1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

Тақырыбы: 1980-1990 жж. Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тенденциялары

2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1- тарау « Хабиб Бургиба үкіметінің құлауы»

1. 1 Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы-80 ж. басы) . . . 7

1. 2 Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының

нашарлауы . . . 20

1. 3 Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Ереуілдер . . . 25

2-тарау Жаңа үкіметтің билікке келуі және елдің 90 ж. дамуы

2. 1 Бен Алидің үкімет басына келуі . . . 31

2. 2 Жаңа саяси барыты, оның жүрісі . . . 38

2. 3 Жаңа үкіметтің әлеуметтік-экономикалық шаралары . . . 46

2. 4 Тунистің шет елдермен байланысы . . . 53

Корытынды . . . 61

Сілтеме . . . 63

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Тунис Мағриб елдерінің құрамына кіретін араб мемлекеттерінің бірі болып табылады. Тунис мемлекеті көптен бері араб әлемінің соңғы қатарлы елі болуын тоқтатты. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дамулар біртіндеп Батыс Европамен және Араб Шығысымен жақындасуға әкелді. Егерде, Батыс елдерімен арақатынас толық Мағриб интеграциясындағы дүниежүзілік экономикалық байланыстар көпірі қызметін атқарса, онда осы күндері араб-мұсылман дүниесінің әсерін тек қана мәдени өмірдің маңызды үлгісін ғана емес, сондай-ақ, саналы іздену бағытындағы рухани жағдайды да анықтайды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Тунистің саяси тұрақтылығында өзінің рыноктық жекеменшік жолында дамуы күдікті әлеуметтік тәжірибелердің нәтижесін береді.

1981 жылдан бері елде көппартиялық плюрализм енгізілген, бірақ та бұл акт бойынша партиялар билеуші Дустур партиясымен бәсекелес бола алмады. Елде 1969 жылдан бері реформалық процесстер, әсіресе мемлекеттік өнеркәсіпті жекешелендіру процесі бола бастады. Бірақ, партиялар арасындағы ішінара келіспеушіліктер және президент Бургибаның елді басқаруда жіберген қателіктері елдегі жағдайдың нашарлауына әкелді.

1987 жылы үкімет басына келген Бен Алидің негізгі мақсаты болып тәуелсіз Тунис елінің егемендігін сақтап, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту. Осы мақсатта күшіне енбеген, өзінің дұрыс даму жолын таппаған саяси бағыт көппартиялық плюрализм қолға қайтадан алынды.

Тунисте плюрализмді орнату процесстерінен Президент Бен Алидің кызметінің ашық логикасын және бағыттың даму заңдылықтарын көреміз. Оның саясаты екі бірдей мәселені: плюралистік альтернативаға дайындық және бұрынғы тәртіптен қалған саяси вакумды (кеңістікті) толтыру.

Ел басының саяси бағытта кезең бойынша дамуын таңдап алуы - елдегі жағдайдың даму деңгейінің көтерілгендігін көрсетеді. Сауда және финанс жүйелері , өзін ақтамайтын кооперативтік мекемелер жойылып, кәсіпкерлік белсенді түрде кең құлаш жая бастады. Тунистегі аз мөлшерде өңдірілетін мұнайдың кішкене көлемде экспортқа шығарылуы елді керекті валютамен қамтамасыз етеді. Елдегі негізгі кіріс көзі болып табылатын - тунистік туризм қиралған Карфаген орнын еске түсіреді. Саяси құрылыс тұрактылығы, экономиканың динамикалық дамуы және елдегі мәдениеттің жоғары дәрежеде дамуы Тунистегі Солтүстік Африка ішіндегі елдердің арасында бай болмаса да, әсерлі ел ретінде танытады.

Тунис Мағриб елдері арасындағы өте гүлденген ел болып саналмаса да, европалық стандартқа жақын және орнықты мемлекет болып табылады. Тунистің 80-90-шы жылдарда дамуын зерттеп, жазудағы мақсат - Тунистің тәуелсіздік жылдарынан кейінгі даму жолындағы қателіктерін көрсету және саяси сахнаға 80-шы жылдың аяғында келген Бен Алидің плюралистік жолмен даму бағыттарын ашу, осы бағыттың нәтижелерін көрсету.

Тунистің экономикалық-әлеуметтік, саяси дамуы нәтижесінде басқа шет елдермен байланыстарын ашып көрсетіп, даму жолындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттап көрсету.

Зерттелу деңгейі. Бұл тақырыпқа байланысты қазақша материалдар мүлдем жоқ. Бұл еңбекті жазып шығуда көмектескен дерек Садок Шаабанның «Тунис путь к политическому плюрализму» атты еңбегі. Бұл кітап 1996 жылы Москва каласында өңделіп, аудармасын пайдалана алдық. Бұл еңбекте президент Бен Али жүргізген саяси плюралистік даму бағыттары туралы жазылған. Онда діни қозғалысқа және экстремизмге қарсы күрестер, елді демократияландыру және кезең бойынша даму бағыттары көрсетілген. Бұл еңбек негізгі бөлімнің II тарауын жазуда көп көмегін тигізді.

Ал, арнайы зерттеулерге келсек: А. Румянцев, Ф. Фатия «Туниская республика» атты кітабында елдің тәуелсіз 25-жыл ішінде әлеуметтік-саяси және экономикалық өміріндегі өзгерістерді көрсетеді. Негізінен, елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен Совет-Тунис қатынасы туралы жазылған. Бұл кітап цифрлық мысалдар келтіруде көмегін тигізді. Сондай-ақ, «Зарубежный Восток: политика, экономика, идеология» атты кітапта жарияланған ағылшын тілінен аударылған мақалалар. Бұнда ислам экстремистері жайлы жазылған. Сондаң-ақ, ХХ-ғасырдағы исламистердің пікірлері және олардың бағыттары туралы көрсетілген.

Сондай-ақ, Тунистің 80-90 жж. дамуын зерттеуде орыс баспаларында жарық көрген мақалалар маңызды орын алады. Мысалы: «Деловой мир» газетінің 1993 жылдың 16 ақпанында жарияланған «Тунис: многообразие режимов» мақаласы жарық көрді. Сондай-ақ, «Азия и Африка сегодня» журналының 1989 ж. №6 санында «В Тунисе не вторая республика, а своя республика» атты мақала жарық көрді. Сондай-ақ, көптеген журналдар мен Известия, Правда атты газеттерде Тунис және оның дамуы туралы мақалалар шыққан.

К. Капитоновтың «Президент Бен Али -человек обновления» атты «Азия и Африка сегодня» ғылыми журналына берген мақаласынан (1997 г) үзінділер келтірейік:

«Хабиб Бургиба жуық арада Бен Алидің күш қуатын және шынайы патриотизімдік алғырлығын бағалай білді. Жан - жақтан көбейіп жатқан саяси және әлеуметтік қысымнан тәртіпті сақтап қалатын бірден-бір құтқарушы - Бен Али болды. (Бұл жерде 1984 жылы қамтыған жаппай толқулар әңгіме болып отыр) . 15

Осы кездері Бен Алиге жаңа тағайындаулар жан - жақтан келе бастады. 1985 жылы 23- қарашада ол ¥лттық Қауіпсіздік Министірі, ал бірнеше айдан соң 28-сәуір 1986 жылы ішкі істер Министірі болып тағайындалды. Сол жылдың маусым айында Бен Али негізгі шешімдерді дайындайтын Социалистік Дустур партиясы саяси бюросының құрамына кірді. Кейінірек, партияның Бас секретарының орынбасары болып тағайындалды. 1987 жылы 16-мамырда Бен Алиді мемлекеттік министр рангісіне дейін өсірді. Ал, 1987 жылы 2-ші карашасында ішкі істер Министрлігіндегі қызметін сақтай отырып, премьер-министр болып тағайындалды.

Осы жылы Социалистік Дустур Партиясының (СДП) Бас секретары міндетін иемденді. Бен Али өзінің тәртіптілігімен, белсенділігімен және қайырымдылығымен танымал. Жағдайлар шиеленіскен кезде ол ішінара дау - дамайдан алыс болды. Бен Али саяси қоғам және кәсіподақтар және адам құқығын қорғаушы Лигамен келісімдер жүргізе бастады. Сондай-ақ, ол Бургибаға қоғамға неғұрлым жақын болу бағдарламасын ұсынды.

Бірақ та, ол орныққан тәртіптің қулауы мүмкін екендігін сезді. Президентттің дәрменсіздгі басқарманың және барлық қоғамның берекесін қашырды. Сол уақытта Бен Али заң жүзінде және өркениет жолымен инициативаны батылдықпен өз қолына алды. Бен Алидің жетінші қазан декларациясының мазмұны көптеген Тунистіктердің үміт сеніміне бөледі. Олар Бургибаны елді тәуелсіздік жолына жеткізген басшылардың бірі және Туниске адал қызмет атқарған қайраткер ретінде құрметтеді»-деп Тунис халқының жиырма жылдық тарихына қысқаша шолу жасауға тырысты.

Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты - 1980-1990 жылдар аралығындағы Тунис мемлекетінің әлеумет-тік-экономикалық ахуалын, елдегі саяси шиеленістерді толық көрсету.

Тақырыптың міндеттері:

  • Тунис Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына (50 ж. аяғы-80 ж. басы) ;
  • Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы. Ереуілдер, саяси шиеленістерге;
  • Бен Алидің саяси билігіне;
  • Жаңа үкіметтің әлеуметтік-экономикалық шараларына;

Сыртқы саясаттағы басты бағыттарына сипаттама жасау.

Тақырыптың құрылымы. Осындай дерек пен зерттеу еңбектері, мерзімдік басылымдарға сүйене отырып жазған диплом жұмысы кіріспе, негізгі және корытынды бөлімдерден тұрады.

«Бургиба үкіметінің құлауы» деп аталатын I тарау 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Тәуелсіз Тунис Республикасың жағдайы (50ж. аяғы 80 ж. басы) » деп аталады. Бұл бөлімде Тунис елінің тәуелсіздік алған күнінен бастап 80-шы жылдардың басына дейінгі жағдайды жалпы суреттейді. Яғни, негізінен елдегі жасалған түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік өзгерістер туралы Конституцияға енген жаңа заңдар туралы да айтылады.

Екінші бөлім «Тунис халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауы» деп аталады. Бұл бөлімде негізінен премьер-министр М. Мзалидің жүргізген реформалары туралы баяндаған. Мзалидің елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жете түсінбеушілігінен туған келеңсіз оқиғалардың елдегі жағдайдың нашарлауына соқтырғанын көрсеткен. Осы салдардан туған халық ереуілдері туралы айтылған. Негізінен, бұл бөлімде цифрлар мен фактілер сөйлейді.

Үшінші бөлім «Бургиба орнатқан тәртіптің дағдарысқа ұшырауы» деп аталады. Бұл бөлімде президенттің епсіздігі, жіберген қателіктері туралы, билеуші партияның (СДП) және басқа да партиялардың ішіндегі келіспеушілік, дау-дамайлары сондай-ақ, елдегі тәртіптің дағдарысқа ұшырау себептері баяндалған.

«Жаңа үкіметтің билікке келуі және елдің 90-шы жылдарда дамуы» деп аталатын II тарау төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «Бен Алидің үкімет басына келуі» деп аталады. Бұл бөлімде жаңа үкіметтің билікке қалай келуі және келуіне итермелеген себептер және халықтың көзқарасы туралы баяндалған. «Жаңа саяси бағыт, оның жүрісі» деп аталатын екінші бөлімде Тунис елінің жаңа президенті Бен Алидің таңдап алған көппартиялық плюралисттік бағытының даму кезеңдері, экстремистік және діни фанаттар туралы, жаңа партиялар олардың қызметі туралы айтылған. Сонымен қатар, осы бағытының нәтижесінде жеткен табыстарға тоқталып, саяси бағыттың даму кезеңдерін ашып көрсетеді.

Үшінші бөлім «жаңа үкіметтің әлеуметтік -экономикалық шаралары» деп аталды. Бұл бөлімде Бен Алидің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары, оның даму жолдарын, осы реформаның нәтижелері туралы айтылған. Жекешелендіру процессі және оның нәтижесі баяндалған. Өнеркәсіпте, ауыл-шаруашылығында сияқты экономиканың басқа да салаларындағы мемлекеттік кіріс пен шығысты, капитал жұмсау фактілері көрсетілген.

Тунистің шет елдермен байланысы» атты төртінші бөлімде жаңа үкімет келгеннен соң жасалған шет елдермен байланысы туралы баяндалған. Сондай-ақ, көршілес араб елдерімен жасалған достық, бауырластық қарым-қатынастармен қатар, шет елдермен, бұрынғы КСРО-мен жасалған экономикалық байланыстары туралы айтылған. Қарым-қатынас арқылы қол жеткізген инвестициялар, экономикалық-әлеуметтік негізде даму үшін бөлінген қаржылар туралы баяндалады.

I- ТАРАУ. «ХАБИБ БУРГИБА ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰЛАУЫ»

1. 1. Тунис Республикасының жағдайы (50 ж. аяғы- 80 ж. басы)

Тунис ыкыласы бойынша 27. 11. 1956 жылы Парижде франко-тунистік келіссөздер басталды. Бұл келіссөздер 20. 03. 1956 жылы Франция Тунистің тәуелсіздігін мойындауы туралы протоколға қол қоюмен аяқталды. 03. 06. 1955 жылы келісімі мен 75 жыл бойы протектораттың құқықтық негізі болған 1881 жылы Бардостік шарт алынып тасталды. Тунис ішкі және сыртқы істерінің суверинитетін иемденген тәуелсіз мемлекет болды.

25. 03. 1956 жылы Тунистің ұлттық құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Оның міндеті - елдің жаңа Конституциясына жете үңіліп, оны қабылдау болды. Ол сайлауда Жаңа Дустур, ТЕЖО (Тунис еңбекшілерінің жалпы одағы), қолөнершілер мен саудагерлердің Тунистік одағы және Тунис диқандарының ұлттық одағы Ұлттық Майдан (¥М) шеңберінде бірігіп шықты. ¥М тізімі 98 орынға ие болды. 2 ТКП-ның (Тунис Коммунистік Партиясы) 69 кандидатының бірде біреуі құрылтай жиналысына сайланбады.

14 сәуір күні жаңа Дустур партиясының председателі Бургиба тәуелсіз Тунистің тұңғыш үкіметінің негізін қалады. 17 сәуірде өзінің жоспарлы сөзінде ол өзі басқарып отырған кабинеттің ұлттық суверинитетінің негізін нығайтуға бел байлағандығын мәлімдеді. Тунис үкіметі осы мәлімдемеде айтылған ойларды басшылыққа ала отырып, саяси, әлеуметтік, экономикалық салаларда кезең-кезеңді өзгеріс жасауға кірісті. Бұл өзгерістер Жаңа Дустур басшылары мен Бургибаның шоғырландырылған, жеке өкіметінің қамқорлы-ғымен ұлттық құрылыстың әлеуметтік бағыттағы нақты стратегиясымен сәйкестендіріле жасалды. 31 мамыр бейлік әулеттердің бар артықшылықтары мен жеңілдіктерін жоятын декрет қабылдана отырып, оның мүшелерінің мүліктері конфискеленді [1; 19-21] .

21. 06. 1956 жылы заңға сәйкес жаңа әкімшілік-территориялық бөлініс енгізілді. 1957 жылы наурызда қалалық өзін-өзі басқару реформасы іске асырылды. Осы жылдың мамыр айында жалпы және теңдей сайлау құқығы негізінде муниципальдік кеңеске сайлау өтті. Онымен қатар, Тунис армииясын, полициясын және ұлттық гвардиясын құру жүріп жатты. Мемлекеттік аппаратты қайта құру сот реформасын өткізуді жеңілдетті. 10. 07. 1956 жылы мен 3 тамыз декреттері бойынша шариғат соты жойылып, бірыңгай зиялы сот ісін жүргізу жүйесі тағайындалды.

13. 08. 1956 жылы Жаңа Дустур дәуірінің ең батыл әлеуметтік шарасы болып табылған, Азаматтық хал ахуал Кодексі қабылданды. Жаңа заңдар жеке және семьялық жүйені түп тамырымен өзгертті. Полигамияға (көп некелік) рұқсат берілмеді, азаматтық некеге тұруды ұйымдастыру, ажырасарда екі жақтың да "салмақ мөлшері" тең бөлуді енгізді. Ары қарайғы әйел эмансипациясының тағы бір қадамы, ол әйелдерге саяси құқық беру, оның ішінде сайлау және сайлану құқығы берілді. 1957 жылы 5 мамырда елдің тарихында бірінші рет әйелдер сайлауға катысты.

Сот істерін жүргізу реформаларымен қатар мұсылмандардың діни басшылығының мүліктік құқықтарын бірте-бірте қысқартуға бағытталған бірқатар шаралар іске асты. Діни институт аз-Зитуна және құрандық мектеп жүйесі Білім министрлігінің қарамағына берілді.

1956 жылы 11 мамырда үкімет қоғамдық хабустерді национализациалау
және секуляризациалау туралы декрет қабылдады, ал 18. 06. 1957 жылы
жекеменшік және завийлердің хабустерін секуляризациялау (қоғамның, жеке
адамның дін ықпалынан арылу, шіркеу меншіктерінің мемлекет меншігіне
аусуы) туралы декрет қабылданды. 1957-1958 жж. қауымдық жер меншігі
"аршты" жою ісі жүргізілді. Аграрлық аймақта үкімет бейлік әулеттінің жер меншігін және протекторат өкіметімен ауыз жаласқан коллаборационистердің жер және де басқа қозғалымсыздықтарын конфискеледі.

11. 04. 1958 жылы жекеменшік ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жердің көлемін 50-га мен шектеген Меджерда өзенінің төменгі ағысының далалы аймағында аграрлық реформа туралы заң қабылданды. Мұнымен бірге, үкімет европалық колонистердің жерлерін бірте-бірте сатып алу саясатын жүргізді. Осы реформа нәтижесінде босаған жерлердің бір бөлігі шаруаларға жалға берілсе, енді бірі мемлекет меншігінде қалды. Жаңа Дустур басшылары мен 1952-1954 жж. көтерілісшілер қозғалысының белсенділеріне "партиялық қызметі" үшін құнарлы жерлердің үлкен учаскелерін сыйға алды. Олардың көбі кейіннен аграрлық кәсіпкерлікпен айналысып кетті. Тунис үкіметінің Францияға экономикалық тәуелділіктен арылу өкіметтің басты мақсаты болды. Осы мақсатпен 1956-1959 жж. темір жолдар, ал 1961 жылы транспорттық компаниялар мен электроэнергияны өндіретін кәсіпорындар . Өндіруші кәсіпорындардың үстінен мемлекеттік бақылау жүргізіп отырды. 1959 жылы Тунис Франциямен кедендік одақтан шығады, ал одан бір жыл бұрын ұлттық валюта ретінде динар енгізілген еді.

Бұл әрекеттің барлығы да жекеменшік кәсіпкерліктің бостандығын жариялаған экономикалық либерализм саясатының аумағында болды. Өндірістің даму қарқынын жеделдетеді деген үмітпен негізгі назарды ұлттық жекеменшік капиталға аударды. Бұл үшін өкімет протекционистік шараларды іске асырды. 1959 жылы қыркүйекте тарифтау және техникалық қарым-қатынас туралы франко-тунистік конвенцияға қол қойылды және де Тунис территориясында Француздердің жекеменшікті сатып алуы туралы келісімге де қол қсйылды. Бірақ, өндіріс пен аграрлық аумактарға ұлттық капитал кірісі ойдағыдай болмады.

1957 жылы Француз капиталын сыртқа шығару 25 млрд. франкті құрап,
рекордтық деңгейге жетті. Бірақ, тунистік кәсіпкерлер өз капиталдарын
сауда мен қызмет көрсету аймақтарына салды.

Жаңа Дустур басшыларының Тунис шаруашылығын дамытудың әлеуметтік-экономикалық және юристік негізін дайындаған алғашқы декреттері бургибистік басшылар мен енді ғана құрылған кәсіпкерлер тобы арасындағы қарама-қайшылықты жоймады. X. Бургиба үкіметі экономикалық дамудың алғы шарттарын қамтамасыз етудегі ұйымдастырушылық міндетті өзіне алуға талпынды [2; 111-120] .

Жаңа дустурлік режимнің нығаюы бейдің шексіз правосын шектеді. 1956 жылы 6 тамыз үкімет өздігімен бейдің атынан заң шығаруға рұқсат беретін декрет жарияланды. 22. 07. 1957 жылы Жаңа Дустурдың саяси бюросы Тунистегі монархияның жойылуы туралы шешім қабылдады. Хусейнидтік династияның соңғы бейі Сиди Ламин тақтан түсірілді. 25. 07. 1957 жылы ¥лттық құрылтай жиналысы салтанатты түрде Тунисті Республика деп жариялап, Хабиб Бургиба оның бірінші президенті болып тағайындалды.

1959 жылы 1 маусымда Тунисте республикалық сипаттағы өкіметті бекіткен, негізгі сяаси және азаматтық еркіндіктерді жариялаған, атқарушы және заң шығарушы өкіметтердің өзара қатынасының принциптерін тағайындаған Конституция халыққа жарияланды. Атқарушы өкімет билігі толықтай президентке беріле отырып, ол мемлекет пен үкіметтің басшысы болып сайланды. Өкіметтің жоғарғы заң шығарушы органы мен президентті жалпы, тікелей және жасырын сайлау жолымен 5 жылға тағайындаған Бірпалаталы Ұлттық жиын болды.

1959 жылы 2-5 наурызда Сусте Жаңа Дустурдің 4-ші съездінің шешімі бойынша орталықтанбаған 41 партияның федерациясы жойылып, олардың орнына жергілікті жүйе мен партияның орталық басқармасы арасындағы негізгі топ ретінде партия делегациалары енгізілді. Тунис қоғамының барлық топтары мен топтарына сіңе білген партия орталықтандырудың ұйымдастырушылық принціпін пайдалана отырып партиялардың ішінде кландар мен фракциялардың идеяларының таралуына төтеп беруіне мүмкіндігі болды және де мемлекеттік аппараттың көмегімен ұлттық кәсіпкерлердің түрлі топтары мен қала және ауылдардың орташа топтарының мүдделерін көрсете алды.

50 жылдары басында кәсіпшілер қозғалысы күрестің экономикалық түрін саяси түрмен белсенді түрде үйлестірді. Елде кәсіподақтың позициясының нығаюының нәтижесінде Дустур партиясы өзінің тұтас өкілдікке (единовластие) қолы жетпейтіндігін көріп, ¥М шеңберінде кәсіподақтармен одақтасуына мәжбүр болды. Бірақ, сол кезде Ахмет бен Салах басқарған ЖТЕО (ВСТТ) ұлттық дамудың Бургибаға тиімсіз жобасын ұсынды. Кәсіподақтар үкіметінің жекеменшік кәсіпкерліктерге қолдау көрсетіп отыратындығын сынға алды. Олар оның орнына мемлекеттің позициасын нығайтуды ұсынды, ең алдымен ауыл шаруашылығында жоспарлау принциптерін енгізуді сұрады. Ағылшындық лейборизм моделіне еліктеген Бен Салах кәсіподақтардың коллективті түрде партияға өтуін ұсынды. Бұл ұсыныстар бургибистердің жоспарына қайшы келді: олар Бен Салахтың кәсіподақтарды автономиялау талпынысына бірден қарсы шықты. 1956 жылы басында Жаңа Дустур басшылары ЖТЕО-ның бұқара халыққа саяси әсерін пайдаланды.

Олар мемлекетті басқару органдарының жүйесінде позициаларын нығайтты, сосын 1956 жылы күзде ВСТТ-ның жіктелуін арандатып, Бен Салахты алып тастады. 1957 жылы бургистердің көмегімен кәсіподақтың басына А. Тлили, X. Ашур топтары келді. Олар Бургиба мен Жаңа Дустурдың "таптық серіктестік" принципіне ант берген еді. Келесі жылдары үкімет елдегі кәсіподақтың барлық жұмысына өз бақылауын жүргізе алды.

1950 ж. аяғы - 1960ж. басында Тунистің сыртқы саясатындағы негізгі мәселе елдің ішіндегі шетелдік әскерді шығару болды. Шекаралық аудандарда тұрып тунистік үкіметтің сүйемелдеуінде болған алжирлік қашқындар мен Алжир ұлттық тәуелсіздік армиясының көтерілісшілерінде жиі-жиі әскери қақтығыстар болып тұрды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Француз әскерлерін шығару туралы келіссөздер ұзақ уақыт бойы болымды нәтиже бермеді. Франция өз позициясын осы елде сақтап қалу үшін түрлі экономикалық бопсаларға барды, саяси және әскери басымшылық та көрсетті. 1958 жылы 8 ақпанда Тунистің шекаралық Сакиет-Сиди-Юсеф елді мекендерін бомбылады. Нәтижесінде 180 адамнан астамы жарақаттанды, қаза болды.

Елде француз әскерін жедел түрде эвакуациалау талабы күшейе түсті. 1958 жылы ақпанда Тунис үкіметі Б¥¥-ның Қауіпсіздік кеңесіне шағым айтты, елде болған француз әскерлерін қоршап алды. Францияда генерал де Голль өкіметі билікке келгеннен кейін 1958 жылы 17 сәуірде франко-тунистік келісім бекітілді. Келісім бойынша келесі 4 ай ішінде Тунистен 7 мың адамы бар француздік әскерлер шығарылды. Бірақ, Франция Жерорта теңізінің ауданында Солтүстік Атлантикалық Одақтың бекінісі болған Бизертадағы әскери теңіз базасын сақтап қалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚХР - дың Африканың дамушы елдеріндегі экономикалық саясаты
Аймақтық интеграция шеңберіндегі Араб Мағриб бірлестігі
Еуропадағы миграциялық үдерістер
1970 – 1990 жылдардағы Қазақстандағы көші – қон процестерінің тарихы
Шығыс Европа елдерінің одан әрі дамуы
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Билік бөліну принциптері
Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешу перспективалары
Дүниежүзілік халықаралық ұйымдар
Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz