Баспалдақтар


СОДЕРЖАНИЕ
Қол саты (басқыш) 7
Темірбетон баспалдақтар11
Тұтасқұйма құрастырмалы баспалдақтар11
Аралас баспалдақтар11
Баспалдақтардың негізгі сызбалары12
Баспалдаққа арналған орынды таңдау. 13
Мансардаға арналған баспалдақтар14
Люгі бар бір белдеулі баспалдақ15
Баспалдақтар көп қабатты ғимараттың жауапты бөлігі болып табылады. Себебі олар қабаттар арасын дәнекерлеушілер ретінде ғана емес, сондай-ақ өрт кезінде немесе өзге апатты жағдайларда адамдарды көшіру қызметін атқарады.
Баспалдақтарды қызметіне қарай негізгі немесе басты, қызмет немесе көмекші деп жіктейді. Қызмет баспалдағы жертөлелерді, шатырларды қосу үшін және өрт кезінде адамдарды көшіруге арналған шығу құралы ретінде пайдаланылады. Өрт баспалдағы сырттан қабаттарға, шатыр үстіне шығу және шатыр ішіне кіру үшін қолданылады.
Баспалдақтарды жасалған материалына қарай: темір бетон, ағаш және болат деп бөледі. Жасалу тәсілі бойынша құрастырмалы және тұтас құйма темір бетон деп жіктейді. Қазіргі кезде, көбінесе құрастырмалы баспалдақтар кең тараған.
Әл баспалдақ белдеу мен алаңшадан тұрады. Белдеу бірқатар табалдырықтардың құрамасынан тұрады. Табалдырықтар көлбеу арқалықтарға, немесе олар жанасатын көлбеу арқалыққа бекітіледі. Белдеулердің құрамына қоршау-қанаттар кіреді. Қоршаудың биіктігі - 90-95 см. Белдеудің көтергіш бөлшектері өздерінің ұштарымен алаңшалардың көтергіш бөлшектері алаңша тіреулеріне бекітіледі.
Қазіргі заман ғимараттарының баспалдақтарын, негізінен, ірі көлемді тұтас баспалдақ белдеулері мен алаңшаларынан құрастырады. Бұл бөлшектер темір бетоннан жасалады (10. 10. 1 сурет)
Баспалдақ белдеулерінің ірі көлемді белгілері әріптер мен сандардан тұрады. Әріптер бұйымның атауын білдіреді: ББ - баспалдақ белдеуі, БА - баспалдақ алаңшасы. Баспалдақ белдеуі белгісінің алғашқы екі саны дециметрлік өлшеммен қабаттың биіктігін көрсетеді, екіншілері - дециметрмен баспалдақ торының жарты енін білдіреді. Мысалы, ББ 30-11- бұл қабаттың биіктігі 3000 мм және баспалдақ торының ені 2200 мм ғимаратқа арналған белдеу.
Баспалдақ алаңшасы белгісінің алғашқы екі саны дециметрлік өлшеммен баспалдақ торының енін білдіреді, қалған сан - дециметрде баспалдақ торының енін анықтайды. Мәселен, БА 22-15 ені 2200 мм-лік баспалдақ торында орнатылған баспалдақ алаңшасын білдіреді. Бөл белгідегі алаңшаның ені 1500 мм. Кіші мөлшерлі бөлшектерден жасалған құрастырмалы темір бетон баспалдақтарын жеке көлбеу арқалық, белдеу, алаңша тіреулері мен тақталардан құрастырады. Бір қабаттың биіктігі шеңберінде орналасқан белдеулердің санына байланысты баспалдақтарды бір - екі (10. 10. 1 сурет) және үш белдеулі (10. 10. 2 сур. ) деп жіктейді.
Бір белдеулі баспалдақтың көтерілім биіктігі қабаттың биіктігіне тең. Екі белдеулі баспалдақтың бір белдеуінің биіктігі бір қабаттың жартысына жуық. Көпшілік жағдайда екі белдеулі баспалдақтар пайдаланылады. Әдетте, белдеу ені 20-240 см, көмекші баспалдақтардікі - 90 см-ден аспайды, негізгілерінің ені - 105 см-ден аспауы тиіс. Баспалдақ белдеулерін көлбеу орнатады: 1:2, 1:1, 75; 1:1, 5 және т. б. Белдеудегі табалдырық саны 3 тен 18-ге дейін болуы шарт. Баспалдақ алаңшаларының әр белдеуі шығуға, яғни жоғарыға көтерілуге арналған. Ал өзгелері төмен түсуге арналған. Жоғары қабатқа көтерілетін белдеу - алаңшаны айналу қызметін атқаратын төменгі бедер табалдырығынан басталады, ал төмен түсетін белдеу - жоғарғы бедер табалдырығынан басталады. Алаңшалардың бетімен сәйкес келетін, белдеулердің төменгі және жоғарғы бедер табалдырықтары ерекше кескінделеді. Белдеудің өзге табалдырықтары бірдей. Баспалдақтардың табалдырықтары табан тиетін жерінің биіктігі мен табалдырық аралығының енімен сипатталады. Баспалдақты қолдануда ыңғайлы болу үшін табан тиетін жердің екі еселенген биіктігі және табалдырық аралығының ені адамның орташа қадамына тең болуы қажет. Демек, 570-тен 640 мм-ге дейін. Көпшілік жағдайда бұл санды 600 мм-ге есептейді. Осылайша биіктік + 2 ен = 600.
Табалдырықшаның биіктігі 135 - 180 мм шамасында (көбінесе 150 мм) . Табалдырық аралығының ені 250-300мм. Негізгі баспалдақтарды бірыңғай модульдік жүйемен байланыстыру үшін табалдырық аралығының ені 300 мм болуы керек, сонда 300 + 02х150=600 (10. 10. 3 сур. ) .
Әр қабат деңгейінде орнатылатын баспалдақ алаңшаларын қабат алаңшалары деп атайды, ал қабат аралығындағыларды - аралық деп атайды. Баспалдақ алаңшаларының ені белдеудің енінен және 1200 мм-ден кем болмауы тиіс. Лифті бар ғимараттардағы алаңшалардың ені 1600 мм-ден, ал ауруханаларда 1900 мм-ден аспауы тиіс.
Төменде екі белдеулі баспалдақтарды құрастыру мысалдары қарастырылады.
Алдын-ала есептеліп, одан кейін графикалық құрылады (10. 10. 4 сур)
Қабаттың биіктігі 3000 мм, белдеудің ені 1050 мм, баспалдақ еңісі 1:2% делік. Бұл еңіс үшін 150х300 мм-лік табалдырық таңдалады. Баспалдақ торының ені екі белдеудің және олардың аралығы енінің қосындысына тең. Өрт шлангасын өткізуге қажетті аралық 100 мм болуы тиіс.
В = 2L + 100 - 2х1050 -100 =2200 мм.
Бір белдеудің биіктігі 3000:2 = 1500. Бір белдеудегі табалдырықшалардың саны 1500:15= 10.
Бір белдеудегі табылдырық аралығының саны табан тиетін жердің санынан бір бірлік кем болады. Себебі жоғарғы табалдырық аралығы алаңшаның деңгейіне тең. Сондықтан баспалдақты жоспарда сызу кезінде табалдырық санын аралық бойынша емес, табалдырықтардың шекарасын білдіретін аралық сызығының өзін есептеу керек (10. 10. 4 сур) .
Белдеу проекциясының горизонталь бағыттағы ұзындығы.
D = 300(n-1) = 300 (10-1) = 300x2700 мм.
Аралық алаңшаның ені 1650мм, қабат алаңшасының ені 1300 мм деп алсақ, баспалдақ торының төмен деңгейдегі толық ұзындығын анықтаймыз.
L = d + C1 + C2 = 2700 + 1650 + 1300 = 5650 мм.
Баспалдақтың графикалық кескіндемесі төмендегідей орындалады: қабаттың биіктігін қабаттағы табалдырықтар санына тең бөлшек санына бөледі; шыққан нүктелер арқылы горизонтальді түзу сызық жүргізеді. Одан кейін горизонтальді проекцияны табалдырық аралығының санына бөліп, шыққан нүктелер арқылы вертикаль түзу сызықтар сызады. Шыққан тор бойынша баспалдақтың кескінін сызады.
Баспалдақ торының қабырғаларын қабат жоспарында қабылданған сызық қалыңдығы бойынша жүргізеді. Сызбаларда баспалдақ торлары жоспарда (1:10 масштабта) және кескіндемеде (1:50 немесе 1:100 масштабта) көрсетіледі.
Баспалдақ белдеулерін өзге жолдармен де салуға болады. Баспалдақ торының қабырғасын сызғаннан кейін, горизонталь сызықтармен ені 1650 мм және аралық ені 1300 мм баспалдақ алаңшаларын белгілейміз. Белдеу енін есептеу бойынша, яғни 300 мм-ге тең табалдырық аралығын баспалдақ торының ішіндегі алаңша шекарасының шетінен 300 мм-ден он нүкте белгілеп (10. 10. 5 сур), осы нүктелер арқылы вертикаль сызықтар жүргіземіз. 1, 3, 5 нүктелері шығу үшін алаңша шетінен белдеудің енін белгілейміз, яғни 300 мм. 2, 4 және 6 нүктелерін алаңшаны білдіретін сызықтың шетінен аламыз. Жіңішке үзік сызықтармен 1, 2, 3, және 4, 5, 6 нүктелерін қосамыз. Олар вертикаль сызықтары бөліктерін нүктелерде кесіп өтеді. Олар арқылы табалдырық аралығының горизонталь және табан тиетін жердің вертикаль сызықтарын жүргіземіз.
10. 10. 6 суретте қабаттар жоспарымен баспалдақ торының сызбасы келтірілген. Жазық сипаты жеке сызбада (10. 10. 5 сур), сондай-ақ бүкіл ғимараттың сызбасында көрсетілуі мүмкін.
Баспалдақтың жұмыс сызбасында түрлі қабаттардың баспалдақ торларының жоспары көрсетіледі (10. 10. 7 сур) .
Баспалдақтың жұмыс сызбаларында баспалдақ алаңшаларының, баспалдақ белдеулерінің белгісін, баспалдақ торы қабырғаларының қиысу нүктелерінің және т. с. с белгілерді көрсетеді. Бұған қоса, сызбада қажетті түсіндірме жазулар мен шартты белгілер болады.
Баспалдақ торының сызбасында жоспарда, кескіндемеде көрсетілмеген қажетті өлшемдер, сондай-ақ қиысу нүктелерінің арасындағы өлшемдер жазылады. Баспалдақ белдеулерінде қоршаудың сызбасы көрсетіледі.
Кей кездері құрастырмалы бұйымдардан салынған ғимараттарда қондырғылар мен қоршаулардың монтаждық кестелері жеке орындалады. Құрастырмалы белдеулер мен алаңшалардан жасалған ірі блокты баспалдақтың сызбасы 10. 10. 8 суретте көрсетілген.
Қол саты (басқыш)Мұндай сатыны стационарлық баспалдақ дайын болғанша, уақытша қолдануға болады.
- Жеңіл саты. Оларды салуға қажетті материал ретінде ағаш, дюралюминий құбырлар пайдаланылады. Тетіктердің қимасы олардың иілуіне жағдай жасауы шарт. Табалдырықтарды әр 2 м. сайын кесіп, бұрандамалармен тартып отыру керек.
Егер баспалдақта ойылып немесе кіріктіріліп істелген табалдырық болмаса, оларды пайдалануға болмайды. Биіктігі 3 метрлік баспалдақтың ені 0, 5 м. болуы керек. Баспалдақтың биіктігі жоғарылаған сайын оның ені арта береді. Баспалдақ төзімді болуы үшін астыңғы бөлігі үстіне қарағанда кеңірек болады. Төменгі ұштарына арналған тіреуіштер өткір металл тиек немесе резеңке ұштан жасалады. Кейде баспалдақтың табалдырықтарына бұрыштама болаттан жасалған қосымша алаңшалар бекітіледі. Баспалдақта тұрып, жұмыс істеген кезде қолайлы болу үшін, алаңшаның беті тақтайдан жасалады. Бірден бір немесе екі баспалдақпен жұмыс істеуге болады.
2. Баспалдақ-үстелшелер. Мұндай баспалдақтарға материалдар мен құрал-саймандарды қоюға болады. Мұндай екі баспалдаққа тақтай төсемін салуға болады.
3. Екі қабатты үйлердегі ағаш баспалдақтар . Екінші қабатқа шығатын баспалдақтар бір немесе екі белдеулі болуы мүмкін. Белдеу деп үздіксіз табалдырықтардың қатарын атайды. Қабат алаңшалары болуы мүмкін. Оларды әр қабаттың едені деңгейінде жабдықтайды. Аралық алаңшаларды қабаттар арасына орналастырады. Белдеуде 10-нан көп табалдырық болса және баспалдақпен көтерілу ыңғайсыз болған жағдайда, аралық алаңшаларды жасайды. Бедерлі табалдырықтар - әр белдеудің жоғарғы және төменгі табандары. Табалдырықтың бөлшектері биіктігі мен ені болып табылады. Табалдырықтың биіктігі ереже бойынша 150мм. Ені - 300 мм. Белдеудің еңісі табалдырықтың биіктігі мен еніне қарай анықталады. Табалдырықтың биіктігі50 мм, ені 300 мм болған жағдайда 1:2 қатынасты құрайды. Қысқа айтқанда, еңіс - тік баспалдақ . 1:2 еңіс кеңінен қолданылады. Алайда мұндай еңісті баспалдақ көп орын алады. Егер қолайлықты қаласаңыз, еңісті 1:1-ге дейін ұлғайтуға болады (45 градусқа дейін) . Осылайша баспалдақтың алатын орнын қысқартуға болады. Әйтсе де, бұған қоса табалдырық биіктігін оның еніне қатынасын нақты ұстану керек. Бұл жерде олардың сомасы 45 см-ге тең болу керек деген қағиданы басшылыққа алған жөн. Табалдырықтың биіктігі 20 см делік, онда оның ені 25 см-ден кем болмауы тиіс (45 градусқа еңкейткенде табалдырықша мен табалдырық аралығы 22, 5 см-ге тең) . Баспалдақтың ені 1200 мм-ден кем болмауы тиіс. Бір белдеудегі табалдырық саны 5-18-дің аралығында болуы шарт.
Баспалдақтың есебі. Бәрінен бұрын графикалық түрде баспалдақ торын құрып алу керек. Мұны қатаң масштаб бойынша қағаз бетіне немесе қабырғаның өзіне сызуға болады.
Мысал. Әзірленген деректер: баспалдақ торының ұзындығы 5900 мм. Ені 3000 мм. Бірінші қабаттағы еден деңгейінен екінші қабаттағы еден деңгейіне дейінгі аралық 3300 мм. Белдеу ара қашықтығы 100 мм.
Белдеудің енін қалайша анықтау қажет? 3000 мм-ден (баспалдақ торының ені) 100 мм-ді (белдеу арасындағы аралық) аламыз, қалдықты 2900 мм-ге бөлеміз. 2900 мм : 2 = 1450 мм. Әрбір белдеудің биіктігі қабаттың биіктігіне тең болады. 3300 мм : 2 = 1650 мм.
Әл белдеудегі табалдырықтың саны белдеу биіктігін табалдырықшаның биіктігі бөліну арқылы анықталады. Біздің жағдайда 1650 мм : 150 мм = 11 дана.
Әр белдеудің жоғарғы табалдырығының аралығы алаңшаның бетімен сәйкес келетінін есепке алар болсақ, табалдырық аралығы бір данаға кемиді, яғни табалдырық аралығы 10, ал табалдырық 11.
Белдеудің орналасу ретін анықтау. Белдеудің горизонталь бағытын төмендегідей анықтайды: табалдырықтың ені 300 мм. Табалдырықтың саны - 10. Белдеудің горизонталь бағыты 300 х 10 = 3000 мм-ге тең. Әр алаңшаның ені белдеудің еніне тең қарастырылады, яғни 1450 мм.
Баспалдақты әзірлеу. Қабырғаларда сызба бойынша алаңшаларды, тетіктерді, табалдырықтарды белгілейді. Қабырғаның төменгі жағына алаңшаның енін (1450 мм-ден), ал олардан табалдырық аралығының енін (3000 мм-ден) өлшейді. Жасалған белгілер бойынша тіктегіш пен борланған бауды пайдалана отырып, горизонталь сызықтар жүргізеді. Одан кейін бірінші қабат еденінің деңгейіне сәйкес горизонталь сызық жүргізіп, 150 мм өлшейді де, екінші табалдырықтың табалдырық аралығын анықтай отырып, екінші горизонталь сызық жүргізеді. Соңғысы, 11-ші табалдырық аралығы алаңша еденінің деңгейімен бірдей болуы шарт. Одан кейін өлшем бойынша, фанер немесе тақтай үлгі дайындайды. Оның көмегімен көлбеу арқалықты белгілеп, бірінші қабаттың деңгейімен салынатын алаңша және сырғауыл астындағы арқалықтың орналасу жерін анықтайды. Бұл арқалықтар мен білеулерге баспалдақ торының көлбеу арқалықтары бекітіледі. Қабырға шөккеннен кейін алаңшалар таза едендермен бірдей болуы үшін, егер баспалдақ алаңшаларының арқалықтары шабылған қабырғаға жанасса, қабырғалар шөгуі мүмкін, арқалықтың биіктігіне қарағанда қабырғалардағы ойықты 100 мм-ге жоғары жасау қажет. Арқалықтың астына тіреулер қойылады. Шөккенен кейін тіреулерді алып тастайды, ал арқалықты бекітеді.
Темірбетон баспалдақтарҚұрастыру қағидасы. Темірбетон және бетон баспалдақтарын ағаш баспалдақтарды құрастыру қағидасы бойынша салады.
Мұндай баспалдақтарды қайда салады? Мұндай баспалдақтарды тастан, кірпіштен, бетоннан салынған немесе баспалдақ торларына арналған осындай материал қабырғалардан арнайы тұрғызылған ғимараттарда салады.
Тұтасқұйма құрастырмалы баспалдақтарТұтасқұйма баспалдақтарына - қалып, құрастырмаларға - үлгі жасайды. Қалып пен үлгіні түрпілеп жасайды. Тақтайларды қатаң түрде бір-біріне қиыстырады. Үлгі мен қалыпты құймас бұрын жақсылап су құяды. Судың әсерінен тақтайлар ісініп, нығыздайды, цемент қоспа төгілмейді, ал тақтайлар бетоннан ылғалды сіңірмейді. Темірбетон алу үшін, бетонға арматура болатынан жасалған шыбықты шаншиды. Бұл төзімділік береді. Бұған қоса, темірбетоннан жасалған бұйымдар жеңіл, әрі салмағы жағынан аз.
Аралас баспалдақтарАралас баспалдақтардың арқалықтары мен тетіктері - бетоннан немесе темірбетоннан жасалады. Табалдырықтар мен төсемдері - ағаштан болады. Ағашты бетонға шеге арқылы бекітеді. Оларды тығын тесікке шегелейді. Бұл тығын-тесіктерді тиісті жерлерге орналастыра отырып, бетондау кезінде салады.
Баспалдақтардың негізгі сызбаларыНегізгі баспалдақтарға бір белдеулі, екі белдеулі және бұрамалы баспалдақтар жатады.
Белдеулі баспалдақтар. Белдеулі баспалдақтар қарапайым әзірленіп, пайдаланыста ыңғайлы болғандықтан, олар кеңінен тараған. Бұрамалы баспалдақтың ерекшелігі аз орын алатындығында. Әрбір белдеу баспалдақтың табылдырығы мен қоршауын ұстап тұратын көлбеу арқалықтан тұрады. Көлбеу арқалықтар алаңша арқалықтары мен қабырғадарға бекітіледі. Егер баспалдақта аралық алаңша мен арасында өту орны болса, еден мен алаңша құрылымының ара қашықтығы 2, 1 м-ден кем болмауы тиіс.
Ойыс табалдырықты баспалдақтар. Көлбеу арқалықтарға тереңдігі 15 мм ойық-кертпелер жасалады. Оларға табалдырық аралықтары мен табан тиетін жерді бекітеді. Табан тиетін жер мен табалдырық аралықтарын орнатқаннан кейін, көлбеу арқалықтарды металл бұрандалармен тартады.
Табалдырықтар. Көлбеу арқалықтар. Белдеулер. Алаңшалар. Табалдырықтарды қалыңдығы 50 мм-лік тақтайлардан жасайды. Көлбеу арқалықты қалыңдығы 50-60 мм-лік тақтайдан әзірлейді. Белдеудің ені - 1050 мм-ден кем болмауы тиіс. Алаңшаның ені - 1200 мм-ден кем болмауы шарт.
Еңіс. Екі қабатты үйлердің еңісі 1:1, 5. Мансарда үйдің еңісі әлдеқайда тік болуы мүмкін.
Проступи. Табалдырықтар. Табылдырық аралығының ені - 250 мм-ден кем болмауы керек. Табалдырықтың биіктігі 180 мм-ден кем болмаған дұрыс. Белдеудегі табалдырықтың саны 16 дан артық, алайда 3-тен кем болмауы тисі.
Бұрамалы баспалдақтар. Бір жүгірме табалдырықтардан тұратын баспалдақты бұрамалы деп атайды. Әдетте, оларды металлдан жасайды. Мұндай баспалдақтар аз орын алғанымен, қолдануда ыңғайсыз. Сондықтан олар көбінесе көмекші немесе жасанды қызмет атқарады.
Көлбеу арқалығы бар баспалдақтардың құрылымы. Көлбеу арқалықты баспалдақтардың құрылымында табалдырықтар төмеңгі жағынан еденге, ал жоғарғы жағынан аралық алаңшаға бекітілетін ені 60-80 мм-лік екі тақтайдың арасында орналасады. Табалдырық аралығын көлбеу арқалыққа ойыстырады немесе оларға төрт бұрышты немесе металл бұрыштары бар білеулердің көмегімен бекітеді. Табалдырық аралығы тақтайларының қалыңдығы 25-30 мм. Табалдырықшаларды ДСП немесе ДВП жұқа тақтайларынан жасайды. Аралық алаңша 100 х 100 мм-лік білеулерден жасалған тіреулерге бекітіледі.
Көлбеу арқалықтардағы баспалдақтың құрылымы. Көлбеу арқалықтарға үш бұрышты «тиектер» бекітіп, оларға табалдырық аралығын орнатады. Көлбеу арқалық тақтайлары мен табылдырық аралығының қалыңдығы көлбеу арқалықты баспалдақтармен ұқсас.
Баспалдақ белдеулері. Олардың ені жиілігі 90 см-ден, яғни қабырғадан қоршауға дейінгі аралықтан кем болмауы тиіс.
Қоршаудың биіктігі. Қоршаудың биіктігі 1 метрге тең. Қоршау толығымен ағаш немесе табалдырықтың шетінен бекітілетін металл тіреулерінен болуы мүмкін.
Баспалдаққа арналған орынды таңдау. ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz