Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Зерттеудің көкейтестілігі . Білім беру проблемаларына байланысты мектептердің оқу жұмыстарын дұрыс жолға қою әр уақытта шешімін табуды керек ететін мәселе. Бүгінгі күннің талабы - білімді ұрпақ тәрбиелеу. Мектеп - әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі, ерекше мән беретін білім ордалары. Мектептерге көңіл бөлу, оларға жәрдем беру арқылы болашағымызды бәсекелестікке лайықты тәрбиелеп, білім беріп дамытамыз, «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деп ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы орынды айтқанын қазір қазақ зиялылары ғана емес, бізбен отандас өзге ұлт өкілдері, солардың озық ойлы, білімді азаматтары да толық мақұлдайды. Халқымыздың да ұлы мұраты жастарға халықаралық деңгейде білім беру, ол мұратқа жетудің алғашқы баспалдағы мектепте өркен жаяды.

Қазақстан Республикасының сапалы білім беру жүйесі еліміздің экономикасын тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептеледі. Сондықтан сапалы білім беру, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда мектеп педагогикалық ұжымы мен отбасының рөлі үлкен.

Нағыз ұстаздар өз мамандығына байланысты ғылыми-теориялық мәселелерді қойған талаптарға сай меңгеруі тиіс. Педагогикалық ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибені заман талабына сай меңгеру - шәкірттерге білім мен тәрбие берудің негізгі көзі. Қазіргі кезеңде ғылымның соңғы табыстарына сәйкес мектеп өмірінде жүзеге асырылатын ең басты мәселелер:

- Ұлттық мектеп, ұлттық мамандарды дайындау;

- Өмір талабына байланысты оқыту;

- Компьютерді меңгеру;

- Дүниежүзілік тәжірибені игеру. т. б.

Педагогикалық процесте озық тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі, ұстаздардың шығармашылық ісінің жемісі. КСРО - ға әйгілі, тәжірибелі ресейлік жаңашыл ұстаздар В. Ф. Шаталов, Ш. А. Амоношвили, И. П. Иванов, қазақстандық А. Ысқақов, Е. О. Очкур, А. Момынова, Р. Сейдахметова, т. б. көптеп атауға болады.

Мектеп басшысы тәрбие процесін ұйымдастырушы болса, сынып жетекшісі, пән оқытушылары - тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушы болып табылады. Сынып жетекшісі тәрбие процесін ұйымдастыруда өте маңызды да жауапты міндеттерді атқарады. Олар сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы, шәкірттердің, ата-аналардың ақылшысы, қамқоршысы.

Сынып жетекшісінің шәкірттердің ата-аналарымен қызметі де үлкен ізденісті талап ететін тақырып. Ата -аналарға шәкірттердің оқу жұмыстары, тәрбиесін мәлімдей отырып, ата-аналармен бірлесіп сол кемшіліктерді жоюға атсалысады.

“Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетеді. Мектеп оқушыларының осы тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының ролі үлкен, сондықтан, ата-ана - мектеп - оқушы ынтымағын арттыру, еңбектерін бірлікте басты мақсатқа жұмылдыру тақырыбы зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін айқындап, зерттеу тақырыбын «Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері» деп алуымызға себепші болды.

Зерттеу мақсаты : Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы педагогикалық ұжым мен отбасы ынтымақтастығы және бірлескен іс-әрекеттеріне талдау жасау.

Зерттеу міндеттері:

  • оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының қазіргі кезеңдегі ролін анықтау;
  • мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің мәнін айқындау
  • тәрбие жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыруда сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнына талдама жасау.

Зерттеу нысаны : Мектептегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы отбасының ролі.

Диплом жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері.

1. 1. Орта мектептерде оқушыларға тәрбие және білім беру мәселелері.

Қазіргі заманғы мектеп көпнұсқалы және өзін-өзі басқару тәсілімен жұмыс жасауда. Білім беру жүйесінде ізгілендіру процесі жүруде, мұнда оқушы тұлғасын алдыңғы қатарға шығару, оның талаптарын қанағаттандыру, жеке қабілеті мен дарынын, тұлғалық сапалық қасиеттерін дамыту үрдісі болып саналады.

Л. И. Рувинский, В. А. Кан-Калик және басқа педагог-ғалымдардың зерттеу мәліметтері бойынша шығармашылық тұрғыдан педагогикалық міндеттер үш топқа бөлінеді:

1. Стратегиялық (грек- қандай да болса мақсатқа жетудің басшылық өнері) міндеттерді шешу ұзақ уақытты талап етеді.

2. Тактикалық (грек- мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері) міндеттер жүйесі арқылы стратегиялық міндеттер анықталады.

3. Оперативтік ( латын- тез іс-қимыл арқылы шешу) міндеттер - бұл іс-әрекеттерді тікелей орындау, яғни тактикалық міндеттерден оперативтік міндеттерге көшіп, мәселелерді балалардың қатысуымен тез шешу. Педагогикалық міндеттерді орындау барысында негізгі мақсат-жас ұрпаққа тәрбие және білім беруді естен шығармау, соны орындау.

Оңтайланған педагогикалық жүйе мәнін көрсететін білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы ынтымақтасу педагогикасы идеясын жүзеге асырады. Бұл мектептегі басты қиындықтың бірі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында кездесетін қиыншылықты жояды. Оқыту үрдісі тек психологиялық жағынан ғана емес, сыныптағы дәстүрлі сабақ жүйесін айрықшалап ұйымдастырылуы да өзгеріске ұшырады. Оқыту үрдісін өзгертуде ғылыми көзқарастарға ерекше мән беріледі. Мектеп мұғалімдері пайдаланатын технологиялар негізіне ақыл-ойдың дамуын сатылы қалыптастыру, проблемалық оқыту, дамыта оқыту сияқты психологиялық - дидактикалық теориялар т. б. жатады.

Мектеп жағдайын ескеріп, ғалымдар оқу үрдісіне айырмаланған оқыту, бейімдеп оқыту, ойын технологиялары, белсенді ізденіс оқыту технологияларын шығарып, оқыту үрдісіне енгізуде мектеп жағдайында қалыптасқан әлеуметтік ортаның ерекшелігі, демографиялық, материалдық-техникалық, мәдени т. б. айғақтар ерекшелігіне бейімдеп оқыту жүйесін құру мәселесін қойды. Бейімделу ішкі - сыртқы орта жағдайына икемделу үрдісі болып табылады. Жеке адамның жаңа әлеуметтік орта жағдайына белсенді бейімделуін, топ пен оған кіретін жеке адам мақсаты мен құндылық бағдарының жақындасуын білдіреді.

Мектепте қалыптасқан озық дәстүрлердің тәрбиелік және білім беру мүмкіндігін пайдалану, оқушыны ауылдағы әлеуметтік - оқу ортасын өзгертуге қатысушы ретінде дамыту, оның жеке тұлғасының парасаттылығының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Білім беру бағдарламасын жасаудағы жасампаз бейімдеу қимылдары - кәсібиліктің маңызды көрсеткіші. Мұғалім жергілікті жер мен өндірістің ерекшелігіне қарай, өз оқушыларының жеке ерекшеліктері мен мүдделеріне сай бағдарламаны түзетіп, икемдеп отырады. Оқыту мазмұнын өзгерте отырып, түрлі пәндер бойынша практикалық жұмыстар енгізе отырып, нақты жергілікті материалды, балалардың икемділігін шеберлікпен ұйымдастыра отырып, ол оқушыларды өз танымдық тәжірибесін пысықтауға итермелейді.

Ал, жалпы алғанда мектептердегі балалардың өзара қарым-қатынастарының шектеулігі сабақ түрлерін байытуды, оқыту әдістерін түрлендіруді талап етеді.

Оқушы дамуына әсер ететін негізгі әдістер ішінара іздеу, оқу диалогы, проблемелық оқыту әдістері т. б. болып табылады.

Ішінара іздеу сабағында мұғалім баланың әр қадамын назарға алып, оның жас ерекшеліктерін ескеріп отырады. Ішінара іздеу эвристикалық әңгімеде жүзеге асады, мұғалім проблемалық сұрақ қояды, оқушы талқыланатын сұрақтарды ой елегінен енгізіп, жауап береді. Мектеп мұғалімдері оқу диалогын өз тәжірибелерінде сәтті қолданады.

Диалог - оқу материалының мазмұнына негізделеді. Бірақ мұндай диалог сөздерін жоспарлау сабақ басталмастан бұрын өтеді де, ол оқушының тапсырманы игеру дәрежесіне немесе дайындығына бағытталуы керек. Себебі, жоспарланған диалог мәтіні мұғалімге белгілі болғанымен, оқушыларға белгісіз болады. Диалог сабақтарда оқушылар мұғаліммен тең дәрежеде әңгімелесе алады. Сондықтан оқу мазмұны ол үшін маңызды, ол өзіне керекті сұрақты өзі қояды, іштей өзімен - өзі диалог құрады.

Проблемалық оқыту әдісі де маңызды. Сабақты түсіндіру проблема қоюға алмастырылады. Мұғалім басты проблеманы қояды, оны шешуде балалар алдына жеке проблемалар қою арқылы қарама - қарсы шешу жолдарын көрсетеді, көзқарас күресін тәжірибе көмегімен дәлелдемелер арқылы көрсетеді.

Мектепте сондай-ақ ойын әдістері амалдары мен түрлері (рөлдік ойындар, іскерлік ойындар), қалыпты емес сабақтар (саяхат сабақ, аукцион сабақ, театр сабақ) өткізіледі. Ойын кезінде бала қимыл субъектісі. Демек, ол ойын нәтижесін көздейді. Бастауыш сынып оқушылары рөлдік ойындар ойнағанды ұнатады. Костюм мен модельдері бар рөлдік ойындар оқу үрдісін белсенді ететін маңызды дидактикалық құрал болып табылады.

Сонымен қатар, “Ертегі” әдістемелік амалын мұғалімдер бастауыш сыныпта кеңінен қолданады. Яғни ертегіден үзінділер, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастарды пайдалану балалардың тілдік қорын молайтуға, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Ал, ойын үлгілерін жаңа білімді меңгерту, білімін пысықтау, білігі мен дағдысын бақылау үшін қолдануға болады. Бастауыш сынып балаларының қиялы мен ойлауы ұшқыр болады. Қиын тақырыптарды олар ойын арқылы да игереді. Оқу мақсаты мұндай сабақтарда сәтті жүзеге асады.

Сөйтіп, орта мектеп үшін өзекті мәселені шешудің бір нұсқасы - оқушыларды олардың жеке таным қабілетіне және мүмкіндігіне сәйкес оқыту, ал бұл - айырмалап оқыту технологиясы жүйесіне жатады. Бұл бағдарламалар оқушы қабілетіне қарай бейімделген.

Біз оқыту үрдісін мектеп оқушысын бейімдеп оқыту жүйесі деп қараймыз, ол оқушының жеке тәжірибе мен танымдық күшін қамтамасыз етуге арналған.

Жалпы орта мектепте бала тұлғасының қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік - экономикалық және мәдени - тұрмыстық ахуалы. Осыған байланысты орта мектеп мұғалімінің негізгі мақсаты - өмір сүру қажеттілігіне сенімділігі бар баланың жеке тұлғасын қалыптастыру. Оқушының туған жеріне адалдығын сақтап, қоршаған ортаға белсенді араласып, жалпы мәдени дамытып, білімге деген ынтасын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, болашақта үлкен ортаға бейімделуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметінің жүйесі бар. Ол жан-жақты оқу-тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерінен туындайтын, өзара байланысты оқу-тәрбие шараларының жиынтығы, сынып жетекшісінің оқушылармен жүргізетін барлық жұмысының бағыттарын (саяси-идеялық, адамгершілік, дене, эстетикалық, еңбек тәрбиесі, т. б. ) қамтиды.

Оқушыларды жан-жаақты тәрбиелеу үшін сынып жетекшісі оларды зерттеп білу қажет. Оларды зерттеп білу, сынып жетекшісінің өз қызметін ойдағыдай атқарудың басты шарты. Сынып жетекшісі балалар туралы мынандай мәліметтерді білуі қажет:

-оқушының денсаулығы;

-отбасындағы тұрмыс жағдайы;

-ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;

-мінез-құлқы, темпераменті, қабілеті, еркі, зейіні, т. б.

-ата-ана, үлкендермен, құрбыларымен қарым-қатынасы;

-әдептілігі, адамгершілігі;

-еңбекшілдігі;

-интеллектуалдығы;

-саяси сауаттыллығы;

Эстетикалық талғамы.

Осы айтылғанның бәрін сынып жетекшісі педагогикалық зерттеу әдісін қолдана отырып жинақтайды. (бақылау, әңгімелесу, эксперимент, т. б. )

Сынып жетекшісі тек шәкірттермен қызметтес болмай, сонымен бірге жалпы ұстаздармен де қызметтес болғаны дұрыс. Мұндай жағдайда бала туралы пікір алмасады, дұрыс мәлімет жинақтауға болады. Сынып жетекшісінің мақсаты- бала тәрбиесі мен білімін жетілдіру, іске асыру, ұйымдық қызмет атқару.

Сынып жетекшісінің шәкірттердің ата-аналарымен қызметі де үлкен ізденісті талап ететін тақырып. Сынып жеткшісі отбасымен жиі қарым-қатынас жасаушы тұлға. Ата-аналарға шәкірттердің оқу жұмыстары, тәрбиесін мәлімдей отырып, ата-аналармен бірлесіп сол кемшіліктерді жоюға атсалысады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлері көп; отбасына барып тұру, жағдайын білу, ата-аналармен сөйлесу, пікір алмасу, педагогикалық тұрғыда сауаттандыру, сұрақ-жауап кештерін өткізу, т. б.

Сонымен сынып жеткшісі- мектеп басшыларының қызмет жобаларын іске асыратын белгілі тұлға. Ол шәкірттермен, ұстаздармен, ата-аналармен, жұртшылықпен қызметтес бола тұрып, сол қызметті ұйымдастырады. Соны атқару барысында мына мәселелерді қарайды.

  • ұйымдық;
  • саяси-тәрбиелік;
  • талдау-қорытындылау;
  • үйлестірушілік, хабарлаушылық;
  • психологиялық;
  • дем беруші, тежеуші, реттеуші;
  • шығармашылық импровизация, т. б.

Сынып жетекшісінің қызметінің мазмұны сынып ұжымын ұйымдастыруымен байланысты. Осыған орай сынып ұжымын топтастырудың жолдары, оның үш кезеңі, мақсаты, қос ықпалы бар екенін еске түсірген жөн. Сынып жетекшісі шәкірттердің білім сапасын арттыруына көмектеседі. Оқу еңбегіне саналы жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді, күнделікті тәртіпке үйретеді, оқуда өзара жолдастық көмек ұйымдастырады, өз сыныбының ұстаздарымен тұрақты байланыс және ынтымақтастық жасауға шақырады.

Сынып жетекшісі өз жұмысын жоспар арқылы іске асырады. Оның өзіндік үлгі құрылымдары болады:

А) Сыныптың қысқаша сипаттамасы, шәкірттер жайында жалпы мәліметтер;

Б) Сынып ұжымының қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері;

В) Тәрбие міндеттері;

Г) Сыныпта дәріс беретін ұстаздармен қызмет;

Д) Ата-аналармен жұмыс, жұртшылықпен ынтымақтастық, сыныптан, мектептен тыс мекемелермен байланыс;

Жоспар әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ негізгі мәселелер жоғарыда көрсетілген құрылымдардың төңірегінде болуы тиіс. Сынып жетекшісінің жоспары әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ жоспарда сынып, ұлт, жас, дербес, т. б. ерекшеліктерді ескеріп, шәкірттердің өздерін соған жұмылдырып, істелген істің нәтижесін күнделікке жазып, қорытынды шығарып отырғаны дұрыс.

Мектеп басшылары тәрбие процесін жүргізуші, іске асырушылар болып табылады.

Олар шәәкірттермен, ұстаздармен, ата-аналармен, жұртшылықпен қызметтес бола тұрып, сол қызметті ұйымдастырады.

Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды, сонымен бірге шағын аудандарда, ата-аналардың жұмыс істейтін кейбір еңбек ұжымдарында жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, баланың дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы.

Мектеп іс-әрекетінің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (адамгершілік, ұлттық, отансүйгіштік, дене, еңбек, эстетикалық, т. б. ) байланыстылығын күшейту. Осының нәтижесінде олардың кешенді түрде мақсаттары және міндеттері жүзеге асады.

Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көптеп саналады. Мәселен:

  • ата-аналар және олардың белсенділермен жұмысы;
  • бастауыш сыннып мұғалімдерімен қатар сынып жетекшілерінің отбасымен жұмысы;
  • мектептен, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары,
  • еңбек ұжымдарымен және жұртшылықпен балалар тәрбиесіне байланысты жұмыстар: түрлі іс-шаралар, ата-аналарды педагогикалық тұрғыда сауаттандыру, т. б.

Осы жұмыстардың барлығына мектеп ұжымы басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті мамандармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.

Бала тәрбиесінде қоғамдық тәрбие институтарының алатын орны ерекше. Олардың ынтымақтасып істейтін жұмыстарының негізгі бағыттары:

  • педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті, үлкен кеңес мүшелері, кәсіпорын басшылары, шағын аудандағы жұртшылық бірігіп, тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны басшылыққа алады;
  • мектеп, кәсіпорындағы және шағын аудандағы жұртшылық тәрбие жұмысыны бірігіп зерттейді, нәтижесін арнайы мекткп, отбасы, жұртшылық талқысына салып шешім қабылдайды, іске асырады;
  • мектеп ата-аналарды және жұртшылық өкілдерін үнемі балалармен

жұмыс істеуге даярлау үшін, оларды психологиялық-педагогикалық біліммен қаруландыруды, тәрбие жұмысына барлық жұртшылықты қатыстырады, әсіресі жаңашыл мамандарды, өндіріс озаттарын, спорт, өнер салаларындағы адамжарды, соғыс, еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырып, олардың тәжірибесін кеңінен пайдаланады, жалпы басшылық жасап, тәрбие жұмысын басқарады.

Мектеп - отбасының, жұртшылықтың ынтымақтастығына тікелей басшылық ететін бірдін бір орган. Ынтымақтастықпен жұмысты жүргізудің формалары көп. Біз тек солардың бірнешеуін ғана атап өтейік. Олар:

- ата-аналар жиналысы;

- мұғалімдердің оқушылардың үйіне барып, тұрмыс-тіршілігімен танысу;

- педагогикалық насихат, ата-аналарға педагогикалық білім беру, т. б.

Осы жұмыстарды ойдағыдай жүргізу үшін мектеп жанындағы үлкен кеңестің жұмысына дұрыс басшылық жасау, кеңес беру керек. Ол аудан, ауыл көлеміне жүргізілетін жұмыс.

Бала тәрбиесіне ықпал ететін көптеген орта бар. Олар: отбасы, мектеп, аула, дос-жарандар, көрші, ағайын-туыстар, еңбек ұжымдары, жұртшылық, тағы басқалар. Қысқасы бала тәрбиесінде мектептің, отбасының, жұртшылықтың, еңбек ұжымдарының бірікке тәрбие жұмысы қажет. Осыны ұйымдастыратын - мектеп ұстаздары.

Олар сол жұртшылықты педагогикалық тұрғыдан сауаттандырып, жалпы тәрбие жұмыстарына жұртшылықты жұмылдырып, педагогикалық тұрғыдан сауатты басшылық жасауы тиіс.

1. 2 Мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық - психологиялық негіздері.

Психология ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, мектеп оқушысының жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.

Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.

Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш. Амонашвили, В. Давыдов, Л. 3анков, В. Репкин, Д. Эльконин және т. б. )

Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа экспериментгік жүйелері шеңберінде мектеп оқушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды, Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін, қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В. Давыдов тұжырымдамасы) .

Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептен оқушы тұлғасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Екіншіден зерттеу эксперименттік-генетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сәттен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.

Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық форма-сы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.

Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В. Репкин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А. Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г. Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (Г. Репкина, Е. Заика) және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Отбасылық тәрбие
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Психологиялық-педагогикалық қолдау
Отбасы баланы тәрбиелеу институты ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz