Несие және несие жүйесі


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1. Несие және несие жүйесі6

1. 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері6

1. 2 Несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары15

1. 3 Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері22

2. Екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға несие беруді ұйымдастыру31

2. 1 “Тұран Әлем Банк” АҚ - ның жеке тұлғаларға несиелердің берілу тәртібі мен саясаты31

2. 2 «Тұран Әлем Банк» АҚ-ның жеке тұлғаларға тұтыну несиесін беру операцияларына талдау37

2. 3 « Тұран Әлем Банкі» жеке тұлғаларды ипотекалық несиелеу ерекшеліктері45

3. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеу операцияларын жетілдіру жолдары. 53

Қорытынды58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі61

Кіріспе

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік

жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.

Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Коммерциялык банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті акша айналымы мен капитал айналымынын үздіксіз козғалысын камтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймакаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Коммерциялық банктің жалпы мақсаты оның табыстылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекелдерді төмендету, несие қоржынын оптималдау (несиелік, депозиттік және т. б. ), оның қызметінің бағыттары ұстанымы тұрғысындағы банк саясатының басымдылықтарын анықтауы керек. Банк әлеуметтік жүйе болып табылатындықтан, адамдар өз қызметінде өз мақсаттарын, мүдделерін, ойларын жетекшілікке алады, сондықтан да банк мақсаттары оның иелерінің жетекшілерінің, қызметкерлерінің, сонымен бірге банк клиенттерінің және банктік қадағалау органдарының жекелеген мақсаттарына негізделеді. Банк иелерінің маңызды мақсаты - банктің өсуі (активтердің, меншікті капиталдың клиенттердің, операциялардың, ең алдымен, табыстардың көбеюі және акция бағасының көтерілуі) . Басқарушыларға кең ауқымды, әр түрлі мазмұнды мақсаттар тән, өйткені олар банктің бүкіл жұмысына жауап береді, яғни олардың жұмысының мақсаты пайданың өсімі болып табылады. Банк клиенттерінің, мақсаттары табыс алу ұстанымына байланысты әр түрлі болады, өйткені мүдделер қарама-қарсы, сөйте түра олар серіктесі ретінде сенімді банк болғанын қалайды. Банк қызметкерлерінің негізгі мақсаты - ағымдағы табыстың деңгейін көтеру. Ал мемлекетті алдымен оның өнімділігі мен тұрақтылығы ойландырады.

Коммерциялық банктің негізгі мақсаты - кең мағынадағы оның дамуы, яғни, коммерциялық кәсіпорын ретінде оның сандық жағынан дамуы және сапалы дамуы - қызмет етудің, тиімділігін көтеру, сонымен бірге банк акционерлері, клиенттері, қызметкерлері және банктік қадағалау органдарының мүдделерін қамтамасыз ету ұстанымы банктің әлеуметтік институт ретінде дамуы туралы болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының, несие жүйесінің, кейбір жаңа дамып келе жатқан несие операциялары түрлерінің қазіргі жағдайы мен даму болашағын ашып көрсету болды.

Несие-есептеу операциялары - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.

Коммерциялык банктердің клиенттеріне беретін қарызын біраз белгілерге байланысты топтастыруға болады:

- борышқордың типіне байланысты - кәсіпорынға, үкіметке және жергілікті үкімет органдарына, халыққа, басқа банктерге берілетін қарыз;

- пайдаланатын мерзімінб байланысты - қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) ;

- қызмет ету ортасына байланысты - өндіріс аясына берілген қарыз және айналыс аясына берілген қарыз;

- борышқордың қай салаға тиістілігіне қарай -енеркәсіпке, саудаға, ауыл шаруашылығына, транспортқа берілетін қарыз;

- қамтамасыз етілуі бойынша - кепілді, қорғаулы, қауіпсіз және қамтамасыз етіямеген (бланктік) ;

- өтеу тәсіліне қарай - бір уақытта және бөлік-бөлікпен өтелетін қарыз.

Несиені банктер несиелеудің мына негізгі принциптері (қағидалары) сақталғанда ғана береді: қамтамасыздық, қайтарылымдылық, мерзімділік, төлемділік және мақсаттылық.

Несиені өтеу және беруге байланысты, банктің сыйақы ставкаларының мөлшері олардың өзгерістеріне байланысты барлық сұрақтар құқықтың өз аралық міндеттемелерін және жан-жақты жауапкершіліктерді анықтайтын несиелік келісімдердегі қарыз алушылар мен банк арасындағы қорытындылар негізінде шешіледі.

Осы диплом жұмысын жазу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамалы және нормативті актілері (Заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулылары мен Ережелері және т. с. с. ) “Тұран Әлем банкі” есептері мен сайты қолданылды. Жеке тұлғаларды несиелендіру аясындағы шетел ғалымдарының және мамандарының еңбектері, сонымен бірге статистикалық және анықтама материалдары қолданылды.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру жүйесін қарастыру.

Зерттеу мәселелері:

1) несие түсінігін анықтау, оның шетелдегі және Қазақстан Республикасындағы дамуын қарастыру;

2) «Тұран Әлем Банк» АҚ материалдар негізінде, Қазақстанның коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелендіру тәжірибесіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелеудің даму мәселелері мен келешегін қарастыру.

Бұл жұмыстың бірінші бөлімінде несие және несие жүйесі туралы түсінік беріліп, яғни Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің даму кезеңдерінен бастап, несиенің мәні, қажеттілігі мен қызметтері, несиенің формалары мен олардың жіктелуі және несиелеуді ұйымдастыру қағидалары туралы теориялық негіз барынша ашылып жазылды.

Ал, екінші бөлімінде «ТұранӘлемБанкі» АҚ мысалындағы жеке тұлғаларды несиелеу ерекшеліктерін көрсетіп, тұтыну несиесінің түрлері мен оның ставкаларын талданған.

Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларды несиелік қатынастардың даму болашағы жазылған, яғни жеке тұлғаны несиелеу операцияларының болашағы, ипотекалық несиелеу нарығын жетілдіру жолдары ашылды.

Экономикалық категория ретінде, несие - бұл кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ, халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.

Диплом жұмысының құрылымы қойылған талаптарға сай жазылған. Жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Несие және несие жүйесі

1. 1 Несие мәні және қажеттілігі мен қызметтері

Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы- бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға боладьі.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Несие - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануга берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кен, ұғымды сипатайды. Ссуда -бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануга қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азамагтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің ққрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету1.

Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал

ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылыгы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мүндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп кана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

Қазақстандық қаржылық нарықта әрдайым ең әртүрлі жаңа банктік өнімдер мен қызметтер пайда болуда.

Банктік инновациялардың пайда болуы, негізінен үш себеппен шартталған:

  1. кәсіпкерлік ойдың үзіліссіз қозғалысымен және де бәсекелестерден озуға талпынумен;
  2. банктің қаржылық ойының күшеюі мен қаржылық тұрақтылықтың ұлғаюына ынта (стимул) болып табылатын банктік аяда кезеңді түрде пайда болып отырған дағдарыспен;
  3. шетелдегі банктік жаңа енгізулер туралы ақпарат беретін шетелдік қаржылық нарықтың қызмет етуімен шартталады /8/.

Мысал ретінде Қазақстандық нарықтағы банктік инновацияларды қарастыруға болады:

  • валюта-пайыздық своп
  • көлдік купоны бар своп
  • своптарды қоймалау
  • контароренттің овердрафтпен сәйкестілігі бойынша операциялар.

Валюталық своп валюталық сатып алынуын және біруақыттылы форвардты сатуды (депорт) немесе керісінше, валюталық сатылуын және де біруақытылы форвордты сатып алынуын (репорт) білдіреді. Пайыздық своп - бұл қарыздық құралдар бойынша пайыздық стовкалармен айырбас. Бұл екі своптардың сәйкестілігі жаңа қаржылық операцияға әкеледі.

Валюта-пайыздық своп. Валюта -пайыздық своп валюталық және пайыздың - айырбас ретінде көрініс табады. Своптың бұл түрі бірнеше қатысушылар арасында бекітілуі мүмкін.

Нөлдік купоны бар своптің мәні-купонсыз облигацияның элементі біруақыттылы пайыздық своп пен қайтарылым жылдық төлем жолымен ауытқымалы пайыздық ставка бойынша табысқа тіркелген табыс айырбасын жүзеге асыра алатындықта.

Своптарды қоймалау-бұл банк своп туралы келісім-шарттың екінші жағын таппағанға дейінгі мерзімде банкпен своп туралы келісім-шрттың жасалуы мен оның сақтандырылуы (әдетте, финогерстермен)

Контокоренттің овердрафтпен сәйкестілігі бойынша операциялардың мазмұны ақшалы төлемдер кезінде, көбінесе, валюталық есептесулер кезінде олардың қосарлы қолданылуында болады. Ақша құраладры (соның ішінде, валюта) келісілген контрактілер бойынша төлем мерзімінен бұрын игерудің шотына түссе, онда олар контокоренттік шотқа есептеледі. Егер де төлем мерзімі ақшалардың түсу мерзімінен бұрын келсе, онда инвестор банк овердрофтін қолданады. Банкке овердрофт пен оның пайыздары бойынша несиенің қайтарылуы игерудің шотына ақшалардың келіп түсуі кезінде жүзеге асырылады /16/.

Банкаралық бәсекелестіктің кұшеюі әсерінен коммерциялық банктердің қаржылық қызметтерінің кеңеюі қарқыны пайда болуда. Олардың ішінде форфейтингтік, лизингтік операцияларды бөлуге болады.

Форфейтинг-бұл несие берушіде айналысу негізде айналым құжатында көрініс табатын қарызды сатып алу. Бұл қарыздың сатып алушысы (форфейтер) өз мойнына қарыз алушыдан қанағаттандыру ала алмай қалу мүмкіндігі кезінде несие берушіге регрессивті талап айналысынан бас тарту-форфейтинг туралы міндеттемені алатындығын білдіреді.

Оның дамуының маңызды алғышарттары ретінде халықаралық интергацияның күшейтілуі, банктердің бәсеке қабілеттілігінің өсуі, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулердің алынып тастаулары, сонымен бірге, экспортерлерге тән тәуекелділіктің өсуі қызмет етеді.

Форфейтинг механизмі келісім-шарттардың екі түрінде қолданылады:

  • қаржылық келісім-шарттарда-ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез арада өткізу мақсатында;
  • экспорттық келісім-шарттарда-шетелдік сатып алушыға несие ұсынған экспортерға нақты ақшаның түсуіне әрекеттесу үшін.

Форфейтингтік аспаптар ретінде қолданылатын негізгі айналымдық құжаттар болып вексельдер табылады. Бірақ та форфейтинг объектісі ретінде бағалы қағаздардың басқа түрлері де бола алады. Бұл қағаздардың “таза” (тек абстрактті міндеттемені мазмұндайтын ) болуы маңызды.

Форфейтинг экспорты мемлекеттік несиелендіру қатысты түрде әлсіз дамыған елдерде аса кең даму алды. Алғашқыда форфейтингтеу коммерциялық банктермен жүзеге асырылды, бірақ та “а-форфе” операцияларының көлемдерінің ұлғаю шамасы бойынша, сондай-ақ арнайы мамандандырылған институттар құрыла бастады.

Форфейтингтеу мерзімі 150 күннен 5 жылға дейін, ао кейбір жағдайларда 7 жылға дейін.

Лизингтік операциялар кәсіпорын -жалға алушыларға машиналарды, құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүлікті және де негізгі капиталдың басқа да бөліктерін ұзақ мерзімді кезеңге жал шарттарына ұсынуға бекітіледі.

Лизинг инвестициялау формасы ретінде негізгі құралдарды жылдам жаңарту үшін дүние жүзінде қолданылады. Ол құрал-жабдықтарды алу үшін үлкен бастапқы капиталды және де, әдетте, қосымша кепілді талап етпейді, өйткені лизингтің алынатын құралы біруақытылы кепіл құралы да болып табылады. Осылайша, кәсіпкерлік ынталандырылады және мемлекет экономикасына қосымшы инвестициялар тартылады.

Лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: оперативті лизинг (толық емес өтімділігі бар лизинг) және қаржылық лизинг (толық өнімділігі бар лизинг) . Коммерциялық банктер жүзега саыратын лизингтік операциялардың негізгі түрі болып қаржылық лизинг саналады, яғни толық өтімділігі бар лизинг. Қаржылық лизинг жалға берушінің құрал-жабдықтарының толық амартизациясына жеткілікті және оған тіркелген пайда беруге қабілетті нақты бекітілген төлемнің жал мерзімі ішінде төлемді алдын-ала қарастырады.

Коммерциялық банктермен лизингтік операцияларды жүргізу тәжірибесі келісім-шарттың барлық қатысушылары үшін оның оңтайлы жақтарын анықтады. Кәсіпорын-жалға беруші үшін лизинг негізгі қорларды несиелендірулің жаңа формасы болып табылады. Лизингті жүзеге асыратын банк өз операцияларының шеңберін кеңейтеді және де клиенттердің төлемқабілетсіздігі тәуекелділігін төмендетеді. Банк жалға берілетін мүлікке салық салынбайтын және де құрал-жабдықтарды алу үшін қаражат көзі бола алатын амортизациялық төлемдер есептеуге құқылы. Өнімдері лизинг бойынша алынатын жабдықтаушы үшін оның төлемімен байланысты мәселелер шешіледі, бұл өз кезігінде, оның тұрақты қаржылық жағдайын, өтімділігі мен несие қабілеттелегін қамтамасыз етеді.

Республика экономикасының қалыптасуы кезеңінде лизинг дамуын баяулататын кездер көрнекті болып отыр. Сәйкесінше, Қазақстанда өндірілетін негізгі құралдардың жаңартылуы баяулайды, бұл мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен жалпы экономиканың дамуына кері әсер етеді. Лизинг 50 түрден аса түрлерге иелік етеді, бірақ та республика заңдылығы қазіргі кезде тек оның бір түріне-қаржылық лизингке қолдау көрсетеді. Лизингтің басқа түрлері осыған байланысты нақты дамуын ала алмауда. Сонымен қатар “екінші лизинг” ретіндегі лизинг түрін енгізу қажет және де қаржылық лизингті анықтау түзетулерін де енгізу қажет. Бұл техниканы сатып алуда икемді мүмкіндіктерді ашады.

Нарыққа өту шарттарында экономикалық механизмдерді жеті, лдіру ақша айналыс жүйесінің қызметіне, жеке тұлғаларға есептік және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға аса жоғары талаптар қоюда. Төлемдік айналым өсімімен онымен шартталған айналыс ұсталымдарының өсімі, айналыс ұсталымдарын біруақытылы төмендету мен еңбек шығындарын азайту кезінде төлемдердегі тез өспелі қажеттіліктер мен ақша құралдарының айналымдылығын тездетуді қамтамасыз ететін, ақша айналысының принципиалды түрдегі жаңа механизмін құру қажеттілігін көрсетуде.

Берілген мәселе іс жүзіндегі ақша формаларын массалық қолдану кезінде шешіле алмайды, өйткені өздерінің физикалық табиғаты күшіне олар жылжымалылық шегіне иелік етеді, қаржылық есептемелердің жоғары еңбек сиымдылығын шарттайды, есептесу буынының үзіліссіздігін қамтамасыз етпейді және де өз қозғалысына бақылау жасауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы-бұл индустриалды дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі негізінде аталмыш “қағассыз” технологияларда пайддалану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Несие жүйесінің құрылымы және оның субъектілері
ҚР-дағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары
Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы туралы ақпарат
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz