Кеңес – ауған соғысы
Кіріспе
I.тарау.
Сәуір төңкерісі
1. 1978 жыл. Сәуір төңкерісі
2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім
3. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі
4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді
II .тарау.
КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы
1. Моджахедтер
2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I . кезеңі
3. Женева келімісі біржақты орындалуда
4. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының II. кезеңі
Қорытынды
Библиографиялық көрсеткіштер тізімі
Әдебиеттер

20 жылдан аса уақыт бұрын КСРО Қарулы әскери күші Ауғанстаннан шығарылды. “Ауған соғысы” жөнінде өте көп мақалалар жазылды. Кеңес Одағы тарағаннан кейін бұл соғыс жөнінде шындыққа жақын деректер Ресей баспаларында көп басылғанымен, ақиқат әлі де көпшілік құлағына жеткен емес. Бұл соғыстың жарық түсірілмеген жерлері әлі көп. Көп сұраққа әлі жауап жоқ. “Ауған соғысы” жөнінде бірін бірі жоққа шығаратын деректер де өте көп. Авторлар біріне бірі жарыса бұл соғысты біресе ақтап біресе даттап жатады.
КСРО тарағанға дейінгі басылымдар көбіне бір жақты болып, ауған қасіретіндегі шындық бүркемеленіп, көбіне КСРО позициясы жақталып жазылған деректер көп болды. КСРО тарағаннан кейін де кейбір мәліметтер халыққа ащы шындығымен жете бастағанда, халық қайсысына сенерін білмей қалды. М.Горбачев тұсында демократияға сенген академик А.Сахаровқа ұқсаған батыл тұлғалар бұл соғыс жөнінде бет пердені ашып, кінәлілерді халыққа танытқысы келді. Бірақ кеңестік насихат әбден мойын сұнған, оған қатты сеніп, оның әрбір әрекетін тек қана дұрыс деп түсініп келеген КСРО халқы оларды түсінбеді.

1. Теплинский Л.В. История советско – афганских отношении (1919-1987) М.1988, 217б.
2. Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 31б.
3. Сафрончук В.С.Афганистан при Б.Кармале и Наджибулле « Азия и Африка сегодня» М. 1996№6, 11б
4. Ляховский А.А. Забродин В.М. Тайны афганской войны М. 1991, 21б
5. Игнатов Н.В. Революция рождения в апреле М. 1980 13б.
6. Андронов И.И. По волчьему следу М. 1984, 53б.
7. Гайдар Т.А.Под афганским небом Москвы М.1983 13б.
8. Теплинский Л.В. История советско-афганских отношении (1919-1987) М.1988, 199б
9. Беляков В.В. Афганский бумеранг «Азия и Африка сегодня» 1996, №8,23б
10. Бурлацкий Ф.М. Вожди и советники М. 1990, 167б
11. Сафранчук В.С. Бабрак Кармаль и Наджибулла «Азия и Африка сегодня» 1997, №1 36б.
12. Рашидов Р.Т. Советско – афганские отношения и их буржуазные фальцификатары. Ташкент 1983, 78б.
13. Сафранчук В.С. Бабрак Кармаль и Наджибулла «Азия и Африка сегодня» 1997, №1 40б.
14. Ляховский А.А. Забродин В.М. Тайны афганской войны М. 1991, 111б
15. Андронов И.И. По волчьему следу М. 1984, 20б.
16. Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 158б.
17. Сафранчук В.С. Вопрос без ответа Азия и Африка сегодня 1997г. №1, 37б.
18. Крипиченко П.Ф. Новые пути Афганстана. Киев 1991, 81б.
19. Золотаревский Л.А. Афганский репортаж М. 1983 117б.
20. Ляховский А.А. Трагедия и доблесть Афгана, М. 1995г. 160б.
21. Игнатов Н.В. Революция рождения в апреле М. 1980 19б.
22. Студеникин П.А.Тараненко И.И., Горячая земля 62 б, М.1986, 27б.
23. Москаленко В.И.Остановить кровопротие «Азия и Африка сегодня» 1998 №3
24. Сикоев Р.Т.Политический облик афганской диаспоры «Азия и Африка сегодня» 1998, №3
25. Давыдов А.А. Таины стермятся к власти Азия и Африка сегодня» 1996№7
26. Коргун В.М. Барак Кармаль «Азия и Африка сегодня» 1998, № 4
27. Ганковский Ю.В. Исламское движение толибов «Азия и Африка сегодня» 1998, № 11
28. Коргун В.М. Исламский экстрелизм у границс СНГ «Азия и Африка сегодня, 1999 №1
29. Кузьмин О.К. Не столь таинственные толибы «Азия и Африка сегодня» 1996, №2
30. Сайман Б.С. Қазақ «ауғаны» Егемен Қазақстан, 1998г. 26.12.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
тақырыбы: “ КЕҢЕС – АУҒАН СОҒЫСЫ ”.
ОРЫНДАҒАН: Г. Акимова Тарих, құқық
және экономика негіздері
мамандығының, IV – курс студенті
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:
т.ғ.к., Абдухаимов Е.Ф.
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ:
КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ
т.ғ.к., доцент________________ШАБАНОВ Е.И.
ШЫМКЕНТ 2006 жыл
КЕҢЕС – АУҒАН СОҒЫСЫ
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I-тарау.
Сәуір төңкерісі
1. 1978 жыл. Сәуір төңкерісі
2. Кеңес әскерлерін Ауғанстанға кіргізу үшін қиын шешім
3. Б.Кармаевдің Ауғанстан үкімет басына келуі
4. КСРО әскерлері Ауғанстанға енді
II -тарау.
КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығуы
1. Моджахедтер
2. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының I – кезеңі
3. Женева келімісі біржақты орындалуда
4. КСРО әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының II- кезеңі
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Библиографиялық көрсеткіштер тізімі
Әдебиеттер
КІРІСПЕ
20 жылдан аса уақыт бұрын КСРО Қарулы әскери күші Ауғанстаннан
шығарылды. “Ауған соғысы” жөнінде өте көп мақалалар жазылды. Кеңес Одағы
тарағаннан кейін бұл соғыс жөнінде шындыққа жақын деректер Ресей
баспаларында көп басылғанымен, ақиқат әлі де көпшілік құлағына жеткен емес.
Бұл соғыстың жарық түсірілмеген жерлері әлі көп. Көп сұраққа әлі жауап жоқ.
“Ауған соғысы” жөнінде бірін бірі жоққа шығаратын деректер де өте көп.
Авторлар біріне бірі жарыса бұл соғысты біресе ақтап біресе даттап жатады.
КСРО тарағанға дейінгі басылымдар көбіне бір жақты болып, ауған
қасіретіндегі шындық бүркемеленіп, көбіне КСРО позициясы жақталып жазылған
деректер көп болды. КСРО тарағаннан кейін де кейбір мәліметтер халыққа
ащы шындығымен жете бастағанда, халық қайсысына сенерін білмей қалды.
М.Горбачев тұсында демократияға сенген академик А.Сахаровқа ұқсаған батыл
тұлғалар бұл соғыс жөнінде бет пердені ашып, кінәлілерді халыққа танытқысы
келді. Бірақ кеңестік насихат әбден мойын сұнған, оған қатты сеніп, оның
әрбір әрекетін тек қана дұрыс деп түсініп келеген КСРО халқы оларды
түсінбеді.
Л.И.Брежнев өлгеннен кейін шындыққа жақын жазылған мақалалар оқиға
шын баға беруге тырысты. 1990 жылы Мәсекуде басылым көрген. Ф.Бурлацкийдің
“Вожди и советники” деген кітабында автор “ауған соғысына қатысы бар КСРО
басшыларының іс әрекеттерін баяндайды. Кітаптың КСРО заланында жазылғанын
ескерсек бұл кітаптағы деректер де автордың өз көзқарастарына негізделіп,
Ю.Андропов, генерал Н.Огарков т.б. сияқты кейбір жоғары лауазымды басшылар
жөніндегі пікірлеріне шығатын сену күмәнді.
1990 жылы Мәскеуден шығатын “Армия” әскери журналының бірнеше
сандарында “ауған мәселелері” жөнінде деректі повестер жарық көріп, халыққа
“ ауған соғысының” кейбір эпизоттары мәлім болды. Өкінішке орай ол жылдары
да нақты шындықты айтуға бола бермейтін кез болатын. Осы журналда “үздік
еңбек” деп танылып, КСРО қорғаныс Министрінің сыйлығына еге болған
А.А.Ляховскийдің “На афганской выжаненный земле” деген мақаласы жарық
көрді. Автор мақаласын ресми деректермен толықтырып, шындықты
бейнелегенімен, ол деректер өте аз және көпшілікке мәлім жайттар болды. Тек
қана арада бірнеше жыл өткеннен кейін автор бұл мақаласын толықтырып жеке
кітап етіп бастыра алды.
Генерал – майор А.А. Ляховский тарихшы немесе журналист емес, кәсіби
әскери қызметкер. Ол Ауғанстандағы соғысқа тікелей қатынасып, соғыс
суреттерін өз көзімен көрген адам А.А.Ляховсикй ұзақ жылдың КСРО қарулы
күшінің Бас штабында қызметте болып. КСРО әскерінің Ауғанстандағы өткізген
жылдарында ондағы КСРО оперативтік соғыс әскери тобының бастығы Армия
генералы В.И.Варенниковтың көмекшісі болып қызмет атқарды. В.И.Варенников
өз кезегінде сол кездегі әскери – соғыс күшінің Бас қолбасшысы
Д.Наджибулланың әскери кеңесшісі болған. Осы деректен А.А.Ляховский
Ауғанстандағы соғыстың көптеген қараңғы ноқталарына жарық түсіріп,
көпшілікке бұл соғыс жөнінде сенімді көрініс бере алды.
Соңғы уақыттарыда “ауған оқиғасының” куәсі болған басқа да бірнеше
адамдар ауған шындығының бетін ашуда. Мысалы кезінде Ауғанстан премьер
министрі болған Х.Аминнің, Ауғанстан Сыртқы Істер Министрі болған
Ш.М.Дустардың кеңесшісі болып қызмет атқарған кеңес дипломаты
В.С.Садрончуктың 1996 жылдан бастап “Азия и Африка” журналының беттерінде
ұзын уақыт “Афганстан при Б.Кармоле и Наджибулле” деген деректі мақаласы
басылды.
Бұлардан басқа аталмыш журнал беттерінде В.Москоленко (“Остановить
кровопраштие”), В. Коргун (“Б.Кормоль”) В.Беляков (“Афганский бумеранг”),
Р.Сикаев (“Поштический облик афганской диаспоры”) т.б. авторлардың мақалары
шықты.
Жалпы “ауған соғысы” жөніндегі мақалалар өкінішке орай авторлары
орыстар болып, Ресей басылымдарында жарық көріп, қазақ авторлары мен
басылымыдары өте сирек кездеседі.
Қазақ авторларының ішінде 1996 жылдан бері нақты деректерді пайдаланып
“ауған соғысына” ептеп жарық түсіріп жүрген, анда-санда “Егемен Қазақстан”
газеттерінде аз көлемде ғана басылып тұратын Болат Майлан деген қазақ
авторы “ауған соғысына” жалпы тоқталмай, соғысқа кеңес әскерлері қатарында
қатынасқан азғантай (салыстырмалы түрде) қазақ жауынгерлерінің сол соғыс
кезіндегі, одан кейінгі тағдырларымен шектеледі. Б.Сайлан әзірше ізденіспен
ғана шектеліп, әлі өз еңбегін тарихи кітап етіп бастырған емес. Сол себепті
қазақ авторының еңбегі жасалған диплом жұмысына қолдануға жеткіліксіз
болып, жұмыс негізіне көбіне Ресей авторларының еңбектері пайдаланылды.
I-тарау
Сәуір төңкерісі
1978 жыл. Сәуір төңкерісі
1978 жыл, 27-сәуірде (ауған жылнамасында 1357 жыл, 7 – сәуір)
Ауғанстанда бір топ офицерлердің басшылығымен сол кездегі мемлекет
басындағы М.Дауд шах режимі құлады1. Бұл әрекет әлем жұртшылығына –
төңкеріс деп жарияланды. Төңкерісті жасағандар маркстік – лениндік
ұрандармен қаруланған Ауғанстан халық демократиялық партиясы (АХДП)
мүшелері негізінен әскерлерден құралған азғантай топ, бұрын тәжірибесі
болмағанына қарамастан, жәй халықтың көмегінсіз тек қана өз мүмкіндіктерін,
қызмет бабын пайдалану арқылы ғана өз мақсаттарын іске асыра алды.
1973 жылы Ауғанстанның бұрынғы патшасы Захир Шахты тақтан тайдырып,
үкімет басына келген М.Дауд2 АҚШ пен де, КСРО мен де бірдей саяси қатынаста
болды. М.Дауд туралы саяси әлемде америкалық темекісін кеңестік
сіріңкесімен тұтатқан адам деген сөз тарады. Сыртқы саясатты М.Дауд Батыс
пен Шығыстан бірдей ұпай жинауды көздеді. Ішкі саясатта ол өзін үкімет
басына әкелген күштерге уәде еткен әлеуметтік реформаларды жүргізудің
орнына, халық күткен демократиядан бас тартып, керісінше демократиялық
козғалыстарды басып тастауға әрекет етті. Партия қайраткерлерін қудалау
басталды3.
АХДП басшылары әсіресе Б.Кармольдің идеясы бойынша Дауд үкіметің
құлату әрекеттерін пландай бастады. План бойынша шешуші көтеріліс 1978
жылдың шілде айына белгіленді. Алайда осы жылдың 17-сәуірінде АХДП Парчан
фракциясының жетекші идеологі саналған А.Хайбардың Дауд үкіметі тарапынан
өлтірілуі бұл планның мезгілінен бұрын іске асуына жағдай туғызды4.
А.Хайбардың өлімі АХДП – ның ашу – ызасын туғызды. АХДП басшысы
Хальк фракциясының өкімі Н.М.Тараки және АХДП Орталық комитеті басшысы
Б.Кармаль бастаған 15 мыңнан аса адам АҚШ елшілігі алдында АҚШ Дауд
режимінің қолдаушысы деген ашулы айыптаулар айтып шеру өткізді.
А.Хайбар жерленгеннен кейін Кабулде демократиялық күштерге қарсы
репрессия басталды. 24-сәуір күні Кабулдегі АҚШ елшісі Д.Эллиот пен М.Дауд
арасында жасырын кездесі өтіп, АҚШ елшісі Даудке солшыл күштерді қатаң
жазалау керектігін ескертті5. АХДП басшылары Н.М.Тараки, Б.Кармаль, Х.Амин,
Д.Пандишери, А.Сафи т.б. конститутцияны бұзды деген айыппен тездетіп
тұтқынға алуды талап етті.
26-сәуірде аталмыш адамдар Х.Аминен басқасы түгел тұтқынға алынды.
Н.М.Таракидің және басқадлардың түрмеге түскенін білген Х.Амин Кабул
мунициполитетінде қызмет етуші М.Факир және Ауғанстан Әуе әскери
күштеріндегі офицер С.М.Гулабзой арқылы көтеріліс планы тараптастарына
жеткізді.
Сол күні (26-сәуір)6 Ауғанстандағы барлық әскери бөлімдерде
коммунистердің басып тасталғаны тойланды. Ауғанстан Қорғаныс министрі
М.Х.Расули мерекелік той дастарханына қоса көңілді мерекелік бағдарлама
ұйымдастыруға бұйрық берді. Осы жағдайды пайдаланған АХДП мүшелері
көтеріліске дайындыққа кірісті.
План бойынша АХДП мүшелері 4-танкистер бригадасының штаб бастығы
М.Рафи, батальон командирі М.А.Ватанжар және Ш.Маздурьяр т.б. басталған
танкілері оқ жауды.
Кабульдің әрбір түпкірінде, әуе - әскери күштері арасында АХДП – ның
ұйымдастырумен ұрыстар болды. Президент сарайы алынды. М.Дауд өзінің
жақындарымен қоса өлтірілді7.
Өкімет басына АХДП келді8. Кабул халқы және басқа Ауғанстан уалаяттары
АХДП- ның өкімет басына келуін жайбарақаттықпен қабылдады. Бұған бір
жағынан олардың саяси сауатсыздығы, екінші жағынан оқиғаны тек қана
М.Даудты биліктен тайдыру процессі деп қана бағалауы себеп болды. Қалай
болғанда жалпы халықтың тыныштық әрекеті АХДП ға жақтастық емес, оқиғаны
дұрыс түсінбеушілігінен туған құбылыс болды.
1978 жылы 27-сәуірдегі Кабульдегі төңкеріс әскерлер тарапынан да
жағымды қабылданды. Хальк және Парчон фракцияларының ауған Армиясы
ішіндегі ұйымдары М.Даудке жақтас аға офицерлерді қарусыздандырды8.
М.Дауд режимінің оңай құлатылғаны АХДП – ның басшыларына жеңіс
эйфориясын, өздеріне деген сенімділік сезімін туғызды. Популистік ұрандар
көбейді. Көптеген іске асылуы мүмкін емес проектілер жарияланды. Жалған
уәделер насихатталды.
Жаңа режим басына келген Н.М.Тараки үкіметі өзінің мемлекеттік саяси
істерінде негізінен КСРО-ға арқа сүйеді9. Өз кезегінде КСРО Ауғанстанға
көмегін өте көлемді мөлшерде белгіледі. Олардың ішіндегі ең негізгісі
әскери көмек болды.
Ауғанстандағы сәуір төңкерісі ислам және демократия принциптерін
қорғау үшін жасалды деп жарияланғанымен, іс жүзінде АХДП өкімет басына
келісімен ақ рухани – діни өкілдердің үстіне қатты бақылау орнатылды. Діни
басшылар, халық, ру, тайпа ақсақалдарын режимге қарсы деген жаламен
репрессиялау басталды.
1978 жылы шілдеде демократиялық және антифеодальдық іс-әрекеттерге
қарсы алғашқы әскери қарсылық басталды10. Бадахшан, Башан, Кундар, Пактия,
Нангархар уалаяттарында жергілікті помещтиктік-феодальдық топ басшылықтарын
елеулі мақсаты айқын алғашқы қарсылықтарды өрістетті.
КСРО аналистиктері Ауғанстандағы сәуір әскери төңкерісін армия мен
ұсақ буржуазияның азғантай тобының көтеріліс нәтижесінен болған әскери
өзгерісі деп қарағанымен, ауғанстан өкімет басына солшыл ниеттегі АХДП-ның
келуіне қуанғандарын жасыра алмады11.
Батыс эксперттері М.Даудтың құлауын өздерінің нақты дәлелдері болмаса
да КСРО – ның арнайы құпия қызметі (спецслужба) қолымен істелді деген
пікірді қолдады. Бұған дәлел ретінде төңкерістің алғашқы күндерінде
Б.Кармальдің үнді журналистеріне айтқан Ресей бұл жерде төңкеріс болуын
қалады деген сөзі себеп болды12.
Ауғанстанда АХДП режимінің басталуынан бастаған КСРО өз көмегін жан
жақты күшейтті13.
АХДП – ның үкімет басына келген алғашқы күнінен бастап, бұл партияның
бір мемлекетті басқарып әкететіндей тәжірибесі де, арнайы білім деңгейіде
де жоқ екені белгілі болды.
Ауғанстандағы жаңа өкімет халықпен, діни адамдармен, әртүрлі ру, тайпа
көсемдерімен тіл табыса алмады. Ал бұл екі фактор халыққа әсер етуші
негізгі күш болатын.
КСРО мемлекетінің берін жатқан өлшеусіз көмегіне әбден сүйенген АХДП
басшылығы өздерінің мақсаттарын халыққа еріксіз таңып, Ауғанстандағы жаңа
режимді тоталитарлық, авторитарлық режим жүйесіне бұрын бара жатты. Бұл
режим халықты қорқытып, үркітіп, күштеп билеуге тырысты.
Ауғанстан демократиялық Республикасы (АДР) Төңкеріс кеңесінің алғашқы
указдарына сәйкес үкімет және сот ұйымдары белгіленіп, жаңа губернаторлар,
корпус және дивизия командирлері тағайындалды. Бұрынғы үштүрлі мемлекет
байрағы біртүсті, Кеңес Одағының мемлекеттік байрағындай, қызыл болып,
Ауғанстан мемлекеттік гербі жасалды14.
АДР мемлекет басшысы және премьер министрі болып Н.М.Тараки, оның
орынбасары болып Б.Кармали сайланды. Премьер министрдің бірінші орынбасары
және АДР сыртқы істер Министрі (СIM) болып -Х.Амин, Байланыс министрі
болып – майор М.А.Ватанжар, подполковник А.Кадыр – Қорғаныс министрі, майор
М.Рафи - Әлеуметтік қызмет министрі болып тағайындалды15.
1978 жылы мамыр айында АДР жаңа өкіметі КСРО мен әскери келісім
шартқа отырды16. Алғашқы келісімде олардың саны 400 адам көлемінде болғаны
мен, кейіннен сансыз есе көбейді.
Кеңес Одағынан жіберілген кеңесшілер корпусы дағдарыс кезеңінің
тәртібіне сәйкес тек қана СОКП басшыларының есіткісі келетін жағдайды ғана
баяндап, іс жүзінде ауған жағына ақыл-кеңес беру жұмысшысын емес, АДР
өкімет және партия басшыларының тікелей міндеттерін өздері атқарды. АХДП –
ның барлық түрі СОКП – ның копиясына айналып бара жатты.
1978 жылы 30- қараша Жер туралы Төңкеріс Кеңесінің указы шықты.
Алайда жер реформасы халық күткен нәтиже әкелген жоқ17.
1978 жылы қазақ айында АДР өкіметінің әйелдер үшін арнаулы декреті
шықты18. Әйелдер ер адамдармен тең құқылы деп жарияланды. Қалыңмал жойылды,
жастай үйленуге тыйым салынды. Сауатсыздықпен күрес негізінде әйелдер
күштеп сауат ашу курстеріне тартылды. Алайда бұндай әрекеттер сауатсыз,
қараңғы ауған халқытарапынан олардың жеке өмір заңына қол сұғушылық деп
танылды, қарсылықтарын туғызды.
АДР режимі исламның суннит шиит екі ағымының суннитін жақтап шииттер
(исмаиидтер) қуғынға ұшырады. Шриттердің беделді азаматтары діни өкілдері,
ақындары, талантты адамдары өлтірілді.
Діни басшыларға, молдаларға қарсы жаңа режимнің репрессиялық қадамы
олардың қкіметке қарсы күштерді ислам туы астына біріктіріп, АХДП ға қарсы
күреске итермелеулеріне себеп болды.
Іштегі оппозицияға қарсы жазалаушылық саясат басқындар санын көбейтті.
Туыстары мен балаларының амандығын ойлаған адамдар, бүкіл отбасы, кейде
бүкіл қыстақ түгел мемлекетті тастап кетіп жатты. Тек қана 1978 жылы
Пакистанға 110 мың адам кетті, ал 1979 жылы олардың саны 750 мыңнан асты19.
Ауғанстандағы сәуір төңкерісінің пайда болуына себеп болған негізгі
қозғаушы кұш - АХДП 1965 жылы 1- қаңтарда құрылды.20 Оның құрамына жазушы
Н.М.Тараки, министрлікте жоғары қызметте істеуші чиновниктер Б.Кармаль,
Ш.М.Дост, офицерлер М.А. Хайбар, М.Т.Бадахмин т.б. кірді. АХДП құрылуына
СОКП тікелей жәрдем етті. Партияның алғашқы құрылтай съезі Н.М.Таракидің
үйінде жасырын түрде өтіп, АХДП орталық комитеті (ОК) сайланды, оның
құрамы, мақсаты, міндеті белгіленді. Партияның бас хатшысы болып
Н.М.Тараки, АХДП ОК хатшысы болып, Б.Кармаль сайланды. АХДП ОК мүшелігіне
7 адам Н.М.Тараки, Б.Кармаль, С.М. Кештманд, С.М. Зерай, Ғ.Д.Пашери, М.Т.
Бадахши, Ш.Шахпур кірді. АХДП баспа орталық ұйымы – Хальк газеті
шығарылды. 1966 жылы АХДП бағдарламасы осы газетте жарияланды21.
АХДП құрылғаннан бастап оның басшылары Нур Мохаимад Тараки мен Бабрак
Кармаль арасында басшылыққа талас әрекеттер пайда болды. Н.М.Тараки оқыған
сауатты адам болғанымен, қарапайым, көшпелі халық өкімі болғандықтан,
төменгі топ өкімі саналды, ал Б.Кармаль парламент депутаты, кезінде патша
тұқымдары ханзадалармен, М.Дауд т.б. жақын қатынаста болған, ауқатты, зиялы
отбасынан шыққан, буржуазия өкілі болғандықтан жоғары топ өкілі саналып,
бұл екі басшылық партия келешегіне, саясатына көзақарастары әртүрлі болды.
Мысалы Б.Кармаль партия іс-әрекетін ашық түрде істер, халықтың сауатын,
білімін, мәдениетін, саяси деңгейін көтеру үшін ат салысуды көздеді.
Листовкалар, төңкеріс мәтініндегі әдебиеттер атартуға қарсы болды. Негізіен
көбірек шеру, минингілер ұйымдастырып, онда партия лидерлері халықтың
көзін ашып, сөз сөйлеп, халықты соңына ертіп алулары керек еді. Н.М.Тараки
керісінше, түгелдей жасырын күрес жолын ұстап, партияны коммунистік деп
жариялап, керек болған жағдайда орталық комитет эмиграцияда жасап ір әрекет
етуін қалады. Себебі патшалық монархияға қаралауға әкелді деп түсінді.
Партияға жаңа мүшелер қабылдау кезінде Б.Кармаль олардың топтық
түріне қарамай, олардың ниетіне, іс әрекетін бағалауды жөн көрсе,
Н.М.Тараки партияға жоғары топ өкілдерінің алынбауын қалады22.
1966 жылдың кезінже Б.Кармаль мен Н.М.Тараки арасының келіспеуі
негізінде АХДП екі фракцияға бөлінді23. Б.Кармаль бастаған топ Парчон
(Байрақ) аталып оған АХДП ОК мүшелерінен Ғ.Д.Панджери, Ш.Шахпур,
С.А.Кетманд қосылды. Н.М.Тараки бастаған топ Хальк (Халық) аталып, оған
АХДП ОК қалған мүшелері қосылды.
Парчан басқа да билікке таласушы саяси күштермен үтымды келісім
жасай отырып тезірек билікке жетуге ұмтылды. Хальк өз кезегінде бұндай
келісімдерден бас тартып, бітіспес төңкерістік социализмге бет бұрды24.
Парчалистер негізінен ауқатты отбасынан шыққан, зиялы, оқыған
адамдардан құралды. Олардың басшысы Б.Кармальдің әкесі армия генералы
болған адам Парчамистердің басым көпшлігі пуштун ұлтынан болғанымен,
олардың қатарында басқа да ұлт өкілдері болды. Олардығ көпшілігі қала
тұрғындары болып, көбі Батысша, АҚШ, ФРГ мемлекеттерінде оқып білім
алғандар болды. Кабульде, КСРО да білім алғандары да көп болды.
Парчалистер ұстанды іс әрекетті қолдады. Олар өздерін теориялық түрде
нағыз дайындалған төңкерісшілер деп санады.
Хальктер – негізінен пуштундар болып, көбіне кедей отбасынан шыққан,
жартылай пролетариат өкілдері саналған ұсақ қызметкерлер, саудагерлер,
көшпелілер, диқандар, қолөнершілер, әскерлер т.б. тобы болды.25
Парчанистерге қарағанда бұлар төмен отбасылардың қатарында болды. Бұлар
көбіне салшылдықты, экстремизмдің қолдады. Бұлар да өздерінің нағыз
төңкерісшілер санап, парчанистерді буржуазия мддесін қолдаушылар деп
түсінді.
АХДП – ның бөлінуі онжылдан аса уақытқа созылды. Бұл құбылыс
Ауғанстанның демократиялық қозғалысына кері әсерін тигізді26.
СОКП ОК Н.М.Таракиді жақтады. 1970 жылдары КСРО да Н.М.Таракидің
Жаңа өмір атты кітабы басылып Ауғанстанға жөнелтілді27.
1973 жылы 17- маусымда Ауғанстанда монархия құлатылу процесіне АХДП
ның екі фракциясы да өз үлестерін қосты28.
Халькист – коммунистер офицерлер А.Кадыр, А.Ватанжар, С.Гулабзой,
және парчанистердің де көптеген белгілі қайраткерлерін ұтымды пайдалана
білген М.Дауд монархияны таратып, өзін Ауғанстан республикасының президенті
деп жариялады29.
1973 жылғы өкіметтің орталық комитетіне парчанистерден 3 адам,
халькистерден 1 адам мүше болып сайланды.
Ауғанстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен бойда М.Дауд
АХДП басшыларына өз өкіметінің әлеуметтік реформа жүргізетініне,
модернизация бағдарламасын жасайтынына, Кеңес Одағымен тығыз байланыста
болатынына сеніммен уәде берді30. Алайда М.Даудқа парчамистердің ұсынған
жолдары мен көзқарастары, ауған қоғамын қайта құру жөніндегі пікірлері
мүлде жат болды. Сондықтан ол бұндай пікірдегі адамдардан тезірек құтылуға
асықты. М.Дауд өте айлакерлік тәсілдермен өзінің парчанистік бұрынғы
одақтастарын басқа жұмыстарға ауыстырып 1976 жылы өз айналасын түгел
тазартты31. Ал өзінің өкімет басына келуіне тікелей көмектескен офицерлер
ешқандай елеусіз қалды. Кейінірек М.Даудтың бұл әрекеті өзіне өте қымбатқа
түсті32.
М.Дауд өкімет Шығыс пен де, Батыс пен де бірдей саясат ұстауға
тырысты. Ол коллективті қауіпсіздік жөнінде Кеңестік планды қолдай отырып,
кеңес –ауған арасындағы қалыпты арақатынасты қысқартуға тырысып, АҚШ, Ирак,
Пакистан, Индия, Египет, Сауд Аравия т.б. мемлекеттермен арақатынасын
кшейте бастады.
Оның ұстаған саясаты жөнінде Дауд американдық темекісін Кеңес
оттығымен тұтатып алғанына өте бақытты деген сөз айтылды.
Ірі, көлемді экономикалық проектірлерді (темір жол құрылысы, уран
кендерін зертеу т.б.) іске асыруға Ауғанстанның қаржы күші жетіспеді.
Бұндай қаржы М.Даудқа берілді, оның қарсысына одан солшыл күшті жою талап
етілді33. Көп ұзамай М.Дауд демократиялық күштерді басып тастау үшін
әрекетке кірісті. Белгілі партия қайраркерлерін аңду, қудалау, кейбір
баспаханаларды жауып тастау басталып, АХДП ішінде арандатушылар әрекет ете
бастады.
Бұл кезде халькистердің саны парчанистерден үш есе көбейді. Олар
әсіресе армия қатарында өте белсенді жұмыс істеді. Бұл жұмысты Хафизулла
Амин басқарды.
1975 жылы тамыз айында биліктен (өкіметтегі биліктен) әбден күдер
үзген парчанистер халькистермен бірігуге салмақты қадам жасады.34 АХДП
фракцияның екі жағы да бір- біріне қарсы дұшпандық әрекеттерін тоқтатып,
бірлесіп қимылдау үшін жағдай туғызуға келісті. Алайда бұл әрекет тек қана
декларация күйінде қалды.
Сәуір төңкерісінен кейін АХДП басшылығы ішіндегі алауыздық қайтадан
жаңа кұшпен жаңғырды. Бұл жолғы алауыздыққа себеп жеке басшылар
анбицияларынан басқа өткен оқиғаларға баға бергендегі пікір алшақтығы,
билікке, келешек өмірде қолданатын саяси тактикаларға деген кеілспеушілік
әрекеттері болды. Сөз жүзінде жікшілдікке қарсы бола отырып, іс жүзінже
тек қана хальктердің мүддесін қорғауды ойлаған Н.М.Тараки және Х.Амин АХДП
ОК саяси бюрокрасын ерекше постановлениесіне қабылдауына қол жеткізді, яғни
бұл құжат бойынша қандай да бір фракциялық іс-әрекеттерге үзілді-кесілді
тыйым салынды35.
1978 жылдың орталарынан бастап Хафизулла Амин, Н.М.Таракидің жеке
басына табынушылық әрекеттеріне кірісті. Ауғанстан халқына Н.М.Тараки
халық атасы, халық үшін туылған тұлға деп қолпашталып, халық ішінде
Н.М.Таракидің жеке басының қасиеттерін дәріптеу пайда болды. Н.Таракидің
суреттері жұлдызшалар, медаль сипаттас түіреуіштер, газеттер, көше
диуалдары беттерінде, сувинерлер түрінде т.б. өте көп шығарылды. Барлық
жиналыстарда, ойын-сауық жерлерінде кейінде 5-6 бас хатшы-шын халық
перзенті Н.М.Таракийдің үлкейтілген суреттері тұрды. Оның туылған үйі
музейге айналды. Өзінің бақытсыздығына орай Н.М.Тараки осының бәрін (өзі
сенді, біртіндеп мемлекет ісінен алыстап абар жатты. Іс жүзінде мемлекет
билігі Х.Аминнің қолында болып, ол оны тотальді зорлық мақсатына қарай
бұрды36.
Мемлекет ішінде парчанистерге, басқа да алуан қоғамының халық қабатына
қарсы репрессия жүргізілді. Х.Амин позициясында болмағандардың бәріне
төңкеріс тек қана өлім, азап, зорлық, қанды зұлымдық әкелді.
АХДП- ның ішіндегі жікшілдік армия ішіне де өте кері әсерін тигізді.
Тараки – Амин жағына қарсылар қуғынға ұшырады. Көптеген генералдар мен
офицерлер армиядан қуылды, репрессияланды.
1978 жылғы маусымды Б.Кармаль өзінің мемлекет басындағы қызметінен
қуылды. Б.Кармаль Чехославкаия мемлекетіне енші болып кетуге келіміс
берді. Көп ұзамай басқа да парчан басшылары қызметтерімен қоштасты.
Н.А.Нур – Вашитингтонға, А.Вакиль – Лондонға, Анахита Ратезад – Белгардқа,
М.Барьялай – Пакистанға, М.Наджит – Тегеранға елші болып тағайындалды.
Кабулде қалған М.Рафи т.б. парчанилистерің соңынан бақылау орнатылды.
Жүргізілген тазалау шараларының нәтижесінде партия мен үкімет
ұжымдарында, армияда басшылық орындарын халькист пуштундар егеледі37.
1979 жылғы АДР жоғары ұжымы құрамы
Үкімет ұжымы Бәрі Хальк Парчан
АХДП ОК саяси бюросы 7 7 -
АХДП ОК 36 30 6
Төңкеріс кеңесі 45 39 6
өкімет 17 14 3
Бәрі 105 90 15
СОКП ОК саяси бюросы Ауғанстан ішіндегі жағдай жөнінде мазасыздана
бастады. Кабулге бірнеше рет СОКП ОК жауапты қызметкерлері кездесулерге
келді.
Н.М.Тараки КСОР басшыларының оны сақтандырған іс әрекетіне қарамай
Х.Аминге толық сенді. Н.М.Тараки Х.Аминді өзінің адал, дарынды шәкірті
және ізбасары деп санады.
1978 сәуір мен 1979 наурзы аралығында Мәскеу мен Кабул арасында 75
экономикалық көмек (АДР ға) келісімшарты жасалды. Нәтижесінде Ауғанстанға
4500 адам КСРО кеңесшілері келді. Бқның бәрі бір жақты Кеңес Одағы
тарапынан іске асты.
Құжат
№137,27 пункте
Өте құпия
Ерекше папка
КСРО Министрлер Кеңесі
Бұйрық №41-рс
7-қаңтар 1979 жыл, Мәскеу, Кремль
1. Ауғанстан Демократиялық Республикасының Өкіметінің сұрауы бойынша
және 20-қараша 1978 жылғы №2473 КСРО Министрлер Кеңесінің бұйрығына
қосымша өзгеріс тәртібінде Ауғанстан Демократиялық Республикасы
қорғаныс күштерінде жұмыс істеу үшін жіберілген кеңс мамандарының
жалуашылық сапарына байланысты қаражат кеңес тарапының есебінен
шығарылуына келісім берілсін ... ..
2. Кеңес мамандарын Ауғанстанға жөнелтуге байланысты қаражат осы
бұйрыққа сәйксе есептелсін; Кеңес саны мен Мемлекеттерге берілетін
қайтарылмайтын көмегі есебінің ассигнациясынан ол шетел валютасын
МЭБК (ГКЭС) тің валюталықтан есебінен ...
КСРО Министрлер Кеңесі Предидатегі А.Косыгин.
Кеңес Одағыныан осы кезеңде Ауғанстанға жан-жақты көмек пен қоса
саяси қолдау да көп көрсетілді38. Кеңес басшылары Ауғанстан ішіндегі, оның
басшылары арасындағы, АХДП ішіндегі өзгерістерді біліп отырып қана қоймай,
сол өзгеріс себептерінің пайда болуына тікелей араласып отырды.
КСРО Хальк пен Парчанның қайсысына сенерін білмей, АХДП ның
алдыңғы қатарлы адамдарын кезек-кезек сынақтан өткізуге кірісті. Оған оның
толық мүмкіндігі болды39.

Ауғанстанға жіберілген КСРО Кеңесшілерінің мүдделері Н.М.Тараки және
Х.Аминнің мүдделерімен ыңғайлас болып, 1979 жылдың басындағы маңызды мәселе
Ауғанстан мен КСРО қарым – қатынасының күшейтілуі төңкегінде ғана болды.
Н.М.Тараки марапатқа сеніп, өзін өзі дәріптеумен айналысты. Х.Амин
Н.Таракиді жалған дәріптей отырып мемлекеттік билікті тек өз қолына алуды
ғана көздеді. Іс жүзінде өте тез арада барлық билік оның қолына көшті.
Пайда болған шектеусіз зұлымдық қарапайым ауған халқы ішінде,
руханилар мен зиялы қауым ішінде, тайпа, ру ақсақалдары, ауқатты, жер-мүлік
егелері арасында жаңа режимге сенбеушілік, қарсылық туғызды. Халық қуғыннан
қашып, тауға кетіп, оппозицияға бірікті.
Ауғанстан ішіндегі бұндай шиеленісуге қарсы жаңа режим басшылары
ешнәрсе істей алмай, КСРО дан көмек сұрады40.
Олар Кабульде қызмет атқарып жатқан беделді КСРО өкілдері, КСРО
Мемлекеттік қауіпсіздік Комитеті өкілі генерал – лейтенант Л.Н.Горелов
(әскери кеңесші) Б.С. Иванов, Ауғанстандағы КСРО төтенше және өкілетті
елшісі А.М.Пузанов т.б. партия және мемлекет қайраткерлері арқылы КСРО ның
басшылары Л.И.Брежнев, Д.Ф.Устинов, А.А.Гролько, Ю.В.Андроповтар
Ауғанстанға әскери көмек берулерін сұрады. Ауған үкіметі өздерінің осы
әрекетімен Кеңес Одағын өз мемлекетінің ішкі проблемаларын шешуге
араластырды.
1979 жылы ақпан наурыз айларында Ауғанстанның тағдырына елеулі әсер
еткен басқа да маңызды оқиғалар болды. 14-ақпанда Кабулде АҚШ елшісі Адольф
Даббс урланды41. Оны урлап әкеткен маоистік ұлттық езгі тобының өкілдері
ауған үкіметінен өздерінің тұтқында жатқан үш адамын босатуын талап етті.
Х.Амин өкіметі олардың талабын орындаудан бас тартып, еншінің сақталып
тұрған Кабл қонақ үйіне қауіпіздік комитеті күшімен шабуыл жасады.
Нәтижеде АҚШ елшісі өлді. Бұл оқиға кейін АҚШ үкіметі АДР ға көмек беруін
тоқтатып тастады. АҚШ Кабулден өз адамдарын түгел шақыртты42.
15-наурызда Герат қаласында антирежимдік көтеріліс бұрқ етті. Бұған
20 мыңдай адам қатнасты.43
Ауғанстан ішіндегі мәселелер жөнінде Л.Брежневтің ұсынымен СОКП ОК
саяси бюросы өтіп, АДР дағы соңғы саяси мәселелер талқылады44. Д.Устиновқа
төтенше бұйрық бола қалған жағдайда әскери бөлімдер дайын тұруы
тапрысылды.
Бұл мәселе төңірегінде КСРО Қорғаныс министрі тарапынан екі вариант
жасалды45. 1- вариант бойынша бір тәулік ішінде Ауғанстанға 105-әуе
дивизиясы кіргізіліп, олардың ішінде мотаризацияланған жаяу полк Кабулге
кіреді, ал 5-мотоатқыщтар дивизиясы шекарада тұрады, 68- мотоатқыштар
дивизиясы шекараға жақындатылады. Бұл вариант бойынша КСРО әскері
Ауғанстанға үш күн ішінде кіріп болады.
II – вариант бойынша Ауғанстанға 2 дивизия кіргізілді:
А.Косыгинге Н.М.Таракимен мәселені сөйлесу тапсырылды. КСРО Қорғаныс
Министрлігі КСРО – Ауғанстан шекарасына 2 – дивизия жіберуіне келіміс
берілді.
1979 жылы 19-наурыздағы А.Косыгин мен Н.М.Таракидің арасында телефон
арқылы болған сөйлесу46:
Құжат
Өте құпия
Арнайы папка
А.Н.Косыгин ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тараки жолдасқа айтыңызшы, мүмкін ол кісі
Ауғанстандағы жағдайды айтар
Н.М.Тараки ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Ираннан 4 мың жәй киім киген әскери адамдар Герат
қаласының әскери бөлімдеріне кірді. Кәзір 17-жая
әскер дивизиясы түгел солардың қолында
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қалада соғыс жалғасуда
Н.М.Тараки ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Сіздердің әскерлеріңіз кушка жағынан да, Кабул
жағынан да, Кабул жағынан да келсе болар еді ... ...

Машиналарыңызды біздің тіліміздді түсінетін өзбек,
тәжік жүргізушілерімен қоса жіберіңіз

Өзім де осындай жауап күткен едім. Біздер, жолдастар,
сіздермен соығсты бірге жүргіземіз. Сол себепті бір-
бірімізден қосылып жатпайық. Біз әлі қоңырау
шаламыз, өз пікірмізді айтамыз.
Герат оқиғаларынан қорқып қалған АХДП хатшысы КСРО басшыларымен тез
арада кездесуге өзі ұсыныс жасады. 20-наурыз күні Н.М.Тараки Мәскеуге жедел
аттанып А.Н.Косыгин, А.А.Громыло, Д.Ф.Устинов, Б.Н.Пономаревтармен
кездесті47.
Н.М.Тараки осы сапарында Л.Брежневпен де кездесіп Ауғанстанға әскери
көмек берілуін сұрады. СОКП басшысы әлі де бұл мәселе жөнінде ойлану
керетігін айтты48.
1979 жылғы наурыздағы Герат қаласындағы көтеріліс КСРО әскерінсіз,
АДР үкіметі тарапынан күшпен басылды49.
Ауғанстанның ішкі жағдайы осы оқиғадан кейін күтілмеген тездікен
өршіді.Ауғанстан ішінде,армия ішінде тазарту жүргізілді. Әскерилер жүздеп
репрессияланды, қанауға алынды. Командирлер арасында өкімет саясатына
сенімсіздік күшейді. Бунт инициаторлары көбейді. КСРО әскери кеңсшілеріне
территориялық әрекеттер басталды. Олар өлтірілді, ұрланды, қашырылды. АДР
дағы КСРО әскери кеңесішелері КСРО ның Ауғанстандағы алғашқы соғыс
құрбандары болды.
Кабул мен Мәскеу арасында өте құпия деген бұрыштанамен Х.Аминге оның
әскери көмек, соғыс техникасын сұраған өтініштері КСРО басшылығына
жеткенін, ол жөнінде шаралар қарастырылып жатқаны, көмек міндетті түрде
берілетін жөнінде құжаттар тез-тез жөнелтіліп тұрды50.
Сәуір айында қаруланған ауған оппазициялар Бадғис, Бадахшан, Тахар,
Кунар, Нангархар, Пактика, Пактия уалаяттарында өте күшті шабуылдар жасады.
Оппозиция ұрысқа шандап кірісті51.
Кабулдегі КСРО қкілдері Пузанов А.М., Л.Н.Горесов т.б. кезіндегі
Кубадағы тәріздес Ауғанстанда соғысқа дайындау орталықтарын ашу керек деген
ұсыныстар айтты51. Іс жүзінде бұндай орталықтар мотоатқыштар бригадасының
іс әрекетіне тек қана бүркеншік үшін керек болды.
Л.И.Брежнев және СОКП ОК саясси бюросының Ауғанстанға жан-жақты
көмекті кеңейту саясатына сәйкес Ауғанстанға КСРО дан соығс техникалары,
қару-жарақтардың жаңа партиялары үсті-үстіне түсірілді. Жалпы бір
мемлекетпен екінші мемлекет арасында қару-жарақ саудасы барлық уақытта өте
пайдалы деп саналып келсе, Ауғанстан мен КСРО арасындағы қару-жарақ алыс-
берісінен КСРО ешқандай пайда көрген жоқ, керісінше бұл сауда тиімсіз
болды. КСРО жағынан берілген техника, қару-жарақ т.б. бәрі Ауғанстанға өте
жеңілдетілген шартпен немесе тегін берілді.
Қару-жарақ, соғыс техникалары Ауғанстанға жедел түрде әуе арқылы
немесе су жолымен жеткізіліп тұрды. Ауғанстанға толтырылып барған кемелер
мен ұшақтар қайтуында жүксіз бос қайтты. Екі мемлекет арасындағы бұл
тәрізді қатнас көпе-көрнеу өз экономикасының тамырына балта шабу
болғанымен, КСРО басшылары өз іс-әрекеттеріне экономикалық тұрғыдан емес,
соқыр идеологиялық тұрғыдан қарады. Бұндай үлкен мәні бар мәселелерге ұсақ-
түйек деп қарады52.
КСРО дағы әскери өндірістік комплекстер өте жылдам жұмыс істеп жатты.
КСРО бірте-бірте шектен тыс шығынға тұншыға бастады. Мемлекеттің
стратегиялық шикізат, материал қорлары жұмсалып кетті53. Соғыс техникасы
мен құралдарын ең арзан бағамен өндіру үшін оқымысты ғалым, конструкторлар,
инженерлер және жұмысшылар ең төменгі айлық жалақымен жұмыс істеп, қару
мен техниканы Ауғанстанға жөнелтті. Олар өндірістегі өздерінің еңбектерінің
нәтижесінен хабары болмады. Бұл мәселе КСРО партия мен үкімет басшыларын
да, қайта-қайта соғыс техникаларына тапсырыс беріп жатқандарды да
ойландырған жоқ. Шетелдік валюталар еңбек еткендерге емес, шетелде істеп
жатқандар мен жоғарыдағы басшылардың өздеріне, олардың бала-шаға туысқан
–туғандарына жетіп жатты53.
1979 жылдың мамыр айының басынан бастап Орта Азия мемлекеттерінің
жергілікті ұлт өкілдерінен құралған арнайы батальон құру жөнінде КСРО
басшыларының шешімі жасалып, әрекет басталды54.
Мамыр айының екісінде КСРО әуекүштері Бас Штабының армия генералы
П.И.Ивашутин, аға офицер полковник В.В.Колесниктерге батальонның құрылуына
басшылық ету тапсырылды. Міне осы батальон кейін қайта-қайта әскери көмек
сұрап жатқан Х.Аминді құлатуда үлкен роль атқарды55.
Арнайы тапсырма үшін құрылған бұл батальон (спецназ) Мұсылманда
батальоны аталды. Оның құрамы әдейілеп тек қана Түркістан және Орта Азия
соғыс округтеріндегі барлаушылар мен соғыс округтеріндегі барлаушылар мен
мотоатқыштар және танк бөлімшелерінен іріктеп алынды. Оларға қойылған
негізгі талап – шығыс тілдерін білуі және дене бітімінің болымды келуі ғана
болды. Тек қана зениеттік өзі жүретін 3СУ 23-4 Шилок қондырғы экипажына
ғана славяндар алынды56. Себебі бүкіл КСРО Қарулы күштерінде аталмыш
қондырғы игере алатындар тек қана славян ұлтының өкілдері екен57.
Батальон ең соңғы үлгідегі жаңа техникамен қаруландырылды. Батальон 5
рота, 2 арнайы топтан құралды58. Саны 500 адамнан тұрды. Батальон
командирі Х.Т.Халбаев болып тағайындалды59. Батальон мамыр айының соңында
құрылып бітті. Мұсылман батальоні Ташкенттің Шыршық ауданына
орналастырылды. Батальон құрамы жаз бойы арнайы дисциплиналық, тактикалық,
атқыштық және дене дайындықтарында болып, қыркүйек айының соңында соңғы
сынақтан өтті. Бұдан басқа олар КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің
(МҚК) арнайы бөлімінде қызу дайындық көріп, бірнешеуі алдын-ала Кабулге
жіберіліп үлгерілді.
Бұл кезде Ауғанстанжа жағдай әбден қиындады. Пактия,Пактика, Ғазни,
Нангархар, Кунар, Балк, Кабул уалаяттарында анти үкіметтік шабуылдар
күшейді. АДР үкімет әскерлері оларға қарсы тұрып бақты. Ауғанстан үкімет
басшалары КСРО дан әскери көмек сұрауын жиілетті.
1979 ж. 24- мамыр күні СОКП ОК саяси бюросында бұл мәселе және күн
тәртібіне қойылды60.
Құжат
№152 протокол 150 пункіне Өте құпия
Арнайы папка
Кабулдегі Кеңес Одағы елшісіне:
Н.М.Таракиге кіріп тапсырманы жиеу етіп оған ауған басшылық ұжымының
АДР – ға әскери көмек беру туралы өтініші мұқият қаралғанын хабарлаңыз.
Айтыңыз Мәскеу ауған басшыларының Ауғанстанда реакциялық күштердің
контрреволюциялық әрекеттерді күшейтуіне байланысты маасыздануын бірге
бөліседі. КСРО үкіметі АДР ішіндегі жағдады қалпына келітру мақсатындағы
өздерінің интернациональдық көмегін әрі қарата жалғастыра отырып, 1979-1981
жылдар аралығында Ауғанстанға 53 млн. сом мөлшерінде 140 қару және
миномерттер, 90 бронетранспротер, 48 мың мылтық, 100 мың гранатамет, 680
авиациялық бомба. Бұдан басқа 1979 жылдың маусым-шілде айларында 50 мың
санға дәрі-дәрмек, дәрігерлік құрал-жабдықтар жіберу жөнінде шешім
қабылдады. Алғашқы көмек қатарында осы жылдың мамыр айында 100 дана
жандырғыш бактер мен 160 біратар бомба қажеттері жіберіледі. Газды бомбалар
мен токсикалық емес уландырғыш заттар жіберуге мүмкіндік жоқ.
Ауған жағының АДРға тік ұшақ және транспорт ұшақтарын экипаждарымен
қоса жіберілу туралы өтініші және біздің ауа десанттарымыздың Кабулге
түсірілуіне келетін болсақ әскери бөлімшелерді қолдану жөнінде жолдас
Н.М.Таракидің осы жылдың наурыз айындағы Мәскеуге келген сапарында жан-
жақты талқыланған. Біздің сенуімізше ондай әрекеттер іште ғана емес,
халықаралық планда да саяси қиындықтар тудырып, дұшпандар арқылы, сөз жоқ
АДР мақсатына, төңкерістің орнығуына қол жеткізуге зиянын тигізеді.
Орындаалғанын телеграф арқылы хабарлаңыз.
АДР басшылары жеке бастарының қауіпсіздіктері үшін де қатты алаңдады.
Мәскеу Ауғанстандағы жағдайдың қалай өрбігенін мұқият қадағалап
отырды.
1979 маусымның 12-күні Кабульден Мәскеуге жеткен мәліметте61 АДР
басшылары контрреволюциясымен соғысуға дайындауда екенін, кризистік жағдай
бола қалса КСРО дан тікелей көмек келетініне олардың сенімі мол екені
хабарланды62.
1979 жылдың отасында ауған-пакистан шекарасында жағдай шиеленісті.
Соғыс зардабынан қашқан ауған халқы көрші мемлекеттерге кете бастады.
Бостың біразы АИП63 Ауғанстан Ислам Партиясы), АИҚ (Ауғанстан Ислам
қоғамы) т.б. исламдық оппозицияларға қоысылып, қарулы отрядтаға біріктірді.
Жағдайдың өршуіне оппозицияның үгіт-насихат арқылы көшпенді ауғандарды өз
қатарларына тартуы, Пакистаннан келіп Ауғанстанда ұрысқа кіргендерге қымбат
сыйлықтар беріп қолпаштаулары да қосымша болды. 1979 жылдың қараша айында
Пакистанда 15 мыңнан аса баспашылар дайындықтан өтті63. Батыс мемлекеттері,
АҚШ, Жапония Ауғанстанмен сауда байланыстарын шектеді64.
Оппозиция шабуыл үздіксіз қауіп туғызғанымен ауған басшылары үшін
негізгі қауіп партия мен үкімет басшылары арасындағы жасырын жікшілдік
болды. Х.Аминге АХДП ның белгілі қайраткерлерінің репрессияға ұшыраулары,
қызметтен қуылып, қудаланулары аз көрінді. Ол өз мақсатының соңғы кезеңін,
өзінің сүйікті ұстазы Н.М.Таракиді билңктен тайдыру әрекетіне кірісті.
Оны мемлеке басындағы екіншілік қанағанттандырмады. Х.Амин тек қана
біріншілікті қалады.
Қыркүйек айының басында, 1979 жылы Х.Амин Н.М.Таракиді Гаванада өтетін
битарап мемлекеттер сессиясына жөнелтуге тырысты65. Н.М.Тараки жоқта
мемлекет билігін өз қолына тартып алуды көздеді.
Н.М.Тараки Кубадан қайтқан сапарында Мәскеуде КСРО тарапынан Х.Аминнің
жағымсыз ниеті жөнінде хабарланды66.
Н.М.Тараки Ауғанстанға оралғаннан кейін Х.Амин одан А.Ватанджар,
А.Сарвари, Ш.Маздурьяр, С.Гулабзойларды қызметтерінен босатуын талап етті.
Ол адамдардың бәрі Н.М.Таракидің өз жақтастары болғандары себепті
Н.М.Тараки Х.Аминнің бұл талабын орындамады Х.Амин Н.Таракидің жоқ кезін
пайдаланып, өз позициясын күшейтіп алғандықтан, Н.М.Таракиден көрі күші,
билігі басымырақтығын пайдаланып, ақыры есебін тауып Н.М.Таракиді
өлтіртті67.
1979 жылы 10-қазан күні Н.М.Тараки ауыр науқастан қайтыс болғаны
ресми түрде хабарлады. Негізінде Н.М.Тараки екі күн бұрын Х.Амин бұйрығымен
буындырылып өлтірілді68, оның от-басы түгел Пули-Чархи абақтысына қамалды.
Ауғанстанның ішкі жағдайын жіті бақылап отырған КСРО басшыларының
алдында АДР дағы жаңа Х.Амин үкіметімен ара қатынасын өандай жолмен алып
бару сұрағы тұрды.
КСРО үшін Ауғанстан билігі кімнің қолында тұрғаны емес, Ауғанстанды
қолдан жібермеу, оны қайткен күнде КСРО ықпалының шеңберінде сақтау маңызды
болды. Өзінің бұл мақсатында КСРО ештеңеден тайынған жоқ. Ауғанстан
басшыларының қолғаптай ауысыуына тікелей әсер ете отырып, КСРО оқиғаның
артын сабырмен күтті.
Х.Амин билік басына келісімен Ауғанстан ішіндегі оқиғалар өте зұлым,
қанды сипат алды. Социалистік лозунгілер мен демогогикалық фразелогикаларды
жанылып Х.Амин Ауғанстан ішінде кең масштабы территорлық, репрессиялық
компанияны іске асырды. Х.Амин партияны өзінің территористік диктатурасын
орнатушы құралға айналдырды. Жазықсыз жандар жаппай жазаланудан қорқып өз
жерін тастап, көрші мемлекеттерге бұрынғыдан да бетер қашты.
Х.Амин өзінің зұлым іс-әрекетінің жауапкершілігін түгелдей кеңестер
жағына аударды. Ол ауған басшылығының барлық іс-әрекеті тек қана КСРО дан
келген кеңесшілердің құптауымен болып жатыр деген түсінік таратты. Алайда
ол қатты қателесті69. КСРО Аминнің бұл әрекетін кешіре алмады. Оның үстіне
Х.Амин өз дәуірінің басталуынан бастап басқа Батыс мемлекеттерімен
балансты саясат ұстауға тырысты. КСРО Х.Аминнің себебінен Ауғанстанда
контрреволюцияның жеңуіне немес КСРО ға жағымсыз саяси өзгерістердің пайда
болуына жол бере алмады. КСРО алдында не істеу керек проблемасы тұрды.
1979 жылдың аяқ жағында халыкистер мен парчаниснтер қатарынан шыққан
Х.Аминнің қарсыластары өз ханадары арқылы СОКП басшылығына шығып өздерінің
Ауғанстанның режимнің тағдырына қатты алаңдаушылықта екендерін білдірулері
жиіледі70. Олар АҚШ пен КСРО арасындағы қарама-қайшылықтарды пайдаланып,
оынң үстіне сол кездегі КСРО басшыларының ыңғайын түсіне отырып, шетелде
жүрген Х.Амин қарсыластары өздерінің КСРО дос Ауғанстанды сақтап қалғылары
келетініне КСРО басшыларын сендірді. Шын мәнінде олр да Ауғанстан билігіне
КСРО арқылы, соның күшімен жетуді армандады. КСРО өз кезегінде оларды
үміттендіре алды71.
Эмиграциядағы АХДП екі фракциясы да өздерінің белгілі, сенімді
өкілдерін жасырын түрде Ауғанстарға кіргізіп, өздерінің жасырын ұйымдасрына
біріктіре бастады Х.Аминді билкітен кетіру үшін дайындық жүргізді. Оның
үстіне 1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан ішінде саяси-соғыс жағдайы
қалыптасып, шын мәніндегі азамат соғысы басталды.
Х.Амин Ауғанстанда өз режимінің күшті және қуатты сақталып тұруы үшін
қолының астында КСРО әскерлерінің болғанын өте қалады. Бұл мақсатына жету
үшін ол таңқаларлық табандылық пен тапқырлықтар көрсетті. Өзінің бұл
әрекеттері мен ол тек өзіне ор қазып жатқанын ойлаған жоқ72.
КСРО басшылық шеңбері ішінде біртіндеп Х.Аминд орнынан тайдыру идеясы
пайда болды.73 Оның орнына лайықты кандидат ойластырылды. Х.Аминнің орнына
келетін адам КСРО ыңғайымен жүретін адам болуы керек болғаны үшін,
келешекте қателіктерге жол берілмеуі үшін лайық деп Парчан фракциясының
басшысы Б.кармаль таңдап алынды74. Б.Кармальдің Мәскеуде болуына алдын ала
жағдай жасалынып, 1978 жылдың тамыз айынан бастап Чехославакяидан кетіп,
Мәскеуде эмигрант хұқында жасап жатты74. КСРО эксперттерінің бағалауында
Б.кармаль Ауғанстан халықының көпшілігіне ұнайды, көптеген ру, тайпа,
ақсақалдарымен жақсы тіл табыса алатын зиялы қауым ішінде саяси салмағы
ерекше, бұрыннан мемлекет басқару аппаратында тәжірибесі бар, саяси
қайраткер болып саналды. КСРО жағынан Б.Кармальға Х.Аминді орнынан тайдыру
үшін күресті басқару тапсырлды. Сол күннен бастап Б.Кармаль КСРО МКҚ қорғап
қолдауында болды75.
10-12 қараша күндері әбден дайындықтан өткен мұсылман батальоны
Ташкент және Шыршық аэродромдарынан әуе трансавациясына түсірілді76.
Батальон офицерлері мен жауынгерлеріне ауған әскер киімі кигізілді.
Олардың қандай айырмасыз болуы көзделді. Олар бір ай бойы сол аэробазада
арнайы әскери дайындық көрді. Ал олардың Кабулге түсірілуі уақыты рсеми
құжатта деп көрсетілді77.
Ауғанстандағы КСРО елшісі Ф.А.Табеев КСРО басшылраның тапсырмасымен
Х.Аминге кіріп Х.Аминнің өз өтінішіне сәйкес АДР мемлекет басшысының
резиенциясын қорғау үшін КСРО дан 2 батальон Барган аэродромына келіп
түсірілгенін хабарлады78.
Баргонға түсірілген КСРО әскерлерінің ішінде жасырын түрде Б.Кармаль
да Ауғанстанға кіргізілді. Алд Х.Аминге Мәскеудің оның өтінішін
қанағаттандырғаны және оын алдағы уақытта ресми түрде достық сапармен
күтетіні хабарланды79.
КСРО басшылары Х.Аминді құлату үшін КСРО әскерінің көмегі керек деп
шешті. Оның үстіне өздері өкімет басына қойғалы отырған Б.Кармальді ауған
армиясының қолдай қоятынына көздері жетпеді. Тағы бір себеп ауған
оппозициясы бұл кезде Пакистан территориясында пландар жасап өздерінің
қатарын нығайтып өте күшейтіп алды. Ауғанстанның шет аймақтарындағы әскери
бөлімшелер контрреволюция ықпалына еріп антиүкіметтік көтеріліске шықты.
Бұндай оқиғалар әсіресе Асмар, Нарай, Кост т.б. таулы жерлердегі жаяу
әскерлер полкінде болды80. Кунар, Нангархар, Лаламан, Пактия, Каписа,
Ғазни, Заболь, Кандазар, Ғуп, Бадғис, Баииан, Герат уалаяттарында АИК, АИП
оппозициялық партиялардың құрылымдары пайда болды. Ауғанстан
территориясының 70% көлемінде осындай оппозицтиялық ұүрылымдардың ықпады
күшейді. Ал бұл жерлерде 10 млн – нан аса халық жасады81.
1979 жылы 8-желтоқсанда Брежнев кабинетінде СОКП ОК бюросының
іріктелгеншеңбері ғана қатынасқан жиналыс өтті82. Ю.Андропов, А.Громыко,
М.Суслов және Д.Устинов қатынасқан бұл жиналыста Ауғанстан және оның
аймағында болып жатқан оқиғалар талқыланып, Ауғанстанға КСРО әскерінің
кіргізіліуі керек, керек еместігіне соңғы нүкте қойылды. Бұл әрекетке
барудың қажеттігіне дәлел ретінде Ю.Андропов және Д.Устинов тараптарынан
АҚШ – тың Орталық Балау Басқармасының (ЦРУ) СКРО – ның оңтүстік түркі тілді
республикаларын қосып, Жаңа Ұлы Осман Империясын құрмақшы болып
жатқандығы, егер АҚШ Ауғанстанға американдық Першинге типті ракеталарын
орналастыра қлаған жағдайда, КСРО – ның оңтүстігінде сенімді жаяу әскер
отрядтары системасының болмауынан Байқоңыр секілді өмірлік маңызы бар
объектірлердің қауіп -қатер астында қалуы, Пакистан, Ирак секілді
мемлекеттердің ауған уран кендерін Ядролық қару жасауға қолданулары мүмкін
екендігі, Ауғанстанның солтүстік райондарының ішінде оппозиция күшейіп, бұл
региондардың Пакистанға қосылып кету қаупі т.б. пікірлер айтылды82.
Нәтижеде Х.Аминді құлату планы жасалды83. Ол екі бөлімнен тұрды: 1-
КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің арнайы қызмет тобы (сепцназ)
арқылы Х.Аминді құлатып, орнына Б.Кармальді қою. 2- Бұл мақсатты іске асыру
үшін Ауғанстанға белгілі мқлшерде КСРО әскерін кіргізу.
12-қараша күні СОКП ОК Саяси Бюросының отырысы болып, онда
Ю.В.Андропов, Д.Ф.Устинов, А.А.Громыколардың ұсынысымен Ауғанстанға КСРО
әскерінің шектеу бөлігін кіргізу жөнінде ақырғы нақты шешім қабылданды84.
Жиналыс протоколы К.У.Черненконың өз қолымен жазылып ұзақ жылдар бойы
архивте құпия сақталды. Бұл құжат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz