Исламға дейінгі араб поэзиясы тарихи дереккөзі ретінде


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ре
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті
Арабтану кафедрасы
Бітіру жұмысы
Исламға дейінгі араб поэзиясы тарихи дереккөзі ретінде
(Абу-л-Фарадж әл-Исфаһанидің « Китабу-л-ағани»
антологиясы негізінде)
Орындаған: Койшекенова Б. Б.
Ғылыми жетекшісі:филол. ғ. к. доцент
Қалиева Ш. С
Пікір сарапшы: филол. ғ. к. доцент
Есенжан Д. Ә
Бітіру жұмысы қорғауға жіберілді:
Арабтану кафедрасының меңгерушісі
Ф. ғ. д. доцент Надирова Г. Е.
«» 2007 ж.
Алматы-2007
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І ТАРАУ
Ежелгі араб мәдениеті мен әдебиеті . . . 11
І. 1. Бәдәуилер өмір сүрген орта . . . 11
І. 2. Жаһилийа дәуіріндегі араб поэзиясы . . . 16
ІІ ТАРАУ
«Китабу-л-ағани» - араб әдебиетінің маңызды дереккөзі . . . 22
ІІ. 1. «Китабу-л-ағанидің» жазылу тарихы . . . 22
ІІ. 2. Жинаққа енген исламға дейінгі автор шығарамаларындағы құнды мәліметтер . . . 25
Қорытынды . . . 51
Қосымша . . . 54
Сілтемелер . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
КІРІСПЕ
Араб жартыаралында исламға дейінгі кезеңде өркениет өте қарапайым болды. Табиғатқа бағынышты көшпелі араб тайпаларының дүние танымы өздерін қоршаған ортаға сай болды. Шыжыған ыстық пен құм арасында көшіп-қонып жүріп, күн көрген халықтың білімі мен ғылымы, өнерін отырықшы елдердің ғылым-білімімен салыстыруға келмейтіні белгілі. Негізгі тіршілік көзі түйе болған араб тайпалары, осы жануарды мінсе көлік, ішсе сусын, кисе киім ретінде өз тұрмысына пайдалана білді. Осындай жартылай жабайы тұрмыс кешкен халықтың өркениетінің дәрежесі өз дәуіріне сай, төмен болған еді.
Арабтардың ежелгі Отаны Араб жартыаралын көне заманнан бері көшпелі арабтар қоныстаған. Олар туралы мәлімет Құранда, Библияда, грек тілінде жазылған географиялық шығармаларда және басқа да көптеген жазба ескерткіштерінде кездеседі.
Исламға дейінгі кезеңде Арабияда тайпалық-рулық құрылым болды. Тайпа көшпелі бәдәуилердің өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ол кезде тайпадан қуылу ауыр жаза болып есептелетін.
Әр тайпаның өз көсем болып, басқарып отырды. Оны бай, дәулетті адамдардан тағайындайтын.
Исламға дейінгі кезеңде бәдәуи тайпалары көшіп-қонып жүргендіктен, оларда белгілі бір дін болған жоқ. Әрбір тайпаның өзіне ғана тән табынатын пұты болды. Ол тау, тас, ағаш болуы мүмкін еді. Меккеде 360 пұт түрі табылған.
Сонымен қатар араб жартыаралын мекендеген тұрғындар дүниежүзілік монотеистік діндермен де таныс болған. Ясриб, Таир және Хайбар оазистерін тұрақтаған Рим империясының еврейлік эмигранттары өздерімен иудаизмді ала әкелді. Христиан діні Сирия мен Эфиопиядан келді. Ол кейбір бәдәуи тайпаларына тарады /1/.
Исламға дейінгі Арабияға тән осындай ерекшеліктер оның тұрғындарының поэзиясы мен прозасында көрінісін тапты.
Ежелгі Арабия шаирларының шығармашылығы тек поэзиямен шектелген жоқ. Сонымен қатар бәдәуилер арасында прозалық аңыздар, шешендік өнер, мақал-мәтелдер жоғары бағаланды. Бірақ маңыздылығы бойынша поэзияның орны ерекше болды /2/.
Хиджра жыл санауынан бастап, араб оқымыстылары мен әдебиетшілері бәдәуи ақындарының өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, түсініктемелер жаза бастайды. Өз еңбектерін жазу үстінде олардың өлеңдерінен өнеге алып отырған /3/.
Исламға дейінгі араб әдебиетін ғалымдар мен тарихшылар «Жаһилийа», яғни «қараңғылық» дәуірінің әдебиеті деп атаған. Ол V-VII ғғ. аралығын қамтиды.
Исламға дейінгі әдебиет бізге ауызша әңгімелеушілер, яғни рәуилер арқылы жетті. Рәуилер - прозалық және поэзиялық шығармаларды тыңдап, есте сақтауға ұмтылған адамдар /4/.
Ғалымдар, әсіресе, филологтар ежелгі поэзия нұсқаларын жинауға тырысты. Өйткені бұл шығармалар тарихи құндылығы жағынан сол кезеңнің маңызды құжаттары болып табылады. Исламға дейінгі поэзияны, тіпті, «арабтардың энциклопедиясы» деп те атайды /5/. Исламға дейінгі поэзия бізді Араб жартыаралының географиясымен, табиғи жағдайымен таныстырады, елдің түрлі аудандары және олардың табиғи ерекшеліктері жайында әңгімелейді, арабтардың өмір сүру жағдайы мен мәдени, қоғамдық дамуы туралы мағлұмат беріп, сол кезеңдегі арабтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, арабтардың ерліктерін баяндайды; поэзия арабтардың тұрмысы, олардың тұрақтағы немесе көшіп жүргендегі өмір сүру ерекшеліктері, не ішіп, не жегендері, киімдері мен әшекей бұйымдары туралы әңгімелейді, сонымен қатар арабтардың наным-сенімдері, ғылымдары мен кәсіптері, т. б. мағлұматтар исламға дейінгі ақындардың шығармаларын, исламға дейінгі әдебиет ескерткіштерін зерттеу барысында айқындалады. Бұл шығармалардың тілі еш өзгеріссіз, таза күйінде сақталған халықтық тіл.
Араб әдебиетінің маңызды дереккөзі Абу-л-Фарадж әл-Исфаһанидің «Китабу-л-ағани» қазақша айтсақ «Әндер кітабы» атты антологиясы мың жылдан астам уақыт бұрын, Бағдад қаласында жазылған араб әдеби ескерткіштерінің ішіндегі ең ірісі /6/.
«Әндер кітабында» араб поэзиясының V-VI ғасырлардан X ғасырға дейінгі аралықтағы тарихи көрінісі берілген. Онда араб поэзиясының кезеңдерін айқындайтын кейбір фактілер, құнды мағлұматтар бар.
«Әндер кітабына» исламға дейінгі поэзия ақындарының ішінен Имру-л-Қайс, Ади ибн Зайд, әл-Хутайя, т. б. енді. Олардың шығармалары исламға дейінгі кезеңнің құнды деректері болып табылады.
Мысалы, Имру-л-Қайстың өлеңдері сол кезеңнің тарихи оқиғаларының шежіресі. Бұл шежіреде география мен тарихқа байланысты мәліметтер сақталған. Имру-л-Қайс бізге өз кезеңінің саяси оқиғаларын, Парсылар мен Византиялықтардың арасындағы күресті, араб тайпалары туралы әңгімелеп берді. Ол бізге арабтардың қоғамдық өмірінің көптеген жақтарын көрсетіп берді, осы ақынның шығармаларынан сол кезеңде өмір сүрген зиялылардың аңшылыққа әуестігін білдік. Сонымен қатар бұл жырлардан діни сенімдер туралы мәлімет алуға болады. Имру-л-Қайстың шығармаларынан сол кезеңдегі мәдениеттің келбетін танып, арабтардың надан болғандығы туралы білдік.
«Әндер кітабына» енген ақындардың шығармаларынан көбінесе солтүстік Арабияны мекендеген тайпалар Бану Абс, Бану Тамим, Бану Гатафан, Бану Набхан атауларын жиі кездестіреміз, салт-дәстүрлер және сол кездегі кейбір жер атаулары мен билеушілерінің есімдерімен таныс боламыз. Мәселен, Хира билеушісі әл-Мунзир, Сасанидтік Иранның шахы Хұсрау І Ануширван, Византия императоры Юстиниан есімдері осы шығарма арқылы бізге анағұрлым мәлім болды.
Исламға дейінгі кезеңде тайпа аралық соғыстар жиі болып тұрды. Сол себепті арабтарда қанға-қан салты кең тараған. Жаугершілік заманда соғыс кезінде тұтқынға алынған әйел күң ретінде ұсталатын немесе иесі оны босатып, тайпаластарына құн төлеп, оны әйелдікке алды. Қыз баланы әдетте тайпа ішінде, көбінесе немере ағаларына күйеуге берді.
Бәдәуи қағидасы бойынша күңнен туған ұл құл ретінде, қыз болса күң болып қалатын.
Жаһилийа дәуірінде әйелдердің күйеулерінен ажырасуға ерікті болды. Олар киіз үйде тұрған болса, батысқа қарап тұрған кіре берісін шығысқа, егер солтүстікте болса, оңтүстікке қаратқан. Мұны көрген күйеуі әйелінің ажырасқанын бірден түсінетін.
Міне осындай мәліметтер арқылы біз арабтардың Исламға дейінгі және ислам дәуіріндегі салт-дәстүріне қанықтық.
Сонымен, исламға дейінгі араб поэзиясы Арабия тұрғындарының әдеби шығармашылығының ең ежелгі ескерткіші болып табылады. Сол себепті ол арабтардың мәдениеті және тарихы үшін өте маңызды. Исламға дейінгі араб ақындарының жырлары олардың жеке өмірінен, тайпалардың тарихынан жекелеген факторларынан, көбінесе тайпааралық шайқастардан көрініс беріп, біздің өткен дәуірлердегі араб өркениеті туралы танымымызды байытады. Исламға дейінгі араб поэзиясы Арабия тұрғындарының өмірі, тайпалық-рулық қоғам мен көршілес халықтар туралы әртүрлі мәліметтер береді. Алайда исламға дейінгі өлеңдер қағаз бетіне бірнеше ғасырдан кейін түскендіктен, өмірдің мәдени, әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне байланысты көптеген сөздердің түпкі мағынасы өзгеріп, түсініксіз болып қалды.
Тақырыптың өзектілігі: Исламға дейінгі кезеңде арабтар өнерді зерттеп, дамытумен аз айналысқанымен, сөз өнеріне көп көңіл бөлген. Ол уақыттағы поэзиялық шығармалар тарихи құндылығы жоғары аса маңызды құжаттар болып табылады. Оны, тіпті, «арабтардың энциклопедиясы» деп те атайды. Міне, осындай құнды дүниелерді оқып, оны осы заман тұрғысынан зерттеу арқылы біз мәдениеттің өркендеу жолдарымен танысамыз. Мұндай зерттеулер қай заманда болмасын, құнын жоймайды. Қазақстанда арабтану ғылымы әлі жас. Біртіндеп дамып, егемен еліміздің игілігі үшін даму жолына түскен. Араб тілінде жазылған дереккөздерін зерттеп, зерделеу арқылы біз еліміздің ғылымы мен біліміне қажет мәліметтер табамыз. Бұны арабтанушылардың бірінші кезектегі міндеті деп бағалауымыз керек. Осы талап тұрғысынан алғанда, исламға дейінгі поэзияны зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болуы керек.
Зерттелу деңгейі: Бұған дейін жаһилийа дәуіріндегі арабтардың өмірі мен поэзиясын көптеген ғалым-шығыстанушылар зерттеді. Мысалы, академик И. Ю. Крачковский өзінің Таңдамалы шығармаларында арабтардың көптеген ақындарының өз өлеңдерін астына мініп бара жатқан түйесін суреттеуден бастайтыны жайында хабар берсе, Е. А. Беляев өзінің «Арабы, ислам и арабский халифат в раннее средневековье» атты еңбегінде және неміс шығыстанушысы Карл Броккельман зерттеулерінде бәдәуи өлеңдерінің өлшемі түйенің жүрісіне байланысты туғандығын айтты. Араб тайпаларының бөліну кестесін Ханна әл-Фахури өзінің «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде берді. Орыстың белгілі шығыстанушы-ғалымы В. Розен «Древнеарабская поэзия и ее критика» кітабында бәдәуи поэзиясының жинақталуы хақында бір жайтты келтіреді: «Абу Амр ибн әл-Аля біздерге арабтар тудырғанның тек аз ғана бөлігі жеткенін және шығармалардың бір бөлігі ұмытылып, енді бір бөлігі жаулаушылық жорықтарда қаза болған әңгімелеушілермен бірге жоғалып кеткенін айтты». Бәдәуи поэзиясында бәдәуилердің өмірі жан-жақты, айқын көрінетіндігі туралы И. М. Фильштинский «Арабская классическая литература» еңбегінде қарастырған. Сонымен қатар атақты шығыстанушы А. Е. Крымский мен Ә. Дербісәлі және араб әдебиетшілері Ибн Кутайба, Абу-л-Фарадж әл-Исфаһани және т. б. еңбектері сол кезеңдегі арабтардың тұрмысы мен әдебиеті жайында мағлұмат беретін маңызды дереккөзі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бәдәуилердің өмір сүру ортасын, сол кездегі елдегі жағдайды, тайпаларды, т. б. қарастыра отырып, жаһилийа дәуірінің әдебиетіндегі көрінісін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеті: Жаһилийа дәуірі әдебиетінің тарихи дереккөзі ретінде маңыздылығын ашып, көрсету. Хронологиялық шеңбері: Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері V-VII ғғ.
Ғылыми маңыздылығы: Қазақстан арабтану ғылымында исламға дейінгі араб шайырлары туралы ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. Сондықтан бұл еңбек филологтар үшін де, тарихшылар үшін де өте маңызды, қазақ тілінде жазылған алғашқы еңбектің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымшадан, сілтемеден және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, мазмұны, зерттеу жұмысының құрылымы көрсетілген.
Ежелгі араб мәдениеті мен әдебиеті деген бірінші тарауда Араб жартыаралының табиғатын суреттей отырып, соған сәйкес көшпелі арабтардың өмір сүру ерекшеліктерін, өркениеттің дамуына әсерін сипаттап жаздық. Исламға дейінгі поэзиядағы көрінісін қарастырдық.
Екінші тарауды «Китабу-л-ағани» - араб әдебиетінің маңызды дереккөзі деп атап, Абу-л-Фарадж әл-Исфаһанидің «Китабу-л-ағани» («Әндер кітабы») антологиясының жазылу тарихы мен оған енген исламға дейінгі араб ақындарының өмірін, шығармаларында кездесетін тарих, география, т. б. салаларға қатысты құнды мәліметтерді қарастырдық.
Қосымша: Қосымшада еңбекке енген исламға дейінгі кейбір авторлардың түпнұсқадағы қысқаша өмірбаянын, өлеңдерін таңдап жаздық.
Зерттеудің әдістемелік негіздері: Зерттеу жұмысын жазу барысында, көптеген кітаптарды парақтай отырып, оларды бір-бірімен салыстырып, талдауға тырыстық. Басты сүйенген әдебиеттер Ханна әл-Фахуридің «История арабской литературы»; В. Соловьев, И. Фильштинский, Д. Юсуповтың «Арабская литература. Краткий очерк»; Ә. Дербісалиевтің «Араб әдебиеті»; И. М. Фильштинский, Б. Я. Шидфардың «Очерк арабо-мусульманской культуры VII-XII вв. »; Абу-ль-Фарадж әл-Исфаһанидің «Китабу-ль-ағани» антологиясы; Ж. Бекназаровтың «Особенности творчества Имру-ль-Кайса» және Ш. С. Қалиеваның «Ислам және оның ерте дәуіріндегі араб поэзиясы» мақалалары.
І ТАРАУ
ЕЖЕЛГІ АРАБ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘДЕБИЕТІ
І. 1. Бәдәуилер өмір сүрген орта
Үлкен географиялық территорияны қамтып жатқан, ұшы-қиырсыз Арабия даласында бұрынғы заманнан бері көшпелі бәдәуилер өмір сүріп келеді. Бәдәуи «түз адамы» деген ұғымды береді.
Бәдәуилер түйе шаруашылығымен айналысқан. «Бәдәуи және түйе, пальма және шөл дала » - көшпелі өмірдің көрінісі. Түйені «шөл даланың кемесі» деп атайды. Себебі ыстыққа, шөлге төзімді түйе болмаса, көшпелі бәдәуилердің жағдайы мүшкіл болар еді /7/.
Құмнан, түйеден басқа ештеңе жоқ. Араб даласында бәдәуилер түйені көлік, жүнін киім-кешек, сүтін сусын еткен.
Арабтың көптеген ақындары өз өлеңдерін астына мініп бара жатқан түйесін суреттеуден бастайды. Бұл жайлы араб әдебиетінің үлкен зерттеушісі, академик И. Ю. Крачковский (1888-1951) : «Шайырлар кейде түйенің сұлулығын тәптіштеп баяндағаны сонша, олардың суреттеулерін әділ де дұрыс бағалау үшін осы бір қасиетті жануар сырының әуесқой да нағыз білгірі болуға тура келеді» дейді /8/.
Көшпелі бәдәуилер түйенің жоғарыда айтылған қасиеттерінен бөлек музыка сазына өте сезімтал екендігін ерте кезде-ақ байқаған. Неміс шығыстанушысы Карл Броккельман (1868-1956) «бәдәуи өлеңдерінің өлшемі түйенің жүрісіне байланысты туған, өйткені түйеге мініп бара жатқан бәдәуи өз өлеңдерінің ырғағын түйенің жүрісіне ыңғайлап айтады» /9/, - дейді.
Көшпелі бәдәуилер түйемен бірге жылқыны да пайдаланған. Жақсы аты бар бәдәуи тайпа ішіндегі ең дәулетті адам ретінде саналған. Бірақ, көрнекті шығыстанушы-тарихшысы Е. А. Беляев зерттеулеріне қарағанда жылқы Арабияда географиялық жағдайларға байланысты өте сирек кездескен.
Су жетіспегендіктен көшпелі бәдәуилер аттарын түйе сүтімен де суарған. Сондықтан да жылқыны олар көзінің қарашығындай сақтап, оны шаруашылық жұмыстарына жекпей, тек соғыс, жорық кездерінде ғана пайдаланған /10/.
Бәдәуилер су таусылғанға дейін бір жерде өмір сүрді де, су таусылғанда басқа жерге көшуге мәжбүр болды. Саяхатшылардың жазбаларына қарағанда, Сирияның құмды жазық даласында көшіп-қонып жүретін бәдәуилер жаздың ең жылы айы тамыз түндерінде жаурағандықтан от жағып, оны айнала қоршап, бүрсеңдеп отырады. Тіпті, тайпа көсемінің өзі де отты сөндіріп алмас үшін оған қолындағы садағы мен жебесін тастауға әзір екендігін айтады. Түнгі суықта жаурағанша қорғанышсыз қалғанды қалайды.
VI ғ. арабтарда тайпалық-рулық қарым-қатынастар басты орында тұрды. Тайпадан тыс адам қорғаушысыз әлсіз болды. Сол себепті әрбір бәдәуи өз тайпасына адал болып, тайпалық генеологияны білді. Тайпасынан алшақтаған адам басқа тайпаға немесе әулетке қосылуға ұмтылды. Тайпалар арасында жайылым жерлер, құдықтар үшін талас-тартыстар туындап, кейде арты соғыстарға алып келді.
Арабияның ішкі саяси өмірі тайпалардың бір-біріне жасаған шабуылдарына байланысты болды. Тайпалардың беделі соғысқа жарамды еркектердің санымен және малының көптігімен анықталатын.
Бәдәуи өз тайпасының заңына ғана бағынған. Әр тайпаның өз көсемі болған. Көсем - тайпаның тірегі, бірлігінің символы.
Көшпелі бәдәуилер көбінесе соғыс жағдайында өмір сүрген. Олар көршілес жатқан елдермен бірде найза көтерісіп, теке тіресе, ал енді бірде қыз беріп, қыз алысып, достық қарым-қатынас жасаған.
V-VII ғасырларда Таяу Шығыста парсылар мен римдіктердің мерейі үстем болды. Осы екі мемлекет бәдәуилерге өз үстемдігін орнатпақ болып ұзақ жылдар бойы өзара қырқысқан. Тіпті, екі тайпаны біріне-бірін айдап салып та отырды. Мысалы, бәдәуилердің шабуылынан сескенген Рим империясы және соңыра Византия мен Иран әміршілері Сирия мен Месопатамияға жақын жатқан далада көшіп-қонып жүрген араб тайпаларын әскери қызметке тартқан. Ханна әл-Фахури өзінің «Араб әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде исламға дейіңгі кезеңдегі араб тайпаларының бөлінісін береді:
1. Оңтүстік Арабияны мекендеген Кахтан тайпасынан Химийар және Кахлан атты екі үлкен ру тараған.
а) Химийар - Кудаа, Танух, Калб, Джухайна, Узра секілді руларды қамтиды.
ә) Кахлан - Тай, Хамдан, Амилат, Джузам (соңғыдан Лахм және Кинд), Азд (Аздан Тассан, Хузаа, Аус, Хазрадж), Анмар секілді рулардан құралған.
2. Солтүстік Арабияда тіршілік еткен Аднан тайпасынан Мудар және Рабийа атты екі үлкен ру шыққан.
а) Мудар - Қайс, Айлан (одан Хауазин, Сулайм, Гатафан: Гатафаннан Абс және Зубийан, Тамим, Хузаил, Кинана (Кинанадан Құрайш) ) секілді рулардан тұрады.
ә) Рабийа - Асад, Уаил (Уаилдан Бакр, Тағлиб, ал Бакрдан Ханифа)
іспетті руларды құрайды.
Осы тайпалардан шекаралық уалайат құрылған. Мысалы, V ғ. соңында Палестина мен Сирияға жақын жердегі Жилликті орталық еткен бәдәуилердің Ғассандықтар деп аталған княздігі, ал Месопатамия мен Сирияның шектескен жерінде IV ғ. басында орталығы Хира қаласы болған Лахмидтер княздіктері пайда болады. Хира әкімдері негізінен Ирандықтарға арқа сүйесе, ал Жилликтегілер византиялықтарға иек артып, соңыра екі княздік өзара соғысып та отырады. Мұндай қақтығыс, жанжал тек ислам шыққаннан кейін барып тиылған. Осындай соғыс кезінде екі жақ Солтүстік және Орталық Арабиядағы бәдәуилер тайпасын пайдалануға тырысқан /11/.
Көшпелі бәдәуи тайпалары көшіп-қонып жүргендіктен, оларда белгілі бір дін болған жоқ. Әрбір тайпаның табынған өз пұты болды. Ол тау, тас, ағаш болуы мүмкін еді. Меккеде 360 пұт түрі табылған.
Сонымен қатар жартыарал арабтары дүниежүзілік монотеистік діндермен де таныс болды. Ясриб, Таир және Хайбар оазистерін тұрақтаған Рим империясының еврейлік эмигранттары өздерімен иудаизмді әкелді. Христиан діні Сирия мен Эфиопиядан келді. Ол кейбір бәдәуи тайпаларына тарады.
Исламға дейінгі Арабияға тән осындай ерекшеліктер оның тұрғындарының поэзиясы мен прозасында көрінісін тапты.
Поэзия ежелгі Арабия шығармашылығының жалғыз формасы болған жоқ. Прозалық аңыздар, шешендік өнер, мақал-мәтелдер жоғары бағаланды. Бірақ маңыздылығы бойынша поэзия алдыңғы орында тұрды. «Ақын» - «шаир» сөзі «шаара» түбірінен шығып, «сезу», «білу» деген мағынаны білдіреді.
Орыс арабисті В. Р. Розеннің айтуынша «сол кезеңдегі поэзия прессаның орнына жүрді» /12/, бельгия арабисті А. Ламмена ежелгі ақындарды «өз кезеңінің журналистері», - дейді /13/.
Хиджра жылынан кейін араб оқымыстылары мен әдебиетшілері бәдәуи ақындарының өлеңдерін қағаз бетіне түсіріп, түсініктемелер жаза бастайды. Өз еңбектерін жазу үстінде олардың өлеңдерінен өнеге алып отырған.
Кеңестік көрнекті арабист ғалымы И. М. Фильштинский араб өлең өрнегінің негізі исламға дейінгі кезеңде қаланғанын айтады Орта ғасырлардағы, - дейді ол шын мәніндегі толыққанды поэзиялық шығармалардың тууына бәдәуилер дәуіріндегі жақсы дамыған ауыз әдебиеті түрткі болды /14/.
Исламға дейінгі араб поэзиясы Арабия тұрғындарының әдеби шығармашылығының ең ежелгі ескерткіші болып табылады. Сол себепті ол арабтардың мәдениеті және тарихы үшін өте маңызды. Исламға дейінгі ақындардың өлеңдері олардың жеке өмірінің, тайпалардың тарихынан жекелеген факторлардың, көбінесе тайпааралық шайқастардың көрінісі. Ол Арабия тұрғындарының өмірі, тайпалық-рулық қоғам мен көршілес халықтар туралы әртүрлі мәліметтер береді. Алайда исламға дейінгі өлеңдер қағаз бетіне бірнеше ғасырдан кейін түскендіктен, өмірдің мәдени, әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне байланысты көптеген сөздердің түпкі мағынасы өзгеріп, түсініксіз болып қалды.
Араб әдебиеті қоғамның даму заңдылықтарымен қатар дамыды. Ол елдің тарихына сәйкес өзгеріп отырды.
І. 2. Жаһилийа дәуіріндегі араб поэзиясы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz