Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс құру негіздері


Баланстық теңдік қалыптастыру және баланс
құру негіздері
Бухгалтерлік баланс деп - ақшалай өлшеммен өлшенетін капитал мен міндеттемелер жөніндегі белгілі бір мерзімге жасалған қорытынды есепті айтамыз. Баланс активтерді (осы ұйымның қаражаттарын) және бұларды қаржыландыру көздерін экономикалық маңызына қарай белгілі бір уақытта жинақтап отырады. Баланс көрсеткіштері ақшалай бағаланады. Міндеттемелер қанша ақшаның қайдан алынғандығын көрсетеді. Активтер алынған ақшаның немесе қаражаттардың қалай жұмсалғандығын, қайда және не үшін жұмсалғанын көрсетеді. Меншікті капитал осы ұйымды құрып қалыптастырушы жеке тұлғаның, ұйым иесінің салған ақшасынан тұрады.
Нәтижесінде активтердің жалпы сомасы алынған міндеттемелер мен меншікті капиталдың жалпы сомасымен тепе-тең болатындығын тағыда қайталаймыз. Осындай сабақтастық жолдармен бухгалтерлік баланс әдісі қалыптасып қордаланып отырады. Кез келген бухгалтерлік балансқа баланс жасаушы ұйымның аталуы және баланстың қай уақытқа қорытындыланып жасалған күні жазылады.
Көптеген тұлғалар өздерінің бухгалтерлік балансын әрбір кезеңдерге қарай жасап, қолда бар қаражатының барын, басқа тұлғаларға қанша көлемде берешегінід бар екендігін көрсетіп отырады. Яғни бухгалтерлік баланс осы «ұйымның қолда бар активті қаражаттарын және берешектерін белгілі бір уақытқа ) қарай көрсетіп отырады» деу орнықты ұғым. Тағы да қайталаймыз: белгілі бір ұйымның қолда бар мұліктері активтер деп аталынады. Ал осы ұйымның басқаларға берепіегі міндеттемелер деп аталынады. Активтер құрамына осы ұйымның меншігіндегі: жер, ғимараттар, өндірістік жабдықтар, тасымалдау құралдары, өлшеу т. б. приборлар, өнім беретін малдар, күш беруші машиналар т. с. с. жатады. Сонымеп қатар осы ұйым меншігіндегі шикізаттар мен материалдар, босалқы бөлшектер, тауарлар, дайын өнімдер, ақшалай өлшеммен олшеніп, осы ұйымның меншігінде болады. Бұлардың барлығы да активтер түрінде классификацияланады.
Осы жерде ұйымдар өзінің активті қаражаттарын толықтырып, бұларды өндірістік үрдіске тиімді пайдаланып отыруы үшін әртүрлі көздерден ақша алу мүмкіндігі болатындығын тағы да қайталайық. Қосымша алынатын ақшаларды, бұлар компаниялардан немесе банктерден алады. Алған ақшалары үшін осы ұйым қарыз алушының қатарына (категориясына) түседі. Қарызға алынған ақшаларды міндеттемелер деп атайды. Банктерден алынған несиелерден бөлек осы ұйым басқа да тұлғалардан көп көлемде қарыз ақшалар алуына болады (мысалы, өзінің үлес қосушы акционерлерінен) . Ірі акционерлерден алынған қаражаттарды акционерлік капитал деп атайды. Осы үйымды қолдаушы кейбір акционерлік компаниялар акцияларға жазылады немесе акционерлер осы үйымның қызметін жалғастыра беру үшін белгісіз уақытқа дейін акционерлік ақша береді. Қандай да болмасын алынған акционерлік капитал, ең соңында жазылған акцияларға сай қайтарылады. Яғни осы ұйымның алған акционерлік ақшасы уақытша алынған қарыз ақша түріне саналады. Акцияға жазылған, түбінде қайтарылатын ақшаны міндеттемелер деп атайды. Нарық экономикасы жағдайында бухгалтерлік баланс әр түрлі әдістермен жасалынып, әрқашан да активтер мен міндеттемелер сомасы бірдей тепе-теңдік жағдайда болады. Бухгалтерлік баланс жекелеген синтетикалық счеттар қалдығын жинақтаудан туындайды. Баланс қорытынды есеп жасаудың ең негізі болып табылады. Әрбір келесі кезеңге қорытынды есеп жасау үшін барлық бухгалтерлік есеп мәліметтерін топтастырып жинақтау мақсатында баланс құрылады. Баланс құруды екі жақты принциптің қолданбалы әдісі деп те түсінуге болады. Әрбір келесі кезеңге баланс құруда бұрында бухгалтерлік баланста көрсетілген көрсеткіштер, яғни (мәліметтер) баланстың жекелеген элементтері арнайы счеттарға таратылып жазылады. Әрбір жекелеген счеттар материалдық және қаржылық объектілерге, мысалға, несиелендірушілер, алашақтар, берешектер, меншік иелері, инвесторлар, негізгі қүралдар, қоюшылар т. с. с. жатады. Бухгалтерлік баланс ұйымдардың қаржылық жағдайын белгілі бір кезеңге қарай жинақтап көрсетеді. Баланс деп - ұйымдар қызметіндегі активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде болған өзгеріс көрсеткіштерді экономикалық маңызына қарай белгілі бір мерзімге топтастырып, ақшалай өлшеммен өлшеуді айтады. Бұл анықтамада 1) баланс; 2) үлгі; 3) пайдаланушылардың мүддесі; 4) сыртқы сипаты; 5) белгілі бір мерзім; 6) қаржы жағдайы; 7) кәсіпорындар (ұйымдар) деген сияқты элементтер қатысады. «Баланс» - латын сөзі. Бұл сөз «екі табақты таразы» деген ұғымды білдіреді.
Үлгі - баланс мәліметтерін пайдаланушылардың талабына сай, кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капиталының, міндеттемелерінің жағдайы мен бұлардың қозғалысын жинақтап көрсетуші ресми қағаз. Баланстық үлгі қағаз қорытынды есеп жасау қажеттігінен туындаған. Бұл үлгіге жазылған жазулар ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланстық үлгі қағазға (сызық жолдарға) жазылған жекелеген көрсеткіштер баланстың белгілі баптары деп аталынады. Балансты тек үлгі қағаз ретінде ғана қарамай, мүның өзі ұйымдардың шашыранды шаруашылық қызметін жинақтап көрсететін бухгалтерлік есеп объектілерінен туындайтын жалпы есеп жүйесінің маңызды категориясы екендігін білген жөн.
Пайдаланушылардың мүддесі. Баланс көрсеткіштеріндегі сомаларды оқып отырып, әрбір пайдаланушылар өз мақсатын шешуге ұмтылады. Бухгалтер баланстағы жекелеген баптарға жазылған сомалардың дұрыстығын тексереді. Бұдан баланстың теңдігі - активтер мен пассивтер сомаларының дәлдігі туындайды. Песиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетін біліп отырғысы келеді. Яғни ұйымның мүліктік жағдайы бухгалтерлік балапсқа жазылуы керек.
Сонымен қатар, ұйым басшылары мен қожайындары таза пайдамси жұмыс істеуге ынталы болады. Есепті жыл ішіндегі ұйымныц қаржы қорытындысын шығару үшін капитал қозғалысы көрсеткіштері де бухгалтерлік балансқа жазылуы керек. Салық органдары үшін барлық ұйымдар декларация жасап тапсырады. Декларация көрсеткіштері мен баланс көрсеткіштері арасында сәйкестік болуы шарт. Баланс баптары салықтың белгілі бір түріне қарай топтастырылуы мүмкін. Яғни баланста көрсетілген пайда көлемі салық салынатын көлеммен бірдей болуы міндетті.
Сыртқы сипаты. Баланс көрсеткіштерін тігінен және көлденеңінен оқып сипаттауға болады. Баланс мазмүнын тігінен қарағанда екі жақты кестеден, сол жағы актив, ал оң жағы пассив болып екіге бөлінеді. Сыртқы пайдаланушылардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен активтерді қаражаттар, ал пассивтерді қаражат көздері деп те атауға болады. Сонымен қатар капитал айналысына тікелей байланысты қозғалыстарды да бухгалтерлік баланс арқылы талдауға болады. .
Балансқа көлденең жазылған көрсеткіштер есеп объектілерінің өзара байланысын көрсетеді. Қандай жағдайда болмасын балансқа көлденең жазылатын көрсеткіштер счеттардағы қалдық сомаларымен бірдей сомада болуы керек. Яғни дебеттік қалдық баланстың активінде, ал кредиттік қалдық пассивінде жазылады.
Белгілі бір мезім. Әдетте бухгалтерлік баланс айдың, тоқсанның және жылдың 1-күніне жасалып, ұйымның қаржылық қызметінің жағдайын көрсетеді. Ұйымның қаржылық жағдайы түскен пайданың мөлшерімен сипатталады. Сондықтан пайда айдың, тоқсанның, жылдың біріне ғана жаза салатын көрсеткіш емес, пайда өткен шақтағы атқарған ұйымның қаржылық нәтижесін көрсететін ең негізгі көрсеткіш болып табылады.
Қаржы жағдайы. Ұйымдардың қаржы жағдайы қойылған мақсаттарға қарай әр түрлі көздерден қалыптасады. Сондықтан баланстың әрбір баптары арқылы Ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін бағалап, талдау әдістерін қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Ұйымның меншікті активтері әр түрлі ресурстар мен қаражат көздерінен қалыптасатындықтан ұйымдардың ресурстары шын мәнінде көбейіп отыратын болса, онда бүл ұйымның пайдамен жүмыс істегендігін көрсетеді.
Құнсыздануға (инфляцияға) байланысты ұйымның активтері көбейіп кеткен жағдайда түскен пайда - таза пайдаға жатқызылмайды. Мұны шындыққа жанаспайтын пайда деп таныған жөн. Егер үйым ақысыз (құнын төлемей) түбінде қайтарылмайтын активтерді басқалардан алған жағдайда, мұндай активтердің құны пайда құрамына жазылмай, тек қана баланстың көбеюуін білдіреді.
Кәсіпорындар (ұйымдар) . Үйымдар деп - кез келген шаруашылық қызмет атқарушы құрылымдарды айтады. Бұлардың түпкі мақсаты пайда түсіріп, пайдамен жұмыс істеу болып табылады.
Бухгалтерлік баланс түрлері. Ұйымның құрылуын, қаржылық жағдайын, үздіксіз қызмет атқаруын, жойылып кетуін немесе аналық үлкен компания құрамына ену жағдайын ескере отырып, бухгалтерлік баланс үшке бөлінеді: 1) кіріспе баланс; 2) аралық баланс; 3) жойылуға байланысты баланс.
Кіріспе баланс ұйымдар мен фирмалар т. б. заңды түлғалардың жарғысы тіркелгеннен соң, меншік иелерінің салған қаражатын жәйе басқа да қаржы салымшыларының, несиелендірушілердің қаражаттарын кіріске алып, жарғылық қор мен активтерді қалыптастырудан басталады.
Аралық баланс белгілі бір тапсырмаға байланысты, айға, күнге, тоқсанға қарай жасалынады. Мысалға, капиталдың шеңберлі айналысы фазаларына, активті қаражаттар қозғалысына талдау жасау жұмысын және арнайы тапсырмаға байланысты ұйым қызметіне толық тексеру жүмысын жүргізу үшін жасалынатын балансты аралық баланс деп атайды.
Жойылуға байланысты баланс. Ұйым банкротқа ұшырап, өз қызметін тоқтатқан жағдайда арнайы комиссияның қатысуымен ұйымды жою мақсатында баланс жасалынады. Жою балансы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең осы ұйымның жабылуына байланысты жасалса, екінші кезеңде ұйымның жойылғандығының
қорытындысын бағалау үшін жасалынады.
Заңды түлға болып танылған ұйымдардың барлығы да бухгалтерлік баланс жасауға міндетті. Егер заңды түлғалар құрамына снген еншілес ұйымдар құрылған жағдайда, негізгі ұйым басшыларыпыц рұқсаты бойынша еншілес кәсіпорындар да баланс жасауына болады.
Ендігі жерде ұйымдарда жасалатын, қаржы қорытындысын шығарып отыратын бухгалтерлік есеп балансының қалай және қандай принциптерді қолдану арқылы құрылатындығына мысалдар келтіреміз.
Баланстың ең бірінші сатысы 1-ші қыркүйек 2004 жылы «Асан жК» ұйымының бастапқыдағы кіріспе бухгалтерлік балансы (мың теңге)
Бұдан екі жақтылық принциптің орындалғандығын, тепе-теңдіктің сақталғандығын көреміз.
3 қыркүйек 2004 жылы «Асан жК» ұйымы 300, 0 мың теңгеге ғимарат сатып алып, тиісті бастапқы құжат жасады да, «Асан жК» ұйымына кіріске алды, сонда:
3 қыркүйек 2004 жылығы «Асан жК» үйымының балансы
(мың теңге)
3 қыркүйек 2004 жылғы екінші операцияның егізінде банктегі ақшаның азайып, жаңа активтің (ғимараттың) пайда болғандығын көруге болады.
6 қыркүйек 2004 жылы «Асан жК» үйымы «Ақ жол»
компаниясынан 50, 0 мың теңгенің тауарын уақытша қарызға алып, 30 күн ішінде тауар ақшасын төлеуді өз шндетіне алды сонда:
6 қыркүйек 2004 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы
(мың теңге)
6 қыркүйек 2004 жылғы үшінші операцияның негізінде тағы да жаңа активтің (тауарлар) пайда болып, осы тауарлар үшін «Асан жК» ұйымының алдағы кезеңде төлейтін қарызы туындады. Яғни осы ұйымның алған қарызы несиелендірушілер деп аталынады.
10 қыркүйек 2004 жылы қүны 10, 0 мың теңге тұратын тауар «Бек» фирмасына сатылды. Сатылған тауар ақшасы (10, 0 мың теңге) кейіннен төленетін болып келісілді сонда:
10 қыркүйек 2004 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы (мың теңге)
10 қыркүйек 2004 жылғы төртінші операцияның негізінде тауарлар сомасының азайып, тағы да жаңа активтің (берешектердің) пайда болғандығын көруге болады. Осы ұйымға басқалардың берешек қарыздары берешектер деп аталынады. 13 қыркүйек 2004 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы (мың теңге)
13 қыркүйек 2004 жылғы бесінші операцияның негізінде активтердің бір бабы - тауарлар сомасының азайып, активтердің екінші бабы - банктегі ақшаның көбейгендігін көрсетті.
15 қыркүйек 2004 жылы «Асан жК» ұйымы «Бек» фирмасының несиесінің бір бөлігін 5, 0 мың теңгесін банктегі есеп айырысу шотынан төледі сонда:
15 қыркүйек 2004 жылғы «Асан жК» ұйымының балансы (мың теңге)
15 қыркүйек 2004 жылғы алтыншы операцияның негізінде банктегі ақшаның азайып, несиелендірушілерден алынған қарыз сомасының азайғандығын көруге болады. Баланстың оң жағы мен сол жағы бірдей сомаға азайды.
30 қыркүйек 2004 жылы «Асан жК» ұйымына 10, 0 мың теңге берешек болып қалған «Бек» фирмасы 7, 0 мың теңгені төледі қайтарды) сонда:
30 қыркүйек 204 жылгы «Асан жК» ұйымының балансы (мың теңге)
Жоғарыда келтірілген алты операцияның мазмүнынан кез-келген бір факті мен операция екіжақты жазуға түсіп, баланстың жекелеген баптарына өзгерістер енгізетіндігін көруге болады. Төменде активтер, меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операциялары мысалдарына түсінік береміз.
Операциялар мазмұны.
1. Несиеге алынған тауарлар - активтер мен міндеттемелер(несиелендірушілер) сомасын көбейтті.
2. Ақшасы төленіп, тауарлар сатылып алынды: активтер(тауарлар) көбейді, банктегі ақша (активтер) азайды.
3. Несиелендірушілердің берген карызы - банктегі ақша (активтер) азайды, міндеттемелер де (несиелендірушілер) азайды.
4. Осы үйымның қожайыны банктегі ақшаға қосымша капитал құйды: банктегі ақша (активтер) мен капитал көбейді.
5. Ұйымның қожайыны өзінің жеке мұқтаждығына осы үйым кассасынан ақша алды: активтер (ақша) азайды, капитал сомасы да азайды. 6. Несиелендірушілерге ұйым қожайыны осы ұйым есебіне жатпайтын өз қалтасынан ақша берді: міндеттемелер (несиелендірушілер) сомасы азайып, меншікті капитал сомасы көбейді.
Осы айтылғандар негізінде, біздер Активтер = Меншікті капитал + Міндеттемелер сомалары әрқашан да тспе-теңдікте болатындығын және екіжақтылық принциптің сақталғандығын тағыда көріп отырмыз.
Баланс жүргізу қажеттілігінің кейбір теориялық мәселелері
Баланс жүргізу жалпы бухгалтерлік есеп жүйесінің теориялық негізін қалайтын әдіснамалардан түрады. Баланс жүргізу теориясы балансқа тән принциптерді, баланстың экономикалық құрылымын, баланстағы тараулар мен баптардың экономикалық мәнін бағалау, осылардың негізінде экономикалық жағынан тиімді шешімдер қабылдау болып табылады. Баланс жүргізу теориясы экономикалық қагынастарды тиімді жүргізу бағытында капитал қалыптастыру, мүның функционалды аспектілерін зерттеу үрдісіндегі маңызы өте зор. Екі жақтылық теория бухгалтерлік баланспен тікелей байланыста болады. Баланс жүргізу теориясының негізінде бухгалтерлік есеп жүйесінің әдіснамалық ережелері қалыптасады. Бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп жүйесінің техникалық жақтары іске асырылады.
Бухгалтерлік есепті арнайы жүйеге келтіру үш аспектіден және құрамдас сабақтастықтан түрады:
Екі жақтылық Бухгалтерлік есеп счеттары Бухгалтерлік баланс
Баланс жүргізу теориясы екі жақтылық принциптен (түрақты түрде екі жақтылықтың сақталуынан), сондай-ақ шаруашылық операцияларын счеттарға жазудан қалыптасады. Есеп объектілері деп - әрбір ұйымдардағы орын алған фактілер мен операцияларды және атқарылған қызметтерді айтуға болады.
Он тоғызыншы ғасырдың басында Италияның ғалымы Эмануэл Пизани баланстық теорияның негізін салды. Ол «статмография» үғымын енгізген. Грек тілінде «статмо» - баланс, «графия» - жазып талдау деген ұғым береді.
Ертеректе бухгалтерлік есеп счеттары экономикалық және бюджеттік болып екі топқа бөлінген. Мүмкін осылайша бөлуге қарай қаржылық және басқарушылық есеп пайда болған болар.
Бухгалтерлік баланс - ұйымдардың экономикалық өміріндегі капиталдың шеңберлі айналысы процесін зерттеуші әдіс. Өзінің пәндік қасиеті түрғысынан капитал әрқашан да нақтылық мақсатта, құндық маңызда болады. Капталдың негізгі орындаушылық қасиеті бухгалтерлік баланстың активінде экономикалық ресурстар түрінде сипатталады. Баланстың пассивіндегі көздер міндеттемелер түрінде мақсаттық сипатта болып, құқықтық қатынастарды құрайды. Пассивтік көздер құқықтық қатынастардың пайда болуы мен себебтерін, сондай-ақ акционерлердің (қатысушылардың) мүддесін қорғайды.
Несиелендірушілер, акционерлер, қаржы салымшы инвесторлар мақсаты осы ұйымның мүліктерін таратып алу емес, ақшаны ақшаға айналдырып табыс алу болып табылады. Мүндай мақсаттар мен себептер негізінде ұйымдар мүмкіндігін (активтерін) екі түрге: құқықтық мүліктерге (таза активтер) және мүліктік міндеттемелерге бөліп қараған жөн. Бұдан таза активтер және шартты активтер ұғымы туындайды.
Ұйымдарды ең әуелгі бастапқы кезеңде ұйымдастыру үшін активті қаражаттар қалыптастырудың көздері қарастырылады. Белгілі көлемде қаржы көздері табылмаған жағдайда, ұйымдардағы бухгалтерлік баланс инвестицияланған капиталдың шеңберлі айналысын әрбір экономикалық фазаларға қарай бағалап отыруды мақсат тұтады.
Инвестицияланған капитал кәсіпкерлік әрекеттің негізін құрап, осы кәсіпкерліктің (ұйымның) құрылу себептерін және капитал айналысының базисін қалыптастырады.
Егер, біздер екі жақтылық дүниені пәлсафалық категория түрінде қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есепке тән қор көздерін - «базис», ал активті қаражаттарды - «қондырма» деп сипаттауға да болады. Яғни «статмо» ұғымын базистік тұрақтылық, ал «графия» үғымын қозғалыстағы қондырма деп қарайтын болсақ, онда бухгалтерлік есеп дүниесіндегі екі жақтылық принципті пәлсафалық жағынан ары қарай зерттеу мүмкіндігі зор болар ма еді.
Активтерді қозғалыстағы қондырма категориясына тән деп қараған жағдайда капитал айналысының мақсаты есепті жылы алынған қаржылық қорытындының өсу қарқынымен өлшенеді. Қаржылық қорытындының өсу қарқыны жылдан-жылға көбейген жағдайда капиталды қайта инвестициялау, мүның көлемін арттырып отыру мүмкіндігі туындайды. Осы айтылғандарға байланысты капиталдың шеңберлі айналысы есебін жүргізіп, жинақтауға, талдауға арналған бухгалтерлік баланстың одіснамалық функциялары (қасиеті) өте зор. Сонымен қатар бухгалтсрлік баланстағы жинақталған көрсеткіштер мен ақпараттар нстпінде қаржылық қорытынды есеп жасап, капитал қозғалысын багалау мен талдауға болады.
Бухгалтерлік балапсты экономикалық, қаржылық, құқықтық заңдылығын және капиталдың пайда болуы мен қозғалысын, мүның бір түрден екінші түрге ауысуын, капиталдың өсу қарқынын, капиталдың сандық мағанасының сапалық және қаржылық мағанаға айналу аспектілерін сипаттайтын, оны ары қарай зерттеу моделі түрінде тану қажет. Сондықтан қандай да болмасын ұйымдарда жасалатын балансты капитал рыногын, мұның айналымы мен шеңберлі айналысын, таза пайданың өсу қарқынын, инвестицияның тиімділігін белгілі бір кезеңдерге сай зерттеу жұмыстарының әдіснамасы деп қараған да жөн.
Бухгалтерлік баланс элементтерін тану және терминологиялық тәртіп
Баланстың активтік элементтерін тану
Активтер (Активы) үш сатыдан: анықтау, тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынғаи және есеп бақылауына түскен үйымдар қызметінің қалыпты жагдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыскелтіретін активтер жатады. Активтер үзақ мерзімді және ағымдағы болып екіге бөлінеді. Балансқа түскен активтердің барлық сомасының көлемін -жинақталған активтер деп атайды. Егербарлық жинақталған активтер сомасынан басқадай түлғалардың алашағын шегерген жагдайда, қалған соманы нетто-активтер немесе үйымдардың мсншікті капиталы деп атайды.
Активтерді тану (Признание активов) деп - активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz