Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тарих факультеті
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
XVI-XVIII Ғ. БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Орындаған 4-курс
студенті Ахметжанов Д. Г.
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Жаппасов Ж. Е.
Қорғауға жіберілді “ ” 2006 ж.
Қазақстанның ежелгі және
ортағасырлардағы тарихы
кафедрасының меңгерушісі,
т. ғ. д., профессор Омарбеков Т. О.
АЛМАТЫ 2006
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І. ҚАЗАҚ-ОРЫС БАЙЛАНЫСТАРЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ . . . 12
- XVI-XVIII ғ. І-жартысындағы қазақ-орыс қарым-қатынастарының тарихнамасы . . . 12
- Қазақ-орыс қарым-қатынастарының бағыттары . . . 21
ІІ. қазақ хандығы және мәскеу мемлекеті . . . 33
2. 1 Елшіліктер . . . 33
2. 2 Қарым-қатынастардың нығаюы . . . 47
ІІІ. XVIII ғ. I-жартысындағы қазақ хандығы мен ресей арасындағы қарым-қатынастар . . . 51
3. 1 Саяси қатынастар . . . 51
- Экономикалық қатынастар . . . 57
қорытынды . . . 61
пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 65
КІРІСПЕ
Әр түрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені, осы кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ірге тасы - Қазақ хандығы тарих сахнасына шығып, қазақ халқы халық болып қалыптасып, ішкі және сыртқы саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.
Кез - келген мемлекет пайда болып, қалыптасқаннан кейін - ақ өзінің ары қарай дамуы, күшеюі үшін ішкі және сыртқы саясатын көрегендікпен, дұрыс жүргізе білуі тиіс. Осындай тарихи үрдісті берік ұстанған Қазақ хандығы ХҮІ - ХҮІІІ ғасырларда өзінің сыртқы саясатында Орта Азия хандықтарымен, Көшімнің Сібір хандығымен, Ноғайлар мен Орыс елімен түрлі бағыттардағы қарым - қатынастар орнатты. Көрші елдермен байланысқа түскен Қазақ хандары өздерін шебер дипломат ретінде көрсете білді.
Осындай көрші елдермен байланыстарының ішінде батыстағы Ресеймен қарым - қатынасқа түсудің Қазақ хандығы үшін де, әсіресе, Орыс елі үшін маңызы зор еді. Қазақ - орыс қарым - қатынастарының түп тамыры тереңде жатыр. Сонау қыпшақтар кезеңінде, монғолдар жаулап алғаннан кейін де бұл үрдіс үзілмей жалғасып келеді.
ХҮ ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы тарих сахнасына көтеріліп, өзінің территориясын қалыптастырып, күшейгеннен кейін, оның атақ - даңқы бүкіл көрші елдерді сескендіріп, күллі Еуропаға тарады. Бұл, әрине Жәнібек ханның ұлы Қасым ханнның тұсында болатын. Міне, осы Қасым хан тұсында (1511 жылы билікке келді) қазақ - орыс қарым - қатынастары нақты орныққан. Кейін де Хақ - Назар хан, Тәуекел, Тәуке хандар тұсында жандана түскен.
Қазақ - орыс қарым - қатынастары екі елдің билеушілеріне байланысты, тарихи оқиғалар мен кезеңдерге байланысты әр түрлі бағыттарды қамтыды. Соның ішінде, саяси, сауда - экономикалық, әскери және т. б. Менің біріту жұмысым осы екі ел арасындағы байланыстарды жан - жақты ашып көрсетуге бағытталған.
Тақырыптың өзектілігі.
ХҮІ - ХҮІІІ ғ. ғ. аралығындағы Қазақ хандығының көрші мемлекеттерімен, соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым - қатынасын зерттеудің бүгінгі таңда маңызы зор. Әрине, осы уақытқа дейін Қазақ хандығының көрші орыс елімен қарым - қатынас тарихы көптеген ғылыми зерттеулерде қарастырылған мәселелердің бірі болғанымен, төл тарихымызда объективті зерттеліп, бір арнаға түсе алмай немесе Кеңес дәуірі тұсындағы тарихшылардың еңбектерінде маркстік - лениндік идеологияның үстемдік етуімен бір жақты, үстірт қарастырылғанына көзіміз жетіп отыр.
Сондықтан да Қазақ хандығының орыс елімен қарым - қатынастарын зерттеген Кеңес дәуіріне дейінгі, кеңес дәуіріндегі тарихшылардың еңбектеріндегі пікірлер қайта қарауды және деректер мен тәуелсіздік алғаннан кейін жазылған еңбектерді пайдалана отырып, объективті тұжырымдар жасауды қажет етіп отыр. Сонымен қатар, қазақ - орыс қарым - қатынастарының тарихын жан - жақты саралау бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі екені даусыз.
Сондай - ақ, бұл тақырып Кеңес дәуірінде бір жақты зерттелгенімен, жалпы мәселе толығымен өзінің обьективті бағасын алып болмады. Өйткені, жазба деректер мен құжаттардың қоры шектеулі, көбісі Мәскеуде өрт болғанда жанып кеткен және идеологияға сай әбден бұрмаланған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ - орыс қарым - қатынастарының тарихи төңкеріске дейін де, кеңес үкіметі тұсында да, қазіргі тәуелсіздік алған тұста да тарихшы, саясаттанушы, дипломаттардың назарынан түспей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе, тарихшылар тарапынан бұл мәселе көп зерттелгенімен, әлі де болса өз бағасын алып болмаған тақырып. Осы тұста біз ең алдымен төңкеріске дейінгі зерттеушілердің еңбектеріне тоқталып өтейік. Ең алдымен қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиқанов „қазақ халқының Геродоты” деп бағалаған А. И. Левшиннің 1832 жылы жарық көрген „Описание киргиз - қазачьих или киргиз - кайсацких орд и степей” атты еңбегін атап өту қажет. Бұл еңбектің құндылығы сонда, патша архивінің материалы мен сол кезеңдегі еңбектердің негізінде жазылған. Еңбекте қазақтардың ішкі жағдай, географиясы, орыс елімен қарым - қатынасы ашып көрсетірген /1/.
Қазақстан тарихы ғылымында тұңғыш этнограф ғалым Шоқан Уәлиханов Сібір жылнамаларын, ондағы мәліметтерді терең біліп, орынды пайдаланған. Әсіресе, Сібір қырғыздары туралы жазбаларында, Ораз Мұхаммед жөнінде, орыс - қазақ қарым - қатынастары туралы жазғанын профессор Березинге хатында шебер қолданғанын байқаймыз /2/.
Ортағасырлардағы қазақ тарихын шығыс деректеріне сүйене отырып зерттеу ең алдымен В. В. Вельяминов - Зерновтың есімімен тікелей байланысты. Ғалым өзінің „Исследование о Касимовских царях и царевичах” деген еңбегінде қазақтар туралы мәліметтер кездесетін көптеген шығыс деректерін орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізді. Әсіресе, бұл еңбектегі Хан - Керменде хан болған Ораз Мұхаммед туралы пікірлері жан - жақты болып табылады /3/.
ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының сыртқы қарым - қатынастары А. П. Чулошниковтың еңбегінде қарастырылады /4/.
Академик В. Бартольд өзінің еңбектерінде Қазақ хандығы мен Орта Азия хандықтары арасындағы қарым - қатынастарды қарастырып, көптеген тың фактілер береді /5/.
Сонымен қатар, бұл мәселе тарихшы М. П. Вяткиннің, И. Я. Златкиннің, Р. Б. Сүлейменов және т. б. зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады /6/. Әсіресе, Р. Б. Сүлейменов ХҮІ - ХҮІІІ ғ. ғ. Қазақ хандығының сыртқы саяси байланысының кеңестік тарихнамасын жасауы ғылыми айналымға үлкен тарихи жетістіктерді берді. Ол Б. С. Сүлейменов, В. Я. Басиннің, Т. Ж. Шойынбаевтың, Н. Г. Аполлова, Ж. Қ. Қасымбаевтардың еңбектерін сынға алып, оған тарихнамалық талдау жасаған.
Зерттеуші В. А. Моисеев „Джунгарское ханство и казахи ХҮІІ - ХҮІІІ в. в. ” атты еңбегінде қазақтар мен ойраттардың қарым - қатынастарын тарихи деректердің негізінде талдап, бұл қарым - қатынастарды сол кезеңдегі орыс елінің сыртқы саясатымен байланыстыра қарайды. Мұнда Мәскеу мемлекетінің Қазақ хандығымен алғашқы байланыстары ХҮ ғасырдың соңында басталған дейді. Мұны 1575 - 1584 жылдары Патша мұрағатында нөмірі 38 - ші жәшікте Қасым хан тұсындағы қазақтар мен Иван хан тұсындағы түмендіктерге арналған кітаптар мен тізімдердің сақталғандығымен дәлелдейді. Сонымен қатар автор қазақ - орыс қарым - қатынастары ХҮІ ғасырдың екінші жартысында, яғни, Қазан және Астрахан хандықтарын орыс елі жойғаннан кейін тұрақтанды деп, осыдан кейін орыстар қазақ көшпелілерінің шекараларына екі жол арқылы тез жылжи бастады, оның бірі - батысында Орал, екіншісі - солтүстігінде Ертіс өзені арқылы жүрді дейді. Сонымен қатар екі ел бірігіп одақтасуы жиілегендігі, одақтар „бейбіт” және „дұшпандық” бағыттарда болғандығын атап өтеді /7/.
Тарихшы В. Я. Басиннің 1971 жылы жарық көрген „Россия и Казахские ханства в ХҮІ - ХҮІІІ в. в. ” атты көлемді еңбегі тікелей біз қарастырып отырған мәселеге арналған. Мұнда қазақ - орыс қарым - қатынастарының негізінде Ресей империясының сыртқы саясатындағы Қазақстанның алатын орны, орыс елінің қазақтарға ықпалын күшейту мақсатында ұстанған дипломатиялық әдістері, қазақ - жоңғар қарым - қатынасындағы Ресейдің алатын орны, қазақ - орыс байланыстарының нығаюының себептері мен мақсаттары қарастырылған. Сонымен қатар, В. Басиннің еңбегінде: „Біз Қазақстан мен Ресей қарым - қатынастарының тарихын жалпы мақұлданған (Қазақстан - Ресей) әдістеме тұрғысынан емес, керісінше (Ресей - Қазақстан) қарастырмақпыз”, - дейді /8/.
Қазақ - орыс қарым - қатынастарының құжаттар жинағына енбеген, жаңадан ғылыми айналымға ене бастаған тарихшы А. Исиннің Мәскеу мұрағатынан алған деректері біз қарастырып отырған мәселеге жаңаша тұжырымдар жасауға маңызы зор. Мәскеу (Центральный Государственный архив древних актов СССР немесе РГАДА) мұрағатындағы „елшілік кітаптарынан” алынған тың мәліметтерді тарихшы А. Исин талдап, өзінің қазақ - ноғай қарым - қатынастарына арналған зерттеу еңбегіне пайдаланған. Мұнда Мәскеу саясаткерлерінің елшілік қатынастары туралы мәліметтері, мемлекет билеушілерінің бір - біріне жолдаған хат мәтіндері, шет елге келген адамдардың әңгімелері, елшілік есептер мен елшілерге берілген арнаулы нұсқаулары тіркелген. Сонымен қатар, А. Исин орыс мемлекетінің Ноғай ордасымен, Қырым, Түркиямен байланыс құжаттарын қарастырып, қазақтар мен Қазақ хандығы туралы, оның сыртқы саясатының кейбір белгісіз тұстарын ашып көрсетті /9/. А. Исиннің пікірінше қазақ - орыс қарым - қатынастары сонау ХҮІ ғасырдың басында - ақ бастау алған. Өйткені, Қасым хан тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналып, күллі Еуропа мен Ресейге танымал болды. Сондықтан да Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы елшілік байланыстар болмауы мүмкін емес. Бұл екі ел арасындағы елшіліктер сол кезеңдегі елшілік кітаптарында тіркелген және ХҮІ ғасырдың соңына дейін Мәскеуде сақталған еді. Бірақта, 1626 жылғы Мәскеудегі өрттен кейін ол кітап аталмайды дейді А. Исин /10/. Сондай - ақ елшілік бұйрығының мұрағатында сақталған деректерде Қазақтың ханы Қасым ханның 1521 жылы қыста дүниеден өткенін хабарлайды. Бұл мәлімет тарихшылардың Қасым ханның қайтыс болған жылына байланысты (1518, 1523 - 1524 жыл) түрлі пікірлеріне нақты жауап бола алады. Осыдан кейін А. Исин Мәскеу мұрағатындағы аса маңызды деректердің бірі деп Ақ Назар ханның (Хақназар ) 1571 - 1572 жылдары Мәскеуге елші жібергені туралы мәлім дейді. Бұл елшіліктің мақсаты - өзара тиімді саяси және экономикалық байланыстарды құру еді дей келе А. Исин осы кезеңдегі Мәскеудің жағдайы (Қырым ханы Дәулет Керей 2 рет жорық жасап, Мәскеуді өртейді) аса қиын екенін ескертеді /11/. А. Исиннің мұрағат материалдарының негізінде енгізген жаңа пікірлері негізсіз болмағанымен, келешекте қайта қарауды қажет етеді.
Қазақ жерлерін отарлау сонау ХҮІ ғасырдың соңында әскери казактардан бастау алатынын дәлелдеген тарихшы М. Әбдіровтің ғылыми еңбегі бізге қазақ - орыс байланыстарынан құнды мәліметтер береді. „Ресей империясының отарлауы, Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің алғышарты ХҮІ ғасырдың 80-ші жылдарынан - ХҮІІІ ғ. алғашқы онжылдықтары аралығында”, - деп пікір айтқан М. Әбдіровтың „Қазақстанды әскери казактық отарлау” атты диссертациялық зерттеуі қазақ - орыс қарым - қатынастарына жаңа тұжырымдар жасауға жол ашады. М. Әбдіров өз зерттеуінде Ресей патшалығының Қазақстан мен Сібірді жаулап алу саясатының қол шоқпары болған казактардың ХҮІ ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап орыс патшасының жазалаушы экспедицияларына қатысқанын айта келіп, ХҮІ ғасырдың 80-ші жылдары казактардың Ермак бастаған бір бөлігін Батыс Сібірге келуі орыс патшасының Қазақстандағы отарлау саясатының бастауы болған дейді. Қазақстанды „әскери - казактық” отарлау түсінігін М. Әбдіров, біріншіден, „әскери отарлау” - патшалық Ресейдің тек әскери күшті қалайтындығы және бұл мемлекеттің милитаристік сипаты туралы мағына берсе, екіншіден, „әскери отарлау” - абсолюттік монархияның әскери - феодалдық басып алушылық саясатының алғы шебінде әрдайым казактардың жүргендігі туралы мағына береді деп нақты және дәл ашып береді. Сөйтіп, Патшалық Ресейдің Батыс Сібірдің (Көшім хандығы) оңтүстігі мен солтүстік Қазақстандағы казак атаманы Ермактың басшылығымен жасалған агрессияны М. Әбдіров қазақ халқына да бағытталған агрессия деп түсіну керек дейді. Яғни, мұның өзі қазақ - орыс қарым - қатынастарының бұрын айтылмаған қырларын ашуға мол үлесін қосады /12/. Сонымен қатар, М. Әбдіровтың Сібір хандығының билеушісі Көшім хан туралы, оның өмірі мен орыс мемлекеті арасындағы байланыстары, әртүрлі дипломатиялық әрекеттері туралы құнды еңбегі жарық көрген. Бұл еңбек орыс елі мен Сібір хандығы арасындағы қарым - қатынастар жайында мәліметтерді көп береді және түсіндіру барысында Қазақ ханы Тәуеекелдің немере інісі Ораз Мұхаммедтің (Жәнібек - Жәдік - Шығай - Ондан - Ораз Мұхаммед -) Мәскеудегі қызметіне тоқталады /13/.
Сондай - ақ Т. И. Сұлтановтың /14/, М. Х. Әбусеитовалардың /15/ еңбектерінде қазақ - орыс қарым - қатынастарының кейбір қырлары егжей - тегжейлі қарастырылған /16/.
ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ - орыс қарым - қатынастары, елшіліктер мен әскери қақтығыстар, дипломатиялық байланыстарды тарихшы ғалымдар - Ж. Қ. Қасымбаев, С. М. Мәшімбаев, Э. Т. Телеуова, А. М. Әбділдабекова, Ж. Ж. Жаппасов және т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырған /17/.
Қорыта келетін болсақ, біз әр кезеңдегі тарихшылардың ірі еңбектеріндегі ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ - орыс елдерінің арасындағы қарым - қатынас тарихының зерттелуіне біршама талдау жасап, екі ел арасындағы байланыстар тарихы Қазан төңкерісіне дейін де, Кеңес дәуірінде де Тәуелсіздік алғаннан кейін де зерттеушілердің назарынан түспеген мәселелердің бірі болғандығына көзіміз жетіп отыр. Жалпы мәселенің негізінен біршама зерттелгенін айтуға болады. Дегенмен тарихнамалық талдау оның әлі де ашылмай отырған мәселе жаңа тарихи таным тұрғысында, тың деректер негізінде дәйекті түрде зерттеуді қажет етеді. Болашақта бұл мәселеге берілген тарихи баға мен көзқарастар қайта зерделеніп қаралуы тиіс.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ - орыс елдерінің арасындағы байланыстарының жүйелі тарихы мен зерттелу мәселелері алынған.
Зерттеу пәні Қазақ хандығының орыс елімен қарым-қатынастарын қарастырған отандық және шет елдік зерттеу еңбектері болып табылады.
Бітіру жұмысымның мақсаты.
Бұл жұмысты зерттеу барысында, ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы мен Орыс елі арасындағы саяси, сауда - экономикалық, әскери қарым - қатынастар мен елшілік алмасулардың себебіне, сипатына, түрлеріне тарихи талдау жасап, жан - жақты ашып көрсетуді, қорытындыларын анықтауды мақсат етіп қойдым. Жазба деректер, құжаттар мен ауыз әдебиетінің міліметтерімен тарихнамалық жетістіктерге сүйене отырып, алдымызға қойған мақсатты орындау үшін бірнеше міндеттерді айқындадым.
Бітіру жұмысымның міндеттері:
- Қазақ - орыс қарым - қатынастарының жалпы зерттеушілер тарапынан зерттеу деңгейіне жан - жақты саралап, қазақ - орыс байланыстарының негізгі бағыттарын айқындау;
- ХҮІ - ХҮІІІ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының бағыттарын анықтау;
- Қазақ хандығы мен Мәскеу мемлекеті арасындағы ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы елшіліктердің мақсатына, себебіне, нәтижелеріне талдау жасау;
- Бұл қарым - қатынастардың нығаюын талдап, қорытындыларын айқындау;
- ХҮІІІ ғ. І-жартысындағы Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы саяси байланыстардың барысы мен нәтижелерін айқындау;
- Ресей империясының отарына айналғанға дейінгі екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың барысы мен қорытындыларын анықтау;
Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі
Ғылыми жұмысты жазу барысында обьективтілік, жан-жақтылық, нақтылық және тарихилық принциптері басшылыққа алынды. Сондай-ақ, жұмыста тарихи зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен талдау тәсілдері, тарихилық, құрылымдық-функциялық талдау, салыстыра талдау, жүйелілік т. б. басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі
ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлар аралығында ұзақ та ауыр, күрделі де өзіндік ерекшеліктерге толы дипломатиялық байланыстар қазақ - орыс елдері арасында үздіксіз жалғасып отырды. Оның дәлелі Қазақ хандығы мен орыс елі арасындағы байланыстардың негізгі дерегі - Қазақ ССР Ғылым Академииясының басшылығымен 1961 жылы жарық көрген „Казахско - русские отношения в ХҮІ - ХҮІІІ веках” деген құжаттар жинағы болып табылады. Бұл құжаттар жинағында 266 мұрағат құжаттары мен іс - қағаздардың жиырма төрті біз қарастырып отырған кезең дерегіне жатады. Жинақты құрастыру ісіне Ф. Н. Киреев, А. К. Алейникова, Г. Н. Семенюк және Т. Ж. Шойынбаевтар өз үлестерін қосты. Бұл құжаттар жинағында қазақ - орыс елдері арасындағы саяси, әскери, сауда - экономикалық, елшілік байланыстары туралы құнды мәліметтер сақталған /18/.
ХҮІ - ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының тарихынан құнды мәліметтерді Қадырғали Жалайырдың „Жылнамалар жинағы” атты еңбегі береді. Бұл еңбек 1602 жылы Ресейде Хан - Кермен (Қасым хандығы) қаласында тәмәмдалған. 1600 жылы Қасым хандығының тағына Ораз Мұхаммедтің отыру құрметіне Қадырғали өзінің кітабын жазады. Бұл еңбекте орыс елінде, нақтырақ айтсақ Қасым хандығында хан болған Ораз Мұхаммед туралы, оның ата - тегі жайлы мәліметтер бар. Қадырғали Жалаыр Ораз Мұхаммедті жақсы білген адам болғандықтан, оның дерегін жоғары бағалау қажет /19/.
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын зерттеуде орыс құжаттары мен мұрағат материалдарының маңызы зор. Тарихшы А. Исин Ресей мемлекеттік мұрағатындағы көптеген тың деректерді жаңадан ғылыми айналымға енгізді. Мәскеу мұрағатының деректері біз қарастырып отырған мәселеге жаңаша тұжырымдар жасауға көмектеседі /20/. Бұл мұрағатта Мәскеу саясаткерлерінің елшілік қатынастар туралы мәліметтері, мемлекеттері, шет елге барып келген адамдардың әңгімелері, елшілік есептер мен елшілерге берілген арнаулы нұсқаулары тіркелген.
Сонымен қатар Сібір жылнамаларының дерек ретіндегі маңызы жоғары. Өйткені, ХҮІ ғ. Орыс мемлекеті алдымен Қазан, Астраханды басып алғаннан соң Сібірге көз тікті. Ал Сібір Қазақстанның солтүстік шекарасында орналасты. Сондықтан да Строгонов жылнамасы (ХҮІІ ғ. Орта шені), С. Есиповтың „Сібір жылнамасы” (1687 ж. ) және „Ремезов жылнамасы” (ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басы) Қазақ ханығының тарихы үшін, оның ішінде Сібір хандығы, орыс елі арасындағы қарым - қатынас тарихын зерттеу үшін құнды деректер /21/.
ХҮІ - ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастарынан құнды мәліметтерді беретін, 1959 жылы жарық көрген «Материалы по истории русско-монгольских отношений 1607-1636 гг. Сборник документов» материалдар мен құжаттардың жинағының біз қарастырып отырған мәселені зерттеуде алатын орны ерекше.
ХҮІ - ХҮІІ ғасырларда дипломаттардың, саудагерлердің, миссионерлердің (Сигизмунд Герберштейн, Антоний Дженкинсон, Иовидің және т. б. ) Ресейдің шығыс шекараларына сапары Еуропаға қазақтарды танытқан еді. Италяндық Йови, австрия дипломаты Герберштейн Мәскеуде болып, патшамен сөйлесіп, білетін адамдардың әңгімесін жазып алып, бізге жетпеген деректерді де пайдаланған екен. Ал ағылшын саяхатшысы А. Дженкинсон 1558, 1560 ж. ж. екі рет Персияға сапарында Амудариядан Бұхараға дейін кесіп өткен. Ол өз еңбегінде қазақтардың күшті халық екендігін атап өткен /22/. Сонымен қатар, бұл адамдардың еңбектері көптеген тарихи оқиғаларды дұрыс талдауға көмектеседі.
Ресей патшалығы бұрыннан - ақ өздерінің саясатында көздеген мақсатына жету үшін елшілер, миссионер, саудагерлердің мәліметтерін жинақтаған. Осы саясатпен мәліметтерді жинақтай келіп орыстар ХҮІ ғасырда тұңғыш ресми картографиясын жасады. Мұнда қазақ ордасының орналасуы, даласы мен тауы, су мен өзен - көл туралы патшаға маңызды деректер сақталған /23/.
Зерттеу объектісі.
Жалпы алғанда, Қазақ хандығының тарихында ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегіндегі хандықтың өмірге келгеннен кейінгі уақыттағы алғашқы күшейіп - нығаюы - Қасым хан тұсындағы, қайта өрлеу кезеңі - Хақ Назар хан тұсындағы, Тәуекел мен Тәуке хандар тұсындағы орыс елімен байланыстарының саяси, сауда - экономикалық, әскери қарым - қатынастарының себебіне, түрлеріне, сипатына жан - жақты тарихи талдау жасау, оның негізгі нәтижелерін көрсету менің бітіру жұмысымның негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Жұмыстың хронологиялық шеңбері.
Бітіру жұмысының хронологиясы ХҮІ ғасыр - ХҮІІІ ғасыр аралығын қамтиды. ХҮІ ғ. басындағы Қасым хан, кейін Хақ - Назар хандар тұсындағы әлсіз байланыстардан, Тәуекел, Тәуке хандар тұсындағы күрделі елшіліктер мен қарым - қатынастардың нығаю кезеңін қамтиды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz