Ежелгі заманғы Қазақстан



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Ежелгі заманғы Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі
мемлекеттік бірлестіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Орта ғасырлардағы Қазақстан (VІ.XII ғғ.) ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қазақстан монғол дәуірінде (ХІІІ ғ. басы . ХҮ ғ. 1.ші
жартысы). ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
Қазақ хандығының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 44
XVI . XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси
және әлеуметтік.экономикалық қарым.қатынастар ... ... ... ... 50
Патшалық ресейдің Қазақстанды жаулап алуының
басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 65
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы.
Ұлт.азаттық жолындағы көтерілістер. ... ... ... ... ... ... ... ... 78
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы саяси және
әлеуметтік.экономикалық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 96
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... . ... 104
Қазақстан Қазан төңкерісі мен азамат соғысы
жылдарында (1917.1920 жж) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 120
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу
кезеңінде (1920.1939 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 130
Қазақстан Екінші дүниежүзілік және Ұлы Отан
соғысы жылдарында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 149
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан
(1946 . 1970 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 160
Кеңестік әміршіл.әкімшіл жүйенің тоқырау
жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік. экономикалық
және қоғамдық.саяси дамуы (1971.1990 жж.) ... ... ... ... ... . 170
Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық
және саяси дамуы (1991.2008 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 182
Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 213
Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша біршама оқулықтар жарық көрсе де, еліміздің тарихының әлі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық. Бұл лекциялар курсы бұрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға жаңаша баға берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тиым салған “ақтаңдақ” беттерін де тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биік талаптар тұрғысынан саралаған. Біздің қазіргі заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары кеңестік әкімшіл-әміршіл кезеңмен сәйкес келеді. Ұсынылып отырған лекциялар курсы міне, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі, бірақ тарихымызда ұзақ жылдар бойы “жабық” болып келген мәселелерін жаңа, егемен елдің тарихы тұрғысынан баяндауға құрылған. Кеңестік тоталитарлық жүйенің жазықсыз жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің еңбегіне лайықты баға берілген.
Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін бүгінгі ұрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында, кәусар күйінде білуге тиіс, тек қана шындық айтылуы керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл лекциялар курсы бүгінгі күннің талаптарына жауап береді. Себебі, онда өткен тарихтың өзекті мәселелері көтеріліп, олар бар мүмкіндігінше толық та жан-жақты қамтылған. Лекциялар курсында Қазақстанның ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу орындарының тарих емес мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама көлемінде баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшу жағдайлары, оның негізі кезеңдері, жаңа экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы қол жеткен табыстары, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алып отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары және т.б. еңбектері пайдаланылып, ең соңғы мәліметтер келтіріле отырылып, студенттерге қажетті деңгейде жазылған.
Қазақ халқы өзінің жерін, елін, тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай қырғын-сүргіндерден өтіп, «ат ауыздығымен су кешкен, ер толарсақтан саз кешкен» замандарды өткерген. Қазақтың кең-байтақ, қазынаға бай жеріне, берекелі еліне сырттан кім көз алартпады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мәлім. Солардың бәрінде қазақ халқының «мың өліп, мың тірілгенін», тарихи-тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.
Оқулықтар:
Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы, 1994.
Қазақстан тарихы. 5-томдық. 1-3 т. Алматы, 1996, 1997, 2002.
Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы: Оқулық. /Ред. Басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы, 2005.
Қазақтың көне тарихы. Алматы, 1993.
Байпаков К.М., Таймагамбетов Ж.К. Археология Казахстана. – Алматы, 2007.
Байпақов К.М., Таймағамбетов Ж.Қ., Жұмағанбетов Т. Қазақстан археологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2007.
Кәдірқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық. Алматы, 2005.
Учебно-методический практикум по истории Казахстана для семинарских занятий: для студентов неисторических факультетов. Алматы, 2002.

Деректер:
Алаш-Орда: сборник документов. Алматы, 1992.
Алма-Ата 1986. Декабрь. Книга-хроника. Ч. 1-3. Алматы, 1992.
Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, 1991.
Бочагов А. Алаш-Орда. В кн: Сафаров Г. Колониальная революция: опыт
Туркестана. Алматы, 1996.
Гонимые голодом: Документы о судьбе тысяч казахов, бежавших в начале 30-х годов. Ч. 1-2. Алматы, 1995.
Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. 2-кітап. – Алматы, 1991.
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане: Сб. документов. Т. 1. А., 1963. Т. 2. Алма-Ата, 1964.
История индустриализации Казахской ССР (1926-1941 гг.): Документы и материалы. Т. 1-2. Алма-Ата, 1967.
Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза 1941-1945 гг.: Сб. докум. и материалов. Алма-Ата, 1975.
Кенесарыұлы Ахмет сұлтан. Кенесары және Сыздық сұлтандар. Алматы, 1992.
Коллективизация сельского хозяйства Казахстана (1926 - июнь 1941 г.): Докум. и материалы. Алма-Ата, 1967.
Культурное строительство в Казахстане: Сб. докум. и материалов. Алма-Ата, 1965.
Қазақ қалай аштыққа ұшырады? Алматы, 1991.
Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша хрестоматия (1917-1939 жж.). І том /Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995.
Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы, 1997.
Қонаев Д.А. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы, 1994.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. Алматы, 1991.
Мартыненко Н. Алаш-Орда: Сб. документов. Алматы, 1992.
Материалы по истории казахских ханств ХҮ-ХҮІІІ вв. Алмати, 1969.
Мухаммед Хайдар Дулати. Тарихи рашиди. Алматы, 1999.
Назарбаев Н. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
Назарбаев Н.Ә. Жүз жылға татитын он жыл. Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. . // Егемен Қазақстан, 17 желтоқсан 2001 ж.
Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең - жаңа экономика. // Егемен Қазақстан, 16желтоқсан 2004 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 ақпан 2005 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстандық жол: тұрақтылықтан – жаңару арқылы - өркендеуге. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі. – Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2006 ж.
Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007 ж. 28 ақпан. – Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007 ж.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 7 ақпан 2008 ж.
Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане: Сборник материалов. М.,1959.
Образование Казахской АССР. Сб. документов. Алма-Ата, 1957.
Сиуңну. «Хан кітабы». (Көне қытай жазбаларынан. Аударған Қ.Салғараұлы). Алматы, 1998.

Зерттеулер:
Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне. Алма-Ата, 1958.
Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. ХХ век. Алматы, 1997.
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.,1994.
Аманжолов К., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. 1-кітап. Алматы, 1996; 2-кітап. Алматы, 1997.
Ашимбаев Т.Е. Экономика Казахстана на пути к рынку. Алматы, 1994.
Әбуев Қ. Қазақстан тарихының "ақтаңдақ" беттерінен. Алматы, 1994.
Бейісқұлов Т. Желтоқсан ызғары (1986 жылғы оқиға қаһармандарына ескерткіш). Алматы, 1994.
Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40-жылдарында. Алматы, 1994.
Верт Н. История Советского государства. 1900-1991. М., 1992.
Вяткин М. Батыр Сырым. Алматы, 1998.
Гумилев Л.Н. Хундар. Алматы, 1998.
Гуревич Л. Тоталитаризм против интеллигенции. Алматы, 1992.
Ежелгі Үйсін елі. ҚХР, Үрімжі, 2005.
Есмағамбетов К. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы, 1994.
Жұртбаев Т. Дулыға. 2 кітап. Алматы, 1994.
История Казахстана: белые пятна: Сборник статей. Алматы, 1991.
Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.Б. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестьянства. Алматы, 1993.
Қасымбаев Ж. Кенесары хан. Алматы, 1993.
Козыбаев М.К. Казахстан - арсенал фронта. Алма-Ата, 1970.
Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? Алматы, 1993.
Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы, 1995.
Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды. Алматы, 1994.
Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы, 1996.
Махаева А.Ш. Көне түріктердің рухани мәдениеті. Алматы, 2000.
Михайлов В. Хроника "великого" джута. Алма-Ата, 1989.
Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.
Нұрпейісов К. Алаш һәм Алаш-Орда. Алматы, 1995.
Омарбеков Т. 20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы, 1997.
Омарбеков Т. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. Алматы, 2001.
Осипов В.П. Всматриваясь в 20-30-е годы. Алматы, 1991.
О чем не говорили. Алматы, 1993.
Өтенияз Самат. Аттила. Алматы, 2000.
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 г. в Казахстане. Алма-Ата, 1977.
Тынышпаев М. История казахского народа. Алматы, 1998.
Шоқай Мұстафа. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 275 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Кейінгі жылдары Қазақстан тарихы бойынша біршама оқулықтар жарық көрсе де,
еліміздің тарихының әлі де болса, жете қарастыратын қалтарыстары баршылық.
Бұл лекциялар курсы бұрын сыңаржақ қарастырылып келген тарихи оқиғаларға
жаңаша баға берумен қатар, Қазақстан тарихының кезінде жазуға тиым салған
“ақтаңдақ” беттерін де тарих оқулығына қойылатын бүгінгі биік талаптар
тұрғысынан саралаған. Біздің қазіргі заманғы тарихымыздың аса ауыр тұстары
кеңестік әкімшіл-әміршіл кезеңмен сәйкес келеді. Ұсынылып отырған лекциялар
курсы міне, осы кезеңнің қайшылықты тұстарының кейбір көлеңкелі, бірақ
тарихымызда ұзақ жылдар бойы “жабық” болып келген мәселелерін жаңа, егемен
елдің тарихы тұрғысынан баяндауға құрылған. Кеңестік тоталитарлық жүйенің
жазықсыз жазалауына ұшыраған халқымыздың көрнекті мемлекет, ғылым мен
мәдениет қайраткерлерінің еңбегіне лайықты баға берілген.
Болашаққа тағылым болу үшін өткен жолымызды зерделегеніміз абзал. Ол үшін
бүгінгі ұрпақ ата-тек сабақтастығын қаз-қалпында, кәусар күйінде білуге
тиіс, тек қана шындық айтылуы керек. Міне, осы тұрғыдан алғанда бұл
лекциялар курсы бүгінгі күннің талаптарына жауап береді. Себебі, онда өткен
тарихтың өзекті мәселелері көтеріліп, олар бар мүмкіндігінше толық та жан-
жақты қамтылған. Лекциялар курсында Қазақстанның ежелгі заманнан бастап
бүгінгі күнге дейінгі тарихы жоғарғы оқу орындарының тарих емес
мамандықтарының студенттеріне кредиттік оқу жүйесіне сай типтік бағдарлама
көлемінде баяндалады. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның
нарықтық қатынастарға көшу жағдайлары, оның негізі кезеңдері, жаңа
экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар,
еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудағы кейінгі жылдардағы
қол жеткен табыстары, тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы алып
отырған орны мен рөлі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
1997 жылдан бергі Қазақстан халқына Жолдаулары және т.б. еңбектері
пайдаланылып, ең соңғы мәліметтер келтіріле отырылып, студенттерге қажетті
деңгейде жазылған.
Қазақ халқы өзінің жерін, елін, тәуелсіздігін сақтап қалу жолында талай
қырғын-сүргіндерден өтіп, ат ауыздығымен су кешкен, ер толарсақтан саз
кешкен замандарды өткерген. Қазақтың кең-байтақ, қазынаға бай жеріне,
берекелі еліне сырттан кім көз алартпады дейсіз. Жайылымдық жер, жазиралы
алқаптар мен сан тарау сауда жолдары үшін болған қақтығыстар үздік-создық
жалғаса келе ондаған жылдарға созылған соғыстарға айналғаны тарихтан мәлім.
Солардың бәрінде қазақ халқының мың өліп, мың тірілгенін, тарихи-
тағдырдың тұщысынан гөрі ащысын көп татқанын жақсы білеміз.
Сан ғасырлық тарихымыздың асыл қазыналары түгел ашылды, жұмбақтары тұтас
шешілді деу асылық болар. Түгенделмеген дүниеміз, қалпына келтірілмеген
қатпарлы тарихи шындықтарымыз әлі де қаншама. Егемен ел болып, еңсе
көтергелі бері ғасырлар ауқымына жүк боларлық қыруар шаруа атқарылса да
рухани кемелдікке қол жеткізу үшін алдағы уақытта да тынымсыз ізденіс,
тыңғылықты зерттеулер бір сәтке толастамайды деп ойлаймыз. Қолдарыңызға
тиіп отырған осы лекциялар курсында туған Отанымыздың жан-жақты шежіре-
баянын жүйелеп, ғылыми-танымдық тұрғыда оқырман назарына ұсынуға алғашқы
қадам жасалды. Егер осы оқулық тарихи болмысымызды тануға септігін тигізіп
жатса, діттеген мақсатымыздың орындалғаны деп білеміз.
Елімізге қатысты маңызды оқиғалар мен тарихы жөніндегі зерттелген, ғылыми-
ақпараттық айналымға түскен деректерді мүмкіндігінше мол қамтуға тырыстық.
Тарих тәжірибесі – ұрпақтардың кешегісі мен бүгінгісінің ең сүбелі, нағыз
прогресшіл қасиеттерін біріне-бірін жалғастыратын өмір эстафетасы. Бүгінде
Қазақстаның толық қанды тәуелсіз мемлекет болған жағдайында тарихымызды
білу, қазақ халқы жинақтаған бай тәжірибені игеру, жаңа ұрпаққа білім беру
мен тәрбиелеуде, олардың белсенді өмірлік айқындамасын қалыптастыруда
мейлінше маңызды. Тарихқа, тарихи бастауларға, тәжірибеге біз қаншама терең
үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін
боламыз.
Міне, осы тұрғыдан алғанда ұсынылып отырған оқулық кеңестік қоғамның
тоталитарлық басқару жүйесінің езгісінде болған өткен тарихымыздан тағлым
алғызып, тарихи шындықты бұрмалаудан сақтандырады. Оқу құралында берілген
материалдар тарихтың көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі көптеген
мәселелерді қайта қарастырып, жаңа баға беруге, ақтаңдақ беттерді ақиқат
шындықтармен толастырып, студенттер мен оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп,
тарихты бүгінгі күн тұрғысынан зерделеуге мүмкіндік беретіндігіне күмән
жоқ. Бұл оқу құралы өткенімізді білуге, оны бүгінгі қалыптасқан ойлау
жүйесі мен көзқарастар тұрғысынан түсінуге, студенттердің ынта-ықыласын
бұрынғыдан да арттырары сөзсіз.
Ұсынылып отырған лекциялар курсы Қазақстан тарихы бойынша студенттерге
оқылып жүрген дәрістер мен семинар сабақтарын толықтырып, егеменді
еліміздің тарихы бойынша жазылатын жаңа оқулықтарға қажетті тың деректер
мен мағлұматтар береді деген сенімдеміз. Сондай-ақ халқымыздың тарихын
жастардың зердесіне құйып, оларды осы тарихтың тағлымымен таныстырудың,
әсіресе, жоғары, орта оқу орындарында оқып жүрген студенттердің тарихи
санасын бүгінгі талаптар тұрғысынан қалыптастыруда белгілі-бір үлес қосады
деген ойдамыз. Бүгінгі күнде Қазақстан тарихының тереңдетіп оқытылуы,
мұндай лекциялар курсына студенттердің аса зәру екенін көрсетіп отыр.

1- тақырып. Ежелгі заманғы Қазақстан

1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
2. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

1. Қазақстан тас ғасыры дәуірінде

Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат
тарихы ұзақ-ұзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзақ уақытты қамтитын
маңызды бөлігі археологиялық дерек көздері бойынша зерттеледі.
Археологияда кезеңдендірудің өзіндік әдісі жасалған, оған сәйкес адамзат
тарихы тас, қола, темір және ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.
Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі.
Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы қауымдық құрылыстың дамуы барлық
жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба
жұмыстар өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние
жүзілік адам қоғамының зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде
алғашқы адамдардың тастан жасалған құрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып
отыр. Бұл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық
құрылыстың болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның
тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан
бастайды.
Қазақстандағы алғашқы қауымдық құрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-
көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жеріндегі тас құралдар туралы
алғашқы деректер ХІХ ғасырдың 50-жылдарынан басталады. 1862 жылы Гурьев
облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас құралдар табылса, ал 1883
жылы Абайдың досы Е.П.Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік
музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның
ұштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас құралдар, тас балталар қойылады.
Тастан жасалған құрал-саймандар, әсіресе, ХХ ғасырдың басында Қазақстанның
әр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895
жылы академик В.В.Бартольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой
археологтар қоғамы құрылып, Қазақстан бойынша көне дәуірдің ескерткіштері
туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстандағы
алғашқы қауымдық құрылыстың тас құралдарының нағыз ғылыми тұрғыда зерттелуі
1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес
дәуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыстың
ескерткіштерінің бетін ашуда С.И.Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның
жазуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас
дәуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым
М.П.Грязнов, И.В.Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен
жаңа және мысты-тас дәуірінің қоныстарын тапқан.
Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек
сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен
жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен
бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір
көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал
жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы
адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми
сипаттама жазған.
Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші
жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих,
археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің
маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған Қаратау отрядының
жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым
тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі
мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі
Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі атты монография болып жарыққа
шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама
зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап
бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы
археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың
бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды.
Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит дәуірінің қоныстарын
1926 ж. М.П. Грязнов пен М.Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит
кезеңінің ескерткіштерін тауып және оларға ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде
археолог ғалым С. Черниковтың еңбегі зор. Ол Кіші Красноярск және Усть-
Нарым қоныстарына қазба жұмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында
Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын
зерттеуде Хорезм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С.П.Толстовтың
сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә.Х.
Марғұланның, тас дәуірінің маманы Х.А. Алпысбаевтың еңбегі зор.
Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа
созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай
3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа
дейін).
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б.з.б.
2,5 млн. – 140 мың жылдықтар); 2) орта палеолит (б.з.б. 140 – 40 мың
жылдықтар); 3) кейінгі палеолит (б.з.б. 40 – 12 мың жылдықтар).
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың
пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ерте және кейінгі дәуірге
бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына меже қояды. Бұл кезеңдеу бойынша
ерте палеолит үш ірі дәуірге бөлінеді: олдувэй дәуірі (б.з.д. 2,6 млн. –
700 мың жыл), ашель дәуірі (б.з.д. 700 – 150-120 мың жылдықтар) және
мустьер дәуірі (б.з.д. 150-120 – 30-25 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит
б.з.д. 30-25 – 12-10 мың жылдықтарды қамтиды.
Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуіріне жатады.
Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай,
тұрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі
Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең
көне еңбек құралдары табылды. Көне тас дәуірінің алғашқы кезеңінің
ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан
Қызылтау, Тәңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы және Ақкөл деген жерлерінен
табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дәуірге жататын
ескерткіш табылды. Қарасу тұрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар
табылған.
Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек
пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бұл
жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды.
Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған –
оларды бір-біріне соғатын болған. Мұндай тәсілді жарып түсіру техникасы
яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені шикізат ретінде көбінесе
өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін
жұмыр тас қолданды. Дайындалған құрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бұл
кезде қол шапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды.
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай
тұрақтардың бірі – Құдайкөл Сарыарқаның теріскей-шығыс шетінде орналасқан.
Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу әдістері жетілдіріле бастады.
Енді еңбек құралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жасау әдісі кең
тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар
болды. Бұл кезеңде адам ағаш бұтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ
тастарды ұрып ұшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім
қалыптасты. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып
жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге құрметпен қарау
белгілері пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды
неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың ұйымы – үлкен қауым орта
палеолитте қалыптасты.
Орта палеолиттің белгілі тұрақтары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы
шатқалынан табылған және Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде
орналасқан Қызылрысбек тұрақтары. Осы кезеңге жататын тұрақтар сондай-ақ
Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш.Уәлиханов
атымен аталды. Үшбұлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының уақытша
тұрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі –
Жезқазған облысындағы Обалысай тұрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта
ағысындағы Мұзбел және Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағандының
солтүстігіндегі Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы
маңындағы тұрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы
Жезқазған облысының Ақадыр ауданынан табылды. Олар - Өгізтау І және ІІ,
Үлкен Ақмая тұрақтары. Батыс Қазақстанның, әсіресе оның Маңғыстау түбегінде
тұрған палеолиттік ескерткіштері айрықша қызғылықты. Бұрынырақ кезде
А.Г.Медоев және кейінірек Ж.Қ. Таймағамбетов ашқан тұрақтардың бәрі Каспий
теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.
Кейінгі палеолит біздің заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12 мың жылға
дейінгі уақытты қамтиды. Бұл – адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына
тарап қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың құрылған кезі. Осы
дәуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұқсас адамдар (саналы адам)
қалыптасты. Мұндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон
үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бұл кезеңде пышақ
тіліктер, қырғыштар т.б. тас құралдары пайдаланылды. Қарулар жетілдірілді.
Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды.
Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен ұйымының түрі – рулық
қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулық қауым қарым-қатынасы
орнады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының
ерекшелігімен, әйелдің ұрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де
анықталып қойылған.
Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіштер табылды.
Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан
табылған Ащысай тұрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ тұрағынан ірі қырғыш
тастар мен сүңгінің ұштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172
порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка,
Үңгір және Ново-Никольское тұрақтары белгілі.
Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері
онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дәуірі адамдарының
материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, ұдайы жүріп отырғанына, сол
сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз
жеткізеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б.з.д. 12-5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бұл
кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де
сирек. Бұл кезеңде жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Қазба жұмыстары
кезінде садақ жебесінің доғал және домалақ ұштары да табылды. Олар терісі
бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған
немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Тас өңдеу әдісі де жетілді.
Пышақ тәрізді тілгіштер басқа құралдардың бәрін ығыстырып шығарды. Адамдар
тас тілгіштерге ағаштан қолға ұстайтын сап орнатуды үйренді. Балық аулау
кең тарады.
Неолит кезеңі б.з.б. 5-3 мыңжылдықтар арасын қамтиды. Бұл тас өңдеу
техникасының әбден жетілген кезі. Тасты өңдеудің жаңа технологиялық
тәсілдері: тегістеу, бұрғылау, аралау пайда болады. Тастан балта, кетпен,
келі, келісаптар, дән үккіштер жасалды. Микролиттер дайындау неолитте
меңгерілді. Сүйек өңдеу жетілдіріле түсті. Мал шаруашылығы мен егін
шаруашылығының тууы, табиғаттың даяр өнімдерін пайдалану, аң аулау орнын
өндіруші шаруашылықтың басуы – сол кезеңнің аса маңызды белгісі болып
табылады. Ғылымда бұл құбылыс Неолит төңкерісі деп аталады. Адамдар
жабайы жануарларды қолға үйретіп, жер өңдеудің қарапайым түрімен айналыса
бастады. Шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының
дамуына үлкен әсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен көлемін кеңейтті. Адам
баласының бұдан былайғы экономикалық қам-қарекеті дамуының сан мың жылдық
тарихы – едәуір дәрежеде шаруашылықтың осы екі түрінің өркендеп жетілу
тарихы. Алғашқы қауым халқының өндіргіш күштерді дамытудағы неолит кезеңі
тұсындағы қол жеткен деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың
ашылуына ықпалын тигізеді. Осы кезде тау-кен ісі мен тоқымашылық пайда
болып, керамикалық ыдыстар жасала бастайды. Сөйтіп, кен өндіру кәсібі
қалыптасты. Адамдар саз балшықтан жасалып, отқа күйдірілген мықты қыш ыдыс
– керамика жасауды үйренді. Ол ыдыстарға онша күрделі емес геометриялық
өрнектер салынған.
Қазіргі кезде Қазақстан жерінде ғылымға белгілі 500-ден аса неолиттік
ескерткіш бар. Неолит тұрақтары орналасу сипатына қарай төрт түрге
бөлінеді: 1) бұлақ бойындағы; 2) өзен жағасындағы; 3) көл жиегіндегі; 4)
үңгірдегі. Әдетте, өзен мен көл жиегіндегі тұрақтарда бұйымдар саны едәуір
көп мөлшерде кездеседі, бұл жәйттен ол тұрақтарда адамдардың түпкілікті
немесе ұзақ уақыт тұрып тірлік еткенін білеміз. Қазақстан жерінде бәрінен
де көбірек тарағаны бұлақ бойындағы тұрақтар – олардың дені уақытша,
маусымдық – кезбе аңшылардың орыны саналған. Қазақстанның шөл-дала
аймақтарындағы неолит ескерткіштерінің бір ерекшелігі – олардың басым
бөлігі – ашық (жер бетіндегі) тұрақтар. Бұл тұрақтардан оқтардың жебесі,
сүңгінің ұшы, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар табылған.
Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше территориялық топтардан
тұрады. Арал өңірінде Сексеуіл тұрағы орналасқан. Бұл тұрақтың тұрғындары
негізінен аңшылар мен малшылар болған. Солтүстік-Шығыс Балқаш маңынан
табылған құралдар яшма мен кварциттен жасалған. Қостанай облысындағы Ботай
тұрағынан жабайы жылқының көптеген сүйектері табылды. Кейбір сүйектер
жылқылардың біразы қолға үйретілгендігін көрсетеді. Сонымен, Қазақстанның
далалық аймақтарында жылқыны қолға үйрету ісі басталған. Қараүңгір
неолиттік тұрағы – Оңтүстік Қазақстанның Түлкібас ауданында орналасқан.
Шығыс Қазақстан облысындағы Қызылсу өзенінің оң жағалауынан Сатшақыз тұрағы
табылды.
Батыс Қазақстанда Келтеминар мәдениетінің бір түрі – батыс-қазақстандық
үлгісі оқшау көзге түседі, оны С.П. Толстов болжап айтқан. Келтеминар
мәдениеті б.з. дейінгі 4 мыңыншы жылдардың аяғы мен 2 мыңыншы жылдың бас
кезінде болған және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір территориясын
қамтыған. Батыс Қазақстанда Шаңдыауыл, Құлсары, Шатпакөл, Қайнар,
Жыланқабақ, Сарықамыс, Шаянды және т.б. тұрақтар бар.
Солтүстік Қазақстандағы Железинка ауылының маңынан қазылып, зерттелген
неолит қабірінде мәйіт қабірдің ішінде өртелген. Онда сонымен қатар өлген
адам денесімен бірге қабірге әр түрлі әшекей заттар, тас қарулар, қыш
ыдыстар, тамақ қойылған. Бұл заттар о дүниеге барғанда қажет болады деген
ойды білдірсе, ал өртеп қою отқа табынуды көрсетеді.
Қоныстардан, молалардан табылған бұйымдар адам баласының өмірінде неолит
кезеңінде үлкен өзгерістердің болғандығын байқатады. Жер кәсібі, қолөнер,
мал шаруашылығы сияқты шаруашылықтың жаңа түрлері дами бастады. Неолит
кезеңінде қоғамда аналық рулық құрылыс болды. Адамдардың күн көрісі,
тіршілігінде ананың рөлі басым болған.
Сөйтіп, қорыта келгенде, тас дәуірінде адамның пайда болуы, қалыптасуы және
алғашқы адамдардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы мен игере бастауы
үрдісі жүрді.

2. Қазақстан аумағындағы қола дәуірі

Қазақстандағы қола дәуірінің зерттелуі Кеңес өкіметінің кезінде ғылыми
жағынан жүйелі жолға қойылады. 1933 жылы КСРО Ғылым академиясы Орталық
Қазақстанды зерттеу үшін ұйымдастырған Нұра экспедициясының көрнекті
мүшелері П.С.Рыков, М.И.Артамонов, М.П.Грязнов, К.Арзютов, И.В.Синицин
сияқты ғалымдардың сіңірген еңбектері айтарлықтай. Қола дәуірін зерттеуде
бұлардың ашқан басты жаңалықтарының бірі Шерубай-Нұра өзенінің аңғарынан
қола дәуірінің атақты Дандыбай ескерткіштерін табуы. Қазақстанның батыс
бөлігінде қола дәуірін зерттеуде ғалым О.А.Кривцова-Грекованың еңбегі зор.
Әсіресе, Тарих, археология және этнография институтының жанынан
ұйымдастырылған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының меңгерушісі
Ә. Марғұланның жүргізген жұмыстары орасан зор. Ғалым Атасу, Бұғылы, Беғазы,
Ақсу-Аюлы, Дандыбай сияқты ескерткіштерге қазба жұмыстарын жүргізді.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ә.Марғұланның қола дәуірі туралы екі үлкен
монографиясы, көптеген ғылыми мақалалары жарық көрген. Шығыс Қазақстанның
жерінде қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде жемісті жұмыс жүргізген
көрнекті ғалым С.С.Черников. ХХ ғ. 50-жылдары қола дәуірін зерттеуде үлкен
еңбек сіңірген археолог ғалымдар К.А. Ақышев, А.М. Оразбаев, А.Р.
Максимовалар болды.
Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын
қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі
шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа
қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан
тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола
дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда
Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік
Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар
тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік
Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең –
андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы
Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды
Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста
Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға
тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір
сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:
1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.
2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.
3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.
Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл,
Замараев деп аталды.
Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай:
Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы).
Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының
егіншіліктен бөлініп шығуы.
Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.
Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі
мал шаруашылығына көшті.
Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.
Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі
қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер,
қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса
қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде
жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу
кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен
жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау
кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың
үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде
қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір
жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Қазақстанда жаңа мәдениет – Беғазы-Дәндібай
мәдениетінің құрылуымен белгілі. Орталық Қазақстанда көп жылдар бойы
археологиялық зерттеу жұмысын жүргізген академик Ә.Х.Марғұлан қола
дәуірінің соңғы кезінің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оны Беғазы-
Дәндібай мәдениеті деп атауға ұйғарды. Бұл мәдениетке ғалым Беғазы, Бұғылы,
Саңғыру, Айбас дарасы, Дәндібай ескерткіштерін жатқызады. Аталған
ескерткіштерден алынған материалдар қола дәуірінен темір дәуіріне өтетін
өтпелі кезін көрсететіндігін дәлелдейді. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол
бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа
элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты,
қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады. Мәйіттерді бүктеп жатқызып
қоюмен бірге, оларды шалқасынан жатқызып қою да кездеседі. Бұл мәдениетке
сонымен қатар Қарағандының оңтүстік бетіндегі Ақсу-Аюлы ІІ қабірі жатады.
Осы кезде жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең
жайылады. Тұрғын үйлерді салуға ағаш кеңінен пайдаланылған. Металл өндіріп
балқыту орасан зор рөл атқарған.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет
ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен
Тастыбұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп
көму рәсімі жатады. Сол кездері ежелгі қалалардың прототиптері деп
есептелетін қоныстар пайда болды. Соның бірі – Арқайым Челябинск және
Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан. Кейінгі қола дәуірінің
бірінші кезеңінде Солтүстік Қазақстанның тайпалары Арал өңірінің Қима
мәдениетінің, ал Батыс Қазақстан – Еділ бойының Қима мәдениетінің қатты
ықпалына түседі.
Шығыс Қазақстанда Андронов мәдениетінң дамуы да осы тектес жолмен жүреді.
Ертіс пен Бұқтарманың, Күршімнің көкорай шалғынды алқаптарынан, Алтайдың
таулы аудандарынан, Тарбағатай мен Сауыр далаларынан қола дәуірінің ондаған
қоныстары мен қорымдары табылды. Қанай қорымы және онымен қатар орналасқан
қоныс қабірлерінің дені кейінгі қола кезеңіне жатады.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ
болды. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек
Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана табылды. Жетісуға федоров пен
алакөл тайпаларының мәдениеттері элементтерінің араласып-құраласып жататыны
тән болып келеді. Федоров дәстүрінде қоршаулары тікбұрышты және дөңгелек
болып келетін қабірлер көбірек кездеседі. Жетісудың орта қола дәуіріне
Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан
Таутары қорымы қазылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан
қола дәуірінің бірегей ескерткіші – Түгіскен кесенесі ашылды.
Андроновшылар шаруашылығы. Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де
маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі малы – қой, сиыр, жылқы болды.
Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дәстүрін
енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос
өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басында
андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін
егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің
мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері мен
тәсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тәсілі, яғни
жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй іргесіндегіден –
жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, сосын көшпелі мал шаруашылығы
туады. Бұл дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жәрдемін тигізді.
Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-
бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы
саны көбейе түседі. Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік
болған. Олар негізінен бидай, қарабидай және тары өсірді.
Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген.
Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен
руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді
қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы және сонымен
қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша - кен өзегінің
үстіне от жағылып, әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген.
Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай
пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан
табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка,
Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Метал балқытумен бірге
андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын
фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.
Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қазақстанның
далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған.
Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа,
кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХҮІІ-
ХҮІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген.
Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Бұл өрнектер байлық пен
молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты
білдірген.
Андроновтықтардың баспанасы жертөле мен жартылай жер бетіндегі үйлер
болған. Бөлмелерді жылыту үшін тастан қаланған пештер қолданылған, отын
есебінде ағаш, тезек жаққан. Кейінгі қола дәуірінде Орталық Қазақстанда көп
бөлмелі жер бетіндегі үйлерді ауыр дөңбек тастардан салатын болған. Мұндай
көлемі үлкен үйлер Бұғылы, Ақбауыр қоныстарын қазған кезде кездесті.
Осындай үлкен үйлер қоғамдық жиындар өткізетін, діни ғұрыптарды атқаратын
және үлкен отбасы мекендейтін орын болып есептелген.
Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел
дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі
жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру
келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру
басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Жоғарыда
айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір
сүрген және бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше
буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей
ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда
қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің
айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде
көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те
тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған
құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аударған. Мұндай
қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт
басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола
дәуірлерінде де тап осындай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым
қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса
үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен,
онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов
қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа
бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы
қалың мүшелері арасынан бөлініп патшалар - билеушілер, жауынгерлер –
кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған.
Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни
жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар болды.
Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ пен ерекше бас киімі
(бөркі).
Қола дәуірінде еңбек құралдарының жетілдірілуіне және шаруашылықтың дамуына
байланысты азық-түлік молайып, артық қор құрылды. Қоғамда біреулер байып,
басқаның еңбегін пайдалануға мүмкіндік алды. Сондықтан тұтқындарды
өлтірмей, оларды құлға айналдырды. Рулық ұжымдық меншіктің орнына жеке
меншік орнап, еңбекті қанау пайда болды. Бұл мүлік теңсіздігінің шығуына
алып келді. Сөйтіп, қола дәуірінде рулық қауым ыдырап, шағын отбасылардың
рөлі күшейіп, патриархалдық-рулық қатынастарды сақтаған көршілік қауым
өркендеді. Кейінгі қола кезеңіне қарай отбасылық қауымдар бөлшектеніп,
нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс ыдырай бастады.
Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері. Қола дәуірінің тайпалары табиғат
күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа
қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сәби
қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға
сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мәйітті өртеу
басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі
қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да
құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан
шалынған. Сүт ішіліп, ет желініп болғасын, құмыралар мен сүйектер болашақ
үйдің ошағының басына, оның табалдырығының астына көмілген. Үйдің ошағы
отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты
жөн-жоралғылардың бәрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының
амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін
от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дәуірінің соңына
қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну және о
дүниеге сену кең тарады.
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері
бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас
сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен
шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның
дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады. Қазақстан
– жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі
ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес,
Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің
қорына қосылады. Қола дәуірінің адамдары ойлаудың мифологиялық сатысында
болған. Жартастардағы салынған суреттер – андроновшылардың өздерін қоршаған
дүние жайлы түсініктерінің көрінісі еді. Суреттерде жиі кездесетін бейне –
мүйізін алға кезеп, шоқтығы күдірейіп, алып денесі шиыршық атып,
аяқтарымен жер тіреп тұрған турдың – жабайы бұқаның суреті. Әлемді жарату
жөніндегі мифтерде дүние – Күн құдайы Митра құрбандыққа шалған бұқаның
мүшелерінен жасалған делінеді. Сонда Митра бұқамен қатар қойылып, бірдей
саналады. Ешкіөлмес тауындағы суреттердің бірінде Митра, басы күн
шұғыласымен қоршаулы адам бейнелес секілденіп, бұқа үстінде түрегеп тұрған
күйде бейнеленген. Бірқатар киелі орындарда ертедегі адамдардың басы күн
шұғылалы Митраға тағзым етіп, табынып жатқан кездегі көрінісі салынған.
Таңбалы шатқалында күн басты бір кісінің маңында айнала билеп жүрген
кішкентай адамдар, парласып және жеке өзі билеп жүрген адамдар бейнеленген.
Бұқа бейнесі молшылық, құдіреттілік пен күшті білдіреді. Жартас көркем
өнеріндегі жиі кездесетін суреттердің бірі – қос өркешті бактриян түйесінің
бейнесі. Ол ирандықтарда күн күркіреу құдайы – Веретрагна, үнділіктерде –
Индра бейнесі болып есептеледі. Қола дәуірі петроглифтерінің арасында соғыс
арбасын бейнелеу де кеңінен тараған. Қаратау тастарындағы суреттерде соғыс
арбасы 49 жерде кездеседі, олар Таңбалыда да, Ешкіөлместе де бар. Олардың
көпшілігінде екі доңғалақты аңшы және соғыс арбалары бейнеленген. Ат пен
арба жайлы ирандықтар арасында көктегі күн күймесі жөнінде әпсана-аңыз бар.
Олар жоғарғы құдайлардың бәрі аспанда пырақ жегілген күймелермен заулап
жүреді деп есептеген. Тастағы суреттердің ішінде жер жырту көріністері де
кездесіп қалады, оларда соқаға жегілген бұқалар, аттар мен ешкілер
бейнеленеді. Соқа басында адам болады. Бұл көріністер жаңа жылды
мейрамдауға, күн мен түннің теңелуі, табиғаттың жаңару мейрамына,
құнарлылыққа байланысты болса керек. Бұл мерекенің ең бір маңызды бөлегі –
түрен тарту болып табылады. Бірінші түрен тарту құқы, яғни алғашқы соқа
салу құрметі патшаға берілген.
Қола дәуірі мәдениетінің гүлденуі Жерорта теңізі және Кіші Азия мәдениеті
мен экономикалық қатынастың нәтижесі болды.
Сонымен, қорыта келгенде, Қазақстандағы қола дәуірінің өзіндік мәдениеттері
болғандығын, олар өз ерекшеліктерін сақтай отырып, Қазақстан аумағында
таралып, белгілі-бір даму сатыларынан өткенін байқаймыз. Осы дәуірде
аридтық табиғи-географиялық жағдай көшпелі тұрмыс пен көшпелі мал
шаруашылығына өтуге өз әсерін тигізді.

2-тақырып. Қазақстан аумағындағы тайпалық одақтар және ежелгі мемлекеттік
бірлестіктер

1. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.
2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттік бірлестіктер

1. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар.

Ежелгі Қазақстан аумағындағы адамзаттың даму тарихында өзіндік орын
алатын қола дәуірін ауыстырып, үлкен де күрделі өзгерістер әкелген кезең
б.з.д. І мыңжылдықтың басы мен біздің заманымыздың басы болып табылады. Бұл
кезең Қазақстан аумағын мекендеген адамдардың өз өндірісінде темірді
пайдалануы және көшпелі шаруашылықтың дамуымен ерекшеленеді.
Б.з.д. І мыңжылдықта Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия және
Қазақстанның оңтүстік өңірін қамтитын кең – байтақ аумақта сақ деген
атпен белгілі тайпалар мекендеген. Геродот (б.з.д. V ғ.) және басқа
ертедегі тарихшылар оларды “азиялық скифтер” деп атаған. Сақ бірлестігі
туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1)
антик дәуірінің авторлары (гректер) – Геродот, Страбон, Ксенофонт, Птоломей
және т.б.; 2) Ахеменидтер әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар
(Бехистун сына жазуы, т.б.). Парсы жазбалары сақ атауын қолданса, грек
деректері бұл тайпаларды Азия скифтері деп атайды.
Сақ тайпалары Солтүстік Қара теңіз жағалауын, Днепр өзені бойын мекендеген
скифтердің және төменгі Еділ өзенінің төменгі ағысы мен Оңтүстік Орал
өңіріндегі савроматтардың, Кир мен І Дарий тұсындағы парсылардың және
Александр Македонский дәуіріндегі гректердің замандастары болған. Олар
ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас орнатып, б.з.д. VІ - V ғасырларда
Ахеминидтер империясының құрамына да кірген. Ахеменидтердің сына
жазбаларында сақтар туралы аз болса да анық деректер келтірілген. Оларда
сақтардың үш тобы: хаомаварга-сақтары (хаома сусынын даярлайтын сақтар),
тиграхауда-сақтары (шошақ бөрікті сақтар), парадарайа-сақтары (теңіздің
арғы жағындағы сақтар) туралы баяндалады. Алғашқы екі тобын Герадот “
амюргия-сақтар” және “ортокарибантия-сақтар” деп атаған.
Ғылымда сақтардың бұл топтарының Орта Азия мен Қазақстан аумағында
шоғырланғандығы туралы түрлі болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес Шаш
(Ташкент ауданы), Солтүстік Қырғызстан аумағында және Қазақстанның
оңтүстігінде тиграхауда-сақтары мекендеген, бұл сақ тайпаларының этникалық
аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал өңірі мен Таулы Алтай да енген.
Парсы сына жазбаларында хаомаварга-сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар
тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюргий-сақтары деп аталды. Бұл
сақтар Ежелгі Бактрия және Маргиана аумағында (Әмудария мен Мұрғаб
өзендерінің жағалауында) орналасқан. Ертедегі парсылардың танысқан сақтары
осылар еді.
Лингвистикалық зерттеулердің мәліметіне қарағанда сақтардың Орталық Азияның
көне иран тұрақтарынан б.з.д. І мыңжылдықта бөлектеніп шыққан ирандық,
нақтырақ шығыс ирандық тайпалар тобына жататындығы байқалады.
Сақ тайпалар одағына массагеттер, дайлар, исседондар, аримаспылар,
қаспилер, аргипейлер және т.б. сияқты ондаған тайпалар кіреді. Олар ежелгі
грек авторларының еңбектерінде аталады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша
олар Қазақстан аумағында былайша орналасқан делінеді: массагеттер –
Сырдарияның төменгі бойы мен Арал теңізінің оңтүстік және солтүстік-шығыс
өңірінде, дайлар – Сырдарияның төменгі жағын, Арал теңізінің жағалауын,
исседондар – Іле мен Шу өзендерінің бойын, оның шығыс жағындағы Тарбағатай
тауына дейінгі алқапты, ал кейбір зерттеушілер, соның ішінде, М.Қ.Қадырбаев
оларды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады, аримаспылар – Шығыс
Қазақстан аумағын, қаспилер – Каспий теңізінің шығыс жағалауын, аргипейлер
– Қазақстанның солтүстік аймағын мекендеген.
Деректерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығымен айналысып, жылқы, ірі қара,
қой өсірген. Мал шаруашылығының үш түрі болды: көшпелі, жартылай көшпелі,
отырықшы мал шаруашылығы. Сақтарда түйе өсіру Батыс және Оңтүстік Қазақстан
аймақтарында өркен жайды. Олар атқа керемет мініп, садақ атуды өте жақсы
меңгерген.
Б.з.д. ҮІІІ –ҮІІ ғасырларда Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген
тайпалардың Ассирия және Мидиямен, ал б.з.д. ҮІ ғасырдың ортасынан бастап
құрылған Ахеменидтер тұсында Персиямен қарым-қатынас жасаған және сол
кезеңдегі көптеген тарихи оқиғаларға араласып отырған.
Жазбаша және археологиялық деректер б.з.б. VІІІ-VІІ ғғ. Қазақстан мен Орта
Азияны мекендеген тайпалар ежелгі дүние өркениеті - Ассириямен және
Мидиямен, ал б.з.б. VІ ғасырдың ортасында Ахеменидтер мемлекеті құрылған
уақыттан бастап Персиямен байланысты болғанын көрсетеді. Сақтар сол кездегі
көптеген тарихи оқиғаларға қатысты. Мәселен, Кир сақтармен одақ жасап,
Мидия патшасы Крезбен соғысуы кезінде олардан көмек алады. Кейінірек Кир
сақтар мен массагеттерді бағындырмақшы болып жорыққа аттанады. Бірақ, оның
жорығы қатты қарсылыққа кездесіп, соңында Кир бастаған парсылар сәтсіздікке
ұшырап, әскерлері талқандалып, өзі қаза табады. Герадот мынадай аңыздық
мәліметтерді келтіреді: парсыларды жеңгеннен кейін сақтардың патшайымы
Тұмар (Томирис) торсыққа қанды толтыра құйғызып, Сен қанға құмартып едің,
енді шөлің қансын! деп оған Кирдің басын салдырған.
Кирдің Орта Азияға басқыншылық жорықтарын І Дарий (б.з.д. 521-486)
жалғастырды. Б.з.б. 518 жылы І Дарий массагет-сақтарға қарсы жорық бастап,
бірақ ол да жеңіліске ұшырады. Грек тарихшысы Полиэн массагет-сақтардың
парсыларға қарсы ерлікпен күрескендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіреді.
Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін пышақпен тілгілейді де,
парсыларға барып өзін сақ көсемдерінен зардап шеккен адам сипатында
көрсетеді. Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін
мәлімдеген Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға апарып
адастырады. Ал, ол жерде парсылардың көбі шөлге шыдамай қырылады. Өз жерін
жат жерлік басқыншылардан қорғау мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай
ерен ерлік жасады.
Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, соның ішінде
хаомаварга-сақтарын және басқа да кейбір тайпаларды бағындырады. Бұл
тайпалар Ахеменидтердің ХV сатрапиясының (салық аймағының) құрамына кіріп,
алым-салық төлеуге тиіс болды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады және
көбіне сыйлықтар сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің әскерінде
қызмет атқарды. Тіпті, олардың біразы парсы патшасының өлмейтін он мың
деп аталатын жеке әскери құрамасының қатарына да кірді.
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек-парсы
соғыстарының басталуына байланысты ірі-ірі саяси оқиғалардың болғаны
белгілі. Сол тұста кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен
жалдамалылар ретінде парсылар жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы
маңындағы шайқасқа сақтардың жеңіл атты әскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен
аяқталды. Ал, бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісе
түседі, құл иеленушілер болса, бұдан шығудың жолдары шығысқа басқыншылық
жорықтар ұйымдастыру деп түсінеді. Б.з.б. ІV ғасырдың 30-жылдарында
македондық-гректер Александр Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік
ІІІ Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді.
Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға қарай бет алады. Гректердің
баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен қарсыласты.
Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның
оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты.
Александр Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ
жебесі тиіп, жараланды. Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды
қоршаған кезде олардың тылында көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды.
Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене отырып, сол кезде жеңілмейтін
деп саналған македондық-грек әскерлерін бірнеше дүркін талқандаған болатын.
Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер Орта
Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның
арғы жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды.
Александр Македонский өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ империясы тығыз
экономикалық және саяси байланыстары жоқ тайпалар мен халықтардан
біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдырады.
Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-сақтарға
кіретін сақ тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның
этно-мәдени сақ қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болды. Сақ
мәдениеті - Орталық және Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері
жетістіктерінің бірі болды. Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі тас дәуірі
Туризмнің даму тарихы
ЗАМАНАУИ ГРАФИКАЛЫҚ ДИЗАЙННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Демократия
Әлем кереметтері
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Адам баласының тарихи шығуы
ШУЛЫ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР
Дәстүрлі өнер түрлері
Батыс Қытай Батыс Еуропа жол дәлізі Қазақстан үшін маңызы
Пәндер