Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Шымкент университеті
Педагогика және психология кафедрасы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары ( ана тілі 3 сынып) .
Орындаған: 13-23тобының
студенті Қалдыбекова Г
Ғылыми жетекшісі: п. ғ. к.,
Аңламасова Г.
Шымкент 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ……. 3
І. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШІЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1 Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері. …. 7
2. 1. Бастауыш сыныпта ана тілі сабағынан үлгермейтін оқушыларды
оқытудың ерекшеліктері19ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ АНА ТІЛІНЕН ҮЛГЕРМЕЙТІН ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ.
2. 1. Оқуға үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері
және оны ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері. 252. 2. Ана тілін (3-сынып) оқыту процесінде үлгермеуші оқушылармен
жүргізілетін іс-әрекеттер ………43ҚОРЫТЫНДЫ ………50
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ………52
ҚОСЫМША ………53
КІРІСПЕ
Көкейтестілігі: Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттеліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Өйткені, ҚР Білім Заңында « …ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Бұл білім жүйесін жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған орай, ғылыми зерттеу барысында әлемдік озық тәжірибелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде. Біріккен ұлттар ұйымы мен сауатталықтың он жылдығы (2003-2012 жж) құжаттарында сауаттылық дағдыларының жаңа түсінігі - адамның өзгермелі жағдайға бейімделуге арналған ақпараттарды іздеп табуы және пайдалануы, оның қоршаған ортаның шақыруларына тиімді қарсы тұра білу біліктілігі деп берілген. Халықаралық практикада білім стандарты күтілетін нәтижелер (білім нәтижелері) түрінде берілген білім мақсаттарының жүйесі деп қарыстырылып, «Нәтижеге бағдарланған білім моделіне» көшуге басым бағыт беріледі. Онда білім компоненттілігі оқушының жеке пәндер бойынша бір-бірінен алшақтықта емес, кешенді түрде жеке тұлғаға бағдарланған (білім, білік, дағдыны іс-әрекет білім компоненттілігін қабылдауды қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда білім компетентілігі көп жақты қызмет атқарып, білім «объекті» болудан «тірі» білімге айналатынын байқадық. Оқытудағы оқушының сапалық сипаттамасының құрамдас бөлігі ретіндеге базалық компетенцияларының кең ауқымды сипаты түрінде нақтылынған мақсат оқытудың күтілетін нәтижелерін береді (Жадрина М. Ж. ) Осыған орай жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, нәтижеге бағдарланған білім жүйесін қалыптастыру қолға алынуда. Атап айтқанда, жаңа мазмұнға сай білім беруді демократияландыру негіздері мен жалпы ұлттық базалық компетенциялары анықталып, білім аймақтары нақтыланып, түйінді және пәндік компетенциялар айқындалуда. Жалпы орта білім жүйесіне құрылымдық және білім мазмұнындық өзгерістер енгізіледі. Оқу сапасын жетілдіруде білім мақсатарының күтілетін нәтижеге бағдарлануы жан-жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін, бәсекеге түсе алатын жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатысында оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы, оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады. Мектептегі әрбір оқушының даму динамикасын және оқу барысында алған білім нәтижесінің сапасын жан-жақты және әділ бағалауға қол жеткізеді. Осыған орай мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және технологияларды пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде.
Педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Я. А. Коменский, Т. А. Ильина, А. С. Макаренко, Жан-Жак Руссо, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев т. б. берік білім беру пікірлерін білдірген.
Қазіргі кезде бүл мәселемен Қазақстан және ТМД ғалымдары: Р. М. Қоянбаев, А. А. Бейсенбаева, В. П. Карибжанова, Г. К. Шолпанқұлова, К. Т. Әтешова, ал бастауыш сынып оқушыларының оқу үлгерімі мәселесімен Т. Жүндібаева, К. Тілеубергенова, С. Нашарипова сынды озық тәжірибелі педагогтар айналысуда.
Оқытудың, тәрбиелеудің, білім берудің түрлі мүмкіндіктерінің алдын ала болуын қалайтын, сабақ берудің сапалы деңгейін көрсететін білік пен дағдыларды қалыптастыру, қазіргі мұғалімдердің ең басты міндеттерінің бірі. Сондықтан нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік дағдыларының жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі педагогтардың іс-әрекетін талдай отырып, дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “ Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін ( ана тілі пәнінен) болдырмаудың жолдары” деп атадық.
Обьектісі: Бастауыш мектептің оқу-тәрбие барысы
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана тілі сабақтарында үлгермеушілікті болдырмау жолдары
Мақсаты : Оқу-тәрбие процесін жандандыру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен жеке жұмыстармен қарым-қатынасын көрсету. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға үлгермеуін анықтау және оны болдырмаудың педагогикалық шарттарын қарастыру, баланың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары мен маңыздылығын көрсету.
Міндеттері:
1) . Зерттеу тақырыбының мазмұнын ашатын оқу-танымдық іс-әрекетіне қажетті білім қорын жинау, түрлі әдебиеттер мен озық тәжірибелі педагогтардың еңбектерімен танысу.
2) . Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материал, үлестірме, материалдармен жұмыс істеу.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша сұрақ-жауап, бақылау, байқау, әңгімелесу әдістері қолданылды. Психологиялық, педагогикалық, және әдістемелік әдебиеттермен танысып, бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау жұмыстары жүргізілді. .
Диплом жұмысыпың қрылымы: Кіріспе, 2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде алынған жұмыстың өзектілігі, қазіргі таңда сапалы беру ғана, жас ұрпақтың білім деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу бүгінгі күннің басты талабы екені жайла сөз болады. Сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсат, міндеттеріне, нысанасына, пәні жайлы айтылады.
“Бастауыш мектеп оқушыларының оқу үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық негіздері “ атты І тарауда оқушылардың оқуға үлгермеу себептеріне теориялық тұрғыдан жолдаулар мен негіздеулер берілген.
Сондай-ақ, ана тілінен үлгермейтін оқушылардың оқытылу ерекшеліктері көрсетілген. ІІ тарауда «Бастауыш мектепте ана тілінен үлгермейтін оқушыларды оқытудың әдістемелік негіздері» үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың түрлері, оны ұйымдастырудың ерекшеліктері сөз болды. 1 сыныптағы ана тілі пәнінен үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін іс-әрекеттер жайлы айтылады және бір ашық сабақтың үлгі нұсқаулығы келтірілді.
Қортындыда, үлгермейтін оқушылармен жүргізілген жұмыстардың нәтижесінің қаншалықты деңгейде болғандығы сөз етіледі.
І. КІШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРМЕУШЛІГІН БОЛДЫРМАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДУЛЕРІ
- Оқушылардың оқуға үлгермеуінің педагогикалық талдаулары мен себептері
Тәрбие - жалпы халыктық іс. Бұл ұран емес, өмірдің талабы. Мұнсыз жарқын болашақтың саналы азаматын қалыптастыру мүмкін емес. Жасөспірімді тәрбиелеу проблемасын сөз еткенде, оның маңызды бір аспектісін айтпай кетуге болмайды. Ол сабақты нашар үлгеретін, тәртіпсіз
В. А. Сухомлинскийдің “Мұғалім екіні оқушыға тапсырманы түгелдей дерлік орындамағанда ғана қоюы керек, мұндай баға алғаны оқушы өзін айыпты екенін сезгендей болсын” деген сөзін негізге алу керек. Мектеп басшыларының назарында мұғалім емес, оқушы да тұруы шарт.
Оқушы сабақта болған жоқ. Осының өзі педагогикалық проблема, ол мұғалімге ой салсын. Сенің жәрдемің қажет, оны тез арада өзінің немесе оқушылармен ұйымдастыр, сабақка катыспау себебін зерттеп біл. Қайтіп көмектесуді ойлан. Жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі сьшып жиналыстарында, әсіресе бірінші сыныптарда олардьщ ата-аналарын, мектеп ережесімен таныстырып онда оқушы сабаққа қатыспаса, өтілген материалды өзінше оқып үйренуге міндетті екені жазылғанын түсіндіру керек. Оқушылардың білімін тексеруге міндетті. Оқушы сабаққа келмесе, ол сол күнгі өтілген тақырып бойынша, арнайы сынақ тапсыруы керек. Бұл қашанда мүғалім мен оқушыға заң. Дегенмен дәл осылайша бүл проблеманы толық шешуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан мүғалімдер оқуға нақты жәрдем беру жолдарының басқа әдістерін қарастырған жөн. Әдетте орталықтанған жүйені қолдану пайдалы. Мектепте бас кезекшінің, оның әрбір сыныптағы жәрдемшілерінің, оқу төрайымының атқарар ісі кыруар. Бұлар күн сайын сабаққа қатыспағандардың, қанағаттанғысыз баға алғандардың тізімін алып сыньш жетекшіге береді. Міне осындай жанды әрекеттен соң мектеп басшылары апта сайынғы жоспарларьша, ең қажеттілерін қосып іс-шаралар белгілейді. Оқушылармен әңгімеселесу белсенділермен пікірлесу әр түрлі формада өткізілгені жөн. Көбінесе сабаққа келмегендер мен үлгермеушілер мәселесі кіші педкеңесте оқушылар кеңесінде қаралып, кеткен кемшіліктерді түзеу жөнінде шұғыл шара қабылдануы керек. Қажет болған жағдайда пәндер бойынша әңгіме өткізіліп кейде оқушыны қандай тақырыпта меңгермегенді ескертіліп кеспе қағаздар жүйесі қолданылады.
Жазғы демалыс алдында, үлгермейтін оқушының ата-анасы шақырылып, үлгермеген пәні бойынша, баласына берілген тапсырмалармен таныстырады. Оқушының оқу үлгерімі мұғалімге де байланысты. Барлық кінәні оқушыға артпай сынып жетекші пән мүғалімімен тығыз байланысып сол баланың ерекше мінез-құлқы жөнінде өзара пікірлесе, тәрбие ісі нәтижелі болмақ. Жасыратыны жоқ, сабақтан қашатын оқушының мұғалімге наразылығы кездеседі. Кейде талап қоюдың жөні осылай деп, орынсыз ойластырылмай қойылатын жазаның оқушылардың нәзік сезіміне кері әсер етеді.
Осындай жазғыру шараларының салдарынан өзге де қолайсыз жағдайлар кездеседі. Кейбір жағдайларда семьяда әкесі не шешесі жоқ балалардың тәртіп бүзушылығы ерекше, ерсі қылықтары басымдау. Сол себепті ондай оқушыға мүғалімдер мейлінше қамқорлық жасауы керек. Бүгінгі жасөспірімдер еліктеуге әуес. Олар өздері үшін үлгі боларлық нәрсе іздейді. Кейде жаман әдеттерге тез бой алдырады.
А. С. Макаренко былай деп көрсетті: “ Тәрбие дегеніміз шын мәнісінде әлеуметтік процесс. Бәрі де адамда затта құбылыста тәрбиелейді. Бірақ бәрінен бұрын және бәрінен көбірек тәрбие беретін - адам. Олардың бірінші орында тұратыны ата-аналар мен педагогтар”
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары жаңа оқу жылы басталмай тұрып жұмыс жоспары мен оны жүргізудің әдіс-тәсілдері бірлестік отырысында талқыланып белгіленіп алады үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу үшін алдымен олар арнайы зерттеледі. Оқушыны зерттеуде мына мәселелерге баса назар аударылады. Ұжыммен, ортамен карым-қатынасы оқу- тәрбие процесіне семьяның ықпалы. Қоғамдық және үй жүмыстарына араласуы.
Үйде күн режимінің жоспарлануы және оның орындалу барысы. Денсаулығы туралы медициналық анықтамалар мен ұсыныстар. Сабаққа қатысуы мен бірыңғай талапты орындауы. Дара ерекшеліктері. Ойлау қабілетінің деңгейі. Зейіні мен есте сақтауы. Ерік жігері. Табандылығы. Қызығушылығы. Жеке пәндер бойынша үлгерімінің көрсеткіштері. Үлгермеу себептері.
Осы мәселелер анықталғаннан кейін баланың жеке пәндер бойынша білімі мен дағдыларын есепке ала отырып, ондағы негізгі олқылықтар анықталады. Жеке жұмыстар сол кемшіліктерді жоюға бағытталып оңайдан қиынға карай сатылап жүргізіледі. Зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сәйкес алдағы уақытта жүргізілетін педагогикалық жұмыстар белгіленеді. Мысалы, Қанат деген оқушыға зерттеу нәтижелеріне орай мынадай педагогикалық жүмыстар жүргізу керек деп үйғарды.
Ата-анасымен тығыз байланыс жасау.
Үйдегі күн режимін белгілеп, оны орындаудың қажеттілігін ата-анаға түсіндіру.
Оқушының ұжыммен байланысын нығайту мақсатында арнайы әңгімелер, тәрбие сағатын өткізу, мінез-құлқының жақсы жақтарын жетілдіру сабақта жүмыстар жүргізу белсенділігін жетілдіру оқуға ынталы, алғыр балалардың жолдастық көмегін ұйымдастыру.
Баланың кабілетін, зейінін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалану, оқушының оған белсенділігін арттыру. Сабақты дидактикалық материалдарды техникалық құралдарды мейлінше молынан пайдаланып жүргізу, жеке жұмыста да көрнекіліктер пайдалану.
Есте сақтауын дамыту мақсатында шағын да тілге жеңіл материалдарды мақал-мәтелдер мен жұмбақ жаңылтпаштарды жаттауға ұсынып отыру. Барлық жеке жұмыстарда “Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге” принципін басшылыққа алып қайталауға көбірек мән беру. Оқушының еңбектерінің жақсы жақтарын дер кезінде байқап, тиісінше мақтап, өз күшіне сенімін ояту, т. б.
Жұмыс барысында үлгерімі төмен оқушылардың жеке пәндер бойынша біліміндегі олқылықтар анықталып жүргізілетін жұмыстар соларға орай нақты белгіленеді, олардың нәтижелері жазылып отырады. Үлгерімі төмен оқушыларға өткен материал мен өтілетін материал арасындағы сабақтастықты білдіруге баса назар аударылды. Жеке жұмыстардың мақсаты ең алдымен баланың білімді саналы меңгеруі ойлау қабілетін дамыту. Оның алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын дамыту.
Сондықтан тәжірибе көрсеткендей зерттеу жұмыстарын үнемі және ғылыми түрғыда жүргізіп жеке жұмыстарды біртіндеп күрделендіріп отыру қажет. Оқудың белгілі бір кезеңінде үлгерімі төмен болған оқушылардың жоғарыдағыдай жұмыстар барысында едәуір жақсы нәтижеге бастауы осы бағыттың дұрыстығын көрсетеді.
Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы, олардың сабағындағы жұмысымен тығыз байланысты. Мұның табысты болуы сабақтың калай өткенін мұғалімнің үйге тапсырманы қалай бергеніне байланысты. Сондықтан сабақтың сапасы жоғары болса оқушылардың үй жұмысы соғұрлым табысты болады. Үйге берілген тапсырманы үш топқа бөлуге болады. Олар: ауызша (оқушының материалын оқып үйренуі, өлеңдер, ережелер жаттау), жазбаша (жазбаша жаттығуды, есеп шығаруды, шығарма т. б. ), оқу-практикалық тапсырмалар, (тәжірибелер, бақылаулар т. б. ) .
Оқушының үй жұмысын ұйымдастырудың маңызды мәселесі оның көлемі т. б. Түрлі жастың балалары үйге берілген тапсырманы орындауда түрліше уақыт жіберуі мүмкін. Олардың ақыл-ой сабақты ұйымдастыруды гигиеналық және педагогикалық талаптарды ескерген жөн. Мектеп ережесінде бүл мәселеге байланысты оқушының үй тапсырмасын орындауына мынадай уақыт мөлшері анықталған. Мысалы: 1 сыныпқа - 1 сағат, 2 сыныпқа- 1, 5 сағат, 3-4 сыныпқа- 2 сағат.
Барлық тақырыпты мұғалім жоспарлаған кезде үйге берілген тапсырманың олардың мазмұны мен көлемінің маңызы зор. Бұл жағдайда тапсырма сан алуан болады да, сыныпта оқып, үйренетін оқу материалдарының бір бөлігі болады.
Сөйтіп, теориялық материалдарды оқып үйренуді практикалык тапсырмамен дұрыс ұштастыруға болады. Үйге берілген тапсырмаларды
оқушының ойдағыдай орындауы мұғалімнің жұмыс сапасына байланысты да. Сондықтан да әрбір тапсырмаға нұсқау қосарлануы тиіс. Бұлардың формалары төмендегідей болады:
1. Бұрын қолданылған тәсіл мен тапсырма орындауды жәй көрсету.
2. Екі-үш мысалмен тапсырманы көрсетіп жіберу.
3. Үйге берілген тапсырманың ең қиын жақтарын сыныпта талдау.
4. Жұмысқа және тапсырмаларды орындау әдістеріне қойылатын
талаптарды түсіндіру.Оқушылар жас болған сайын, нұсқау соғұрлым нақты егжей-тегжейлі болу керек. Мысалы: 15 - беттегі ережені жаттау, 16 - беттегі 3-4 жаттығуды орындау.
Оқушыларды тапсырманы күн сайын орындап отыруға үйрету маңызды. Ол үшін мынадай шаралар жүйесі қажет:
а) . Оқушыға мұкият нұсқау беріп, дер кезінде жұмысқа үйрету.
ә) . Олардың жұмысына бақылау жасаудың нақтылы жүйесін ойластыру;
б) . Оқушылардың режимдері дәл сақталуына жету;
в) . Кездескен қиыншылықтарды өздігінен шешуге үйрету.
Кейде тіпті оқу жұмысын мұғалімнің дұрыс ұйымдастырарда да сыныпта бірнеше артта қалатын және үлгермейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс сан алуан себептерден туады. Кейде мұғалім оқушының ерекшелігін ескерумен, онымен өзінің жұмысын онша дұрыс кұра алмағандықтан да туады.
Кейбір оқушылар қандай да бір пәннің қиыншылығын үнемі дүрыс бағалай білмейді. Сондықтан да артта қалады.
Ата-аналар тарапынан олардың оқуына, мінез-құлқына бақылау болмағандықтан оқушылардың үлгермеуі мүмкін. Артта қалу үлгермеу оқушыға қатты әсер етеді. Ол өз күшіне сенуден қалады, оқуды жиі тастап кетеді. Артта қалуды жою құралдарының бірі - қосымша сабақ. Оқушылармен бұл жұмысты бастамас бұрын артта қалудың себебі мен сипатын анықтау керек. Егер оқушы ауырып артта қалса, бірақ жақсы үлгеретін болса, мұғалімнің басшылығымен істелетін өзіндік жұмыс, ұштастырылуы керек. Егер оқушы жалқауланса оны тым қамқорлыкқа ала бермей, мұғалімнің жолдастарының ата-аналардың бастауымен оны жұмыс істеуге көндіру керек.
Жеке жұмыс - артта қалу басталысымен мұғалім оқушыға көмек көрсетуі керек.
Істелетін жүмыстар ерікті де міндетті сипатта болуы керек. Әсіресе нашар оқушыларға көмек беру үшін жақсы оқушыны тарту керек.
Мұғалімнің басшылығымен қосымша сабақ беруді көп пайдалануға болмайды. Әсіресе сыныпты түгел қалдыру зиян. Өйткені жұмыс нәтижесі болмайды. Сабақта үлгермеушілікті туғызатын елеулі себептердің бірі - оқу жұмысын жүйелі және жоспарлы түрде жүргізу шеберлігі мен дағдысының жоқтығынан болады. Мұғалім міндеті - әрбір оқушыны оқи білуге үйрету. Әсіресе оқу жұмысындағы талаптың зейін жинақылығы ойланып оқуға әдеттілік және өз бетімен кітап оқи білу, үйге берілген тапсырмаларды дәйектілікпен орындау т. б. қасиеттерге тәрбиеленген жөн.
Сондықтан да қорыта келгенде оқу жұмысы оқушылардың жалпы дамуына ықпал жасауына бірігіп күш-жігер жасау, соған қол жеткізу.
Үлгермеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгермеушінің себептері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепішілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормалардың бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізгілері мыналар:
- жекелеген мүғалімдердің сабақтарының сапасыздығы жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жүмыстың әлсіз жүруі оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі:
- үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы.
- мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмау.
- мектепте үлгермеушіліктщ алдын-алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтің ортақ жұмыс жүргізбеуі;
- тәрбие жүмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға уақтылы және тиісті шара қолданбауы;
- бағалаудағы біржақтылық;
- оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастық болмауы;
- сабақтан қалдыру, оқушының ауырып қалуы, т. б.
Білім негізі - бастауыш сыныпта қаланатыны жұртшылыққа белгілі жағдай. Оқушының бұл сыныптарда алған білімінің тиянақты да сапалы болуы - жоғарғы сыныпқа барғанда жақсы оқуының кепілі болатындығын ешкім жасыра алмайды. Оған біздің жыл сайын төрт жыл оқытып, қолымыздан шығарып жүрген жас түлектеріміздің білім жүйесі айғақ болады. Сондықтан да бастауыш сыныптарда сабақ беру жүйесін жетілдіруге халық ағарту органдары көп көңіл бөліп келеді. Жаңа бағдарламаға көшкен оқушылар ізденгіш, өз бетінше жүмыс істеуге икемді, ішкі сезімге бай, ақыл-ойы өткір болып тәрбиеленуде. Әрине, бұл - мұғалімдер жұртшылығының еңбегі. Мектеп жұмысының алға басуы, оқушылардың алған білімнің тиянақты, сапалы болуы, қорыта келгенде, мұғалімдердің күнделікті дайындығы мен оның педагогикалық шеберлігіне, ізденгіштігіне жеке басының білімі мен ерекшелігіне байланысты.
Орыстың тамаша демократы В. Г. Белинский тәрбиешіні, мүғалімді бекерге бағбанмен салыстырмаған.
Бастауыш сынып оқушыларын жоғары сыныпқа барғанда сабақты нашар оқитыны және жеке пәндерден үлгере алмайтын себебі біздіңше мыналар! Біріншісі - бастауыш сыныптарда оқыту жүмыстарының дер кезінде жүйелі, тиянақты, сапалы өтілмеуінен, екіншісі - мұғалімдердің тәжірибесіздігі мен методиканы жете меңгермейтіні, шеберлігінің жоқтығы, күнделікті өмірдің жаңалықтарынан бейхабарлығы, өз жұмысына немқүрайды қарайтындығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz