Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. ЗЕРТТЕУ.ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ
1.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы ... ... ... 4
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін дамыту.. 12
2.БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҒЫЛЫМИ.ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Оқушылардың ғылыми.шығармашылық, зерттеушілік ізденісін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Зерттеушілік іс.әрекет . оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі –
құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет.
1. «Бастауыш мектеп», №6, 2008
2. «Қазақстан мектебі» ғылыми- педагогикалық журналы.№5, 2008
3. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл
4. Работа с одаренными детьми. «Дарын» ақпарат-әдістемелік жинағы, №1
5. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.
6. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2004.
7. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
8. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы // Бастауыш мектеп. №9-10, 1996.
9. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. Алматы, 2006.
10. Табылдиев Ә., Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. Алматы, 2004.
11. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп. №4, 1997.
12. Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп №7, 1997.
13. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1998.
14. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. Алматы, 1996.
15. Базымова З. Ой белсенділігін дамыту // Бастауыш мектеп. №9-10, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1. ЗЕРТТЕУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ
1.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы ... ... ... 4
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін дамыту.. 12
2.БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНА
БЕЙІМДЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Оқушылардың ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік ізденісін
қалыптастыру ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .19
... ... ... ... ... ..
2.2 Зерттеушілік іс-әрекет – оқушының шығармашылық қабілетін
жүзеге асыру 30
құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .34
... ... ... ... ... ... ... ... ..
ӘДЕБИЕТТЕР 35
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі
нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың
бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды
пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір
сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып
отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім
беру мен кәсіптік қайта даярлауды, парасатты экономиканың негіздерін
қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік
алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты
мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді
қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге
қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты,
жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында
шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман
талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіктерін
арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12
жылдық білім берудің басты мақсатының бірі –
құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі –
мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен
жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін,
этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін
түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.
Зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын ғылыми зерттеу жұмысына
даярлау үрдісі
Зерттеу пәні: Оқушылардың ғылыми зерттеушілік біліктерін қалыптасыру
Зерттеу жұмысының мақсаты:
Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда
баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет,
яғни  зерттеу жұмысымыздың мақсаты осыны ашып көрсету болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер алға қойылды:
➢ Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін дамытуды ашу;
➢ Оқушылардың ғылыми-шығармашылық, зерттеушілік ізденістерін
қалыптастыруға тоқталып өту;
➢ Зерттеушілік іс-әрекет – оқушының шығармашылық қабілетін жүзеге асыру
құралы екендігін дәлелдеу.
Зерттеу әдістері:
➢ зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық және
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
➢ ғылыми, танымдық, зерттеу бағдарламалары, тұжырымдамалары,
әдістемелік құралдарды талдап, қорыту.
➢ бақылау, әңгімелесу, озат тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ЗЕРТТЕУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТ
1.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығының теориясы

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой
әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық
қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Құл иеленушiлiк құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен Римде басқа
мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл
дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл
бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде
жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет
болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар
Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит,
Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.
Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң
өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың өзi – ақ оқыту
барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы
басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық
iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi
алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай,
шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын
арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды
алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде
қарастырады. 
Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес
қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы
айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты. Демек, антикалық дәуiрдiң
өзiнде – ақ педагогтар оқушылардың өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту
үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне
көңiл бөлген.[1]
Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын
байқауға болады. дiннiң уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн о
дүниелiк өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi
антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны
таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, ҮI ғасырдың соңында Папа
Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға
үкiм шығарған.
Жалпы, орта ғасырдағы оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын
түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан алыс, бұлдыр
тiлде берiлдi. Сондай – ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап түрiнде жүзеге
асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға
болмайтыны белгiлi.
Оқытудың мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы дамуын тежеп қана
қоймай, олардың танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл жүйе бiрнеше ғасырға
созылды.
Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық туралы құнды
пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж.
Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және
т.б. еңбектерiнде айтылды. Қайта өрлеу дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХҮI ғасырда
өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң
маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: Тәрбиешi баланы бастан – ақ оның
бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың дәмi мен
олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол
көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын. Монтень таным
әрекетiнде оқушының басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: Оқушы
мұғалiмнен алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату
қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз, -
деп жазған болатын.
Демек, Монтень пiкiрлерiнде оқушының танымдық iзденiмпаздығын дамыту
идеялары айтылған. Монтеньнен кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы
мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо,
И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.
Танымдық iзденiмпаздықты дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн Я.А.
Коменский қалады. Ол: Таным бастамасы – сезiмнен, бала сезiне бiлмесе,
оның ой – өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен
емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек, - деп жазды.
Мен өз шәкiртiмнiң әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен
тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы
ретiнде қарастырамын, - деген болатын. Коменский оқытудың мақсаты ғылыми
бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол Ұлы дидактика
еңбегiнде: Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн
дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет, - деп ерекше атап
өттi.Я.А.Коменскийдiң шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн Д.Локк одан
әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз ете отырып,
баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.
Ж.Ж.Руссо тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын
көрсету керектiгiн айтты. Ол алғаш рет оқытудағы белсендiлiк пен 
өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп бердi. Ж.Ж.Руссо идеясын
И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол баланың iзденiмпаздығын дамытудағы
мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.
ХҮIII – ХIХ ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық теориясының дамуына И.Г.
Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды. 
И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн
iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi. 
Қазiргi таңда әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн дамытып,
қалыптастыруға аса мән берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа
мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби
мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша
көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Көп жылдық бастауыш сынып мұғалiмi ретiнде байқағаным – бастауыш сынып
оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жақсы болады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың
даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл  жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге
алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру
керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз
керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай
отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге  басшылыққа алдық.
Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар
баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында
айқын байқадық. [2]
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский Дербес
жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол
өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi..., - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын
қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу
барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық
дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу –
тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi атты ғылыми –
зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын
атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
➢ психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң,
қабiлетiнiң дамуы;
➢ денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
➢ рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн
күшпе өзара бiрлiгi;
➢ әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы;
➢ жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп
қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын
дамытудың ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып
оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме
жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай
отырып, тәжiрибелiк – эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн
нақтылайды.
Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды қиын
балалар етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай
келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың
мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне
тоқталады.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың  бiр
ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт –
дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық
қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып
көрсетедi.
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова
адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан
күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның
адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат
қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын,
екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның
тұлғалық құрылымында ең алдымен  өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы
адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта
жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған
қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын
орнының маңызы зор екенiне тоқталады.
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында
адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың
еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам
дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн
негiзге ала отырып тұжырымдайды. 
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн
ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның
еңбектерi арналған.
Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке
тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми
тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, Тарих тағылымдары атты бастауыш
сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың
мүмкiндiктерiн негiзге  алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми –
теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те,
бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12
жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды
оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар
екенiн атап көрсеткiмiз келедi.
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын
қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi
болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды
қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн
көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, оқушы менталитетiне
жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы
құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол.
Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған ортаның бастауыш сынып
оқушыларына қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк.  Зерттеу барысында
әсiресе бастауыш оқушыларының көңiл – күйiне сыртқы қоршаған ортаның
ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе,
қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым – қатынаста болу арқылы табиғаттың
небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады. [3]
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi
сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында
байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн
белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк,
ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып
табылады.
Психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей
танымдық белсендiлiк терминiнiң негiзiнде белсендiлiк жөнiнде түсiнiк
жатыр. Ол әр түрлi салада талдауды талап етушi көп аспектiлi феномен
ретiнде көрiнедi:
➢ биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади,
И.М. Сеченок т.б.);
➢ психологиялық (Б.Г.Ананьев, М.Я.Басов, Л.С.Выготский, Б.Ф.Ломов
т.б.);
➢ педагогикалық (Ш.А. Амоношвили, Я.А.Коменский, Д. Локк, Ж.Ж. Руссо,
К.Д. Ушинский, Г.И. Щукина т.б.).
Биологиялық аспект – белсендiлiк мәселелерi түсiнiгiмен байланысты
белсендi бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесi болып табылатындығы
жөнiнде түсiнiкпен тығыз байланысты. ол өзiн – өзi ретке келтiрумен
негiзделедi. Биологиялық белсендiлiк адамның ортаға бейiмделуiн қамтамасыз
ететiн оған тән тұқым қуалау қасиетi. Оны өзара қарым – қатынас кезiнде
ағза мен оның тiршiлiк ету шарттарымен аралығында туатын қарама –
қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана туып қоймайды,
сонымен қатар осы әсердi жоюға мүмкiндiк беретiн және мiнез – құлық құруға
өткен оқиға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкiндiк беретiн
физиологиялық механизмдер де туып отырады (П.К. Анохин). Белсендiлiк бейне
белгiсiн тұрақтандырушы сапа болып табылады, бұл тiрi материяның iштей
детерминацияланған iс – әрекетiнiң бiр түрi болып табылады. Адам өзiндiк
табиғи сапаларының күшiмен, әлеуметтiк мәндiлiк күшiмен де белсендi келедi.
Психологиялық аспект - тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн
көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының
бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы
болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi
және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы
өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн
күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның
жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде
және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: Сыртқы
себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды.
Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына
сәттердiң болуын қалайды: 
➢ объектiлерге бағытталған ыңғайлы таңдаушылық, 
➢ объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,
➢ тапсырмаларды қою, 
➢ iс – әрекетке объектiнiң қалыптасуы, 
➢ мәселенi шешуге бағытталуы. 
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер
етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.
Әлеуметтiк тұлғалық аспект мәселелерi iс – әрекет кезiндегi тұлғаның
белсендiлiгiн зерттеумен  байланысты. тұлғалық белсендiлiк – адамның тек
табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.
Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық
әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады
(Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). тұлға
белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда
ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке  тұлғасының өзгеруiмен және
әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.
Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң
қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған
ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында
қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты,
әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк
болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн
жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.[4]
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi
түсiндiрумен байланысты:
➢ белсендiлiк баланың таным iс – әрекетiне (мақсатқа жетудiң тиiмдi
жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық жүзеге асыру) деген қатынасын
сипаттайтын тұлғаның бiр белгiсi ретiнде түсiндiредi.
➢ белсендiлiк субъектiнiң iс – әрекетке қатынасын (қажеттiлiк, мотив,
ерiк күшi, эмоция) көрсететiн негiзгi белгiлермен қатар тұлғаның
сипаттамасы ретiнде түсiндiрiледi.
➢ Белсендiлiк жөнiндегi қысқаша сипаттамадағы таным мақсаты –
объективтi шындықтағы индивидтiң санасындағы бейнемен шектеледi.
Әйтседе, белсендiлiк танымның ерекшелiгi немесе байланысты екенiн
түсiну үшiн, таным процессiнiң болуымен, бiр – бiрiнен айырмашылығы
бар репродуктивтi және продуктивтi атты таным шындық әлемiнiң көрiнiсi
ретiнде субъект санасында екi деңгейге ие екенiн ескеру қажет.
Белсендiлiктiң дамуы репродуктивтi деңгейден iздеу – орындау арқылы
продуктивтi деңгейге дейiнгi тұлғалық даму процесi қамти отырып жүзеге
асады. 
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай
қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның
мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы
деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады. 
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға
болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап
шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi  нағыз әмбебап iс
– әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру жаңалығынан туған зейiн белсендiлiгi және бағдарлы –
зерттеу iс – әрекетiне бағытталған зерттеу белсендiлiгi ретiнде;
-    интелектуальды ынталандыру түрiндегi (Д.Б. Богоявленская)
көрiнетiн тұлғалық белсендiлiк ретiнде.
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен
процесстер құрайды. Н.С.Лейтес балалық шақтың әр кезеңi -  белсендiлiк
дамуының өзiндiк сапалы сатысы деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде
түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б.
Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. оның пiкiрi бойынша,
интелектуальды белсендiлiк  интелектуальды және интелектуальды емес
факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық белсендiлiк – жалпы танымдық белсендiлiк феноменiнiң маңызды
саласы, оның негiзi ретiнде адамның ең маңызды қасиетi болып табылады: 
қоршаған әлемдi тек шындықтағы биологиялық және әлеуметтiк мақсатта ғана
тану емес, сонымен қатар адамның әлемге деген ең мәндi қарым – қатынасымен,
яғни оның алуан түрлiлiгiне енуге ұмтылуымен, санада мәндi жақтарын
бейнелеуiмен, себеп – салдарлы байланыстар, заңдылықтар, қайшылықтармен
түсiндiрiледi.
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде
өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi
белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне
анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi
анықталынады.  Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң
терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес
қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов
және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада,
бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр.
Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей
анықтамалар берiледi:
➢ Адам зейiнiнiң  белсендiлiгiнiң тағдаулы бағыттылығы (Н.Ф. Добрынин,
Т. Рибо).
➢ Таным субъектiсiнiң ақыл – ой қабiлеттерiнiң көрiнуi (С.Л.
Рубенштейн).
➢ Әртүрлi сезiмдердi белсендiргiш (Д. Фрейер).
➢ Адамның iс – әрекетi мен санасының деңгейiн жоғарлататын эмоциональды
– ерiктiң және ақыл – ой процессiнiң ерекше қорытпасы (А.Г. Ковалев).
➢ Бiлiмдi қарқынды меңгеруге әзiрлiк, яғни қабiлет пен ұмтылыс (Н.А.
Половников).
➢ Субъектiнiң қоршаған заттар мен құбылыстарға қатысты қайта құрылу
әрекетiнiң көрiнуi (Л.П. Аристова).
➢ Тұлғаның күшейтiлген танымдық жұмысымен сипатталатын ерiктiк жағдай
(Р.А. Низамов).
➢ Оқушының өмiрлiк күшiнiң әсерлiгi (Г.И. Щукина).
➢ Таным мақсатына жетудегi құлықтық – ерiктiк әрекеттi жиюға ұмтылумен
және бiлiм беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленушi тұлғасының
айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И. Шамова).
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен
тығыз байланысты.  танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен 
таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен
танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның
барлық жоғарғы  таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен
белсендiруде  танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру
әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.[5]
Балалардың жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы бес – алты
жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе баланың логикалық тапсырмаларды
белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы
танымдық ойындар арқылы  оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық процесін дамыту

Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан
таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті – табиғат, қоғам және оқушының
психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным
мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы
дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде
қарастыруға болады. 
Оқу – танымдық іс - әрекет – бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған
және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай
тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және
оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. 
 Оқу – танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу –
танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік
болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар:
философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы,
педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу – танымдық іс - әрекетін
ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен
қаруландыру, ақыл – ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін,
есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін
пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру
тәсілдерін зерттейді. 
Танымдық іс – әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі –
оқушының үнемі жаңа дүниеге енумен, әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның
бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде
оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл
– ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық 
 іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерін іздестіру өзекті
сипат береді. 
Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың
білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық
белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы
жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды. [6]
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым – қатынастың маңызы
ерекше. Оқушының ой – пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау
шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен
ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске
батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт – бағдар беру, істің
дұрыс – бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық
ынтасын құптау, оған сенімділік таныту – оның мінез – құлқында
тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен
табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т.б.
үйретеді. 
Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан,
танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс-
әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып
жатқандықтан, оның оқу – танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің
дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті
бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік
жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс -
әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік
және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты
(ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-
әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту
құралдарының болуы – кітаптар, лабораториялық құрал – жабдықтар, болашақ
кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары
интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.)
жатады. 
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді
оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін
ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды.
Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде
пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық
белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде
қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын
айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз –
оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары,
практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі
белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке
басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай
да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес. 
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті
жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның
әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық,
ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін
оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін
тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді
қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. 
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге,
міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының
бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып
жатқан материалды түсінумен бейімделінеді. 
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын
болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды
таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. 
 Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау,
қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында
оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық
ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. 
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде
жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз
болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық
қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының
өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде
қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. 
 Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының
маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен
оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да
фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу
үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және
оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет
ететін мәліметтер қамтылады. 
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана
отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық
әлеуетін көтерудің маңызы зор. 
Жаңа технология үрдістерінің талабы – оқушыларға білім беруде
белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын,
оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты
жүзеге асыруға қол жеткізу.[7] 
Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі
туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-
тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу-
танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу-
тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс: 
1. Жоғары сынып оқушыларына өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін
меңгеру талап етіледі. Оқушы-мұғалім қарым-қатынасындағы үйлесімділік,
ынтымақтастық болуы шарт. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы
болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын
шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс. 
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық іс-
әрекетін белсендіруде маңыздылығы жоғары. 
Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың оқушылардың оқу-танымдық
белсенділігін арттырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде
қалыптасуына мүмкіндік береді. 
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін
барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді
қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды
шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын
қамтамасыз етуге тиіс. 
Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы,
мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл
адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы факторлар арқылы жарыққа шығару
нәтижесінде жүзеге асады. 
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана
отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз
пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз
жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын
түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта
қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді
түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық
міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін,
өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар
ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап
қолдануы. 
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың
қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып
табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты
бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ. 
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi
роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады. [8]
Танымдық әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл – ой
әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және
әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық
қалыптасады. 
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген
педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл
проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады. 
 Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса,
баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын
негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн
араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден
қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн
айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа
алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен
эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика
барысында айқын байқадық. 
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының
ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский Дербес
жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол
өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке
көтерiледi..., - дейдi. 
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын
қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу
барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық
дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.
Мәселен, С.Төрениязова Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу –
тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi атты ғылыми –
зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын
атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды: 
➢ психикалық дамуға – оқушының мiнез – құлқының, ерiк – жiгерiнiң,
қабiлетiнiң дамуы; 
➢ денелiк дамуға – дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы; 
➢ рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн
күшпе өзара бiрлiгi; 
➢ әлеументтiк дамуға – өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе
дамуы; 
➢ жалпы дамуға – оқушының жан – жақты үйлесiмдi дамуы, - деп
қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын
дамытудың ғылыми – теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып
оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме
жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай
отырып, тәжiрибелiк – эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн
нақтылайды. 
Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды қиын
балалар етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай
келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың
мiнез – құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне
тоқталады. 
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие
мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр
ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт –
дәстүрiне, әдет – ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық
қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып
көрсетедi. 
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке
тәрбиелеудiң ғылыми – педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова
адамгершiлiк тәрбиесi – адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан
күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның
адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат
қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын,
екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық
әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның
тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым – қатынасы
адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта
жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған
қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы – мектептiң алатын
орнының маңызы зор екенiне тоқталады. 
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында
адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың
еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам
дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн
негiзге ала отырып тұжырымдайды. [9]
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн
ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның
еңбектерi арналған. Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды
адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң
ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, Тарих тағылымдары атты
бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда
оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге алдық. 
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми –
теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған
ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те,
бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық. 
 Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12
жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi
аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды
оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар
екенiн атап көрсеткiмiз келедi. 
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi
сфераларының құрылуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың моделі
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері
Мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы маңызы
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Жобаның міндеттері
Қабілетті оқушыларды ерте анықтау
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Инновациялық технологиялардың түрлерін талдау
Пәндер