Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Аймақтану кафедрасы
(-топ)
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы: 520630 - Аймақтану
Ғылыми жетекші:
Алматы, 2006
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І тарау. Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде
- Лаңкестіктің қауіпсіздік қаупі ретіндегі анықтамасы: тарихы, мәні, түрлері . . . 9
- Еуропалық Одақ елдеріндегі лаңкестіктің көрініс табуы (Солтүстік Ирландия, Испания және т. б. ) . . . 19
- ЕО-дағы лаңкестікпен күрес және адам құқығы мәселесі . . . 29
ІІ тарау. Еуропалық Одақ елдерінің саясатындағы лаңкестік қаупіне қарсылық әрекеті
- Еуропалық Одақ аясындағы лаңкестікпен күрес механизмдерінің құқықтары . . . 35
- Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы күрестегі саяси, әскери және т. б. амал-тәсілдері . . . 46
- ЕО-тың лаңкестік мәселесі күресіндегі еуропаның қауіпсіздік құрылымдары: НАТО, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастығы . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
Сілтемелер . . . 63
Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 68
Қосымшалар . . . 72
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Еуропалық Одақ әлемдегі саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ. Екінші дүниежүзілік соыстан кейінгі жылдарда еуропалық интеграцияға ұмтылған Еуропа мемлекеттері Еуропалық Одақ көлемінде өздерінің бүгінгі күні шын мәнінде халықаралық үздік интеграциялық үрдіс болуға лайық дамытуда. Қазіргі таңда еуропалық интеграция үрдісі тарихи заңды құбылыс ретінде тек қана экономика, сауда саласын, әлеуметтік өмірді ғана қамтып қоймай, сонымен бірге жалпы қорғаныс, қауіпсіздік саясатын қамтуда. Осындай саяси бағытқа сай лаңкестіктің жаңа шақыруларымен күресу мәселесі алға шығуда.
Саяси - қоғамдық өмірдің өзгеше құбылысы ретінде лаңкестік өзінің ұзақ тарихына ие, білімсіз лаңкестіктің тәжірибесі мен қайнар көзін түсіну қиын болып табылады. Көптеген қазіргі лаңкестік ұйымдардың, топтардың және жеке адамдардың әрекеттерінің себептері “жоғарғы идеалдардан” өте - мөте алыс болады. “Халықаралық лаңкестік ” - лаңкестік әрекеттердің жәй ғана қазіргі формасы емес. Бұл - террор ортасындағы сапалы жаңа құбылыс. Осылайша, аймақтық ынтымақтастықты дамыту, жанжалдарды реттеу, еуропалық құрлықта бітімгершілік шараларын жүргізу мәселелеріндегі ЕО-ның өте өсіп отырған рөлі ЕО-қа қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының белсенді болуы айқындайды.
Осыған байланысты Қазақстанның лаңкестік мәселесіне қатысты позициясына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев “Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында” былай деген: халықаралық лаңкестікпен кұрес ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғышартты бағыты болып табылады, сондай-ақ, лаңкестікпен ешқандай мемлекет жалғыз, жеке күресе алмайды, өйткені, қазіргі кездегі лаңкестіктің шегі жоқ, демек, әлемнің барлық мемлекеттері күш - қуаттарын біріктіру қажет, өйткені лаңкестіктің қауіп - қатері саяси - экономикалық дамуына тәуелсіз әлемнің әр елінде бар. [1]
2005 жылдың 18 ақпанындағы Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына деген Жолдауында айтылған: Қазақстан, сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, соның ішінде, лаңкестік де діни экстремизммен де күресуде белсенді қадамдар жасауды жалғастырады. [2]
2006 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына деген өз Жолдауында да Мемлекет Басшысы лаңкестікпен күрес жөнінде Қазақстанның бағытын тағы да қолдады: “Лаңкестікпен, ұйымдастырылған қылмыспен, заңсыз түрде қаруларды таралуымен, есірткі сатумен және тағы басқа қауіп-қатерлермен күресуде халықаралық бірлестіктің нығаюы мен күшеюі тиісті халықаралық шарттар мен келісімдерді өңдеу мен жүзеге асыруда Қазақстанның белсенді қатысуын шамалайды. Антилаңкестік инициативалар мен іс-шараларды НАТО мен бірге, сондай-ақ ҰҚКҰ (Ұжымдық Қауіпсіздік Келісім Ұйымы) және ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) шеңберінде бірге оқытуды жүргізуде қатыса отырып, осы заманғы бұл шақыруға қарсы тұру үшін біз Орталық Азиялық аймақ мемлекеттерінің бірлестіктерін нығайтуымыз қажет”. [3]
Лаңкестік әрекеттерінің алғашқы объектілері мемлекеттік қайраткерлер немесе мекемелер, ал екінші объектілері - мемлекеттік қызмет саласында тұтасымен болатын қоғамдық қатынастар болғандықтан, лаңкестік заң формалары мен саяси - идеологиялық мазмұнынан тәуелсіз бола әр мемлекеттік биліктерге потенциалды қауіп - қатерді әкеледі. Осылайша Еуропалық Одақ жеке елдерінің қылмыстық заңдары және халықаралық құқық лаңкестікті ең қауіпті қылмыстардың тобына жатқызуы кездейсоқ емес.
Жұмыстың ғылыми зерттелу деңгейі. Еуропалық интеграция үрдісіндегі лаңкестік мәселесінің дамуы, динамикасы қазіргі кезде зерттеуші ғалымдардың зерттеу нысаны болып отыр.
Еуропалық Одақтағы лаңкестік мәселесін оқып зерттеу үшін шетелдік, ресейлік және отандық зерттеушілердің еңбектері талданды.
Адамзаттың жаңа дәуірінің үш мың жылдық аралығындағы лаңкестік мәселесі А. И. Гушердің [4] еңбегінде және Глобализация және исламдық лаңкестіктің қаупі жайлы жұмысында Б. Берсібаев [5] лаңкестіктің пайда болған тарихын және психологиялық мәнін қарастырады, сондай - ақ, берілген мәселені глобалистика арқылы қарастырады.
Қазіргі лаңкестіктің түрлері және олармен күресу әдістері Д. Е. Дулатованың [6], Өткен және қазіргі кездегі лаңкестік: ЕО антилаңкестік жоспарлар көлемінде топтастыру тәсілдерін К. И. Исаев [7] өз еңбегінде ашуда. Сондай-ақ берілген тақырыпты әлемде лаңкестік мәселесінің шиеленіскен және күшейген жағдайында зерттейді және қазіргі уақытта лаңкестікпен күресу бағыттарын ұсынады.
Глобализация және ұлттық мүдделер туралы Л. Клепацкий [8], Лаңкестік - халықаралық қауіпсіздіктің негізгі қаупі ретінде Е. Шакуро [9] және лаңкестік глобализациясы және оның салдары жөнінде Е. Сатановский [10] өз еңбектерінде глобализацияның нәтижесі ретінде халықаралық лаңкестікті қарастырады және террормен күресуде әлемдік ынтымақтастықтың шараларын баяндайды.
Халықаралық лаңкестікпен күресінің әскери - саяси аспектілері Д. Т. Жакенов [11], Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың геосаяси аспектілері Г. Түсіпбаева [12], Халықаралық лаңкестікпен күресіндегі халықаралық ынтымақтастық А. Кожихов [13] лаңкестікпен күресінің саяси - құқықтық, әскери және геосаяси аспектілерін, сондай - ақ террорға қарсы әртүрлі елдердің әскери шараларын және тағы да баса анықтайды.
Қазақстандық авторлардың еңбектері де белгілі бір қызығушылық тұдырады: Лаңкестіктің интернациолизациясы және қауіпсіздіктің жаңа парадигмасы Р. Н. Амербековтың [14], Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі: жаңа ұғымы, жаңа қаупі М. С. Ашимбаевтың [15], Қазіргі әлемді реттейтін жағдайында “жаңа” қауіп - қатерлер тұралы мәселеге А. М. Амребаевтың [16], Лаңкестіктің жаратылысы туралы М. М. Тажиннің [17] еңбектері лаңкестік мәселесі және олармен күресу әдістеріне тиянақты көзқарастарды береді.
Қазіргі таңда халықаралық лаңкестіктің тақырыптамасы жан - жақты зерттелген және ғылыми - аналитикалық құрылысында әлі де қарастырылуда. Мысалы, Қазақстанда дәл осындай зерттеулермен ҚР Президент қарауындағы стратегиялық зерттеу Қазақстан институтында ҚР СІМ анализі және сыртқы саясат орталығында жүргізеді [18] .
Сонымен бірге, мына келесі авторлардың Еуропа Одағында лаңкестікке қарсы әрекет мәселелеріне арналған еңбектерді атап өтпеуге болмайды. Еуропа Одағында лаңкестікпен күрестің құқықтық механизмдері: толық жетілдіру тенденциялары И. Л. Трунов [19], Лаңкестік және Еуропада мемлекет аралық қатынастар Е. Г. Ляхов [20], Францияда лаңкестікпен күресу туралы заңдар - жеке адам құқығын мемлекет тарапынан қорғау кепілі А. А. Меньших [21], Терактарды болдырмау үшін еуропалық жүйе И. В. Кормушкина [22], Халықаралық қарым - қатынастарда лаңкестік мәселесі - құқықтық және саяси аспектілер С. А. Ланцов [23] және т. б.
Лаңкестікпен күресу жөніндегі тақырыптар қазіргі кезде халықаралық қарым - қатынастарда ең үлкен маңыздылыққа ие болып отыр, сондықтан да осы берілген тақырыптар бойынша көптеген әр түрлі ғылыми жұмыстарды айқындауға болады.
Зерттеу жұмысының пәні Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу болып табылады.
Берілген жұмыстың мақсаты Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күресті зерттеу, лаңкестіктің еуропалық қауіпсіздікке әсері және лаңкестікпен күресу әдістері болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мына келесі міндеттерді қойылды:
- Лаңкестіктің классификациясын, қайнар көзін және анықтамасын зерттеу және талдау.
- Еуропалық Одақ елдерінде лаңкестік қарсы әрекеттерінің бар тәсілдеріне талдау жүргізу және баяндау.
- Лаңкестікпен күресуде Еуропалық Одақ мүше - мемлекеттерінің ынтымақтастығын және оның еуропалық тәжірибесін анықтау.
- Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күресінің қазіргі келісім - құқықтық негізін талдау және жұмыс бойынша негізгі қорытындылар шығару.
Зерттеудің деректік негізі. Диплом жұмысында қойылған мақсат пен міндеттерге жету үшін кең деректер көзі қолданылды:
- Дипломатиялық деректемелер;
- Саяси қайраткерлердің сөйлеген сөздері;
- Статистикалық мәліметтер, есептер, анықтамалар;
- Мерзімді баспасөз материалдары.
Бірінші топты Еуропалық Одақтың Еуропа Кеңесінің, НАТО кон- венциялары, нормативті - құқықтық, заң шығару актілері және Еуропа елдерінің басқа құжаттары қарастырады.
Екінші топқа берілген жұмысты жазу барысында мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарының ресми көзқарастарын көрсететін маңызды мәліметтер болып табылатын қазіргі геосаяси жағдайындағы халықаралық қарым - қатынасында лаңкестік қаупі туралы мемлекет басшыларының мәлімдемелері жатады.
Үшінші топқа қауіпсіздіктің барлық мәселелері мен аспектілері бойынша статистикалық мәліметтер мен анықтамалар жатады. Осы топтың материалдарына ЕО қызметі туралы шектеулі баспа мәліметтерін алуға байланысты электрондық материалдарды жатқызу керек.
Төртінші топты қазақстандық, ресейлік және шетелдік баспасөздерде, “Саясат”, “Казахстан - спектр”, “Analytic”, “Международная жизнь”, “Казахстан в глобальных процессах”, “МэМО”, “Россия в глобальной политике”, “Internationale Politik” және т. б. журналдарда “Казахстанская правда” және т. б. газеттерде жарияланған ақпараттық материал, сондай - ақ, Internet электрондық жүйесінің мәліметтерінің материалдарын құрайды.
Мерзімді басылым материалдарында қауіпсіздік қаупі контекстінде қауіпсіздік проблемасын баяндайтын фактілер көрсетілген. Бұлар қазіргі кезеңдегі болып жатқан тұтас көріністі көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыстың теориялық мәні зерттеу жолымен алынған теориялық және практикалық қорытындылар лаңкестіктіңің мәнін, оның Еуропалық Одақтағы ерекшеліктерін, қазіргі жағдайда лаңкестіктің жаңа шарттары мен түрлерін және Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күресті толық, терең түсінуге мүмкіндік береді. Жұмыста лаңкестіктің пайда болу тарихы өз бетінше күресу және қорқыту түрінде оның дамуы және қазіргі жағдайларда болып жатқан үрдістерді түсіндіретін оның дамуы жөнінде қысқаша баға беріледі.
Зерттеудің әдістемесі. Зерттеудің әдістемелік бағыты - зерттеудің жалпы бағытын анықтаған Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің сөйлеген сөзі және еңбектері болып табылады. Берілген жұмыстарында Еуропалық Одақтың лаңкестікке қарсы әрекеттер қажеттілігінің аса маңызды және мәнді дәлелдері көрсетілген және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігінің концептуальды көріністер берілген.
Берілген жұмыстың жазылуының негізгі ғылыми әдістері Еуропалық Одақта лаңкестікке қарсы күрестерді анықтаудағы тарихи принципі және жүйелі тәсілі болады. Сондай - ақ, құжаттық басылымдарды анықтау барысында салыстырмалы әдіс пен анализ қолданылды. Осы берілген зерттеудің негізгі әдістерінің бірі халықаралық лаңкестік тақырыбы бойынша баспасөз материалдарын анықтау болып табылады, өйткені, дәл осы әдіс әлемде болып жатқан нақты оқиғаларды көрсетеді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, (олардың әр қайсысы кіші тараулардан тұрады), қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі 71 беттен тұрады. Осы жұмыс зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес орындалды.
І тарау. Лаңкестік Еуропалық қауіпсіздіктің қаупі ретінде
1. 1 Лаңкестіктің қауіпсіздік қаупі ретіндегі анықтамасы: тарихы, мәні, түрлері
Қоғамдық-саяси өмірдің ерекше құбылысы ретінде лаңкестіктің өзіндік ұзын тарихы бар. Оның білімінсіз лаңкестіктің көзі мен тәжірибесін түсіну қиын, дегенмен қазіргі лаңкестіктің оның өзімен жасалған бұрынғы идеологиялық бағыты жоқ. Қазіргі лаңкестік ұйымдар, топтар мен жеке тұлғалар көпшілігі қимылдарының себептері «жоғары идеалдардан» тым алшақ.
«Халықаралық лаңкестіктің» - бұл лаңкестік қызметтің қазіргі формаларының бірі ғана емес. Бұл - террор шеңберіндегі айтарлықтай жаңа құбылыс.
Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «ХХІ ғасырдағы Қазақстан» еңбегінде қазіргі әлемнің шарттарында мемлекеттік саясаттың приоритетті бағыты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен лаңкестік және діни экстремизм сияқты сыртқы қауіптерді алдын алу болып табылады деп айқындайды [24] .
2004 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауында Қазақстан лаңкестік пен діни экстремизмді қоса, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, белсенді қадамдарды іске асырылуы жалғастырылады деп айтылады [25] .
Ерте заманнан бастап, әр тарихи кезеңдерде лаңкестік актілер орын алған (Римдік Сенаттағы Цезарьдың өлтірілуі, Якобиндік қайраткер Мараттың өлтірілуі және 1789 жылдан кейінгі Франциядағы якобиндік диктатура кезеңіндегі террор, орыс патшалары Павел І, Александр ІІ, жанұясымен бірге Николай ІІ, мемлекеттік қайраткер П. А. Столыпиннің өлтірілуі, Қазан революциясы жылдарындағы қызыл және ақ террор, анархисттер терроры және т. б. ) . Кім де кім оны қолданса да, (жеке тұлғалар, түрлі ұйымдар, мемлекеттер), террор төтенше жағдайлардағы саяси мақсаттарға жету құралдарының бірі болып табылды және үздіксіз емес, керісінше мезгіл-мезгіл сипатқа ие болды.
Қазіргі «постиндустриалды» қоғамда террор жеке тұлғалар немесе сондай тұлғалардың бірлестіктерімен қолданғанға дейін ( Италиядағы «Қызыл бригадалар», Жапониядағы «Қызыл гвардия» және т. б. ) сөздің жай мағынасындағы террор болып қала берді. Әйтсе де, сондай жағдайлар көздеген саяси мақсаттарды өзгертпеді (жекелеген елдердегі мемлекеттік және қоғамдық негіздердің тұрақсыздығы) [26] .
Лаңкестік қызметтегі сынды өзгеріс оған мемлекеттердің қосылуынан және оның мемлекеттік саясат жүргізудің тәсіліне айналуынан басталады. Мемлекеттің күш-құралдары мен мүмкіндіктердің көмегімен террор лаңкестікке айналады. Ғаламдық саясат құралы ретінде оның қолданылуы «халықаралық лаңкестіктің» пайда болуы сияқты өзіндік нәтижеге ие. Бұрын экстремисттік топтардың басылуы үшін арнайы қызмет пен полициялық құрылымдардың мүмкіндіктері жеткілікті болғаны мәлім. Адамзат баласы нағыз ұлтшылдықтың фашисттік формаға қарағанда, тоталитаризм оның либералдық форма алдында болып шықты [27] .
Қазіргі кездегі лаңкестік іс-әрекет кең өріспен, анық көрсетілген мемлекеттік шекаралардың жоқтығымен, халықаралық лаңкестік орталықтар және ұйымдармен байланыс пен келіскен әрекеттердің бар болуымен; басшылық және оперативтік топтан, барлау мен контрразведка бөлімшелерінен, жауынгерлік топтар пананы материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуден тұратын қатаң ұйымдастыру құрылымымен, қатаң жасырын әрекет пен кадрлардың дәл таңдалуымен, құқық қорғаушы және мемлекеттік органдарда агентураның бар болуымен, бәсекелесетін тіпті үкіметтік әскерлер бөлімшелерінің жабдықталуынан асып түсетін жақсы техникалық құралдармен, жасырын паналардың оқу базалары мен полигондардың тармақталған жүйесінің бар болуымен сипатталады.
Лаңкестік ұйымдар жалпы идеологиялық-конфессионалдық, әскери, сауда және басқа негізде өзара тығыз байланыс орнатты. Лаңкестік топтар, әсіресе, олардың басшылары көптеген жағдайда қару-жарақ алу, бірін-бірі жасыру, олармен масштабты кең операциялар жүргізуде функциялар мен міндеттерді бөлу (мысалы, Ауғанстан мен Ливандағы) мәселелерінде бірлесіп тығыз әрекеттер жасайды. Халықаралық лаңкестік бірлестік күш пен қаражатты шебер арттыру, пайдалануды жасырын каналдар арқылы көптеген қару-жарақтар мен боевиктерді жеткізуді үйренгенін ескерту жөн [28] .
Лаңкестік қоғамдық саяси тұрақсыздығының ең тиімді тәсілін көрсететіні күмәнсіз (салынған, бөлінген ресурстар/ алынған нәтиже критериі бойынша) . Әскери интервенция, көтеріліс, азаматтық соғыстың басталуы, бұқаралық бассыздық, тәртіпсіздік, жаппай ереуіл және сондай сияқты тұрақсыздық тәсілдері айтарлықтай ресурстарды қажет етеді және тұрақсыздықты қолдайтын, мүдделі күштердің кең бұқаралық қолдауын болжайды. Лаңкестік актілер кампанияларының дамуын қолдау үшін лаңкестік істерін барлық нағыз радикалдар мен шағын ұйымдастыру-техникалық ресурстарын мойындайтын кішігірім топтардың қоғамның біршама санаулы тобының қолдауы жеткілікті. Лаңкестік билікті түсіреді және мемлекеттің саяси жүйесін бұзады. Заңгерлер лаңкестік қимылдарды «Конституциялық құрылыс негіздеріне және мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарына» жатқызады.
Лаңкестік - бұл қандай да бір шешім қабылдауға тікелей немесе жанама түрде ықпал ету мақсатында халықты немесе әлеуметтік топтарды қорқытуға бағытталған көпшілік алдында жасалатын жалпы қауіпті қимылдар.
Лаңкестік жаппай барлық жерде болатын құбылыстарға жатпайды. Бұл тактиканың қолданылуы қоғамның әлеуметтік-мәдени және саяси сипаттамаларының жиынтығын болжайды. Егер бұл сипаттамалар жоқ болса, онда лаңкестік тактикасы жүзеге асырылмайды.
Бүгінгі күнде лаңкестік - бұл тек жеке, дара диверсанттар, самолеттер ұрлап айдап әкететіндер немесе камикадзе өлтірушілері де емес. Қазіргі лаңкестік - бұл құралдандыру масштабына сәйкес күшті құрылымдар. Ауғанстан, Тәжікстан, Косово, Шешен және олардың күшті жақтаушылары мен донорлар мысалдары қазіргі лаңкестіктің диверсанттық-лаңкестік соғыстарды жүргізуге, масштабты әскери дауларға қатысуға қабілетті екенін көрсетеді. Лаңкестік дамыған «еңбек рыногы» (жалданушылар мен т. б. ) және капитал салынуымен (қару-жарақтың жеткізілуі, есірткі саудасы және т. б. ) ғаламдық масштабтағы аса пайдалы бизнеске айналды [29] .
Қазіргі лаңкестіктің маңызды ерекшелігі оның жақсы ұйымдасқан және құрылымдық сипаты болып табылады. Лаңкестік ұйымдар бірыңғай басқару органын, бөлімшелерді жоспарлайтын басқару жүйесін құрады. Кеңестер мен ең ірі топтар басшыларының кездесуі, әр түрлі ұлттық тиісілігі бар ұйымдар қызметінің үйлестігі белгіленді. Аса моральдық - психологиялық әсер мен қоғамның жаңғырығын жасау үшін ақпараттық - насихаттық қамтамасыз етуі жөнге салынды. Даулы аудандарда, мысалы, даулайтын жақтардың ірі радикалды мұсылман ұйымдары болып табылатын жерлерде жақтаушылар, белсенді функционерлер мен боевиктердің дайындығы мен іріктеуі жөніндегі жұмыстары мақсатталып пайдаланылады.
Бүгінгі таңда ислам әлемі саяси күрес құралы лаңкестіктің күшті базасы ретіндегі маңызды генераторларының бірі болып табылатыны әлі де аяғына дейін қарастырылып болмаған. Саяси, әлеуметтік, моральдық шығындарға тап болатын көптеген мұсылмандық мемлекеттердің өздері де лаңкестікті ноқталауға мүдделі болғандықтан, лаңкестікті түпкілікті зерттеп және зерттеу нәтижелерінде ислам әлемі арасындағы түсінушілікті табу қажет екені белгілі.
Бұл құбылыстың көптеген себептері мен қозғаушы күштері бұрыннан мәлім еді. Қазіргі ғаламдық адамзат жағдайы әлемдегі әлеуметтік-экономикалық өркениет аралық қарама-қайшылықтары және дамыған Солтүстік пен дамудан артта қалған Оңтүстік арасындағы қарсы тұрушылықтың өсуімен шиеленіседі.
«Алтын миллиард» елдері әлемдік бірлестіктің басқа бөліктеріне өз көзқарастарын зорлап міндеттеп, өздерінің жолына түсуін қаласа да, әрдайым қарама-қарсы нәтижеге ие болуда.
Қазіргі таңда әлемнің маргинализациясын бақылауымызға болады және бұған шарасыз жауап ретінде маргиналдық экстремизмнің және халақаралық лаңкестіктің күшеюі, алдамшылармен қүрес болып табылады. Сонымен қатар, бұл үрдістер «алтын миллиард» мемлекеттер территориясында, яғни батыстағы демократия елдерінде де өтуде. Дәл батыс елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия және т. б. ), соның ішінде, мұсылмандық экстремисттік және лаңкестік ұйымдар мен топтардың ғаламдық ниеттері мен мүмкіндіктері, идеология жағынан радикалдық [30] .
Әлем уақытша тұрақсыздық, белгісіздік пен төменгі қауіпсіздік кезеңіне аяқ басты. Әлемдегі болып жатқан үрдістерге деген мемлекеттік, аймақтық және халықаралық бақылау механизмдері шектелуде. Өз жеке мүдделеріне жету үшін тұрақсыздық пен бақылаудың жарым жартылай жоғалту факторын пайдаланғысы келетін күштер олардың орнын басқысы келеді.
Бүгін әлемнің әр аймақтарында өз мақсаттарына жетудің басты құралы ретіндегі террор методтарын өз қаруына алған әр бағыттағы саяси және ұлттық радикалдармен қару мен жарылғыш заттардың жасырын қоймаларының тармақталған орталықтары қалыптасқан және әбден жетілген. Лаңкестік ұйымдардың қорғаны ретінде фирмалар, компаниялар, банктер мен фондтар жүйесі құрылды және жұмыс істеуде. Лаңкестердің басшылары агентураны алу, қоғам өмірінің саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларын бақылау мен олардың қызметтеріне ықпал жасау мақсатында мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдарға енуі жөніндегі жұмыстарын жетілдіруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz