Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
КІРІСПЕ.
І.ТАРАУ. КӨРНЕКІЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК.
ІІ.ТАРАУ. КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ. ОЛАРДЫ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ.
ІІ.І. ЖАЗБА КӨРНЕКІЛІКТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ.
1.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.
ІІІ.ТАРАУ. САБАҚТА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ САБАҚ САПАСЫН АРТТЫРУ.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес.
Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) «Ешнәрсе білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады» деген қанатты сөзі бүгін де маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері - жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім беруге атсалысады.
Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы кез келген мемлекеттің рухани да, әулеметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Ғылым — ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады.

1. И.Ұйықбаев. Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері. А, 1957 жыл.
2. Әлжанов Д, Маманов Ы. Қазақ тілін оқытудың методикасы. А, 1965 жыл.
3. А.Жаппаров. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Шымкент, 2000жыл.
4. А.Ысқақов. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жақсартайық. А. 1957 жыл.
5. Ұйықбаев.И. Фонетиканы оқыту және озық тәжірибе. А, 1965 жыл.
6. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, 1975жыл.
7. Құлмағамбетова Б. Кабинеттік жүйе және қазіргі сабақ. А, 1982 жыл.
8. Кәтембаева Б. сөз құрамын оқыту. А, 1968жыл.
9. Құлмағамбетова Б. V-VІ сыныптарда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру. 1968 жыл.
10. Жаппаров А. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі. Шымкент, 2002 жыл.
11. Кәтенбаева Б. ІV -ІХ сыныптарда тіл ұстарту. А, 1978 жыл.
12. Айғабылов А. Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері. А, 1980 жыл.
13. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы негіздері. А, 1969 жыл. 14. Исабаев А. Фонетиканы оқыту. 1965жыл
15. Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін окыту әдістемесі. А, Ана тілі, 1996 жыл.
16. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. А, Ана тілі, 1992 жыл.
17. Итемирова А.С. Қазақша тіл дамыту сөздігі. А, 2000 жыл.
18. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993 жыл.
19. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
20. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.
21. Жаниязов Ә. Лексиканы оқытуға арналған таблица. А, 1970 жыл.
22. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2. 2004 жыл. 78-бет.
23. Айдосова. Грамматикалық ойындар арқылы оқушылардың
белсенділігін арттыру.
23. Қанжанова Г. Ізденімпаздықтың жемісі. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. 3. 19-бет.
24. Оралова А. Қазақ тілі сабақтарында тіл ұстарту. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004.5.
25. Әбдразаков Е. Адамгершілік имандылық тәрбиесі.-Шымкент, 1994 жыл.
26. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру.-Алматы, 1988жыл.
27. Әтемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. Мем. 1-1996 жыл.
28. Безкаравайный С. Жұмабаев А. Мектепте өткізетін тарихи-
әдеби кештер .- Алматы, Мектеп, 1968 жыл.
29. Бержанов Қ. Оқу- ағартудағы халықтар достығы.- Алматы,
1976 жыл.
30. Бабанский Ю. Педагогика.- Москва .1988 жыл.
31. Батышев С. Научная организация учебно - воспитательного
процеса.- Москва,1975 жыл.
32.Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. Алматы, Өнер. 1972 жыл.
33. Баранов С. Принципы обучения.- Москва,1975 жыл.
34.Сүлейменова Р. Оқушылардың әдебиеттен өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру. - Алматы, 1979 ж.
35. Дайырова Ә. Бастауыш кластарда кластан тыс оқу.- Алматы, 1953 жыл.
36. Жарықбаев Ж. Аталар сөзі - асылдың көзі.- Алматы, 1980 жыл.
37. Сағындықұлы Е. Педагогика. Алматы 1999 ж.
38. Сабыров Т. Болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығын жетілдіру. Алматы 1999 ж.
39. Әтемова Қ.Т. Оқушылар бойында гумандық қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі.

Қайнар университеті
Педагогика-психология кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ___________________________________ ___________
Орындаған: ___________________________________ __________
(5 курс студенті)
Ғылыми жетекші: ___________________________________ ____
Рецензент: ___________________________________ ___________
Норма бақылаушы: ___________________________________ __
Педагогикалық пәндер каф.меңгерушісі: ___________________
Қорғауға жіберіледі: ___________________________________ __
Хаттама номері: ___________________________________ ______
Алматы 2007 ж.
Қайнар университетінің Педагогика және психология факультетінің
5-курс студенті Е.Құдайбергеновтің Көрнекті құралдардың білім сапасында
алатын орны деген тақырыпқа жазған диплом жұмысына
П I К I Р.
Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен қатар,
оқушының ойлау қабілетін арттыру. Сол мақсатта сабақтың сапалы, саналы
өтуіне байланысты сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы
зор екені бәрімізге белгілі, осы проблемалық мәселені тақырып етіп,
зерттеуші Е.Құдайбергенов орынды мәселе көтерген.
Зерттеу жұмысында көрнекіліктердің түрлеріне тоқталып, көрнекіліктерді
оқу процесінде орынды пайдаланудың жолдарын көрсеткен. Сонымен қатар
көрнекіліктердің оқушы біліміне, ой-өрісіне, ойлау қабілетіне тигізер
туралы практика жүзінде дәлелдеп, ашып беруге тырысқан.
Диплом жұмысы кіріспе екі тараудан және бөлімдерден, қорытынды
пайдаланылған әдебиеттерден құралған.
Димлом жұмысында зерттеу жұмысына байланысты ғылыми әдебиеттерді
орынды пайдаланып, ол жайындағы ғылыми тұжырымдарға, зерттеу еңбектерге
арқа сүйей отырып жазған.
Жұмыс жоспары бар көлемі, мазмұны, өзіндік ой-қорытындылары дұрыс,
тақырыпты ашуға барынша әрекет жасалынған.
Жұмыс қорғауға ұсынылады.
Ғылыми жетекші аға оқытушы: Э.Бекбаева
"Қайнар" университетінің "Педагогика және психология" факультетінің 5-
курс студенті Е.Құдайбергеновтің Көрнекі құралдардың білім сапасында

С Ы Н П I К I Р
Қазақ орта мектептерінің қазіргі таңда міндеті-әр оқушыға терең білім
беру. Сонымен бірге оқушының ойлау қабілетін арттыру, сапалы білім беру
мақсатында көптеген еңбек еңбектер жүргізілуде.
Диплом жұмысында Е.Құдайберенов қазіргі өзекті мәселе оқу процесінде
көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызының зор екенін дәлелдеуге
тырысқан. Сонымен қатар көрнекті құралдардың түрлеріне тоқталып, олардың
әрқайсының оқу процесіндегі рөлін баяндап өткен. Көрнекіліктің оқушыларға
сабақ түсіндіру барысында байқағыштық, логикалық түйінділікке және
өздерінің көргендерін сөзбен дұрыс жеткізуге, одан қорытынды шығаруда
маңыздылығын дәлелдеп айтып өткен.
Диплом жұмысы тақырыпқа сай, ғылыми әдебиеттерді орынды пайдалана
отырып жазылған.
Зерттеу жұмысында пайдаланған материалдар рет ретімен жүйелі түрде
берілген. Көлемі, мазмұны, жағынан талапқа сай орындалған. Жұмыста
тақырыпқа байланысты барлық мәселелер толық қамтылып, тақырып мазмұны
терең ашылған.
Диплом жұмысы ғылыми тұрғыдан дұрыс жазылған.
Пікір беруші аға оқытушы: К.Аскарова
Тақырыбы: Көрнекі құралдардың білім сапасында алатын орны
Жоспар:
Кіріспе.
І-тарау. Көрнекілік туралы жалпы түсінік.
ІІ-Тарау. Көрнекіліктердің түрлері. Оларды сабақта пайдаланудың маңызы.
ІІ.І. Жазба көрнекіліктерді пайдалану.
1.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта қолдану.
ІІІ-тарау. Сабақта техникалық құралдарды пайдалану арқылы сабақ сапасын
арттыру.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жұмыстың өзектілігі:
Мектеп міндеті - әр оқушыға терең білім беру. Сонымен бірге, окушының
ойлау кабілетін арттыру. Болашақ ұрпаққа саналы біліммен сапалы тәрбие
беруде, оқушылардың материалдарды саналы түрде түсініп есінде берік
сақтауын қамтамасыз етуде көрнекіліктің мәні зор екенін дәлелдеп көрсетеді.
Кернекілік окушылардың материалды тез саналы түрде түсінуін қамтамасыз
етумен бірге, ойлау қабілетін дамытуға әсерін тигізетін практика жүзінде
көрсету.
Жұмыстың мақсаты:
Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі – көрнекілік екенін,
көрнекіліктердің білім сапасына тигізер әсерінің мол екені дәлелдеу.
Көрнекіліктің оқу процесіндегі мақсаты байқағыштыққа логикалық
түйіндікке және өзінің көргендерін сезбей дұрыс жеткізуге, бұлардан
логикалық қорытынды шығаруға жаттықтыру екенін анықтау.
Жұмыстың міндеті:
1. Көрнекіліктің оқу процесінде атқаратын қызметін көрсету.
2. Дидактиканың негізгі ұстанымдарының бірі - көрнекілік екенін практикада
дәлелдеп көрсету.
Кіріспе.
І-Тарау. Көрнекілік туралы жалпы түсінік.
Қазақстан бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін білім
мен ғылымды дамыту жолына түсті. Өйткені білімді, ғылым негіздерін игерген
мамандарсыз әлемдік қатаң бәсекеге алға шығу мүмкін емес.
Мари Фон Эбнер - Эшенбахтың (Австрия жазушысы, 1930-1976) Ешнәрсе
білмейтін адамға бәріне сену ғана қалады деген қанатты сөзі бүгін де
маңызды болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттері
- жастар мен балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, қоғамның
ақпараттануы және жаңа ғылымды қажет ететін технологиялардың дамыған
кезеңінде кәсіби шеберлігін дамыта алатын жоғары білімді адамдар мен
білікті мамамдарды дайындау. Болашақ білікті де, білгір мамандар даярлау
үшін сабақта көрнекті құралдарды орынды пайдаланудың маңызы зор. Көрнекті
құрал білім сапасының кепілі. Осыны ерте түсінген шығармашыл ұстаздар
өзінің әрбір сабағында көрнекілікті орынды пайдаланып, сапалы білім
беруге атсалысады.
Білім - өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі. Өлшем болатындығы кез
келген мемлекеттің рухани да, әулеметтік-экономикалық та дәрежесі онда өмір
сүретін халықтың білім деңгейіне байланысты бағаланады.
Ғылым — ғалымды танудың кілті болса, сол ғылымның негізгі білімде
жатыр. Ал білімнің іргетасы орта мектепте қаланады.
Жаңа буынды тәрбиелеу мен оқыту мектеп табалдырығынан басталып, арнайы
орта және жоғарғы оқу орындарында жалғасады.
Өйткені кешегі оқушы бүгінгі студент, бүгінгі студент ертеңгі — маман,
елді өркениетке жеткізуші. Мектеп қабырғасында да, арнаулы кәсіби оқу
мекемелерінде де, жоғарғы оқу орындарында да білімді де мәдениетті жаңа
ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мынадай маңызды мәселеге келіп. тіреледі. Ол –
оқу жүйесінің сапалылығы, оқытылатын матириалдың қажеттілігі, кешегі
оқушы, бүгінгі студент, болашақтағы маманның, Абай айтқандай, бір кірпіш
тәрізді дүниеге кетігін тауып қалануы.
Бүгінгі ұрпақ - тарихи кезеңде өмір сүріп, ұлттық, елдің, жердің
болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалап отырған ұрпақ. Ғасырлар
бойы бабаларымыздың арманына айналған Тәуелсіздігімізге қол жеткізіп,
егемендік еншілеген ұрпақ. Олардың болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы
берік сақтайтын, тіліміз бен ділімізді жалғастыратын, саналы да, парасатты
болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білеміз.
Қазіргі таңда есімізде Н.Назарбаевтың 2030 бағдарламасы жұмыс істеуде.
Білім, ғылым туралы заң. Тіл туралы бағдарлама қабылданды. Бізде осы
мемлекеттік бағыт-бағдар негізінде қызмет етеміз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие
беру-қазақ мектебінің негізгі мақсаты. Идеялық-саяси, еңбек, дәстүрлік
тәрбие оның өзара астасқан бөліктері, сондықтан бұлар кешенді түрде
шешіледі.
Шәкірттің жақсы болуы-ұстаздың айтқан сөзіне ғана емес, көрсеткен
үлгісімен сабақтасып, байланысып жатады. Ұстаз-бәрінен бұрын тәрбиеші. Ол
оқыту мен тәрбиені қатар алып жүруші. Ұстазға қойылатын басты талап пен
тілек ортақ. Ол білімділік, имандылық, парасаттылық.
Ұстаз шәкірттерге білім бергенде , тіл факторын үйреткенде, олардың
логикалық ойын дамыту тәрбиесін қатар жүргізеді. Бұл мақсатта ғылымда
балаларға білім мен тәрбие беру міндеттерін сабақ үстінде бірлікте іске
асырудың тиімді жолдары, қолайлы әдістері іздестірілуде.
Бұл әдістер оқушыларға жан-жақты білім беруде, өмір заңдылықтарын
меңгертуде, олардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сөздік қорын байыту,
логикалық ой-өрісін дамыту, саналы еңбекке, өз бетімен жұмыс жасай білу
дағдысын тәрбиелеуге белсенді қызмет етеді. Бұл тарапта шәкірттердің
өздігінен ойлау, бақылау және тұжырым жасай алу қабілеттерін дамытудың
тиімді тәсілдері қарастырылады.
Әр сабақта сапалы, тиянақты білім беру үшін, әсіресе көрнекілік
принципі басты роль атқарады. К.Д. Ушинский: Көрнекілік оқыту кезінде
затпен таныстыру, заңын өзі үшін екінші дәрежелі; көрнекілік оқытудың ең
негізгі мақсаты-байқағыштыққа, логикалық түйінділікке және өзінің
көргендерін сөзбен дұрыс жеткізуге, бұлардан логикалық қорытынды шығаруға
жаттықтыру1,- деп айтты. Көрнекіліктің ғылыми негізі И.П.Павловтың жоғары
дәрежелі нерв қызметі туралы ілімі негізінде психология ғылымында түбегейлі
зерттелді.
Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын
меңгерту құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған.
Оқушылардың дүниетанымы негізінде көрнекілік арқылы жүзеге асырылады,
олар заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды.
Бұл принципті соңғы жылдары ғылым дәлелдеді. Мысалы, көру органдары миға
есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда
13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді оқушылар
тез, әрі есте көп сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін
тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін
мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізу үшін қолданатын ережелерді
атап өтейік.
- Алтын ереже: көруге болатынды көрсету, есіте алатынды естірту,
сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік
туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін,
көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі
тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту
құралы ретінде пайдаланады. Оқушылар заттарды көзімен көрумен қатар,
қолымен ұстап, түр-түсін байқап, өзінің қажетіне жаратады.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге
болмайтын жағдайда да көрнекіліктер қолданылады. Көрнекіліктер
оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс
дағдыларын қалыптастырады. Көрнекілік бақылауға, білуге, салыстыру, қатар
қоя білуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.
Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану барысында алғаш оны
бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы да бүтіндей
көрсетуге болады. Көрнекілікті сабақта ұстаз немесе оқушылардың өздері
жасасада болады.
Көрнекіліктерді көрсету барысында демонстрация, иллюстрация және
бақылау тәсілдері жатады.
Демонстрация оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанымен
табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Әдістің бұл түрі
қолданылып отырған құбылыстың қозалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы мен
сыртқы құрылысын немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен
таныстыруды көздейді. Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы
көрінісінен басталады. (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы т. б.).
Келесі кезектік оның ішкі құрылысы мен жекеленген құрамы
көрсетледі.
Демонстрациялау көбінесе оқушылардың практикалық әрекетімен ұштаса
жүргізіледі. Приборлар мен нысаналарды демонстрациялау нәтижесінің табысты
болуы бірнеше жағдайға байланысты болады. Көрсетіліп отырған нысана барлық
оқушыларға анық нақты көрінуі тиіс. Оқу материалын түсіндіру кезінде
көрсету жұмыстары жүргізіліп, соңынан нысана алынып тастауы керек.
Оқытуды былай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалдарын жеңіл, терең
меңгеруіне септігін тигізеді, олардың ойлау қабілетін арттырып, қосымша
ақпараттар береді. Оқушылардың өздері құбылыстарды, процестерді және
нысаналарды белсенділік танытып оқып, үйренсе, шын мәнінде әдіс
нәтижелі болмақ.
Сабақ барысында оқытуды демонстрациялау әдістерін қолданғанда оқу
киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп,
эпидоскоп, теледидар, видеофильдер секілді техника құралдары пайдаланылады.
Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттілігіне сай табиғи ортада да
көрсетуге болады. Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар,
өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникасы, өндіріс құралдары.
Иллюстрация - демонстрация әдісімен тығыз байланысты болады. Бұл
әдісті иллюстративті құралдарды (плакаттар картиналар, портреттер,
суреттер, чертеждер, картограммалар, модельдер) көрсетуге қолданады.
Иллюстрация әдісінің нәтижелі болуы, негізінен оның қолдану тәсілдерін
мұғалімнің қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Соның
нәтижесінде оқушы мен мұғалім оқу материалдарын табысты. меңгеруге
айтарлықтай көмек бере отырып, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін
тигізеді. Мектеп тәжірибесінде көрсеткендей сабақта иллюстрациялық
материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың наразын тек өткен материалға
бағыттап, ауытқымауға әкеп соғады. Сондықтан көрнекті құралдарды
пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін
алдын-ала жақсылап ойластырып алу қажет.
Бұл әдістердің ішінде ең басты рөл атқаратыны - бақылау әдісі. Ол
барлық оқу пәндерін оқытуда кеңінен пайдаланылады. Бақылау әдісі сабақта
нақты заттар мен көрнекі, техника құралдарын көрсету кезінде, экскурсияда,
лабораториялық жұмыстарда , еңбек операцияларын орындауда ерекше орын
алады. Бақылау мұғалімнің қатысуымен сабақ уақтысында да, сабақтан тыс
уақытта да қолданылады. Дұрыс қолданған бақылау әдісі оқушылардың ойлау
қабілетін арттырып, байқағыштық қасиеттерін арттырады. Бақылау
әдістерінің қолдану тиімділігі мынандай болады: байқаудың мақсатын анықтау,
қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, демонстрациялық бақылау,
экскурсиялық бақылау, техникалық бақылау, лабораториялық бақылау.
Өмірде бар заттар мен құбылыстарды көрнекті құрал арқылы көрсету
мектепті өмірмен байланыстырады. Демек, теорияны практикамен ұштастыру
жөніндегі диалектикалық принципті жүзеге асыруға көмектеседі.
Нақты көрнекті материалды сапалы түрде меңгерту үшін қабылданатын зат
пен құбылысты дұрыс байқау, анализ жасау керек.
Көрнекілікті оқу процессінің барлық кезеңінде пайдалануға болады,
бірақ оны жай қолдануға болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында
пайдаланғанда ғана тиімді құрал болып саналады.
Кез келген сабақта көрнектілікті маңызды қолдану оқушылардың пәнге
деген ынтасын арттыру, қызықтыруда үлкен роль атқарады. Пән
кабинеттерін қажетті көрнекіліктермен жабдықтау сапалы білім беруге үлкен
септігін тигізеді. Кабинеттердің қазіргі заман талабына сай
көрнекіліктермен жабдықталуы, кабинеттерде техникалық көрнекіліктің болуы
өмір талабы. Кабинет қабырғаларына қажет деген көрнекіліктер ілінуі шарт.
Әр пәннің белгілі тақырыптарына сәйкес әр түрлі сабақта мынадай
көрнекіліктің түрі іске асырылады: кесте, үлестірмелі кеспелер, схема,
карточкалы дәптер, плакат, суреттер, оқулықтар, перфокарталар, макеттер,
кесте, натуральды заттар және техникалық құралдар. Қай кезде болмасын
тәжірибелі педагогтар өз сабақтарында көрнекті құралдарды пайдаланып, сабақ
сапасын арттыруға тырысып отырған.
___________________________________ _________
1Ушннский К.Д Балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі таңдамалы пікірлері
Алматы, Каз.Мем.ОҚБ. 1951-846
ІІ-Тарау. Көрнекіліктердің түрлері. Оларды сабақта
пайдаланудың маңызы.
І.І. Жазба көрнекіліктерді пайдалану.
Дидактикалық принцинтердің бірі- оқыту жүйесінде көрнекі құралдарды
пайдалану. Мектепте білім беруде, окытуда жазба көрнекіліктер пайдалану,
сабақтың сапалы, қызықты, тартымды өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің
түсіндіруімен қоса, есту мен көру үшін көрнекіліктер қолданылады. Сыныптан
тыс жұмыстарда да көрнекілікті пайдалану, оқушының ана тілін құрметтеуге,
сонымен бірге тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпалын тигізеді.
Оқушының танымдық қабілетін жетілдіріп, өздігінен жұмыс істеуге бағыт
береді. Әсіресе, қазақ тілі сабағында көрнекіліктерді пайдалану
грамматикалық ұғымдарды немесе ережелерді түсіндіруге көмектесіп қана
қоймай, сондай-ақ, оқушылардың пікір алысуына да мүмкіндік туғызады.
Көрнекі құрал мұғалімнің сабақта өткен материалдарды қайталау, жаңа
материалдарды түсіндіру, бекіту мақсаттарында қолданылуы мүмкін.
Сондықтан да көрнекілікті белгілі бір мақсат қоя отырып, пайдалану
қажет.
Жазба көрнекіліктер деп бір қағазға жазылған түрлі көрнекіліктерді
айтамыз. Олар: сызба (схема, таблица) кеспе (карточка) грамматикалық
материалдар үшін көбірек қолданылады. Сызба көрнекіліктер қабырғаға
ілінеді. Көлемі жағынан түрліше болып келеді. Кейде үлкен плакат
көлемінде, кейде оның жартысындай болуы мүмкін. Сызба көрнекіліктер
қолдану мерзіміне қарай екі түрлі болып келеді. 1).ұзақ уақыт қолданылытын
көрнекіліктер.
2). Бір сабақта қолданылатын көрнекіліктер.
Ұзақ уақыт пайдаланылатын сызба көрнекіліктерге бірнеше мысал келтіріп
өтейік.
І.2. Сызба көрнекіліктерді сабақта
қолдану.
Бұл көрнекіліктерді жаңа сабақ өткенде әр тақырыпқа байланысты
пайдаланған өте тиімді. Оқушылар жаңа сабақты теория жүзінде емес, практика
жүзінде көзбен көріп, өтілген сабақты ауызша он қайталағаннан гөрі,
көздерімен көріп, ұққандары тез есте қалады. Жаңа сабақты өткенде
көрнекілік арқылы жаңа сабақты тез ұғып, тез меңгереді. Физика
заңдылықтары, Менделеев таблицасы, қазақ тілінің заңдылықтары т. б. күнде
ауысып отырмайды, сондықтан бұл көрнекіліктерді жылда керек кезінде
көрсетуге болады. Сызба көрнекіліктер әр сабақ сайын қолданылады. Бір ғана
сабақта қолданылатын сызба көрнекіліктер де ете жиі пайдаланылады. Ол таныс
емес материалдарды нақты түсіндіруге, меңгертуге өте ыңғайлы.
Мұндай сызба көрнекіліктер қазақ тілі бойынша мазмұнына қарай
лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық,
синтаксистік, пунктуациялық болып бөлінеді. Ал қолданылуы жағынан
салыстырмалы, сөзді көрсету, анықтау болып бөлінсе, түрі жағынан (формасы)
жылжымалы болып келеді.
Лексикалық сызба сөздің мағынасын түсіндіруге, оқушының сөздік қорын
дамытуға, лексикадан ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін
қолданылады.
Лексикалық сызба мазмұны жағынан әр түрлі болады. Мысалы, сөз және оның
мағынасы, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, антонимдер, синонимдер,
омонимдер, қазақ тілінің сөз байлығы туралы, басқа тілден енген сөздер,
көнерген сөздер мен жаңа сөзде (неологизмдер) жалпылама қолданылатын сөздер
мен терминдерге, диалект сөздер мен кәсіби сөздерге, тұрақты сөз
тіркестеріне, мақал мәтелдерге, сөздіктер мен олардың түрлеріне байланысты
сызбалар жасалады. Осындай мақсатта жасалған сызбалар лексика саласын
өткенде әр тақырыпқа байланысты қолданылып отырады.
Қазақ тілі пәні бойынша жасалған бірнеше көрнекілікті мысалға
келтірейік.
___________________________________ ______________________
Байтұрсынов Л. Тіл тағылымы-Алматы, Ана тілі, 1992жыл-448бет
Синонимдер
Синонимдік Мысалдар Қай сөз табы,
қатар сұраулары
Оқушы, Сағила – Жақыпбектің оқушыларға үлгі Зат есім. Кім?
шәкірт ететін адамдарының бірі еді.(М.И.) Мен
оны не алтыншы, не жетінші класта
оқитын шәкірт бола ма деп жобаладым.
Аспан,көк, әуе (З.Ш.) Кешке қарай аспанды бүркеп
алатын күздің сұр бұлтты ол түні
жоқ еді.(С.М) Көктегі күн жер үстін Зат есім. Не?
қарық қылып түр.(С.С) Әуе кемесі
дегеніміз — аспанға ұшатын аэроплан.
(С.С.)
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
Сөздің тура мағынасы Сөздің ауыспалы Ауыспалы мағынада
мағынасы қолданылған сөздің
мәні
1 2 3
Кішкентай Самат бесікте Ел іші – алтын бесік Туған жер, Отан асыл.
ұйықтап жатыр. Машина (мақал). Амантай қазақ Берік, мықты.
бөлшектері, трубалар, әр еңбекші бұқарасының ішінен
түрлі аспаптар болаттан шыққан құрыш болат еді.
тжасалады. (Химия Мына топта Гроза жүргізген
оқулығынан) саяси үгітті одан терең
Су қазған арықтың терең ұққан кісі жоқ тәрізді.
арнасы бойларынан келеді. (С.М.)
(С.Сарғ.)
Қатты жерге қазық қағу да
күшпен келеді ғой. (С.С.)
Антонимдер
Антоним сөздер Қай сөз табы, Мысалдар
сұраулары
Жаз-қыс, қуаныш-қайғы, Не? Кім? Зат есім. Ботагөздің басында қайғы
дос-қас мен қуаныш бірдей түйісті.
(С.М.)
Жаңа-ескі, ауыр-жеңл, Қандай? Сын есім Ескі дүние тозды, жаңа
үлкен-кіші, ақ-қара. дүние озды.
Алу-беру, жану-сөну Не істеу? Етістік Туылғаныңа сен қуансаң,
бергеніме мен қуанамын.
(Ғ.М)
Ерте-кеш, жоғары-төмен Қашан? Қайда? Үстеу Игіліктің ерте кеші жоқ.
(мақал)
Жай сөз тіркестері Тұрақты сөз тіркестері
1. Әкесі ат үстінен кішкентай 1. Жұмысқа ат үсті қарауға болмайды.
Айбекті көтеріп алды. 2. Ержан қой аузынан шөп алмайтын
2. Асан қойдың аузынан шөпті жұлып бала.
алды.
Матемагика сабағында сызба көрнекіліктерді пандалану.
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығым арттыру-қазіргі кезде
ғылым мен техника даму деңгейінде әрбір оқушыға саналы білім мен
іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға
қабілетті болуын талап етеді.
Математика пәні оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып
бере алуына мүмкіндіктер туғызады. Оқушының математикадан білімін
арттырудың бір жолы сабақта көрнекті құралдарды көптеп пайдалану болып
есептелінеді. Сабаққа сызба көрнекіліктерді математика сабағында
көптеп қолдануға болады. Бұл сызба көрнекіліктер арқылы өткен
сабақтың теориясын практика жүзінде көрсетіп, есте сақтауға
мүмкіндік беруге болады. Математика сабағына мысал келтіріп
өтейік.
Сабақтың тақырыбы: Туынды. Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың туынды туралы ұғым, туынды есептеу туралы
ережелерін, күрделі функцияның туындысы, туындының қолданылуы
туралы түсіндіру.
2. Оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін
білімдерін дамыту.
3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, сыбайластыққа тәрбиелеу. Сабақтың
көрнекілігі:
Тақта, оқулық, карточкалар, схема, сызба көрнекіліктер. Сызба
көрнекіліктерді қалай пайдалануға болатынынан бір мысал келтіріп
өтейік.
28 (2х-7)13 х2 + 2х
4cosx 6y
50(3+5х)9 -2х2 + 4х
-3sinx 20y
((2х-7)14)1 ((3+5Х)10)1)
(4sinx)1 (3соsх)1
4х2 nxn-1 0 -1 cosx 6x 2
П И Ф А Г О Р
Бұл сызбалар оқушылардың сөздік қорын молайтумен бірге, грамматикадан,
орфографиядан саналы білім алуға мүмкіндік береді.
Сызба көрнекіліктер қазақ тілі сабағында жаңа материалдарды бекіту
кезеңінде көбірек қолданылады.Оқулықты өздігінен байқауға салыстыруға,
белгілі тілдік материалдардың көлемімен таныстыруға, абстрактілік қабылдау
сезімдерін дамытуға үлкен әсер етеді.
Кеспе және перфокарта көрнекіліктерін сабақта
пайдалану.
Жазба көрнекіліктердің түрі - кеспе көрнекіліктері. Бұл көрнекіліктер
сабақта жиі қолданылады, оны пайдалану өте ұтымды.
Қазақ мектебіне арналған тұңғыш әліппеде А.Байтұрсынов кеспе
көрнекіліктің талай үлгісін берген. Заманның ағымына қарай кейінгі кезде
кеспе көрнекіліктер сабақта күнделікті қолданылып отырады.Үлестірмелі кеспе
әр оқушының ерекшелігіне қарай жеке жұмыс жүргізуіне өте ыңғайлы. Мысалы,
үлестірмелі кеспе арқылы әр оқушыға әр түрлі тапсырма беруге болады.
Үлестірмелі кеспе өтіліп жатқан материалдың мазмұнына қарай, әр сабақта
пайдаланылады.
Мысалы, тақырыпты өткенде мынадай үлестірмелі кеспе таратып,
оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергенін байқауға болады Бұл үлестірмелі
кеспе оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, пәнге деген қызығушылығын
арттырады. Қазақ тілінен жасалған бірнеше сызба көрнекіліктерді
таныстырып өтейік.
1-кеспе
1. Жүрегі алып ұшты қобалжыды.
2. Төбесі көкке жетті -...
3. Бармағын тістеді.-...
4. Жермен жексен етті.-...
5. Қол ұшын берді. -...
Бұл кеспе арқылы оқушы тұрақты тіркестің беретін мағынасын өздері тауып
дәптерлеріне жауабын жазады.
2- кеспе
Мына тұрақты тіркестердің антонимін тап.
1. Жүрек жұтқан .- су жүрек.
2. Иттерісін басына қаптады.-...
3. Жүрегі қарс айырылды. -...
4. Ұшан -теңіз.-...
5. Қой аузынан шөп алмас. -...
3 -кеспе.
Өзара синонимдес тұрақты тіркестерді ойлап жаз.
1. Көз ілмеді, Түн ұйқысын төрт бөлді, Кірпігі айқаспады, Көрер таңды
көзімен атырды-ұйықтамады.
2. Жұмған аузын ашпады.-...
3. Төбе шашы тік тұрды. -...
4.Тонның ішкі бауындай . -...
4 - кеспе.
Мына сөздерді тұрақты тіркес түрінде жаз.
1. Тез, жылдам - Сүт пісірім уақытта, Қас пен көздің арасында, Көзді
ашып жұмғанша. т.б
2. Қуанды -...
3. Жуас момын -...
4. Жақын, жуық жер - ...
5. Алыс -...
6. Тура айтады -...
7. Сұлу, көркем -...
Бұл кеспелерді оқушыларға таратып, оқушылардың Тұрақты тіркестер
тақырыбын қалай меңгергендіктерін берген жауаптарына қарай байқап отырады.
Кеспе оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп, жеке жұмыс жасауына септігін
тигізеді. Сонымен қатар сапалы білім алуға көмектеседі.
Перфокарталармен жұмыс жасау.
Сабақты тартымды өткізудің, уақытты тиімді пайдалана білім берудің және
оқушылардың білімін тексерудің тиімді тәсілдерінің бірі- үлестірмелі
перфокарталармен жұмыс жүргізу. Әр сабақта өтілетін сабақтың тақырыбына
байланысты перфокарталар жасалып отырады. Мысалы, дауысты, дауыссыз,
дыбыстарды және олардың айтылуы, жазылу ережелерін толық меңгерту үшін
мынадай перфокарталар жасауға болады.
Бұл перфокарталар сабақ тақырыбына сәйкес жасалынып отырады.
Перфокарталарды өтілген тақырыптың мазмұнына қарай ауыстырып отыру қажет.
Перфокартаның бірнеше үлгісін көрсетіп өтейік. Перфокарталар септік,
көптік жалғауларын өткенде, оларды меңгерту, бекіту мақсатында да
қолданылып жүр.
1. - перфокарта.
Дыбыстар Қатаң Ұяң Үнді
В +
Қ +
Һ +
Н +
Л + +
Д +
Бүктемелі перфокарталардың ішіне оқушылардың өздеріндегі ақ
қағаздарды салып, фамилияларын жазып, жоғарыда көрсетілгендерді талдайды
да, ішіндегі дыбыстарды қатыстырып сөйлем құрайды.
2. -перфокарта .
Сөздер қыз гүл бала үй кітап есік
жалғаулар
-лар,-лер,
-дар,-дер,
-тар, -тер,
Сюжетті суреттер қолдану арқылы сабақ сапасын
арттыру.
Қазақ тілі сабағында сурет көрнекілігі де сабақты маңызды өтуде үлкен
орын алады. Сурет көрнекілігі көбінесе оқушылардың тілін дамыту мақсатында
қолданылады. Суретке тақырып қою, сурет бойынша сөйлемдер құрау, суреттің
тақырыбына сай мәтіндер құрастыру сияқты жұмыстардың түрін жүргізуге
болады. Сонымен қатар сурет тақырыбына байланысты мазмұндама , шағын
шығарма жаздыру тиімді тәсіл болып келеді.
Тұрақты тіркестер тақырыбын өткенде сурет бойынша мынадай жұмыстар
жүргізуге болады.
Тақтаға адамның суреті ілінеді. Адамның бет-әлпеті, мұрны, аузы,
маңдайы, тілі, тісі, жағы т.б. қатысына қарай тілімізде қалыптасқан тұрақты
тіркестер ойлау (Ойын түрінде Кім көп айта алады
1 - қатар
Бет, жақ қатысына қатысына қарай айту керек.
Бетің бар жүзің бар демейді, бетке айту, бетінен от шашты, бет
моншағы төгілді, Беті бүлк етпейді .
2 - қатар.
Көз, кірпік, қасты қатыстырып айту керек.
Көздің жауын алады. - әдемі, керемет, көздің жасыл көл қылу -ренжу,
жылау, көзінің сорасын ағызу - жылау, көздің құртын жеу - сондай көзге
түсерлік, көрікті, қас пен көздің арасында, тез, қас қағым уақытта - лезде
т. б. Осылай білдіретін мағыналарын айта отырып, әр тұрақты тіркестерге
мысалдар келтіріп, мәтіндер жазады.
Әр оқушының берген жауабына оқытушы мән беріп, дұрыс жауап берген
оқушыны марапаттап, тиісті бағаларын беріп отырады...
3- қатар.
Мұрын, езу.
1. Мұрын көтеру - көкірек,
2. Танауы тасқа тиеді.- жолы болмады.
3. Мұрнына су жетпеу.- уақыты жоқ.
4.Мұрнына ешек құрт түсу.- байып кету. т.б.
4 - қатар.
Тіл , тіс .
1 . Тілі мірдің оғындай . - өткір.
2. Тісінен шығармады. - айтпады .
3. Тілі сумаңдау. - көп сөйлеу .
4. Тісі - тісіне тимеу .- жаурау.
5. Тісін тісіне тақау . - ашулану.
6. Тілімен жайпау.-уәде бергіш.
Бұл оқушылардың тапсырмаларды парта — парта болып жарысып, таласып,
қызығып оқуына жол сілтейді.
2. Тақтаға төрт түлік малдың суреті ілінеді.
1 - қатар.
Түйе суреті бойынша, түйе сөзі қатысқан тұрақты сөз тіркестерін тауып
жазу керек. Мысалы:
1. Түйені түгімен жұту.
2. Түйе үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.
3. Түйе үстінен сирақ үйіту .
4. Түймедейді түйедей ету.
2 - қатар.
Қойдың суреті бойынша.
1. Қой аузынан шөп алмас.
2. Қой мінезді . т.б.
3 – қатар.
Сиыр суреті бойынша.
1. Сиырдың бүйрегіндей.
2. Өгіздей өкіру. т. б.
Жылқы суреті бойынша.
1. Жылқы мінезді.
2. Тайға таңба басқандай.
3. Тайлы тұяғымен.
4. Ат шаптырым жерде.
Оқушылар түлік малдың суретіне байланысты басқа да тұрақты тіркестерді
тауып, олардың мағыналарын ажыратып, дәптерлеріне жазады. Кім көп тұрақты
тіркес тапса, оқытушы оны марапаттап, қалған оқушыларға үлгі етіп
көрсетеді.
Енді оқытушы тақтаға жылдың төрт мезгілінің суретін іледі, оқушылар
суретке қарай отырып, жаз, қыс, көктем, қыс деген мағыналарға сай келетін
тұрақты тіркестерді тауым жазады.
Мысалы:
1. Жаз.- жаны жаз, көңілі жаз. т. б.
2. күз- жылауық күздей, балапанды күзде сана т. б.
Сурет бойынша оқушылардың қазақ тілінен білімін жан-жақты пысықтап,
толықтырып отыруға болады. Сурет бойынша оқушыларға жазба жұмысын
жаздырып, тіл ұстарту жұмыстарын, тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Сурет бойынша белгілі тақырыпта оқушыларға мазмұндама жаздыруға да болады.
Сурет бойынша жүргізілетін мазмұндаманы жазу да, латын әңгіме бойынша
жүргізілетін мазмұндамаға соқпай өтпейді. Өйткені мұғалім мәтінді алдын
ала дайындайды. Олардың бір айырмашылығы - мәтінге қосымша сол оқиға
желісін баяндайтын сурет болады. Сурет бойынша мазмұндама жаздыру
оқушылардың ойын, тілін дамытумен бірге оларды суреттің мазмұнын
түсіндіруге, суретте бейнеленген зат пен құбылыстарды бейнелі сөз өнерімен
өрнектеуге үйретеді. Баланың эстетикалық талғамын күшейтіп, шығармашылық
қиялын дамытады.
Сурет бойынша жаздыратын мазмұндаманың мынандай түрлері бар:
1. Белгілі бір эңгіме мазмұнына арналған бірнеше сюжет арқылы
жаздыратын мазмұндама.
2. Белгілі бір оқиғаға арналған бір сурет бойынша мазмұндама жаздыру.
3. Сурет ілініп тақырыбына сәйкес мазмұндама жаздыру.
Суреттер бойынша жаздыратын мазмұндамаларды бір сарынды емес,
түрлендіріп отыруға мүмкіншілік бар. Атап айтқанда, сюжетті суреттер
бойынша өткізілетін мазмұндама мәтініндегі сөйлемдердің орнын ауыстырып,
оны сурет тәртібіне орай түзеттіріп немесе орны ауыстырылған суреттерді
мәтін бойынша бір жүйеге келтіріп те мазмұндама жазуға болады. Мұндай
жұмыстар оқушының ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық икемін
арттырады.
Сурет бойынша мазмұндаманы былай жүргізуге болады:
1. Тақтаға жайлау, қой бағып жүрген шопанның суреті сонымен бірге
шопанның жанында жүрген бірнеше мектеп оқушылары және кішкене қошақандардың
жүгіріп жүрген суреті ілінеді.
2. Мұғалім кіріспе әңгімесінде балаларға шопанның ауыр еңбегі, көктем
кезіндегі қойлардың төлдеуі туралы кыскаша әңгімелеп өтеді.
Балаларға мұндағы оқиға желісіне зерделі, мұқият қараулары тапсырылады.
Балалар біраз уақыт ойланғаннан кейін, мұғалім жалпы сыныпқа мынандай
сұрақтар қойып, оған берілген жауаптарды іріктейді.
- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Көктем мезгілі екенін қалай дәлелдейсіңдер ?
- Ауа райы қалай болып тұр?
- Сонау қыратта жайылып жүрген не ?
- Қойдың төлдеу кезеңі туралы не білесіңдер?
- Шопан еңбегі туралы ие білесіңдер?
- Үлкен құрмет кішіге ізет деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Шопандарға көмектесіп жүрген оқушыларды кім деп айтуға болады?
Осы сұрақтарға толық, дұрыс жауап алғаннан соң, мұғалім :
- Енді осы суретке қандай тақырып қойсақ екен?, - деп сұрайды.
Балалар түрлі тақырыптар ұсынады. Көктемде, Қой төлдегенде,
Оқушылар көмекке келгенде, Жайлауда, Оқушылар көмекке келгенде,
Шопанның жас көмекшілері т. б. Мұғалім осы суреттер бойынша даярлап
келген мәтінді мәнерлеп оқиды.
Шопанның жас көмекшілері деген тақырып қояды. Мұғалім тақырыпты
белгілеп болған соң былай деп сұрақ қояды.
1. Балалар көктем көріністері қалай суреттелген кім тауып оқиды. Екі
оқушы мәтіннен көктем туралы айтылған сөйлемдерді тауып, мәнерлеп оқиды.
Бұл сөйлемдер суретеп салыстырылады.
Мұғалімнің: Көктемде шопанның еңбегі неге ауырлай түседі,- деген
сұрағына бір оқушы мәтіннен жауап тауып, дауыстап оқиды.
Мәтіннің қалған бөліктері де осылай сұрақ жауап тауып, дауыстап
оқылады.
Мәтінге мұғалімнің көмегімен жоспар түзіледі. Жоспар үлгісі:
1. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz