Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. ХҮ.ХҮІ ғғ. ЖАПОНИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

1.1. ХҮ.ХҮІ ғғ. Жапонияның әлеуметтік.экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2. Саяси бытыраңқылық және феодалдық соғыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

II. ЖАПОНИЯНЫ БІРІКТІРУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚТАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2.1. Ода Нобунага және Тоётоми Хидэёсидің елді біріктіруге
бағытталған шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.2. Токугава Иэясудің елді біріктіруді аяқтауы және
орталықтанған мемлекеттің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Ортағасырлық тарихтың атақты зерттеушісі, профессор Қ. Т. Жұмағұловтың: “Өркениет тарихын дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде онымен байланыстыра отырып зерттеу қажет. Солай ғана тарихи дамудың заңдылығын түсіндіруге болады”, - деген пікірін негізге аламыз [1, 8б]. ХҮІ ғасырдың ортасынан басталып, ХҮІІ ғасырдың басына дейін созылған Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес ортағасырлық Жапония тарихында маңызды орын алады. Орталықтанған мемлекеттің пайда болуы тарихы мен күшті орталық биліктің қалыптасуы, оны тудырған тарихи заңдылықтарды анықтау қазіргі уақытта егеменді ел болып отырған, президенттік, құқықтық мемлекет құруды жүргізіп отырған Қазақстан үшін тарихи тәжірибелік жағынан өте маңызды. Өйткені жүздеген жылдар бойы саяси бытыраңқылық жағдайында өмір сүрген Жапония болашақтағы империалистік мемлекетке айналуы осы саяси күрестердің нәтижесінде пайда болған Токугава сёгунатының кезеңінде анықталды. Оның үстіне Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес пен оның нәтижесінде қалыптасқан орталықтанған мемлекеттің тарих зерттеу жалпы адамзат тарихына ортақ заңдылықтарды анықтауға да көмектеседі. Бұл біздің ғылыми қызығушылығымызды да тудырады және осы академиялық қызығушылық ғылыми тұрғыдан құнды болатын шешімдерге алып келеді деп үміттенеміз. Сондықтан қарастырғалы отырған тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан қарастыру біздің қоғам үшін де, ғылым үшін де өзекті болып табылады деген ойдамыз.
1. К. Т. Жумагулов. 70-летие КазНУ им. аль-Фараби и проблемы исторической науки.//Бекмахановские чтения – 2004. Материалы международной научной конференции. Алматы 2004.
2. Свод законов “Тайхорё”.//Перевод К. А. Попова. в 2-х частях. М., 1985.
3. Попов К. А. Законодательные акты средневековой Японии. М., 1984.
4.Подпалов Г. И. Крестьянское петиционное движение в Японии во второй половине ХҮІІ – начале ХҮІІІ в. М., 1960.
5. Филиппов А. В. “Стостатейные установления Токугава” и “Кодекс из ста статей”. Спб. 1998.
6. Спеваковский А. Б. Самураи – военное сословие Японии. М., 1981.
7. Тортаев С. А. Ортағасырлық терминдердің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2003.
8. Жумагулов К. Т. Проблемы истории германских племен (с древнейших времен до начала средних веков). Алматы, 2002.
9. Кузнецов Ю. Д., Навлицкая Г. Б., Сырицын И. М. История Японии. М., 1988.
10.Конрад Н. И. Избаранные труды. История. М., 1974.
11.Гальперин А. Л. Очерки социально-политической истории Японии в период позднего феодализма. М., 1963.
12. Поздняков И. Г. К вопросу о генезисе капитализма в Японии./в сб. Генезис капитализма в промышленности./Под. ред. Сказкина С. Д. М., 1963.
13.Государства в докапиталистических обществах Азии. М., 1987.
14.Конрад Н. И. Восток и Запад. М., 1966.
15.Жумагулов Қ. Т. Ремесла, торговля и обмен у древних германцев. Алматы, 1994.
16.Каткова З. Д., Чудодеева Ю. В. Китай-Япония: любовь или ненависть? М., 2001.
17.Искендеров А. А. Феодальный город Японии. М., 1961.
18. Ханин З. Я. Парии в японском обществе. М., 1987.
19.Ким Э. Г. Первое японское посольство в Европу 1582-1585 гг.//История и культура Японии. М., 2002.
20. Яцуси Кабата. Серебро в денежном обращении Восточной Азии в ХҮІ-ХҮІІ вв.//Материалы ХІІІ международного конгресса историчских наук. М., 1970.
21.Васильев Л. Н. История Востока. В 2-х томах. Т. 1. Л., 1998
22.История стран Азии и Африки. М., 1985.
23. Очерки истории Японской культуры. Т. ҮІІІ. М., 1959.
24. Искендеров А. А. Тоётоми Хидэёси. М., 1984.
25. Жуков Е. М. История Японии. Краткий очерк. М., 1939.
26. Документы по истории японской деревни конец ХҮІІ – первая половина ХҮІІІ в.// Пер. и предисл. О. С. Николаевой. В 2-х частях. Часть І. М., 1966.
27. Указы Хидэёси. Указы бакуфу.//Подпалов Г. И. Крестьянское петиционное движение в Японии во второй половине ХҮІІ – начале ХҮІІІ в. М., 1960.
28. Ханин З. Я. Социальные группы японских париев (Очерки истории до ХҮІІ в.). М., 1973.
29. Роджерс Ф. Дж. Первый англичанин в Японии. //Пер. С англ. Зониной Н. В. И Кабанова А. И. М., 1987.
30. Гальперин А. Л. К вопросу о генезисе капитализма в Японии.//Сб.: О генезисе капитализма в странах Востока (ХҮ-ХІХ вв.). М., 1962.
31. Хани Горо. История Японского народа. // Пер. с япон. и предисловие Гальперина А.Л. М., 1987.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. ХҮ-ХҮІ ғғ. ЖАПОНИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ.

1.1. ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Саяси бытыраңқылық және феодалдық соғыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

II. ЖАПОНИЯНЫ БІРІКТІРУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚТАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

2.1. Ода Нобунага және Тоётоми Хидэёсидің елді біріктіруге
бағытталған шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2. Токугава Иэясудің елді біріктіруді аяқтауы және
орталықтанған мемлекеттің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .41

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Ортағасырлық тарихтың атақты зерттеушісі, профессор Қ. Т. Жұмағұловтың: “Өркениет тарихын дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде онымен байланыстыра отырып зерттеу қажет. Солай ғана тарихи дамудың заңдылығын түсіндіруге болады”, - деген пікірін негізге аламыз [1, 8б]. ХҮІ ғасырдың ортасынан басталып, ХҮІІ ғасырдың басына дейін созылған Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес ортағасырлық Жапония тарихында маңызды орын алады. Орталықтанған мемлекеттің пайда болуы тарихы мен күшті орталық биліктің қалыптасуы, оны тудырған тарихи заңдылықтарды анықтау қазіргі уақытта егеменді ел болып отырған, президенттік, құқықтық мемлекет құруды жүргізіп отырған Қазақстан үшін тарихи тәжірибелік жағынан өте маңызды. Өйткені жүздеген жылдар бойы саяси бытыраңқылық жағдайында өмір сүрген Жапония болашақтағы империалистік мемлекетке айналуы осы саяси күрестердің нәтижесінде пайда болған Токугава сёгунатының кезеңінде анықталды. Оның үстіне Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес пен оның нәтижесінде қалыптасқан орталықтанған мемлекеттің тарих зерттеу жалпы адамзат тарихына ортақ заңдылықтарды анықтауға да көмектеседі. Бұл біздің ғылыми қызығушылығымызды да тудырады және осы академиялық қызығушылық ғылыми тұрғыдан құнды болатын шешімдерге алып келеді деп үміттенеміз. Сондықтан қарастырғалы отырған тарихи оқиғалар мен құбылыстарды ғылыми тұрғыдан қарастыру біздің қоғам үшін де, ғылым үшін де өзекті болып табылады деген ойдамыз.
Әдістері мен әдіснамасы. Диалектикалық әдіснамадағы тарихи оқиғалар мен құбылыстардың өзіндік даму заңдылақтары мен себептері бар деген ойды ұстанамыз. Сол бойынша қарастырғалы отырған оқиғалардың шығуына алып келген объективті және субъективті алғышарттарға көңіл бөлеміз. Осы факторларды анықтағаннан кейін олардың тарихи оқиғаға қаншалықты ықпал еткенін анықтауға тырысамыз. Бітіру жұмысының жазылу барысында біз ең алдымен хронологиялы әдістің аясынан шықпаймыз. Зерттеу методологиясы объективтік, тарихилық, жүйелілік және даму сияқты ғылыми таным принциптеріне негізделеді, сондай-ақ біз қарастырып отырған тарихи кезеңді мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған.
Нақты фактілік материалды зерделеу ғылыми зерттеудің талдау және жинақтау, жүйелендіру, салыстыру т.б. жалпыға белгілі әдістері негізінде жүргізілді. Сонымен қатар салыстырмалы тарихи әдісті де қолданатын кездер болады. Өйткені Ода Нобунага туралы деректер әлі орыс немесе қазақ тіліне аударылмаған сондықтан Хидэёси мен Токугава уақыты туралы мәліметтер беретін деректердегі ақпаратты Нобунага кезеңімен салыстыру арқылы оның тарихилығын анықтаймыз. Негізінен зерттеуде қолданылған тарихи зерттеу әдістері айқын байқалмайтын сияқты, бірақ ол үстіртін көрініс. Шын мәнінде біз аталған әдістерді де, жалқыдан жалпыға көшетін дедуктивті әдісті де қолдандық.
Дерекнамалық талдау. Зерттеу барысында біз деректік материалды іздестіруде біршама қиындықтарға ұшырастық. Біз ортағасырлық Жапония тарихы туралы мәлімет беретін деректер ішінен тек жазбашаларын ғана қолдандық. Өйткені ХҮ-ХҮІ ғғ. туралы біз түсінетін тілдерге аударылағн деректер жоқтың қасы, сондықтан ХҮ-ХҮІ ғғ. құқықтық жағдайды анықтаған кезде біз Асикага кезеңінен бұрын шығарылған және ертефеодалдық кезеңге, ҮІІІ ғ. жататын Тайхёре заңдар жинағының мәліметтерін пайландық [2, 34б]. Свод законов “Тайхёре”, заңдар жинағын аудару жұмысын К. А. Попова жүргізген [3, 42б]. Негізгі дерек көзі ретінде біз Хидэёсидің жарлықтарын және Токугаваның заңдар жинағын пайландық. Хидэёсидің жарлықтары Г. И. Подпалованың “Крестианское петиционное движение в Японии во второй половине ХҮІІ в”, атты еңбегіндегі аудармаларды қолдану арқылы белгілі болды [4, 38б]. Бұл деректен біз Хидэёсидің қай уақытта және қандай жарлықтар шығарғанын анықтап, олардың қандай мақсат көздегені туралы мәлімет алдық. Заң жинақтарының құндылығын оның тікелей орталықтанған мемлекет ішіндегі феодалдық қатынастарды реттеуге бағытталғанынан да, сол уақыттағы қоғам ішіндегі жағдай туралы беретін мәліметінен де байқай аламыз.
Сонымен қатар Токугава Иэясудың “Токугава сэйкан хяккадзё” заңын тікелей ХҮІ ғ. аяғындағы ХҮІІ ғ. басындағы Жапонияның әлеуметтік, экономикалық және саяси жағдайын анықтауда пайдаландық. 1616 ж. жарияланған Токугаваның жүз баптық заңын А. В. Филиппов аударған және оның тарихына тоқталып, деректің маңыздылығын анықтап берген. Осы дерек көзі бізге орталық билігі қуатты мемлекеттің басқару аппараты, қоғамдағы әлеуметтік топтар, қолөнер мен сауда жағдайы туралы құнды ақпарат береді. Біз бұл дерек көзінің тарихилығы мен шынтуайтылығына оның наративті дерек болмағандығына сүйене отырып күмән келтіре алмадық.
Аталған деректермен қатар біз ғылыми еңбектерде Жапон тарихын зерттеушілердің шетел тілдерінде, оның ішінде Жапон тілінде жазылған деректерге сүйенген мәліметтерін келтіру және оны дерек көзі ретінде пайдалануға тырыстық. Бұл әсіресе А. А. Искендеровтың, Е. Жуковтың, З. Д. Каткова мен Ю. В. Чудодееваның, Н. И. Конрадтың, А. Л. Гальпериннің және басқа да авторлардың еңбектеріне қатысты. Зерттеу еңбектерін саралауды біз кейінірек жүргіземіз. Қазір сол еңбектердегі құнды мәліметтерге назар аударайық. А. Искендеровтың “Феодальный город Японии ХҮІ в.”, “Тоётоми Хидэёси” еңбектерінде негізінен Жапон тарихшыларының еңбектеріне және Жапон тілінде жазылған деректерге сүйене отырып құнды мәліметтер береді. Біз бұл мәліметтерді бірінші тарауда да, екінші тарауда да қолдануға тырыстық. Аталған басқа авторлардың еңбектерінде де жапон тілінде жазылған және әлі аударылмаған авторлардың, заңдардың деректемелеріне сүйене отырып ортағасырлық Жапонияның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы туралы маңызды мәліметтер береді.
Зерттелу деңгейі. Жапонияны біріктіруге арналған арнайы жазылған ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Ондай еңбектердің қатарына біз А. А. Искендеровтың көрсетілген “Тоётоми Хидэёси” еңбегін ғана жатқыза аламыз. Өйткені манография негізінен орталықтанған мемлекеттің құрылуына үлкен үлес қосқан ортағасырлық тарихи тұлға туралы, оның өмірбаяны мен саяси қызметі туралы жаза отырып, Жапонияның бірігуін жүргізген оқиғаларға және негізгі саяси тұлғаларға баса көңіл бөлген. Сонымен қатар Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес пен орталықтанған мемлекеттің қалыптасуы тарихына Е. М. Жуковтың “История Японии. Краткий очерк” еңбегі, А. Л. Гальпериннің “Очерки социально-политической истории Японии в период позднего феодализма” зерттеуін жатқыза аламыз [5, 10-39бб]. Қалған зерттеу еңбектері негізінен Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес, орталықтанған мемлекеттің қалыптасуы мәселесіне сол кезеңдегі, одан бұрынғы немесе кейінгі тарихына баса назар аудара отырып, Жапонияның әлеуметтік, экономикалық, шаруалар қозғалыстары сияқты мәселелрін қарастырғанда үстіртін шолу жасайды. Хани Горо История японского народа еңбегінде XV-XVII ғасырлардағы крестьяндар мен қалалықтардың арасындағы күресті республикалық тұрғысынан қарастырады және Батыс елдерімен салыстыра отырып, осы кезеңге тән қасиет екендігін көрсетеді. Сөйте тұрса да, А. Искендеровтың “Феодальный город Японии ХҮІ в”, З. Я. Ханиннің “Социальные группы японских париев (Очерк истории до ХҮІІ в)”, А. Б. Спеваковскийдің “Самураи – военное сословие Японии” [6, 19б], Г. М. Подпалованың “Крестианское петиционное движение в Японии во второй половине ХҮІІ в – начала ХҮІІІ в”, сол сияқты Қазақстандық ортағасырлардағы Шығыс тарихы бойынша жазып жүрген С.Ә.Тортаевтың “Ортағасырлық терминдердің түсіндірме сөздігі” сияқты еңбектер біздің жұмысымызда маңызды орын алып үлкен көмек болды [7, 9б].
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның Европа елдерінде де танымал медиевисті, профессор Қ. Т. Жұмағұловтың: “Ерте заманды зерттеген кезде қазіргі уақыт тарихшысы тек жазба деректермен қанағаттана алмайды. Ғылымның қазіргі даму сатысында феодализм генезисі тарихын қалпына келтіру сияқты жауапты міндетті шешуге осы уақыттағы тарих ғылымының алуан түрлі материалдары негізінде қол жеткізуге болады”, – деген сөздерімен толығымен келісеміз[8, 10б].
Бітіру жұмысының басты мақсаты Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрестің басталуына қандай оқиғалар мен құбылыстар ықпал еткенін анықтау арқылы саяси күрестің барысын, орталықтанған мемлекеттің қалыптасуын анықтау болып табылады. Осы мақсатқа жету барысында біз мынадай міндеттерге жетуіміз керек. Ең алдымен біз ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның экономикалық жағдайына көңіл бөліп, оның қай салаларында даму, ал қай салаларында дағдарыс нышандары байқалғанын анықтаймыз. Мұнан кейін біз ортағасырлық мемлекеттің экономикасындағы өзгерістердің әлеуметтік салаға тигізген әсерін көрсетіп, оның қаншалықты елді біріктіруді бастаған тарихи тұлғаларға ықпал еткенін анықтауға кірісеміз. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың саяси жағдайдың өзгеруіне әсерін, оның ішінде саяси бытыраңқылыққа алып келген мәселелеріне көңіл бөлеміз. Жапонияны күшті мемлекттік басқару аппараты бар, орталықтанған мемлекетке айналуына Ода Нобунага, Тоётоми Хидэёси және Токугава Иэясу сияқты тарихи тұлғалардың қаншалықты үлес қосқанын, осы мақсаттарға жету үшін қандай шаралар қолданғанын көрсетуге тырысамыз.
Бітіру жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы екі тараудан: “ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы” және “Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес және орталықтанған мемлекеттің қалыптасуы” атты екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Бірінші тарау “ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы”, “Саяси бытаңқылық және феодалдық соғыстар”; екінші тарау “Ода Нобунага мен Тоётоми Хидэёсидің Жапонияны біріктіру үшін жүргізген күресі”, “Токугава Иэясудің елді біріктіруді аяқтауы және орталықтанған мемлекеттің құрылуы” атты параграфтардан тұрады.

I. ХҮ-ХҮІ ғғ. ЖАПОНИЯНЫ БІРІКТІРУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.
1.1 ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

Кез келген тарихи оқиға мен құбылыстың өзіндік тарихи және ғылыми маңыздылығымен қоса оларды тарихи аренаға алып келген объективті де, субъективті алғышарттарының маңыздылығы да бар. Тарихи оқиғалар белгілі бір себептердің әсерінен тарихи сахнаға шығады. Сол сияқты Жапонияны біріктіру үшін жүргізілген күрес пен оның нәтижелері оның алдындағы кезеңдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси алғышарттардың ықпалымен пайда болды. Осы тараудың басты мақсаты орталықтанған мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен қандай алғышарттар болғанын, олардың зерттегелі отырған құбылысқа қаншалықты ықпалы болғанын анықтау. Осы мақсатқа жету барысында біз мынадай міндеттерге жетуіміз керек. Ең алдымен біз XV-XVI ғғ. Жапонияның экономикалық жағдайына көңіл бөліп, оның қай салаларында даму, ал қай салаларында дағдарыс нышандары байқалғанын анықтаймыз. Мұнан кейін біз ортағасырлық мемлекеттің экономикасындағы өзгерістердің әлеуметтік салаға тигізген әсерін көрсетіп, оның қаншалықты елді біріктіруді бастаған тарихи тұлғаларға ықпал еткенін көрсетуге тырысамыз.
Жапонияны біріктіруге байланысты жасалған шаралар ең алдымен қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістерге тікелей қатысты болды. Экономикалық өзгерістер феодалдық қатынастардағы, өндірістегі, сауда мен қолөнердегі даму және дағдарыс үрдістеріне бағынышты бола отырып, тарихи заңдылықтарға сәйкес жүрді. Сондықтан осы құбылыстар бір жағынан қоғамдағы әлеуметтік жіктеліске, жериеленушілер мен шаруалардың жағдайына әсер етсе, екінші жағынан, саяси бытыраңқылыққа да ықпалын тигізді. Жапониядағы ұзақ мерзімге созылған феодалдық процесс XV-XVI ғасырларда ыдыраушылыққа алып келді. Бұған әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың дамуы ықпал етті, және XV ғасырдың аяғында, ұзақ уақыт басқарған Асикага үйінің биліктен айырылуы елдегі саяси тұрақсыздыққа ұшыратты. Сонымен қатар тағы да бір маңызды себептерінің бірі сёэн жүйесінің (поместий) жойылуы болып табылады. Осы ескі биліктің құлдырауы және басқарудың жаңа түрі княздықтардың пайда болуы (дайме) Жапониядағы он жылға созылған ел ішіндегі өзара соғыстардың өршуіне ықпал етті. Өзара қырқыстар феодалдардың шаруаларды қанауын күшейте түсуіне себеп болды. XV-XVI ғасырларда шаруалар көтерілісі жиі болып тұрды. Олар кейде үлкен соғысқа да айналып отырды. ХҮІ ғасырда бұл қозғалыстар бәсеңдегенімен, ол артынан қала кедейлерінің көтерілістері феодалдық қатынастарды әлсіретті, феодалдық құрылыстың ыдырауының басты себептерінің бірі болды. Аталған факторлардың жиынтығы және өз-ара қарым-қатынасы елді біріктірудің қажеттілігін туғызды. ХҮІ ғ. ортасында басталған елді біріктіру әрекеттері тарихи қажеттіліктен барып туындады да, жеке тарихи тұлғалардың мінез-құлқына, саяси көзқарасына, мәдениетіне және басқа да жеке сипаттарына байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие боды. Қарастырғалы отырған тарихи факторларды зерттеу, тіпті оған шолу жасау бізге олардың өнімі қоғамдағы жеке тұлғалардың тарихи әрекетін түсінуге де көмектеседі. Сондықтан да өз тарапынан маңызды болып табылады.
ХҮ ғасырдың ортасынан бастап өндіруші күштердің дамуына кедергі келтіретін ерте феодалдық жериелену формасы – сёэндардың ыдырау процессі басталғанын біз жоғарыда айтқан болатынбыз. Өйткені сёэндар жериелену формасы ретінде жекелеген аудандардың да, бүкіл елдің де экономикалық дамуын қамтамасыз етпеді. Сёэндардың ыдырауымен қатар дамыған феодализмнің әлеуметтік-экономикалық негізі князьдіктердің қалыптасуын біз жаңа жериелену формасының қожалары даймёлардың (Ресей тарихнамасында “даймё” – князь, деп аударылған, біз болсақ кей жерлерде оны шонжар, деп те атаймыз) өздерінің жер иеліктерінен алатын табыстың түсу көзіндегі өзгерістерден байқай аламыз. Егер бұрын феодалдар табысының жартысынан астамы сёэннан түсетін болса, ХҮІ ғ. басында бұл табыс түрінің жалпы феодал бюджетіндегі пайданың ішіндегі үлес салмағы 29% түсіп кеткен екен. Сонымен қатар феодалдар табысының үлесінде саудагерлерге салған баж салығынан түсетін табыстың көлемі 28%-ға жетеді . Ал сауда-қолөнер бірлестіктері – дзалардан түсетін табыстың үлес салмағы едәуір ұлғайып, 43% құрады [9, 97б]. Жериелері өз иеліктерінде саудагерлерден салық алу үшін кеден бекеттерін тұрғызып, провинцияда сауда жасағаны, оның территориясынан өткені үшін ақы алып отырған. Сондықтан феодалдар сауда мен қолөнер өндірісінің дамуына мүдделі болды. Жеке шонжарлар сауда мен қолөнерден басқа пайдалы қазба байлықтарын өндіруді, ақша жасауды, өздерінің өлшемдерін жасауды да дамытты. Күріш ортағасырлық Жапонияның айырбас өлшемі де, негізгі азық-түлік түрі де, салық бірлігі де, өндіріс өнімділігінің көрсеткіші де болды. ХҮІ ғ. Жапонияда А. Гальпериннің есебі бойынша 17 млн коку (1 коку – 180,4 литр) күріш өндірген. Күріш өсірудің даму деңгейінің жоғары болғаны сонша Н. И. Конрадтың есебі бойынша Жапонияда күріштің 100 түрі өсірілген екен. Сонымен қатар жапон егіншілері бидайдың, арпаның, тарының 12 түрін, бұршақ тұқымдастардың 14 түрін өсірген [10, 452б]. Жапония жер иеленушілерінің арасында жылдық табысы 1000 коку, 10 мың коку, 50 мың коку, 100 мың коку және 200 мың коку табыс табатындар болды [11, 58б].
ХҮІ ғ. басында Жапонияда князь шаруашылықтарымен қатар мануфактуралық өндіріс түрі пайда болады. Мұнда ең алғашқы мануфактура өндірісі ыдыс-аяқ жасауда және шарап өндіруде қалыптасты. Осыған байланысты кеңестік тарихнамада кейбір ғалымдар ХҮІ ғ. Жапонияда капиталистік қатынастардың генезисі басталды деген тұжырым айтылды. Осы тұжырымға деректік мәліметтердің аздығына негізделген қарсы пікірлер де айтылды. Мысалға И. Т. Поздняков ХҮ-ХҮІ ғғ. Феодалдық қатынастардың дағдарыс уақыты деп қарау дұрыс емес, бұл көзқарас елдің дамуын асыра дәріптеуден және тауар-ақша қатынастарының капиталистік қатынастармен араласуын түсінбеуден туындайды, дейді [12, 390б]. Біздің ойымызша да, Искендеровтың А. А.: “Капиталистік қатынастарды олар болуы мүмкін емес жерлерден қалай болса да табуға ұмтылу дұрыс емес”, - деп айтқаны дұрыс сияқты. Тіпті деректік мәліметтер бізге мануфактуралардың пайда болғанын анық көрсеткенінің өзінде олардың саны мен сапасы және олардың жалпы өндірістік қатынастардағы үлес салмағы бізге капиталистік қатынастардың пайда болғанын көрсетпейді [13, 65б]. Қалай болғанымен де ортағасырлық Жапонияда қолөнердің дамуы мануфактуралық түрдегі өндірістің шығуына алып келгенін байқай аламыз және қолөнердің өзі де жоғары дәрежеде дамығандығын көреміз. Қолөнер негізінен ыдыс-аяқ, ауылшаруашылығына қажетті құрал-жабдықтар, қару-жарақ, сакэ, жібек, үй жиһазын өндіруде және басқа да қолөнер өнімдерін өндіру салаларында дамыды. Қолөнердің дамуы өз тарапынан сауданың дамуына жол ашты. Сауда мен қолөнердің дамуы сауда-қолөнер бірлестіктерінің пайда болуымен және олардың ел экономикасында елеулі роль атқара бастағанынан байқалады. 1549 жылы Оми провинциясының Исидэра қамалының маңындағы буддистік Каннодзи храмында елдегі алғашқы “ерікті базар” ашылды. Қолөнершілер мен саудагерлерді қызықтыру үшін мұнда салық салынбады [14, 72б]. Осындай ерікті базарлар кейіннен елдің басқа да аймақтарында ашыла бастады. Егер бұрын шет аудандардың сауда-қолөнер бірлестіктері (дза) орталықтағы көтерме сауда дзаларымен тығыз байланыста болып, оларға бағынышты күй кешсе, “соғысқан провинциялар” кезеңінде (1467-1568 жж.) жергілікті дзалар Киотодағы көтерме сауда бірлестіктерінен дербес сауда жүргізеді, ал шонжарлар өз саудагерлеріне әр түрлі жеңілдіктер беру арқылы оларға қолдау көрсетті. Осындай жағдай ішкі сауданың жандануына алып келді. Жергілікті князь иеліктерінде өндірілген өнімдер ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз етіп, елдің басқа да аудандарына шығарылады. Әсіресе провинциалды саудагерлер елдің орталығы Киотоға тауар апаруға мүдделі болды. Бұл негізінен ондағы тұрғындардың сатып алу мүмкініндіктерінің жоғары болуымен және онда ірі сауда-қолөнер гильдияларының шоғырлануымен түсіндірілетін сияқты. Қолөнердің, сауда бірлестіктерінің, ішкі сауданың дамуы сауда бірлестіктеріне басқа да нарықтардың кеңеюіне мүдделі етті. Осы жағдай Жапонияның сыртқы саудасының дамуына алып келді. Әйгілі германист, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. Т. Жұмағұловтың: “Қолөнер, сауда және айырбасты зерттеген кезде біз міндетті түрде сауда жолдары мен қатынас әдістері туралы мәселені қоюымыз және ашуымыз қажет”, - деген германдықтар тарихына байланысты айтқандарын біз толығымен Жапония тарихына қолдана аламыз [15, 42б]. Жапония құрлықтағы мемлекеттермен сауда-саттық байланыстар орнатуға ұмтылды. Енді феодалдарды бұрынғы құрлыққа, негізінен Корея жағалауларына жасалатын қарақшылық жорықтар мен тонаушылық әрекеттер қанағаттандырмады. Жапонияда үлкен тоннажды кемелер шығарыла бастады. Олар болса жапон саудагерлерін Филиппин, Сиам, Аннам аралдарымен байланыс ортануға көмектесті. 1434 ж. өзінде алтыншы сёгун Йосинори 1547 ж. дейін күшінде болған Қытаймен арада сауда келісім-шартын жасаған болатын. Қытай императорлары дәстүр бойынша Жапонияны “варварлар елі”, ал жапондықтарды варвалар деген. Қарақшылық шабуылдардан шаршаған Қытай императоры Чжу Юаньчжан (1368-1398 жж.) ХІҮ ғ. 60-70 жж. жапон сёгуны Асикара Ёсинориге жазған хатында: “Сендер топас шығыс тағылары! Теңізді арғы бетінде алыс тұрып.., сендер өркөкірек және зымиянсыңдар. Сендер өз қол астыңдағыларды зұлымдық жасауға жол бересіңдер. Бұл сендердің бастарыңа міндетті түрде Аспанның қаһарын келтіреді емесе пе?” – деп, қытайлықтардың жапондықтарға көз қарасын көрсетеді [16, 22б]. Келісім бойынша Жапония әр он жылда Қытайға “алым” ретінде сауда керуенін жіберу қарастырылған еді. Келісім-шарт күшінде тұрған уақытта Қытайға 50 кеме құраған он бір сауда керуені жіберілді. Оның жетеуі үкіметтің меншігі қалғандары князьдар мен дін иелерінің кемелері болды. Сыртқы саудаға негізінен жағалаудағы порттарды қолында ұстаған князьдар араласты. Олардың ішінде Оути атты шонжардың үлесі басым болды. Сауданың да қолөнердің де жанданғанын біз мына мәліметтерден көре аламыз. Егер 1433 ж. қолөнершілер өндірген, ал саудагерлер Қытайға экспортаған семсерлердің саны 3502 болса, 1539 жылы оның саны 24862 құрады [17, 53б].
Князьдік шаруашылықтың, ішкі және сыртқы сауданың, қолөнердің дамуы қалалардың өркендеуіне және қалалық сословиенің қалыптасуы мен нығаюына жол ашты. Қалалар сыртқы сауданың дамуы арқасында Жапония жағалауларында өсіп-өркендеді. ХҮІ ғ. ортасына таман Жапонияда 30 ерікті порттық қалалар пайда болды. Портты қалалар Иодо өзенінің, Бива көлінің, Ішкі және Жапон теңздерінің жағалауларында пайда болып, дамыды. Жапония қалаларының ішінде Киото, Нагасаки, Хаката, Сакаи, Осака сияқты қалалар ел экономикасы мен әлеуметтік саласында маңызды орын алды. Ресей тарихнамасында қалалардың экономикалық дамуы олардағы өзін-өзі басқару органдарының, қалалықтардың санының көбеюінен байқау алады дейді. ХҮ ғасырдың аяғында ХҮІ ғасырдың басында Жапонияда қалалардың бірнеше түрі болды. Олардың түрлері пайда болуы мен қоғамдық функциясына байланысты [18, 29б]. ХҮІ ғ. Жапонияда храм маңында пайда болғандықтан, храмдық деп аталған қалалар, порттық, пошталық, саяси, базар қалалары сияқты қала түрлері болған. Сауда мен қолөнердің өркендеуі қалалардың дамуына зор ықпалын тигізгенін айтып өткен болатынбыз. Жапон ғалымы Харада Томохтконың “Ортағасырлық қалаларды зерттеу” еңбегіндегі есебі бойынша, 1580 жылы Жапонияда барлығы 269 қала болған екен. Оның ішінде:
1. Храм маңындағы қалалардың 1401-1500 жж. аралығында небары 9-ы пайда болса, 1501-1580 жж. аралығында олардың жалпы саны 62-ге жеткен.
2. Порттардың саны 1401-1500 жж. небары 14-ке өссе, 1501-1580 жж. аралығында 19 жаңа қала пайда болып, жалпы саны 46-ға жеткен.
3. Пошталық қалалар саны 1580 ж. 55 болған.
4. Саяси қалалар 1501-1580 жж. аралығында 64 жаңа қала пайда болып, жалпы саны 83-ке жетеді.
5. Базар маңында пайда болған қалалар саны 1580 жылы 23 құрайды [17, 11б].
Сыртқы сауданың дамуына, сауда капиталының ұлғаюына Жапонияға еуропалықтардың келуі елеулі үлес қосты. Еуропалықтар, олардың ішінде португалдықтар Жапония жағалауына 1543 жылы, испандықтар 1549 жылы келіп тоқтады. Мексикадан келе жатқан португалдықтардың Жапонияның Шығыс жағалауына келуі елде от қаруы мен христиандықтың таралуына жол ашты. Португалдықтардың бәсекелестеріне олардан кейін келген испандықтар айналды.
Мылтықтың пайда болуы әскери істегі төңкеріске алып келді. Бұрын шайқастарда, армияның құрамында атты самурайлар маңызды орын алып, ал жаяу әскер тек қару тасушы болған. Мылтықтың пайда болуы жаяу әскердің ролін арттырды. Асигару деп аталған мылтықты жаяу әскер кәсіби жауынгерге айнала бастады және әскер құрамындағы маңызды бөлімшеге айналды. Асигару әскери құрамалары шаруалардан құрылды. Феодалдар мылтықпен қаруланған шаруаларды шаруашылықтарынан ажыратып, ақысына күріш беріп, өз қамалдарында қызмет етуге мәжбүрледі. Енді жапон шонжарларының қол астында тек салт атты самурайлар ғана емес мылтықпен қаруланған асигарулар да болды. Алайда асигарулардың тиімділігін әлі де көп феодал түсіне қоймады. Осы әскери бөлімшенің және мылтықтың маңыздылығын көре де, пайдалана да білгендердің біріншісі Ода Нобунага болды.
Еуропалықтар мылтықпен қатар Жапонияға христиан дінін де алып келді. Еуропалық діни ордендер, негізінен иезуиттер мен францискандықтар Иса пайғамдардың ілімін жапондықтар арасында таратуды белсенді түрде жүргізді. ХҮІ ғ. Жапонияда христиан дінін тек шаруалар ғана емес ірі жериелері – даймёлар да қабылдады. 1562 ж. Омура провинциясының даймёсы Омура Сумитада (1532-1587 жж.) христиан дінін қабылдап, хритиандық дон Бартоломео атын алады. Португалдық хритиан уағыздаушыларының оған жасаған ықпалы күшті болғаны сонша ол 1568 ж. жапон-португал саудасының орталығы Нагасаки қаласын іс жүзінде христиан миссиясына береді. Оның ұлы Омури Ёсиори да (1568-1616 жж. өмір сүрген) шоқынып, до Санчо деген христиан атын алады. Сол сияқты саяси-экономикалық қуаты өте күшті Арима Ёсисада даймё Дон Андрэ деген атпен шоқынып, христиан дініне өтеді. 1582 ж. Иезуит орденінің Шығыс елдердегі генерал-викариі Алессандро Валиньяно (1539-1606 жж.) папаға жазған хатында: “Жапонияның әр түрлі провинцияларында біздің 200 шіркеуіміз, 150000 христиандарымыз бар. Осы керемет істі дамытуға бізге қаржы ғана жетіспейді: 20 резиденциямыз бен коллегиямызда 80-нен астам Әкелеріміз бен Ағайындарымыз қызмет етеді, жасөспірімдер оқытатын екі семинариямыз, барлығы 500-ге жуық шіркеу қамын ойлайтын адамдарымыз жұмыс істейді, оларды да қамтамасыз етіп отыру қажет”, - деп, мақтанышпен де, ғаламат істі жалғастыруға қаржылық көмек сұрап та жазады. Жапонияның даймёлары 1582 ж. Европаға Алессандро Валиньяно ұйымдастыруымен елшілік те жібереді. Жапон елшілігінің құрамында Бунго провинциясының князі Отомо Сориннің туысы, христиандық аты дон Мансио болған жапондық Ито, Нагасаки провинциясының даймёсы Омури Сумитадоның туысы Наокадзу Тудзива (дон Мигель), Омури мен Арима князьдерінің туыстары Хара (дон Мартин) және Накаура (дон Жулиан) болады. Елшілік негізінен Жапония мен Европа елдері арасын жақындатуға, европалықтардың Жапонияның маңызын түсінуіне және екі жақ арасындағы сауданы дамытуға көмектеседі [19, 140-149бб]. Европалықтар Жапонияда тек діни уағыз ғана жүргізген жоқ, олардың экономикалық мақсаттары да болды. Дәлірек айтқанда португалдықтар мен испандықтар, олардан кейін келген голландықтар мен ағылшындар Жапониямен сауда-саттық қатынастарды нығайтуға ұмтылды. Европалықтар мен жапондықтардың арасындағы сауданың деңгейін Яцуси Кабата келтірген мәліметтер ашып көрсетеді. Португалдықтар Жапонияға жылына 1.5 мың пикуль шикі жібек, бархыт, дамаск болатын және тағы да басқа тауарлар алып келген және оның орнына 500 мың дукат күміс алып кететін болған [20, 2-3бб].
Экономикадағы өзгерістер, оның ішінде жаңа жериелену формасының (тайгё) қалыптасуы, қолөнердің, ішкі және сыртқы сауданың дамуы, қалалардың экономикалық жағдайының нығаюы әлеуметтік жіктеліске және халықтың тұрмысына әсерін тигізбей қоймады. ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияда жериеленушілер, қалалықтар және шаруалар сияқты негізгі әлеуметтік топтар өмір сүрді. Әрбір әлеуметтік топ ішінде де жіктелістер жүрді. Әскери-феодалдақ топтар негізінен екі ірі топқа жіктелді, олар: кугэ (киотолық сарай төңірегіндегі ақсүйектер) және бугэ (әскери үйлер). Букэ феодалдар тобы өз тарапынан даймё және буси деп жериеліктеріне байланысты жіктелді. Даймёлар үлкен территориялардың қожалары болып қана қоймай, провинциялардың әкімшілік басқармасы да болды. Олардың қолында Жапониядағы барлық өндіріс тәсілдерінің басым бөлігі шоғырланды. Аталмыш шонжарлар өз иелігіндегі сауда және қолөнер бірлестіктерін бақылап отырды. Жағалаудағы провинциялардың иелері сыртқы саудаға бақылау жасады. Бұл феодалдық топтар саяси-экономикалық жағынан елдегі ең беделді күштер бодлы. Олардың арасынан болашақ Жапонияны біріктірген Ода Нобунага және Токугава Иэясу сияқты феодалдар бөлініп шықты. Васильевтің пікірінше, ХҮІ ғ. басында Жапонияда 200 провинция, яғни сонша даймё болған [21, 263б]. Бұл шонжарлар әрқашан өзара күрес жүргізіп отырды. Олардан кейінгі орынды провинциялардағы орташа жериелері кокудзиндер болды. Олардың қатарынан кейін даймёлар да шықты. Сонымен қатар феодалдар табының қатарында жер иеліктері жоқ бусилер болды. Олардың қатарынан әскери сословие өкілдері самурайлар қалыптасты. Самурайлар феодалдардың әскери жасағында қызмет етіп, қызметі үшін ақы алып отырды. Самурайлар қожаларынан айрылып, басқа қожайынға қызметке алынбаса рониндерге айналды.
Феодалдық қоғам ішінде симин деп аталған қалалықтар сословиесі қалыптасты. Олар негізінен қолөнершілер мен саудагерлерден құралды. Осы сословиенің экономикалық нығаюы даймёлардың олардан қаржылай қолдау іздеуінен көрінді. Қалалықтар феодалдық қоғамда еріктілер қатарына жатқызылды және қалаларда өзін-өзі басқару органдарын, қала жасақтарын ұстады. Сакаи, Киото, Нагасаки, Хаката сияқты қалалардың өкілдері қолөнер өнімдерін өндіруде, сауда қатынастарында шешуші роль атқарды. Әлеуметтік тұрақсыздық салдарынан феодалдар өз резиденцияларын бекітіп, қамалдар сала бастады. Мұндай қамалдар кейіннен қалаларға айналып отырды. Мысалға, 1457 ж. князь Ота салдырған Эдо қамалы Токио қаласының бастамасы болды. Князь қамалдарының маңында салынғандықтан мұндай қалалар қамал маңындағы қалалар деп аталды. ХҮІ ғ. аяғына таман осындай қалалардың саны 83-ке жетті [22, 175б].
Феодалдар таптарымен және қалалықтармен қатар қоғамның тағы да бір әлеуметтік тобы шаруалар (но деп аталды) болды. Шаруалар өз ішінде өңдейтін жерлері бар негізгі шаруалар немесе хомбякусё және жері жоқ басыбайлы шаруалар немесе тё хадзурэлер болып екіге бөлінді. Шаруалар қауымдарға бірігіп, қауым ішінде басқару жүргізді. Шаруалардың өзін-өзі басқару институты – қауым жиналыстарын өткізді. Жиындарда шаруалар қауымдық жерлерді қолдану, суару жүйелерін қалыптастыру, салық төлеу, міндеткерліктер атқару, феодалдармен қатынастар жүргізу сияқты мәселелерді қарастырды және өз-ара қатынастарды реттеп отырды.
“Соғысқан провинциялар кезеңіндегі” феодалдық қырқыстар мен соғыстар шаруалардың жағдайын қиындатып жіберді. Толассыз өз-ара қырқыстар шаруалардың шаруашылығын күйретті, көптеген шаруалардың жерсізденуіне алып келді. Соғыстар шығындарын толтыру мақсатымен шонжарлар салықтың түрлері мен санын өсірді. Бұл жағдай шаруалардың наразылығын тудырды. ХҮ ғ. шаруа көтерілістері көбейіп кетті. Әлеуметтік қатынастардың шиленіскенін біз мына көрсеткіштерден байқай аламыз. 1401-1450 жылдар аралығында Жапонияда небары 32 шаруа көтерілісі болып өтсе, 1451-1500 жылдар аралығында оның саны 81-ге жетеді. Ал енді елдің біріктірілуі жүрген кезде шаруалар көтерілісінің саны 1501-1550 жылдар аралығында – 24, ал 1551-1600 жылдар аралығында 20-ға ғана жетеді [23, 127б]. Байқағанымыздай шаруалардың өздері елді біріктіруге бағытталған іс-әрекеттерден үлкен үміт күткен сияқты. Сонымен қатар шаруалар көтерілістерінің себептері елдегі саяси бытыраңқылық пен феодалдық қанаумен тікелей байланысты болды. Көтерілістер бір провинцияның аумағын қамтыды, ондай қозғалыстар провинциялық көтерілістер деп аталды. Ең ірі шаруалар көтерілісі Ямасиро провинциясында 1485-1493 жж. болып өтті. Ямасиродағы феодалдар арасындағы соғыстар жергілікті шаруалардың 1485 ж. ашық көтерілісіне алып келіп, олар феодалдардан өз әскерлерін провинцияның территориясынан шығаруды, жер иеліктерін өз қожаларына қайтаруды, соғыстарды тоқтатуды талап етті. 1485-1487 жж. көтерілістің алғашқы этапында көтеріліске шаруалардың барлық топтары, ұсақ саудагерлер, қолөнершілер, самурайлар қатысты. Көтерілісшілер 36 адамнан тұратын басқару органын сайлады және ол маңызды істерді шешуге тиіс болды. Көтеріліске шыққан шаруалар салықтың көлемін азайтып, оны егіннің 40 пайызына жеткізді, монастырларға салық салды. Мұнан түскен қаржыны өзін-өзі басқару органдарын және әскери жасақ ұстауға жұмсады. Көтерілісшілер халық жасақтарын қалыптастырып, провинциядағы тәртіпке бақылау ортатты және оны бұзғандарды аяусыз жазалады. Шаруалар әскери күшінің өскені сонша феодалдар өз әскерлерін провинциядан шығаруға, ал сёгунның өкілдері Ямасиродан кетуге мәжбүр болды. 1488-1493 жж. аралығындағы көтерілістің екінші этапында ауқатты шаруалар өздерінің басшылық жағдайын пайдаланып салықты өсірді, бекеттерді қайта қалпына келтірді. Провинциялық басқару органы өзін басқа көтерілісшілерге қарсы қойды, ал шаруалар оны мойындамай, бұйрықтарын орындаудан бас тартты. Осындай жағдайда 1493 ж. күзінде басқару органы тарап кетті, ал провинцияға тағайындалған губернатор көтерілісті аяусыз басып тастады.
Шаруалар наразылығын білдірудің тағыда бір түрі сауда-өсімқорлық капиталдың қарыздарын жоюға бағытталған қозғалыс болды. Қарыздарды жою көтерілістері саудагерлер мен өсімқорлар ықпалының өсуіне қарсы бағытталды. Олармен қатар діни сипат алған көтерілістер орын алды. Шаруалардың бұл көтерілістерін будда дінінің өкілдері басқарды. ХҮ ғ. соңғы ширегінде жапон шаруаларының “Біреу туралы ілім” немесе “Икко” аталған буддистік сектаның ықпалы жоғары болды. Сондықтан осы секта өкілдері басқарған шаруалар көтерілістерін “Икко көтерілістері” деп атады. Икко сектасының бастауымен 1487 ж. Кага провинциясында болып өткен көтеріліс ең ірі көтерілістердің бірі болды. Көтеріліске 200 мың жапон шаруасы қатысты. Көтеріліс күшінің зор болғандығы сонша Кага провинциясында құрылған шаруалар “мемлекеті” жүз жылға жуық уақыт өмір сүрді. Көтерілісшілер армиясы бірнеше рет көршілес провинцияға Асакура атты феодалға қарсы аттандырған болатын. Алайда әскери тәжірибесі жоқ шаруалар жеңіске жете алмады. Кагадағы шаруалар көтерілісі Икко ілімінің басқа провинцияларға таралуына септігін тигізді. Мысалға, Микава провинциясындағы икколық көтерілісшілер 1532 ж. Сакаи қаласына шабуыл жасайды. Оны алуға күші жетпегендіктен Нара қаласына шабуылдайды. Онда шаруалар Фудзивара үйінің иелігіндегі буддалық храм Кофукудзиді өртейді және Касуга храмын тонайды. Осыдан кейін Киото қаласына шабуылға дайындық істерін жүргізеді. Алайда жорық жасалмайды. Шаруалардың өздері негізінен феодалдық езгіге қарсы бағытталды, алайда олардың күшін дін иелері ұтымды пайдалана білді. Егер шаруалар жергілікті әкімшілікке, салықтың көлеміне, ауыр міндеткерліктерге қарсы бағытталса, дін иелері шаруаларды қарсылас діни ағымдармен күреске, зайырлы феодалдардың қысымына қарсы пайдаланды. Шаруалар да, дін иелері де елдегі саяси бытыраңқылыққа қарсы болды. Діни сипаттағы шаруалар көтерілістері жеңіліс тапқаннан кейін оларды жеңген феодал діни ілімін ауыстыруды талап етеді. Егер шаруалар мұны істемесе жазаланып, провинция территориясынан қуылады .
Ірі шаруалар көтерілістері 1447, 1451, 1457, 1461 жылдарда орын алды. Шаруалардың көтерілістері елдегі әлеуметтік қатынастардың шиленіскенін көрсетеді. ХҮ ғ. өзінде 84 шаруалар көтерілсі болып өтті. Ал ХҮІ ғ. олардың саны 24 болды. Мұның барлығы әрине елдегі орталықтанған күшті биліктің болмағандығымен соның нәтижесінде феодалдық соғыстар мен өз-ара қақтығыстардың жиелеп кетуімен түсіндіріледі.
Параграфты қорытындылайтын болсақ ХҮ-ХҮІ ғғ. Жапонияның экономикасында елеулі өзгерістер болып өтеді. ХҮ ғ. ертефеодалдық жер иелену формасы дағдарысқа ұшырап, бірте-бірте дамыған феодализм кезеңінің феодалдық иелік формасы қалыптаса бастайды. Соның нәтижесінде феодалдық шаруашылық едәуір дами түседі. Феодалдардың экономикалық жағдайының нығаюы олардың саяси тәуелсіздігіне алып келді. Бұған қолөнер мен сауданың дамуы және олардың жергілікті феодалдарға қаржылық қолдау көрсетуі де септігін тигізді. Экономикалық саладағы дамуда қолөнер өнімдері үлкен сұранысқа ие болды. Әсіресе қолөнер кеме жасауда, еңбек-құрал жабдықтарын шығаруда, қару-жарақ жасауда, ыдысаяқ шығаруда, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде жедел қарқынмен дамыды. Кейбір шонжарлар тау-кен орындарының дамытуға мүдделі болды. Негізінен Жапонияда алтын мен күміс шығару кеніштері дамытылды. Бұл даимёларға өз ақшасын басуға мүмкіндік берді және олардың әскери күшінің нығаюына жағдай тудырды.
Экономиканың кейбір салаларындағы даму үрдістері қалалардың өркендеуіне алып келді. Қолөнер мен сауданың дамуы қалалардың еркіндігін қамтамасыз етті және оларды сыртқы сауда жолдарын іздеуге итермеледі. Сыртқы сауда, әсіресе Қытаймен арадағы сауда Жапония мәдениетінің дамуына, феодалдардың әкімшілік басқару тәжірибесінің нығаюына әсерін тигізді.
Экономикадағы даму әлеуметтік жағдайға әсерін тигізбей қоймады. Елдегі феодалдар, шаруалар, қалалықтар сияқты әлеуметтік топтардың арасындағы жіктеліс жүрді. Халық арасындағы мүліктік жіктеліс пен еңбек жіктелісі жедел қарқындармен жүрді. Егер ХҮІ ғ. ортасына таман қалалықтар саудагерлер мен қолөнершілерден тұрып, “симин” деген иероглифпен көрсетілсе, ХҮІІ ғ. басында саудагерлер мен қолөнершілер ко және сё деген ерекшеленген әлеуметтік топтарға бөлінді. Әлеуметтік жіктеліс тек қана төменгі сословие өкілдерін ғана қамтымады, ол сонымен қатар феодалдар сословиесіне де қатысты жүрді. Феодалдардың өздері тап ішінде әлеуметтік ерекше сипаттары айқын топтарға бөлінді. Жериеленушілердің өздері негізгі екі топқа бөлініп, олардың жер иеліктері барлары өз территориясын, оның көмегімен өздерінің табыстарын өсіруге ұмтылды. Осыдан барып феодалдық соғыстар жүрді. Соғыстар мен оның нәтижесінде туындаған шығындар шаруаларға салынатын салықтар мен міндеткерліктердің ұлғаюына алып келді. Бұл шаруалардың әлеуметтік жағдайын нашарлатты. ХҮ-ХҮІ ғғ. Көптеген шаруалар көтерілістері болып өтті. Шаруалар негізінен әкімшілік қысымдарға, феодалдық езгіге, соғыстарға қарсы бағытталды. Қарастырып шыққан факторлардың барлығы бірігіп орталықтанған мемлекетті әлсіретті, саяси бытыраңқылыққа алып келді. Саяси жағынан да, экономикалық жағынан да дербестенген феодалдар өз-ара соғыстар жүргізді. Бұл соғыстар және саяси бытыраңқылық нәтижесінде елді біріктіруге алып келген тарихи оқиғаларды тудырды. Елдің саяси құрылымы мен жағдайы туралы біз келесі параграфта айтып өтеміз.
1.1. Саяси бытыраңқылық және феодалдық соғыстар.

Асикага сёгунатының соңғы жүзжылдық кезеңі (1467-1568 жж.) Жапония тарихында Сэнгоку дзидай немесе “Соғысқан провинциялар кезеңі” деген атқа ие болды. Ол сёгун вассалдарының оған қарсы және өз-ара соғыстарымен сипатталады. Ортағасырлық қоғамдағы саяси бытыраңқылықтың жалпы заңдылықтарын қарастыру біздің еңбектегі елді біріктірудің қажеттілігін түсінуге көмектеседі. Саси бытыраңқылық пен феодалдық соғыстар ортағасырлық Жапонияның тарихында маңызды орын алады. Өйткені осы құбылыс болашақтағы орталықтанған күшті мемлекттің қалыптасуына жол ашқан маңызды факторлардың бірі болып табылады. Басты мақсатымыз саяси бытыраңқылықтың қалай басталғанын, феодалдардың соғыстарының барысын ашып көрсетуге тырысу болып табылады. Сонымен қатар тарихнамада бакуфу деп аталып келе жатқан мемлекеттің саяси құрылымын, мемлекеттік аппаратын көрсетіп оның басқарудағы әдеттері мен дәстүрлері қандай болғанын да анықтау біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміздің қатарына жатады.
Асикага сёгунатының әлсіреуіне әсерін тигізген экономикалық және әлеуметтік факторларды біз жоғарыда қарастырып өткен болатынбыз. Феодалдық қатынастардың дамуы, жаңа жериелену формасының пайда болуы, қолөнер мен сауданың жергілікті әкімшілік орындарда дамығаны орталық биліктің әлсіреуіне алып келді. Ертефеодалдық жериелену формасының – сёэннің ыдырауымен қатар князьдіктердің нығаю процессі жүрді. Осы екі үрдіс сёгунаттың әскери губернаторларының іс жүзіндегі жүргізген саясатынан орын алды. Әскери губернаторлар бірте-бірте князьдарға айнала бастады, ал бұл “губернатор-князь” яғни сюго-даймё деген терминнен көрініс алды. Әскери губернаторлардың нығаюына екі түрлі экономикалық негіз себепші болды. Олар сёгун сыйлаған иелік және губернаторлардың князьдік иеліктері болды. Әскери губернаторлар шет аймақтарда басты роль атқарып, жерді үлестіруге, феодалдар арасындағы дауды шешуге, жериеліктерінің шаруашылығын басқаруға араласып отырды. Осының барлығы губернаторларды толыққанды жергілікті феодалдар қатарына қосты. Сонымен қоса әскери губернаторлардың нығаюына лендік қатынастар да өз ықпалын тигізді. Сёгун тағайындаған сёэндерді нығайтудың орнына губернаторлар өз князьдіктерінің территориясын ұлғайтуға ұмтылды. Ал әкімшілік билігі жергілікті феодалдарға сёэндық қызметтерді тарату арқылы өз вассалдарының санын көбейттіп, провинциядағы өз билігінің нығаюына бар күшін салды. Егер ерте ортағасырларда Жапонияда құқықтар мен вассалдық міндеткерліктердің орналасуы мен қолданылуы жоғарыдан төменге қарай жүрсе, сёэндік жерлер бір провинцияда шоғырланбаған болса, енді кейбірі бұрын әскери губернатор болған даймёлардың иелігі бір провинция территориясында шоғырланды оның өз вассалдарымен арадағы қарым-қатынасы әскери-лендік жүйеге бағына отырып, шонжардың билігін одан әрі нығайта түсті. Князь иелігіндегі ауылшаруашылық өнімдері мен қолөнер өнімдерінің жартысы нарыққа шығарылды. Князьдерге айналған әскери губернаторлар өз провинцияларында қамалдар салдырып, әскери күшін нығайтуға да ұмтылды. Экономикалық жағдайның жақсаруы, өз иелігін қорғауға бағытталған әрекеттер жасауаға итермеледі.
Князьдардың экономикалық қуаты өз иеліктерінің экономикалық қуатына тікелей байланысты болды. Сондықтан олар өз қожалықтарында қолөнершілер мен саудагерлердің тұрақтағанын қолдап отырды. Әскери губернаторлар иеліктері олардың осында әрдайым болғанын талап етті. Губернатор-князьдар тек провинцияларда ғана тұрған жоқ, олар қалаларда өз резиденцияларын тұрғызды, өйткені сёгундар олардың қасында болғанын әрдайым талап етіп отырды. Ал өздері жоқ кезде губернатор-князьдар ұлдарын кепілдікке қалдыруға тиіс болды. Алайда губернаторларды астанада тек кепілдік институты ғана ұстамаған екен. Олар губенрнаторлар кеңесіне мүше ретінде сёгунат саясатына ықпалын тигізіп отырған [9, 92б]. Әскери губернаторлардың астанада тұруы заңдастырылмаған болатын, сондықтан оның кетіп қалуы сатқындық саналды. Ал губернатордың ұзақ уақыт өз иелігінде болмауы провинциядағы оның беделі мен билігінің әлсіреуіне алып келді. Әскери губернатордың провинцияда біршама уақыт болмауы оның экономикалық және әкімшілік қуатын әлсіретіп, жергілікті феодалдар – кокудзиндердің нығаюына әкелді. Отырықтанған самурайлардан қалыптасқан кокудзиндер әскери губернатордың жоқ кезінде әр түрлі одақтар құрып, князьдермен жер үшін күрестер жүргізді. Жергілікті феодалдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Америка мен Жапонияның тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
ЕКШШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОНИЯНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Жапония мемлекетінің саяси-экономикалық дамуы
Елдің экономикасының даму стратегиясы
ЖАПОНИЯ ЖӘНЕ АҚШ
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер