Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі



1.1 Қазақстанның кен ресурстары
1.2 Көмір
1.3 Асыл металдар
Негізгі бөлім
2.1 Инновациялық дамуды аймақтық тұрғыдан зерттеу
2.2 Иннновациялық аймақтардың өзекті міндеттері
2.3 Индустриалды.инновациялық стратегия шегінде шешімдерді қабылдаудың маңызды принципі
Қорытынды
Пайдалнған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарыныңқоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.
Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді:
• Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары.
• Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір,марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары.
• Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.
Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
1. Оңдаш. А.О Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму мәселелрі, 2013
2. Исабеков Инновациялық даму
3. https://kk.wikipedia.org/wiki

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Реферат

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының иновациялық дамуының минералды шикізат ресурс рөлі

Орындаған: Галимов. А БЗХТ-301
Тексерген: Қалабаева. М. К

Алматы 2015 ж

Кіріспе
Қазақстанның кен ресурстары
Көмір
Асыл металдар
Негізгі бөлім
2.1 Инновациялық дамуды аймақтық тұрғыдан зерттеу
2.2 Иннновациялық аймақтардың өзекті міндеттері
2.3 Индустриалды-инновациялық стратегия шегінде шешімдерді қабылдаудың маңызды принципі
Қорытынды
Пайдалнған әдебиеттер тізімі

1.1 Қазақстанның кен ресурстары - Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарыныңқоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.
Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді:
Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары.
Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір,марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары.
Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.
Кен байлықтардың барланған қоры негізінде ондаған мұнай-газ және кентас өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді, олар 70-тен аса әр түрлі минералдық шикізат түрлерін өндіреді және өңдейді.
Мұнай мен газ
Қашаған мұнай-газ кен орны
Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай-газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ - 2,5 трлн.м3, конденсат - 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 - 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы-газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады. Оңтүстік Маңғыстау мен Солтүстік Үстірт-Бозащы аймағындағы ең ірі кен орындар - Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Солтүстік Бозащы. Мұндағы мұнайдың барланған қоры 700 млн. т, конденсат - 1,4 млн. т және газ - 141,0 млрд. м3 кұрайды. Жалпы республикалық баланста бұл аймақтағы көмірсутек өндірісінің үлесі 50% шамасына тең. Мұнайдың өнеркәсіптік мол қоры Оңтүстік Торғай мұнайлы-газды алабында анықталған (Құмкөл, Майбұлақ, Ащысай, Арысқұм, т.б. кен орындары). Бұл жерде жиынтық болжамдық қоры 400 млн. т шамасындағы 11 кен орыны барланған. Олардың ең ірісі - Құмкөл мұнай-газ кен орны (1990 жылдан мұнай өндіріле бастады). Бұл аймақтың мұнай өндірісіндегі үлесі 10% шамасында.
1.2 Көмір
Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% - қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (Қарағанды, Екібастұз,Майкөбен). Ірі кен орындары - Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. т), Борлы (0,5 млрд. т), Самара (1,3 млрд. т), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. т).Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. т, оның барланғаны 7 млрд. т. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. т-ға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. т. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. т, оның 3 млрд. т-сы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. т), Кендірлік (1,6 млрд. т, барланғаны 250 млн. т) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. т, барланғаны 20,3 млн. т. Қазақстанның батысындағы ең ірісі - Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры - 1,5 млрд. т, оның 0,6 млрд. т-сы барланған.
Асыл металдар
Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша - үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126-сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары: Солтүстік және Орталық Қазақстанда - Жолымбет алтын кен орны, Бестөбе алтын кен орны, Ақсу алтын кен орны, Ақбейіт алтын кен орны; Батыс Қазақстанда - Юбилейное; Шығыс Қазақстанда - Бақыршық алтын кен орны, Суздаль, т.б.; Оңтүстік Қазақстанда - Ақбақай алтын кен орны. Өнеркәсіптік игерілуге Көкшетау ауданындағы аса ірі Васильков даярланған. Қазақстанда негізгі алтын көздерінің бірі Кенді Алтайдағы колчедан-полиметалл кен орындары: Риддер-Сокол, Тишин, Малеев, Грехов. Алтын, сондай-ақ, мысты-порфирлі Бозшакөл, Самара, Ақтоғай мыс кені, Айдарлы, мыс-колчеданды Аралшың, Лиманды, колчедан-полиметалды Абыз,Майқайың, Миөзек, Құсмұрын, Ақбастау, скарндық мыс кентасты Саяқ тобының кен орындарында бар. Ондаған түпкі және кенқайраңдық алтын кен орындары консервацияланған (Бақыршық, Жітіқара, Жарқұлақ, Ақжал, Балажал, Олимпиялық, Кеңгір, Миялы, Құлынжон, т.б.) немесе жете барланбаған (Васильев, Орлов, Прогресс, Сувенир, Алтынсай, Бақтай, Далабай, Гагарин, Шоқпар, Кепкен, Восток V, Комаров І, Қаншыңғыс, т.б.).
Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады.
Қазақстан аумағында 100-ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоникалық көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар 10 өлке мен аудандарға бөлінеді. Олар: Солтүстік Қазақстан (50-ге жуық кен орны бар), Шу - Іле - Кіндіктас - Балқаш жағалауы және Шу - Бетпақдала өлкелері, Шу - Сарысу және Сырдария өлкелерін біріктіретін Қаратау мегаөлкесі, Жоңғар - Кетпен және Каспий жағалауы өлкелері, Ұлытау, Шыңғыс-Тарбағатай және Мұғалжар - Арал жағалауы аудандары.
Жер асты су кендері
Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда - 9, Солтүстік Қазақстанда - 7, Орталық Қазақстанда - 10 және Шығыс Қазақстанда - 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы-қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе-тең.

2.2 Инновациялық дамуды аймақтық тұрғыдан зерттеу
Аймақтардың инновациялық әлуетін талдау үшін Қазақстанда шаруашылық жүргізудің объективті шарттарымен, ресурстық-өндірістік әлеуетімен, мамандануымен және шешілетін мәселелер сипатымен ерекшеленетін аймақтарды төрт топқа бөлінуі негізінде, ҚР Экономика институтымен ұсынылған үлгіні алуға болады.
І топ - жоғарғы технологияны талап ететін, өндіріс үшін қолайлы экономикалық шарттары және жоғары ғылыми-техникалық әлуеті бар облыстар. Бұл аймақтар технико-технологиялық озып кетуінде басты сүйеніш болатын, яғни қоғамдық-экономикалық даму үшін жоғары бастапқы деңгейі бар Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары жатады.
ІІ топ - стратегиялық сипаттағы табиғи минералды ресурс қорлары бар және ғылыми-өндірістік әлеуеттің дамуында жоғарғы деңгейдегі облыстар. Бұл аймақтар тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы рационалды емес, минералды шикізаттың қазу және өңдеу бойынша салалар абсолютті үстем, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары жатады.
ІІІ топ - еліміздегі сауда әлуетінде басты орын алатын индустриалды Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары жатады.
IV топ - рационалды емес салалық құрылымды, экономикалық бейімсіз мүмкіншіліктері шектелген экстремалды технико-технологиялық шарттарымен сипатталатын облыстар және дағдарыс аудандары жатады.
Сонымен, аймақтардың ғылыми-техникалық дамуы үшін бастапқы шарттары әр түрлі, бірақ бұл жағдайлар қоғамдық-экономикалық даму стратегиясының таңдау жолдарын дифференциаланған ізденістермен шартталады.
Жоғарғы ғылыми-өндірістік әлуетті аймақтарға - Солтүстік және Орталық Қазақстан, орташа - Батыс және Шығыс Қазақстан және ең төмен - Оңтүстік Қазақстан аймақтары жатады. Сондықтан, Солтүстік және Орталық Қазақстан кәсіпорындарын инновациялық даму үлгісін өңдеу үшін полигон ретінде таңдау толық мүмкін. Бұл жерлерде индустриалды кешеннің басты салалары, қалыпты ғылыми-өндірістік потенциал, біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық әлеует шоғырланған.
Жалпы, аймақтардың экономикалық дамуы және нарықтық трансформация үрдістері құрылымдық-инвестициялық үрдістер деформациясымен, сонымен қатар аймақтардың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіншіліктер негізінде қалыптасады [249, С. 70-73].
Жаңа енгізулерде және өндіріс қарқынында кластерге кіретін фирмалар сатып алушылар қажеттіліктеріне сәйкес және тезірек жауап беруге икемдірек келеді (1 сурет).
Ал кластер құрамындағы фирма мен сатып алушылардың ағымдағы қажеттіліктеріне келетін болсақ, онда олар сатып алушылардың қажеттіліктерін білетін және олармен тұрақты қарым-қатынаста болатын компаниялар шоғырынан, ұқсас салалардағы фирмалардан, ақпарат жинаудың мамандандырылған құрылымдар шоғырынан пайда алады. Бұл фирмалар тұтынушылық сұраныс тенденцияларын өздеріне бәсекелес фирмаларға қарағанда тезірек анықтайды. Мысалы, Силикон алқабында компьютерлік компаниялар тапсырыс берушілердің қажеттіліктері мен талғамын тез және тиімді анықтайды, олармен бұл қатынаста ешкім жарыса алмайды.
Кластерге қатысу жаңа технологияларға қол жеткізуге, жұмыс әдістеріне және тауарды жеткізуді жүргізу мүмкіншіліктеріне артықшылық береді. Кластерге кіретін фирмалар технология прогресі туралы, жаңа компонеттер мен жабдықтарға қол жеткізу туралы, маркетинг пен қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамалары туралы ақпараттарымен жабдықталады. Өйткені бұл міндеттер кластердің басқа мүшелерінің қатынасымен жеңілдетіледі. Бұған қарама-қарсы жағдай, жекелеген фирманың ақпаратқа жолы болмағандықтан, ол көбірек шығынданады және ол өзінің құрылымы шеңберінде жаңа ақпаратқа жету үшін қосымша қаражат шығарады. Инновацияның мүмкіндіктері үшін кластердің артықшылығы өте зор.Себебі ол нақты қажеттілікте тез жауап тауып алып қимылдауға мүмкіндік береді.

Өндірістік кәсіпорындар
Ғылыми
ұйымдар
Технологиялық
кластер
Инновациялық
инфрақұрылым
Жоғарғы және орта оқу орындары
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Металл кешенінің даму тарихы
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Қазақстанның металлургия кешеннің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны
Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Қазақстан Республикасы инвестициялық іс – әрекетін бағалау
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Инвестицияның теориялық негізі және инвестицияларды тартудағы әлемдік тәжірибе
Мемлекеттік инновациялық саясат аймақтың инновациялық даму деңгейін арттыру механизмі ретінде
Қазақстан Республикасының металлургия комплексінің иновациялық дамуы
Ғылыми-техникалық прогресс және қаржы
Пәндер