Ұйымдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі туралы



Кіріспе
I.ТАРАУ ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы
II .ТАРАУ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЩ ЕСЕБІ
2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу
2.3. Басқа да кредиторлық борыштардың есебі
III .ТАРАУ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІ
3.1 Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты
3.2 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті
3.3 Ұйымның міндеттемелерін экономикалық талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін.
1. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И.,
«Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»
Алматы 2003ж
2. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.
«Қаржылық есеп»
Алматы: экономика, 2001
3. Бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі жоспарын қолдану жөніндегі «Әдістемелік ұсынымдар»
Бухгалтер бюллетені №10, наурыз 2004ж
4. Андреев В.Д.
«Практический аудит» - М: Экономика, 1994г
5. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Е.Т., Жұмағалиева Ж.Т.,
« Ұйымның қаржылық жағдайын талдау» - Алматы: Экономика, 2001г
6. Абдыманапов А.А
«Концептуальное основы и принципы бухгалтерского учета»
(учебное пособие) – Алматы, 2003г
7. Под.ред. Нурсеитова Э.А.
«Нормирование командировочных и представительских расходов»
Алматы:2003г
8. «Қазақстан Республикасының Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі – 2001 жылғы 12 маусым. №209-II
9. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы №309- II заңы (10.07.03 жылғы енгізілген түзетулер және өзгерістер)
10. Назарова В.Л.
«Шаруашылық жүргізуші субьектілердегі бухгалтерлік есеп»
Алматы экономика 2005ж
11. Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.К., Дюсембаев З.К.
«Аудит и анализ финансовой отчетности» (учебное пособие)
Алматы: Қаржы-қаражат, 1998г
12. Салина А.П.
«Принципы бухгалтерского учета» (учебное пособие) –
Алматы: Экономика 2003г

13. Рахимбекова Р.М., Кеулимжаев К.К., Айтхожина Л.Ж., Сальменова А.Т.
«Финансовый учет на предприятии»
Алматы: Экономика 2003г
14. Шеремет А.Д., Суйц В.П.
«Аудит» Учебник – М: Инфра-М, 2002г
15. Под. ред Подольского В.Н.
«Аудит» Учебник – М: Юнити, 2003г
16. Тасмағанбетов Т.А., Радостовец В.К.
«Қаржы есебі» - Алматы: Дәуір, 1998ж
17. Радостовец В.К., Шмидт О.И.
«Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета»
Алматы: Центраудит – Казахстан 2000г.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылык
жүргізуші ұйымдардың жане олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел
басқарушы үшін, экономикалык жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін
қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып
табылады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының
талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін еспке алу
жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар
қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал
бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір
тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын
көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне
мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал
кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Кез – келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін
қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдына міндетті
болса, саудамен айналысатын ұйым сол сататын тауарларын жеткізіп беруші
яғни жабдықтаушы ұйымның алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен
де, саудамен де айналыспайтын ұйымдарды өз қарамағында жұмыс істейтін
жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін сондай-ақ
бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы
мүмкін. Қазіргі танда қаржының жетспеушілігінен банктерден, банктен тыс
мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып
жатырған, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып оны қайтаруға
мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатырған ұйымдар
көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық
есептің ең негізгілерінің бір болып саналатын тақрыптардың бірі
міндеттемелер есебі. Диплом жұмысының тақырыбы Ұйымдардың
міндеттемелерінің есебі және аудиті соған сәйкес осы тақырып бойынша
Казпочтаснаб акционерлік қоғамының шаруашылық қызметінің мәліметтері
негізінде диплом жұмысын жазу таңдалып алынды. Диплом жұмысының мақсаты –
зерттеу обьектісі ретінде алынған міндеттемелер ұйымдастыру жүйесін жан-
жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай
жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады. Сондықтан да дипломдық
жұмыстың басты мақсаты Казпочтаснаб акционерлік қоғамының материалдары
негізінде ондағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу есебінің дұрыс
жүргізілуін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ аудиторлық тексеру жүргізуді
теориялық тұрғыдан зерттеу және талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен және қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы жұмыс міндеттемелер бойынша
есеп айырысу мен оның аудитін теориялық жағынан және тәжірибелік
мәліметтер негізінде оның толық сұрақтарын қарастырады.

I-ТАРАУ ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Ұйымдағы бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыру үшін ұйымның
басшысы жауапты. Ұйымның басшысы осы ұйымдағы бухгалтерік есептің дұрыс
жүргізілуін, барлық қызмет бөлімшелерінде қызметтің дұрыс ұйымдастырылып
жүргізілуін, бас бухгалтерден мәліметтерімен құжаттар есебін дұрыс құруын
және мерзімінде беруін қадағалап, қажетті жағдай жасауға міндетті.
Ұйымдағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерияда
жүргізіледі. Бас бухгалтер осы ұйымның басшысымен тікелей жұмысқа алынады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік және салық есебін ҚР-ғы
заңдылықтар мен жарлықтарға сәйкес әдістемелік принциптерге сай жүргізеді
және оған жауапты болады. Бас бухгалтер ұйымдағы барлық шаруашылық
операцияларды БЕ шоттарында дұрыс көрсетілуін бақылайды, оперативті
мәліметтерді беру және көрсетілген мерзімде бухгалтерлік және қаржылық
есептілікті дайындап, ұйымның қаржы шаруашылық қызметіне экономикалық
талдау жасауға міндетті. Бас бухгалтер ұйым басшысымен бірге ТМҚ мен ақша
қаражатының кіріс ету, шығыс ету құжаттарын сонымен қатар қаржылық есеп,
несиелік міндеттемелердің құжаттарына қолын қояды. Осы көрсетілген құжаттар
бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады. Ұйым басшысы әр бөлек
құрылым бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына бас бухгалтердің келісімімен
құжаттарға қол қойып, шешім қабылдануына рұқсат береді.
Материалды жауапты тұлғалардың қызмет барысындағы орын ауыстыруы,
жұмыстан шығуы немесе жұмысқа тұруы ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен
жүзеге асырылады. Материалды жауапты тұлғалар жұмысқа тұрғаннан соң олармен
материалды-жауаптылық туралы және еңбек келісім жасалады, ал кассирлермен
қосымша міндеттемеге қол қойылады.
Бас бухалтер персоналдық жауаптылықта бола тұрып қолма-қол ақша
қаражаттарының қозғалысы мен түгенделігін қадағалайды. Алынған аванстар
бойынша есеп беруші тұлға 5 күн ішінде есеп бермесе, оған кассадан қолма-
қол ақша беруге тиым салынады.
Бас бухгалтер қызметтен босатылған кезде ол жаңадан белгіленген бас
бухгалтерге өз ісін өткізіп тапсыруы тиіс. Бұл кезде бухгалтерлік және
салық есебінің жағдайы жайлы есеп жүргізіліп, оған сәйкес осы ұйым басшысы
тұжырымдаған акт құрылады.
БЕ-ті жүргізу барысында бас бухалтер барлық қызмет көрсету
бөлімшелеріне міндетті шаруашылықта болатын операцияларды рәсімдеу, қажетті
құжаттар мен мәліметтермен қамтамасыз ету, ресурстардың нәтижелілігін
көтеру шараларын қабылдау міндетін қояды.

1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы
Казпочта акционерлік қоғамының филиалы Почтажабдықтау
(бұдан әрі – Филиал) Казпочта акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі
болып табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды,
өз қызметін Казпочта АҚ атынан және оған Казпочта АҚ берген өклеттіктер
шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан
Республикасының Байланыс туралы Заңын және Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтік құқықтық актілерін, Казпочта АҚ нормативтік актілерін,
оның ішінде Казпочта АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін
және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды Казпочта АҚ Басқармасы
Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал
орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін
органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны
заңдарда белгіленген тәртіппен Казпочта АҚ өндірістік мақсаттағы
өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді Казпочта АҚ үшін
жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге
өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу
және Казпочта АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына
бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді
пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді
жүзеге асыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс қызметтерін,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген
өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.
Филиалдың қаражаты Казпочта АҚ берген негізгі қаражаттардан
және Казпочта АҚ шығыс сметасына сәйкес бөлетін қаражаттардан тұрады.
Филиалдың кірістері мен шығыстары Казпочта АҚ орталықтандырылады және
қайта бөледі. Филиалдың негізгі қаражаты Казпочта АҚ тиесілі және
Казпочта АҚ балансында есепке алынатын Филиалға бекітілген ғимараттардан,
құрылыстардан, жабдықтардан және басқа да мүліктерден тұрады.
Филиалдың құрылымын және еңбек ақы төлеу қорын Казпочта АҚ
Басқармасы бекітеді. Филиал қызметін басқаруды Казпочта АҚ Басқармасының
Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметінен босататын директор жүзеге
асырады. Филиал Директоры оның барлық қызметіне басшылық жүргізеді және
Филиалға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болып табылады.
Филиал Директорының Казпочта АҚ Басқармасының Төрағасы қызметке бекітетін
және қызметінен босататын орынбасарлары, бас бухгалтері болады.
Филиал Директоры Казпочта АҚ берген сенімхат негізінде:
Филиал қызметіне басшылық жүргізеді, Филиал құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша бұйрықтар мен өкімдер шығарады; барлық ұйымдарда Филиалдың
мүдделерін білдіреді, Филиал бөлімшелерінің қызметіне байланысты
мәселелерді қарастырады, Филиал бөлімшелері басшыларының есебін тыңдайды,
Филиал құрамына кіретін бөлімшелер туралы ережелерін бекітеді, Казпочта
АҚ Басқармасы бекіткен еңбек ақысын төлеу қоры шегінде филиалдың өндірістік
қызметкерлерінің штаттық кестесін бекітеді, орынбасарлар арасында
міндеттерді бөледі.
Филиалдағы есеп және есеп беру Қазақстан Республикасының
заңдарына және Казпочта АҚ нормативтік актілеріне сәйкес ұйымдастырылады.
Филиал қызметінің нәтижелері Казпочта АҚ Филиал Директоры беретін
күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық қаржылық есептерде көрсетіледі.
Филиал қызметіне ревизияны Казпочта АҚ тиісті бөлімшелері
жүргізеді. Филиал қызметіне тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес және құзыреттері шегінде Қазақстан Республикасының салық және өзге
де органдары жүргізуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттау
Бухгалтерлік жазулар шаруашылық операцияның бөлу фактісін
белгілейтін алғашқы құжаттар негізінде болады. АҚ-ның активтерге, жарғылық
капиталға, міндеттемеге, шығындар мен шаруашылық табыстарға әсер ететін
шаруашылық қызметінің барлықшаруашылық операциялары және басқа да
жаңалықтар бухгалтерлік есепте көрсетілуі керек. АҚ-ның алғашқы құжаттары
операция орындалуы кезінде құрылады.
Бухгалтерлік жазулар компютерленген жүйе 1С: Бухгалтерия
бағдарламасын қолдану негізінде жүргізіледі.
Алғашқы құжаттар және бухгалтерлік есеп регистрлері мазмұны
комерциялық құпия болып табылатын ақпарат болып табылады, оған тек қана АҚ
басқармасы рұқсат еткен адамдарға және ҚР заңдылығына сәйкес мемлекеттік
органдардың адамдарына ғана рұқсат. Казпочта АҚ басқармасы бухгалтерлік
құжаттарға қол қою құқығын тұлғаларға өзі анықтайды.
Түгендеу. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп дұрыстығын
қамтамасыз ету мақсатында ұйым мүлікті және ақша міндеттемелеріне түгендеу
жүргізіледі:
- негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық қорлардың
инвентариза-
циясы жылдық бухгалтерлік есебінің алдында жылына 2 рет жүргізіледі;
- ақша қорының және кассадағы ақша құжаттарының түгенделуі
айына 1 рет жүргізіледі;
- дебиторлар мен кредиторлар есептілікке түгендеу тоқсан сайын
1 рет жүргізіледі.
Түгендеуді жүргізу жауаптылығын АҚ-ның генералды директоры және
түгендеу комиссия алады.
Комиссия құрамына мыналар кіреді:
АҚ-ның бас бухгалтерлерінің орынбасары, сату бойынша менеджер,
комендант, ішкі аудитор-ревизор.
Негізгі құралдардың есебі. Ұйымның негізгі құрал есебі номері 6
БЕС-на сәкес жүргізіледі.
Ұйымның негізгі құралдары келесі топтарға бөлінеді:
- жер;
- ғимараттар мен құрылғылар;
- машиналар мен жабдықтар;
- транспорттық құрал;
- басқалары;
- аяқталмаған құрылыс.
Негізгі құралдардың келіп түсуіне келетін болсақ АҚ-ның
шаруашылық қызметінде пайдалану мақсатында келіп түскен негізгі құралдар
негізгі құралдардың құрамында көрсетіледі. Қайта сату мақсатында пайда
болған негізгі құралдар – ТМҚ құрамында – ұзақ уақытқа қаржы ретінде, салу
мақсатында пайда болған негізгі құралдар қаржылық инвестиция ретінде
көрсетіледі.
Негізгі құралдар обьектілерінің бастапқы құны былай анықталады:
- құрылтайшылар арасында келісілген құны бойынша олардың
жарғылық қорға үлес счетіне негізгі құралды енгізу кезінде;
- ұйымның өздерінің негізгі құралды енгізу кезінде;
- экспертті жолмен немесе қайтару-беру акті бойынша қайтарусыз
басқа заңды немесе жеке тұлғалардан обьектілерді алу кезінде.
Негізгі құралдар қоймада қор ретінде сақталуы мүмкін.
Негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау үшін АҚ-да тұрақты
қызмет атқаратын комиссия құрылған, оның құрамына мыналар кіреді: бас
бухгалтердің орынбасары, менеджер, ішкі аудитор-ревизор комендаты.

Комиссия негізгі құралдардың жарамсыздығының себебін қарастырады және
кінәлі адамдарды жауапқа тартады. Сонымен қатар жеке бөлшектер мен
материалдардың жарамдығын анықтайды. Жұмыстың нәтижесі болып негізгі
құралдардың актісі болып табылады. Актіде обьектілердің бастыпқы құны,
берілген бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы, материалдық
құндылықтардың құны, өткізу құны және жоюдың жалпы нәтижесі көрсетіледі.
Амортизацияны есептеу. Бөлінген (есептелген) амортизация әрбір
есепті кезең сайын шығын ретінде танылады. АҚ-да амортизацияны есептеу
обьектінің бастапқы құнынан шыға отырып, құнды түзу сызықты (бір қалыпты)
әдісті пайдаланумен негізгі құралдардың барлық түрі бойынша есептеледі.
Жылдамдатылған әдісті пайдалану жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
Негізгі құралдарды жөндеу есебі. АҚ-да негізгі құралдарды
күрделі және ағымдағы жөндеу мамандандырылған ұйымдармен келісім шарт
негізінде мердігерлік тәсілмен жүзеге асырылады. Жөндеу жұмыстарын
орындаған үшін есеп орындарын жұмыс қабылдау актісі негізінде мердігерлер
счеті бойынша көрсетіледі. Негізгі құралдарды жөндеу жұмысы бойынша
шығындар кезең шығындарына жатады.
Материалды емес активтердің есебі. АҚ материалды емес
активтерге (МЕА) қаражат салуға құқылы. МЕА түсінігінде мынау жатыр:
физикалық мәнділігі жоқ, өндірісті пайда табу мақсатында ұзақ уақытты
кезеңге пайдалануға арналған активтер.
АҚ-да болашақта берілетін активпен тікелей байланысқан
экономикалық табыс алу мүмкіндігі жоғары болса;
- АҚ-да болашақта берілетін активпен тікелей байланысқан
экономикалық табыс алу мүмкіндігі жоғары болса;
- активтің құнын дұрыс анықтауға болады.
Материалды емес активтердің келіп түсуі. Обьектінің МЕА
активтің құрамына кіргізілуі МЕА-ді қабылдау беру актісінде еркін нысанда
толтырылады. Онда пайдалану мерзімі және тозу құны көрсетіледі. АҚ-ның
материалды емес активтерінің пайдалы қызметіне басқарманың бағалауының
нәтижесінде еркін белгіленеді.
МЕА-ң жою құны 0-ге тең деп есептеледі, егер:
● пайдалану мерзімінің аяғында оның сатып алынуы жағынан
үшінші жақтың келісімі болмаса; немесе
● берілетін МЕА-ге белсенді нарық жоқ; мынаумен байланысты:
- активтің тозу құны берілген нарыққа нұсқаумен дұрыс анықталуы
мүмкін емес;
- ондай нарық активтің пайдалану қызметі мерзімінің соңында
өмір сүру мүмкіндігі жоқ.
МЕА бастапқы құны бойынша бағалады – ақша қорының немесе
олардың эквиваленттері төленген сомаға.
МЕА-ң тозуы. АҚ-ның МЕА-і мынадай жағдайда шығысталады: оның
тозуы кезінде немесе ешқандай экономикалық пайда әкелмесе.
Ақша- қаражаттың есебі. Ұйымның кассада ақша-қаражаттың есебін
кассир жүргізеді. Оның міндеттемесіне мыналар кіреді:
- кіріс және шығыс кіріс ордерінің дұрыстығын, қолдың қойылуын
тексеру;
- ақша қаражатын қабылдау немесе беру;
- кассалық кітапта касса операцияларының регистрациясы;
- банкке ақша қаражатын қолмқол беру.
Кассаға ақшаны қабылдау бойынша бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс ордері
бойынша жузеге асырылады. Кассаға ақшаны енгізген тұлғаға бас бухгалтердің
және кассирдің қолымен ақшаны қабылдау туралы түбіртек беріледі. Кассадан
ақшаны беру шығыс касса ордерімен толтырылған жеке тұлғаға шығыс касса
ордері бойынша ақшаны беру кезінде кәсіпорынның кассирі ордерде реквизитті
көрсету үшін алушыдан талап етеді. Алушы қолын қояды және алған сомасын
жазады (көрсетеді). Теңге – жазумен, тиын – санмен. Касса ордерінде қайта
жазу, түзету рұқсат етілмейді.
Жазылған касса ордері немесе оны ауыстыратын құжаттар кіріс
және шығыс касса құжаттар журнал регистрінде тіркеледі.
Кассир касса операциясының есебін касса кітабында жүргізеді
және ол номерленіп, байланған және мөрленген, ұйымның бас бухгалтері және
басшының қолдары қойылуы керек.
Касса кітабындағы жазулар 2 данада жүргізіледі. 2-ші данасы
кассирдің есебі болып табылады. Түзетулер касса кітабында тыйым салынады.
Енгізілген түзетулер АҚ бас бухгалтері мен және кассир қолдарымен
куәландырады.
Кассада қолма-қол ақшадан басқа акция, облигация, вексельдер
мен кітапшалары сақталынады, құнды қағаздар.
АҚ-ң кассадағы ақша қаражаты. АҚ-да айына бір рет сақталынған
кассадағы ақша қаражаттарына және басқа құндылықтарға тексеру жүргізіледі.
Тексеруді комиссия мүшелері жүргізеді. Комиссия мүшелерінің құрамына
мыналар кіреді: бас бухгалтердің орынбасары, менеджердің және ішкі
аудитордың орынбасары.
Кассада шетел валютасының қолма-қол есебі. АҚ-ның шетел
валютасында қолма-қол ақша есебі кассада ұлттық валюта түрінде операцияға
ұқсас жүргізіледі. Сонымен қатар кіріс және шығыс касса ордерінде касса
кітабында шетел валюта және теңге эквиваленті түрінде қаражат сомасы
көрсетіледі. Валюта кассасына жеке касса кітабы ашылады.
Еңбек және еңбек ақы. Орындайтын шаруашылық функциясына
байланысты ұйымның қызметкерлері, жұмысшылары келесі топтарға бөлінеді:
- басқарушы жұмысшылары;
- мамандар;
- қызметкерлерге жататын басқа да жұмысшылар.
АҚ еңбек ақысының жалпы қорын, жұмысшылардың жалпы санын,
олардың маманданған құрамын анықтайды. Ұйым еңбек жүйесін, нысанын
белгілейді әрине заңға сәйкес.
Ұйымда қызметкерлердің мерзімді еңбек ақы пайдалану ол еңбек
келісім шарты негізінде олардың мамандығын сәйкес және 5 жылға дейінгі
мерзімде пайыссыз қарыз беруге құқылы.
Материалды құндылықтардың есебі. Шаруашылық қызметі жүзеге
асыру процесінде пайдалануға бағытталған материалды құндылықтарға:
тауарлар, жартылай фабрикаттар, іріктейтін өнімдер және бөлшектер, қосымша
бөлшектер, басқа да материалдар жатады.
Материалдық құндылықтарды кіріске алу құндылықтарды келісілген
бағасы бойынша алу кезінде мердігерлердің жолдама құжаттарының негізінде
жүргізіледі. Құрамына мыналар кіреді:
- алынған материалдық құндылықтардың сатып алу құны;
- материалдық құндылықтарды несиеге алған үшін процентті төлеу
шығындары;
- мердігерлік қамсыздандыру ұйымына төленген комиссионды
төлемдер;
- баж салығы; транспортты дайындау шығындары – сақтаумен және
сақтау орнына запастарды апарумен байланысты шығындар.
Материалдық құндылықтардың жетіспеушілігіне кінәлі адамдарды
тапқан кезде олардан нарық бағасы бойынша төлеттіреді, нақты кінәлілердің
қатысуында жалпы және әкімшілік шығынға жазылады. Материалдық
құндылықтардың сызылып тасталуы типті нысандағы құжаттардың негізінде
жүргізіледі. Егер қорлар бұзылуынан, ескіруінен немесе сату бағасының
төмендеуінің әсерінен қайтарусыз болса, ұйым оларды таза құны бойынша
бағалайды.
Тауарлар есебі. Тауар – бұл нарықты алу, пайдалану
мақсаттарында нарыққа ұсынылатын материалды өнім. Тауардың келіп түсуі және
өткізілуі бірге қызмет ету туралы келісімге сәйкес жүргізіледі. Тауардың
сапасы сертификаттармен, куәлікпен, анықтама және басқа да құжаттармен
расталады.
Тауардың саны бойынша қабылдау транспортты және жолдама
құжаттармен жүргізіледі, ал сапасы бойынша стандарттармен, келісім
шарттармен нақты жүргізіледі.
Егер тауардың саны және сапасы бойынша қабылдау кезінде
мердігерлердің құжаттағы мәліметтерімен айырмашылық табылса, белгіленген
айырмашылық туралы акт толтырылады.
Дебиторлармен есептесу есебі. Компанияның дебиторлық қарызы –
сатып алушылардың міндеттемесі немесе берілген тауар және көрсететін қызмет
үшін ақша қаражаттарды төлеу бойынша ұйым алдында басқа ұйымдардың
міндеттемесі.
Ұйымның дебиторлық қарызы ағымдағы және ұзақмерзімді болып
бөлінеді. Ағымдағы қарыз 1 жыл ішінде қайтарылуы керек.
Дебиторлық қарыз счет-фактуралармен немесе басқа да ұзақ
міндеттемелермен расталады.
Дебиторлық қарыз мынадай жағдайда расталады, егер онымен
байланысты табыс кіріс расталса. Ол күдікті қарыз түзету минуспен бастапқы
құны бойынша бағаланады.
Ұйымның күнделікті клиенттеріне негізгі бағадан пайыз ретінде
жеңілдіктер жасайды.
Көрсететін қызмет немесе өткізетін активтер үшін сатып алушылар
мен заказ берушілердің қарыздары Дебиторлық қарыз шотында жүргізіледі.
Сатып алушылардың, заказ берушілердің дебиторлық қарыздары
мынадай түрде қайтарылуы мүмкін: ақшаны аудару түрінде, қызмет көрсету,
жұмысты орындау, т.м.қ. беру ретінде. Сатып алушылар мен заказ берушілердің
дебиторлық қарыздарының күдікті қарызы деп мынау танылады:
- заңға сәйкес келісім-шартына белгіленген мерзімде
қайтарылмаса;
- сәйкес кепілдемемен қамтамасыз етпеу.
АҚ күдікті қарыздар бойынша резерв құрмайды.
Инвестиция есебі. Инвестиция - өндірістік кәсіпорынға,
құрылысқа, ауыл шаруашылығына және басқа да экономиканың салаларына капитал
ретінде салатын шығындар жиынтығы. АҚ компаниясының 20 пайыз дауыс беретін
акциясы бар.
АҚ тәуелді серіктестікте инвестиция есебі кезінде үлес әдісін
қолданады. Сонымен қатар:
- инвестиция сатып алу кезінде сатып алу құны бойынша
есептеледі;
- тәуелді компанияның таза табыстағы қатысу үлесі инвистицияның
балансының құнының өсуінде инвестормен көрсетіледі және қатысудан табыс
ретінде танылады;
- тәуелді компанияның зиянда қатысу үлесі инвестицияның
баланстық құнымен төмендеуінде көрсетіледі және үлестік қатысудан зиян
ретінде танылады.
Тәуелді компанияның инвесторда қатысу үлесі тең немесе
инвестицияның баланстық құнынан жоғары болса, онда зиян үлесі инвестицияның
баланстық құнының төмендеуінде көрсетіледі, ал инвестицияның құнынан
жоғарылайтын сома баланстан бөлек есептелінеді.
Егер тәуелді компания активтерге қайта бағалау жүргізсе, онда
инвестордың активті қайта бағалаумен байланысты үлесінің өзгеруі
инвестицияның баланстық құнына жоғарылатады.
Инвестицияның баланстық құнының жоғарылауы қосымша төленбеген
капитал ретінде меншікті капитал бөлімінде көрсетіледі.
Міндеттеме. Ұйымның міндеттемесі әртүрлі кәсіпорынмен келісім-
шарт жасау нәтижесінде туады және тауарлар үшін, орындалған жұмыстар және
көрсетілген қызметтерге төленетін келесі төлемдер үшін заңды негіз болып
табылады. Міндеттеме есепте мынадай жағдайда тіркеледі, егер сол бойынша
қарыз пайда болса. Міндеттеме қарызды төлеу үшін қажетті ақша сомасында
бағаланады немесе тауарлар және қызмет құнымен нарық жағдайда. Ұйымда
ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттеме бар. Ағымдағы міндеттеме де қарыз 1
жыл ішінде қайтарылуы керек.
Ұзақ мерзімді міндеттеме – қарызды келесі жылда қайтаруды
жоспарламайтын кредиторлық қарыз.
Ұйымның ағымдағы міндеттеме құрамына кіретіндер:
- фактілік міндеттеме – ол келісім шарт, контракт немесе
заңдылық негізінде пайда болады. Олар нақты есептелуі мүмкін. Фактілік
міндеттеме құрамына: счеттар бойынша вексельдер, төлеуге дивиденттер, ұзақ
мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, есептелген еңбек ақы бойынша
қарыздар кіреді. Сонымен қатар тауарлар және қызметтер үшін қарыз;
- бағалау міндеттемесі – бұл міндеттеме белгілі күннің келуіне
дейін анықтай алмайтын нақты сома;
- шартты міндеттеме – бұл өткен келісім шарттардан туатын
болашақ жағдайына байланысты болатын өмір сүрмейтін, потенциялды
міндеттеме.
Ұйым есептеудің вексельді формасын қолдана алады.
Кезең шығындары. Жузеге асыратын қызметтің ерекшелігіне
байланысты ұйым өндірістік шаруашылық шығындарын 821 Жалпы және әкімшілік
шығындар шотында жүзеге асырады.
Есеп кезеңінің шығындарына мыналар кіреді:
- жалпы және әкімшілік шығындар, тауарлы-материалды
құндылықтарды өткізу бойынша шығындар,
- пайыз бойынша шығындар.
Бұл шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес және нақты
өткізетін өнім түрлерімен немесе қызметпен байланысты емес тұрақты шығындар
ретінде анықталады.
Есеп кезеңінің жалпы және әкімшілік шығындарына мыналар жатады:
- әкімшілікті қызметкерлерге жататын жұмысшылардың еңбек ақысын
төлеу;
- өндірісте қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбегін төлеу;
- банк қызметін төлеу;
- басқарудың әкімшілік қызметкерлерінің командировка
шығындары;
- типографиялық, пошта-телеграфтық және телефондық шығындар;
- норма шегіндегі өкілдік шығындары;
- жұмыс күшін ұйымдастыруға, кадрларды оқытуға, жұмысшыларды
шығару кезінде компенсация шығындары жүйе комиссиондық шығындар;
- жалпы шаруашылықты бағыттағы негізгі құралдардың жал
шығындары;
- салықтар және мүліктен аударымдар;
- тауарлы-материалды құндылықтардың жоғалуы, жетіспеушілігі;
- комуналды қызметтер шығындары, ұйымды қорғау шығындары;
- консультациялық және ақпаратты қызмет төлемдері;
- сот шегерімдері.
Шегерімге жатқызылмайтын жалпы және әкімшілік шығындарға
мыналар жатады:
- ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге кеткен шығындар
және салық есебінің шегінің жоғары жалпы шаруашылықты бағыттағы инвентар
шығындары;
- белгіленген нормадан жоғары басқарудың әкімшілік
қызметкерлерінің командировка шығындары;
- белгіленген нормадан жоғары өкілетті шығындары;
- өндірісті және шаруашылықты қамтамасыз ететін күту
шығындары;
- директорлар кеңесін күту, мейрамдарды өткізу бойынша
шығындар;
- нормадан жоғары шығындар, қоймадағы тауарлы-материалды
құндылықтардың жетіспеушілігі және басқа да өндірістік емес шығындар;
- табысты жасыру айыппұлдары және пения;
- жинақтау және қайтару мінезді келісім шарт бойынша сақтандыру
төлемдер, негізгі құралдарды жөндеу шығындары, салық заңдылығы бойынша
шегерімге жатқызылмайтын басқа да шығындар.
Өткізу бойынша шығындар. Өткізу бойынша шығындарға тауарлы-материалды
құндылықтарды сату кезінде пайда болатын шығындар жатады:
- өткізу бөлімі жұмысшыларының еңбек ақысы, өткізу бөлімі
жұмысшыларының еңбек ақысынан аударымдар, қорларды өткізу кезінде
пайдаланатын негізгі құралдарды күту бойынша шығындар және амортизациялық
аударымдар;
- жіберу пунктіне дейінгі жүк транспортировкасы.
Пайыз бойынша шығындар 831 Сыйақы түріндегі шығыстар шотында
жүргізіледі. Ондай шығындарға мыналар жатады:
- банк несиесі бойынша процент төлемі;
- мердігерлер несиені бойынша процент төлемі;
- мүлік жалы бойынша пайыз төлеу бойынша шығындар және басқалар.
Өткізу және табыс. Ұйым өткізу есебінде өнімдерді, тауарларды, жұмыс
және салық салуды қолданады – есептеу әдісі, яғни табыстар мен шығыстар
жұмысты орындау; қызмет көрсету кезінде расталады және мүлікті кірістеу
және ақшаға айналдыру мақсатында заңды және жеке тұлғаларға тауарларды тиеу
кезінде расталады. Тауарларды, жұмысты, қызметті өткізу шығындары
келісілген баға негізінде анықталады. Тауарды өткізу шығындары келесі
шарттарды орындаған кезде расталады:
- табыс сомасы үлкен дәрежелі дұрыстықта бағаланады;
- келісім шартпен байланысты экономикалық пайданың өмір сүру
ықтималдылығы;
- арендадан табыс;
- инвестициялық қызметтен түскен табыс;
- материалдық емес активтерді өткізу табыстары;
- негізгі құралдарды өткізуден түскен табыс;
- бағалы қағаздарды өткізуден түскен табыс;
- акция бойынша дивиденттер және процент түріндегі табыстар;
- курстық айырмадан түскен табыс және басқалар.
Пайыз түріндегі және девиденд түріндегі табыс келесі шартты ұстау
кезінде расталады:
- табыс сомасы үлкен дәрежелі нақтылықпен бағаланады;
- мынадай мүмкінділік бар: келісім-шартпен байланысты экономикалық
табыстар ұйыммен алынады;
- дивиденттер мынадай жағдайларда расталу керек: олардың алуына
акционерге құқық берілген кезде.
Жеке табыс салығы бойынша есеп. Ұйымда есепті кезеңге салық төлемі
міндеттеме әдісімен салық тиімділігінің есебі негізінен анықталады. Сонымен
қатар жеке табыс салығы табыс алу кезінде заңды тұлғамен ұсталған шығын
ретінде көрсетіледі және сәйкес табыстар пайда болған кезеңде есептеледі.
Салық төлемі кезеңіне кіретіндер:
- төлмеге жеке табыс салығы;
- ағымдағы кезеңде пайда болатын немесе жойылатын уақытша айырманың
салық тиімділігі.
Уақытша айырманың салық тиімділігі ағымдағы кезеңдегі салық
ставкасына қызмет ету бойынша уақытша айырманың жалпы сомасынан анықталады.
Ұйым қаржылық есептілігіндемынаны ашады:
● табысқа салық бойынша шығын компоненттері;
● салық табысының бухгалтерлік табыспен салыстыру;
● зиян шеккен әрбір немесе мерзімімен өткен актив.
Меншікті капитал. Ұйымның жарғылық қоры құрылтайшы-қатысушылармен
берілген активтер сомасынан қалыптасқан. Жарғылық қордың қалыптасуы
құрылтайшы құжаттарымен сәйкес жүргізіледі. Ұйымда резервтік қор
құрылмайды. Меншікті капиталдың қозғалысы және есебі бухгалтерлік есеп
типтік счетының Меншікті капитал бөлімінде жүргізіледі.
Есептілік. Ұйымның қаржылық есептілігіне мыналр кіреді:
- бухгалтерлік баланс;
- табыстар мен шығындар туралы есеп;
- ақша қозғалысы туралы есеп;
- меншікті қорда өзгерістер туралы есеп;
- есеп саясаты туралы ақпарат және түсініктеме хат.
II -ТАРАУ АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЩ ЕСЕБІ
2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі
Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің
міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001-жылгы 12-маусымда №209—11 Қазақстан Республикасының "Салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы" (өзгертулермен жөне
толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке жөне занды
түлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі
көзі болып табылады.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін
салықтарды, алымдар мен төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы
зандарымен реттелетін бірден-бір занды құжаты болып табылады. Салық кодексі
салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу
объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген
тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден
аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және
аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының
өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын
объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге
міндетті болады. Бұл кезде: салык, салынатын объектісі және салық салумен
байланыстъ, объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар
бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
Салык, базасы деп құқықтық, физикалық базасын айтады және де салық
салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін
Салық базасынъщ негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері
анықталады.
Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне есептелген салық
деңгейі болып табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік
сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.
Салық кезеңі — бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және Салық
кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол
кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын
салық пен басқа да міндетті төлемдері есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы - мүліктің кірістірілген және
тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың
атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне
қарамастан, салықтық есептің орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да
бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Кәсіпорынның бюджетпен есеп айырысу операциялары 63 "Бюджетпен
есептесу" бөлімшесінің шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге: 631
"Төленетін корпорациялық табыс салығы", 632 "Кейінге қалдырылған
корпорациялық табыс салығы", 633 "Қосылған құн салығы", 634 "акциздер", 635
"әлеуметтік салық" 636 "жер салығы", 637 "мүлікке салынатын салық" 638
"көлік құралдарына салық" 639 "өзге де салықтар, алымдар және бюджетке
төленетін міндетті төлемдер" шоттары кіреді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті
капиталмен қатар басқа қарастырылған (тартылған) капиталды да қолданады.
Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.
Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті
шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында
міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын
жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымының алдында қарыз болуы мүмкін.
Тіпті өндірістен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі
қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген
еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның
алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен
банктер, банктен тыс мекемелерден, шет еддерден қарыз, несие алып өздерінің
жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп
алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып,
сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі
бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын
кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы
міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп
алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Бюджет — жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп (бекітіліп) пайдалану,
жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы
экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін
көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды
тұлғалардан алынатын салықтар, Мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі
көзі болып табылады.
Әлеуметтік салық.
Әлеуметтік салық - заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың
бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері
кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен
орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақысына тікелей байланысты болып
табылады. Яғни бұл салық ұйымдағы әрбір қызметкерге есептелген еңбекақы
сомасына белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына
қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген
еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық
занды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына
табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде: әр түрлі сыйақылар,
жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер, тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың
еңбекақы төлеу қорының заңға қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де,
келесі айдың 15-ші жұлдызынан кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында
әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу
жазылады.
Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да,
заттай да төлену мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі 635 шоттың "Әлеуметтік
салық" деп аталатын шотында жүреді. Ол салық есептелінгенде 811, 821, 903,
923 және тағыда басқа шоттардың тиістісі дебиттелініп, 635 шот
кредиттелінеді. Ал бұл сома бюджетке аударылғанда 635-шот дебиттелініп, 441
-шот кредиттелінеді.
Еңбеккерлердің келесі табыс түрлеріне әлеуметтік салық салынбайды:
- мемлекет, үкімет және халықаралық есебінен берілген
гранттарға төлемдерге;
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Президентімен берілген
стипендия және мемлекеттік сыйлықтарға;
- конкурстық, спорттық жарыста жүдделі орындары үшін
берілетін ақшалай сыйлықтарға;
- кәсіпоырндар өз қызметін тоқтатқан кезде жүмыс берушілердің төлеген
компенсацияларына;
- пайдаланбаған еңбек демалыстарына жүмыс берушілердің
төлеген компенсацияларына;
- жинақ зейнетақы қорларына аударылған жарнасында;
- тікелей әлеуметтік көмек, жәрдем ақы және компенсация, мемлекеттік
бюджет қаржысынан төленетіндерге;
- армия қызметкерлеріне арналған төлемдердің барлық түріне;
- қоғам жұмыстарын орындаумен байланысты төлемдерге;
- мемлекеттік бюджеттің қаржысының есебінен төленетін бір жолғы
төлемдеріне;
- заңмен белгіленген деңгейде қызмет бабы бойынша берілген іс-
сапар шығыстарының компенсацияларына;
- босану мен екі қабаттылық бойынша жәрдем ақыға;
- белгіленген мемлекеттік стипендияға;
- берілген арнайы киімдердің құнына;
- сақтандыру сыйлығына;
- қайырымдылық көмек ретінде берілген мүлік құндарына;
- тағы басқаларына.
Әлеуметтік салық ай сайын есептелінеді.
Корпоративтік табыс салығының есебі.
Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады.
Салық салынатын табыстың (зиянның) сомасы салық заңына сәйкес анықталады.
Салық заңы талаптардың бухгалтерлік есеп талаптарынан өзгешелігі бар.
Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын
табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу
себептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлінеді.
Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты
анықтау барысында есепке алынаиын табыс пен шығындардың кейбір бөлігі салық
салынатын табысты санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар
қатарына мыналар жатады:
- валюталық шоттармен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық
айырмашылық;
- бюджетке төленетін айыппұл ықпалшаралары (санкциясы);
- кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар Қазақстан Республикасы
Үкіметі белгілеген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік және
тағы да басқа шығындар.
Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде
есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша
сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарда есепке алынбай
келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі.
Сөйтіп, есеп беретін кезендегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі
есеп беретін мезгілде күшін жояды.
Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:
- бухгалтерлік есеппен салық есебінде табыстар мен шығындарды
мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухалтерлік
есепте — есептеу принципі, ал салық есебінде — кассалық әдіс бойынша);
- бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық
айырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;
- негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығару мен салықтық есепте
оларды есептен шығарудан болатын айырмашылықтан, тағы да басқалардан.
Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарындағы өзгешеліктер
нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар "Кейінге қалдырылған корпоративтік
табыс салығы" деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан
кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал
азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта
өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.
Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 "Төлеуге
жататын ағымдағы табыс салығы" деген пассивтік шотында жүреді.

1-кесте
Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу
Корпоративтік табыс Салық салынатын Салықтық
салығын төлеушілер объектілері Салық мөлшерлемесі кезең
1 2 3 4
Завды түлға, ҚР Салық салынатын 30% Календар-лық
резиденттері табыс жыл
Төлем көзінде 15%
алынатын
та-бысқа
салына-тын
салықтар
Заңды түлға, ҚР Салық салынатын 10% Календар-лық
резиденттері, олар табыс жыл
үшін жер өндірістің
негізгі қүралы болып
табылады
ҚР түрақты үйымдар Салық салынатын 30% Календар-лық
арқылы, қызметін табыс жыл
жүзеге асыратын
ре-зиденттер емес
заңды түлғалар
Таза табыс 15%
ҚР-да төлем көзінде Төлем көзінде 15%- марапаттау қатысу
табыс алатын алынатын табысқаүлесінен алынатын
рези-денттер емес салынатын та-быстар
занды түлғалар салықтар 10%-тәуекелділіктен
сақ-тандыру
келісім-шарты бойынша
төленетін сақ-тандыру
пайдасы
5%-тәуекелділіктен қайта
сақтандыру келісім-шарты
бойынша төленетін
сақ-тандыру пайдасы
5% - халықаралық
тасы-малдауда
транспорттық қызмет
көрсетуден түс-кен табыс
20% - басқа да табыстар

Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық
салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жыддық табыс жиынтығы мен
шегерімнің (түрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент
еместерді қоспағанда) арасындағы айырмасы арқылы анықтайды:
Салық салынатын = Жылдық табыс - Шегерімдер
табыс жиынтығы

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар,
көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің
алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп
айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түрінде
шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді. Кәсіпкерлік қызметтерден
түсетін кірістерге: өнімді (жүмысты, қызметті) сатқаннан түсетін кірістер;
ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай-ақ
амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың
құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер; басқа да
сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс;
дивидендтер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға
беруден түсетін кірістер; роялти; мемлекеттен және басқа да занды
тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе қызметін
шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер
және т.б. жатады.
Салық төлеушілер жылдың табысының жиынтығынан мыналарды шығарып
тастау керек:
- дивидендтер, ҚР заңды тұлға резиденттерінен алынған бұрындары төлем
көзінен ұсталғандары;
- кәсіпорынның меншігіндегі акциясының құны, олардың номиналдық
құнынан артқан деңгейі, яғни эмитенттердің орналастыру кезінде және
меншікті акциясын сатқан кезінде алынған табыстары;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқаннан түскен табыстары;
- әртүрлі апатты төтенше жағдайына, душар болған жағдайда,
гуманитарлық көмек ретінде алынған мүліктердің құны, егер де олар арналымы
бойынша пайдаланылса;
- мемлекеттік кәсіпорындардан тегін негізде алынған негізгі
құралдардың құны;
- зейнетақыны қамтамасыз ету туралы ҚР заңына сәйкес
алынған инвестициондық табыстары.
Заңды тұлғалардың жылдық табысының жиынтығынан оны алуға байланысты
барлық шығындар кемітіледі, соның ішінде табыс салығы салынатын еңбек ақы
бойынша шығындары да, яғни қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік әл-
ауқатын көтеруге шығарылған шығындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
заңдарымен реттелетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және арнайы
қорларға салынған шығындар.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса, яғни
жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім
жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтық кезеңінен шегеріледі,
бірақ оған болашақ кезеңнің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан келесі шегерімдер жасалады.
Қызмет бабымен іс-сапарга кеткен шыгындары және өкілеттік шыгыстары
Қазақстан Республикасының Үкімет белгіленген нормалар шегінде шегеріледі:
- іс-сапарға жіберілген жеріне дейін кеткен нақты жолымен байланысты
шығындары (билеттің қүны), сондай-ақ броньға жасалған шығындары жатады;
- шетелдік іс-сапарға жүрген кезіндегі мулік шығындары
Қазақстан Республикасының үкіметінің белгіленген норма шегінде беріледі.
Алынган сыйақы (мудде) бойынша шегерім келесі деңгейде жасалынады:
Сыйақы қатарына алынған несие (кредит, займ), мүліктер, дисконттар мен
депозиттер жатады.
- несиелер (займдар) бойынша, оның ішінде қаржылық лизинг бойынша да,
депозиттер, сондай-ақ мүліктерде теңгемен алынса (немесе орналастырылса),
онда Қазақсан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен
қайта қаржыландырудың 1,5-ке еселенген ресми мөлшерелемесі бойынша
шығарылған сомасы шегінде шегеріледі, ал ол шетел валютасында
берілген (немесе орналастырылған) болса, онда ол Лондонның банкаралық
рыногының 2-ге еселенген мөлшерлемесі (ставкасы) бойынша шығарылған соманың
шегінде шегерілуге тиіс.

Жоғарыдағы шектеулермен қоса, несиенің максималды марапаттау сомасы
да шегерімге жатады:

Заңды тұлға-
Төлем көзінен ұсталынатын
Резиденттеріне Төлеу көзінен
табыс салығының
төлейтін, марапаттау ұсталынған
мөлшерлемесі (15%)
және шегерімге = марапаттау х -------------
-----------------------
жатқызуға болатын сомасы
Корпоративтіксалығының
сомасы
мөлшерлемесі (30%)

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаз
қарыздарды, мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі
мөлшерлемесі пайдаланады.
Келісім-шартқа сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу
кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты
жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
Күмәнді міндеттемелердің төленуі бойынша жасалатын шегерім. Егер де
бұрындары күмәнді деп танылған табысты салық төлеуші кредиторға төлесе,
онда оның сол төленген деңгейінде шегерім жасауға рұқсат етіледі.
Күмәнді қарыз талабы бойынша шегерім тиісті құжаттармен расталса және
ол бухгалтерлік есепте көрсетілсе ғана жасалады. Күмәнді қарыз талабы —
негізінен Қазақстан Республикасының заң тұлғалары және жеке кәсіпкерлері
көрсеткен қызметінің, атқарған жұмысының, сатқан тауарының нәтижесінде
шығатын талап; сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты ұйымдар арқылы
қызметін жүзеге асырып жүрген заңды тұлға-резидент еместердің де және үш
жылға дейін талабын қанағаттадырмаған кезде, немесе Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес салық төлеуші-дебиторларды банкрот таныған
жағдайда шығады.
Резервтік (провизиялық) қорларга аударымдар бойынша шегеріс жасау. Өз
қызметін зандарға сәйкес жасалған келісім-шарт негізінде жүзеге асыратын
жер қойнауын пайдаланушының осы кен орнына жер қойнауын пайдалану жөніндегі
операциялардың аяқталуына байланысты кен орнын игеру зардаптарын жою қорына
(резервтік немесе провизиялық қорына) аударылған аударымдар сомасын шегеріп
тастауға құқығы бар. Тап осындай құқықтар банктерге де, ұйымдарға да
берілуі мүмкін, яғни олардың депозиттері, несиелері, (қаржылық лизингіні
қоспағанда), дебиторлық қарыздары, аккредитивтері үшін жасалуы мүмкін. Бұл
операцияларды күмәнді категориясына жатқызу тәртібін және жағдайын
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бойынша анықтайды.
Ғылыми-зерттеу, жобалық және тәжірибе-канструкторлық жұмыстарына
жасалган шыгындар бойынша шегерім жасау. Негізгі құрал-жабдықтарды алу,
оларды орнату және басқа күрделі сипаттағы шығындардан басқа, табыс алумен
байланысты ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибеде-конструкторлық
жұмыстарына жұмсалған шығындар бойынша ұстап қалуына болады. Аталған
шығынды шегеруге жатқызу үшін жобалық-сметалық құжаттама, орындалған
жұмыстардың актісі және басқа да құжаттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың теориялық негіздері
Еңбекақы қорының қалыптасуын және пайдалануын талдаудың мақсаттары мен міндеттері
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысу есебін ұйымдастыру
Еңбекақы төлеу шығыстарының аудиті мен талдауы
Нарықтық экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу
Ұйымда өндірістік қызмет пен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Еңбек есебі
Пәндер