Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық алғышарттары


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе .

Әл – Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі
екінші ұстазы атанған . Ол данышпан философ, энциклопедист – ғалым ,
әдебиетші – ақын , математик . Әл – Фараби 870 ж. Арыс өзенің Сырдарияға
құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар қаласында дүниеге келген, Ол ең алғаш
білімді қыпшақ тілінде Отырар қаласында алған , өсе келе сол замандағы
ғылым мен мәдениет орталығы атанған Бағдад , Дамаск , Каир т.б. қалаларда
білім алады. Өзінің түркі тілімен қатар араб , араб , латын , санскрип
тілдерін жетік білген .
Әл – Фарабидің ғұлама ғалым ретінде зерттеу жүргізбеген , ат
салыспаған ғылым саласы жоқ деуге болады . Сондықтан Әл – Фарабиді отандық
және шет елдік шығыстанушы зерттеушілер таяу және Орта шығыстың ең алғашқы
әлеуметтік саяси ғылымының негізін қалаушы ретінде таниды . Фараби және
оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамытудағы орнын анықтау , ғылым
мұраларын мұқият өте үлкен маңызды жұмыс . Сондықтан дүние жүзінің әр түрлі
халықтарынан шыққан оқымыстылар Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан
зерттеп келеді. Таяу және Орта шығыс елдерінде кітап басып шығарудың
басталуымен шығыс халықтарының тарихын , әдебиет , философия , философиялық
шығармаларын , мәдениеті мен ескерткіштерінің қолжазбаларын басып шығару
үшін көп жағдай жасалды . ХХ ғасырдан бастап бұрыңғы өткен ойшылдарымен
оқымыстылардың шығармаларымен бірге Әбунасыр Әл – Фарабидінде трактаттары
басылып шыға бастады . Ең алғаш 1905 жылы белгісіз каирлік кітап шығарушы
Фарабидің ең үлкен және негізгі Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактаты деген еңбегін басып шығарды . Кітаптың алғы
сөзінде ескі әдебиеттерге сүйеніп берілген Фарабидің өмірі мен ғылым
еңбектері туралы бірқатар мәліметтер берілді .
1907 жылы Каирде Фараби трактаттарының философиялық жинағы Мажмуат
фалсафа ли ибн Наф аль – Фараби 8 шағын философиялық шығармаларынан
тұратын еңбегі басылып шықты . Каирде 1909 , 1910 , 1916 , 1926 , 1948
жылдарда Фараби еңбектерін басып шығарды .
Фараби мұраларын зерттеуде дүние жүзінің көптеген оқымыстылары еңбек
етті . Олардың ішінде араб – парсы тілдерінде жазған ибн әлнадим
995 , Әл – Байхоки 1169 , Ибн - әл Венике 1484 , Кам Сартон
1927 , түрік тілнде А. Сайылы мен П. Үлкен 1950 жазған .
Елімізде , шығыстану ғылымында фарабитанушы зерттеу 1924 жылы атақты
әдебиетші А. Саадиден басталған . С. Н. Григорян 1958 еңбектерінде :
VII – XVI ғ. Орта Азия мен Иран философиясының тарихынан , Таяу
және Орта шығыс халықтарының ортағасырлық философиясы Фарабидің
әлеуметтік – саяси көзқарасы қаралған . М. М. Хайруллаев өзбек тілінде
1963 жазған өзінің Фарабидің Философия тарихындағы көзқарасымен оның
маңызы және Фараби :дәуірмен
уақыт атты еңбектерінде оны өз дәуіріндегі ұлы гуманист деп бағалайды .
Ал қазақстандық философтар А. Х. Қасымжанов және С. К. Сатыбекова
өздерінің еңбектерінде Әл – Фараби гуманист , ұлы ағартушы , ойшыл деп
суреттейді . Шетелдік зерттеушілерден Әл – Фарабидің жалпы философиялық
шығармаларына арналған И. Мадкура , Р. Вальцер , А. Эхаванидің еңбектері
жатады . Неміс ғалымы Г. Леидің зерттеулерінде Фарабидің саяси -
әәлеуметтік көзқарастары қысқаша талдау жасаған . Ал тәжік ғалымы
Фарабитанушы А. Д. Жахиддің еңбектерінде мемлекеттің теориясы Фарабидің
толығымен ашылған .
Атақты шығыстанушы – зерттеушілер И. Гольлцмер , М. Штайншипайдер ,
Дж. Сартон , Карра де Во , Н. Штайнер , Ф. Диетерицин , А. Мец , А. Массэ ,
А. О. Лери , Дж . Хоурони және де басқа ғылымдар Араб халифатының идеялық
өмірі туралы , ондаған ой еркіндігі мен гуманизм туралы өз еңбектерінде
көп жазған .
Кейінгі жылдарда , аз уақыт ішінде елімізде Фарабидің өмірімен
өнерін халыққа таныстыру , насихаттау жөнінде едәуір істер істеліп жатыр
. Сөйтіп , бүкіл Батыспен , шығысқа мәшһур , ғалымдар атасы Әбунасыр Фараби
араға мың жылды салып барып , өзінің туған отаны – Қазақстанға қайта
оралды . Мұның өзі осы заманда білім биігіне көтерілген қазақ халқының
мәдени өсуінің , санасы артуының , өзін - өзі танудың бір жарқын белгісі
іспетті .
Қазақстанда Фараби еңбектерін ең алғаш рет жинау , зерттеу ,
таныстыру жұмысын өз тарапынан мойнына алып , көп пайдалы іс атқарған адам
– Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының коореспондент – мүшесі ,
профессор Ақжан Жақсыбекұлы Машанов . Оның Фараби өмірі тарихи орны туралы
мақалалары газет , журналдарда жарияланды , жинақтарда шықты . Фарабидің
ғылыми мұралары жөнінде ол әлденеше рет республика , бұрыңғы одақтық
көлемде , халықаралық конгрестерде баяндама жасады . Фараби еңбегін алғаш
рет қазақ тіліне аударғаны да мәлім. Фарабидің жер жүзі елдерінің
кітапханаларында шашырап жатқан еңбектерін іздестіріп тауып , бірталайының
көшірмесін алдырғанда профессор А. Машанов , ал 1968 жылы араб елдеріне
саяхат жасап , араб ғалымдарымен кездесіп , Фарабидің Шам Дамаск
шаһарындағы зиратын іздеп тауып , суретін түсіріп әкелді .
Фарабитану мәселесі бізде жаңадан қолға алынып отырған мәселелердің
ең ауыры және құрметтісі . Ауыр дейтініміз , Фараби еңбектері әлі
толығымен зерттеліп , қазақ тіліне аударылып болмаған . Құрметті дейтініміз
, Әбунасыр Әл – Фараби қазақ жерінен шыққан , аты әлемге тараған ,
шығыстың Аристотелі . Оның еңбектерін толығымен зерттеп , өз ана
тілімізге аударып , халыққа таныту , ғылымда пайдалану құрметті жұмыс .
Сондықтан Фараби жайлы алдағы уақытта да тың зерттеулер жүргізіліп , бұл
саладағы ғылым жүйесіне көп жаңалықтар қосылады деп сенеміз .

І – тарау
Әл – Фарабидің көзқарастарының қалыптасуының әлеуметтік және идеялық
алғышарттары .

Орта Азияның Араб халифатының құрамына кіруі оның әлеуметтік –
экономикалық және мәдени өмірінде үлкен өзгерістер жасады . Орта Азия
әсіресе таяу және Қиыр шығыс мемлекеттерінің арасындағы сауда – саттық
қатынаста үлкен роль атқарды .
ІХ – ХІІ ғ.ғ. Отырар қаласы өзінің гүлдену дәуірінің шыңына жеткен
қала болды . Отырар Саманидтер мемлекеті мен түркі тілдес тайпалардың
шекарасында орналасқан еді . Өндіріс пен мәдениеттің өркендеуі бұл ауданда
қала мен дала арасындағы сауданың дамуына жағдай жасады , бұл қала мен оның
шаруашылықтарының оданда күшті дамуына көмегін тигізді . Халифат әр түрлі
бөлек феодальдық мемлекеттерге ыдырай бастады . Бұл мемлекеттер Орта
Азия , Иран , Сотүстік Африка , Испания жерлерінде құрылды . Мәдениеттің
даму процестері осы жаңадан құрылған мемлекеттерде тағы да жүздеген жылдар
бойы дами түсті .
VII ғ. екінші жартысы мен ІХ ғ. бірінші жартысында азаматтық , рухани
білімдер ғылымдар қарқынды дамыды. ІХ ғ. өзінде табиғи білімнің
ғылымның дамуы күшейді . Үнді , Сирия , Грек тілдерінен медицина ,
астрономия , логика , психология және басқа да ғылымдар туралы еңбектер
көптеп аударыла бастады . Бұған халифтердің өздері көп жағдай жасады :
Мажур 754 – 776 , Харон ар – Рашид 786 – 809 , Мамун 813 – 833

Осы аудармашылық жұмыстың арқасында ежелгі грек авторларының
көптеген еңбектері белгілі болды . Платон заңдары , Гиней ,
Аристотельдің Саясат , Категория , Этика Гипократтың
Острые болзни , Гоменнің Ренесло Пталомейдің Великое
построения , Архимедтің Соприкасающиеся окружности .
Халиф Машунның билік ету тұсында Ақылдылар үйі Байт ал – Хикма
өзінің гүлдену кезеңінде еді . Бұл ұй негізінен Харон ар – Рашид халифтың
тұсында құрылған үлкен кітапхана қоры бар , астрономиялық
обсерваториясы бар өзіндік ғылыми академия еді .
Әл – Фарабидің өмірі мен философиялық , ағартушылық қызметі
шаруалардың феодалдарға қарсы қозғалыстарымен бірге суреттейді . Жаулап
алынған территориялар халық қозғалысшыларының орталығы болды . Закавказье ,
Иран , Орта Азия және Оңтүстік Қазақстанда наразылық патриоттық сезімнің
күшеюімен қатар жүрді . Қарсылықтың ең үлкені және ұзақ жүргені қармат
қозғалысы барматтар сесбасының құрамына кіргендер еді . Қарматтар
өздерінің діни – философиялық көзқарасында ақыл мен білімге көп жүгінді ,
сондықтан , оқымысты , мәдениетті адамдардың қолдауына ие болған .
Феодализмге қарсы халық қозғалычстары , мұсылман діни басшыларының
алдыңғы қатарлы ойшылдарға қатынасы мен көзқарасы мәдениеттің дамуын
тоқтата алмайды . Керіссінше ІХ – Х ғ.ғ. философиялық және табиғи ғылымға
деген қызығушылық арта түсті , исламмен қайшылық күшейді . Міне , осы
жағдайлар негізінен ал – Фарабидің идеялық көзқарасын қалыптастырды .
Әртүрлі оппозициялық секталарға қарсы күрестің қажеттілігімен және
исламдық білімнің негізін қорғау мақсатымен мұсылмандық занатикалылық
ілім калам құрылды .
Калам улум ал – ислам құрамына кірді , бұл дегеніміз ислам
туралы ғылымның жалпы уақыты келе мұсылман идеологиялық құрыллысының
ажырамас бір бөлімі болды.
Ортағасырлық араб тілді ғылыммен философияның дамуына халифат
халқының әртүрлі өкілдері белсене қатысты . Өз заманының атақты
оқымыстысының бірі , ортағасырлық математика ілімінің негізін салушы
Мұхаммед Ибн – Мұса аль – Хорезми 783 – 850 ж. болды , оның есімімен
алгоритм және алгебра терминдері және Астрономиялық ережелер ,
Тригонометриялық ережелер атты еңбектер байланысты .
Хорезмидің жақын қызметкері ІХғ. – көрнекті астрономы Мұхаммед ал –
Ферғани болды , ол да Орта Азияның азаматы еді . Оның Астрономия кілттері
атты еңбегі астрономия ілімінің дамуында үлкен роль атқарды .
Философиялық ойлардың дамуындағы негізгі кезең болып көрнекті философ
, жаңа бағыттың бастаушысы шығыстық аристотемизмдегі - Абу – Юсуф ибн
исках аль Кинди 800 – 819 болды . Мұсылман авторларының мәліметтері
бойынша ол білімнің әртүрлі саласына арналған 150 – дей еңбек жазған .
Кинди философияның мәселелеріне байланысты көптеген трактаттар қалдырған
. Кинди гректің философиялық ойларына үлкен құрметпен қарады , әсіресе ол
Аристотельдің философиясын насихаттауға , түсіндіруге , оқытуға ерекше
ықылас қойды . Оның негізгі ізбасары Абу – Насыр әл – Фараби болды .
Аристотельдің атағы ортағасырлық шығыста өте күшті болды , оған
жалған шығармалар таңылып отырды . Аристотель Еңбектерінен және білімнің
идеялық ойын түсінбей , оқымай ғылыммен айналысу мүмкін еді.
Міне осылайша , шығыстың Аристотель ілімін дамытушы , белгілі
шығыс философы Әл – Фараби шығыс Аристотелі аранды .
Фараби өте бай творчестволық мұра қалдырды . Кейбір оқымыстылардың
мәліметтеріне қарағанда Фараби еңбектерінің саны 80 мен 130 аралығында
болып есептеледі : Фараби шығармаларын негізінен екі топқа бөлуге болады .

І . Ежелгі грек философтарының мұраларын таратуға , оқытуға арналған
еңбектері ,трактаттары .
ІІ . Ортағасырлық ғылым мен философия мәселелері туралы дербес
трактаттары .
Фараби Аристотельдің барлық логикалық трактаттарына түсіндірме шолу
жасады Бірінші аналитика , Екінші аналитика , Категория ,
Этикасына , Риторика .
Абунасыр әл – Фараби шығармаларын мазмұны бойынша төмендегідей
трактаттарға бөлуге болады.
І . Жалпы философиялық мәселелерге арналған трактаттар , яғни , тұрмыстың
негізгі заңдары мен категорияларына арналған талдаулар . Оған :
Субстанция туралы сөз , Сұрақтың мәні , Заңдар туралы кітап
атты шығармалары жатады .
ІІ . Адамның танымдық қасиеттері қызметінің философиялық аспектісіне
тракататтары , танымның әдіс , форма , сатылары туралы . Оған Ақыл –
ойдың мәні туралы , Жастардың ақыл – ойы туралы кітап , Логика
туралы қысқартылған үлкен кітапс , Логика туралы қысқартылған кіші
кітап , Пәннің мәні туралы трактат атты шығармалары кіреді .
ІІІ . Философияның және әртүрлі нақты ғалымдардың тематикасы , мазмұны
және пәні туралы трактаттар оған :
Философияның мәні туралы кітап , Ғалымдар классифификациясын анықтау
туралы кітап . Философияны оқып үйренгенге дейінгі нені білу керек
жөніндегі кітап атты шығармалары жатады .
ІV . Математика ғылымы бойынша еңбектер , яғни материяның сандық және
кеңістіктік қатынастарын оқып , үйренуге арналған трактаттар . Олар :
Көлемі мен саны туралы кітап , Кеңістік геометриясына кіріспе
кітабы , музыка жайлы үлкен кітап .
V . Адам организмі мен жануарлардың неорганикалық табиғатының құрылымы ,
материяның құрылымы мен түрлері жайындағы трактаттар :
Вакуум туралы , Физиканың негізгі туралы , Жануарлар органы
туралы , Адам органы туралы .
VІ . Лингвистика , Этика , Риторика , Каллиграфия туралы шығармалары :
Хат өнері жайлы кітап , Өлең мен риторика жайлы кітап ,
Калиграфия жайлы кітап .
VІІ . Қоғамдық – саяси өмірге , әлеуметтік құрылыстың ерекшеліктеріне ,
мемлекеттік басқару мәселелеріне , адамгершілік және оның категориялары ,
тәрбие мәселесіне , саясат , этика , педагогика , юриспруденция басқа да
қоғамдық ғылымдарға арналған трактаттар . Азаматтық саясат , Бақытқа
жету туралы трактат , Соғыс пен бейбіт өмір туралы кітап , Қоғамды
оқып үйрену туралы кітап , Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары
туралы трактат .
Кейбір мәселелерді түсінуге Фараби өз дәуірінен асып түсті , әйтсе де
ол ортағасырлық фанатизмнен , феодалдық деспотизмнің ықпалынан арыла алмады
. Бірақ , оның бұл кемшіліктері қателік емес , қайта оның ойшыл екендігін
көрсетіп , әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі . В.И. Ленин атап
көрсеткендей : Оның тарихи сіңірген еңбегі сонда , өзінің алдындағы
ізашарлармен салыстырғанда жаңа құнды міндеттер берді .
Өктемдікті айыптаудағы Фарабидің сіңірген тани отырып , тарихи
жағдайларға байланысты шектеулігін көреміз . Ол қоғамдық құрылыстағы
адамгершілік қасиеттерді айыптады , бірақ оның неден туындайтындығын
, түпкі себебін түсінбеді . Жоғары адамгершілік идея үшін күресуде ол бұл
үшін ең бірінші әлеметтік – экономикалық база құру қажеттігін түсінбеді
.
Сонымен бірге Фараби жеке әлеуметтік топтардың арасындағы күрес
туралы , байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық туралы , адамды
адамның қанауы мен әлеуметтік әділетсіздік туралы айтқаны мен , ол
мемлекеттік құрылыспен қоғамдық саяси өмірдің дамуының себептерін
түсінуден аулақ тұрды . Оның адамдардың адамгершілік және қоғамдық өмірі
жайлы пікірімен адам қоғамының дамуы туралы пікірі көп жағдайларды
абстрактылы түрде шектеулі болды . Фараби идеялық қаланың утопиялық
сипатын жақын арада болады деп есептеді .
Бірақ Фарабидің әлеуметтік - этикалық қоғамдық философиялық
көзқарас жүйесінде жаңа бағытқа жол ашты .
Фараби қоғам мен мемлекет туралы діни – теологиялық ілімнен бас
тартты , қоғам мен мемлекеттің ішкі заңдылықтарына сәйкес пайда болуы
туралы теорияны ұсынды .
Фараби қоғамның дамуын бағыттайтын басты күш адамның ақыл – ой мен
көрегендігі деп түсіндірді .Құдайдың қоғамдық өмірге кедергі жасауын ол
адамның белсенділігімен , білімге , бақытқа ұмтылуымен алмастырды .
Ойшылдың теориясында құдайдың еркі орнына адамның еркі , ол дүниедегі
бақыттың орнына бұл өмірдегі шын бақытты ұсынды . Орта Азия , Индия , Иран
және басқа шығыс халықтарының философия - әлеуметтік ойларының
жетістіктерін жалпылай отырып ежелгі грециялық философиялық қоғам туралы
ілімнің барлық мәселелерін қамтитын бірыңғай жүйесін жасады .
Фараби ұлы гуманист болды . Ол соғыссыз қайырымдылықсыз , қанаусыз ,
жалпыға бірдей бақытты болашақты армандады . Әділеттіліктің , теңдіктің ,
достықтың өзара көмектің , өзара құрметтіліктің , жоғары мәдениетті
қоғамның жерде орнауын армандады .
Адамды жетіле түсуге , бақытқа , молшылыққа жетелеуді көздеген Фараби
әділеттілікті халықтар достығын насихаттауды , мәдениетті , ғылымды жасауда
барлық адам бірдей екенін уағыздаған гуманистік идеяларды оның өз
заманындағы шығыс елдерінің әрі дүние жүзі халықтарының көкейкесті
проблемаларымен үндесіп жатады . Сондықтан оның энциклопедиялық мол мұрасы
біздің қазіргі 20 ғасырдың аяғындағы әлеуметтік өмір мен мәдениеттің ішіне
ұласып кетеді . Фарабидің : Бақытқа жету жолында барлық халық бір –
біріне көмектесетін болса , жер беті түгелімен берекеге толады - деген
сөзі тап бүгінде өте актуалды .
Ол адамның іс - әрекетінде интелекттің зиялылықтың ролі аса зор
деп бағалады . Олардың ақыл – ойы халықтар арасыдағы ұрыс – жанжалдардың
пайдасыздығын ұғуға жетеді . Сондықтан олар ең жоғарғы игілікке жету
жолында , демек бақытқа жету жолында бір – бірімен келісімге келуі
керек , өйткені ненің жаман , ненің жақсы екенін тек қана адамның ақыл
– ойы шешеді дейді . Гуманизмді , халықтар достығын насихаттап , адамның
өзін , оның ақыл – ойын , қабілет пен жігерін өте жоғары қояды , адамның
шынайы бақытын тілейді , оларды тынымсыз іздену , оқу – үйрену арқылы өзін
- өзі жетілдіруге шақырады . Тек адамның мінез – құлқына байланысты ғана
одан жаман немесе жақсы қылық шығады , - дейді .
Өзінің көптеген шығармаларында Фараби білімдердің типологиясы туралы
мәселеге белгілі бір жәйттерді талдау үстінде ішінара қана тоқталады .
Өйткені бір мәселе жөніндегі ол Ғылымды классификациялау және анықтау
туралы кітап туралы кітап сөз , Китофи ихсо әл улум ва ат – таприб
яғни қысқаша ЧХСО әл – улум деп аталатын арнаулы еңбек берді . Еңбек
5 үлкен бөлімнен тұрады . Онда Фараби орта ғасырдағы білімнің
классификациясын беріп қана қоймайды , сонымен бірге барлық ғылым саласын
сипаттап соларды жан – жақты талдап берді . Мамандардың пікірінше бір
трактат аса үздік еңбек , оның құндылығы ғылымдарға жасаған талдаулы
өзінен бұрыңғылардан мүлде өзгешелігінде және оған мүлде жаңа тұрғыдан
қарайтындығына ғана емес , ғылыми пролблемаларды қамту дәрежесі мен оларды
талдаудағы тереңдігі жағынан Чхсо - әл – улум сол замандағы теңдесі
жоқ жеке – дара озық тұрған бірден - бір терең мағыналы түсіндірілген әлгі
ғылымдардың мазмұнымен біте қайнап астасып жатқан еңбек . Сондықтан
ғылымның бұл еңбегін орта ғасырдың бейне бір энциклопедиясы іспеттес .
Кіріспе бөлімінде Фараби бұл трактаттың мақсаты ғылымдарды
тетелестіре тізіп атап шығу ғана емес , солардың мен тарауларының
мазмұнына терең жеке- жеке талдау салыстырып , олардың қайсысы дәлелді ,
қайсысы пайдалы екенін ажыратуға мүмкіндік алатын болсын дегенді
көздейді . Ғылымды білмей тұрып , өзін ғалым етіп көрсеткісі келетін ,
білгішситін дүмшелерді әшкерелейді . Ондайлардың ғылымға деген көзқарасы
терең білімге зерек ақыл – ойына сүйенбей , надандығын , көрсоқырлығына
ғана сүйенеді . Осы кітаптың көмегімен жұрт ғылымдарды өзара
салысытырып , олардың қайсысы құнды , қайсысы пайдалы , жетілгені ,
сенімдісі , күштісі қайсы , әлсіздеуі , мәні кемдеуі қайсы дегенді біле
алады дейді .
Фараби ғылымдарды былай классификациялайды :
1 – бөлім . Тіл туралы ғылым . Ихсо - әл – улум осыдан басталады . Оның 7
үлкен тарауы , бөлігі бар .
2 – бөлім . Логика . Фараби логиканы ойлаудың заңдары мен ережелерін
зерттейтін теориялық пәндердің бірі деп есептейді . Оның ғылымның бір
саласы деп сипаттап нағыз өнер деп түсінеді . Ол логиканың барлық бөлімдері
мен бөлшектеріне талдау жасайды , логикалық ойды жеткізудің әр алуан
жолдарын қарастырады , пәннің толық сипатын береді , логиканың міндеті мен
құрылымын көрсетеді .
3 – бөлім . Математика заттың сандық , кеңістік қатынастарын зерттейтін
математиканы өз алдына дербес 7 үлкен бөлімге бөледі . І . Арифметика; 2 .
Геометрия ; 3 . Оптика ; 4 . Жұлдыздар туралы ғылым ; 5 . Музыка туралы ; 6
. Салмақ туралы ғылым ; 7 . Механика .
4 – бөлім .Табиғи және құдайы ғылымдар .
І . Фарабидің түсінігінше , табиғи ғылым , яғни физика – табиғат туралы ,
оның негізгі принциптері мен бөліктері туралы ғылым . Бұл ғылымның өзі 8
бөлімнен тұрады .
2 . Құдайы ғылым немесе метафизика . Оны құдайы ғылым әл – иллаһи деп
қарағанымен , Фараби оны табиғаттан жоғары тұрған құбылысты , демек
физиканың міндетінен тыс нәрсені зерттейді деп қарады .
Жаратылыс тану ғылымдарының ішінде Фараби зманында медицина ғылымы
жақсы дамыды .Антика заманы мен орта ғасырларда философия мен медицина
жөніндегі білім бір - бірімен тығыз байланысты болатын . Көпеген
философтар дәрігерлікті , дәрігер философияны қатар зерттейтін . Фараби
творчестволық мұрасында медицина саласынан да еңбектер бар . Олар
ғылымның бұл саланың теориялық негіздерін , оның тарихын өте жітік
білетінін байқатады . Оның медициналық - философиялық идеялары тек соңғы
кезде ғана совет ғылымдарының зерттеу обьектісіне айналады . Оның
медицина проблемаларына арналған Адам денесінің органдары , Адам
денесінің органдары жайында Аристотельмен келіспеуіне байланысты
Галенге қарсылық атты трактаттарының орыс тіліне аударылып басылып
шыққаннан бері зерттеле бастады . Өзбекстан Республикасының Шығыс тану
институтында сақтаулы жатқан қолжазбалардың ішінде Фарабидің Жануарлардың
органдары денесі , олардың функциясы мен потенциясы атты еңбегі бар
екені айтылады .
Медицина пәнін , міндет пен мақсатын түсінуде Фараби материалистік
позицияда тұрады . Бұл тұрғыдан алғанда ол орта ғасырдағы ұлы ғалым ,
медик , көп томдық медицина капондары атты еңбектің авторы Әбу Әли ибн
Синаның тікелей алдында тұрған жол ашары болды . Мамандардың пікірінше ,
Ибн Сина медицинаның теориясын жасауда Фарабидің жолын ұстап , оның
негізгі идеяларын қабылдаған .
5 – бөлім . Азаматтық ғылым мен оның бөлімдері , яғни мемлекет – қала
туралы ғылым – илм мадапия демек қаланы басқару туралы ғылым ,
юриспруденция және догматикалық құдайшылық мұнда мемлекетті басқару
проблемасы этика мен тәрбие мәселесі қаралады .
Білімнің мазмұн – мағынасын анықтау және оған талдау жасау жөніндегі
Фараби ілімі орта ғасырдағы ғылыми ой – пікірдің ең маңызды
жетістіктерінің бірі болды . Сөйтіп , ол білім салаларының дамуында және
оларды жүйелеуде елеулі роль атқарды . Фарабидің ғылымдарды жүйелеу
жөніндегі теориялық – тарихи мәні материалдық заттардың адамның
санасынан тыс , өз бетімен дербес өмір сүретін және белгілі бір қасиетке
ие болып тұрған құбылыс деп мойындауында , демек мұның бәрі материалистік
көзқарасқа негізделген . Ғалымның зерттеулерінде ғылымның әр түрлі саласы
бірінен – бірі алшақтатылмайды , қайта өзара байланыста талданады . Әрбір
ғылым , материалдық заттың белгілі бір жағын , сапасын зерттей отырып ,
ақырында бәрі жиналып бүкіл болмысты бейнелеп береді .
Ғылымдарды талдау жөніндегі Фарабидің еңбегі Ихо әл – улум ХІ
– ХІІ ғасырларда көне грек , латын тілдерінде аударылды , сөйтіп Батыс
Европа ғалымдары арасында жоғары бағаланды . Батыстың кейінгі зерттеушілері
оның бұл трактатын орта ғасырдағы ғылымның энциклопедиясы деп атады .
Фарабидің ғылымды талдау теориясы сан ғасырлар бойы ғылымның дамуына игі
әсерін тигізді , ғылыми мәнін сақтап келеді .
ІІ – тарау . Әл – Фарабидің қоғамдық – саяси көзқарастары.

Фарабидің философиялық еңбектерінде ең негізгі орындардың бірін
қоғамдық өмір туралы ілімі алады. Қоғамның шиеленістеріне Фараби арнайы
еңбектер жазды .
Фараби қоғамдық өмірдің шиеленісін зерттеуде көптеген сұрақтарды
көтереді . Олардың негізгілері мыналар :
1 Қоғамдық өмір туралы ғылымның мақсатын анықтау .
2 Қоғамның шығу тегі , құрамы , құрылысы және қоғамдық ұйымдардың
түрлері және Фараби көзқарасы бойынша бұл сұрақтарда сынаудың дұрыс еместік
теориясы .
3 Қала – мемлекет , қалалық мемлекеттік , ұйымдардың өмірі мен
өзгешелігі , мемлекет және оны басқарудың түрлері .
4 Қоғамдағы адамның орны мен міндеттері , оның қоғамдық қызметі , тәрбие
және адамгершілік сұрақтары .
5 Мемлекеттік ұжымның түпкі мақсаты , бақытқа жету әдісі және жолдары .
Фараби өзінің қоғамдық - саяси трактаттарында Аристотель мен
Платонның саяси және этикалық идеяларын кең түрде қолданғанын атап көрсету
керек .
Фарабидің ғылымдық мақсаты қоғамдық өмір ғылымның мақсаты мен пәнін
анықтаумен аяқталады . Қоғамдық өмір мәселелерін қарайтын ғылымға ол
мыналарды жатқызады : илм аль – мадапия қалалық немесе мемлекеттік
ұйымдар туралы ғылым фикх юриспруденцияны және калам құдайға
сыйыну :
Фараби өзінің негізгі уақытын азаматтық ғылымға илм аль – мадапия
арнады . Қоғамдық өмір мен мемлекет проблемасына ол өзінің Азаматтық
саясат , Бақытқа жету туралы , Қайырымды қала тұрғындарының
көзқарастары туралы трактат , Мемлекеттік қайраткерлердің афоризмі
және т.б. еңбектерін арнады .
Фараби қоғамдық өмірдегі ғылымның пәні және мақсатын былайша
анықтайды : илм – аль мадапия – азаматтық ғылымды зерттейді .
А) өмірдің әдістері мен сана қимылының түрлерін дәстүр ,
адамгершілік , әдетімен табиғи бейімділігі .
Б) мақсаты
В) адамдарда көрініс беру .
Г) адам үшін олардың сақталу және басқару әдістері .
Саяси ғылым өмірдің әдісімен қимылдарына ажырата отырып , осы өмірдің
әдісімен қимылы арқылы нағыз бақытқа жететіндігін көрсетті : қайырымдылық ,
ақылдылық , бұған қарама – қарсы зұлымдық .
Азаматтық ғылымның міндеттеріне нағыз бақытқа жеткізетіндігін
қайырымдылық қимылдары мен адамгершілік қимылдар жатады . Саяси ұйым
басшының міндеті осындай адамгершілік қимылмен оның сақталуын қамтамасыз
ету болып табылады . Бұл міндеттің орындалуы басшыдан мемлекетті басқару
талап етеді , сонымен бірге басқару өнерінің білімділігін талап етеді .
Басқарудың екі типі болады .
І . Нағыз бақытқа жеткізетін моральдық белгілер мен өмірдің әдістерімен
орнатуға бағытталған ; мұндай басқарудағы мемлекет қайырымды мемлекет
және мұндай басқарудағы қала да , оның халқы да қайырымды болады .
ІІ . Басқару бойынша білімі жағынан кенжелеу мемлекет болады ; бұл
мемлекеттің қала тұрғындары да мәдениетсіз , білімсіз болады .
Фараби қоғам мен индивид гармониясының идеясын дамыта отырып ,
мынадай қортынды жасады : мемлекетке адам пайда келтіргенде ғана күшті ,
дамыған мемлекет болады . Үлгілі мемлекет қандай болу керек ? Ондай
мемлекет жетілдірілген , дамыған иерархиялық құрылыстағы мемлекет болу
керек . Мұндай мемлекетте Әрбір адам бір өнермен шұғылдануы керек ,
немесе сол өнердің болашақ басшысы сол өнерді игеруі керек : Фараби Платон
сияқты өзінің идеалдық мемлкетінде адамдарды сословиесіне байланысты
кәсіптік белгісіне қарай бөлді . Жоғары сословиені бақытты адамдар
құрады , яғни философтар – дейді Фараби басқа адамға бақытқа жететін
жолды көрсете алады . Яғни қаланың басшысы ретінде қоғамға керек . Мемлекет
бақытқа кенелетін екінші сословиелер дін қызметкерлері , шешендер , ақын –
музыканттар , хат шеберлері , өлшегіштер . Үшінші сословиені Фараби
өлшегіштер деп атады . Оларға : математиктер , геометриктер , дәрігер ,
астрономдар жатты . Төртінші әскери адамдар , бесінші қаланы байлыққа
кеңелтетін байлар деп атап көрсетті .
Бұндай идеялық мемлекетте адамның қоғамдық жағдайы байлығына
байланысты емес , оның біліміне байлаысты болады . Осы пікір арқылы Фараби
ақша ауқатты қаланың басты шарты дегендерді айыптады .
Платонның идеялық мемлекетінде азаматтардың қызметтері бөлінді :
философтар мемлекетті басқарса әскерлер оны қорғадығ, жер өндеушілер қол
өнершілер тұтыну өнімдерін шығарады . Бірақ Платонның міндеттері мен
праволарды иерархиялық бөлуі мемлекетте касталық бөлісті жандырады . Ол
Фараби сияқты адам туылғаннан бақытты деген идеяны жақтады . Платон бойынша
философтардың білімі философтардың сословиесі үшін керек , қолөнершілердің
білімі қолөнешілер сословиесі үшін керек деді . Сондықтан бұл Платондық
иерархияда бір сословиеден екінші сословиеге өтетін мүмкіндікте ,
қозғалыста жоқ , ал мемлекеттің игілігі үшін ешқашан бұзылмақ емес . Бұған
қарама – қарсы Фараби білімі тәрбиеге байланысты , сыртқы жағдайға
байланысты беріледі деді .
Әр адам өзінің табиғаты , - деп жазды Фараби , - өзінің өмір
сүруі және жетістіктерге жетуі үшін көптеген қажеттіктерді зәру етеді ,
оған өзінің күші , жағдайы жетпейді , ал өзінің мұқтаждығын өтеу үшін
жұрттардың бірлестігінің , қоғамдастығының әрқайсысының әр түрлі
көмектерін қажет етеді , бірлестіктің барлық мүшесінің қызметі әркімге
өзінің өмір сүруі және жетістіктерге жетуі үшін барлық жағдайды жасайды .

Осындай негізде Фараби адам қоғамы пайда болуының табиғи теориясын
ұсынды . Тек басқа адамдармен қарым – қатынаста ғана , әлеуметтік топта
ғана адам өмір сүруі мүмкін . Адамдардың бірігуінің себебі олардың
материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мұқтаждығы
болып табылады .
Фараби адам қоғамының пайда болуында еңбектің маңызы мен ролін
түсінбеді . Ол қоғамның пайда болуында материалдық қажеттілікті бірінші
орынға қоя отырып , биологиялық көзқарасты жоққа шығарып қоғамның мәнін
ашуда алға қарай елеулі қадам жасады .
Фараби қоғамды ұлы , ортақ , кіші қоғам деп үшке бөлді . Ұлы қоғамда
жерде тұратын барлық адам біріккен ; Орта қоғамда жеке халықтар біріккен ;
ал кіші қоғам тек қана халқын ғана құрайды . Қала осы қоғамның алғашқы
сатысы болып табылады . Халық қалалық бірігуге қарай бөлінеді . Ал адамзат
қоғамы халықтарға қарай бөлінеді . Халықтар бір – бірінен үш белгісі арқылы
ажыратылады : табиғи әдеттерімен дәстүрі бойынша мінезі , тілі бойынша .

Бір халық екінші халықтан үш белгісі бойынша : табиғи әдеттері ,
табиғи мінезі , үшінші ойды білдіретін құралы тілі арқылы ажыратылады .
Мемлекет туралы ілімінде Фараби мемлекеттің ішкі және сыртқы
міндеттерін анықтап көрсетеді . Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала
тұрғындарын қорғау немесе елді сыртқы жаулардан қорғау , яғни қорғаныс
ұйымдастыруды аттайды . Соғысты Фараби әділетті , әділетсіз деп бөлді .
Әділетті соғыс игілікті мақсаттарға жету үшін жүргізіледі және де онда
қылмысты айыптау болады . Ал әділетсіз соғыстар қайырымды қала
тұрғындарының мүддесіне бағытталады , яғни ол жеке басшылардың мүддесінен
туындайды .
Мемлекеттің ішкі міндеті бұл тұрғындардың бақытқа жеткі жолын
қараастырады : әділеттілік орнату , халыққа білім беру , тұрмыс туралы
ілімге оқыту оларды адамгершілікке тәрбиелеу , бақытқа жеткізетін әдеттерді
тарату болып табылады . Экономикалық мәселемен шектелетін мемлекет
Фарабидің есептеуінше мәдениетсіз мемлекет .
Фараби дін бақытқа жетудің құралы деп түсінді. Әр түрлі қайырымды
қалалар мен халықта әр түрлі дін болуы мүмкін , бұлардың бәрі дінге сеніп
мақсатына жетуге ұмтылады .
Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен
демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама –
қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті қала дейді . Бұл қаланың
тұрғындары барлық іс – қимылды тең құқылы , бұл жерде бағыныштылар мен
билік етушілер жоқ . Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола
алады . Фараби бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды , бірақ
басшысыз , оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп
есептейді .
Фарабидің дәуірінде мемлекеттік басқарудың билік етуші түрі феодалдық
монархия болды. Онда бұқараны қатал қанау , елдердің арасында санысз
тонаушылық соғыстар болды. Сондықтанда Фарабидің басқарудың коллективік ,
топтың үлгісі туралы идеясы , демократиялық әділетті , ақылды басшы туралы
идеясы , ол заманда утопия - қиял еді .
Фарабидің ойы бойынша қоғамның жетілген алғашқы үлгісі болып
қала есептелді , ол одан төмен тұратын бірлестік мысалы ауыл
тұрғындарының қоғамы , толық емес қоғам болып есептелді . Село немесе
ауыл қаланы барлық қажетті азық – түлікпен қамтамасыз етеді . Фараби ауыл
, селоның ролін толық бағаламады . Мұның себебі оның уақытында көзге
түсерін өзгерістердің ең күштісіде , үлкеніде қалада болып жататын еді.
Фараби қоғамында қоғам өмірінде қаланың ролі сауданың , мәдениеттің
бастаған көзі еді .
Өзінің қайырымды және қайырымсыз қалалардың әр түрлі
мінездемелерімен классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген
әлеуметтік құрылымы қайта жасады . Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің
толық мінездемесін береді . Фараби адамның жануарлар әлемімен бөлініп
тұратыны ақыл ойы және тәнінің жетілдірілгендігімен , бірақта адам одан
әрі жетіле түсу үшін ол тіл және әр түрлі өнерге зәру - деді .
Фараби өз қоғамындағы дамып танылған өнердің әрқилы түрлеріне көңіл
бөледі . Олар жер шаруащылығы , малшылық , балық аулау , тігіншілік ,
бишілік өнері , дәрігерлік , шешендік , заңгерлік .
Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін
толық анықтап береді .
Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті
сыртқы жануардан қорғау , яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі .
Ішкі міндеті мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті
шараларды іске асыру керек : Әділеттілікті орнату , халықты оқыту ,
оларды керекті ғылыммен толықтыру оны адамгершілікке тәрбиелеу ,
қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін әдеттерді бойға
сіңіру . Қалған мәселелердің бәрі – экономикалық және саяси мәселелер –
негізгі міндетке бағынады , яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани
жетілуіне тәуелді . Экономика мен саясатты басты міндет етіп қойған
мемлекеттерді Фараби қайырымсыз , мәдениетсіз деп аталады .
Фарабидің дінге қатысында қызықтыратын мәселелердің бірі . Фарабидің
есебінше дін бақытқа жету үшін қызмет ету керек . Әрқилы қайырымды
қалалар мен халықтардың әр түрлі діні болуы мүмкін , олар бәріде бір
бақытқа сенеді және де бірі мақсатқа ұмтылады .
Фарабидің діни ілімдерге мұндай қатынасы , адамның бақытын діннің
алғышарттарымен міндеттерінен жоғары қоюы оның жалпы философиялық
концепцияларымен туындайды . Дін мен мемлекеттің барлық шараларын ,
қызметін және адам бірлестіктерін барлық адамдардың бақытқа жету жолына
бағындыруы Фарабидің орта ғасырдың ұлы гуманисі екендігін көрсетеді .

Әль – Фарабидің гуманистік көзқарастары .

Әбунасыр Әль – Фараби философиялық ойлаудың обьектісі ретінде адам
және адамзат қоғамы мәселесін қарастырады . Бұл мәселені Алла шешті деп ,
ал оның жауаптарын Құран кітабында жазылған деп есептеген , ортодоксальды
дін иелеріне қарама – қарсы Әл – Фараби философиялық көзқарастарды
жақтады . Әл – Фараби дәуірі кезінде философия алдында бүтін гармониялық
екі абсолюттік қарам – қарсы бағытқа бөлінбейтін құдайшыл адамзат
өмірінің тұрмысын құру мәселесі тұрды . Осы мәселені шешуді Әл – Фараби
бар ынтасымен рациональды білімнің бүкіл қоғамға және адамға қажетті екенін
дәлелдеуге тырысты .
Әл – Фарабидің адамгершілік қасиеттері ой – сана , бақыт және
адамгершілік туралы өз еңбектерін байқатуға болады . Фараби дәуірінде
экономика , мәдениет және ғылымның өсуі сол кездегі ойшылдардың адам
санасының күшіне сенімін нығайтуға әсер етті . Адамның талантын , білімін
, оның дарындылығын мойындау күшейді . Бір кедегі ертедегі грек
философиясы революцияшыл болды . Сол кезде антикалық орта өзінің тілінде
өз ойын айта алды . Мысалы : адамға берілген анықтамада былай деген :
Жануар екі аяқты және түксіз .
Фараби адамның тұрмысының мақсаты одан шығатын адамның ақылдылығынан
деп түсінді . Аристотель ізімен Әл – Фараби әрбір заттың табиғаты өзі
қолданылатын тұрмыста алатын орнымен бағаланды деді . Ол адамның ортада
өзін еркін ұстау керек екенін айтты . Фараби адамдарды дүние танымда ерекше
болды . Ол адамдарды ақылды жануар деді .
Фарабидің айтуынша адам өзінің жетілу жолында адамдықтың
баспалдағынан өтеді . Оның үш жолы бар :
1) Потенциалды ақыл – ой .
2) Игерілген ақыл - ой .
3) Күшті аыл – ой .
Бұл адам ақылын жетілдіру идеясы Фарабидің сологиялық теориясының
логикалық тұжырымы .
Фарабидің бақыт туралы ілім адамның өмірінің мүддесі деген
теориясы оның ақыл – ой туралы ілімінде жазылды . Фараби заманында бақыт
туралы оның табиғаты туралы , оған да орын алған ең маңызды мәселелердің
бірі .
Бақыт ақыл – оймен , қайырымдылықпен негізгі катеогориясы және оның
қоғамдық саяси сипаттағы азаматтық саясат , бақытқа жету жолын
көрсетілетін кітап , Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы
сияқты шығармаларының басты тақырыбы болды .
Адам үйлесімді өмір сүру үшін бақыт қажет - деді Фараби . Ол
Платонның соңын ала бақыт неден тұрады , оның табиғаты қандай ? деген сұрақ
бойынша жауап іздеді .
Бақыт сұлулықты ма , байлықты ма , атақ – абыройды ма деген сұраққа
жауап берді .
Фараби , Сократ , Аристотель , Платонның адамның екі өмірі болады
деген пікірімен келіспеді . Олар адмның бірінші өмірі жер бетіндегі өмірі
, екіншісі өлгеннен кейінгі өмірі . Адамның аллғашқы және соңғы қызметі
болады , соңғы қызметі бұл өмірде емес , ол дүниеге сәйкес келеді . Адам
бұл өмірде өзі қайырымды болмасада қайырымды істер жасайды . Фараби
бойынша адамның қайырымдылық санасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері
Абай, Ыбырай, Әл-Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлері
Қазақы дүниетанымның алғышарттары
Мұсылман әлемінің философиясы
Әл – Фарабидің қоғам туралы философиялық, әлеуметтік - саяси тұжырымдамалары
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Ислам мәдениеті
Мұсылман әлемінің философиясы. Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мүламмед ибн
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz