Селекция туралы жалпы түсінік туралы


Селекция туралы жалпы түсінік
Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда селекция және тұқым шаруашылығының маңызы өте зор. Жергілікті жағдайда бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандарды өсірудің нәтижесінде өндіретін дақылдардың өнімділігі 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады.
Селекция(латын тілінен аударғанда selection- сұрыптау немесе іріктеу) - жаңа сорттар мен будандарды шығарумен айналысатын ғылым.
Алғашқы кезде жаңа сорттар шығаруда тек сұрыптау әдісі қолданылған.
Қазіргі кезде селекцияда сұрыптаумен қатар, будандастыру, полиплодия, мутагенез, биотехнология сияқты басқада әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғары мамандануын қажет ететін генді инженерия, гаплоидты селекция сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда.
Сондықтан селекционерлер жасушаның ішкі құрлысын, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды, аурулар мен зиянкестерді, өнімді сақта, өңдеу технологиясын жақсы білумен қатар, математиканы, химияны, өндіріс экономикасы мен ұйымдастыру негіздерін. білулері қажет
Селекция жұмысының ғылыми-теориялық негізгі тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым генетика болғанымен, селекция өз алдына дербес ғылым. Ол жаңа ағзалар шығаруға негіз болатын ерекше әдістерге сүйенеді.
2. Селекция ғылымының даму кезеңдері
Өсімдіктер селекциясы егін шаруашылығымен бір мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Н. И. Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік пен өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды.
Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің тарихында 4 кезеңді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция.
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ - ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» деген 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында атап айтқандай, республикамыздың аграрлық секторы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыты ретінде экспорттық мол мүмкіндіктерге де, инновациялар енгізу үшін орасан зор әлеуетке де ие болып отыр.
Ауыл шаруашылығындағы экспорттық әлеуеті зор саланың бірі күріш шаруашылығы екендігі белгілі. Бұл ретте, күріш шаруашылығы азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін де аса маңызды болып табылмақ, себебі, елімізде күріш жармасын тұтыну өзге жарма түрлерін тұтынумен салыстырғанда 65 пайыздан асады. Қазақ тағам тану академиясы әзірлеген нормаларға сәйкес Қазақстанның күріш тұтыну бойынша жыл сайынғы сұранысы 132, 6 мың тонна (1 адамға 8, 5 кг/жыл) болып отыр. 2008-2010 жылдардың статистикасы күріш тұтынудың өсіп келе жатқанын көрсетуде, ал тазартылған күріш өндірудің пайыздық ара салмағы импортталатын көлеммен салыстырғанда жыл сайын азайып келеді.
Сонымен бірге, күрішті тұтыну сұранысы жыл өткен сайын арта түсуде, яғни, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының болжамы бойынша 2020 жылға дейін ол 781 млн. тоннаға жетпек, ал күріш өндірудегі күтіліп отырған көрсеткіш ― 750 млн. тонна. Сондықтан, таяу арада осы маңызды тағам түрінің тапшылығы бұдан әрі ұлғая түспек. Әлемдік нарықта күрішке сұраныстың арта түсуі және нақ осы кезеңде ұсыныстың азайып кетуі бұл өнім бағасының қымбаттай түсуіне себеп болары анық. Мұндай жағдайда, халықтың күрішке сұранысын қанағаттандыру проблемасын әрбір ел өзінің ішкі ресурстары көлемінде ғана шеше алмақ. Міне, осы себептерге байланысты, біздің Кедендік Одақтағы әріптесіміз Ресей мемлекеті күріш нарығының импортқа тәуелді болуын азайта түсу бағытында мемлекеттік деңгейде шаралар қолданып отыр.
Осыған орай, Қазақстанда азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күріш шаруашылығын дамыту стратегиялық маңызды міндет болып табылмақ.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта күріш шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеру және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету міндеті Кедендік одақ жұмыс атқара бастағандықтан да, келешекте Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болған уақытта да мейлінше ұтымды болмақ.
Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, күріш өндіруде жалпы өнімнің ұлғаюына тек экстенсивтік даму ғана себеп болған. Түпкілікті өнім өндіру көлемі айтарлықтай ұлғайғанымен, өндіріс рентабелділігі де, еңбек өнімділігі де азайып кеткен. Сонымен бірге, өндіріс рентабелділігі мен еңбек өнімділігі таза пайда алуға және өндірісті жаңғырту үшін инвестиция құюға тікелей байланысты.
Алайда, өндірісті жаңғыртуға қаржы жұмсаудың басты талабы кірістің ұлғаюы, ал қазақстандық өнімнің бағасы мен сапасы тұрғысынан бәсекеге қабілетсіз болуы бұл іске қолбайлау болып отыр.
Елімізге күріш жармасын сырттан әкелудің ұлғаюына міне, осындай себептер ықпал етуде. Яғни, 2007 -2011 жылдардағы көрсеткіштер бойынша Қазақстанға күріш жармасын импорттаудың 57, 8 пайызын Ресей жүзеге асырса, 29, 29, пайызын Қытай жүзеге асырып отыр.
Ресейде күріштің орташа түсімділігі 65ц/га, ал Қазақстанда 35 ц/га, Ресейде күріш жармасының түсімі 70 пайыз, ал Қазақстанда 38 пайыз.
Қазіргі уақытта, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының азиялық бөлігінің барлығы, тіпті Өзбекстанның өзі күріш жармасын Ресейден сатып алуды тиімді деп есептейді, себебі Қазақстан арқылы тасымалдау арзанға түсіп отыр. Біздің еліміздің негізгі күріш өсірілетін өңірі ― Қызылорда облысының топырағындағы гумус Ресейде күріш өсірілетін өңір ― Краснодар өлкесімен (ресейлік күріштің 90 пайызы осы өңірде өсіріледі) салыстырғанда едәуір кем. Сонымен бірге, Қызылорда өңірінде жаз айлары өте ыстық, яғни орташа температура 40˚С, ал Краснодар өлкесінде 30-32˚С.
Мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейінше күріш шаруашылығын тұрақты дамыту мүмкін емес. Дамыған елдердің үкіметтері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсетуді мемлекет саясатының маңызды тармағы ретінде бағалайды. Мемлекет тарапынан қолдау күріш егістіктерін суару жүйелерін қайта жаңартуға, тұқым шаруашылығына субсидия беруге, механикаландыру құралдарын жаңартуға, тыңайтқыштар сатып алуға, аграрлық өнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингілік тұрғыдан қамтамасыз етуге, аграрлық өнеркәсіп кешенін ғылыми, нормативтік-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге және аграрлық өнеркәсіп кешені үшін кадрлар даярлауға, салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік және техникалық тұрғыдан реттеуге және т. б., сондай-ақ еліміздің аумағы ішінде өнім сатуға қолайлы жағдай жасауға бағытталады.
Күріш шаруашылығы саласындағы қалыптасқан жағдай жүйелік сипаты бар, жедел шешуді талап ететін мынадай көкейтесті проблемаларды қамтиды.
1) Күріш шаруашылығын техникалық тұрғыдан жарақтандырудың нашарлап кетуі.
Қазақстанда кейінгі жылдарда күріш шаруашылығының экономикалық тұрғыдан қиындықтарға тап болуына ең басты себептердің бірі осы саланы техникалық тұрғыдан жарақтандырудың нашарлап кетуі. Ауыл шаруашылығы техникаларының тозуы 75, 4 пайызға жеткен. Он жылдан астам мерзім бойында үздіксіз пайдаланылып келе жатқан тракторлар құрамы 82, 1 пайыз, егін жинайтын комбайндар 70 пайыз, барлық техниканың тек 40-50 пайызын ғана жұмысқа жарамды күйде ұстауға мүмкіндік бар. Жұмыстарды жүргізудің мерзімдері де бірнеше есе ұлғайып, сапасы да мүлдем нашарлай түсуде.
Күріш шикізатының, одан әрі күріш жармасының сапасының нашарлауына және егін жинау жұмыстарын орындау кезінде егістік алқаптағы астықтың шығын болуына ауыл шаруашылығы техникасының жетіспеуі және тозуы себеп болуда. Сонымен қатар, он жылдан астам уақыт бойы үздіксіз қолданылып келе жатқан ауыл шаруашылығы техникасының амортизациялық құны күріштің өзіндік құнына мейлінше күшті ықпал етпек, ал ауыл шаруашылығы техникасы шетелден қымбат бағаға импортталады.
1000 гектар алқапта күріш өсіру үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту 513 700 мың теңге көлемінде қомақты қаржы жұмсауды қажет етеді. Бұл ретте, тек белорустік және ресейлік техника ғана таңдап алынғанын айта кету керек. Ауыл шаруашылығы техникасын түгелдей жаңарту жоспарланған жағдайда 10 жыл бойы 1 гектар үшін 51 550 теңге жұмсалуы қажет, бұл егіннің түсімділігі 35 ц/га болған жағдайда 1 кг күріш шикізатының өзіндік құнына 15 теңге қосымша жұмсалады деген сөз.
2) Мелиорация
Күріш себілетін өңірде жыртылған егістік жерлерді және ауыспалы егісті, сондай-ақ инженерлік-суармалы жүйелерді тиімді пайдаланудың маңызы зор. Еліміздегі күріш өсіру жүйесінің егістік алқаптарының тозуы одан әрі жалғасып келеді, ауыспалы егіс жүйесі, күріш өсіру технологиясы сақталмайды.
Күріш алқаптарын күрделі жоспарлау күріштің түсімділігін 10 пайыздан 40 пайызға дейін арттыруға және суды үнемдеуге мүмкіндік беретін ұтымды шаралардың бірі. Қолданыстағы нормативтерге сәйкес күрделі жоспарлау сегіз жыл сайын бір рет жүргізіліп тұруы қажет және бұл үшін жоспарлаушылар қажет бола тұрса да, Қызылорда облысы бойынша күрделі жоспарлау кейінгі 30 жыл бойы жүргізілмеген.
Себілген тұқымның біркелкі көктеуі және суаруға қолданылатын судың шығынын азайту үшін қажетті жағдай жасайтын, су режимін қатаң сақтауға мүмкіндік беретін шараның бірі ― күрішті суару жүйелерін пайдалануға дайындау. 1 гектар жерге күрделі жоспарлау жүргізу үшін 45 000 теңге қажет.
Күріш өсірудің қолданыстағы технологиясы кезінде суару және коллекторлық-дренаждық желілерге орасан күш түседі, тұнбалану орын алады және олар жиі істен шығады, бұл агроэкологиялық ахуалды нашарлатады. Суару арналары мен коллекторлық-дренаждық желілердің техникалық жай-күйі және олардың пайдалы әрекет ету коэффициенті өте төмен деңгейде, бұл жер ресурстарының да, су ресурстарының да тозуына себеп болып отыр.
Қызылорда облысында 61 245 гектар суармалы жердің жағдайы қанағаттанарлық емес, ал 100 мың гектардан астам жерде қолданылып отырған суару желілері түбірімен жақсартуды қажет етеді. Кешенді қайта жаңарту алаңы 168, 5 мың гектарды құрайды немесе дренажға деген қажеттіліктің шамамен 70 пайызы. «Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-тің бағалауы бойынша Қызылорда облысындағы суару арналарының ұзындығы 8105 километрді құрайды, оның ішінде, 375 километрі ― тозуы 63, 0 пайыз магистралдық арналар, 1980 километрі ― тозуы 65 пайыз шаруашылықтар арасындағы арналар, 5750 километрі ― тозуы 83% шаруашылық ішіндегі арналар және 3510 километрі ― тозуы 88% коллекторлық-дренаждық желілер.
Суару желілерін қайта жаңартуды, желілерді жоспарлы және ағымдағы жөндеуді уақтылы жүргізу ПӘК айтарлықтай арттыруға және суару суының шығын болуын азайтуға мүмкіндік береді, бұл жалпы алғанда су тоғанынан алынатын 30-40 пайыз суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қалыптасқан жағдай су шаруашылығы құрылысындағы техникалық саясатты қайта құруды талап етеді. Бір уақытта суару суына сараланған тарифтерді қарастыра отырып, қолда бар суару жүйелерін кешенді тұрғыдан қайта жаңарту мен техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруға басымдылық берілуі тиіс, мәнді түрде суармалы жерлерді тиімді пайдалануға ықпал етеді.
Бірақ, қазіргі уақытта Қазақстанда ресейдікіне ұқсас инженерлік-жоспарланған күріш кешендерін кешенді қайта жаңарту бойынша нысаналы бюджеттік бағдарлама жоқ.
Қызылорда облысындағы егістік алаңының 70 пайызға жуығында институттың селекциясы бойынша шығарылған күріш сорттары өсіріледі.
2006-2008 жж. күріштің мынадай жаңа 3 сорты аудандастырылды: Арал 202, Ару, Төгіскен 1. Олар жалпы егін сапасы бойынша ғана емес, сорттық жарма егіні бойынша да артықшылыққа ие болған, сонымен бірге Ару деген сорт 90-95 күнде өсіп-жетіледі. ҚазКҒЗИ-5, ҚазЕр-6, ҚазКҒЗИ-7 деген сорттар шығарылды, олар өнімділігінің жоғарылығымен, аботикалық қолайсыздықтарға төзімділігімен, дәнінің жармалық сипаттарының жақсаруымен ерекшеленетін жаңа сипаттағы инновациялық күріш сорты болып табылады.
Жаздық тарының «Сыр аруы» және «Іңкәр» деген жаңа сорттары шығарылды. Олар тұздануға төзімділігінің жоғарылығымен, жылдам өсіп-жетілуге бейімділігімен, ауа құрғақшылығына және көктемгі ызғарлы суықтың қайталануына төзімділігімен, стандартпен салыстырғанда өнімділігінің 18-20 пайызға артықтығымен ерекшеленеді.
2006 жылы түйежоңышқаның «Арқас» деген жаңа сорты аудандастырылды, жоңышқаның «Түркістан» деген сорты мен жүгерінің «Жадыра 21» деген будан популяциясы МСС-қа берілді. Сары түйежоңышқаның тұздануға төзімділігі жоғары, күріш ауыспалы егісіне бейімделгіш, зиянкестерге қарсы төзімді, стандартпен салыстырғанда өнімділігі 20-25 пайыз артық «Приаральский 19» деген сорты МСС-қа берілді.
Қауынның құрғақ ерігіш заттарға бай, жұмсақ жемісінің қалыңдығымен және 25 т/га өнімділігімен ерекшеленетін «Сырдария» (2010 жылы аудандастырылды), «Дәмелі», «Ната» деген жаңа перспективалы сорттары шығарылып МСС-қа берілді.
Күріш егілетін топырақты минималды өңдеу және күріш өсіру және себілетін материалды, суаруға жұмсалатын суды, топырақ өңдеудің технологиялық операцияларына және тұқым себуге жұмсалатын ЖЖМ үнемдеуге ықпал ететін, күріштің ауыспалы егіс дақылдарын өсіру технологиялары әзірленді.
Күріш өндірудің қалдықтары - қауыз бен сабаннан биокомпаст алу технологиясы әзірленді, күріш жүйесінде биокомпасты қолдану тәсілі әзірленді.
Доломит пен биошунгит қолдана отырып, күріш жүйесінің тұзданған жерлерін мелиорациялау тәсілі, өсу стимуляторларын (Мерс, Жер Нұры, натрий гуматы және т. б. ), ауыл шаруашылығы дақылының өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған сорбент пен гидрогелді қолдану, күріш жүйелерінің тұзданған топырақтарының құнарлылығын қалпына келтіру тәсілдері әзірленді.
Сегіз алқапты қамтыған күріш ауыспалы егістігінің төрт жаңа схемасы әзірленді, онда күріштің үлес салмағы 37, 5 - 50 пайызға дейін; жеті алқапты қамтыған күріш ауыспалы егістігінің екі жаңа схемасы, онда күріштің үлес салмағы 42, 9 пайызға дейін; алты алқапты қамтыған күріш ауыспалы егістігінің екі жаңа схемасы әзірленді, онда күріштің үлес салмағы 33, 3 - 50 пайызға дейін; Бес, төрт, және үш алқапты қамтыған күріш ауыспалы егістерінің әрқайсысында бір-бір жаңа схема әзірленді, онда күріштің үлес салмағы тиісінше 40; 50 және 66, 7 пайыз; нормативтік тұрғыдан таза күріш алу үшін қысқа ротациялық ауысмалы егістің оңтайлы жаңа схемалары әзірленді.
Күріштің және күріш ауыспалы егісінің зиянкес жәндіктеріне қарсы күрес шаралары, онда тұқымды себуден бұрын аз мөлшерде уланған инсектофунгицидтермен өңдеу, себілген тұқымның өсіп-жетілу кезеңінде аурулар көрініс берген болса күріштің пирикуляриозына қарсы жаңа фунгицидтермен егістіктерді өңдеу, экожүйеге техногендік қатерді және дақылдарды өсіруге жұмсалатын шығындарды азайту үшін арамшөптердің негізгі топтарына қарсы кешенді әсері бар, аз мөлшерде уланған, жаңадан шығарылған гербицидтермен өңдеу шаралары әзірленді.
Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты
Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты , Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты - ғылыми-тәжірибелік мекеме. ҚHYPERLINK "/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"азақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағында. 1933 жылы Бүкілодақтық Күріш тәжірибе станциясының (Краснодар қаласы) қарамағындағы ҚHYPERLINK "/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%B7%D1%8B%D0%BB%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%B0"ызылорда күріш тәжірибе егістігі болып құрылған. 1950 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының (кейіннен оның Шығыс бөлімшесі) Қазақ бөлімшесінің Қазақ егіншілік институтының құрамына енді. 1956 жылы 21 тамызда Қызылорда мемлекеттік ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы болып құрылды. 1964 жылы 25 тамызда КСРО Мелиорация және шаруашылық минстрлігінің «Главриссовхозстрой» қарамағына берілді. 1972 жылы 25 ақпанда Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты, ал 1991 жылы бұл институт Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының құзырындағы Қызылорда ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды. 1995 жылы Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институты деп аталды. Ал 2003 жылдан Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылық ғылыми-өндірістік орталығының еншілес мемлекеттік кәсіпорны. Институтта: күріш селекциясы, тұқым шаруашылығы, егіншілік, көкөніс шаруашылығы және бақша өсіру, топырақ құнарлығы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын экология-экономикалық сараптау және патенттеу, мал шаруашылығы, ғылымды өндірістік және техникалық қамтамасыз ету бөлімдері және Консалтинг орталығы бар; 2 тәжірибе шаруашылығында күріш, бидай және көп жылдық шөптердің аудандастырылған сорттарының элиталық және өнімділігі жоғары тұқымы өндіріледі. Институтта күріш дәнінің қызаруының генетикалық табиғаты зерттеліп, онымен күресу жолдары анықталды; Қазақстан бойынша күріш сорттарының теориялық үлгілері жасалып, жоғары өнімді сорттарды шығарудың физиология-биохимиялық негіздері зерттелді; химиялық мутагенез рөлі зерделеніп, соның нәтижесінде күріштің «Маржан» сорты шығарылды; 2 мың селекциялық үлгілер бағаланды; ауыспалы егістің жаңа 8 танапты және қысқа ротациялы үлгілері әзірленді; ауыспалы егістіктерде егілетін дақылдың түріне, алғы дақылына және танаптардың арамшөптермен ластану дәрежесіне қарай топырақ өңдеу жүйесі белгіленді; күріш ауыспалы егісінде егілетін дәнді (күздік және жаздық бидай, арпа, сұлы) және техника (мақсары, қант қызылшасы) дақылдар өсіру технологиясының параметрлері зерттелді; күріш ауыспалы егісіне бейім сорттарын анықтау үшін сорттарды экологиялық сынау жұмыстары жүргізілді. Институтта күріш өсімдігі тұқымдарының ұлттық қоры жиналған. Арал өңірінің қолайсыз жағдайына бейім таза тұқымды бактриан түйелердің сүт өнімділігі жоғары топтарын іріктеу жұмыстары жүргізілді; сүтті және етті-жүнді бағыттағы малдарды іріктеу әдістері зерттелді; сұр түсті қаракөл қойларының зауыттық типін шығару жұмыстары жүргізілді. Күріштің 3 сорты, көп жылдық шөптің және қауынның 2 сорты, жүгерінің 1 сорты шығарылып аудандастырылды. Институт ғылыми жаңалықтары мен 20 өнертабысына патенттер мен авторлық куәліктер алған (2008) . Институт ғылыми жұмыстар жинағын, 75 ұсыныс пен әдістемелік нұсқауларды, 12 кітап пен монографияларды жарыққа шығарды. Сондай-ақ, ЮНЕСКО, Инко-Коперникус, БҰҰ жобаларын қолдау қоры, Ғаламдық экол. қор, Дүниежүз. банк, т. б. ұйымдар мен бірге Арал өңірінің экологиясын сауықтандыру жөніндегі бағдарламаларды дайындауға қатысады. Ин-тта техника проф. Т. Қарлыханов, Қ. Бәкірұлы, А. Н. Подольских, Х. Жамантіков жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz