Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін қалыптастыру
Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері ... ... ... ...
8
Халық педагогикасын насихаттау және дамыту ерекшеліктері ... ... .
14
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
18
ІІ тарау. Оқушыларға ұлттық киім тігуде эстетикалық және көркемдік талғамды қалыптастырудың негізгі әдістері
Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері ... ... ... ... ... ... ..
24
Мектепте эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың ұлттық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31
Ұлттық ою.өрнектің шығу тахихы және оның киімде орналастыру тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
35
Оқу шеберханасын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
48
ІІІ тарау. Ұлттық киім тігу барысындағы технологиялық өңдеулер
Әйелдердің ұлттық бас киiмдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
56
Камзолдардың модельдері және конструкциялық сызбасы ... ... ... ...
62
Бұйымды өңдеудегі технологиялық процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
67
Бұйымды дымқылды.жылумен өңдеу технологиясы ... ... ... ... ... ... .. 73
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 74
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 77

Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақгы ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның үлттық мәдениетімен әдет-ғүрпы дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей басқа халықгың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықгың сан ғасырлық тарихымен, тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-түрпатында,қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен үғымдардың ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін дамытып отырды. Қодданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен, өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік көркемдік,эстетикалық күндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткеңдегі
мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді.

1. Әбдалаева Ш. Халық қолөнері. Алматы. Рауан. 1992.
2. Әбдуәлиева Ш "Қазақтың қолөнері" - әдістемелік құрал
3. Әбдуәлиева Ш "Халық қолөнері" Алматы. Рауан. 1992
4. Байжігітов Б "Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері" Ақтөбе. "А-полиграфия" ЖШС 2003 ж
5. Болатбаев Қ, Ибрагимов Ұ "Бейнелеу өнері" Алматы "Ата-мұра" 2001 ж
6. Бапанов И.В. Бисер "Народное творчество" 2001
7. Бағдарлама "Қолөнер" (8-11 тереңдетілген сыныптар үшін) Шымкент 2002
8. Валя - Валентина Издательский дом "ОВА-Пресс" 2003
9. Вышитые картины ЗАО "Эдипресс конлига" 2004
10. Газарян "Прекрасная своими руками" Москва 1986
11. Джанибеков У "Культура Казахского ремесла" Өнер 1982
12. "Еңбекке баулу" Алматы "Атамұра" 2000
13. Егорова Р.И. Монастырная В.П. "Іс тіге біл" "Рауан" Алматы 1993
14. Жанибеков О. "Эхо" Өнер Алматы 1990
15. Исламгулова С.К. Дидактические условия проектирования учебгого процесса на основе технологического подхода. Творческая педагогика №2, 2001
16. Касиманов С. "Қазақ халқының қолөнері" Алматы 1995
17. Құтпанбаев Ә "Ұстаз ұлағаты" Ғылым 2002
18. Караев Ж.А. Момынбаев В.К. Устимиров К. Государственные стандарты начального профессионального образования РК-Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1999
19. "Лена - рукоделие" ЗАО "Эдипресс-конлига" 2004
20. Литвинец Э.Н. "Низание Бисером и ручное вашивание" Хэлтон Харвест Астана 2001
21. Лученкова Е. "Как сделать нужные и полезные вещи" Минск Хор-вест 1999
22. Маргарита Максимова. Марина Кузмина "Вышываем крестом" Москва "Эксмо" 2004
23. Мектептегі технология Алматы 2004
24. Морков Л. Большая школа Энциклопедия, Москва 2000
25. Өмірбекова М.Ш. "Қазақ халқының дәстүрлі өнері" "Алматы кітап" 2004
26. Поеная энциклопедия женских рукоделий "перевод французского" 1992
27. Программа технологии 2000 года
28. Педагогика педагогические теории системы, технологии "Академия" 1999
29. Русакова М. "Аппликация" Москва "Посвещение" 1987
30. 8 жылдық мектеп программалары (еңбекке баулу 1-3, 4-8 сыныптар) Алматы "Мектеп" 1982
31. "Технология" Алматы "Атамұра" 2003
32. Тәжімұратов Ә "Шебердің қолы ортақ" Алматы 1977
33. "Шаңырақ" үй тұрмысы энциклопедия, Алматы 1989
34. "Энциклопедия рукоделие" Москва 2000 Борисовский Г: Красота и стандарт. М. 1968.
35 . Сенешаль М. Дж.Флекс. Узоры симметрии. 1980.
36 . Схнамеровская Т.П. Направление, творческий метод и стиль в искусстве. Лениздат. 1975.
37. Ақайқызы З. Ою-өрнек ой айтар. (Монғолия қазақтарының ою-өрнектері мен қолөнері). Алматы. 1996.
38. Әбдіғаппарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері. Алматы.1999.
39. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. 1-том. Алматы. 1986.
40. Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы. 1979.
41. Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана. М. 1970.
42. Тоқтабаева Ш.Ж. Қазақтың зергерлік әшекейлері. Алматы.1985.
43. Жәнібеков Ө. Жолайырықта. Алматы. Рауан. 1995.
44. Шаңырақ. Үй-тұрмыстық энциклопедиясы.
45. Маргулан А. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.
46. Қалиев С. Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. Рауан. 1994.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
І тарау. Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының
негізін қалыптастыру
1.1.Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің мәні мен 8
міндеттері ... ... ... ...
1.2.Халық педагогикасын насихаттау және дамыту ерекшеліктері ... ... .14
1.3.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ІІ тарау. Оқушыларға ұлттық киім тігуде эстетикалық және
көркемдік талғамды қалыптастырудың негізгі әдістері
2.1.Оқыту процесінің заңдылықтары және 24
принциптері ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Мектепте эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және олардың
ұлттық 31
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
2.3.Ұлттық ою-өрнектің шығу тахихы және оның киімде орналастыру
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...35

2.4.Оқу шеберханасын 48
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...
ІІІ тарау. Ұлттық киім тігу барысындағы технологиялық өңдеулер
3.1.Әйелдердің ұлттық бас 56
киiмдерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
3.2.Камзолдардың модельдері және конструкциялық 62
сызбасы ... ... ... ...
3.3.Бұйымды өңдеудегі технологиялық 67
процесс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4 Бұйымды дымқылды-жылумен өңдеу 73
технологиясы ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...74
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...77
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
Кіріспе
Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің өркендеуі жағдайында жеткіншек
ұрпақгы ұлттық рухани негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерімен
тәрбиелеудің маңызы зор. Әрбір адам өз халқының рухани қазынасы мен оның
үлттық мәдениетімен әдет-ғүрпы дәстүрлерімен неғүрлым тереңірек танысуы
қажеттігі туындап отыр. Өйткені өз халқының ұлттық ерекшеліктерін сезінбей
басқа халықгың өзіне тән белгісін толық түсіну мүмкін емес. Қазақстанда
эстетикалық тәрбиенің қалыптасуы мен дамуы халықгың сан ғасырлық тарихымен,
тұрмыс-тіршілігімен және мәдениетімен тығыз байланысты. Адамдардың сырт-
түрпатында,қарым-қатынастарында, киім-кешегімен үй-жайларында, тіл мен өнер
туындыларында эстетикалық мәдениеттің, эстетикалық талғам мен үғымдардың
ерекшеліктерімен әдістері көрінетіні даусыз.
Өнердің барлық түрі өзіне тән бейнелі тілі, тәсілдері мен әсемдік
әлемін ашып көрсете отырып, адам сезіміне әсер ететіні мәлім. Қазақ халқы
сонау ерте заманнан-ақ күнделікті еңбек қызметінде өзінің қолданбалы өнерін
дамытып отырды. Қодданбалы өнерге тән ерекшеліктер: айналадағы ортамен,
өмірмен, еңбекпен тығыз байланысты болды. Ұлттық қолданбалы өнердің
әлеуметтік-тәрбиелік ролі тек оның туындыларының өзіндік
көркемдік,эстетикалық күндылығымен бағаланбайды, сонымен қатар адамның
өз заманына сай талғамын білдіруінен, өткеңдегі
мәдениетпен, ұлттық дәстүрлермен сабақтастығынан көрінеді. Қазақ халқының
ұрпақ тәрбиелеу дәстүрі отбасыңдағы еңбек тәрбиесінде негізделген. Кәсіп
пен өнердің түрлері олар үшін күн-көріс көзі ғана емес, рухани кджеттілік
тәрбие қүралы да болған. Отбасындағы еңбек тәрбиесі екі түрлі мақсатта:
баланы еңбек етуге қабілет икем дағдысын дамытуға немесе сол негізінде оның
бойында халықгық ізгі қасиеттерді дарытуға бағытталған. Балалардың
отбасындағы еңбек дағдыларын одан әрі дамытуға елге танымал өнер мен кәсіп
шеберлерінің халықгық тәрбиеші ретіндегі тәрбиелеу ықпалы зор болған.
Халқымыз тек қана еңбек тәрбиесі емес, әр алуан саладағы тәрбиеге көңіл
бөліп, оны алуан жолмен берудегі дағдыға енгізген.
Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауында "XXI ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлауда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелері анық. Сондықтанда біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми
қамтымды өңдірістері үшін кадр қорын жақсартуымыз қажет деп атап өтіп,
барлық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті
шаралар қолдануымыз шарт" деп айтты.
Жұмыстың көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының жалпы және кәсіптік
білім беретін мектептерге арналған түжырымдамасында "мектептің мақсаты жас
ұрпақгы, жастарды ұлттық игіліктермен адамзат мәдени мұрасының
сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу және әрбір шәкіртті жеке тұлға
деп санап, оның ой-өрістерінің жан-жақгы дамуына жағдай жасау қажет" деп
атап көрсетілген.
Бүгінде заман талабына сай жастарды киім тігуге, модельдеуге, пішуге
үйретіп, әрі эстетикалық талғамын, көркемдік білім деңгейін көтеру, халық
қолөнерінің мұрасын қайта жаңғыртып түрмыста сән құра білуге үйрету маңызды
мәселелердің бірі болып отыр.
Қазақстан халықгары ассамблеясының республика азаматтары үндеуінде
жастарды ертеңгі күннің өлшемдеріне сай өмір сүруге дағдыландырып, халықгың
мәдениетін меңгерген, жаны да, тәні де сұлу адам тәрбиелеуге, жалпы ұлттық
сана-сезімі мен ұлтаралық қатынас мәдениетінің биік деңгейіне жете
алатындай білім беретін жүйесін қайта құруға бағытталған.
Қазіргі уақытта халықгың өнерге деген ынта-ықыласы анағұрлым
жоғарылады. Себебі, қоғамның даму барысында мәдени, экономикалық, саяси-
жағдайлардың бәрі де үлттық психология мен көзқарастар адамның сана-
сезімінің, талғамының дамуына әсер етеді. Ал, тұтынушылардың арта түсуіне
байланысты, мода ағымы да үнемі жаңарып отырады.
Қазақстан Республикасының Білім министрлігінің тәлім-тәрбие
тұжырымдамасында "Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақгы эстетикалық
тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету, адамзат қоғамында бұрын-сонды
жасалмаған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани игіліктерді
бағалай білуге тәрбиелеу" — жақгары қарастырылады.
Ал "Еңбекке оқыту және тәрбиелеу" түжырымдамасында "Еңбек негіздерін
мектеп жасында қалыптастырмай олардан іскер мамандар шықпайды" — деп
окушыларды мектеп қабырғасында тігуге, токуға, бастырмалауға т.б., үйрету
жүмыстары бағдарламаларда қамтылған.
Окушыларға үйірме сабақгарында түрақгылық, белсенділік, екпінді еңбек,
тапқырлық және жауапкершілік тәрізді қасиеттерді қалыптастыру қажет.
Сабақтан тыс үйірме сабақгарын ұйымдастыру әдістері мен формаларын,
мақсаты, міндеті, принциптерін, бірқатар әдіскерлер Д.А.Тхоржевский,
А.С.Лында, В.А.Поляков, А.Б.Ставыровский еңбектерінде терең зерттеген.
"Еңбек өнер өрісі, өнер өмір жемісі"-деп халық мәтелі бекер айтылмаған,
қазақ халқының үлттық өнерін көптеген академиктер көрсете білген. Мысалы,
С.Тәжімұратов, А.Х.Марғұлан, А.Ғ.Алмабекова, С.Қасымов және т.б. Бүлар өз
кітаптарын қазақ халқының ою-өрнегі мен сәндік қолданбалы өнерін шығу
тегіне арналған. Халық арасынан шыққан дарынды, талантты шеберлердің
есімдері халық жағынан да осы уақытқа дейін сақгалған.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің
дамуымен бірге өндірістің әртүрлі салаларывдағы техникалық шығармашылықгың
экономикалық және әлеуметтік мәні өсуде, техника мен технологияны алдыңғы
қатарлы жетістІБсгерін қолданып, халық шаруашылығын өркендетудің
қажеттілігі сезілуде.Осы кездегі қиын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
шешу үшін өсіп келе жатқан ұрпағымыздың білімі мен ойлау қабілетінің
деңгейі ғылыми-техникалық прогрестің сұранысына сай болуға тиіс. Болашақ
өндіріс мамандары қазіргі техника мен қолданыстағы технологияны ғана емес,
сонымен қатар өздерінің қатысуымен келешекте жаңадан пайда болатындарын да
үгымды және тез игере алатын болуы керек. Сол себепті, жастардың ғылыми-
техникалық шығармашылығы — қоғамымызды қайта құру
жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі
болып саналады.
Е.А.Глинская мен А.К.Наймушин, И.И.Литвин, Я.А.Шахова т.б. өз
еңбектерінде тігін тігудің технологиясы, оның ішінде ең негізгі түрлері,
түрлі қарапайым бұйымды тігу, адамның өлшемдерін алу, пішу технологиясын
модельдеу жолдарын көрсеткен.
Дәстүрлі емес сабақгарды өткізу жайында әдістемешілер мен үстаздардың
тәжірибелерінен, мысалы Р.Әлімкүлова, Р.Алпысбаева, Р.ізтілеуов,
Д.Төлеубекова, Қ.Қайым, К.Жүнісова т.б. журналдарда беріліп жүр.
Сондықтан оқушыларға қалыңдық киімін тігу барысында ою-өрнектердің
орналасуын үйрету барысында біз окушылардың бойындағы әсемдікті түсіну және
сезіну, эстетикалық көзқарасқа, ұқьштылыққа, сұлулыққа, іскерлікке, еңбек
сүйгіштікке т.б. баулимыз.
Осыған орай біз диплом жұмысымызды Қалыңдық киіміндегі ою-өрнектердің
орналасу ерекшеліктерін үйрету деп алдық.
Зерттеу жұмысының объектісі:
Технология сабағында ұлттық қалыңдық киімінде ою-өрнектердің қолдану
тәсілдері.
Зерттеу жүмысының пәні: Ою-өрнектерді технология сабағында қолдану
тәсілдері барысында оқушылардың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру
жолдары..
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Оқушыларға ұлттық қалыңдық киімін әзірлеуге болады, егерде: үйірме
сабағында окушыларға ұлттық киімдерді қолдану мазмұнына қосымша енгізілсе,
онда оларды еңбек етуге тәрбиелеу мүмкіндігі артады.
Зерттеудің міндеттері:
* Технология сабағының теориялық негіздерін анықгау;
* Ұлттық киімдерді технология сабағында қолдану тәсілдерін
анықтау;
* "Киімді конструкциялау мен модельдеу" мамандығы бойынша
ұлттық қалыңдық киімін технология сабағында қолдану
тәсілдерінің мазмұнын анықтау.
- Оқушылар қалыңдық киімін жасауда әдістемелік нүсқаулар дайындау.
Зерттеу жүмысының практикалық маңыздылығы:
Жалпы білім беретін мектептерде педагогикалық іс-тәжірибеде және технология
сабағы барысында пайдалануға болады.
Зерттеудің әдістемелік жаңалығы:
* Ұлттық қалыңдық киімін сәндеудің қазіргі заман мәдениеті
талабына сәйкестігі ескерілді;
Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіндігі барлығы нақгыланды;
I-тарау Оқушыларды қолөнерге баулудағы халық педагогикасының негізін
қалыптастыру
1.1. Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің мәні, міндеттері
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор ролъ атқарады.
Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады,
қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз
әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,
сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей
етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік
және ұждапсыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның
саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның
әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу – тәрбие барысының
зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына
тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп,
тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар
адамның шындыққа қатынасын анықтайды.
Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде
көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән
нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына,
ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және саналы
болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысын, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне
жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.
Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне
сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге
дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономилық мәселелерге әрі
тікелей әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс
адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталғандығынан туындайды. Өңдірілген товарлар сапасының әсемдігі
тұтынылу жағына үлкен әсер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуында
белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.
Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы
қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте
күшті әсер ету жүзеге асады.
Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік
сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың
мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты
тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең
алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі
әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім
алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.
Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой
еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп
қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі,
сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қоғамдық мұраттардағы,
дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам
жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті
және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын
таниды т.б.
Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы
жүйесінде жанама қызметі де бар.
Әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның
іс-әрекетінің белсенді және тиімді ден берушісі де болады. Оқушы
өнегелігінің әсемдігі, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа
адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген еңбек
әсемдігі, ол еңбегі тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін
жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп
және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.
Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар
әртүрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші
мектеп жасындағы балалардың эстетикальгқ көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған
себеп болатын нәрсе - оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге
түсуі.
Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты
көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар
арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға
жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа
салалармен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін,
зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке
тәрбиелеу - адамдардағы әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін таңымай
саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке
көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету
жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.
Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-
әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана
қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін
тәрбиелейді.
Сонымен эстетикалық тәрбие табиғатты, өнердегі, еңбектегі, өмірдегі ең
жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі
әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға,
қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты
қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар. Олардың бірі –
эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі,
өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулр
әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған
онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанына өте шығады. Әдемілікті
сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән
саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің
объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай
біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау
қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі
болады.
Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру – эстетикалық
тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға
негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы
ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы
білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге
тырысады, байымдай және бағалай біледі.
Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы
өте зор. Эстетикалық таным – бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы
сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер
шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ
тебу, яғни жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни
бірінші баға – көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға
мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады.
Әрине, орындаушыларға әділетті баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер
алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.
Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілеріне қабылдаумен, не
тегінде шығармашылық байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі
– баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп және
оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған
айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетика еңбек, табиғат
эстетикасы, адамдар қатынасы және жай-жағдай эстетикасы) адамды
сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз
үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.
Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен
ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету
керек. Балалар әдебиетті оқуға кинофильмді, теледидарды, спектакльді
көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық
шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін балаларды көп
ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.
Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық
процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбек демалысы эстетикалық бағытта
тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.
Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында
балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай,
мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу
керек.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер. Олар зор
идеялық тәрбиелік роль атқарады. Әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа
бөлейді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет
адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте –
проза, поэзия; кескіндеме – жанр, баталия, пейзаж; мүсінде – бюст, т.б.;
музыкада – симфония, оратория, ән енгізіледі).
Белгілі орыс суретшілері П.А.Федотовтың, В.Г.Пероговтың, И.Е.Рениннің,
В.В.Верещагиннің, И.ИШишкиннің, И.Н.Левитанның және қазақ суретшілері
Ә.Қастеевтің, М.Кенбаевтың, Қ.Шаяхметовтың т.б. шығармашылығымен байланысты
бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.
М.Горький, Н.А.Островский, А.А.Фадеев, М.А.Шолохов, М.Әуезов,
Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, т.б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және
бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке
рухтандырады.
Сонымен өнер мен әдебиет шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен
әдебиет адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып
табылады.
Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда зор роль
атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық
түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы,
сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін
адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек.
Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік
тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін
көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-
құлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.
Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі
бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.
Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың
қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік
белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды
қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу қажет.
1.2. Халық педагогикасын насихаттау және дамыту ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасының 1993 жылы қабылдаған білім беру туралы
Заңында: - қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін
жағдайлар жасау, деп көрсетілген.
Заңда халық педагогикасы сөз етеліп отыр. Сондықтан оны ғылыми негізде
пайдалану және даму жолдарын іздестіру – көкейкесті мәселелердің бірі.
Осы бағытта нәтижелі жұмыстар істеп жатқан ғаылымдарды, мектептерді
Республикалық баспалардан шыққан ғылыми-әдістемелік еңбектерден, журнал
және газет беттерінен байқауға болады. бұл мәселелер жөнінде осы тарауда
кейбір ғалымдардың аттары да аталған еді. Енді, бірсыпыра қазақ мектептерін
де атап кеткен жөн. Олар: Алматының экспериментальды мектеп-интернаты,
Атырау қаласындағы №11, 13, 19, 21, 23 мектептер, Алматы облысы, Нарынқол
ауданындағы Энгельс атындағы мектеп, т.б.
Халық педагогикасын жаппай оқу орындарында, мектептен тыс тәрбие
мекемелерінде қолдану үшін әрбір педагогикалық ұжым озат мектептің іс-
тәжірибесімен жан-жақты танысады, тәжірибенің мәніне жете түсініп өз
мектебінде насихаттайды, оны бірте-бірте саналы түрде меңгеріп, оқу-тәрбие
жұмысының процесіне енгізеді. Осыған байланысты озат тәжірибені
пайдаланудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы жасалады және арнайы бағдарлама
дайындалады.
Біз бір-екі мектептің тәжірибесін қысқаша үлгі ретінде ұсынбақшымыз.
Нарынқол ауданы Энгельс атындағы орта мектептің педагогикалық ұжымы 1987
жылдан бастап тәжірибелі мұғалім Ж.Өтеевтің басқаруымен аталмыш мектепте
халық педагогикасына ерешке көңіл бөлініп, оқу тәрбие жұмысы жаңа бағытқа
бет бұрған. Бұл мектепте Жаңарту өнер отауының бағдарламасы жасалып, онда
қазақ халқының әр түрлі өнерлерін еске түсіру, насихаттау және оқып-
үйренудің тақырыптары көрсетілген.
Мектепте ұйымдастырылған Алтын көмбе университетінің жалпы оқу
жүйесінде халықтың салт-санасын, әдет-ғұрпын насихаттау үшін ұстаздармен,
тәрбиешілермен, сынып жетекшілерімен, ата-аналармен, оқушылармен және
жұртшылықпен істелетін жұмыстардың түрлері жоспарланған. Халық
педагогикасының салт-дәстүр ережелері жасалып, бағыттары көрсетілген.
1. Ұлттық салт-дәстүр мен сананы қалыптастырудағы жас ұрпақ ережесі.
2. Сынып жетекшілерінің семинар-кеңестерін өткізудің үлгі жоспары.
3. Ұлттық салт-дәстүрді қалыптастырудағы ер-азамат ережесі.
4. әйел азаматтардың ұлттық салт-дәстүрді қалыптастыру ережесі.
5. Халық педагогикасын оқып-үйрену бағыттары т.б.
Энгельс атындағы мектептің тәжірибесі әдістемелік ұсынба түрінде
жазылған.
Бағдарламаның басты мәселелері:
1. Ұлттық болмыс ұғымдары (дүниетаным, қазақша ай, жыл атаулары мен
сипаты).
2. Ұлыстың ұлы күні (наурыз жыл басы, наурыз көже т.б.).
3. Қазақтың тыйым сөзі (әдептілік, қарапайымдылық т.б.)
4. Ырымдар да халық мұрасы (жолашар, сүйінші, байғазы, көрімдік т.б.)
5. Бабалар батасы (тілек, алғыс т.б.)
ІІ. Имандылық иірімдері (әке асқар тау, ана мөлдір бұлақ, қарға тамырды
қазақ, дос, жолдас, көрші т.б.)
ІІІ. Қазақтың салт-дәстүрі
1. Бала өмірі (шілдехана, қырқынан шығару, бесік тойй және жыры, тұсау
кесер, тілашар т.б.)
2. Жастардың сауық кештері (бастаңғы, қызойнақ, алтыбақан, т.б.)
3. Торқалы той (қыз ұзату, оны өткізудің әр түрлі тәсілдері).
ІV. Еңсесі биік ақ орда
1. Киіз үй (жабдықтары, киіз үйге байланысты мақал-мәтел, ырымдар, өлең,
қанатты сөздер т.б.)
2. Ұлттық киім-кешектердің, ыдыс-аяқтың түрлері т.б.
V. Өнер жайлы
1. Сөз өнері (айтыс, толғау, терме, шешендік сөздер т.б.)
2. Ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз, уәлдек, шертер
т.б.)
3. Халық өнерлері (кілем, текемет, алаша, сырмақ, басқұр, түскиіз т.б.)
4. Зергерлік бұйымдар (білезік, сақина, алқа, сырға, шашбау, бойтұмар
т.б.)
VІ. Ұлттық ойныдардың түрлері
1. Бәйге, қыз қуу, көкпар, күрес, сайыс, аударыспақ, арқан тарту т.б.
2. Балалар ойыны: асық ойнау, Ақ серек, көк серек, Жасырымбақ, ақ
сүйек т.б.
3. Бөбектер ойыны: санамақ, қуырмаш, ұмтыма т.б.
4. Ақыл-ой ойындары: жұмбақ, ауызша, есеп, тоғыз құмалақ, дойбы т.б.
Кәусар бұлақ бағдарламасының кейбір мәселелері үлгі есебінде алынды.
Бағдарламаны оқу-тәрбие процесінде әрбір мектеп басшысы ата-аналармен
бірлесе отырып, іске асырудың жолдарын, әдістерін іздестіреді.
Қазақ мектептерінің озат тәжірибесіне сүйене отырып, халық
педагогикасының негізгі мәселелерін оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен
енгізу, нәтижелерін жинақтау және одан әрі қарай насихаттау, дамыту бүкіл
педагогикалық қауым алдындағы ең басты міндеттерінің бірі.
Халық педагогикасын насихаттаудың тиімді жолдарының бірі педагогикалық
оқулар. Педагогикалық оқулардың мақсаты – қазақ халқының ұрпақты
тәрбиелеудегі үлгі мұраларын, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұраптарын,
мектептерде пайдалану, жақсы тәжірибені насихаттау және оны мұғалім
жұртшылығының игілігіне айналдыру.
Бұл жөнінде облыстар және Республика бойынша жыл сайын өткізілетін
Педагогикалық оқулардың ролі өте зор. Сондықтан оларды кеңінен ғылыми
негізде пайдаланып, халық педагогикасына, қазақ халқының этнопедагогикасына
байланысты тақырыптарды жыл сайын уағыздай және оқу-тәрбие процесіне
енгізудің тәсілдерін іздестіріп отыру қажет.
Қазіргі кезеңде кейбір жақсы бастамалар байқалуда. 1993 жылы қазақ
мектептері бойынша Жезқазған қаласында өткен Педагогикалық оқуларды халық
педагогикасына байланысты бірнеше мұғалімдердің озат тәжірибесі талқыға
түсіп, өте құнды баяндамалар Қазақ ССР халыққа білім беру ісінің озық
қызметкері Значогымен Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігі мен Халыққа
білім беру және ғылыми қызметкерлері кәсіподағы Орталық Комитетінің Құрмет
грамотасымен наградталды.
Солардың ішінде мына мұғалімдердің есімін атауға болады.
Мұқашев М. – Гурьев облысы, Махат ауданы, М.Баймаханов атындағы орта
мектеп мұғалімі. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерін биология сабақтарында уағыздау.
Дүйсенов С. – Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы В.Куйбышев атындағы орта
мектеп мұғалімі. Тақырыбы: Қазақтың халық педагогикасы. Бұл тақырып
бойынша халық педагогикасын насихаттау, оның игі дәстүрлерін оқу-тәрбие
жұмыстарында пайдалану тәжірибесі сөз етілген.
Осындай озат мұғалімдердің халық педагогикасы тақырыптарына жазылған
баяндамалары көптеп саналады.
1.3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың құралдары мен жолдары.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыруға сан түрлі факторлар ықпал жасайды.
Олардың құрамында адам өмірінің материалдық жағдайлары, өмір сүріп отырған
микро және макро ортасы, көпшілік хабарларды тарату құралдары, оқыту мен
тәрбиелеу кіреді. Ғылымда бұл факторлардың бірдей күшпен және тиімді әсер
етпейтіні белгілі. Сондықтан болашақ мұғалімдер дүниетанымды бағдарлы
қалыптастыратын факторларды басқаруды үйренуі керек.
Дүниетанымның психологиялық құрылымы танымдық, эмоционалдық және
еріктік сияқты құрамаларды қамтиды. Білім жеке көзқарас сенімге айналу үшін
оны тек ойластырып қана қоймай, терең сезіну, қоғамдық өмір және іс-
әрекетпен салыстыруы керек.
Дүниетанымды қалыптастыру өткінші процесс емес. Ол адам өмірін түгел
қамтиды. Оқушының жалпы дамуында бұл процесс тұрақты және үздіксіз
өзгерістерге ұшырайды. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру оларды
осы заманғы ғылыми біліммен қаруландыруға сүйенеді. Бұған мектепте
оқытылатын барлық пәндердің қатынасы бар.
Мектепте оқытылатын жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың
құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін
жасайды. Ботаника, жалпы биология курстарын оқу, мектептің оқу-тәжірибе
учаскелерінде, оқушылардың өндірістік бригадаларында шәкірттер жұмыс істей
жүріп, өсімдіктердің даму процесін адам баласының толық меңгере
алатындығына көзі жетеді.
Физика, химия заңдарын білу және сол пәндер бойынша тәжірибе жасау
оқушылардың дүниенің пайда болуы мен дамуы туралы түсінігін,
дүниетанымдылық көзқарасын және сенімін нығайтады. Физика, астрономия
сабақтарында адам ойының табиғаттың сырын бірте-бірте ашуы, тануы және
заңдарын пайдалануы туралы оқушылар түсінік алады. Бұл жөнінде
ғарышкерлердің космосқа ұшуы, оның кеңістігін зерттеу пән мұғалімдерін бай
материалдармен қамтамасыз етеді.
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда гуманитарлық ғылымдардың
алатын орны ерекше. Тарих, әдебиет сабақтарында қоғамның дамуы туралы
шәкірттердің диалектикалық-материалистік көзқарастары қалыптасады, олар
адам өмірінің мәніне, мұраттарының, мінез-құлқының бағыттылығын, іс-
әрекетінің мақсатын анықтауға түсінеді.
Тарих курсы қоғамның даму заңдарын түсінуге мүмкіндік жасайды. әдебиет
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа жаңа өмірге, еңбекке жастардың дұрыс
көзқарасын тәрбиелейді. Әдебиет сабақтарында оқушылар өмір шындығымен,
Отандық және дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогресшіл дәстүрлерімен,
идеялық байлығымен танысады.
Сонымен мектепте оқыту оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
маңызды құралдарының бірі. Олай болса оқыту процесінде бірқатар
психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.
1. Мұғалімнің ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру іс-әрекеті
кезеңдерінің нақты жоспарлауын қамтамасыз ету. Бірінші кезеңде мектеп
оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру ісінің жүйесінде әрбір пәнінің орнын
анықтау, пән аралық байланысты айқындау, негізгі философиялық, саяси-
әлеуметтік және адамгершілік идеяларды бөліп алу маңызды. Екінші кезеңде
мұғалім оқушыларды айқындалған идеяларды мағыналы ойлауға жетелейді, оларды
пәндерді оқудың уақыты бойында логикалық және деректік сипатына қарай
күрделенетін ретпен тізбектей орналастырып, бірнеше басқышқа бөледі. Үшінші
кезеңі дүниетаным қортындыларын топтауды міндет етеді. Төртінші кезеңде
оқытылатын материалдан шығатын дүниетаным қортындыларын тақырыптарға сәйкес
бөлу және оларды сабақ жоспарында, оқушылардың өзіндік жұмысы үшін
берілетін тапсырмаларды белгілеу жүзегеасады. Бесінші кезеңде оқушылардың
оқуын, ғылыми дүниетану негіздерін қалыптастыруды басқаруға көмектесетін
оқушылар танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдерін, оқытудың әдістері мен
формаларын анықтайды.
2. Табиғат пен қоғамдық өмірдің танылуға тиісті құбылыстарына
оқушылардың жеке қатынасын қалыптастыру. Дүниетаным идеяларын меңгеруге
оқушының белсенді және орынды қатынасы оның ақиқат екндігіне сенімін
қалыптастырады.
3. Алған білімді меңгеру, қолдану және үздіксіз бекітудің бірлігі.
Білім тек саналы ойлау жұмысының нәтижесінде алынып, тәжірибеде тексеріліп,
іс-әрекеттің жетекші идеясына айналса ғана дүниетаным сипатын алады.
4. Оқушының адамгершілік қатынас тәжірибесін жүйелі жинауы.
Адамгершілікті көзқарастарды қалыптастыру, тереңдету мен бекіту, оқушыны
қоршаған орта, оны қоғамның – саяси белсенділікке, өз бетіндік іс-әрекетке
және жауапкерлікке итермелейтіндей жағдайда қоюды талап етеді.
5. Мұғалім – ғылыми дүниетаным иесі және оны жүзеге асырушы. Жалпы,
оқушының дүниетанудағы жәрдемшісі мұғалім. Ол рухани жан дүниесі бай
идеялық, психологиялық және әдістемелік даярлығы бар, ой-өрісі кең және
берік көзқарасты адам болы керек.
Әр түрлі сыныптың және мектептен тыс тәрбие жұмыстары оқушылардың
ғыылыми дүниетанымын дамытудың қажетті құралы. Мұндай тәрбие жұмыстары
арқылы мектеп оқушыларының қоғамдық өмірге ынтасын тәрбиелейді, саяси және
мәдени ой-өрісін кеңейтеді, олардың еңбекке, мамандықты таңдап алуға
көзқарасын қалыптастырады. Осы бағытта жүргізілетін түрлі оқу пәндері, жас
натуралистер мен жас техниктер станцияларының, көркемөнер үйірмелерінің
тәрбиелік мәні аса зор. Үйірмелер мен клубтар оқушыларды қоғамдық іс-
әрекетіне еліктіреді, үйретеді, олардың арасында ғылыми көзқарасты
насихаттайды, қоғамға қарсы теріс пікірлер мен қылықтарды қолдаушыларға
ықпал жасайды.
Мектепте, үйелмен және өндірісте оқушылардың қоғамдық пайдалы
еңбегінің, олардың қоғамда өз роліне бақытты өмір сүруіне түсінуінің,
өзінің алатын орнын білуінің маңызын атап кеткен жөн. Өйткені еңбек
процесінде оқушылар әр түрлі ұжымдармен, жеке адамдармен қарым-қатынас
жасау арқылы білім және практикалық дағдыны игереді, қоғамдық қатынастар
тәжірибесін иемденеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік
көзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды.
Көп жылдар бойына әдебиет беттерінде атеистік тәрбие сөз етіліп
келеді. Адамның дүниетанымын қалыптастыруда қажетті құралдардың бірі болды.
Атеизм туралы ұғым тарихта діни оқулықтармен, олардың әр түрлі заманда
үстемдік ету сипатымен байланысты болды. Атеизм ғылыми негізге сүйене
отырып, құдайды бекерге шығарады. Міне, осы тұрғыдан қазіргі қайта құру
кезеңінде атеистік тәрбиені әр түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырады.
Ғылыми-атеистік тәрбиенің негізгі мақсаты дүниенің материалды біртұтас
екендігі жөнінде оқушылар көзқарастарының жүйесін қалыптастыру. Ең
маңыздысы оқушылар жас шамасының мүмкіндігіне сай дүниеде мәңгі қозғалыстар
және диалектикалық дамитын материалдан басқа ешнәрсенің жоқ екендігін
түсінуінде.
Міндет – оқушыларды жаратылыстан тыс күшке сенуді жоққа шығаратын
ғылыми атеизммен қаруландыру.
Атеист болу дегеннің өзі тек құдайға сенбеу емес, дүниеге дұрыс,
ғылыми көзқарастың болуы. Оқушы атеизм адамның тұлғалық мәнінің бір қыры
екендігін түсінуі.
Дүниені диалектикалық, материалистік, атеистік тұрғыдан қараудың
элементтері ең алдымен оқу процесінде қаланады. Қандай пән болмасын, оның
оқу материалы дұрыс қойылса ғана мазмұны балаға тәрбие берудің объективтік
алғы шарты бола алады. Оқушыларға атеистік тәрбие беру құралдарының ішінде
ұйымдастыру жолдары алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстар ерекше орын алады
(сұхбаттасу, кино, теледидарлық материалдар көру және талқылау, діни
сенімдерге байланысты кештер, жиындар, пікірталастар өткізу, саяхаттар,
түрлі үйірмелер т.б.). Бірқатар балаларды діни салттар әуестендіру мүмкін.
Ғылыми атеистік тәрбиеде үйелмен, оқушының күнделікті тұрмыстық ортасы
маңзды роль ойнайды. Оқушы үйелмені, оның тұрмыстық ортасын, атеистік
тәрбиеде мұғалім өзіне көмекші етіп алғаны жөн. Бұл жер де мектеп мұғалімі
дінге сенуші ата-ананың немесе басқа үйелмен мүшелерінің сөзімен аяқасты
етпеуі керек.
Қоғам дамуының жаңа сатысында тәрбиеге ықпал жасайтын факторларға
біржақты, тиым салу тұрғысынан қарауға болмайды.
Кейбіреулер қайта құру, жаңарту кезеңінде болып жатқан жағдайды
пайдаланып, діни тәрбиені кең өріс алуын барынша қолдайды. Осы тұрғыдан
мешіт және шіркеу қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие тақырыптарына діни
кітаптардың, әсіресе құранның, таураттың үзінділерін пайдаланып, лекциялар
оқуына, әңгімелер өткізуіне оқу орындарының есіктері ашыла бастады.
Мешіттер жанынан түрлі діни мектептер ашылып отыр. Мұндай мектепті
бітірген жастар келешекте кім болады, қоғамда қандай роль атқарады? Бұл да
шешім табуға тиісті мәселе.
Бірсыпыра ғалымдардың пікірлері бойынша тауратты, басқа да діни әдеби
және тарихи кітаптарды пайдаланып, дүние жүзілік мәдениетпен және өнермен
жастарды таныстыру қажет. Мысалы, Мәскеудің мемлекеттік университетінің
журналистика факультетінде студенттер антик және орта ғасыр әдебиеттері
бойынша семинар сабақтарында діни тауратты пайдаланады, демек, грек, Римнің
қоғамдық құрылысы, мәдениеті және өнерімен танысады. Бұл жерде сөз діни
тәрбиесі туралы емес, студенттерді тарихи - әдебиет көне ескерткіштерімен
таныстыру. өйткені бұларсыз дүние жүзілік мәдениет даму процесінің пайда
болуын түсіну қиын.
Бірақ шіркеумен және мешітпен жақындасуды тіпті дінмен келіскендіктің
белгісі деп қарастыруға болмайды. Олармен араласпау, қарым-қатынас
жасаумау, оларға қарсы тұру діни қызметкерлері мен қоғам арасында болмауы
тиіс. Теологтар өздерінің діни тарихының халықтар мәдениеті туралы білім
тапшылығын болдырмауда белгілі көмек көрсетеді.
Бәрімізге белгілі барлық классикалық кесіндеме таураттық (библия)
сюжетке негізделген, классикалық музыка көп дауысты шіркеу әнін бойына
сіңірген, бұрынғы философиялық оқу осы қайнар бұлақпен қоректенеді.
Сонымен, біздер дүние жүзінің әдебиеті мен тарихи мәдениетіне
түсінбей, ешуақытта жастардың жалпы мәдениет деңгейін жоғары көтеру мүмкін
емес.
Қазіргі кезеңде жастардың дін деген не, оған олардың көзқарасы, өмірге
қатынасы қалай, міне, осы мәселелерге терең ойланып, шыдамдылықпен қарау
тиіс. Осыған орай, оқыту және тәрбие барысындағы басты міндеттер – бұл
дүниетанымдылықты дамыту, атеистік білімнің бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету
еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын және ғылыми үдеуді есепке алып,
жастардың ғылыми-атеистік тәрбиесінің деңгейін көтеру, толық сенімі мол
белсенді атеистерді тәрбиелеу.
Дүниетанымын ғылыми-материалистік тұрғыдан түсіндіруді жақтай отырып,
дінге сенушілердің сезіміне нұсқан келтіруге болмайды. Олардың халық
арасында әр түрлі жаңа салттар мен әдіс-ғұрыптарды кеңінен тарату жөніндегі
болымды істеріне көмектесіп, бағыт беріп отырған жөн. Демек, осы бағытта
мешіт, шіркеу қызметкерлері жалпы адамдық құндылық және мейірімділік
қозғалысына үлес қосуға тиіс.
II-тарау Оқушыларға ұлттық киім тігуде эстетикалық және көркемдік
талғамды қалыптастырудың негізгі әдістері.
2.1. Оқыту процесінің заңдылықтары және принциптері
Білім беру саласында оқыту процесінің мәні өте зор, өйткені осы кездегі
қоғамдық-өндірістік қатынастың дамуы оқытудың ғылыми-практикалық деңгейіне
байланысты.
Оқыту процесін ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы
біржағынан оқыту объектісі, екінші жағынан оқыту субъектісі болады. Осыған
орай, оқыту процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың
шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Оқытудың субъектілері мен
объектілері арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, мұғалімдер
мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық
немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар оқыту процесінің
табысты болуына игі әсер етеді.
Оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты,
мазмұны, формалары мен әдістері, осымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер
бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педагогикалық
процесс сонда ғана танымды нәтиже береді.
Оқу процесінің нәтижелі болуы оның ішкі қозғаушы күштеріне байланысты.
Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың
мүмкіндігі арасындағы қайшылықты атайды. Егер қойылатын талап оқушылардың
мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе, онда қайшылық даму
процесінің көзіне айналады.
Оқыту процесінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым оңай басқарылатын,
тез іске асырылатын, нәтижесі тез тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ
үстінде бақылау, жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың
білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға болады.
Сыныптағы оқыту процесі, мұғалім мен шәкірттердің іс-әрекеттеріне сыртқы
факторлар әсер етпейді.
Тәрбие процесінде ойлаған мақсаттарды, белгіленген тәрбие шараларын тез
іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау мүмкін емес. Сонымен бірге
тәрбие жұмысын өткізуге сыртқы факторлар зиянды әсер етеді.
Құбылыстар мен процестер арасындағы дамуды сипаттайтын байланысты
философияда заңдылық деп аталады. Оқыту процесінің заңдылықтары оның
тұтастығын дәлелдейді. Мұндай заңдылықтардың бірнеше түрлерін атауға
болады.
Оқытудың қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы.
Мектепте бұл заңдылықты іске асыру еліміздің әлеуметтік экономикалық
дамуына байланысты. Неғұрлым қоғамның экономикалық мүмкіншілігі ғылыми-
техникалық үдеуге сәйкес дамып отырса, соғұрлым мектептің оқу-материалдық
жағдайы жақсарады, педагогикалық процесс тиімді ұйымдастырылып, жеке
адамның дамуына игі әсер етеді.
Оқытудың білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы. Оқыту
процесі білім беру, тәрбие және даму процестерімен байланысты. Сондықтан
оқыту жеке адамның жан-жақты дамуына көмектесе отырып, білім беру, тәрбие
және даму функцияларының бірлікте іске асуына мүмкіндік туғызады.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала
дамуының ең таяу даму зонасын жасайды, баланы ізденуге талаптандырады
және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Ең таяу даму
зонасы одан әрі актуальды даму зонасына көшуі тиіс, яғни бұл зонада
оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.
Оқытуды іске асыру адам баласына белгілі заңдылықтарды, білімді меңгеру
негізінде ғана игі әсер етеді. Егер оқушы оқуды өзімнің міндетім деп
санамаса, өзінің жауапкершілігін сезінбесе, онда оқытуды да жақсы
ұйымдастыруға болмайды.
Оқыту процесінде баланың таным белсенділігі кеңиді, тереңдейді, ақыл-ой
қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру белсенділігі дамиды, заттың мәнін,
ғылыми ұғымдарды терең түсінеді, іздену нәтижесінде пайда болған
сұрақтардың жауаптарын табады.
Оқыту іс-әрекеті шешуші роль атқарады. Оқыту іс-әрекетінің бірнеше
түрлері бар. Оларға ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық іс-
әрекеттері т.б. жатады. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде баланың ақыл-ойы,
дүниеге көзқарасы дамиды, эстетикалық қасиеттері қалыптасады, еңбек ету
жауапкершілік сезімі артады.
Оқыту процесінде оқушылардың жас, дербес ерекшеліктерін есепке алу. Жас
ерекшеліктері мындай жағдайда еске алынады.
а) оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын
т.б. жасағанда;
ә) организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;
б) оқу, тәрбие процесінде.
Жеке адамның дербес ерекшеліктері:
а) темперамент, оның типтері (сангвиник, флегматик, холерик,
меланхолик);
ә) қабілет, оның түрлері: жалпы және арнайы қабілеттер.
Қабілет – адамның түрлі іс-әрекеттеріндегі мүмкіншілігі.
Білім беру жеке адамның жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес
ұйымдастырылады.
Оқыту процесінің міндеттерінің, мазмұнының, формаларының және
әдістерінің өзара байланыс заңдылықтары. Оқыту процесінің барлық
элементтерінің мақсаттары мен міндеттерін, мұғалімнің және
тәрбиеленушілердің жұмыстарының мазмұнын, формаларын және әдістерін
анықтайды.
Бұл заңдылықтар:
а) оқыту мазмұны қоғамның мақсаттары және қажеттілігін бейнелейтін
міндеттерге байланысты;
ә) оқыту формалары, оларды ұйымдастырып, өткізудің міндеттеріне,
мазмұнына және әдістеріне байланысты;
б) оқыту әдістері, олардың мақсаттарымен анықталады.
Оқыту процесінің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас
логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылықтары
ақырғы нәтижені қамтамасыз етеді.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның принциптерінде бейнеленеді. Принцип –
латын сөзі – негізгі, бастапқы деген ұғымды білдіреді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің
принциптері деп атайды. Оқыту процесінің бірнеше принциптерін атауға
болады.
Оқыту процесінің мақсаттылық принципі. Әрбір сабаққа дайындалу үшін ең
алдымен оның мақсатын анықтайды. Мақсатсыз сабақ жақсы нәтиже бермейді.
Өйткені оқыту әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір
баланың және ұжымның ерекшеліктерін еске алып, мұғалім оқыту жұмыстарының
формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын
осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің
үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.
Оқытудың ғылымилық принципі. Бұл принцип табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау
дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Ғылымилық принцип оқу
бағдарламаларын, оқулықтарды жасағанда еске алынып, оқыту процесінде жүзеге
асырылады. Ғылымилық принцип оқушылардың таным қаблетінің дамуына, дүниеге
көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер
етеді.
К.Д.Ушинскийдің айтуы бойынша, оқыту бұл баланың байқағыштығының,
ойының, тілінің, есінің, қиялының дамуы, баланы еңбекке, өмірге дайындау.
Оқыту ғылыми ережелер мен теориялардың оқушылардың көзқарасы мен сеніміне
ұласуымен сипатталады.
Оқыта отырып тәрбиелеу – бұл баланың өмірге, білімге қатысы, ақыл-ойының
қабілеттілігі, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы.
Сонымен, білім беру, тәрбие оқытудың бірыңғай процесінде іске асырылады.
Бұл үш категория бірін-бірі өзара нығайтады, толықтырады.
Түсініктілік принципі. Түсініктілік принципі оқытуды оқушылардың
дайындық деңгейіне сай ұйымдастыруды талап етеді. Сонымен бірге оқушыларға
тапсырма ең таяу даму зонасына сәйкес берілуі тиіс, яғни тапсырманы
мұғалімнің басшылығымен терең ойлап орындауды оқушылардан талап ету керек.
Егер тапсырма аса ауыр болса, онда оқушылардың ықыласы төмендейді, сенімі
кетеді, күшіне зиян келеді.
Жүйелілік және бірізділік принципі. Оқыту процесінде оқу бағдарламалары
мен тақырыптық жоспарда көрсетілген тақырыптар бойынша теориялық және
практикалық мәселелер бірізділікпен белгіленеді. Жүйелілік және бірізділік
принципі оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге (сабақ
үстінде, үйде кітаппен, лабораторияда, шеберханаларда т.б.), сонымен бірге
балалардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, оларды
күнделікті сабақтарға дайындықпен келуге де үйретеді.
Саналылық пен белсенділік принципі. Саналылық пен белсенділік дегеніміз
білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен
байланысын тереңдету, оқылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну
болады.
Сабақ үстінде берілген тапсырмаларды оқушылардың саналылықпен орындауы,
олардың белсенділігін арттырады. Әрбір іс-әрекетін оқушылар оның теориялық
және практикалық мәніне терең түсінуі қажет.
Оқушылардың дүние танымын тереңдетуге, белсенділік сезімін оятуға ғылыми-
техникалық даму кезеңіндегі оқытудың жаңа үдемелі әдістері мен формалары
ықпал жасайды. Сонымен бірге саналылық және белсенділік принципін іске
асыруда мұғалім мен шәкірттердің бірлесіп істейтін шығармашылық жұмыстары
да игі әсер етеді.
Көрнекілік принципі. Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес
қосқан Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский т.б.
Осы принцип алғашқы оқытудың әдістемесін жазды.
К.Д.Ушинский көрнекілік жайындағы ілім дамыта келіп, көрнекілік –
балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалар заттардың
пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты
болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті,
әрі қызықты болып өтеді. Мысалы, жоғары сыныптарда сабақты демонстрациялап
өткізу өте тиімді және нәтижелі болады. Көрнекілік абстракты ұғымды игеруге
әсер етеді. Мысалы, электрон теориясын сабақта кинофильмді пайдаланып
түсіндурі жақсы нәтиже береді.
Сонымен, көрнекілік принципінің оқыту материалдарын, әсіресе, теориялық
ережелерді терең оқуда, берік есте сақтауда алатын орны ерекше.
Көрнекі құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте
жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.
Педагогикалық процестің бағыттылық принципі. Педагогикалық процестің
бағыттылық принципі жеке адамның әр жақты дамуына, оқыту мен тәрбие
үйлесімдігіне ықпал жасайды.
Кешенді ықпал жасау идеясы қоғамдық құрылыстың өз табиғатынан шығады –
оқыту мен тәрбие жұмысы жүйесінің тұтас, мызғымас бірлігі.
Ақыл-ой, адамгершілік және еңбек тәрбиесін тығыз бірлікте қамтамасызх
ету педагогикалық процестің бағыттылық принципінің негізін құрайды.
Адамның білімге, әр түрлі іс-әрекетіне сенімдлігі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz