Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау



Бухгалтерлік баланс жекелеген счеттар қалдығынан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізгі үлгісі болып табылады.
Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір мерзімге қарай жинақтап көрсетуді баланс деп атаймыз. Бұл анықтамада :
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзімі;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) сияқты элементтер қатысады.
"Баланс" - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - пайдаланушылардың талабына сай кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелердің жағдайы мен олардың қозғалысын жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттілігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар жекелеген көрсеткіштер (сызық жолдарға) баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі кәсіпорынның шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі - Баланс көрсеткіштеріндегі суммаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған соммалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер соммаларының дәлдігі туындайды. Несиелендірушілер кәсіпорынның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылары мен қожайындары таза пайда мен жұмыс істеуге ынталы болады. Яғни, есепті жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік баласта жазылуы керек. [7, б. 142]
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді: сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп атай келіп, капитал айналысының кезеңдеріне тікелей байланыста көрсетікштерді оқуға болады.
Белгілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың бір күніне жасалып, кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсетікш емес, пайда өткен шақтағы атқарған кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі нәтиже болып табылады.
Қаржы жағдайы. Кәсіпорынның қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін бағалап талдау әдістерін

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын
талдау

Бухгалтерлік баланс жекелеген счеттар қалдығынан туындайды. Баланс
қорытынды есеп жасаудың ең негізгі үлгісі болып табылады.
Пайдаланушылар үшін кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір
мерзімге қарай жинақтап көрсетуді баланс деп атаймыз. Бұл анықтамада :
1) баланс;
2) үлгі;
3) пайдаланушылардың мүддесі;
4) сыртқы сипаты;
5) белгілі бір мерзімі;
6) қаржы жағдайы;
7) кәсіпорындар (ұйымдар) сияқты элементтер қатысады.
"Баланс" - латын сөзі. Бұл сөз екі табақты таразы деген ұғымды
білдіреді.
Үлгі - пайдаланушылардың талабына сай кәсіпорынның активті қаражаттары
мен меншікті капитал және міндеттемелердің жағдайы мен олардың қозғалысын
жинақтап көрсетуші қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау
қажеттілігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар жекелеген
көрсеткіштер (сызық жолдарға) баланстың белгілі баптары деп аталынады.
Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мұның өзі кәсіпорынның
шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп
объектілерінен туындайтын есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін
білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі - Баланс көрсеткіштеріндегі суммаларды оқып
отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер
баланстағы жекелеген баптарға жазылған соммалардың дұрыстығын тексереді.
Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер соммаларының дәлдігі
туындайды. Несиелендірушілер кәсіпорынның төлем өтеушілік қабілетін біліп
отырғысы келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын басшылары мен қожайындары таза
пайда мен жұмыс істеуге ынталы болады. Яғни, есепті жыл ішіндегі
кәсіпорынның қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері
де бухгалтерлік баласта жазылуы керек. [7, б. 142]
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып
сипаттауға болады. Баланс мазмұнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден,
сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді: сыртқы
пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар,
ал пассивтерді қаражат көздері деп атай келіп, капитал айналысының
кезеңдеріне тікелей байланыста көрсетікштерді оқуға болады.
Белгілі бір мерзім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және
жылдың бір күніне жасалып, кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын
көрсетеді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен
сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза
салатын көрсетікш емес, пайда өткен шақтағы атқарған кәсіпорынның қаржылық
нәтижесін көрсететін ең негізгі нәтиже болып табылады.
Қаржы жағдайы. Кәсіпорынның қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр
түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары
кәсіпорындардың қаржы шаруашылық қызметін бағалап талдау әдістерін қолданып
мүкіндігі жасалған. Қаржы жағдайына байланысты төмендегідей ескертпелер
жасалған жөн. Біріншіден, кәсіпорынның меншікті активтері әр түрлі
ресурстармен қаражат көздерімен қалыптасатындықтан кәсіпорындардың
ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бұл кәсіпорынның пайда
мен жұмыс істегендігін көрсетеді. Үшіншіден, құнсыздануға (инфляцияға)
байланысты кәсіпорынның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда -
таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған
жөн. Егер кәсіпорын ақысыз (құнын төлемей) қайтарылмайтын активтерді
басқалардан алған жағдайда, онда мұндай суммалар пайда құрамына жазылмай
тек қана баланстың көбеюін көрсетеді.
Кәсіпорындар (ұйымдар). Кәсіпорындар деп - кез-келген шаруашылық қызмет
атқарушы субъектілерді айтады. Кәсіпорындардың түпкі мақсаты пайда түсіріп,
пайдамен жұмыс істеу болса, ұйымдар өздерінің қабылдаған жарғысына қарай
пайда түсіруді мақсат тұтпауы мүмкін.
Ұйымдық құрылымына қарай және есеп саясатының құрылған талабына сай
әрбір кәсіпорындармен ұйымдар өз ерекшеліктеріне тән бухгалтерлік есеп
шоттарының тізімін жасап, осыған байланысты бухгалтерлік баланс жасауына
мүмкіндік туғызылған.
Заңды тұлға танылған кәсіпорындардың барлығы да бухгалтерлік баланс
жасауға міндетті. Егер заңды тұлғалар құрамына енген еншілес кәсіпорындар
құрылған жағдайда, негізгі кәсіпорын басшыларының рұқсаты бойынша еншілес
кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Екі жақты кестеден тұратын кәсіпорынның қаржы жағдайын белгілі бір
мерзімге көрсететін мәліметтер жинағын баланс деп атаймыз. Бұл бастапқы
анықтама. Кестенің тақырыбы ретінде кәсіпорынның аты, баланстың қай
мерзімге жасалғандығы көрсетіледі. Кестенің сол жағы қаражаттар (активтер),
ал оң жағы меншікті капитал және міндеттемелер деп аталатындығы жоғарыда
айттық.
Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуі үшін бұларға әртүрлі қажеттілігі
бар ресурстар қажет. Ресурстар - ақша, жабдықтар, негізгі құралдар, т.б.
арқылы қалынтасады. Бухгалтерлік есепте ресурстарды қаражаттар (активтер)
деп атайды. Барлық ресурстар мен көздер ақшалай өлшемге айналдырылып,
бухгалтерлік есеп баланысына түсіріледі. Баланс кәсіпорындар қаражаттарының
көлемін белгілі бір мерзімге көрсетіп отырады. Қаражаттар кәсіпорындардың
меншігіне жатады.
Капитал және міндеттемелер. Баланстың оң жағы кәсіпорындар
қаражаттарының (активтерінің) құралуы мен қалыптасқан көздерін көрсетеді.
Нарықтық экономиканың талабына сай және мемлекеттік кәсіпорындардың
жекешеленуіне байланысты әрбір жаңадан құрылған кәсіпорындар ең әуелі
меншік иесінің өз қаражатынан (бұларды меншікті капитал деп атаймыз) және
қарыз берушілердің капиталынан (бұларды міндеттемелер деп атайды) басқа да
қаражат көздерінен қалыптасады. [8, б. 8]
Кәсіпорындар қаражат көлемін қалыптастырудың басқа да көзіне қаржы
салымшы инвесторлардың қосқан үлесі жатады. Капитал түрінде үлес
қосушылардың немесе қаржы салымшылардың қаражатын акционерлік капитал деп
атайды. Акционерлер өз қалауына қарай қарапайым немесе үстемділігі бар
акциялар алуына құқылы.
Капиталдың келісі бір маңызды көзі түскен таза пайда болып табылады.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарт жүйесінде кәсіпорынның
өз меншігінде (иелігінде) қалған және қорытынды есепті жасау
сәтінде жүмсалмаған табысты бөлінбеген пайда деп атайды.
Сонымен, баланстың оң жағында екі талапқа жауап беретін
ақпараттар мен мәліметтер топтастырылады:.
1) міндеттемелер деп аталынатын банктердің немесе несиелендірушілердің
талабы;
2) капитал деп аталынатын қаржы салымшысы - инвесторлардың талабы.
Яғни несиелендірушілер мен қаржы салымшы инвесторлардың кәсіпорынға
берген ресурстарының көздері және несиелендірушілер мен инвесторлардың
кәсіпорын қаражаттары (активтері) деңгейдегі талап етушілік құқы болып
табылады. Немесе талап етушіліктің жалпы сомасы (міндеттемелер+капитал)
кәсіпорын қаражаттарының (активтерінің) сомасынан артпауы керек. Міне
осы ережеден соң біздер бухгалтерлік есептің балансын толық түсінуімізге
болады.
Баланстың екі жағының бірінде артық не кем сома жинақталған жағдайда:
1) қаражаттардың белгілі бір бөлігінің жетіспеушілігі анықталады;
2) бухгалтерлік есептің екі жақты жазуын орындаған кезде қате
кеткендігі айқындалады.
Сонымен қаражаттар (активтер)=міндеттемелер + капитал теңдеуі
туындайды. Мұндай теңдік әрқашанда сақталуы керек. Халықаралық бухгалтерлік
есеп стандарттарына сай брі теңдікті екі жақтылық принцип деп атайды. Екі
жақтылық принцпі бухгалтерлік есептің ең негізгін құрайды. Бұл принцпті ары
қарай салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, онда қаражаттар (активтер)
сомасынан міндеттемелердің сомасын шегерген жағдайда кәсіпорын капиталының
сомасы анықталады.
Бухгалтерлік баланста қаражаттар, міндеттемелер мен капитал жөніндегі
кәсіпорынның мәліметтері белгілі бір уақытқа қарай топтастырылады.
Екіншіден, бухгалтерлік баланс қызмет атқарып отырған кәсіпорындар үшін
белгілі бір мерзімге жасалынады. Үшіншіден, бухгалтерлік баланс

көрсеткіштеріне түеірілетін мәліметтер жекелеген шоттардың
негізінде қалдығына) жинақталады. [9, б.19]
Іс-тәжрибеде баланстың сол жағын актив, оң жағын пассив деп те атайды.
Кәсіпорындарда күнделікті көптеген шаруашылық операциялары болып
жататындықтан ең әуелі шаруашылық операциялары өзінің экономикалық маңызы
мен мақсатына қарай бухгалтерлік есеп счеттарына жазылып отырады. Счеттар
жүйесіне жеке тоқталамыз. Баланстың сол жағывдағы активтер (қаражаттар)
кәсіпорынның бақылауында болатын экономикалық тұрғыдағы ресурстар.
Ресурстар пайда болған сәтте есепке алынып, балансқа түсіріліп өлшенеді.
Әрбір кәсіпорындар қалыпты жұмыс атқаруы үшін ресурстар тиімді пайдаланылуы
керек. Экономикалық тиімділік түскен таза пайдамен өлшенеді. ресурстар ақша
айналатын тауарлы-материалды құндылықтардан, негізгі құралдардан, т.б.
материалды емес активтерден құрылады. Бухгалтерлік баланстың оң және сол
жағы әртүрлі тауардан тұрады. Ендігі жерде баланстың шекелеген тауарларына
қысқаша түсінік беру қажеттілігі туындайды.
Айналымдағы немесе ағымдағы активтер. Бұған ақша қаражаттары және
агамдағы (бір жыл ішінде) ақшаға айналатын, сатылатын және сатып алынған
таурлар мен шикізаттар, материалды құныдылықтар, сондай-ақ өз өндірісіне
жұмсалған айналым қаражаттары жатады.
Нарықтық қатынасқа түсетін құнды қағаздар - бұлар күрделі қаржы
құрамына жатады. Құнды қағаздарды сатуға және айналымға жіберіп, табыс
табуға болады. Құнды қағаздар бір жыл ішінде айналымға түсетін болса, онда
бұларды ағымдағы, ал бір жылдан аса уақыт айналымға жіберілсе, онда бұлар
рақ мерзімді құнды қағаздар деп бөлінеді.
Алынуға тиісті шоттар - сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
кәсіпорынға берешек сомалары. Кәсіпорындар арасында экономикалық қатынастар
болып тұратындықтан "Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" мүмкін" алынбай
қалатын сомаларға жасалады. Бухгалтерлік баланста бұрын жасалған резервтік
соманы алынуға тиісті берешектерді қарыздардың жалпы төлемінен шегеріп
жазады. Кәсіпорындарға басқа да кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың
берешектері - берешектердің қарызы деп аталады.
Тауарлы-материалды құндылықтар - бұларға сату үшін сақтауда тұрған
тауарлар, сату үшін өндірісте тұрған тауарлар материалды құндылықтар,
үдіріске жұмсалатын шикізаттар мен материалдар жатады.
Алдағы кезең шығындары - бұл бапқа жуық арада жұмсалатын материалды
емес активті қаражаттардың белгілі бір бөлігі жатады. Сақтандыруға, газет-
журналдар мен кітаптарға жазылу, жалға алу шығындары мысал бола алады.
Мүліктер, ғимараттар мен жабдықтар - ұзақ уақыт пайдалануға жататын
активтер, қозғалмайтын мүліктер, тауарлар өндіруге, өндіріс
үрдісіне пайдаланатын технология т.с.с. жатады. Бұлар болашақта мол табыс
түсіріп, ақша табуға жататындар. [10, б.42]
Басқа да активтер. Ұзақ мерзімді күрделі қаржы игеру. Ұзақ мерзім
аралығында күрделі қаржы игерудің негізінде пайда табу мақсатымен бір
кәсіпорынның шығарған құнды қағаздарын басқа да кәсіпорынның сатып
алғындығы осы бапқа жазылады.
Материалды емес активтер. Бұларға - патенттер, гудвилл, авторлық
құқық, тауарлық белгілер, монополиялық құқық, т.б. затқа айналмаған, қолмен
пайдалануға болмайтын материалды емес активтер жатады.
Міндеттемелер. Қысқа және ұзақ мерзімді алашақтардың қарызынан Бұларға
ақша төлеу, қызмет көрсету және де активтерді беру мен несиелерді қайтару
жөніндегі міндеттемелер жатады. Сонымен қатар сшорындар мен ұйымдардың
ағымдағы ресурстарының көлеміне қойылған деп танылған жөн. Міндеттемелерді
өтеу жөнінде қойылған талап дәрежесі өте жоғары болады. Ағымдығы, бір жыл
ішінде операциялық циклдарға бөлінген көздер.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге ақшасы төленбей алынған тауарлар мен
қызметтер, төленбеген салықтар, басқа да қабылданған есептеулер
мен шығындар жатады. Бұл топқа алынған аванстар, алдын ала алынған
төлемдер, коммерциялық акцептер, төленетін вексельдер, қысқа мерзімді
несиелер мен қарыздар жатады. Бір жыл ішінде қайтарылатын
міндеттемелерді қысқа мерзімді несие қарыздар деп атайды. Егер осы
жоғарыда аттары аталған қарыздарды бір жылдан (12 айдан) артық уақыттан соң
қайтару міндетті қабылданса, онда алашақтардың қарызын ұзақ
мерзімді міндеттемелер категориясына жатқызуға болады.
Бұларға банктерден, сақтандыру компаниясынан алынған ссудалар және
ксельдер жатады. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді қайтарудың проценттік
тавкасы, қайтару мерзімі, қойылған конверсиялық жеңілдік,
кепілдікке қойылған мүліктер мен негізгі құралдар т.б. баланстық құны,
алынған несиенің ару мерзімін ауыстырып көшіру (пролантация)
т.с.с. жағдайлар жатқызылады.
Төленуге тиісті шоттар. Жабдықтаушылардың (сатушылардың)
жабдықталған тауарлары мен көрсеткен қызметін кәсіпорынға
(сатып алушыларға ) бергендігі, ал ақшасы әлі төленбегендігі бухгалтерлік
баланстың оы бабына жазылады. Қаржы және салық мекемелеріне
кәсіпорынның берешегі де осында көрсетіледі. Мұндай берешектер берілген
вексельдер түрінде де болуы мүмкін.
Төленуге тиісті салықтар. Мемлекетке төленбеген салықтар. Толық сомасы
баланс табысы (алашағы). Мұның мысалына есептелген, алайда әлі иенбелен
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы жатады.
Алдағы кезең табысы. Фирмаларға немесе кәсіпорындарға тапсырыс
берушілердің алдын-ала аударып қойған ақшалары алдағы кезеңнің табысына
жатады. Мұның мысалына газет журналдарға жазылу үшін баспаханаларға
аударылған қаражаттарды келтіруге болады. Өз кезегінде журналдың әрбір
нөмірін баспахана немесе газет-журнал шығарушы ұйымдар жазылушыларға жыл
бойы таратып отырады.
Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі. Ұзақ мерзімге алынған
ссуданың белгілі бір бөлігін келесі жылы қайтаруға тиісті сомасы баланста
жеке бап ретінде көрсетіледі. Кәсіпорындардың ағымдығы міндеттемесін әр
жылғы жеке көрсету мақсатымен қойылған талап.
Басқа да міндеттемелер. Қысқа мерзімді міндеттемелер категориясына
жатпайтын басқа да міндеттемелер көрсетілген осы бапқа түсіріледі.
Меншікті капитал. Кәсіпорын қожайынының өз кәсіпорнына салған қаражатын
капитал деп атайды. Бұл бөлімді "акционерлік капитал" деп те атайды.
Акционерлік капитал қалыптастырудың шындығы және меншік күқылығы акция
қағазымен расталады. Ақционерлік табыс табуға мүдделі болуы керек. [11, б.
125]
Жарғылық капитал - Бухгалтерлік есеп балансының бұл бабы меншікті
капиталдың құрамында жүргізіледі. Жарғылық капитал кәсіпорынның бастапқы да
кәсіпорынның бастапқы құрылу кезінде акционерлік қоғамның және басқа да
кәсіпорындардың қосқан қаражат көздерінен қалыптасады. Сонымен қатар
кәсіпорын қайта құрылып, меншік түрін өзгертіп, жекешеленген кезде, бұрынғы
мемлекет меншігіндегі активті қаражаттар құнын қайта бағалау немесе сатудың
нәтижесінде түскен сомаларды жарғылық капиталға айналдырып кіріске алады.
Резервтік капитал. Акционерлік қоғамдар мен басқа да кәсіпорындардың
таза пайда есебінен операциялық қызметтерден төлемдерін өтеу үшін бөлінген
қаражат көздерін резервтік капитал деп атайды. Кәсіпорындар мен қоғамдардың
ағымдығы таза пайдасының сомасы жеткіліксіз болған жағдайда резервтік
капитал құрылады.
Төленген капитал. Кәсіпорындар және корпорациялар шығарған акцияларды
сатып алып, кәсіпорындарға тікелей үлес қосушылардың қаражаттарын төленген
капитал деп атайды.
Бөлінбеген капитал. Таза пайда табудың негізінде капитал көлемі артып
отырады, яғни пайда операциялар жүргізудің негізінде қалыптасады.
Бөлінбеген пайда көлемі дивиденд сомасын төлеген кезде азаяды. Бөлінбеген
пайда кәсіпорын қызметін бастапқы кезеңнен бастап түскен жалпы пайда мен
бухгалтерлік баланс жасаған сәттегі табыстың айырымынан және акционерге
төленген дивиденттік жалпы соманы шегеру арқылы есептеледі. Бөлінбеген
пайда деп кәсіпорын меншігінде қалған және қорытынды есепті құру сәтінде
әлі жұмсалған табысты айтады.

1. Баланс активтерінің қалыптасуын БАКО-1 ЖШС–тің мысалында талдау

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау қаржылық есеп беру актавтерінің
құрамы мен құрылымын талдаудан басталады.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау —
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын ,талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік
береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын
көрсететін: болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін
сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнның өсу себептерін талдағанда, жоғары
деңгейі баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескерту қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі
құралдардың
баланстық құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжрибеде өндірістік қорлар, дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. [12, б.156]
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.

Кесте 4 - 2006 жылдың басы мен соңындағы БАКО-1 ЖШС–тің дағы баланс
активтерінің құрамы мен құрылуы [13]

Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Жыл бойындағы
өзгеріс (+,-) Құрылымын
ың
өзгеруі
(4гр
-2гр)
Активтер құны,
барлығы соның 551527 100 571478 100 +19951 +3,6 X
ішінде:
1.1.
Ұзақмерзімді 275142 49,89 250875 43,9 -24267 -8,8 -5,99
активтер: 272142 49,34 240875 42,15 -31267 -11,5 -7,19
а)негізгі 3000 0,55 10000 1,75 +7000 2,3 есе+ 1,2
қуралдар 276385 50,11 320603 56,10 +44218 +16 +5,99
ә)қаржылык
салымдар;
1.2. Ағымдағы 146508 26,56 187458 32,80 +40950 +28 +6,24
активтер: 78473 14,23 86657 15,16 +8184 +10,4 +0,93
а)өндірістік
қорлар;
ә)дайын өнім.

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 19951 мың теңгеге немесе 3,6%-ке артқандығын көруге
болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның
жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді талдай отырып, олардың
қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-
ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының
жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін)
анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының
көлемін анықтау қажет, ол туралы арнайы оқулықтарда түрлі көзқарастар
кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың,
өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің, өсімдегі және бордақылаудағы
малдар құндары қосылады [14, б. 121]
Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын анықтайтын
активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі
қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қойылады. Бұл әдістеме
кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды.
"Шаруашылық тәжірибесінің мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы
мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни Кn 0,5 қалыпты болып есептеледі"
-деп жазады А.Д.Шеремет пен Р.С.Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі
қатерлі мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі
қызметінің қаржылық нәтижелері активтерді меншікті қаражат есебінен
толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті
арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн. [15, б. 112]
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін
анықтау маңызды: ағымдағы акгавтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің
құнның қатынасымен анықталған кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффициентінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жағдайды талдау әдістері туралы
Ағымдағы активтердің құрамы мен құрылымын талдау
Компания активтерінің құрылымы мен динамикасы
Коммерциялық негіздегі қызмет ететін кәсіпорынның қаржысы
Төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау
ЖШС «Казтехпром-сервис» кәсіпорнының қаржылық жағдайы мен экономикалық потенциалын талдау және бағалау
Бухгалтерлік баланстың кәсіпорында қолдану ерекшеліктері
Бухгалтерлік баланс элементтерін тану
Компанияның баланс өтімділігін талдау
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Пәндер