Алтын ала тергеудің аяқтаулы. Алдын ала тергеу ұғымы, оның нысандары мен кезеңдері



Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. ... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері. ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Алдын ала тергеудің аяқталуы» болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
Қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін заңын дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету - қылмыстық процестің мақсаты болып табылады. Біз қарастырып отырған алдын ала тергеуді аяқтау институты осылардың сонғысының шешімін табуға арналған.
Жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізу институтының мақсаты — әділ сот жүргізуші органдарды, сот ісін жүргізудің негізгі мақсаты тұрғысынан алғанда, көрінеу жарамсыз істерді қараудан босату, оларға жеңілдік жасау болып табылады.
1. Жогин Н.В., Фаткуллин Ф.Н. Предварительное следствие. М., 1965.
2. Мартынчик Е.Г., Милушев Д.В. Предварительное производство в социалистическом уголовном процессе. Кишинев, 1986.
3. Дубинский А.Я. Производство предварительного расследования органами внутренних дел. Киев, 1987.
4. Колосов Л., Чуркин А. Практика применения протокольной формы до судебной подготовки материалов // Сов. Юстиция, 1988.
5. Ефамичев С.П. Предварительное расследование и его роль в реализации уголовной ответственности: Автореф. дисс. д.ю.н., Л. 1987.
6. Ефанова В.А. Возбуждение уголовного дела судом. — Воронеж, 1988.
7. Финько ВД. Проблемы совершенствования деятельности органов до знания // Актуальные проблемы совершенствования юридической науки на этапе развитого социализма. - Харьков, 1985.
8. Учебник уголовного процесса / Отв ред. А.С. Кобликов. М, 1995.
9. Уголовного процесс / под ред. В.П. Божьева. М., 1989.
10. Мачковский Г.И. О сущности до знания и органа дознания // Проблемы предварительного следствия и до знаним: Сб. науч. тр. М., 1987.
11. Петуховский А.А. Направление уголовных дел на дополнительное расследование и проблемы повышения качества дознания и предварительного следствия. М., 1990.
12. Громов В.И. Методика расследования преступлений. - М.. 1930.
13. Крыленко Н.В. Юрминимум. - М, 1935.
14. Дубинский А.Я. Исполнение процессуальных решений следователя. Правовые и организационные проблемы. Киев, 1984.
15. Викторов Б.А. Общие условия предварительного расследования. -М., 1971.
16. Алауханов Е., Оразәлиев М. Айып тағу және айыптау қорытындысын түзу. Алматы, Нұрлы әлем, 2003.
17. Быков В.М., Гришин Ю.А. Обвинительное заключение по групповому уголовному делу; Лекция. Ташкент, 1988.
18. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы: Баспа, 1998.
19. Президент Казахстана выступает за усиление судебно-правовой реформы // Панорама, 1999. 19 марта.
20. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының ІІ сессиясында қабылданған. 1994 жылғы 27 желтоқсан. Алматы. 1995.
21. Соттар қызметін заңдық қана емес, саяси да мәні зор. // Егемен Қазақстан, 2001, 8 маусым.
22. Сапаргалиев М.С. Организация Советского суда в Казахстане. Изд-во АН КазССР, Алма-Ата, 1954.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ. АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН
КЕЗЕҢДЕРІ
1.1. Алдын ала тергеу ұғымы.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы. ... 11

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ
2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері.
... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2. Қылмыстық істі қысқарту.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3. Алдын ала тергеу кезінде түзілетін құжат үлгілері.
... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

КІРІСПЕ

Жұмыстың көкейтестілігі: Дипломдық жұмыстың тақырыбы Алдын ала
тергеудің аяқталуы болып табылады.
Диплом жұмысының әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары,
ережелері, шетелдік және отандық заңгерлердің ғылыми еңбектері, оқулықтар,
мерзімді басылымдардың мәліметтері құрайды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен құралған.
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен қарқынмен өзгеруде, ғаламдану мен
ақпараттық технологиялар дәуірі, күн өткен сайын күш алып барады. Соған
сәйкес жаңа яғни бұрын сирек кездесетін қылмыстар орын алуда. Бірақ
қылмыстың аты-қылмыс болғандықтан бұл жерде қоғамға қауіптілік немесе
құқыққа қайшылық бар. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып,
әлемде орнын нақтылауда. Қазақстан құқықтық мемлекет құру жолында.
Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір негізі адам мен азаматтық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, және оларды құрметтеу болып табылады.
Қылмыстарды тез және толық ашу, айыптыларды әшкерелеу, әрбір қылмыс
жасаған адам әділ жазасын алуы және кінәсіз бір де бір адам қылмыстық
жауапқа тартылмауы үшін заңын дұрыс қолданылуын қамтамасыз ету - қылмыстық
процестің мақсаты болып табылады. Біз қарастырып отырған алдын ала тергеуді
аяқтау институты осылардың сонғысының шешімін табуға арналған.
Жұмыстың мақсаты: Дипломдық жұмыста қылмыстық іс жүргізу институтының
мақсаты — әділ сот жүргізуші органдарды, сот ісін жүргізудің негізгі
мақсаты тұрғысынан алғанда, көрінеу жарамсыз істерді қараудан босату,
оларға жеңілдік жасау болып табылады.
Тергеуді аяқтау институты, бұл — іске асырылуы өте күрделі құқықтық
нормалар тобы. Заңдылықтың сақталу дәрежесі, барлық алдын ала тергеудің
толықтығы мен әділдігі, көбіне, іс бойынша соңғы құжаттың қалай
жасалғанына, іс жүргізу процедурасының қалай аяқталғанына байланысты.
Бұл жұмыста алдын ала тергеуді аяқтаудың барлық түрін қарауға талпыныс
жасадық. Оның соңғылары дәделдеме келтірілуімен ғана шектелмейді. Бұл жерде
алдын ала тергеудің әдебиетте аталған нысандары да, сондай-ақ, аяқтаушы
уақыт аралығы — кезеңдер де талданған. "Тергеудің аяқталуы" термині
құқықтық институттың атауы ретінде де, іс жүргізу қызметі мен іс бойынша
шешім жасау кезеңі ретіңде де қолданылуы мүмкін. Бұл диплом жұмыс тергеудің
аяқталуы сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңі ретінде қаралады, ол алдын ала
тергеудің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы уақыт аралығы үшін маңызы бар
қандай да бір қылмыстық іс жүргізу шешімін қабылдаудың негізі сипатталады,
тергеуші (анықтама органы, прокурор) дайындайтын іс жүргізу құжаттарының
формасы мен мазмұнына қойылатын талаптар қаралады.
Мен алдын ала тергеудің аяқталу проблемасын ұзақ уақыт зерттедім. Бұл
диплом жұмыстың басты құндылығы дұрыс материалдар, қандай да бір ұғымға
деген ғалымдар пікірі, жинақталған тәжірибе ғана емес, Мұңда тергеуді
аяқтаудың негізі мен тәртібін реттейтін барлық нормативтік актілерден
қажетті үзінділер келтірілген, олар айыптау қорытындысын жасауға, қылмыстық
істі қысқартуға және адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын
қолдану мәселесін қарауы үшін істі сотқа жіберуге қатысы бар нормалар.
Кейде құқықтық ережелер бір мағынада түсінілмейді. Қандай да бір
ережені қолдануда прокурор мен тергеушіде әртүрлі көзқарас болуы мүмкін.
Алдын ала тергеу органдарының қызметін қадағалай отырып прокурор қылмыстық
істі қысқарту немесе оны сотқа жіберу туралы соңғы нұсқау береді. Іс
жүргізудегі өзінің дербестігін пайдаланып тергеуші оның нұсқауын орындаудан
бас тартады. Бұл жағдайда не істеу керек?
Егер прокурор мен тергеуші, мұндай жағдайларда бұрын қандай шешім
болғанын білсе, өзара қайшылыққа бармаған болар еді.
Жұмыстың пәні: Алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші
қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға
кіріседі.
Тергеушінің алдын ала тергеуді жүргізудегі құзіреті, құқықтары мен
міндеттері іске қатысушылармен ара-қатынастары қандай болу керектігі
қарастырылды.
Атап айтатын болсақ, алдын ала тергеу басталған кезден бастап, тергеуші
қозғалған қылмыстық істі өз өндірісіне алып тергеу әрекеттерін жасауға
кіріседі.
Сезіктіден жауап алып, бұлтартпау шарасын қолданғаннан кейін, егер оның
басына айыпқа тарту үшін жеткілікті дәлелдемелер жиналса айыпталушы ретінде
жауапқа тарту, оның жасалу процедурасы толық ашылған.
Алдын ала тергеу кезінде жүргізілетін тергеу әрекеттері олардың заңда
көрсетілген тәртіптері атап көрсетілген.
Жұмыстың объектісі: Дәлелдемелер мен жедел-іздестіру арқылы алынған
процессуалдық емес ақпараттың арақатынасын зерттеу отырып техникалық
құралдарды қолдана отырып, жедел-іздестіру жолымен алынған ақпаратты
дәлелдемеге айналдырудың іс жүргізушілік шарттарын анықтауға бағыттаймыз.

І. АЛТЫН АЛА ТЕРГЕУДІҢ АЯҚТАУЛЫ.
АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ НЫСАНДАРЫ
МЕН КЕЗЕҢДЕРІ

1.1. Алдын ала тергеу ұғымы

Алдын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас
тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала
тергеу дегеніміз — қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің
міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.
Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала
тергеу сатылары арасындағы айырмашылықты көре алмайды.
А.А.Гарницкий былай дейді: Алдын ала тергеу - қылмыстық процестің
сатысы, ол кезеңде тергеу және анықтама органдары, жұртшылықтың көмегіне
сүйене отырып және заңда белгіленген тәртіпте, қылмыстың алдын алу
жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды ашу, кінәлілерді
жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамның
немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-жоғын анықтайды. Алдын ала
тергеу дегеніміз – қылмыстық процестің сатыларының бірі, – деп жазады Н.Ц.
Логин мен Ф.Н. Фаткуллин, – Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің
немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол
бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі
қысқартумен (есі дұрыс еместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу
шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен) аяқталады. Бұл анықтау уақыт
аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу
қызметіне қатысты пайдаланылмайды.
Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде
қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да,
құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.
Алдын ала тергеу (қызмет ретіңде) екі нысанында жүзеге асырылады деп
саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.
Анықтау және оның түрлері. Бұрын аталып өткендей, қылмыстық іс жүргізу
қызметінің екі түрін: анықтау мен алдын ала тергеуді алдын ала тергеудің
нысандары деп атау қабылданған.
Анықтау деген не?
Анықтау, алдын ала тергеудің кез келген нысаны сияқты, қылмыстық іс
қозғалғаннан кейін басталады. Алдын ала тергеу міндетті емес тергеуден оның
айтарлықтай айырмашылығы бар. Анықтаудың түріне қарай ол қылмыстық істі
тергеушіге жібергеннен кейін, не алдын ала тергеу сияқты — істі айыптау
қорытындысымен сотқа жібергеннен кейін немесе қылмыстық іс қысқарғаннан
кейін аяқталуы мүмкін. Заң алдын ала тергеу кезінде жүзеге асырылатын ол
қызметтің екеуін де анықтау деп атайды.
Есте сақтайтын бір жай, қазіргі заңдық регламенттеуде анықтау әртүрлі
екі процедураны қамтиды, оларлы бір құқықтық институтқа біріктіру жасанды
болып табылады. Сондықтанда Г.И.Мачковскийдің айтқаны өте дұрыс: анықтау —
кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізу ғана, яғни
А.К.Гавриловтың пікірінше — анықтау тергеудің бастапқы кезеңі (бөлігі)
ғана; ал толық көлемді анықтау дегеніміз — азаматтардың құқықтарын шектей
отырып анықтау органының алдын ала тергеу жүргізуі. Басқаша айтқанда, егер
жаратылысы да, мақсаты да, мерзімі де тіптен басқаша екі қызмет түрі бірдей
аталынатын болса және мұндай жағдай дұрыс деп саналса, онда анықтау
органдарының қылмыстық іс жүргізу практикасының барлық түрлері дәйекті
анықтау деп аталады.
ҚІЖК-нің 288-бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер
бойынша анықтау органы іс қозғайды және қылмыстық іс бойынша дәлелденуі
тиісті мән-жайларды анықтау үшін қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген
барлық шараларды қабылдайды. Алдын ала тергеудің осы түрін жүргізгенде
анықтау органы кез келген тергеу, сондай-ақ басқа іс жүргізу әрекеттерін
жүргізуге, қажетті іс жүргізу шешімдерін қабылдауға құқылы.
Бұл ретте ол қылмыстық іс жүргізу заңында негізінен алдын ала тергеу
үшін белгіленген ережелерді басшылыққа алады.
1) Жәбірленушіні, азаматгық талапкерді, азаматтық жауапкерлі және
олардың өкілдерін анықтау жүргізген адам анықтаудың аяқталғаны және істін
прокурорға жіберілгені жайында хабардар етуге міндетгі. Бірақ. анықтау
органы, тиісті өтініш болған күннің өзінде, оларды іс материалдарымен
таныстыруға міндетті емес.
2) Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі мынада: прокурор,
ҚІЖК-нің 289-бабына сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға) орындалуы
міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ тергеуші прокурордың:
- айыпталушы ретінде тарту туралы;
- қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;
- сот талқылауын тағайындау үшін істі жіберу туралы немесе істі
қысқарту туралы нұсқауымен келіспесе, өз қарсылығын жазбаша баяндап жоғары
тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда прокурор, не төменгі тұрған
прокурордың нұсқауын бұзады, не бұл істің тергеуін басқа тергеушіге
тапсырады. Анықтау органдарына бұл ереже таралмайды. Прокурордың нұсқауымен
келіспеген жағдайда анықтау органы жоғары тұрған прокурорға шағымдануға
құқылы. Дегенмен, мұндай шағымдаңу фактысы прокурор нұсқауының орындалуын
тоқтата алмайды. Алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша
анықтау материалдары істі сотта қарауға негіз бола алады. Оның мақсаты
алдын ала тергеудің алдына қойылған мақсатпен бірдей. Мерзімі және жүргізу
амалдары жағынан олар да әртүрлі болуы мүмкін. Міне осы мән-жай ғалымдарға
анықтаудың осы түрін толық көлемді анықтау немесе алдын ала тергеудің
ерекше нысаны деп атауға мүмкіндік беріп отыр.
Дау туғызбайтын бір жағдай — алдын ала тергеу міндетті емес істер
бойынша анықтау алдын ала тергеудің өзінше дербес нысаны болып табылады,
оны алдын ала тергеуден мыналар ерекшелейді:
- оны жүзеге асыратын субъект (тергеуші емес, анықтау жүргізуші адам);
- сол субъектінің құқықтық мәртебссі (анықтау жүргізуші адамда іс
жүргізу еркіндігі болмайды);
- жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, адам және жауапкердің және
олардың өкілдерінің тергеу аяқталғаннан кейін іс материалдарымен танысуға
құқықтарының жоқтығы.
Қылмыстық іс жүргізу қызметінің осы түрі, басқаларға қарағанда,
анықтау деп атауға көбірек сәйкес келеді. Ол алдын ала тергеуге қарағанда
едәуір өзгеше.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық сот ісін жүргізу негіздерінің 29-
бабына сәйкес алдын ала тергеу жүргізу міндтті болып табылатын қылмыстарда
қылмыс белгілері болса анықтау органы қылмыстық іс қозғайды және қылмыстық
іс жүргізу заңын басшылыққа алып дереу тергеу әрекеттерін жүргізеді, ондағы
мақсат — қылмыстың іздерін анықтау және бекіту: қарау, тінту, алу, телефон
және басқа байланыстарды тыңдау, мүлікке тыйым салу, сезіктілерді анықтау,
ұстау және олардан жауап алу, жәбірленушілер мен куәлерден жауап алу, қажет
болған жағдайда сараптама тағайындау.
Анықталған қылмыс және басталған анықтау жайында анықтау органы
прокурорға дереу хабар береді. Жедел тергеу әрекеттерін орындағаннан кейін
анықтау органы, прокурордың нұсқауын күтпестен және он күндік мерзім
біткеннен кейін істі тергеушіге тапсыруға міндетті.
Анықтаудың бұл түрі алдын ала тергеу сатысын аяқтамайды, сондықтан да
өзінен кейін жалғасатын алдын ала тергеуден бөлініп алдын ала тергеудің
нысаны деп аталынбайды. Бұл жағдайда алдын ала тергеу екі элементтен
тұрады:
- алдын ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау;
- анықтау органы істі тергеушіге бергеннен кейін басталатын алдын ала
тергеу. Алдын ала тергеудің осы нысанын аралас алдын ала тергеу деп атау
керек.
Алдын ала тергеу дегеніміз — мазмұны алдын ала тергеу сатысын басынан
аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала тергеу дәлелдеуге жататын барлық
мән-жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады (ҚІЖК-нің 117-бабы). Тек
алдын ала тергеуде ғана қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатыларында
адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың заңда көзделген
кепілдіктері көбірек көзделген.
Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді
тергеушілер жүргізеді, оларда, жоғарыда атап өткеніміздей, іс жүргізу
дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері қазіргі кезде ішкі істер
органдарында, қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы
органдарында бар.
Алдын ала тергеу, ҚІЖК-нің 126 және 404-баптарына сәйкес, неғұрлым
күрделі істер бойынша және өзінің дене немесе ақыл-ой кемістігіне
байланысты өз құқығын қорғай алмайтын кәмелетке толмаған адамдар жасаған
қылмыстар туралы, сондай-ақ есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті іс-
әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.
Алдын ала тергеу оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар
бойынша да жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе
прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процеске кірісуге құқылы.
М.С.Строговтың пікірінше, анықтау мен алдын ала тергеудің бір бірінен
айырмашылығы сонда, алдын ала тергеу дегеніміз - тергеудің маңызды, елеулі
қылмыстар туралы істерде қолданылатын жоғарғы және неғұрлым күрделі нысаны.
Анықтау — алдын ала тергеуге қатысты алғанда қосымша болып табылатын тергеу
нысаны, онын мақсаты - қылмыстың іздерін бекіту және алдын ала тергеуде іс
толық және жан-жақты тергелуі үшін алғашқы және шұғыл тергеу әрекеттерін
жасау. Алдын ала тергеу ұғымына анықтама беруге байланысты бір тарихи
жайға назар аударып көрейік. Бір кездері тергеушілер соттардың жанында
болған, ол кейбір іс жүргізушілердің, мысалы. А.Я.Вышинский сияқтылардың,
алдын ала тергеуді тергеуші соттардың немесе сот тергеушілерінің, яғни
соттың қызметі деп айтуына мүмкіндік берді. Ал қазіргі көптеген қымыстылар
алдын ала тергеудің соттан тысқарылық сипатын мойындап отыр. Тарихи
фактілерге мұндай апелляцияның қажеті не? Ол дәлелдемелерді зерттеуге
соттың қазірде құқығы бар екендігін көрсету үшін қажет. Сот талқылауының
бір бөлігі сот тергеуі деп те аталады. Ал бұл ұғым мен алдын ала тергеу
ұғымын ажырата алу керек, олар қызметті жүзеге асыратын субъектілер бойынша
ғана емес, қызметтің бұл түрлерінің қылмыстық процестегі амалына,
мақсатына, орнына және рөліне қарай да ерекшеленеді.
Алдын ала тергеу, алдын ала тергеудің кез келген басқа нысаны сияқты,
іс жүргізу әрекеттерінен және іс жүргізу шешімдерінен тұрады. Ол өзіне
тергеу әрекеттерін жүргізуді. мәжбүрлеу шараларын қолдануды, адамды
айыпталушы ретінде тартуды, қорғаушыны, заңды өкілдерді, азаматтық
талапкерлерді және қылмыстық процестің басқа субъектілерін қылмыстық
процеске қатысуға жіберуді, қатысушыларды іс материалдарымен таныстыруды
және т.б. қамтиды.
Алдын ала тергеудің алғашқы мерзімі екі ай шамасында белгіленген. Бірақ
оны заңда белгіленген тәртіпте прокурор ұзарта алады.
Сонымен, алдын ала тергеудің ең аз дегенде үш нысаны бар:
1) алдын ала тергеу;
2) аралас алдын ала тергеу, ол өзіне анықтауды (алдын ала тергеу
міндетті болып табылатын істер бойынша) және содан кейінгі алдын ала
тергеуді қамтиды;
3) алдын ала тергеу міндетті емес істер бойынша анықтау.

1.2. Алдын ала тергеудің аяқталу институтының жалпы сипаттамасы

Алдын ала тергеудің аяқталуы дегеніміз – алдын ала тергеу сатысының
қорытынды бөлімі (кезеңі). Ол істің мән-жайын толық, жан-жақты және
объективті зерттеу бойынша барлық тергеу (іс жүргізу) әрекеттері аяқталып,
істің ары қарайғы тағдыры туралы шешім қабылдау қажет болғанда туындайды.
ҚІЖК-нің 289-бабының редакциясы бұл талданып отырған кезеңнің басталу және
қадағалаушы прокурордың жазбаша нұсқауы бойынша қылмыстық істі тоқтату
мүмкіндігінің бар екендігін көрсетеді. Алдын ала тергеудің аяқталуы
бірқатар іс жүргізу әрекеттерін қамтиды, оларды іс жүргізу шешімдері
тиісінше рәсімделгенге дейін орындау қажет. Алдын ала тергеудің аяқталуы
термині кейде басқа мазмұнда пайдаланылады:
аттас кезеңде жүзеге асырылатын анықтаушы органның, тергеушінің,
прокурордың іс жүргізу қызметі және қылмыстық-іс жүргізу қызметі.
Алдын ала тергеу саты ретінде тіптен отызыншы жылдары бөліктерге
(кезеңдерге) бөлінді. Мысалы, В.И.Громов (1930 ж.) тергеу барлық материал
аяқталған тергеу бойынша жинақталып қорытылғаңда, Н.В.Крыленко
(1935 ж.) - алдын ала тергеудің қорытынды кезеңімен аяқталады деп
санаған. С.П.Бекешко (1979 ж.) бұл кезеңнің мазмұнына дәлелдемелерді
жинауды тоқтату туралы шешім қабылдау жөніндегі, іс бойынша іс жүргізуді
жүйелеу және рәсімдеу, тергеудің аяқталғаны туралы процеске қатысушыларға
хабар беру, қылмыстық істің ары қарайгы тағдырын анықтайтын шешім қабылдау
жөніндегі және т.б. заңда көзделген іс жүргізу әрекеттерін жатқызады.
Б.А.Викторов (1971 ж.) және басқа бірқатар авторлар алдын ала тергеудің
өздері бөліп алған алты кезеңінің төртіншісін алдын ала тергеудің аяқталуы
деп атады. Бесіншісін олар алдын ала тергеу аяқталатын қорытынды құжатты
(айыптау қорытындысы, т.б.) жасау және алтыншысын — прокурордың қылмыстық
істі оны ары қарай жіберу мәселесін шешу үшін қарауы деп санады.
А.Я.Дубинскийдің (1984 ж.) пікірінше, бұл аталған кезеңдердің алтыншысы
тергеуден тыс жатыр, ал бесінші кезең төртіншіні өзіне сіңіріп алады.
Соңдықтан да ол қорытынды кезеңнің мазмұнына қылмыстық іс материалдарын
біржола жүйелеу, жинақталған дәлелдемелерді бағалау, процеске қатысушыларды
тергеу әрекеттерін жүргізудің аяқталғаны туралы хабардар ету, оларға танысу
үшін қылмыстық іс материалдарын ұсыну, түскен өтініштерді шешу, ақтық
шешімді қалыптастыру, қорытынды іс жүргізу құжатын рәсімдеу және істі сотқа
жіберу жөніндегі әрекеттерді жатқызған. Әдетте, бұл кезеңде, тек, іс
жүргізу және ұйымдық-техникалық әрекеттер ғана жүргізіледі. Анықтау
органының жедел іздестіру қызметі тек кейбір жағдайларда: жасырынып қалған
қылмыскерді және тығып қойған құндылықтарды іздестіргенде, жаңа
қылмыстардың алдын алғанда және алдын ала тергеу сатыларының қалыпты
аяқталуына кедергі келтіру ниетін тыюда қажет болуы мүмкін.
Кейбір іс жүргізушілер бұл кезеңнің басталуын жүргізілген тергеудің жан-
жақтылығын, толықтырған және әділдігін тексеру және қылмыстық процеске
қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету кезеңіне
жатқызады. Бірақ, олардың іс жүргізу процесін жүзеге асыру, не жан-
жақтылық, толықтық және әділдік, сондай-ақ қылмыстық процеске
қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жайын сөз
қылғанда нені діттегені түсініксіз. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізудің
аяқталуын және мәжбүрлеу шараларының қолданылуын басталу деп алумен
келісуге болады, бірақ сол әрекеттер жиынтығын емес. Соңғылар тергеудің
бастапқы кезеңдерінің мазмұнына толықтай кіреді.
Қылмыстық істі қысқартқанда, кейбір ғалымдардың пікірінше, бұл кезеңге
мыналарды да жатқызуға болады:
- прокурорды және заңда көрсетілген мүдделі адамдарды істің қысқарғаны
туралы хабардар етуін;
- қылмыстық істі қысқарту туралы шешімге шағымды прокурордың қарауын
және ол бойынша шешім қабылдауын (ҚІЖК-нің 218,-219-баптары);
- прокурордың қылмыстық істі қысқартудың зағдылығын және дәлелділігін
тексеруін;
- прокурордың қылмыстық істі кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпалы
бар мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешуі үшін сотқа жіберуін.
Сонымен, ақтық кезең алдын ала тергеуді аяқтайтын материалды жүйелеуден
басталады. Практикада жүйелеудің негізгі екі түрі: хронологиялық және
тақырыптық түрлері қолданылады. Хронологиялық тәртіпте материалдар тергеуші
жинастырған және оған келіп түскен ретімен жинақталады, ал тақырыптық
тәртіпте қылмыстық іс материалдары қылмыстар бойынша топтастырылады.
Әдетте, көп эпизодты істер тергелгенде сондай болады. Мұнда құжаттар
қылмыстардың ауырлығына қарай емес, келіп түскен ретімен тігіледі. Бірнеше
эпизодтарға ортақ хаттамалар мен қаулылар, айыпталушылардың,
жәбірленушілердің жеке басын сипаттайтын құжаттар, тінту, ұстау құжаттары,
т.б. өзінше бөлек, хронологиялық тәртіпте тігіледі.
Іс материалдарын жүйелеу тергеушіге, одан кейін қорғаушыға,
айыпталушыға, оның заңды өкіліне, жәбірленушіге, азаматтық жауапкерге,
азаматтық талапкерге және олардың өкілдеріне, прокурорға, сотқа, судьяға іс
бойынша жинақталған дәлелдемелерді тікелей мұқият талдуға, сондай-ақ алдын
ала тергеудің қорытынды актісін жасағанда іс материалдарын жедел
пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде тергеуші істің мәнісі бойынша
қорытынды жасап, оны негіздейді, оның болашақ тағдыры жайында шешім
қабылдайды.
ҚІЖК-нің 24-36-тарауларының мазмұнына сүйене отырып алдын ала тергеуді
аяқтаудың кемінде үш түрін бөліп алуға болады:
- айыптау қорытындысын жасау:
- қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығару;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені
қарауы үшін істі сотқа жолдау туралы қаулы шығару.
Өткен параграфта келтірілген ережеге сүйеніп автор тергеудің
аяқталуының тағы да бір түрі - қылмыстардың мән-жайы туралы хаттама
ресімдеу жайында айта алады. Іс жүргізушілер алдын ала тергеу міндетті
болып табылатын істер бойынша анықтауды, көбіне алдын ала тергеудің нысаны
деп атайды. Қылмыстық іс жүргізу қызметінің бұл түрінде де ақтық кезең бар,
ол қылмыстық іс материалдарын тергеу орнына жіберу туралы мәселе шешілетін
уақыт аралығы (ҚІЖК-нің 36-тарауы). Материалдарды әкімшілік жазалау
шараларын қолдану үшін сотқа жібере отырып істі қысқарту туралы шешім
қылмыстық істі қысқартудан бөлек айтылады. Қазіргі кезде қылмыстық істі
қысқартудың бұл түрін заң шығарушы алып тастады. Ондай ҚІЖК-нің 37-бабында
қарастырылған кезде де ол алдын ала тергеуді аяқтаудың өзінше бір түрі
болған емес. Мысалы, Орал қаласы мен облыс бойынша статистика мынаны
көрсетті: бір жылда ІІМ тергеушілері сотқа айыптау қорытындысымен 7171 іс
жіберген, бұл олардың аяқтаған барлық алдын ала тергеулерінің 76,5%-і. 2141
іс қысқарған (аяқталған істердің жалпы санының 22,8%-і). Жыл бойы
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені қарауы
үшін істі сотқа жіберу жөнінде бар болғаны 60 (0,7%) қаулы шығарылған.
Статистикаға жүгінсек — жүргізілуі аяқталған қылмыстық істер санының жыл
сайын өсіп отырғандығын және де айыптау қорытындысымен сотқа жіберілген
істердің көбейгендігін көреміз.
Тергеудің аяқталу кезеңі барлық мемлекеттерде бірдей біздегідей емес.
Бірқатар мемлекеттерде сотқа дейінгі тергеуді аяқтау туралы шешімді
прокурор шығарады, ал алдын ала тергеу жүргізген орган тек қандай да бір
шешімді ұсына алады. Мысалы, Чехияның ҚІЖК-не сәйкес, тергеуді аяқтаған
тергеуші қорытынды жасайды да, оны іс материалдарымен бірге прокурорға
жібереді. Айыптау қорытындысын жасап, істі сотқа жолдайтын (жіберетін)
прокурор ғана. Румынияның Қылмыстық іс жүргізу кодексінде тергеу
аяқталғаннан кейін тергеу органы істі өзінің қорытындысымен, атқарылған
істің мазмұнын көрсететін рефератпен (баяндамамен) қоса прокурорға
жібереді. Венгрияда тергеу органы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы қаулы
шығарғаннан кейін материалды, айыптау актісін шығаруы үшін прокурорға
жібереді, ал айыптау актісін прокурор шығарады, өзі сотқа жібереді.
Көптеген еуропа елдерінде қылмыстық іс жүргізу заңнамасы алдын ала
тергеуді аяқтаудың психикасы бұзылған адамның іс-әрекеті туралы істі
тергеушінің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы
мәселені шешуі үшін сотқа жіберуі сияқты өзінше бөлек нысанын
қарастырмайды. Венгрия ҚІЖК-і, егер жауап алғаннан кейін оның жасаған
қылмысының басқа жасаған ауыр қылмысына қарағанда елеусіз екендігі
анықталса, ары қарай тергеу жүргізбеу мүмкіндігін ерекше ескертеді.
Сонымен,
1. Алдын ала тергеудің, оның аяқталуы деп аталатын кезеңі қылмыстық іс
материалдарын (сотқа кейінгі тексеру материалдарын) біржола жүйелеуден
басталады.
2. Тергеудің аяқталуы мына шешімдердің біреуімен тамамдалады:
а) айыптау қорытындысымен;
б) қылмыстық істін қысқаруымен:
в) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселені
қарауы үшін істі сотқа жіберумен.
Өзінің мазмұны жағынан мұндай хаттама жеке және жария айыптау істері
бойынша бірдей емес.

ІІ. АЙЫПТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАСАП ТЕРГЕУДІ АЯҚТАУ

2.1. Айыптау қорытындысын ресімдеудің негіздері

Айыптау қорытындысын жасап тергеуші іс бойынша өз қызметін аяқтауға
құқылы, егер:
- дәлелденуге жататын барлық мән-жайлар анықталса;
- айыпталушының кінәсі дәлелдемелермен расталса;
- оның қылмыстық жауаптылығын жоққа шығаратын (қылмыстық істі
қысқартуға негіз болатын) мән-жайлар болмаса.
Айыптау қорытындысын жасау алдында тергеуші бірқатар іс жүргізу
әрекеттерін орындауы тиіс. Енді соларға тоқталайық.
ҚІЖК-нің 274-бабында былай делінген: Алдын ала тергеуді аяқталған, ал
жинақталған дәлелдемелерді айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп
танып, тергеуші ол жайында жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық
талапкерді, азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін хабардар етуге
және, сонымен қатар оларға іс материалдарымен танысуға құқылы екендігін
түсіндіруге міндетті. Мұндай хабар беру ауызша да, жазбаша да болады. Бұл
жағдай істе жазбаша ресімделген хабарлама қағаздың, телефонограмманың
немесе жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе
олардың өкілдерінің құқықтары ауызша түсіндірілгендігі туралы анықтаманың
көшірмесін тіркеу арқылы көрініс табады. Практикада бұл адамдардың іс
материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігі ертерек анықталады. Бұл
оларды азаматтық талапкер, жәбірленуші, т.б. ретінде таныған кезде болады.
Олар өздерінің іс материалдарымен танысқысы келетін-келмейтіндігін тиісті
қаулыда жазады. Хабар беруден өздері тікелей бас тартқанымен тергеуші
оларға тергеудің аяқталғандығы туралы хабарлауға міндетті.
Көрсетілген адамдар тарапынан іс материалдарымен таныстыру жөнінде
жазбаша немесе ауызша өтініш болса тергеуші жәбірленушіні, оның өкілін және
азаматтық талапкерді немесе оның өкілін іс материалдарымен, ал азаматтық
жауапкерді немесе оның өкілін қойылған талапқа қатысты іс материалдарымен
таныстырады.
Жәбірленушіге және оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық
жауапкерге немесе оның өкіліне іс материалдары, олар өз құқықтарын
пайдаланғысы келетін жағдайларда ғана беріледі. Егер осы адамдар,
мүмкіндігі бола тұрып, белгіленген уақытта іс материалдарымен танысуға
келмесе, өз құқығын пайдаланғысы келетіні жайында тергеушіге ертесіне
айтпаса, мұндай жағдай іс бойынша ары қарай іс жүргізуге кедергі бола
алмайды.
Жәбірленушіге қылмыстық іс материалдарымен танысу мүмкіндігі
берілмегендіктен қылмыстық істі қосымша тергеуге қайтару фактісі практикада
болған. Бұл жағдайда зәбір көрген адам жебірленуші деп танылмауы мүмкін.
Мысалы, Шет ауданының соты ҚК-тің 234-бабының 2-бөлігі бойынша айыпталушы
кәмелетке толмаған П. мен Ш. істерін қосымша тергеуге қайтарған. Кәнігі
бұзақылық әрекеттен зардап шеккен В. мен М. тергеу барысында жәбірленушілер
деп танылмағандықтан сот істі қайтарған. Ал, КСРО Жоғарғы Соты, кезінде,
мұндай қателіктер үшін істі қосымша тергеуге соттардың қайтармауын
құптаған. КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы, өзінің 1985 жылғы 1 қарашадағы
Соттардың қылмыстық сот ісіне жәбірленушінің қатысуын реттейтін заңнаманы
қолдану практикасы туралы №16 қаулысында былай деп көрсетті: егер сот
талқылауың тағайындағанда тергеу органдарының қылмыстан моральдық дене
тұлғалық немесе материалдық зиян көрген адамды жәбірленуші деп
танымағандығы анықталса, сот (судья) өзінің қаулысымен (ұйғарымымен) ондай
адамды жәбірленуші деп тануға, ол жайында оны хабардар етуге, құқығын
түсіндіруге және сот талқылауы тағайындағаннан кейін оның барлық іс
материалдарымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Тергеу анықтау формасында ғана жүргізілсе жәбірленушіге, азаматтық
талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне тек анықтаудың
аяқталғандығы және істің прокурорға жіберілгендігі хабарланады, оларға іс
материалдары танысуға берілмейді. Ереже осындай. Ол ҚІЖК-нің 288 бабында
бекімін тапқан. Бірақ, заң шығарушы пайдаланған бұл формулировка анықтау
жүргізген адамға, кейбір жәбірленушілерге, азаматтық талапкерлерге, т.б.
жеңілдік беріп, олардың іс материалдарымен толықтай немесе ішінара
танысуына мүмкіндік тудырады, тек тергеу жұмысына кедергі тудырмаса
болғаны. Еске сақтайтын бір жағдай — іс материалдарымен бұлай танысу ҚІЖК-
де көзделмеген, сондықтан ол қылмыстық іс жүргізу қызметі болып табылмайды.
Болгария, Чехия және Славакия ҚІЖК-терінде жәбірленушінің, азаматтық
талапкердің және азаматтық жауапкердің іс материалдарымен танысу құқығы
анықтау аяқталғаннан кейін де сақталады.
Жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің танысу
кезектілігі заңда белгіленбеген. Қылмыстық процестің бірнеше қатысушысын
қылмыстық істің мазмұнымен бір уақытта таныстыру немесе қандай кезек
белгілеу құқығы тергеушіге берілген. Іс материалдарымен танысудың барысы
мен нәтижедері хаттамаға түсіріледі. Алдын ала тергеу органы бұл жайында
берілген өтініштерді шешеді.
ҚІЖК-нің 274-бабының талаптарын орындап тергеуші айыпталушыға алдын ала
тергеудің аяқталғанын және істің барлық материалдарымен оның өзінің немесе
қорғаушы көмегімен танысуға кұқылы екендігін, сондай-ақ алдын ала тергеуді
толықтыру туралы өтініш бере алатындығын хабарлайды. Алдын ала тергеуді
аяқтар алдында тергеуші айыпталушының қорғаушыны керек ететін-етпейтіндігін
анықтайды. Әдетте, бұл факт адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыда,
оны айыпталушының өз қолымен жазуы арқылы көрініс табады. Сонымен қатар,
қорғаушыдан бас тарту айыпталушының бөлек арызында және оның іс
материалдарымен танысу хаттамасында көрсетілуі тиіс.
Егер айыпталушы қорғаушыдан бас тартса, онда қылмыстық істің барлық
материалдары оған танысу үшін беріледі. Айыпталушы істің жүргізілумен
танысуға қатысуы үшін қорғаушы шақыру туралы өтініш білдірсе, сондай-ақ
қорғаушы іске қатысқан болса, тергеуші барлық іс материалдарын айыптапушы
мен оның қорғаушысына береді. Бұл субъектілердің біреуінің өтініші болғанда
ғана олар іс материалдарымен жеке-жеке танысуы мүмкін. Ондай өтініш,
әдетте, өз қолымен жазған өтініш (арыз) түрінде іс материалдарында көрініс
табады. Бұл ереже анықтаудың және алдын ала тергеудің жүргізілуі
аяқталғанда қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын барлық жағдайларға
таралады, яғни егер айыпталушы:
а) қылмысты кәмелетке толмаған жаста жасаса;
б) ол мылқау, керең, соқыр немесе өзінің қорғану құқығын дене немесе
ақыл-ой кемтарлығы себепті жүзеге асыра алмайтын адам болса;
в) сот ісі жүргізілетін тілді білмесе;
г) жазалау шарасы ретінде өлім жазасы қолданылуы мүмкін қылмысты жасады
деп айыпталса;
д) присяжныйлар соты қарауы мүмкін іс материалдарымен танысса.
Айыпталушы мен оның қорғаушысын қылмыстық істің барлық материалдарымен
таныстыру қорғаушы келгенше кейінге қалдырылады, бірақ ол мерзім бес
тәуліктен аспауға тиіс. Егер айыпталушы таңдап алған қорғаушы көрсетілген
мерзімде келе алмаса, тергеуші қылмыстардың көбісі немесе соңғылары
жасалған ауданның заң консультациясы арқылы басқа қорғаушы шақыруға шара
қолданады.
Тергеуші айыпталушы мен оның қорғаушысына істің барлық матермалдарын
тігілген және нөмірленген күйінде ұсынады. Айыпталушы таныспаған
материалдарды сотқа кейін жіберуге болмайды. Қосымша тергеу жүргізу үшін
қайтарылған іс бойынша тергеу аяқталғаннан кейін айыпталушыға қосымша
тергеу материалдары ғана емес, істің барлық парақтары танысуға беріледі.
ҚІЖК жобасында бұл ереже біршама өзгерген. ҚІЖК жобасының 313-бабының 4-
бөлігіне сәйкес, қосымша тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін процеске
қатысушыларға қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік беріледі, ал
олардан өтініш болса ғана іс материалдары түгелдей беріледі.
Егер алдын ала тері еу кезінде киноға түсіру немесе үн таспаға жазу
қолданылса, олар айыпталушы мен оның қорғаушысына көрсетіледі және
тыңдатылады. Іс бойынша бірнеше айыпталушы болса, онда оларға өздері
қатысқан қылмыстар бойынша жинақталған материалдар ғана емес, қылмыстық
істің барлық материалдары ұсынылады.
Қылмыстық істің материалдарымен таныстыру кезінде облыстық, қалалық
соттардың қарауына жататын қылмыстарды жасаған адамдарға тергеуші олардың
ісін присяжныйлар сотының қарауы туралы өтініш бере алатын құқығын, сондай-
ақ мұндай өтінішті қанағаттандырудың заңдық салдарың, присяжныйлар сотының
үкіміне шағым келтірудің және ол шағымды қараудың ерекшелігін түсіндіреді.
Айыпталушының істі присяжныйлар сотының қарауы туралы өтінішін не ондай
құқықты пайдаланудан бас тартуын, сондай-ақ бұл мәселеге қатысты
айыпталушының басқадай кез келген ұстанымын тергеуші арнайы, осы мақсатта
жасаған хаттамада көрсетеді, оған тергеуші мен айыпталушы қол қояды.
Дегенмен, бір іс бойынша қылмыстық жауаптылыққа, көбіне бірнеше адам
тартылады. Тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші істің присяжныйлар сотында
қаралуы туралы өтініш білдіретін-білдірмейтіндігін олардың әрқайсысынан
сұрауға міндетті. Олардың әрқайсысының жауабы бөлек хаттамада көрсетіледі.
Егер, айыпталушылардың тым болмаса біреуі істің присяжныйлар сотында
қаралуына қарсы болса, тергеуші мен прокурор істі бөліп шығару туралы
мәселені шешуге тиісті, егер ол істің жан-жақты толық және әділ зерттеліп
шешілуіне теріс ықпал етпейтін болса. Істің присяжныйлар сотында қаралуы
туралы өтініш білдірмеген айыпталушы басқа айыпталушылардың ондай өтініш
білдіргені жайында уақтылы хабардар болуы тиіс. Бұл ретте оған істің
присяжныйлар сотында қаралуына қарсылық білдіру құқығы түсіндіріледі.
Қылмыстық істі бөлектеу туралы қаулы шығарылған жағдайда істің барлық
материалымен танысу процесі бөлектелген іс бойынша да, ол алынған іс
бойынша да қайталануы тиіс. Әрине, мұндай жағдайда айыпталушылар тек
өздерінің істерімен ғана танысады — істі присяжныйлар сотының қарағанын
қалаған айыпталушы негізгі (өзінен екінші іс бөлініп шыққан) қылмыстық іс
материалдарымен, ал істің жай сотта қаралуын қалаған айыпталушы бөлінген
қылмыстық іс материалдарымен танысады.
Айыпталушы мен оның қорғаушысы қылмыстық іс материалдарымен танысып
болған соң тергеуші олардан қосымша алдын ала тергеу жүргізу туралы өтініші
бар-жоғын сұрайды.
Қылмыстық іс материалдармен танысқанда айыпталушы одан кез келген
мәліметті кез келген көлемде жазып алуға құқылы. Тергеуші оны қаламсаппен
және қағазбен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге міндетті.
Тергеуі аяқталған қылмыстық істің материалдары қамауда отырған
айыпталушыға және оның қорғаушысына қамауда ұстаудың заңда белгіленген ен
көп мерзімі еткенге дейін кемінде бір ай қалғанша танысуға ұсынылады.
Айыпталушыны және оның қорғаушысын қамауда ұстаудың ең көп мерзімі өткенге
дейін материалмен таныстыру мүмкін болмаса, Бас прокурор, облыстық және
оған теңестірілген прокурорлар, әскери прокурор қамауда ұстаудың ең көп
мерзімі өткенге дейін кемінде 5 тәулік қалғанша бұл мерзімді ұзарту туралы
облыстық және оған теңестірілген судья алдында өтініш қозғайды.
Судья өтініш келіп түскен күннен бастап бес күннен кешіктірмей мына
қаулылардың біреуін қабылдайды:
1) қамауда ұстау мерзімін айыпталушымен оның қорғаушысының іс
материалдарымен танысуы аяқталғанша және прокурордың істі сотқа жіберу
кезіне дейін, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы;
2) прокурордың өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы және адамды
қамаудан босату туралы.
Қамауда ұстау мерзімі айыпталушы мен оның қорғаушысының алдын ала
тергеуді толықтыру туралы өтінішін қанағаттандыру қажет болған жағдайда осы
тәртіпте ұзартылады.
Қылмыстық іс материалдарымен танысуы үшін айыпталушыға жеткілікті уақыт
бөлінуі тиіс. Қылмыстық іс материалдарымен танысу туралы хаттамада ол үшін
бір-ақ сағат бөлінгендігі көрсетілгендіктен істі қосымша тергеуге қайтарған
факт практикада бар. Алматы облысы Талғар қаласының соты ҚР ҚК-нің 138-бабы
бойынша соттаған Б. өзінің іспен асығыс танысқанын, тергеушінің оны қосымша
таныстырамын деп, бірақ уәдесінде тұрмағандығын сот мәжілісінде айтқан. Ал
хаттамада Б. 313 парақтағы қылмыстық іспен сағат 17-ден 18-ге дейін танысты
деп көрсетілген. Алматы облыстық сотының төралқасы үкімді бұзып, қосымша
тергеу кезінде Б.-ның айтқанын тексеруді ұсынған.
Бұл ережеге қарамастан заң шығарушы айыпталушының іс материалдарымен
танысу мерзіміне қандай да шектеу қоймайды. Айыпталушы, өз құқығын
пайдалана отырып, істің сотта қаралуын мүмкіндігінше созуға әрекет жасаса,
тергеуші мұндай қиянатты жоюға тиісті шара қолданады. Ондай шаралар: мұндай
әрекетке жол берілмейтіндігін ескеру; іс материалдарын тергеушінің өзінің
оқып беруі болуы мүмкін. Егер бұлардан да нәтиже болмаса тергеуші өзінің
прокурор бекіткен дәлелді қаулысымен, іс материалдарымен танысу үшін
жеткілікті белгілі бір мерзімді белгілейді.
Айыпталушы аудандық (қалалық) соттың қарауына жатпайтын іс материалымен
танысқан жағдайда тергеуші істі судьялар алқасының қарағанына айыпталушының
келісетін-келкпейтіндігін анықтайды. Айыпталушының бұл мәселеге қатысты
пікірі хаттамада көрсетіледі.
Айыпталушының қорғаушысының қылмыстық істің барлық материалдарымен
танысу кезіндегі құқығы ҚІЖК-нің 70-бабында баяндалған, ол:
1. Қорғаушы — заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен
айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және
оларға заң көмегін көрсететін адам.
2. Адвокаттарға, айыпталушының жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына
немесе заңды өкілдеріне, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша
кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне қорғаушы
ретінде жол беріледі. Шетелдік адвокаттарға, егер ол Қазақстан
Республикасының тиісті мемлекетпен халықаралық шартында өзара негізде
көзделсе, заңдарда белгіленген тәртіппен іске қорғаушы ретінде қатысуға жол
беріледі.
3. Қорғаушы айып тағылған не адам осы Кодекстің 68-бабының бірінші
бөлігіне сәйкес сезікті деп танылған кезден бастап іске қатысуға
жіберіледі.
4. Бір адам,егер сезіктінің, айыпталушының біреуінің мүддесі
екіншісінің мүддесіне қайшы келетін болса, олардың екеуіне бірдей қорғаушы
бола алмайды.
5. Адвокаттың өзіне қабылдаған сезіктіні немесе айыпталушыны қорғаудан
бас тартуға құқы жоқ.
Айыпталушы мен оның қорғаушысына, сондай-ақ жәбірленушіге, азаматтық
талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне іс материалдарын
ұсынғанда хаттама жасалынады, онда танысуға қандай материалдардың
берілгендігі, танысу қайда, қашан, қанша уақыт болғаны, қандай өтініш
білдіргені көрсетіледі. Айыпталушы іс материалдарымен танысудан бас тартса,
бұл факт хаттамада көрініс табады, онда бас тартудың себебі көрсетіледі,
егер оны айыпталушы айтқан болса. Хаттама өте ұқыпты жасалынады. Оған
түзету жасамауға тырысу керек. Егер ондайдан құтыла алмаса, ол жайында
хаттаманың соңында көрсетіледі.
Іс материалдарымен танысушы адам алдын ала тергеуді толықтыру туралы
өтініш білдіруге құқылы. Жәбірленушінің азаматтық талапкердің, азаматтық
жауапкердің және олардың өкілдерінің жазбаша түрде баяндаған өтініштері
жайыңда тиісті хаттамада белгі жасалынады, ал айыпталушы мен оның
қорғаушысының өтініші барлық жағдайда хаттамаға кіреді. Барлық жазбаша
өтініштер, сонымен қатар, қылмыстық іске тіркедеді. ҚІЖК-нің жобасында осы
қарастырылып отырған іс жүргізу әрекетіне қатысты айыпталушы мен оның
қорғаушысының тағы бір құқығы жайында айтылады. Онда былай делінген:
айыпталушының сұралған куәлердің ішінен, сондай-ақ іске қатысушы
сарапшылардың, мамандардың және куәгерлер ішінен жауап алу және қорғану
позициясын растауы және олардың жауаптарын хаттамада көрсетуі үшін нақты
кімдерді шақыру керектігін одан анықтау қажет.
Алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарлау және айыпталушыға іс
материалдарын ұсыну туралы хаттамаға әдетте айыпталушының өзі және тергеуші
(анықтау жүргізген адам, прокурор) қол қояды. Іс материалдарымен танысуға
қорғаушы, заңды өкіл және т.б. сияқты өзге адамдар қатысқан жағдайда, олар
хаттамадағы мәліметтердің дұрыстығын растап өз қолдарын қояды.
Алдын ала тергеуді тергеушілер тобы жүзеге асырған жағдайда, алдын ала
тергеу органының атынан хаттамаға осы іс жүргізу әрекетін тікелей жүргізген
тергеуші-орындаушы және тергеу тобының жетекшісі қол қояды.
Іс үшін маңызы бар мән-жайларды айқындау туралы өтініш білдірілген
жағдайда тергеуші алдын ала тергеуді толықтыруға міндеті. Егер қосымша
жүргізілген тергеу әрекеттеріне қорғаушы қатысса, ол тергеушінің рұқсатымен
куәге, жәбірленушіге, сарапшыға, маманға және айыпталушыға сұрақтар қоюға,
сондай-ақ іс үшін маңызы бар мәліметтерді хаттамаға енгізу туралы өтініш
жасауға құқылы. Қорғаушы ұсынған сұрақтарды тергеушінің қайтарып тастауға
құқығы бар. Бірақ ол қайтарылып тасталған сұрақтар хаттамаға кіруі тиіс.
Егер тергеуші жасалған өтінішті қанағаттандырудан толықтай немесе
ішінара бас тартса, ол жайында дәлелді қаулы шығарады, оны құжаттың
көшірмесін тапсыра отырып өтініш мәлімдегенге хабарлайды.
Қосымша тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін, не істе жана құжаттың
пайда болуына әкеп соғатын өтінішті қандай да басқадай қанағаттандырғанда
тергеуші әрбір айыпталушыны жәке олардың қорғаушыларын, тиісті өтініш
болған жағдайда - жәбірленушіні және оның өкілін, азаматтық талапкерді,
азаматтық жауапкерді немесе олардың өкілдерін іс материалдарымен
таныстыруға тиіс.
Содан кейін тергеуші іс бойынша ақырғы шешімді - айыптау қорытындысын
жасайды.
Айыптау қорытындысында істің мәнісі, тағылған айыптың тұжырымы,
қылмыстық заңның осы қылмыстар көзделген баптары (белігі, тармағы)
баяндалады. Айыптау қорытындысы сот талқысының шекарасын анықтайды, ал сот
қылмыстық істі айыптау қорытындысында тұжырымдалғарі айып шегінде ғана
қарай алады.
Айыптау қорытындысын жасағанда, тергеуші, айыпталушы ретінде тарту
туралы қаулыда баяндалған айыптауды ұлғайтуға немесе өзгертуге құқылы емес.
Егер айыпталушыға ҚК-тің жаңа бабы бойынша айып тағылмаса немесе арнайы
қаулымен істің бөлігі қысқармаған болса тергеуші айыптаудың саралануын
өзгертуге құқылы емес. Бұл талап айыпталушының қорғану құқығының кепілдігі.
Айыптау қорытындысы сот залында жарияланатын құжат, сондықтан да ол қысқа
әрі түсінікті, қисынды және қарапайым жазылуы тиіс. Істің мән-жайы және
дәлелдеме құлаққа үйреншікті, жеңіл қабылданатын фразалармен жазылуы тиіс.
Мүмкіндігінше фразалар қысқа болуы керек. Айыпталушылардың және басқа да
процеске қатысушылардың, сондай-ақ сот залында отырғандардың әңгіме не
жайында екендігін түсінуіне қиындық тудыратын күрделі заң терминдерін
жөнсіз пайдаланудан аулақ болу керек. ҚІЖК-не сәйкес айыптау қорытындысы
екі бөлімнен тұрады: сипаттау және қорытынды бөлімдер. Біздің және
Арменияның ҚІЖК-тері тағы да кіріспе бөлімнен тұрады.
Айыптау қорытындысының сипаттау бөлімі Алдын ала тергеу анықтады
немесе Алдын ала тергеу барысында анықталды деген сөздерден басталады.
Бұл бөлімде істің алдын ала тергеу барысында анықталған мән-жайы қатаң
жүйелілікпен баяндалады, онда айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да
дәлелдемелер келтіріледі, атап айтқанда, қылмыс жасалған жер мен уақыт,
тәсілі, себебі, салдары және басқа елеулі мәліметтер; жәбірленген жайында
деректер; айыпталушының жазасын ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар;
айыпталушыны өз пайдасына келтірген уәждері: тиісті дәлелдемелер
келтірілген томдар мен парақтарға сілтеме жасай отырып оларды тексергендегі
нәтиже көрсетіледі. Сонымен қатар, сипаттама бөлім айыпталушының жеке басы
туралы, тергеу процесіндегі оның мінез-құлқы туралы, қылмыстың себептері
мен оған итер-мелеген мән-жайлар туралы мәліметтермен, қысқарту фактылары
және оның негіздеріне сілтемелермен толықтырылуы, сондай-ақ айыпталушының
біреуіне қатысгы істің (материалдарды) бөлінгендігі көрсетілуі мүмкін.
Істің материалдары қылмыстың жағдайын, оны жасаудағы себептер мен
мақсатты оңай түсінетіндей етіп толықтырылуға және баяндалуға тиіс. Фабула
адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны қайталамауы керек. Оның
көлемі де, мазмұны да аумақты болады. Фабулада ешнәрсе дәлелденбейді.
Сипаттау бөлімінің соңында айыпталушының түсініктемесі, оның таққан
айыпқа қарсылығы келтіріледі, айыпталушының қарсылығына қарсы
дәлелдемелерге сілтеме беріледі.
Тергеу практикасы айыптау қорытындысының сипаттау бөлімін баяндаудың
бірнеше тәсілін тапты. Оның ең негізгілері - хронологиялық, жүйелік және
эпизодтық тәсілдер.
Хронологиялық тәсілде негізгі дәлелдемелер алдын ала тергеу кезінде
қандай реттілікпен жинақталса, сол қалпында көрсетіліп қана қоймайды,
тергеудің барысы мән-жайлар мен мазмұн көрсетіліп баяндалады. Әр тәсілді
негізгі дәлелдемелер жанама болып келетін күрделі істерде қолданған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдын ала тергеудің аяқталуы туралы ақпарат
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР
Алдын ала тергеудің мәні мен мазмұны
Алдын ала тергеудің ұғымы, міндеттері және жүйесі
Қылмыстық іс қозғау пәнінен практиқалық (семинарлық) сабақтар
Прокуратура қызметі мен даму тарихы
Алаяқтық қылмыс ұғымы
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Пәндер