер өзі жалғанған сөздерден бөлек
(кейде дефис арқылы) жазылады, ал қосымшалар бірге жазылады.
1.4 Демеулік шылаулардың қызметтері
Қазіргі қазақ тіліндегі шылаулар, соның ішінде демеулік шылаулардың
синтаксистік қызметі туралы бірнеше ғалымдар өз пікірлерін білдірген.
Айталық, Т.Жөкеев, Ж.Жақыповтар бұл туралы төмендегідей пікірлерін
білдіреді: "Шылаулар морфологияның да, синтаксистің де объектісі ретінде
қаралып жүр. Шылаулардың үш түрі бар екендігі белгілі. Солардың
септеулігінен бастайтын болсақ, бұлардың морфологияда нысан мен нысанның,
не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін
қолданылатыны айтылады да, шын мәнінде, қандай синтаксистік байланыстар
жасайтыны көп сөз болмайды. Тек олардың қандай септіктерді меңгеретіні ғана
айтылады. 1967 жылы шыққан Академиялық грамматикада (526 етінде) "шылаулар"
сөз тіркесінің грамматикалық мағыналарын толықтырып, есім мен етістікті
өзара байланыстырушы аралық дәнекер болады. Етістіктің сөз тіркестерін
құрауға қатысатын шылаулар — демеулер мен көмекші есімдер. Бұл жерде
демеулер деп отырғаны - септеуліктер. Мен бұл жерде морфология
зерттеушілері мен синтаксис зерттеушілеріне бір кінә тағайын деп отырған
жоқпын. Шылаулар морфосинтаксистік санатқа жататынын айтатын болсақ, бұдан
былайғы еңбектерде шылаулар морфологияда қаралғанда, синтаксистік сипаты
ескеріліп, бірлікте, біртұтас ретінде қаралса, зерттеуге тиімді болар еді.
Жалғаулыққа келетін болсақ, бұл морфологиялық және синтаксистік
категория екендігінде дау жоқ. Атынан-ақ көріп отырғанымыздай, жалғаулық -
сөз бен сөзді байланыстырушы ретінде пайда болған единица. Морфологиядағы
қарсылықты жалғаулық қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді жасайды,
талғаулықты жалғаулық талғаулықты салалас құрмалас сөйлемеді жасайды, себеп
- салдарлық жалғаулық себеп — салдар құрмалас сөйлемді жасайды, т.б.
Морфология мен синтаксистің арасында жалғаулықтың бірдей қаралатынын,
бірдей қатысы бар екенін осыдан көреміз". [Қазақ тілі мен әдебиеті. 3.
2003ж. [14 бет]
Сондай—ақ Жантас Жақыпов "Морфосинтаксис мәселесіне" қазақ тіліндегі
демеулік шылаулар туралы мыңадай пікір білдіреді: "Шындығында да,
әдебиеттерде демеуліктердің синтаксиске қатысы туралы айтылмайды.
Демеуліктер туралы бір айтылатыны - өзінің алдында тұрған негізгі сөзге бір
мағыналық рең жамайтыны ғана. Ал, шын мәнінде, демеулік өзі тұрған сөйлемге
белгілі бір тиянақсыздық, интенсивтілік жамайды, нәтижесінде сөйлемдегі ой
тиянақсызданады. Яғни, сөйлемнің синсемантикасын жасайды. Синсемантика
дегеніміз - сөйлем мағынасы басқа бір сөйлем мағынасымен байланысты, соған
тәуелді дегенді білдіреді. Автосемантика деген де бар. Ол - сөйлемнің
мағынасы толық, тиянақты дегенді білдіреді. Міне, демеуліктің синтаксистік
қызметі - сойлемді ырықсыздандыруда, сөйлемді тиянақсыз етуде. Бұл мақала,
әрине автордың жеке көзқарасын білдіретіні анық. Бірақ біз мұны жұмысымызда
демеулік шылауларды зерттеудің бір принципі ретінде ғана қарастырамыз.
Мұнда, негізінен, қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың қызмет ету аясы
қарастырылуы қажет. Демеуліктердің бұл ерекшелігі де қазақ тіл білімінде
өте аз қарастырылған. Түркологияда бұл мәселе бойынша азды-көпті еңбек
еткен ғалымдардың қатарында Х.Г.Нигматовты атауға болады. Х.Г.Нигматов өз
еңбегінде демеуліктер туралы: "Частицы служат для выражения отношения
высказывания или его части (элемента) к действительности и являются одним
из средств субъективной оценки - модальности, поэтому они имеют сильно
выраженную модальную окраску" [8, 25] деген пікір айтады. Осыған ұқсас
пікір демеуліктерге анықтама баргенде де айтылып жүр: "Толық мағыналы
сөздердің, сөйлемдердің мағыналарын дәлдеу, оларға қосымша мағыналық өң
беру үшін жұмсалатын шылауларды демеуліктер дейміз". [6, 354] Шынында да
демеулік шылаулар адам ойын толығырақ, нақтырақ жеткізуде демеу болу үшін
жұмсалатынын баса айтқанымыз жөн. Дегенмен бұлай айтумен мәселе бітпейді.
Мәселе демеу "операциясының" қалай іске асатынында болса керек. Өйткені
демеуліктсрдің қызметін басқа ешқандай тілдік единица атқара алмайды.
Мысалы: "Биыл да көшу солай" (М.Әуезов) деген сөйлемді талдап көрейік. Бұл
мысалымызда "да" демеулігі "көшу" амалының тек биыл емес, басқа жылдарда да
(былтыр, арғы жылы, т.б.) солай болғандығын аңғартып тұр. Дәл осы мәнді дәл
осы конструкцияда "да" демеулігін қолданбай немесе басқа бір тәсілмен беру
қиын. Сондай-ақ "Арыстан еді-ау Исатай" деген сөйлемді алып көрейік. Бұл
сөйлемде "-ау" демеулігін қолданбасақ, өкіну, ренжу, қайғыру деген сияқты
мәндерді білдіру қиын болар еді. Демек бұл сөйлемнен — ау демеулігінің де
маңызын айқын байқауға болады. Бұл айтылғандардан сөйлеу барысында демеулік
демеулік шылауларды қолдану белгілі қажеттіліктерден туады деген қорытынды
шығаруға болады.
Демеуліктерді синтаксистік-функционалды принцип тұрғысынан алғанда,
синтаксисте қаралатын сөйлем мүшелерімен салыстыра сипаттауды жөн көрдік.
Тіл білімінің синтаксис саласында грамматикалық мағыналар морфология
саласында айтылатын грамматикалық мағыналарға қарағанда басқашалау
түсіндіріледі: "Сөйтіп, көп құрамды сөйлемдерді бөлшектегенде, олардың
ішіндегі сөздердің лексикалық мағыналарына қарамай, лексикалық
мағыналары толық сөздердің тіркесу нәтижесінде пайда болған грамматикалық
мағыналарға қараймыз. Ол мағыналар: бастауыштық баяндауыштық,
толықтауыштық, анықтауыштық және пысықтауыштық" [9,83]. Мысалы, мен, оқу,
кел деген толық мағыналы үш сөзді біріктіріп, сөйлем құрап көрейік: Мен
оқуға келдім. Бұл үш сөзді белгілі тәсілдер арқылы бір-бірімен
тіркестіргенде, олардың арасында әрқайсысының өзіне тән лексикалық
мағыналардан басқа грамматикалық мағыналар пайда болды. Бұл сөйлемдегі
"келдім" сөзі жалпы сөйлемді аяқтап, баяндап тұрғаны, "мен" сөзі сөйлемді
бастап тұрғаны, яғни негізгі ойдың иесі екендігі, ал "оқуға" сөзі сөйлемді
мекені жағынан пысықтап тұрғандығын, байқауға болады. Осы сөйлемдегі
бастауыштық-баяндауыштық, пысықтауыштық деген мағыналарды жоғарыдағы үш
сөздің сөйлем ішіндегі қызметінің негізінде пайда болған деп түсінеміз.
"Сөйлемде осылардай грамматикалық мағыналарға ие болып, синтаксистік
қызмет атқарып тұтын сөздерді сөйлем мүшелері" дейміз [9]. Енді
сөйлем ішінде мұндай қомақты қызмет атқармаса да, сондай синтаксистік
қызмет атқарып тұратын сөйлем мүшелеріне көмекші, демеуші қызмет ететін
демеулік шылаулар туралы сөз қозғайық. Ойымыздың жүйелі, бірізді болып
шығуы үшін қажетті мысалдарды жоғарыдағы үш сөздің айналасында алғанды жөн
көрдік.
"Мен оқуға келдім" деген сөйлем, әрине белгілі бір аяқталған,
тиянақталған ойды білдіреді. Бірақ сөйлеуші әрдайым фактілерді осылай жалаң
констатациялаумен шектеле бермейді. Мысалы: бұл жағдайда "оқуға" тек
сөйлеушінің өзіне ғана "келмегендігін" басқалардың да келгендігін
білдіргісі келсе, сөйлемді сәл басқашалау құрар еді: "Мен де оқуға келдім"
деген сияқты. Сөйлеуші жағдайдың мүлдем керісінше екендігін білдіру үшін,
яғни "оқуға" өзінен басқа ешкімнің келмегендігін білдіргісі келсе, сөйлемді
тағы да сәл басқашалау құрар еді: "Мен ғана оқуға келдім". Ал енді сөйлеуші
оқуға баруды ұнатпайтындай жағдай болса, оған барғандығына өкінетіндей,
ренжитіндей болса, онда ол сөйлемді тағы да өзгертер еді: "Мен оқуға келдім-
ау". Осылайша жоғарыдағы бір фактіге байланысты сөйлеушінің көз қарасы әр
алуан болуы мүмкін. Мен оқуға келдім ғой, мен оқуға ғана келдім, мен оқуға
келетін-ақ едім т.б. бәрі де жоғарыдағы бір ғана фактінің айналасындағы
ойлар. Осы мысалдарды талдағаннан кейін барып, "қазақ тіліндегі демеулік
шылаулардың қызметіне, сөйлеу кезінде алатын орны қандай" деген тәрізді
сұрақтарды қоюға болады. Бұл мысалдардан шығатын негізгі қорытынды сөйлем
ішінде демеуліктер жетекші сөздерден кем қызмет атқармайды. Егер
демеуліктер болмаса, қазақ тілі дүниежүзіндегі ең жұпыны тілдердің
қатарынан орын алған болар еді. Сондықтан қазақ тілінде сөйлем ішінде
қолданылатын демеуліктердің қызметі айрықша екендігін дау туғызбайды.
Функционалды қызметтері жағынан да қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың
басқа шылаулардан өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, жалғаулық шылаулар
сөздерді салаластыра байланыстырады және өзі жалғанған сөзге болмашы ғана
семантикалық мән жамайды. Мысалы: "Асан мен Үсен көше бойлап келе жатты"
деген сөйлемдегі мен жалғаулығы, біріншіден, грамматикалық сипаты жағынан
өзара тең дәрежелі сөздерді салаластыра байланыстырып тұр. Яғни ол екі
сөзге (Асан, Үсен) де бірдей қатысты. Екіншіден,бұл жалғаулық арқылы
байланысқан сөздер бір ғана синтаксистік мүше ретінде қызмет етеді.
Үшіншіден, мұнда "мен" демеулігі арқылы бірге, бір мезгілде деген
семантикалық мән беріліп тұр.
Ал септеулік шылаулар бір-бірімен сабақтаса байланысқан сөздерге
қатысты қызмет атқарады. Мысалы: Кешеден бері біраз уақыт өтті; Ол үйге
қарай жүрді. т.б.
Бұл тұрғыда демеулік шылаулардың өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне
баса назар аудару керек. Өйткені жоғарыда шылаудың басқа түрлері туралы
пікірді демеулікке қатысты айтуға болмайды. Демеулік шылаулар сөздерді
салаластыра да, сабақтастыра да байланыстыруға негіз болмайды. Демеулік
шылаулардан, біздіңше, септеулік шылаулар сияқты өзі жалғанған сөздің
синтаксистік функциясын толықтыру қызметін де байқауға болмайды.
Салыстырыңыз: Ол кешкі астан кейін серуенге шықты;
...Ақырын-ақырын шегініп,
Алыстап кетті-ау құрғырлар (Абай)
Демеулік шылаулардың сөйлемдегі өзіндік қызмет атқаруы,
біздің пікірімше, үш түрлі жағдайға байланысты болады:
1. Демеуліктердің өзі тіркескен жетекші сөздерге;
2. Демеуліктердің басқа сөздердің басқа сөздерге тіркескенде пайда
болатын грамматикалық мағыналарына;
3. Интонацияға.
Біз жоғарыда тоқталып өткеніміздей, сөйлем мүшелерінің қызметі толық
мағыналы сөздердің бір – бірімен тіркесуінің нәтижесінде пайда болады. Ал
демеуліктердің қызметі өзі тіркескен жетекші сөздің мағынасына, соның
нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағынаға және интонацияға
байланысты болады. Өйткені кез келген демеулік шылаудың мағынасы жеке
тұрғанда (статикалық күйде) емес, басқа жетекші сөздермен тіркескенде ғана
айқындалады. Мысалы, ғана демеулігі жеке тұрғанда ешқандай да мағына
білдіре алмайды. Ал басқа сөздермен тіркескенде, оның шектеу мағынасы
аңғарлады: "Астыңдағы атыңа ғана, қасыңдағы итіне ғана тілдесер
жауапсыз үнсіздік" (Ғ.Мүсрепов). Екіншіден, сөйлем мүшелерінің қызметі
олардың грамматикалық мағыналарына байланысты болатыны сияқты
демеуліктердің де қызметі олардың грамматикалық қызметіне байланысты
болады. Мысалымыздағы атыңа ғана, итіңе ғана дегендердегі ғана шектеу
мағынасына ие. Бұл мағынаны біз грамматикалық мағына деп түсінеміз. Өйткені
ол жоғарыдағы екі қолданыста да шектеу мәнін беріп турған жалпы мағына.
Үшіншіден, демеуліктердің қызметін анықтауда интонацияның да алатын орны
бар. Себебі интонацияны өзгерту арқылы грамматикалық мағынаны өзгертуге
болатыны тілшілерге әбден таныс тәсіл. Бұдан шығатын қорытынды қазақ
тіліндегі демеулік шылаулардың қызметінде басқа шылаулардың қызметіне
қарағанда өзіндік ерекшелік бар. Бұл шылаудың ерекшелігі оның сөйлеушінің
ойын толықтыру қызметімен байланысты. Мысалы, ...Оның ғазиз тағдыры сенің
ғана қолыңда деген мысалдағы "ғана" демеулігінің қызметін талдап көрейік.
Мұнда бұл шылаудың негізгі қызметін, біздіңше, "синтаксистік қызмет" деп
атауға болмайды. Өйткені мұндағы демеуліктің қызметі "біріктірумен,
қосумен" байланысты емес. Сондықтан демеулік шылаулардың функциясын
сөздердің мағынасын "толықтыру, дәлдеу" қызметімен байланысты.
Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың атқаратын қызметі
ерекше. Олар өздері жалғанған сөздердің синтаксистіктік қызметін
толықтырмаса да, сөйлеушінің ойын толықтыруы қазақ тілінде үлкен маңызға ие
деп білеміз.
II тарау. Д.Исабековтің Қарғын романындағы демеуліктердің семантикалық
сипаты
"Сөз семантикасы туралы сөз болғанда, ең алдымен, оның лексикалық
мағынасы ойымызда болатыны анық. Бірақ бұл лексикалық мағына сөздің бірден
- бір мағынасы, басқа мағына болмайды деген сөз емес. Сөздің құрамында
лексикалық мағынамен бірге грамматикалық мағынаның да болатындығы анық"
[10, 46]. М.Оразовтың жалпы сөзге байланысты айтқан пікірін көмекші
сөздерге, соның ішінде демеулік шылауларға да қатысты деп түсінуіміз қажет.
Әрине атауыш сөздердің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағынасы мен
көмекші сөздердің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағынаның
арақатынасы тең емес. Көмекші сөздердің "лексикалық мағынасы я түрлі
дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып кеткендігі" туралы ғылыми морфология
авторының пікірі белгілі [6, 358]. Дегенмен түркологияда, қазақ тіл
білімінде көмекші сөздердің лексикалық мағынасы туралы пікірлер бір ізді
емес. М. Оразов "Көмекші сөздер" деген еңбегінде осы сұрақты арнайы
көтеріп, оны бір ортақ шешімге келтіруге тырысқан. Автордың келтірген
мәліметтеріне қарағанда, тіл білімі тарихында Н.И.Мещанинов,
А.М.Пешковский, А.А.Шахматов, Н.А.Баскаков, Н.Оралбаева т.б. ғалымдар
көмекші сөзде лексикалық мағына болмайды деген пікірді қолдайды. Ал
Н.Е.Петров, Н.Ю.Шведова, А.В.Щерба, К.Аханов, М.Оразов т.б. ғалымдар қалай
болғанда да көмекші сөздерде белгілі бір дәрежеде лексикалық мағынаның
болатындығын мойындайды [7, 24-34]. Бұл ғалымдардың
пікірлерін түгел талдап шығуды жұмыс көлемі көтермейді. Сондықтан бұл
мәселе бойынша өз пікірімізді білдірумен ғана шектелеміз. Бұл тұрғыда,
Н.Ю.Шведованың "В слова как единице языка слиты три структуры звуковая,
морфологичсская и структурная значения" [10, 7] деген пікірінің берері мол.
Бұл принцип бойынша сөз деп танылу үшін оның бойында осы аталған үш
белгінің (дыбыстық жағы, формасы және мағынасы) болуы шарт. Көмекшілерді
сөз деп қабылдайтын болсақ, оның бойында басқа да белгілерге қоса, белгілі
бір мағынаның да болатынын мойындаймыз. Кез келген сөздің (Көмекші болса да
-А.Н.) бойында лексикалық мағына болмаса, ол қолданудан да әлдеқашан шығып
қалған болар еді. Әрине, әрбір сөздің мағынасының көріну дәрежесі әртүрлі
болады. Кейде бір сөздің бойындағы лексикалық және грамматикалық мағына бір
— біріне сіңісіп кететін жағдайлардың да кездесуі мүмкін. Бұл туралы
К.Аханов: "Көмекші сөздегі лексикалық мағынаның грамматикалық мағынаға
сіңісіп кететіні соншалық көмекші сөздердің лексикалық мағынасы (мейлі ол
жарым-жарты көмекші мағына болсын, әйтеуір лексикалық мағына - К.А.) мен
грамматикалық мағынасы ұласып, бір-біріне өзара сай келеді". [11, 312 ]
деген пікір айтады. Көмекші сөздердің бойындағы лексикалық және
грамматикалық мағыналарының аражігін ажыратуда кездесетін қиыншылықтардың
бір себебі осыған байланысты. Енді осы бір-бірімен тығыз байланысып,
астасып жататын екі түрлі мағынаны бір-бірінен ажыратуға тырысайық.
Біздіңше, бұл екі мағынаны бір-бірінен ажырату үшін, ең алдымен нақты және
жалпы деген ұғымдарды ажырату керек. Ол үшін шартты түрде бірнеше атаушы
сөздерді салыстырып көруге болады. Қазақ тіліндегі тау, тас, өзен, көл
деген сөздерді біз жеке- жеке өз алдына нақты мағынаға ие бөлек сөздер деп
қабылдаймыз. Мысалы, тау - белгілі бір тастардың жиынтығы; тас - белгілі
бір қатты зат; өзен - белгілі бір ағып жатқан су; көл-белгілі бір орында
тұратын, ақпайтын су. Бұл мағыналар оларды бір-бірінен ажыратуда маңызды
рөл ойнайды. Осындай нақтылықпен ұштасып жататын мағынаны лексикалық мағына
деп түсіну керек. Лексикалық мағына одан әрі тағы да ұсақ семаларға бөліне
береді. Тау - 1) тастардың жинытығы; 2) жердің
бетіндегі тастар; 3) шыңында қар жатады; 4) құдайдың бір жаратылысы т.б.)
Ал осы сөздер бір-біріне қанша басқа сөздер болған мен олардың бойында
барлығына да бірдей ортақ жалпы мағынаның да болатыны анық және оның да бір
емес, бірнешеу болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда келтірілген сөздердің (тау,
тас, өзен, көл) барлығы да заттың атауы, барлығы да жекеше түрде барлығы да
атау септігінде т.б. Міне осындай жалпы мағыналарды грамматикалық мағына
деп түсінеміз. Бұл туралы орыстың XIX ғасырда өмір сүрген ірі тілшісі
Александр Афанасьевич Потебня: "Слова заключает в себе указание на
известное содержание, свойственное только ему одному, и вместе с тем
указание на один или несколько общих разрядов, называемых грамматическими
категориями, под каторое содержание этого слова подводится на равное с
содержанием многих других'' [12, 35]- дейді.
Көмекші сөздерге келгенде бұл екі мағынаны ажырату жоғарыда келтірілген
қиындықтарды туғызады. Көмекші сөздердің мағыналарына талдау жасағанда мына
бір жағдай есте болғаны жөн: Қазіргі қазақ тілінде көмекші сөздердің өзі
бірде көмекші сөз ретінде бірде толық мағыналы сөз ретінде қолданылатыны
немесе үнемі көмекші сөз қызметінде ғана қолданылатынына қарай 1)
функционалды көмекшілер және 2) нағыз көмекшілер деп бөлінетіні анық.
"Алғашқысына көмекші есімдер мен көмекші етістіктер, кейінгісіне шылаулар
жатқызылып жүр" [1, 39 ]. Дәл осы ерекшелікке байланысты көмекші сөздердің
мағына дербестігінің деңгейі анықталады. Сондықтан шылау сөздерден
лексикалық мағынадан гөрі грамматикалық мағына айқынырақ көрінеді. Бірақ
оларда лексикалық мағына мүлдем болмайды деген пікірді қолдамаймыз. Көмекші
сөздердің жоғарыда аталған қасиеттерін талдап қарағанда, біз қарастырып
отырған демеулік шылаулардың өзіне тән ерекшелігі басым екендігін
байқаймыз.
А.Ысқақовтың пікірінше, қазақ тіліндегі демеуліктер лексика-
грамматикалық мағыналары жағынан сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш,
болжамдық, болымсыздық, қомсыну демеуліктері болып табылады. Автор
демеуліктерді осы топтарға бөлгендс сүйенген принципі анық көрсетілген.
Бұған қарап, проф. А.Ысқақов демеулік шылаулардың бойында лексикалық
мағынаның да грамматикалық мағынаның да бар екендігін мойындайтынын
аңғаруға болады. Бірақ демеулік шылаулардың бойында бұл мағыналардың
дербестік деңгейі бірдей емес. Тіпті тілшілердің демеулік шылауларда
дексикалық мағына болмайды деген пікірді қолдайтыны да айқын. Осы
жағдайларды ескергенде, қазақ тіліндегі демеулік шылауларды лексика-
грамматикалық сипатына қарай топтастыру әрдайым жемісті болып шыға
бермейтін сияқты. Мысалы, Ол үшін Зират көпірі болмады ма (М. Әуезов), Ол
өзі бір бөлек ұран болып шықты ғой (М.Әуезов), Мен "Қос шалқарды" өмірімде
үш-ақ рет көрдім (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдерде қолданылған демеуліктердің
(ма, ғой, -ақ) мағыналарын салыстырып көрейік.
Алғашқы мысалымызда қолданылған ма демеулігі өзі жалғанған сөйлемге
сұрау мәнін үстеп тұр. Бұл әрине грамматикалық категориялардың қатарынан
орын алады. Ал грамматикалық категория болу үшін, оның белгілі бір дәрежеде
грамматикалық мағынамен байланысты болуы шарт. Лексикалық мағына
грамматикалық категорияның жасалуына негіз бола алмайды. Оның үстіне
лексикалық мағына сәл де болса формалық тұтастықты, яғни дербестікті қажет
етеді. Кейінгі мысалдардағы ғой, -ақ шылаулары туралы да осыны айтуға
болады. Қазақ тіліндегі демеулік шылаулардың көп вариантты боп келуінің өзі
олардың лексикалық мағынасының тым солғындап, грамматикалық мағынасының
күшеюіне байланысты. Сондықтан демеуліктерді қосымша аффикстерге ең жақын
категория деп қараймыз. Бұл жағынан алғанда, демеуліктер білдіретін кейбір
грамматикалық мағыналардың бірнеше формада (әр түрлі демеуліктер арқылы)
берілетінін ескере отырып, қазақ тілінде кейбір жаңа грамматикалық
категориялардың белең ала бастағанын аңғаруға болады. Мысалы, "нақтылау
категориясы", "күшейту категориясы болжау категориясы" т.б. (Бұл басқа
мақсаттағы зерттеуді талап етеді). Сонымен қазіргі қазақ тіліндегі демеулік
шылауларда лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағынаның басым
болатынын байқадық. Сондықтан олар лексика-грамматикалық мағыналарына қарай
топтасырылады.
Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылауларды, ең алдымен, мағынасына-
қарай топтастыру дәстүрі бар. Бірақ демеулік шылаулардың бойындағы
мағыналарды тілшілер әр түрлі түсіндіреді. Мысалы, А.Ысқақов оны лексика-
грамматикалық мағына деп түсінеді де, дәл сол лексика грамматикалық
мағынаның негізінде қазақ тіліндегі демеулік шылауларды үлкен 7 топқа
бөледі: Сұраулық, шектік, нақтылық, күшейткіш, болжалдық, болымсыздық,
қомсыну демеуліктері [6, 374].
1954 ж. академиялық жинақта ("Қазіргі қазақ тілі") бұл туралы:
"демеуліктер өздері қатысты сөздерге әр түрлі модальдық мағына қосу
қызметіне қарай былай бөлінеді:... " [5, 355].
Бұл еңбектегі демеуліктердің топтастырылуында сол өзгешелік бар. Демек
мұнда, біріншіден, демеуліктерге модальдылық мәні тән деген тұжырым
шығарылады. Екіншіден, мұнда демеуліктердің 7 тобы көрсетілгенімен,
жоғарыдағы топтастырудан айырмашылығы бар:
1. Сұрау мағынасындағы демеуліктер;
2. Жалынышты тілек-қалау мағыналы демеуліктер;
3. Бірдеңенің, істің растығын күшейте көрсету үшін қолданылатын
демеулік (ғой);
4. Тежеу мағыналы демеулік;
5. Күшейту, талғау мағыналы демеуліктер;
6. Кісінің көңіл-күйін білдіретін демеуліктер;
7. Сенімсіздік, кекесін мағынасында жұмсалатын демеулік [5, 355-356
б.б.]. Ал Ы.Шақаманованың бұл туралы түсінігінің де өзіндік ерекшелігі бар:
"ДШ-лардың негізгі мағыналарын саралап топтастырғанда, олардың мынадай
тілдік жүйеде болатыны байқалды: Сұраулық, күшейткіш, шектеу, тежеу,
нақтылау, болжалдық, қомсыну, салыстыру демеуліктері" [13, 18-19 ]. Мұнда
автордың "негізгі мағына" деп нені атап отырғаны айқын, бірақ "тілдік жүйе"
деп нені түсінетіні айқын емес. Бірақ автордың бұл еңбегінде өзіндік
жаңалықтың да бар екендігі даусыз. Демеуліктердің жоғарыда көрсетілген
негізгі мағыналары белгілі бір қолданыста өзара ауысып отыратыны нақты
мысалдармен көрсетелген. Мысалы, даде күшейткіш демеулігінің сөйлем
соңында қолданылғанда, нақтылау мағынасын білдеретіні: Етке өкпелеп,
сорпаны ішпей кету - обал да, өкініш те. З.Ақышев Сондай-ақ "демеуліктер
өздерінің негізгі мағыналарынан басқа тіркескен сөздердің тұлғасына,
лексикалық мәніне, ойдың қатысына, дауыс әсеріне байланысты екінші
қолданыстық болжау, таңданыс, кею, сұрау мәндерін атқарған" [13, 23б] дей
келе, "ДШ-ң көрсетілген төрт себебке орай қолданыста туған мәндері деп
мыналарды атайды: даралау, таңданыс, кекесін, тездік, кею,
шошыну, ренжу, кіжіну, ызалану, қапы қалу, аңғармау, өкіну, аңсау,
қалау, сүйсіну, саралау мәнді демеуліктер" (Бұл да соңда). Демеулік
шылаулардың осындай мағыналарының әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктері
бар. Енді демеуліктердің мағыналық топтарына жеке-жеке тоқталайық.
2.1. Д.Исабековтің Қарғын романындағы сұраулық мәңді демеуліктер
Сұраулық мәнде қолданылатын демеуліктердің қатарына ма (ма, ба, бе, па,
пе), ше шылау сөздері жатататыны дау туғызбайды. Оқулықтар мен ғылыми
еңбектерде сұрау демеулігі туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен осы шылаулар
назарға алынады. Мысалы;Д.Исабековтің Қарғын романында төмендегідей
сұраулық мәнді демеуліктерді кездестіруге болады:
1. Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? Д.Исабеков. Таңдамалы 2 том. 28
бет.
2. Оның да тәттіден тұңғыш, сонан соң ащыға көшетін кезі болмай ма?
Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 т. 97 б.
3. Ендігі қалған өмір тек осылай өтпек пе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 т.
92 б.
4. Ал, егер, оқымаған болса ше? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 82 бет.
5. Ойсыз көзді, санасыз басты кездестірем бе деп қорқам. Д.Исабеков.
Таңдамалы. 2 том. 75 бет.
6. Сіздің сұлулығыңызға тек тарих пәні мен тарих ғылымы аса қажет пе?
Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 72 бет.
7. Абайға сене ме, мұғалімдерге сене ме, әлде өзіне сене ме? Д.Исабеков.
Таңдамалы. 2 том. 4 б.
8. Әкесі аудан көлеміндегі басшының бір болып тұрған соң ба, ол өмірдің
қабақ шытар өзге мінезінен мүлде аулақ өсті. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2
том.
9. Сіз әдемі сөйлегенді жақсы көресіз бе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 105
бет.
10. Жұрттың бәрі билейді, жұрттың бәрі арақ ішеді деп ойлай ма екен!
Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 46 б.
11. Менен қорықпаңыз, ағаңыз бола ма, әкеңіз бола ма, мына кісінің
шошынғанындай мен көше бұзығы емеспін. Д.Исабеков. Таңдамалы.
2 том. 46 бет.
12. Жалған намыс жұрттың бәрінде де жасырынып жатқаны ма? Д.Исабеков.
Таңдамалы. 2 том. 14 б.
13. Әлде өз жұмыстарымен келе ме, әлде әкесіне еріп келе ме, ол жағын
Бағила түсінген жоқ. Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 7 б.
14. Тұрған жеріңде жаныңнан таспа тіліп, керегеге бау жасайын ба?
Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 45 бет.
15. Сен сабағыңды оқып біттің бе? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 47 бет.
16. Суретші ме, мүсінші ме, сол ауылдың адамы болуы керек. Д.Исабеков.
Таңдамалы. 2 том. 38 бет.
17. Ал, көсе болса ше? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 38 бет.
18. Студент болған адам қуанбай ма екен? Д.Исабеков. Таңдамалы. 2 том. 35
бет.
Дегенмен бұл айтылғандармен сұрау мәнін тудыратын демеуліктердің қыр-
сыры толық ашылмайды. Қазақ тілінде жоғарыда аталған демеуліктер ғана сұрау
мәнін білдіруге болады ма деген сұраулар мәселенің толық ашыла
қоймағандығын көрсетеді. Екіншіден, жоғарыда аталған демеуліктер тек сұрау
мәнін ғана тудырады ма, әлде басқа да мәндерді білдіру үшін жұмсалуы мүмкін
бе деген сұрақтар да өз шешімін тапқан деуге келмейді. Қолымыздағы
материалдар көркем әдебиетте және ауызекі сөйлеу тілінде сұрау мәнінде
ма\ме, ше демеуліктерінен басқа шылаулар да жұмсалатынын көрсетіп отыр.
Мысалы: Ендеше келістік, ертең жұмысқа барасың ғой? (Ауызекі тілден). Бұл
сөйлемде ең басты рөлді интонация ойнайды. Бірақ "ғой" демеулігінің де
қосатын үлесі бар деп түсінеміз. Ы.Шақаманова "ДШ- лардың тілдік жүйедегі
негізгі мағыналары белгілі бір қолданыста өзара ауысып келетінін"- айта
келіп, "да\де, қой\ғой демеуліктері ма\ме сияқты сұраулық мәнде жұмсалады"
[13, 19] деген қорытынды шығарады. Бірақ автордың бұл теориясы мен
келтірген мысалы бір-біріне сәйкес келмейді: Жер бедерін алжастыруым
есімнен адасуым болмағай да? Біздіңше, бұл мысалда сұрау мәнінен гөрі қалау
мәні басым деген дұрыс сияқты. Өйткені жалпы сұрақтар (арнаулы және
талғаулықты сұрақтар басқа) "ия" немесе "жоқ" деген жауапты талап етуі
керек. Ал бұл мысалдан ондай талап байқалмайды. Бірақ да\де, қой\ғой
демеуліктері белгілі бір жағдайларда сұрау мәнінде жұмсала беретіні анық.
Негізінен сұрау мәнін тудыру үшін жұмсалатын ма\ме демеулігінің де өзіне
тән ерекшеліктері бар. Қолымыздағы материалдар бұл демеуліктердің
болымдылық, болымсыздық, сенімділік, нақтылық, күшейткіш, ренжу, т.б.
мәндерді білдіру үшін де жұмсалатынын көрсетіп отыр. Бірақ бұл мәндерді
сұраулық мәнінен мүлдем айырылмайды. Тек сол сұрау мағынасына қосымша мән
ретінде ғана беріледі. Мысалы, Тілін біліп сөйлесе, жылан да іннен шықпай
ма? — деп тілмаш жігіт жымың-жымың етеді (А. Тоқмағамбетов). Бұл сөйлемде
"ма" демеулігінің сұрау мәнінен гөрі болымдылық, сенімділік, нақтылық мәні
басым (Салыстырыңыз: Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.). Бұрынғы
бұрынғы ма, Сәдірбекті балалар одан сайын ажуалады (С.Бегалин.). Бұл
сөйлемде "ма" демеулігінің күшейту мәні айқын байқалады. Ма \ ме демеулігі
кейде толымсыз көмекші етістіктерге (емес) тіркесіп келіп, нақтылау,
тянақтау, еске салу сияқты мәндерді білдіреді. Мысалы: Көрпені бойларыңа
шақтап 'жамылу керек емес пе? — деді Мысқал (Ә.Әбішев. Замана).
Кейбір мәтіндердің құрамында ма\ме демеулігі жақтырмау, қарсы келу,
келіспеу сияқты мәндерді білдіреді. Мысалы: Базаралыдан алмаған өшің бар ма
еді?! (М. Әуезов).
Сұрау демеуліктері жалғанған кейбір сөйлемдерден ренжу, өкпелеу
сияқты мәндерді де байқауға болады. Мысалы: Қызылшаны кетпендегеннен өзге
ештеңені түсінбейді деп ойлай ма? (Қ. Баялиев. Нөсер.).
Кейбір мәтіндердің құрамында пе демеулігі келісу мәнін береді. Мысалы.
Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? [15, 28]
Болымсыздық мән білдірудің де бір жолы ма\ме демеуліктері арқылы жүзеге
асады. Мысалы: Баланың өзін тапқанмен, адам мінезін тапқан ба? деген
сөйлемнен болымсыздық мән байқауға болады (Салыстырыңыз: Адам баланың өзін
тапқанмен, мінезін таппайды.).
Күдіктену мәні кейде ма\ме демеулігі арқылы көрінеді. Мысалы: Мына қыз
да ит ертіп жүретін болғаны ма? (Ғ. Мүсірепов, Ұлпан).
Кейбір қолданыста сұрау демеуліктерінен үміттену, сағыну мәндерін де
байқауға болады:
Бір хабар ол сұлудан келе ме деп,
Ынтызар бола-бола ұйқым қашқан. [14, 61]
Ма\ме демеуліктерінің мағыналық құрамынан болжау, шамалау мәндерін де
байқауға болады. Суретші ме, мүсінші ме, сол ауылдың адамы болуы керек
(Д.Исабеков).
Мұңаю, қынжылу мәндерін де ма\ме демеулігі қолданылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz