Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.6
І. Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау.
1.1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері. ... 7
1.2. Жаңадан ашылған мән.жайларға орай іс жүргізу. ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
ІІ. Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты прокуратураның сотта мемлекет мүддесіне білдіруі.
2.1. Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2.3. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы
және оның рөлі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ. Жаңадан ашылған мән.жайларға байланысты сот құжаттардың түсінігі мен түрлері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1. Қазақстан Республикасы сотының даму кезеңдері. ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56.57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58.59

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
ҚІЖК-нің 6-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі – адамды заңсыз және дәлелсіз айыптаудан қорғау. Осыған байланысты айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту (ҚІЖК-ң 206-бабы) және айып тағу (ҚІЖК-ң 208-бабы) тәртібіне арналған іс-жүргізу нормалары, сондай-ақ оларды іске асырудағы сот қызметі аса маңыздылыққа ие болады. Тағылған айыптың мазмұны қылмыстық іс бойынша ары қарай іс жүргізудің көлемін едәуір анықтайды; тағылған айыптың формулировкасы кейін айыптау қорытындысында баяндалады (ҚІЖК-ң 207-бабы), ал сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты және оған айып тағылғанда ғана өткізіледі (ҚІЖК-ң 302 бабы).

1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Алматы 2005 ж.
2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексі, Алматы 2005 ж.
3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (Заң актілерінің жинағы). 10 лет независимости Республики Казахстан (Сборник законодательных актов). Алматы; Жетіжарғы, 2001.
4. Қазақстан Республикасының жаңа заңдары. /Құрастырған Ф.Т. Бейсенбина. Алматы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің редакциялық-баспа бөлімі, 1992.
5. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы: Баспа, 1998.
6. Президент Казахстана выступает за усиление судебно-правовой реформы // Панорама, 1999. 19 марта.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының ІІ сессиясында қабылданған. 1994 жылғы 27 желтоқсан. Алматы. 1995.
8. Соттар қызметін заңдық қана емес, саяси да мәні зор. // Егемен Қазақстан, 2001, 8 маусым.
9. Сапаргалиев М.С. Организация Советского суда в Казахстане. Изд-во АН КазССР, Алма-Ата, 1954.
10. Тимофеев В.Г. Судебная система суда РФ. История становления: Контекст лекция. Чубаксары, изд-во Чувашского Университета, 1994.
11. История Советской Конституции. Сб. Документов. 1917-1957 гг. М, 1957.
12. История государства и права Советского Казахстана. Том 1 (1917—1925 гг.) под редакцией д.ю.н. С.З.Зиманова, к.ю.н. М.А.Биндера. Издательство АН Каз ССР, Алма-Ата 1961.
13. Нәрікбаев М.С. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы: Атамұра, 1999.
14. Сапаргалиев М.С. Возникновение и развитие судебной системы Советского Казахстана 1917—1967 гг. Алма-Ата: Казахстан, 1971.
15. Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941.
16. Сапаргалиев М. С. История народных судов Казахстана. Алма-Ата, 1966.
17. История законодательства СССР И РСФСР по уголовному процессу (Сборник документов). Москва, 1955.
18. Кожевников В. М. История советского суда. Москва, 1948.
19. История государства и права Советского Казахстана. Том.2 (1926-1937 гг.) под ред. д.ю.н. С.З. Зиманова, к.ю.н. М.А. Биндера. Издательство АН Каз ССР, Алма-Ата, 1963.
20. История государства и права Казахской ССР. Часть 2, под общей редакци-ей член-корреспондента АН КазССР С.С. Сартаева, Алма-Ата: Мектеп, 1984.
21. Конституция Казахской ССР. От 26 марта 1937.
22. История государства и права Советского Казахстана. Т.3 (1938-1958 гг.) под ред. д.ю.н. С.З. Зиманова, к.ю.н. М.А. Биндера. Издательство АН КазССР, Алма-Ата, 1965.
23. Алексеев Н.С., Шилов Л.А. 50 лет советского высшего юридического образования // Правоведение. 1967, № 5.
24. Положение о выборах народных судов Казахской ССР. Алма-Ата, 1949.
25. "Ведомства Верховного Совета и Правительства КазССР". 1960, №3.
26. Все — на выборы! (За народных судей, действующих от имени народа и в его интересах) //Казахстанская правда, 1960,18 декабря.
27. "Ведомости Верховного Совета СССР", 1954, №17.
28. Қазақ Советтік Республикасының Конституциясы (негізгі заңы). Тоғыншы сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің кезектен тыс жетінші сессиясында 1978 жылғы 20 апрельде қабылданған. Алматы: Казахстан, 1984.
29. Акуев Н. Халықпен мемлекет мүддесі //Егемен Қазақстан. 1996, 30 тамыз.
30. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы; Атамұра, 1998.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 5-6
І. Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта
бастау.
1.1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері. ... 7
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізу.
... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
ІІ. Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты прокуратураның сотта мемлекет
мүддесіне білдіруі.
2.1. Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның
рөлі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 19
2.3. Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы
және оның рөлі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сот құжаттардың түсінігі мен
түрлері.

... ... ... 28
3.1. Қазақстан Республикасы сотының даму кезеңдері.
... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды.

... ... ... ... ... ... . 56-57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58-59
КІРІСПЕ
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Жаңадан ашылған мән жайларға
байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары,
ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар,
мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен
ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған
сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ
қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе
құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып,
әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
ҚІЖК-нің 6-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерінің
бірі – адамды заңсыз және дәлелсіз айыптаудан қорғау. Осыған байланысты
айыпталушы ретінде жауапкершілікке тарту (ҚІЖК-ң 206-бабы) және айып тағу
(ҚІЖК-ң 208-бабы) тәртібіне арналған іс-жүргізу нормалары, сондай-ақ оларды
іске асырудағы сот қызметі аса маңыздылыққа ие болады. Тағылған айыптың
мазмұны қылмыстық іс бойынша ары қарай іс жүргізудің көлемін едәуір
анықтайды; тағылған айыптың формулировкасы кейін айыптау қорытындысында
баяндалады (ҚІЖК-ң 207-бабы), ал сот талқылауы тек айыпталушыға қатысты
және оған айып тағылғанда ғана өткізіледі (ҚІЖК-ң 302 бабы).
Сотталушы ретінде жауапкершілікке тартудың заңдылығы қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының арақатынасын дұрыс анықтауға тікелей
байланысты. Қандай әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіпті
екендігін қарастыра отырып, қылмыстық заң әрекеті (әрекетсіздігі) қылмыс
құрамына сәйкес келетін адамды ғана қылмыстық жауапқа тартуға жол беруі.
Қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық жауапкершілікке тартудың негіздемесін,
айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайларды анйқтаудың құралдары мен
тәсілдерін, сондай-ақ айып тағу тәртібін белгілейді.
Соттың заңды күшіне енген үкімнің, қаулысының күші жойылуы және іс
бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізу қайта басталуы
мүмкін. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс
жүргізуді қайта бастаудың негіздері.
Соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған жәбірленушінің немесе
куәгердің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығы, сондай-
ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе
негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және
сот іс-әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе
аударманың көрінеу бұрыс жасалуы.
Соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушінің
немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға әкеп соққан
қылмыстық іс әрекеттері.
Соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған судьялардың осы істі
қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс-әрекеттері.
І. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУДІ ҚАЙТА
БАСТАУ
1.1. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері
1. Соттың заңды күшіне енген үкімнің, қаулысының күші жойылуы және іс

мүмкін.
2. Жаңадан ашылған мекен-жайларға байланысты қылмыстық іс бойынша іс
жүргізуді қайта бастаудың негіздері:
1) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған жәбірленушінің немесе
куәгердің айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрінеу жалғаңдығы, сондай-

аударманың көрінеу бұрыс жасалуы;
2) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының,
тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім, қаулы шығаруға
әкеп соққан қылмыстық іс-әрекеттері;
3) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған судьялардың осы істі
қарау кезінде жасаған, қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы ҚР ҚІЖК-тің 474-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе
тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған, үкім
шығару кезінде сотқа беймәлім болған өзгеде мән-жайлар сотталушының
айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан
гөрі өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталғаны адамның немесе өзіне қатысты
іс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-
жәйлармен бірге айғақтайтын ұйғарымдар болып табылады.
3. Осы баптың екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында аталған мән-жайлар
үкіммен қатар соттың, прокурордың, тергеушінің немесе анықтаушының
мерзімнің ескіруіне орай, рақымшылық немесе кешірім жасау актісінің
нәтижесінде. Айыпталушының қайтыс болуына немесе қылмыстық жауаптылыққа
тарту жасына жетпегендігіне байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы
қаулысы арқылы анықталуы мүмкін.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық
істер бойынша сот шешімдері.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша:
1) айыптау үкімі;
2) ақтау үкімі;
3) істі тоқтату туралы қаулы қайта қаралуы мүмкін.
Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері.
1. Айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты сотталушының
пайдасына қайта қарау ешқандай мерзіммен шектелмейді.
2. Сотталушының қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-
жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастауға кедергі болып табылмайды.
3. Ақтау үкімін, істі тоқтату туралы қаулыны қайта қарау, сондай-ақ
жазаның жұмсақтығы себебі бойынша немесе сотталушыға анағұрлым ауыр қылмыс
туралы заңды қолдану қажеттігі бойынша айыптау үкімін қайта қарауға
қылмыстық жауаптылыққа тартудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
69-бабында белгіленген мерзімнің ескіруі ішінде ғана және жаңа мән-
жайлардың ашылған күнінен бастап бір жылдан кешіктірілмей жол беріледі.
4. Жаңа мән-жайлардың ашылған күні болып:
1) осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында
көзделген жағдайларда-жалған айғақтар беруге, жалған дәлелдер ұсынуға,
теріс аударма жасауға немесе істі тексеру немесе қарау барысында жасалған
қылмыстық істері үшін кінәлі адамдарға қатысты үкімнің (қаулының) заңды
күшіне енген күні;
2) осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 4-тариағында көзделген
жағдайда-жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастау
қажеттігі туралы қорытындыға прокурордың қол қойған күні есептеледі.
1.2. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізу
1. Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғау құқығы
прокурорға тиесілі.
2. Азаматтардың өтініштері, оның ішінде процеске қатысушылардың осы іс
бойынша өтініштері, ұйымдардың лауазымды адамдарының хабарламалары, сондай-
ақ басқа қылмыстың істерді тергеу және қарау барысында алынған деректер
жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғауға себеп болады.
3 Егер келіп түскен өтініште немесе хабарламада осы ҚР ҚІЖК-тің 471-
бабының екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында көрсетілген мән-жайларға
байланысты шығарылған сот үкімінің бар екендігіне сілтеме болса, прокурор
өзінің қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді қозғайды,
тиісті тексеру жүргізеді, үкімнің көшірмесі мен оның заңды күшіне енгені
туралы соттың анықтамасын талап етеді.
4. Егер өтініште немесе хабарламада осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші
бөлігінің 4-тармағында аталған өзге де мән-жайлар көрсетілсе, прокурор өз
құзыретінің шегінде жаңадан ашылған мән-жайға орай іс жүргізуді қозғау
туралы қаулы шығарады және алдын ала тергеу органына тергеуді жүргізу
туралы тапсырма береді. Жаңадан ашылған мән-жайларды мұндай тергеу кезінде
осы Кодекстің ережелері сақтала отырып жауап алу, тексеру, сараптама жасау,
сұрыптап aлy және өзгеде тергеу іс-әрекеттері жүргізілуі мүмкін.
Прокурордың тексеру немесе тергеу аяқталғаннан кейінгі іс-әрекеті.
1. Тексеру немесе жаңадан ашылған мән-жайды тергеу аяқталғаннан кейін
іс бойынша іс жүргізуді қайта бастауға негіздер болған кезде прокурор істі
осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының екінші бөлігінің 1-3-тармақтарында көзделген
жағдайларда өзінің қорытындысымен, үкімнің көшірмесі мен және нақ осы
баптың екінші бөлігінің 4-тармағында көзделген жағдайларда тергеу
материалдарымен, бұл ретте осы ҚР ҚІЖК-тің 471-бабының бірінші бөлігін
басшылыққа ала отырып, тиісті сотқа жолдайды.
2. Прокурор іс бойынша іс жүргізуді жаңғыртуға негіздер болмаған кезде
өзінің дәлелді қаулысымен жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзі қозғаған
іс жүргізуді тоқтатады.
3 Іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы осы ҚР ҚІЖК-тің 476-бабына сәйкес
жаңадан ашылған мен-жайларға орай осы іс бойынша іс жүргізуді жаңғырту
туралы мәселені шешуге құқылы сотқа шағымдану құқығын мүдделі адамдарға
түсіндіре отырып, олардың назарына жеткізіледі.
Соттың іс бойынша іс жүргізуді жаңарту туралы мәселені шешуі.
1. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін қайта қарауды
облыстық және соларға теңестірілген соттың қадағалау алқасы, ал егер тиісті
іс бойынша қадағалау тәртібімен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
қаулысы шығарылған жағдайда - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
қылмыстық істер жөніндегі алқасы немесе қадағалау алқасы жүзеге асырады.
2. Істің апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен алдыңғы қаралуы оны
сол сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс жүргізуді жаңғырту
тәртібімен қарауға кедергі келтірмейді.
3 Прокурордың жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша іс жүргізуді
қайта бастау туралы қорытындысы осы ҚР ҚІЖК-тің 467-бабында белгіленген
ережелер бойынша соттың отырысында қаралады.
Прокурордың қорытындысын қараушы соттың қаулысы.
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойанша іс жүргізуді қайта бастау
туралы прокурордың қорытындысын қарап, сот:
1) сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою және істі жаңадан тергеу
немесе жаңадан сот талқылауын жүргізуге беру туралы;
2) coт үкімінің немесе қаулысының күшін жою туралы және іс бойынша
түпкілікті шешім қабылдау үшін жаңадан тергеу немесе соттың талқылауы қажет
болмағанда, істі тоқтату туралы;
3) прокурордың қорытындысын қабылдамай тастау туралы қаулылардың бірін
шығарады.
Сот шешімдерінің күші жойылғаннан кейін іс жүргізу.
Жаңадан ашылған мән-жайларға орай іс бойынша ол жөніндегі сот
шешімдерінің күші жойылғаннан кейін тергеу және сот талқылауы, сондай-ақ
шығарылған жаңа сот шешімдеріне шағым жасау және наразылық білдіру осы
Кодексте белгіленген жалпы тәртіппен жүргізіледі.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қайта қозғау кезіндегі
азаматтық талап.
Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша үкімнің күші жойылған жағдайда істі
бастапқы қараған кезде қозғалған азаматтық талап жалпы негіздерде қайтадан
қаралады. Азаматтық талап бөлігінде ғана істі қайта бастауға тек азаматтық
сот ісін жүргізу тәртібімен жол беріледі.
1.3. Іс жүргізуді қайта бастаудың мерзімдері
Соттыңзаңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларын қадағалау тәртібімен
қайта қарау
1 Соттың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулылары осы тарауда
көзделген негіздер болған жағдайда қадағалау тәртібімен қайта қаралуы
мүмкін.
2. Заңды күшіне енуі бойынша қадағалау тәртібімен:
1) айыптау және ақтау үкімдеріне;
2) соттың бірінші сатыдағы сот ісін жүргізуді қысқартатын, апелляциялық
шағым, беруге жататын қаулыларына;
3) апелляциялық, қадағалау сатыларындағы соттардың қаулыларына шағым
жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулыларын
қайта қарауға және істі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау
алқасында қайта қарауға ерекше жағдайларда, осы алқа қабылдаған қаулы
адамдардың өмірі, денсаулығы үшін не Қазақстан Республикасының экономикасы
мен қауіпсіздігі үшін ауыр, орны толмас зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін
екендігі туралы деректердің анықталуына байланысты енгізілген Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынымы бойынша немесе Қазақстан
Реслубликасы Бас Прокурорының наразылығы бойынша жол беріледі.
Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қараудың негіздері
1 Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарауға істі
тексеру немесе сотта қарау кезінде жол берілген азаматтардың конституциялық
құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтар не заңның дұрыс қолданылмауы:
1) кінәсіз адамды соттауға;
2) орташа ауырлықтағы қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп
айыпталған адамдарға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істің
қысқартылуына;
3) жәбірленуші сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағанындаған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталушы-ның
жеке басына сәйкес келмеуіне әкеп соғуы;
5) азаматтық талап қоюдың дұрыс шешілмеуі;
6) істің сотта жаңадан қарауға заңсыз жіберілуі негіз болып табылады.
2. Заңды күшіне енген сот шешімдері де егер:
1) істі қайта қарау кезінде осы ҚР ҚІЖК-тің 446-бабының талаптары
сақталмаса;
2) Қазақстан Реслубликасының Конституциялық Кеңесі сот шешімін шығару
негіз болған актіні констатуциялық емес деп таныса;
3) адамды өлім жазасына кескен үкім апелляциялық сатыда қараудың мәні
болмаса, қайта қаралуы мүмкін.
Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларына шағым жасауға,
наразылық білдіруге құқығы бар адамдар
1. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға істерді қадағалау
тәртібімен қайта қарауға өкілетті сотқа тікелей апелляциялық шағым беруге
құқығы бар процеске қатысушылар шағым жасауы мүмкін.
2. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға:
1) Қазақстан Реслубликасының Бас Прокуроры – облыстық және оған
теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы мен қадағалау алқасына;
2) Қазақстан Реслубликасы Бас Прокурорының орынбасарлары –облыстық және
оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына және Қазақстан Реслубликасы
Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына;
3) облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар - облыстық
және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасына наразылық келтіруге
құқылы.
3. Наразылық осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың өз
бастамасы бойыншада, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген процеске
қатысушылардың өтініші бойыншада білдірілуі мүмкін.
3-1. Осы Кодексте көрсетілген негіздер болған жағдайда, процеске
қатысушылардың шағымдары бойынша, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының төрағасы, облыстық
және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасының судьялары тиісті сот
сатысына шағым берілген сәт қаулысын қайта қарау туралы ұсыным енгізеді.
4. Шағымды, наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанға дейін оны
берген адам кері қайтарып алуы, наразылықты сондай-ақ жоғары тұрған
прокурор кері қайтарып алуы мүмкін.
5. Осы ҚР ҚІЖК-тің 463-465-баптарында көзделген ережелер прокурордың
наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады.
Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағымдану мерзімдері
1. Сотталушының кінәсіздігі себептері бойынша, сондай-ақ неғұрлым жеңіл
қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігіне, жазаның қатаңдығына байланысты
немесе сотталушының жағдайын жақсартатын өзге де негіздер бойынша айыптау
үкімін қадағалау тәртібімен қайта қарау мерзіммен шектелмейді.
2. Неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі, жазаның
жұмсақтығы себептері бойынша немесе сотталушының жағдайын нашарлататын өзге
де негіздер бойынша істі қысқарту туралы соттың қаулысына, айыптау үкіміне,
сондай-ақ ақтау үкіміне не істі қысқарту туралы соттың қаулысына шағым
жасауға, наразылық білдіруге олар заңды күшіне енгеннен кейн алты ай ішінде
жол беріледі.
Заңды күшіне енген сот шешімдеріне қадағалау шағымын, наразылығын
берудің тәртібі
1. Қадағалау шағымы, наразылығы оларды қайта қарауды жүзеге асыруға
өкілетті сотқа жазбаша түрде беріледі. Шағымда, наразылықта іс жүргізу
кезінде осы ҚР ҚІЖК-тің 459-бабында аталған қандай жолсыздықтарға орын
берілгені және осы жолсыздықтардың шығарылған сот шешімдерінде қалай
көрініс тапқаны көрсетілуі тиіс.
2. Шағымға, наразылыққа шағым жасалып отырған сот шешімдерінің
көшірмелері және шағымның, наразылықтың дәлелдерінің негізділігін
қуаттайтын өзге де материалдар қоса берілуі тиіс.
3. Егер шағым, наразылық қадағалау тәртібімен істі қайта қарауға
өкілеттігі жоқ сотқа келіп түссе, ол оны осы шағым, қарсылық қаралуға
жататын сотқа беруге тиіс.
4. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым берілуі, наразылық
келтірілуі олардың орындалуын кідіртпейді, бұған осы ҚР ҚІЖК-тің 466-
бабында көзделген жағдайлар кірмейді.
Қадағалау шағымдарын сотта алдын ала қарау
1. Қадағалау шағымдарын облыстық және оларға теңестірілген соттарда
алдын ала қарауды ол түскен күннен бастап 15 тәуліктің ішінде асы сот
төрағасының тапсырмасы бойынша қадағалау алқасының судьясы жеке-дара жүзеге
асырады.
2. Қадағалау шағымдарын Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында алдын
ала қарау тиісті алқаларда олар түскен күннен бастап 15 тәуліктің ішінде
осы сот Төрағасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.
3. Егер қадағалау шағымы мен оған тіркелген құжаттардың мазмұны шағым
жасалып отырған сот қаулыларының заңдылығына күмән тудырса, қадағалау
шағымын алдын ала қарауды жүзеге асыруға құқылы адамдардың істі сұратып
алуға құқығы бар. Бұл жағдайда қадағалау шағымын бip ай ішінде алдын ала
қарау мерзімі сұратылған істің қадағалау сатысына түскен күнінен бастап
есептеледі.
4. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген қадағалау
шағымын алдын ала қарау мерзімін тиісті соттың төрағасы не алқа төрағасы
дәлелді себептер болған жағдайда, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге ұзартуы
мүмкін.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданатын шешімдер
1. Қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша:
1) шағым жасалып отырған сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау
туралы; 2) шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау үшін негіздердің
жоқ екендігі туралы шешімдердің бірі қабылданады.
2. Шағым жасалып отырған сот актісін қайта қарау туралы ұсынымды:
1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы - облыстық және оғаң
теңестірілген соттың қадағалау алқасына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының алқаларына;
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының алқа төрағасы - облыстық және
оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларына, Қазақстан Республикасы

3) облыстық және соған теңестірілген соттың қадағалау алқасының судьясы
- осы соттың қадағалау алқасына енгізеді.
Қадағалау шағымын алдын ала қараудың іс жүргізу салдары
1. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы, облыстық және
оған теңестірілген соттың төрағасы заңды күшіне енген үкімді, қаулыны қайта
қарау туралы ұсынымды іспен, шағыммен және оған қоса тіркелген
материалдармен бірге қарау үшін тиісті қадағалау сатысына жібереді.
2. Заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы ұсыным осы істі
қарау құзыретіне кіретін қадағалау сатысының соты үшін міндетті.
3. Қадағалау сатысындағы іс келіп түскен күнінен бастап бір ай ішінде
қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған жағдайда істі қарау мерзімі іс
жүргізуінде жатқан қадағалау сатысының негізді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Өөдеріне қатысты шағым жасалып отырғын сот шешімі шытарылған тараптар мен
өзге де тұлғаларға істі қадағалау тәртібімен қарау уақыты мен орны туралы
хабарлама, сондай-ақ қадағалау шағымының, келтірілген наразылықтың
көшірмесі жіберіледі.
4. Шағым жасалып отырған сот қаулыларын қайта қарауға негіздер
болмағанда, қадағалау шағымының авторына жазбаша түрде хабарлама
жіберіледі.
5. Осы ҚР ҚІЖК-тің 460-бабының бірінші белігінде аталған адамдар сол
қадағалау сатысына қайтадан қадағалау шағымдарын беруі мүмкін, бұл шағымдар
оларда осы адамдардың бастапқы шағымын қарау кезінде талқыланбаған жаңа
дәлелдер келтірілген жағдайда, оларды алдын ала қарау рәсіміне әкеп
соқтырады. Қайтадан берілген қадағалау шағымы жаңа дәлелдер шегінде ғана
қаралады. Осы ҚР ҚІЖК-тің 460-бабының бірінші бөлігінде аталған адамдар
шағым жасалып отырған сотқаулыларын қайта қарау негіздерінің жоқ екендігі
туралы шешіммен келіспеген жағдайда. Жоғары тұрған қадағалау сатысына
осындай шағым беруге құқылы.
Сот үкімінің, қаулысының орындалуын тоқтату тұру
Соттың үкімін, қаулысын одан әрі орындау сотталушының өміріне немесе
денсаулығы үшін орны толмас ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін
дәлелдейтін деректер болған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қылмыстық істі сұратып
алдырумен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
қаулыларынан басқа үкімнің, қаулының орындалуын оларға наразылық
білдірілгенге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тоқтатуға құқылы.
Істі қадағалау сатысында қараудың тәртібі, қадағалау сатысы сотының
шешімдері
1. Қадағалау сатысының сот отырысы төрағалық етушінің қандай сот шешімі
және кімнің шағымы (наразылығы) бойынша қайта қаралып жатқаны, сот құрамына
кімдердің еметіні және сот отырысы залында іс жүргізуге қатысушылардың
қайсысы келіп отырғаны туралы хабарламасымен ашылады. Істі қараудың уақыты
және орны туралы тиісінше хабардар етілген шағым (наразылық) берген адамның
болмауы сот отырысын жалғастыру мүмкіндігін теріске шығармайды. Прокурордың
қадағалау сатысының сот отырысына қатысуы міндетті.
2. Мәлімделген наразылықтар мен өтініштер шешілгеннен кейін соттың
дауды жалғастыру туралы не оны кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды. Сот
істі тыңдауды жалғастыру туралы шешім қабылдаған кезде төрағалық етуші
қадағалау шағымын (наразылығын) берген процеске қатысушыға сөз береді. Егер
мұндай қатысушылар бірнешеу болса, онда олар өздері ұсынған сөз сөйлеу
кезектілігін соттың назарына салады. Егер олар өзара келісімге келе алмаса,
онда сөз сайлеу кезегін сот белгілейді.
3. Шағын (наразылық) беруші адам, өз пікірі бойынша, шағым жасап
отырған шешімнің заңсыз, негізсіз, әділетсіз болып табылатыны туралы
дәйектері мен дәлелдемелерін айтып береді Онан соң төрағалық етуші
процестің өзге қатысушыларына сөз береді.
4 Егер шағымды қорғанушы тарап берген болса, онда алғашқы сөзді оның
өкілдері болып табылатын процеске қатысушылар алады. Олардың сөз сөйлеу
тәртібі өздерінің қол жеткізген уағдаластыққа сәйкес ондай уағдаластық
болмаған жағдайда соттың шешімімен белгіленеді.
5. Егер шағымды (наразылықты) айыптаушы тарап берген болса, онда оның
өкілдері бірінші болып сөз алады, онан кейін төрағалық етуші сөзді
процестің басқа қатысушыларына береді.
6. Істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде сот осы ҚР ҚІЖК-тің
370 және 373-баптарының талаптарын сақтай отырып кеңесу бөлмесінде мынадай
шешімдердің бірін қабылдайды:
1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады;
2) апелляциялық және қадағалау сатыларының үкімі мен қаулысын
өзгертеді;
3) Әкімнің және барлық бұдан кейінгі шешімдердің күшін жояды және істі
жаңадан сот қарауына жібереді;
4) үкімнің және кейінгі барлық қаулылардың күшін жояды және істі
қысқартады;
5) соттың үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдыра отырып,
апелляциялық және қадағалау тәртібімен шығарылған қаулыпардың күшін жояды;
6) апелляциялық сатыдағы соттың үкімі мен қаулысын өзгеріссіз қалдыра
отырып қадағалау сатысы шешімдерінің күшін жояды.
7. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде үкімнің күшін жоюға немесе
оны өзгертуге осы ҚР ҚІЖК-тің 412-бабында көрсетілген мән-жайлар негіз
болып табылады.
8. Бірінші, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттардың
қаулылары, егер осы қаулымен бірінші сатыдағы сот заңсыз және негізсіз
шешім қабылдаған не алдыңғы қаулыларды немесе іс бойынша үкімнің жоғарыда
тұрған сот заңсыз және негізсіз күшін жойған немесе өзгерткен деп танылса,
не егер істі жоғары тұрған сотта қаралуы кезінде қабылданатын шешімнің
дұрыстығына әсер еткен немесе әсер етуі мүмкін болған заңды елеулі бұзуға
жол берілсе, күші жойылуға немесе өзгертілуге жатады.
9. Егер қадағалау тәртібімен істі қарау көзінде істі заңсыз қысқартуға
немесе сотталушыға жазаны жұмсартуға жол берілген болса. жоғары тұрған
қадағалау сатысы төмен тұрған қадағалау сатысы қаулысының күшін жоюға және
бірінші сатыдағы соттың үкімін, апелляциялық қаулысын өзгертіп немесе
өзгеріссіз күшінде қалдыруға құқылы.
10. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын сот сотталғанға тағайындалған
жазаны жеңілдете алады немесе онша ауыр емес қылмыс туралы заңды қолдана
алады. Сот сондай-ақ, егер прокурордың наразылығында немесе жәбірленуші мен
оның өкілінің шағымында көрсетілсе, сотталғанға тағылған айып шегінен
шықпай неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануы не жазаны күшейтуі
мүмкін. Қадағалау сатысындағы соттың сот талқылауының нысанасы болмаған
фактілерді анықтауға немесе дәлелденген дел есептеуге құқығы жоқ.
11. Іс жаңадан қарауға жіберілген жағдайда қадағалау сатысындағы сот
айыптаудың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, қандайда болмасын
дәлелдердің ақиқаттығы немесе ақиқат еместігі туралы және бір дәлелдердің
екіншілерінен артықшылығы туралы, бірінші сатыдағы соттың қандай да
болмасын қылмыстық заңды қолдану туралы және жаза шарасы туралы мәселелерді
шешуге, сондай-ақ сот жасауы мүмкін қорытындыларды шешуге құқылы емес.
12. Істі қарайтын сот қадағалау шағымдарын берген адамдарға қатысты да,
сондай-aқ oлapдың жaғдaйлapын нaшapлaтпay шapтымeн ic бoйыншa бapлық
coттaлғaндapға қатысты да сот үкімінің заңдылығын, негізділігін және
әділдігін толық көлемінде тексереді. Сот жағдайды нашарлататын шешімді тек
прокурордың наразылығында немесе жәбірленуші мен оның өкілінің шағымында
көрсетілген сотталғандарға қатысты ғана қабылдауға құқылы. Сот сотталғанның
жағдайын оның қадағалау шағымы бойынша нашарлатуға құқылы емес.
Қадағалау сатысындағы соттың қаулысы осы Кодексте апелляциялық қаулы
үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Қадағалау сатысындағы соттың
қаулысына іс бойынша шешім қабылдаған барлық судьялар қол қояды.
Істі соттың үкімі мен қаулысының күшін жойған соң қарау
1. Қадағалау тәртібімен сот үкімінің немесе қаулысының күші жойылған
соң іс жалпы тәртіппен қаралуға жатады.
2. Істі тиісінше бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы сот
қараған кезінде жазаны күшейтуге немесе мейлінше ауыр қылмыс туралы заңды
қолдануға, егер алғашқы үкімнің немесе қаулының қадағалау тәртібімен
жазаның жұмсақтығына орай немесе неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану
қажеттігіне байланысты күші жойылған, сондай-ақ егер үкімнің күші жойылған
соң істі жаңадан тексеру кезінде айыпталушының басқа да неғұрлым ауыр
қылмыстар жасағандығын айғақтайтын жағдаяттар анықталатын жағдайда ғана жол
беріледі. Бірінші сатыдағы соттың шығарған үкіміне істі жаңадан талқылау
кезінде шағым жасалуы және жалпы тәртіппен наразылық білдірілуі мүмкін.
Апелляциялық тәртіппен немесе қадағалау тәртібімен бұрынғы үкім мен
қаулының күші жойылуына байланысты шығарылған қайталама үкімге немесе
қаулыға шағым, наразылық соттың бірінші үкімінің немесе қаулысының күшінің
жойылу себептеріне қарамастан жалпы негіздерде мәлімделуі (енгізілуі)
мүмкін
ІІ. ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАРҒА БАЙЛАНЫСТЫ ПРОКУРАТУРАНЫҢ СОТТА МЕМЛЕКЕТ
МҮДДЕСІН БІЛДІРУІ
2.1. Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі,
маңызы және міндеттері
ҚР Конституциясы біздің елімізде сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі
қағидаттарын бекіткен. Сот-құқықтық жүйесі әлемдік тәжірибеге сәйкес
жаңадан қабылданған Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері, ҚР АК,
ҚР АІЖК, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының "Сот билігі туралы заңдарды қолданудың
кейбір мәселелері туралы" 14.05.98 ж. №1, "Соттарда қылмыстық жаза
тағайындау кезінде заңдардың сақталуы туралы" 30.04.99 ж. №1 қаулылары және
т.б. қолданысқа енгізілгеннен кейін одан әрі дамытылды және жетілдірілді.
Бұл нормативтік актілер әлеуметтік әділет қағидаттарын өмірде жүйелі түрде
жүргізуге, әділ сот талқылауларын қамтамасыз ету және қылмыстық заңды дұрыс
қолдану мақсаттарында соттарда әр қылмыстық істі қылмыстық процестің
міндеттері мен қағидаттарына сәйкес шешуге назар аудартады.
Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл сақталуын маңызды
кепілі прокурорлық қадағалау болып табылады. Сотта мемлекет мүддесін
білдіру прокурорлық қадағалаудың жеке саласы, прокуратура органдары
жұмысының маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бұл қадағалауды
прокурорлар аудандық (қалалық) соттардан бастап ҚР Жоғарғы Сотына дейінгі
барлық сот сатыларында жүзеге асырады. Прокурорлар заңдардың орындалуын
қадағалау өкілеттері бойынша қылмыстық істі тыңдауға дайындау кезеңінен
бастап, қылмыстық істердің қадағалау тәртібіндегі өндірісіне дейінгі
талқылаудың барлық сатыларына қатысады.
Сот төрелігіндегі прокурорлық қадағалаудың рөлі мен маңызы 1995 жылғы
21 желтоқсандағы "Прокуратура туралы" ҚР Заңының қабылдануына байланысты
едәуір жоғарлады. Аталған заңның 30-бабында сот талқылауындағы прокурордың
құзыры қарастырылған:
Қылмыстық, азаматтық немесе өзге сот ісін жүргізу барысында сотта
мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурор осы Заңға, сондай-ақ
Республиканың қылмыстық істер жүргізу, азаматтық істер жүргізу және өзге де
заңдарға сәйкес апелляциялық (кассациялық) және қадағалау тәртібінде өз
өкілеттігін жүзеге асырады.
Соттың (судьяның) іс бойынша шығарған шешімімен, үкімімен немесе өзге
қаулысымен оның заңға сәйкессіздігі немесе негізсіздігі бойынша келіспеген
жағдайда, прокурор істі қайта қарау немесе құқықтық актінің күшін жою, не
өзгерту туралы жоғары тұрған сотқа наразылық беруге құқылы.
Прокурорлардың қадағалауы соттардың істерді жан-жақты, толық және
объектавті талқылау туралы заң талаптарының мүлтіксіз орындауларына, заң
мен сот алдында азаматгардың теңдігін сақтауға, әр қылмыстық іс бойынша
негізді және әділ үкімдердің, ұйғарымдар мен қаулылардың қабылдануын
бақылауға бағытталған. Прокурор сотта мемлекет мүддесін білдіруді жүзеге
асыра отырып, заң, азамат, заңды тұлға және мемлекет аттарынан шығып,
қылмыстық істер бойынша айыпты қолдайды және әділ сот саласына тартылған
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің мемлекеттік кепілі болып
табылады.
Соттарда істер талқылауына қатысушы прокурорлардың алдында тек іс
жүргізу ғана емес, сондай-ақ сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі
заңдылықтың маңызды кепілі ретінде, соттарда заңдардың орындалуының
әлеуметтік маңызын қадағалау міндеті тұрады. Прокурор өзінің сот
талқылауына қатысуымен сотта дәлелдемелерді толық жан-жақты және объективті
зерттелуіне, сотталушы ретінде жауапқа тартылған адамның кінәсін анықтауға,
оның жасаған қылмысына дұрыс баға беруге, сотталушыға заңмен негізделген
әділ жаза тағайындауға, заңды шешім шығаруға көмектеседі. Прокурор сот
процесіне қатысып және мемлекет мүддесін білдіре отырып, сот трибунасын
қылмыс жасаған адамды жалпыға бірдей сотталуына, сот талқылауының үнемі
тәрбиелік рөлді орындауына, түрлі сот процестерінен тиесілі қорытындылар
шығаруға пайдалануы керек.
Прокурордың қылмыстық іс жүргізуді қадағалауы, жариялық және демократия
қағидаттарын одан әрі жетілдіруді қамтамасыз ететін сот-құқықтық реформасын
іске асырудың басты негіздерінің бірі болып табылады. Мемлекетте заңдардың
дәл және біркелкі орындалуын қадағалау органы бола отырып, прокуратура
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сот процестерінің мәдениетін
қорғайды; қазіргі кезде оның тәрбиелік рөлі де жоғарлады. Республика
соттарында заңдылық біршама нығайтылды.
Соттарда қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықтың орындалуын
қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар ҚР Конституциясының, ҚР
Қылмыстық іс жүргізу кодексін, "Қазақстан Республикасының прокуратура
туралы" Заңының, сондай-ақ ҚР Бас прокурорының бұйрықтары мен нұсқауларының
талаптарын басшылыққа алады. Прокурорлар сондай-ақ, қылмыстық істерді қарау
барысында туындайтын мәселелер бойынша заңдарды қолдану туралы ҚР Жоғарғы
Соты Пленумының түсіндірмелерін де басшылықка алуға міндетті.
ҚР процессуалдың заңы, прокуратура туралы Заңы прокурорлардың сотта
мемлекет мүддесін білдіру кезіндегі өкілеттігін, сондай-ақ заң
бұзушылықтарды жоюға бағытталған прокурорлық шара қолдану жолдарын да
анықтайды. Қылмыстық, азаматтық және өзге де сот өндірісін жүргізу кезінде
сотта мемлекет мүддесін білдіре отырып, прокурорлар өз құзыреті шегінде:
1) істі басты сот талқылауына дайындау кезінде судья шешімінің
заңдылығы мен негізділігін тексереді;
2) мемлекеттік айыптаушы ретінде шығады;
3) басты сот талқылауы барысында туындаған мәселелер бойынша
қорытындылар береді;
4) мемлекеттік және қоғамдық мүдделерін, азаматтардың құқықтары мен
заңды мүдделерін қорғау талап етілсе, талаптар қояды, оларды сотта
қолдайды;
5) сотгың заңсыз және негізсіз үкімдеріне, ұйғарымдар мен қаулыларына
наразылық келтіреді;
6) наразылықтар және шағымдар бойынша қаралатын қылмыстық істерге
кассациялық және қадағалау сатыларында қорытындылар береді;
7) соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы орындалулары
мен заңдылығын тексереді:
8) соттың үкімдерін, ұйғарымдары мен қаулыларының уақытылы
орындалуларын қадағалауды жүзеге асырады;
9) соттың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қайта қарау немесе
жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық істерді жаңғыртуға заңмен
қарастырылған жағдайларда шаралар қолданады.
Соттардың барлық сатыларында нақты істерді қарау кезінде жіберілген заң
бұзушылықтар мен бұзылған процесс нормаларын прокурорлар мынадай түрлі
тәсілдермен анықтаулары мүмкін: сотта прокурордың қатысуынсыз қаралған
істер бойынша үкімдердің заңдылығы мен негізділігін тексеру; прокурорлардың
соттардағы кассациялық және қадағадау сатыдарына қатысулары; өтініштің
уақытылығын және дұрыстығын тексеру; үкімді орындалуға келтіру; белгілі бір
кезеңдегі істер бойынша немесе қылмыстық істердің жеке санаттары бойынша
сот тәжірибесін қорытындылау. Соттарда нақты істерді қарау кезінде
жіберілген заң бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратын құқықтық актілер
қатарына мыналар жатады: арыз, өтініш, қорытыңды, прокурордың наразылығы
және ұсынысы. Қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылыктың сақталуын
қадағалаудың мәнін құрайтын аталған заң бұзушылықты анықтаушы құықтық
құралдар мен анықталған заң бұзушылықтарға прокурордың шара қолдану
құралдары бір-бірімен табиғи байланысты, олар қылмыстық сот өндірісінің
демократиялық қағидаттармен және онда мазмұндалатын заң қағидаттарымен
толық сәйкестікте болады.
Қылмыстық, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік істерді сот төрелігіне
жіберу жөніндегі соттың қызметінде үлкен тәрбиелік ықпал бар.
Жеке тәжірибелер сотта прокурорлық қадағалау шектерін негізсіз азайта
отырып, оны сот органдарымен шығарылған үкімдердің, ұйғарымдардың және
қаулылардың заңдылығы мен негізділігін қадағалауға әкеп соқтырады. Прокурор
істерді сотта қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалауды жүзеге
асырмайды, тек сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін қадағалайды деген
қорытынды ҚР Конституциясына және өзге заңдарға сәйкес келмейді, Аталған
нормативтік актілердің мазмұнына үңілетін болсақ, ол прокурор өкілеттігінің
көлемді шеңберінен тұрады, оның қатарына сотқа қатысу, мемлекеттік айыпты
қолдау, заңсыз және негізсіз үкімдерге, шешімдерге наразылықтар келтіру
және олардың орындалуын қадағалау да жатады. Қорытындылай келгенде, сотта
прокурордың барлық өкілеттігінің бір-ақ мақсаты бар - қылмыстық іс бойынша
шындықты анықтау, қылмыстық істер бойынша заңдылық пен әділдікті орнату.
Сондықтан, прокурордың өкілеттігін кемітіп, оны тек айыпты қолдайды және
үкімдерге, ұйғарымдар мен сот қаулыларына наразылық келтіріп қана қояды
деп, сот процестерінде прокурордың іс жүргізу өкілеттігін талдау дұрыс
емес.
Сотта прокурорлық қадағалаудың мәні тек сотпен шығарылған шешімдердің
заңдылығы ғана емес, сондай-ақ сот құрамының, оның ішінде сотталушының,
оның қорғаушысының, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен азаматтық
жауапкердің, сарапшыны мен куәлардың материалдық және құқықтық іс жүргізу
нормаларын дәл және біркелкі орындау болып табылады.
Прокурор құқық қорғау міндетін жүзеге асыра отырып және біртұтас
орталықтандырылған органның өкілі ретінде шыға отырып, өз міндеттерін тек
заң шегінде, ҚР Бас прокурорының заңдары мен нұсқаулары негізінде ғана
орындайды. Прокуратура туралы Заңның 3-бабында прокуратура органдары өз
қызметін басқа мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, саяси
партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіз, тек ҚР Бас прокурорына
ғана бағынумен жүзеге асырады делінген. Бұл ереже сотта қылмыстық істерді
қадағалауды жүзеге асырушы прокурорға қылмыстық істер өндірісіне байланысты
кез келген мәселелер бойынша, өз бетінше іс жүргізу шешімін қабылдауға
жағдай тудырады. Екінші жағынан, жоғары тұрған прокурор егер заңға сәйкес
келмесе немесе заңға қайшы келетін болса, онда төмен тұрған прокурордың
шешімін бұзуға немесе өзгертуге құқылы. Заңдардың орындалу мақсатына
негізделіп шығарылған Бас прокурордың бұйрықтары, нұсқаулары барлық
прокуратура органдары үшін міндетті. Прокуратура органдарының қатаң
бағыныштылығын және барлық сот сатыларында прокурордың іс жүргізу
тәуелсіздігін дұрыс үйлестіру, прокурордың заң талаптарына жауап беретін
шешім шығаруының міндетті шарты болып табылады. Прокурордың іс жүргізу
жағдайы заңды сақтаушы ретінде, мемлекеттік айыпты қолдау кезінде сот
талқылаушының толықтығы, жан-жақтылығы және объективтілігі туралы заң
талаптарын сақтауды, барлық іс жүргізу кепілдіктерін қамтамасыз етуді,
сотталушының әрекеттігі мен әрекетсіздігін дәрежелеуді, ал жаза оның
жасаған қылмысының ауырлығына, айыпталушының жеке басы туралы деректерді
ескерумен, тек заңға сәйкес жаза тағайындалуын бақылауды міндеттейді.
Осы қадағалауды жүзеге асырушы органдардың алдында басқа да мынадай
маңызды міндеттер тұрады: материалдық және іс жүргізу нормаларының бұзылуын
анықтау және жою; қылмыс жасауға мүмкіндік тудыратын себептер мен
жағдайларды жою және оларды жою бойынша шаралар қолдану; қылмыстылықпен
күресті күшейту; соған байланысты соттың қылмыстарды қысқартуға және жоюға
ықпал етуі; процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
2.2. Соттағы прокурордың іс жүргізу жағдайы
Кез келген дәрежедегі прокурор мемлекеттік айыптаушы ретінде шыға
отырып, ҚР Бас прокурорының өкілі болып табылады, ол - қылмыстық азаматтық
және өзге процестерде заңдылықты сақтаушы. Мемлекеттік айыпты қолдау
кезінде ол қылмыстың істерді сотта қарау заңдылығын қадағалау міндетінен
босатылмайды.
ҚР Бас прокуроры прокурордың сотта қолдайтын мемлекеттік айыпты
қылмыстылықпен күрестің әрекетті құралының бірі ғана емес, қылмыстық
істерді соттарда қарау кезінде заңдылықтың орындалуын жүзеге асырушы
нысанының бірі ретінде қарайды.
Прокурор қадағалауды іс бойынша сот үкім, ұйғарым немесе қаулы
қабылдағанда ғана емес, сондай-ақ ол іс бойынша әлі ешқандай шешім
шығарылмағанда да жүзеге асырады. Егер сот сотталушыға сот талқылауында
оның құқықтарын түсіндірмесе, прокурор бұл заң бұзушылықтарға дереу шаралар
қолдануға тиіс, бірақ мұндай заң бұзушылықтарға байланысты ешқандай арнайы
ұйғарым ұйғармайды, сондықтан наразылық келтіруге негіздер болмайды. Осыған
байланысты прокурор бұл заңсыз және негізсіз ұйғарымға кейін наразылық
келтіретін болғандықтақ бұл заң бұзушылықтарға заңсыз үкім шығарылғанға
дейін шаралар қолдануға құқылы емес.
Қылмыстық іс жүргізу заңы прокурорларға сотқа басқа қатысушылардың
алдында дәлелдемелерді ұсыну, оларды зерттеуге қатысу, өтініш беру бойынша
ешқандай ерекшелік қарастырмайды (ҚІЖК 317-бабы). Бірақ басқа сот
талқылауына қатысушылардың құқықтық жағдайынан ерекшеленетін іс жүргізу
жағдайына қояды. Бұл прокурордың артықшылығы емес, оған жүктелген
міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті жағдай тудыру. Жәбірленуші өз
атынан, ал қорғаушы - сотталушының және тергеуші мен соттың тағайындаулары
бойынша шыға отырып, сот мәжілісінде жіберілген заң бұзушылықтарға шара
қолдана алады, бірақ олар оны қолданбаулары да мүмкін. Заң оларға мұны
істеуді міндеттемейді. Прокурор, заңның, мемлекеттін атынан шыға отырып,
заң бұзушылықтарды кім жібергеніне қарамастан, оларды жоюға шаралар
қолдануға құқылы ғана емес, әрі міндетті. Бұл жерде судьялардың,
қорғаушылардың, жәбірленушілердің, азаматтық талапкер мен азаматтық
жауапкердің бірыңғай құрамы жайлы сөз болуда. Өзінің қатысуымен прокурор,
жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жауапкердің және өзге де
қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзылмауларына мүмкіндік
тудырады.
Прокурорлар тек мемлекеттік айыптаушы ғана емес, сондай-ақ соттарда
қылмыстық істерді қарау кезінде заңдардың орындалуын қадағалау органдары
ретінде де шығады.
Апелляциялық сатыда заңдылықты қадағалау органы өкілінің міндетін
атқара отырып, прокурор айыптау үкімін немесе жазаның жеңілдігіне берілген
ұсынысты ғана қолдамайды, сондай-ақ заңда көрсетілген негіздер бойынша істі
өндірістен қысқарту туралы ұсыныстар енгізеді (айыптау үкімін негізсіз деп
есептеп); бірінші сатыдағы сотпен тағайындалған жазаны жеңілдету туралы
(үкімді тым қатаң деп есептеп); қылмыстық жазаның жеңілдірек түрін
көздейтін заңды қолдану туралы (ең ауыр жаза туралы заңды қолдануға қарсы
болумен) және т.б. Аталған әрекеттер прокурор түсінігін айыптаушы тек
айыптаушы ретінде түсінік берілмейді.
Прокурордың іс жүргізу жай-күйлерінің апелляциялық сатыдағы
ерекшеліктері, ең алдымен сотпен шығарылған шешімнің (үкімнің) заңды мен
негізді болуынан тұрады. Басқа ерекшелігі, бұл кезеңдегі қадағалауды жүзеге
асыру бұрын бірінші сатыдағы сотта істерді қарау кезінде заңдылықтың
сақталуын қадағалауға ешқандай қатысы болмаған жоғары тұрған
прокуратураларға берілетіндігі. Бұл осы прокурорлардың объективтілігі мен
іс жүргізу тәуелсіздігін қамтамасыз етудің бірден бір шарты болып табылады.
Прокуратура органдарының орталықтандыру қағидаттары, төмен тұрған
прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға бағыныштылығы заңда
негізделінген және ол бұлжымастық болып табылады. Бірақ, істерді сотта
қарау кезінде заңдылықты қадағалау мәселелері бойынша аталған қағидат өз
күшін толық сақтай отырып, осы міндеттерді тікелей орындайтын
прокурорлардың іс жүргізу тәуелсіздігімен ұштастырады. Жоғары тұрған
прокурор бағынышты прокурорға айыпты қолдау туралы нұсқау беріп қана қоюға
құқылы емес, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық істің апелляциялық
талқылауына қатысушы прокурорға ол келіспеуіне байланысты қорытынды беруге
міндеттей алмайды. ҚР Бас прокуроры, прокуратура органдарының
орталықтандыру қағидаттарын қатаң сақтай отырып, өзінің бұйрықтарымен
нұсқауларымен қылмыстық істерді сотта қараудың заңдылығын сақталуын
қадағалауды жүзеге асырушы прокурордың процессуалдық тәуелсіздігін
нығайтады. Аталған "Қылмыстық істерді сотта қараудың заңдылығына
прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы" 23.02.2001 ж. № 24 бұйрығында
Бас прокурор мынаны ұсынады: "Тараптардың бәсекелестік және теңдік
қағидаттары негізінде сотқа қатысуы заңды және негізді сот қаулысын
шығаруға мүмкіндік тудыруы керек. Айыпты қолдау кезінде өз көзқарасын сотта
зерттелген дәлелдемелердің негізінде анықтасын".
Апелляциялық сатыда прокурордың іс жүргізу жай-күйі сотталушының,
қорғаушының, жабірленушінің, басқа да сот процесіне қатысушылардың іс
жүргізу жай-күйлерінен ерекше. Заң қылмыстық процеске қатысушылардың
барлығына белгіленген мерзімде апелляциялық тәртіпте соттың үкімін,
ұйғарымын және қаулысын даулауға құқылы дейді. Сотталушы, қорғаушы,
жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер бұл құқықты
апелляциялық шағымда нақты іске асырады, ондай шағым бар болған жағдайда,
сот үкімінің, каулысының және ұйғарымының заңдылығын және негізділігін
тексеруге жоғары тұрған сотты міндеттейді. Сонымен қатар, қорғаушыға,
жәбірленушіге, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкерге олардың пікірі
бойынша кез келген әділетсіз үкімге шағымдануларына бөгет болмайды.
Прокурор басқа шектелерге қойылған. Заң талаптары бойынша прокурор әр
негізсіз және заңсыз үкімдерге апелляциялық тәртіпте наразылық келтіруге
міндетті. Прокурордың заңсыз және негізсіз үкімдерге наразылық келтірмеуі,
өзінің қызметтік парызын өтемеуі болып табылады. Басқа қылмыстық процеске
қатысушылардың шағымдарымен салыстырғанда прокурордың наразылығы істі
апелляциялық тәртіпте немесе қадағалау тәртіпте қайта қараудың сылтауы
ретінде заңға және қылмыстық іс материалдарына жауап беруі керек. Аталған
процеске қатысушылардың шағымдарына мұндай талаптар қойылмайды. Наразылық
келтіру мәселелері бойынша прокурордың рөлі аса маңызды, себебі прокурордың
қатысуынсыз кез келген үкімді бұзу немесе өзгерту, прокурордың өз
міндеттерін тиісті орындамауын куәландырады.
Сот органдарының үкімдерін, ұйғарымдарын және қаулыларын қадағалау
тәртібінде қайта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz