Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы еңес-ағылшын қатынастары



Кіріспе

І. Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес.ағылшын
қатынастары (1939.1941ж.ж)
ІІ. Соғыс өршіген уақыттағы кеңес.ағылшын ынтымақтастығы (1941.1944ж.ж)
ІІІ. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі кеңес .ағылшын қатынастары (1944.1945ж.ж)

Қортынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы КСРО және Англия арасындағы саяси, әскери, стратегиялық және дипломатиялық қатынастарының сипатын анықтау. Соғыстың әр кезеңіндегі осы қатынастардың өзгеруін ашып айқындау. Соғыс кезінде кеңес- ағылшын қатынастары нығайып отртақ жауды жеңіп жеңіске жетуін ашып көрсету.
Міндеті :
Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес- ағылшын қатынастарының хронологиялық кезеңдерін анықтау;
Соғыстың алғашқы кезеңіндегі кеңес-ағылшын қатынастарының сипатын айқындау;
Соғыс өршіген уақыттағы әскери, саяси және дипломатиялық қатынастардың деңгейін зерттеу;
Екінші дүниежүзілік соғыс соңындағы кеңес-ағылшын қатынастарын зерттеу және сипатын анықтау
Өзектілігі:
Қазіргі таңда адамзат өміріне қауіп төндірген ылаңкестік, ұйымдасқан қылмыс , заңсыз қару-жарақ сату, есірткі тасымалдау, саяси -экономикадағы ғаламдық неготивтік құбылыстарға барлық мемлекеттің бірігіп қарсы тұрып әрекеттенуін қажет етеді.
/1/ В.В .Александров Новейшая история стран Европы и Америки 1918-1945 г.г М. 1986 г 46-52 бет
/2/ М.М . Микосян Великая Отечественная Война советского союза М . 1970 г 22 бет
/3/ В.Г. Трухановский Новейшая история Англиий М.1958 г 181-185 бет
/4/ Антифашисткая движение сопротивление в странах Европы в годы второй мировой войны М. 1962 г 83-89 бет
/5/ У. Черчилль Вторая мировая война , т І , М 1991 г 199 бет
/6/ Итоги и уроки Великой Отечественной Войны . М 1970 г 5-10бет
/7/ В.Г . Трухановский У. Черчилль М1968 г 295 бет
/8/ История дипломатии М. 1975 г 160-166 бет
/9/ В.А. Анфилов Крушение похода Гитлера М. 1989 г 210-215бет
/10/ А.С Исмаилов Война и дипломатии 1939-1945 г.г Шымкент 2000 г . 44- 45 бет
/11/ В.М . Бережков Страницы дипломатичес кой историй
М. 1987 г . 92-93 бет
/12/ И.И Земсков Дипломатическая история второго фронта в Европе М. 1982 г 26-29 бет
/13/ Вторая мировая война в воспоминаниях У. Черчилльях., Ш де Голлья , К . Хэлла , У. Леги , Д. Эзенхаузера И.1990г 105бет
/14/ Совет-англиское отношение Великой Отечественной Войне
1941-1945 г.г М. 1986г , т І, 1983 г , 213 бет
/15/ У. Черчилль Вторая мировая война М.1991 г, т ІІ , 218бет
/16/ Н.В Новиков Воспоминания дипломата М 1989 г 86 бет
/17/ И.И .Рыжков Советско- англиское отношение М. 1987г , 93-95бет
/18/ Совет- англиское отношение ВОВ 1941-1945 г.г , т ІІ , М1983 г 92-98 бет
/19/ Совеский Союз на международных конференциях период ВОВ 1941-1945 г.г М. 1978 г , 122 бет
/20/ Переписка СССР с президетом США и премьер-министр Велоикобританий ВОВ М1989 г, т І , 173 бет
/21/ А.О Ржешевского Великая Отечественная Война 1941-1945 г
М. 1991 г, 208-2090бет
/22/ Переписка СССР с президентом США и премьер- министр Великобританий ВОВ М 1989 г, т ІІ , 120бет
/23/ А.А Грамыко Советский Союз на международных конференциях периода великой отеч-й войны 1941-1945 г.г
Тегеран конференция руководителей трех союзных держав -СССР , США и Великобританий 28 ноябрь -1 декабрь М1978 г, 56 бет
/24/ Ш.П Санаков Тегеран - Ялта –Потсдам Алматы 1991г , 75-80бет
/25/ А.А Грамыко Советский Союз на международных конференциях периода ВОВ 1941-1945 г.г
Крымская конференция 4-11 февраль 1945 г М.1984 г , 159 бет
/26/ Переписка СССР с президентом США и премьер-министр Великобританий ВОВ М1989 г , т ІІІ , 44-45бет
/27/ История дипломатий т 4, М1975 г , 160-166 бет
/28/ Совет Одағының Ұлы Отан соғысы Алматы 1972 г , 368-369бет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

І. Екінші дүниежүзілік соғыс басындағы кеңес-ағылшын
қатынастары (1939-1941ж.ж)
ІІ. Соғыс өршіген уақыттағы кеңес-ағылшын ынтымақтастығы (1941-1944ж.ж)
ІІІ. Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы кезеңіндегі кеңес –ағылшын
қатынастары (1944-1945ж.ж)

Қортынды.

Пайдаланған әдебиеттер:

Тақырыптың мақсаты :
Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы КСРО және Англия арасындағы
саяси, әскери, стратегиялық және дипломатиялық қатынастарының
сипатын анықтау. Соғыстың әр кезеңіндегі осы қатынастардың өзгеруін
ашып айқындау. Соғыс кезінде кеңес- ағылшын қатынастары нығайып
отртақ жауды жеңіп жеңіске жетуін ашып көрсету.
Міндеті :
Екінші дүниежүзілік соғыстағы кеңес- ағылшын қатынастарының
хронологиялық кезеңдерін анықтау;
Соғыстың алғашқы кезеңіндегі кеңес-ағылшын қатынастарының сипатын
айқындау;
Соғыс өршіген уақыттағы әскери, саяси және дипломатиялық
қатынастардың деңгейін зерттеу;
Екінші дүниежүзілік соғыс соңындағы кеңес-ағылшын қатынастарын
зерттеу және сипатын анықтау
Өзектілігі:
Қазіргі таңда адамзат өміріне қауіп төндірген ылаңкестік,
ұйымдасқан қылмыс , заңсыз қару-жарақ сату, есірткі тасымалдау, саяси
-экономикадағы ғаламдық неготивтік құбылыстарға барлық
мемлекеттің бірігіп қарсы тұрып әрекеттенуін қажет етеді. Елдер
арасындағы мемлекет басшылары саяси қайшылықтарға қарамастан
ортақ проблема алдында ынтымақтасу барысында нәтижеге қол
жеткізе алады. Сол сияқты екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы
екі түрлі саяси жүйедегі ( капита-листік және социалистік)
мемлекеттер біріге отырып , фашизм сияқты жауға тойтарыс бере
алды.

КІРІСПЕ

Екінші дүниежүзілік соғысқа түрткі болған фашистіктің екінші
ошағы Германияда пайда болды. Бұл агрессиялы саясатқа Италияда
біріккен болатын. Сөйтіп Үштік одақ құрылуына себеп
туғызып, құрамына Жапония , Италия және Германия кірді.
Германия мен Италия ортақ мәмлеге келіп, 1936 жылы келісім
шартқа қол қояды. Ал дәл сол жылдың қараша айының 25-і
жұлдызында Германия Жапониямен Коммунистік Интернационалға қарсы
пактіге қол қояды, бұл шартты Италия да жөн көріп қолдайды. 1938
жылғы 30 қыркүйекте Мюнхен конференциясына Чехословакия елінің
өкілінен басқа , Гитлер , Италиядан Муссолини
Францияның премьер-министрі Даладьде және Ұлыбританияның премьер
–министрі Чемберленнің қатысуымен өтілді. Онда Чехославакиядан
Судетскке дейінгі аймақты күшпен алып, сонымен бірге Венгрия
мен Польшаны Германияғаберу жайлы келісім жасалды. Сөйтіп
1938жылдың 15 наурызында Германия Чехословакияға басып кіреді. Ал
сол жылдың 22 наурызынла агрессивті саясатын Литваға бұрып Клайпед
ауданын тартып тартып алады . 1
1939 жылдың 22наурызында Германия Румыния , Польшаға
бағытталған күйде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезінде
Англия , Франция тарапынан Германиядан тартып алынған
колонияларды қайтаруын талап етеді. Фашизмнің әсіресе англо-франко-
американдық имперализмге қарсы қауіп төндіруі еді. Сөйтіп 1939
жылдың 12-і тамызынан 21-е дейін Мәскеуде КСРО, Англия, Франция
арасындағы фашизмге қарсы миссия ұйғарылды . Кейінірек жоғарыда
айтылған одаққа АҚШ-та қосылады. Ал 1939 жылдың 1қыркүйегінде
таң ертең фашистік Германияның әскерлері соғыс жарияламастан
Польшаға басып кіреді . Үш бағытта : батыстан, солтүстіктен
және оңтүстіктен Польшаға бес неміс армиясы тап берді.
Польшаның одақтастары Ұлыбритания мен Франция 3қыр-күйекте
Германияға соғыс жариялады. Соғысқа Англия мен Францияның
доминиондары мен отарлары да кірісті. Екінші дүниежүзілік соғыс
басталды .2
Поляк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ
саны аз және нашар поляк армиясы немістердің авияция
қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына шыдас
бере алмады. Соғыс басталғаннан кейін Польша талқандалды .
Ал осы уақытта батыс майданындағы ағылшын- француз
әскерлері саны жағынан көп болғанымен , немістердің басты
күштерінің Польшаға екендігіне қарамастан , Германияға қарсы
ешқандай қимыл- әрекет жасамады. Батыс майданда 1940 жылдың
көктеміне дейін созылған теке-тірес “түсініксіз соғыс “ деген ат
алады . Англия мен Франция үкіметтері “түсініксіз” соғыс кезінде
қорғаныс стратегиясын ұстанады . Олар ағылшын- француз флотының
теңіздегі үстемдігі Германияны қоршау құрсауында ұстайды және
француздардың Германиямен шекарада күшті бекітілген “Мажино”
белдеуі немістердің батысқа шабуыл жасауына мүмкіндік бермейді
деп есептеді. 1940 жылдың көктемінде неміс әскерлері Батыс
майданда шабуылға шықты . Ағылшын – француз әскерлері Дюнкер-се
ауданында яғни Францияның солтүстігінде қоршауға қалды. Ауыр
қару –жарақтарын тастап , қоршаудағы топтың негізгі бөлігі
Англияға өтіп кетті.
Англия мен Францияның жеңілуі шешілген іс деп , 10 маусымда
оларға қарсы соғықа Италия да кірісті.
1940 жылы 22 маусымда Компье орманында 1918 жылғы Германиямен
уақытша бітімге қол қойылған, ескерткіш ретінде сақталып қалған
маршал Фоштың вагонында француз-герман уақытша бітіміне қол
қойылды. 25-і маусымда Франция Италиямен де уақытша бітімге
келді .
Француз- герман және француз - итальян уақытша бітімдерінің
шарттарына сәйкес Франция барлық соғыс қимылдарын
тоқтатуға, армиясы мен флотын қарусыздандыруға міндеттенді .
Германия оның територриясының үштен екі бөлігін Парижді қоса басып
алды . Франция аса көп оккупациялық төлем төлейтін болды.3
Ал 1940 жылдың 27-і қыркүйегінде Германия ,
Италия және Жапония Үштік пактіге қол қойды, бұл іс
жүзінде дүниені қайта бөлісу туралы келісім болды . Пактіге
қатысушылар бір-біріне барлық құралдармен көмек беруге
келісті . Ұзамай Румыния, Венгрия , сосын Болгария Үштік
пактіге қосылады . Олардың территориясына неміс әскерлері
орналастырылды.
Германиямен одақтастарының КСРО-ға шабуылы , одан соң
Жапонияның АҚШ пен Ұлыбританияға қарсы басқыншылығы фашист
басқыншыларына қарсы күресіп жатқан барлық күштердің біртұтас
антифашистік одаққа бірігуіне алып келді . Оның маңызды құжаты
Черчилль мен Рузвельттің 1942 жылдың тамызында Канаданың
Атлантикалық жағалауында кездесу барысындағы Атлантика
хартиясына келісім шартқа қол қойды . Атлантикалық хартияда АҚШ
пен Ұлыбританияның “ешқандай территориялық немесе басқа да
жаулап алушылыққа ұмытылмайтындығы және барлық халықтардың
өздері өмір сүргісі келетін басқару түрін таңдап алуға құылы
екендігі “ туралы айтылды. Ұлыбританиямен АҚШ “нацистік
тиранияны түпкілікті құртқаннан кейін олар жұрттың барлығы
ешқандай қорқынышсыз , жоқшылық көрмей өмір сүретіндей ,
дүиені құруға үміттенетіндігін жариялады . Ол үшін басқыншылықты
қарусыздандыру және жалпыға бірдей қауіпсіздіктің сенімді
жүйесін құру , ал келешекте “күш қолданудан бас тарту” қажет
деді .
КСРО Атлантика хартиясына қосылды. 1941 жылы шілдеде
Германияға қарсы бірлесіп қимылдау жөнінде ағылшын- кеңес
келісіміне қол қойылады . АҚШ президенті Рузвельт ленд-лиз (
яғни қарыз , жалға беру ) туралы заңның күшін Кеңес
Одағына да таратты , сөйтіп Кеңес Одағына американ қару
–жарақтары мен құрпал-жабдықтары келе бастады . 1942 жылы 26-
ы тамызда Лондонда “ Гитлерлік Германия мен оның Европадағы
сыбайластарына қарсы соғыста одақтастық және соғыстан
кейінгі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы” 20 жылдық мерзімге
байланысты келісім шартқа қол қойылды . 1942 жылдың 11
маусымында Вашингтонда өзара көмек туралы кеңес- американ
келісіміне қол қойылды
Ұлы үш мемлекеттің , КСРО , Ұлыбритания және АҚШ-тың
әскери- саяси одағы құрылды .
Фашизмге қарсы мемлекеттердің бірігуіне басты себеп ,
олардың басқыншыларға қарсы күресте күш біріктірудің
қажеттілігі еді. Кеңестік режимді сынап , оның дүниежүзіне
таралу қаупінен сескенгендіктеріне қарамастан , Рузвельт пен
Черчилль КСРО -мен ынтымақтасу ауадай қажет деп есептеді .
Бірақ одаққа енген елдердің арасында олардың әлеуметтік –
экономикалық және саяси сипаттарының ерекшеліктеріне және
соғыстан кейінгі жоспарына байланысты терең қарама-қайшылықтар
бар еді .
Одақтастар арасында көп уақыт бойында талас туғызып келген
мәселе екінші майданның ашылуы жайында болды . Фашистік
Германияның Европадағы негізгі күштері өзіне қарсы тұрған
Кеңес Одағы, Англия мен АҚШ –тан Европада тезірек екінші майдан
ашуды , соғыс қимылдарын Германияға төте жолы бар
Франциядан бастауды табанды түрде талап етті . Бірақ АҚШ пен
Англияның үкіметтері күштернің жеткіліксз екендігін сылтау
етіп , Европада екінші майдан ашылу туралы мәселені
кейінге қалдырып отырды .4
КСРО 1939 жылы Англиямен фашистік агрессияға қарсы
коалиция құрады . Бұл бағыттың алғы шарты КСРО-ның
қауіпсіздігі және Германияға тойтарыс беруі еді . Алайда
Англияның КСРО-ға деген көзқарасы антисоветтік еді , оның
дәлелі У.Черчилльдің 1939 жылдың 1-і қазанында радиодан сөлеген
сөзі : “Польша оны 150 жыл бойы құлдықта ұстап , бірақ
польяк халқының рухын жоя алмаған екі ұлы державаның
шабуылына тағы да ұшырап қалды . Варшаваны ерлікпен қорғау
Польшаның рухының өлмейтінін және қуатты су толқыны астында
уақытша қалып қойған жартастай Польшаның қайтадан көтерілетінін
көрсетеді . Ресей өзінің жеке мүдделерінің қырыс саясатын
жүргізіп отыр. Біз орыс әскерінің қазір алған шебінде басқыншы
ретінде емес, Польшаның досы және одақтасы ретінде тұрғанын
қалар едік . Алайда Ресейді нацистік қауіптен қорғау үшін
орыс әскерлеріеің осы шепте тұру қажеті болғаны түсінікті .
Қалай болғанда , бұл соғыс шебі бар , демек , Шығыс майдан
құрылды , оған шабуыл жасауға Германия бата алмайды ... “
Францияның жеңілуінен кейін Черчилль елді тек билеп қана
қоймай , саясатқа да басты назар аудару қажет болды . АҚШ
сияқты одақтас іздеп , КЕңес Одағы сияқты мемлекетпен
жақынырақ танысуды ұйғарды . КСРО Англиямен қарым-қатынас
жасауға дайын еді . Алайда ағылшын саясатында
антисоветтік ұғым әлі өше қоймаған еді .
Н.Чемберленнің билік басында болған сәттерінде ( 1940 ж
18 наурыз ) ағылшындар КСРО мен 1939 жылы үзілген
сауда қатынасын жаңартуын сұраған болатын . бірақ ағылшын
меморандумында 1940 жылдың 4 сәуірінде министрлер кеңесі
бойынша КСРО территориясына ағылшын әскерлерін орнатып , экспортты
басқа елдерге жіберуде бақылаушы ретінде орнатылды

1940 жылы 27 –і сәуірде Кеңес жетекшілері Лондонға кеңес-
ағылшын сауда қатынасы жайлы меморандум жіберді . КСРО
Англиямен біріге сауданың өсуін қалап , ішкі саудаға
мән бермейді . Сауда мәселесі жөнінде Англия мен КСРО
арасында келіспеушіліктер туындаған сәттер де болды . 1940
жылы 22 қазанда Вышинский мен Криппс арасында бір қатар
келісім шарттар орнайды . Келісім шартта сауда қатынасын ретке
келтіре отырып , бір-біріне қарама- қайшылық орнатпау , сонымен
бірге ағылшын- кеңес қатынасын үзбеу .
1941 жылы 18-і сәуірде ағылшын мемлекеті құйтырқы
саясатын ұстана отырып , ағылшын елшісі Криппс КСРО-ға
меморандум жібереді . Бұл меморандумда КСРО-ға әлем
имперализмін қарсы тұрғызбақ ойын білдіреді . Алайда КСРО
Англияға төнген қауіп- қатерді ескертуді ұмытпады .
Алайда Кеңес Одағы Англиямен қақтығысуды жөн көрмеді .
Уақыт өте келе Германия қуапі төніп , фашизм әлемге үрей
туғыза бастады . КСРО –ға Германия қауіп төндіре қалған
жағдайда , Англия Кеңес Одағына көмек бере отырып ,
өзін де қауіптен құтқаратыны анық еді . 5
1939 жылдың 1-і қыркүйегінде екінші
дүниежүзілік соғыс басталады . Агрессиялы бағытты ұстанған
Германия әуе ұшақтарымен қалармен ғимараттарды аяусыз
бомбалады . Алғашқы жау отына оранған Польша мемлекеті еді .
Польяк әскерлері ерлікпен қарсылық көрсетті . бірақ саны
аз нашар қаруланған польяк армиясы немістердің авияция
қолдаған қуатты танкі және моторланған дивизияларына
шыдас бере алмады . Соғыс басталғаннан соң екі аптадан
кейін Польша талқандалды.
Осы кезде 1939 жылдың 23-і тамызында жасалған құпия
протоколға сәйкес Кеңес Одағы Польшаға қарсы шықты . 1939
жылы 17-і қыркүйекте кеңес әскерлері ешқандай қарсылық
кездестірместен Польшаның шығыс аудандарына басыпе кірді .
200 мыңнан аса солдаттары мен офицерлері кеңес тұтқына
аоынды . 1940 жылдың көктемінде олардың 20 мыңнан артығы
Хатынь ( Смоленск қаласында ) және басқа жерлерде құпия
түрде атып өлтірді . 1939 жылы 28-і қыркүйекте Мәскеуде
Германия мен КСРО- ның Шығыс Европадағы біріккен
әрекеттерін заңдастырған достық пен шекара туралы герман
- кеңес келісіміне қол қояды .
Польша мемлекеті жойылды . Батыс Украина мен Батыс
Беларуссиямен КСРО құрамына енді , ал Германиямен шектес
польяк жерлері Берлиннен басқарылатын неміс генерал
-губернаторлығы деп жарияланды . Кеңес үкіметі Эстония ,
Латвия және Литвадан КСРО- мен өзара көмек туралы шарт
жасауға және өз территорияларында кеңес әскери гарнизондарын
орналастыруға келісулерін үзілді- кесілді түрде талап етті .
Бұл талаптар орындалды . 6
Осы кезде Кеңес Одағы Финляндиядан шекараны Ленинградтан
ары жылжытуды талап етеді , оның орнына көлемі екі есе
көп, бірақ халқы аз кеңес территоиясын алуды ұсынады .
Көп уақытқа созылған келіссөздер сәтсіз аяқталады ,
Финляндия ұсынысты қабылдамайды . 1939 жылы 30-ы қарашада
кеңес әскелері Финляндияға қарсы соғыс қимылдарын бастады .
Кеңес- фин соғысы ұзаққа созылмағанымен , өте ауыр болды
. Ұлттар Лигасы КСРО-ның бұл әрекетін айыптап , оны
мүшеліктен шығарды .
Ал Германия келесі шабуылды Батыс Европаға бағыттады .
Батыс Европадағы Франция мемлекетін жаулап алып өз
үстемдігін орнатады . Бірақ 1938 жылдың 6-ы желтоқсанында
Франция Германиямен жауласпау және де (Германия
тарапынан) жаулап алмау жайлы пактіге қол қойды .
Алайда Германия Францияны өзіне бағындырып , өз әскерлерін
енгізді .
Екінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы кезінде Кеңес
Одағының дайындық барысы жайлы айтсақ , ауыр өнер
кәсіптің дамуы , әуе , теңіз , құрлықтағы әскерді қайта
жабдықтауға мүмкіндік туғызды . Бұл мүмкіндік ғылымның
әрі қарай өсуімен оның жетістіктері мемлекетті қорғау
мақсаттында ұйғарылған еді .
Кеңес одағының оқымыстылары , конструкторлары ,
өнертапқыштары аянбай Отан үшін қызмет жасады . Жаңа
қажетті техникаларды өмірге әкелді .
Германия шабуыл жасамас бұрын Кеңес Одағы жаңа
жетілген қарулар мен соғысқа қажетті техникалар жасақтап
, тағайындады . Ауыр танк “КВ” және орта танклер “Т-34”
жасап шыкты . Бұл танклердің пайда болуын Кеңес
Одағының бронетанкалық техникалары жоғары сатыға
көтерілгенін куәләндрді .
“Т-34” танкісі екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғанға
дейін әлемдегі мықты танк болып саналды .
Сонымен бірге әуе конструкторлар ұжымымен инженерлер
жаңа ұшақ ойлап тапты . Бронялы шабуылшы ұшақ “Ил-2” және
жеңіл ұшақтар “Як-1” , “ЛаГГ-3 “ . Сонымен бірге “МиГ-
2” деген .
Шүйіле бомбалушы “Пе-2” соғыстың аяғына дейін ғажап қару
ретінде саналды .
Германияның шабуылнан бұрын кеңес оқымыстылармен
конструкторлары қаһарлы қаруды жасады . Бұл қару
автомашинаға жегілген реактивті миномет , сонымен бірге
халықпен армия мақтанышына бөленген “ Катюша” болатын .
Жасақ және соғыс техникалар саны өсті . 1929 жылдан
1941 жылға дейін жеңіл , орта , ауыр артиллерия өсті
. Қызыл әскер жасақ барысында 17 ел танкі саны өсті
. Ал 1934 жылға қарағанда 1939 жылы танк әскер саны
2,5 есеге өсіп , ұшақтар саны 1930 жылға қарағанда 1939
жылы 6,5 есеге асқақтап өсті . 7
Ал Ұлыбританияның жағдайы қандай болған еді екінші
дүниежүзілік соғыс басталған сәтінде ... .
Гитлердің Польшаны ойрандауы және де Германияға Англия
мен Францияның қарсы шығуы бүкіл әлемді таң қалдырды .
Сол кездегі Ұлыбританияның премьер- министрі Н. чемберлен
еді .
Француз әскері Германияға бет алмаған күйде ,
мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайынан , соғыс
жағдайына көшірді , яғни мобилизацияланды . Алайда соғысқа
ынтасы жоқ , Франция әрдайым тыс қалып , бейтараптық
танытып жатты .
Неміс ұшақтары Англия мен Францияға бірнеше апта бойы
ешқандай шабуыл жасамады . Себебі бұл кезде неміс әскери
машиналары Польшаны таптап жатқан еді . Гитлердің келесі
жорығы батысқа бұрған болатын.
Дания , Норвегия , Голландия , Бельгия, Югославия ,
Люксембург , Греция және Францияны жаулап алып , өзінің
одақтасы ретінде Финляндия , Румыния , Венгрия , Болгарияны
тартты .
Ендігі жерде Англияға қауіп төнгеннен кейін , алдын
–ала премьер- министр Чемберлен бір шара қолдануды ұйғарды .
1939 жлы жазында қауіп -қатер төніп тұрған еді .
Біріншіден қарсыласының суасты жүзетін кемелерден ,
екіншіден әуе қаупінен сақ болу еді .
Ендігі жерде Англия үшін қауіп зор болғандықтан
премьер –министр Чемберлен дұрыс жол тапқандай болады . Оның
жоспары бойынша фашизмнің диктаторы Гитлермен мәмлеге
келіп , жауласпау жайлы келісім шартқа отыруды ұйғарады . Алайда
бұл шешімді қабылдағаннан кейін соңында не боларын білген
консерваторлық бағытты ұстанған У.Черчилль , Чемберленнің бұл
көзқарасына қарсылық танытады . Себебі әй-шәйға қарамастан
Германияның Польшаны талқандауы , және тағы бас қа қалалар
мен мемлекеттердің фашизмнен зардап шегуін мысал келтіре
отырып , Черчилль оңай ғана келісім жасалатына көзі жетпеді .
1939 жылдың наурыз айында ағылшын парламентінде
консерваттардың басым бөлгі бірігіп , құрамында шетел
ісінің ұйымдастырушысы Иден де қатысуымен жиналыс өткізеді .
агрессиялы күшке , жаңа одақтас қажет екендігі жайлы
У.Черчилль ашық мәлімдейді . Осы уақытқа дейін большевизмді
мойынсынбаған ағылшындар Кеңес Одағымен бірігуді жөн көреді 8
У.Черчилль Гитлердің “ Менің күресім “ ( “Моя борьба”)
еңбегімен жақсы таныс еді .
Гитлердің сол еңбегінде 14-і бөлімінде әлемді билеп-төстеу
жөніндегі құжатты айқындап жазған болатын .
1937 жылы 5-і қарашада империялық концелярияда жиналған
жиналыста Германияның саяси және әскери жетекшілері әлемдік
соғыстың Гитлермен оңтайлы шешіміне қарсы келмей ,
барлық келісімді мақұл көреді .
Сонымен бірге Гитлер : “ Егер КСРО-ны талқандасақ , онда
Англияның үмітін сөндіргеніміз, одан кейін Европа мен Балқанды
Германия ғана билеп -төстейді “ деп айқын айтты
Бұл жағдай Англия мен Кеңес Одағының ауыз біршілігі бір
жерден шықты . Сонымен 1939 жылы 4-і мамырда КСРО мен Англия
арасында келісім жасайды . 9
1941 жылдың 22 маусымынан бастап Германия
ешқандай хабар бермей КСРО-ға жаппай соғыс күшін
жүргізеді .
Рига , Виндава , Либава , Каунас , Кобрин , Лида ,
Брест , Бобруск , Житомир , Киев , Севастополь және
тағы басқа сол сияқты қалалар талқандалып жатты .
Кеңес Одағындағы ұзыннан- ұзын созылған темір жолдар ,
әскери теңіз базалары , сонымен бірге аэродром дар бомба
астында қалып , күлі көкке ұшты . Балтық теңізінен
Карпатқа дейігі орналсатырылған КСРО әскерлерін немістер
атқылап , енгі жерде тура бағытты Кеңес Одағына ,
дәл өіне шабуыл жасады .
Осылай Кеңес Одағының халқында Ұлы Отан соғысы
басталып кетті .
Германияда таңғы уақытта А. Гитлер декларациясында
(неміс халқына жолдауында ) Кеңес Одағына соғыс ашқаны жайлы
радиодан хабарларды .
КСРО-ға енген фашистік күш толығымен 190 жинақталған
дивизиясы , 5,5 млн-ға жуық солдат пен офицерлері
, және де 4300 танкпен шабуыл жасайтын , 4980
әскери ұшақтар , 47.200 минометпен басып керген еді .
Сондағы Германия сияқты агрессиялы күшке қарсы Кеңес
Одағының жасағы : 2,68 млн адам , 1800 танк ,
1540-қа жуық ұшақтар және де , 37.500 минометпен
соғысқа қажетті саймандармен жауды қарсы алды .
Керемет жасақтанған агрессиялы күштің тәжірибесі
ретінде Европадағы жасалған әскери операциясы дәлел
еді . Герман фашистері өзінің мықтылығымегн жеңіске
жетеміз деп сенді .
Соғыспас бұрын Гитлер бірнеше апта бойы жоспар
құрып , ондағы басты мақсат Кеңес Одағын толығымен
жою болатын .
Неміс экономикасы толығымен әскери темір жол
арқылы өз қорын байытып нығайта түсті . Бақылап
отырған жерлерден ( Германияға тәуелді жерлер ) 400
миллион тоннаға жуық көмір , 32 млн тонна болат
және тағы басқа азық –түлікпен шикізаттар тасыды .
Ал Кеңес Одағы халқы үшін Ұлы Отан соғысы оңайға
соқпады. 10
Германия КСРО-ға соққы берген күннен
бастап Лондондағы елшісі Ш.М .Майский көптеген хат,
телегараммалар жолдады. Жолдаған телеграммалардың бірінде:

“Бас көтеріп ер жүректік танытқандығын мадақтап
, ағылшын халқы бірге екендігін айтып жазды .”
1941 жылы 22 маусымда яғни соғыс басталған күні
ағылшын премьер- министрі У. Черчилль АҚШ ; Ұлыбритания және
де Кеңес Одағы қосылып фашистік Германияға қарсы
тойтарыс беретіндігі жайлы ашық радиодан хабарлады .
Кеңес Одағындағы шетел ісінің наркомы ( халық
комиссары) Молтов ағылшын елшісі Криппспен кездеседі .
Криппс КСРО-ның одақтасы ретінде Ұлыбритания мемлекетінен
, қандай мөлшерде көмек қажет екендігі , сонымен
бірге екі ел арасындағы қарым -қатынасты нығайту үшін
келісім шартқа қол қояды .
Келісім шарт 1941 жылдың 12-і шілде айында Мәскеу
қаласында жасалады . Мұнда : екі елде Гитлерлік
армияға қарсы тойтарыс беруі және де бір- біріне
қандай жағдай болмасын көмек көрсеу ;
Сонымен бірге Геманиямен ешқандай да бейбіт
келісімін , келісім шарт жасаспау жайлы мәмлеге
қол қойды . 11
Келісім шартта ортақ мідеттеме екі елге
жүктелгенмен КСРО мен Ұлыбритания арасында достық пен
одақтастық қатынас қалыптасты .
Кеңес -ағылшын келісіміне қол қойған соң ,
Германияға тойтарыс беру мақсатында Кеңес Одағынынң
үкіметі 18- і маусымда ағылшын премьер-министріне үндеу хат
жолдады . Онда Европада екінші майданның ашылуы
жайлы мәселені қозғай отырып , КСРО мен
Ұлыбритания арасындағы одақтың нығаюына сенім артып
, екі мемлекетке ортақ жауды ойсыратуға шамасы
жетеді деп жазды .
Дәл осы хатында : “ Менің ойымша Кеңес Одағының
әскери жағдайы Ұлыбританиямен тең . Алайда
Гитлерге қарсы соғысты Батыстан (Солтүстік Франция )
немесе Солтүстіктен (Арктика) өрбіткен жағдайда
тіптім жақсы болар еді .
Дәл қазір Гитлердің назары Шығысқа аударулы .
Осы сәтті пайдалынып соғысты солтүстіктен
бастаған жөн . Ол үшін ағылшын теңіз және әуе
күштері қажет . Бұл операцияға кеңес әскерлері де ат
салыспақ . Немістер бас көтере қалған жағдайда
даярлық қажет “ деп аяқтады .
Бұл хаттың мәтінімен толық таныс болған
ағылшын премьер - министрі Черчилль , Кеңес үкіметнің
елшісіне теріс жақтарын түсіндіре отырып , ауқымды
әректпен Германияны аямай тасталқан етуге уәде
береді .
Екінші майданның ашылуын премьер –министрмен бірге
Европада ағылшын бас штабында ой бөліскен еді .
Черчилльдің И.В. Сталинге жазған хатында Ұлыбританияның
бас штаб комитеті ағылшын бағдарламасын қарастырумен
Германияны әлсірету үшін , әуе , теңіз , және
экономикалық көмегімен Алыс және Таяу Шығысқа
Ұлыбританияның жайын нығату керектігін ескертеді:
“ Бұл бағдарлама әрине Ресей үшін жанама
көмек . Ал тікелей көмекке келсек , орыс армиясы
арқылы жасалған операция және де әскери әуе
күшіне көмек жағынан дәрменсізбіз “- деп жазды.
21-і шілдеде ағылшын елшісі Криппс Кеңес
үкіметіне Черчилльдің жазбаша үндеу хатын табыс
етті.
Премьер –министр : “ Сіздерге қандай көмек болсада қол
ұшын беруге дайынбыз . Ресейге немістердң бірінші күні
шабуыл жасаған күннен бастап Франция мен Норвегияға
қолдау көрсету жайлы ұсынысты бас штабқа
ұсынған едік , өкінішке орай келіп -кетер пайдасы
жоқтығын айтып келіспеді . Алайда мойынсынбаңыз әлі-ақ
ортақ жауымызға соққы беріп жеңеміз... “- деп соңғы
сөзін аяқтады .
Бірақ кеңес –неміс соғысына ағылшындар бейтараптық
танытады . 12
Премьер -министр У. Черчилльдің Сталинге
хать жолдауы :
“ Әскери кабинетің шешімімен әуе жойғыштарының
ресурстары жедел түрде Ресейге 200- дей “Томахон”
атты ұшақтарын жеткізумен қатар Англиядан Архангельскке
140-қа жуық қырып - жойғыш ұшақтарын жекізіп , ал 60
ұшқыш партиясыннан құралғанын АҚШ бізге жіберуге
міндетті .
Кейбір жағдайда машиналарды жабдықтап , жинақтау үшін
американдық қолдау керек . Ол үшін американдық
үкіметпен келісімге келу қажет.
Қазірге біздің 2-3 млн- ға жуық жұп- жұбымен
бәтеңкелер бар . Оларды жөнелтеміз деген ойдамыз .
Сонымен бірге каучук , жүннен тоқылған мата ,
қалайы және тағы басқа материалдарға сұраныс
жіберген жағдайда , өзіміз жеткізе алмай
қалған жағдайда , одақтасымыз болып саналатын АҚШ-пен
қосымша келіс сөз жүргіземіз ... ” -- деп жазды.

1941
жыл 25 шілде. 13

Алайда Ұлыбритания мен Кеңес Одағы арасындағы
байланыс үзілмеді.
1941 жыл 13 -і қыркүйек .
Сталиннің премьер –министрге жолдаған хатында :
“ КСРО үкіметінің көзқарасы бойынша екіші
майданның ашылуы жағдайды жақсартар еді !
Бірақ сіз әлі де екінші майданның ашылуы жайлы
мүмкіндік туып тұрса да , жөнсіз деп санаймыз .
Бұл әрекет ортақ жауымыздың жеңілуіне әкеп соғады
емес пе...
Ағылшын үкіметті Кеңес Одағына Жеңіс тілейтініне
шүбә келтірмеймін , алайда екінші майданның Батыстан
басталуын ағылшын үкіметі қолдамаса , онда Кеңес
Одағына жауды жою мақсатында күшті әскери көмек
қажет .
Менімше Англия тәуекелге бел буып 25- 30 дивизиясын
Архагельскке қондырып , немесе Иран арқылы КСРО-
ның оңтүстік жағына өткізіп , онда кеңес
әсерлерімен әскери тәжірибемен үлгі алып үйренсе .
Бұл үлкен көмек болар еді . Менің ойымша
агрессиялы гитлерлік күшке қарсы ауқымды соққы берер
едік .
Әр айда Англия тарапынан алюмении, ұшақ және
танкімен қамтамасыз етті , ол үшін үлкен айтамын
Ағылшын үкіметінің көрсеткен көмегі алып сату
мақсатында емес , достық пен қызметті арттыру деп
ойлаймын .
1941 жылы 12-і қыркүйекте Ұлыбританияның елшісі
азамат Криппстің Мәскеуде В.М.Молотовқа берген хаты
адамға көп ой салады .
Леинградтағы кеңес кемелерін жойған жағдайда
Кеңес одағына жіберілген эияндықтың құнын ағылшын
үкіметі төлейді . Бұл іске түсініп Кеңес үкіметі
жоғары бағалайды . Алайда Ленинградтағы кеңеес
кемелерін кеңес халқы жояды дегенге күдіктенемін .
Бірақ шығын үшін Англия емес , Германия жауап
береді . Сол үшін Германия шығынның есесін
соғыстан кейін өтейді ... ..”14
Ағылшын үкіметі КСРО-ға мөшермен соғысқа
қажетті материалдармен қамтамасыз етті.
1941 жылы 6-ы қазан
Премьер- министрдің Сталинге жазған хатында:

“ Мәскеуде өткен үш жақтамалы конференцияның
сәтті өтуіне лорд Бивербруктан естіп қуандым.
Біз он күндік аралық жерде сапар шегетін
қарауыл отрядтарды қамтудамыз . Келесі жүк жолда , ал
12-і қазанда Архангельскке жетеді . Онда: 20 ауыр
танклері , 193 жойғыш күші (истрибитель) . Келесі
жүк 12-і қазаннан жөнелкен жағдайда 29-ы қазанда
жетеді деген үміттеміз . Онда 140 ауыр танклері ,
“ Харрикейн” типтегі 100 ұшақтар, пулеметтерге арналған “
Брен” типтегі 200 транспортер , 200 танкіге қарсы
қару –жарақтар сонымен бірге снарядымен 42 мм калибрльі
50 зеңбірек .
Ал келес жүкті 22-і қазанда жөнелткен
жағдайда ; 200- ге жуық жойғыш күші , 120 ауыр
танкілер , жеткізілуі тиіс .
Осыдан қазан айының ағына дейінгі үлес ұшақпен
280 танкілер Ресейге 6-ы қарашада жетеді . Персия
арқылы 20 танкі арттырылды , сонымен бірге 15-і
жедел Канада арқылы Владивастокқа жеткізіледі .
Жалпы 315 танк жіберілген болатын “ деп
жазды ағылшын премьер -министрі У.Черчилль . 15
Германия агрессивті саясатын КСРО- ға
бастаған күннен бастап Қызыл Армия әскерлері
тойтарыс берген болатын .
Ал соғыс қарсаңында В.М .Молотов ел
қорғаушылардың рухын көтеру мақсатында “ Біз жауды
тасталқан етіп жеңеміз ! Жеңіс біздікі ! “ деп ұран
тастады .
Қызыл Армияның 1941- 1942 жылдары жеңіске жету
жайлы , сонымен бірге халықаралық қатынастың әсері
көптеп септігін тигізетін жайлы француз ізденушісі
А.Константини жазады .16
1941 жылдың 5-і желтоқсанында
У.Черчилльдің Сталинді құттықтауында :

“Британ халқы сіздер үшін бәріне дайын .
Сонымен қоса Ленинград пен Москваның аяғына нық тұруы
бізді таң қалдыруды . Орыс армиясы үшін біз өте
қуаныштымыз . Ростов Дон маңындағы ортақ жеңісіміз
құтты болсын.!!! “ - деп жазды .
КСРО фашистерге қарсы алғашқы жеңістерінде
АҚШ және Англия жерінен әкелінген қару- жарақтарды
пайдаланды . Алайда бұл қару мен әскери жабдықтар дер
кезінде жеткізілмей жатқан кездері де болды . Факт
бойынша Англия КСРО- ға ( 1941 жылдың 22-і маусымынан 30-ы
сәуіріне дейін , 1944 жылға дейін ) 1044 мың тонна
жүк арттырды.
Сонымен бірге 3384 ұшақ , ( 2442 американдық ұшақтар
Ұлыбританияның үлесінен ) , 4292 танк , 12 мина
сүзетін кеме , 5239 автокөлік пен бронетранспортер ,
562 зенит зеңбірегі , 548 танкіге қарсы қару -жарақ
және тағы басқа материалдар жеткізілді .
Келесі жылы , яғни 1942 жыл 6-ы ақпанда кеңес
- ағылшын қатынасының нығаюы жайлы Иде меморандум
тағайындайды . Кейде ағылшындар тарапынан бейтараптық ,
,пассивтік байқалып жатты.
Сол жылы Черчилль мен Сталиннің кездесу барысында
, Англия тарапынан салғырттық танытқандығын айта
келе , берген уәдені уақтылы орындау жайлы Сталин
талап етті.
АҚШ , Ұлыбританияның қалған қалдықтарына зәру еместігін
ашық ескертіп айтты . Алайда Гитлерлік фашизмнің
қаһары басым болғандықтан бірігіп тойтарыс
беруге мәжбүр болған батыс елдері , қандай
ұсыныс болсын оны дер кезінде орындауға талпынды. 17
Англия мен АҚШ Трансирандық темір
жолымен әскери материалдарды артуды қысқартты . Сол
қарқынмен 1942 жылдың шілде- тамыз айларында да
Англия КСРО-ға бірде- бір ұшақ жібермеді . .
1942 жылдың жартысына дейін Англиядан 1000 ұшақтың
орнына 384 , ал 1250 танкінің орнына 642 танк
жібереді . Кеңес одғы операция жоспарлауға немесе әскери
команда беруге қажетті материалдың жоқтығы салдарынан
соғысқа шығу мүмкін емес еді .
Сонымен бірге Англияның ішінде ерекшеленген
бөлігі де өмір сүруде еді .
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңес халқына
жақын бұл Англия , өзінің прогессшіл жұртшылығымен
таныс .
Ұлыбританияның халқы , билеуші топтарға қарағанда , ортақ
жауларын ойсырату мақсатында одақтастарына бейтараптық
танытпады . Екінші майданның ашылуын талап етіп ,
фашизмді жеңу мақсатында аянбай еңбек етті .
Кеңес халқына моральді және материалды көмек
көрсетіп , КСРО-ға қарсы антисоветтік топтарының теріс
бағыттарын әшкерелеп , антигитлерлік коалицияның
нығаюы үшін күресіп , соғыстан кейін де АҚШ , КСРО
және Англия одағының сақталуын қалаған еді .
Ертедегі Кеңес одағының досы ретінде , британдық
коммунистер жақын болды . Бұл жағдайда Англия мен КСРО
арасындағы , саяси- әскери қарым- қатынасқа лейборист
партиясы мен британ коммунистері де ат салысты .18
1941 жылдың қыркүйек айында британ
коммунистерінің сьезінде кеңес - ағылшын кәсіподақ
комитетінің құрылуын бірауыздан шешім қабылдады .
Бірінші мәжіліс Мәскеуде өтті . Онда өз үкіметтерін бұл
күресте қолдау үшін , ортақ жауларына соққы беру
мақсатында Англия және Кеңес одағының кәсіподағы
тез бірігуін талап етті .
1942 жылдың қаңтар- ақпан айларында Англияға

Н.М.Шверником басшылығымен кеңес кәсіподағының
делегациясы келді . КСРО- дан келген жұмысшы өкілдері
60-қа жуық шахта , завод және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ БІРІНШІ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК СОҒЫС
Бірінші дуние жүзілік соғыстың себептері
ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Балқан соғыстары
Екінші дүниежүзілік соғыстың салдары
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Таяу Шығыстағы Британ Француз үкіметінің отарлық саясатының дағдарысы
Дүние жүзі тарихы
Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдайы
Пәндер