М.Х. Дулати – қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 15-07

Қазақстан Республикасының білім ЖӘНЕ ғылым министрЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогикалық мәдениет институты

«Жалпы тарих және археология» кафедрасы

«Бекітемін»

кафедра меңгерушісі

Е. Шабанов

т. ғ. к., доцент «»200__ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы : « Мұхаммед Хайдар Дулатидің өмірі мен қызметі ».

Шымкент - 2009 ж.

Жоспар

Кіріспе . 3 - 5

1 ТАРАУ М. Х. ДУЛАТИ - ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТАРИХШЫСЫ.

1. 1 Мухаммед Хайдар Дулати - өмірі мен шығармашылығы . . . 6 - 15

1. 2 Түркі халқының ірі тұлғасы . . . 16 - 25

2 ТАРАУ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ.

2. 1 Қазақ хандығының құрылуы . . . 26 - 48

2. 2 Қазақ хандығының негізін қалаған хандар . . . 49 - 51

2. 3 Қозыбасы - қазақ хандығының алғаш туы тігілген жер . . . 52 - 53

2. 4 “Қазақ термині” туралы . . . 54 - 58

Қорытынды . . . 59

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60


Кіріспе

Мәселенің өзектілігі: Тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан кейін, өткенін еске түсіріп, ұлттық мемлекеттілігіміздің қалай, қашан құрылғаны туралы білу маңызды мәселе болып табылады.

ХV-ХVІІІ ғасырда Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде құрылған Қазақ хандығы ірі тарихи оқиға болды. Қазақ хандығының ықпалы Ноғай Ордасы, Моғолстан, Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекетіне, ХVІ ғасыр басындағы шайбанилық әулет мемлекеттерінің саясатына, тарихына, мәдениетіне әсер етті. Орта Азия және оған іргелес елдер арасында Бұрындық, Қасым, Хақназар хандар тұсында Қазақ хандығының орны ерекше болып, ел аралық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарды.

ХІV-ХV ғасырларда Дешті Қышпақ пен Мәуереннахр, Моғолстанда болған этникалық процесстердің дамуы, Еуразиялық шығыс және Орта бөлігіндегі саяси даму Қазақ хандығының құрылуының басты факторы болды.

Моңғол шапқыншылығы кезінде қазіргі Қазақстан және Орта Азия аймағында саяси құрылымдар өзгеріп, этникалық процестің дамуы тежелді. ХІV ғасырда жаулап алушылар саяси құрылымдарын жергілікті ру-тайпалардың талабына сай өзгертіп, олармен терең сіңіп, этникалық процесс қайта қарқындап, жанданды.

Сондықтан ХІV ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Моғолстан секілді мемлекеттер жергілікті халықтардың мемлекеті деп есептеледі.

ХV ғасырдың орта шеңінде Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен саяси оқиғалар: Мауреннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтарының мемлекеті Дешті Қыпшақтағы Әбілхайыр хандығы, Жетісу мен шығыс Түркістандағы Моғолстан мемлекеті, Оңтүстік Сібірдегі қалмақ тайпалары, Иран мен Әзірбайжандағы Қара Қоюнлы Әулет арасындағы күрделі саяси шиеленістер.

Мырза Хайдар Дулати XVI ғасыр перзенті. Ол осы күнгі қазақ, қырғыз, өзбек секілді түркі халықтары ұлт боп ұйып, тарих сахнасына көтеріле бастаған кезеңде өмір сүрді. Бұл Жошы ханның Батыс Сібірді мекендеген кіші ұлы Шайбан әулетінің Орта Азия мен Ауғанстан һәм Хорасанды да уысында ұстаған Әмір Темір ұрпақтарынан Мауараннаһрді тартып алмақ боп белін бекем буған, феодалдық соғыс өрті тұтанып, аласапыран шақ туған тұс еді. Сондықтан да болашақ ғалым қмірінің көпшілік бөлігі әуелі Орта Азия, сонан соң Шығыс Түркістан мен Ауғаныстан, Тибет пен бадахшан, үндістан жағында өтті. Ол көбінесе ат үстінде, жорықтарда жүрсе де сол кездегі ғылым, білім тілі - парсы тілінде «Тарих-и Рашиди» атты Орталық Азия халықтарының XIV-XVI ғасырлардағы тарихы, этнографиясы мен геграфиясы, әдебиеті мен мәдениеті жайында классикалық тамаша шығарма қалдырды. Онда Мауараннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемелекеттің XIV ғасыр ортасына таман ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген шығыс бөлігінде дулат тайпасының күшімен дербес мемлекет негізі қаланғаны және басқа көптеген тарихи оқиғалар туралы әңгімеленеді.

Мәселенің тарихнамасы:

Бұл диплом жұмысының бірінші тарауы Мырза Хайдар Дулати туралы жазылған, себебі Қазақ хандығының тарихын Дулати еңбектерінсіз білу мүмкін емес, яғни оның "Тарих -и Рашиди" еңбегі құнды мәлімет болып табылады.

Бұл тарауда көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшы, ақын, ғұлама ғалым Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты әлемге әйгілі еңбегінің деректері кеңінен пайдаланылды (Дулати М. Х. Тарих-и Рашиди. - Алматы: М. Х. Дулати қоғамдық қоры, 2003) . Сонымен қатар еліміздің бас муфтиі, қажы Әбсаттар Дербісәлінің «М. Х. Дулати - Өмірбаяндық - библиографиялық анықтамалық» деп аталатын еңбегі мен « Қазақ даласының жұлдыздары» еңбегі құнды мәліметтері де зерттеу жұмысында өзіндік орнын алды. К. Пишулина, Н. Ағытайдың «Тарих-и Рашидидің» тәржімесі туралы құнды мағлұматтарға сілтеме жасалынды.

Екінші тарау Қазақ хандығының құрылуы туралы, негізін қалаған хандар туралы және "Қазақ" термині туралы жазылған.

Бұл тарауда Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер, тың деректер, терең ойлы талдау жасап еңбектері толассыз жарық көріп жүрген жас тарихшы Берекет Кәрібаевтің еңбектеріне көбірек тоқталдық. Мәселен «Түркістан және қазақ хандығы» атты монографиясы, 1995 жылдардағы жарық көрген «Қазақ тарихы» журналының №4, 5, 6 сандарындағы «Қазақ хандығының құрылуы» атты зерттеулері және т. б. Сонымен қатар Қазақ хандығының тарихы жөнінде құнды еңбектер жазған. Т. И. Сұлтановтың еңбектері. Түркі халықтарының тарихы жөнінде бірнеше еңбек жазған ғалым К. Аманжоловтың еңбектері. Және де өздерінің еңбектерімен үлес қосып жүрген ғалым ағаларымыз Чапай Мусин, Мұратхан Қани еңбектерінің маңызы зор.

Қорытынды бөлімде Қазақ хандығының құрылуы бір жылда болған іс емес, бірнеше жылдарды қамтитын басталуы мен аяқталуы бар процесс екеніне тоқталады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Осы диплом жұмысын жазу барысында алдыма мынадай мақсаттарды қойдым.

  • Алғашқы қазақ мемлекетінің алғашқы тарихшысы туралы ой қозғап, оның шығармасы қазіргі біздің қоғамда ұлағатты орын алатын дәлелдеп беру.
  • Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан жерінде ХІV-ХVғ. Орын алған әлеуметтік экономикалық саяси процестерден туған заңды қоғамдық құбылыс екендігін дәлелдеу.
  • Хандықтың негізін қалаған хандардың хандық құрудағы рөлін анықтау және олардың тегі туралы айту.

Бітіру жұмысының теориялық негізі:

Тарих ғылымының даму барысында еліміздегі Қазақстан тарихы мәселесінің ірі зерттеу орталықтары қызметінің нәтижесінде және қазіргі замандағы Отандық алдыңғы қатарлы тарихшылардың басты еңбектері негізінде қалыптасқан тұжырымдар жиынтығы болып табылады.

Зерттеу методикасы:

Зерттеу объективтік, тарихилық, жүйелік, салыстырмашылық және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді.

Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, алты тармақшадан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТАРАУ М. Х. ДУЛАТИ - ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТАРИХШЫСЫ

1. 1 Мұхаммед Хайдар Дулати - өмірі мен шығармашылығы.

Қазақ ғылымы мен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халқымыздың тұңғыш тарихшысы - Мұхаммед Хайдар Дулати, Енді ғана есін жиып, тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үңіле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен түркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсақ та, оған жүгінбей, еңбегіне соқпай кете алмайды.

Мұхаммед Хайдар 1499 жылдың қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хұсайын Дулатидің отбасында дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай, өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген.

Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның 1415-1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.

Жүніс ханның үлкенді әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл (Сұлтан Махмұт хан (1443-1508) ; Сұлтан Ахмет хан (1465-1503), үш қызы (Миһр Нигар ханым, Құтлық Нигар ханым, Хуб Нигар ханым) бар еді. Миһр Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал ад-Дин Миран шаһ атты үшінші ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға ұзатылған еді. Ал Құтлық Нигар ханымға оның інісі Омар шейх үйленіп, одан атақты ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхаммед Захир ад-Дин Бабыр (1483-1530) туған, яғни ол Мұхаммед Хайдар Дулатиға бөле болып келетін. Бабыр да осылай Әмір Темір ұрпақтарының бірі еді. Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан. 1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Ол жайлы Бабыр өзінің атақты «Бабырнамасында»: «Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым жарық дүниемен коштасыпты, оны анамыз екеумізге Ұратөбеде естіртті»- дейді [3, 104] .

Бабырдың әкесі Омар Шейх Ферғана уалайатының билеушісі болатын. Сырдарияның жағасына орналасқан астанасы Ахсикентте (Ферғананың ежелгі қаласы, әрі оның Х ғасырдағы астанасы) 39 жасында «жардан ұшып жан тәсілім еткен соң», оның иелігіндегі жерлерді Шайбани хан басып ала бастайды. «Бұл - «байтал түгілі, бас қайғы» болған заман еді. Жас Бабыр өзіне ерген қосындарымен шегіне ұрысып, жанталасқа түскен шақ болатын. Оның Хайдар мырзаның анасының қазасын «Ұратөбеде жүргенде естідім» деуі де сондықтан.

Ташкентті 1482-1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хұсайын Дулати қайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды.

Мұхаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында қалың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен Мұхаммед Хұсайын ұлына Маула Мұхаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала Хайдарға Құрани Кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Хайдар мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып, Әмір Темір ұрпақтарын қуа бастаған кезге тұс келді. Шынында да Мұхаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді. Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға кетуге мәжбүр болды. 1508 жылы осындай аласапыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттанды.

Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы қиын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар - «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс каласы» деп тектен-текке аталмаған еді. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның. Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен ұлының билігіне көшкен еді.

9 жасар Хайдар мырза Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді.

Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған. Бауырына басып, жас мырзаның басынан сипайды. Мұның өзі де үлкен адамгершілік, үлкен кісілік еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан еді. Кабулға келіп қоныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан анталап түрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы - Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын . . . Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайдаллаһ хан, Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, (1539 ж. қ. б. ) алды. Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда калды. Оның немере ағасы Сейіт Мұхаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Саид хан үйленді.

Хуб Нигар ханымның баласы Хайдар мырза еді: Әкесін (көшпелі) өзбектер өлтіргеннен кейін, ол үш-төрт жыл менің қасымда болды. Содан кейін рұқсат сұрап Қашғардағы ханға кетті. Енді ол орнықты, байсалды азамат болып, жақсы жолға түсіпті деп естідім. Жазуға, сурет салуға машық, жебе жасауға, зергерлікке, садақ шыбығын июге қолының ебі бар. Он саусағынан өнер тамған жігіт. Ақындық дарыны да бар еді. Ол менен кешірім сұрап хат жазыпты, сөз саптауы тәп-тәуір» - деп еске алады. [3, 180] .

Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, ешқандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң да ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, күндер өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мұхаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506-1507 жылдар арасыңда болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты. Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа қашады. Одан әрі ол 1506-1507 жылдар шамасында Кабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кеткенде, біреулердің азғыруына еріп, Мұхаммед Хұсайын сарай төңкерісіне қатысады. Бірақ ол сәтсіз аяқталып, қолға түскен бүлікшілерді Бабыр қатты жазалаған. Ол жайлы Бабырдың өзі: «Мұхаммед Хұсайын мырза қорыққанынан ханымның төсек-орны жиналған қоймасына қойып кетіпті. Мірім диуанмен тағы бірнеше бектерге «қамалдан жан шығармай, (ханымның) бөлмесін тінтіп, жерге кіріп кетсе де Мұхаммед Хұсайынды алып келіңдер!» деп бұйрық бердім. Олар ханымның есігінің алдына барып, онымен дөрекі, әдепсіз сөйлесіп, ақыры Хұсайын мырзаны ханымның қоймасынан тауып алып, шаһ сарайына жеткізді. Онымен орнымнан тұрып сәлемдестім. Істі насырға шаптырмай сыпайылық жасап, бұрынғыдай ілтипат көрсеттім. Мұхаммед Хұсайын мырза опасыздық, сорақы іс жасап, сойқанды бүлік шығармақ болды, Әттең, мұны жексұрындық қылығы үшін сазайын тарттырып, қыл шылбырмен бұрау салып, өлтіріп, кескілеп тастаса болар еді. Бірақ қол жіпсіз байланды, мұнымен қарға тамырлы жекжаттығымыз бар еді. Менің туған нағашы апам Хуб Нигар ханым мырзаның жары еді, одан қыз, ұл көріп отырған соң, сол жекжаттық жағдайды ескеріп, Мұхаммед Хұсайын мырзаны жазадан құтқарып, Хорасанға аттануға рұхсат еттім . . .

Бірақ ол жақсылығымды, өлімнен құтқарғанымды ұмытып, мені Шайбани ханға жамандап, арызданыпты, біраз уақыт өткеннен соң, Шайбани хан оны өлтіріп сазайын тарттырды»- дейді [3, 222] . Осы ретте ескерте кететін жайт - Бабыр Мұхаммед Хұсайын Дулатиге жекжаттыққа байланысты ғана кешіріммен қарап кеңшілік жасаған жоқ. Бабырдың оған аман-есен Хорасанға аттануға рұхсат беруіне тағы бір жағдай. себеп болып еді. Мысалы, Бабыр Мұхаммед Шайбани жортуылы басталып, басына қара бұлт үйрілген алғашқы қысылтаяң жылдардың бірінде Мұхаммед Хұсайыннан жақсылық та көрген болатын. Ол жайлы Бабыр: «Біз Самарқан мен Әндіжанға бірнеше рет аттандық, бірақ ештеңе тындыра алмасақ та, Ходжентке қайта оралдық . . . Мұхаммед Хұсайын Гурган Дулат Ұратөбеде болатын. Самарқанға жорыққа аттанамын ба деген ниетпен оған адам салып, қеліссөз жүргіздім. Біз одан бір қыстап шығуға Пешағырды беруді өтіндік. Бұл Жаржайлақ ауданына қарайтын қыстақ болатын . . . биліксіз аласапыран кезеңде Мұхаммед Хұсайын Дулаттың қолына көшкен. Біз сол жерге орналасып, шамамыз келгенше Самарқан аймағына жылжысақ деген ойда болдық. Мұхаммед Хұсайын мырза оған келісті», - деп жазған. [3, 78]

Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырзаның Кабулде тұрғанда Бабырдың бірнеше жорықтарына катысқанын айтады. Әрине Хайдардың мұндай аса қауіпті де қатерлі шайқастарға қатысуы оның болашақта әскери колбасшы болуына септігі тимей қалған жоқ. Бірақ Бабыр Хайдардың жастығы, әрі бір ерден қалған жалғыз тұяқ екенін ескерді ме, әлде әпкесінің қасында болсын деді ме, 1512 жылы оны өз өтініші бойынша Әндіжандағы Саид ханға жібереді. Саид хан, жоғарыда Бабыр айтқандай, Хайдар мырзаның жездесі болатын. Саид хан Сүйініш Қожа ханнан жеңіліп, Әндіжанға қайтып оралған 1512 жылдың қыркүйек - қазан айларында Хайдар мырза да сонда жетіп еді. Бірақ мұнда да тыныш өмір бола қойған жоқ. 1514 жылы Сайд хан өзіне ерген сенімді адамдарымен Хайдар мырзаны ертіп Қашқарияға бет алады. Онда барған соң жаңа мемлекет - Моғолстанның (Қашғар хандығы) ірге тасын қалаған. Хайдар мырза Қашғарияда 19 жыл ғұмыр кешкен. Саид хан оны ерекше жақсы қөріп, кайда барса да қасынан тастамаған. Қашғар мен хан ордасы түрған Жаркентте мешіт, медреселер, керуен сарайлары көп еді. Хайдар мырза Жаркентке келген соң, Сайд хан оны ордадағы осындай медреселердің біріне берді. Хайдар онда беделді де белгілі кісілердін. балаларымен бірге Құран мен Хадис, тәпсір мен тарих, жағрафия мен фәлсафа, логикадан дәріс алды. Аптаның әр күні болатын соғыс өнері сабақтары да қызықты өтетін. Хайдар мырза әсіресе тарих пен әдебиетті сүйіп оқыды. Ол өзінің Атбасы мен Жетісуда күн кешкен моғол бектері, хандары мен сұлтандары, олардың құзырына қараған жамағат туралы көзі қарақты үлкендердің әңгімелерін ұйып тыңдайтын. Медреседе дәріс беретін ұстаздар Хайдар мырзаның зергерлік өнері мен сурет салуға деген талабын да байқады. Ол жайлы олар реті келгенде Саид ханға да құлақ қағыс етіп отырған. Десе де Саид ханның Хайдар мырзаны ерекше жақсы көретіндігіне оның інілері мен балалары өте қызғанышпен қарады. Хайдар мырза кейінірек сонын, зардабын тартудай-ақ тартты. Саид хан оны есейіп, оңы мен солын танығаннан кейін туған қарындасына үйлендірді. Ұлан-асыр той жасады. Шаңырақ көтеріп, өз алдына үй етіп шығарды. Сөйтіп, Хайдар мырза бірте-бірте Саид хан мемлекетіндегі үлкен лауазымдарға ие бола бастады. Ханның жорықтарына катысып, ер жүректілігімен көзге түсті. Риза болған хан оны әскерінің қолбасшысы етті, соңыра кеңесші қызметін де ұсынды. Қирап құрдымға кете бастаған Моғол мемлекетін қалпына келтіріп, шекарасын кеңейтіп, тарай бастаған халқын біріктіріп, уысында ұстағысы келген Саид ханның жорықтарына ол қатысып отырған. Мысалы, 1524-1525 жылдары Хайдар мырза Саид ханның Моғолстандағы (қазіргі Нарын облысындағы) қырғыздарға жасаған жорығына қатысқан. Ол кезде қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз халқының бірде қосылып, бірде ажырасып, халык боп қалыптасу үрдісін бастан өткізіп жатқан тұсы еді. Бірде Саид хан Хайдар мырзаға қырғыздардың қазақтарға қосылуына жол бермеуді тапсырып, өзі ордасына қайтып кетеді. Ол жайлы Хайдар мырза: «Халықтың тәртіп сақтауын бақылауды тапсырып, (Саид хан) мені Моғолстанға калдырды да, ханның өзі Қашғарға қайтты. Қаншалықты тырыссам да қырғыздар бірақ тынши қоймады, қайтадан Моғолстанның қарсы жағындағы Таһир ханға барып қосылды. Әйтсе де олардың біразы орнында қалды», - деп еске алады. Хайдар мырза Жаркентте тұрғанда Саид ханның тек Моғолстанға ғана емес, сонымен қатар 1527-1528 жылдары оның Кәпірстанға (Ауғанстанның солтүстігіндегі Ислам дінін қабылдап үлгермеген таулы жер), 1528-1530 жылдары Бадахшанға, 1532 жылы Кіші Тибетке жасаған жорығына да қатысқан. Қашғар әміршісі оның ара-арасында Хайдар мырзаны тағы бір баласы Іскендірмен бірге Үндістанның солтүстігіндегі Кашмир өлкесіне де жіберіп алады - деп жазды [1, 187] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жеріндегі XV-XVI ғғ. саяси және тарихи -әлеуметтік өзгерістер мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың тұлға ретінде қалыптасуы
Тарихи Рашиди шығармасында қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Тарих толқынындағы көне қалалар
«Деректану теориясы» пәні
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ҺӘМ ОНЫҢ ТАРИХ-И РАШИДИІ
Моғолстан мемлекетінің құрылуы және этникалық құрамы
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz