Аграрлық сектордағы пайдалылық көрсеткіштерін есептеудің теориялық негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы өндірістің пайдалылық деңгейін анықтау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің пайдалылық деңгейіне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

8

«Қ.ӘБДІҒҰЛОВ» АТЫНДАҒЫ ӨК.НІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

20
2.1 «Қ.Әбдіғұлов» атындағы ӨК.нің техникалық.экономикалық көрсеткіштеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... ...
20
2.2 Кәсіпорынның пайдалылығын талдау ... ... ... ... ... ... .. 32

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ПАЙДАЛЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

46
3.1. Өндірістегі ысыраптың алдын алу.тиімділік кепілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
3.2 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
53
3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары ... .. 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . 66

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
«2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».
Бұл бағдарлама ауылда шаруашылықты пайдалы жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында, азық-түлік өнімдерін өндіруде кластерлік жүйені қолдануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған .
Өндірістің пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыста шешілетін мәселелер:
1) пайдылылықты есептеудің теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін қарастыру.
2) ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің пайдалылығына талдау жасау.
1. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003 – 2015 годы. – Астана, 2003 г.
2. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.
3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: 4-е изд., перераб. и доп. – Минск: ООО «Новое знание»,2002. –688с.
4. Қазақстан ауыл, орман, балық шаруашылығы ҚР статистика жөніндегі агенттігі, Алматы қ., 2004 ж.
5. Ауыл (село) дамуының мониторингі. Тоқсан сайынғы статистикалық анықтамалық. 2005 ж. қаңтар-желтоқсан / Под ред. Ю.Шоқаманов.-А. (б.и.), 2006 ж.
6. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің жарғысы
7. Аудит и анализ финансовой отчетности, под редакцией Дюсембаева К.Ш., А. 1999г.
8. «Қ.Әбдіғұлов» атындағы өндірістік кооперативінің қаржылық есеп формалары
9. Контроль качества продукции: Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 2001г.
10. Управление издержками организации. / учебник под ред. Кибанова А.Я. М.: «Инфра-М», 1997г.
11. Издержки промышленной продукции по двум категориям качества: Методические документы. – М. Издательства стандартов, 2001г.
12. Котляров С.А. Управление затратами. – СПб: Питер, 2001г.
13. Экономика предприятия // под. ред. проф. Сафронова – М.: Юрист, 2002г.
14. Менеджмент организации. //учеб. пособие под. ред. Румянцевой З.П., Саломатина А.Н., М.: 1999г.
15. Друри К. Ведение в управленческий и производственный учет // пер. с англ. – М.: аудит, Юнити, 1998г.
16. Сергеев М.В. Экономика предприятия – 2- издание переработана и дополнена М.: 2000г.
17. Алдағы шығыстар мен төлемдерге арналған резервтерді есептеу – Тояпаков Ж.С. - Бухгалтер бюллетені, 1998ж. №50

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1 АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы өндірістің пайдалылық деңгейін
анықтау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының
қызметінің пайдалылық деңгейіне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

2 Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің қызметінің нәтижелеріне
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
2.1 Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің техникалық-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2 Кәсіпорынның пайдалылығын талдау ... ... ... ... ... ... .. 32

3 ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын
арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
46
3.1. Өндірістегі ысыраптың алдын алу-тиімділік
кепілі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .. 46
3.2 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
3.3 Жер қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары ... .. 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . 66

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Экономика факультеті
Экономика кафедрасы

Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру
жолдары тақырыбына жазылған

Күндізгі оқу бөлімінің 4 курс студенті
Мамандығы 070842 - Кәсіпорындағы экономика және
басқару мамандығының АӨК кәсіпорындарындағы
экономика және басқару мамандандырылуы бойынша

Нурметова Меруерт

Ғылыми жетекші :
аға оқытушы Жүнісбекова Г.Е.

Рецензент
э.ғ.к., аға оқытушы
Алиева С.Д.

Жұмыс қорғауға жіберілді

Экономика кафедрасының
меңгерушісі, э.ғ.к., профессор
Сейдахметов А.С.

Алматы, 2006 ж.
Кіріспе

2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының
мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты
дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына
себепші болу, ұзақмерзімді сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін
дайындыққа жағдай жасау.
Бұл бағдарлама ауылда шаруашылықты пайдалы жүргізу мен өндірістің
құлдырауының алдын алу мақсатында, азық-түлік өнімдерін өндіруде кластерлік
жүйені қолдануға, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға
бағытталған .
Өндірістің пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы
тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің табыстылығын, түсімділігін
сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін
анықтайды, себебі олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған
ресурстармен арақатынасын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін
кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары бойынша ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыста шешілетін мәселелер:
1) пайдылылықты есептеудің теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін
қарастыру.
2) ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің пайдалылығына талдау жасау.
3) Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау
4) Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің пайдалылығына талдау жасау.
5) ауылшаруашылық кәсіпорнының пайдалылығын арттыру бағыттарын негіздеу.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының
пайдалылығы, мәні, анықтау әдістемесі, жалпы ҚР-дағы ауылшаруашылық
кәсіпорындарының қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне, пайдалылық
деңгейіне талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің
жалпы сипаттамасы келтірілген, мұнда кәсіпорынның мінездемесі, айналысатын
қызметі немесе өндірілетін өнімнің түрлері келтіріліп талданған, сондай-ақ
пайдалылық көрсеткіштері анықталған.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ауылшаруашылық өнімдерін
өңдейтін кәсіпорындардың пайдалылығын арттыру жолдары келтірілген.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының
статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар, оқу құралдары,
кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.
1. АГРАРЛЫҚ СЕКТОРДАҒЫ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСЕПТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ауыл шаруашылығындағы өндірістің пайдалылық деңгейін анықтау
әдістемесі

Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігінің жалпылама
нәтижесі болып пайдалылық саналады.
Пайдалылық деңгейі (Р) пайданың өнімнің толық өзіндік құнына
пайыздық қатынасымен есептеледі.
Ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасының тиімділігінің мәні.
Шаруашылықтың кез-келген жүйесінде өндіріс тиімділігінің
спецификалық мазмұны келесілермен анықталады:
1. өндірістің қоғамдық нысанымен;
2. өндірістің мақсатты бағыттылығымен;
3. берілген жүйеге тән өндіріс факторы мен нәтижелерінің өзіндік
сипатымен;
Жалпы табыс (ВД) – жалпы өнім (ВП) құнымен тұтынылған материалдық
шығындар (Мз) арасындағы айырма:

ВД = ВП - Мз ( 1
)

Таза табыс (ЧД) жалпы өнім құнынан өндіріс шығындарын немесе оның
өзіндік құнын (Сп) алып тастағанға тең:

ЧД = ВП – Сп
( 2 )

Таза табыс мөлшерін жалпы табыстан (ВД) еңбекақы төлемінің (От) алып
тастағанда табуға болады:

ЧД = ВД – От ( 3
)
Экономикалық әдебиеттерде құрылған табыс (Т) және өткізілген таза
табысты (Т) бөліп қарастыратын. Таза табыстың жүзеге асқан бөлігі кәсіпорын
пайдасының мөлшеріне жауап береді. Бұдан, егер таза табысты жалпы өнімді
бөлу кезінде анықтаса, онда пайда (П) өнімді өткізуден түсетін түсім (Вр)
мен оның толық өз құны (Сп) арасындағы айырмамен есептеледі:

П = Вр – Сп (
4 )

Өндіріс тиімділігі экономикалық және әлеуметтік – экономикалық болып
бөлінеді.
Әлеуметтік-экономикалық тиімділік – шығарылатын өнім есебінен халық
мұқтаждықтарының қанағаттандыру деңгейі болып табылады. Ол халықтардың өмір
сүру деңгейін арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға, адамдардың бос уақытын
арттыруға т. б. бағытталған.
Соңғы нәтижені сипаттау кезінде эффект және экономикалық тиімділік
түсініктерін ажыратуға болады .
Эффект – бұл ауыл шаруашылығында жургізілген қандайда бір іс –
шаралардың нәтижесі. Мысалы, тыңайтқыштарды қолданудан болатын эффект
өнімге қосымша ретінде көрінеді. Алынған эффект тыңайтқыштарды пайдалану
тиімділігі туралы ақпарат бермейді.
Экономикалық тиімділік өндіріс нәтижелері материалды – ақшалай
қорлардың шығындарымен салыстыруда орын алады.
Соңғы экономикалық эффект ауыл шаруашылығы бойынша жалпы барлық
ресурстарды тиімді пайдалануға, үнемдеу және сақтау ушін жүйелі түрде
күресу, өнімнің өзіндік құнын төмендету және еңбек өнімділігін арттыруға
байланысты .
Ауыл шаруашылығының экономикалық тиімділігін бағалау үшін өндіріс
процесіне әртүрлі факторлардың әсерінен бейнеленетін нақты көрсеткіштер
қажет.
Экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіші болып мыналар
табылады:
1. Жалпы өнімнің (ВП) жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы
саналады:
Эв = (
5 )
мұндағы ВП – ауыл шаруашылығының жалпы өнім құны, тг;
Пз - өндірістік шығындар, тг;
Фос – негізгі өндірістік қорлар, тг;
К - қорлардың тиімділік коэффициенті.
2. Жалпы табыстың жанды және заттай еңбек шығындарына қатынасы:

Эв = (
6 )

Жалпы табыс (ЖТ) мөлшері өндірілген өнімді өткізуге, бағасына және
материалды шығындардың шамасына байланысты. Жалпы табыс мөлшері өндіріс
құралдарындағы заттық еңбекті пайдалану және жанды еңбек шығындарына
қатынасы:

Эч = ( 7 )

Таза табыс қосылған өнім құнының ақшалай мәні және жалпы өнім
құнымен өндіріс шығындары арасындағы айырмамен анықталады. Таза табыс
өндірісті келешектегі кеңейту мен қоғамдық тұтыну қорларының өсімі болып
табылады.
Пайдалылық - барлық кәсіпорындарға тән маңызды экономикалық
категория болып табылады. Ол кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін
білдіреді.
Пайдалылықта тек жанды еңбек емес, бұрыңғы еңбек шығындарының
нәтижесі, өткізілген өнімнің сапасы, өндірісті ұйымдастыру деңгейі мен
оны басқару бейнеленді.
Пайдалылықтың екі түрі бар: халық шаруашылық және шаруашылық
есептік. Алғашқысы құрылған таза табыс шамасымен, екіншісі тікелей
кәсіпорынның жүзеге асыруымен сипатталады.
Өзіндік қорларды пайдалануды сипаттау үшін таза табыс нормасы
пайдаланылады.
Пайда нормасы - таза пайданың негізгі және айналым қорларының
орташа жылдық құнына паыздық қатынасымен сипатталады.

1. 2 Нарықтық экономикадағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметінің
пайдалылық деңгейіне талдау

Ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылық көрсеткіштеріне талдау және
бағалау жасағанда нәтиженің деңгейі мен өсуі өндірістің жағдайларына ғана
емес, көптеген басқа да факторларға, соның ішінде топырақтың табиғи
құнарлығына, климаттық жағдайларға, басқаруды ұйымдастыруға , кәсіпорынның
мамандармен қамтамасыз етілуіне және олардың біліктілік дңгейіне де
бағынышты. Нәтиженің көбеюі қолда бар ресурстарды интенсивті пайдаланудан
да көрінуі мүмкін. Сондықтан өндіріс тиімділігінің барлық факторларын
оларды бағалаған кезде былай жүйелеу орынды: ресурстар, өндіріс шығындары,
негізгі факторлар және өндірісті интенсивтендірудің бағыттары бойынша.
Ресурстық тұжырымдама ұдайы өндіріс үдерісінде қолданылатын
өндірістік ресурстардың барлық нысанын пайдаланудың тиімділігін бағалауға
және өндіріс тиімділігін арттыру мен қоғамдық еңбекті үнемдеу қандлай
ресурстардың есебінен болғанын анықтауға мүмкіндік береді.
Өндіріс ресурстары – қажетті тауарларды өндіру үдерісінде
пайдалануға болатын табиғи, әлеуметтік, рухани күштердің жиынтығы.
Өндірістік ресурстардың 4 түрі бар:
1) табиғи - өндірісте пайдалану үшін тарауы мүмкін табиғи күштер мен
заттар.
2) материалдық – Адам жасап шығарған барлық өндіріс құралдары.
3) еңбек – еңбекке жарамды жастағы халық, ресурстық тұрғыдан оны 3
көрсеткіш бойынша бағалайды: әлеуметтік, демографиялық, кәсіби-
біліктілік және мәдени біліктілік.
4) қаражат – кәсіпорынның қызметін одан әрі жалғастыру және кеңейту үшін
қажетті қаржы ресурстары.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің, салалардың, жеке кәсіпорындар мен өнім
түрлерінің пайдалылығының көрсеткіштерін талдау мен бағалау өзінің кешенді
мәселе екенін көрсетеді. Оған жататындар:
1) экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемдері мен көрсеткіштер жүйесін
олардың өзара қарым-қатынасында анықтау;
2) бұл көрсеткіштерді анықтаудың әдістерін әзірлеу;
3) жеке кәсіпорындардың шаруашылық қызметін, аудан, облыс, республиканың
ауыл шаруашлығының қазіргі жағдайы мен даму серпінін талдаған және
бағалаған кезде тиімділіктің рентабельділік көрсеткштерін қолдану.
Пайдалылық неміс сөзінен алынған, тиімді табыс деген ұғымды
білдіреді. Кәсіпорынның пайдаллығын бағалау көрсеткіштері келесі түрде
анықталады:

Кәсіпорын Таза (немесе жалпы) табыс мөлшері * 100 %
мүлкінің = Кәсіпорынның мүлкінің (актив) орт. шамасы
пайдалылығы

Меншік құралдарының Таза табыс * 100 %
пайдалылығы = Меншік құралдардың орташа құны

Баланстық табыстың Жалпы табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі

Пайда Таза табыс * 100 %
мөлшері = Сатудың таза көлемі

Шетелдік тәжірибеде ең соңғы көрсеткіш табыс маржасы деп аталады.
Оның экономикалық мазмұны - айналымдағы әр теңгеге таза табыстың үлес
салмағы.
Шаруашылық есеп пайдалылығы – бұл жеке ауыл шаруашылығы кәсіпорнының
немесе өнімнің жеке түрінің рентабельділігі. Ол өнімнің саны мен сапасына,
сату бағасының деңгейіне және өнім өндіруге жұмсалатын шығынның көлеміне
байланысты. Алайда мемелекеттік сату бағасы арқылы ауылшаруашылығында
жасалған қосымша өнімнің бір бөлігін жалпы халықтық мұқтажы үщін өз
қарамағына алады.
Бөлшек сауда бағасымен және оны өңдеу, дайын ауылшаруашылық өнімін
сақтау мен сату сатыларында жұмсалатын қосымша шығынмен салыстырып өлшесе,
онда осы тәсілмен алынған нәтиже халық шаруашылық рентабельділік болып
табылады.
Ауылшаруашылық өндірісінің рентабельділігін ең алдымен оның
өлшемдері мен көрсеткіштері арқылы сипаттауға болады.
Өлшем (критерий) – бұл терминнің ғылыми түсінігі бойынша анықтаушы
белгіні, баға өлшемін білдіретін негізгі сапаны, басты қасиетті көрсеткішті
білдіреді.
Өлшемдердің көрсеткіштерден айырмашылығы – ол ішкі, түпкілікті
белгі, ол бойынша әлеуметтік-экономикалық түрлі пікір айтылады.
Көрсеткіштердің рөлі өндіріс рентабельділігі мен экономикалық
тиімділік өлшемінің мазмұнын сандық тұрғыдан сипатталады. Ауылшаруашылық
өндірісінің пайдалылығын есептеу үшін экономикалық тиімділік барлық
көрсеткіштерін есептеу қажет.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандартында, пайда іс-әрекеттің
тиімділігі ретінде немесе басқадай өлшеу негізі үшін, инвестицияға пайда
немесе акцияларға пайда немесе акцияларға пайда түрінде жиі қолданылады.
Пайданы өлшеумен байланысты тікелей элементар табыс пен шығын анықтамалары.
Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда арасындағы қатынас
келесідей түрде көрініс табады.
Таза экономикалық пайда = Бухгалтерлік пайда – имплициттік шығын
Нақты шығындыр – аралық бұйым мен өндіріс факторларының
жабдықтаушының тікелей (ақшалай) төлемдерін жасауға қатысатын альтернативті
шығын.
Имплициттік (айқын емес) шығындарға ресурстарды пайдаланудың
альтернативті шығыны, фирманың иесіне тиісті (немесе заңды тұлға ретінде
фирманың меншігіндегілер).
Таза табыстың (Р) мөлшері келесі формуласы бойынша анықталады:

немесе ( 12 )

мұндағы т – қосылған құн;
С+V – өндіріс шығыны
Таза табыс мөлшері өндірісітік рентабельділігнің табыстылығы
мөлшерін көрсетеді.
Ауылшаруашылық өндірісінде пайды нақты-нақты суреттейтін, есеп
жүргізуге өте ыңғайлы көрсеткіш таза табыстың мөлшері болып табылады (Пм):

; ( 13 )

мұндағы Ко – негізгі қордың орташа жылдық құны,
Коб – айналым қордың орташа жылдық құны.
Бұл көрсеткіш өндіріс қорларының (негізгі және айналым) бірлігінен
алынған таза табыс мөлшерін сипаттайды.
Ресурстарды пайдалану тиімділігінің жеке көрсеткіштеріне: жер
қайтарымы, қор сыйымдылығы және т.б. жатады.
Қорытындылаушыға – ресурстар қайтарымы, өзіндік құн, материал
сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы, рентабельділік деңгейі жатады. Жеке
көрсеткіштердің ішінде ең бастысы – еңбек өнімділігі.
Еңбек өнімділігі - азықтың шамасы ның жанды еңбек шығындарына
қатынасы.
Жалпы өнімнің нақты және ақшалай көріністегі көлемінің сипатталуы
келесі түрде болады:
ЕӨ = ЖӨ Т (
14 )

Орташа жылдық 1 жұмысшыға есептелінген жалпы өнім көлемінің ақшалай
бағалануы:
ЕӨ = ЖӨ Р (
15 )

Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштерін атап көрсетіп кетейік:
1) ауыл шаруашылығы еңбек өнімділігі – 1 адамсағат есептегендегі
жалпы өнім. Бір өнімге өнімнің еңбек сыйымдылығынан (Өес) жұмыс уақытының
шығындарын алып тастайық :

Өес = Т ЖӨ
( 16 )

2) қор қайтарымы, қор сыйымдылығы;
3) материал қайтарылымы, материал сыйымдылығы.
Егерде біз ауыл шаруашылығы өндірісінің нәтижесінен есептеу кезінде
жерді өндірістің басты құралы ретінде, маңызды екенін ескермесек жөн болмас
еді.
Бұдан жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін есепке алудың
қажеттігі туындайды.
Ең бастысы-жер қайтарымы (ЖҚ) :

ЖҚ = ЖӨ Қж
( 17 )

мұндағы ЖӨ - ауыл шаруашылығндағы жалпы өнім;
Қж – жер ресурстарының құны.
Жер сыйымдылығы (Жс) – жер қайтарымына қатысты кері көрсеткіш:

Жс = Қж ЖӨ
( 18 )

Сонымен қатар барлық нәтижелі, қорытындылаушы көрсеткіштерді жер
көлемінің бірлігіне есептеуге болады. Мысалы, жалпы, тауарлық өнімнің
көлемі, жалпы табыс, таза табыс т.б. Жерді тиімді пайдаланудың натуралды
көрсеткіштерінің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі, өсімдік
шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру (астық, қант қызылшасы, картоп
т.б.) 100 га жыртылған жерге, центнермен есептегенде, сүтті ірі қара мал
етін, қой етін тірі салмақпен өндіру , 100 га ауылшаруашылығына
есептегендегі жүн, ц; 100 га жыртылған жерге тірі салмақпен есептегенде
шошқа еті, ц; құс етін өндіру, ц; жұмыртқа, мың дана; 100 га астық
дақылдары егілген жерге есептелінген.
Ауыл шаруаышылық өнімдерін өндірудің өзіндік құны - өндіріске
жұмсалған шығындармен жалпы өндіріс көлемі. Өзіндік құнды мына жағдайда
төмендетуге болады:
1) егер жалпы өнімнің белгілі бір көлеміне өндірістік шығындардың
сомасы азаятын болса;
2) егер шығындардың белгілі бір көлеміне өндірілетін жалпы өнімнің
массасы көбейетін болса;
3) жалпы өнімді шығындардың көлемі шығындардың көлемінің өсуінен
көбірек дәрежеде өссе.
Экономиканың нарыққа көшкен жағдайында баға белгілеу маңызды рөл
атқарады, нарықтық тетіктерді игеру мен пайдалану мүмкін болады. Баға–
сатып алушылар мен сатушылардың іс-әрекетін бағдарлайтын ақпарат береді.
Экономиканың аграрлық секторындағы баға саясаты және оны жетілдіру
жолдары
Шаруашылықтағы нарықтық механизмнің қызмет етуінде бағаның қалыптасуы
маңызды рольге ие. Өйткені баға қоғамдық еңбек шығындарын өлшеуге,
айырбастың эквиваленттігін қамтамасыз етуге, өндірісті ынталандыруға,
сұраныс пен ұсыныстың қатынасын реттеуге, нақты тепе-теңдікке жетуге
мүмкіндік береді.
Баға саясаты экономиканы монополияға қарсы реттеу және баға арқылы
реттеу мемлекеттік органдарының, сонымен қатар салық және бюджет – несие
заң актілерінің қызмет ету барысында жүзеге асады.
Еліміздегі мемелекеттік деңгейде өндірісті баға арқылы реттеу
нарықтық қатынастарға сай келмейді: өзіндік құнды анықтау кәсіпорындарда
нарықтық шаруашылық жүргізуге сәйкес емес; қызмет етіп тұрған салық жүйесі
өндірістің дамуын ынталандырмайды; инфляция бағаның мәнін өзгеше етіп отыр.
Республикамыздың экономикасының аграрлық секторын зерттеу нәтижелері
нарықтық механизмнің кезеңінде бағасы мемлекеттік бақылау керектігін
көрсетеді. Ол өз алдына нарықтық бағаға бірте-бірте өтуге мүмкіндік береді.
Мұнда мемлекет, біріншіден, өз құнынан үлкен мөлшерде ауытқу байқалған
тауарлар бойынша нақты баға белгілейді. Екіншіден, нарықтық баға
белгіленетін тауарлар тізімін анықтайды. Үшіншіден, баға бойынша шектеулер
енгізеді (бағаның максималды деңгейі, өнім, қызмет рентабельдігі).
Бағаны қалыптастыру – мемлекеттік реттеудің маңызы сұрақтарының бірі.
Монополисттер бағаны белгілейтін ауыл шаруашылығында бағаны реттеу
механизмінің толық жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.
Аграрлық өндірісте баға саясаты мыналар арқылы қалыптасады:
1) бағаны қалыптастыратын сыртқы және ішкі факторларды талдау
бағалау;
2) баға саясатын жүзеге асыру тәсілдері: сұраныс көлемін ұлғайту;
3) бағаны басқару жүйесін таңдау: тұрақтылық; өзгеру мүмкіндігі;
бағаны төмендету жүйесі; бағаның икемділігі және т.с.с
4) тауар өндірушінің мақсатын таңдау: өмір сүру қабілетін қамтамасыз
ету; нарық үлесін кеңейту; бәсекелестермен күрес; табысты
максимализациялау.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу бағасы 2002 ж. 2,3 %-ға
төмендеді. 2003 ж.-31,7 %-ға, 2004 ж.-4%-ға өсті. Өткен жылы егіс алқабының
өнімдері 1,4%-ға арзандады (2002 ж. -10%), ал 2003 ж. 498,1 %-ға
қымбаттады. Мал шаруашылығы өнімдері бағасының өсімі 2004 ж. 2003 ж
қарағанда 1,8 пайыздық пункте озып, (2002 ж қарағанда -6,7 пунктке), 11,1
% құрады. 2004 ж. Ресейде ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасының индексі-
111,4 %, мал шаруашылғы өнімдері бағасының индексі-117,2%.
2004 ж. дәнді дақылдардың басқа түрлері бағасының өсуі өткен
жылғыдан өте мардымсыз болды. Сұлы бағасы 12,3 %-ға (2003 ж.-18%), арпа-9%
ға (26 %), тары – 9,7%-ға (24 %), күріш -2,3%-ға (6,3 %) өсті. Қарақұмық
өндіруді арттыру (2003 ж. 1,6 есе, 2004 ж. – 13,3 %) және оның рынокта
толуы оны өткізу бағасының 2 %-ға төмендеуіне әкеп соғады.
Баға серпінінің баяу қозғалуы өндіруші кәсіпорындардың және тұтыну
рыногындағы астықты қайта өңдеу өнімдеріне тән, 2004 ж. отандық
өндірісінің бидай ұны бағасының өсуі 2,8 % (2003 ж-36,2 %), бөлшек
саудадада-10,8% (26,2%).
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының пайдасы мен пайдалылық (зияндылық)
деңгейіне талдау жасау нәтижесі бойынша (кесте-2) 2003 ж. ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының таза табысы 13891,9 млн теңге болса, 2000 ж. 4833,9 млн
теңге, яғни 9058 млн теңге немесе 287,4 % артқан. Ал 1995 жылы 21755 млн
теңге зиян шеккен. Барлық ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден болатын
табыстылық (рентабельділік) деңгейі 2000 ж 19,8 %, ал 2003 ж 18,1 %, яғни
1,7 %-ға кемігенімен, 2002 жылға қарағанда 11,1 % үлесіне артқан. Пайдаға
шыққан кәсіпорындар саны 2000 ж 1359 дана болса, 2003 ж 2103 дана болған,
яғни 744 данаға артқан .
Төмендегі кестеден көргеніміздей, 2003 ж. 2000 жылмен салыстырғанда,
табысты кәсіпорында 54,7 % артса, ал зиянға шыққан ауыл шаруашылық
кәсіпорындары 51,9 %-ға кеміген. Табысты ауылшаруашылық кәсіпорындарының
артуы көбінесе, Батыс Қазақстан облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында,
Алматы облыстарында, Жамбыл облыстарында байқалады. 2003 ж. шығынға шыққан
кәсіпорындар 2000 жылмен салыстырғанда республика бойынша 51,9%-ға
төмендеген.

1 - сурет - Табысты және зиянға шыққан ауылшаруашылық кәсіпорындарының
жалпы санының серпіні
1 кесте - Табысты және зиянға шыққан ауылшаруашылық кәсіпорындарының
жалпы санына талдау, дана
2000 ж 2001 ж 2002 ж 2003 ж 2003ж 2000 жға
қатынасы, %
ТабыстыШығындыТабыстыШығындыТа быстыШығынды
кәсіпоркәсіпоркәсіпоркәсіпоркә сіпоркәсіпор.
. . . . .
Қазақстан Республикасы -3,8 28,7 21,5 7,5 49,4 +20,7
Ақмола обл. -4,8 39,6 41,7 13,0 48,4 +8,8
Ақтөбе обл. -4,2 22,4 -7,9 9,1 55,9 +33,5
Алматы обл. 4,7 -1,4 1,2 10,3 17,4 +16
Атырау обл. 1,4 78,9 50,0 7,2 30,3 -48,6
Шығыс-Қазақстан о. 70,6 55,5 21,9 3,0 22,9 -32,6
Жамбыл обл. 26,5 -1,8 -20,7 -1,2 21,5 +19,7
Батыс Қазақстан о. -24,5 1,4 5,0 -0,1 28,6 +27,2
Қарағанды -5,2 56,5 53,7 23,8 58,2 +1,7
Қостанай -18,8 37,2 22,5 13,3 80,5 +43,3
Қызылорда 9,4 -5,4 -14,7 -3,1 -8,3 -2,9
Павлодар 25,3 16,6 32,8 39,1 65,4 +48,8
Солт.-Қазақстан обл 0,4 22,8 11,7 -6,3 38,7 +15,9
О.Қазақстан 8,6 1,5 4,0 -1,9 -2,3 -3,8
Астана қ. - 68,2 -57,5 -9,4 - -
Алматы қ. - - -32,2 - - -

Ескертпе – Қазақстан ауыл, орман, балық шаруашылығы ҚР статистика жөніндегі
агенттігі, Алматы қ., 2004 ж.
2-кестеге байланысты, Республика бойынша 2000 ж рентабельділік
деңгейі 28,7 %, ал 2003 жылы 49,4 % ие 20,7 % артық, бұл көрсеткіштің
деңгейінің көтерілуі еліміздің көптеген облыстарында, атап айтқанда Ақтөбе,
Ақмола, Атырау, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан
облыстарында байқалады .
2 Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің қызметінің нәтижелеріне талдау
2.1 Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің техникалық-экономикалық
көрсеткіштеріне талдау

Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК қызметін Мичурин атындағы ұжымшарының
мүшелерінің инициативасы негізінде олардың пайларын біріктіру нәтижесінде
құрылған.Кооператив заңды тұлға болып табылады және өз қызметін жарғы және
05.10.1995ж.Өндірістік кооперативтер туралы заң күші бар ҚРпрезидентінің
жарлығы азаматтық кодекс негізінде жүргізеді.
Кооперативтің қызмет етуінің мақсаты өндірістің табыс табу және оны
даму үшін,кооперативтің әлеуметтік мәселелерін шешу үшін оның мүшелерін ің
иелігіне негізінде пайдалану.
Кооперативтің қызметі:
- ауылшаруашылық өнімдерінің және т.б. өнім өндіру;
- кәсіпорындар,ұйымдар мен азаматтарға қызмет көрсету;
- өз бетінше сыртқы экономикалық қызмет көрсету;
-ҚР заңында рұқсат етілген коммерциялық,делдалдық және т.б. қызметтер
жүргізу.
Кооператив мүшелері:
- құрылу негізінен жұмыс істеп кележатқан Мичурин атындағы ұжымшардың
барлық тұрақты мүшелері;
- шаруашылықта алдында жұмыс істеген зейнеткерлер;
-ұжымшардағы уақытша кеткен(әскерге қызмет ету,оқуға кету)мүшелері.
Мұліктік жарналары келесі түрде болуы мүмкін:
- ақшалай;
- бағалы қағаздар түрінде;
- мұліктік құқықтар,соның ішінде жерді пайдалану.
Кооператив мүшелерінің құқықтары:
- кооператив жұмысын басқаруға қатысу;
-кооперативтің басқару органдарына сайлауғақатысуға,кәсіпорын
қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар беруіне және кемшіліктерді жою бойынша
өз пікірлерін айтуға;
- кооператив қызметі жөнінде толық ақпарат алуға;
- таза табыстың бөлінуіне қатысуға,өз ұлесін алуға;
- кооперативтегі өз еңбегі үшін еңбекақы алуға,жеңілдіктерді
пайдалануға;
-демалуға;
- әлеуметтік қамтамасыз етуге және әлеуметтік сақтандыруға;
- кооперативтен белгіленген тәртіпте шығуына құқылы.
Кооператив мүшелерінің міндеттері:
- кооперативтің құрылтайшы құжаттарында қарастырылған талаптарды
сақтауға;
- кооперативтің сайланған басқару органдарының жалпы
жиналысынын,шешімін орындау;
- кооператив қызметіндегі еңбекке жеке қатысуды жүзеге асыру;
- өндірістік және еңбек тәртібін сақтауға міндетті.
2. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК -ның қызметін басқару
Кооперативті басқару органдыру болып табылады.:
-өндірістік кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы,немесе өкіметті
тұлғалардың жиналасы;
- ревизиялық комиссия;
- бақылау кеңесі.
Кооперативтің атқарушы органы болып басқарма табылады.
Қаржылық кызметті бақылауды жүзеге асыру үшін кооперативтің
мүшелеренің 5 адамнан құралған 5 жылға арналған Ревизиялық комиссия
құрылған.
Кооперативтің мүшелерінің құрылу көздері болып келесілер табылады:
- кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары;
- оның қның қызметінен алынған табыстар;
- заңмен рұқсат етілген басқа да табыс көздері.
Кооперативтің жарғылық капиталдың мөлшері (арнайы қорлар
есебінен)111918м.тг. құрайды.
Резервтік қор 5% мөлшерінде -3300м.тг. құрылған және таза табыстан
жыл сайынғы аударымдар 10%мөлшерінде.
Резервтік қор өндірістік-шаруашылық қызметінен болатын зиянның орнын
толтыруға бағытталады .

3 кесте - Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК -ның техника–экономикалық
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер Өлшем Жылдары Ауытқулар
бірлігі
2004 2005 +- %
1 Өндірілген өнім мың. 65082 57296 -7786 -11,9
көлемі тг.
2 Өнімді өткізуден мың. 544463 49444 -5019 -9,2
түскен түсім тг.
3 Өткізілген өнімнің мың. 52243 46480 -5763 -11,0
өзіндік құны тг.
4 Жиынтық табыс мыңтг. 2220 2964 744 33,5
5 Кезең шығындары м. тг. 1480 2154 674 45,5
6 Таза табыс м. тг. 666 729 63 9,5
7 Өндіріс пайдалылығы % 1,02 1,27 0,25 24,7
8 Жұмысшылардың еңбек % 193,69 171,54 -22,15 -11,43
өнімділігі
9 Жұмысшылырдың саны адам 336 334 -2 -0,5
10Өндірістегі негізгі тг 97,75 78,25 -19,5 19,9
құралдардың орт.
жылдық құны
11Еңбекақы қоры жұмыс 17266 17653 387 2,24
істеген
12Адам -күн саны 74928 72344 -2584 -3,45

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.

Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім: әрине өнімді өткізу ол
кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол
кәсіпорын үшін өте мағызды. Бұл өнімді өткізу жұмсының эффектісі оның
цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы
көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізіуден түскен табыс 2003 жылға
қарағанда, 2004 жылы 42444 теңге болып,5019–теңгеге кеміді немесе 9,2%.
Өткізілген өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп
жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы,
өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін
көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2003 жылы, 2004 жылға
қарағанда 5763 тгеңгеге кеміді немесе 11% деп айтсақ болады.
Жиынтық табыс. Жиынтық табыстың соммасы 2003 жылы 2004 жылмен
салыстырғанда 744 теңгеге өсті яғни 33,5 %.
Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен
шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы
кезең шығындарын береді және мұны 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 674
теңгеге өсті немесе 45,5 пайызды құрады.
Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін: таза табыс соммасына,
жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2004 жылы таза табыс -9,5
пайызға өскен немесе -63м, теңге деп айтсақ болады.
Өндіріс пайдалылығы. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісіннің эффектілігін
есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі
1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс пайдалылығы 24,7 пайызға
өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі. Өндіріс қызметінің нәтижелігін
көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық
өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2004 жылы -22,15 тенгеге кеміген.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш
кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты,
машаналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа
жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке
(2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 78,25м, тенгені құрап, 19,5 тенгеге
қысқарды.
Кәсіпорынның кадрлық саясаты.
Кәсіпорында 2002 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336 адам,
оның ішінде 125-і әйелдер. Қызметкерлердің нақты саны 248 адам, соның
ішінде әйелдер – 125 адам, 2003 ж. барлық қызметкерлердің тізімдік саны 336
адам, оның ішінде 125-і әйелдер, нақты саны 205 адам, соның ішінде 98-і
әйелдер, яғни 2003 ж. 43 адамға, соның ішінде әйелдер 27 адамға қысқарған.
(2 - кесте)
Қызметкерлердің жалақы қоры 2002 ж. барлығы 16624 мың тенге, соның
ішінде әйелдердікі-6577 мың тг., ал 2003 ж. 17746 мың тг., соның ішінде
әйелдердікі -7539 мың тг., орташа айлық жалақы 2002 ж. балығы 5586 тг.,
соның ішінде әйелдердікі -4384 тг., 2003 ж. 7213 тг, с.і. әйелдердікі-6410
тг., яғни 2003 ж. 1627 тг-ге, ал әйелдердікі – 2026 тг-ге өскен. (3-кесте)
Кәсіпорында білісксіз жұмысшылар саны 2002 ж. 143 , с.і. әйелдер
бойынша 106 адам, ал 2003 ж. барлығы 111 адам, соның ішінде әйелдер – 80
адам, яғни 2003 ж. барлығы 37 адамға азайса, әйелдер – 26 адамға
қысқарған.
Барлық деңгейдегі басшылардың нақты саны 2002 ж. 16 адам болса, 2003
ж. 18 адам, яғни 2 адамға өскен. Олардың жалақы қоры 2002 ж. -1716 мың
тенге болса, 2003 ж. – 2476 мың тенге, яғни 760 мың тенгеге артқан.
Жалпы өндірістік кооперативте жұмысшыларды саны 2002 ж. 205 адам
болса, 2003 ж. – 160 адам болған, ал қызметшілер 2002 ж. – 43 адам болса,
2003 ж. – 45 адам болған.
Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК -ның 2003-2004 жж.бухгалтерлік балансын,
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есебін және ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есебінің мәліметтерін (қосымша 1-6) негізге ала отырып
кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргіземіз .
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау -
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда
болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке
топтарын талдау, олардың тиімді таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды .
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың
тоқтатылуына талдау жасау үшін келесі 4-аналитикалық кестені құрамыз.
4-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы -11394 теңгеге немесе 12 %-ке кемігенін көруге
болады. Бұл Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК мемлекеттік коммуналды кәсіпорнының
әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның жұмысының оң нәтижесін
сипаттайды.
Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК -да өндірістік потенциал құны 2003 жыл
басында 87894 мың теңгені, 2004 жыл соңында - 72861 мың теңгені құрады,
яғни 15033 мың теңгеге немесе 17,1 %-ға өсті. Баланс активтерінің жалпы
құнындағы өндірістік потенциал үлесі 2003 жылы 5,3 пунктке кемігенімен 2004
жылы 50,13 % құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің
қалыпты мәніне сай келеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш – мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының
коэффициенттері. Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына
бөлу арқылы анықталады.
4 кесте - 2003-2004 ж Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК баланс активтерінің құрамы
мен құрылуы
№ 2003ж. 2004ж. Жыл бойындағы Құрылы
өзгеріс (+;-) мы
ның
өзге-р
уі
Көрсеткіштер
Сома-сы, мың. Үлес сал- Сома-сы, мың. Үлес
тг мағы,% тг сал-
мағы,%
Сома-сы, Үлес сал-Сома-сы, Үлес сал-
мың. мағы,% мың. мағы,%
Тг Тг
1. Меншікті капитал Мк 75727 66618 -9109
2. Ұзақ мерзімді активтер Ұза 70082 55872 -14210
3. Меншікті айналым капиталының Ма.к. 5655 10746 +5091
бар болуы (1жол-2жол)
4. Ұзақ мерзімді міндеттемелер Ұз м 9251 7751 -1500
5. Тауарлы-материалдық қорлардың Макұз 14906 18497 +6591
меншікті және ұзақ мерзімді
қалыптасу көздерінің бар болуы
(3 жол + 4 жол)
6. Қысқа мерзімді несеиелер мен Қн - - -
қарыздар
7. Тауарлы - материалдық НК 14906 18497 +3591
қорлардың қалыпты (негізгі)
қалыптасу көздерінің жалпы
мөлшері (5жол+6 жол)
8. Тауарлы-материалдық қорлар Қ 20154 20331 +177
9. Өзіндік айналым капиталының Мак -14499 -9585 -24084
артықтығы (+) немесе
жетіспеушілігі (-) (3жол-8жол)
10 Тауарлы-материалдық қорлардың Мак-5248 -1834 -7082
меншікті және ұзақ мерзімді ұз
қалыптасу көздерінің артықтығы
(+) немесе жетіспеушілігі (-)
(5 жол - 8 жол)
11 Тауарлы-материалдық қорлардың НК -5248 -1834 -7082
қалыпты негізгі қалыптасу
көздерінің жалпы мөлшерінің
артықтығы (+) немесе
жетіспеушілігі (-) (7 жол-8
жол)

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.

Тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен
қамтамасыз етілуінің үш көрсеткішін есептеу кәсіпорынның қаржылық жағдайын
оның тұрақтылық дәрежесі бойынша 4 типке бөлуге мүмкіндік береді:
1) қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы (ҚШ Мак ҚШ);
2) қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы (Мак ҚШ НК);
3) тұрақсыз қаржылық жағдайы (ҚШ НК немесе НКҚШ);
4) дағдарысты (қауіпті қаржылық) жағдайы .

2. Қ. Әбдіғұлов атындағы ӨК-ның пайдалылығын талдау

Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі меншік капиталының сомасының өсуімен
сипатталады; ең алдымен негізгі қалыптасу көзі ретінде негізгі,
инвестициялық қаржылық, төтенше жағдайдан болатын пайда табылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынға қарағанда ауылшаруашылық кәсіпорыны алынған
өнімнің барлығын өткізбейді. Оның бір бөлігі (тұқым, фураж, өңдеуге
арналған шикізат) өндірілген мақсаттарда қолданылады.
Меншікті өндірістегі өнімдерді тиімді пайдалануға бір жағынан,
өсімдік және малшаруашылығы саласының кеңеюуіне, 2-ші жағынан өндірістің
тауарлығының өсуі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығы байланысты.
Кәсіпорынның пайдалылығы кәсіпорын жұмысының тиімділігін, әртүрлі
бағыттағы қызметтің табыстылығын көрсетеді.
7 кесте – Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-да атқарылған қызмет түрлері бойынша
өнім көлемі мен қызметтердің орташа тізімдік саны
Шаруашылық түрі 2004 ж. 2003 ж.
өндірілген қызметкерлердің өндірілген қызметкерлердің
өнім көлемі, орташа тізімдік өнім көлемі,орташа тізімдік
м.тг. саны, адам м.тг. саны, адам
-ауылшаруашылығы35666 259 27220 195
- өсімдік 23097 163 11835 95
шаруашылығы
- мал 12509 96 10210 83
шаруашылығы
- өнеркәсіп 6175 17 5175 17

Ауылшаруашылық өнімін өндіру көлеміне өнімді өткізу көлемі, яғни
халықтардың азық-түлікпен қамтамасыз ету дәрежесі, ал өнеркәсіптің
шикізатпен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Өнімді өндіру көлеміне сондай-ақ оның өзіндік құны, пайда сомасы,
пайдалылық деңгейі, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның төлемділігі және
басқа да экономикалық көрсеткіштер байланысты. Сондықтан кәсіпорын
қызметінің нәтижелерін талдауда ең алдымен ауылшаруашылық өнімін өндіру
көлемін зерттеуден бастау қажет.

8 кесте – 2004 ж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өндіру және
оны өткізу көлемі
Өнім түрлерінің атауыӨткізілген Өнімнің Өткізілген Жалпы табыс (4
өнім өзіндік өнімнен бағ. – 3 бағ.)
көлемі, ц құны, м.тг. түскені, мың
тг
Дәнді дақылдар
барлығы: 3805 3965 4000 +35
- бидай 3740 3904 3994 90
- арпа 65 61 6 -55
Майлы дақылдар
барлығы: 3875 9630 9861 +231
- соя 3875 9630 9861 +231
Қант қызылшасы 13365 4090 4413 +323
Картоп 326 413 296 -117
Жем 2181 793 730 -73
Барлығы: 23552 18891 19300 +409

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.

9 кесте – 2003 ж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өндіру және
оны өткізу көлемі
Өнім түрлерінің атауыӨткізілген Өнімнің Өткізілген Жалпы табыс (4
өнім өзіндік өнімнен бағ. – 3 бағ.)
көлемі, ц құны, м.тг. түскені, мың
тг
Дәнді дақылдар
барлығы: 5754 3304 5002 +1698
- бидай 5336 3095 4625 +1530
- арпа 418 209 377 +168
9 кестенің жалғасы
Майлы дақылдар
барлығы:
- соя 259 388,5 6142 +2257
Қант қызылшасы 19784 6924 9374 +2450
Картоп 1087 1033 1365 +332
Дән қалдықтары 87 17 53 +36
Шөп 2891 434 753 +319
Змасса 500 32 60 +28
Барлығы: 30362 12132,5 22409 +10276,5

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.

2004 ж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің астық өнімдерін өткізу көлемі
сәйкесінше 6810 центнерге (30362-23552), сәйкесінше өнімді өткізуден түскен
түсім 3109 мың тенге кеміген. Нәтижесінде жалпы табыс 9867,5 мың тенгеге
азайған.

10 кесте – 2003 ж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің мал шаруашылығының
өткізілген өнімдерінің және өткізілген өнімнен түскен түсім көлемі

Өнім түрлерінің атауыӨткізілген Өнімнің Өткізілген Жалпы табыс (4
өнім өзіндік өнімнен бағ. – 3 бағ.)
көлемі, ц құны, м.тг. түскені
(ҚҚС-сыз),
мың тг
1. Сүт 5996 10793 12838 +2045
2.КРС 242 - 1415 +1415
3.Қой 143 - 1096 +1096
4.Түйе 24 - 272 +272
5.Жылқы 3 - 43 +43
6. Сиыр еті 65 520 536 +16
7. Қой еті 29 232 213 -16
8. Түйе еті 3 24 21 -3
9. Жылқы еті 5 40 40 -
10. Жүн 58 292 856 +564
Барлығы: 6568 11901 17330 +5429

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.
11 кесте – 2004 ж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК-нің мал шаруашылығының
өткізілген өнімдерінің және өткізілген өнімнен түскен түсім көлемі
Өнім түрлерінің атауыӨткізілген Өнімнің Өткізілген Жалпы табыс (4
өнім өзіндік өнімнен бағ. – 3 бағ.)
көлемі, ц құны, м.тг. түскені
(ҚҚС-сыз),
мың тг
1. Сүт 4340 10736 10757 +21
2.КРС - - - -
3.Қой - - - -
4.Түйе - - - -
5.Жылқы - - - -
6. Сиыр еті 85 828 808 -20
7. Қой еті 28 237 200 -37
8. Түйе еті 3 34 30 -4
9. Жылқы еті 1 13 11 -2
10. Жүн 58 292 745 +453
Барлығы: 4515 12140 12551 +411

Ескертпе – Қ.Әбдіғұлов атындағы өндірістік кооперативінің мәліметтері
негізінде талданған.

Өндірістік кооперативтің 2004 ж. мал шаруашылығы өнімдерін өткізу
көлемі 2053 ц-ге кеміген, яғни ірі қара және ұсақ мал есепті жылы
өткізілмеген. 2004 ж. өткізілген өнімнен түскен түсім де сәйкесінше, 4779
мың тенгеге, жалпы табыс 5019 мың тенгеге төмендеген.

12 кесте - 2003-2004 жж. Қ.Әбдіғұлов атындағы ӨК өндірілген және
өткізілген астық өнімдерінің көлемін талдау
Өзгерістер
Өнім түрлері 2003 ж. 2004 ж. (+,-)

Картоп 2200 1087 2753
Абсолюттік Салыстыр-ма
(+,-), мың тенгелы, %
1 2 3 4 5
1. Ауыл шаруашылық 54463 49444 -5019 -9,2
өнімдерін өткізуден
түсетін табыс
2. Өткізілген өнімнің өз 52243 38374 -13869 -26,5
құны
3. Жалпы табыс 2220 11070 8850 498,6
13 кестенің жалғасы
4. Кезең шығындары 1480 2154 674 45,5
5. Негізгі қызметтен 740 810 70 9,5
түсетін табыс (зиян)
6. Негізгі емес қызметтен– – – – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Тәуекел жағдайында сүт өндіру мен өткізу стратегиясын оңтайландыру (ақмола облысының мысалында)
Өнім сапасын басқаруды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларын мұнай өндіру саласында тиімді пайдалануды жетілдіру
Қазіргі кәсіпорындардың қызметтерін дамытуды талдау.ШҚО Үржар ауданының «Ерхан» ет комбинатының қазіргі жағдайына сипаттама
Заңды тұлғаларға салық салу
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді нарықтық жағдайын талдау
БАҒА ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ НАРЫКТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ САЛЫҚ САЛУ КУРСОВАЯ
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Пәндер