Негізгі құраладардың есебі мен аудиті


Тақырыбы: «Негізгі құраладардың есебі мен аудиті»
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І-тарау. Негізгі құраладардың есебі мен аудиті
- «Халыққа қызмет жасау басқармаларының» экономикалық сипаттамасы мен көрсеткіштерін талдау . . . 6
1. 2. Есеп саясаты және бухгалтерлік есепті жүргiзiлуi . . . 16
ІІ-тарау. Негiзгi құралдардың бухгалтерлiк есебiнiң ұйымдастырылуы
2. 1. Негiзгi құралдардың экономикалық мазмұны . . . 20
2. 2. Негiзгi құралдардың қозғалысын есептеу және жинақтау, талдамалық
есептерiн ұйымдастыру . . . 28
2. 3. Негiзгi құралдардың тозуымен амортизациясының
есебiн ұйымдастыру . . . 38
2. 4. Негiзгi құралдарды жөндеу есебi . . . 49
3-тарау. НЕГIЗГI ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТI МЕН ТАЛДАУЫ
- Негiзгi құралдарға аудиторлық тексерудiң маңызы мен мiндетi . . . 54
3. 2. Негiзгi құралдарды түгендеу . . . 56
3. 3. Негiзгi құралдардың аудитi . . . 59
3. 4. Негiзгi құралдардың пайдаланылу тиiмдiлiгiн талдау . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 70
Кіріспе
Экономика салаларында жүргiзiлетiн есептер жүйесiнiң арасында бухгалтерлiк есептiң алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар iшiнде бухгалтерлiк есеп өз алдына дараланып түратын бөлек ғылыми сала болып табылады. Бұл ғылымды жан-жақты зерттейтiн, экономикалық жағынан талдайтын, өз алдына ғылыми даму жолдарын анықтайтын әдiстермен, бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда қоғамдық өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есеп ғылымының пәнi деп айтуға болады, немесе қоғамдық өндiрiс процестерiн бухгалтерлiк есепке алынатын бiр түтас түлға деп қарауға болады. Өйткенi бухгалтерлiк есеп қоғамдық өндiрiстiң даму жолында қажет болып табылады. Бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерi мен көрсеткiштерi қоғамдық өндiрiстiң дамуын экономикалық түрғыдан зерттеуге бiрден-бiр негiз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi экономика салаларының барлығында нақты, түжырымды мемлекеттiк талаптарға сай есептеу жұмыстарын жүргiзу. Қоғамыздың даму кезеңдерiнiң қай сатыларында болмасын дамудың объективтi экономикалық заңдылықтарын анықтау және сол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгiлеу үшiн есеп жұмыстарын, соның iшiнде бухгалтерлiк есептi дұрыс үйымдастыра бiлудiң мәнi мен маңызы өте жоғары болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде шағын және орташа кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңiл бөлiнуiне байланысты елiмiзде бухгалтер және аудитор мамандарына деген сүраныс артуда. Себебi олардың кәсiпкерлiк шаруашылығын дамытуға қосатын үлесi мен жасайтын қызметi елеулi де әрi тиiмдi. Сонымен қатар, қазiргi таңда халықаралық стандартқа көшуге байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудит жұмысына қойылатын талаптар да артуда және ол өте күрделi. Сондықтан шетелдiң тиiмдi тәжiрибесiн қолдана отырып, бухгалтерлiк есептi жаңа талаптарға сай бiр жүйеге келтiру болып табылады.
Нарық қатынастар жағдайында шаруашылық жүргiзушi ұйымдарда бухгалтерлiк есептiң маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлiк есеп жұмысы ''Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептеме туралы'', ''Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы''. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жасалынған бухгалтерлiк есеп стандарттары мен қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң бас шоттар жоспарына сай бекiтiлген ортақ принциптер мен ережелерi және Қазақстан Республикасы Қаржы министiрлiгiнiң бухгалтерлiк есеп жөнiнде шығаратын нұсқаулары мен ережелерi, ұсыныстары негiзiнде ұйымдастырылады. Осыған орай қазiргi кезде республикасымзда қолданылып жүрген бухгалтерлiк есеп жүйесi халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына сәйкес жүргiзiлуде.
Бухгалтерлiк есеп және есеп беру мәлiметтерi шаруашылық жүргiзушi суъектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн басқару, экономикалық бағдарламалар жасау және оның орындалуын бақылау үшiн қолданылады.
1995 жылғы желтоқсан айының 26 жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентiнiң ''Бухгалтерлiк есебi туралы'' Заң күшi бар Жарлығы қабылданды. Бұл заң қабылданғаннан кейiнгi оны жүзеге асыру жолында көптеген жұмыстар атқарылды және атқарылуда. Осы заңға сәйкес 1996 жылғы қараша айының 18 жұлдызында қаржы шаруашылық қызметi бухгалтерлiк есебiнiң Бас шоттар жоспары бекiтiлiп, 1997 жылғы қаңтар айының бiрiншi жұлдызынан бастап Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық субъектiлерi жаңа бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша өз жұмыстарын жүргiзе бастады. Осы қолданылған бухгалтерлiк есептiң жаңа жұйесi экономикамызды көтеруге, iшкi және сыртқы инвесторлар үшiн неғүрлым тиiмдi етiп құруға мүмкiндiк бердi. Экономиканың қай саласында болмасын шаруашылық субъектiлер мен еңбек ұйымдарын шикiзат пен материалдарды үқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өзiнiң өндiрген, шығарған өнiмдерiн халықаралық рынокқа бәсекелестiкке, салыстырмалылыққа жеткiзуге, өндiрiсiн ұлғайтуға, өндiрген өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға және оған зиян келтiрмеуге мүдделi. Бұл орайда шаруашылық суъектiнiң материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын сондай-ақ басқа да ресурстарын тиiмсiз жұмсауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша атап өтуге болады. Жоғарыда айтылғандарды дұрыс жұргiзу үшiн кәсiпорындардағы еңбек құралдарының атқаратын рөлi ерекше. Жаңа үлгiдегi сапалы және өнiмдiлiгi жоғары еңбек құралдары болмайынша кәсiпорынның айтарлықтай жетiстiкке жетуi мүмкiн емес. Сондықтан да ''Негiзгi құралдардың есебi және аудитi'' тақырыбы бұгiнгi күнi актуалды тақырып болып табылады. Сол себептен жоғарыда аталған тақырып диплом жұмысын жазу үшiн таңдап алынды. Дипломдық жұмыстың алға қойған негiзгi мақсаты кәсiпорынның негiзгi құралдарын есепке алу жағдайын жақсарту, оның тиiмдiлiгiн арттыру шараларын көрсету болып табылады. Жұмыстың зерттеу объектiсiне Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Халыққа қызмет жасау ұйымының соңғы жылдардағы көрсеткiштерi алынды және оларға экономикалық, бухгалтерлiк талдау жасалынды.
І-тарау. Негізгі құраладардың есебі мен аудиті
1. 1. «Халыққа қызмет жасау басқармаларының» экономикалық көрсеткіштерін талдау
Республикамызда кәсiпорындармен бiрлестiктердi сатып алу және жекешелендiру заңына сәйкес ''Халыққа қызмет жасау басқармасының'' негiзiнде 1998 жылдың тамыз айында ашық түрдегi ''Қызмет жасау басқармасы'' болып қайта құрылды.
Қазiргi кезде қоғамның балансында құны 690 мың тенге тұратын сегіз автокөлiк қызмет етедi. Демек, бұл жағынан алғанда акционерлiк қоғам өзін-өзi толықтай қамтамасыз ете алады және түрғылықты халыққа қызмет етедi. Яғни жұктерiн тасымалдау және басқалары. Сонымен бiрге АҚ өндiрiс ғимаратымен, кiшi цехтармен, қоймалармен, жөндеу орындарымен және қосымша құрылыстармен қамтамасыз етiлген. АҚ-да 6 цех жұмыс iстейдi және олардың барлығы электр энергиясымен, сумен, жылумен түрақты түрде қамтамасыз етiлiп түрады.
Басқару ақпаратымен оның бөлiмшелерi АҚ-ның территориясындағы, екi қабатты ғимаратқа орналасқан. Демек жұмыс iстеуге еңбек өнiмдiлiгiн арттыруға және жұмысшылардың жұмыстарын бақылауға толық мүмкiншiлiк бар деген ұғым. Қоғам қызметкерлерi мен жұмысшыларының 80% жуығы акция иелерi. Себебi, ауданда жұмыссыздар санының көбеюiне байланысты көптеген мамандар өзiнiң тұрмыстық жағдайын жақсарту үшiн, яғни табыс табу үшiн осы салада жұмысқа орналасқандар.
''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi өндiретiн өнiмдерiне мыналар жатады: мырамордан ескерткiштер, кiрпiштер, жол бойына және шетiне төсейтiн тастар, есiк-терезелер және басқалай өнiмдердi жасап шығарады. Сонымен бiрге АҚ-ның қарауынада ''Нан'' зауыты бар.
Бухгалтерлiк есептi жұргiзу барысында бұл қоғамда журнал-ордерлер қолданылады. Әрбiр есептi ай сайын қолданылатын шоттар бойынша ведомостар мен журнал ордерлер осы құжаттардағы ақпараттар мен мәлiметтер арқылы бас кiтапта толтырылады. Ал бас кiтаптың мәлiметтерi қоғамның жылдық қаржылық есебiн жасау үшiн қолданылады. Төменде АҚ-ның соңғы екi жылдағы техника-экономикалық көрсеткiштерi 1. 1-кестеде келтiрiлген:
''Қызмет жасау басқармасының'' 2003-2004 жылдардағы техника-экономикалық көрсеткiштерi
1. 1-кесте
Бұл кестеден көрiп отырғанымыздай қызмет жасау басқармасындағы 2002 жылы өнiмдердi сату едәуiр өскен, яғни 2003 жылмен салыстырғана сатудан түскен түсiм 2747, 7 мың теңгеге артып отыр. Сонымен қатар өнiмдердi сату бойынша шығындардың да артқандығы байқалады. Бұл сомма 2003 жылмен салыстырғанда 2481, 3 мың теңгеге (5973, 3-3491, 6) асып түседi. Соңғы жылдағы шығындардың ұдайы өсуiне негiзгi себеп: қосалқы бөлшектер бағасының күрт қымбаттап кетуi. Осы жоғарыда айтылғандардың салдарынан акционерлiк қоғамда 2004 жылы сатудан алынатын пайда көп мөлшерде төмендеп кеткен. Яғни ол бұл жылы не бары 18, 4 мың теңгенi ғана құрады, яғни 2003 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 360, 9 мың теңгеге кемiп отыр. Жалпы бұл ''Қызмет жасау басқармасының'' 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өндiрiс рентабельдiлiгi де 3, 8% пайызға (3, 3-7, 1) төмендегенiн жоғарыдағы кестеден көруiмiзге болады. 2002 жылы өндiрiс рентабельдiлiгi бар болғаны 3, 3 пайызға ғана жеттi.
18, 4: (2896, 2+2852, 3) =3, 3%
Ал бұл көрсеткiш 2002 жылы 7, 1 пайызға тең болатын.
379, 3: (2657, 4+2666, 9) =7, 1%
''Қызмет жасау басқармасының'' өндiрiс рентабельдiлiгiнiң төмендеуiне негiзгi әсер еткен қоғамның осы жылғы баланыстық пайдасының азаюы себеп болып отыр. Ол 2003 жылмен салыстырғанда 190, 2 мың теңгеге азайып кеткен. (189, 1-379, 3=190, 2) . Ал бұл көрсеткiштi арттыру үшiн қоғамға келетiн пайданы көбейту қажет етiлiнедi.
АҚ-ның техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң iшiнде негiзгiсiне жататын еңбек ресурстарымен оны тиiмдi пайдалану көрсеткiштерi болып саналады. Осыған орай қоғамның орташа жылдық сандық көрсеткiштерi белгiлi бiр мөлшерде ұсталуда, бiрақ iшкi құрылымдарында әр түрлi өзгерiстердiң болғандығына байланысты. Оны анық көру үшiн төменде 1. 2-кесте көрсеткiштерiн келтiремiз.
''Қызмет жасау басқарманың'' 2003-2004 жылдардағы еңбек ресурстарының құрылымы, адам.
1. 2-кесте
Кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда төмендегi жағдайларды көруге болады:
- 2004 жылы ''Қызмет жасау басқармасында'' жұмыс iстеген жұмыскерлердiң орташа жылдық тiзiмдiк саны 228 адам болды және оны 2003 жылменсалыстырғанда 1, 7% немесе 4 адамға азайған. Бiрақ өндiрiс құрылымының өзгеруне байланысты жыл сайын жұмыскерлердiң де құрамы, саны әр түрлi өзгерiп отырған. Мысалы, осы уақыт аралығында жұмысшылардың саны 8 адамға немесе 4, 3% кемiген. Сол сияқты қызметерлердiң де саны 4 адамға немесе 9, 1 % көбейген.
- Егер еңбек ресурстарының құрылымының ұлесi бойынша жеке қарастыратын болсақ, онда бұл көрсеткiшткiштерiнде де өзгерiстердiң болғанын көремiз. Мысалы, 2003 жылы барлық жұмыскерлердiң iшiнде жұмысшылардың үлесi 81%, ал қызметкерлер-19% құраған болса, 2004 жылы ол жұмысшылар саны 78, 9% дейiн азайды, ал қызметкерлер 21, 1% дейiн көбейдi.
- Жалпы алғанда АҚ-ның еңбек ресурстарымен, яғни жұмыскерлер тобы толығымен қамтылған және соның салдарынан қоғам өнiм өндiрудi және сапасын жақсартуға толығымен мұмкiншiлiгi бар деп есептеймiн.
''Қызмет жасау басқармасының'' техника-экономикалық көрсеткiштерiнiң негiзгi бiреуiне жататыны еңбекақы қоры болып табылады. Төменде ''Қызмет жасау басқармасының'' еңбекақы қоры туралы екi жылдық көрсеткiштерi берiлген:
Бiр жүмыскердiң орташа айлық еңбекақысы, мың теңге
Соның iшiнде:
1. 3-кесте
1. 3-кесте көрсеткiштерiнен мынандай жағдайды байқауға болады:
- 2004 жылғы жалақы қоры 2003 жылмен салыстырғанда 11428 мың теңгеге немесе 32, 5% өскен, соның iшiнде жұмысшылардың жалақы қоры-5753 мың теңгеге немесе 30 %, ал қызметкерлердiкi 5675 мың теңгеге, немесе 47% артқан.
- Жалақы қорының өсуiне байланысты орта есеппен шаққанда бiр жұмыскердiң орташа еңбек ақысыда өскен, яғни 2414137 теңгеден 2003 жылы 15611 теңгеге дейiн 2004 жылы немесе 39%.
- Әрбiр жұмыскерге төленетiн еңбекақы алдын ала айға, тоқсанға және жылға жоспарланады және ҚР (еңбек туралы Заңында бекiтiлген төмендегi мөлшердегi еңбекақы көлемiнен төмен болмайды) . Еңбекақыны ұжым мұшелерi келiсiм-шарт арқылы мөлшерiн бекiтедi.
Сонымен бiрге келiсiм-шартта жұмысшылардың кәсiби бiлiктiлiгi, жұмыстың кұрделiлiгi, оның үзақтығы, денсаулыққа зияндылығы және тағы басқа жақтары ескерiледi.
''Қызмет жасау басқармасының'' дұрыс жұмыс iстеуiн және сапалы өнiм өндiрудiң негiзгi көзi болып, негiзгi құралдармен қамтамасыз етiлуi болып саналады.
Осыған орай төменде ''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдармен қамтамасыз етiлуi туралы 2003-2004 жылдардағы көрсерткiштерi 1. 4-кестеде көрсетiлген:
2003-2004 жылдардағы ''Қызмет жасау басқармасының'' орташа жылдық негiзгi құралдары
1. 4 кесте
1. 4-кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда мынандай жағдайларды көруге болады.
- 2004 жылғы көрсеткiштердi 2003 жылмен салыстырғанда негiзгi құралдардың 6, 3% өскендiгiн көремiз. Бiрақ негiзгi құралдардың құрамына қарай бұл көрсеткiштер әртүрлi мөлшерде өзгерген, ал тiптi өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар өсудiң орнына 27, 8% кемiген.
- Егер негiзгi құралдардың құрамын ұлесi бойынша бөлек қарайтын болсақ онда екi жылда үлкен өзгерiстер болмаған. Бiрақ негiзгi құралдарда 0, 6 пункiтке кемiген болса, көлiк құралдарында керiсiнше 1, 0 пункiтке өскен. Шын мәнiнде мүндай өзгерiстердiң болуы заңды нәрсе, яғни негiзгi құралдардың тозуына қарай iстен шығуы немесе жыл iшiнде қосылуы мүмкiн. Осыған орай, төменде негiзгi құралдардың екi жылдық қозғалысы туралы көрсеткiштерiн 1. 5-кестеде көрсетемiз.
1. 5-кесте көрсеткiштерiне талдау жасайтын болсақ, онда мынаны көруге болады:
2003 жылы негiзгi құралдардың қосылғаны бар болғанда 960 мың теңге құраса, 2004 жылы бұл көрсеткiш 5840 мың теңгеге жеттi. Оның себебi осы жылы 3500 мың теңгеге жатахана сатып алынды және оны күрделi жөндеуден өткiздi сонымен бiрге 1000 мың теңгеге компьютер және 24290 мың теңгеге жеңiл автомашина сатып алынды. Осыған орай 2004 жылы iстен шыққан негiзгi құралдардың құны өткен жылмен салыстырғанда 250 мың теңге шамасында артық болды. Бұл заңды нәрсе. Себебi қолданылып жұрген негiзгi құралдар өздерiнiң қызмет ету уақытына байланысы тозатындығы.
Жалпы алғанда ''Қызмет жасау басқармасының'' негiзгi құралдар құрамында айтарлықтай күрделi өзгерiстер болған жоқ деп айта отырып, азды-көптi қозғалыстардың болғандығын көруге болады.
''Қызмет жасау басқармасының'' кәсiпорындар мен бiрлестiктердiң техника-экономикалық көрсеткiштерiне талдау жасау кезiнде оның қолда бар материалдық запастарын зерттеудiң мәнi өте жоғары болып саналады. Сондықтан ''Қызмет жасау басқармасының'' 2003-2004 жылдардағы қолда бар материалдық запастар мен оның қозғалысын көрсету және бухгалтерлiк талдау жасау үшiн 1. 5 кестенi келтiремiз.
1. 5-кестенi
''Қызмет жасау басқармасының'' 2003-2004 жылдардағы материалдық запастаы, мың теңге
Егер 1. 5 кестенiң мәлiметтерiне көз жүгiртетiн болсақ, онда мынандай жағдайларды көруге болады:
- 2004 жылғы келiп түскен материалдық запастар 2003 жылмен салыстырғанда 1372 мың теңгеге артық (3482-2110=1372) немесе 65% өскен. Сол сияқты шығынға кеткендерi де 597 теңгеге (3833-3236=597) артқан немесе 8, 4% болған. Оның себебi сол 2003 жылы өткен жылмен салыстырғанда өндiрілген өнiмдердің көлемi өстi. Осыған орай оған жұмсалған және алып келген материалдық запастарының да көлемi артқан.
- Сонымен бiрге матениалдық запастардың келiп түсуi мен оның шығындық үлесi бойынша анықтайтын болсақ, оның ұлесi жағынан, үлкен бөлiгiн шикi заттар мен материалдар және отын (көмiр, жанар май, бензин) алады.
Жалпы алғанда ''Қызмет жасау басқармасының'' материалдар запастары әрқашанда, түрақты түрде айналымда болып отырады және қоғамның өнiм өндiру сапасын артыру, табыс табу үшiн үлкен көмегiн тигiзедi.
''Қызмет жасау басқармасының'' техника-экономикалық көрсеткiштерiн зерттеу кезiнде қортындылаушы көрсеткiш ретiнде көрсететiн қаржы ресурстары болып табылады немесе оны бухгалтерлiк есепте қаржы қорытындысы деп атайды. Оны анықтау үшiн жыл iшiнде түскен жалпы табыс пен шығынның арасындағы айырмашылығын алады. Төменде ''Қызмет жасау басқармасының'' қаржы қорытындысына талдау жасау үшiн 1. 6-кестедегі көрсеткiштердi келтiремiз.
1. 6-кестеде
''Қызмет жасау басқармасының'' 2003-2004 жылдардағы табысы мен шығысы туралы көрсеткiштерi, мың теңге
Өнiмдi сатудан және қызмет көрсетуден түскен жалпы түсiм
соның iшiнде:
1. 6-кесте көрсеткiштерiне талдау жасай отырып төмендегiдей қорытынды жасаймыз:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz