Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторларын теоретикалық зерттеу


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. . . . 3
1. Жастардың некеге және отбасылық өмірге
дайындығының психологиялық факторларын
теоретикалық зерттеу . . . 7
- Неке және отбасы түсініктері мен теориялары . . . 7
- Неке алдындағы күтіну кезеңінің психологиясы . . . 16
- Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының
психологиялық факторлары . . . 37
2. Жастардың некеге және отбасылық өмірге
дайындығының психологиялық факторларын
эксперименттік зерттеу . . . 48
2. 1 Сыналушылар сипаттамасы… . . . 48
2. 2 Зерттеу әдістемелерін сипаттау . . . 50
2. 3 Эксперименттік зерттеу нәтижелерін түсіндіру және талдау . . . 52
2. 4 ТҮЙІН . . . 75
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 80
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қандай қоғамдық құрылыста болса да отбасы мен неке адам баласының дүниеге келуі мен оның өсіп, қалыптасуын қамтамасыз етіп отыратындықтан, ол адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі шешуші факторлардың бірі болып табылады.
Отбасы мен неке қоғамдық құрылыспен, ондағы өндірістік қатынастармен тығыз байланысты, және әр қоғамдағы әлеуметтік өзгерістер отбасы мен неке сипатына әсер етеді, ал олар осының әсерінен өзгеріп, жаңарып отырады. Мұның өзі отбасы мен некенің қоғамдық мәселе екендігін айқындай түседі.
Қазіргі таңда некеге дайындықтың психологиялық факторларын зерттеу өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Әлемде болып жатқан өзгерістер (технократизация, индивидуализация және т. б. ) жастардың отбасы мен некеге деген қатынасын өзгертуге әсер етеді. Жастар отбасылық өмірді кейінге қалдырып, ең алдымен өздерінің кәсіби проблемаларын шешуге ұмтылады. Сонымен бірге дәстүрлі некенің альтернативасы ретінде жаңа қатынас жасау формалары мен неке түрлері («азаматтық неке» және т. б. ) пайда болды.
Отбасы және оның мүшелері атқаратын функциялар иерархиясы өзгерді. Қазіргі зерттеулер бойынша (В. Н. Дружинин, Л. Б. Шнейдер, Э. Г. Эйдемиллер,
В. В. Юстицкис және т. б. ) отбасының шаруашылық-тұрмыстық, экономикалық, репродуктивті функциялары негізгі болып табылмайды. Ал қазіргі таңда отбасының негізгі функциялары ретінде психологиялық және тәрбиелеушілік функциялар шықты. Осы функциялар үйлесімді отбаслық өзара қатынас жасаудың негізі болып табылады.
Бүгінгі күнге дейін жастар белгілі бір жасқа жеткенде автоматты түрде отбасын құруға дайын болады деп есептелді. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша жастар отбасын құру барысында психологиялық дайындауды қажет етеді. Ал жастардың некеге және отбасылық өмірге психологиялық дайындығы отбасын тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады.
Жастардың ғашықтық кезеңінде ерекше мінез-құлық типі пайда болады. Оны қүтіну деп атаймыз. Осы еркеше мінез-құлықтың мақсаты құштар болған объектіге қол жеткізу болып табылады. Күтіну кезеңінде сезім мен бірге мәдени дәстүрлер көрінеді. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты күтіну ритуалы өзгеріп отырады.
Қазақстанда отбасы мен некенің психологиялық ерекшеліктеріне байланысты бір қатар зерттеу жұмыстары бар. Бірақ осы кезеңнің психологиялық ерекшеліктері қарастырылмаған.
Біздің елімізде отбасының әр түрлі аспектілерін зерттеп жүрген психологтар: М. П. Кабакова, К. А. Айдарбеков, З. Ш. Каракулова, З. М. Балгимбаева, А. Ж. Даулетова, А. Б. Валиева, С. К. Құдайбергенова, Ж. К. Аксакалова.
Бірақ Қазақстанда әлі күнге дейін отбасы және неке психологиялық тұрғыда және жастарды некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторлары толық зерттелмеген, тіпті осы проблема жайлы зерттеу жұмыстары жоқ деп айтуға болады.
Кеңес психологиясында осы кезеңнің ерекшіліктерін зерттеп жүрген ғалымдар: М. А. Абалакина [1], С. В. Несына [2], М. И. Розенова [3],
Н. Ю. Рыжова [4], Е. В. Варажина [5], Л. Ф. Чукмарова [6], В. Р. Айгунова [7], Е. Н. Иванова [8] .
Кеңес психологиясында некеге психологиялық дайындық жалпы дайындық (физиологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және т. б. ) түрлерінің бірі ретінде қарастырылады (В. А. Сысенко, И. В. Гребенников және т. б. ) . Соңғы жылдары проблеманың өзектілігіне байланысты бір қатар психологиялық зерттеу жұмыстары пайда болды: жыныстық өмірге дайындау (Н. П. Ивченкова, А. В. Ефимова, О. П. Аккузина), ата-ана болуға дайындық (Р. В. Овчарова), ана болуға дайындық (Р. В. Овчарова, Г. Г. Филиппова және т. б. ), әке болуға дайындық (Р. В. Овчарова, Н. А. Демчук және т. б. ) .
Жастарды некеге және отбасылық өмірге дайындау ең басты міндеттердің бірі болып табылады.
Көптеген психологиялық зерттеулер (Н. Акерман, М. Ю. Артюнян, Е. П. Белинская, С. И. Голод, А. А. Клещин, И. А. Горьковская, А. Н. Елизарова, Е. Е. Леванов, О. С. Сермягина, М. П. Кабакова ) бойынша неке құрған жастар, неке-отбасылық қатынастарындағы кездесетін қиындықтарыд білмейді және ұғынбайды. Ерлі-зайыптылар қатынасының тұрақтылығы мен үйлесімділігінің алғышарты бұл жастардың неке құруға деген әлеуметтік-психологиялық дайындығы болып табылады. Әлеуметтік-психологиялық дайындық өзара байланысты факторлардан тұрады: психолого-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және т. б. [9, 3б. ] . Некеге психологиялық дайындық - бұл субъектінің сәтті некеге түсуін қамтамасыз ететін психологиялық сипаттамалар жүйесі болып табылады. Қазіргі таңда кеш және қайтадан неке құру санының өсуіне және жаңа қатынас формалары мен неке түрлерінің пайда болуына байланысты осы мәселені зерттеу өзекті болып табылады.
Жұмыстың мақсаты : Неке алдындағы кезеңнің ерекшеліктері мен жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторларын зерттеу.
Зерттеу объектісі : Неке құрмаған жастардың психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу пәні : Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторлары.
Жұмыстың міндеттері :
1) Отбасы мен некені зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыстарды талдау;
2) Күтіну кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін қарастыру;
3) Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторлар жүйесін анықтау;
4) Жастардың некеге дайындығының гендірлік айырмашылықтарын анықтау;
5) Ұлдар мен қыздардың некеге дайындығының этникалық ерекшеліктерін анықтау.
Жалпы гипотеза : Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығы психологиялық факторлар жүйесімен анықталады.
Жеке гипотезалар:
1) Психологиялық факторлар жүйесі мынандай негізгі компоненттермен анықталады: құндылықтар, неке мотивациясы, ерлі - зайыптылар иерархиясы, ерлі - зайыптылардың бағдары мен күтімдері.
2) Жастардың некеге дайындығының гендірлік айырмашылықтары бар;
3) Ұлдар мен қыздардың некеге дайындығының этникалық ерекшеліктері бар.
Зерттеудің әдіснамалық негізі. Тұлғаны зерттеудегі жүйелік принціпі (Ананьев Б. Г., Мясищев В. Н. )
Зерттеудің теоретикалық негізі: отбасының негізгі психологиялық концепциялары [А. И Антонов, С. И Голод, С. В Ковалев, В. Сатир,
Э. Г Эйдемиллер, И. В Гребенников және т. б. ] ; Л. Я. Гозманның отбасындағы эмоционалдық қатынастың даму концепциясы.
Зерттеу әдістері .
Зерттеу міндеттерін шешу үшін және гипотезаны тексеру үшін отбасы, некені зерттеуге бағытталған бір неше психологиялық әдістемелер қолданылды: зерттеліп жатқан проблема бойынша педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау әдісі, отбасына қатысты бағдар, көзқарастарды зерттеу үшін А. Н. Волковтың «Некедегі ролдік күтім және талаптану» әдістемесі, М. П. Кабакованың «СПОПС-2» сұрақнамасы, эссе «Менің болашақта құрғым келетін отбасым», жастардың некеге дайындығының психологиялық факторларын анықтауға бағытталған - автордың сауалнамасы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы . Жастрадың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторлар жүйесі - құндылықтар, неке мотивациясы, ерлі - зайыптылар иерархиясы, ерлі - зайыптылардың бағдары мен күтімдері сияқты компоненттерден тұратындығы анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Диссертациялық зерттеу материалдарын отбасылық кеңес беру барысында қолдануға болады. Алынған нәтижелерді жастарды отбасылық өмірге дайындауға бағытталған тренинг бағдарламасын жасауға және профилактикалық, коррекциялық жұмыстарда қолдануға болады. Диссертациялық зерттеу материалдары орта және жоғары білім беру жүйесінде ағартушылық жұмысты өткізуге және жасөспірімдер мен студенттерді отбасылық өмірге дайындау курстарына негіз болады.
Нәтижелердің сенімділігі. Эмпирикалық материалдарды өңдеу және әдістемелер жинағы дұрыс қолданылды.
Диссертацияның құрылымы . Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеу мақсаты, объектісі, пәні, міндеттері, болжамдары, зерттеудің әдіснамасы, әдістері, ғылыми жаңалығы, зерттеудің теоретикалық және практикалық мәнділігі көрсетілген.
Бірінші бөлімде «Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторларын теоретикалық зерттеу» отбасы мен неке түсініктері, неке алдындағы кезеңнің психологиялық ерекшеліктері, жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторлары қарастырылды.
Екінші бөлімде «Жастардың некеге және отбасылық өмірге дайындығының психологиялық факторларын эксперименттік зерттеу» сыналушылар, әдістемелер мен эмпирикалық зерттеу сатылары сипатталған. Қорытындыда негізіг қорытындылар мен ұсыныстар көрсетілген
Қосымшада әдістеме нәтижелері, сауалнама көрсетілген
1. Жастарды некеге және отбасылық өмірге дайындаудың психологиялық факторларын теоретикалық зерттеу
1. 1 Неке және отбасы түсініктері мен теориялары
Отбасы - бұл адамдар қауымының ежелгі формаларының бірі; ол таптан, ұлтан және мемлекеттен бұрын пайда болды.
Отбасы қоғамның бір бөлігі және тұлға әлеуметтенуінің басты институты болып табылады. Неке және отбасы түсініктері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ ұғымдардың ерекшеліктері де бар. Неке және отбасы әр түрлі тарихи кезеңде пайда болған. А. Г. Харчев бойынша неке бұл - әйел мен ер кісі арасындағы тарихи өзгеріп тұратын әлеуметтік қатынастар нысаны, және қоғам олардың жыныстық өмірін, ерлі-зайыптылық және ата-аналық құқықтары мен міндеттерін реттеп, белгілеп отырады, ал отбасы бұл - неке және одан туындайтын ерлі-зайыптылардың балаларының денсаулығын, оларды тәрбиелеуге деген моральдық жауапкершілікті алу мен құқықтық негізінде жинақталған қауым болып табылады.
А. Г. Харчевтің ойынша отбасы бұл некеге қарағанда күрделірек қатынастар жүйесі, ол тек ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, оларға жақын адамдарды да біріктіреді (Харчев А. Г., 1979, с. 66) .
Отбасы - бұл күрделі көпаспектілі түсінік, оны анықтайтын мынандай төрт сипаттаманы атап кетуге болады:
- Отбасы - бұл қоғамның ұяшығы (шағын әлеуметтік топ) ;
- Отбасы - бұл жеке тұрмысты ұйымдастырудың негізгі формасы;
- Отбасы - бұл ерлі-зайыптылар одағы;
- Отбасы - бұл көп жақтылы қатынас [11, 20б. ] .
Отбасының негізгі сипаттамасы бұл оның функциясы және құрылымы болып табылады.
Э. Г. Эйдемиллер бойынша, отбасының өмірлік іс-әрекеті оның мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру мен тікелей байланысы отбасының функциясы деп аталады (Эйдеммиллер Э. Г., Юстицкис В. В., 1999) .
Авторлар әртүрлі отбасының функцияларын бөліп көрсетеді.
И. В. Гребенниковтың ойынша отбасының негізгі функциялары мыналар:
1) репродуктивті ( баланың туылуы, адамзаттың ұрпағын жалғастыру) ;
2) экономикалық (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне қолдау жасау және өз қорының болуы) ;
3 ) тәрбиелік (бала тұлғасын қалыптастыру, оның қабілеттерімен мүдделерін дамыту, қоғамда жинақталған әлеуметтік тәжірибелерді отбасындағы ересек адамдар арқылы балаларға беруі, отбасы ұжымы өзінің әр мүшесіне өмір бойы жүйелі түрде тәрбиелік әсер етуі) ;
4) коммуникативт і (отбасы өз мүшелерінің бұқаралық ақпарат құралдарымен (теледидар, радио, баспасөз), әдебиетпен, өнермен байланыс жасауға делдалдық жасауы; отбасы өз мүшелерінің қоршаған табиғи ортамен түрлі байланыстарына және оны қабылдау сипатына әсер етуі, отбасы ішінде қарым-қатынасты, демалысты және бос уақытты ұйымдастыру) [13, 10б. ] .
М. С. Мацковский бойынша отбасының негізгі функциялары;
1 ) шаруашылық - тұрмыстық (отбасының бір мүшелерінің басқа мүшелерінен шаруашылық- тұрмыстық қызметін алу) ;
2) алғашқы әлеуметтік бақылау сферасы (отбасы мүшелерінің әр түрлі өмірлік іс-әрекет сфераларында көрінетін мінез-құлықтарын моральдық регламентациялау, ерлі-зайыптылар және ата-ана мен балалар қатынастарында көрінетін жауапкершіліктер мен міндеттер) ;
3) әлеуметтік-статустық (қоғамның әлеуметтік құрылымын қайта жаңғыртумен байланысты, себебі отбасы мүшелеріне белгілі бір мәртебе береді) ;
4) эмоционалдық (индивид отбасынан психологиялық қорғаныс пен эмоционалдық қолдау алады) ;
5) сексуалдық (сексуалды қажеттіліктерді қанағаттандыру) ;
6) рухани қарым-қатынас сферасы(отбасы мшелерінің тұлғасын дамыту және өзара рухани байыту) [14, 42б. ] .
Сонымен қатар кейбір авторлар спецификалық және спецификалық емес отбасы функцияларын бөліп көрсетеді.
Спецификалық функцияға - туу (репродуктивті функция), балаларды асырау (экзистенциалды функция) және оларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру функциясы) жатады.
Спецификалық емес функцияға мәртебе, өндірістік және демалысты ұйымдастыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтау және т. б. жатады [15, 6б. ] .
З. А. Янов көптеген авторлардың еңбегін талдай отырып, келесі отбасының функцияларын бөліп көрсетті;
Бос уақытты ұйымдастыру функциясы (рекреативті функция) . Бос уақытты ұйымдастырудың келесі жалпы қызметтерін бөліп көрсетуге болады: тұлғаның дамуы, демалыс, адамның физикалық және психикалық күшін қайта қалпына келтіру. Отбасы деңгейінде бос уақытты ұйымдастыру қызметі спецификалық сипатқа ие болады және отбасын тұтас құрылым ретінде сақтауға бағытталған.
Л. С. Шиловтың пікірінше бос уақытты ұйымдастыру функциясына мыналар жатады
- ерлі-зайыптылар қатынасын дамыту және қалыптастыру қызметі.
- адамгершіліктік және мәдени құндылықтарды, нормаларды, отбасының мінез-құлық үлгілерін сақтау және дамыту. Бұл функция отбасылық микромәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Т. М. Трапезникованың пікірінше қазіргі кезде отбасының өмірлік іс-әрекетіндегі негізгі функция бұл " терапевтикалық " немесе психологиялық " баспана " функциясы болып табылады, олардың жүзеге асуы ерлі-зайыптылардың өзара қатынасының сипатына тәуелді. Отбасының терапевтикалық функциясының негізінде екі психологиялық механизмдер жатыр:
- эмоционалдық дәреже (разрядка) механизімі (қысымды түсіру), ерлі-зайыптыларға отбасынан тыс іс-әрекетте және басқа отбасылық функцияларды жүзеге асыру барысында (шаруашылық-тұрмыстық іс-әрекетіндегі объективті қиындықтар, баланы тәрбиелеу және т. б. ) жинақталған қысымды түсіруге мүмкіндік береді. Эмоционалдық разрядка механизімі "психологиялық демалысты " қамтамасыз етеді.
- жағымды эмоционалды зарядты қалыптастыру механизімі [16, 13б. ] .
Отбасы туралы айтқан кезде ең басты оның типологисына тоқталу қажет .
Отбасы типологиясының критерилері ретінде оның құрамы; жұбайлық өмірдің стажы; балалар саны бойынша; өмір сүру орны және типі; рольдерді бөлу ерекшелігі және өзараәрекеттесу сипаттамасы; ерлі-зайыптылардың кәсібі; отбасының құндылықтар бағыттылығы; отбасылық өмірдің ерекше шарты; сексуалды қатынас сипаттамасы алынады.
Отбасының құрамы бойынша нуклеарлы, кеңейтілген, толық емес және функционалды толық емес отбасы болып бөлінеді.
Нуклеарлы отбасы - бұл ерлі-зайыптылар және олардың балаларынан тұрады. Нуклеарлы "нукулес" грек тілінен аударғанда «ядро» деген мағынаны білдіреді (балалары бар ерлі-зайыптылар) . Нуклеарлы отбасы 20 ғ. отбасының түрі болып табылады.
Кеңейтілген нуклеарлы отбасы- бұл ерлі-зайыптылар мен балалары және олардың жақын туысқандарынан тұрады.
Толық емес отбасында ажырасудың немесе өлімнің әсерінен ерлі-зайыптылардың бірінің болмауы. Толық емес отбасының бір түрі бұл «аналық отбасы», оның құрамына ана мен бала кіреді.
Функционалды толық емес отбасында (құрамы бойынша толық), ерлі-зайыптылардың бірі өз қызметін атқара алмайды. Мұның себептері әр түрлі болуы мүмкін. Олар: ауру адам, кәсіби іс-әрекетінің ерекшелігі және т. б.
Кейбір адамдар мамандығына байланысты ұзақ уақыт үйінде бола алмайды. Осының әсерінен өзінің отбасылық өміріндегі қызметтерін жүзеге асыра алмайды.
Аралас отбасында ерлі-зайыптылардың бірінің орнын отбасының басқа мүшесі басады [17, 50б. ] .
Ерлі-зайыптылардың отбасылық өмірінің стажына байланысты мынандай отбасы түрлері бар: жас отбасы (1-1, 5 жыл) ; бала күтіп отырған отбасы; орта жастағы ерлі-зайыптылар отбасы (3-тен-10 жыл бірге өмір сүрген) ; ересек (старший) жастағы ерлі-зайыптылар отбасы (10-20жыл бірге өмір сүрген) ; қарт ерлі-зайыптылар отбасы (балалары есейіп кеткен, әже және ата ролін атқарады) .
Балалар саны бойынша көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді. Баласы жоқ отбасы бұл- некеге тұрғаннан кейін яғни 8-10 жыл арасында ерлі-зайыптыларда баланың болмауы. Баланың болмауы әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Олар: медико-биологиялық факторлар және ерлі-зайыптылардың ниетінің болмауы.
Тұратын жеріне байланысты ауылдық және қалалық отбасы болып бөлінеді. Олар өздерінің өмір сүру стилімен, ролдік құрлымымен ерекшеленеді.
Өмір сүру типі бойынша патрилокалды, матрилокалды және неолокалды отбасы болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында әйел күйеуінің үйінде тұрады, ал матрилокалды отбасында керісінше күйеуі әйелінің үйінде тұрады. Ал қазіргі кезде неолокалды өмір сүру типі кең тараған. Нуклеарлы отбасы ата-анасынан және туысқандарынан бөлек тұруға ұмтылады [17, 35б. ] .
Ролдерді бөлу ерекшелігіне және өзара әрекеттесу сипаттамасына байланысты авторитарлық, эголитарлық және демократикалық отбасы болып бөлінеді. Авторитарлы отбасында басты шешімді күйеуі не әйелі қабылдайды. Эгалитарлы отбасы (тең құқылы, эквивалентті) - бұл баласы жоқ жас ерлі-зайыптылар отбасы. Бұл отбасында нақты ролдер мен міндеттер бөлінбеген. Баланың өмірге келуі ерлі-зайыптылардан ролдерді бөлуін, сонымен бірге эгалитарлы типтен дәстүрлі немесе демократикалық типке өтуін талап етеді.
Демократикалық (серіктестік) отбасы бұл- тең құқылы отбасы болып табылады.
Әлеуметтік біртектілікке байланысты (яғни ерлі-зайыптылардың бір немесе жақын әлеуметтік топқа жатуы, білімінің, мәдниетінің тең болуы) гомогенді (біркелкі) және гетерогенді отбасы болып бөлінеді. Әлеуметтік гетерогенді отбасы тұрақсыздау болып келеді, ерлі-зайыптылар бір-бірімен басымдық-бағыну принципі бойынша қарым- қатынас жасайды.
Құндылықтар бағыттылығына байланысты отбасы: детоцентристикалық және центристикалық, «атаққұмар» отбасы, «салауатты өмір салтын» ұстанатын отбасы, «пайдаланушы», психотерапевтикалық, интеллектуалды және спорттық-серуендік (походная) отбасы болып бөлінеді.
Детоцентристикалық отбасының басты құндылығы - бала тұлғасына, оны тәрбиелеп, қамқорлық жасауға бағытталған. Тұлғалық-центристикалық отбасының басты құндылығы - дамуға, өз-өзін жетілдіруге бағытталған; бұл жерде ерлі-зайыптылық ең алдымен автономды тұлғалардың еркін рухани одағы ретінде қарастырылады. Пайдаланушы отбасы жинақтауға және прагматикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған. Бұл жерде ерлі-зайыптылық - бұл өзара пайданы алуға негізделген серіктестік ретінде қарастырылады.
Психотерапевтикалық отбасының басты құндылығы өзара түсіністікке, эмоционалды қолдауға, махаббатқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қауіпсіздікке бағытталған. Салауатты өмір салтын ұстанатын отбасы денсаулыққа, тазалыққа, дұрыс тамақтануға және т. б. көп көңіл бөледі.
Атаққұмар отбасы атақты, абыройлы болуға ұмтылады. Бұл отбасының басты мақсаты - атақты және ең жақсы болу [7, 53б. ] .
Спорттық-серуендік отбасының қызығушылығы демалысты өткізуге, саяхатқа бағытталған. Ал интеллектуалды отбасының басты құндылығы - бұл тану, білім алу, кітап оқу, интеллектуалды ақпараттармен алмасу және т. б.
Жыныстық қатынастың сипаттамасына байланысты ашық және гомосексуалды отбасы болып бөлінеді [7, 56б. ] .
Ашық отбасында ерлі-зайыптылар арасында жыныстық қатынасты орнату ашықтық пен сипатталады. Осындай отбасы полигамды некенің қазіргі кездегі нұсқасы болып табылады, осы жерде отбасының бір ғана функциясы сақталған - ол жыныстық қатынас, бірақ оның полигамды некеден ерекшелігі - мұнда ерлі-зайыптылардың екеуініңде құқықтары ескеріледі.
Гомосексуалды отбасы - бұл бір жыныстылардың ұзақ уақыт бірге тұруы. Осы отбасының басты мәселесінің бірі ол баланы дүниеге әкелу және оны тәрбиелеу.
Альтернативті неке құру формаларына жалғыздық, бірге тұру, азаматтық неке жатады [7, 55б. ] .
Неке жұптарының саны бойынша моногамды (бір күйеу және бір әйел) және полигамды отбасы болып бөлінеді. Полигамды отбасының екі варианты бар:
1. полиандрия (көп күйеудің болуы) ;
2. полигиния (көп әйелдің болуы) [9, 146б. ] .
Бос уақытты өткізу сипаты бойынша ашық отбасы (мәдениет индустриясына бағытталған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге баытталған) [10, 115б. ] .
Отбасы ғылымының пайда болу тарихы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz