Сақтандыру шартының ұғымы
І. Кіріспе бөлім:
Сақтандыру шартының ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Сақтандыру қызметі.
2. Міндетті және ерікті сақтандыру.
3. Жеке және қос сақтандыру.
4. Топтық және ортақ сақтандыру.
5. Сақтандыру сыйақылары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиеттер
Сақтандыру шартының ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Сақтандыру қызметі.
2. Міндетті және ерікті сақтандыру.
3. Жеке және қос сақтандыру.
4. Топтық және ортақ сақтандыру.
5. Сақтандыру сыйақылары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Қолданылған әдебиеттер
Сақтандыру қоғамдық-өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі болып табылады. Адамдар мүліктердің иелері ретінде сақтандыруды өздерінің мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқада күтпеген жағдайда болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданылып келеді.Мұның өзі мүдделі адамдардың материалдық шығындарын бірігіп өтеу әдісін ойластыруға жұмылдырады. Мұндай жағдайда, ілгеріде мүмкін болатын шығынды бірігу арқылы көптің есебінен өтеу мүлік иелеріне өте пайдалы және олардың мүліктерінің сақталуына кепілдік береді.
Табиғат апаты, кез-келген уақытта болып тұрмайтын кездейсоқ жәйт, сондықтан зардап шегетіндердің саны мүдделі жақтарға қарағанда әлде қайда аз мөлшерде болады.Мұндай жағдайда мүмкін болатын залалды бірігу арқылы өтеу, мүдделі мүлік иелерінің апаттың салдарынан болған шығынды азайтады. Сақтандыру салымына қатысушылар анағұрлым көп болса, соғұрлым қатысушылардың әрқайсысының шығынға төленетін тиесілі қаражаты аз болады.Сақтандыру қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір оқиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты, универсалды қорғау құралы болып табылады. Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру төлемі,сақтандырушылардың жарналарынан құрылатын қор есебінен төленеді.Қазіргі өркениеттілік «Қоғам тәуекелдері» ретінде қарайды. Көптеген ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, ғылыми-техникалық жетістіктердің дамуы және оларды жер-жерде өндірістерге енгізілуі, апат аумағының көбейуі мүмкіндігін және осымен байланысты сақтандыру тәуекелдерінің туындау мүмкіндігі көп болмақ. Мұның растығына көз жеткізу үшін болып жатқан үлкен-үлкен апаттармен опаттардың статистикасымен немесе төтенше жағдайлар(өрттер,жарылыстар, авариялар мен жарақаттар ) жөніндегі оқиғаларды айтуға болады. Сақтандырудың өзіне тән нақты ерекшелігі бар.

1. ҚР-ның «Азаматтық кодексі» Алматы, 2008ж ( 202-210 б.б)
2. ҚР-ның « Азаматтық құқығы» ІІ-том ( Ерекше бөлім). Алматы, 2007

Жоспары
І. Кіріспе бөлім:
Сақтандыру шартының ұғымы.
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Сақтандыру қызметі.
2. Міндетті және ерікті сақтандыру.
3. Жеке және қос сақтандыру.
4. Топтық және ортақ сақтандыру.
5. Сақтандыру сыйақылары.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Сақтандыру.
Сақтандыру қоғамдық-өндіріс қатынастарының ежелгі санаттарының бірі
болып табылады. Адамдар мүліктердің иелері ретінде сақтандыруды өздерінің
мүліктерін табиғат апаттарынан немесе тонаудан, басқада күтпеген жағдайда
болатын шығындардан қорғану әдісі ретінде қолданылып келеді.Мұның өзі
мүдделі адамдардың материалдық шығындарын бірігіп өтеу әдісін ойластыруға
жұмылдырады. Мұндай жағдайда, ілгеріде мүмкін болатын шығынды бірігу арқылы
көптің есебінен өтеу мүлік иелеріне өте пайдалы және олардың мүліктерінің
сақталуына кепілдік береді.
Табиғат апаты, кез-келген уақытта болып тұрмайтын кездейсоқ жәйт, сондықтан
зардап шегетіндердің саны мүдделі жақтарға қарағанда әлде қайда аз мөлшерде
болады.Мұндай жағдайда мүмкін болатын залалды бірігу арқылы өтеу, мүдделі
мүлік иелерінің апаттың салдарынан болған шығынды азайтады. Сақтандыру
салымына қатысушылар анағұрлым көп болса, соғұрлым қатысушылардың
әрқайсысының шығынға төленетін тиесілі қаражаты аз болады.Сақтандыру
қазіргі уақытта жеке тұлғалардың да, заңды тұлғалардың да белгілі бір
оқиғаға байланысты (сақтандыру жағдайы) жан-жақты, универсалды қорғау
құралы болып табылады. Сақтандыру жағдайы болған кездегі сақтандыру
төлемі,сақтандырушылардың жарналарынан құрылатын қор есебінен
төленеді.Қазіргі өркениеттілік Қоғам тәуекелдері ретінде қарайды.
Көптеген ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша, ғылыми-техникалық
жетістіктердің дамуы және оларды жер-жерде өндірістерге енгізілуі, апат
аумағының көбейуі мүмкіндігін және осымен байланысты сақтандыру
тәуекелдерінің туындау мүмкіндігі көп болмақ. Мұның растығына көз жеткізу
үшін болып жатқан үлкен-үлкен апаттармен опаттардың статистикасымен немесе
төтенше жағдайлар(өрттер,жарылыстар, авариялар мен жарақаттар ) жөніндегі
оқиғаларды айтуға болады. Сақтандырудың өзіне тән нақты ерекшелігі бар.
Мұнда күні бұрын не бүлінеді, қандай зиян немесе оның мөлшері, не құрдығ,
неге немесе кімге залал болады? Осылардың бәрі күтпеген жерден болады.
Сақтандыру аясы да өте кең түрде қолданылады. Бұл тауар өндірісінде, қызмет
көрсетуді де, адам өмірі мен ден саулықты да, еңбекке қабілеттілікті де
қамтиды. Республикада жаңа сақтандыру рыногы қалыптасуда, мұнда ерікті
сақтандыру түрі бірінші орында. Әлеуметтік сақтандырудың түрі бойынша
мемлекеттік міндетті сақтандыру түрі енгізілді. (медициналық сақтандыру,
автомобиль көлігін сақтандыру, су көзін сақтандыру). Көптеген елдердің
азаматтық заңдарына, оның ішінде ҚР Азаматтық заңдарына сәйкес,
сақтандырушы сақтанушыға келтірілген зиянның толық мөлшері төленуі тиіс.
Сақтандыру бизнесінің дамуы сақтандыру туралы арнаулы заңдар мен Президент
жарлықтары жарияланғаннан кейін барып жөнге келе бастады. 1994-жылы
сақтандыру қызметін қадағалау және іріктеу жөніндегі уәкілетті орган,бұдан
соң 1995-жылдың қазан айында ведомствадан тыс Мемлекеттік сақтандыруды
қадағалау құрылды. 1999-жылдың шілдесінен бері уәкілетті мемлекеттік орган
Ұлттық банк болып табылады.
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңдар- Сақтандыру ісі
және сақтандыру қызметі туралы заңдар Қазақстан Республикасының
Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінен, осы заңмен Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік
құқықтық актілерінен тұрады. Осы заңмен тікелей реттелген қатынастарды
қоспағанда, сақтандырудан туындайтын және өзге де заң актілерінің
қолданылатын аясына жататын қатынастар осы актілермен реттеледі. Егер
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы заңдағыдан
өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Заңмен реттелетін қатынастар-Осы заң кәсіпкерлік қызмет түрі ретінде
сақтандыруды жүзеге асырудың негізгі ережелерін, сақтандыру, (қайта
сақтандыру) ұйымдарын,сақтандыру брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу,
олардың қызметін тоқтату ерекшеліктерін, өзгеде жеке және заңды тұлғалардың
сақтандыру рыногындағы қызметінің талаптарын, сақтандыру рыногын
мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін қадағалауды
қамтамасыз ету қағидаларын белгілейді.Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органың және ( немесе
)Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі Ұлттық Банк) осы
заңға сәйкес қабылдайтын нормативтік құқықтық актілері сақтандыру рыногының
барлық қатысушылары үшін міндетті болады.
Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі.
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар
кешені.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап ( сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын
төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы
басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома ( сақтандыру
сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға)
сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру сақтандыру шарты
негізінде жүзеге асырылады. Сақтандыру нысандары:
1). Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті :
2). Сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік:
3).Сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және
жинақтаушы емес болып табылады. Сақтандыру қызметін лицензиялау мақсатында
заң актілерінде өзгеше жіктеу көзделуі мүмкін
Сақтандыру қызметі
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының
талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде не Қазақстан
Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес
лицензиясыз жузеге асырылатын қызметі.
Шетелдік жеке және заңды тұлғалар мен азаматтығы жоқ адамдарды сақтандыру.
Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның
ішінде өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратындар
сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен
және заңды тұлғалары мен бірдей пайдаланады.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру.-Сақтандыру салалары, сыныптары және
түрлері.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді.
Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру саласы және
жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру –саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды:
1) өмірді сақтандыру:
2) аннуитеттік сақтандыру:
3) өмірде белгілі бір оқиғаның басталуынан сақтандыру:
4) сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді
сақтандыру
Жалпы сақтандыру сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай
сыныптарды қамтиды.
1) жазатайым жағдайлардан сақтандыру:
2) ауырған жағдайдан сақтандыру:
3) автомобиль көлігін сақтандыру:
4) темір жол көлігін сақтандыру:
5) әуе көлігін сақтандыру:
6) су көлігін сақтандыру:
7) жүктерді сақтандыру:
8) осы 3)-7) аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру:
9) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру:
10) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтау:
11) су көлігі иелерінің азаматтық- құқықтық жауапкершілігін сақтау:
12) осы 9)-11) аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру:
13) заемдарды сақтандыру:
14) ипотеканы сақтандыру:
15) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру:
16) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру:
17) сот шығыстарынан сақтандыру:
Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін)
жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың
жекелеген сыныптары шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті
органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді. Сақтандыру түрі,
сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың
бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру
өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру полисін
бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі
қызметті уәкілетті органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана
жүзеге асыруға құқылы.Мазмұны мен талаптары Қазақстан Республикасының
сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заңнамалық актісімен айқындалатын
міндетті сақтандырудың әр бір түрі сақтандырудың жекелеген сыныбы болып
табылады.Сонымен
Міндетті сақтандыру
Егер сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін заң нмалық актілерде өзгеше
белгіленбесе, талаптары тараптадың келісімімен айқындалатын, заңнамалық
актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Өз өмірін немесе
денсаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен де шартпен де
жүктеуге болмайды. Міндетті сақтандыру Сақтанушының есебінен жүзеге
асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы, егер сақтандырудың осы
түрін реттейтін заң намалық актілерде өзгеше белгіленбесе, тараптардың
келісімімен айқындалған талаптар бойынша сақтандырушы мен шарт жасасуға
міндетті. Міндетті сақтандыру шарты сақтандырудың осы түрін жүзеге асыруға
лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалады. Сақтандырудың міндетті түрін
реттейтін заңнамалық актілерде тәртібі мен талаптары белгіленген міндетті
сақтандыру шартын жасасу, егер осы заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе,
жоғарыда аталған сақтандырушы үшін міндетті болып табылады.
Мiндеттi сақтандыру туралы ережелердiң бұзылу зардабы. Заң актiлерiне
сәйкес пайдасына мiндеттi сақтандыру жүзеге асырылуы тиiс болған адам, егер
оның сақтандырылмағандығы белгiлi болса, осы мiндет жүктелген тұлғадан оны
сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Егер сақтандыру мiндетi жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе
сақтандыру шартын заң актiлерiнде көзделгенмен салыстырғанда
сақтандырылғандардың жағдайын нашарлататындай жағдайда жасаған болса, бұл
тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезiнде
сақтандыру төлемi қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса,
сақтандырылғандардың алдында сондай талаптарда жауапты болады.
Заң актiлерiмен сақтанушы болу мiндетi жүктелген тұлға осы Кодекстiң 806-
бабының 5-тармағына сәйкес сақтандыруды жүзеге асыруға мiндеттi, алайда
одан жалтаратын сақтандырушыны заң актiлерiнде көзделген талаптарда
сақтандыру шартын жасауға мәжбүр етудi сот тәртiбiмен талап етуге құқылы.
Сақтанушы ретiнде оны жүзеге асыруға мiндеттi тұлғалардың, сондай-ақ
сақтандырушы ретiнде iс-қимыл жасауға мiндеттi сақтандыру ұйымының
сақтандырудан жалтаруы заң актiлерiнде көзделген жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру. Ерікті сақтандырудың түрлері, шарттарымен тәртібі тараптардың
келісімі бойынша белгіленеді.
Сақтандыру объектісі – Азаматтардың және заңды тұлғалардың, соның ішінде:
1). Азаматтардың белгілі бір жасқа дейін немесе сақтандыру шартында
белгіленген мерзімге дейін өмір сүруіне, өліміне, азаматтардың өмірінде
белгілі бір оқиғалардың басталуына:
2). Жазатайым жағдайлардың және өзгеде оқиғалардың, аурулардың салдарынан
азаматтардың өмірімен денсаулығына зиян келтірілуіне.
3). Мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оқан билік етуіне:
4). Басқа тұлғаларға , соның ішінде шартты (міндеттімелерді) бұзу
салдарынан келтірілген зиянды өтеу міндетіне байланысты кез – келген
мүліктік мудделері мүліктік және сақтандыру объектілері бола алады.
Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру объектісі заң
актілерімен айқындалады.
Сақтанушының құқыққа қайшы мүліктік мүдделері сақтандыруға жатпайды.
Міндетті сақтандыру туралы ережелердің бұзылу зардабы.
Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс
болған адам, егер оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет
жүктелген тұлғадан оны сот тәртібімен талап етуге құқылы.
Егер сақтандыру міндеті жүктелген тұлға оны жүзеге асырмаса немесе
сақтандыру шартын заң актілерінде көзделген мен салыстырғанда

тұлға сақтандыру жағдайы басталған кезде дұрыс сақтандыру кезінде төлемі
қандай талаптарда жүзеге асырылатын болса, сақтандырылғандардың алдында
сондай талаптарда жауапты болады. Заң актілерімен сақтанушы болу міндеті
жүктелген тұлға ҚР – ның АК- нің 806 бабының 5 тармағына сәйкес
сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті, алайда одан жалтаратын сақтандырушыны
заң актілерінде көзделеген талаптарда сақтандыру шартын жасауға мәжбүр
етуді сот тәртібімен талап етуге құқылы.
Сақтанушы ретінде оны жүзеге асыруға міндетті тұлғалардың, сондай –
ақ сақтандырушы ретінде іс қимыл жасауға міндетті сақтандыру ұйымының
сақтандырудан жалтаруы заң актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп
соқтырады.
Жеке және мүліктік сақтандыру азаматтың өмірін денсаулығын, еңбекке
және жеке басына байланыстыөзге де мүүліктік мүделерін сақтандыру жеке
сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-
ақ шартта аталған басқа (сақтандырылған) адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүлікті және оған байланысты мүліктік мүдделерді сақтандыру мүліктік
сақтандыруға жатады. Мүліктік сақтандыру кезінде мүліктің жоғалуы
тәуекелді, жетіспеуі немесе бүлінуі және осы заңның 115-бабында көзделген
өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе
пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған
мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Азаматтық құқықтық жауаптылықты
сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, ден саулығына немесе
мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты
болу тәуекелін сақтандырады.
Жинақтаушы сақтандыру –Сақтандыру жағдайы туған кезде, соның ішінде
сақтандыру шартында белгіленген кезең не олардың қайсысының бұрын
туындауына байланысты сақтандыру шартында көзделген өзге оқиға аяқталғанда
сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру болып
табылады.Туындауының ықтималдық және кездейсоқ белгілері бар сақтандыру
жағдайы туған кезде ғана сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін
сақтандыру жинақтаушы емес сақтандыру болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру шарты- сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім
ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру
төлемін жүзеге асыруға міндетті ететін сақтандыру шарты.Жинақтаушы
сақтандыру шарттары тек қана жеке сақтандыру бойынша жасалуы
мүмкін.Аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарына
жатады.
Сақтанушы- сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға:
-заңды ұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады:
-сақтанушы сақтандырудың ерікті де, міндетті нысандары бойынша
сақтандырушыны таңдап алуға ерікті.
Сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған
кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда
алушыға ) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының ) шегінде
сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға.Сақтандыру ұйымы ретінде
тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар
заңды тұлға не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық
актісіне сәйкес өзара сақтандыру қоғамы ғана сақтандырушы бола алады.
Сақтандырылған адам.Өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын
тұлға.Егер шартта өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылған
адам болып табылады.Заңнамалық актілермен сақтанушыға үшінші тұлғаны
сақтандыруды жүзеге асыру міндеті жүктелуі мүмкін. Өз еркімен сақтандыру
кезінде сақтанушы үшінші тұлғаны сақтандыру шартында сақтандырылған адам
ретінде айқындай алады. Бұл жағдайларда сақтандырылған адамның жеке басы
және соған байланысты оның мүделлері (сақтандырылған адамды жеке
сақтандыру) не сақтандырылған адамның үлкі және мүліктік мүдделері
(сақтандырылған адамның мүліктік сақтандырылуы) сақтандыру объектісі
болады. Мүліктік сақтандыру кезінде сақтанушы болып табылмайтын
сақтандырылған адам бұл мүліктің сақталуына мүдделі болуға тиіс.Егер
шарттың талаптары бойынша сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адамға
белгілі бір міндеттер жүктелген болса, сақтанушы осы шартты жасасуға
сақтандырылған адамның келісімін алуы тиіс. Міндетті сақтандыру кезінде,
сондай-ақ топтастырып иесіздендірілген сақтандыру кезінде, шарт жасасу үшін
оның өзі сақтандырылған адам ретінде көрінетін үшінші адамның келісімі
талап етілмейді. Өз еркімен сақтандыру кезінде адамдардың оның жеке басын
немесе мүлкін сақтандыру жөніндегі қарсылығы шарт жасасудың мүмкін
еместігіне, ал егер ол жасаып қойған болса шарттың бұзылуына әкеп
соғады.Сақтанушыға үшінші тұлғаны сақтандыру міндеті жүктелген жағдайда,
аталған тұлға сақтанушыдан бұл міндеттің орындалуы туралы талап етуге, ал
заң актілерінде көзделген жағдайларда оның сақтандырылған адам болып
табылатындығын дәлелдейтін құжатты алуға құқылы. Сақтанушы үшінші адамды
сақтандыру жөніндегі өз міндетін орындамаған немесе дұрыс орындамаған
жағдайда , соңғысы осы заңның 808-бабының 1-2 тармақтарында көзделген
шараларды қолдануға құқылы. Кәмелетке толмаған азамат сақтандырылған болып
табылатын жағдайа оның құқықтары осы заңның 22-24 баптарында көзделген
тәртіппен іске асырылады. Сақтандырылған адамның пайдасына шарт жасасу,
сақтанушыны осы шарт бойынша мінеттерді орындаудан босатпайды. Үшінші
адамды сақтандыру сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Сақтандырылған
адам шартқа сәйкес өзіне тиесілі сақтандыру төлемін алудан бас тартқан
жағдайда сақтандыру төлемін алу құқығы сақтанушыға көшеді. Сақтанушы болып
табылмайын, оған қатысты мұндай жағдайды көздемейтін жеке басты сақтандыру
шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер заң
актілерінде немесе шартта сақтандырылған адамды ауыстыру көзделмесе, бұл
шарт тоқтатылуға жатады. Егер сақтандырылған адамның қайтыс болуы
сақтандыру шартында көзделген сақтандыруы жағдайы болса, бұл шарт онда
көзделген талаптармен орындалады. Сақтанушы болып табылмайтын, оған
қатысты мүліктік сақтандыру шарты жасалған сақтандырылған адам қайтыс
болған жағдайда, сақтандырылған адамның құқықтары мен міндеттері
сақтанушының келісуімен, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше
көзделмесе, сол мүліктің және сақтандырылған адамның мүліктік құқықтарының
мұрагерлеріне ауысады. Егер ақтанушы қайтыс болған сақтандырылған адамды
ауыстыруға келіспесе не мұрагерлер оның сақтандыру шартынан туындайтын
құқықтары мен міндеттерін қабылдауға келіспесе не мұрагерлер оның
сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қабылдауға
келіспесе, бұл шарт тоқтатылуға жатады. Үшінші адамның (сақтандырылған
адамның) пайдасына жасалған сақтандыру шартына осы заңның 391- бабының осы
бап ережелеріне қайшы келмейтін бөлігіндегі ережелері қолданылады.
Пайда алушы.Сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң
актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға.Заңды
тұлға да азамат та пайда алушы бола алады. Пайда алушы жеке де, мүліктік те
сақтандыру бойынша тағайындала алады. Сақтандырудың міндетті түрі бойынша
пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заң актілерімен айқындалады,
еріктік түрі бойынша оны сақтанушы тағайындайды.Егер міндетті сақтандыру
туралы заң актілерінде немесе өз еркімен сақтандыру туралы шартта өзгеше
көзделмесе, сақтанушы пайда алушы болып табылады. Егер сақтанушы
сақтандырылған адам болып табылмаса, пайда алушы сақтандырылған адам болуы
тиіс не ол сақтандырылған адамның жазбаша келісімі бойынша
тағайындалады.Егер пайда алушы сақтандыру шартында көрсетілмесе, ол
сақтандырылған адам деп ұйғрылады. Сақтандырылған адам бір мезгілде пайда
алушы болып табылатын жағдайда соңғысына осы заңның 815-бабында көзделген
ережелер қолданылады. Сақтандырылған адам болып саналмайтын пайда алушы
қайтыс болған жағдайда не ол пайда алушының құқықтарынан бас тартса,
соңғысының құқығы сақтанушыға уысады. Сақтандырылған болып табылатын пайда
алушы қайтыс болған жағдайда осы заңның 815-бабының 8-тармағында көзделген
зардап туындайды. Е гер сақтандырылған адамның қайтыс болуы, сақтандыру
шартында көзделген жағдай болып табылса, онда бұл сақтандырылған адам
сақтанушы болмаған күнде де, болған күнде де, бірақ шартта пайда алушы
көрсетілмесе, сақтандырылған адамның мұрагерлері пайда алушылар деп
танылады. Сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушы тікелей
сақтандырушыға сақтандыру шартында көзделген сақандыру төлемін төлеу туралы
талап қоюға құқылы. Пайда алушының пайдасына шарт жасасу сақтанушыны осы
шарт бойынша міндеттерді орындаудан босатпайды.
Сақтандыру жағдайы .
Басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды
көздейтін оқиға. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайының түрлері
міндетті сақтандыру туралы заң актілерімен , ал өз еркімен сақтандыру
бойынша- тараптардың келісімімен белгіленеді. Жинақтаушы шарты бойнша
көзделуі мүмкін оқиғаларды қоспағанда, сақтандыру жағдайы ретінде
қарастырылатын оқиға, оның басталуының ықтимал және кездейсоқ белгілеріне
ие болуы тиіс. Сақтандыру жағдайының басталғандығын, сондай-ақ келтірілген
зияндарды дәлелдеу сақтанушының міндетіне жатады.
Сақтандыру сыйақылары
Сақтандыру сыйақысы –сақтандырушы сақанушыға(пайда алушыға)
сақтандыру шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу
міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті
ақша сомасы.Сақтандырушы сақтанушыдан алған сақтандыру сыйлықақылары оған
меншік құқығы мен тиесілі болады. Сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
шартпен белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде олар заңамалық
актілермен белгіленеді. Сақтаныру сыйлықақыларын төлеудің тәртібі мен
мерзімдері шартпен белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар
заңдармен белгіленуі мүмкін.Тараптар сақтандыру шарты бойынша төленуге
жататын сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерін айқындау кезінде, сақтандыру
объектісі мен сақтандыру тәуекелінің сипатын ескере отырып, сақтандыру
сомасы мөлшерінен өндірілетін сақтандыру сыйлқақысының ставкасын
белгілейтін сақтандырушы әзірлейтін сақтандыру тарифін қолдана алады.Шартта
сақтандыру сыйлықақысын мерзімдік сақтандыру жарналары түрінде бөліп-бөліп
төлеу көзделуі мүмкін.Егер сақтандыру шартында сақтандыру сыйлықақысының
бөліп-бөліп төлеу көзделген болса, шартты мерзімінен бұрын бұзуды қоса
алғанда, шартта кезекті сақтандыру жарналарынбелгіленген уақытта төлемеудің
зардабы айқындалуы мүмкін. Егер сақтандыру жағдайы енгізу мерзімі өтіп
кеткен белгілі бір сақтандыру жарнасын төлеуден бұрын басталған болса,
сақтандырушы сақтандыру төлемінің мөлшерін йқындау кезінде мерзімі өтіп
кеткен сақтандыру жарнасының сомасын есепке алуға құқылы.
Сақтандыру сомасы.Сақтандыру объектілері сақтандырылған адам және
сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шекті
көлемін білдіретін ақша сомасы. Сақтандыру сомасының мөлшері шартпен
белгіленеді.Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде олар заң актілерінде
белгіленген мөлшерден кем болмауы керек. Мүлікті сақтандыру кезінде
сақтандыру сомасы шарт жасалған кездегі оның нақты құнынан (сақтандыру
құнынан) артық бола алмайды. Тараптар, оны сақтанушы қасақана
жаңылыстырғанын сақтандырушы дәлелдеген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру
шартында белгіленген мүлік құнына талас тудыра алмайды. Егер сақтандыру
шартында белгіленген мақтандыру сомасы сақтандыру құнынан артық болса, онда
ол сақтандыру сомасының шарт жасалған кезіндегі сақтандыру құнынан артылған
бөлігінде жарамсыз болып табылады.
Сақтандыру төлемі.Сақтандырушы сақтанушыға(пайда алушыға ) сақтандыру
жағдайы туған кезде не жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім
туған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы. Аннуитеттік
сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру
төлемі біржолғы төлеммен жүзеге асырылады. Сақтандыру төлемінің мөлшерін
анықтау тәртібі шартта белгіленеді. Сақтандырудың міндетті түрлері кезінде
сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау тәртібі Қазақстан Республикасының заң
актілерінде белгіленеді.Сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен
мерзімдері шартпен белгіленеді.Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар
заң актілерімен белгіленуі мүмкін.
Мүлікті және азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру бойынша сақтандыру
төлемі сақтандыру жағдайының басталуы нәтижесінде
сақтанушыға(сақтандырылған адамға) келтірілген нақты зиянның мөлшерінен
аспауы керек.
Жеке сақтандыру
Сақтандыру төлемі сақтанушыға(сақтандырылған адамға) әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша, сақтандырудың басқа шарттары бойынша оған тиесілі
сомаларға қарамастан және зиянның орнын толтыру тәртібімен жүзеге
асырылады. Мүлікті сақтандыру шартының талаптары мен сақтандыру өтемінің
сомасы шегінде сақтандыру өтемін зиянның заттай нысандағы өтемімен ауыстыру
көзделуі мүмкін. Сақтандыру төлемін жүзеге асыру кезінде сақтандырушы өзіне
сақтанушыдан тиесілі болатын сақтандыру сақтандыру сыйлықақыларына не
сақтандыру жарналарына есеп жүргізуге құқылы. Егер шартта немесе міндетті
сақтандыру туралы заң актілерінде жауаптылықтың бұдан жоғары мөлшері
көзделмесе, сақтандыру төлемін уақытында жүзеге асырмағаны үшін
сақтандырушы заңға сәйкес жауап береді.
Қос сақтандыру
Белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт
бойынша сақтандыру. Мүлікті қос сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы
сақтанушының алдында онымен жасалған шарттың шегінде жауапты болады, алайда
сақтанушының барлық сақтандырушылардан алған сақтандыру төлемдерінің жалпы
сомасы нақты зияннан аспуы тиіс. Бұл ретте кез келген сақтандырушыдан
онымен жасалған шартта көзделген сақтандыру сомасының көлемінде сақтандыру
төлемін алуға құқылы. Егер алынған сақтандыру төлемі нақты зиянды жаппайтын
болса, сақтанушы жетпеген соманы басқа сақтандырушыдан алуға құқылы.
Келтірілген зиянды басқа сақтандырушылар өтегендіктен сақтандыру төлемінен
толық немесе ішінара босатылған сақтандырушы сақтанушыға шыққан шығындарды
шегере отырып, сақтандыру сыйлықақыларының тиісті бөлігін қайтаруға
міндетті. Жеке өзін қос(көпше) сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы өзінің
сақтанушы алдындағы сақтандыру міндеттемелерін, оларды басқа
сақтандырушылардың орындағандарына қарамастан, өз бетінше атқарады.
Топтық сақтандыру
Сақтандырушы шарты мен бір мезгілде өздері пайда алушы болып
табылатын бірнеше сақтандырылған адамдар қамтылады. Топтық сақтандыру
адамдардың белгілі бір санаттарын қамтитын жеке де, мүліктік те,
дербестендірілген де, иесіздендірілген де болуы мүмкін. Иесіздендірілген
сақтандыру кезінде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның
әрбір сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру
төлемінің төлеу мөлшерін дараландыру үшін қажетті шамада нақтылануға тиіс.
Жұмыс берушілердің өз қызметкерлерін ұжымдық сақтандыруы тек жеке
сақтандыру түрінде ғана болуы мүмкін.
Ортақ сақтандыру
Сақатандыру объектісі бірнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру ) бірлескен
бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда әрбір сақтандырушының
келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайын талаптары
бллуға тиіс.Егер мұндай шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен
міндеттері айқындалмаған болса, олар сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін
сақтанушының (пайда аушының) алдында ортақтасып жауап береді. Ірі немесе
ірі тәуекелдерді бірлесіп сақтандыру үшін ортақ сақтандырушылар бірлескен
қызмет туралы шарт негізінде жай серіктестіктер(сақтандыру пұлдары) құра
алады. Ортақ сақтандырушылардан өкіл болуы .
Қайта сақтандыру
Сақтандырушы сақтанушы алдындағы өз мiндеттерiнiң бәрiн немесе оның
бiр бөлiгiн орындау тәуекелiн жабуды басқа сақтандырушыда (қайта
сақтандырушыда) қайта сақтандыру жолымен қамтамасыз етуге құқылы. Қайта
сақтандырушымен қайта сақтандыру (қайта сақтанушы) шартын жасасқан
сақтандырушы онымен жасаған сақтандыру шартына сәйкес сақтанушының алдында
толық көлемде жауапты болып қалады.
Қайта сақтандыру талаптары Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және
қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы қайта сақтандыру шартымен
айқындалады.Қайта сақтандыру шарты осы Кодекстің сақтандыру шартына
қойылатын талаптарына жауап беруге тиiс. Бұл жағдайда сақтандырушы
сақтандырудың негiзгi шарты бойынша қайта сақтандыру шартында сақтанушы
болып есептеледі. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшiн қайта сақтандырушылар
бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде жай серiктестiкке (қайта
сақтандыру пулдары) бiрiге алады.Екi немесе бiрнеше қайта сақтандыру
шарттарын біртіндеп жасауға жол берiледi.
Сақтандыру шартының нысаны
Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
тараптардың сақтандыру шартын жасасуы;
сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген
үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қосу және сақтандырушының
сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi.
Мiндеттi сақтандыру бойынша жазбаша шарттың нысаны Қазақстан
Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiлерiнде айқындалады, ал
ерiктi сақтандыру бойынша - сақтандырушы айқындайды не тараптардың
келiсiмiмен айқындалады.
Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп
соқтырады.
Сақтандыру ережелерi
Сақтандыру ережесiн сақтандырушы әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда ол уәкiлеттi мемлекеттiк органмен
келiсiлуге тиiс. Сақтандырудың нақты түрi бойынша сақтандыру ережесi осы
баптың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру ережелерiнде:
1) сақтандыру объектiлерiнiң тiзбесi;
2) сақтандыру сомасын анықтау тәртiбi;
3) сақтандыру жағдайларының тізбесі;
сақтандыру жағдайларынан алып тастау және сақтандыруды шектеу;сақтандыру
шартының қолданылу мерзiмi мен орны;
6) сақтандыру шартын жасасу тәртiбi;
7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;
8) сақтанушының сақтандыру жағдайы туған кездегi iс-әрекетi;
9) сақтандыру жағдайының туғандығын және шығын мөлшерiн растайтын құжаттар
тiзбесi;
10)сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен шарттары;
сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiн жасаудан бас тарту туралы
шешiмдi қабылдаудың мерзiмi;
сақтандыру шартын тоқтату талаптары;
11) дауларды шешу тәртiбi;
12) қосымша талаптар болуға тиіс.
13) Сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы келiсiм бойынша сақтандыру
ережелерiнiң негiзiнде сақтандыру шартын жасасу кезiнде анықталатын қосымша
талаптарды көздейтiн сақтандыру шарттары жасалуы мүмкiн. Сол қосымша
талаптар үш реттен астам қайталанған жағдайда сақтандырушы сақтандырудың
белгiлi бiр түрi бойынша ережелердi заңдарда белгiленген тәртiппен
өзгертуге мiндеттi.
14)Сақтандыру ережелерiне өзгерiстер енгiзiлген жағдайда сақтандырушы осы
өзгерiстердi келiсу үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға ұсынуға тиiс.
Сақтандыру шартының мазмұны
Сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:
1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттерi;
2) сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер бар
болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы,
орналасқан жерi және банктiк ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz