Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3.8

І ТАРАУ Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері ... .. 9.25
ІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің семантикалық категориялары ... 26.34
ІІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің тақырыптық.мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35.47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48.50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 51.52
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген.
Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып:
“Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет…”, - деп нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту және т. б. міндеттер жүктелген.
1. Назарбаев Н. “Қазақстанның болашағы қазақ тілінде” “Егемен Қазақстан” № 7 4б.
2. Шанский Н.М. Лексикология современного русского языка. М., 1972.
3. Болғанбаев Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикасы мен фразеологиясы. Алматы, Санат. 1994.
4. Кеңесбаев І. Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы. Алматы, 1950.
5. Смағұлова Г. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдер /Автореферат/ .
6. Әуезов М. Абай 1-том, 1-кітап. Алматы, 1955.
7. Абай Құнанбаев шығармаларының екі томдық толық жинағы. 1-том Алматы, ҚазССР-нің Ғылым баспасы, 1977.
8. Юлдашев А. Принципы составления тюркско-русских словарей. М., 1972.
9. Сәрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. Алматы, Қазақ университеті, 1973.
10. Муратов С. Устойчивые словосочетания в тюркских языках. М., Издательство Восточной литературы, 1961.
11. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы,Санат, 1966.
12. Кеңесбаев І. О некоторых фразеологических единицах в казахском языке. Известия АН КазССР N 135, Выпуск 1-2-А., 1954.
13. Болғанбаев Ә. Қазақ тілі лексикологиясы. Алматы, Мектеп, 1988.
14. Қожахметова Х. Фразеологизмнің көркем әдебиетте қолданылуы. Алматы, Мектеп, 1972.
15. Нұрғазиева Г. Етістік фразеологизмнің қазақ тілі түсіндірме сөздігінде берілуі // Қазақ тілі түсіндірме сөздігін жасау тәжірибелері. Алматы, Ғылым, 1989.
16. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы /өңделіп және толықтырылып 2-басылуы/ Алматы, Санат, 1994.
17. Рахматуллаев Ш. Некоторые вопросы узбекской фразеологии.
18. Қайдаров А., Жайсақова Р. Принципы классификации фразеологизмов и их классификационные группы в современном казаахском языке //Известия АН КАЗССР. Серия филологический № 8 Алматы, 1978.
19. Оразов М. Қазақ тілі семантикасы. Алматы, Ғылым, 1991.
20. Османова А. Синонимдес етістіктердің семантика-стилистикалық қызметі. Алматы, Ғылым, 1991.
21. Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмнің ұлттық мәдени аспектілері. Алматы, Ғылым, 1998.
22. Нелунов А. Глагольная фразеология якутского языка // Автореферат дис. кан. филолог. наук. Якутск, 1977.
23. Смағұлова Г. Адамның көңіл-күйін білдіретін /күлу, жылау/ фразеологизмдері // Қазақ тілі мен әдебиеті. № 3-4 Алматы, 1997.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-8

І ТАРАУ Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері ... .. 9-25
ІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің семантикалық категориялары ... 26-34
ІІІ ТАРАУ Етістікті фразеологизмнің тақырыптық-мағыналық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 35-47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48-50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 51-52

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа
серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына жолдауында осы
заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта
даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі
өркендеуі төртінші басымдық ретінде атап көрсетілген.
Елбасы өзінің осы Жолдауында осы заманғы білім беру және білікті
кадрлар даярлау жүйесін дамыту мәселесіне ерекше назар аудара отырып:
“Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін
осы заманғы білім беру жүйесі қажет...”, - деп нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен бірге Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2004 жылғы 13 қаңтардағы №
1277 Жарлығымен 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік
бағдарламасында рухани және білім беру саласын дамыту, елдің мәдени
мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету жөнінде мақсат
қойылған. Соған сәйкес елдің маңызды тарихи-мәдени және сәулет
ескерткіштерін қайта жаңғырту; мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы
ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды
зерделеудің тұтастай жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін
шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжірибесін қорыту
және т. б. міндеттер жүктелген.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының “3.3. Ұлттық және әлемдік
ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиет басылымдарының дестелерін
әзірлеу”атты бөлімінде: “Тіл білімі” топтамасындағы осы бағыттың
дестелерінде қазақ әдеби тілінің дамуы жөнінде жан-жақты мәлімет беретін
және оның лексикасының баюына ықпал ететін қазақ тілінің түсіндірме
сөздіктері, синонимдер сөздігі, диалектологиялық және этимологиялық
сөздіктер беріледі”, - делінген.
Сол себепті диплом жұмысымызда Елбасының Жолдауы мен мемлекеттік
“Мәдени мұра” бағдарламасында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес
қосуды мақсат еттік.
Қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын, көркем сөз бен шешендік
өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты тіркестердің бір саласы –
фразеологизмдер. Бұл тіліміздегі тұрақты тіркестердің мағыналық астарында
халықтың ерте уақыттан бергі өмірінің бүкіл болмысы сақталып суреттелген.
Халықтың күн көріс, тұрмыс-тіршілік негізінде жан-жақты өрбіген түсінік
пайымдаулары, соған байланысты қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың
өзгешеліктері тілдік қолданыстағы тұрақты тіркестерден көрініс табады.
Сондықтан тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін бойына
сіңірген басты мәдени байлығымыздың бірі. Әр ұлттың тіліндегі
фразеологизмдердің тұтасжиынтығы сол ұлт тіліне тән өзіндік бейнелі сөз
орамдары арқылы оның бүкіл заттық, рухани, мәдени өмірінен хабардар етеді.
Сонымен қатар, тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі
тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Мұның барлығын халық өз орнымен жүйелі
пайдалана білген және пайдалана да біледі. Және әрбір қолданыстың өз дәуірі
болады. Алайда, қазақ тіл білімінде, түркологияда, орыс тіл білімінде
фразеологизмнің жалпы проблемалары бұл күнге дейін түбегейлі зерттеліп,
өзінің тиянақты шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны
жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. көбінесе лексикалық қор
ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексикалық көлемде тексерумен
шектеліп келгендігі мәлім. Фразеологизмдер дегенде тұрақты тіркес және
еркін тіркес деп аталатын сөз тіркестері пайда бола алады. О баста оның
ортақ қасиеттері деп – екеуінің құрылысы күрделі, кемі екі я болмаса одан
да көп сөздердің тіркесуінен тұратынын, компоненттердің арақатынасы, оған
ұйытқы болатын амал-тәсілдер жағынан да бір-біріне дат еместігін, негізі
бір болатынын жатқызуға болады. Басында төркіні бір, заты сөз тіркесі
болғанымен, тұрақты тіркес одан ажырау барысында бір-біріне ұқсамайтын
белгі қасиеттерге ие болып, ақыры басқа категорияға қалыптасқан.
Содан еркін тіркес затында синтаксистің қарайтын объектісі болады да,
тұрақты тіркес лексикологияның объектісі болады. Демек, олар тілдің әр
түрлі салаларына жатады.
Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сөздер халықтың өзімен бірге өмір бойы
қоса жасасып, тілдегі жаңа сөздер мен тың мағыналарды, соны тіркестерді
тудыруға әрдайым ұйытқы болады.
Тұрақты сөз орамдары немесе фразеологизмдер тілдің құрылымыдық
жүйесіндегі аса күрделі тілдік бірлік ретінде лингвистикалық зерттеулерде
жан-жақты қарастырылып келеді. Көптеген зерттеулерде тұрақты сөз
орамдарының, әсіресе жеке сөздермен салыстырғанда, бейнелі, экспрессивті-
эмоционалды қасиетке ие екеніне мән берілді. Фразеологизмдердің көбіне-көп
көркем шығарма тілінде көріктеуіш құрал ретінде жиірек жұмсалуы да осы
қасиетіне байланысты болса керек. Тұрақты сөз орамдары әдетте сөйлеу
кезінде жасалмайтын, “даяр” күйінде қолданылатын, тұлғасы жағынан сөз
тіркесі немесе сөйлемге, мазмұн жағынан дара сөзге ұқсас тиянақты тілдік
бірліктердің қатарына жатады. Сондай-ақ олар фразеологиялық мағынасынан
басқа мәдени ұлттық мазмұнға, өзге тілдік бірліктерге қарағанда аса бай
болады.
Теңдесі жоқ ұлы суреткерлер А. Құнанбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б.
өзге сөз зергерлерінің көркем шығармаларынан мысалдар ала отырып,
суреткерлер қаламының фразеологизмдерді қалай түрлендіретініне, халық тілі
сөз байлығын, оның ішінде фразеологизмдерді, шығармашылық жолмен игерудің
барысында пайда болатын семантикалық өзгерістер мен эмоционалды-
экспрессивті реңктерге талдау жасалды. Фразеологизмдердің тілдік табиғаты
аса күрделі: фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де
ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен ерекше
болып тұрады. фразеологиялық мағына фразеологизмнің құрамына енетін
сөздердің дербес мағынасынан туындамайды. Сондықтан олардың мағынасы
“фразеологиялық шартты”, “фразеологиялық байлаулы мағына” деп аталады.
Белгілі бір ұғымды бір сөзбен де, екі немесе одан да көп сөздердің
жымдасып келіп, жанама мағынада айтылуы арқылы да білдіруге болады. Орыс
тіліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М. Шанский фразеологиялық оралым
тілде жеке сөздің қызметін атқарады деп пікір айтқан (2. 167(. Тұрақты
тіркестерге тән ортақ қасиет бұлардың құрамындағы сөздер дараланбай,
мағынаның тұтастығы мен бірлігіне бағынышты, әрі тәуелді болады да бір
сөздің орнына жүреді. Мәселен, араға от жақты деген идиоманың мағынасы
араздастыру, жауластыру деген ұғымды білдіреді. Бұл ұғым ондағы жеке
сөздерден туып тұрған жоқ. Сондағы үш сөздің жалпы жиынтығынан шығып тұр.
Фразеологизмдер мағына жағынан бір ұғымды білдіріп, бір сөздің орнына
жүргендіктен, сөйлем ішінде бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарып
тұрады. олай болса, әрбір тұрақты тіркес белгілі бір сөз табына бағынышты,
телімді болады деген сөз.
Тұрақты тіркестердің белгілі сөз тобына қатыстылығын әрбір тіркестегі
сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Қазақ тіліндегі
фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп
қарауға болады:
1. Етістік мағыналы фразеологизмдер
2. Сындық мағыналы фразеологизмдер
3. Заттық мағыналы фразеологизмдер
4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер (3. 200(
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің сөз табына қатыстылығы жағынан ең
көбі – етістік фразеологизмдер. Етістік мағыналы фразеологизмдер: көзінің
еті өсті, көкіпек кепді – менсінбеді; қолды болды – ұрланды, жоғалды; көз
жаздырды – адастырды, айрылып қалды; пысқырып та қарамады – менсінбеді; ат
құйрығын кесті – араздасты, қастасты деген мағынаны білдіріреді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі етістікті
фразеологизмдерді грамматикалық, семантикалық, тақырыптық-мағыналық тұрғыда
қарастыру, сонымен бірге қазақ тілі байлығының құнарлы қорына жататын
көркем сөз бен шешендік өнердің қайнар бұлағы болып саналатын тұрақты
тіркестердің бір саласы фразеологизмдерді етістікті тұрғыда анықтау. Осы
мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленеді:
- жалпы халықтық фразеологизмдер қатарынан етістікті фразеологизмдерді
анықтау;
- фразеологиялық бірліктерді зерттеудегі қазақ тіл біліміндегі негізгі
бағыттарды талдау, етістікті фразеологизмдердің өзге де бірліктерден
өзгешеліктерін көрсету;
- фразеологизмдер халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін бойына сіңірген
басты мәдени байлығымыздың бірі екендігін жазушы, ақындардың шығармалары
арқылы дәлелдеу;
- фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық топтарын анықтау.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Жалпыхалықтық тілдегі
фразеологизмдерді етістік негізінде зерттеу олардың тілдік табиғатын
теориялық тұрғыда тереңірек түсініп, қазақ фразеологиясы саласындағы
теориялық зерттеудің, пайымдаулардың шеңберін кеңейте түседі. Әр типтегі
фразеологиялық бірліктерді қарастырудың тәсілі мен әдісін нақтылай түсуде
шамалы болса да әсерін тигізеді.
Іздену барысындағы байқаулар, қорытындылар мен тұжырымдар әдеби тіл
үлгілеріндегі тұрақты сөз орамдарын қарастырудың теориялық мәселелерін
айқындай түсуге септігін тигізеді.
Жұмыста пайдаланылған әдістер. Диплом жұмысын жазуда осы тектес
зерттеулерде қолданылған сипаттама, аналитикалық талдау әдісі, тілдік
фактілерді сипаттау әдісі қолданылады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, “Етістікті фразеологизмдердің
грамматикалық ерекшеліктері”, “Етістікті фразеологизмдердің семантикалық
категориялары”, “Етістікті фразеологизмдердің тақырыптық-мағыналық топтары”
атты үш тараудан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І ТАРАУ

ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сонымен фразеологиялық тіркестер сөздерден тұратын болғандықтан, сол
сөздердің құрылысын, грамматикалық ерекшеліктерін осы тарауда қарастырдық.
Грамматика – о баста грек тілінің gramma жазу, жазу өнері деген
сөзі. Келе-келе сөздің бастапқы мағынасы мүлдем кеңейген. Қазір грамматика
– лингвистиканың негізгі терминінің бірі; тілдің грамматикалық құрылысын
зерттейтін дербес ілім.
Бір тілдегі грамматикалық мағына мен сол мағынаның берілу амал-
тәсілдері – сол тілдің грамматикалық құрылысы деп те аталады. Ал ондай амал-
тәсілдер тілдегі жеке-жеке сөздердің басын қосып біріктіріп, бір-бірімен
байланыстырады. Соның нәтижесінде айтылмақшы ой-пікір мағыналы сипатқа ие
болады. Екінші сөзбен айтсақ, тіл атаулының негізгі коммуникативтік
функциясы, яғни тілдің қарым-қатынас, пікір алысу, адамдардың бір-бірімен
өзара түсінісу құралы болу қызметі, сол тілдің грамматиткалық құрылысы
арқылы атқарылады.
Бұдан шығар бір қорытынды: грамматика – тілдің негізгі функциясын,
қарым-қатынас құралы болу функциясын, жүзеге асыру жолдары мен амал-
тәсілдері туралы ілім. Гарамматианың, дәлірек айтқанда, тілдің
грамматикалық құрылысының, осындай мән-маңызын ескере отырып, грамматиканы
– лингвистика, яғни тіл туралы ғылым деген ұғымның бір синонимі ретінде
қолданылып жіберушілік те кездеседі.
Қысқасы, лингвистикада грамматика деген ұғымның мағынасы өте кең.
Осыған байланысты лингвистикалық әдебиеттерде грамматикаға, сайып келгенде,
мән-мазмұны, түп-төркіні бір, түрлі-түрлі анықтама беріледі:
Грамматика – тілдегі сөздердің өзгеруі мен сөйлемдегі сөз тіркестері
ережелерінің жиынтығы; сол ережелерді сипаттайтын оқулық “грамматика” деп
аталады С.И. Ожегов.
Грамматика – сөз формаларының жасалу, қолданылу жолдарымен сөйлемдегі
сөз тіркестерінің өзгерілу заңдылықтары ережелері туралы ілім Н.И.
Кондаков.
Грамматика – тілдің құрылысы туралы ілім; тіл білімінің сөз
формаларының өзгеру жолдарын, сөз тіркестері формулаларын және сөйлем
типтерін зерттейтін тарауы О.С. Ахманова.
Тілдің грамматикасы дегеніміз, сайып келгенде, грамматикалық құрылысы.
Дәлірек айтсақ, тілдің грамматикасы дегеніміз – тілге тән грамматикалық
категориялар жиынтығы мен жүйесі Б.Н. Головин.
Жоғарыда келтірілген анықтама-түсініктемелерді қысқаша бір
қорытындыласақ: грамматика – лингвистиканың үлкен бір тарауы; грамматика –
тілдің негізгі коммуникативтік қызметін жүзеге асырушы амал-тәсілдер туралы
ілім; грамматика – сөз формаларының жасалу, өзгерілу жолдары мен
заңдылықтары, сондай-ақ, сөз тіркестері формулаларының заңдылықтары,
олардың сөйлемге тіркесу амал-тәсілдері туралы ілім; грамматика – тілдегі
сөз құрылысы мен сөз тіркестері, сөйлем типтері туралы ілім.
Грамматиканың негізгі объектісі – тілдің морфологиялық және
синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына,
грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың көріну
амалдары сол арқылы айтылмақшы мағыналардың берілу тәсілдері, олардың
байланысу, тіркесу жолдары мен типтері.
Осыған орай, грамматика үлкен-үлкен екі салаға бөлінеді: морфология
және синтаксис.
Морфология – гректің morphe форма деген сөзінен алынған термин.
Морфология – тілдің морфологиялық категориялары туралы ілім. Ол
белгілі бір тілге тән сөздердің грамматикалық категориялары мен сөз
формалары грамматикалық категорияларының жиынтығы мен жүйесі.
Морфология – сөздердің өзгеру жолдары мен амалдары, грамматикалық
формалары мен грамматикалық мағыналарының берілу тәсілдері туралы ілім;
морфология – сөздердің формасы туралы ілім.
О.С. Ахманова морфологияны тілдің сөз түрлендіру жақтарын
қарастыратын, сөз жасау жақтарын қарастыратын, сөз тіркестерін қарастыратын
деп үш түрге бөледі. Бұлардың бірінші сөздердің грамматикалық формаларын
жасауда тілдің тиісті бір единицаларының грамматикалық құралдарына көңіл
бөледі; екінші тілдің сөз жасау тәсілдерін зерттейді; үшіншісі сөз
тіркестерінің морфологиялық жақтарын, дәлірек айтқанда, сөз тіркестерінің
құраушы элементтердің морфологиялық белгілерін қарастырады.
Синтаксис – гректің syntaxis құрастыру, түзу деген сөзінен алынған
термин. Синтаксис тілдегі сөздерді байланыстырып, сөйлеу құрылысын
зерттейді. Ол – сөйлеудің негізгі единицаларын, яғни сөз тіркестері мен
сөйлемді зерттейтін ілім. Өзінің осы объектісіне сай, синтаксис өз ішінен
негізгі екі салаға бөлінеді: бірі – сөз тіркестері синтаксисі, екінші –
сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисі өз ішінен жай сөйлемдер синтаксисі,
құрамалас сөйлемдер синтаксисі болып тағы да екі салағы бөлінеді.
Біздің қарастырып отырған мәселеміз фразеологизмдердің грамматикалық
ерекшеліктері болғандықтан, соғын кеңінен тоқталып өтейік.
Диплом жұмысының 1 тарауы “Фразеологизмдердің грамматикалық
ерекшеліктері” деп аталады. Бұл тарауда қазақ тіліндегі фразеологиялық
тұлғалар, олардың сөз табына қатысы, лексикалық құрамы мен грамматикалық
сипаты, компонент құрамы, морфологиялық құрылысы, синтаксистік қызметі
қарастырылады.
Жалпы тіл білімінде фразеологизмдердің зерттеу тарихы жүз жылдыққа
кетеді. Француз фразеологиясының теориясын құрған Ш. Балли (1905), орыс
лингвисі Е.Р. Поливанов (1931) фразеологизмдерді жеке пән ретінде
қарастыруды ұсынды. Орыс тілі фразеоллгизмдерін классификациялауда Ш.
Баллидің жасаған схема-топтастыруларын негізге ала отырып, тұжырым айтқан
академик В.В. Виноградов болды.
Қазақ тіл білімінде фразеология мәселелері 40-жылдардан зерттеушілер
назарына ілігіп, тілдік тұрғыдан зерттеу объектісіне айналды. С. Аманжолов
фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектігін атап өтіп, бағыт-бағдар
көрсетеді. (Халық мұғалімі 1940, № 4, 53-59 беттер) “Қазақ әдеби тілі
синтаксисінің қысқаша курсы” атты еңбегінің 1940-1950 жылғы басылымдарында
тіліміздегі фразеологиялық тіркестер сөйлем мүшелеріне қатысты
қарастырылады (4. 59-60-72(.
Түрік тілдес халықтар тіл білімінде фразеология мәселелерінің
зерттелуіне І. Кеңесбаев, еңбектері игі әсерін тигізсе, К. Аханов, Р.
Сәрсенбаев, Ғ. Мұсабаев, Х. Қожахметова, А. Байталиев, Ә. Болғанбаев, Ғ.
Қалиев фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері бойынша алғышқы
тұжырым жасаушы – зерттеушілер болды. Зерттеушілердің кейінгі буын өкілдері
С. Төлекова, Р. Жайсоқова, А. Елешова 1989, Г. Смағұлова 1993, С.
Сәтенова 1990, 1997 т.б. фразеологизмдерді әр қырынан зертеді.
Зерттеушілердің бағыты сан салалы болып келеді. Оны шамамен былай
топтастыруға болады:
- фразеологизмдердің теориялық-практикалық мәселелері;
- фразеологизмдердің салыстырма-типологиялық мәселелері;
- фразеологизмдердің жергілікті тіл ерекшеліктеріне қатысы;
- фразеологизмдердің стильдік қызметі;
- фразеологизмдерді семантикалық тұрғыдан топтастыру т.б.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.
Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің
саласы деген ұғымда қолданылды. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің
тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп
біткен ғылым деп айтуға болмайды. Соңғы жылдар көлемінде түркі тілдерінде
фразеология проблемалары әжептеуір зерттеліп, бірқатар еңбектер жарық
көрді. Әсіресе, академик І. Кеңесбаевтің “Қазақ тілінің фразеологиялық
сөздігі” атты еңбегін тек қазақ тілінде ғана емес, бүкіл түркітанудағы
қосылған елеулі үлес деп қарауға болады.
Автор аталған сөздіктің “Қазақ тілінің фразеологизмдері” туралы
бөлімінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін жан-
жақты қарастырып, біраз ілгері дамытқан. Қазақ тілінің фразеологиясын
зерттеушілердің қай-қайсысы да бұл еңбекке соқпай өте алмайды.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін
танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) Даяр қалпында
жұмсалу белгісі; 2) Мағына тұтастығы; 3) Тіркес тиянақтылығы (3. 186-187(.
Фразеологизмдердің бір бүтін единица ретінде қолданылуы жағынан
лексикалық единица – сөзге ұқсайды. Жалаң сөз де, күрделі сөз де сөйлеу
кезінде жасалмайды, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде сөйлемнің
құрамына енеді. Фразеологизмдерді де дәл сол сияқты құбылыс деп тану керек.
Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы
тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас
күйінде қаз-қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы, жерге қаратты, жерден алып,
жерге салды, жер-жебіріне жетті, жерден жеті қоян тапқандай, жер-көкті
басына көшірді т.б. Бұндай етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы
жағынан қаншалықты күрделілігіне қарамастан, сөйлем ішінде әрқайсысы жеке
сөздермен бірдей болып теңесіп тұрады. Бұл фразеологизмдердің бірінші
белгісі. Ал фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.
Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы
болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына
сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті
қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл
мағына жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің бір де біреуімен
байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің қаз-қатар жұптасып қолданылуы арқылы
пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін единица ретінде қолданылып қана
қоймайды, мағыналық жағынан да бір тұтас едицина ретінде көрінеді (5. 189(.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің
біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауына емес,
қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Өзара тығыз жымдасып орналасқан
сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. олар бір-бірімен иінтіресіп, өз сөзімен
алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен,
мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына көкке көтерді десек, мән-мағынасын
бүтіндей өзгертіп жібереді. Тұрақты тіркес еркін тіркеске айналып кетеді.
Ал көк сөзін оның синонимі аспан сөзімен ауыстырсақ, мағына тұтастығы онша
бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді, құлаққа жағымды
тимейді. Көтерді деген етістікті көтермеді, көтеріп тұр, көтермекші деп
қалыптасқан қалпында қолдануды талап етеді. Сол сияқты бармағын тістеді
деудің орнына саусағын тістеді десек, фразеологиялық мағынасынан ажырап,
басқаша мән алады. Сондай-ақ санын соқты деген тіркестің құрамындағы сан
деген сөздің орнына тізе немесе бас деген сөздер қолданылмайды. Қолданыла
қалған күнде тұрақытдан еркін тіркеске ауысады. Кейде тұрақты тіркестің
құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала
беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше өле-өлгенше. Кей ретте
жалғыз дыбыстың бір өзі-ақ тұрақты тіркестің мән-мағынасын бүтіндей
өзгертіп жібереді. Мәселен, тіл тиді, дегеннен көз тиді, сұқ тиді дегенді
түсінсек, тілі тиді болса, біреуді біреу балағаттап сөкті, тілдеді болып
мүлдем басқаша мағынаға ауысады.
Сол сияқты іш тартты, ішін тартты, ішіне тартты бір-біріне соншалықты
жақын болғанымен, мән-мағынасында елеулі айырмасы бар. Ауызға ілікті деу
ауызға ілінді, ауыз ашты, ауыз ашпады, аузын аштырмады дегендердің өз
алдына жеке-жеке фразеологизмдер деп есептеледі. Бұл жағынан қарағанда
фразеологизмдердің орын тәртібінің тұрақтылығы сөздің морфемалық құрамының
тұрақтылық сипатымен бірдей деп есептеуге болады. Жоғарыдағы аталған үш
түрлі белгі арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып,
өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді. Мысалы, көз байланды –
(қараңғы түсті).
Алғашқы топ келісімен өзге қонақтар да іркілген жоқ, көз байланысымен
ол үйдің алтауы толып қалды (6. 15(. Көз ашпады – (арылмады, құтылмады).
Көз алмады айырмады. Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз
телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды (6. 10(. Көз араласты. Я көрсе қызарлық қылып,
көз алартпақ лайық па? (7. 19(. Көз алдына келді елестеді. Абайдың көз
алдына Ойке деген жеңгесі де, Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл
жолдастары да толық елестеді (7. 9(.
Қазақ тілі фразеологизмін танудағы пікірлерді саралай келе,
фразеологизмдерді “тар” және “кең” көлемде қарастыру бар. Біраз түркі тілін
зерттеушілер І. Кеңесбаев, Ш. Рахматуллаев, Г. Байрамов, З. Ураксин
фразеологизмді “”тар көлемде қарастыруды ұсынады. Башқұрт тілін зерттеуші
А.А. Юлдашев сөзімен айтқанда “Мақал мәтелдер, нақыл сөздер тұрақты сөз
тіркестеріне жатпайды” (8. 27(. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді
фразеологизм деп қарастырып, Р. Сәрсенбаев “мақал-мәтелдер мен нақыл
сөздердің фразеологияға қатысы бұлардың тұрақтылығы мен эфониялық құбылыста
қолданылу сипатына байланысты. Осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық
единицалар тобына қосып қараймыз” деген пікір айтып, фразеологизмді “кең”
көлемде қарайтынын білдіреді (9. 29(.
Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында қолдану жағынан мақал-
мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып
келеді де, алдынғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол
пікірді түйіндеп қорытындылайды. Мысалы, жақсымен жолдас болсаң, жетерсің
мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Аяғы жаман төрді
былғайды. Сонымен мақал-мәтелдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек
тілдегі ғана емес, мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен
қатар бейнелі ишарат жатады. Сонымен қатар сыртқы тұр-тұрпаты жағынан, яғни
өздерінің семантикасы мен құрылым-құрылысы жағынан мақал-мәтелдердің
фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады.
Мақал-мәтелдер қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы
сөздер өзінің байырғы лексикалық мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды.
Сөз саны жағынан мақал-мәтелдерге қарағанда фразеологизмдердер өте
шектеулі болады. Көпшілігінде екі, я үш, төрт сыңарлы болады. Мысалы, қол
бала, қол артты, қолы алдына сыймады, қолы жіпсіз байланды, қолдан-қолға
түсірмеді, екі қолын төбесіне қойды, екі өкпесін қолына алып жүгірді т.б.
Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан
жақын келеді. Фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе күн көбейіп, тез
дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет.
Әсіресе идиоманың шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану,
грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай
уақытты қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер әсіресе,
идиомалар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.
Біздің ойымызша, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, сөйлеу дағдысындағы
штамптар, фразеологиялық тіркестер – тұрақты сөз тіркестерінің түрлері.
Олар бір-бірінен ортақ және өзіндік белгісі арқылы ерекшеленеді. Сондықтан
да “барлық фразеологизмдер – тұрақты тіркестер, ал кез келген тұрақты
тіркес фразеологизм бола алмайды” (10. 115( демекпіз, яғни фразеологиялық
тұтастық, фразеологиялық бірлік пен тізбекті фразеологизм деп білеміз.
Осы орайда Г.Смағұлованың “тіл мамандары, қай тілде болмасын,
фразеологияны мейлі тар ұғымда, мейлі кең ұғымда түсінуде фразеологиялық
тұлғаларды айқындау үшін фразеологиялық тұлғалардың қалыптасқан, дайын сөз
тіркесі екендігін, оның мағына тұтастығын, құрамындағы компонеттердің
тұрақтылығын, семантикалық бірлігін, жалпы беретін мағынадағы образдылық
пен аусыпалық, басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейтіндігін айтады” деген
тұжырымымен келіспеуге болмайды (11. 19-13(.
Фразеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер
тәжірибесінде бар. Бұл мәселен, І. Кеңесбаев 1977, А. Қайдаров, Р.
Жайқасова 1979, Ә. Болғанбаев 1988, Х. Қожахметов 1972, Г. Смағұлова
1933 сынды зерттеушілер фразеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын
тілге тиек етеді. І. Кеңесбаев “Фразеологизмдерді сөз таптарының орнына
жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болғандығын” (12. 27(, Ә. Болғанбаев
“Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін негізгі сөз бен
жалпы тіркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу
керектігін” (13. 111(, фразеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен
байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі
болатындығын, ал сөйлем мүшесі белгілі табына қатысты екенін Х. Қожахметова
атап көрсетеді (14. 110(. Фразеологизмдерді белгілі бір сөз табына
жатқызуда шарттылық басым, оларды жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді
ескере отырып, төмендегідей топтастырамыз: 1. Етістіктегі фразеологизмдер.
2. Есімді фразеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фразеологизмдер. 4. Әр түрлі
таптарынан жасалған фразеологизмдер (3. 7(.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде
қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы, көз бояу – алдау, тісін
қайрау - өшігу, қол қусыру – бағыну т.б.
2. Етістік фразеолгизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы
сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а фразеолгизм құрамындағы кейбір
сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза
болу – қатты шошу, ә фразеолгизм құрамындағы сөздер архаизм сөздер болып
келеді: қыршынынан қиылу – жастай өлу, мүрдем кету - өлу. Қыршын – жас,
мүрде-өлік деген ұғымды білдіреді, бірақ өте сирек қолданылады.
Фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі кем сөздердің бәрін
архаизм деуге болмайды.
Фразеологиялық мағынаның төркіні лексикалық мағынада, тарихит тұрғыдан
алғанда тіркес құрамындағы компонеттерге апарары даусыз. Мысалы: Шешесі
мұны сол қолынан шап беріп ұстай алып:
- Сен жаңағы ат қою деген нәрсені қайдан шығардың?Оның жаман ырым
екенін айтпап па едім. Қайтыс болған адамның атын атап айқайлап жылау-
дәстүрін” ат қою” деп атаған (6. 52(.
Етістікті фразеологизмдер құрамындағы сөздер екі топқа бөлінеді:
1. Фразеологизм құрамындағы сыңарлар еркін сөз тіркестерінде
қолданылатын актив лексикадан тұрады. Мысалы: ит мінез – жаман, аяусыз
адамның мінезі. Мысалы: - Я, құдай, зар тілегім болсын, қарашығыма әкесінің
ит мінезін бере көрме (6. 51(. Тарт тіліңді - сөйлеме, үніңді өшір.
Мысалы:
- Уай, Құнанбай, мені құдайдың жылатқаны аз ба еді? Бұ не қырсығың?... -
дей бергенде Майбасар бастаған әуелгі жуандар:
- Тарт тіліңді!
- Қысқарт!
- Жап аузыңды! – деп арс-арс етті. (6. 40(.
Оқ бойы алда жүру - озу, алысқа кету. Мысалы: - Күнұзын аттан да
түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған (6. 5(.
Қара бет – ұятсыз, залым. Мысалы: - Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең
қан жұтқан, қара бет?! – деп қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып
жібергендей қарады (6. 40(.
Құлақ естіп, көз көрмеген - ешқашан ешкім естімеген жайт. Мысалы:
Жиын болып, кісі өлтіріп, ел ортасында құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықты
өз қолдарымен істеп шыққан топ, атқа міне сала, жан-жаққа шашырай тарады
(6. 43(.
Қолға түспеу – ұстатпау, қашып кету. Мысалы: - Бері келші, әй, балам!
Бері келші! – деп ешбір сыр білдірмей, ұрыспай шақырды. Ұрысып, зекіп
сөйлесе Оспан мұндайдағы әдетіне басып, қаша жамандасып, қолға түспей қояды
(6. 52(.
Жау шабу – елдің тыныштығын жаудың бұзуы, елді басп алуы. Мысалы:
Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда
Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы
ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген айқын
жайын айтты (6. 57(.
2. Етістік фразеологизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы
сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а фразеологизм құрамындағы кейбір
сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза
болу қатты шошу.
Көрсе қаза болды аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа (7. 109(.
Жүрегі су ету – қорқып, шошып кету. Мысалы: Үйдегі екеуінің де жүрегі
су ете түсті. Кәрі шеше бұл дауысты естіген жоқ (6. 51(.
Ел айығып - ел тарқап, жалғыз қалғанда. Мысалы: Ал, ел айығып оңаша
қалғанда, Барлас өз жырларына қоса өзі құрбы - өзге ақындар айтқан жырларды
термелеп кетеді (6. 60(.
Екі ұдай ету - екі ойлы болу. Мысалы: - Мен бүгін теңдерді шешкізіп,
ертең үйлерді тіккізбек едім. Осы тағы да бір көші-қон бар ма? Мынау елді
де, өзімізді де екі ұдай еттіңіздер ғой! – деп Майбасарға қарады (6. 66(.
Салғаннан ұнау – бірден, о бастан ұнау. Мысалы: Шоқшалау ғана ақ
сақалы бар, келбетті келген, зор дауысты ақсары кісі Барлас Абайға
салғаннан ұнады (6. 58(.
Болмақ лазым – болуы тиіс, абзал. Мысалы: Тапты да: “Осының бәрі бір
жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа лазым...” деп, өзгеше бір
сенімді байлау жасады (6. 124(.
Зор тартты – зәбір көрді, қайғы шекті. Олардың да ешбірін, қайғы аман
қойған жоқ шығар. Ойлап, байқап көр түрін, тарттырмап па дүние зор (7. 39(.
Сонымен бірге фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі
кем сөздердің барлығын архаизм деуге болмайды. Фразеологиялық мағынаның
төркіні лексикалық мағынада, тарихи тұрғыдан алғанда тіркес құрамында
компоненттерге апарары даусыз.
Етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық категоияларды
қабылдайды, бірақ түрлену дәрежелері бірдей емес. Осыған орай оларды екі
топқа бөлеміз: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті
фразеологизмдер. 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті
фразеологизмдер.
Осы екі топтың алғашқысына тоқталып өтейік. Бірінші топқа етістіктің
салт не сабақтылық, болымдылық не болымсыздық категориясы бойынша ғана
түрленетін етістікті фразеологизмдерді жатқызамыз. Тек салт формада
жұмсалатын етістікті фразеологизмдерге мысал келтірейік:
1. Қадалған жерден қан алу – айтқанын істетпей қоймайды, қайтсе де
орындатады. Әзімбай мысқылдай түсіп: - Ақырында айтар, жан жіп те байлар,
қадалғаннан қан алмай неғып қалсын, Есекен! – деп маңындағы жуан Содырдың
бәрін ду күлдірді.
2. Қазан асты көтерді - ас, тамақ даярлауға кірісті. Қазан көтеруге
суың жетуші ме еді (6. 66(.
3. Шаш ал десе, бас алатын – асыра сілтеу. Мысалы: Бірақ Қамысбай “шаш
ал десе, бас алатын”, Майбасардың өзінен асқан бүлік, бұзақы, қанқұйлының
өзі (6. 36(.
4. Көзін алмау – қарап қалу. Мысалы: Сол даладан көз алмай, тоя алмай
үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды (6. 10(.
5. Сөз тартты – білгісі келіп, сөзге салды. Сейілдің “биыл амалсыздан
Қасеннің торына түсіп қалдым” дегені бар еді. Сол жайын Абай сөзге тартып
сұрағанда, ол тағы байдың қала жатағына істеп отырған жемтік қиянатын айтты
(6. 342(.
6. Сөз бақпаған – еш нәрсемен жұмысы жоқ. Мысалы: Сөз бақпаған момын
ағайынның бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен дертті күйін ғана айтушы
еді (6. 38(.
7. Зарларын шағу – мұңын, зарын айту. Мысалы: Сол қайғы үстінде,
күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден
келін мен ата халінен айырып, ортақ қайғыдағы ене мен келіндей немесе әке
мен баладай жақындатқан (6. 34(.
8. Сұрау салу – іздеу, сұрастыру. Мысалы: Кейін де осы көрші қойшы
Әйтімбет, Қодарға, анда-санда қатынасатын кейде кепшіктен жағалатып, сұрау
салып, жаңағы жаладан Қодарды аман деп ұйғарды (6. 34(.
9. Көз ұшында – алыста, ұзақтан көріну. Мысалы: Содан жаңағы қауіпті
деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп
ұзап алып, ылғи жапа жалғыз шауып отырған (6. 24(.
10. Жанды қармау – қасарласу, өз жанын қорғауға әрекет жасау. Мысалы:
Енді не де болса жанды қармайын деп, тақымындағы шоқпарына жармасты (6.
27(.
Сабақтылық формада қолданылатын етістікті фразеологизмдер: құлағына
қыстырмау, қырық саққа жүгірту т.б. Болымды формада айтылғандары: төбесіне
құй қазу, төбесіне шай қайнату. Мысалы: Азапқа салды, қинады, тынышын алды.
Төбеңнен құй қазып жатса, отырғанымен тыныштық танылмайды (6. 168(. Тек
болымсыз формада айтылатындары: үш ұйықтаса түсіне кірмеу. Мысалы: Сәскеде
Көлқайнарға кеп Жұман аулының жанындағы адырға кіре берсем, бір төбенің
басында үш ұйықтасаң түсіңе кірмес бір қызық боп тұр (6. 131(.
Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер жақ, шақ
көрсеткіштерін, рай, етіс категориялары формаларын қабылдайды. Етістікке
тән категориялар бойына толық дарыған етістікті фразеологизмдер қызметі
жағынан етістікке жақындай түседі.
Тіліміздегі етістікті фразеологизмдердің көпшілігі екі компонентті.
Г.Нұрғазиева ҚТТС-гі етістікті фразеологизмдердің ішінде “екі компонетті
етістік фразеологизмдер сөздіктегі басқа етістікті фразеологизмдерден
басым” (15. 97( екендігін көрсетеді. Мысалы: 1. Табалдырығын тоздыру –
қайта-қайта бара беру. Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды (Лен.
жас(. 2. Жегенін желкесінен шығару, тыныштықпен аузын асқа тишізбеді, ішкен
асы бойына құт болмады. Түлкіні әрі қуып, бері қуып, жегенін желкесінен
шығарды (Қаз. ерт. 169 б.(. 3. Төбесі көкке екі елі жетпеді – қатты қуанды,
шаттанды, қуанышын тасытты.
Шаттанып бала шашырап,
Төбесін көкке тигізді (Қаз. ерт. 265 б.(. 4. Арқа еті арша, борбай еті
борша болу - әбден азып-тозған, қатты жүдеген, тұрмыстың қаққы-соққысын көп
көрген адам туралы айтылады. Қыс тұрсын, күздің қара суығында ықтататын
кедей сорлы, жілік майы үзіліп, борбай еті борша, арқа еті арша болып
көктемге әзер ілігетін (6. 54(. Т.б. мысалдар етістікті фразеологизмдердің
екі және көп компонентті болып келетіндігін көрсетеді. Компоненттер санының
аз-көптігінің етістікті фразеологизмдердің мағынасына қатысы болмайды. Ал,
етістікті фразеологизмдердің орналасу тәртібіне назар аударар болсақ,
кейбір етістікті фразеологизмдердің сыңарлары жарыса жүреді, көбіне
сабақтаса тіркеседі. Бұларды параллельді етістік фразеологизмдер дейміз. 1.
Айрандай аптап, күбідей күптеу – емін-еркін билеп-төстеу. Жаным-ау,
айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой. Жуантаяқты қуды. Әнеттен алатынын
алды. Енді кім қалды! деді Сүйіндік (6. 64(. Параллель етістікті
фразеологизмдердің компоненттерінің орын тәртібін ауыстыруға болмайды,
себебі лексикалық, стильдік мағынасы бұзылады. Етістікті фразеологизмдерді
есім сөз + етістік, етістік + етістік, зат есім + етістік құрамдас деп
топтастырып қарадық. Зат есім + етістік түрінде болып келетін етістікті
фразеологизмдер сан жағынан көп болғандықтан, бөліп қарастырдық. Етістікті
фразеологимздердің 4-5, одан да көп компоненттері есім сыңарларының
анықтаушы, айқындаушы, толықтаушы сөздер мен толығуымен, ол етістік
сыңарлар көмекші аналитикалық етістіктер есебінен ұлғаюынан жасалады: қолы
алдына сыймау – екі қолы алдына сыймау, жалығу, жұмыссыз ерікті, өзін
сыйғызар жер таппады. Осында келгелі мүлде өзгеріп барам. Екі қолым алдыма
сыймай, ішім пысады. Бірдеме жетпейді, не екенін білмеймін. Көңіл соны
далбасалап іздейді бірақ таппайды (9. 38(.
Қолын танауына тығу – екі қолын танауына тығып қалу – құр алақан
қалды, айрылып қалды, қолына дәнеңе ілінбеді. Сонымен компонент санының
көбеюінің фразеологиялық мағынаға тигізер әсері шамалы болғанымен, оның
экспрессивті-эмоциональды бояуын қанықтыра түседі.
Тіліміздегі етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан сөйлем
тектес болып келді.
Мысалы: жүрегі жарылды, тілі байланды, екі қоянды бір таяұпен ұрып
алды, екі қолында жағасында болды, екі қолын қусырды, екі иығынан дем алды
– жай сөйлем тектес, бұл шартты, себебі олар сөйлемдік қызмет атқара
алмайды, сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Етістікті фразеологизмдердің
ішінде жақты, жайылма: қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің, жанын
қоярға жер таппады, екі жеп биге шықты, дүниенің тұтқасын ұстап тұрды,
дүниенің дәм-тұзын татты, дүниені бір тиынға санамады, бір тарының қауызына
сыйғызды; жақты, жалаң: көзімен ішіп-жеп барады; жақсыз: бетіңнен
жарылқасын, жаны жаннатта болсын, жаңа айда жарылқасын, ескі айда
есіркесін, жегені желім болсын, жегені кере болсын – деген сияқты жай
сөйлем тіркестері кездеседі. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай етістікті
фразеологизмдерді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем тектес деп топтастыруға
болады.
Хабарлы сөйлем тектес етістікті фразеологизмдер: Ит терісін басына
қаптады, Жұлдызы оңынан туды, Жуанның созылып, жіңішкенің үзілген кезі,
Жүрегі қарс айрылды, Жүрегіме жұдырықтай болып тұра қалды, Жүрегі су етті.
Мысалы: Атынан домалай түсіп, құшағын аша жүгірген Кәкітай Әбішпен қатты
құшақтасып сүйісіп тұр. Бұған Әбіш ауру сияқты көрініп еді. Бауырмал жүрегі
су етті (6. 167(.
Сұраулы сөйлем тектес етістікті фразеологизмдер: Желегің желбіреп тұр
ма? Жының қозып тұр ма? Жіпсіз байланды ма т.б.
Лепті сөйлем тектес еиістікті фразеологизмдер: Жорытқанда жолын
болсын! Бетіңнен жарылқасын! Жаңа айда жарылқасын, ескі айда есіркесін!
Жегені желім болсын! Жаны жаннатта болсын! Сапарын сәтті болсын!
Етістікті фразеологизмдер сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше
қызметінде жұмсалады. Мысалы: Көп ауылдар түн бойы қотандарын атпен
күзетіп, ауыл-ауылдың шеттеріне үзбестен лапылдатып оттар жағып отырып,
айғай-шумен таңды-таңға ұратын (6. 55(.
Баланың қытығына тиетіні осы жері (6 6(. “Екі жарты бір бүтін болайық.
Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік” деп, Құтжанжы құран оқи келгенде,
Қодар Жампейіске зарын шақты да, қолына ұстап қалды (6. 32(.
Фразеологизмдердің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет
атқаратынын зерттеуші ғалымдар С. Аманжолов, Х. Қожахметов т.б. атап
көрсетті.
С. Аманжолов есім мен етістік сөзден болған құрама “баяндауыштарды
сөздің құрылысына қарай екіге бөледі: 1. бернелі, идиомалық құрама сөздер;
2. бернесіз сөздер” (16. 144( - деп көрсетіп, идиомалық және фразалық
тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалатынын атап өтеді.
Қорыта айтқанда, біз бұл тарауда І. Кеңесбаев, А. Қайдаров, Р.
Жайсақова, Ә. Болғанбаев, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, С. Аманжолов сынды
т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, етістікті
фразеологизмнің грамматикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлдік.
Қазақ тіліндегі фразеологизмді танудағы пікірлерді саралай келе,
фразеологизмдерді “тар” және “кең” көлемде қарастыру бағыттары бар екендігі
байқалады.
Сондай-ақ фразеологизмді морфологиялық тұрғыдан қарастыруда сөз
таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар екендігі
анықталды. Оларды сөз таптарына жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді
ескере отыып, етістікті фразеологизмдер, есімді фразеологизмдер, үстеу
мәнді фразеологизмдер, әр түрлі сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер деп
топтастырылды.
Сонымен қатар етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық
категориялар қабылдайтындығы, бірақ түрлену дәрежесі бірдей екендігі,
осыған орай олар екі топқа: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті
фразеологизмдер; 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер
деп топтастырылады.
Синтаксистік тұрғыдан қарастыруда тіліміздегі етістікті
фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан сөйлем тектес шартты түрде болып
келетіндігі анықталды.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті деп үш топқа
топтастырылды. Сондай-ақ фразеологизмнің сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да
мүше қызметінде жұмсалатындығы байқалады.

ІІ ТАРАУ

ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында
лексика гр. Leikos – сөздік немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің
лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілеттілігін,
күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипаты
тексеретін ғылымды лексикология гректің Leikos - сөздік+Logos – ілім
сөздерінен дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік
құрамын лексикасын тексеретін ғылым (3. 72(.
Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамындағы сөздердің
санымен ғана емес, мәнімен көп мағыналылығымен өлшенеді. Бұл жағынан
лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология гр.
Semasia – мән, мағына + Logos – ілім сөздерінен ғылымымен тікелей
байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда
анық байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму
тұрғысынан сараланып талданады.
Семантика гректің Semantikos белгілеуіш деген сөзінен алынған, қазір
сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да
оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы
деген анықтама беріледі (17. 4(.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта
топтастырылып келеді. Семантикалық топтастыру ұғымы бірыңғай сөздердің
мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы, мәдени
шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б.
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының
арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік,
ұғым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ КЕЗЕҢДЕРІ, БАҒЫТТАРЫ
Мақал-мәтелдердегі аналитикалық байланысудың көріністері
Aғылшын және қазақ тілдерінің лексико - семантикалық фрaзеологизмдерін салыстырмалы талдау
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Фразеологиялық бірліктердің топтастырылуы
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРЫ
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі жануар атаулары бар фразеологиялық бірліктер (салғастырмалы талдау)
Сөз тіркесі синтаксисі
Ұлттық фразеологиялық қор
Пәндер