Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

I МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҚҰРАМА БӨЛІГІ - САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1. 1 Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің ұғымы мен сипаттамасы

Мемлекет тараптарынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажыраc элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдістері екі нысанда - өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысандарында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатың әдістерімен сипаттайды. Екінші нысаны қоғамдық өңдірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесіне әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының сан алуан түрлері реттеледі. /20/

Экономиканы қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үнемі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттілігі мемлекет тараптарына қоғамдық өңдірістің сипатымен анықталады. /35/

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мамлекет пен оның оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыты ретінде анықталады, ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
  2. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйесінің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институтарының болуы.
  3. Шаруашылық қызметте салықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық жүйенің болуы. /41/

Қаржылық реттеу көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттілігінің сұранысына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді. /20/

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

  • материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарының жалпы деңгейін реттеу;
  • өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
  • кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;
  • кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
  • кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік арақатысын реттеу;
  • ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық процестерді реттеп отыру. /35/

Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының тенденциясына қаржы тұтқаларының көмегімен ықпал жасалады.

Нәтижесінде, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шартты сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

  • экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;
  • басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;
  • нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің бүкіл нысандарының шынайы тендігін жасау негізінде бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту;
  • жоғарыда айтылған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылықтарынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістігі шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының еркін кедергісіз ауысуы мүмкіндігі. /39/

Әдетте реттеу процесі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының сан алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.

Реттеудің екі типі бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу. Қаржылық реттеудің түрлері: салықтық, бюджеттік, ақша-несиелік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндег, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т. т. ) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады. Мысалы: бюджеттік реттеуді қаржыландыру, (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер), салықтық реттеу тура және жанама салық салу, валюта-қаржылық реттеуде сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары. Ортақ нысан жоспарлау болып табылады. Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынандай реттеуіштерді қолданылады:

- Салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмдамалау, аванс төлемі және басқалары;

- Бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану;

- Амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары. Бұл реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), несие (несие үшін сыйақылар, есеп мөлшерлемесі мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық нарықтағы ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіштермен толықтырылады. /43/

Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қарыздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Реттеудің ішкі шаруашылық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржы қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері және олардың пайдалану қолданылады. Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәріне толық қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді. /28/

Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салық пен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділікті ынталығын қамтамасыз етуге арналған. Салықтардың көмегімен рентабелділіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады. /29/

1. 2 Салықтардың экономикалық мәні мен олардың жалпы сипаттамасы

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. /39/

Салықтар дегеніміз - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория. Салықтар - мемлекеттің, оның бюджеттік саласының (білім берудің, денсаулық сақтаудың, ғылымның, мәдениеттің, өнердің және тағы басқалары) өмір сүруінің басты көзі болып табылатын салық төлеуші жеке және заңды тұлғалардан мемлкет өндіріп алатын міндетті төлемдер. Оның мөлшері мен төленуі заңмен белгіленген. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория. /1/

Салықтардың экономикалық мәні мынада:

  • біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
  • екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. /34/

Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларымен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтардың мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және қызметтерімен айқындалады. Белгілі философ Фрэнис Бэкон «Салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы» деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: «заңды түрде белгілнген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады» - деп жазылған.

Салықтар - мемлекет қаржысының қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистері, философтар, ойшылдар көптнген еңбектер жазған. Мысалы: Ф. Аквинский «Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны» ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А. Смит «Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі» деп тұжырымдаған. /30/

“Салық” ұғымы әр түрлі экономикалық әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде көрсетіледі.

Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.

Салықтардың мынандай негізгі қызметтері бар:

  1. Фискалдық;
  2. Реттеушілік;
  3. Бақылаушылық.

Салықтардың бірінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызмет. Ол барлық мемлекеттерге тән негізгі қызметі болып табылады. Бұл қызмет түрі мемлекеттің бюджетті толықтыру үшін, кәсіпорындар мен азаматтардың ақшалай табысының бір бөлігін эквивалентсіз, мәжбүрлеп алу негізінде толықтыру. Салықтардың осы қызметі арқасында мемлекеттің ақшалай қоры пайда болады және мемлекет өмір сүруі мен ары қарай қызметін атқару үшін материалдық жағдайлар жасайды. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери, қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Фискалдық қызмет мемлекеттің экономиканы реттеудегі рөлін арттыру үшін, объективті алғы шарттарын құрастырады. Ал бұл өз кезегінде, салықтың экономикалық қызметіне сәйкестендіріледі. /19/

Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзін құрайтын негізгі қаржылық көздер - салықтар. Қазіргі кезде қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіндегі салықтық төлемдердің үлесін мына бірінші кестедегі мәліметтерден көруге болады.

1-кесте

Қазақстан Республикасы 2001 - 2004 жылдарындағы мемлекеттік бюджетінің жалпы кірісіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы

( млн. тенге)

Жылдар
2001ж
2002ж
2003ж
2004ж
Жылдар:

Мемлекеттік бюджет кірісі (млрд. тг)

Оның ішіндегі, салықтық түсімдер (млрд. тг)

2001ж:

733 660

635 792

2002ж:

807 852

752 785

2003ж:

1 004 566

947 251

2004ж:

1 286 734

1 186 137

Жылдар: Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлес салмағы (%)
2001ж: 86, 7
2002ж: 93, 2
2003ж: 94, 3
2004ж: 92, 7

Әдебиет: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің стаистикалық бюллетені. №2(74), 2005жыл.

Кестеде көрсетілген мәліметтерді қарастыра келе, қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кірісі көзінің 90 пайыздан аса салықтардан тұратынын көруге болады, егер базалық 2001 жылмен салыстырсақ 6 пайызға өсіп отыр. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі ұлғайған сайын, салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, онда алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүние жүзілік қаржы ғылымында экономикалық саясаттың ең қуатты құралы ретінде, салық салудың реттеу қызметің пайдалану қажеттілігі пайда болды. Реттеушілік қызметі мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болды. Бұл көз қарастар А. И. Буковецк, П. П. Гензе, И. М. Кулишер, В. Н. Твердохлебовтың «Шетел мемлекеттерінің салығы» (1926 жылғы) атты монографиясында, П. В. Микеладзенің «Шетел мемлекеттеріндегі салық салу жүктемесі» (1928 жылғы) атты кітабында, К. Ф. Шмелевтың «Салық салудың жүктемелі мәселелері» (1928 жылғы), А. А. Тривустың «Салық - экономикалық саясаттың құралы ретінде» (1925 жылғы), В. В. Дитманның «Салық аудару » (1930 жылғы) атты еңбектерінде толық сипатталған. /9/

Авторлардың пікірінше, салық қызметі - бұл оның қасиетінің көрсететін тәсілі, яғни осы экономикалық категорияның қоғамдық міндеттемесін қалай жүзеге асыратынын бейнелейтін, салық мәнінің көрінісі. Барлық салық қызметінің мақсаты бір - ол, мемлекеттің салық жүйесінің және олардың бюджет саясатының тиімділігін анықтауы. Салықтың реттеуші қызметі, олардың ұдайы өндіріс процесінің серпініне және көлеміне ықпал етуімен ерекшелешенеді. Салықтың өзгеруі тура (жұмыс, қызмет) ұсынысы мен сұранысының, сондай-ақ инвестиция мен жинақты арттыруына немесе қысқартуына әкеліп соғады. Сонымен қатар салықтың еңбек белсенділігін, ресурстар жинағын, инновацияны, қоршаған ортаны қорғау үшін экономикалық жағдайлар туғызады немесе керісінше жояды. Сондықтан да салық салу - мемлекеттің нарықтық шаруашылыққа араласуының анағұрлым белсенді құралы. Ол экономикалық өсуді, әлеуметтік қайта құрылымды жылдамдатуға немесе баяулатуға қабілетті.

Реттеушілік қызметі салық механизімі арқылы іске асырылады. Ол халық шаруашылығының дамуына байланысты қабылданған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Оның ішіндегі негізгі тетіктер салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланысты болуы керек. /27/

Салықтардың келесі негізгі қызеті ол бақылаушылық қызметі, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет түрінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына бақылау ісі жүргізіледі, салық жүйесі мен бюджет саясатын жетілдіру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиімді жүргізу арқылы салықтық тәртіпті қатаң сақтау, салық төлеушілердің заңға сәйкес төлейтін салықтар мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп отыруы қамтамасыз етіледі. /23/

Салық ісін тиімді ұйымдастыру мақсатында салықтарды белгілі топтарға бөліп жіктейміз.

Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:

  1. Салық салу объектісіне байланысты;
  2. Қолдануына қарай;
  3. Салық салу органына байланысты;
  4. Экономикалық ерекшелігіне байланысты;
  5. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;

Салықтың бірнеше белгілері бойынша жіктелінуі толық сипаттамасын 2 - кестеден көруге болады.

2 - кесте

Салықтардың жіктелуі

Белгісі
Салық түрі
Қосымша сипаттамасы
Белгісі: Салықтарды пайдалану сипаттамасына байланысты
Салық түрі: Жалпы
Қосымша сипаттамасы: Салықтардың бюджеттің басқа кірістерімен араласып жұмсалуы
Белгісі: Мақсатты
Салық түрі: Нақты шараларды пайдалану үшін қолданылады
Белгісі: Салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасы бойынша
Салық түрі: Тікелей
Қосымша сипаттамасы: Салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады
Белгісі: Жанама
Салық түрі: Тауар бағасынан немесе көрсетілген қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді
Белгісі: Салықтарды өндіріп алу органдарына байланысты
Салық түрі: Республикалық
Қосымша сипаттамасы: Мемлекет табысы болып саналатын салықтар
Белгісі: Жергілікті
Салық түрі: Жергілікті бюджеттің табыс көзі болып саналатын салықтар
Белгісі: 2 - кестенің жалғасы
Белгісі: 1
Салық түрі: 2
Қосымша сипаттамасы: 3
Белгісі: Салықтарды төлеу формасына байланысты
Салық түрі: Ақшалай
Қосымша сипаттамасы: Ақшалай формада төленетін салықтар
Белгісі: Натуралды
Салық түрі: Жер қойнауын пайдаланушылардың келісімінде белгіленген, кен өнімдерінің үлесі ретіндегі салықтар
Белгісі: Субъктісі бойынша
Салық түрі: Заңды тұлғалар
Қосымша сипаттамасы: Субъектісі болып заңды тұлғалар, резидент және резидент емес, тұрақты мекемелердің корпорациялық салығы
Белгісі: Жеке тұлғалар
Салық түрі: Жеке тұлғалармен төленетін жеке салықтар
Белгісі: Объектілердің экономикалық белгілері бойынша
Салық түрі: Табысқа салынатын
Қосымша сипаттамасы: Кез-келген салық салу объектісінің табысынан алынатын салықтар
Белгісі: Тұтынуға салынатын
Салық түрі: Тауарлар мен қызметтерді тұтынғаны үшін төленетін шығын салықтары
Белгісі: Бюджеттік реттеу құралы ретінде
Салық түрі: Бекітілген
Қосымша сипаттамасы: Бюджеттің белгілі түрінің табыс көзі ретінде заңға сәйкес бекітілген салықтар
Белгісі: Реттеуші
Салық түрі: Жыл сайынғы бекіткен бюджет процессінде жоғары бюджеттен төменгі бюджетке оны теңестіру мақсатында берілетін салықтар
Белгісі: Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне байланысты
Салық түрі: Кадастрлік
Қосымша сипаттамасы: Салықтарды есептеу және өндіріп алу - салық объектілерінің тізімдемесі негізінде, олардың нақты табыстарын есепке алмай, көрсетілген табыс нормасымен жүзеге асырылады
Белгісі: Декларация бойынша
Салық түрі: Салық төлеуші табыс көлемін, қажетті жеңілдіктері мен шегерімдерін көрсетеді және салық сомасын есептейді
Белгісі: Табыс алу көзінен
Салық түрі: Табысты алған жерден салық төлеушінің жұмыс істейтін заңды тұлғалардың бухгалтерімен сол жерде есептеліп, төленеді
Белгісі: Патент негізінде
Салық түрі: Кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі қызмет түріне патент енгізіледі
Белгісі: Есептік экономикалық мақсаттарға сай
Салық түрі:
  • айналым шығынына жататын салық;
  • өнімнің (жұмыстың, қызметтің) сатылу құнына енген;
  • қаражат нәтижсіне жататын (пайдадан салық алынбай тұрған) салық

Әдебиет: /20 /

Салықты жіктеудің бір белгісі болып, олардың экономикаға тікелей немесе жанама әсер етуі саналады. Осындай белгілері бойынша салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан мынадай: баға құрылымын, өндіріс шығынын, инвестицияны және жұмыспен қамтуды реттейтін салықтар ерекшеленеді. Салықтардың экономикалық жеңілдіктерінің осы түрі, әрбір салықтың шаруашылық қызметтеріне жан-жақты әсер ететіндіктен, шартты сипаттамада болады және экономикалық қатынастардың барлық салаларына жалпы әсерін тигізеді. Қандай да бір салық түрінің, экономикалық құбылыстың нақты бір түріне жатқызу кезінде, оның үстемдік әсері ескеріледі. /31/

Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі. Тікелей салықтар табысқа немесе мүлікке салынады.

Тікелей салықтарға мынандай салықтар жатады:

  • корпорациялық табыс салығы;
  • жеке табыс салығы;
  • жер салығы;
  • көлік құралдарына салынатың салық және т. б.

Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:

  • қосылған құңға салынатың салық;
  • акциздер.

Бюджетке түскен соң қолданылатың белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып жіктеледі:

- Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсатта жұмсалады. Оған корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т. б.

- Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын-ала белгіленген нақты шараға жұмсалады. Мысалы; көлік құралдарына салынатын салық жол қорын құруға жұмсалады.

Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.

- Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез-келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.

- Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады. /35/

Салық салу объектісіне бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып бөлінеді. Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатың объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады. Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алынатын табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы жатады.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. /9/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Экономикалық өсудің қарқыны
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Салықтардың экономикалық мәнін ашып, олардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлін айқындап, олардың бюджет кірісін қалыптастырудағы маңыздылығын арттыру бағыттары
Экспорт пен ұлттық экономика
Қаржы және қаржы жүйесінің мазмұны, қажеттілігі
Кәсіпорындар нарығы
Мемлекет экономикасын реттеудегі салық жүйесінің мәні
Дағдарыстан кейінгі кезең
Инвестициялық саясаттың модельдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz