Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
І Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ..4
ІІ Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері ... ... ... ... ... ... ...5
ІІІ Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІV Өндіріс дамуындағы лизинг рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Лизинг – лизинг шартын жүзеге асыруға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оған сәйкес жалға беруші (әрі қарай – лизинг беруші) жалға алушы (әрі қарай – лизинг алушы) нұсқаған мүлікті белгілі бір сатушыдан өз меншігіне алуға және осы мүлікті лизинг алушыға ақылы негізде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Жалгерлік қатынастар 4000 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Тарихшылар алғашқы жал шарттарын шумерлік Ур қаласынан тапқан. Олар б.з.д. 2000 ж. қыш тақталарға жазылған. Ежелгі шумерлер негізінен ауылшаруашылық құрал-саймандарын жалдаған. Алайда көне заманда жалдау нысаны тек қана соқа болмаған.Финикиялықтар теңіз кемелерін жалға табысты беріп қана қоймай, қосымша өз командаларын ұсынған. Орта ғасырларда әркім сатып ала алмаған рыцарьлық қару-жарақтар жалгерлігі кеңінен таралды.
Қазіргі заманғы лизинг ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1940-шы жылдардың басында Чикаголық автомобиль сатушы Золи Фрэнк бір емес, бүкіл машина паркін жалға беруді ұйғарды. Бүгінде бұл адамды «қазіргі заманғы автолизингтің атасы» деп атайды. Алғашқы лизингтік компаниялар он жыл өткен соң – ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінде пайда болды. Кейбір дереккөздерде дәл мезгілі – 1954 жыл деп белгіленген. Лизингтің қазіргі заманғы тарихы осы уақыттан басталады. Араға ондаған жылдар салып, қаржылық жалгерлік әлемде кеңінен өріс алады. Бүгін дамыған елдерде экономикаға нақты инвестициялардың шамамен 30-40%-ы лизингтің үлесіне тиесілі.
Қазақстанда қаржылық жалгерлік едәуір кеш – 90-шы жылдардың басында пайда болды. Сондықтан лизинг тарихы Батыста жарты ғасырды еңсерсе, Қазақстанда небары 15 шақты жылдан бері есептеледі. Дегенмен, елімізде лизингтің артықшылықтарын түсініп-бағалайтын кәсіпорындар саны күн өткен сайын артып келеді. Инвестиция тапшылығы, ұзақ мерзімді қаржыландыру қиыншылықтары мен өндірісті жаңартудың өткір қажеттілігі жағдайында қаржылық жалгерлік өнеркәсіп пен сауданы дамытудың тиімді құралына айналады.
1. www.kazstat.kz
2. www.lising.kz
3. Қазақстан Республикасының «О финансовом лизинге» заңы, 5 шілде 2000ж
4. Сағадиев К.А., Смагулов А.С., Мырзахметов А.И«Қазақстандағы лизинг: теория және практика» Алматы, 2000ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Лизинг - лизинг шартын жүзеге асыруға байланысты туындайтын экономикалық және құқықтық қатынастар жиынтығы, оған сәйкес жалға беруші (әрі қарай - лизинг беруші) жалға алушы (әрі қарай - лизинг алушы) нұсқаған мүлікті белгілі бір сатушыдан өз меншігіне алуға және осы мүлікті лизинг алушыға ақылы негізде уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді.
Жалгерлік қатынастар 4000 жылдан астам уақыт бұрын басталған. Тарихшылар алғашқы жал шарттарын шумерлік Ур қаласынан тапқан. Олар б.з.д. 2000 ж. қыш тақталарға жазылған. Ежелгі шумерлер негізінен ауылшаруашылық құрал-саймандарын жалдаған. Алайда көне заманда жалдау нысаны тек қана соқа болмаған. Финикиялықтар теңіз кемелерін жалға табысты беріп қана қоймай, қосымша өз командаларын ұсынған. Орта ғасырларда әркім сатып ала алмаған рыцарьлық қару-жарақтар жалгерлігі кеңінен таралды.
Қазіргі заманғы лизинг ХХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1940-шы жылдардың басында Чикаголық автомобиль сатушы Золи Фрэнк бір емес, бүкіл машина паркін жалға беруді ұйғарды. Бүгінде бұл адамды қазіргі заманғы автолизингтің атасы деп атайды. Алғашқы лизингтік компаниялар он жыл өткен соң - ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының орта шенінде пайда болды. Кейбір дереккөздерде дәл мезгілі - 1954 жыл деп белгіленген. Лизингтің қазіргі заманғы тарихы осы уақыттан басталады. Араға ондаған жылдар салып, қаржылық жалгерлік әлемде кеңінен өріс алады. Бүгін дамыған елдерде экономикаға нақты инвестициялардың шамамен 30-40%-ы лизингтің үлесіне тиесілі.
Қазақстанда қаржылық жалгерлік едәуір кеш - 90-шы жылдардың басында пайда болды. Сондықтан лизинг тарихы Батыста жарты ғасырды еңсерсе, Қазақстанда небары 15 шақты жылдан бері есептеледі. Дегенмен, елімізде лизингтің артықшылықтарын түсініп-бағалайтын кәсіпорындар саны күн өткен сайын артып келеді. Инвестиция тапшылығы, ұзақ мерзімді қаржыландыру қиыншылықтары мен өндірісті жаңартудың өткір қажеттілігі жағдайында қаржылық жалгерлік өнеркәсіп пен сауданы дамытудың тиімді құралына айналады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.2000 жылдай бұрын ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. Юнайтед Стейтс лизин корп. атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан Францискода (АҚШ) құрылған. Европада 1962 жылы Дойче лизинг ГМ6Х деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты.1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизинг -- бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімге жалдаған жалға алушы мүліктерді пайдалану шамасы бойынша борыштарын бірте-бірте өтеуі; лизингтік келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша: жалға алушы қалдық құны бойынша құрал-жабдықтарды сатып алуы, мерзімін ұзартуы, материалдық құндылықтарды қайтаруы мүмкін.

І Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан - мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. Лизинг терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.
Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.
Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.
Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.
1. Пайдаланушы (лизингтік қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.
2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп, бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.
3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік иесі болғаннан соң, орнына лизингтік төлемдер алып, оны одан әрі сатып алу құқығымен (келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.

Лизингтік компания
Лизинг алушы
Сатып алу-сату келісімі Лизинг келісімі
Жасаушы

№1 сызба. Қарапайым лизингтік қатынастың көрінісі

Үш жақты лизингтік мәміленің күрделі сызбасы №7 (34 бетте) көрсетілген.
Аристотельдің өзі Риторикада, байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ - ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа - бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ Белл Телефон Компани компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания Юнайтед Стейс лизинг корп. 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға өткізді, онда алғашқы лизингтік компания - Дойче лизинг ГМбХ 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі - 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын - меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек лизинг деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен нағыз және жалған лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
Жалған лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен лизингке банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь).
Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.

ІІ Лизингтік қатынастардың субъектілері мен объектілері

Лизингтік мәмілеге әдетте бірнеше субъектілер қатысады:
- Лизинг беруші - тартылған немесе өз ақшалай қаражатына лизингтік мәміле барысында жеке меншігіне мүлік алған және оны лизинг алушыға белгілі бір бағаға, белгілі бір жағдайда уақытша пайдалануға, кейіннен лизинг алушыға лизинг құралына меншік құқығы негізінде ұсынатын жеке және заңды тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг затын белгілі бір бағаға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір жағдайда уақытша иеленуге және лизинг келісіміне сәйкес пайдалануға қабылдайтын жеке және заңды тұлға.
- Мүліктің сатушысы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сатып алу-сату келісіміне сәйкес лизинг берушіге белгіленген мерзімде олар өндірген (сатып алған), лизинг заты болатын мүлікті сататын жеке және заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа несиелік мекеме), келісім затын сатып алуға қаржы ұсынушы.
Лизингтік қызмет нарығында төмендегідей арнайы субъектілерді бөліп қарауға болады:
Сақтандыру компаниялары, лизингтік мәмілелер кезінде туындаған әртүрлі қауіп-қатерден сақтандыруды жүзеге асыратын: лизинг берушінің мүлкін, лизинг берушіге несиелік мекеме ұсынған несиелерді әртүрлі төлемеулер т.с. сияқты қауіп-қатерден сақтандыру және басқалары.
Лизингтік Компаниялардың Ассоциациясы (лизингтік компаниялардың, банктердің және лизингпен айналысатын өзгеде кәсіпорындардың коммерциялық емес бірлестігі болып табылады. Келесіні жүзеге асырады:
а) оған кіретін ұйымның қызметін үйлестіру және олардың қаражатын өзара бірлескен екі жаққа пайдалы жобаны жүзеге асыруға қосу;
б) мемлекеттік басқармалармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының лизингтің дамуының стратегиялық бағыттары мен бағдарламаларын жасау;
в) заңдылық актілерінің жобаларын дайындау;
г) халықаралық ассоциативтік қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысу.
Лизингтің қандай да болмасын субъекті Қазақстан Республикасының резиденті, резиденті емес, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен, өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес жүзеге асыратын кәсіпкерліктің субъектісі бола алады.
Дамыған елдерде қаржылық лизингтің жағдайын зерттеу лизингке беретін жабдықтың негізгі тобын бөлуге мүмкіндік берді:
Көліктік (көліктік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары және т.б)
Байланыс жабдықтары (радиостанциялары, спутниктер, пошталық жабдықтар және т.с.)
Ауылшаруашылығы жабдықтары
Құрылыстық (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.)
және көптеген басқалары.

ІІІ Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі

Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесі
1. Жалпы шарттар
1. Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына сәйкес "Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" (бұдан әрі - Лизинг) 10 212 85 бағдарламасы бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджет ақшасы есебінен 1 188 700 000 теңге сомасында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласында лизингтік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін белгілейді.
2. Қаражат жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында Лизинг ережелерінде орналастыру үшін және осыған байланысты шығыстарды жүзеге асыруға арнап сыйақының (мүдденің) жылдық 7 пайыз ставкасы бойынша Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, 7 жыл мерзімге бөлінеді.
3. Лизингті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Өкіметі уәкілеттілік берген ұйымды тартады.

4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ауылшарминінен және Ұйыммен қаражатты Ұйымға бөлу тәртібін және оны республикалыє бюджетке қайтару мерзімін реттейтін тиісті несиелік келісім жасасады.

5. Пайдаланылуы Лизинг ережелерінде жүзеге асырылатын машина жасау өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін және жобалардың шығыстар сметасын Ауылшармині бекітеді.
6. Ұйым лизинг беруші ретінде әрекет етеді және қаражаттың мақсатты пайдаланылуы мен оның республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.
7. Лизинг алушыға Техниканы Лизингке берген ретте Ұйымның Қаражатты Қаржыминінен қайтаруы Ұйым лизинг алушылардан қабылдайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне (екінші деңгейдегі банктер кепілдеріне, кепілзатқа, кепілгерлікке, мүлікті ұстап қалуға) талаптар қою құқықтарын Ұйымның Қаржыминіне беруі олардың араларында шарттарға қол қою жолымен немесе Ауылшармині, Қаржымині және Ұйым арасында жасалатын Несиелік келісімде көзделетін Қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ұйымның талаптар қою құқықтарын Қаржыминіне беруі шартының күшіне енуі және талаптар қою құқықтарының іс жүзінде берілуі талаптар қою құқықтарын беру шартында көзделген жағдайларда және Қаржыминінің жазбаша талабы бойынша ғана жүзеге асырылады.
8. Мыналар Лизинг субъектілері болып табылады:
1) лизинг беруші - Ұйым;
2) сатушылар - ауыл шаруашылығы техникасын жеткізушілер (бұдан әрі - Сатушылар);
3) лизинг алушылар - Лизинг заттарын Лизинг шарты ережелерінде кәсіпкерлік мақсаттар үшін қабылдайтын лизингтік мәміленің қатысушылары.

2. Лизингтік операцияларды жүргізу
9. Лизинг беруші мен лизинг алушы Лизинг ережелері, тараптардың кепілдіктері, міндеттері мен құқықтары бекітілген Лизинг шартын жасасады.

10. Лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ретінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, өтемді мүліктің және мүліктік құқықтардың кепілзаты, кепілгерлік, банктер аккредитивтері, мүлікті ұстап қалу қолданылады.
11. Лизинг беруші Техниканы лизинг алушыға бергенге дейін Сатушылар
ұсынған шот-фактураға сәйкес Техниканы өзінің бухгалтерлік теңгеріміне кіріске алады.
12. Лизинг алушы өз кезегінде, келіп түскен Техниканы Лизингке алынған ретінде өзінің бухгалтерлік теңгеріміне есепке алады, заңда белгіленген тәртіппен ол бойынша тозуды қосып есептейді, Техникаға салынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді және Лизинг шартында белгіленген мерзімдерде лизингтік төлемдерді өтейді.
13. Жылжымалы мүлік Лизингінің шарты жылжымалы мүлік кепілзатын
тіркеуді жүзеге асыратын органдардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатады.
14. Техника бойынша Лизинг мерзімі 7 жылға дейін болады.
15. Лизинг беруші Ауылшарминімен келісім бойынша өз пайдасына сыйақы
(мүдде) ставкасын жылдықтың 5 пайызына дейінгі мөлшерде тағайындай алады.
16. Лизинг шарты өзіне мыналарды енгізуі тиіс:
1) Лизинг шартының мәнісі және оның сипаттамасы;
2) Лизинг затын Сатушының атауы;
3) Лизинг алушыға Лизинг затын беру ережелері мен мерзімі;
4) лизингтік төлемдер мөлшері және кезеңділігі;
5) Лизинг затының құны;
6) Лизинг шартының қолданылу мерзімі;
7) егер шартта Лизинг затының лизинг алушының меншігіне өтуі көзделген болса, мұндай өтудің ережелері;
8) Лизинг затын ұстау және жөндеу тәртібі;
9) Лизинг затын сақтандыру;
10) Лизинг затын лизинг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг шартының мазмұны
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
Қаржы секторы
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизингтің отандық нарықтағы даму жолдары
Лизингтің даму тарихы және лизинг ұғымының экономикалық мазмұны
Лизингтік операциялар туралы ақпарат
Кәсіпкерлік. Дәрістер жинағы
Коммерциялық банктің лизингтік қызметі, оның инвестициялық тәжірибесі формаларының бірі ретінде
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру. Кәсіпорынның қаржы ортасы
Пәндер