Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.9

ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.33

І тарауша
Жыраулар поэзиясындағы құт.береке ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.26

ІІ тарауша
ХҮІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Бұқар жырау шығармаларындағы құт.береке көрініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27.33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34.35

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35.36
Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір айтулы мұрасы, тот баспас асыл, ағынды да арнаулы арнасы-жыраулар поэзиясы.
Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген сөз өнерінің жетекші өкілдері – ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады.
ХV-ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жыраулар да келер ұрпаққа негізінен туған жер, ата қоныс замана жайлы толғаулар қалдырды. Бұл сарын түп негізінде құт-береке, ырыс туралы ұғым жатқаны ақиқат, даусыз нәрсе.
Ал, құт-береке ұғымы негізінен бізден талай ғасырлар бұрын жырланған, адамзат баласы жаратылғаннан бастап осы құтты заманды, құтты жерді іздеп келеді. «Құт» сөзі ертедегі орхон жазба ескерткіштерінде де кездеседі. («Тәңірі жарылқаушы құтты қаған болды: Күлтегін жазуы»).
ХV ғасырда өмір сүрген Асан Қайғыдан, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау шығармаларында құт-береке ұғымы сараланып, жалғасын тапты.
Тақырыптың өзектілігі.
Қай заманда да адамзаттың арманына айналған – құтты заман орнату, құтты мекенде өмір сүру.
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 7 том Қ.-П.- Алматы: Ғылым, 1983.
2. Егеубаев А. Кісілік кітабы (ғылыми эссе).- Алматы: Ана тілі, 1998.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті (Қазақ әдебиеті бастаулары).- Алматы: Атамұра, 2005.
4. Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет.- Алматы: Қазақ университеті, 1999.
5. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1 кітап.- Алматы: Қазақ университеті, 2002.
6.Леубаева. Билік сөз және көркемдік шешім. Хабаршы. Филология сериясы. №8 (90) 2005
7. Қасқабасов С. Жан азық. Әр жылғы зерттеулер. Астана: Аударма, 2002
8. Сүйіншіәлиев Х. ҮІІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989
9.Мағауин М. Қобыз сарыны: ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын-жыраулары.- Алматы: Мектеп, 2003.
10. М.Әуезов. Әр жылдар ойлары. Алматы: 1959
11. Садырбаев С. Қазақ халық әдебиеті. –Алматы: Рауан,1990
12. М.Мағауин. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. –Алматы: Ана тілі,1992
13. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974
14.Бес ғасыр жырлайды: 2 томдық/ Құрастыр. М.Мағауин, М.Байділдаев. – Алматы: Жазушы, 1989
15. Тілепов Ж. Елім деп еңіреген ерлер жыры. – Алматы: Білім, 1995
16. Қасқабасов С. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті (компендиум).- Алматы: Әдебиет және өнер институты, 2005.
17. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы: Ана тілі, 1991
18. Сейдеханов К. Ұлы арман (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы).- Алматы: Рауан, 1990.
19. Мағауин М. Қобыз сарыны: ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын-жыраулары.- Алматы: Мектеп, 2003.
20.Ысмайлов Е. Ақындар. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1956.
21. Сүйінішәлиев С. Қазақ әдебиеті ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар.- Алматы: Мектеп, 1991.
22. Омари Ж. Бұхар жырау. І кітап.- Қарағанды, 1994.
23. Бұхар Жырау Қалқаманұлы. Шығармалары.-Алматы: 1992.
24. Қазақ халық әдебиеті: көп томдық (ҚазақССР Ғылым Акад.М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер ин-ты). – Алматы: Жазушы,1986. – Ертегілер 2 том. (жауапты шығарушы Т.Алпысбаев) – 1988
25. Тұрлыбаева А. Ақ бата.- Алматы: Өнер, 1992.
26. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, Алматы: 1990
27. Қорқыт ата энциклопедиялық жинақ: /Бас редактор Ә.Нысанбаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы/ Бас редакциясы, 1999.
28. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Б. Аяған.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2003.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   


Реферат

Бітіру жұмысының тақырыбы: ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы құт – береке ұғымы.
Бітіру жұмысының көлемі: 36-бет
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты: ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармашылығындағы құт - береке ұғымдарын талдап-тексеру мақсат етіледі.
Бітіру жұмысының құрылымы: Кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімі екі тараудан тұрады.
Кіріспе бөлімде: Бітіру жұмысының жалпы сипаты, негізгі мақсаты, зерттеу әдістері, құт-береке ұғымын жалпылама түрде қарастырдық.
Негізгі бөлімнің І тараушасында: Құт – береке ұғымының жыраулар поэзиясындағы алатын орны туралы айтылады.
Ал негізгі бөлімнің ІІ – тараушасында: ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыздың туындыларын қарастырдық.
Бітіру жұмысында пайдаланған әдебиеттер саны – 30.

Мазмұны

І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-9

ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-3 3

І тарауша
Жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-26

ІІ тарауша
ХҮІІІ ғасырдағы Ақтамберді, Бұқар жырау шығармаларындағы құт-береке көрініс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...27-33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34-35

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35- 36

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаты.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы аса бір айтулы мұрасы, тот баспас асыл, ағынды да арнаулы арнасы-жыраулар поэзиясы.
Қазақ поэзиясының ең ауыр жүгін көтерген сөз өнерінің жетекші өкілдері – ғасырлар шегінде бүкіл әлемдік мәні бар аса құнды әдеби мұра жасады.
ХV-ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жыраулар да келер ұрпаққа негізінен туған жер, ата қоныс замана жайлы толғаулар қалдырды. Бұл сарын түп негізінде құт-береке, ырыс туралы ұғым жатқаны ақиқат, даусыз нәрсе.
Ал, құт-береке ұғымы негізінен бізден талай ғасырлар бұрын жырланған, адамзат баласы жаратылғаннан бастап осы құтты заманды, құтты жерді іздеп келеді. Құт сөзі ертедегі орхон жазба ескерткіштерінде де кездеседі. (Тәңірі жарылқаушы құтты қаған болды: Күлтегін жазуы).
ХV ғасырда өмір сүрген Асан Қайғыдан, ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау шығармаларында құт-береке ұғымы сараланып, жалғасын тапты.
Тақырыптың өзектілігі.
Қай заманда да адамзаттың арманына айналған – құтты заман орнату, құтты мекенде өмір сүру.
Құт-береке ұғымы – киелі мағынасы бар, тілімізде күні бүгінге дейін сақталып келген көне түркінің құт сөзімен байланысты.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде құт сөзі береке, байлық, мол қазына деп көрсетіледі. [1.532]
Құт – қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы қасиетті ұғым. Құт сөзі мағынасы терең, ол өмірлік қуат, күш батамен келетін, дәулетпен байланысты бақыт, несібе. Құтты болсын!. Бұл сөз қазақ баласы үшін қандай маңызды, киелі, қымбат екенін айтып жатудың керегі жоқ.
Адамның бақыты
Адамның құтты тірлігі
Бақытты қоғам
Бақытты ел
Осынау бірнеше сөзден ғана тұратын мұраттар үшін талайлар күйзеледі. Прометейден бері миллиондар жанын қиды. Талай қырғындар өтті, талай төңкерістер болды. Иә... Талай-талай жүздеген кітаптар жазылды. Талай ғалымдар, талай ақын-жазушылар көз майын тауысты. [2.82]
Құт-береке рух, нұр түсінігімен біртектес, себебі бәрінің де мағынасы киелі, саналы энергия, киелі от (физикалық от емес, одан миллион есе нәзік, рухани от).
Құт-береке ұғымы бізден талай ғасыр бұрын өмір сүрген Ұмай ана есімімен де байланысты.
Үйдегі отбасын, бала-шағаны жаман рухтардан қорғайтын әйел тәңірісі – Ұмай ана. Мәселен, Тоныкөк жырында:
Тәңірі Ұмай, қасиетті жер-су,
Бізді қорғайды, ойлану керек,-
деген жолдар бар.
Үйге құт-береке келтіріп отыратын Анаға тағзым ету дәстүрі Көк түріктер дәуірінде емес, тіпті одан миллион жылдар бұрында болғанын дәлелдейтін аңыз-эфсаналар көп. [3.43]
Зат атауларына байланысты да құт-береке ұғымы айтылады. Ыдыс атасы – сақ бабаларымыздан бастап қастерлеген тайқазан. Скифтер тайқазан жасап оған жылқының етін асып, аталарына ас берген, сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып қалған. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде тұрған тайқазан скиф дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүрлеріміздің белгісі. Ариант деген патша скифтердің санын білмек болып: Әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін,- деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі соншалық, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. [4.11]
Дәстүрлі қазақ қоғамында қазан қасиетті саналады. Ә.Марғұланның Құламерген жырының желісіне ерекше назар аудара келе, қазанға байланысты Қазан мықты болса, ел де мықты. Қазан – шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды,- деп жазады.
Құт ұғымын фольклорлық жанр бойынша ертегілерде кездесетін бақыт құсы ертегісінен мысал келтірдік. Адамның басына қонатын бақыт құсы. Көп ертегілерде бақыт құсы, алтын құс, дәулет құс деп, яғни басқа бақ әкелетін мағынада айтылады. Мысалы, Бақыт құсы деген қазақ ертегісін алатын болсақ, онда ағайынды екі жігіт болады, ертегінің заңы бойынша бақыт құсы болады. Сол бақыт құс кімнің басына қонатын болса, сол адам бақытты, дәулетті ғұмыр кешеді. Орыс ертегілерінде Жар птица деп кездеседі.
Құт сөзі баталарда да көп айтылады. Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздерінің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп сілкітетін, марқайтып қанағаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастау бұлағы.
Адамгершілік, молшылық, бақытты болашақ, бейбіт өмір қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын шуақты күн – осынау бата сөздердің көпке шашқан шапағаты.
Халықтың жаңа жылдық мерекесінде яғни ұлыстың ұлы күнінде мынадай бата беріледі:
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Құт сөзін төрт-түлік малға қатысты баталардан да кездестіруге болады. Мысалы:
Құйрық-бауыр жегізген,
Қозысы ерген егізден.
Құтты қонақ дегізген,
Шопан ата баласы.

Өзек бойлап жайылған
Өзі күйіс қайырған
Баға білсең сиырды
Түлігің бұл тиімді
Жерді сызған желінін
Құты дерсің елінің
Зеңгі баба баласы.

Маң-маң басқан, маң басқан.
Мал далада марғасқаң
Жал-жал құмда жалғасқан
Көш түзеген талмастан
Түліктің бір төресі:
Ойсылқара баласы
Түйе басса, құт дарып,
Кие бақсын үйіңді. [5.17]
Қазақ халқының рухани мәдениетінде аса маңызды орын алатын Қыдыр ата. Қыдыр ата туралы түсінік қазақ, тағы басқа шығыс халықтарының дәстүріндегі адамгершілік, қонақжайлық сияқты тамаша қасиеттердің қалыптасуына тікелей байланысты. Қыдыр ата қарапайым, адал, Құдайға жалбарынушы адамдарға да келіп, дари береді екен. [5.63]
Қыдыр ата келген үйге пәле-жала, жоқшылық кетіп, құт-береке қонып, бақ-дәулет, денсаулық, абыройлы өмір келеді. Қазақта осы киелі образға байланысты Қырықтың бірі – Қыдыр, Жортқанда жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын деген сияқты тілек-баталар тараған.
Жоғарыда айтып өткеніміздей адам баласының талай ғасырларға созылған арманы, талай ғасырлар қоңырауын күңіреткен күресі, яғни құтты заманды аңсауы, кемел мемлекетті, ізгілікті қоғам құру, жақсы өмір сүру арманы, бізден талай ғасыр бұрын жырланған. Бізге Платонның (б.з.д 421 ж) Атлантидасы мен Әл-Фарабидің Қайырлы қаласы, Баласағұнның Құтты мемлекеті, Низмидің Әділетті елі, Асан Қайғының Жерұйығы арқылы жалғасып келеді.
Платон (б.з.д 421 ж) Атлантида мекенін ойдан шығарып, оған өзіндік көзқарас кіргізуші екен. Тіпті Сицилия төңірегінде осындай жайлы мекен жасап та көрмек болған.
Қазақ тарихында желмаяға мініп, жанға жайлы қоныс іздеген екі ойшыл бар. Бірі – Қорқыт, екіншісі – Асан Қайғы.
Қорқыт – оғыз қыпшақтарының ұлы атасы, асқан сәуегейі, ақылшы, кеңесші. Ол оғыз хан заманындағы үлгі айтып, билік құрған дана кісі.
Қорқыттың өмір бойы арман еткені өлмейтін, жасай беретін өмір іздеу, сол үшін күресіп, өмірге қарсы тұру еді. Жас Қорқыттың іздегені адам баласының өлмей, уайымсыз еркін жасауы. Қорқыттың ойынша өлім оның көзіне зұлымдықтың басы болып көрінеді. Онымен күресуді Қорқыт өзіне бірінші міндет етіп қояды.
Қорқыт - сөзінің этимологиясына жүгінсек, онда оның қорқу сөзіне еш қатысы жоқ. Көне түркінің қор және құт сөздеріне барып тіреледі, яғни құт әкелетін адам деген мағынада айтылады.
Қазақстан мен Орта Азияның ежелгі ойшылы Әбу Насыр Әл-Фараби мұрасы ғылымның әр саласындағы ой-толғамы әлемге мәшһүр. Қоғам бақытты мемлекет туралы бірқатар шығармаларында ұлағатты ойлар толғаған дана ғұлама. Әл-Фараби көптеген трактаттарында ғылыми толғам, ғылыми көзқараспен ақыл-білімнің негізі, пайдасы адамның құт-бақыты, жақсы өкілдердің құлық табиғаты туралы құнды көзқарастарын білдіреді.
Әл-Фарабидің ойшылдық келбеті Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы атты трактатынан көрінеді.
Ең жетілген, адам арманындағы ел қандай болмақ? Ондай бақытты елдің әкімі кісілікті, әділетті, инабатты, жомарт, өнерді сүйеді. Әл-Фараби бұл шығармасын мамыражай, құт-берекені аңсай жазған.
Құтты заман, кемел мемлекет арманы Баласағұнды да толғандырған. Ақын әрі ойшылдың Құтт білігі тұтастай кемел мемлекеттің құрылымы. Құтты білік - халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа ғасырлар бойы адамдық азаматтық қасиеттерін сіңірген кіьап, талай халықтың ұрпағына бақыт, құт нұрын құйған ұлы жору. Құтты білікте - әділетті, құтты мемлекеттің үлгісін жасаған. [1.87]
Құт дарыған елдің адамы қандай болмақ деген сұраққа Баласағұн: Құт-бақытқа кенелем деп тор құрушылар көп. Бірақ, ол қасиетті адамға ғана қонады.
Құтты іздеген адам жібек мінезді, көңілі таза, тілі майда, жігерлі болып үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге мейірімін төксе, араз көңілді тиып ұстаса, осы қасиеттер құтты ұстаудың құлып-кісені.
Біздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымы болғандықтан, жыраулардағы құт-береке ұғымын негізгі бөлімде қарастырдық.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Күні бүгінге дейін жыраулар поэзиясы әр қырынан, әрқилы деңгей-дәрежеде зерттелді. Бірақ соның ішінде құт-береке ұғымының ақын-жыраулар шығармаларындағы көрінісі арнайы түрде зерттелмеген тақырып.
Қазақ жыраулар поэзиясын көптеген ғалымдарымыз жан-жақты жүйелеп, саралап, қарастырып, бір арнаға тоғыстырды. Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Ә.Дербісалин, Р.Сыздықова, М.Мағауин, С.Қасқабасов, Н.Келімбетов, Т.Тіоепов, С.Негеимов т.б. көптеген ғалымдарымыздың еңбектерінде көрініс тапты.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Жұмыста ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы құт-береке ұғымдарын талдап-тексеру мақсат етілді. Осындай мақсатқа орай төмендегідей нақты міндеттер белгіленеді:
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар шығармаларындағы құт-береке ұғымының қалай қолданылу деңгейін анықтау.
Құт-береке ұғымын жыраулар шығармаларымен байланыстыру.
Зерттеудің әдістері.
Салыстырмалы – типологиялық талдау, сипаттау әдіс тәсілдерін қажетімізге қарай қолдандық.
Зерттеу нысаны. Бітіру жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Бес ғасыр жырлайды, Үш ғасыр жырлайды, Сүйіншіәлиевтің VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті, М.Мағауиннің Ғасырлар бедері, С.Қасқабасовтың Жаназық т.б. көптеген ақын-жазушыларымыздың туындыларын зерттеу нысаны ретінде алдық.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.
Бітіру жұмыста қазақ жыраулар поэзиясын кең қамтып қараған ғалымдарымыз: М.Әуезов, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Е.Ысмайлов, М.Мағауин, С.Қасқабасов, Т.Тілепов, Т.Тебегенов, К.Сейдеханов ғалымдардың зерттеулерін басшылыққа алдық.
Жұмыстың құрылымы.
Бітіру жұмысы кіріспе мен қорытындыдан, басқа негізгі екі тараушадан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

Негізгі бөлім

ХV - X VIIІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясындағы құт - береке ұғымы.

І тарауша

Жыраулар поэзиясы әдебиеттану ғылымында, әдебиет тарихында көркемдік негіздері жөнінен де, әлеуметтік, тарихи мәні жөнінен де жан-жақты қарастырылып, жүйеге түскен сөз өнері. ХҮ ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқының дербес әдебиеті қалыптасты.
Жыраулар поэзиясы қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нәр алды, құтты жерлерді, жайлы қонысты іздеуі, жаңа мазмұн қалыптасу нәтижесінде кемелденді.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ең әуелі қазақ халқының құрылу дәуіріндегі қилы күйді жеткізді. Асанның, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспамбеттің жыр-толғауларында сол бір алыста қалған аласапыран арпалыс шақтардың тірі суреттері жатыр.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ата-қоныс құт мекеннен ауа көшудің қасіретін қырық жыл қырымда ат үстінен түспеген жауынгердің жан мұратын; ел басқарған хандардың тура тартқан тұсы мен бұрылыс – қате кеткен шалғайларын тағы басқа толып жатқан шыңдықтарын қаз қалпында жеткізді. [7. 152].
Жыраула мемлекеттің күшті, хан билігінің иықты болуын сол кезеңгі әдебиеті, күллі мәдениетке, мемлекетке қызмет етті. Сол себепті, олар мемлекеттің идеологына айналды [8.160].
Жыраулар поэзиясы түркі әдебиетіне тән жалпы өсиет, қоғамдық әлеуметтік ой-пікірлерді білдіретін, тұтас елдің болмысын көрсететін қоғамның ой ағымына айналды.
Олар бүкіл халық атынан сөйлейді, ел басындағы дертке дауа іздейді. Ел басына күн туған кезеңде әрі, көсемнің, әрі шешеннің ролін атқарған. Олар жеке бас мүддесінен гөрі әрдайым халық мүддесін жоғары қойып сөйлейді. Налыған намысқа пендешілік мінезге жендірмейді. Жыраулар поэязиясының ұлылық сарынының бір ұшы осында жатыр.
Жыраулар поэзиясында негізінен туған жер, ата қоныспен қоштасу, құтты жер іздеуі басты сарын болғаны белгілі.
Жыраулар көбінесе өзінің көріпкел, болжағыштық, дана көріпкерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде Асан Қайғы, Жәнібек тұсында, Шалкиіз би Темір тұсында, Жиембет Есім ханның тұсында, Бұхар жырау Абылай ханның тұсында болғанын білеміз.
Бұл дәуір поэзиясы бізге ең алдымен қазақ халқының құрылу дәуіріндегі қилы күйді жеткізді. Асанның, Қазтуғанның, Шалкиіздің, Доспамбеттің жыр-толғауларында сол бір алыста қалған аласапыран, арпалыс шақтардың тірі суреттері жатыр. Жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері: Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Бұқар жыраулар мұрасын біз жаңаның басы ғана емес, көненің жалғасы деп те қарауға тиіспіз. Бұлардың біздің заманымызға жеткен шығармаларынан Әбілхайыр ұлысындағы бүлікшілік қазақтар көтеріле көшіп, тәуелсіз ту көтерген қилы кезең көрінісі бедер тапқан. Сонымен қатар, халықтың өз кезіндегі елеулі тарихи оқиғаларға берген бағасы да танылғандай. Елге ұйтқы ер азаматқа ақылгөй болған жыраулар қазақ поэзиясын болашақта ұшталар бағыт-бағдарын, идеялық тұғырымен көркемдік биігін де айқындап кетті. Жыраулардың ғасырлар көгінен өтіп, біздің дәуірге жеткен шағын көлемді, шымыр толғауларынан көне заман таңбасы – түз тұрғынының дүние танымы адамдық табиғаты, мінез ерекшеліктері айқын көрінеді.
Міне, XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулардың қайсысын алсаңызда, барлығы халқы үшін, еліне құтты мекен, қоныс іздеп, халқының тыныштығы үшін, сыртқы жаулармен де соғысқан.
Енді сол жырауларға тоқталсақ:
Асан Қайғы аты аңызға айналған тұлға. ХV ғасырда өмір сүрген Асан Қайғының адамдарды ынтымақ – бірлікке, достық-татулыққа шақыруы, елге жайлы қоныс іздеп, отырықшы, бейбіт тұрмыс тіршілікті аңсауы сол кездегі заман талабынан туғаны түсінікті. Асан Қайғы өмір сүрген дәуірден бұрын да, сол тұста да жаугершілік, шапқыншылық көп болғаны тарихтан белгілі. Ақсақ Темірдің Мауренахрда 35 жыл үстемдік жүргізген кезі Әбілхайырдың Дешті Қыпшақта 40 жыл хандық құрған тұсы жойқын жорық, қырғын соғыстарға толы болды. Бұл Орта Азиямен Қазақстан жеріндегі халықтарды қатты күйзеліске, қуғын-сүргінге ұшыратты. Осының бәрі де Асан Қайғы шығармашылығына әсер етпей қойған жоқ.
Өз заманының кейпін көз алдымызға әкелетін Асан Қайғы толғауларының қайнар көзі тарих тереңінен сыр тартып ескі замандарға жетелейтін көне әдебиетімізден бастау алатыны даусыз. [ 7.171]
Асан Сәбитұлының әдеби мұрасынан бізге көп нәрсе жеткен жоқ, ал мирас болып келгендердің дені – толғаулар. Оларда көтерген проблемалар өмір, тіршіліктің мәнісі, халық тағдыры, қоғам жағдайы, хан мен қарақшының, әмір мен халықтың ара-қатынасы.
Асан Сәбитұлының шығармаларының көбісі жыраудың Жәнібек ханға айтқаны: Ай, хан, мен айтпасам білмейсің! және Қырында киік жайлаған, Еділ бол да, Жайық бол деп аталатын толғаулар.
Асан Сәбитұлы – халқына құтты қоныс іздеуші қамқор және елінің сол күні халі мен келешегін толғаған ақылгөй жырау.
Қазақ хандығын құрғанын қолданғанмен, Ноғай ордасынан мүлде қол үзіп кеткенін жақтырмайды, өйткені, Асанның ойынша, Ноғай – қазақ ордасы – бір ел, бір жұрт, демек олар ынтымақта өмір сүруі тиіс. Олай болмаған күнде, халық басына бодандық түсу қауіпі бар екенін сезеді, оны ашып айтады:
Мұнан соң қилы-қилы заман болар,
Заман озып, заң түзіп, жаман болар.
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тамам болар, - дейді.
Бұл айтылып отырған кез – ХV ғасыр тарихтан белгілі, ХIV ғасырдың соңында Алтын Орда ішкі алауыздықпен әлсіреп, өзіне бағынышты Русьтен алғашқы соққы ала бастаған болатын. Соның салдарынан олар үлкен күшке айналып келе жатқан Мәскеу Русіне бірінен соң бір оп-оңай олжаға түсіп жатты. Еділден және т.б. жерлерден айырылып үлгерді. Міне, осының куәгері болған Асан ел тағдырын ойлап күңіренеді, енді басқарған хандардың жақындап келе жатқан қауіпті сезбейтініне күйінеді:
Аңдып жүрген көп дұшпан,
Елге жау боп келеді...
Мұны неге білмейсің?...
Арасынан Қытай, Орыстың,
Қорған сап, тыныш жатырсың
Өзің Жәнібек, елден асқан батырсың!
Ертісті өрлеп орыс жүр,
Тіл алсаң, іздеп қоныс көр...
Орыс алар қалаңды,
Шулатар қатын, балаңды.
Осыны көрдім түсімде,
Біл десе де білмейсің, - дейді.
Асан Сәбитұлының жырау ретінде Жәнібек ханға сын көзбен қарағандығы ел арасында Асан туралы, оның Жәнібекке наразы болғандығы жөнінде, сөйтіп, ел-жұрт үшін “құтты қоныс” іздегендігі жайында әлеуметтік- утопиялық аңыздар мен жанрлар тууына үлкен себеп әрі негіз болған.[9.509]
Өз алдына ел болуға талпынған қазақ қауымына қамқоршы болған жыраудың қиын жағдайды сезіп, ханға ақыл айтуы көрегендікті аңғартады.
Асан халық өмірін ойлап күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылған ащы қайғы қасіретінен, талау мен тонаудан, қыру мен жоюдан, құлдық пен күңдіктен кейінгі жау көзінен таса, жау аяғынан алыс жайлы да жақсы мекенді сағына іздеген бүкіл тілек арманының жинақтаушы бейнесі тәрізді.
Басқаша айтсақ, сол сан ғасыр бойы өлшеусіз қырғынның тарих сабағындай, кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиетіндей тыныш та бейбіт өмір туралы ізгі арманды халық Асанның ауызымен білдіреді.
Асан Қайғы үшін туған жер, атамекен бәрінен де ардақты. Ол туған жерді менсібегендіктен көшуді қолдамайды. Ол қоныстан ел айырылып қалғасын, енді барар жер қайда дегенде ғана желмаяға мінеді.
Еділ менен жайықтың,
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қыста қыстасаң,-
деп армандайды.
Осылайша, жырау хан мен халық арасындағы қайшылықты сезінеді. Бірақ, сол қайшылықтың болмауын қарастырып, екі жақты табыстыру, ымыраластыру қамын ойлады. Осы мақсатқы бар өмірін сарп еткен жырау халыққа жайлы қоныс тауып, соған елді тұрақты қоныс тептіріп, дәулетке қолын жеткізсем деп алаш ұрады. Халық аңызы бойынша, ол осы бір ізгі мақсатпен орындау үшін жұмысын қолдап, ұзақ сапарға аттануға бел байлады.
Жел мая мініп, жер шолсам,
Тапқан жерге ел көшер! –
деп Жәнібек кеңес береді [10. 164].
Асан малға мекен, елге ырыс жер іздеп желмаямен дүниенің төрт бұрышына тыным таппай шарқ ұрады. Оның ормандаған жері – жерұйық, Жерұйық – қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған, бақ пен берекенің, татулық пен тыныштықтың мекені деп аталады. Бұл кісісі жүзге келмей өлмеген, малы екі қайтара төлдеген, елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін мекен. Бұл – шөбі шүйгін, суы мол шаруаға жайлы қоныс. Адамы қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңім не болады деп ойламайтын, елге ырыс жер. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат – шадыман тірлік кешеді, ел аласы жоқ, жастың арасы тату. Бірліктің, ырыстың, бақ – дәулеті тыныш, бейбіт тұрмыстыьң белгісі ретінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды. Міне, осы жерге қоныстану керек. Мал төлден тыйылуға, ел төсегінен безінуге тиіс. Соншалық төзім, шыдамды бастан өткізген соң ғана Жерұйыққа сапар шешуге болады. Ол желмаяға мініп алып, төңіректің төрт бұрышын түгел кезеді.
Тарихи Асан желмаяға мініп жер шалып, жүре қоймаған болар. Бірақ қиялдағы мекен – Жерұйық ондағы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған тіршілік кебі жайындағы аңыздың барлық нұсқасының Асан атымен байланыстыруынша селқос қарауға болмайды. Шоқан Асан қайғыны көшпенділердің философы деп, әрине, әншейін айта салмаған. Біздіңше, Асан қайғының адам баласы бақытты тұрмыс кешетін қиялдан туған мекен Жерұйық пайымдағы ойларын баяндайтын. Туған мекен Жерұйық жайындағы ойларын баяндайтын көлемді шығармасы болғанға ұқсайды Ол бізге жеткен легенда философиялық шығарманың кейбір нұсқаларының аңызға айналып кеткен түрі. Халық қиялы Жерұйықты Асанның өзіне іздетеді [11.30].
Желмаяға мініп жер шалған Асан қайғы талай кездескен жерлерге, жайлау, қыстауларға өз бағасын бере отырады. Қазақ арасында шүйделі қоныстарды былай қойғанда ұсақ өзендер, кішкене төбешік, сай-сала жайында бұл туралы Асан қайғы былай депті - деген сөздер жиі айтылады. Асан шықпаған төбе, түспеген бұлақ жоқ сияқты.
Қай жердің қандай қасиеті барлығын, қай түлікке қай жер қолайлы екенін ақын ретінде айтса, бағалай отырады. Жерұйық - халықтың жарқын қиялынан пайда болған еркін азат, жанға жайлы жердің образы. Жерұйық деген сөздің өзі де біздің ше ел ұйып, тату тәтті өмір сүретін жер деген ұғым береді. [12]
Қазақтардың жер-суын шаруашылыққа, тұрмысқа бейімділігіне қарай екіге бөледі: бірі мал баққан шаруаға тиімсіз, желдің өтінде тұрған сахара шөлдер. Екіншісі: таулы-нулы орманды, сулы тіршілікке қолайлы, елдің орын теуіп шоғырланатын мекені. [13.24]
Жер жайында Асан айтты деген сөздер тапқыр, әрі көркем келеді. Асан Қайғы Нұра өзенін көргенде: Алты күнде семіртіп, мінетін жер екен деген.
Шымкент, Сайрамды көргенде: Екі басса бір базар, малда береке болмайтұғын, екі басса бір мазар баста береке болмайтұғын, базары жақын - байымас, мазары жақын- көбеймес деген екен.
Семейтауды көргенде:
Тас табаны төрт елі
Атан жүрер жер екен.
Төсегінен түңілген
Адам жүрер жер екен, - дейді.
Асанның бұл реттегі сөздері бос мақалдау, жай тоқпақ емес. Сөз етілмек қоныстаудың малға, басқа жайлы-жайсыздығы айтылып, оның өзіндік ерекшеліктерін дәл баса береді.
Торғай өзенін көргенде: Ақ шабаға май татыған, асар суы мал таныған жер екен: Қызылтауды көргенде: Тау-тасы кеш болғанда ыңыранып жатады екен, тоқтысы да қысыр қалмайтын жері екен – деп бағалайды [14, 310].
Бірақ бұл жерлер қаншама жақсы, төрт түліктің жайылымына қолайлы болғанымен Асанды қанағаттандырмайды. Ол суы – сүт, жағасы - балқаймақ өзенді аңсайды,шаруаға жай, жалға рахат жерді іздейді. Осындай жерді ол өзінің қиялымен ғана тапқан болады. Оның атын жоғарыда айтып өткендей Жерұйық Асанның қиялынан туған жерұйықты шаруа үшін аса қадірлі қоныс, көк орай шалғынды өріс, мыңға мекен болатын жер деп қиялдайды.
Ол осындай жерді қиялы арқылы таба тұрса да, оның шындығында болмағанына өкінеді. Жерұйықтай жер болса, шаруаға ырыс бітер еді деп арманына жете алмағанына қайғыланады, осыдан барып, оның Асан атына қайғы деген сөз жалғанады да, Асан қайғы деп аталады.
Асанның қайғы күйзеліп, күңіренуден емес еді, оның қайысы жақсы үміт, болашақтан күткен арман есебінде келеді. Жерұйықтай жер бүгін табылмаса, ертең табылады деген ойдан туады [15.146].
Қарт жырау ханды халық қамын ойлауға, ел мүддесі үшін қызмет етуге шақырады. Сол үшін болашақ хандық қонысы болар мекенді меңзейді.
Ел қамы үшін хан екем,
Осы болды халық үшін,
Көзіме сәуле көрінген
Мына жақта бір жер бар.
Қыста малы күйзелмей,
Құба жонда жатады.
Қысы өте жайлы жер,
Дей аламаймын ол жерде,
Ешкі майы қатады,
Қар жатпайды жерінде,
Күн кетпейді белінен,
Малдарының күйі етпейді,
Қысы – жазы семірген.
Егіні ерте егілген.
Қиыншылық көрмейді,
Кейінгі ұрпақ баламыз [10.11].
XV ғасырда Асан атамыз халқына құтты мекен іздеп, болашақ ұрпағым қиыншылық көрмесін деп, қазақ жерін аралаған екен.
Асан Қайғы заманы – қазақ хандығының жаңа ғана қаз тұра бастаған шағы. Сондықтан Асан атамыз қазақтың қамын ойлап, сол кездегі мекен еткен жеріне жайылым, қонысына көңілі толмай, Ойыл мен Жем бойын тастап, керуенін теріс бетке бастап көшкен Жәнібектің саясатына қарт жырау қарсы.
... Қырында киік жайлаған
Суында балық ойнаған.
Оймауыттай тоғай егінін
Ойына келген асын жей тұғын
Жемде кеңес қылмадың
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойыңды
Отын тапсаң тойымды
Ойыл көзің жасы еді.
Мұнда кеңес қылмадың. [16.23]
Асан Қайғы бабамыз халық басына ауыр іс түскен кезінде халқының жанынан табылып, түбегейлі ой айтқан. Осы ой негізінде құтты мекен іздеп, ұрпағым қиыншылық көрмесін, болашағы жарқын болып, құтты заманда өмір сүрсін деген ниетпен қазақ жерін аралаған.
Қазуған өлеңдіре туған жерге деген сүйіспеншілікпен жырланады. Қазтуған Еділ Жайық жерлерін құтты мекен жері шұрайлы шаруаға қолайлы жер екенін Жабағылы жас тайлақ, жардай атам болған жер. Жатып қалған бір тоқты, жайылып мың қой болған жер - деп суреттесе, өзен суын балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған деп бейнелейді. Міне осындай құтты мекен Қайырлы болсын сіздерге - деп ол халыққа береке бірлік тілейді.
Жалпы мазмұны мен әлеуметтік мағынасы жағынан Қазтуған толғаулары да Асанның өлең – аңыздары тәрізді қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, құтты мекен іздеу мәселерінің сол алыс замандағы жаңғырығы.
Қазтуған жыраудың бізге жеткен шығармалары көп емес. Бірақ жыраудың қазақ өлеңіне қалдырып кеткен үлгісі ұшан-теңіз, өткеннен бүгінгі күнге жаңғырып жеткен үні айқын, ашық.
Қазтуғанның поэзиясы өзіндік мазмұнымен, өзіндік стилімен ерекшеленеді, онда классик жырауға тән дидактика мен сәуегейлік жоқ, оның есесіне мол күш қуат, бұлқыныс бар, жауынгершілік пен нәзіктік айқын аңғарылады, жауынгер болып көрінеді. Сол кездегі қазақ басшысы үшін көшпелі өмір кешкен халыққа жортуын кешу, жорыққа аттану ұзақ сапар шегу - әдетте іс Ер азығы жолда, - деген номадтың идеалы – шаршамайтын, талдайтын, ешнәрседен таймайтын, қайсар – жігіт, ер-азамат. Міне, Қазтуған поэзиясының да бұл қасиеті айрықша көзге түседі. [9. 513].
Қазтуған жыраудың кеудесін өксіткен шер – мұңының атамекен, туған жерге деген ұлы махаббатпен туғанын жеткізіп жатқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
ТӘУЕЛСІЗДІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ - СЕМАНТИКАЛЫҚ ӨРІСІ
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс беруі
Архетиптік ұғымдардың ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар туындыларында көрініс
XVIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму сипаты
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Пәндер