Жаза және оның мақсаты жайлы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 бет
1. ТАРАУ. ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ
1.1. Жаза ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4 бет
1.2. Жазаның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7 бет
1.3. Жазалар жүйесі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12 бет
II ТАРАУ. ЖАЗАНЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ . ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ... ... ... ... ..15 бет
2 І.Өлім жазасының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 бет
2.2. Қазіргі кезде қолданылып жүрген өлім жазасының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22 бет
2.3.Өлім жазасы туралы қазіргі тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26 бет
III ТАРАУ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ОРЫНДАУ
З.1. Өлім жазасын орындаудың жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30 бет
З.З.Өлім жазасын орындау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34 бет
БИБЛИОГРАФИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35 бет

Қылмыстық құқық пәнінде бірде бір мәселе өлім жазасын зерттеудегі сияқты қызықтырып қаралмайды деп айтуға болады. Өлім жазасы мәселесі жөнінде арнайы әдебиеттер саны өте үлкен. Ол туралы 1838 жылдан бастап-ақ арнайы әдебиеттер пайда бола бастаған.
Мәселен, Каплер 1838 жылғы “Руководство к литературе уголовного права” атты еңбегінде 232-ге жуық үлкен және кіші мазмұндамаларды, ғылыми еңбектері мен үзінділерді қарастырған.
Бұл еңбектің жалпыға мәлімдігі келесі мән-жайлығы сиапатталады. Бұл еңбекпен танысқан адам, мейлі ол маман болмаған күнде де, ол туралы — “өлім жазасы қаралып біткен және зерттеуге жатпайды”1 деген тұжырымға келеді. Осы жерде мен, бұл бітіру жұмысын зерттемес бұрын, бұл ой пікірмен келіспеген болатынмын, ал қазір оны зерттеп біткеннен кейін мен одан да бетер бұл оймен келіспеймін және айтарым бұндай мәселе, кез келген тұлғаны, әлі толық зерттелмеген тақырып ретінде, көпке дейін қызығушылықпен қарастыруға назарын аударады, деп ойлаймын. Бірақ әрине, схоластикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, өлім жазасы туралы көптеген монографияларда, мазмұндамаларда, мақалаларда айтылғандарға қосатын ештеңе жоқ. Бірақ философиялық-тарихи, заңдық тұрғыдан алып қарастырғанда өлім жазасы туралы әдебиеттер саны көп болған күнде де, ол әлі толық зерттелмеген тақырыптардың қатарына жатады және әлде де зерттелуі тиіс деп ойлаймын.

I. Нормативтік құқықтар актілер.
1. ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. ҚР Қылмыстық кодексі 1997ж
3. ҚР Атқару кодексі. 1997 ж
4. Қазақ ССР Қылмыстық кодексі. Алматы. 1958ж.
5. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысы Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды қолдану тәжiрбиесi туралы 24 маусым 1993ж.
II. Арнайы әдебиеттер:
6. Алауханов Е. , Рахмметов С. Жаза Өркенист 1999ж.
7. Кистаковский А.Р. Исследование о смертной казни. М.,2000г.
8. Против смертной казни. Сб.материалов. М.199ІГ.
9. Смертная казнь за и против. М.1989г.
10. А.Л. Лаврин. 1001 смерть. М.,1991г.
11. Н.Өсерұлы. Жеті жарғы. Алматы ,1996ж.
III.Басылымдар
12. Бабушкин А.В. “Обречение насмерть” Труд. 1999г.
13. Бирюков Е. Против жестокости-жестокостью. Соц.законность. 1990г. №11.
14. Борик А. “Расстрелять дешевле” Лит.газета. 1998г. 17 июнь.
15. Ваксян А. “Маратори на исполнение смертной казни? Вторая попытка”.
Рос. Юстиция. 1998г. №5.
І6. Грибов В. “Просторные камеры для смертников” Преступление и наказание.1998г. №.
17.Карпей И.И. “Высшая мера: за и против”. Сов.государство и право.
1991г.№7.
ІЗ.Катанян К. “Смедэтная казнь временно отменяется” Известия 1999г. 3 февраль.
19. Квашис В.Е. Смертная казнь и общественное мнение”. Гос.право. 1997г. №4.
20. Крашенников П. “Смертная казнь - это кровная месть”. Лит.газета. 1999г. 7-13 июля.
21. Михлин А.С. “Способы применения смертной казни” Государство и право. 1997г. №1.
22. Никитский Л. “Убить” смертную казнь, чтобы вздохнуть в суды присяжных. Моск.новости., 1999г. 7-14 февраль.
23. Приставкин А. “Кого же мы казним”. Московские новости. 1999г. 7-14 февраль.
24. “ Разговор о смертной казни”. Человек и закон 1997г. №2.
25. Рудненко Р. “Привести в исполнсние о смертной казни в России” Аргументы и факты.1997г. №21.
26. Савицкий В. “Смертная казнь пока отменяется”. Труд-7. 1999г. 5 февраль.
27. Онгарбаев С. Өлім жазасын алып тастау әлі ерте. Түркістан. 1999ж 10-1бнаурыз.
28. Арбабаева Г. Панорама. 1997-24 январь.
29. Ардаев В. “Убийство в законе” Известие. 1996 - 5 июнь.
30. Калеева Т. “Смертная казнь: между “за” и “против”. Каз.правды. 1997 -31 январь.
31. Мерцалов В. Высшая мера. Чем ее измерить? Каз.правды. 2000-20 январь.
32. Сулсймслов К. “Главный полицейский Казахстана выступаст за отмену смертной казни.” АиФ Казахстан. 1999г. №47.
33.Шаймерденов К. “Высшая мера наказания” Фемида. 1998г. №7.
34. Шаймерденов К. “Какие цели у высшей меры? Наука Казахстана. 1999г. 16-30 ноябрь.
35. Вестник КазГУ. Сер.юридическая. 1997г. №5. - стр. 154-163.
36. “Смертная казнь и пределы гуманизма”. Вест. КазГУ. Сер. юрид. 1998г. №9.
37. Вестник Мин. юстиц. РК. 1996г. №7. Стр. 29-30.
IV. Оқу кұралдары.
38. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Ағыбаев А.И. Алматы 1998ж.
39. Уголовное право. Наумов А.В. М., 1996г.
40. Мамытов А А. Советтік қылмыстық құқық. 1958ж
41.Уголовное право. Часть общая; Уголовыное наказание; понятие, виды, назначение. 1 том, Екатеринбург. 1994г.
42. Уголовно исполнительное право России. А.И. Зубкова. М., 1997г.
43. Уголовно и исполнительное право Казахстана. Алматы, 1997г.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 бет
1. ТАРАУ. ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ
1.1. Жаза ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 4 бет
1.2. Жазаның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7 бет
1.3. Жазалар жүйесі және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12 бет
II ТАРАУ. ЖАЗАНЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ - ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ... ... ... ... ..15 бет
2 І.Өлім жазасының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18 бет
2.2. Қазіргі кезде қолданылып жүрген өлім жазасының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22 бет
2.3.Өлім жазасы туралы қазіргі тұжырымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 бет
III ТАРАУ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ОРЫНДАУ
З.1. Өлім жазасын орындаудың жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .30 бет
З.З.Өлім жазасын орындау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34 бет
БИБЛИОГРАФИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35 бет
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық пәнінде бірде бір мәселе өлім жазасын зерттеудегі сияқты қызықтырып қаралмайды деп айтуға болады. Өлім жазасы мәселесі жөнінде арнайы әдебиеттер саны өте үлкен. Ол туралы 1838 жылдан бастап-ақ арнайы әдебиеттер пайда бола бастаған.
Мәселен, Каплер 1838 жылғы “Руководство к литературе уголовного права” атты еңбегінде 232-ге жуық үлкен және кіші мазмұндамаларды, ғылыми еңбектері мен үзінділерді қарастырған.
Бұл еңбектің жалпыға мәлімдігі келесі мән-жайлығы сиапатталады. Бұл еңбекпен танысқан адам, мейлі ол маман болмаған күнде де, ол туралы — “өлім жазасы қаралып біткен және зерттеуге жатпайды”1 деген тұжырымға келеді. Осы жерде мен, бұл бітіру жұмысын зерттемес бұрын, бұл ой пікірмен келіспеген болатынмын, ал қазір оны зерттеп біткеннен кейін мен одан да бетер бұл оймен келіспеймін және айтарым бұндай мәселе, кез келген тұлғаны, әлі толық зерттелмеген тақырып ретінде, көпке дейін қызығушылықпен қарастыруға назарын аударады, деп ойлаймын. Бірақ әрине, схоластикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, өлім жазасы туралы көптеген монографияларда, мазмұндамаларда, мақалаларда айтылғандарға қосатын ештеңе жоқ. Бірақ философиялық-тарихи, заңдық тұрғыдан алып қарастырғанда өлім жазасы туралы әдебиеттер саны көп болған күнде де, ол әлі толық зерттелмеген тақырыптардың қатарына жатады және әлде де зерттелуі тиіс деп ойлаймын.
Бұл тақырыпты қарастырғанда мен сондай-ақ, өлім жазасның тарихи жағына және ол туралы қоғамдық пікірлерге мән беріп қарастырғанмын.
Бұл тақырыпты зерттеу барысында мен өлім жазасы туралы өз пікірімді ғана емес, сондай-ақ халықтың да, бұл жаза жөніндегі пікірлерін қарастыруға әрекет жасадым. Әрбір маманға қойылатын өлім жазасы туралы не ойлайсыз, жазаның бұл түрі заңды ма, әлде заңсыз ба? - деген сұрақтарға бiр жақты пiкiр алу мүмкiн емес. Осы тұрғыдағы мәселеге әр түрлi жауап алуға болады.
Бiтiру жұмысы үш тарау, қорытынды және пайдаланған ---------көздердiң тiзiмiнен тұрады.
I - ТАРАУ. ЖАЗА ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҚСАТЫ
І.І. Жаза ұғымы
Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі — жаза.
Жаза дегеніміз — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР қылмыстық кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделелерін, бейбіт өмірін және адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған Қылмыстық заңда жазаға анықтама бермеген. Сондықтан да жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданғанға дейін, қылмыстық заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз-қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар.
Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі жаза түсінігіне келесідей анықтама береді: жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қоладынылады, және адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚР Қылмыстық Кодексімен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган — сот қана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.
Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер, кәсіп орындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.1
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады , қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральды материалдық және басқада ықпал ету арқылы жүзеге асырылады,
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да қылмыстық кодекстерде жазалау жаза мақсаты ретінде қарастырылмайды. Бұрынғы қылмыстық кодекстерде жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.
Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда Н.А.Беляев былай деп жазды: “Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған. қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру”.1 И.И.Карпец пен А.Н.Тарбағаевтың еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған.
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтың және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етедi.
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол - қылмыс жасаған адамға оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да, жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға. Сонымен қатар, қылмыстық жаза қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады.
1.2. Жазаның мақсаты
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды.
Жазаның мақсатын анықтаудың бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып, сот жазаны басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру-жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы қылмыстың алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.
Жазаның мақсаты қылмыстық заңдарда былай деп көрсетілген: “Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады”.1
Яғни, жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау ол негізінен арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты;
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза қолданылған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қатыстырылуы тиіс.
Сонымен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру - жаза мақсаттарының бірі болып табылады. Қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділетттілікті қалпына келтіру — жаза мақсаттарының бірі болып табылады, қандай қылмыс болмасын әлеуметтік әділеттілікті бұзады. Мысалы, күші басым адам әлсіз адамды соққыға жығады. Ер адам күш көрсетіп, әйел зорлайды. Лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі нұқсан келтіреді. Осы көрсетілген жағдайлардың әрқайсысында біреу жасаған қылмыстың нәтижесінде екінші адамға қатысты әлеуметтік әділеттілік бұзылған.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбiр шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге әрекет жасауға тиіс. Қылмыскерді бас бостандығынан айыру, оны күйзелту жәбірленгеннің аз да болса, көңілін басады, жасалған қылмыс нәтижесінде өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келеді деп үміттенеді.
Ал, жалпы қоғам көлемінде әлеуметтік әділеттілік қалпына келу үшін сот әділ жауапты көпшілік алдында сот процестері негізінен ашық мәжілістерде өтеді тағайындайды, сол арқылы көпшілікке қылмыстық занды бұзған адамды мемлекеттің жазалайтындығын, жазалай отырып, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, жалпы халық денсаулығын, басқа да игіліктерді қорғайтындығын білдіреді. Қылмыскердің жазаланғанын естіген адамның көңіл күйі орнына түседі. Мысалы, көп қылмыс жасаған қылмыскерді өлім жазасына тартқан болса, онда басқа халық ол қылмыскерді ендігәрі қылмыс жасалмайды деп көңілі орнайды. Жазаның мақсатын заң әлеуметтік1 әділеттілікпен байланыстырады, сондықтан сот тек қана әділ жаза тағайындау үшін өте ұқыптылық танытуға тиіс. Онсыз жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудегі мақсатына қол жеткізу мүмкін емес.
Жаза қолданғанда адамдар әділеттілікті сезінеді, ал кейбір жағдайларда қылмыскердің жасаған әрекеті олардың наразылық сезімін тудырады. Сондықтан да қатаң болса да әділ жазаны көпшілік қанағаттанғандық сезіммен қабылдайды. Керісінше, әділетсіз, кінәсіне сай емес жаза тағайындау жазаның мұндай маңызды мақсатын жоққа шығарады. Жазаның басқа бір маңызды мақсаты - сотталғанды түзеу. Ондай мақсаттың болуы Қазақстан Республикасы қылмыстық заңның адамгершлік сипатын көрсетеді.
Қылмыс жасаған адамға заңды қолдана отырып, мемлекет ол адамның жазаны өтегеннен кейін қоғамға басқа қылмыс жасалмайтындай болып оралуын көздеуге тиіс.
Түзеу дегеніміз — адам бойындағы қылмыс жасауға итермелейтін қасиеттерді жою.
Жалпы мұнда, біздің тақырыбымыз өлім жазасына арналғандықтан бұған біз тоқталмаймыз.
Жазаның өзіндік жеке мақсаты — арнайы (жеке) сақтандыру мақсаты. Оның мәні де, мазмұны да — сотталған адам тарапынан жаңа қылмысты болдырмау, қылмыстан сақтандыру шарасы сол қылмыс жасаған адамға тікелей бағытталады.
Әдебиеттерде арнайы сақтандыру шараларының мазмұны және оған қол жеткізу тәсілдері жайында ортақ пікір жоқ. А.И. Марцевтің пікірінше, арнайы сақтандыру шараларының мәні қылмыстың жауапкершілікке тартылған адамның жаңа қылмыс жасауына жол бермеуде және бұл мақсатқа жазалау тәрбиелеу арқылы қол жеткізуге болады.
Ал, И.И.Карпецтің пікірінше, нақты адамға жаза тағайындалғанда арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына әдістермен қол жеткізуге болады: қылмыскерді қылмыс жасау мүмкіндігінен айыру; қылмыскердің көңіл күйіне ықпал жасау; зәресін алу.
Арнайы сақтандырудағы мақсатқа мына жолдармен қол жеткізуге болады. Біріншіден, сотталған адамды жаңа қылмыс жасау мүмкіндігінен айырады.
Қылмыстың заңда белгіленген жазалар жүйесінде сотталған адамның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін жоққа шығаратын көптеген амалдар қарастырылған.
Екіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазамен қорқыту арқылы қол жеткізуге болады. Жазамен қорқыту сол жазаның қалай да болатындығына байланысты. Егер де жаңадан жасаған қылмыс үшін жазадан құтылмайтын мойындаса, ол қылмыстан бас тартуы мүмкін. Сотталған адамның басына қандай да бір күйзеліс келсе, ол жаңа қылмыс жасаудан бас тартуы мүмкін, себебі қайталап жасаған қылмыс үшін заңда қатаң жаза қарастырылған. Бұрынғыдан да бетер қатаң жазалану үрейі адамды жаңа қылмыс жасаудан бас тартуға мәжбүр етеді.1
Үшіншіден, арнайы сақтандырудағы мақсатқа жазаны өтеу барысында сотталған адамның көңіл-күйіне өзі ықпал ету арқылы қол жеткізуге болады, ол да сотталған адамның жаңа қылмысқа бармауына себеп болады.
Ал, қылмыстан жалпы сақтандырудағы мақсат, қылмысты сотталған адам тарапынан басқа адамдарға, заң талаптарын сақтауды сенімсіздік танытатын адамдарға жасатпау.
Қылмыстан арнайы сақтандырудан оның айырмашылығы — мұндағы мақсат қылмыс жасаған жеке адамға емес, заңды басқа да нормативтік актілерді бұзуға икемді, тиянақсыз адамдарға ықпал жасау. Жазамен қорқыту, қылмыс жасаған жағдайда оны қолдану қаупі қылмысқа бейім адамдарға тосқауыл болады, қылмыстық ниеттен қайтарады. Жасалған қылмыс үшін жаза қолдану үрейі тұрақсыз адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Жазаның жалпы сақтандыру шараларындағы ықпалы бірінішіден, қылмыстық заңның жарияланып, онда әрбір нақты қылмыс үшін белгіленген жазаның көрсетілгендігіндей, екіншіден, қылмыс жасаған нақты адамға соттың жаза тағайындауында, үшіншіден, тағайындалған жазаның орындалу процесінде, - деп жазады М.Д. Шаргоридский.2
С.В. Полубинская жалпы алдын алу шараларын екі түрге бөледі: жалпы сақтандыру шаралары, тар мағынада түсінгенде, негізінен қорқыту шаралары және бір шама тәрбие арқылы қылмыс жасауға бейім адамға ықпал жасау; жалпы сақтандыру шаралары, кең мағынада түсінгенде, қоғамның барлық мүшелеріне жазаның тәрбиелік ықпал етуі.
Жазаны қолданғанда жазаның барлық мақсаттары бірден қамтылады. Бірақ бұл, сол мақсаттардың бәріне бірдей қол жеткізу емес. Мысалы, қылмыскерді колонияда ұстап, оны оқшаулағанда, ол сол жаза өтеп жатқан кезінде ешқашан жаңа қылмыс жасай алмайды. Мұнда арнайы сақтандырудағы мақсатқа қол жетеді, бірақ бұл жағдайда барлық уақытта бірдей түзеу масатына қол жеткізе алмаймыз.
1.3. Жазалар жүйесі және оның түрлері
Жазалар жүйесі дегеніміз — ауырлығы ескеріліп белгілі бір ретпен орналасқан, толық берілген және сот үшін міндетті болып табылатын, қылмыстық заңда бекітілген жазалар түрінің тізімі.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа карсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сотталган адамға келтіретін айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:1
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу;
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді.2
Бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз- заң бойынша жеке дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Жалпы қазіргі қылмыстық заңдарға сәйкес қылмыс жасады деп танылған адамдарға келесідей негізгі жазалар қолданылады:
- айыппұл салу;
- белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
- қоғамдық жұмыстарға тарту;
- түзеу жұмыстары;
- әскери қызмет бойынша шектеу;
- бас бостандығынан шектеу;
- қамау;
- тәртіптік әскери бөлімде ұстау
- бас бостандығынан айыру;
- өлім жазасы.
Осы жерде өлім жазасы түрлердің тізіміне кіргенмен, ол ерекше сипаттағы жаза деп көрсетілмеген.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады. Қосымша жазалар деп- негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот Пленумының “Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды қолдануы туралы”, 24 маусым 1993 №3 қаулысының тармағында “Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне назар аударғаны жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі”1 - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс.
Қосымша жазаға жататындар:
- арнаулы әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
- мүлкін тәркілеу.
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру.
Сонымен қатар қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді жүргізудің негізгі шарты болып табылады.
2.
3. ТАРАУ. ЖАЗАНЫҢ ЕРЕКШЕ ТҮРІ - ӨЛІМ ЖАЗАСЫ
2.1. Өлім жазасының қысқаша тарихы
Өлім жазасы — ең бір адамды толғандыратын қылмыстық құқықтық мәселелердің біріне жатады. Оның төңірегіндегі дауға тек заңгерлер ғана емес, барлық адамдар қатысуда. XX ғасырдың 70-80 жылдары өлім жазасын біртіндеп азайту келешекте бұл жазадан бас тарту үрдісі дүние жүзілік қауымдастықта оның байқала бастауы болып табылады. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактінің Екінші факультативтік хаттамасындағы өлім жазасынан бас тарту жөніндегі БҰҰ-лық үндеуін көптеген мемлекеттер қабылдады. Қазіргі кездерде Еуропа одағына, кіретін елдер одан бас тартты.1 Бірақ, жалпы қоғамдық пікір өлім жазасын қылмыстық жазалар қатарынан біртіндеп шығару идеясын онша құлшынып құптамай отыр.
Қазақстан Республикасында, басқа да көптеген елдердегі сияқты, жазаның бұл түрі әлі бар. Бірақ, Қазақстан Республикасының конститутциясында өлім жазасы жазаның ерекше шарасы ретінде, аса ауыр қылмыстар үшін ғана қолданылады деп көрсетілген. Ондай жазаға кесілген адамның кешірім сұрауға (амнистияға) құқығы бар.2
Өлім жазасы тағайындалатын қылмыстардың тізімі берілген. Өлім жазасы адам өміріне қастандық жасалған ерекше қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кездерінде немесе ұрыс жағдайында жасалған қылмыс үшін, мемлекеттік сатқындық, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар және ерекше ауыр әскери қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін, яғни өлім жазасы қазіргі қылмыстық зандарға сәйкес Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларының 18 санкциясында көзделген. Ол бұрынғы, яғни осы 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген қылмыстық кодекске қарағанда екі есе аз. Ол біздің жас мемлекетіміздің де өлім жазасынан бірте-бірте бас тарта бастағандығын көрсетеді.
Талдап отырған норма жазаның бұл түрінің мазмұнын ашпайды, дегенмен сот үкімі сотталған адамның өмірін жою деген түсінік береді.
Жазаның мазмүны өлім жазасын жүзеге асыру тәсілін көрсеткенде ашылады. Мысалы, ату жазасына кесу. Жазаның бұл тәсілімен орындалуы көпшілік көзінен таса жағдайда жүзеге асырылады. Өлім жазасын қолданғанда сот жаза тағайындаудың жалпы алғы шартын басшылыққа алуға тиіс.
ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24мауысым 1995 жылғы “Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы” №3 қаулысында жазаның бұл түрі жауапкершiлікті ауырлататын ерекше мән жайларда, сонымен қатар аса ауыр қылмыс жасаған адам ерекше қауіпті болып, оны тағайындау қажет болған жағдайда қолданылады. Өлім жазасын қолдану барлық жағдайларда жасалған қылмыстың анықталған мән-жайлары негізінде өзінің толық дәлелін табуы тиіс және сотталушыға толық сипаттама беруді қажет етеді”.1
Егер қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі ескірсе немесе қылмыстық жауапкершілікке тартудың мерзімі ескірсе немесе айыптау үкімінің орындалу мерзімі ескірсе, өлім жазасын қолданбаудың ерекше жағдайларын көздейді.
Егер сот айыптау үкімінің ескіруін қолдануын мүмкін емес деп тапса, онда өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылады.
Егер сот айыпкерді ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін емес деп санаса, онда өлім жазасы жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Жалпы ҚР қылмыстық кодексіне сәйкес өлім жазасы әйелдерге, он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, үкім шығарған кезде алпыс бес жасқа толған ер адамдарға өлім жазасы тағайындалмайды.2
Жалпы мұнда айта кететін жағдай ол сот өлім жазасын тағайындауға міндетті емес. Кез келген жағдайда ол өлім жазасын, басқа жазалардың түрін таңдап алуға құқығы бар.
Сонымен қатар, өлім жазасы кешірім жасау тәртібінде өмір бойы бас бостандығынан айырумен немесе жиырма бес жылға бас бостандығынан айырып жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеумен ауыстырылуы мүмкін.
Өлiм жазасы, ол туралы үкім заңды күшіне енгеннен кейiн, бір жыл өтпей орындалмайды, ал сотталған адамның кешірім сұрау жөніндегі өзінің конституциялық құқығын пайдалануына мүмкіндік береді.
Жалпы өлім жазасы туралы мәліметтер шамамен алғанда алғашқы мемлекеттердің пайда болуымен қатар болып келеді. Ал өлім жазасы заңи тұрғыдан заңды жаза ретінде қоғамға көшіп, биліктің бөліне бастауынан бастап қалыптасқан. Баяғы кездерде адамдарды рулық заңдарымен соттаған, ал саяси территориялық құрылымның құрылуымен синтезге және универсализацияға бағытталған құқықтық нормалар пайда болған. Бірақ әрине олай болған күнде де өлім жазасы әр мемлекетте әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін әртүрлі қолданылған. Мысалға алғанда, бір мемлекетте өлім жазасы адам өлтіргені үшін, Талион қағидасын қанғақан, жанға — жан негізге алып, өлім жазасы қолданылған, екінші мемлекетте некенің талаптарын бұзғаны үшін, ал басқа бір мемлекеттерде тайпа басшысының құдіретті күшін жоғалтқаны үшін тағайындалатын.1
Мемлекеттік құқықтық қатынастардың пайда болуымен, “талион қағидасы” пайда болған. Ол бойынша тағайындалатын жаза жасаған қылмысына сай болуы керек. Көпшіліктің сана сезімінде ол әлі күнге дейін “қанға-қан, жанға жан” (толығымен ол былай деп айтылады2: “... егер біреуге зиян келтірсең, онда сен жанға-жан, көзге-көз, тіске-тіс, қолға-қол, аяққа- аяқ, күйікке — күйік, қанға-қан тапсыр”) деген ойда жүреді. Бірақ сондай-ақ көптеген мемлекеттерде қанның құны деген түсініктер де болған.
Жалпы оптикалық мемлекеттерде, орта ғасырлардағы Ресей мемлекеттерінде өлім жазасы екі тұрғыдан алып қарастырылған. Ол “жай өлім жазасы және сараланған” өлім жазасы. Жай өлім жазасының түрлеріне — дарға асу, басын шабу, суға батыру сияқтылар жатады. Ал сараланған өлім жазасының түрлеріне — жағу, аузына еріген қорғасын құю, --------------, қолға отырғызу, тірідей жерге көму сияқтылар жататын.
Осы жерде жалғыз Ресей және антикалық мемлекеттерде емес сондай-ақ, ерте ғасырлардағы Қазақстанда да ондай өлім жазасы қолданылған. Оны біз негізінен Тәуке ханның жеті жарғысынан көре аламыз. Жеті жарғысының бірінші бабы қанға- қан, жанға-жан деп текке басталмаған. Адам өмірге бірақ рет келеді. Өлшеулі өмірді текке қиюдан асқан қылмыс бар ма? Сондықтан да қашан, қай заманда болсын, кісі өлтірушілерді қатаң жазалаған.
Жалпы осыған байланысты, әр автор әртүрлі әңгімелейді. Біреулері “қанға-қан, жанға-жан, мүгедектік еткендерге мүгедектік” десе, екіншілері “Кімде-кім біреуді өлтірсе, онда ол қанға қанмен жазаланады, немесе өлім үшін қылмыскер бүкіл руымен 200 ат құн төлейді” дейді. “Қандай бір түрде болсын, мүгедектік еткендерге жаза дәл солайша қайтарылады”.- дейді К. Шүкірәлиев.3 Сондай-ақ құн төлеп құтылу деген де түсініктер болған. Ол бойынша Ә. Нұрлыбаевтың айтуынша “Ердің құны 200 жылқы болсын” деп көрсетілсе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz